8
Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі тЖ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы (ркШОЖ) Жаңақала ауданында да ойдағыдай өтті. №45 (7704) 09/11/2018 ж. www.zhanarganonir.kz [email protected] www.facebook.com/zhanargan_onir www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress Оқу-жаттығу ойдағыдай өтті Аудандық қоғамдық-саяси газеті А ғымдағы жылдың 1 қараша күні сағат таңғы 08.00-де Жаңақала ауданының оқу-жаттығу шта- бына «Дабыл-1001» дабылы қабылданды. Осыған орай «Қазақтелеком» АҚ БҚФ аудандық телекоммуникация- лар торабы арқылы аудандық азаматтық қорғау мемлекет- тік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі басқару органдарына, жедел әрекет ету жасағына хабарланып, аталған құрам жаттығудың басшылық шта- бына толық құрамда жиналды. «Қыс-2018» РКШОЖ басшысы А.Мұқамбетжанов басқару штабына жиналғандарды жаттығудың мақсатымен таныстырған соң, аудандық қызметтердің және шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы пысықталып, азаматтық қорғаныс күштері мен басқару органдарының жаттығуға әзірліктері нақтыланды. Оқу-жаттығу барысында аудан әкімінің орынбаса- ры А.Мұқамбетжанов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жалпы байқауға 37 техника және 75 адам тартылды. Б.Калимулдин шұғыл әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың ал- дын алу және жою шаралары дайындығына байқау өткізді. Оқу-жаттығуға инженерлік, автокөлік, жол және көпірлер, медициналық, өртке қарсы, радиациялық-химиялық, жану- арлар мен өсімдіктерді қорғау, сауда, қоғамдық тәртіпті сақтау, хабарлау және байланыс, энер- гетика, газ жүйесі және ақпарат қызметтері қатысты. Жалпы байқауға 37 техника және 75 адам тартылды. Оқу- жаттығуға қатысқан аумақтық кіші жүйесі басқару органдары, күштер мен құрылымдардың және шұғыл әрекет ету жасағы құрамының дайындығы «жақсы» деген бағаға ие бол- ды. Нұрғали ҒАББАС Құðìåòò³ îқûðìàíäàð! «Æàңàðғàí өң³ð» ãàçåò³íå 2019 æûëäûң á³ð³íø³ æàðòû æûëûíà æàçûëó áàñòàëäû. æåêå îқûðìàíäàð үø³í – 1270 òåңãå. ìåêåìåëåð үø³í – 1800 òåңãå. Ãàçåò èíäåêñ³ 66884 6 àéғà Еңбек дауы сотта шешілмек 5-бет. Оңалту орталығы неге оңалмай тұр немесе ем алушылар неге алаңдаулы? 3-бет. Қамкөңіл жандарға құрмет 2-бет.

Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

  • Upload
    others

  • View
    39

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

Қазақстан республикасы Ішкі істер министрлігі тЖ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық

оқу-жаттығуы (ркШОЖ) Жаңақала ауданында да ойдағыдай өтті.

№45 (7704) 09/11/2018 ж.

www.zhanarganonir.kzzһ[email protected]/zhanargan_onir

www.facebook.com/zhaikpresstwitter.com/zhaikpresswww.instagram.com/zhaikpress

Оқу-жаттығу ойдағыдай өтті

Аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ағымдағы жылдың 1 қараша күні сағат таңғы 08.00-де Жаңақала

ауданының оқу-жаттығу шта-бына «Дабыл-1001» дабылы қабылданды. Осыған орай «Қазақтелеком» АҚ БҚФ аудандық телекоммуникация-лар торабы арқылы аудандық азаматтық қорғау мемлекет-тік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі басқару органдарына, жедел әрекет ету жасағына хабарланып, аталған құрам жаттығудың басшылық шта-бына толық құрамда жиналды. «Қыс-2018» РКШОЖ басшысы А.Мұқамбетжанов басқару штабына жиналғандарды жаттығудың мақсатымен таныстырған соң, аудандық қызметтердің және шұғыл әрекет ету жасағының дайындығы пысықталып, азаматтық қорғаныс күштері

мен басқару органдарының жаттығуға әзірліктері нақтыланды.

Оқу-жаттығу барысында аудан әкімінің орынбаса-ры А.Мұқамбетжанов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Жалпы байқауға 37 техника және 75 адам тартылды.

Б.Калимулдин шұғыл әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың ал-дын алу және жою шаралары дайындығына байқау өткізді.

Оқу-жаттығуға инженерлік, автокөлік, жол және көпірлер, медициналық, өртке қарсы, радиациялық-химиялық, жану-арлар мен өсімдіктерді қорғау, сауда, қоғамдық тәртіпті сақтау, хабарлау және байланыс, энер-гетика, газ жүйесі және ақпарат қызметтері қатысты.

Жалпы байқауға 37 техника және 75 адам тартылды. Оқу-жаттығуға қатысқан аумақтық кіші жүйесі басқару органдары, күштер мен құрылымдардың және шұғыл әрекет ету жасағы құрамының дайындығы «жақсы» деген бағаға ие бол-ды.

Нұрғали ҒАББАС

Құðìåòò³ îқûðìàíäàð!«Æàңàðғàí өң³ð» ãàçåò³íå

2019 æûëäûң á³ð³íø³ æàðòû æûëûíà æàçûëó áàñòàëäû.

æåêå îқûðìàíäàð үø³í – 1270 òåңãå.ìåêåìåëåð үø³í – 1800 òåңãå.

Ãàçåò èíäåêñ³ 66884

6 àéғà

Еңбек дауы сотта шешілмек

5-бет.

Оңалту орталығы неге оңалмай тұрнемесе ем алушылар неге алаңдаулы?

3-бет.

Қамкөңіл жандарға құрмет

2-бет.

Page 2: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

2 АҚПАРАТ“Жаңарған өңір”

№45 (7704) 09/11/2018 ж.

Арман БерДАлин:

Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік

қызмет істері және сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы республикалық арнайы монито-рингтік топ мүшелері келді.

Агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директо-ры Арман Бердалин, БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов Жаңақала желілік өндірістік басқармасында, халыққа қызмет көрсету орталығында, Жаңақала мектеп-гимназиясы мен Жаңақала колледжінде бо-лып, мекемелердің тыныс-тір-шілігімен танысты. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында тұрғындарды жеке қабылдап, түрлі мәселелеріне құлақ түрді. Одан әрі еңбек ұжымдарымен кездесу өткізіп, республикалық арнайы мо-

ниторингтік топтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әр қызметші өзгерісті өзінен бастауы керек-тігін айтты. Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына кез келген тұрғынның өз көкейіндегі ой-пікірін жолдауға толық мүмкіндігі бар екенін, жұртшылықпен кері байла-ныс механизмдерін жетілдіру бағытындағы қолға алынған бастамалар уәкілетті органның ашықтығының дәлелі екенін атап өтті.

– Қазіргі таңда жемқорлықтың жолын тосып, соған бөгет жасап жатырған мәселелерді бәріңіз көріп жүрсіздер. Бірақ, біз жемқорлықпен күреспес бұрын, оның алдын алуды мақсат еттік. Қазынадан бөлінген қаржыны қоғам болып бақылайық, ел болып бірігіп, жемқорлыққа

«Қазына қаржысын қоғам болып бақылайық»

қарсы күш біріктірейік де-ген мақсатта ауданға келдік. Жемқорлықты жеңуге болады – деді А.Бердалин.

Елбасының бастауымен жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының ба-сым бағыттарының қатарына кірген. Агенттік қоғаммен тығыз байланысқа, азаматтар-мен тікелей қарым-қатынасқа үлкен мән береді. Осындай

кездесулер мен шаралар біздің өңірлердегі тұрғындармен әңгімелесуге, толғандыратын мәселелерді көтеруге сеп. «Ба-тпандап кірген ауру мысқалдап шығады» дегендей, біз қоғам болып бірігіп, бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде ғана жеңіске жете аламыз. Агенттік әрқашан халықпен ашық диалог жүргізуге дайын. Республиканың кез келген тұрғыны агенттік

төрағасының «Facebook» және «Telegram» желілерінде жеке парақшасына тікелей байла-ныс орната алады. Арнайы мониторингтік топ облыстарға сапарын қорытындылап, тиісті министрліктерге, мекемелерге халықтың ұсыныстарын жеткі-зеді.

– Біздің мақсатымыз – тек қана ел аралап, сіздермен сұқбат құру емес. Шалғай ауылдардағы халықтың ұсынысын тыңдау – басты шаруамыз, – деді жиында сөйлеген сөзінде ҚР Мемлекет-тік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин.

Жаңақала ауданында болған келелі кездесулерді аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин қорытындылады.

Ақсұңқар СәДІр

Қазан айының 29 жұлдызында аудандық мәдени-демалыс орталығында қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуіне орай «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жо-басын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу жөнінде облыс әкімі жанынан құрылған жұмыс тобымен кездесу өтті.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Еслямғалиева төраайымдық еткен алқалы жиынға жұмыс тобы өкілдері – облыстық тілдерді дамы-ту басқармасы тілдерді дамыту және көрнекті ақпаратты бақылау бөлімінің басшысы Гүлнар Әлжанова мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессо-ры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов арнайы келіп қатысып, аудан активі, ұстаздар қауымы, кіта-пханашылар және бөлім басшыла-рымен жүздесті. Жиында сөз алған Г.Әлжанова қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын түсіндірсе, Ғ.Хасанов жиналған жұртты тәрбиелік мағынасы зор әңгімесімен ұйытып, қазақы мәдениет пен тәрбие аясында сұқбат құрды.

Одан әрі жұмысшы топ өкілдері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы-на орай ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілетінін хабарлады. Барлық өңірде бір мезетте, яғни 14 қараша күні сағат 11:00-де өтетін жалпыхалықтық диктант жазуға ауданы-мыздан 15 жастан жоғары 4789 адамның қатысуы жоспарлануда.

Нұрғали ҒАББАС

Мектептен тыс тәрбие орталығы балалар мен жасөспірімдерге өз мүмкіндігін білуіне, сабақтан тыс уақытта әр баланың қызығушылығына, қабілет-қарымына, дарынына қарай жан-жақты дамуына қолғабыс етеді. Балалардың белсенділігін, жеке іс-әрекетін, шығармашылығын шыңдау мақсатында әртүрлі шараларға қатыстырып, әрқайсысының ұнайтын іспен айналысуына жағдай жасайды. Оқушылар үйірмелерге ынтала-на қатысады. Осы үйірме

жұмыстарының нәтижелерін өткізіліп жатқан шаралардан байқауға болады.

Осы орайда балалардың күзгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыруды көздеген С.Тулепова мен С.Қарекенова жетекшілік ететін «Самғау» және «Театр әлемі» атты қос үйірме бірлесіп, қойылым ұсынды.

Актерлік бағытқа тәрбиелейтін қойылымның атауы «Мәңгілік ел - мәңгілік тарих». Мақсаты - қазақ тарихының ең жарқын бет-

терін паш ету. Сол кезеңдегі бабалардың аңсаған арманы – біздің буынның бақытына бұйырғанын, оны сақтау пары-зымыз екенін ұғындыру.

Қойылымда қазақ елінің үш мың жылдық тарихы мен қазіргі заманауи келбеті-нен көріністер сахналанды. Оқушылар еліміздің ұлт, халық болып қалыптасқан тарихи кезеңдерін көркемсөзбен, ән-күй, бимен әрлеп, өз шеберлік-терін іс жүзінде көрсетті.

Жеткіншектердің демалыс кезінде бос жүріске салын-

бай, шараларға айрықша ынта-жігермен, асқан қызығушылықпен қатысқаны сүйсіндірді.

Шара барысында мектеп-тен тыс тәрбие орталығының директоры Ғ.Бекжанқызы және ата-аналар балалардың өнеріне баға беріп, енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан шығармашылық жолдарына сәттілік тіледі. Қойылымға қатысқан барша өнерпаздарды алғысхаттармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

А.БАҚЫтОВА

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі және Жаңақала аудандық ерікті мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен

Жұмыс тобы өкілдері Жаңақалада

Көрерменін қуантқан қойылым

Қамкөңіл жандарға құрметмүгедектер күніне және Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз» атты шара өтті.

Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбаса-ры Ж.Нұрғожин ашып, ізгі тілегін білдірді. Одан әрі аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі

жандардың қоғам назарынан тыс қалмайтынын тілге тиек етті.

Мұнан кейін мүмкіндігі шекте-улі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем сөз аталымдары бойынша байқау ұйымдастырылды. Байқау қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен сый-сияпаттар табыс етілді.

Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жандар «Ағайын» кафесінде әзірленген дастарқаннан дәм татты, ұйымдастырушыларға ақжарма алғыстарын жеткізіп, көтеріңкі көңіл күйде тарады.

Қ.ҚұМАрОВ

Page 3: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

Мәселе 3

Облыс аудандарымен қоса республикамыздың түрлі өңірлерінен, тіпті көршілес Ре-сейден ем іздеген науқас жандар осы оңалту орталығына бірнеше мәрте келіп, дертіне шипа табу-да. Емделушілердің мұнда жыл құсындай қайта айналып соғуын орталықтың беретін емінің жемісі деп білеміз. Оның нақты дәлелі ретінде газетімізге үнемі оңалту орталығының ұжымына алғыс айтып жазған ем алушылардың хаттары мен мекемедегі 4 томға айналған алғыс дәптерін айтар едік. Балдаққа сүйеніп келіп, мұндағы көрсетілген ем-домның арқасында екі аяқтарымен жүріп кеткен науқастар да аз емес. Солардың бірі – республикалық ерекше тәуекелді сарбаздар қоғамының төрағасы Есім Бектілеуов ағамыз. Мұндай жандардың ауданымыздағы сауықтыру орталығына айтар алғыстары шексіз.

Алайда ядролық зымырандардың жарылысынан жапа шегіп немесе басқалай да дерттеріне дәру таппаған жандарға үміт сыйлап, тән жарасымен бірге жан жара-ларына да шипа боп жүрген орталықтың бүгінгі жағдайы мәз емес. Бұл жерде ем алып жатқан науқастар оңалту орталығының бүгіні мен ертеңіне алаңдаушылық танытып, редакциямызға бірнеше мәрте қоңырау шалды. Ем-домым-ен ерекшеленген мекеменің қазіргі күйіне қынжылған бірнеше науқастың уәжінен соң біз Жаңақала ауданаралық оңалту орталығының есігін қағуға мәжбүр болдық. Ем алушыларды алаңдатқан жайт, ол – орталыққа бөлінетін қаражаттың күрт қысқаруы

2009 жылы Жаңақала ауданы орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде және халықтың сұрауымен, жергілікті Парламент депутаттарының ықпалымен «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарынан зардап шеккен адамдарды сауықтыру бағытында 100 орындық «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы салынған болатын. Сол жылдан бастап аталмыш орталықтан бүгінгі таңға дейін 14 мың адам ем алып, сауығып шыққан екен. Оңалту орталығында қазір 5 дәрігер, 28 медбике, 2 емдік дене шынықтыру маманымен қоса 71 техникалық маман, барлығы 106 қызметкер жұмыс жасайды. Орталықтың негізгі емінің көзі – емдік дене шынықтыру жаттығулары болып табылады. Сонымен қоса мұнда тұзды шахтамен емдеу, оттекті коктейль, балшықпен емдеу, парафинмен емдеу, қауыз, бальнеологиялық тұзды ванна, уқалау-ысу және тағы да басқа емдеу түрлері бар.

Оңалту орталығы неге оңалмай тұр немесе ем алушылар неге алаңдаулы?..

екен. Емделушілер қаржы тапшылығы толыққанды ем алып, тынығуларына кері әсерін тигізетін болғандықтан, бұл мәселені республика деңгейіне дейін көтеріп, тиісті органдарға хат жолдағандарын да жасыр-мады. Кеше ғана науқастардың ықыласына бөленіп, ем-домда-рымен көршілес елдерге дейін таныла бастаған еліміздегі жалғыз оңалту орталығының қаржысын шектеудің салдары неге соқтыратынын анықтау мақсатында орталықтың ди-ректоры Қобылан Бекеновпен тілдестік.

– Біздің орталық 2009-2016 жылдар аралығында әр адамды 20 күннен, жылына 1500 адам-ды емдеуді жоспарлап, қызметін мүлтіксіз атқарып келді. 2016 жылы бұл көрсеткішке өзгеріс енгізіліп, емдеу күнін 14 күнге қысқарту арқылы қабылданатын адам саны 2250-ге жеткізіл-ді. Осыған орай қаржымыз да

жылдан-жылға өсіп келе жат-ты. Бұрын бізді медициналық қызметтерді қаржыландыру комитеті қаржыландырушы еді. Олар 2016 жылы 144 млн. теңге бөлсе, 2017 жылы бұл қаржыны 169 млн. теңгеге көбейтті. Ал биыл, яғни 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, қаржыландыру көзі медициналық сақтандыру қорына ауысып, қаражат республикалық бюджеттен бөлінетін болды. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылдың 5 қыркүйегіндегі №10 қаулысы негізінде жаңа стандарттар бекітілді. Осы стандартқа сәйкес қазір 1 күндік жатын орынға 4264,89 теңге тиесілі. Мұның ішіне ем алушының жататын орны, тамағы, емі және мекеменің газы, жарығы, суы секілді коммуналдық қызметімен қоса қызметкерлердің жалақысы да кіреді. Түсінген адамға, әрине, аз. Бұл біздің қызметімізге

“Жаңарған өңір”№45 (7704) 09/11/2018 ж.

кері әсерін беруде. Мәселеден Мәжіліс депутаттары да, облыс басшылары да хабардар. Қазіргі таңда осы мәселені шешу жолы ретінде бізге ем алушылардың санын көбейту арқылы ақшаны көбейту ұсынылып отыр. Бүгінде жылына қабылданатын адам санын тағы да 211 адамға көбейттік. Бұл әдістің де кем-шін тұстарын көріп жатырмыз. Адам саны ұлғайғандықтан кезек те көбейіп, ем алушы-ларды қабылдай алмай, қолайсыздықтар орын алу-да. Қаржы мәселесіне бай-ланысты бүгінде орталықта оңтайландыру жүргізіп жатыр-мыз. Тиісті 123,5 штат болса, оңтайландыруға байланысты қазір өз еркімен жұмыстан шыққан қызметкерлердің орнына қызметкер алмай отырмыз. Сонымен қоса дәрі-дәрмекпен емдеу процедурасын тоқтатып, физиотерапия емін күшейтудеміз. Қауыз арқылы ем-деуді де қазір тоқтатып қойдық. Себебі қауызды ұстап тұру үшін айына 100 мың теңге қаржы ке-рек. Сондай-ақ, ем алушыларға берілетін азық-түліктің айран, жеміс-жидек секілді түрлері де кей кездері кешеуілдеп келеді. Өйткені, азық-түлікті тендер арқылы жеңіп алған ауданның кәсіпкерлеріне дер кезінде ақша аудара алмай-мыз. Ал олар айналымға түсетін қаржылары уақтылы

аумағандықтан азық-түліктің кейбір түрлерін кешігіп алып келіп жатады. Қайта мұндай келеңсіздіктерге науқастарымыз түсіністікпен қарап, сабырлылық танытып отыр. Ендігі үмітіміз Елбасымыздың Жолдауында. Елбасының биылғы Жолдауда медицина саласына көңіл бөлу қажеттігін атап айтқаны ке-удемізде үміт отын жаққандай болды, – деген орталық дирек-торы оңалту орталығына оң көзқарас болмаса, жағдайдың түзелуі екіталай екенін жасыр-мады.

Осы мәселеге орай ем алушы-лардан пікір алмақ ниетпен оңалту орталығын аралап жүріп, ескіріп, тозығы жеткен жиһаздарды да көзіміз шалды. Сұрастыра келе бұл жиһаздар орталық құрылғаннан бері еш жаңартылмағанын білдік. Жиһаздар түгілі, ем-деу аппараттарының өзі де сол ашылған кезден бері 10 жылға жуық ауыстырылмаған екен. Жиһаздар тек ұжымның ұқыптылығының арқасында қирап қалудан аман тұрса, емдеу аппараттары жыл сай-ын облыс орталығынан келген арнайы мамандардың жөндеуінің арқасында жұмыс жасап тұр. Заман бір орында тұрған жоқ. Соның ішінде қазіргі жаһандану дәуірінде технологияның ай санап жетіліп, жыл санап жаңарып жатқаны бәрімізге аян. Ендеше, көштен қалып қойған оңалту орталығының да емдеу аппаратта-рын жаңарту қажеттігі айтпасақ та түсінікті.

Иә, «ауруын жасырған өледі» демекші, еліміздегі бір түйір оңалту орталығының бүгінгі мүшкіл халін жасырып отыру жөнсіз. Керісінше, дер кезінде дабыл қағып, сынақ алаңына айналған ел-жұртымыздың шипа табар жалғыз орталығын аман алып қалмасақ, кешегі Кеңес өкіметінен кейін қаңырап бос қалған ғимараттардай күй ке-шпесіне кім кепіл, ағайын?!

Нұрғали ҒАББАС

Есенболат ИхСАНОВ, зейнеткер:

– Ауданаралық оңалту орталығына биыл алтыншы рет келуім. Орталықтың емімен қатар, ұжымына, соның ішінде медбикелер мен дәрігерлердің қарым-қатынасына дән ризамыз. «Жақсы сөз жанға дауа» деген-дей, жылы қабақ пен науқасқа деген құрмет – біз үшін ерекше ем. Мұнда келген әрбір науқас дертіне шипа тауып, тек қана алғыс айтып кетіп жатады. Дегенмен, біз оңалту орталығының ертеңі үшін қобалжулымыз. Күнделікті ем-домымыздың кейбіреуі қысқаруда, орталық қаржысының кеміп кеткені байқалады. Біз секілді буындары сырқырап, белдері қақсаған үлкен кісілер үшін бұл орталық таптырмас оңалту орны. Осы орталыққа жатып, ем алып шыққаннан кейін жанымыз сауығып, тәніміз тынығып қалады. Енді қаржы мәселесі тез арада шешілмейтін болса, Үкіметтің қыруар қаржы жұмсап салған орталығының ертеңі бұлыңғыр болары сөзсіз.

Амангелді УәЛИЕВ, ем алушы, Жәнібек ауданы ардагерлер кеңесінің

төрағасы:

– Мен Жәнібек ауданынан келіп ем алудамын. Оңалту орталығына биыл бесінші мәрте келуім. Бұл жердің ауасының өзі бір керемет. Таңертең тұрып таза ауада жүріп қайтамын. Соның өзіне сергіп, бір тынығып қаламын. Ал мекеме ұжымына алғыстан басқа айтарым жоқ. Жылда бойыма үлкен күш жинап, бір серпіліп қайтам. Ауылдастарыма да үнемі демалуға кеңес беріп жүремін. Бес мезгіл тамақтанамыз, уақтылы емімізді аламыз, содан басқа бізге не қамқорлық керек?

«Ел құлағы елу» дейді ғой халқымыз. Әңгіме барысында көптеген науқастардың ауруына ем таба білген орталықтың жағдайы нашар екенін, жыл сайынғы бөлінетін қаржысының кеміп кеткенін естіп жатырмыз. Әрине, бұл қуанарлық жаңалық емес. Елбасымыздың мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне жағдай туғызу керектігін айтып, жыл сайын Жолдау жолдап отырғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан естіп, біліп жүрміз. Осыған орай Жаңақаланың оңалту орталығына да тиісті деңгейде көңіл бөлінетініне мен өз басым сенімдімін.

Page 4: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

4 әлеУМеТ“Жаңарған өңір”

№45 (7704) 09/11/2018 ж.

Апталық Қазақстан Республикасының Әнұранымен шымылдығын түріп, оқушылар мәнерлеп өлең оқыды. Бұдан соң «Қазақ тілі – ұлттың негізі» тақырыбында бейне-фильм көрсетілді. Онда қазақ тілінің қалыптасу кезеңдері сипатталды. Одан кейін 5-6 жас аралығындағы балалардың арасында «Бала тілі – бал» атты 4 бөлімнен тұратын сайыс өтті. Әр бөлімнің тапсырмаларын балалар мүлтіксіз орындап, бел-сене қатысып отырды. Әсіресе, сурет бойынша әңгіме құрауда Ғилым Манура мен Манарбек Сезім өз ойларын бүкпесіз жет-кізіп, көрерменді таңғалдырды. Ән айтуда Төлеген Нұртілеу әже туралы әнді нақышына келтіре орындап шықты. Сержан Асылмұрат пен Ешкай Рысжанның оқыған өлеңдері де айрықша әсер қалдырды.

Отбасылық сайыс өтті

Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы спорттың бұқаралығын қамтамасыз ету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Елбасының сындарлы саясатының негізі – адам және оның денсаулығы. Спортпен шыныққан жас ұрпақ – қоғамның басты байлығы. Осы мақсатта Қырқопа ауылдық округінде мектеп әкімшілігі, қоғамдық ұйымдар, мәдениет үйі, кітапхана, әкімшілік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен спорт алаңында «Толағай» отбасылық сайысы өтті. Шара арқылы адам денсаулығының бағалы байлық екенін, сымбатты мүсін, мықты денсаулық иесі болу үшін спортпен шұғылданудың маңызын түсіндіру мақсат етілді. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де таза-руы, денсаулығының жақсаруы. Сондықтан біз салауатты өмір салтын ұстануға әуелі өзімізді тәрбиелеуіміз керек.

Сайыс Қуанғалиев, Жанғалиев, Тілеубергенов, Жамешов сынды отбасылардың атсалысуымен өтті. Сайыс шар-ты бойынша әр отбасының өзін таныстыруынан басталып, одан әрі түрлі кедергілерден доппен өту, арқан тартыс, секіртпемен секіру, тағы басқа эстафе-та ойындарымен жалғасты. Жанұя мүшелерінен ептілікті, жылдамдықты, шеберлікті талап ететін бұл додада топ жарған отбасы анықталып, сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етілді.

Шараға кәсіпкер Каримова Жасқалам демеушілік көрсетті. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетуі, бойындағы алғашқы адамгершілік бел-гілері отбасында қалыптасады. Ауылымызда дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында осын-дай шаралар әлі де жалғасын табады.

Маржан ЕрМЕкОВА, ардагер ұстаз

Шәкен Күмiсбайұлы әдебиет айдынына, оның iшiнде балалар

әдебиетiне 1963 жылдан берi қалам тербеп келе жатқан жазушы, балалар әдебиетінің майталманы, осы саланың «жілігін шағып, майын ішкен»

сөз зергері, бүгінгі балалар әдебиетіндегі нар жүгін көтеріп тұрған тұлғалардың бірі.

Кештің мақсаты – балалар әдебиетінде өзіндік орны бар Шәкен Күмісбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере оты-

рып, шығарманың құдіретін сезіну, тіл шұрайын тану, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу, адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау еді.

Бата беру – біздің күнделікті өмірімізде ісіміздің алға басуына,

тұрмысымыздың оңалуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, ұрпақ тәрбиесінде де айрықша рөл атқарып келеді. Бата – халықтық тәрбиенің қайнар көзі, заман таңбасы, әр дәуірдегі тәрбиенің пәрменділігін арт-тыру үшін қолданылған тәсіл. Батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке үндеу, ұмытыла бастаған ұлттық әдет-ғұрпымызды да-мыту, насихаттау, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу және батаның маңызы мен

мазмұнын түсіндіру мақсатында таяуда аудандық мәдени-дема-лыс орталығының қолдауымен, Жаңақазан ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Руха-ни жаңғыру» бағдарламасы ая-сында «Ата сөзі – бата сөз» атты аудандық батагөй қариялар фестивалі өтті. Фестивальге Жаңақала ауылынан Ғайниет Валиев, Бірлік ауылынан Сағын Есенғалиев, Қырқопа ауылы-нан Жасқайрат Төлеуғалиев, Көпжасар ауылынан Аманжан Салауатов, Жаңақазан ауылы-нан Зәйдолла Тілекқабылов, Жаңажол ауылынан Меңдібек Зейнеуов, Сарыкөл ауылынан Мұрат Қабиевтер қатысты.

Ұмытылып бара жатқан дәстүрді қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа насихаттаушы батагөй қарияларымыз бірінші айналым-да өздерін өлең шумақтарымен таныстырса, екінші айналымда алдын ала берілген тапсырма бойынша бата түрлерін жатқа айтты. Фестиваль соңында аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемдік жетек-шісі А.Сейтова бата түрлерін әдемі жеткізе білген батагөй аталарымызға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Ельмира ИхСАНОВА, Аққұс ауылдық клубының

жетекшісі

Жер телімдерін жалға алды

30 қазан күні әкімшілік ғимаратында Қазақстан Рес-публикасы Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін жалға беру бойынша кон-курс өткізді. Конкурстық комиссияның №2 хаттама-сына сәйкес жеңімпаздар анықталды.

№1 лот бойынша Мәстексай ауылдық ок-ругі, Жұбан қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 482 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Мұхтар Сапаров.

№2 лот бойынша Пя-тимар ауылдық округі, Қаратапау қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 500 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Ғайса Берғалиев.

№3 лот бойынша Пяти-мар ауылдық округі, Аққұс қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 400 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Ғазизжан Кари-мов.

№4 лот бойынша Пя-тимар ауылдық округі, Әлімбек 1 қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 900 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Нұрғали Ғаббасов.

№5 лот бойынша Пяти-мар ауылдық округі, Әлімбек 2 қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 400 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Хайрат Бекбо-латов.

№6 лот бойынша С.Меңдешев ауылдық ок-ругі, Онпішен қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 220 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Самат Үмбетов.

№7 лот бойынша Жаңақазан ауылдық ок-ругі, Әли қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 400 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Дина Меңдіғалиева.

№8 лот бойынша Жаңақазан ауылдық ок-ругі, Қатия қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 500 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Дамир Қарағойшин.

№9 лот бойынша Жаңақазан ауылдық ок-ругі, Бармақмола қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 500 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Нұрлыбек Сатыбаев.

№10 лот бойынша Көпжасар ауылдық ок-ругі, Айғожа қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 500 га, жалға беру мер-зімі 10 жыл. Жеңімпаз – Әділғали Шаймарданов.

№11 лот бойынша Жаңажол ауылдық ок-ругі, Тоқсоба қыстауы жер учаскесінің жалпы көлемі 400 га, жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз – Дамир Қарағойшин.

Б.ЖАрҚЫНОВ

Батагөй қариялар баршылық

Апталық зейінділерді анықтадыӘ.Жангелдин орта

мектебінде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбымен апталық өткізілді.

«Ана тіліңде елдігіңді, ерлігіңді жырлайсың» сайы-сында шығарма, эссе, өлең жазудан Айшат Ермекқалиева, Инабат Медхатов, Аяжан Ахметтердің еңбектері ерекше-ленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жетекшілігі-мен өткен «Абай, Махамбет оқулары» байқауында ақын өлеңдерін жатқа оқыған 7-сы-нып оқушысы Дилназ Құспанова І орынға ие болды.

«Ақын-жазушылар өмірінен бір дерек» зияткерлік ойынында түрлі деңгейлік тапсырмаларға оқушылар үлкен белсенділікпен қатысты. Бұл сайыста оқушылар ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтарға қанықты.

Одан кейінгі күндерде «Үш тілді білу – заман тала-бы» тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылып, түрлі оқу құралдары қойылды. Соның іші-нен әр оқушы қалаған нәрсесін үш тілде сөйлеп алуы керек бо-латын, зерек жеткіншектер бұл сыннан да мүдірмей өтті.

Бастауыш сынып оқушылары да шаралардан тыс қалмады.

«Ана тілі – жүрек үні» сайысына әр сыныптан бір оқушы ата-ана-сымен қатыстырылып, тапсыр-маларды бірге орындады.

Кітапханашы Мария Байғалиева «Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеде ақын-жазушылардың тіл туралы ұлағатты ойлары таныстыры-лып, жаңадан келіп жатқан оқулықтар, сол сияқты бүгінгі күннің жаңалықтары, өзгерістері де қамтылды.

Апта бойына оқушылар ше-шендік өнер иелерімен, ақиық ақындармен танысып, ұлы әрі дара тұлғаларымыздың, әдебиет жанашырларының тілге деген құрметінен, сүйіспеншілігінен бойларына қуат алып, тілге де-ген махаббатты сезіне білді.

Апта соңында осы жеңімпаз сыныптар, өнер-білімге бейім оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Болашақта осындай игі шаралар әлі де өз жалғасын табады деген сенім-демін.

Нұргүл АҚҚАЛИҚЫЗЫ, ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-

нің мұғалімі

«Дарабоздың данасы»Аудандық балалар кітапханасында жазушы Шәкен Күмісбайұлының 75 жасқа толуына

орай «Дарабоздың данасы» атты әдеби кеш өткізілді.

Шара барысында Жаңақала мектеп-гимназиясының ұстазы Гүлжанат Тілектесқызы жазушы Шәкен Күмісбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, әңгімелерімен таныстыр-ды.

Жазушыға арналған «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты кітап көрмесіне аудандық бала-лар кітапханасының кітапхана-шысы Салтанат Тұрарбекқызы қысқаша библиографиялық шолу жасаса, жазушының «Менің әкем», «Құпия», «Гүл мен нұр» атты шығармаларын кітапханашы мамандар кезекте-се айтып берді.

Оқушылар әңгіме, өлеңдерін жарыса орындап, жазушының шығармаларына деген ой-пікір-лерін ортаға салды.

Кеш соңында Г.Тілектесқызы аудандық балалар кітапханасының ұжымына алғысын жеткізіп, осындай шаралар жалғасын тапсын деген ниетін білдірді.

Айгүл МұхАМБЕтЬЯрҚЫЗЫ, аудандық балалар

кітапханасының кітапханашысы

Page 5: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

ел-ЖҰРТ 5

Жақында Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейінің ди-ректоры Аманжол Сәлімовтың жұмыстан себепсіз босатылғаны жөнінде әлеуметтік желіде алып-қашпа әңгіме тараған еді. Оны әркім сан-саққа жүгіртіп, түрлі жорамалдар жасап тастағаны рас. Біз аталмыш оқиғаның анық-қанығын білмек ниетте, жұмыстан шығарылған директордың және жұмыстан шығарған мемлекеттік мекеме – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уәждерін өз ауыздарынан тыңдағанды жөн көрдік.

Құзырлы мекеменің жұмыстан босату туралы бұйрығына келіспейтіндігін ашық білдірген Аманжол Сәлімов Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакциясына ар-найы келіп, өз ойын былай сабақтады:

– Сол күні жұмыста болмағанымның өз себебі бар. Жаңақаладан шалғай ауылда жәдігер жатқандығы жөнінде хабар естідім. Ал оған уақытында бармасаң, жоғалып кетуі мүмкін. Сондай жағдай болмасын деп таңғы 5-те тар-тып кеттім. Бірақ, бір күн бұрын қоңырау шалғанымда басшылар тұтқаны көтермеді. Барған соң ерте қайтамын ғой деп ойла-дым. Алайда көліктің дөңгелегі жарылып, жолда қалдым.

Күні бүгін бұл жағдай бойын-ша аудандық сотқа арыз түсірдім. Енді төрелігін сот айтсын деп отырмын, – деді А.Сәлімов.

Ал Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамы-ту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Еслямғалиева бұған мынадай уәж айтады:

– Аманжол Саясатұлы 2017 жылдың мамыр айынан бері Жаңақала аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарып келді. Және ол өз ісіне шын берілген, қызметіне қызығушылықпен

жұмыс жасайтын маман. Нақты айтқанда, бұл азамат музей директоры болғандықтан, мекеменің саясаты мен стратегиясын анықтап, ҚР тарихи және мәдени ескерт-кіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау мен пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіруі, жоспарлар, бағдарламалар мен жобаларды жасап, жүзеге асыруға басшылық етуі, музей қорындағы музей жәдігерлерінің сақталуы мен есепке алуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бірақ, Аманжол Саясатұлын жұмыс бабымен қанша іздесек те жұмыс орнынан таппаймыз. Өйткені, ол кісі дала кезіп, «құм көшті, сүйек шықты» деп ылғи орнында отырмайды. Сүйек шықса, оны зерттей-тін арнайы орталық бар. Бір емес, бірнеше рет жұмыста болмағанының куәсі болдық, оны қызметкерлері де растап береді. Осындай бірнеше рет қайталанған еңбек тәртібін бұзған әрекеті үшін ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 8-тармақшасына сәйкес атқарып отырған лауазымынан бо-сатылды. Бұл – Аманжол Саясатұлының қолынан іс келмейді деген сөз емес, оның атқарып отырған лауазымына жауапкершілікпен қарамағаны үшін қолданылған шара.

Иә, қалай десе де, еңбек да-уына соңғы нүктені әлеуметтік желідегі «белсенділер» емес, тек қана сот қоюы тиіс.

Алтынбек ЕрМЕкҚАЛИЕВ

Кез келген елдің экономикасының не-гізі – шағын және орта

кәсіпкерлік. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенске, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту ел экономикасын көтеруде маңызды орынға ие.

Жаңақала ауданы –шаруашылығын шалқытып, кәсібін күн санап көркейту арқылы мемлекетіміздің эконо-микасын дамытуға өзіндік үлесін қосып келе жатқан өңіріміздегі алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлерге Үкімет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп, аудан бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Нақты айтар болсақ, ауданда 2018 жылдың 1 қазанына дейін 1247 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Соның 76-сы заңды тұлға болса, 528-і жеке кәсіпкер, 643-і шаруа қожалықтары болып табылады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызды құрады. Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 116,8 пайыз немесе 3339,4 млн.теңге, жан басына шаққандағы бөлшек тауар айналымы 139,1 млн. теңгеге жетті.

Аудан бойынша өз кәсібін аша-

мын немесе одан әрі ұлғайтамын деген 128 адам несиелік ұйымдардан 9 айда 834,2 млн. теңге көлемінде несие алған. Соның ішінде;

– «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 5 адам 39,77 млн. теңге;

– «Жаңақала-Несие» ЖШС арқылы 49 адам 482,19 млн. теңге;

– «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 74 адам 312,25 млн.теңге несие алған.

Соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап-пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен 70 адам 260,75 млн. теңге несие алып, өз кәсіптерін ашып отыр.

Ағымдағы жылы ауданда халыққа қызмет көрсететін үш кәсіпкерлік нысан, яғни «Ernur-dent» стоматология орталығы, «Ағайындар» атты 100 орындық асхана мен такси қызметі және Қырқопа ауылынан 120 орындық кафе іске қосылды. Ағымдағы жылдың 31 тамыз - 29 қыркүйегі аралығында аудан орталығында 9 округтің қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде халыққа қажетті ет, балық, көкөніс, мал азығы, тағы

да басқа өнімдер сатылды. Сонымен қатар ауданда

Елбасы Жолдауын іске асырып, ел үшін аянбай тер төгіп жүрген кәсіпкерлер мен шаруалар жетіп артылады.

Солардың бірі – Хамит Сабенов (суретте). Жеке кәсіпкер 2006 жылы «Сабен» шаруа қожалығын құрып, мал шаруашылығын дамытып, халықты азық-түлікпен қамтып отыр. Осы жылдар ішінде 11 адамды тұрақты жұмысқа тар-тып, аудан халқына тиімді бағаға азық-түлік ұсынуда. Ол өткен жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Игілік» бағдарламасымен 6,0 млн. теңге және биыл аталған қордан «Сыбаға» бағдарламасымен көлемді несие алды

Хамит Сабенов аудан көлемінде өткізілген түрлі қайырымдылық шараларына белсенді қатысатын кең жүректі азамат. Қазіргі уақытта өз кәсібін ұлғайтып, дамыту мақсатында аудан орталығынан сауда үйі құрылысын жүргізіп, жыл аяғына дейін ашуды жоспарлауда. Хамит ағамыздай ел үшін тер төгетін жомарт жандар көп болғай!

тимур МұрАтОВ, аудандық кәсіпкерлік және

ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы

Қазіргі жаҺандану, ақпараттық сұраныс өсіп отырған заман-да дау-дамай мен жанжалдар санының өсуі заңды. Олардың санының өсіп қана қоймай, күрделене түсуі оны реттеудің жаңа тетіктерін іске қосуға түрткі болды деуге болады.

Татуласу - бұл біздің ата-бабаларымыздың ел ішінде жанжалдарды шешуде бұрыннан қолданып келе жатқан мәміле сөзінің басқа тілдегі (латын) баламасы. Осы орайда тарих беттеріне көз жүгіртсек, жеке адамдар арасындағы, тіпті, бір қауым ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы сияқты келелі тартыстардың барлығы билердің ұтқырлығымен, әділдігімен,

шешендігімен оң шешімін тауып отырғандығын көреміз. Сондай-ақ, дала билігінің дара тұлғалары Төле, Қазыбек, Әйтекелер бастаған дана би-леріміз ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, тоқсан рулы елдің дауын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтаған. Бүгінгі қоғамның демократиялық жаңаруы қағидатына дәлме-дәл келетін медиацияның түп-та-мыры өзіміздің дана бабала-рымыздан бастау алған десек, артық айтқандық емес.

Қазақ қашанда сөзге тоқтаған халық. «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «Ер шекіспей,

бекіспейді», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген мақалдар сондай тағылымның көрінісі іспеттес.

Медиация – жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс әрекеттер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастарда қолданылады.

Әлемдік тәжірибеге на-зар салсақ, медиация ірі

кәсіптерден бастап, неке-от-басы қатынастары мен дүниені бөлісуде, тіпті кейбір қылмыстық істерде де қолданылуда. Ал елімізде аталған құқық саласының кенжелеуіне себеп көп.

Біріншіден, медиацияның құқық қорғауда жаңа институт ретінде қалыптасуы. Екіншіден, құқық саласында тәжірибенің жетіспе-ушілігі. Үшіншіден, жарнама мен насихат жұмыстарының аздығы. Алайда «Көш жүре түзеледі» демекші, жыл сайын медиацияның ауқымы артып келеді. Аудан орталығындағы рухани орталық пен сот ғимараттарында арнайы медиация кабинеттерінің ашы-луы, бітімгер судьялардың жұмыс

істеуі, кәсіби және кәсіби емес ме-диаторлар санының артуы көңілге қуаныш ұялатады. Қоғамда жиі орын алатын даулардың медиация негізінде шешілуі сот және судья-лар үшін үлкен жеңілдік туғызары сөзсіз. Аталған заңның аясында тараптардың сот залынан қол алысып, татуласып шығуы екі жақ үшін де тиімді-ақ.

Біздің мақсатымыз – сотқа келіп түскен дауларды қарау кезінде тараптарға тиімді әрі әділ тұстарын көрсете отырып, татуласуға жәрдемдесу және дауларды сотқа дейін реттеудің жолдарын насихаттау.

Айдана рЫСҚАЛИЕВА, аудандық сот кеңсесінің

бас маманы

еңбек дауы сотта шешілмек

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш...

Сауда үйін салуда

“Жаңарған өңір”№45 (7704) 09/11/2018 ж.

Page 6: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

6 Айбын“Жаңарған өңір”

№45 (7704) 09/11/2018 ж.

“Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару – әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз. Әскер – біздің тәуелсіз мемлекетіміздің нақты қорғаны, оны ұстану тек парыз емес – үлкен абырой. Сіздің қызметіңіз – біздің тәуелсіздігіміздің кепілі, әр қазақстандық отбасының тыныштығы мен сенімі...” деген болатын Қазақстан Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Жауынгер болу – жауапты іс

Әскер қатарына қабылдау қалай жүзеге асады?

Азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндет-тілік негізінде Қарулы Күштерді жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін іс-шара-лар кешені. Әскери қызметке шақырылатын азаматтар шақыру қағазы бойынша жергілікті әскери басқару органының (әрі қарай қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің) комиссиясына келеді. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне бөлімнің лауазымды адам-дары немесе жұмыс орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады. Шақыру қағазында мерзімі, уақыты, қай жерге келетіні, кім қабылдайтыны көрсетіледі. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылатын азамат-тарды іссапарлардан шақыртып алуды, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскери шақыру пунктіне уақтылы келуін ұйымдастырады. Белгілен-ген күні азаматтар дәрігерлік комиссиядан өте бастайды. Медициналық куәландыру, яғни наркологиялық тестілеу, гепатит пен туберкулезге зертханалық зерттеу шара-лары, денсаулығы жайында мәліметтер алынады. Бірін-ші, аудандық тексерістен өтеді. Одан кейін қалалық бақылау комиссиясы қарайды. Әскерге шақыру комиссияла-

ры шақырылушымен, оның ата-анасымен, жұмыс жасап жүрген немесе оқып жүрген орындағы әкімшілік өкілдерімен әңгімелеседі. Әскерге жа-рамды дегендері арнайы комиссиясының іріктеуіне қатысады. Комиссия мүшелері әскерге шақырылушымен әңгімелеседі. Жеке әңгімелесу барысында шақырылушының моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, физикалық тұрғыда дамуы, жалпы білімі мен арнайы дайындығы, отбасы жағдайы туралы мағлұматтарға қол жет-кізіліп, психолог мамандардың сұрыптауынан өткізіліп, әскерге жарамдылығы анықталады. Одан кейін әскерге шақыру комиссия-сы әскерге жарамды азаматтар-ды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешім қабылдайды. Олардың өндірістік біліктілігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескереді.

1. Аэроұтқыр әскерлерін жасақтау үшін жалпы орта білім, жақсы дене бітімі бар, пара-шютші спортшылар қатарынан болуы шарт;

2. Республикалық Ұланды жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, жалпы орта білімі бар;

3. Жоғары білімі бар әскерге шақырылушылар оқу-жаттығу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери даярлық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі;

4. Математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген азамат-тар радиотехникалық, зениттік-зымыран бөлімдеріне, Қарулы Күштердің барлық түрлерінің,

басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың байланыс бөлімдеріне жіберіледі.

5. Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру факуль-теттерін бітірген әскерге шақырылушылар танк, авиация, зениттік зымыран бөлімдеріне және төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс бөлімдеріне, ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі;

6. Медицина және фармацев-тика факультеттерін бітірген болашақ сарбаздар Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға тиісін-ше кіші медициналық персонал лауазымдарға аттанады;

7. Оқу-жаттығу бөлімдеріне және сержанттарды, сарбаз мамандарды даярлауға арналған мектептерге кемінде жалпы орта білімі және жоғары моральдық қасиеттері бар әскерге шақырылушылар қатаң дербес тәртіппен іріктеледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінің өкілдері белгілен-ген тәртіппен келіп, болашақ сарбаздармен үш күн жұмыс атқарады. Алғашқы күні олар өздеріне тағайындалған азамат-тармен әңгімелесу жүргізеді. Келген дәрігер мамандар медициналық нәтижемен танысып, қабылдау немесе қабылдамау жөнінде шешім қабылдайды. Соңынан болашақ сарбаздар әскери қызметті өтеуге жөнелтіледі.

Көктем мен күзгі маусым – еліміздің барлық қорғаныс іс-тері жөніндегі бөлімдерінде қызу қарбаласқа толы кезең. Әскер жасындағы бозбалаларды тіркеу, шақыру, медициналық тексеру, психологиялық сынақтан өткізу,

Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып келген жауынгерлер көп. Сондай сарбаздардың бірі – жаңақалалық Рахман Бауыржанұлы Бигалиев (су-ретте).

Ол 1998 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылын-да дүниеге келген. 2014 жылы М.Жүнісов атындағы орта мектебінен 9-сыныпты аяқтап, 2017 жылы Жаңақала колледжінен электр монтері мамандығын алып шығады. Сол жылы қыркүйекте ҰҚК ше-кара қызметінің 2087 әскери бөліміне әскер қатарына алы-нады. Кейіпкеріміз жоғары оқу орнына құжаттарын тапсыр-мастан бұрын әскерге баруды жөн санапты. Себебі, ол «ер жігіттің ең бірінші міндеті – Отан алдындағы борышты орындау» деп санайды. Өзінен кейінгі екі інісіне үлгі болғысы келген жас сарбаз әскерден үйренгенім көп дейді.

– Әскерден келгеніме бір аптадай уақыт болды, – дейді Рахман әңгімеге тартқанымызда.

– Әскери орта мен үшін көп тосын жаңалықтар ашты. Қару ұстаудың қыр-сырын меңгеріп, темірдей тәртіпке шыңдалып, әскери ортаға қанық болып келдім. Ендігі мақсат – жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алу. Әскери қызметімді әрі қарай жалғастырып, келісім-шарт бойынша Отаныма қызмет ету. Қазіргі уақытта құжаттарымды жинақтап, келісімшарт бойынша қызметке дайындалып жүрмін, – дейді Рахман.

Жалпы Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет атқару абыройлы іс. Жалақысы да жоғары, әрі қызмет өткеру кезеңінде тегін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет, яғни, Қарулы Күштерде қызмет өткеру – әлемді көру, әлемнің әр тарабындағы оқу орында-рында әскери білім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сырттай оқу нысаны бойынша қосымша азаматтық білім алуға жол ашады, ол үшін еңбекақысы сақталатын оқу демалыстары қсынылады. Атап айтқанда әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметшілердің ертеңгі күнге сенімдері нық. Өйткені әлеуметтік қорғалады, барлық әскери қалашықтарда офицер мен оның отбасының жай-лы өмір сүруі үшін жағдай жасалған.

Тәуелсіз еліміздің берік қамалы, құрыштай мығым қорғаны – оның әскері. Әскері айбынды, қуатты елдің ғана абыройы биік болмақ. Әскер машығы – шыңдалу мектебі, үлкен өмірге дайындық. Жа-уынгерлік рухты сезіну, Отан алдындағы борышын адал атқару әрбір азаматқа сын. Сондықтан бүгінгі әскеріміздің қуаттылығы – тұғырымыздың тұрақтылығының кепілі.

Лаура ИЛЬЯСОВА, Жаңақала аудандық қорғаныс

істері жөніндегі бөлімнің инспекторы

іріктеу, қарым-қабілетіне орай әскер түрлеріне жасақтау секілді жауапты міндеттер жүктеледі. Биыл көктемгі және күзгі әскери шақыру науқанының нәтижесінде 1991-2000 жыл-дары туған 35 мыңдай азамат әскерге барады деп күтілуде. Соның ішінде наурыз-маусым айларында 17 мыңдай жас өрен әскерге алынады деп жоспар-ланса, бүгінде олардың басым бөлігі әскери антын қабылдап та үлгерді. Отан қорғауға бел буған жастардың 6 мыңнан астамы Қазақстан Қарулы Күштеріне, 7 мыңға жуығы Ұлттық Ұланға, 4 мыңдайы ҰҚҚ шекара қызметіне, 300-і Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды. Айта кетейік, күзгі әскер қатарына шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға және Мемлекет басшысының «ҚР азаматтарын 2018 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес жүргізіледі.

Тепсе темір үзетін шақтарында қару ұстап, сапта тұру – көп жігіттің арманы. Бірақ тіркеуден өтетін әскерге шақырылушылардың үштен бірі ғана Қазақстан әскерінің қатарын толықтыруда. Егемен елдің тыныштығын қырағы күзету, ата-бабадан қалған қасиетті жерімізді қорғау – әр сарбаз алдындағы айнымас міндет. Ал осы абыройлы мін-детті атқаратын сарбаздарды іріктеу, електен өткізу – үлкен жауапты іс.

Ел тыныштығын күзеткен жас сарбаз

Page 7: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

Меншік иесі:“Жайық Пресс” ЖШс

бас директор:Рауан сәбИТОВ

“Жайық Пресс” ЖШсЖаңақала аудандық “Жаңарған өңір”

қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы

Өмірзақ АҚбАсОВ

Газет ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде 2012 жылғы 19 қаңтарда тіркеліп №12261-Г куәлігі берілген

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасыболып есептелмейді. Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Мекенжайымыз: 090400 Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, М.Маметова көшесі, 4-үй. 2-қабат, 4,23,24,,26-бөлмелер.Телефон (факс) 21-7-55.

Белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет “Жайық Пресс”медиахолдингінде компьютерлікәдіспен теріліп, беттелді.“Полиграфсервис” ЖШС баспаханасында басылды.Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 27/6.

Газет аптасына 1 рет шығады.

Көлемі 2 баспа табақ. Тапсырыс: 45.Таралымы 2425 дана.

ХАбАР – ОШАР 7“Жаңарған өңір”№45 (7704) 09/11/2018 ж.

Еске алу2017 жылдың 28 қазан күні ауыр науқасқа

шалдығып, бірімізге іні, бірімізге аға болып арамызда шауып жүрген бауырымыз казимов Ержан Есқалиұлынан айырылып қалдық.

Сұм ажал қабырғамызды қайыстырып, ор-тамыздан арыстай азаматымызды алып кетті. Тағдырға не шара!

Биыл 4 қарашада 50 жасқа толар еді. Өмірден озғанына бір жыл болып та қалды. Сағынышпен еске алып, құран бағыштадық.

Артында қалған анасы мен бауырларының қолынан басқа не келеді?

Топырағың торқа, иманың жолдас болсын, бауырымыз!Осындай қиын кезеңдерде қолдау корсетіп, жанымыздан

табылған барлық ағайын-тумаға, бауырымыздың достарына, бірге оқыған сыныптастарына алғысымызды білдіреміз.

Еске алушылар: анасы және бауырлары

Жаңақала ЖОББМ ұжымы осы мектептің кіші қызметкерлері Муфтиев Өтеміс пен Ғайнеденова Гүлбануға әкелері

Муфтиев Мұраттыңқайтыс болуына орай қайғыларына ортақтасып, қайғырып

көңіл айтады.

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос

орынға конкурс жариялайды:1. Қызылоба ауылдық округіне жалғызбасты қариялар мен

мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер – 0,5 бірлік.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:– Әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық,

педагогикалық жоғары немесе арнаулы орта білімі бар маман.Функционалдық міндеттері:Жалғызбасты қариялар мен мүгедектерге үйде арнаулы

әлеуметтік қызмет көрсету.Қажетті құжаттар тізімі:1. Конкурсқа қатысу жөнінде өтініш.2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі.4. Еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі.5. Медициналық куәландырудан өткені туралы анықтама

(№086-у).6. «Әлеуметтік қызметкер» сертификаты.Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған

күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады:

Жаңақала ауылы, халықтар Достығы көшесі, №69.Анықтама телефондары: 21-9-30, 21-9-32.

Жаңақала ауданының аумақтық (аудандық) және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Жаңақала аудандық мәслихатының

хАБАрЫ«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық

Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты аумақтық (аудандық) және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру үшін ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Осыған байланысты саяси партиялардан аумақтық (аудандық) және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау 2018 жылдың 10 қарашасынан 26 қарашасына дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.

Үміткерлер туралы ұсыныстарды Жаңақала аудандық мәслихаты мына мекенжайда: Жаңақала ауы-лы, Халықтар достығы көшесі №44 үй, 213-кабинетте сағат 9-дан 18-ге дейін қабылдайды.

Аумақтық (аудандық) және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссиясы-на ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін аудандық мәслихатқа жолдайды, оған мына құжаттарды жалғайды:

1) сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан суырмаларды.

2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;

3) аумақтық (аудандық) және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беру туралы үміткердің аудандық мәслихатқа өтініші;

4) құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында аудандық мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдауды сұрайды.

Аудандық мәслихат хатшысы З. СИСЕНҒАЛИ

СООБЩЕНИЕЖангалинского районного маслихата о формировании нового состава территориальной

(районной) и учасковых избирательных комиссии Жангалинского районаВ соответствии с пунктом 3 ст.10 Конституционного Закона Республики Казахстан «О выборах в

Республике Казахстан» Жангалинский районный маслихат сообщает о начале принятия предложений по формированию нового состава территориальной (районной) и учасковых избирательных комиссии Жангалинского района.

Внесение предложений от политических партий о кандидатуре в состав территориальной (район-ной) и учасковых избирательных комиссии устанавливается в срок с 10 ноября до 26 ноября 2018 года. В случае отсутствия предложений от политических в установленный маслихатом срок, принима-ются предложений от иных общественных объединений.

Предложение о кандидатуре в состав территориальной (районной) и учасковых избирательных комиссии принимаются Жангалинским районным маслихатом по адресу: село Жангала, ул Халыктар Достыгы № 44, каб 213, с 9 до 18 часов.

Лицо, предлагаемое в состав территориальной (районной) и учасковых избирательных комиссии, должно соответствовать требованиям Конституционного Закона о выборах, согласно с пунктам 2-1 ст.19.

В указанный период политические партии и иные общественные объединения направляют в об-ластной маслихат списки кандидатур предлагаемых в избирательную комиссию, прилагая к ним:

1) выписку из протокола заседания органа политической партии или иного общественного объеди-нения, их структурных подразделений, имеющих соответствующие полномочия, согласно уставу, о предоставлении кандидата в состав соответсвующей избирательной комиссии;

2) копию документа о регистрации политической партии или иного общественного объединения, их структурных подразделений в органах юстиции;

3) заявление кандидата в районный маслихат о согласии на участие в работе территориальной (районной) и учасковых избирательных комиссии;

4) в целях исключения ошибок в анкетных данных при заполнении документов, районный маслихат просит к заявлению приложить копию удостоверения личности предлагаемой кандидатуры.

Секретарь районного маслихата З.СИСЕНҒАЛИ

Жаңақала ауылы тұрғындарының назарына!«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас

бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылдық округі, Жаңақала ауылы бойынша №5, №6, №9, №10, №12, №15, №17, №18, №20, №21, №22, №23, №25, №31, №33, №36, №51, №62, №69 көшелерге ұлттық келбетімізге сай атау беру жөнінде халық жиналысы өтетінін хабарлайды.

Өтетін уақыты: 2018 жыл, 9 желтоқсан, сағат: 16:00-де. Өтетін орны: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, «Рухани

орталық» ғимаратының мәжіліс залы.

№ Аты-жөні Санаты Үй берілген шешімі Үйдің мекенжайы1 Орынгалиева Анаргул Мемлекеттік қызметшілер, 2018 жылғы Жаңақала ауданы, Сагидуллина бюджеттік ұйымдардың 10 қыркүйектегі Жаңақала ауылы, қызметкерлері №5 шешімі Салықов көшесі, №1Б2 Лукбанов Бекет Халықтың әлеуметтік 2018 жылдың Жаңақала ауданы, Талапович жағынан осал топтары 1 қазан күнгі Жаңақала ауылы, №6 шешімі Меңдәлиев көшесі, №1Г3 Лепесова Жанзия Халықтың әлеуметтік 2018 жылдың Жаңақала ауданы, Ибетовна жағынан осал топтары 15 қазандағы Жаңақала ауылы, №7 шешімі Салықов көшесі, №54 Габбасов Жубаныш Жалғыз тұрғын үйі ҚР-ның 2018 жылдың Жаңақала ауданы, Карабалинович заңнамасында белгіленген 23 қазандағы Жаңақала ауылы, тәртіппен авариялық деп №8 шешімі Еділбаев көшесі, №15 танылған

Жергілікті мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы хабарландыру

Page 8: Аудандық қоғамдық-саяси газеті (7704) Оқу-жаттығуулі жандар арасында қолөнер, эстрадалық жанр, көркем

8 сОҢҒы беТ“Жаңарған өңір”

№45 (7704) 09/11/2018 ж.

Жаңақала ауылының тұрғыны, құдағайымыз Гүлбақша Алпысқызын 60 жасымен құттықтаймыз. Дені сау болып,

арамызда аман-есен жүре берсін.Құттықтаушылар: құдаңыз Оралбай,

құдағайыңыз тәрбие, осы тілекке бала-келіндеріміз де қосылады.

ҚұттықтаймызЖаңақала ауылының тұрғыны, Жаңақала колледжін-де ұзақ жылдан бері ұстаздық қызметін абыройлы атқарып келе жатқан Нұрекешов Мақсот Жәлелұлын 63-ке, Пайғамбар жасына толуымен құттықтаймыз.

Немере-жиендерінің ор-тасында ақылшы ата, асқар таудай әке, аяулы жар Мақсот Жәлелұлының деніне саулық, отбасына амандық тілей отырып, ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көріп, ұзақ ғұмыр сүре беруіне тілектеспіз.

Құтты болсын 63-ке келген жасыңыз,Қуаныштың кемерінен тасыңыз.Әрқашанда мықты болып денсаулық,Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.

Құттықтаушылар: Жаңақала колледжінің ұжымы

Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая болған қамқоршы әкеміз Ерғалиев Гиниетулла мен аяулы анамыз Бейшева Зәурешті лағыл тойларымен құттықтаймыз.

Некеде 40 жыл бірге тұрып, отбасы құндылығы мен берекесін қасиет тұтқан, өмірдің қызығы мен қиыншылығын бірге көрген ата-анамыздың ақыл-пара-саты бізге үлгі болып келеді.

Әкешім, анашым, сіздерге мықты денсаулық, мерейлі де берекелі отбасылық өмір тілейміз. Ұрпақтарыңыздың қуанышына бөленіп, ұзақ жасаңыздар.

Ақ тілекпен: бала-келіндері Жандос-Ақгүл, Айдос-Ақтолқын, Елдос-Лиза, Нұрдос-Нұргүл, қыз-күйеуі Амир-Гүлназ және немерелері

Сүп-сүйкімді де тәтті балапанымыз тұрарбек Ырысбек Медетұлын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз. Тәтті қылығымен, сүйкімді күлкісімен жүрегімізді елжіретіп, жаны-мызды жайлау еткен сәбиіміздің дені сау болып, болашақта ата-анасының үмітін ақтайтын азамат болып өсуіне тілекшіміз.

Күні кеше бесігіңді тербегем,Қыранымсың көкке құлаш сермеген.Өмір жасың ұзақ болсын құлыным,Қырсығынан сақта Құдай көлденең.

тілек білдірушілер: нағашы апа-жездесі Гүлсара-Махамбет, кіндік апатайы Алтынай,

бөлелері Мақсат, Мұрагер

Жаңақала ауылының кішкентай тұрғыны Айлин Нұржанқызын 8 қараша күні 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз. Әке-шешесінің бал шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын. Ата-анасының, нағашы ата-әжесінің қуаныш – қызығы болып жүре берсін.

Жасқа толған құлыншағым,Қандай тәтті шырын шағың.Ата-анаңның құшағында,Ұзақ болсын ғұмыр бағың.

Игі тілекпен: нағашы ата-әжесі Жангелді-Анаргүл, нағашы аға-жеңгесі Асхат-Фарида және бауырлары

Нұрға толы мейірімді де қамқор, өмірлік тірек әрі пана болар ақылшымыз, әкеміз Шәріпқалиев Нұрманғали Нұрғалиұлын 10 қараша күні тойлар 65 жасымен құттықтаймыз. Ауыртпалығы мен жақсылығы қатар жүретін өмірде абыроймен қызмет етіп, біздерді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ұяда түлетіп, қияға самғатып, білімді де мәдениетті азамат етіп қатарға қостыңыз. Сол үшін сізге алғысымыз шексіз.

Анамызбен бірге немерелеріңіздің қызығын көріңіз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілейміз.

Өмірде күндер кешіп жарасымды,Жинадың зерделі ой мен бар асылды.Әлі де ұзақ жасап ортамызда,Тойлайық бірге өзіңмен бір ғасырды.

тілек білдіруші: жолдасы Ираида, балалары және немерелеріПятимар жалпы орта білім беретін

мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әріптесіміз Биляшев Асқар Асанғалиұлын мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіз білім саласында ұзақ жылдар адал қызмет атқардыңыз.

Қазіргі уақытта ұжым үшін құрметті ұстазсыз. Сізге зор денсаулық, отбасы амандығын тілей отырып, жиендеріңіздің тәтті қылығына бөленіп, ұрпақтарыңыздың ортасында мәуелі бәйтеректей ұзақ жасаңыз дегіміз келеді. Ұстаздық еңбегіңізге толағай табыс тілеп, зейнеткерлік жасқа абыроймен жетуіңізге тілекшіміз.

Игі тілекпен: Пятимар ЖОББМ ұжымы

тілек білдіруші: жолдасы Ираида, балалары және немерелері

Аталмыш байқаудан Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз

мектебінің өнерлі шәкірттері мен оқытушылары жеңіспен оралды. Айта кетсек, аспапта орындаушылық номинациясы бойынша Е.Губайдуллиннің жетекшілігімен бақ сынаған Гүлсая Өмірзақова мен Айымгүл Мергенғалиева І орынға ие болса, Уахитов Аңсар ІІІ орынды иеленді.

Сондай-ақ Д.Каберовтың

шәкірттері де құралақан қайтқан жоқ. Мақсотов Ал-мас, кіші топ бойынша Ерген Ғиниятов бас жүлдені жеңіп алса, Талап Рахман ІІ орынды олжалады.

Аталмыш байқауда жоғары топ дәрежесінде бағын сынаған жас маман Дархан Ка-беров бас жүлдеге ие болып, халықаралық байқауға жолда-ма алды.

Осы айдың тағы бір жетістігі - бүлдіршіндер мен

мектеп оқушылары ара-сында ұйымдастырылған республикалық “Ақжелең” байқауының аспапта ойнау жанры бойынша Шыңғысхан Қайратов ІІ орын иегері атан-са, Сыйықов Дінмұхамед бас жүлдені қанжығасына байлап, халықаралық қорытынды байқауға жолдама алды (же-текші мұғалімі Е.Губайдуллин).

ұлпан НАУрЫЗҒАЛИ,Қ.Жантілеуов атындағы балалар

саз мектебінің оқытушысы

Өнерпаздар олжалы оралдыОрал қаласында Қазақстан таланттары шығармашылық дамыту орталығының

ұйымдастыруымен Құрманғазының 200 жылдық мерейтойына орай республикалық балалар мен жастар байқауы өткен болатын.

Ауданымыздың білім беру ошақтары қатарында шағын құрамды бастауыш мектептер де бар. Жылма-жыл сол ауыл мек-тептерінде сабақ беру барысында қолданылатын заманауи техникалық құрал-жабдықтар қатарының толықтырылуы қуантады. 2017-2018 оқу жылында «Интербелсенді тақта», «Bilim book» тақталары орнатылды. Бұл мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары үшін зор қуаныш.

Заңғар жазушы М.Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасын түсіне алмайды» деген екен. Жан жемісі – оқу, білім, тәрбие. Ал жан жемісін беретін – мектеп. Сол мектеп жүрегі – ұстаз. Ауылдық жердің мектебі болса да мектепте мамандар тұрақты қызмет етіп келеді.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұстаздар кезең-кезеңімен курстан өтуде. Жыл сайын өткізілетін аудан, облыс көлеміндегі семинарларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Өткен оқу жылында мектебімізде шағын құрамды мектеп мұғалімдері арасында «Жаңартылған білім беру аясында кездескен қиыншылықтар және оны шешу» атты дөңгелек

үстел өткізілді.Сонымен қатар оқушы жетістік-

тері де жоқ емес. Жеті оқушы халықаралық интеллектуалды сайыстарға қатысқаны үшін сертификат алса, Әйгерім На-сырова аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған олимпиадада ІІІ орын иеленді. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары жыл сайын облыстық балалар мен жасөспірімдер газетіне шығып келеді.

Ауылдағы адамдардың келетін мәдени ошағы да осы – мектеп. Ауылдың шағын кітапханасы осы мектептің бір бөлмесіне орналастырылған. Ауылдағы түрлі шаралар кітапханамен бірлесе өткізіледі. Өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты – Отанын сүйетін, оған адал қызмет ететін білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Мектебімізді ауыл жүрегі деуге болады.

Эльвира АБИЛхАЙрОВА, Жангелді бастауыш мектебінің

меңгерушісі

Ауыл мектебі – ауыл жүрегі

Құрметті Гүлбақша!60 жас мерейтойыңызбен

құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға есендік тілейміз. Балаларыңыздың қызығына бөленіп, аман жүріңіз.

Игі тілекпен: төлеген-Айбарша.

Астана қаласы