12
№207 (29188) 27 ҚАЗАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ əліпбиінің соңғы жобасы қызу талқы- ланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті. – Латын қарпіне негізделген қазақ əліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шыға ру қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ор- тақ мəмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр, – деді Қа- зақстан Президенті. Мемлекет басшысы қазақ əліпбиін латын қарпіне кезең- кезеңмен жəне жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына на- зар аударды. Сонымен қатар Елбасына мемлекеттік тілді латын қар- піне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұ- мыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды Латын қарпіне көшудің маңыздылығына назар аударылды ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент кімшілігінің Басшысы ділбек Жақсыбеков пен Президент кімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына кшіру туралы Қазақ тілі əліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын; қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең- кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін; осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйым- дастырушылық жəне заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан № 569 Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі ЛІПБИІ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 30 қазанда Əзербай- жан Республикасына жұмыс сапарымен ба- рады. Сапар аясында Мемлекет басшысының Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісінің салтанатты ашылу рəсіміне қатысуы жоспар- ланып отыр. Елбасының апталық кестесі EUR/KZT 391.8 USD/KZT 332.94 RUB/KZT 5.78 CNY/KZT 50.11 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғалы бері қоғамда қызу талқыланып келе жатқан ла- тын əліпбиі мəселесі əртүрлі пікір- көзқараспен ширатыла келе, түйінін тауып, ресми түрде жаңа бетбұрыс кезеңіне өтті. Бұл – тарихи шешім. Қазақ еліне құтты болсын айтамын. Осымен үлкен жұмыс аяқталды деп есептемеу керек. Керісінше, қат- қабат, қыруар, маңызды жұмыстың басы деп қабылдауымыз керек. Келесі жылдан бастап тиянақты іске асыруға кірісеміз. Алда əлі жаңа əліпбидің іске асыру тетіктерін бағдарлау, ғылыми-əдістемелік жоспарын жа- сау, көпшіліктің кеңесін зерделеу секілді толып жатқан міндеттер тұр. Жұмыс басталды. Латын əліпбиіне көшкенде тіл ережелері қайтадан жа- салады. Ең бастысы, тіліміздің бүкіл заңдылықтарын өзінің табиғатына сай жасап шығаруымыз керек. Зиялы қауым өкілдері, тілшілер қауымы жаңа əліпбидің ережелерін, оқулықтарын, мұғалімдерін дай- ындау ісіне асықпай, науқандатпай жұмыла кіріскені жөн. Тіл білімі ғылымының заңдылықтары бойын- ша олқы тұстарын жетілдіріп, қолға алынуы тиіс маңызды кезеңдерін жүйелеп, тізімін жасап, жоспарлы түрде жұмыс істеуге ғалымдарымыз əзірлігін осы сəттен бастап кетуі керек. Халықаралық тəжірибені ескеріп, өз тіліміздің негізіне сүйене отырып, жаңа əліпбимен қазақи, төл дыбыстың заңдылықтарына сəйкестендіріп, бір тілдің табиғи ерекшелігіне бағындыру оңай ша- руа емес. А.Байтұрсынов негізін қалап берген жап-жақсы, жан-жақты төл, ғылыми жүйемізге оралудың мүмкіндігі бұл. Сөзбен емес, білек сыбанып іс-қимыл танытатын кезең келді. Мемлекеттік маңызы зор бұл іргелі мақсатты орындауға Тіл білімі институты жұмыла кіріседі. Ең бастысы, мемлекеттік тілімізді бүкіл қоғамдық салада еркін қолданылатын дара, негізгі, əрі жұмыстың, əрі қарым-қатынастың құралына айналдыруымыз керек. Негізгі мақсат – Қазақстандағы əр азаматтың мемлекеттік тілді жетік білуіне жағдай жасау. Өйткені тіліміз еркін дамыған жағдайда Қазақстан тəуелсіздігі түғырына түседі деп есептейміз. Латын əліпбиін қабылдау да осы ұлы мақсат жолындағы басты қадам. Ерден ҚАЖЫБЕК, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жаңа бетбұрыс кезеңі басталды Президенттің үстіміздегі жылдың сəуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамға үлкен резонанс тудырғаны белгілі. Себебі мақалада көпшілік көкейінде көптен жүрген латын əліпбиіне көшу мəселесі таяу жылдардағы атқарылуы тиіс міндеттердің бірі ретінде ең алдымен атал- ды. Сол күннен бастап қоғам бұл мəселені əр қырынан, əр деңгейде талқылап келеді. Талқылау барысында кейбір пікірлерді есептемегенде, жалпы халықтың латын əліпбиіне көшуге ықыласты екенін ұқтық. Ел мен ұлт тағдырына, тіл тағдырына алаңдаулы азаматтардың көптігіне көңіл марқайды. Латын графикасына көшу арқылы тəуелсіздікті баянды етуге, өркениетті елдердің қатарына қосылуға құлықтылық рухани жаңғыруға қоғамның дайын екенін көрсетіп берді. Əрине, қазақ даласында латын əліпбиі бұған дейін де қолданылған. 1928-40 жылдары пайдаланылған бұл əліпбидің ғұмыры қысқа болғанын, соңыра кеңес өкіметінің күштеу саясатымен кирилл əліпбиіне ауысқанымызды елдің көбі біледі. Тəуелсіздіктің ширек ғасырында жазуды ауыстыру қажеттілігі əбден пісіп- жетілді. Оны көп созуға болмайтынын уақыттың өзі дəлелдеп отыр. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өту қажет. Ол латын əліпбиіне көшу идеясын өзі бастап «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтқан болатын. Араға бес жыл салып соны орындауға бел шеше кірісіп отыр. Қазақ жазуын латын əліпбиіне көшіруді – Елбасының тарихи шешімі деп бағалаймын. Бұл тарихи шешім арқылы ғылым мен ақпарат, мəдениет салаларында үлкен жетістіктер орын алатынына сенімім мол. Халқымыздың алғырлығы, ғылым- білімге құштарлығы латын əліпбиін тезірек игеруге де септігін тигізеді деп ойлаймын. Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Көкжиегімізді кеңейтетін тарихи шешім Білімнің әлемдік айдынына шығамыз Əліпби ауыстыру ісі ешбір саланы айналып өтпейді. Дүниеге келген баладан, еңкейіп өтіп бара жатқан ұрпаққа дейін əліпби ауыстырудың өзектілігін де, қажеттігін де көріп отыр. Өнеріміз де, өміріміз де тілімізге тəуелді. Өз басым əу бастан-ақ латын əліпбиін қолданудағы умляут (ноқат) таңбасын пайдаланған соңғы жоба- ны қолдайтын ұстанымымды бұған дейін де баспасөз беттерінде білдірдім. Жеті рет өлшеп, бір-ақ кесейік дегенді алға тарттық. Əрине, əліпби ауыстыру тарихи жауапкершілік. Бұл ел өміріндегі елеулі үдеріс. Əліпби ауыстыру мамандығымызға да шығармашылығымызға да өлшеусіз өзгерісін əкеледі. Бұл білімнің, мəдениеттің əлемдік айдынына шығуға орасан септігін тигізеді. Бұл ұлы өзгеріс болашақ үшін керек, кейінгі ұрпағымыздың əлемдік қауымдастыққа оңай сіңіп кетуі үшін де қажет. Меніңше, ноқат таңбасы əдеби, тарихи, ғылыми бай мұраларымызды шашпай-төкпей транскрипциялауға жеңілдік тудырады деп ойлаймын. Сондықтан Елбасы қабылдаған шешімді тарихи ұйғарым деп есептеймін. Абдрахман АСЫЛБЕК, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА 5-бет ЕТ ЖӘНЕ НИЕТ РУХАНИЯТ 9-бет ТАЛАНТЫНЫҢ ӨЛШЕМІН БІЛЕТІН АДАМ ЕШКІМНЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ ҚОҒАМ 6-бет 5 МЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ЗАПАСҚА БОСАТЫЛАДЫ

E-mail: [email protected] 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: [email protected] №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

  • Upload
    others

  • View
    11

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

№207 (29188) 27 ҚАЗАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негіз дел ген қазақ əліпбиінің соңғы жоба сы қызу тал қы-ланып, қоғам та рапынан

қолдау тапқанын атап өтті.– Латын қарпіне негізделген

қазақ əліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шы ға ру қажет. Комиссия

жұ мы сын аяқтады. Соңғы нұс қа жа рия лан ды. Ғалымдар, тілтану шы лар, саясаткерлер, жастар жə не Қазақстан халқы Ассам блея сының өкілдері ор-тақ мəмі леге келді. Жалпы, қо ғам қолдап отыр, – деді Қа-зақ стан Прези денті.

Мемлекет басшысы қазақ əліп биін латын қарпіне кезең-кезеңмен жəне жүйелі түрде

көшірудің маңыз ды лы ғына на-зар аударды.

Сонымен қатар Елбасына мемлекеттік тілді латын қар-пі не көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұ-мыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.

Сурет Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Латын қарпіне көшудің маңыздылығына назар аударылды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент �кімшілігінің Басшысы �ділбек Жақсыбеков пен Президент �кімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына к�шіру туралы

Қазақ тілі əліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық

комиссия құрсын;қазақ тілі əліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-

кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйым-

дас тырушылық жəне заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан № 569

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген

Латын графикасына негізделген қазақ тілі�ЛІПБИІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жыл ғы 30 қазанда Əзербай-жан Рес пуб ли касына жұмыс сапарымен ба-рады.

Сапар аясында Мемлекет бас шысының Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісінің салтанатты ашылу рəсіміне қатысуы жоспар-ланып отыр.

Елбасының апталық кестесі

EUR/KZT 391.8 USD/KZT 332.94 RUB/KZT 5.78 CNY/KZT 50.11ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Е л б а с ы Н . Н а з а р б а е в т ы ң «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғалы бері қоғамда қызу талқыланып келе жатқан ла-тын əліпбиі мəселесі əртүрлі пікір-көзқараспен ширатыла келе, түйінін тауып, ресми түрде жаңа бетбұрыс кезеңіне өтті. Бұл – тарихи шешім. Қазақ еліне құтты болсын айтамын.

Осымен үлкен жұмыс аяқталды деп есептемеу керек. Керісінше, қат-қабат, қыруар, маңызды жұмыстың басы деп қабылдауымыз керек. Келесі жылдан бастап тиянақты іске асыруға кірісеміз. Алда əлі жаңа əліпбидің іске асыру тетіктерін бағдарлау, ғылыми-əдістемелік жоспарын жа-сау, көпшіліктің кеңесін зерделеу секілді толып жатқан міндеттер тұр. Жұмыс басталды. Латын əліпбиіне көшкенде тіл ережелері қайтадан жа-салады. Ең бастысы, тіліміздің бүкіл заңдылықтарын өзінің табиғатына сай жасап шығаруымыз керек.

Зиялы қауым өкілдері, тілшілер қауымы жаңа əліпбидің ережелерін, оқулықтарын, мұғалімдерін дай-ындау ісіне асықпай, науқандатпай жұмыла кіріскені жөн. Тіл білімі

ғылымының заңдылықтары бойын-ша олқы тұстарын жетілдіріп, қолға алынуы тиіс маңызды кезеңдерін жүйелеп, тізімін жасап, жоспарлы түрде жұмыс істеуге ғалымдарымыз əзірлігін осы сəттен бастап кетуі керек. Халықаралық тəжірибені ескеріп, өз тіліміздің негізіне сүйене отырып, жаңа əліпбимен қазақи, төл дыбыстың заңдылықтарына сəйкестендіріп, бір тілдің табиғи ерекшелігіне бағындыру оңай ша-руа емес. А.Байтұрсынов негізін қалап берген жап-жақсы, жан-жақты төл, ғылыми жүйемізге оралудың мүмкіндігі бұл. Сөзбен емес, білек сыбанып іс-қимыл танытатын кезең келді. Мемлекеттік маңызы зор бұл іргелі мақсатты орындауға Тіл білімі инс титуты жұмыла кіріседі.

Ең бастысы, мемлекеттік тілімізді бүкіл қоғамдық салада еркін қолданылатын дара, негізгі, əрі жұмыстың, əрі қарым-қатынастың құралына айналдыруымыз керек. Негізгі мақсат – Қазақстандағы əр азаматтың мемлекеттік тілді жетік білуіне жағдай жасау. Өйткені тіліміз еркін дамыған жағдайда Қазақстан тəуелсіздігі түғырына түседі деп есептейміз. Латын əліпбиін қабылдау да осы ұлы мақсат жолындағы басты қадам.

Ерден ҚАЖЫБЕК, А.Байтұрсынов атындағы Тіл

білімі институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Жаңа бетбұрыс кезеңі басталды

Президенттің үстіміздегі жылдың сəуір айында жа рия ланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамға үлкен резонанс тудыр ғаны белгілі. Себебі мақалада көпшілік көкейінде көптен жүрген латын əліпбиіне көшу мəселесі таяу жылдардағы атқарылуы тиіс міндеттердің бірі ретінде ең алдымен атал-ды. Сол күннен бастап қоғам бұл мəселені əр қырынан, əр деңгейде талқылап келеді. Талқылау барысында кейбір пікірлерді есептемегенде, жалпы халықтың латын əліпбиіне көшуге ықыласты екенін ұқтық. Ел мен ұлт тағдырына, тіл тағдырына алаңдаулы аза мат тардың көптігіне көңіл мар қайды. Латын графикасына көшу арқылы тəуелсіздікті баян ды етуге, өркениетті елдердің қатарына қосылуға құлықтылық рухани жаңғыруға қоғамның дайын екенін көрсетіп берді.

Əрине, қазақ даласында латын əліпбиі бұған дейін де қолданылған. 1928-40 жылдары пайдаланылған бұл əліпбидің ғұмыры қысқа болғанын, соңыра кеңес

өкіметінің күштеу сая сатымен кирилл əліпбиіне ауысқанымызды елдің көбі біледі. Тəуелсіздіктің ширек ғасырында жазуды ауыстыру қажеттілігі əбден пісіп-жетілді. Оны көп созуға болмайтынын уақыттың өзі дəлелдеп отыр. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өту қажет. Ол латын əліпбиіне көшу идеясын өзі бастап «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтқан болатын. Араға бес жыл салып соны орындауға бел шеше кірісіп отыр. Қазақ жазуын латын əліпбиіне көшіруді – Елбасының тарихи шешімі деп бағалаймын. Бұл тарихи шешім арқылы ғылым мен ақпарат, мəдениет салаларында үлкен жетістіктер орын алатынына сенімім мол. Халқымыздың алғырлығы, ғылым-білімге құштарлығы латын əліпбиін тезірек игеруге де септігін тигізеді деп ойлаймын.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор

Көкжиегімізді кеңейтетін тарихи шешім

Білімнің әлемдік айдынына шығамыз

Əліпби ауыстыру ісі ешбір саланы айналып өтпейді. Дүниеге келген баладан, еңкейіп өтіп бара жатқан ұр паққа дейін əліпби ауыстырудың өзектілігін де, қажеттігін де көріп отыр. Өнеріміз де, өміріміз де тілімізге тəуелді.

Өз басым əу бастан-ақ латын əліпбиін қолданудағы умляут (ноқат) таңбасын пай да ланған соңғы жоба-ны қолдайтын ұстанымымды бұған дейін де баспасөз беттерінде білдірдім. Жеті рет өлшеп, бір-ақ кесейік дегенді алға тарттық.

Əрине, əліпби ауыстыру тарихи жауапкершілік. Бұл ел өміріндегі елеулі үдеріс. Əліпби ауыстыру маман ды ғымызға да шығармашылығымызға да өлшеусіз өзгерісін əкеледі. Бұл білімнің, мəдениеттің əлемдік айдынына шығуға орасан септігін тигізеді. Бұл ұлы өзгеріс болашақ үшін керек, кейінгі ұрпағымыздың əлемдік қауымдастыққа оңай сіңіп кетуі үшін де қажет. Меніңше, ноқат таңбасы əдеби, тарихи, ғылыми бай мұраларымызды шашпай-төкпей транскрипциялауға жеңілдік тудырады деп ойлаймын. Сондықтан Елбасы қабылдаған шешімді тарихи ұйғарым деп есептеймін.

Абдрахман АСЫЛБЕК,Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері, ақын

АЛМАТЫ

ЭКОНОМИКА

5-бет

ЕТ ЖӘНЕ НИЕТ

РУХАНИЯТ

9-бет

ТАЛАНТЫНЫҢ ӨЛШЕМІН БІЛЕТІН АДАМ ЕШКІМНЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ

ҚОҒАМ

6-бет

5 МЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ЗАПАСҚАБОСАТЫЛАДЫ

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

2 27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Күн тәртібіне сай Сенат де-путаттары алдымен Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялады.

Бас прокурордың орынбаса-ры Андрей Лукин таныстырған бұл Келісім әрбір уағдаласушы мемлекеттің өзінің аумағында жүрген, ұстап беруге әкелетін қыл мыстар үшін күдік кел­тірі летін, айыпталатын немесе сотталған кез келген адамды қыл мыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орын-дау мақ саттарында ұстап беруіне бағыт талған. Сол себептен де Келісімде адамды ұстап берудің және одан бас тартудың негіздері көзделген.

Сонымен қатар жиын ба-рысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру тура-лы келісім ратификацияланды. Құжат сотталған адамдардың аза­маттығы жағынан тиесілі қоғам­ға қайта араласуына жәрдем көрсетуге, әлеуметтік оңалтуға, сотталған адам азаматы болып табылатын мемлекетте жазаны өтеуді жалғастыру мақсатында барынша ынтымақтасуды жүзеге асыруға бағытталған.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа оның аумағында екінші тараптың кез келген аза-матына қатысты шығарылған, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін, соттың заңды күшіне енген үкімдері туралы дереу хабарлауға міндеттенеді.

Сенаторлар талқылаған үшін­ші мәселе − Ұстап беру тура­лы конвенцияны ратифика ция­лау. Конвенцияға 1933 жыл ғы 26 желтоқсанда Монте видео қаласында (Уругвай Респуб­ликасы) қол қойылған. Конвен­ция айыпталушыларды немесе сотталған адамдарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу мақсатында оларды ұстап беру саласын-да ынтымақтастық орнатуды, сон дай­ақ сотталған адамдар үшін жазасын өз елінде өтеу мүмкіндігін жасауды көздейді.

Заң жобасы жөнінде баян­дама жасаған Бас прокурор орынбасарының түсіндіруінше бұл Конвенцияның ережесіне сәйкес, оған қатысушы мемле­кеттер өздерінің аумағында жүр­ген айыпталушыларды немесе сотталған адамдарды қылмысы үшін қылмыстық қудалауды және сот үкімін орындауды жүзеге асыру үшін беруге міндеттенеді.

Айта кетейік, Конвенцияны ратификациялау кезінде Қазақ­стан Республикасы Конститу­циясының 11­бабына сәйкес Конвенцияның 2­бабы бойын-ша өздерінің азаматтарын ұстап бермеуі туралы, сондай­ақ 15­бабы бойынша іздестіріліп жатқан адамның мүліктерін тәркілеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асы-рылатыны жөнінде мәлімдеме жасау ұсынылады.

Сондай­ақ Палата Инвес ти­ция лар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Са­ғыновтың таныстыруымен «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967­KАZ Қарыз туралы

ке лі сімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау об лы­сындағы учаскелер] – 2­жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Рес публикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім­хатты ратификациялау туралы» заң ды қабылдады. Құжаттың негізгі мақсаты ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвес­тициялық бағдарламасының 1­қосымшасымен Маңғыстау облысындағы ұзындығы 73 шақырым «Жетібай­Жаңаөзен» жолын реконструкциялауды қаржыландыру болып табылады.

«Жоба Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім аясында «Шетпе­Ақтау» жобасы бойынша үнем­дел ген қаражат есебінен жүзеге асы рылады. Сонымен қатар, Келісім­хатты ратификациялау Қазақстан автомобиль жолдарын дамыту және реконструкциялау бойынша шығындарды тиімді басқаруға бағытталған. Осы жоба­ның іске асуы Қазақстанда көлік дәліздерін дамытуға негізделген және көлікке жәрдемдесу сала­сындағы шараларды жақсартуға бағ дарланған көлік саясатын қалыптастыруға ықпал ететін бо-лады», деді З.Сағынов.

Қандастар күйіне алаңбыз

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң, Сенат депу­таттары әдеттегідей өз құзы­рет тері шеңберінде Үкімет бас шы сының атына сауалда-рын жолдады. Сенатор Нұрлан Қылышбаев Қытайдағы қандас бауырлардың бүгінгі жай­күйіне алаңдаушылығын білдірді.

«Қытай Халық Респуб­ликасының Шыңжан­Ұйғыр автономды аймағында тұратын қазақ ұлты өкілдерінің заңды құ­қықтары қысым көріп жатқаны ту-ралы шілде айындағы Дү ниежүзі қазақтарының құрылтайында көтерілген болатын. Содан бері ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерде Шыңжанда қоныс тепкен бір жарым милли-оннан астам қандастарымыздың

заңды құқықтарының шектелуі жөніндегі әңгіме кеңінен тара-лып келеді. Бұл ақпарат қан­ша лықты шындыққа жанасады және Сыртқы істер министр­лігі мәселені зерделеп сараптау үшін қандай жұмыстар атқар ды, дипломатиялық жолдар ар қылы Қытай тарапымен келіссөз дер не болмаса консультация лар жүр­гізілді ме?», деді Н.Қы лыш баев.

Ал өз кезегінде сөз алған де-путат Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыс­тарында топтық су құбырларын қайта құру үшін қаражат бөлу қажеттілігін көтерді.

«Өткен ғасырдың 60­80­жыл­дарында салынған су тарт қыш­тардың жалпы ұзындығы 2 920 шақырымды құрайды, бүгінгі күні олардың 965 шақырымының пайдалану нормативтік мерзімі бар, қалған 67%­ы немесе 1955 шақырымы өзінің нормативтік мерзімін 2 есе өткерген және толығымен тозған. 2012 жыл-дан бастап 4 топтық құбырлар бойынша 8 022 апат орын алған. Магистралды құбырлардың қатты тозуына байланысты тасымалдау кезінде суды жоғалтудың жал-пы көлемі 65%­ды құрайды. Бұл жағдай суды өндірушілер мен тұтынушылар шығындарының ұлғаюына әкеліп соғуда және біздің мемлекетіміздің тұщы су сынды құнды және жаңартылмайтын табиғи ресурсын сақтау стра-тегиясына қайшы келед і . Аталған мәселенің әлеуметтік­экономикалық маңыздылығын ескеріп, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының топтық су құбырларын реконс­трук циялау үшін Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің «Қаз­сушар» ШЖҚ РМК­на қаржы бөлу мәселесінің оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз», деді Е.Сұл танов Премьер­Министр Б.Сағын таевтың атына жолдаған сауалында.

Жаңа мамандық жарға жықпайды

Әріптесінің бұл ойын құптай түскен сенатор Дархан Кәлетаев

болса, гидротехникалық қа да­ғалауға қатысты және зіл заладан қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы проблемаларды шұ­ғыл шешумен қатар, еліміздегі жо ғары оқу орындарында жаңа ма мандық иелерін даярлау қажет тігін алға тартты.

«Бүгінде елімізде су гидро­тех никалық құрылыстарына (ГТҚ) бақылау жұмыстарын ешкім жүргізбейтіні анықталды. Қа зақстанда қолда бар 1 665 гидро техникалық құрылыстың 392­і шұғыл жөндеуді қажет етеді. Осы күні шағын ГТҚ­лар үл кен проблемаға айналып отыр. Өйткені, олардың жартысы қа­раусыз қалған, иелері жоқ не­месе пайдалану қызметі көрсе тіл­мейді. Сол сияқты Қазақстанда жер сілкінісіне төзімді құрылыс саласында ҚазҚСҒЗИ және Сейсмология институты сияқты құрылымдар жұмыс істейді. Бұл институттар өз қызметін жекеленіп және қалдық қағидаты бойынша толық емес көлемде қаржыландырып жүзеге асыра-ды. Қазіргі уақытта, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ­тың и н ж е н е р л і к ­ с е й с ­мо метриялық қызметінің 12 стан сасының 8 аналогты аспап­тары ескірген. Жалпы, сейсмо­логиялық бақылаулар саласында 63 сейсмикалық стансалардан 57­сі жұмыс істейді. Осындай се бептерден жер сілкінісі тура-лы деректер уақтылы өңделмей және ол туралы төтенше жағдай­ларды басқару органдарына шұғыл ақпараттар кешіктіріліп жеткізіледі.

Мәселен, жер сілкінісі ке­зінде төтенше жағдайлар орган­дары шетелдік дерек көз дердің мә ліметтерін пайдалана ды. Өйткені олар 7 минут ішінде жедел және шынайы ақпаратты береді, ал біздің стансалар бұл ақпаратты 15 минуттан кейін алады. Осыған байланыс ты, мұндай институттарды жаң­ғырту үшін оларды қазіргі за­манғы аппаратурамен бағдар­ламалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарымен толық қайта жабдықтау туралы шешім

қабылдау керек. Сонымен қатар сейсмикалық қауіпсіздік және геологиялық саланы білікті кадр лармен қамтамасыз ету мақсатында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ­де «Сейсмология» ма ­мандығы бойынша магистратура мен докторантура және «Гео­физикалық іздеу әдістері және пайдалы қазбалар кен орында-рын барлау» саласы бойынша маман даярлау ісіне көмек көр­сету қажет», деді Д.Кәлетаев өз сауалында.

Әлеуметтік қорғау, ден сау­лық сақтау, білім беру салалар­ын дағы медициналық, арнайы әлеуметтік мекемелерде қызмет жасайтын орта және кіші буын ма ман дардың жалақыларының төмен дігін сөз еткен сенатор Әли Бектаев олардың арасында кадр тұрақтамайтындығын алға тарт ты. Сонымен қатар істеп жат қан орта және кіші буын ма­ман дарының көпшілігінде білімі орта, категориясы жоқ, еңбек өтілі аз екендігі де айтылды.

«Біз әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау меке ме­леріндегі орта және кіші буын мамандар мен қызметшілердің еңбекақысын кемінде 2 есеге көтеру қажет деп есептейміз. Осы салаларда еңбек етіп, бар тау қыметті көтеріп жүрген 200 мыңнан астам орта және кіші буын қызметшілердің жала­қысына тағы да 50 мың теңгеден қосылғанда шамамен 10 млрд теңгенің көлемінде қаражат қажет. Мұндай шешімге біздің мемлекетіміздің саясаты да ту­ра келеді, мүмкіндігі де жетеді. Оған қоса бұл саладағы қызмет­кер лердің басым көпшілігі қыз­келіншектер мен аналар», деді Ә.Бектаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау саласына қарасты әлеуметтік­медициналық мекемелерде 8 434, білім беру саласындағы ар найы интернаттарда 6 050, денсаулық сақтау мекемелерінде 194 089 орта және кіші сатыдағы қыз метшілер жұмыс істейді екен.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Премьер­Министр алдымен Ақтау қаласының «Шығыс­1» шағын ауданын-да салынған студенттер жатақханасымен танысты. «Жаңа серпін» бағдарламасы аясында 1 313,6 млн теңге қаражатқа салынған 500 орындық жатақханада қазіргі таңда 337 адам орналасқан. Аталмыш бағдарлама аясында жас­тарды жұмысшы мамандығына дай-ындап, мүмкіндігінше жұмысқа орна-ластыру бағытында өңірдегі жетекші кәсіпорындармен арнайы меморандум жасалған. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы кәсіпорындармен 19 меморандумға қол қойылса, «Ерсай Контрактор» ЖШС­не жыл басынан бері монтаждаушы, дәнекерлеуші сынды мамандықтарды ие-ленген 160 жас маман жұмысқа орналас­ты. Жалпы, «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша 700­ге тарта адам жұмысқа ор-наласып, «Арселор Миталл» АҚ, «АЗПМ» ЖШС, «ҚазАвтоЖол», «Капремсервис», «Айком Лтд» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Бикада» ЖШС секілді іргелі кәсіпорындарға дәнекерлеуші, бух-галтер, жүргізуші, электрик, авто-кран жүргізушісі, геодезист, програм-мист сынды мамандық алған 172 адам іс­тәжірибеден өтуге жіберілді. Жас мамандардың тұрғын үй мәселесін ше-шуге оң ықпал ететін тағы бір жатақхана жылдың соңына дейін Құрық ауылын-да пайдалануға беріледі деп күтілуде. Премьер­Министр жатақхана тынысы-мен танысып, жұмысты жастардың хал­жағдайын білді.

Үкімет басшысы аралаған келесі нысан – «Бизнестің жол картасы­2020» бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауымен тұрғызылған «Софи Мед Групп» ЖШС көпбейінді клиникасы. Бүгінде мұнда көптеген жалпы және бір жақты бейінді медициналық бағыттар бойынша қызметтер көрсетіледі. 2015 жылы өз жұмысын бастаған клиника 2016 жылдан бастап арнайы дәрігерлік көмек және жоғары технологиялық дәрігерлік қызмет көрсетумен айналысып келеді. Сондай­ақ Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен кез-десу өткізді. Онда шара қатысушылары мемлекет­жекеменшік әріптестігін дамы-ту, несие ресурстарының қолжетімділігін арттыру, туристік салаға қолдау көр се­тудің мемлекеттік бағдарламасын әзір­леу және өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін суаруға арналған сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Өңірдің бизнес қауымдастығы та-рапынан Өңірлік кеңестің төрағасы, «Запказтранзит» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Жаңабай Сүйіндіков, «Қазтеңізтрансфлот» компаниясының бас директоры Марат Орманов, Маңғыстау облысы Туризм қауымдастығының төрағасы, «Каспий холдинг» ЖШС ди-ректоры Виктор Кох, «Агророст» фер-мерлер қауымдастығының төрайымы Нұрсәуле Жиенбаева, «Заман және К»

ЖШС және «Салют және К» ЖШС ди-ректоры Хажеден Измаилов, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов, «Кезби» ЖШС директоры Бітім Кезбаев, «DeSali design territory studio» ЖШС және «Coffee&People» ЖШС директоры Сәуле Салыхова және «ҚазАзот» АҚ Шағырлы­Шөмішті бөлімшесінің директоры Абзал Меңдібаев сөз сөйлеп, өз пікір­ұсыныстарын ортаға салды. Көтерілген мәселелер бойынша Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек түсініктеме беріп өтті.

Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде Үкімет еліміздің бизнес ахуалын жақсартып, отандық бизнесті дамы-ту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Бүгінде бизнесті

қайта реттеу бойынша белсенді шара-лар қабылдануда және бизнеске рұқсат құжаттамасының саны шамамен үш есеге қысқартылған. Сондай­ақ түрлі есептеме-лер мен мәлімдемелердің, негізсіз салық тексерулерінің санын қысқарту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Бұдан өзге, бизнестің мемлекеттік сатып алуларға және квазимемлекеттік сектордың са-тып алуларына қолжетімділігін арттыру бойынша көлемді жұмыстар жүргізіліп, еліміздің әрбір жүйе құраушы кәсіпорны бойынша жергілікті қамту көлемін ұлғайтудың мақсатты индикаторларын белгілеу жұмыстары бастау алған. Ал қаржылық қолдау көрсету шаралары бойынша қазіргі таңда мемлекет іске асырып жатқан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті да-мыту бағдарламасы аясында тиімді

мөлшерлеме бойынша 18 млн теңгеге дейін шағын несиелер беріледі.

Премьер­Министр өңір жұртшылығы мен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қа­ты суымен Маңғыстау облысының әлеу­меттік­экономикалық дамуы мен мем­лекеттік бағдарламалардың жүзеге асы-рылуы туралы кеңейтілген кеңес өткізді.

– Елбасының тапсырмасы бойынша біз өңірлерді аралап жүрміз. Жұмысымыз осы аптада Алматы қаласынан басталды. «ЭЫДҰ­ның Еуразия апталығы­2017: бірге өркендеуге арналған ашық нарықтар» форумына қатысып, 35 елден келген жауапты мамандар мен ғалымдар бизнес пен сауда алаңын дамытудың жан­жақты тетіктерін талқыладық. Мемлекетіміздің басты мақсаты – 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарында болу. Ол үшін біз стандарттарға сай

болуымыз керек. Бір жылдың ішінде тек ғана Еуразиялық одақ көлеміндегі елдердің арасында сауда­саттық көлемі 30%­ға жоғарылады. Бүгін таңертең маңғыстаулық кәсіпкерлермен кездесіп, шоғырланған ұсыныс, мәселелерді талқылап, шешімін тапқандай болдық. Көптеген жақсы ұсыныстар айтылды. Кейбір мұнайшылардың да кәсіпкерлікке бет бұрып, жеке кәсібін ашқандары мені қуантады. Мен бүгін сіздердің алдарыңызға арнайы келіп, ұсыныс­пікірлеріңізді тыңдайын, күрмеулі мәселелер болса, бірігіп шешейік деп отырмын, – деді актив жиынында Премьер­Министр Бақытжан Сағынтаев.

Жиында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндама жасап, өңірді әлеуметтік­экономикалық дамы-ту шаралары туралы таныстырды. 2017

жылдың қаңтар­қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,1%­ға ұлғайып, 119 млрд теңгені құраған. Баяндамада айтылғандай, облыстағы жүк тасымалдарының көлемі қаңтар­қыркүйек аралығында 169,7 млн тон-наны құраған. Бұл – 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5%­ға жо­ғары көрсеткіш. Биыл Маңғыстау об лы­сының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету кар тасы аясында 450 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен, жалпы сомасы 71,5 млрд­тан астам теңгеге 7 жоба­ны жүзеге асыру көзделген. Осы жыл­дың басынан бері жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге екі жоба қолға алынды. «Нұр лы жол» бағдарламасы аясын-да кө лік тік инфрақұрылымды дамыту сала сында Құрық портындағы паром кеше нінің құрылысы жалғастырылуда. «Шет пе­Жетібай­Ақтау», «Бейнеу­

Ақжігіт­Өзбекстан Респуб ли ка сының ше-карасы», «Жетібай­Жаңаөзен», «Ақтау­Кұйылыс», «Форт­Шевченко­Ақ тау жолының 43­шақырымы­Қаламқас» және «Форт­Шевченко­Таушық­Шетпе» ав­токөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұртшылық тарапынан Д.Сейбағытов ірі көлік магистралдарын реконструкция-лау барысы туралы, «Каспий» тұщы лан­дыру зауытының директоры В.Мурашко тұщыландырылған су көлемін артты-ру туралы, Мұнайлы ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Әміров ауылдық дәрігерлер амбулаторияларын дамыту жайында, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Төлетов өңірдегі экологиялық ахуал туралы және Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы А.Досанова үш ауысымда оқытатын мектептер туралы ой өрбітті.

– Биылғы ҰБТ қорытындысы бойын-ша облыс көлемінде Түпқараған ауда-ны бірінші орыннан көрінді. Ақшұқыр ауылындағы екі мектебіміз де білім са-пасы жағынан әрдайым алда. Біз осы са-тыдан түскіміз келмейді. Алайда екі мек-тепте де әуел баста есептелген қуатынан білім ордаларында екі есе бала оқытылып жатыр. Сондықтан да жеделдетіп жаңа мектеп құрылысын бастамаса, үш ау-ысымды оқытуға көшіп кетуіміз әбден мүмкін. 600 орындық мектептің сметалық құжаттары дайын. Осы мәселені шешу-ге көмектессеңіз деп сұраймын, – деді А.Досанова.

Басқосуда көтерілген мәселелер бойынша Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек, Энергетика вице­министрі М.Мырзағалиев, Денсаулық сақтау вице­министрі А.Цой, Білім және ғылым вице­министрі А.Аймағамбетов және Ұлттық экономика вице­министрі С.Жұманғарин түсіндіріп өтті.

Премьер­Министр облыстың негізгі капиталға салынған инвестициялар мен құрылыс жұмыстарының көлемі секілді даму көрсеткіштері бойынша оң қарқынға ие екендігін, жастар ара-сында жұмыс орындарын ашу және сақтау қажеттігін, өңірде халық санының қарқынды өсуіне байланысты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысын көбейту қажеттігін айтты.

Аймақта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі жүргізіліп келеді, нәтижесінде тұрғын үйлер салынып, 10­ға жуық мектептің құрылысы басталды.

Үкімет басшысы «Казтурборемонт» ЖШС цехында болып, сондай­ақ Құ рық ауылындағы паром кешенінің жұмы­сымен, кешеннің екінші кезеңінің құры­лыс барысымен танысып, әлеуметтік инфра құрылым нысандары мен өнеркә­сіптік кәсіпорындарды аралады. Маң ғыс­тауда жасалып жатқан жұмыстар өлке нің тынысының кеңдігін, қадамының қарыш­тылығын және қуаттылығын айқындай түседі.

Маңғыстау облысы

Тынысы кең, қадамы қарышты өлке–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министр Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысы-на келді. Үкімет басшысы киелі өңірде Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламалар міндеттерінің іске асырылу барысымен, сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және бизнеске қолдау көрсету шараларымен танысты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Құқықтық құжаттар Конституцияға қайшы емес––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен жалпы отырыс өтіп, онда бірқатар халықаралық маңызға ие құжаттар ратификацияланды. Сонымен қатар Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауал-дарында сенаторлар Қытайдағы қандас бауырлардың бүгінгі жай-күйіне өз алаңдаушылықтарын білдіріп, судан келер қауіп-қатер мен оған деген тапшылықтың тауқыметін сөз етті. Ал се-натор Әли Бектаев болса мемлекетіміздің мүмкіндігі жете тұра әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының аздығына көңіл аудару қажеттігін айтты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 3

Әліпбидің өзектілігі сөз болды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақ елінің ла-тын әліпбиіне оралуының �зектілігі» деген тақырыпта д�ңгелек үстел �тті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Астана қаласы «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиа-лымен бірлесіп мемлекеттік тілді ла-тын әліпбиіне к�шіру бойынша «Латын әліпбиі: жаңғыру – жазудан басталады» атты іс-шара �ткізді.––––––––––––––––––––––––––––––

Айгүл СЕЙІЛ,«Егемен Қазақстан»

«Нұр Отан» партиясының Астана қаласы Есіл аудандық филиалы төрағасының орын-басары Ахмет Сейітов пен филиал кеңесшісі Ерлан Ахмеди қатысып, баяндама жасаған

шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: руха-ни жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы латын əліпбиіне көшіру мəселесі қамтылды. Филиал төрағасының орынбасары бүгінге дейін қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияға 300-ге жуық жобаның ұсынылғанын айтты. Ол латын графика-сын жасаумен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығы белсенді айналысып жатқанын айта келіп, бұл мəселеде халық пікірі де ескеріліп жатқанын баса айтты. «Өзге елдер латын əліпбиіне өткенде халықтың пікірімен санасқан жоқ», деді ол. А.Сейітов латын əліпбиіне көшу кезеңмен-кезеңмен іске асатынын, бұл тұрғыда қоғамның ешқандай

мүшесінің де алаңдауына негіз жоқ екеніне тоқталды.

Ал «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының кеңесшісі Ерлан Ахмеди біз латын əліпбиіне көшпейтінімізді, оған оралатынымызды баса айтты. Өйткені латын əліпбиін қолдану тəжірибесі қазақ да-ласында болған. Ол сондай-ақ көрші елдердің тарихынан мысалдар келтірді. Мəселен, бауырлас Түркия елі Ататүрік ел билеген тұста 800 жылдық араб жазуы нан үш айдың ішінде бүтіндей бас тартып, латын графика-сына негізделген жазуға көшкенін баяндады. Онымен салыстырғанда жеті-сегіз жылдың ішінде кезең-кезеңмен латын əліпбиіне көшу аса көп қиындық тудырмауы тиіс деген пікір айтты.

Айгүл СЕЙІЛ,«Егемен Қазақстан»

Елбасы 2012 жылы «Қа-зақстан-2050» Страте гия сында еліміздің 2025 жылдан бастап латын əліпбиіне көшуі қажет екенін айтқан болса, биыл жарыққа шық қан «Болашаққа бағдар: ру хани жаңғыру» атты мақа ласында қоғамдық сана-ны жаңғыртудын нақты жо-балары қажет екенін, оның ішінде бүгінгі жазуымызды бірте-бірте латынға көшіру мə селесін айтып өткен бола-тын. Дəл сол мақаланың өзі қо ғам дық сананы жаңғыртуға локо мотив болғаны шындық. Əсіресе, əңгіме латын əліп-биіне тірелген тұста қоғам қатты белсенділік танытуда. Түрлі жобалардың ұсынылуы, түрлі деңгейдегі талқылаулар соның айғағы.

Дөңгелек үстелде баянда-ма жасаған қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы Камал Бұрханов ла-тын əліпбиіне көшудің сая-си аспектілеріне тоқталды. Елі міздің аумағында түрлі дəуір де, түрлі кезеңдерде қолда нылған жазулардың

тарихына тоқталып, жазудың ұлт мəдениетінде алатын ор-ны ның ерекшелігін баса айтты. К.Бұрханов баянда ма с ы ның түйіні латын əліпбиіне көшуді саясиландырып, оның астары-нан дау-жанжал ізде меу керек деген пікірге сайды. Ол əлемде жазуы бірдей не ме се ұқсас талай мемлекет бар екенін, бірақ, сол жазу дың бірдейлігі немесе ұқсас тығы олардың бір-бірімен тату лық та өмір сүруіне кепіл бола ал май тынын ай-тып, бірқатар мем ле кеттерді мысалға кел тірді.

Ал, Мемлекет тарихы инс -титутының жетекші ғылы ми қызметкері Құндызай Ерім-бетова латын əліпбиіне көшу уақыт талабына сай дер кезін-де көтеріліп отырғанын айтып, тəуелсіздікті алған кезде біз латын əліпбиіне көшуге дай-ын емес едік деген пікірде ой өрбітті. Ол латын əліпбиіне кө шу арқылы еліміздің ашық демократиялық қоғам қа лып-тастыратынын жеткізді. «Біз латын əліпбиіне көшу арқылы рухани құндылықтарымызды қалпына келтіреміз, əлемдік өркениет көшіне жедел іле-сетін боламыз», деді ол.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында латын қарпіне көшу мəселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді ла-тын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруі не, ең бастысы – қазақ тілін жаң ғыр туға жағдай туғызады» – деп атап көрсетті.

Бұқаралық ақпарат дерек-теріне сүйенсек, бүгінде əлемнің 7 0 % е л д е р і л а т ы н ж а з у ы арқылы бі лімді игеріп, ғылыми-зерттеулер мен танысуда. Бұл – білім, ғылым, саясат пен тех-ника, мəдениет пен өнер, спорт, т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графи-касымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негі-зінде таралады дегенді білді реді. Демек латын əліпбиінің Отаны-мыздың əлемдегі дамыған 30 ел-дің қа тарына қосылу талабы ның орында луы жолында маңыз ды рөл атқаратыны сөзсіз.

Əліпбиді латынмен ауыс тыр-ғанда ұтатынымыз: біріншіден, тіл тазалығы мəселесі. Тіліміздегі

қазіргі жат дыбыстарды таң-балайтын əріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, басы артық таңбаларға қатысты емле, ере-желер қысқарады. Үшіншіден, латын əліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дəрежеге шығуына ықпал етеді. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа техно-логиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жол ашылады. Төртін шіден, түркі дүниесі, негізінен, латын-ды қолданады. Олармен ру хани, мəдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байла-нысты күшейтеміз.

Латын əліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына,

жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына зор үлес қосары сөзсіз. Латын əліпбиіне к ө ш е о т ы р ы п , ө р к е н и е т т і елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын əліпбиіне көшу болашақ үшін маңызды.

Шағангүл ЖАНАЕВА, Мұхтар �уезов атындағы

педагогикалық колледждің директоры

СЕМЕЙ

Тілімізді жаңғыртуға жағдай туғызады

Латын әліпбиі – өркениет кілті

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ дар-ламалық мақаласы аясында көтерілген көкейкесті мəселенің бірі – латын əліп-биіне көшу халық арасында түрлі пікір туғызуда. «Қоғам дайын ба?», деген сұ-рақтың төңірегінде ойлана келіп, 26 жыл-дық жұмыс тəжірибем барысында өзім пікір алысқан жастардың ойын жеткізуді жөн көрдім.

Елбасы бағдарламалық мақаласында «Рухани жаңғыру – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын бо-лашақтың көкжиектерін үйлесімді с абақтастыратын ұлт жадының тұғыр-намасы» деген болатын. Мақалада тұтас қоғамның жəне əрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты ұсынылды. Ал латын əліпбиіне көшу – таяу жылдардың басым міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің

Президиумы латындандырылған жаңа əліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдап, ол 1940 жылға дейін қолданылып, кириллицаға көшкен болатынбыз. Демек, біз өткенімізді қайта еске алып, жаңғыруға бет бұрдық.

Бұл жердегі менің айтпағым, аға буын өкілдерінің басым көпшілігі латын əліпбиіне көшуді тосырқай, жатырқай, жалтақтай қарсы алса, жастардың латын əліпбиіне деген көзқарасы мүлдем бөлек. Бұдан 5-6 жыл бұрын балалардың латын əрпімен жазатынын көріп, алғашында таңғалыс білдіргенмін, біртіндеп мен де солардың легіне ілесіп, олардың жазғанына жауап беруге машықтандым.

Бұл жердегі басты мəселе – санамыз жаңғыруы керек, қандай жаңалық болсын тіксіне қарсы алудың еш қажеті жоқ. «Бізге латын алфавитінің қажеті бар ма?», деп жастардың ортасына барып сұраңызшы олардың барлығы да сізге «қажет» деп жауап береді. Олай деуімнің себебі, жастармен жұмыс жасағасын олардың

өміріне латын алфавитінің етене еніп кеткенін кез келген педагог біледі. Неге екенін білмеймін, тіпті сабақты нашар оқитын оқушының өзі құрбыларына жазған хабарламаларын латын əліпбиімен жазып отырады. Яғни балалар жаңалықты тез қабылдайды. Бүгінгі күннің өзінде олар жаңалықты тез, қуана, жатырқамай қарсы алды. Ендеше аға буын өкілдерінің қорқуына еш негіз жоқ. Кез келген мемлекеттің өсіп-өркендеуі, дамуында ең бірінші «адами капиталға» мəн беретінін ескерсек, балаларымызға жағдай жасайтын реформадан қорықпауымыз керек. Тарихқа шегінсек, ежелгі Египетте 750 иероглиф болыпты, оны да жатқа білгендер болған. Алынбайтын қамал жоқ, біз бəрін де меңгереміз, күні бүгіннен сарыуайымға салынып, болашаққа сенімсіздікпен қарау дұрыс емес деген ойдамын.

Орынтай БИМАНОВА,Атырау �ңірлік «Рухани жаңғыру»

жобалық кеңсесінің бас менеджері

Латын əліпбиіне көшу мəселесін Елбасы алғаш рет 2012 жылғы желтоқсан айында жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында мəлімдеп, 2017 жылғы сəуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты қолға алу керектігін ашып жазған болатын. Содан бері бұл мəселе қоғамда кеңінен талқыға түсіп, мемлекет тарапынан нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Ғалымдар бұл ретте өз ойларын ортаға са-лып, ұсынылып жатқан нұсқалар туралы пікір алмасуда.

Сыр өңіріндегі ең ірі білім орда-сы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары да облыс, қала, аудандарға шығып, түсіндіру жұмыстарына атсалысып жатыр.

Ел арасында латын графикасына негізделген қазақ əліпбиін жасау дегенді латын тіліне көшу деп түсінушілік те бар. Бұл тарапта біз латын тілі деген тілдің жа-зуда ғана пайдаланылатын өлі тіл екенін жəне латын əліпбиінің барлық тілдерге ортақ графика екенін баса айтқымыз келеді. Оның үстіне жаңа қазақ əліпбиінің біздің ақпараттық жүйеге еркін енуіміз үшін, қазақ тілінің кирилл əрпін пайдалану кезінде бұзылған орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарын қалпына келтіру үшін де маңызы зор. Қалай болғанда да, жаңа əліпби нұсқасын қабылдау – болашақ ұрпақ үшін де, тіл тарихы үшін де филолог

мамандардың иығына түсіп отырған жауапкершілігі мол іс. Сол себепті, ла-тын графикасына негізделген əліпбиді жаңа дүние екен деп шошына қарамай, қайта кезінде Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған əліпбиіміздің қайтып оралуы, ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың тілімізді өз даму жолына салуға қатысты мəселені дер кезінде қолға алуы деп білуіміз керек.

Енді 9 қазан күні Ақордада өткізілген жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып əзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы туралы өз ойымызбен бөлісейік. Жасыратыны жоқ, жаңа əліпбидің бұған дейінгі Парламент Мəжілісінде ұсынылған əліпби нұсқасының көңілге қонбайтын тұстары бар болатын. Мəселен, қазақ тілінің жалғамалы (агглютинативті) тіл екенін ескерсек, нұсқадағы 8 диграфтың (Ng-ң, Gh - ғ, Ch - ч, Zh - ж, Sh - ш, Ae - ə, Oe - ө, Ue -ү) берілуі жазу үшін тек қиындық туғызып қана қоймай, оқу кезінде де шұбалаңқы əріптер тізбесі көз сүріндірер еді. Мысал келтіретін болсақ, «жаңаша» сөзі диграфтармен берілген нұсқада «zhangasha» болып 6 əріптің ор-нына 9 əріп түсіп шұбатылып шыға келді. Ал, қазақ тілінде екі дауысты дыбыстың қатар келмейтінін ескерсек «ə» əрпінің «ае» күйінде қосарланып келуі түрлі

орфографиялық қателерге жол береді. Сол себепті де қазақ əліпбиін ауыстырудағы ба-сты талап – қазақ тілінің табиғи қалпынан туындайтын төл заңдылықтарын ескеру болып табылады. Ол үшін бір дыбыс – бір таңба, басы артық əріптерге жол бермейтін ықшамдылық, тілдің дамуына жол аша-тын икемділік сияқты өлшемдер назарға алынуы тиіс. Осы өлшемдер 9 қазан күні Елбасына ұсынылған соңғы нұсқада ескерілген, яғни, бір дыбысты бір əріппен беру жазуға да ыңғайлы, оқуға да жеңіл. Біздің ойымызша, апострофтан қорқудың қажеті жоқ, кирилл жазуындағы 42 əріпті меңгерген əлеумет, жазуға ыңғайлы 32 таңбаны оңай-ақ үйреніп алады. Оның үстіне, болашақ кілтін ұстаған жастар қауымы əлеуметтік желіде латын əрпімен жазуға қалыптасып кеткелі қашан. Олай болса, болашақ ұрпақ қамын ойласақ, төл тіліміздің дамып өркендеуіне жол аша-тын, əлем тілдерінің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін жаңа əліпбиіміз тура-лы келте ойламай, үйренуге енжарлық танытпай, үлкен істерге жұмыла кірісейік дегім келеді.

Күлдірсін САРЫШОВА,филология ғылымдарының

кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің қауымдастырылған профессоры

Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жазу мәдениетінің жаңа белесі

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі қазақ тілі және түркітану департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен түркітанудың �зекті мәселелері: ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Үш күнге жоспарланған жиын-ның алға қойған мақсаты жай-лы көпшілікке таныстырған бас-қосу модераторы, танымал ғалым, университеттің қазақ тілі жəне түркітану кафедрасының мең герушісі Юлай Шамилоғлы, аталмыш шараны тарихтың жаңа парағы ашылған күн деп атап өтті. Ғалымның олай айтуына себеп: халықаралық деңгейде беделі үлкен аталмыш университет қабырғасында бұған дейін қазақ тілі мен түркітану мəселесі тал қы ланбаған екен. Екіншіден, бұл бас қосудың тағы бір тарихи маңызы – қазақ тілі мамандары мен оқытушылардың халықаралық қауым дастығын құрып, оның жарғы сын бекіту мəселесі де конфе ренцияның күн тəртібіне қойылып отыр.

Сонымен басқосудың мақса тына тоқталсақ, жиынға шақы рыл ған қонақтар мен тіл білімі нің ғалымдары өзара пікір алма сып, тəжірибе жинақтаумен қатар, қазіргі рухани жаңғыру бары сында ұлттық сананың өзегі санал ған қазақ тілін дамытудың бағыт тарын айқындап, оны оқытудың ака демиялық əрі кəсіби негіздерін ойластырып, сондай-ақ үздік инно-вациялық технологияларды қол-дану арқылы түркітануды жетіл діру мəселелерін қарастырмақ.

Жоғарыдағыдай талқыға түс кен маңызды тақырыптар мен өзекті пікір алмасулардың шынайы жанашыры ретінде танымал Түр кі академиясы халықаралық ұйы мы да аталмыш шарадан тыс қал мады. Жиынға қатысушыларға аталған мекеме атынан жолданған құт тықтау хат оқылды. Онда: «Бү гінде президенттік «Рухани жаң ғыру» бағдарламасының аясын да əр алуан зор жұмыстар атқа-рылып жатыр. Осы бағыттағы көп міндеттердің бірі – елімізде кеңес-тік кезеңнен бері бай дəстүрге ие бо лып келген түркология ғылы-мын қайта жаңғырту, оның да муына жаңа серпін беру болып табылады. Қазіргі заманғы түр ко логия өз

дамуының жаңа саты сына көтеріліп, өресі кеңейіп, алтайтану саласымен ұшта сып, екінші жағынан қазақ тілта нумен де етене жақындығы күн сайын айқындалуда. Түркі ака-демиясы халықаралық ұйымы мен Назарбаев Университетінің алдына қойған мақсаты ортақ. Ол – біздің еліміздің ғылымына үлес қосып, жаңа дəуірдің талабына сай жас ұрпақтың тарих сахнасына шығуына ұйытқы болу» делінген.

Сонымен қатар конфе рен цияның рухани-қоғамдық маңызы жайлы пікір білдірген Назарбаев Университетінің проректоры Адесида Илесанми мырза, тілдің ұлт үшін маңызы зор екеніне тоқ тала отырып, бұл жолғы талқы лаудың өзектілігі – ұлттың рухани жаңғыруына қатысты дегенді баса айтты. «Сондай-ақ тіл дегеніміз – адамның жаны, демек адамның жаны тілі арқылы байланысады һəм белгілі бір топтың ішіндегі қарым-қатынасты күшейтеді. Сол себепті де, біз қазақ тілі мен түріктану кафедрасын ашып, қазақ тілін жаңғыртудың қажеттілігін қолға алып отырмыз», деді проректор мырза. Əрі қазіргі таңдағы қазақ тілінің латын əліпбиіне өтуі де дұрыс қадам екенін атап өтті.

Конференцияның алғашқы күні Польша еліндегі Адам Миц ке-вич университетінің профес соры Хенрик Яновский, Герма ния дағы Йоханнес Гутенбург универ ситетінің ғалымы Юлиан Рентьшс, Назарбаев Университетінің про фессоры Андрей Фильченко, Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының қызметкері, фи лология ғылымдарының докто ры Айгүл Ісімақова, ҰҒА кор рес пондент-мүшесі Шерубай Құрман байұлы бастатқан шетелдік жəне отандық ғалымдар баяндамалар жасаса, басқосудың келесі күні толықтай түркология тақырыбына арналды.

Бұл ретте түркітанушы ғалымдар тарапынан «ХХІ ғасырдағы түркітану мəсе лелері», «Түркітану жəне антро-пология», «Түркі тілдеріндегі космо-го ниялық фразеологизмдер» қатарлы тақырыптар талқыға түсті.

Қазақ тілі мен түркітану мәселесі талқыланды

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

4 27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Тоқырау жылдары деген уақыттарды да бастан өткіздік. Халқының саны үш миллионға жетеғабыл дейтін Оңтүстік Қазақстан облысының жылдық бюджеті бүгінгідегі ең шағын ауданның бюджетінің ширегіне келмейтін.

2002 жылдары сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ордабасы ауданындағы шағын маркеттің ашылу салтанатына қатысып, лентасын қиды.

Жұмыс барысымен сол даңғыл бойымен жиі өтеміз ғой. Сол кезде маркет ашылды деп облыс әкімінің өзі қуанған, арнайы келіп тілек айтқан әлгі дүкен бүгінде жұпыны ғана нысан екен. Көзге қоңырайып көрінеді.

Бүгінде басқа салаларды айт­пағанда жыл сайын керіскедей етіп жиырмадан астам мектеп салып тастайтын облыстың мүм­кіндігі қаншалықты өскендігін осыдан көре беріңіз.

Бұрындары орта мектеп түгіл апатты білім ошақтарын бү тін­деуге қаржы таппай отыратын құрылыс басқармасы ғала мат ғимараттарды көтеріп жатыр.

Яғни, ақша бар, тиімді жұм­сау дың тетігін тапсаң болғаны. Бірақ, бар ақшаны игерудің өзі қиынға түсіп жатыр.

Әкімдіктің кезекті мәжі­лісінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бюджет қаржысының игерілмеуіне байланысты аудан, қала және басқарма бас­шыларының жұмысына қатысты сын пікірін білдірді.

– Біздің осы бағыттағы жұмы­сымызды Мемлекет басшысы мен Үкімет қатаң бақылауға алған. Осыған сәйкес біз бюд­жет қаражатын игеру мәселесін тұрақты түрде ай сайын қарап талқылаймыз. Алайда қаржы басқармасының бүгін жасаған баяндамасына сәйкес, облыстық басқармалардың және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бағытындағы жұмыстары төменгі деңгейде болып отыр. Сонымен қатар былтырғы жыл­дан бері бюджет қаражатын иге­ру бойынша берілген тапсыр­малар орындалмағаны белгілі болды. Осы ретте, бірқатар об­лыс тық басқарма басшы лары­ның және аудан, қала әкімдері­нің бюджет қаражатын игеру бо йынша жұмыстарына қанағат­та нарлықсыз деген баға беремін, – деді облыс әкімі.

Жиында 2017 жылғы 9 ай дың қорытындысы бойынша об лыс

бюджетінің атқары луы ту ралы сөз алған облыстық қаржы бас­қар масы басшысы ның мін детін атқарушы Р.Мүл ке манов об­лыстық басқармалар бойынша 209,6 млн теңге, ал, аудан, қа­лаларда 559,4 млн теңге қаржы иге рілмей қалғанын айтты.

– Жалпы, жыл басынан бері облыстық құрылыс, энерге ти ка, автомобиль жолдары және кә­сіпкерлік басқармалары қаржы­лан дыру жоспарларына 17,1 млрд теңгеге 25 рет негізсіз өз­герістер енгізген. Егер қыркүйек айындағы 4,4 млрд теңге кейінгі ай ларға ауыстырылмаған жағ­дайда аталған облыстық бюд­жеттік қаржыны игеру деңгейі төмен болар еді. Бүгінгі таңда облыс бюджетінің қаржысы 99,8 пайызға игеріліп отыр, – деді ол.

Баяндамада мәлім болғандай, ең ірі көлемде игерілмеген қаржы Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласы және облыстық энергетика және тұрғын үй­коммуналдық шаруашылық пен

денешынықтыру және спорт басқармаларына тиесілі екен.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі кемшілікке жол бер­ген аудан, қала және басқарма басшыларына өзіне тиісті жұмысқа немқұрайдылықпен қараған орынбасарларға үш күн ішінде тәртіптік шара көріп, нәтижесін баяндауды тапсыр­ды. Бұл жолы орынбасарлар ғана жаза алмайтын сыңайлы.

Жансейіт Түймебаев 2017 жылдың бюджетінде қаралған қаржылардың жыл соңына дейін игерілуін барлық басшыларға ескертіп, жұмыстар өз мәнінде орындалмаса бірінші басшыларға қатаң тәртіптік шара қолданбақ.

Оңтүстік Қазақстан облы­сын да жалпы өңірлік өнім көле­мі жыл сайын артып келеді. Биыл ғы жылдың бірінші жарты­жылдығында облыста жалпы өңір лік өнім көлемі 1 340,5 млрд теңгені құрап, 2,7 пайызға арт­қан. Облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде облыстық экономика

және бюджеттік жоспарлау бас­қармасының басшысы Арман Сәбитов жыл соңында жал­пы өңірлік өнім көлемі 3 014,5 млрд теңгені құрайтындығын ай тады. Осылайша Оңтүстік Қазақ стан облысы республи­ка кө лемінде өсім бойынша 5­орын ға тұрақтамақ. Ал өңдеу өнер кәсібі өнімінің көлемі 410,8 млрд теңгені құрап, 2,1 пайызға арт қан. Алайда өнеркәсіп өнімі бойын ша индикатордың орындал мау қаупі бар. Жылдық жос парды қамтамасыз ету үшін өнім көлемін 850 млрд теңгеге жет кізу қажет. Алайда Шымкент қаласы мен Бәйдібек, Отырар аудандарының индикаторлары жылдық жоспардан артта қалуда.

– Қазіргі кезеңде соңғы 9 айда өнеркәсіп өнім көлемі 605 млрд теңгені құрауы қажет бола­тын. Алайда 9 айдың қорытын­дысымен өнім көлемі 599,2 млрд теңгеге жетіп отыр. Бұдан бөлек, өңірімізде тіркелген ша­ғын және орта кәсіпкерліктің әре кет ететін нысандарының үлесі 83 пайызды құрап, инди­ка тор дың орындалмау қаупі бар. Соң ғы 9 айда тіркелген ша ғын және орта кәсіпкерлік ны сан­дарының саны 213 419 болса, олардың 36 796­сы әрекет ет­пейді. Оның ішінде ең жоғары дең гей Шымкент қаласында тірке ліп отыр. Яғни, қаладағы 21 815 шағын кәсіпкерлік ны сан­дарының жұмысы тоқтап тұр, – деді Арман Сәбитұлы.

Сондай­ақ қоғамдық қауіп­сіздікті қамту мақсатында ішкі істер департаментіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі жыл сай­ын ұлғайғанымен салаға қатысты бірнеше индикаторлардың орын­далмауы байқалады. Атап айт­қанда, жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлесінің жос­пары 3,4 пайыз болса, нақты 9 айда – 3,5 пайызды құраған. Өт кен жылдың 9 айымен салыс­тыр ғанда көрсеткіш Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Қазы ғұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Төлеби, Шардара аудан­дарында өскен.

Жиында айтылған олқы лық­тарға қаныққан өңір басшысы ау­дан, қала әкімдері мен салаға жа­уапты басшылардың жұмысын сынға алып, бірқатар тапсырма­лар жүктеді.

– Бірқатар аудан­қалаларда тіркелгенімен әрекет етпейтін ша ғын және орта кәсіпкерлік нысандары көбейіп отыр. Мем­лекет пен Үкімет тарапынан қан­шама қолдаулар көрсетіліп отыр­ған кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікті тұралатуға бол­майды. Мәселен, Шымкентте, Созақта, Төлебиде, Түлкібаста шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны азайған. Аудан, қала басшыларының осы реттегі жұмыстарына қанағат­танарлықсыз деген баға беруге болады. Бұдан бөлек, бірқатар аудан, қала әкімдіктерінде тек бюджеттік инвестициялармен шектеліп, жеке инвестиция тар­ту бойынша жұмыстар тө мен деңгейде жүргізілуде. Жыл со­ңына дейін осы олқылық тардың орнын толтыруды және апта сайын ақпарат беріп отыруды тапсырамын, – деді облыс әкімі.

«Балапанды күзде санайды» деген қанатты сөз бар. Жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижелері қорытындыланып жа­тыр. Өткен жылдарға қарағанда табысы молайғанымен етектен тартқан енжарлық, жауапсыздық та орын алып келеді. Облыс әкімі осы жағына қатты мән беріп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Бірқатар басшы қанағаттанарлықсыз деген баға алды

Мәжілісте Сергей Дьяченконы еске алды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Мәжілісте Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Сергей Дьяченконы еске түсіруге арналған жиында «Отан мен халыққа арналған ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жинаққа Сергей Дьяченко туралы елімізге белгілі достарының, әріптес терінің естеліктері, арнаулары, жүрек­жарды лебіздері мен ой­толғамдары жазылған.

Іс­шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ матулин, Парламент депутаттары, қо ғам қайраткерлері, Сергей Алексан­дро вичтің жақындары мен туыстары қатысты.

Жиын барысында Сергей Дьячен­коның еліміздің қоғамдық­саяси, эко­но микалық және мәдени­гуманитарлық дамуына қосқан үлесі туралы естеліктер айтылды.

«Егемен-ақпарат»

Әріптестікті күшейту мәселелері қаралды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақановтың және Тәжікстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Абдурахим Каххаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Тәжікстан Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасындағы жоспарлы кон-сультациялар өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Іс­шараға екі елдің бірқатар мемлекеттік органдарының б а с ш ы л а р ы м е н ж а у а п т ы қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстанның терроризм­мен және діни экстремизм­мен күрес, заңсыз миграцияға қарсы іс­қимыл салаларындағы әріптестігін күшейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар тарап­тар Ауғанстандағы әскери­саяси ахуал және осы өңірден төнетін қауіп­қатерлерге қарсы тұру ша­ралары жөнінде ой бөлісті.

Сондай­ақ В.Жұмақанов трансшекаралық ұйымдасқан

қылмыспен және заңсыз есірткі айналымымен күресу мәселе­леріне қатысты екіжақты өзара іс­қи мылдың маңызды екеніне назар аударды. Тараптар ақпарат­тық қауіпсіздік саласы бойынша тұрақты түрде деректер алмасып тұруды және екі елдің маманда­ры арасында кездесулер өткізуді ұсынды.

Өткен талқылаулардың нәти­жесінде Қазақстан Респуб ли касы мен Тәжікстан Республи ка сының Қауіпсіздік Кеңестері қабыл данған бірлескен шешімдерді іске асыруға бағытталған нақ ты қадамдар жасау жөнінде уағдаласты.

Дәріден келер қауіп жоқ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова және Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасына сараптау ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Арнұр Нұртаевтың қатысуымен «Гепасан» дәрі-дәрмегіне байланысты баспасөз мәслихаты болды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

«Бүгін «Время» қоғамдық­саяси газетінде Михаил Козач­ковтың «Препаратные игры» деген мақаласы жарық көрді. Онда ол «гепасан» дәрісінің медициналық тәжірибеде қолданылуы жөнінде жазып, маған осыған орай пікір білдіруімді сұраған екен. Мәселе отандық дәрі өндіруші «Химфарм» АҚ өндірген «гепасан» дәрісі жөнінде. «Гепасан» ол карди­ология және кардиохирургия бөлімшелерінде қолданылатын және жансақтау бөлімінде жатқандар үшін өмірге аса маңызды дәрі. «Иә, шын мәнінде, биылғы жылдың тамыз айында осы дәрі­дәрмекті тіркеу тура­лы куәлікті біздің сараптамалық ұйым – Дәрі­дәрмекті сараптау орталығының қорытындысы негізінде тоқтатты. Себебі 2016 жылы және 2017 жылдың бірінші жартысында осы препараттың жа­нама әсері туралы, атап айтқанда, оның тиімсіздігі туралы 4 карт­баяндама келіп түскен. Осы төрт картаны қарастырған кезде, бір карточка жарамсыз болды және біз үш картаның негізінде дәрінің жа­рамсыз екенін анықтау үшін тіркеу куәлігін тоқтаттық. Содан кейін екі айдың ішінде біз медицина

ұйымдарымен жұмыс істедік, об­лыстардан, Астана мен Алматы қалаларының барлық медициналық ұйымдарынан келіп түскен хаттар­да оның қауіпсіз екені көрсетілген. Компания өндірушісі екі ай бойы Польшаның және Германияның екі еуропалық зертханаларында дәрі­дәрмекті тексерген. Нәтижесінде дәрілік заттың жоғары сапалы және қауіпсіз екені дәлелденді. Сонымен қатар препаратты қолдану бо­йынша нұсқаулықта өзгерістер болды, онда, яғни дәрі­дәрмекте пациенттердің көрсетілмейтін санаты бар, сондықтан дозаны өзгерту немесе басқа препаратқа ауыстыру ұсынылды. Осы ақпаратты мұқият зерделеп, Ұлттық сараптама орталығы аталған дәріні пайдалануға рұқсат беріп және «Химфарм» зауытына елдегі медициналық ұйымдардың бірінің негізінде клиникалық зерттеулерді ұсынады, онда олар гепарин натрий дәруменін ғылыми зерттеумен айналысады», деді Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Оның ақпаратына сәйкес, компанияның Денсаулық сақ­тау министрлігіне қарасты Сыз­ғанов атындағы ғылыми­зерттеу институтының базасында клини­калық зерттеу жүргізу туралы ке­лісімшарты да бар.

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан»

Үстіміздегі жылғы есебінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 64­ші қадамды орындау үшін ғылым мен ғылыми­техникалық іс­әрекетті коммер­цияландыру туралы заң қабылданғанын айтып, оның бүгінгі күні жеміс бере бастағанын жеткізді. Бұл заң бойынша ғылыми гранттар мен бағдарламалар енді мемлекеттің индустриялық­ин но­вациялық даму жөніндегі сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған.

«Біздің ғылымымыздың бүгінгі проб­лемасы – ғалымдарымыздың еңбегінің қол данбалы сипаты төмен және

коммерциялануы жарытымсыз болып кел гендігі еді. Енді жаңа заң бойынша ғалым дарымыз бір жоба ұсынғанда оны қосымша қаржыландыратын компания, кәсіпорын, бизнес немесе университет болуын талап етеміз. Сөйтіп біз бұл жо ба­ның біреуге қажеттілігін білетін боламыз. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарымыз нәтижесін бере бас тады, оны ғылыми орта мен бизнес қол дады», деді министр өзінің сөзінде. Оның айтуына қарағанда, бүгінге дейін ұсынылған 70 грантты жобаның 67­сі қосымша қаржыландыру көздерін тапқан. Сонымен қатар ми­нистр бүгінгі таңда 525 жаңа жұмыс орнын ашатын 13,7 млрд теңгенің 75 гранттық жобасы іске асырылуда екенін

айтты. Бүкіләлемдік банктің құны 110 млн АҚШ долларын құрап, технологияны коммерция ландыруды көздейтін «Өнікті иннова цияларды ынталандыру» жобасы да қолға алынған. Осы қадамды іске асыру ба рысында 2020 жылдың қарсаңында бар­лық ғылыми жобалардың бизнес тарапы­нан қосымша қаржыландырылуы 15 па­йызға жетпек.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдер стан­дарттарына сәйкес адам капиталының сапасын арттыруды қамтыған 76­шы қа­дам ды да аталған министрлік іске асы­руда. 2017 жылы Қазақстан осы ұйым ның Білім беру саясаты жөніндегі комите­тінің толыққанды мүшесі болды. Ұйым­ның талабына сәйкес 2020 жылға дейін­гі мерзімде барлық мектептерге «0+11 сынып» қағидатымен 12 жылдық білім беру енгізіледі. 2018­2019 жылдары 3­11 сыныптарға жаңа оқу бағдарламасы әзірленеді.

Ал «Біртектілік пен бірлік» деп аталған реформаны іске асыруға алты қадам

арналған. Бұл реформада Қазақстан халқы Ассамблеясына жауапты жұмыстар жүктелген. Осы ұйымның қолдауымен қазір қазақстандық біртектілікті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы айтқанда, осы реформа, ең алдымен, жаңа қоғамдық қатынастар, қоғамның және мемлекеттің жаңа функциялары мен жаңа институт­тарын қалыптастыруды көздейді. Ол Жарлықтармен бекітілген «Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және да­мыту», «Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту» және «Мәдени саясат» тұжырымдамаларының негізінде іске асырылуда. Қазір Ассамблея аза мат­тық үкіметтің жаңа қоғамдық қызметі ретінде жұмыс істей бастады.

Қазақстандықтардың біртектілігін ны­ғайту және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы «Үлкен ел – үлкен отбасы» мегажобасын да әзірлеп, іске асыруда. Ол Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын және «Астана – Еуразия

жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көш пелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Кас пий қақпасы» өңірлік мәдени­турис­тік кластерлерін құруды жүзеге асырумен бай ланыстырылады.

Соңғы реформа «Есеп беретін мемле­кетті қалыптастыру» деп аталып, оны іске асыратын 10 қадам «Ашық Үкіметтің» мөлдірлігін, мемлекеттік органдардың есеп берушілігін, қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтық араласулардың кеңеюіне қол жеткізуді және жетілдіруді қамтиды. Осы реформаны іске асыру барысында қазір елімізде мемлекеттік қызмет көрсетілулердің сапасы жақсарып, мерзімі қысқарып, сондай­ақ барлық процестердің ашықтығы артып келеді. «Ашық Үкіметтің» «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер» және «Ашық диалог» сияқты төрт компоненті іске қосылды.

Ұлт жоспары осылай, барлық салалар бойынша ұтымдылықпен іске асырылып, тиімді нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Ұлт жоспары орындалуымен құнды–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының бес нақты қадамын Білім және ғылым министрлігі іске асыруға міндетті болатын. Бұл қадамдардың іске асырылуы ұзақ мерзімге есептеліп, сандық және сапалық көрсеткіштерінің атқарылуы жол картасы шеңберінде іске асырылуда.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 5ЭКОНОМИКА

Агломерация урбанизацияны азайта ма?

Анықтап қарағанға аймақ­тардағы тірек қалалар үшін де, орталықтағы шаңқан шаһарлар үшін де, атауы екі түрлі болғанымен көтеретін жүгі ортақ мәселе бар. Ол агломерация бағыты мен урбаниза­ция жайы.

Рас, елімізде агломерация орталық­тарын дамыту пәрменді жүріп жатыр. Дәл осы агломерация үдерісі ауыл­аймақтың жақын маңдағы қалалық өндіріс ошақтарына арқа сүйеп, қанаттаса дамуына жол ашуы керек бо­латын. Қажет кезінде тауар алмасу мен табыс табудың даңғыл жолына айна­лып, қаланы азық­түлікпен қамтитын ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етуі тиіс­тұғын. Өкінішке қарай, осы жерде сәл кереғарлық туады. Адамдар өндіріс ошақтарына, сауда­саттық нүктелеріне арқа сүйеп, алыс ауылдар мен шалғай елді мекендерді дамытуға бағытталған шаралардың нәтижесін сезініп отырған жоқ. Демек, агломерация талаптарынан туындай­тын істердің жемісін жейтін уақыт тым ұзаққа созылып кетті немесе ниет пен мақсаттың оң екендігін түсіндіру жұмыстары идеологиялық сипат алмай қалды. Біз мұны қалаға үдере көшу үрдісінің бәсеңдемей отырғанына қарап айтып отырмыз.

Уақытша тіркеудің есебі бойын­ша, Қазақстандағы ішкі миграцияның есебі 700 мыңға жуық адамды құраған екен. Яғни осынша адам туған ауы­лынан қоныс аударып, негізінен қала жағалауға мәжбүр болған. Демек, агломерация үдерісі урбанизация үрдісінің шаңына көміліп жатыр. Бұл еңбек нарығындағы тепе­теңдіктің бұзылуына әкеліп соғуда. Әсіресе ауылдық өңірдегі қол күші мен өнім өндіруші­өңдеуші адамның кәсібін тастап кетуінен шаруашылық зардап шегуі мүмкін. Қазірдің өзінде қоралап мал ұстап, гектарлап жер игеріп отырған шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық кооперативтерінде шо­пан мен бақташы, диқан мен механи­затор жетіспеушілігі сезілуде. Есесіне үлкен қалалардың базарларында арба сүйреген ер­азаматтардан аяқ алып жүргісіз. Енді осы адамдардың қаладағы жағдайы кісі қызығарлықтай екендігіне сендіру қиын. Бұл урбани­зация үрдісінің көңілсіздеу суретінің бір парасы ғана.

Енді осыны Алматы маңындағы жағдайға қатысты қарастырсақ. Қазір шаһарда 1млн 700 мыңнан астам адам ресми түрде тіркеуде тұр деген де­рек бар. Яғни осынша жанның жеке басында үй­жайы бар немесе олар тіркеуге тұратындай сенімді баспанаға қол жеткізген болуы мүмкін. Демек, айтылған 2 млн шамасындағы тұрғын қаладағы қызмет көрсету саласының тұрақты тұтынушысы деген сөз. Біз бұл жерде қызмет көрсетудің әлеуметтік­экономикалық секторына қатысты айтып тұрмыз. Электр қуаты, жылу, телефон байланысы сияқты коммуникация жүйесі қызметінен бөлек құжаттандыру, әлеуметтік төлем дермен, мектеппен қамту, қоғам­дық көлік пен қолжетімді меди­циналық көмек алу мәселесі толық­қанды шешімін тауып отыр. Тиісінше, тұрақты тіркеуде тұратын қалалықтар мүлік, жер салығы сияқты бюджеттік түсімдер мен қолданған қызметтердің ақысын да уақытылы төлеп, қазынаны толтыруға үлес қосып отырғаны анық. Бұл адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау арқылы мемлекеттік басқару талаптарына заң жүзінде мойынсұнуға шақырудың өркениетті жолы болса керек.

Енді таразы басына әлеуметтің екінші тобын, урбанизация толқыны ұрған адамдардың тағдырын қатар қойып көрелік. Тым сұрқай көрініс қылаң береді. Тағы да Алматы тура­лы: бейресми дерек бойынша қалаға күніне 2,5 млн адам кіріп шығады екен. Осы санды 1млн 700 мың ға азайт сақ, тіпті өкпек жолаушы ретін­де есепке алынған тағы бір 100 мың­ға жуық адамды кемітсек, 700 мың шамасындағы адам тұрақты тіркеу­сіз күнелтіп жатыр дегенді білдіре ді. Сонда мана айтқанымыздай, еліміз дегі ішкі мигранттардың жалпы есебі не кіретін үлкен шоғыр бір ғана Алматы­да тұрып жатқан болып шыға ма?

Агломерацияның бір шарты ауыл­дық тұрмысты қалалық өмірге бейім­деу болатын. Алматыда бұл бағытта қозғалыс бар екен. Былтыр Қарасай мен Іле аудандарының құрамынан алын ған ауылдарды жарықпен қам­тамасыз етуге қаржы бөлініп, 153 гек тар аумаққа электр энергиясы тар­тыл ған. Сонымен қатар Алматы облы­сының Қарасай, Талғар, Іле, Еңбек­шіқазақ және Жамбыл аудандары және Қапшағай қаласының аумағы Алматы агломерациясының ықпал ету аймағына енген. Десе де...

Агломерация урбанизацияны азай­та ма?

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

(ERG) Еуразиялық топтың құра­мына кіретін «Қазхром» Трансұлт тық компаниясы» АҚ филиалы – «Ақсу ферроқорытпа зауыт» алып кәсіп­орындар қатарында. Өндіріс орнын­да 7 мыңдай адам еңбек етеді. Жылы­на 1,2 миллион тонна ферро қорыт па өндіретін зауыт біздің елі мізде ғана емес, әлемдік металлургия нары ғын дағы ірі кәсіпорындардың бірі саналады.

Жуырда зауыттың №4 балқыту це­хында күрделі жөндеуден өткен №47 пеш пайдалануға берілді. Алып электр пешінің күрделі жөндеуі зауыттың инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асты. Зауыт директоры Сергей Прокопьевтің айтуынша, ескі пешті жөндеу жұмысы қыркүйек айында бас­талыпты. Пеште жоғары көміртекті феррохром өндіріледі. Механикалық, гидравликалық және энергетикалық техникалық қажеттіліктері автомат­тандыру жүйесіне ауыстырылып, ме­таллургия саласындағы озық құрал­жабдықтар орнатылды. Қауіпсіз әрі экологиялық жағынан таза. Заманауи технология, жаңа пештің қосылуы зауыт тық өнімділігін, арттырады. Пеш ­тің жылдық өнімділігі – 27 мың тонна жоға ры көміртекті феррохром. За ман талап тарына сай жабдықтауға, жаңар­туға салынған инвестиция көле мі – 1,4 млрд теңге.

– Қазіргі күні жүргізіліп жатқан негізгі және қосалқы жаңғырту жұмыс­тары­кәсіпорынның тұрақты дамуы ның

басты факторы. Зауыттың барлық өндірістік нысандары еңбекті қорғау, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласында заманауи талаптарды есеп ке ала отыра жобаланып, жетіл діріліп оты­рады. Біздің компанияда әлем нарығына шығуға мүмкіндік беретін ферроқорытпа өндірудің тәжірибесі қолға алынуда. Әрбір күрделі жөндеу – жаңа пеш іске қосылды деген сөз,– дейді зауыт дирек­торы Сергей Прокопьев.

Жөндеуден өткен пештердің іске қосылуы – өнімділікті арттыруға, жұ­мыс сапасын жақсартуға, жұмыс орын­дарының ашылуына үлес қосады. Қай өн дірісте болсын бұл аса маңызды. Авто маттандыру, электродтардың қуат­тын тиімді пайдалану және олардың ток режімін тұрақтандыру арқылы энергия үнемдейді. Балқытушылардың еңбек қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді.

– Зауыттың өз мамандары жасаған пештердің күрделі жөндеу жұмыстары­біздің елімізде әлемдік деңгейде ферро­қорытпа өндірісін өндіруді жүзеге асыру дың тағы бір көрінісі. Барлық құры лыс­монтаж жұмыстарын зауыт ма мандары жасады. Бұл біз үшін мақ та­ныш. Кәсіпорынның «Ұқыпты өнді ріс» бағдарламасының жүзеге асыры луына үлес қосқан металлургтерге риза шы­лығымды білдіргім келеді, – дейді зауыт директоры Сергей Прокопьев.

Павлодар облысы,Ақсу қаласы

Суреттерді түсірген Ирина СЫЧИНА

ӨНДІРІС ӨРІСІ

№4 цехта №47 пеш іске қосылды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының өндірістегі жаңғырту жұмыстары Еуразиялық топтың «Ұқыпты өндіріс» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Металлургтердің өндірістік жетістіктері алдағы қаңтар айында аталып өтетін кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына арналады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Ет және ниет

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Сонымен халқының үштен бір бөлігі мал өсірумен айналысатын, мал шаруашылығын атакәсіп деп санай­тын Қазақстанда басқа емес, ет бағасы шарықтап тұр деп айтуға болады. Ал бұған не себеп?

Былай қарасаңыз, ет бағасының бұлайша көтерілуіне нақты бір се­беп жоқ секілді де көрінеді. Өйткені Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының сөзімен айтсақ, елімізде мал шаруашылығы жақсы қарқынмен дамып келе жатыр. Мал шаруашылығын дамыту үшін жасап жатқан мемлекет қолдауы да бұрнағы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда күшейе түскен. Оның үстіне, ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамыту бағытында соңғы бір­екі жылдың ішінде жаңа бағдарлама да қабылданды. Осы жуықта ғана сала бойынша маңызды бағыттарды басымдықпен дамытудың жол картала­ры әзірленіп, олар Үкіметте қолдауға ие болып, Парламент Мәжілісіне та­ныстырылды. Мұның сыртында, жеке үй шаруашылықтарын кооперативтер­ге біріктіру жұмыстары да қызу түрде жүргізілуде. Кооперативке біріккен үй шаруашылықтары бұрынғыдай өнім алушыны іздеп, әуре болмай­тын болды. Олардың қолдарындағы ет пен сүтті жинап алу үшін әрбір үлкен ауылдан қажетті техникалық құралдармен жабдықталған қабылдау пункттері ұйымдастырылуда. Тіпті бұл істе министрлік жоспарлағаннан да оза шауып, 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жылдың басынан бас­тап 745 кооператив құрылды.

Былайша айтқанда, жұмыс жоқ емес, бар. Нәтиже де жоқ емес секілді. Жуықта болып өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице­министрі Қайрат Айтуғановтың еліміздің агро­өнеркәсіп кешенін дамытуға арнал ған мемлекеттік бағдарламаның 9 айлық қорытындысы туралы баяндамасында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2017 жылғы қаңтар­қыркүйек айларында өткен жылғы осы кезең­мен салыстырғанда 1,9 пайызға, соның ішінде тамақ өнімдері өндірісі 5,3 па­йызға, мал шаруашылығы өнімдері 3,3 па йызға артқандығы айтылды.

Егер осы деректер рас болса, еліміз ­дің нарығындағы азық­түлік өнімдері нің, соның ішінде ауылдың әр адамы өндіріп жатқан ет пен сүттің бағасы көтерілудің орнына, тіпті төмендемей­ақ қойсын, өз қалпында сақталуы тиіс еді. Бірақ олай болмай отыр. Ең бір қы зығы, басқа өнімдер емес, еттің бағасы шарықтай көтеріліп отыр. Неге?

Осы сұраққа жауап таба алмай, біраз адамдар қазір бас қатыруда. Тіпті министрліктің келтірген деректеріне сенімсіздікпен қарайтындар да бар. Мәселен, жуықта Парламент Мә жі­лісінде «Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың жаңа ба­ғыттары мен отандық агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру перс­пективалары» деген тақырыппен өткен «Үкімет сағатында» Мәжі лістің вице­спикері Владимир Бож ко министрліктің жауапты қызмет кер леріне қаратып, «ертегі айтпаң даршы» деген сөзді ай­тып салды.

Әрине, ашынғаннан айтылған сөз. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай, министрлік мамандарының келтір­ген деректері бойынша еліміздің ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

Осыған сенсең, болаша ғымыз тіпті жарқын секілді.

Бірақ өкінішке қарай, агроөнер кәсіп кешеніміз қамтамасыз ететін елдің азық­түлік рыногындағы көрініс бұдан мүлдем бөлек. Азық­түлік бағалары ай­дан айға қым бат тай түсуде. Биыл халық көбірек тұ ты натын картопты мол ал­дық деп жар салып жатырмыз, ал оның бағасы деликатес тағам ның бағасына айналып барады. Жұмыр т қаның бағасы болса тауық тың өз бағасына тақап қалды. Ал ен ді сөз болып отырған ет бағасы на келсек, оның қымбаттауы жөні нен біз өз одақтастарымыз – Еуразия лық экономикалық кеңістік елдерінің бәрінен басып озып, қара үзіп алда келе жатырмыз. Осы фактіге назар аударған ranking.kz агенттігінің мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның сауда дүкендеріндегі ет

бағасы 6,1 пайызға қымбаттағанда, бұл көрсеткіш Арменияда – 3,7 пайызды, Қырғызстанда – 3,2 пайызды, Ресейде 0,1 пайызды құраған. Ал Беларусь елінде керісінше 2 пайызға арзандаған.

Осыған қарап бәлкім біз еттің бәрін сыртқа жөнелтіп жатқан шығармыз деген ой туып қалуы да мүмкін. Жоқ, олай емес екен. Жур налист Сергей Буяновтың «ҚазақЗерно» сайтын да­ғы мақала сында келтірген деректерге қара ғанда, өткен жылдың сегіз ай­ында Қазақстан 7,9 мың тонна ет пен еттен жасалған өнімдер экспорттаса, үстіміздегі жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 5,2 мың тоннаны ғана құра­ған. Қысқасы, ет экспортының көле мі артудың орнына төмендей түскен. Бұл жөнінде С. Буянов өз мақа ласында бы­лай деп жазыпты:

«Осыдан б іраз бұрын Ауыл шаруа шылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаментінің ди­ректоры Азамат Сағынбаев ет экс­порты жөніндегі жоспардың орын­далмағандығын мәлім етті. Жоспар бой­ынша жыл ішінде 10 мың тонна ет шетке жөнелтілуі қажет болса, қазіргі күні оның 3,4 мың тоннасы ғана жөнелтілген. Бұл – жоспардың 34 пайызы ғана. Міне, осы жөнінде келтірген шенеуніктің уәжі де өте қызық: «Біздің негізгі рынок – Ресей

Федерациясы. Онда рубль көтеріліп кетті де, біздің сиыр етіміз баға жөнінен бәсекеге қабі летсіз болып қалды», дейді А.Сағым баев. Ресей валютасы баға­мы ның өскендігі қазақстандық тауар­дың бәсекеге қабілеттігін қалайша нашарлата алады? Мұны бірде­бір экономист түсіндіріп бере алмайды. Өйткені бәрі керсінше болатындығы бәрімізге түсінікті: теңгенің әлсірегені қазақстандық экспорттаушылардың оң жамбасына дөп келмек. Тек сататын зат бол сын деңіз. Нағыз проблема да міне, осында тұр. Ал мұны біздің Ауыл ша руашылығы министрлігі көргі сі кел­мейтіндей», деп жазады журналист.

Ет экспорты жөніндегі әңгімеге кел­генде, Ауыл шаруашылығы министр­лігінің осыдан 6 жыл бұрын жаса ған жоспары еріксіз еске түседі. Жоспар бойынша Қазақстан 2016 жылы Ресейге 60 мың тонна ет экспорттауы тиіс еді.

Осы жос парды орындау үшін «ҚазАгро» холдингі 2011 жылы «Қазақстан Республикасында мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» атты ауқымды жоба әзірледі. Бұл жобаның басты мақсатының бірі 2020 жылға та­ман елімізден сыртқа шығарылатын ет экспортының көлемін 180 мың тоннаға дейін жеткізу болды. Осы жобаны орындау үшін ең әуелі шетелдерден асыл тұқымды ірі қара малын тасымал­дап әкелуге кең жол ашылды. Өйткені бұл жобаны орындауға бюджеттен миллиардтаған теңге қаржы жұм салды. Шетелдік асыл тұқымды мал дардың өзіміздікіне қарағанда әлде қайда қымбат тұратыны түсі нікті. Оның үстіне, ол мал­дар шетелдерден көбінесе ұшақпен тасы­малданып әкелінді. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда қой санын 50 миллион ға жеткіземіз деген ұран болып, Аустралия үкіметі Қазақстанға «жоспарлары­ңыз ды орындау үшін қойды тегін береміз, тек оны өз күштеріңізбен тасып әкетіңіздер» дегенде, сол кездегі ауыл шаруашылығының басшылары мұндай қадамға бара алмаған екен. Себебі, есептей келгенде, тасымал шығыны қойдың өз бағасынан артып кеткен. Ал тәуелсіз еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ондай қадамға барды. Тіпті тасымал шығынын былай қойып, малдың өзін қымбат бағаға сатып алуға тура келген жағдайға да кедергі болған жоқ.

Ақыры не болды? Бюджеттің мил­лиардтаған теңге қаржысы шықты. Бастапқы екі жылдың өзінде шетел­дерден қымбат бағалы асыл тұқымды 40,5 мың ірі қара мал тасымалданып әкелінді. Ұшақпен. Сонымен бірге ертегідей көрінген 2016 жыл да келіп, өтіп кетті. Сонымен нәтиже не болды? 2016 жылға белгіленген 60 мың тонна сиыр етін экспорттай алдық па? Жоқ. 60 мың тоннаны айтасыз, 6 мың тон­на ет экспорттауға жағдай зорға жетті. Жоспар бойынша ет экспорты жөнінде артқан әлеуетіміз қайда сонда? Қайда екені белгісіз. Сонда мұны ертегі де­мегенде не дейміз?! Халқымыз «Ет жарықтық жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді» деуші еді. Рас екен. Бәрі де көрген түстей болып қалды.

Қазір енді етті экспорттауды қойып, өз халқымызды онымен қамту мұң бо­лып отыр. Содан да экспортқа қарағанда импорт көлемі әлдеқайда ұлғая түскен. Еліміздің статистикалық органдарының мәліметіне қарағанда, Қазақстан 2016 жылдың қаңтар­тамыз айларында шет­тен 96 мың тонна ет пен одан жасалған өнімдерді импорттаса, үстіміздегі жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 116,1 мың тоннаға шарықтаған.

Сонда еттің экспорты мен им­портының ара қатынасын салыс тырып көріңіз. Экспорты импорт тың он есе орайтындығына көз жеткізесіз. Бұл еліміздің азық­түлік қауіпсіздігіне төнген қатер емес пе?!

Әрине, Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің жұмысы жоқ дей ал­маймыз. Мақаламыздың басында ол жұмыстарға тоқталып та өттік. Бірақ қалай алып қараған да, еліміздің азық­түлік рыногын дағы жалпы көрініс көңілге ешбір жұбаныш әкелмек емес. Әсіресе, ет жөнінде.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Егер үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы статистикалық деректерге көз салсаңыз, ел нарығындағы азық-түлік өнімдері арасынан еттің барынша қымбаттағандығын байқайсыз. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге назар аударсақ, үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы азық-түлік өнімдерінің бағасы 3,1 пайызға қымбаттағанда, қой етінің бағасы – 12,7 пайызға, сиыр еті – 12,6 пайызға, консервіленген сүт – 9,2 пайызға, картоп – 8,4 пайызға, кондитерлік өнімдер – 8, сары май – 7,6 пайызға, жылқы етінің бағасы 7,5 пайызға көтерілген.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

altyn orda.kz

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

6 27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛҚОҒАМ

Белгіленген мерзімді өткер­ген және запасқа босатылатын әскери қызметшілер, әскери абырой, ар­намыс пен даңқтың символы – Жауынгерлік ту­мен қоштасты. Салтанатты сап түзеуде бөлім командирлері оларға сәттілік, ал отбасылары­на бейбіт аспан тіледі. Бұдан кейін қызметтік жауынгерлік

тапсырмаларды адал орында ғаны үшін сарбаздар мақтау қағаз дар, алғыс хаттар, қызмет туралы фо­то альбомдар және естелік сый ­лық тармен марапатталды.

Салтанатты рәсімде запасқа босатылған әскери қызметші лер соңғы рет өздерінің бөлімдері­нің алаңқайында сап түзеп жүріп өтті. «Қызметімізді жылы

сезім мен және жақсы әсерлермен еске алып отыратын боламыз. Біз үшін теңіз жаяу әскері туған үйі мізге айналды, теңіз жаяу әс­керін ің жалыны жүрегімізде от болып лаулап тұрады. Бізге демеу болып, қолғабыс жасаған, оқыт­қан, бұл жолдан өтуге көмек­тес кен баршаларыңызға алғыс біл ді реміз», деді №25744 әскери бөлі мі теңіз жаяу әскерлерінің са рбаз дары атынан сөз сөйлеген қатардағы жауынгер Еркінбек Аңсар.

Десанттық­шабуылдау әс­к е р л е р і н і ң ж а у ы н г е р л е р і

Ви талий Родионов, Нариман Думанов пен Жәнібек Әбіл­д и н Қ а р у л ы К ү ш т е р д і ң ҚАЗБАТ бөлімшесінде қызмет еткендерін мақтан тұтады. Олардың айтуын ша, дәл осы жерде, яғни әскерде ең жақсы адами және кәсіби қасиеттерді бойларына жұқтырған. «Адал қызметтерің үшін үлкен алғыс білдіремін. Сапта тұрған әрқай­сыларың өздеріңнің қа жы р­лы еңбектеріңмен аға буын­ның дәстүрін лайықты түр де жалғастыра отырып, Отан­ға деген адалдықтарыңды

дә лел дедіңдер. Өмірдегі өз жол­дарыңды табуларыңа тілек тес­пін. Бұған Десанттық­шаб уыл­дау әскерлерінде жинақтаған тәжі рибелерің септігін тигі зеріне сенімдімін», деді салтанат ты шара барысында Десант тық­шабуылдау әскерлері қол бас­шысының орынбасары полков­ник Виктор Житник.

Еске салсақ, 2017 жылы бар­лығы 5 мыңға жуық мерзімді әскери қызметші запасқа боса­тылады.

Қайрат ЖҮНІСҰЛЫ

–––––––––––––––––––––––––––––Қызылорда облысы Иранмен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнат-ты. Биылдың өзінде Иранға күріш экспорттап, екі тарапқа да тиімді жұмысты бастап кетті. Бұрнағы күндері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған де-легация жұмыс сапарымен Иран Ислам Республикасына арнайы барды. Сырбойылық кәсіпкерлер Гүлістан және Мазандаран провин-цияларындағы ауыл шаруашылығы, өндіріс орындарын аралап көріп, Иранның бизнес-қауымдастығына ортақ жобаларды таныстырды. –––––––––––––––––––––––––––––

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

Қызылордалық делегация Гүлістан провинциясында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, мал шаруашылығы саласындағы ірі ком паниялардың басшы­ларымен кездесіп, про винцияның губерна­торы Сейид Маноф Хашемимен бірлескен жұмыстарды талқылады.

Мұнан бөлек «Қызылорда облысы мен Гүлістан провинциясы арасындағы экономикалық және инвестициялық бай­ланыс» тақырыбында бизнес­форум өтті. Форум аясында нақты жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Иран президенті Хасан Руханимен сая­си ке ліс імдерінің арқасында осындай ай мақ тық қарым­қатынастарға негіз қа лан ған. Болашақта бұл елмен бірге

сауда­экономикалық қатынасты одан әрі да­мы туға мүмкіндік бар. Өйткені Қазақ стан­ның, Түрікменстанның және Иранның бірі­гіп салған «Жаңаөзен – Қызылқия – Берекет – Этрек – Горган» темір жолы бар. Ақ тау теңіз портының мүмкіндіктері де кеңе йіп келе жатыр. Сондықтан біз осыны дұ рыс пайдаланып, экономикамызға қажетті жо­баларды іске асыруға мүмкіндік алып отыр­мыз. Біздер өткен жылы Иран күрішінің со­ртын 70 гектар жерге егіп, жақсы өнім алдық. Қазір Иран Ислам Республикасы жылына 3 миллион тонна күрішті экспорттайды. Ал

оның бағасы біздің күріштің бағасынан 10 есе қымбат. Сондықтан бұл бізге өте тиімді. Қазір Иранға Қызылордадан күріш жеткізу туралы келісімге келдік, Иран тарапы біз­бен жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін көрсетіп, тиісті келісімдерге қол қойылды, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Мұнан басқа делегация Горган қала­сының ескі шаҺарын аралап, «Аққала» индустриялық аймағының жұмысымен танысып, Гүлістанда тұратын қазақ диа­спорасымен кездесу өткізді.

М а з а н д а р а н п р о в и н ц и я с ы н д а

сыр бо йы лық делегация губернатор Рабие Фаллах Джелоудорының қабылдауында бо лып, «Гаре Бурун» кооперативінің бекіре тұқымдас балықтарды өсіру және уыл­дырық шығару жұмыстарын көріп, сүт өнім­дерін шығаратын «Kale Dairy Company» компаниясының жұмысымен танысты. Мазандаран провинциясында да бизнес­форум ұйымдастырылып, ортақ жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Қараша айында ирандық кәсіпкерлер «Байқоңыр» инвестициялық форумына қатысу үшін және қол қойылған меморан­думдар бойынша жұмысты бастауға арнайы Қызылорда облысына келетін болды.

Айта кету керек, биыл Иран Ислам Рес­пуб ли касына «Торем Хошеми» сортынан 60 тонна күріш экспорттау жоспарлану да. 2020 жылға қарай ирандық күріш алқап та рын 5 мың гектарға дейін ұлғайтып, экспорт көле­мін 8 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Осындай жұмыстар жүгері егіп, өңдеуге қа тысты да жүргізілетін болады. Мұнан бөлек, «Фарагир Инчеборон» ирандық ком­па ния сымен мал экспорттау туралы келісім жасал ды. Тамыз айында «Күшімбаев Агро» коопе ративі Иранға малдың алғашқы легін жі берді. Атап айтқанда 812 бас мал экспорт­тал ды. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 мың бас мал жіберу жоспарланып отыр. Соны ­мен қатар ирандық әріптестермен Қы зыл ­орда қаласында ет комбинатын және же міс­жи дек терді сақтау, жеткізу мақ са тын да сау­да­логистикалық орталық салу көзделуде.

Осындай келелі келісімдердің іскер лік бай ланысқа ұласып, аймақ экономи касы­ның жаңаша дамуына серпін берері сөзсіз.

ҚЫЗЫЛОРДА

5 мың әскери қызметші запасқа босатылады

Мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық талқыланды

––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясы орталық аппараты ның ғимаратында Парла менті Мәжілісінің депутаты Ж.Жарасовтың төрағалық етуімен, аймақтармен бейне байланыс пішімін-де «Нұр Отан» партия-сы жанындағы сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Рес-публикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойын-ша жұмыстың жағдайы қаралды.––––––––––––––––––––––

Республикалық қоғамдық кеңес отырысына Парламент депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің, орта лық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет­керлері, ҮЕҰ басшылары, пар­тияның орталық аппарат пен аймақтық филиалдарының, қоғамдық кеңестердің, БАҚ­тың өкілдері қатысты.

Кеңесте аталған сала бойын­ша сыбайлас жемқорлыққа ка­тысты қылмыстар санының өсіп отырғаны атап өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы салада 2015­2016 жылдар мен 2017 жылдың 6 айында 175 сыбайлас жемқорлық қыл­мыстары тіркеген, оның ішінде 2015 жылы – 57, 2016 жылы – 74 және 2017 жылдың 1­ші жар ты­жылдығында – 44.

Республикалық кеңесте қарауға дайындау үшін «Нұр Отан» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Қ.Сүлейменов басшылық еткен жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Мәжіліс депутаттары Б.Кесебаева, А.Платонов, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының қызметкерлері, Мәдениет және спорт министр­лігінің өкілдері енгізілді.

Талдау нәтижесінде мәдениет және спорт саласында сыбайлас жемқорлықтың елеулі қаупі бар екендігі, оған қарсы министрлік пен жергілікті атқарушы ор­гандар тарапынан қажетті ша­ралар болмай отырғандығы анықталды.

Республикалық қоғамдық кеңес отырысының қорытын­дысы бойынша орталық және атқару шы органдарға анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсынымдар берілді.

«Егемен-ақпарат»

Сенімхат қалыптастыру үшін «Сот кабинетінде» авторизациядан өткеннен кейін «Электронды сенімхат» бөліміне өту қажет. «Сенімхат» ашылған бетте «Қосу» батырмасын басып, сенімхат нысанын, соның ішінде өкілдің деректерін тол тыру керек. ЖСН арқылы өкілдің жеке дерек терін жеке тұлғалардың мемлекеттік базасынан автоматты түрде толтыруға болады.

«Электронды сенімхат» қызметі Азаматтық кодексінің 167­бабына сәйкес, әзірленген, атап айтқанда бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.

Ал Азаматтық процестік кодексінің (АПК) 61­бабының 1­бөліміне сәйкес, сенімхатты сенім білдірушінің электронды­цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында рәсімдеу көзделген.

Сенім білдірушіге электронды сенімхат жасау кезінде «Электронды сенімхат» бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың АПК­нің 46­бабының 1­бөлігінде және 60­бабының 1­2­бөліктерінде көзделген негізгі құқықтарын тізбе түрінде көрсету мүмкіндігі ұсынылған, бұл сенім білдірушіге нақты азаматтық іске қатысу үшін сенім

білдірілген тұлғаға ұсынылатын құқықтар шеңберін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

АПК­нің 58­бабының негізінде сенім білдіруші сенім білдірген өкілге бірінші сатыдағы сотта, апелляциялық сатыдағы сотта, кассациялық сатыдағы сотта мүддесін білдіру, талап арыз, шағымдар, өтініштер мен арыздар беру және қол қою, талап қоюдан толық немесе ішінара бас тарту, та­лапты тану, талап қою талаптарының мәнін ұлғайту, талап қою мәнін немесе негізін өзгерту, азаматтық іс материалдарымен та­нысу, олардан үзінді көшірмелер жасау және көшірмелерін алу, қарсылық білдіру, өтінішті, соның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы мәлімдеу, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған жазбаша ескертпелер беру, сот шешіміне, ұйғарымына және қаулысына шағымдану, бітімгершілік келісім жасау және басқа да құқығын сеніп тапсыруға құқылы.

Электронды сенімхатты бірнеше сенімді өкілге беру көзделген, өйткені бір іс бойынша қатысатын сенімді өкілдер саны заңнамамен шектелмеген. Электронды сенімхатты тоқтату Азаматтық кодекстің 170­бабына

сәйкес жүзеге асырылады. Ол электрон­ды түрде қаралатын бір істің шегінде беріледі, сенімхаттың қолданылу мерзімі сот актісінің заңды күшіне енген және құжаттарды орындауға беру уақытымен шектелген. Осылайша, «Электронды сенімхат» бөлімінде жоғарыда көрсетілген негіздерді немесе сенім білдіруші берген электронды сенімхат мерзімі аяқталғанға дейін күшін жоюды санамалай отырып, міндетті тәртіппен «Сенімхат қолданылуын тоқтату» деген кіші бөлім көзделген.

«Сот кабинеті» сервисі іске қосылған сәттен бастап, пайдаланушылар оның мүмкіндіктерін жоғары бағалады: халық сервисті кеңінен қолданады және адво­каттар мен өкілдердің тиімді жұмысына жәрдемдеседі, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын қорғауына ықпал етеді. Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» сервисіне 182 670 пайдаланушы тіркелген.

«Егемен-ақпарат»

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде 2016 жылғы күзде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа салтанатты шығару рәсімі өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Енді сенімхатты ресімдеу үшін тараптардың өз өкіліне өкілеттік беру үшін нотариусқа баруының қажеті жоқ. Интернет желісіне қолжетімділік пен электрон-ды-цифрлы қолтаңбасы болса жеткілікті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

АЙБЫН

ӘРІПТЕСТІК ӘЛЕУЕТІ

Сотқа сенімхатты электронды түрде жолдауға болады

Иранмен байланыс артып келеді

Гендерлік бюджеттендіру мәселесі талқыланды

––––––––––––––––––––––Кеше Астана қаласында «Қазақстандағы гендерлік бюджеттендіру» жоба сы-ның қорытынды лары бо-йынша дөңгелек үстел өтті.––––––––––––––––––––––

Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Іс­шараға Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық­демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, БҰҰ Даму бағдарла­масы ның өкілдері қатысты.

Алқалы жиында сөз алған Мә жі ліс депутаты Серік Сей­думанов ең алдымен гендер сөзі не тереңірек мән беру керекті гін алға тартты. Ол гендер сөзі әйел заты­на ғана қатыс ты емес екенін, онда отбасы мәселесі де қаралатынын айт ты. Сонымен қатар қоғамда кеңі нен насихатталмағандықтан ген дер лік бюджеттендіру ұғымын көп ші лік түсіне бермейтінін, алдағы уақыт та осындай іс­шара­лар жиі ұйым дас тырылып тұруы қажеттігін сөз етті.

Бұдан бөлек Серік Сейдуманов аталған қағидаға қатысты құжат ­тар дың бәрі мемлекеттік ор ган­дарға қолжетімді болуын қарас­тыруды ұсынды.

Бүгінде әлемнің 100 елінде ген­дер лік бюджеттендіру мәселесі не қатысты түрлі бастамалар қол­дау тауып келеді. Ал Канада, Авст рал ия, Швеция, Франция, Норвегия, Ис пан ия секілді мем­лекеттерде не гіз гі міндеттердің біріне айналып отыр.

– Бұл жаңадан көтеріліп отыр­ған мәселе. Өзімнің ойымша бұл елі мізде керек қағида. Біз оған да йын быз. Осы бастаманың арқа сында қаржының қай жаққа қандай көлемде бөлініп жатқанын біліп отыруға болады. Енді осы тұста бір мәселені алып қарайық, қазір мектеп мұғалімдерінің ба­сым бөлігі әйел адамдар екені жа­сырын емес. Ал ер­азаматтардың бұл салада азайып кетуіне жалақы мәселесі себеп болып отыр. Болашақ жастардың қолында. Ал оқушыларға жоғары дең гейде білім беру үшін ер адам дардың орны зор, – деді Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депута­ты Бақытжан Самиева.

Ал Қазақстандағы «БҰҰ­әйел­дер» бағдарламасының маманы Гүлнәр Смайылова гендерлік бюджеттендіруге қысқаша түсінік беріп өтті. Оның айтуынша, ол ер мен әйел адамның, қыз бен ұл балалардың мүдделерін, олардың қажеттіліктерін бірізділікпен әрі әділетті түрде есепке алатын бюд­жет болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының бюджетінде гендерлік мақсаттағы іс­шараларға қаражаттың қарас­ты рылатынын айта кеткен жөн. Сондай­ақ гендерлік бюд жет тен­діруді енгізу ісі таяуда қа был­данған «Қазақстан Республи к а­сын дағы 2030 жылға дейінгі от­б а сы лық және гендерлік саясат тұ жырымдамасының» негізгі мін­деттерінің біріне айналды.

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 7

Бір мектеп – бір ауылдың тағдыры

Солтүстік өңірдің шалғай ауылындағы жалғыз бастауыш мектеп жабылды. Себеп – бір ғана оқушы қалған.

Мемлекеттің қаржысын шыға­рып, мектептің әрі директоры, әрі мұғалімі болып отырған бесас­пап маманды ұстау да қисынсыз. Сол себепті мектептегі жалғыз ма­манды білім бөлімінің басшылары басқа оқу мекемесіне ауыстыру­дан басқа амал жоқ деп шешкен. Ал жалғыз оқушының әке­шешесі баласының білім алуы үшін кіндік қаны тамған ауылдан көшуді қош көрмеген. Олардың қаусаған қарт ата­аналары да атақоныстан көшуді қаламаған көрінеді. Оның үстіне жан сақтап, күнкөріс көзі болып отырған азын­аулақ малды да көзі қимаған ғой. Ауылды жағалап, бо­лар­болмыс қаражат ұсынып жүрген алыпсатарлар жоқ емес, бар. Бірақ олардың ұсынып отырған азын­аулақ ақшасына басқа жерге барып қоныстанғаннан кейін күнкөріске жететіндей мал­мүлікті сатып алудың қисыны келмейтінін ұғынған ауылдың байырғы тұрғындары алып­сатарлардан аулақ жүруін өтінген. Ал мектеп табалдырығын аттауға тиісті екінші және үшінші балаларға әлі үш­төрт жыл бар. Бірі – төрт жа­ста, екіншісі – әлі екіге де толмаған. Үлкен ұлды мектебі бар ауылдар­дың біріне жіберіп оқытатындай аға йы ны жоқ, барлық аға­бауыры осы ауылдың айналасында. Сөйтіп мектеп жасындағы бір баласын қалай оқытсақ екен деп жас ата­ана ның шақшадай басы шарадай болғаны анық.

Мұндай жағдай көпке таңсық емес. Әсіресе республиканың солтүстік об­лыстарында мектептердің жабылып жатқаны былай тұрсын, ауылдар­дың қаңырап қалғанын бұқаралық ақпарат құралдары жарыса хабар лап жатқалы қашан. Бәрі де сол тірші­лік пен күнкөрістің қамы. Егін егіп, төрт түлік өсіріп, күнкөрістің қам­қарекетін жасауға болар еді­ау, бірақ балаларының болашағын ойлаған ата­аналар амалдың жоқтығынан мектебі бар ауылдарға қарай қоныс аударуға мәжбүр. Кейбір ата­ана ағайын­туысын жағалап, балалары солардың үйінде жатып оқып жүр. Бұл да көкейкесті мәселені түпкілікті шешудің жолы емес. Сонда осы өзекті мәселені оңтайлы шешудің жолы қандай? Осы туралы ойымызды ортаға салайық.

Алдымен айтарымыз, ауыл – қазақтың қаймағы, баға жетпес байлығы, тіліміз бен дініміздің, салт­санамыздың қайнар көзі. Мұны ұлт зиялылары бұрын да айтқан, қазір де жағы талмай айтып жүр. Бірақ соған жеткілікті мән беріп жатқанымыз шамалы.

Қазақ ауылдарын сақтап қалу үшін жастар мен жас отбасылардың сонда барып қоныстанатындай патриоттық сана­сезімдерін оятып, ынта­жігерлері мен қызығушылығын қайрау қажет. «Жастар ауылға бар­майды, қалада өмір сүргенді қалай­ды» дейтіндер да табылатынына таласымыз жоқ. Бірақ бәрі емес. Ауылды қалайтындар, ауылға ба­рып жұмыс істеуге көңіл хошы бар жас тар да жүр олардың арасын­да. Биліктегілер және жастармен жұмыс істейтін ұйымдар осы бағытта белсенді жұмыс істеуі тиіс. Олар ауылдарға барса, болашағы жоқ деп саналған қазақы елді мекенде бала саны мен оқушылардың қатары ар­татыны айдан анық. Мектептер де жабылмас еді. Бұл – айтуға оңай, әрине. Бірақ ұлтымыздың болашағын ойласақ, осы мақсатта белсенді, та­банды жұмыс жүргізу қажет.

Оңтүстіктен солтүстікке көшіп жатқан қандастарымыздың ара­сындағы жас отбасыларды келешегі жоқ деп саналған ауылдарға қоныс­тандыруды ойластырған жөн. Тіпті оңтүстіктің тұтас ауылын сол­түстіктегі ауылдарға қоныс тан­дырудың картасы жасалса да ар­тық болмас. Сонда олар жаңа елді мекенге тез бейімделіп, тұрмыс­тіршіліктерінің тез арада түзеліп кетуіне мүмкіндік туар еді. Ең бас­тысы қазақы ауылдар мен мектептер сақталып қалады.

Кешегі кеңестік кезеңде ауылдар­да мал баққан ағайынның балалары орталықтағы мектеп­интернаттарда жатып оқитын еді ғой. Ата­ана ба­ласы үшін алаңдамайтын. Осы оң тәжірибені де жандандыру қажет­ау. Осындай жағдайда әке­шеше балаларының білім алуы үшін туған ауыл дарынан амалсыздан қоныс аудар мас еді.

Ғалым ОМАРХАН,«Егемен Қазақстан»

Жылы жүздесу шыра­йында өткен бұл басқосулар­да редакция қызметкерлері Сүлеймен Мәмет, Қорғанбек Аманжол, Думан Анаш және Ерлан Омар бас басылымда соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістер болып, жаңа ре­брендинг жүргізу нәтижесінде газеттің пішімінен бастап, ди­зайны мен мазмұнына дейін заманауи талапқа сай сапа ға ауысқанын жеткізді. Әсіресе оқырманмен байланыстың

беки түскенін, осы кездесудің де мақсаты оқырманның елеу­лі бөлігін құрайтын мұға лім­дер қауы мымен тығыз қарым­қатынаста жұмыс істеу екенін атап өтті.

– Редакция басшылығы мұ­ғалімдер мен ата­аналарға және оқушыларға ортақ алаң, плат­форма ретінде «Білім» және «Тәлім» беттерін ашты. Бұл ар­наулы беттер арқылы кез кел­ген білім саласының қызмет­кері өзінің төл тәжірибесімен,

әдіс темесімен және жаңа жоба­ларымен бөлісе алады. Бұдан бөлек газет бетінде Ұлттық бірың ғай тестілеуге даярлық жоба сына орын берілді. Бұл да оқушылар үшін өте пай­далы екенін байқатты. Газеті­мізде білім саласына ар нал­ған өзекті мәселелер бас ма­қаладан бастап бағанға дейін қам тылып келеді. Қысқа уақыт аралығында тұрақты ав тор­ларымыз да қалыптасты, сіз­дерге де есігіміз ашық. Осы мүм кіндікті пайдаланып, ұрпақ тәр биесіне байланысты ой­пікір леріңізді толғауға болады, – деген пікірлерін білдірді аға басылым өкілдері.

Ұстаздар қауымы бұл

ұ с ы н ы с т ы қ у а н ы ш п е н қабылдап, еліміздің бас газе­тіне мақала жа риялау мүм­кіндігін ағар ту мен тәлім­тәрбие ісін жүр гізудің тиімді құралы ретінде атап өтті. Еркін пікір алмасқан мұғалімдер тарапы қазіргі оқу жүйесін­дегі кейбір орынсыз міндетте­ме лер туралы да жасырған жоқ. Соның бірі – зияткер лік мектептердің оқыту үлгісін қарапайым мектептерге та­рату тәжірибесіне қатысты. «Мәселен, зияткерлік мек­тептерде бір сыныпта 15 ба­ладан болса, біздің мектеп­терде 30 баладан оқиды. Бұл жағдай үздік мектептердегідей мұғалімнің әр баламен жеке жұмыс іс теуіне мүмкіндік бермейді. Сондай­ақ жоға­рыдағы мектептерде мұғалім мен зертханашы және көмек­шісі болады. Ал бізде әдіс­темелік бірлестіктер тегін жұмыс істейді. Дербес білім беру ұйымдарында пси холо­гиялық орталық болса, бізде 2 мың оқушыға 2 психолог қана қызмет көрсетеді. Ең­бек ақы теңсіздігі де, бала­лардың қабілет­қарымы да, мектептердің материалдық жа­рақтандырылу базасы да сәйкес емес», дейді Ә.Марғұлан атын­дағы №40 орта мектептің ди­ректоры Ербол Іргебай.

Сондай­ақ мұғалімдер ата­аналар қауымының мұғалім қызметіне түсіністікпен қа­рай бермейтінін жеткізді. «Мұ ғалім мамандығының қаді рі қашты. Ата­аналардың шағымдары бірінің үстіне бірі

келіп түседі. Біз кәсібімізге құрмет болғанын қалаймыз. Мектеп – бүлдіршіндер дің екін ші үйі. Бұл үйде бәрі міз татулық пен бірлікте өмір сүр геніміз абзал. Ал қазір бізге бәрі «қожайын», дейді Ж.Жабаев атын дағы №4 мек­теп­гимназия да 42 жыл ұс таз­дық етіп келе жатқан Зәбила Смағұлова.

Осы іспетті өзекті мәселе­лер қатарында мұғалімнің ең төмен гі еңбекақы иелерінің бірі екендігі, мұндай жағдайда бұл кәсіпке ешкімнің келе бер­мейтіні, яғни ортаңқол білі мі бар оқушының ортаңқол сту­дент болып, одан ортаңқол мұғалімге айналатыны, бұл үрдістің болашақта білімді де сол орта деңгейден әрі өсір­мейтіні сөз болды. Сондықтан Астананың 20 жылдығы аясын­да «Мұғалімдер үйі» атауы­мен қаладан арнайы тұр ғын үй кешенін салу сияқты әлеу­меттік жобаларды қолға алу­дың кезек күттірмейтіні айтыл­ды. Кездесуден кейін журна­листер мектептердің ішіндегі Абай, Жамбыл Жабаев, Әлкей Марғұлан және мектеп тари­хына арналған мұражайларды аралап көрді.

Әйгерім ОРЫНБЕК,Е.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университетінің

студенті

Суретті түсірген Ерлан ОМАР,

«Егемен Қазақстан»

ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан» газетінің бас­тамасымен барлық өңірде тілшілердің мектеп ұжымдарымен кездесуі өтіп жатыр. Осыған орай біз ел ішіндегі, ауылдағы қарапайым мектепті қалап едік. Дариянды таңдауымыз да тегін емес, «оңтайландыру» тұсында тарап кеткен аудан, бұрын орыс тілді болған өңірде жаңадан пайда болған қазақ мектебі. Өртеңге өскен гүл тәрізді на­ғыз тәуелсіздік туындысы...

Жанымдағы серігім – Зеленов аудандық мәслихатының депутаты, бұрын ғы мұғалім, қазір аудандық «Ауыл тынысы» газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыр. Өңірдің жағдайын бес саусағындай біледі. Тарихқа да жүйрік. Дарьинск станицасы өткен ғасырларда Орал казачествосының ірі мекені болған. Белгілі орыс жазу шысы, «Тынық Донның» авторы Михаил Шолоховтың отбасы Ұлы Отан соғысы кезінде, яғни 1942­1943 жылдары осы ауылда тұрған. 1997 жылы Приурал ауданы тарап, Зеленов ауданына қосылады. Тоқсаныншы жылдары об­лыс орталығынан шалғай таза қазақы ауылдар тоқырап, тұрғындары қала маңы мен оның айналасына ағылған кезде Дариянның да демографиялық си­паты өзгерген. Әуелі ауылдағы мектеп­те жекелеген қазақ сыныптары ашылып, 1998 жылы өз алдына қазақ мектебіне айналған екен.

Біз алдымен Дариян ауылдық окру­гі нің әкімі Болат Ерболатовтың каби­не тіне кірдік. Әкім биыл 10 көшеге ас­фа льт төселгенін, мәдениет үйі күр де лі жөнделіп, жаңадан мектеп ғимара ты құ­рылысы жүріп жатқан дығын әңгімеледі.

Дариян қазақ мектебі бұрынғы аудан дық әкімдік ғимаратына орналас­қан екен. Кеңестік үлгіде салынған үш қабатты, сұсты ғимарат. Маңдайшасына «Қош келдіңіздер!» деп жазып қойғаны­мен, құшақ жайып тұрған қалпы бай­қал майды. Білім ордасы үшін арна йы салынбаған, таршылық қысқан тоқ­саныншы жылдары ашылған мектеп қой. Заманында соның өзі зор жаңалық, үлкен жеңіс саналып еді. Іздеп келген мектептің сырты салқын қарсы ал ға­нымен, ішіндегі аура бөлек екен. Мек­теп басшысы Шолпан Өмірзақова құ­шақ жая қарсы алды. Мектептің жиыр­ма жылдық тарихымен таныстық.

Мектептің қазіргі отырған ғимараты 1971 жылы салынған екен. Тап­таза, жып­жылы болғанымен, күрделі жөндеу жасалмағаны байқалып тұр. Сынып кабинеттері шағын, 12­14 оқушыға ғана арналған. Спорт залы, асхана атымен жоқ. Шыны керек, соңғы жылдары «мек­теп» десе көз алдымызға атшаптырым кең, еурожөндеуден өтіп жарқыраған ғимарат қана елестейтін болған екен. Қоңылтақсып қалғанымызды сезген Шолпан Жанұзаққызы:

– Біздің үлкен қуанышымыз – ауыл­да жаңа мектеп салынып жатыр. Бұ­йырса, 2018­2019 оқу жылын су жаңа ғимаратта бастаймыз. Қаржыны орын­сыз шашпау үшін биыл мектебімізде күрделі жөндеу жасалмағаны рас, – деп түсіндіріп жатыр.

Дәл бүгін мектепте 278 оқушы білім алып жатыр. Оның 112­сі баста уыш сыныптарда оқиды. Одан бөлек мек­тепалды даярлық тобына 32 бүлдіршін келіп жүр. Байқап тұр ғаны мыздай, жыл санап қазақ мектебінің керегесі кеңейіп келеді.

– Ұжымда 39 мұғалім бар, олардың 34­і (87,1%) жоғары білімді. Кәсіби біліктіл ікке келсек, 5 әріптесім – жоғары, 13­і І санатты ұстаз, – дейді мектеп ди­ректоры.

Бір тәуірі, мектепте пән мұғалімдері толық, кадр мәселесі шешілген екен. Оның себебі – Дариян ауылы облыс орталығына жақын орналасқан, бұл жер­ге келуге ықыласты маман көп. Биыл бастауыш сынып пен биология пәні мұғалімдері зейнет демалысына шығып, орнына жолдамамен жас маман келген.

– Биыл математика пәнінен тағы бір жас мұғалімді қызметке алдық. Оның себебі – қазір қызмет етіп жүрген тәжірибелі екі мұғаліміміз 4­5 жылдан кейін зейнеткерлікке кеткелі отыр. Олардың өзі өтініш айтып, «Ертең біз бір жылда демалысқа кеткенде мек­тепке қиын болмасын, қазірден бастап жас маман алып, өзіміз тәрбиелейік, тәжірибемізді үйретейік» деген еді, – дейді Шолпан Жанұзаққызы.

Осы бір детальдың өзінен мектепте ауызбірлікті, ортақ нәтиже үшін жұмыла жұмыс істейтін ұйымшылдықты байқап, ішіміз жылып қалды.

Мектептің жетістіктерімен таны­сып жатырмыз. 1998 жылдан бері 235 түлек бітіріп шыққан. Бүгінге дейін ҰБТ сайысында оқу грантына 50 түлек ие болған. 2013, 2017 жылдары Зеленов ауданындағы «Орта білім беретін ең үздік ұйым» аталымын жеңіп алыпты. Осы уақытқа дейін 55 оқушы аудандық

пән олимпиадасының жеңімпазы атан­са, 8 оқушы облыстық пән олимпиадала­рына қатысқан. Дәурен Асылбек есімді оқушы ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған.

– Қарапайым ауыл мектебінен «Алтын белгі» иегерін шығару өте қиын, – дейді әңгімеге араласқан Нұр­жан Тоғыз байұлы. – Өйткені көзге түсіп, жақ сы нәтиже көрсеткен оқушы әдет те қазақ­түрік лицейіне, басқа да таң дау лы мектепке ауысып кетеді. Қатар дағы мек­тептің бір қиындығы осы.

– Менің шәкірттерімнің жеңістері де бір төбе ғой, – дейді әңгімеге араласқан жігіт ағасы.

Самат Жексенғалиев дене шынық­тыру пәнінің мұғалімі екен. Бұрын ар найы жасақта қызмет еткен Самат Өте ғалиұлы мектеп жанынан каратэ үйір месін ашыпты. Әрине бұл үшін бір тиын да алмайды. Жаттығу залы да жоқ. Бірақ жанқиярлық еңбек көп жағдайда материалдық жағдайдың орнын толты­рып жібереді. Шәкірттері Думан Ербол, ағайынды Абдолла мен Әбдірахим Өте­ғали спорт шеберлігіне кандидат болып үлгерген. Дәурен Асылбек пен Алмас Нариман – қара белдік иегерлері.

Дариянның қазақ тілді тұрғындары тоқсаныншы жылдардың қоныс ауда­рушылары дегенбіз. Мектеп қызмет­керлерінің түгелге жуығы да өзге өңірден келіп, осы ауылда тұрақ тапқандар. Мек­теп басшысы Шолпан Өмірзақованың өзі де БҚМУ­ды бітірген соң 1999 жылы жолдамамен Дариян мектебіне келген екен. Қызметтің қатардағы мұғалімнен директорға дейінгі барлық сатысынан өткен ол жас мамандарға «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы ерекше қолдау екенін айтады. Дариян мектебінде 12

жас маман дәл осы бағдарлама арқылы баспанаға ие болған.

Мен де осы бағдарламаның шарапа­тын көрдім, дейді Асылан Айдарханов әңгімеге араласып. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 2011 жылы Дариян ауылына келіп, қызметке орналасқан. Жас отбасы бір жыл пәтер жалдап тұрыпты. Сөйтіп құжаттарын өткізіп, келер жылы үй сатып алған.

Осы жерде бір мәселе шығып тұр. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жоғары білім алып, өз ауылына келген жастарға көмектеспейді. «Туған жер» бағдарламасы қолға алынып жатқан тұста өз ауылына қызмет етуге кел­ген жас маманның құқығы неге өзге өңірден келген әріптесінен төмен бо­луы тиіс, дейді әріптесіміз. Н.Дүзбатыр.

«Егеменнің» тілшілері ел ішіне шығып, әсіресе мұғалімдермен ете­не араласқаны – керемет бастама», дей ді ұстаздар. Газет бетіндегі оң өз­герістер, білім саласына бетбұрыс – мұға лімдердің назарында. «Тәлім» және «Білім» беттері, «Ұстаздық – ұлы ұғым», «Ашық сабақ», «Үйренетін үрдіс», «Тәжірибе тәлімі», «Білім және білік», «Ізденіс іздері», «Ғылым және тағылым», «Дүниетаным» айдарлары білім саласындағы барлық кеңістікті қамтиды. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» дегендей, жалпыұлттық басы­лым мұғалімге басын иіп тұрған кезде, ұлы істің басы­қасында жүрген ұстаздар қауымы неге қырын қарасын?! Қай са­лада да әлеуметпен қарым­қатынас, қоғаммен жанды байланыс қажет екендігін мұғалімдер түсініп үлгерген. Сондықтан Дарияндағы кездесуден жылы әсер қалды. «Біз әлі кездесеміз» деген оймен жылы қоштастық.

Ұжым ұйымшылдығымен ұтады–––––––––––––––––––––––––Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауылына қарасты Дариян ауылы – бұрынғы Приурал ауданының орталығы болған үлкен елді мекен. Қазірдің өзінде 6250 адам тұратын ауылда қазақ және орыс тілінде білім беретін екі мектеп бар. –––––––––––––––––––––––––

Егеменқазақстандықтар ұстаздармен жүздесті

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Таяуда «Егемен Қазақстан» газетінің өкілдері елордадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия мен Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің мұғалімдер қауымымен кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

P.S. Дариян ауылында қазақ мектебіне арналып 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп құрылысы биыл мамыр айында басталған еді. «Отделстрой» құрылыс компаниясы жұмысты еңсеріп тастапты. Енді аз күнде үш қабатты ғимараттың төбесі шатырланып, есік-терезесі орнына қонбақ. Бұйырса, 2018-2019 оқу жылын Дариян мектебі су жаңа ғимаратта қарсы алады. Жиырма жыл бұрын ғана ашылып, жыл санап жетістікке жетіп келе жатқан ұжымның ұйымшылдығы арта берсін!

БІЛІМ

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

8 27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Тоғыз айдың түйініӨңір басшысы өз сөзінде

облыс тың экономикалық даму-ында оң көрсет кіштер байқалып отырғанын айтты. Өңірдің жалпы өнімі жарты жылда 11 пайызға өсіп, 990 млрд теңгені құраған екен. Өнеркәсіп өнімнің көлемі 1,4 трлн теңге болып, өсім 9,2 па­йызды құрап отыр. Кен өндірісі 10 пайызға (1,2 трлн теңге), өңдеу өнеркәсібі 3 пайызға (114 млрд теңге) өскен.

Өңірде әсіресе құрылыс қар­қыны жоғары. Бұл салада 5,4 пай-ыз өсім бар. Негізгі капиталға ин-вестиция көлемі 245 млрд теңгені құрады.

Индустрияландыру карта­сы бойынша облыста биыл іс ке қосылуы жос па р ланған 10 ин­вес тициялық жоба ның же теуі жү зеге асты. Бұл жобаларға құ­йыл ған инвестиция көлемі 8 млрд тең гені құ райды, жаңадан 600 адам жұмыс тапты.

Әрине, осы кезге дейін об-лыс эконо микасының қатепті қара нары мұнай­газ секторы еді. Елбасының тікелей тап сыр­ма сымен экономиканы әрта рап­тандыру табысты жүріп жатыр. Өткен тоғыз айда шикізаттық емес секторға құйылған инве-стиция көлемі 28 пайызға артып, 58 млрд теңгені құраған екен. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешеніне келген инвестиция 4 есеге жуық, тағам өндірісі 5 есе, сусын өндіру 25%­ға көбейген. Барлық инвестицияның үштен екі бөлігі сырттан келген.

Алтай Көлгінов өңірге инве-стиция тарту ісінде ЭКСПО­2017 халықаралық көрмесінің оң әсері болғанын айтады. Көрме кезіндегі келіссөздер нәтижесінде батысқазақстандық кәсіпкерлер фин әріптестерімен іскерлік бай-ланыс орнатып, үш жоба қолға алынды. Оның бірі – «Дженерал Финланд» компаниясы мен оралдық «Стеклосервис» ЖШС негізінде құрылыс материалда-рын – қуат үнемдегіш терезе, есік, жиһаз шыға ратын біріккен кәсіп­орын құру. Қазірдің өзінде бұл іске 2 млн еуро қаржы құйылған.

Екінші жоба – «жасыл эко-номика» бағдарламасы негізін де Орал қала сындағы қатты тұр ­мыстық қалдық тар полигоны фин әріптестермен бірлескен кон сор­циумның басқаруына берілді.

Қоқысты қайта өңдеп, мол пайда тауып отырған Финляндия тіпті айналасындағы елдердің қал­дығын сатып алып, әжетке жа-ратып отырған ел.

ЭКСПО­2017 көрмесі аясын-да тұсауы кесілген 3D жобалау ісі де өңір үшін айрықша жоба болмақ. Об лыс орталығындағы колледждердің бірін де 3D жоба-лау бойынша жергілікті жастар-ды оқыту басталады.

Ауылдан – экспортқа

Елбасы ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа драйвері бо-луы керек деп атап өтті. Біз Ауыл шаруашылығы министр лігімен тығыз жұмыс жасауда мыз, деді Алтай Сейдірұлы. Ауа райы-на көбірек тәуелді егін шаруа­шылығы екі жыл қата ры нан жақсы өнім алып отыр. Биыл өнім көрсеткіші 15 пайызға ар тып, мал басы да 10 пайызға көбейген.

Елбасының былтырғы Иранға сапары Батыс Қазақстан өңірі эко-номикасы үшін де жақсы мүмкіндік ашты. Ет экспортына ерекше көңіл бөлініп, «БатысМарқаЛамб» кәсіпорны Иран еліне тұрақты түрде ет жөнелте бастады. Қазір әуе рейстері арқылы апта сайын қазақ малының еті Иранға тасымалдану-да. Жыл соңына дейін 1500 тонна ет жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар «Күбілей» кәсіпорны да жыл соңына дейін келісімшартқа сәйкес 200 тонна мұздатылған қой етін Иранға экспорттайды.

Әкім өңірде таяу болашақ та қолға алынатын кейбір жоба лар­мен де таныстырып өтті. Ауыл шаруа шылығы бойынша өңір де 8,5 млрд теңге болатын инвес ти­ция лық жобалар жүзеге асырылу­да. Жылына 7 мың тонна құс етін өнд і ретін жаңа құс фаб рикасы бар. Қуаты 6000 тонна ет өнімін өндіретін «Күбілей» кәсіп орны жаңа ет өндеу фаб ри ка сын іске қосты. Бұған де йін малшаруа­шы лығы дамыған өңірде тері өңдейтін кә сіп орын болмаған еді. Жақында іс ке қо сыл ған «ПОШ Руно» кә сіп орны тері өңдейтін жаңа зауыт аш ты, тері өнімдерінен аяқ киім ті гу ісін қолға алды. Жоба жүзеге ас қ ан да жылына 600 мың аяқ киім ті гі летін болады. Жыл дық қуа ты 5 000 тоннаны құрай тын ұн өнім дерін өндіретін Желаев мака-рон фа б рикасы қа лыпты жұмыс істеуде.

Өңірде қызу қолға алынған жобаның бірі – ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру. Бағдарламаға сәйкес өңірде

6 бір дей ирригациялық жүйе жаңар тылды. Нәтижесінде қосымша 185 мың га жайылым, 6 000 га лиман суландырылып, 12 млн текше метр тасқын су жинақталатын болды.

Ұзындығы 180 шақырымды құрай тын Киров­Шежін арна-сын қайта жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Қазір 4 кезеңнің 3­еуі аяқталды. Каналды іске қосу 4 ауданның аумағында 130 мың га жайылымды жерлерді суаруға мүмкіндік береді.

Біз жыл сайын Ресейден су сатып алып отырмыз. Көк темгі тасқын суды сақтап қалу нәти­жесінде жылына 500 млн тең­ге үнемдеуге жағдай жасай ды. Қалған 5 құрылымды жөн деу ге 820,5 млн теңге қаржы жұ м сал­ды. Нәти жесінде мал ба сы ның көбеюіне, балық шаруа шы лы ғын дамытуға септігін тигі зе ді деген жоспар бар, дейді А.Көлгінов.

«Нұрлы жол» мен«Нұрлы жер»

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары өңір экономикасына да оң әсе­рін тигізуде. Бағдарламаны іс­ке асыруға 30 млрд теңге бө лі ­ніп, 1700­ден аса жұмыс ор ны құрылған. Сондай­ақ Орал­Озинки (РФ шекарасы) республикалық тас жолын қай та жаңғырту жұмыс­тары «Нұрлы жол» аясында қар­жы ландырылуда.

Жалпы ұзындығы 104 шақы­рымды құрайтын тас жолдың 70 шақырымы биыл жөнделіп бітеді. Бұл жұмыс Инвести циялар және даму министрлігімен бірлесіп атқарылуда. Жалпы, облыс бой-ынша биыл 500 шақырым авто-жол салынуда. Салыстыра айтар болсақ, былтыр салынған барлық жолдың ұзындығы 290 км еді, деп атап өтті А.Көлгінов.

Орал қаласында үш ауысым­дық оқытуды және апат ты мек тептерді жою мақсатын да «Нұрлы жол» бағдарламасы бой-ынша төрт мектептің құрылысы

жүргізілуде. Жалпы, өңірде 24 білім беру нысаны, сонымен қатар 10 балабақша салы нып жатыр. Коммуналдық инфра құрылым­ды жақсарту мақсатында 215 шақырым электр­жылу желілері жүргізілуде.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Орал қаласы мен аудан-дарда 1700 пәтер пайдалануға берілмек. Ағымдағы жылы мем­лекеттік бағдарламалар есебінен жалпы аумағы 300 мың шаршы метрді құрайтын жаңа баспаналар халық игілігі үшін пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 80 пайызға артық. Жыл басынан бері 123 шақырым инженерлік желі тартылып, газдандыру және сумен қамту жұмыстары қатар жүруде. Облыс бойынша 35 ауыл ға көгілдір отын жеткізіліп, 106 әлеуметтік нысан табиғи газ құбырына қосылды. 65 мың тұр­ғы ны бар 55 елді мекенде орта­лық тандырылған су жүйесін тар-ту жұмыстары жүргізілуде. Яғни 186 ауыл халқы таза ауыз суға қол жеткізеді.

Экономикалық дамудың не­гізгі тірегі болып саналатын шағын және орта бизнестің да-муы да облыс басшы лығының жіті назарында. Қазірдің өзінде бұл сала өңірдің жалпы өнімінің 40%­ын беріп отыр. Бұл межені 50 пайызға жеткізу – Елбасы тапсырмасы. «Біз бұл іске ерек-ше көңіл бөлеміз. Қатаң қада­ғалаудың арқасында кәсіп жүр­гізу жолында әкімшілік, басқа да кедергілер азайды. Мемлекет қолдауы, субсидиялар бар», деді Алтай Сейдірұлы. Бұл са-лада алғашқы жартыжылдықта жалпы құны 656 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 25 пайызға өскен.

Өңірде мемлекет пен жеке кәсіпкер лердің әріптестігі негі­зінде 14 жоба қолға алын ған. Соның бірі – Астанада тәжі ри­беден өткен жолдар мен қоғамдық орындарды бейне бақылау

жүйесі Орал қала сында да қолға алынбақ.

Әкім журналистерге өңірге шетелдік инвесторларды көбі­рек тарту мен бизнес ахуал-ды жақсарту мақсатында жаңа ха лық аралық әуе бағыттары, соның ішінде Франкфурт­Мәс­кеу бағытында, Атырау және Ақтау қалаларына жаңа рейс­тер ашылғанын мәлім етті. Бұл Орал әуежайының жолаушы ағымына едәуір ықпал еткен: өткен жылы 160 мың жолаушы қамтылса, биыл жолаушылар саны 220 мыңға жеткен. Ендігі кезекте әуежай терминалын жаңғырту арқылы жолаушылар терминалының аумағын екі есе-ге дейін арттыру көзделіп отыр.

«Рухани жаңғыру» музейі ашылады

Әрине, әлеуметтік салаға әдет­тегідей ерекше көңіл бөлінеді. Биылдың өзінде облыстық және аудандық ауруханалар үшін 745 заманауи медициналық құрал­жабдық сатып алынған. «Жедел жәрдем» қызметі үшін Орал қаласының өзінде 86 ар-найы көлік алынды. Денсаулық сақтау саласының 19 нысаны жөндеуден өтті. «Ақылды қала» тұжырымдамасы негізінде Орал емханаларында «Электронды ке-зек» және «Пациенттің электрон-ды картасы» жүйесі енгізілген.

Ақпарат және коммуника-циялар министрлігімен бірлесіп шалғай ауылдардағы білім меке­мелеріне кең жолақты интернет жеткізу мәселесі шешілуде, деді облыс әкімі. 250 мектеп заманауи роботты техника сыныптарымен жабдықталған. Қауіпсіздік үшін барлық білім мекемелерінде бей небақылау жүйесі орнаты-лып жатыр. Облыста 95% мек-теп оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Өңірде жаңадан 1 мәдениет үйі салынып, 5 нысан күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сондай­ақ 4 денешынықтыру кешені жаңадан пайдалануға берілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер өңірімізде жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Латын әліпбиін, «Туған жер» және бағдарламаның басқа да бағыт тарын облыс тұрғын дары белсенді қол дайды. «Туған жер» бағдарламасы бойынша жер лес­тердің қолдауымен 31 ны сан іске қосылды, деді облыс басшысы.

Облыста жалпыұлттық қа­сиетті орын дар тізіміне алдымен ортағасырлық «Жайық» қала­шығы мен «Бөкей Ордасы» та-рихи­музей кешені кірсе, қазір олардың саны алтауға жетті. Яғни қосымша Тақсай қорған

кешені, (б.з.д VI­V ғ.) Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ), Ғұмар Қараш зи-раты және Жымпитыдағы Алаш­орда музейі қосылды.

А.Көлгінов жыл соңына дейін Орал қаласында «Рухани жаңғыру» атты музей ашылаты-нын хабарлады. Ол жерде өңірден Қасиетті Қазақстан тізіміне ен-ген тарихи орындардың көшір­мелері, қазақ баспасөзі тарихы-на қатысты құжаттар мен жәді­герлер, Алаш мұралары және тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері қамтылмақ.

Сонымен қатар аталған бағ­дар лама бойынша 20 жоба және 113 кіші жоба жүзеге асырылуда. Жобалық офисте бекі тіл ген жо-спарларды 2018­2022 жыл дары жүзеге асыру көзделуде. Ел басы­ның мақаласында көрсетілген алты ба ғытқа толық сәйкес келеді, деді А.Көлгінов.

Әр сауалға жауап барБаспасөз мәслихаты аясын-

да БАҚ өкілдері Қарашығанақ экологиялық аймағындағы Березов пен Бестау ауылдарын көшіру, өңіраралық байланыс, өңірдегі бензин бағасы, тіпті мектептегі хиджап мәселесі ту-ралы да сауалдар қойды.

Березов пен Бестау ауылы тұрғын дарын көшіру жүріп жа-тыр. Оларға арнап салынған коттедж түріндегі 100 жеке үй пай далануға берілді. 153 пәтерлі, 9 қабатты екі үй де әзір, қазір гі таңда тұрғындармен арада келі­сім­шарт жасалуда. Осы ай дың соңына дейін экологиялық ай­мақтан тұрғындар түгел көшірі­леді, деді А.Көлгінов.

Брифинг кезінде литрі 200 тең геге дейін жеткен бензин баға сы да сөз болды. «БҚО жы­лы на 300 мың тонна АИ 92 бен ­зинін тұтынады, оның 70%­ын Ресейден аламыз. Бензин төңі­регіндегі дүрбелең кезінде Орал­дан 600 шақырым шалғай жат­қан Бөкей Ордасы ауданында баға көтерілгені рас. Қазір ахуал тұрақтанды, баға 150­157 теңге аумағында», деді облыс басшысы.

Өңіраралық байланыс да-муы арқа сында бұрын шетелден сатылып алынатын көптеген құрал­жабдық отандық өніммен алмастырылған. Мысалы, бұ­рын Қарашығанаққа қажетті тампо нажды цемент шетел-ден әкелінсе, енді Шымкенттен келеді. Кентауда жасалатын үлкен трансформаторлар да импорт-ты сәтті алмастырады. Өндіріс орын дарында пайдаланылатын сапалы қыз меттік киімдерді де қазақстандық фирмалар өздері тіге бастаған. Жақында осындай алматылық кәсіпорын оралдықтар үшін 5 млрд теңгенің киімін тігуге келісімшарт жасаған.

Өндірісті өңірде өзгеріс көп

АЙМАҚ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Таяуда Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Батыс Қазақстан облысының 2017 жылдың 9 айындағы әлеу меттік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрағына жауап берді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 128 мың турист келіпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға көп. Туристер санының өсуіне, әрине Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің септігі тигені анық. Көрмеге келген шетелдіктердің басым көпшілігі еліміздің басқа да өңірлерінде болып, Қазақ елін тереңірек тануға мүмкіндік алды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Германияның оңтүстік­шығы сындағы Бавария өңіріндегі Бамберг қаласынан кел-ген Лариса Клихта халық аралық көрмеден кейін Оңтүстікке ат басын бұрғандардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыстан аман қалған, ЮНЕСКО­ның Бүкіләлемдік мұра тізі міне енген Бамберг қаласының тұр ғыны Шымкентке қарай шықпас бұрын сапарын жоспарлап та алыпты. Қонақты қарсы алып күні бойы қасында жүргендердің айтуынша, Лариса ханым келісімен Домалақ ана кесенесіне апару-ды өтінген. Соған қарағанда, қанша деген-мен әйел заты емес пе, қазақ еліндегі аты аңызға айналған аналар туралы деректер-мен сырттай таныс болған.

Әрине еліміздің солтүстік тұсынан облыс орталығына кіргендердің назары бірден Бәйдібек би ескерткішіне түсері анық. Оңтүстікке келген барлық қонақ Шымкент қала сының солтүстік бөлігіндегі ең биік нүктесіне орнатылған монументтің, төстабан мен іргетастың биіктігін қоса есептегенде 23 метр болатын Бәйдібек би ескерткішіне бармай қайтпайды. Міне, сол ескерткішке барып, тарихына қаныққан германиялық қонақ батыр бабамыздың кесенесін де көргісі келетінін жеткізіпті.

Иә, бүгінде алыстан ат арытып мінә жат етіп арнайы келушілерге де, қазақ елінің тари хын шынайы тұрғыда танып­білгісі келе тіндерге де жағдай жасалған Дома лақ ана ке сенесі – сәулетті ескерт кіштердің бірегейі.

Қаратаудың күнгей бетінде, Бала бөген өзенінің аңғарында орналас қан кесене қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында Домалақ ана атанған Нұрилә Әли Слан қызының зиратының

басына тұр ғызылған. Домалақ ана өзінің ақыл дылығымен ел ішінің бірлігінің ұйыт қысы бола білген. Тарихи жазбалар­да Нұрилә ананың адамгершілігі, әдеп­тіл і гі, парасаттылығы мен шын шыл ды­ғы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы деректер көп. Домалақ ана Жетісу, Әулиеата, Шым кент, Ташкентті мекен еткен барлық халық тың анасы саналады. Оның ба-ласы Жа рық шақ Ташкент әмірінің көмекшісі, кейін Жетісу аймағының билеушісі болған. Есенбұға ханның бас уәзірі қызметін ат қар ған. Өмірінің соңғы кезеңін Қара тауда өт кізген аяу-лы ана намаз уақытында қайтыс болады. 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене тұр ғы­зады. Ананың кесенесі бірнеше рет бұ­зылып қайта өңделген. Соңғы өңдеу лер жөнінде айтар болсақ, 1957 жылы қай та жаңартылғанымен, кесене көп сақтал­маған. Ал 1996 жылы Маң ғыстаудан ар на­йы әкелінген ақ тас пен жаңадан өріл ген. Жерден 12 метр биіктікте сегіз ж а пы рақ­ты етіп өріліп, негізгі бөлігіне күм без ор­натылған. 1999 жылы 5 маусым да Бәйді­бек баба және Домалақ ана кесе не лері мен Бес ана ғимаратының ашылу сал т а наты өтті. Айналасын көркейту­көгал дан ды­ру жұмыстары 2000 жылы аяқ тал ған. Рес ми деректерде кесе ненің құры лы сын жүр гізуші және жобасын жасау шы сәу­лет ші – Сайын Назарбеков екені ай тыл­ған. Ғимаратта түрлі көне қол жазба лар сақ талған. Дегенмен Елтай қажы Мыр­зай ұлы 2011 жылы шыққан «Ұрпақ бой­тұ мары» кітабында Астанадан келген лауа зым д ы азаматтың кесененің мүшкіл халін көріп, реніш білдіргенін жазыпты.

Сөй тіп астаналық қонақ қасында болған жергілікті азаматқа кесенені жаңғырту керектігі жөнінде тілек­ұсынысын айтқан. Міне содан кейін Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы», Ауған соғысының ардагері Орынбасар Лештаев Домалақ ана кесе несін жаңғырту жұмыстарын ұйым дастырады. Көпшіліктің қолдауы­мен кесененің іші­сырты қайта әрленіп, безен дірілген күмбезі жылтыр метал-мен қап та лады. Шымкент – Бәйді бек жолының бойын дағы кесенеге бұры лыста «Домалақ ана Нұрила кесе несі» деген жазуы бар қақ па орнатылады. Оның екі

жағы арнайы жасал ған эскиз бойынша кірпіштермен өрілген.

Осындай игі жұмыстардан соң үлкен асқа жиналған қауым алыс тан мінәжат етуге келген адамдарға жақсы қонақүй салу қажеттігі жөнінде мәселе көтеріпті. Демеушілердің игі істі қолдаушылардың көмегімен кесененің алдына әсем қонақүй мен асхана, таза ауада демалатын орын-дар мен тұрмыстық ғимараттар салын-ды. Кесене айналасына түрлі ағаш тар отырғызылып, жұрт сүйсіне тіндей сая-лы орынға айналды. Құры лыс жұмыс­тарын жүргізген Қуа ныш Асановтың

басқаруын дағы «Конструктор­80» ЖШС кесенеге қа тысты барлық ерекшеліктерді, талаптарды сақтай отырып, заманау и мате риалдарды пайдаланыпты. Кесенеге баратын жолдар да жөнделіп, айналасы көгалдандырылған. Бүгінде мұн дай игі істер, яғни Бәйдібек баба мен қа сиетті аналарымыздың бейіт тері мен күмбездерін және оның айналасын жаң ғырту, қонақүй салу жұмыстары да жүр гізілуде. Бәйдібек баба кесенесі маңында салы нып жатқан қонақүй құры лысы да аяқ талуға жақын. Ал Домалақ ана кесе несі жанынан салынған жаңа қонақүй кешені ашылған.

Тарихи кесене – тағылым мекеніМӘДЕНИ МҰРА

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 9РУХАНИЯТ

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

– Роза Қуанышқызы, сіз келіп жатқан дөңгелек дата-ны дауыстап айтуға батылы-мыз бармайтын сияқ ты, де-генмен 18 жасыңыздан сахнаға шы ғып, 42 жыл бойы қазақ эстрадасының көшбасшысы бо-лып келе жатқаныңызды қара­пайым арифметикамен қисын­дасақ, өмірдің үлкен бір асуына шыққан екенсіз. Туған күніңіз құтты болсын!

– Рахмет! Менің де айғайлап айтқым келмейді-ақ, жүрегімде аздаған толқу болғанымен, сах-надан ажырамай, елімнің ал-дында жүріп жеткен осы биі гіме шүкір деймін. Келген жасым-ның қасиетін сезіну үшін уа қыт керек болар. Әзірге, көңіл күйім де, денсаулығым да, шығар-машылығым да бұрынғы ырға-ғынан айнымағандықтан, айыр-машылық көріп тұрғаным жоқ.

– Мерейтойыңызды атап өтесіз бе?

– Жалпы, біздің қазақ, әсіресе, қазақ әйелдері мерейтойға аса мән беріп, атап өтуді жөн сана-маған ғой. О бастан туған күн той лағанды аса ұната бермеймін. Жылдан-жылға жасың ұзарып келеді, айналаң, жақындарың, өзің аман-есен болып, жаңа жас-қа жеткенің, әрине, қуаныш. Жыл сайын өз отбасыңда, бала-шағаңмен, туған-туыстарыңмен, жақын құрбыларыңмен кішігірім дас тарқан басында жиналу дәс-түрі бізде де бар. Бірақ мейрам-хана ішін толтырып, мейман жи нап алып, мәжіліс-жиналыс жасағандай оларды үстелдің басы-на қаздитып отырғызып қойып «ал, алпысқа толып жатыр екенсің, құтты болсын» деп тілек айтқызып, дуылдаған-шуылдаған дүрмекті той болмайтыны анық. Мен жал-пы, туған күнімді көбінесе сахна-да өткіземін. Осы жолы да өзімнің туған жерім Семей өңіріндегі Жарма ауылына барып концерт беруді жоспарлап отырмын. Өйт-кені өзімнің туған ауданыма ба-рып, ауылдастарымның алдында ән салмағалы талай жылдың жүзі болыпты.

– Тасқын ағамыздың ме­згілсіз дүние салып, қара жа-мылып қалған кезіңіз болмаса, ширек ғасырға қадам басқан шы ғармашылық жолыңызда алтын баспалдақтың үстімен жү ріп келе жатқан сияқты әсер қалды ратыныңыз бар.

Алтынның үстінде жүріп тай­ғанақтаған кезіңіз болды ма?

– Біздің өнеріміздің ерекшелігі мен табиғаты сондай, халық тек еңбегіміздің нәтижесін ғана көреді. Сол ақырғы нәтиже белгілеген деңгей мен өлшейді. Басқа әншілермен салыстырғанда, мен әнді тек жанды дауыспен айтамын. Концерттерімді үлкен оркестрлердің сүйемелдеуімен өткіземін. Осы классикалық деңгейді бүгінгі күнге дейін бір мысқал да төмен деткенім жоқ деп ойлаймын. Әрине, ауқымды сарайдың атшаптырым сахнасын-да, төбеңнен, төменнен жіберілген түтіннің ішінде, самаладай бо-лып жарқыраған қызылды-жа-сылды жарықтың астында жа-дырап, жайнаған жүзіңді ғана көретін көрерменге осы кереметті сезіндірудің ар жағында қаншама жанкешті еңбек, ізденіс жатқанын ешкім білмейді. Ал көрермен осы еңбектің бәрін «алтын» деп бағаласа, онда ізденісіміз бен іс-әрекетіміздің далаға кетпегені. 42 жыл бойы ән салып келе жатыр-мын, осынша жыл дауысты сақтап қалудың өзі еңбек.

– Ілгеріректе Республика са-райында жыл сайын өткізетін кон цертіңізге 25 жыл бойы үздік сіз келіп, гүл сыйлайтын көрер меніңіз туралы мақа ла оқыған едік. Мұндай табы­нушыларыңыздың қатары си-реген жоқ па?

– Менің шығармашылығыма мән беріп қарайтын тұрақты көрерменімнің қалыптасқанын бұрыннан білемін. Өнерімді жақсы көретін көрерменіме ал ғыстан басқа айтарым жоқ. Кейде кез-дескенде «өткен жолғы концер-тіңізде ана бір әніңізді неге айтпай кеттіңіз?» деп сұрап, таңғалдырып жататын көрермен бар. Маған үнемі гүл сыйлап, үнсіз кететін ол адам да менің кәсіби деңгейімді бағалайтын сондай көрерменімнің бірі болар. Кейбір көрерменім жиырма жыл бұрын бірге түскен суретімізді әкеп көрсетіп жата-ды. Бірде телевизиялық бағдар-ламалардың біріне Арқалық әлде Қостанай қаласынан бейтаныс әйел адам келіп қатысты. Сол кісі: «сіз маған 1976 жылы открыт-ка жазып бергенсіз» деп, менің қолыммен жазылған кеңестік от-крытканы әкеп көрсетті. Иә, алғаш Семейден Алматыға 1976 жылы келгенде, мен анамның Сара деген

сіңлісінің үйінде тұрғанмын. Сөйтсем, өзімнің біреудің үйінде тұратынымда шаруам жоқ, жап-жас болып кеңшілігімді қарай көріңіз, «егер Алматыға келсеңіз, мені осы адрес бойынша таба аласыз» деп Сара тәтемнің мекенжай-ын жазып қойыппын. Бұл кісі де әлі күнге дейін менің тұрақты тыңдарманым екен. Әр кон цертіңді берген сайын жа-ңа лықпен шық-қанға не жетсін! Әр концертім сайын ха лық-пен сырла-самын. Мұ-ңымды, сы рымды, қуаны-шым ды әнмен жеткізгім келеді, сол ниетімді көрерменім түсінсе екен деп тілеймін.

– Кезінде композиторлардың көп шілігі сізге ғана арнап ән жазуға ты рысты, ол әндер Тұ­ман бай Мол дағалиев, Исрайыл Сапарбай, Ибра гим Иса сынды тамаша ақын дар дың жаз ған өлеңімен әдемі үйле сім тау-ып, жүректерге жетті. Қа зір гі ре пер туа рыңыздағы әндерге айты ла тын сын бар, өзіңіз қа­лай бағалайсыз?

– Музыкалық деңгейі жа-ғынан кейінгі жылдарда айтып жүрген әндерімді өзім жоғары бағалаймын. Репертуарымды соңғы жылдары то лықтырған әндерімнің кез келге німен ха-лық аралық байқауларға қым-сынбастан қатысуға болады. Жақында ғана Беларусь елінде өтетін халықаралық «Славян базары» конкурсына құрметті қонақ ретінде қатысып қайттым. Қазақ композиторларының заман ырғағына қарай жаңа әуен, зама-науи саз табуға тырысқан талпы-ныстары жақсы. Алғаш орындап шыққан «Әлиядан» бастап бүгінгі күнге дейін сайысқа түсетін әндерді орындауды хош көремін. Рас, Сейдолла Бәйтереков ән-дерін тек маған арнап жаз-ды. Сейдолланың сол әндерін халықтың әлі күнге дейін жақсы көру себебі, Сейдолла – лирик композитор. Байсалды, ішінде сыры бар әндер сол кезеңнің сұранысына сай болды. Ал қазіргі жастар Сейдолланы мен арқылы

таниды. Бірақ Бәйтереков жазған иірімі мол, жібектей нәзік, сырлы әндерді орын дағанымен, ішіндегі ойды, әнді жымдастырып ұстап тұрған уызын жеткізе алмай жа тады. Әр композитордың өз стилі бар, әр уақыт толқынының өз ырғағы бар, композитор нақ осы уақыт пен тыңдаушы керек еткен әуенді ұсынады. Егер тек Сейдолланың ғана әндерін орын-дай берсем, бір қалыпқа түскен шаблон әнші болар едім, онда тыңдаушымды да тез жалықтырар едім. Қазіргі орындайтын ән-дерімді әртүрлі композиторлар жазады. Соның ішінде менің ұлдарымның да әндері бар. Бұл – жаңа заман музыкасы. Біздің өмірімізде не көп, ән көп, әнші көп. Олардың орындап жүрген әндерін «хит» дейді. Қазір теле-дидарды ашып қалсаңыз, «Той думан», «Той бастар», «Тойға шашу» атты тек той атауымен бай-ланысты бағдарламалар шығады. Рахат, өміріміздің бәрі той. Осы әндердің қатарында өзіңше ерек-ше бір әніңмен шықсаң, секіріп жатқандардың жанында сен «не-формат» болып қаласың.

– Бұрын жұрт ұлыңыз Әли Оқаповқа «Роза Рымбаеваның баласы» деп қараса, қазір сіздің өзі ңізге «Әлидің мамасы» деп қарайтын көзқарас орнығып келеді. Бала сы өзіне жете туған барлық ата­ананың басында бо латын буын алмасу таны­мал дылығы сізді де қуан татын болар?

– Әрине, қуантады. Баламның

тыңдарманының көңілінен шы-ғып, өз көрерменінің талғамын қа на ғат тандыратын әндерді кәсіби орындаушылықпен ұсы-натыны сүйсіндіреді мені. Ба-ламды жақсы көрген адамды мен де жақсы көремін. Әлидің өз стилі бар, менің қалыптасқан өз соқпағым бар. Екеуміз екі түр лі қоғамдық ортаның тәрбие-сімен өскен жолы басқа әншілер болсақ та, бізге ортақ музыка танымалдылығымызды сабақ-тастырып жатыр. Әлидің тың-дарманы, негізінен, жастар. Мені «Әлидің мамасы» деп құр-меттейді. Ал менің әнім – менің құрбы-құрдастарымның әні. Сон-дық тан өз жасыма сәйкес, өзімнің көз қарасыма сәйкес әндерді орын-даймын.

– Онсыз да жеңіл жанрдағы эстрадамыздағы бір­бірінен аумай тын даңғаза әндер еш­қ а ш ан сұр ып талуы аяқ ­талмайтын, електен өтіп болма­ған күйі ертеңге жалғаса беретін жаны сірі музыка екенін көр­сетіп келеді. Сіз кейде күйініп, ащы сын да айтып жібересіз. Қалай қабылдайды?

– Қазір жеңіл жолмен жұлдыз болып жатқан жастар көп. «Әсіре қызыл тез оңар» деп жарқ етіп жанып, кейін ізім-ғайым жоқ бо-лып кеткен жастар да бар. Оны уақыт шешеді. Қазіргі эстрада орындаушыларының бәрі бір-біріне ұқсайтынын ешкім жоққа шығара алмас. «Араларыңнан «аһ» дегізіп шыққан әншіні көріп тұрғаным жоқ» деп айтатыным рас. Қазір «формат» деген пайда болған. Ол таза тойға негізделген формат. Барлық әнші бір фор-матпен, бірдей деңгейде жұмыс істеп жатыр. Өздерінің түрі де, биі де, әні де ұқсайды. Бірінен бірін ажырата алмайсың. Өзінің ерекше музыкасымен, өзіндік ерекшелігімен келіп жатқан жас тар аз, тіпті жоқтың қасы. Осының бәрін шығарып, таратып, қалыптастырып, үлгі етіп отырған телевизия. Егер мен музыка ре-дакторы болсам, осы «большая серая массаның» тең жартысын жария етіп, шығармас едім.

– Сіздің халқыңыздан құр­мет табуыңыздың сыры кәсі­билігіңізден өзге неде деп ой-лайсыз?

– Мінезімде шығар. Үлкенді сыйлаймын, жастарға ақылымды айтамын. Атын атамай-ақ қояйын, айналамда жүрген кейбір жандардың жағымпаздығын көргенде, кірерге тесік таппай қаламын. Ол Бәкемен де, Жә кемен де, Сәкемен де, айналып келгенде, бәрімен де жақсы болғысы келеді. Ол ақылдымен де араласады, ол алаяқ, айлакердің де көңілін таба-ды. Егер осы құрметтің бәрін шын көңілден жасай алсаң, дос болуға, бауыр болуға болатын шығар. Бірақ күн үшін, қызмет үшін, жағдай үшін жақсы көрінемін деу төңірегіңе тек жиіркеніш туғы-зады. Мен мұндай адам емеспін.

Ұнамаса, «ұнамайды» деп ашық айтамын, көңіліме жаққанды к ө т е р м е л е п , қ о л д а й м ы н , ұнатпайтын адаммен мүлде ара-ласпаймын. Өйт кені адамдардың бәріне бір мез гілде бірдей жақсы көрінемін деу – ақы мақтық. Бұл мәселеде өзім нің қалыптасқан өмірлік ұс танымым бар. Көрермен де кімнің кім екенін ажыратады ғой. Сахнаға шыққанда, рент-ген аппаратының алдында тұр-ғандай боламыз. Көрермен се нің басыңнан бақайшағыңа дейін бір көз салып өткенде-ақ, мұ ңыңды, көңіл күйіңді, ішкі жан тол қы-нысыңды сезіп қояды. Өнер ада-мы – ерекше индивид. Оның бойындағы талантты, өнерді ешкім мөр басылған қағазбен, бұйрықпен жоқ қылып жібере алмайды. Өзіне өзі сенген, өзінің талантының өлшемін білетін адам ешкімнен қорықпайды, ешкімнің алдында бұқпантайламайды және оған ешкімнің сөзі де, бұйрығы да жүрмейді. Бұл тіпті талантқа да байланысты емес шығар. Бәрін түп теп келгенде адамның тәрбиесі, сол ұяда сіңірген мінезі, өмір мек-тебі нен алған ұстанымы шешеді. Ал жағымпаздардың бәрі өзіне өзі сен бейтін кембағал жандар.

– Өнердің ұзақ жолымен жүріп келесіз. Ықыласпен, жы­лылықпен кімдерді еске ала­сыз?

– Кейінгі жастар білмегенімен, қазақ өнері мен руханияты үшін көп еңбек сіңірген Жексенбек Еркінбекұлы Еркінбеков деген ғажайып Мәдениет министрі болғанын аға буынның бәрі біледі. Мені Семейден Алматыға ша-қырған сол кісі болатын. Сахнаға шығуыма қолдау б ілді р іп , «Гүлдер» ансамбліне жұмысқа орналасуыма мүм кіндік берген де осындай жай саң жандар. Менің алғашқы қадамымды қолдап, қамқор пейілдерін аямаған тұл-ғалардың ішінен Дінмұхамед Қонаевты, Ермек Серкебаевты, Бибігүл Төле генованы айрықша атай мын. «Атақты болайын-ау» деген ой миыма мүлдем ма-ңайламаған, ондай нәрсенің бола-тынын да біл мейтін жас күнімнен тек музыкамен ғана алаңсыз ай-налысуым үшін мем лекеттік деңгейдегі қам қорлық жасал-ды. Мұндай мүм кіндікті мен де аяқ асты еткем жоқ, қолымнан келгенше сенім білдірген жақ-сыларды жерге қаратпадым – Бүкілодақтық, халықаралық жеті бірдей конкурстың лауреаты болдым. Ән салуға құқық бер-ген, халықтың ықыласын алуға мүмкіндік берген, өмірлік ба-қыт сыйлаған сахнаны әлі күнге сүйемін. Өмірімді әнге арнадым, тыңдарманымның музыкалық деңгейін көтеру үшін әлі де болса берерім көп деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Роза РЫМБАЕВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

Талантының өлшемін білетін адам ешкімнен қорықпайды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Әсілі, «Париж – әрдайым сенімен бірге жүретін мейрам» деген Хемингуэйдің сөзінің жаны бар секілді. Осы күндері мәдениеттің культіне айналған Париждегі думанды өмірге күнде ортақтаспасақ та, ақпарат алмасу неғұрлым оңтайланған тұста қалт жібермей қарап отыратынымыз белгілі. Жуырда аталған шаһарда «Этнобалет: Әйелдердің 7 архетипі» атты фотокөрмесі өтіп жатқанын көзіміз шалып қалды. Экспозицияға қойылған фототуындылар мазмұн ерекшелігінен бөлек, соны атауымен елең еткізгені. Авторын іздестіре келе Дана Мұса есімді қазақ қызы екенінен хабардар болдық. Дана бізге көргенді де, көрмегенді де ынтықтырып тұратын Франция астанасының тынысы мен өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ая ӨМІРТАЙ,«Егемен Қазақстан»

Қазір Дана жетекшілік ететін «Этнобалет» қауымдастығы – Ор-талық Азия көшпенді мәдениеті мен классикалық би бағытында жұмыс істейтін Франциядағы жалғыз орталық. Орталықта балет спектакльдері қойылады, түрлі видео түсірілімдер жүзеге асы-рылады. Сонымен бірге жер гілікті тұрғындарға этно ба лет негізі бойынша ақылы негізде сабақ үйретіледі. Са баққа қатысушылар екі топқа жік теледі. Бірінде қарапайым биге қызығушылар болса, екінші топ нағыз кәсіби бишілерден жасақталған.

– Оқып жүргенімде ұстаз-дарым мен достарыма этно ба-ғы тында жұмыс істегім ке ле-тінін айтқанымда, бірден қолдап, қызығушылық танытты. 2013 жылы «Этнобалет» қауым-дастығын құрып, үш жыл бұрын этнобалеттің аты мен концеп-циясын өз атыма патенттеп ал-дым, – дейді ол. Классикалық па қа дамымен номадтық дала та-биғатын үндестірген этнобалет стилі Дананың өз жанынан шы-ғарған тың идеяларының жемісі деп айтуға болады.

– Парижде оқып жүргенімде ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашуда үнемі дала еркіндігі же-тіспей тұратын. Балеттің ежелден қалыптасқан дәстүрлі формала-рын көшпенділердің рухты фило-софиясымен тоғыстырдым. Тағы бір маңызды нәрсе этно балет жеті әйел архетипін база ре тінде алады. Жалпы, этно балет әйел еркіндігі мен өр лі гінің, сана бостандығын ны ғайту тұжырымдамасы. Балет тех никасы от, су, аспан, жер сынды символдық мәнге ие де-ген ол, бұл символдардың мә-дениетте баршаға ортақ екенін айтады. Ал фотоэкспозицияға қойылған «Аңшы», «Шабандоз», «Амазонка», «Шаман», «Пір», «Пат шайым», «Ұмай ана» атты жеті архетипті әйелдің рухани өсу жолындағы эволюциялық даму тұжырымдамасы деп түсіндірді. Психологияда әйел болмысын толықтыратын архетип теория-сын әркім өзінше жіктейді. Дана Мұса бұл жетілікті еркіндік пен азаттық идеясына негізделген ықылым замандардағы мифтік дәуір оқиғаларына негіздей оты-рып жасап шыққанын айтады.

– Бұл арада философиядан гөрі тарих басым. Әйел архетипі деп

олардың әлемді қабылдауы мен өмірлік көзқарасын, өмір сүру салтын анықтап қана қоймай, жөн сілтейтін бағдарлама деп айтуға болады. Еркіндік мәселесі байырғы түркілік дүниетаным мен наным-сенімдерде де кез деседі, – дейді Дана.

Дана Атырау қаласында дү-ниеге келген. Кейін отбасылық жағдайына байланысты Ақтауға көшіп, мектепті сонда бітірген. Өзінің айтуынша, шағын қалада кәсіби балет би мектебі болмаған, ал Алматыға жіберуге анасы қарсылық танытыпты.

– Қаладағы дәстүрлі би үйір -месіне кішкентай кезімнен қатыстым. Балет бишісі болсам деген арманым маған бір сәтке де тыныштық бермейтін. 13 жасым-да қайтсем де биші боламын деп түбегейлі шешім қабылдадым, – деп еске алған ол өмірде дұрыс арман мен мақсат қоя білу өте маңызды нәрсе екенін айтады. Оқушы кезінде би өнерімен қатар, тарих пәніне ерекше құштар бо-лып, талай жарыстарда жүлделі орындар алып жүрген. Өрімдей қызды Парижге жетелеген «өнерді өмірім» деп таңдаған батыл ше-шімі мен үлкен дайындығы бо-латын. Осылайша 2010 жылы Париждегі EICAR халықаралық кино мектебіне бейнелеу өнері маман дығына оқуға түседі. Па-риж дегі жаңа таныстықтар та-лапшыл қызды өзгеше әлемге же теледі. Өзі Париж ұлттық кон-серваториясының профессоры Ива Касатиден тәлім алғанын тағдырдың сыйы деп ерекше атайды.

– Талапшыл ұстаз класси-ка лық би стилінің қыр-сырын алдыма жайып салды. Француз балетінің еш жерде жазылмаған фольклорлық негізі мен кербез болмысын түсіндіріп берді. Қазір

жасы 80-нен асқан балет майтал-маны зейнет демалысында. Маэс-троның соңғы шәкірті мен бол-дым, – дейді. Одан бөлек, ұлттық би орталығында (CND), Париж университетінің би факультетінде білімін терең деткен ол Андрей Клемм, Атилио Лабис, Фредерик Лаза релли сынды танымал би мамандарының алдын көргенін мақтанышпен айтады.

Дана Мұса бүгінге дейін сту-дент терімен бірлесіп бір акті лі «Амазонка», «Құртқа», «Ша-бан доз» «Жеті әйел», «Ұр пақ»

ат ты спектакльдерді қой ған. Оның ендігі мақсаты – «Этно-балет» қауымдастығының бес жыл дығына орай «Номад» атты көлемді балет қойылымын сах-налау. Биші-хореограф этнобалет жо басынан бөлек, түрлі аралас жанрда жұмыс істеп, өзін байқап көрген.

– Соңғы екі жылдағы есте қалар-лық жұмыстарымды айтар болсам, ритм-н-блюз жанрында ән салып жүрген Achille’s Family тобының «Гармония» клипіне түстім. Биылғы Париж сән апталығында

шоу бағдарламаға, 2016 жылы «Ақ түн» (Nuit Blanche) аталатын зама-науи дәс түрлі өнер фестивалінде, TMC телеарнасындағы би бағдар-ламасында хореографиялық үйлестіру жұмыстарын атқардым, – дейді Дана.

Дананың әңгімесінен байқа-ғанымыздай, Францияда ғана емес, бүкіл Еуропада би мәдениеті жоғары деңгейде дамыған. Адам-дар биді түсініп, сүйіп қана көр-мейді, сол үшін уақыты мен ақша-сын да аяусыз жұмсайды. Үлкен опера театрларының ғана емес, же-келеген шағын театр лардың өз ау-диториясы қа лып тасқан. Дананың тың бастамасын жергілікті халық үлкен қызығушылықпен қабыл алған көрінеді.

– Жоғары талғамды санала-тын классикалық өнерді эли-талық топтан бөлек, бүкіл ха-лық тың түсі ніп тамашалауы мен үшін өте маңызды. Би қоз-ға лысы арқылы оның мә нер-лілігін арттыру мақсатында оқу-шыларыма әр сабақ сайын көш-пенді халықтың жауынгерлік өр рухы мен қаһармандығы туралы әңгімелеп беремін. Франция – балеттің отаны. Олай дейтін себе-біміз, алғашқы балет мектебі осы Францияда ашылған, – дейді ол.

Дана Мұса өзінің этноба-лет тобымен бірге қараша айы-ның соңында Парижде өтетін «Әйелдерді қорғау күні: Тұр-мыс тық зорлық-зомбылыққа қар сылық» атты фестивальде өнер көрсетпек. Әңгіме соңында фран циялықтарды таңырқатып жүрген Дананың өнеріне өріс тілеп, жылы қоштастық. Оның сыры беймәлім дүние алдындағы үрей мен сұлулық үйлесімділігі туралы батыл қадамдарына қарай отырып, алда талай биіктерді бағындыратынын аңғарғандай болдық.

«ЕГЕМЕН» АШҚАН ЕСІМДЕР

Француздарды тәнті еткен ару

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

10 27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛКЕЛБЕТ

ЕЛІМ МЕНІҢ ЕРТЕГІ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алтынемелдегі осы құмды төбеге қашан, қай уақытта келсеңіз де ондағы өзгермейтін бір нәрсені көріп таңданасыз. Таңғаласыз. Ол бұл жерде қаншалықты боран соғып, дауыл тұрса да мұндағы тау болып үйілген құмның жан-жаққа шашырап кетпей, жинақы жататындығы. Содан соң ауа райының жел, құйын сияқты қандай да бір әсері болмасын, жота үстіндегі ұзыннан ұзақ созылған пышақ қырындай жалдың өз болмыс-бітімін ешқашан жоғалтпайтындығы. Ал осындағы елгезерден өткізгендей етіп табиғат-ананың сұрыптаған біркелкі құм түйіршіктері ше? Алтындай жарқыраған соның құдіреті шығар, сөз етіп отырған төбеге шығып, етекке қайта түскендегі адам ізі сәлден соң жоқ болады. Сөйтіп Айғайқұм бұрынғы момақан, тылсым, жұмбақ күйіне қайта оралады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жанболат АУПБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

...Бұл жолы да ол бізді осын­дай келбет­көрінісімен қарсы алды. Ұзындығы 2020, ені 551, биіктігі 182 метрлік құм ды жота өзі ор наласқан аң ғардағы тақырда оқшау тұр. Төңі регінде шашау шыққан еш теңе жоқ. Қыздың жиған жү гіндей жинақы. Таза.

– Бұл құмды төбенің гүріл деп, дүрілдейтіні қайда? Жота ның ән салып, дыбыс шы ғарады дегені не сөз? – деді жүр гізу ші жігітіміз Думан Мұ ха мед жанов.

– Ол үшін мына қырдың күн гей бетіне көтерілу керек. Содан соң бері қарай жүргенде не болатынын өзің көресің, – дедім мен оған 1984 және 2004 жылдардағы өз басым­нан өткерген оқиғаны есіме алып.

Бұған онша түсінбеген сері­гім артына жалтақ­жалтақ қарап қойып, Айғайқұмның орта тұсындағы текшеге қарай бет алды. 80­90 метр өрлеп бар ған соң сәл демалып, тө менге түсуге ыңғайланды. Сол кезде, яғни етекке қарай 5­6 адым аттағанда аңғарды жаң ғырықтырған гуіл бастал ды дейсіз. Бір қызығы, оқыс шыққан үннен секем алған Думан беткейде сәл­пәл кідіріс жасап еді, дыбыс та тоқтай қал­ды. Қозғала бергенде гүрілдеп, дүрілдеген дауыс қайта пайда болды.

– Бұл не жұмбақ? – деді етек­ке түсіп, есін жиған сері гім. – Мұның сыры неде деп ойлайсыз?

Мен оған жауап ретінде П.И.Ма риковский деген ғалым­ның болжамын айттым. Өмір бойы Алматыда тұрып, Жетісу жерін талмай зерттеген биология ғылымдарының докторы Павел Иуистинович Айғайқұмдағы құпия дыбыс тар туралы кезінде

былай деген болатын. «Бұл жотаның дыбыс шығару себептері жө нінде көптеген жорамалдар бар. Со лар дың дені боранды, да­уылды күндері құм қозғалғанда, одан сықырлаған үн шықпай қоймайды дегенге саяды. Бірақ жай кездің өзін де шағылға аяқ басқан адам мен жан­жануарлар қи мылы әсерінен оның неге гуілдейтінін ешқайсысы тү сін ­діре алмайды. Меніңше бұл бы­лай. Құм төбелердің қай­қай­сысының да төменгі қа баттары дымқылданып жатады. Мұндай ылғал тіпті онша тереңде де болмайды. Көктемгі жауындар­дан кейін және күз дігүні әлгі қабаттар жоға рыдағы құрғақ құммен араласады. Бұл жағдайда құм төбеден еш қандай үн шық­пайды. Жаз дыгүні ыстықта құм­ның үстіңгі қабаттары әбден кеуіп, төменгі дымқыл қабаттан бөлін гендей болады. Мұның өзі жоғарғы қабаттардағы ауаның ал­масуы себепті ылғал қабаттардың

неғұр лым төмен түсуіне әкеп соғады. Құмның үсті түгел дер лік кепті дегеннің өзінде төменде, бәрібір ылғал қабат жатады. Бұл ретте құмның бет жағы әбден құрғап, астыңғы қа­баты біршама дымқылдануы, оның арғы жағында тағы да құрғақ құм желісі жатуы мүмкін. Құм төбелердің үстіңгі қабаты төмен қарай су сығанда оның төменгі қабаттарынан озып кетеді де, бұлардың бір­бірімен үйкелісуі онша қатты болмай­ды. Сол себепті мұндай құмның үсті бұйра толқынданып жата­ды. Осы жағдайларда құмның біршама төмен жатқан бөлігі сыртқа шығып қалады. Оның үстімен жылжыған құм музы­ка аспабына қол тигендей діріл шығарады. Бұл үн кең көлемде таралып күшейе келеді де, біз сөз етіп отырған төбе жаппай гуілдегендей болады».

Профессор П.И.Мариков­ский осылай десе, Санкт­Пе­тербург ғалымдары Я.Рыжко мен Б.Русинов құмның сансыз көп түйірлерінің бір­біріне үй­келуінен дыбыс шығады деп есептейді. Себебі құм түйір ле­рінің сыртында кальций мен магний қосындыларының жұқа қабаты бар. Солардан шыққан үн скрипка ішегін үйкеген ысқы секілді дыбыс тудыратын сияқты. Сондай­ақ олар құмнан үн шығудың тағы бір себебі құм түйірлерінің аралығындағы ауа ның қимыл­қозғалысына бай ланысты деп пайымдайды. Жотадан құм сырғығанда оның ұсақ түйірлері арасындағы саңы­лаулар кейде азайып, кейде көбейеді екен. Ауа осы саңы­лауға бірде кіріп, бірде шығып жатады. Дыбыстың дірілдеп естілу сыры міне, осыдан деп ұғу керек. Бұл зерттеушілер пікірінде тағы мынадай түсінік бар. Құмның электрленуінен де дыбыс пайда болады екен. Үн шығаратын құм таудың ұсақ тас түйірлері бір­бірімен үйкелісу салдарынан әртекті электр за­рядтарын тудырады. Сөйтіп бір­бірімен серпіліп қо сылып, тағы да серпіліп қосы лу әсерінен ды­быс шығып отырады.

– Міне, өзің қасында тұрған Айғайқұм жөнінде ғалымдар осындай пайымдаулар айтады, – дедім мен Думанға.

. . .Көлікке отырып, Бес­шатырды басып өтетін Іле жа ға лауына беттеп келе жат­қанда ойымызға: «Айғай құм нан шы ғатын әртүрлі дыбыстар...

Мұндай құбылыс тек осы жер­ге ғана тән бе, жоқ ол әлемнің бас қа түкпірлеріндегі шөлдерде де бар ма?» – деген сауал орал­ды. Бала күнімізде атақты жа­зушы Джек Лондонның «Үш жүрек» атты романын оқы­ғанымыз бар еді. Сондағы ба­яндалатын оқиғалардың бі­рінде кен іздеушілер Орта лық Америкадағы далалы ай маққа жеткенде, олардың табанындағы құм неше түрлі әнге басып қоя беретіні айтылатын. Одан секем алған адамдар жүрістерін тоқтата қойған кезде төңіректің басқа ұрған танадай тынши қалғанына куә болған. Жүргіншілер қайта қозғалғанда, құм тағы да әндете жөнелген.

Жазушы бұл детальды әдеби тұрғыда суреттегенімен, оны ойдан алып отырмағаны анық. Оған өзіміз жаңа ғана жанында болған Айғайқұм, ондағы текше­ге көтеріліп, одан төмен түскен серігіміздің қимыл­қозғалысынан туған гуіл анық дәлел. Құдды Джек Лондон шығармасындағы сюжеттің көшірмесі дерсің. Көлік ішінде осыны еске алған біз: «Мұндай құбылысқа байланыс­ты интернет не дейді екен?» – деп іштей күбірлеген күйі ноутбукке үңілдік. Сөйт сек..., әлем картасында жоға рыдағы жағдайға ұқсас 3­4 жұмбақ құм төбелер бар болып шықты. Олар: Ауғанстандағы Рек­Раван деп ата­латын «діріл деуік қырат», Таяу Шы ғыстың Синай түбегіндегі Джебель­Накунгтегі «дабыл жо­тасы» және Чилидің Копиано аңғарындағы Эль­Бармадор атты «ұлитын шоқы». Осы лардың бәріне тән ортақ белгі – бұл құм­ды жоталардағы гуіл дердің жел мен боран әсері, адам және жан­жануарлар қи мы лынан кейін ғана туып, ал жай уақытта тым­тырыс жата тындығы.

Жер бетіндегі құм төбелер... Олардан шыққан әртүрлі үн мен дыбыстар... Қалай бол ғанда да бұл өте қызық құбы лыс. Осы ғажайыптың дүние жүзіндегі жоғарыда айтқан санаулы елдер­ден басқа өз атаме кенімізде, туған еліміз – Қазақ жерінде тұрғаны бізді таңғалдырмай қоймайды. Содан да болар, табиғаттың осы қайталанбас құпиясына де­ген ын тызарлығың артып: «Бұл Тәңірдің бізге тартқан сыйы ғой», деп қуанып, мақ танасың. «Тәубе! – дейсің.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы

АйғайқұмСуретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

МЕРЕЙ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Өмір ұзақтығымен емес, мазмұнымен өлшенеді» деген екен атақты ойшыл Сенека. Өйткені, тіршілігінде мазмұнды, ғибратты, салиқалы өмір сүру кез келген жұмыр бас ты пенденің пешенесіне жазыла бермесе керек. Сол себепті мәнді де мағыналы тірлік кешіп, бұл өмірде ізгілікті із қалдыру кімге болса да арман. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Иә, шынында да «қалай өмір сүрдік, жеткен жетістігіміз қандай, сүрінген жеріміз бар ма? Болса неден?», деп ой­ланатынымыз да заңды. Өйткені, ғұмыр қас­қағым сәт. Осы қас­қағым сәт жай­лы парасатты жан ойланбай қоймайды. Абай да қарасөзінің бірінде «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік. Алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық, әуре шілікті көре­көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік. Қа жы­дық, жалықтық; қылып жүр ген барлық ісіміздің бә рінің баянсыздығын, бай лау­сыздығын көрдік, бәрі қор шылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» депті. Иә, данышпан Абай айт қандай, мына қамшының сабындай қысқа өмірде біз де талай кісілермен дос, жолдас, қызметтес болдық. Солардың бірегейлерінің бірі, мен үшін орны бөлек жан Өмекең – Өмірәлі Шәкірапұлы Жалаири.

1976 жылы Мәскеудегі Шы ғыстану институтын, одан кейін Марокко корольдігіндегі Рабат университетін тәмамдап елге оралған соң, бірер ай Қа­зақ КСР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инс­титутында еңбек еттім де, 1977 жылы ақпан айын да С.Киров атындағы Қа­зақ универ ситетіне қызметке ша­қырылдым. Сөйтіп біраз жыл филология факультетінде ұстаз болдым. Сол кездегі әріп тесім, қазіргі Д.Қонаев атын дағы Еуразиялық заң ака де миясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Шәкірапұлы Жалаири (Қопабаев) бауырымызбен алғаш танысқаннан бастап ол кісімен етене жа қын дасып кетуіме оның жы лы жүзді, ешкімді жат­сынбайтын ізгі қасиеті себепкер болды ғой деп ойлаймын. Уни верситетіміздің ұжымы үлкен, ол кісі заң, филология факуль тетінде сабақ беріп, түрлі жина­лыс, басқосуларда кез десіп жүрдік. 1983 жылы уни вер ситеттің жаңа үйі бітті де, екеумізге бір қанаттан пәтер берілді. Енді тек қызметте ғана емес, үй жақта да жиі жолы ғатын болдық.

Өмекең, Өмірәлі бауырымыз үл­кен өмір жолынан өтті. Орта мектеп бітірісімен ерекше зерделі, білімділігінің арқасында мұғалім болып жұ мыс істеген ол Ресейде әс кери борышын абыроймен өтеді. Ол 1966 жылы әскер ден оралған соң Алматы об лысының ішкі істер ор­гандарында жұмыс істеді. ІІО­дағы үздік қызметі үшін С.Киров атындағы ҚазМУ­дің (қазіргі әл­Фара би атындағы ҚазҰУ) заң фа культетіне оқуға жолда­ма бе рілді. Университетті қызыл дип­ломмен бітірген соң үздік студент ретінде ҚазМУ­дің әкімшілік құқық кафедрасын­да аспирантураға қалдырылды. Белгілі қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Сартаев төр­аға лық еткен университеттің диссер­тациялық кеңесінде «Облыстық ат қару кеңестерінің жоғарыдағыларға бағы­нышты кәсіпорындармен қарым­қа ты­насы» тақырыбында кан дидаттық дис­сертацияны тамаша қорғады. Бірінші ресми оппоненті КСРО ҒА Мем лекет және құқық институты директорының орынбасары, әкімшілік ісі саласындағы ке ңестік ірі ғалым А.Лунев болды. КСРО БАК тарапының 1980 жылғы шолуын­да Ө.Қо пабаевтың (Ө.Ш.Жалаири) дис­сертациялық ғылыми­зерт теу жұмысы кеңестік заң ғы лымдарын дамытуға маңызды үлес қосқан ең жақсы ғылыми жұмыстардың бірі болып танылды. Аспирантураны үз дік бітірген соң ҚазМУ­дің заң факультетінің жетек ші кафе драларының бірі – Кон ституциялық және әкімшілік құ қық кафедрасының ассис тенті, аға оқытушысы, доценті және меңгерушісі ретінде қыз мет атқарды. Жұмыс барысында университет пен факуль теттің қоғамдық істеріне белсене араласып, заң факультетінің партбюро хатшысы болды.

1993 жылы Қазақстан Рес публикасы тәуел сіздік алған нан кейін ол ердің ері ғана бара тын тәуекелге бел буып қазірде заң академиясына ай налған Д.Қонаев атындағы университетті құрды. Міне, со­дан бері осы білім ордасынан мыңдаған кәсіби білікті заңгерлер түлеп ұшып, жақсы мамандарға зәру болып отырған

жас мемлекетіміздің кетік тұ сына кірпіш болып қалануда. Өмірәлі бұрынғыдай дайын ғимараты, дайын аудитория лары, дайын оқытушылары жоқ тақыр жерде іс бастаса да, шөл даланы егінді, гүлденген алқапқа айналдырған ұлы диқандай нөлден басталған білім ордасын аяғынан тік тұр ғызды, бұл күнде өздеріне қарасты бірнеше колледждің әрқайсысын оқу корпустары мен, жатақханамен, ал ака­демияны өздері арнайы сал ған 12 қабат ғимаратпен қам тамасыз етіп, студенттер­ге арналған дәл сондай зәу лім жатақхана құрылысын аяқтауға жақындап, заманауи технологиямен жан­жақты жаб дықталған материалдық­техникалық базасы күшті, профессорлық­оқытушылық құрамы мықты, түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие, тек бакалавриат қана емес, магистратура, докторантура ғалымдарын да даярлайтын іргелі, беделді жоғары оқу ор нына айналдырды. Мұндай аса жауап­ты міндетті жүзеге асыру үшін қан дайлық білім, қаншалықты күш­қуат, жігер­қайрат керек екенін әділ де парасат­пай­ымы терең жандар шынайы сезіне алар деп ойлаймын.

Сүйген жары Кә шипа Ра хымбекқызы Дархам бае ваның қолдауымен осын­дай ұлы мақсат­мұрат жетегінде жүріп Өмекең ғылымды да ұмытқан жоқ. 2000 жылы ҰҒА академигі М.Баймахановтың төрағалық етуімен болған Қазақ гума­нитарлық­заң уни верситетіндегі док­торлық жә не кандидаттық диссертация­ларды қорғау жөніндегі дис сертациялық кеңесте Өмірәлі Шә кірапұлы «Қазақстан Рес публикасы мемлекеттік би лігін ұйымдастырудың және қызметінің конституциялық­құқықтық негіздері» (теория және тәжірибе мәселелері) тақырыбында докторлық дис сертациясын

ойдағыдай қор ғады. Орайы келгенде айту керек, оның екі ғылыми дис сер тациясы да бірінші кезекте Қазақстанның мүддесін алға шығарып, еліміздегі аса маңызды, ірі әлеуметтік мәсе лелерді ашып көрсете және олардың шешімін орынды, дәлелді, қоғамға ой тастар лықтай деңгейде айта білген құнды еңбектер.

Д.Қонаев атындағы Еура зиялық заң академиясының ректоры, профессор, ірі ға лым, жоғары мектептің ұйым дас­тырушысы әрі үздігі Ө.Жа лаири бүгінгі таңда да респуб ликаның жоғары білімі және ғылымына ғана емес, демо кратиялық Қазақстанның мем лекеттік дамуына да баға жеткісіз үлес қосуын жалғас тыруда. Еліміз егемендік ал ғанға дейін де, кейін де ұла ғатты ұстаз, жақсы педагог, көрнекті қоғам қайраткері ре тінде көп құрметіне бөленген Өме кеңнің дәрісін тыңдаған шә кірттері ұстаздарының ше бер лектор, білімдар ға лым екендігін құрметпен, мақ­танышпен айтады.

1997 жылдың желтоқсаны. Менің Сауд Арабиясы король дігіндегі Қазақстан ел шілігінде кеңесшілік қызметке кіріс­кеніме бірнеше айдың жүзі болған. Қазақстан мен Сауд елі арасындағы түрлі сала бойынша достық, мәдени, сая­си қарым­қатынасты жолға қою үшін бар күшімізді жұмсаудамыз. Қасиетті Отанымыздан Жоғар ғы сот төрағасы Мақсұт Нәрік баев бастаған делегация келді. Оның құрамында заңгер досым, әріптесім, профессор Өмір әлі Шәкірапұлы да бар еді. Қазақстан заңгерлеріне Сауд елі үлкен құрмет көрсетіп, мемлекет бас­шылары қабылдады. Делегация король Фаһдтпен де кездесті. Мемлекет астанасы әр­Риядтан соң олар қа сиетті Мекке және Мединеге зиярат етті. Сапар дың сәтті өтуіне Өмекең де өз үлесін қосты.

Кейіннен дін қызметінде жүрген кезімде де ол кісімен қатынасымыз үзілген жоқ. Бел гілі заңгер ретінде Діни басқарма жанындағы ақыл дастар алқасына мүше­лікке тарт тым. Оның мәжіліс тері мізге қатысып, заң жағынан ақыл­кеңес беріп тұрғанын риза шылықпен еске аламын.

Бірде ол арнаулы топты бастап Ресейдің Рязань облы сындағы Қасымов қала сында өмір сүрген, сонда дүниеден өткен Қадырғали Жалайыри баба мыздың зиратын іздеу сапарына аттанатын болды. Әуелі өзі басқаратын Заң ака демиясында жұрт жиналып, құрбандық шалып, бата қылдық, ақ жол тіледік. Тек бұл ғана емес, Өмекеңнің отбасылық қуаныштарынан да тыс қалған емеспіз. Ондай кездері бәріміз бірге жиналып, мәре­сәре болып қаламыз. Ол мені өз университетінде өткен түрлі халық аралық, республикалық конферен­циялар мен симпозиумдарға да шақыруды ұмытқан емес.

Осы күндері ойлап отырсам, бәріміз де уақытымызды қызметке, яғни адам тәрбиесіне, жақсы маман даярлауға жұмсап келеді екен біз. Ғылым арқылы мұратқа жетуге ұм тылдық. Сол қастерлі көш алдында Өмір әлі де жүрді. Ол кісінің менмендігі, тәкап парлығы, кеудемсоқтығы жоқ, қашанда кішіпейіл, мейірбан, ізетшіл, үлкен жүректі азамат деп білем. Өмекең ректорлықпен, заңи қызметтермен ғана шектелмей, мемле­кетіміздің түрлі іс­шараларына да бел­сене атсалысып тұрады. Өзі Қадырғали би Қосым ұлы Жалайыри атын дағы халықаралық қордың президенті. Көп­теген ғылыми еңбектердің, оқулық тардың авторы. Төрт перзентін иманды, білімді, зиялы, халқына адал, адамгершілігі мол, еңбекқор, әдепті жандар етіп тәрбиелеген абзал әке ғана емес, сүйікті ата немерелерінің де елімізге пайдалы, жоғары саналы азамат болуына ықпал етіп, әр ұлт жанашырларына қажет ізгілік қағидаларын ұрпақтарына үй ретуде. Өзімен аралас­құра лас дос­жаран дарын, ғылым жолын дағы әріптестерін қат­ты құрметтеп, сыйлайтын ағамыз бірде өзі құрған білім ордасына арналған оқу ғима ратының іргетасын қалау ал­дында хабарласып, сол іс­шара ның басы­қасында болуға шақырды. Оған елімізге белгілі талай азамат жиналды. Бәріміз университеттің көркейіп, еліміз үшін жоғары білімді, иманды азаматтар тәрбиелей беруін Жаратқаннан сұрап дұға жасадық. Былай қарағанда, базбіреулер онда тұрған не бар деуі де мүмкін. Әңгіме ниетте. Пайғам барымыздың, оған Алланың сәлемі, игіліктері бол­сын, хадистерінің бірінде Алла таға ла пендесіне ниетіне қарай беретіні айты­лады. Сол себепті, тілек тілеуде де үлкен мән бар.

Өмекеңнің мемлекетіміз үшін маңызды үлкенді­кішілі іс­шаралардың бәріне үн қо сып, атсалысып отыраты­ны сүйсінтеді. «Бұған менің не қа ты сым бар?», деп қалыс қал майды. Қайта ондай іске өз үлесін қосуды азаматтық парызы санайды.

Осындай өнегелі ісі көп Өмірәлі ортасында сыйлы, қадір­құрметке ие жан. Иә, Алла тағала бір пендесін сүйген болса , оны адамдарға да сүйкімді етеді. «Сіз еліңіздің сүй кімді, абзал азаматысыз, Өмеке», деймін оны көрген сайын.

Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану

институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Рухы биік тұлға

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 11ЖАРНАМА

Екі кезеңдік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурс 2017 жылы 14 қарашада Астана уақытымен сағат 15.00-де орын алады.

Екі кезеңдік рәсімдер арқылы өткізі летін конкурсқа келесі ұйым-ның мемлекеттік акциялар пакеті қойылады:

Ұйымның атауы: «Астана қонақ үйі» АҚ.

Ұйымның орналасқан жері: Қазақ стан Республикасы, Астана қаласы, Абай даңғылы, 47.

Қызмет түрі: Қонақ үйлердің қызмет тері қамтамасыз ету.

Акциялардың мемлекеттік пакетінің көлемі: 100 %, 21 121 970 жай акциялар.

Бастапқы баға: 100 % акциялардың пакеті үшін 11 520 816 000 теңге.

3 (үш) жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеуге болады. Бұл ретте сату бағасынан кемінде 15 % (он бес пай-ыз) мөлшеріндегі бастапқы жарна сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде енгізілуі тиіс. Қалған сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қаржыландыру мөлшерін негізге ала отырып пай-ыздарды есептеумен тоқсан сайын бірдей үлестермен енгізіледі.

Жекешелендіру объектісі туралы қосымша мәліметті www.gosreestr.kz мемлекеттік меншік реестрдің веб-сайтынан табуға болады немесе жекешелендіру объектісіне мәміле жасайтын тәуелсіз консультанттан алуға болады – «Synergy Partners Заң Фирмасы» ЖШС, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 128, 73-пәтер; тел.: +7 (727) 390-15-10, веб: www.synergy-law.com.

Кепілдікті жарна: 68 070 000 теңге.

Кепілдік жарна Қазақстан Респуб-ликасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекеше лендіру комитетінің келесі рекви зиттеріне төленеді: KZ800705012170034001 «Қазақстан Республикасы Қаржы

министрліг інің Қазынашылық комитеті» РМК, БИК KKMFKZ2A.

Конкурстың шарттары: - сатып алушы отель бизнесінің

қызмет бейінін 3 (үш) жыл бойы сақтауға міндеттенеді;

- сатып алушы «5 жұлдыз» мәрте-бесін 3 (үш) жыл бойы сақтауға міндеттенеді;

- сатып алушы қазіргі кредиторлық берешекті 2018 жыл бойы өтеуге міндеттенеді;

- сатып алушы жұмыс орындарының санын және қазақстандық қызмет-керлер үшін жалақы деңгейін 3 (үш) жыл бойы сақтауға міндеттенеді;

- сатып алушы Сатушының (Қазақ-стан Республикасы Қаржы минис-трлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті), Сатып алушының және Тәуелсіз консуль-танттың «Synergy Partners Заң Фирмасы» ЖШС-мен келісімшарт жасасуға міндеттенеді, ол Сатып алушының Тәуелсіз консультантқа компанияны сату үшін төленген пай-ызды төлеуге міндеттенеді.

Жекешелендіру объектісін сатып алушыға қойылатын алдын ала талаптар:

- сатып алушы оңалту немесе банкроттық рәсімдерден өтпеуі тиіс, сондай-ақ тендер алдындағы 24 ай ішінде ондайлар болмауы тиіс;

Конкурстық өтінімдер келесі ме-кенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 128, 73-пәтер, «Synergy Partners Заң фирмасы» ЖШС, тел .: +7 (727) 390-15-10, веб-сайты: www.synergy-law.com.

Екі кезеңді рәсімдер арқылы кон-курс өткізу тәртібі

Тәуелсіз консультант әлеуетті са-тып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар конкурс күніне түс-кен өтiнiмдерiнің тiзбесiн қалып-тастырады.

Келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстарды ұсынған (конкурстың бірінші кезеңі) кемiнде екi әлеуетті са-тып алушыны (инвесторды) анықтау

мақсатында, өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен сатушы әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізеді.

Сатушы бұрын ұсынылған шарт-тарды жақсарту нысанасына тәуелсіз консультанттың қатысуымен кон -курс тың бiрiншi кезеңiнiң жеңiм-паздарымен келiссөздер жүр гізеді (конкурстың екiншi кезеңi).

Сатушы, тәуелсіз консультант және екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәти желерi туралы хаттамаға қол қояды.

Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жақсы шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.

Жеңімпазбен сатып алу-са -ту шартына екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың екінші кезеңі нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күн нен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Комиссияның отырысында қаты-сушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салысты-рады. Комиссия барлық конкурс фор мальдылықтарының сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқын-дайды.

Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бас тап жүргізіледі және 2017 жыл-дың 13 қарашасында сағат 15.00-де аяқталады.

Екі кезеңді рәсімдер арқылы кон-курсқа қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкес-тендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: биз-нес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айы-рысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

5) к о н к у р с қ а қ а т ы с у ш ы н ы ң ш е ш у ін ше екі кезеңді рәсімдер арқы лы конкурстың барлық талап-тарына сәйкестік мақсатында өзге де мағ лұматтар мен құжаттарды көр сете отырып, алдын ала тәуелсіз консультантқа белгіленген нысанда өтінім беру қажет.

Өтінімдер тәуелсіз консультантқа пошта арқылы беріледі: «Synergy Partners Заң фирмасы» ЖШС, ме-кенжайы: 050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 128, 73-пәтер; тел.: +7 (727) 390-15-10, www.synergy-law.com.

Жоғарыда көрсетілген дерек-тер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертеді.

Сатушының мекенжайы мен ата-уы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 905-кабинет.

Жекешелендіру объектісі бойын-ша мәмілені сүйемелдейтін тәуелсіз консультанттың мекенжайы мен атауы: «Synergy Partners Заң фир-масы» ЖШС, мекенжайы: 050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 128, 73-пәтер; тел.: +7 (727) 390-15-10, www.synergy-law.com

Қосымша ақпаратКепілдік жарнасының уақтылы

түсуі мақсатында Қазақстан Респуб-ликасының Қаржы министр лігінің Мемлекеттік мүлік және жекеше-лендіру комитеті кепілдік жарнасын өтінім берерден алдын ала жүргізуге кеңес береді.

Лот №1 – жер телімі, жал-пы алаңы 140, 0000 га (кадас-трлық нөмірі 03-046-198-020), орналасқан мекенжайы: Алма ты облысы, Іле ауданы, ауданның жер қорынан.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – тауарлы ауыл ша-руашылығы өндірісін жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 134 179 500 (жүз отыз төрт миллион жүз жет піс тоғыз мың бес жүз) тең ге.

Лот №2 – жер телімі, жалпы алаңы 67,0000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-324), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, ауданның жер қорынан (бұрынғы «Рауан» ӨК).

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – тауарлы ауыл шаруа шылығы өндірісін жүр-гізу үшін.

Бастапқы баға – 97 695 750 (тоқсан жеті миллион алты жүз тоқсан бес мың жеті жүз елу) теңге.

Лот №3 – жер телімі, жалпы алаңы 7,4000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-311), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, «Рауан» өндірістік кооперативі.

Жер телімінің мақсатты таға-йын далуы – шаруа қожа лығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 12 918 750 (он екі миллион тоғыз жүз он сегіз мың жеті жүз елу) теңге.

Лот №4 – жер телімі, жалпы алаңы 21,8000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-350), орна-ласқан мекенжайы: Алматы об лысы, Іле ауданы, «Рауан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – шаруа қожалы ғын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 34 209 000 (отыз төрт миллион екі жүз то-ғыз мың) теңге.

Лот №5 – жер телімі, жалпы алаңы 59,0000 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-361), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Іле ауда-нының жер қорынан.

Жер телімінің мақсатты таға-йын далуы – шаруа қожалығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 88 632 750 (сек сен сегіз миллион алты жүз отыз екі мың жеті жүз елу) теңге.

Лот №6 – жер телімі, жалпы алаңы 28,2800 га (кадастрлық нөмірі 03-046-221-424), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, «Рауан» өндірістік кооперативі.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – шаруа қожалығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 44 252 250 (қырық төрт миллион екі жүз елу екі мың екі жүз елу) теңге.

Лот №7 – жер телімі, жалпы алаңы 4,7300 га (кадастрлық нөмірі 03-046-220-365), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Іле ауда-нының жер қорынан.

Жер телімінің мақсатты таға-йын далуы – шаруа қожалығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 8 497 500 (сегіз миллион төрт жүз тоқсан жеті мың бес жүз) теңге.

Лот №8 – жер телімі, жал-пы алаңы 2,05 га (кадастрлық нөмірі 03-047-117-1547), орна-ласқан мекенжайы: Алматы об лысы, Қарасай ауданы, «КазМИС» шаруа қожалығы ассоциациясы.

Жер телімінің мақсатты та-ғайын далуы – шаруа қожа-лығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 7 299 000 (жеті миллион екі жүз тоқсан тоғыз мың) теңге.

Лот №9 – жер телімі, жалпы алаңы 1,2500 га (кадастрлық нөмірі 03-047-117-492), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «КазМИС» шаруа қожалығы ассо циациясы.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – шаруа қожа лығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 4 374 000 (төрт миллион үш жүз жетпіс төрт мың) теңге.

Лот №10 – жер телімі, жалпы алаңы 1,5200 га (кадастрлық нөмірі 03-047-117-547), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «КазМИС» шаруа қожалығы ассоциациясы.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – шаруа қожа лығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 5 319 000 (бес миллион үш жүз он тоғыз мың) теңге.

Лот №11 – жер телімі, жалпы алаңы 4,1600 га (кадастрлық нөмірі 03-047-117-471), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «КазМИС» шаруа қожалығы ассо циациясы.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – шаруа қожалығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 13 782 000 (он үш миллион жеті жүз сексен екі мың) теңге.

Лот №12 – жер телімі, жал-пы алаңы 16,00 га (кадастрлық нөмірі 03-047-117-1502), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «КазМИС» шаруа қожалығы ассоциациясы.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – шаруа қожалығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 49 110 000 (қырық тоғыз миллион жүз он мың) теңге.

Лот №13 – жер телімі, жал-пы алаңы 6,95 га (кадастрлық нөмірі 03-047-117-1545), орна-ласқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «КазМИС» шаруа қожалығы ассоциациясы.

Жер телімінің мақсатты таға-йындалуы – шаруа қожа лығын жүргізу үшін.

Бастапқы баға – 22 096 500 (жиырма екі миллион тоқсан алты мың бес жүз) теңге.

Сауда-саттық әдісі – ағыл-шын.

Кепілді жарна бастапқы бағаның 3%-ын құрайды.

Б а с т а п қ ы б а ғ а н ы ң 3 % мөл шеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлға-сының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректе-мелер бойынша.

Сауда-саттыққа қатысу өті-німдеріне қажетті құжаттар тізімін алу үшін сенім біл-дірілген өкілге хабарласу керек.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Әл-Фара би д-лы, 40 мекен-жайын да 2017 жылғы 6 қара-шада сағат 18.00-ге дейін қабыл данады.

№1 лоттан бастап №7 лотқа дейінгі сауда-саттық 2017 жыл ғы 7 қарашада сағат 15.00-де мына мекенжайда бола ды: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр кенті, Абай к-сі, 123 а.

№8 лоттан бастап №13 лотқа дейінгі сауда-саттық 2017 жылғы 7 қарашада сағат 11.00-де мына мекенжайда бо-лады: Алматы облысы, Қара-сай ауданы, Қаскелең қ-сы., Абылайхан к-сі., 157.

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу со-масын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тәсілімен енгізуі қажет.

Сенім білдірілген тұлға-ның деректемелері: «Қазақ-стан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлға-сы Азат Болатұлы Төре-мұ ратов, Алматы қ., Әл-Ф а р а б и д - л ы , 4 0 , ш о т KZ246010011286000043, БСН 940140000385.

Сауда-саттық өткізу мәсе-лесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 83, 330 12 79.

Жамбыл облысының әкімдігі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовке ағасы

Қамидолла Әбдікәрімұлы ОРАЗБЕКОВТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректораты мен ұжымы ХҚТУ Кентау институтының директоры, педагогика ғылымының докторы, профессор Камалбек Мейірбекұлы Беркімбаевқа ұлы

Бақдәулет Камалбекұлы БЕРКІМБАЕВТЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына, әріптестеріне орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы жолдас болсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге

сауда-саттық жариялайды:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мүліктің сатуын

екі кезеңдік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурс туралы хабарлайды

«Интернационал-Астана» ЖШС өз қатысушыларына 27.11.2017 жылы сағат 10.00-де мына мекенжайда:

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Бірсуат ауылында мынандай күн тәртібімен жиналыс өтетіндігін

хабарлайды:

Күн тәртібі:1. «Интернационал-Астана» ЖШС қатысушыларының 2017 жылғы

21 қаңтарда сағат 10.00-де мына мекенжайда: Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Бірсуат ауылында өткен кезектен тыс жалпы жи-налысында бұрын қабылданған шешімді мақұлдау.

«Проктер энд Гэмбл Қазақстан Дистрибьюшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (БСН 160640000220) (бұдан әрі – «ЖШС») жалғыз қатысушысы, «Проктер энд Гэмбл Дистрибьюторская Компания» ЖШҚ (бұдан әрі – «Қатысушы»), ЖШС жарғылық капиталының мөлшерін 1 453 955 000 (бір миллиард төрт жүз елу үш миллион тоғыз жүз елу бес мың) теңге құрайтын сомасына дейін азайту, және ЖШС жарғылық капиталының мөлшерін 159 300 000 (бір жүз елу тоғыз миллион үш жүз мың) теңге құрайтын сомасына дейін азайту туралы 2017 жылғы 3 шілдеде қабылданған Қатысушының № 9 Шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдады.

2017 жылғы 19 шілдеде №136 (29117) «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан ЖШС жарғылық капиталын азайту туралы ха-барламаны көкейкесті емес деп санау. 2017 жылғы 19 шілдеде шыққан хабарламада көрсетілгендей ЖШС жарғылық капиталының мөлшерінің азайтуы нақты түрде жүзеге асырылған жоқ.

ЖШС кредиторларының наразылықтары және (немесе) талаптары жазбаша түрде бұл хабарламаны жариялау күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде келесі мекенжай бойынша: «Проктер энд Гэмбл Қазақстан Дистрибьюшн» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Фурманов көш., 240 Г үй, CDC-1, 4 қабат, жолдалуы қажет»

ВНИМАНИЮАкционеров АО «Акционерная компания «Қазақстан жолдары»

19 октября 2017 года проведено внеочередное общее собрание акционеров АО «АК «Қазақстан жолдары» с участием акционеров и их представителей обладающих 96,82% голосующих акций. На собрании приняты следующие РЕШЕНИЯ: 1) Досрочно прекра-щены полномочия отдельных членов Совета директоров – (Ордабаев А.Т., Бердалиева Б. – Независимый член Совета директоров – Независимый директор); 2) Избран новым членом Совета директоров – Султансихов Т.Ж., избран(-а) новым Независимым членом Совета директоров – Независимый директор - Қайратқызы Еркеайым; 3) Срок полно-мочий вновь избранных членов Совета директоров не превышает срок полномочий действующего состава, вознаграждения не начислять, при предоставлении соответ-ствующих документов компенсируются затраты, связанные с поручением Общества.

«HOMECAPITAL» ЖШС (БСН: 090340003685) жарғысының түпнұсқасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Подлинник устава ТОО «HOMECAPITAL» (БИН: 090340003685) считать недействительным в связи с утерей.

Сонымен Семей полигонынан зардап шеккен тұрғындар үшін пайдалануға беріледі деген Ядролық медицина орталық мәселесі әлі күнге дейін нақты шешілмей жатыр. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің Семейге келген сапарында бұл мә-селе тағы да көтерілді. Мұндағы ра диациялық сұйықтықты сақ-тайтын, елдің барлығын шулатып отырған жаб дық-қорап Шымкенттің бір кәсіп орнында жасалған екен. Ал жоба бойынша мердігерлер бұл құрал-жабдықты Германиядан әкелеміз деп ұйғарса керек. Халық үшін аса маңызды нысанның әлі

күнге дейін пайдалануға берілмей отырғандығын облыс әкімі тағы бір мәрте түсіндірді.

– Сот ісі қараған сайын жаңадан фактілер анықталу үстінде, − деді облыс әкімі Даниал Ахметов, − мәселен, Шымкентте дайындалған сапасыз жабдық іске жарамсыз. Әу баста мұны Германиядан әке -леді деп сендірген. Әрине, мен түсінемін, халық шаршады. Осы-мен он рет комиссия қара ды. Бірақ тағы бір нақты комиссия құру ке-рек деп ойлаймын. Менің тапсыр-мам бойынша, осы күрделі про-блеманы шешудің бірнеше жолы

қарастырылып отыр. Радиациялық қалдықтарды жинап, сақтайтын жабдықты ауыстыру керек. Өйткені сапасыз, сондықтан сенімсіз жаб-дық. Мұның қауіпсіздігі радиоло-гия лық орталықта істейтін ме-дицина қыз меткерлері мен нау-қас тардың денсаулығы үшін аса маңызды.

Даниал Ахметовтың айтуын-ша, осы жабдықты қойған мердігер компанияның бұл қызмет түріне әу баста ешбір заңды құқығы болмағандығы анықталғандығы жөнінде сот шешімі өз күшіне еніпті.

– Мердігерлер мұнда ойына келген

дүниесін жасаған. Оларды ешкім қадағаламаған. Тіпті бас мердігердің де, жабдықты орнатқан қосалқы мер-дігердің де жұмысын ешкім қара-маған. Лицензиялары бар ма, жоқ па, оны тексерген ешкім жоқ. Ақыры мі-не, қалай тексе ресе де, мәселе қайта-қай та ба сына келіп тіреледі. Әйтсе де, біз бұл нысанды пайдалануға береміз. Адам дар осында емделетін болады, – деді Даниал Ахметов.

Раушан НҰҒМАНБЕК,журналист

СЕМЕЙ

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Радиологиялық орталыққа сапасыз жабдық орнатылған

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK ... · E-mail: info@egemen.kz №207 (29188) 27 ˚АЗАН, Ж˚МА 2017 ЖЫЛ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ TWITTER.COM/EGEMENKZ

12 27 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛДИДАР

ФОТОЭТЮД ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлттық музей мен корей мәдениет орталығының ұйымдас­тыруымен ашылған «Қазақстан корейлері» атты фотокөрмеге Қа зақстан және Корея Республикалары арасындағы дипло­ма тиялық қарым­қатынасқа 25 жыл және де олардың қазақ жерімен байланыстарына 80 жыл толу тарихы арқау етілді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––13­ші Ұлттық дельфий ойындары Қызылжар өңірінде 1­5 қа­ра ша аралығында өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникация лар қызмет орталығында өткен брифингте Ұлттық дельфий ойын­дарын ұйымдастырушылар хабардар етті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚБас редакторҚуат БОРАШ

Газет мына қалалардағы:

Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыЖақсыбай САМРАТ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

Суретті түсірген Сәрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Олардың айтуларынша, өнер­дің жоғары дәрежелі форумы­на 12 өңірден және Алматы мен Астана қалаларынан дельфи­шілер теріскейде алғаш рет бас қосып, дарынды жастардың шығар машылығымен 20­дан аса алаңдарда танысуға мүмкіндік тудырылады.

– «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы шеңберінде мәдени және ғылыми дәстүрлер дәріптеліп, өнерлі де дарындарды жастарды табу жол­дары жан­жақты іздес тіріледі. Бұл жолғы дельфий ойындарының ерекшелігі сол, «арбаға таңылған жандар биі» аталымы бірінші рет

енгізіліп отыр», – деді Ұлттық дель­фий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай Түспекова.

Форумның негізгі мақсаты жа­сампаз жастарға қолдау көрсету, орындаушылардың кәсіби дең­гейін шыңдау, асқақ өнер арқылы жас буын өкілдеріне патриоттық тәр бие беру болып табылады. Оған 16­25 жас аралығындағы үміткерлер қатысып 18 аталым бойынша өнер жарыстырады. Олардың арасында фортепиано, баян, ұлттық аспаптар, театр, халық әндерін, академиялық, эстрадалық әндерді орындау, бей­нелеу өнері, киім дизайны, тағы басқа түрлері бар.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Шараның ашылу рәсіміне Корея Республикасының Қазақ­стандағы елшілігінің хатшы сы Те Кен Ген қатысып, Корея пре­зиденті Мун Цзы Ин нің құт тықтау хатын оқыды. Ұлт тық музейдің директоры мін детін атқарушы Леонид Ко четов: «Мұнда елімізде тұрақ таған корейлердің қазіргі тұр мыс­тіршілігі жан­жақты баян­далады. Негізінен Астана, Ал­маты, Қызылорда, Үштөбе қала­ларындағы корейлердің сурет тері топтастырылған Ұлттық му зейдегі фотокөрме ешкімді де бей­жай қалдырмасы анық. Алдағы уақытта екі ел ара сын дағы мәдени және му­зей сала сындағы ынтымақтастық қарым­қаты настар барынша жан­дана тү се тініне сенімдімін», – деп тілек білдірді.

Көрмеге қатысушы, Парла­мент Мәжілісінің депутаты Роман Ким:

– Биылғы жыл қазақстандық корейлер үшін айтулы жыл бол­ғалы тұр. Себебі қазақ жеріне корейлердің қоныстанғанына 80 жыл толады, сонымен қатар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым­қатынастың орнағанына – 25 жыл. Осыдан 80 жыл бұрын тағдырдың айдауымен Қазақ станға табандары тиген корейлер жергілікті халықтың қам қор лығының арқасында зұлмат жылдар зобалаңынан аман қалды. Аш­жалаңаш, үйсіз­күйсіз келген оларды қазақтар жатсынбай бауы­рына тартып, қолдарынан келгенше жақсылық жасады. Мұн дағы бар­ша корей қауымы қа зақ халқының қолдауына риза шылық сезімдерін білдіреді, – деді.

8 қарашаға дейін жалғасатын фо токөрмеге кореялық фотосу­рет ші Ким Джинсоктың 1937 жыл ғы мәжбүрлеп көшіру сая­саты салдарынан Қазақстанға қо­ныс аударған корейлердің қазір гі ұрпа қ тарының күнделікті өмір­тір шілігін бейнелейтін дү ниелер қойы лып, таныстырылды.

Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан корейлердің тағдыры мен тарихынан фотодеректер жи­нау мақсатындағы бұл фотожо­басын әзірлеуге корей мәдениет орталығының бастамасымен Ким Джинсок 2016 жылдан бастап кіріскен болатын.

Қазақстандағы этникалық корейлердің портреттерінен бөлек, Ким Джинсоктың жұмыстарында бүгінгі Қазақстанның да жарқын қырлары қалтарыста қалмайды: қалалық пейзаждар, табиғи ланд шафтар және қарапайым адамдардың өмірі шеберлікпен үйлестірілген.

Ким Джинсок фотокөрмесі несімен ерекшеленеді, не үшін бұл жобаға оның суреттері аттай қаланып таңдалған, болмаса біз ол туралы не білеміз десек, бұл есім Корея Республикасына әйгілі фотожурналист ретінде мәлім.

Әлем елдеріне саяхат жа сай жүріп ол Кореядағы Чед жу аралындағы «Олле», Испаниядағы Эль Камино де Сантьяго қажылық жолындағы, Непальдағы Гималай, Париждегі француз­швейцарлық Монблан бағытындағы жаяу жүргіншілер саяхатына қатысқан. Ол өзінің барлық сапарлары кезінде адам­дардың өмірлеріндегі ең көр кем сәттерді өз объективіне сыйдыр­та алуымен әріптестері арасында аса құрметке ие. Оның дер кезінде дәлдікпен фотоаппарат нүктесін баса білуі арқылы дүниеге келген туындылары Ко рея көрмелеріне қойылған. Фо то графтың өзі қа­рапайым адам дармен арадағы тығыз қа рым­қатынасты жоғары ба ғалайды, адамдардың тек баста­рынан кешкен хикаяларды тыңдап қана қоймайды, сонымен қатар та­рихи сәттерді аппаратына басып үлгереді. Фотошебер кино өнері саласына да едәуір тер төгіпті, және көптеген университеттерде фотоөнер туралы тағылымды лек­циялар оқыған. Қазіргі таңда ол Корея Республикасы Президенті «Чонхвадэ» әкімшілігінің фото­графы.

Тарихты таңбалаудың тағылымы

БАЙҚАУ

Дельфий ойындары Петропавлда өтеді

ТҮЙТКІЛ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлытау ауданында, Қаракенгір өзенінің төменгі сағасында, Сарысу өзенінің құрдымға кетер жеріне жақын Қаражар аңғарында үлкен қорым бар. Аңғарып зерделеген адамға бұл жерде көптеген кесенелер мен күмбездер болғанын білуге бо­лады. Өкінішке қарай, сол тарихи ескерткіштер жайылымдағы жылқының қорасына айналған. Олардың арасында Болған ана мазары да тұр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бұл мазар және онда рухы мәңгі сая тапқан ана туралы нақты дерек те, аңыз да көп айтылған, жазылған. Орыс саяхатшысы Николай Рычковтың 1771 жылы жазуынша, одан кейін Шо қан Уәлихановтың, Ақселеу Сейдім­беков тің, Бақтияр Әб діл даұлының дерек тері мен археолог­ғалым Е.Бәйте новтің зерт теуінше, бұл орта ғасырдан қалған тар ихи

жәдігер. Болған ана Шыңғыс хан­ның немересі, Жошы ның үлкен қызы.

Шыңғыс Ұлы Даланы билеуді алдына мақсат еткенде бұл өңірде қазақ ұлыстарының ықпалы күшті болатын. Қазақтан шыққан тұңғыш тарихшы Жамал Қаршидың жа­зып қалдырған дерегі бойынша олар Жетісудағы ең мықты ұлыс болып, Ал малық қаласына билігін

жүргізген. Ал ғаш Алмалықтың ұлыс бегі Озар мен оның ба ласы Сұнақ­тегін Қарлұқ елімен бірлесіп, Баласағұнды қорғайды. Алай­да сұрапыл қуатты күшке қарсы тұра алмайды. Сондықтан да Алмалық қаласымен бірге билі­гіндегі өзге де қалалар мен қамал­дарды ерікті түрде Шыңғыс ханға қосылуға шақырады. Бұған риза болған Шыңғыс хан Сұнақ­тегінге Жошының үлкен қызы Болған бикені қосады. Қазақ ұлыстарының бек теріне көп­көп сыйлықтар беріп, оларды Шағатай ұлысында ең құр­меттілердің қатарында бірінші орынға шығарады. Ал күйеу бала­ларын тәрбиелеген, аталығы болған ойшыл Жамал Қар ши барлық салықтан босатылып, ұлыс та ер­кін жүріп­тұруына рұқ сат бере тін жарлыққа ие болады.

Біздің айтпағымыз тарих емес, осындай тарихи мәні бар жә дігердің қараусыз қал ғаны. Тарихшылар осы жерге Шы ң­ғыс ханның екінші әйелі Құлан қатын ның, Болған ананың күйеуі­нің, тағы да басқалардың жер­ленгенін, ба сына биік кесене орнатылғанын да ай тады. Болған ананың кесенесі ерекше, яғни кірпіштерді қиғаш қалау әдісімен салынғанын, сыр ты аппақ болған деген дерек бар. Нақтырақ айт­қанда, Жошы ханның кесе несінен жүз шақырымдай қашықтықта мәңгі рух тары сая тапқандар

туралы зерттеу жұ мысы жет­кіліксіз екенін де айта кету керек сияқты.

ХІІІ ғасырдың тарихи жә­дігері Болған ана кесенесінің бүгінгі кейпі өте аянышты. Ұмыт қалған. Тарихи мәні болса да ай­тыла бермейді. Кезінде ананың Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қа­зақстан облыс тарындағы ұр­пақ тары кесененің ұзақ уақыт сақталуына бағытталған жұмыс­тарды қолға алмақ болған. Бірақ олар көлемі 56х50 метр бола­тын, төбе сі түсіп қалған, төрт қа бырғасынан бас қа ешнәрсе қалмаған кесененің басы на ба­рып, дұға бағыштаудан, көк тас қоюдан аса алмады. Себебі ке­сене тас жолдан жырақтау, жол жоқ. Сон дық тан да олар «Мәдени мұра» аясын да жөнделетін шығар деп ойлаған. Қазір ру хымызды жаң ғырту бағытында сер пінді іс терді қолға алған еліміз, оның ішінде, Қарағанды облысының мә дениет бас қармасы Болған ана ке сенесінің көз алды мызда қи­рауы на жол бермес деген сенім бар.

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ, Қазақстанның мәдениет

қайраткері

ТАРАЗСуретті түсірген

Нұрқуат БӘЙТЕРЕК

Қораға айналған мазар

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Нағыз рухани жаңғыру, ұлттық кодты сақтау, төл тарихымызды тану деген осы болар. Көкпекті ау­данында осыдан 260 жыл бұрын жоңғарлармен шайқаста ерлікпен қаза тапқан, Қабанбай, Бөгенбай сынды хас батырларымыздың сенімді серігі болған, заманында батылдығымен, батырлығымен, айлалығымен ғана емес, көріпкел, уәлілігімен де ерекше көзге түс­кен Уақ Бармақ батырдың есімін ұлықтау мақсатында бірқа тар тағылымды іс­шаралар ұйым­дастырылды. Батырдың Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында тұратын ұрпақтары баба рухына тағзым жа­сап, кесенесіне құлпытас қойып, ескерткіш орнатты. Алыстан ат ары­тып келген қонақтар ең әуелі Биғаш ауылы маңындағы Бармақ батырдың мазарына тәу етіп, құран бағыштап, тұлғаның өсіп­өнген мекені Торғай өңірінен әкелінген топырақты ке­сене ішіне салып, құлпытасты салтанатты түрде ашты. Бұл күні батырдың ұрпақтары мен оның өмірін зерттеп жүрген тарихшы­ғалымдар Есілдің жағасында туып,

Ертістің сағасында жаумен айқаста жан тапсырған есіл ердің ерліктерін еске алды. Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының абайтану бөлі­мінің меңгерушісі Серікқазы Қора­бай Бармақ батыр туралы құжат жү зінде деректер аз болғанымен, ел аузындағы әңгімелерде, жырлар да есімі жиі кездесетінін айтады.

2015 жылға дейін ұрпақ та­ры ның өзі қайда жер ленгенін

білмей келген Бармақ батыр мазарының орнын анықтаған Қайрат Малғаждаров батыр тура­лы ең алғаш 1986 жылы Қарғалы ауылындағы 8 жылдық мектепке мұғалім болып келгенде соғыс ардагері Тұрды Оспановтан естіп, білгенін айтады. Ал батырдың 8­ші ұрпағы, бұрын Ақтөбе облысының Ойыл ауда нында тұрған, бүгінде Алма тыны мекен етіп жатқан ғалым Қуандық Нұршин биыл

даңқты бабасының нақты туған жерін де анықтағанын жеткізді. Керей мен Уақ руына қолбасшы болған батыр Солтүс тік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданының Уро жайный ауылының оңтүстік жағында 6­7 шақырымдай жерде, Есіл өзенінің шығысқа кілт бұрылған тұсында дүниеге келген екен. Тұлға өмірін індете зерттеп жүрген тарихшының айтуын ша, Бармақ батыр 1723­1757 жылдар аралығында Шұбартеңіз, Бұлан ты­Білеуті, Аягөз, Ақшәулі, Шаған, Шорға, Көкпекті секілді қазақ­жоңғар шайқастарының барлы­ғына қатысқан көрінеді.

Биғаш ауылынан кейін алыстан келген қонақтардың қатысуымен Көкпекті ауылында Бармақ батыр­дың кеуде мүсіні салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шара ба­рысында батырдың құлпытасы мен кеуде мүсінін орнатуды өз мойнына алған Қазақстанның Ең­бек Ері, Қостанай облысындағы «Қарасу» компаниясының бас дирек торы Алмат Тұрсынов баба есімін ұмытпай, мазарын бүгінгі күнге аман­есен жеткізген Көкпекті жұртшылығына алғысын айтты.

Шығыс Қазақстан облысы,Көкпекті ауданы

Бармақ батырға ескерткіш қойылдыТАҒЗЫМ