12
АУЫЛ Жаңа жыл құтты болсын! Қадірменді жерлестер! Мінекей, тарих табалдырығынан тағы бір жыл аттады. Баршаңызды 2015 - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қашан да Жаңа жылды алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-мін- деттерімізді белгілейтін, Үміт, Сенім мерекесі ретінде атап өтеміз. Ескі жылды ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды ізгі тілек, ақ батамен қарсы ала- мыз. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қазіргі күннің қалыптасып отырған жағдайына жан-жақты тоқталып, алдымызға айқын бағыт-бағдар жасап берді. 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биліктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. 2015 жыл Қазақстан халқы Ас- самблеясы жылы деп жарияланды. Құрметті аудан тұрғындары! Өткен жылда қол жеткен табыстар мен игілікті істер баянды болсын. 2015 жыл да баршаңызға бақыт, отбастарыңызға бере- ке-бірлік, жұртымызға тыныштық алып келсін. Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін! Ізгі тілекпен, аудан әкімі Нұрлан БЕКҚАЙЫР 25 желтоқсан күні Қазталов ауданы Алма Оразбаева орта жалпы білім беретін мектебін- де аудан әкімінің балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Бал маскарадтық киім ки- ген оқушылар аудан әкімін және шақырылған қонақтарды ән-бимен қарсы алды. Ер- тегі әлеміне саяхат жасаған оқушылар мерекенің шырайын аша түсті. Сонымен қатар келе жатырған Жаңа жылдың айту- лы мерекелік даталы күндері де назардан тыс қалған жоқ. Соның бір айғағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ар- найы бағдарламаны айтуға Ғ ажайып Жаңа жылдық шырша болады. Халықтар достығын бейнелеген бағдарламада түрлі ұлттың мәдениеті мен дәстүрі көрсетілді. Аудан мектептерінен шақырылған 27 оқушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, оқушыларды Жаңа жыл мей- рамымен құттықтап, оқуда озат болуларына және үлгілі тәртіптерімен елдің саналы аза- маттары болып өсулеріне тілегін жеткізді. Мерекелік шарадағы бағдарлама аясында оқушылар түрлі түсті ертегілер кейіпкер- леріне еніп, қуанышқа бөленді. Жаңа жылдық шыршаға ар- найы шақырылған оқушыларға “тәтті үстел” ұйымдастырылды. Аудан әкімінің оқушыларға арналған Жаңа жылдық мере- кесін ұйымшылдықпен өткізуде Алма Оразбаева мектебі, “Жа- дыра”, “Ақбота”, “Нұрбалапан” балабақшалары, аудандық тәрбие орталығы және аудандық білім бөлімі ұжымдарының еңбегінің бар екенін айтуға тиіс- піз. Гүлфия КӨШБАЕВА

АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

  • Upload
    others

  • View
    13

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

АУЫЛЖаңа жыл құтты болсын!

Қадірменді жерлестер!Мінекей, тарих табалдырығынан тағы бір жыл аттады. Баршаңызды 2015 - Жаңа

жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Қашан да Жаңа жылды алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-мін-деттерімізді белгілейтін, Үміт, Сенім мерекесі ретінде атап өтеміз. Ескі жылды

ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды ізгі тілек, ақ батамен қарсы ала-мыз.

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қазіргі күннің қалыптасып отырған жағдайына жан-жақты

тоқталып, алдымызға айқын бағыт-бағдар жасап берді.2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биліктерімізді бағалау

тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы

Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. 2015 жыл Қазақстан халқы Ас-самблеясы жылы деп жарияланды.

Құрметті аудан тұрғындары!Өткен жылда қол жеткен табыстар мен игілікті істер баянды

болсын. 2015 жыл да баршаңызға бақыт, отбастарыңызға бере-ке-бірлік, жұртымызға тыныштық алып келсін. Баршаңызға зор

денсаулық пен амандық тілеймін!

Ізгі тілекпен, аудан әкімі Нұрлан БЕКҚАЙЫР

25 желтоқсан күні Қазталов ауданы Алма Оразбаева орта жалпы білім беретін мектебін-де аудан әкімінің балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді.

Бал маскарадтық киім ки-ген оқушылар аудан әкімін және шақырылған қонақтарды ән-бимен қарсы алды. Ер-тегі әлеміне саяхат жасаған оқушылар мерекенің шырайын аша түсті. Сонымен қатар келе жатырған Жаңа жылдың айту-лы мерекелік даталы күндері де назардан тыс қалған жоқ. Соның бір айғағы – Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ар-найы бағдарламаны айтуға

Ғ ажайып Жаңа жылдық шырша

болады. Халықтар достығын бейнелеген бағдарламада түрлі ұлттың мәдениеті мен дәстүрі көрсетілді.

Аудан мектептерінен шақырылған 27 оқушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, оқушыларды Жаңа жыл мей-

рамымен құттықтап, оқуда озат болуларына және үлгілі тәртіптерімен елдің саналы аза-маттары болып өсулеріне тілегін жеткізді.

Мерекелік шарадағы бағдарлама аясында оқушылар түрлі түсті ертегілер кейіпкер-леріне еніп, қуанышқа бөленді.

Жаңа жылдық шыршаға ар-найы шақырылған оқушыларға “тәтті үстел” ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің оқушыларға арналған Жаңа жылдық мере-кесін ұйымшылдықпен өткізуде Алма Оразбаева мектебі, “Жа-дыра”, “Ақбота”, “Нұрбалапан” балабақшалары, аудандық тәрбие орталығы және аудандық білім бөлімі ұжымдарының еңбегінің бар екенін айтуға тиіс-піз.

Гүлфия КӨШБАЕВА

Page 2: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл2 ҚОҒАМ

Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

24 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәслихатының кезекті 31 сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, қоғамдық, мекеме ұйым жетекшілері қатысты.

Сессияда аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы “2014 - 2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” №20 - 1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-ралы және “Ауданның 2015 - 2017 жылға арналған бюджетін бекіту туралы” аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Досжан Ахметов хабарлама жасады.

Сессияда аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов депутаттар алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Аудандық мәслихатының кезекті 31 - інші сессиясынан кейін аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Досжан Ахметов БАҚ өкілдеріне қысқаша сұхбат берді.

- Бүгінгі сессияда ауданымыздың 2015 - 2017 жылдарға арналған бюджеті бекітіл-ді.Соның 2015 жылдарға арналған бюд-жетінде кірістер - 4692 934 мың теңге, оның ішінде салықтық түсімдер - 726 964 мың теңге, трансферттер түсімі - 3 963 557 мың теңге болып белгіленді.

Бәріңізге белгілі дүние жүзінде дағдарыс болып жатса да, Елбасымыздың ке-шегі халыққа арнаған Жолдауында көрсетілгендей ауданның экономикалық - әлеуметтік дамуы жоспарлы жүргізілетін болады. Енді келер жылдың бекітіліп отырған бюджетін тиімді мақсатта жұмсай білсек, ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылатын болады.

Сондықтан табалдырығын енді аттайын деп отырған Жаңа жылда барлығыңызға да табыс тілеймін, - деді бөлім басшысы қысқа сұхбатында.

Гүлфия АМЕТОВА

24 желтоқсан күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Қазталов аудандық жұмыспен қамту орталығының директо-ры Жүсіп Шакуовке ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің “Құрмет грамотасын” салтанатты түрде та-быс етті.

Министрлік тарапынан беріліп отырған бұл марапат ауданымызда халықты жұмыспен қамтуда атқарылып жатырған еңбектің нәтижесі деп түсінген жөн.

Ал, осы жұмыстарды атқаруда жұмыспен қамту орталығының директоры Жүсіп Шакуовтің еңбегі зор!

Қайрат ЖАҚЫП

Қос ардагерге құрмет

Министрлік тарапынан

марапатталды

25 желтоқсан күні Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолұлы 75 жасқа толған қос ардагер, еліне, туған жеріне еңбек сіңірген Исатай Мәжитовты, Өмірұзақ Таутентегіні қабылдады.

Исатай Мәжитұлы ұзақ жыл ауыл шаруашылық саласында еңбек еткен жан. Ол Жаңақала ауданының «Құрметті азама-ты». Ал, Өзірұзақ Тілепұлы алғашқы еңбек жолын Мәстексай совхозының орта мек-тебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін ауыл шаруашылық институ-тын агроном мамандығы бойынша аяқтап, бас агроном болып бастады. Талдыапан, Қараөзен совхоздарында агроном, партия қатарында еңбек етті. Облыстық советтің депутаты болды, Аудандық ардагерлер

“Озық психолог” байқауыДаму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыруда шығармашылықпен жұмыс

жасайтын, кәсіби құзырлығы жоғары психологтарды анықтау мақсатында психологиялық–педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен «Озық психолог» байқауы өткізілді. Байқауға аудан мектептерінен 11 мектеп психологтары қатысты.

Байқау 2 кезеңге бөлінді. Нәтижесінде ІІІ орын Тереңкөл мектебінің психологі Ж.Дәулетова, ІІ орын Талдыапан мектебінің психологы С.Мұратова, І орынға Ғ.Молдашев мектебінің психо-логі Р.Исаева ие болды.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста мектеп психологтарына Жаңа Жылда шығармашылық табыстар тілейміз.

Лунара ИМАНҒАЛИЕВА

кеңесі төрағасының орынбасары Кенжебай Үмбетов туған күндерімен құттықтап, аудан ардагерлері атынан алғыс хат табыс етті. Ал, Қараөзен ауылының әкімі Бауыржан Қабдолұлы қос ардагерге қошемет көрсетіп, алғыс хат табыс етті. Сонымен қатар Исатай мен Өмірұзақ ағалардың иығына шапан жап-ты.

Қос ардагер осындай құрмет көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Ол өзінің әскери борышын Өскемен қаласындағы ішкі әскер құрылымында өтеп қайтты. Оралбек айтады: - Әскери қызмет адамды тәрбиелейді. Мен әскерден көп нәрсені үйрендім. Әсіресе, сарбаздарды Отанды сүюге, оны қорғауға әзірлейді. Со-нымен қатар көп достар таптым. Солардың қатарында орыс, өзбек ұлтынан да жігіт-тер болды. Олар Қазақстанды өз Отаным деп санайтынына риза болдым. Сондай-ақ оралман болып келген өз қандастарымыз да елімізге деген сүйіспеншіліктері жоғары.

Аудан жастары ой түйсе екен...

Сондықтан менің замандастарыма айтарым – әскерге баруды бірінші міндеттерің болса екен деймін.

Оралбектің осы айтқанынан біздің аудан жастары ой түйсе екен дейміз. Себебі қазіргі күнде аудандық қорғаныс бөлімінің мәліметі бойынша ауданнан әскер қатарына баратын жастардың пайызы төмен дәрежеде екенін айтқан жөн.

Гүлфия КӨШБАЕВА

Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы деп білеміз. Ауда-нымызда өздерінің әскери борышын өтеп келіп жатқан жастар баршылық. Соның бірі Әжібай ауылының тұрғыны – Оралбек Меңдібаев.

Page 3: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл 3ЖОЛДАУ

Асқақ мұратпен астасқан жолдау

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-ев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын халыққа жариялай отырып, өзінің стратегиялық көрегендігін тағы да айрықша паш етті. Аталған қауіп-қатерлердің ал-дын алу мақсатында Мемлекет басшысы қолда бар ресурстарды, тетіктерді және мүмкіндіктерді шұғыл жасақтауға жағдай туғызатын Жаңа Экономикалық Саясатты алға тартты.

«Нұрлы Жол» деп аталған Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясаты бойынша ұсынылған іс-шаралар салиқалы ойдың жемісі екені анық. Ол ұсынылған іс-әрекеттер мемлекетіміздегі құрылымдарды дер кезінде сауықтыруды көздейді. Президент ұсынған шаралар тек экономика, қаржы институтта-ры, көлік және өндіріс орындарын ғана емес, сондай-ақ, еліміздегі кең ауқымды әлеуметтік салаларды, білім беру және денсаулық сақтау салаларын да қамтыған.

Жолдаудың «Нұрлы Жол» деп аталуының да өзіндік мәні бар. Президент біздің баршамызға жарық, шұғылалы әрі ашық жол нұсқап отыр. Халықтың еңбекпен қамтылу деңгейін өсіруге жол ашатын инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға екпін берілді. Нәтижесінде, біз отандық экономиканың дамуының қозғаушысына айналатын әуе жолынан бас-тап автомобильге дейінгі көлік магистралінің тұтастай жүйесін құрамыз.

Жолдауда басты орын адамдарға жан-жақты қамқорлық жасауға, өмір са-пасын жақсартуға, тұтастай алғанда, қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайтуға беріліп отыр.

Қазақстанның Жаңа Экономикалық

Саясатының мақсаты айқын әрі нақты, ол − Қазақстан халқының жағдайын жақсарту. Бұл жаңа саясат жас ұрпақтың болашағының қамын, еліміздің үлкен саясаттағы абы-ройын ойлаудан туған. Сондықтан біздің әрқайсымыз Президент Н.Назарбаевтың жаңа саяси бағытын барынша қолдап, азаматтығымызды таныта білуіміз керек.

Бұл бағдарламаның мақсаттары, міндет-тері мен мазмұндық деңгейі ең дамыған ел-дердегі осы тақылеттес құжаттар өлшемімен толық сай келетінін атап өткен орынды.

«Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру, сөзсіз, индустриялық-инновациялық экономиканы одан әрі тереңдетуге, әлеуметтік инфрақұрылымды сапалық жағынан одан әрі дамытуға, осы арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түпкілікті жақсартып, Елба-сымыз алға қойған әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу туралы басты мақсатты жүзеге асыруға барынша жағдай туғызатындығына сенімім мол.

Дәурен МЕДЕТБЕКОВ,Қазталов ауданының прокуроры

Қазақстанның тәуелсіздік шежіресіне ширек ғасыр да толған жоқ. Дегенмен, өзінің са-яси тәуелсіздігінің әрбір жылын еліміз өз егемендігін құруға, оны нығайтып одан әрі дамытуға арнады. Осының нәтижесінде мемлекетіміз әдетте ондаған, қала берді жүздеген жылдарда қол жететін, ерен жетістік-терге жетті. Қазақстан та-лай қиындықтарды бастан өткеріп, түрлі дағдарыстармен бетпе-бет келді, еліміз қандай жағдайда да тәуелсіздік, ұлттық тұрақтылық пен халықтар арасындағы келісім сынды ең басты құндылықтарды сақтап қала білді.

Мемлекет өзінің басты ұстанымы мен бағдары ретін-

де, дамудың негізгі мақсаты мен бағытын айқындайтын

стратегиялық құжаттарда бекітіл-ген – өз азаматтарына жан-

жақты қамқорлық жасау міндеті екендігін айқындады. Олардың

арасында ең негізгісі, әрине, өтіп бара жатқан 2014 жылдың

басты құжаты - Елбасының Қазақстан

халқына арнаған Жолда-уы. «Нұрлы Жол

– болашаққа бастар жол»

Жолдауы бұл

Елбасының бүгінгі күн талаптарын

ескере отырып жасаған бұған дейін-гі арнауларының лайықты жалғасы.

Бір жыл бұрын жарияланған «Қазақстан –2050» бағдарламасы – XXI ғасырдың ғаламдық мәселелерін қамти отырып, Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы жаңа саяси бағдарын анықтаса, осы жолғы Жолдау бүгінгі күннің сынақтарына арналған нақты жауап болды. Келер жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын сал-танатты түрде атап өтетін боламыз.

Астана еліміздің басты орталығы ретінде мерекелік іс-шараларға тікелей қатысатын болады. Бұл атаулы даталық мереке-лер қазақ мемлекеттілігінің негізгі тұғыры саналады. Ал, оның басты жетістігінің кілті – біздің халқымыз қалыптастырған этносаралық және конфессияаралық келісім, төзімділік, бейбітшілік пен бірлікте жатыр. Мемлекет басшысының Жолдауы – біздің дамуымыздың даңғыл жолының кезекті биік белесі екендігін түсінеміз. Белгіленген межелі міндеттердің орында-луы – уақыт еншісінде. Уақыт ешқашанда бір орнында тұрып қалмайды. Біз оның жаһандық сынақтарына лайықты жауап беруді меңгердік. Тәуелсіз әрі қуатты мем-лекет құру жолындағы таңдауларымыз бен қабылдаған шешімдеріміздің дұрыстығын біз қашанда іспен дәлелдеп келеміз. «Нұрлы Жол» бүгінде біздің алдымызға дамудың жаңа бағытын көрсетіп отыр. Бұл жолда да біздің Елбасымен бірге жаңа жетістіктерге жете беретінімізге сенім зор.

Данияр ҚАЙРАТОВ, Жалпақтал ауылдық

округінің әкімі

Бірлігі бекем елдің – болашағы баянды

Отанды шынайы сүю – ел тәуелсіздігінің құндылықтарын сезінуден, түсінуден бас-талады. Бұл тәрбие арқылы, білім арқылы бойға сіңеді. Яғни тәуелсіздік құндылығы – тәрбие мен білімнің түп-тамыры. Сондықтан, өскелең ұрпақты адамгер-шілікке тәрбиелей отырып та, білім бере отырып та оған тәуелсіздіктің маңызын, мәнін, құндылығын түсіндіруіміз қажет. Ал, олар Елбасымыздың «Тәуелсіздік толғауында» айқын көрініс тапқан. Бұл ой орамдарының оқу бағдарламаларына енгізілуін қолдай отырып айтарым, тәуелсіздік құндылықтары бір пәнде ғана емес, басқа да пәндердің өн бойын-да көрініс табуы керек деп ойлаймын. Тәрбие білімнің алдында жүреді. Өйткені, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың

қас жауы», деп әл-Фараби бабамыз бе-кер айтпаған. Тәуелсіздік құндылығы, оның келешегі, мәні, мағынасы, соның жолында Елбасымыздың, Қазақстан халқының атқарып жатқан еңбектері де тәрбие арқылы түсіндіріледі. Бұл жерде ұстаздардың рөлі – ерекше. Жастарға кей-де бұрынғыдай емес деп ренжіп жатамыз. Бұған бірінші кезекте ұстаздардың өздері жауапты. Мәселе – құндылықтарымызды қалай болғанда да, жеткізе, ұғындыра білу. Отан отбасынан басталады дейтін болсақ, бұл игі шара бала бақшадан бас-тап, мықтап қолға алынса, құба құп болар еді.

Назгүл БИСЕМБАЕВА, К.Меңдәлиев атындағы жалпы

орта білім беретін мектебінің оқу ісінің меңгерушісі

Қасиетті де қастерлі ұғым

Елбасымыздың Ұлытау төріндегі сұхбаты мен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі жас жеткіншектерге де жетуі тиіс. Президент Ұлытау төрінде мемлекеттік тіл, төл тари-хымыз төңірегінде кеңінен толғады. Сол сияқты Тәуелсіздік жиынында еліміздің ал-дында тұрған мақсат-міндеттерді бүге-ші-гесіне дейін айтып берді. Әсіресе, «Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым

– Ұлы халық!» деген сөздер бірінші рет айтылып отыр. Ендеше, ұлы халықтың болашағы да мықты болуы керек. Ол үшін жас ұрпақ заман көшінен қалмай, әлемдік деңгейдегі ілім-білімді меңгере білуі керек. Осы бағытта Елбасы сөздері кеңінен наси-хатталып, мектеп оқулықтарына енгізілсе де, артық болмас еді.

Дария ЖҰМАҒАЛИЕВА, Қараөзен мектеп-лицейінің педагог-

психологы

Еліміз гүлдене, нұрлана берсін

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында әлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру ісіне көп көңіл бөлініп отыр. Мемлекет тарапынан білім беру саласының барлық сатысын дамыту көзделуде. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жер-жерде көптеп балабақша, шағын орталықтар ашы-лып жатқанының куәсі болып отыр-мыз. Бұл Елбасының тікелей баста-масымен дүниеге келген «Балапан» бағдарламасының тікелей нәтижесі деп білемін.

Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген.

Сондықтан, тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен

Болашақ –бүлдіршіннен

басталадыіскерлігін ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Жа-дыра» балабақша ұжымы барлық балабақшалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. Балабақшамызда 3-5 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде. Қазіргі заман талап етіп отырғандай болашағымыздың көп тілді меңгеру мақсатында балабақшадағы тәрбиеленушілер өздерінің ана тілімен қатар ағылшын, орыс тілдерін де үйренуде. Ұжымда 26 қызметкер еңбек етеді.

Қазақстанның бүгінгі әлемдік аре-нада жеткен жетістіктері еліміздің ауызбірлігі мен татулығының, қажырлы еңбегінің арқасы екені баршамызға аян.

Осы бағытта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - демекші бірігіп еңбек етіп, Қазақстанның әлемдік дағдарыс кезінде дамуын тежемей, алға қарай жүруіне атсалысайық.

Сондықтан басталған Жаңа жы-лымыз әрбір шаңыраққа бақыт пен қуаныш әкелсін деген тілегімді білдіремін.

Венера МАЛАХОВА,«Жадыра» балабақшасының

меңгерушісі

Page 4: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл4

Сөзі өмірдің оғындай от ауыз, орақ тілді, адуынды суырып салма ақын, айтыс өнерінің қайталанбас жарық жұлдызы Нығмет Нағымов (суретте) Қазталов ауданы, бұрынғы Еңбекшіл ауылдық кеңесі, Коминтерн колхозы, Тәжібай ауы-лында 1928 жылы дүниеге келіп, 1984 жылы дүниеден өтті.

Тапқыр ой, ұтымды уәж, мағыналы машығы айтыстың азулы арланы Нығметке жұртқа танымал Ғ.Көшенов, С.Қалиев, К.Балабаев, Ғ.Дүйсенов, С.Мұқанов секілді сер-ке ақындармен алысқанда, абы-ройлы жеңіс сыйлады.

Ел ішінде «Нықаңның бір қақпайдары» да кеңінен тараған. Мысалы, Нығмет ақын 1964 жылы «Коммунизм жолы» газетінде тіл-шілік қызмет атқарды. Бұл кезде үйі басқа жерде болатын. 1963 жылы ер баласы дүниеге келіп, со-дан Нықаң үйіне қайта-қайта бара-ды екен. Бір күні дүкеннен ойыншық мәшине сатып алып келе жатса, газеттің редакторы тап болып: «Осы сенің үйіңе шабуың көбейіп кетті» - деп кейісе керек. Сонда Нықаң:

«Адамның ең асылы – бала деген

Күн сайын бір ойыншық ала берем

Сондай-ақ мамасын да жек көрмеймін

Баламды сылтауратып бара берем..»- деген екен.

Тағы бірде, 1972 жылы қаңтар айында Жанғали Набиуллиннің бастауымен Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева Қазталов ауданына кештеу келіп, аудан орталығындағы қонақ үйге түнеп шығады. Таңертең асханадағы тамақтарға мәз болмапты. Сол күні аудан орталығындағы мәдениет үйінде оқырмандармен кездесу бо-лады.

Ақындар өлеңдерін оқып, қонақ үйдің салғындығы мен асханадағы астың жағдайын Нығметке бағыштаған болып, аудан басшы-ларына құлаққағыс етеді.

Ақын Ақұштап Бақтыгереева«Ауылда ағайының барын

ұқтым,Қалыппын «Талывканы»

сағынып тымОралдан аттанғанда қуанып

ем,Шықтым деп ауылына

НығметтіңАуылда ақын бар деп ойлаған

емАқынға сенімімді жоймаған ем

Білгесін қарындасының ке-летінін

Жылытып қонақ үйді қоймаған нең?..

Қайтейін бетке басып басқаларын

Көңілін қалдырмайын жақсы ағаның

Іргеңде Қазталовка қой совхо-

Айтыс өнерінің қайсары

зыБір түйір еті жоқ қой

асхананың?..» - дегенде Нығмет Нағымов іліп әкетіп:«Жанғали ертіп келдің

АқұштаптыБас салып Нығметті сойып

салдыОсыдан Жәкең қандай табыс

тапты?!Қалайда тастады іліп

НығметтіАғаңның бір сүрінер кезі кептіАмал не, ауылыма келсеңіздер

Қос қолдап асатар ем семіз етті...»- деп ұтқыр жауап

қатады...Мен Нықаңның сүйікті інісі ретін-

де қасында көбірек жүргендіктен бірде:

- Қалай суырып салып, шапшаң өлең айтып кетесіз?- деп сұрадым. Сонда Нықаң:

- Өлеңді жазып та, суы-рып салып та шығара беремін. Алайда кейбіреулер жиын, не ай-тыс үстінде қасақана «осы сүрінер ме екен, бөгелер ме екен» деп ақындық намысыма тисе неме-се тосын тақырыптар беріп, әдейі қиын бөгеттерге итермелесе менің ақындығым электрдің қуатындай лып етіп жанып, өрт болып қаулап сала береді. Неғұрлым намысы-ма тиіп, көбірек қайрап, сөз ара-ластырса, соғұрлым бөгелмей, қиналмай өлеңді суырып салып айта беремін,- деп еді.

Өтірігі жоқ, «Өмірде мынандай да жиі кездеседі» дейтін Нықаңның тағы бір күні былайша жырлап сала берді:

«Көңілін еш адамның жықпайтындар,Ісінен нәтиже де

шықпайтындар,Осындай ақиқатты біле тұра,

Қолпаштап, бұларды да қолдайтындар.

Тұрмайды кісілігің, міне, түккеТас жүрек жібімейсің дір етіп

те,Ықтияр солса өзің де қайтер

едіңТығарма ең екі аяқты бір

етіккеТүлкідей майпаң қағып

бүлкілдеген Барсың ғой бұндай пенде бір-

тіндегенБастықтың осал жерін сезіп

қалып, Жүрсің-ау, сиқырлап ап

күлкіңменен...Жіліктің мүжіп алып майлы

басын,Шалқайып, төсегіңде

жайлығасың,Ауылға ревизор келіп қалды,Жүрегің, байқа енді, айныма-

сын...Сидиып сирақтары секеңдеген

Тап болды қайдан мынау төтеп немең,

Мен ана көшемізге кіріп кеткенКәдімгі көк құтан құс екен деп

емБаяндап шығын болған сиыр

басынСылтаудың санап шықтың

20-сынАл енді не істеу керек?-деп

айтпадыңСөзіңе түк түсінсем

бұйырмасын?!Демек тас сарайларға сөзім

өтсінӘрнеге қайдан оның көзі жетсін

Біз түгіл, әкесіне қайырылмайды,

Ондайлар өзіменен-өзі кетсін!Біліп ең өз әліңді байқап қашан,

Қайтесің, жұрт алдында тайқақтасаң

Біреудің айтқанымен әулікпе сен,

Мысалы, итте үреді айтақтасаң!..»

Осынау орасаң ой шабытты шым-шымаларды оқыған бір әріптесіміз «Сүйсінбеске, таңданбасқа ама-лым жоқ!» - деп айқайлап жіберіп-ті.

Нықаң нақты ой, нақты әрекеттің ақыны. Артық сөз, бос сөйлем ай-тпайды. «Құралайды көзден атқан қас мерген» секілді семсер жырла-рын дәл тигізіп, терең дарытады. Тағы бір мысал мынадай:

«Сертілді таң атқанда қорғасын бұлт,

Көк «Вольга» батып қалған орда сүңгіп...

Әкетіп жылқышы қыз келе жатты,

Атының жаңылдырмай жорғасын мүлт...

Бастады айнакөлде құстар әнін

Кеуде де толқиды әнге құштар ағын

Көтеріп егістікті тұрағ сағым,Жүзіндей құлпырады

ұстараның

Жусап жер көктемнің жаңбырына

Боялып жатыр, міне, таң нұрына

Оқырман ақын болсаң қосып ал сен

Осындай көріністі ән-жырыңа

Жамылды түн пердесін жара-тылыс

Ұйқыда жатыр әйел, бала тыныш.

Отырдым жазғанымды қайта қарап

Болған соң жұр алдына бара-тын іс...»

...Қазіргі аламан айтыстарға менің көңілім тола бермейді. Ақындар ұрымтал да ұтымды сөздерден гөрі, жаттап келген жа-санды жолдарымен жалықтырып жібереді. Шымыр шумақ, салмақы сөзге шамасы келмеген қайсыбір айтыскерлер ақиқаттан ауытқып жатады.

Ақын шабыты «шаба бастағанда» кейбір әдепсіз әділқазылардың «ананы айт, мынаны айт» деп айтыскердің сөздерін аяғына дейін айтқызбауы – қазақтың айтыс өнерін тірілей жерлеу деп түсінемін. Сосын, соңғы кезде ұйқасқа орыс сөздерін кірісті-ру белең алып барады.

Жаманнан жирену, жақсыдан үйрену – айтыс өнеріне де тікелей қатысты заңдылық. Ана тілімізді шұбарлау, арзан сөз, бос мақтан айтыс құру – аяулы ана тіліміздің көсегесін көгертпейді.

Айтыс – қазақ өнерінің қазынасына жатса, қазынаны қорғау - қолдап үшін қайсар қасиет те қажет. Айтыс өнерінің жарық жұлдызы қазақ қазынасының қайсары Нығмет Нағымовтың «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген шынайы шабыт, жасын жі-геріндей жауынгер жолдар ғана қазақтың аламан өнерінің абы-ройын асырып, алға сүйрей ала-ды.

Зиннат ҒҰБАШЕВ,Орал қаласы,

зейнеткер

Жақында ата-бабалардың басы-на барып, дұға оқып қайтуды жөн санадым. Әрине, қай жерге бару үшін де арнайы көлігін болуы ке-рек. Астымда көлігім болмағасын, ауылдың азаматы Өтеу Бегжановқа айтқан жеріме барып қайтуға ұсыныс жасадым. Өтеу сөзімді аяқ асты етпей, апарып келетінін айтты. Ертесіне қасымызға ауыл молдасын және тағы бір жігітті ілес-тіріп, жолға шықтық. Баяғыдан бері ойлап жүрген міндетімді атқарғандай сезініп, бойымнан

Адамгершілік қасиетті бойымыздан жоғалтпайық!

ауыр жүк түскендей болды. Ауылға келіп, машинадан түсіп, қалтама қолымды са-лып бензинге ақша төлейтін дегенімде, «жоқ», - мен имандылық жолға барған адамнан ақша алмаймын,- деп ақшамды алмады. Осы кезде Өтеудің нағыз азаматтығына таң қалдым. Қазіргі заманда осындай жандар жиі кездеседі.

Сөзіме дәлел болатын-дай, мына бір жағдайды да баяндайын. Сәуір айын-да Қазталовкаға кететін немеремді мінгізіп жіберу-ге көлік қарастырғанымда, жол жүргелі тұрған бір жас жігітке жолықтым. Әлгі жігіт

ойланбастан, жол ақысының 300 теңге екенін айтты. Негізі аудан орталығымен қатынау 200 теңге болатын. Шынымды айтсам, осы азаматтың осындай дегеніне сен-гім келмейді. Нарық заманында азаматтарымыздың пейілінің тар болғаныма деген ой келеді...

Ақ пен қараны, жақсы мен жа-манды айырбастаған заманда адамгершілік қасиетімізді жоғалтып алмайық, ағайын!

Оразбай ЖҰМАҒҰЛОВ,Зейнеткер

Аталарымыз «Садақаны сауда бер», «Садақадан сатып іш» дей-ді. Бұл – басың аман, денің сау жүргеніңде Жаратқан иеңе деген өз ризашылығыңды білдір дегені. Мұндай садақаны біреу қыруар адам шақырып, мал шалып, үйдегі

дастарханында берсе, енді біреу-лер үкімет үйлерінде тұрып жатқан қарттар мен жас балалардың мұқтажы үшін деп, ақшалай не малдай апарады. Ал, енді бір топ «мынау айтқан садақамыз еді» деп, Аллаһ үйі - мешітке өткізеді. Әрине, садақаны қандай жолмен таратса да, оның сауабы мол, дей-ді үлкендер.

«Жан бар жерде - қаза бар» демекші, пендеге туу қандай хақ болса, өлу де хақ. Кісісі өлген шаңырақтың оны соңғы сапарға шығарып салуынан бастап кейін-нен өткізетін үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы дегендей қаделер де тек қазақтарға тән. Жылдың қай мезгілі болсын, әсіресе, ми қайнатар шілдеде өмірден өтсе де, қазақтар марқұмның қарасына, міндетті түрде, ірі қара малын со-яды. Бүгінде бұл садақаның жөні бөлек.

Жұма күні Орал-Жалпақтал бағытындағы тас жолда ірі қара малы сойылып садақа беріл-ді. Мұның себебі соңғы кездері жол апатының жиі орын алып отыр. Соған байланысты аудан әкімшілігінің бастамасымен

берілген садақа болатын. Бұл бастаманы естіген Жалпақтал ауылының тұрғындары бірауыздан келісіп, 330 мың теңге көлемінде қаржы жиналып, жол апатына ұшыраған жандардың аруағына құран оқылып, дұға бағышталды.

Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппараты баратын көлікті ұйымдастырып, игі бастаманың басы-қасында жүрді. Такси жүргізушілер, ауыл тұрғындары тегістей қатысып, құран оқылып, уағыздар айтылды. БҚО орталық мешіттің найб имамы Абдурашид Зиядинұлы арнайы қатысып:

-Бұл игі бастаманы өз ба-сым қолдаймын. Соңғы кездері жол апаты жиілеп кетті. Такси жүргізушілерді еліріп қатты айдап, соңы өлімге әкеліп соғуда. Берген садақаларыңыз қабыл болсын, -деді. Мұнан кейін Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепбер-ген Нұралиев сойылған ірі қара малының еті жағдайы төмен Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол ауылдық округтерде тұратын отбасыларға таратылып бере-тіндігін жеткізді. БҚО орталық мешітінің азаншысы Асхат Асыл-беков те қатысты.

Бізде берген садақаларыңыз қабыл болсын деп, алдағы уақытта жол апатынан сақтасын деген тіле-гіміз бар.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Садақа ізгілікке үйретедіРУХАНИЯТ

Page 5: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл 5Жыл қорытындысы

Дәл осылай ауыз толтырып айтуымызға себеп те жоқ емес. Тарихқа айналуына таяқ тастам қалған жылқы жылы Қазталов ауданы үшін жемісті жыл болды деуге болады. Ауыл шаруашылығында тым тәуір ілгерілеу бар. Мал басы, соның ішінде сиыр малы көбейді. Бұған қарап әлеуметтің әлеуеті артып, тұрмысы бір сатыға көтерілгендігін байқауға болады. Елбасы бастамасымен өмірге кел-ген «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы жаңа жұмыс орындарының ашлуына мүмкіндік берді. Сол арқылы жұмыссыздар қатары азайған. Жиі өтетін мәдени көпшілік шаралар тұрғындардың рухани кемелденуіне жол ашты. Бұл біздің емес, көпшіліктің, оқырмандардың пікірі. Бұқараның спортқа деген қызығушылығы артып, салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары өсе түскен. Сондықтан да өтіп бара жатқан жылқы жылын аудан үшін жемісті жыл болды деп айтуға боларлықтай.Жұмыспен қамтылғандар саны артты.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың жағдайын жақсарту. Аудандық жұмыспен қамту орталығының ұсынған ақпаратына қарағанда биыл «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының I бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы жоспар бойын-ша Ақпәтер мектебін және мектеп интер-натын күрделі жөндеуге 28 адам жұмыспен қамтылған.

Бағдарламаның IІ бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орын-дарын құру және тірек ауылдарды дамыту» деп аталады. Аталған бағыттың ауданда өткен жылы қалай іске асқандығын еске түсіре кетейік. 2014 жылы республикалық

бюджеттен 99 млн. теңге бөлінді. 59 адам бағдарламаның қатысушылар құрамына ен-гізілген.

Осы жылы 59 аудан тұрғыны несие алып жұмыстануда. Несие алғандардың ішін-де 41-і жұмыссыз, 2-еуі еңбекке қабілетті мүгедектер, 12-сі өз бетінше жұмыспен ай-налысушылар және 2-і өзін-өзін ішінара жұмыспен қамтығандар санатында.

Бағдарламаның ІІІ бағыты жұмыссыз жастарға тиімді. Заманға сай мамандық ие-лерін дайындауға, кадрлардың біліктіліктерін арттыруға тәжіребесі жоқ жас мамандарға жол ашады. «Жастар практикасы» жұмыс таба алмай жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамтуды, оларға қолдау көрсетуді көздейді. Биыл жастар практикасына 65 адам жолданыпты. Үстіміздегі жылы шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге 129 адамға жұмысқа жолдама берілген. Сонымен бірге, кәсіптік оқуға 22 адам жолданған. Бұл жерде бір көрсеткішке ерекше назар ауда-рып өту керек сияқты. Кәсіби даярлауға-11 адам жіберілсе, қайта даярлауға-7, білік-тілігін арттыруға-4 адам жолданыпты.

Білімде айтар көп.Қазталовтық шәкірттерідің білім сапасы

Ұлттық Біріңғай тест сынағы бойынша орта-ша балы 76,4 пайызды құрап отыр. Ақпәтер мектебі мен интернаты күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларға есігін айқара ашты. Жылқы жылында алты оқушымыз өз білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгі» иегері атанды. Ал, өзге республикалық, облыстық додаларда қазталовтық өрендер талай мәрте қуантты. Соның ішінде А.Оразбаева, Қазталов, Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев, Ғ.Қараш, Бірік, Ақпәтер, Ғ.Бегалиев, Бостандық, Қараөзен мектептерінің шәкірттерінің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Бұл сайыстар жөнінде мезгілінде үнемі жазып келе жатқан соң қайталауды жөн көрмедік.

Өрлеудің жаңа бағыты.

Биыл жергілікті жерде осы бағытта ірігелі істер қолға алынды. Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап, үдемелі индустриялық–инновациялық даму бағдарламаларын одан әрі іске асыру арқылы өсімді қамтамасыз ету міндеті белгі-ленген. Сондай-ақ, Отандық бизнесті қолдай отырып, ішкі және сыртқы инвестицияларды ұлғайту көзделген. Жеңілдікпен берілетін мик-ронесиелеу кіші және орта бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды аудан кәсіпкерлері де тиімді пайда-лануда. Бүгінгі таңда ауданның кәсіпкерлері бірнеше облыстық микронесие ұйымдарымен қарым-қатынаста. Жеңілдетілген несие кәсіпкерлердің мүмкіндігін зорайта түсті деп айтуға болады.

Бірлік пен береке басты ұстаным.Жалпыұлттық саясатымыз ауыз біршіліктің

сақталуына Қазталов жұрты да өз шама -шарқынша үлестерін қосуда. Айрандай ұйыған татулықтың сақталуына, елді бір мүддеге жұмылдыруға ауданда өткізіліп жатқан ауқымды шаралардың да өз әсері бар екені белгілі. Осы мереке аясында ар-зан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі, түрлі спорттық шаралар, палуандар күресі, кон-церттік бағдарламалар халықтың еңсесін бір тіктеп тастайтынына жыл сайын куә бо-лып жүрміз. Тереңкөл ауылы құрылғанына 50 жылдығын тойласа, Кенжебек Меңдәлиев атамыздың 100 жылдығын аудан көлемінде тойлап, мектептің алдында мүсін-ескерткіш ашылды. Жылқы жылында соғыс және еңбек ардагерлері, өнер, спорт, шығармашылық, өндірістік салаларда еңбек еткен аға-апаларымызға ауданымыздың «Құрметті азаматы» атағы берілгені туралы айта кеткен-ді жөн көрдік. Жылқы жылы Қазталовта палу-андар күресі өтті. Облыстық деңгейде Нұрлан Қауметовтың турниріне ауданымыздың түкпір-түкпірінен палуандар жиналды. Осы жылы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған

1977 жылы туылған түлектер Жалпақталдың орталық саябағы ішінен жаңадан футбол алаңын салып бергені өте қуанышты жағдай. Биылғы жылы Жаңажол, Бостандық мәдениет үйлері бой көтерді. Ал, Жаңажол ауылын-да жаңа мешіт ашылса, аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі әлеуметтік мекемесі екінші ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жалпақтал ауылында 14 үйдің құрылыс басталып, келер жылы қоныс тойын тойламақпыз. Ал, Қараоба ауылын-да Қайбушевтер отбасы кондитерлік өнім өндіретін цех, Жалпақтал ауылында көлік жуу орны, Қазталовтың орталығында көлік жөндеу, «Нарын» атты жаңа кафе, «Бай-терек» сұлулық салоны ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Қараөзен, Жалпақтал ауылдарының көшелеріне асфальт жол төселді.

Ауыл – елдің алтын діңгегіАуыл шаруашылығы саласы мемлекет-

тік қолдаудан кенде емес. Үкімет тарапы-нан беріліп жатқан көмекті барынша тиімді пайдалана білуге ұмтылып келеміз. Фер-мерлерді қаржыландыру да қолжетімді жағдайға икемделіп, оның нақты балама жолдары ашылды. Қазіргі уақытта ауданда ауыл шаруашылығы бағытында қызмет іс-тейтін 576 шаруа қожалығы бар. Сонымен бірге, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктес-тік, 1 өндірістік кооператив, өзге де жеке азаматтардың қосалқы шаруашылықтары іс басында жүр. Осы ауыл шаруашылық са-ласында былтырығымен салыстырғанда ірі қара 7,4 пайызға, қой малы 3,6, жылқы 28,8 пайызға өскендігі байқалады. Өзге салалар бойынша да осындай жақсы жаңалықтарды жеткізуге болады. Бірақ оның барлығы бір материалға сыймайтыны белгілі. Сондықтан келер жыл бұданда жарқын болсын деген тілекпен материалды аяқтаймыз.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Өткен жылға өкпе жоқ

Жалпақтал ауылындағы кез келген жола-ушы тасымалдайтын жүргізушінің жанына жақындай қалсаңыз, қазақтың нардай жігіт-тері мен атпалдай азаматтары алдыңнан өре шауып, жеткізіп салатын қызметін айтып, жік-жаппар болады. Бірінен-бірі озып, қолыңдағы дорбаңды алып, көлігіне отырғызуға асығып, әйтеуір, не керек, көңіліңді табуға амалын салып жатады. Көлікке отырғызғаннан кейін тағы бір адам алатынын, аз ғана күту керек екенін ескертеді де, осылайша тағы бір жола-ушыны қармағына ілуге бет алады. Асығыс екеніңізді білдірсеңіз, салонның ақысы төленсе, сол мезетте құстай ұшатынын айтады. Амал жоқ, баратын жеріңе аман-есен жету үшін сабырлық танытып, отырған көлігіңе жолаушының тезірек толғанын тілеп отырасың. Асыққан кезде онымен бірге жо-лаушы іздеп те кетесің. Жағдай осылай болған соң, жүргізушінің куәлігімен де, патен-тімен де, басқа да заңға сәйкес жөн-жора-малдарымен де ісің болмайтыны анық. Жол мұраты – жету. Арасында пысықай жолаушы-лар болмаса, шыны керек, көліктің нөміріне де көз салмайсың. Көліктің жолға жарам-ды-жарамсыздығына, ішінің тазалығына да мән бермейтіндер қаншама? Әйтеуір, көлік бар, меңзеген жеріме жетермін деп отыра саласың. Қысылып-қымтырылып отыратын автобус емес екеніне іштей тәубе етесің. Қыста пешін, жазда салқындағышын қосып қоятындар болып жатса, өзіңе тілемейтін бар жақсылықты жаудырып жатасың. Өйтпей ше, оған да қосымша ақы талап ететіндер жетіп артылады. Міне, біздің бүгінгі жолаушы та-

Келешекте Жалпақтал ауылынан заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілеріне шара қолданылады. Бұдан былай такси тұрақтарына арнайы орын бөлініп, белгілер орнатылады. Ал жеке көлігімен жолаушыларды тасушылар арнайы мекемелерге тіркелуі тиіс.

сымалдау қызметіміздің сиқы! Күн сайын об-лыс орталығына қатынайтын заңсыз жола-ушы таситындарға біз ең қымбат өмірімізді аманат етеміз, ал олар осыған сай саған қызмет жасай ма, жоқ па?! Соңғы кездері жол апаты жиілеп, арты өлімге соқтырып отырғаны өкінішті жайт.

Жақында Жалпақтал мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың Жалпақтал ауылындағы жолаушылар тасымалдайтын такси

жүргізушілерімен, құқық қорғау, салық және мекеме басшыларының қатысуымен заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілерін тоқтату мәселесі ту-расында кеңесі өтті. Қазір ауылда не көп, көлік көп. Таңның атысы мен күннің ба-тысы желдей ескен көліктерден көз ашу қиын. Әрі ауылымызда ресми тіркелген таксилерден гөрі, заңсыз такси қызметімен айналысатындардың саны басымдау. Оның үстіне жол апаттарының саны осын-дай жеке таксистердің желдей жарысуы-нан көбейіп отыр. Тіпті, көлік жүргізетін құжатты сатып алып, жолаушыларға қызмет көрсететін жүргізушілер де бар. Ал, олар жолаушылардың өміріне қалай

жауап береді? Өкініштісі сол, тұрғындардың көпшілігі де өз қауіпсіздігін ойламай, жеке таксистердің қызметіне жүгінеді. Жеке так-систерге алдын ала және мерзімдік, оның ішінде ауысым алдындағы медициналық тексеру жүргізілмегендіктен, автокөлік құралдары рейс алды техникалық байқаудан өтпегендіктен, көп жағдайда қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Оның үстіне, жеке тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық, құқықтық жауап-

кершілігі де сақталмаған. Демек, жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар денесіне зақым келсе де, оған жеке таксист жауап бермейді деген сөз. Сондықтан тұрғындарға қызмет көрсететін жеке такси қызметіне тосқауыл қойып, оны заңдастыру шара-лары қолға алынып отыр. Жиында сөз алған аудандық автомобиль жолдары және коммуналдық қызмет бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Аманжол Нығметов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжебай Үмбетов, Жалпақтал полиция бөлімінің басшысы Тимур Айтуғанов, аудандық салық комитетінің

басшысы Бекболат Ерғалиев, «ТрансОйл» сақтандыру компаниясының Жалпақталдағы өкілі Меңдеш Бакманов жолаушылар та-сымалдайтын автокөлік жүргізушілердің мәселелері жайында ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар жолаушылар тасымалымен айналысатын «Жалпақтал» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Нұрлыбек Ая-пов бірігуге шақырып, заңды түрде жолаушы тасымалымен айналысға шақырды. Бүгінде бұл жеке кәсіпкер диспетчерінің нөмірі 26-888 телефоны немесе 8-702-8860117 ұялы телефоны арқылы сенімді такси жүргізушіні шақыруға болатындығын, медициналық тексеру, технкалық байқауды ұйымдастыру мәселелері өз кезегінде шешілетіндігін жет-кізді. Мәселен, облыс орталығы бағытына жолаушы тасымалдаушылар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, патент алу тиімді емес екен-дігін айтады. Өйткені, көліктің бұзылуынан және заңсыз жолаушы тасымалдайтын жүргізушілердің бәсекелестік туғызуынан Үкімет белгілеген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін уақытылы төлей алмаймын деп қорқады. Заңды таксистердің қабырғаларына шымбайдай бататыны да осы. Таксистердің басым бөлігі жеке кәсіпкерлікті ашу үшін қағазбастылық жүгірістердің орнына, салықтан жалтарып, жұмыс жасағанды жөн көреді. Ауылымыздың бір шетінен заңды түрде тіркелген жолаушы тасымалдайтын автотұрақ салынып, жұмысқа шығатын так-систерді күнделікті тіркеуге алып, талон үлестіріп отырса, бір жүйеге келер деген пікір де ерекше екен. Жергілікті атқарушы орган-дар мен құзырлы мекемелер бірлесе оты-рып, заңсыз такси қызметін көрсетушілердің қызметін заңдастыруға жұмыстанатын бола-мыз деп қорытындылады аудан әкімі. Әрине, такси мәселесі бір күннің ішінде бір сөзбен шешілетін шаруа емес.

Дегенмен, адам өмірінен ардақты ештеңе жоқ, жолаушы қауіпсіздігі бәріміз үшін кезек күттірмейтін жауапты жұмыс болуы керек! Ал, әзірше жолға шыққан әрбір жолаушы, әрбір тұрғын жеке басының қауіпсіздігіне жіті мән беріп, сапалы қызметке жүгінетін болса, заңсыз жолаушы тасымалдаушылар аяғын тартар ма еді?! Не дейміз.., жолыңыз бол-сын, жолаушы!

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жолаушы торыған жүргізушілер...

Page 6: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл6

Жылы жүзді кездесуде аудан әкімі ел тынысы жөнінде әңгімеледі. Со-нымен қатар қос ардагерге ауданның «Құрметті азаматы» атағын салтанат-ты түрде табыстады. Оларға Жаңа жыл мейрамын қуанышты қарсылап, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы ауданда тойланғанда қадірменді қонақтары болыңыздар деген лебізін де айтты.

Екі ардагер өз сөздерінде осындай құрмет үшін аудан әкіміне рахметін айта келіп, ауданның экономикасы мен әлеуметтік дамуы жолында жа-сап жатқан қызметіне табыс тіледі.

Ардагерлер шаңырағында болды

26 желтоқсан күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Орал қаласында тұратын жер-лестеріміз, соғыс ардагер-лері Рысқали Қабировтың және Айтбай Алтаевтың шаңырағында болды.

27 желтоқсан күні Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қадырбек Мұқанов, аудандық мәслихат депута-ты Қайырбай Алтаев Орал қаласында тұратын соғыс ар-дагері Дәулеткерей Сембиевтің және тыл ардагері Нағима Абулхатинаның шаңырағында болды.

Соғыс ардагері Дәулеткерей Сембиев-ке ауданның «Құрметті азаматы» атағын тапсыра отырып, аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың арнайы сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ ардагерлермен кездесуде қазталовтық өкілдер Жаңа жыл мейрамы-мен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Қос ардагер туған ауылдарынан келген өкілдерге риза болып, рахметтерін айтты.

Сонымен қатар олар сұрапыл кезеңдегі өмірлерінен қысқаша әңгімелерін де баян-дап өтті.

Қайрат ЖАҚЫП

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

26 желтоқсан күні сағат 15:00 де Қазталов аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде тәрбиеленушілердің Жаңа жыл мерекесі өткізілді. Жаңа жыл мерекесіне аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова және ата-аналар қатысты. Мерекеге жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,” Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Марат Тоясов, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев, аудандық “Қызыл - ай” қоғамының төрайымы Салтанат Дүйсенғалиева, аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Дилара Салыхова құттықтап, тәрбиеленушілердің сабақтарының жақсы оқуларына, дендерінің сау болып, бақытты балалық шақты қызықты өткізулеріне тілектерін жеткізді.

Тәрбиеленушілер Жаңа жыл шыршасының қасында ертегілер әлеміне еніп, би билеп, ән салды. Сонымен қатар Жаңа жылдық сыйлықтар алып, балалық жүздері бал-бұл жанды. Соңынан тәрбиеленушілер “Тәтті үстелден” дәм татты.

Нұрсұлу ЛАТЫПОВА

Жасыл шырша мерекесі

Жаңа жылдан үміт көп

Міне, тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа жылмен қауыштық. Халқымыз «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп, келер жылдан үлкен үміт күтіп, жақсылықтар тілейді. Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алып тұрып әрбір адам баласы өткеніне көз жүгіртіп, істеген ісіне баға береді. Осы орайда өткен Жылқы жылы не-сімен есте қалды, төрге озған Қой жылынан не күтесіз деген сауалды бірнеше азаматқа қойған едік.Зәйлім МӘЖИТОВА, аудан әкімінің орынбасары:

-Жылқы жылы еліміз, ауданымыз үшін жаман болған жоқ. Әр жылдың өз жетістігі бар деген-дей 2014 жылы ауданымызда бірнеше нысандар іске қосылды. Соның ішінде Жаңажол, Бостандық округтерінде мәдениет үйі бой көтеріп, халыққа пайдалануға берілді. Сонымен қатар қариялар

үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Білім саласында да біркелі жұмыстар атқарылды деп айтуға болады. 6 оқушымыз «Алтынан алқа» тақты. Ауданымыздың 16 округі әр жұмада концерттік бағдарламасын ұсынып, халқымызға демалыс кешін сый-лады. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1977 жылы туылған азаматтарымыз елге кереметтей футбол алаңын салып бер-ді. Айта берсек өткен жылы ауданымызда істелінген істер баршылық. Қой жылынан бар жақсылық күтеміз. Келер жыл Қошанкөл,

Тереңкөл ауылдарындағы мәдениет үйлері, «Ер-тегі» бөбекжай-балабақшасы күрделі жөндеуден өтетіне риза болып отырмын. Талдыапан ауы-

лына ауыз су, мәдениет үйінің жылу жүйесін біркелкі ретке келтірсек дейміз. Сонымен қатар Қараөзен ауы-лына балабақша мәселесі шешілсе деген тілегім бар.

Жалпы, ескі жыл есіркеді деп айта аламыз. Ал, жаңа жылдан әдеттегідей тек жақсылықтар күтеміз. Өткен жылы орын алған жетістіктер биыл да өзінің игі жалғасын тапса деп тілейміз. Қой жылы барлық отбасыларына бақыт, береке әкелсін. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

- Өткен жыл өңіріміздің әр саласы үшін та-бысты жыл болды десем, артық айтқаным емес. Ауылымыз жылдан-жылға, халықтың тұрмыс-тіршілігі күн өткен сайын жақсарып келеді. Биылғы жылдың тағы бір ерекшеле-гі – Елбасының халыққа арнаған «Нұрлы жол

Кенжебай ҮМБЕТОВ, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– болашаққа бастар жол» атты Жолда-уымен есте қалып отыр. Жылқы жылын-да Жалпақтал ауылының көшелері ас-фальтталды. Тағы бір есте қаларлығы ауылымызға көптен бері айтылып жүрген нотариус қызметі келді. Келер қой жылын-да ауданымызда Ұлы Жеңісті лайықты қарсы алу міндеті тұр. Сонымен қатар А.Хұсайыновтың ескерткішін қойсақ дей-міз. Елбасымыздың келер жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығын лайықты қарсы алу керектігін айтқан болатын. Қой жылында мерекелік даталарды қарсылап, қаржылық дағдарыстан аман-есен өтетінімізге кәміл сенемін. Елімізде береке-бірілік, тыныштық болсын. Жалпы, өткен жылға өкпем жоқ. Жаңа жылдан да күтер жақсылығымыз көп. Еліміздің болашақ жастары еліміздің абыройын асқақтатса екен деймін. Жалпы, Қой жылында аймағымыз өсіп-өркендей берсе де-ген тілек бар!

Ия, Жаңа Жыл өткен жыл қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең. Халқымызда «Өткен жылға өкпем жоқ, келер жылға үміт көп» деген қанатты сөз бар. Біз қашанда

Мәншүк ЖЕКСЕНОВА, Қараөзен мектеп-лицейінің дирек-торы:

өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. Әр келген жаңа жылмен елімізде татулық пен достықтың, ынтымақ пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осындай бірлік әр отбасында, әр шаңырақта, әр ұжымда болса, кез-келген қиындықты жеңуге, табысқа жетуге жол ашады. Өткен жыл ауы-лымыз үшін, мектебіміз үшін табысты жыл болды деп есептеймін. Білім сапасын арттыру жолында ұжымымыз шығармашылықпен қызмет жасап, шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз түрлі байқауларда жетістіктерге жете білді. Мектебіміздің заман талабына сай материалдық жағынан толықтырылуы, жаңа кабинеттердің берілуі

де ұстаздар қауымы үшін қуаныш, бір жағынан жауап-кершілік. Кез-келген мамандықтағы адам үшін жылдың табысты өтіп,келер жыл бұрынғысынан да жақсы болма-са жаман болмайды деп тілейтіні шындық.Жаңа жыл елімізге, ауылымызға, әрине білім саласына де толағай

табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, әр шаңырақ береке мен бақытқа, шаттыққа кенеле берсін! Барлық бастамалардың

бағы жанып, сүйікті ісіміз қанағат әкеліп, жаңа білімдерге жаңа тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асуларға жетелесін! Әр шаңыраққа амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.

Page 7: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл 7Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.

Қой келеді «Мә-мә!» деп маңыраған,Қозы даусы шығады жамыраған.Егіз тауып, кей кезде сегіз тауып,Толтырады жайлауды қаңыраған.

Қой туралы айтылар өзге сыр жоқ,Ел көшеді қырға – мал төлдесін деп.Баяғыда-ақ бабалар айтып кеткен:«Қой өсірсең, табысы көлкөсір!»-деп.

ҚОЙ ЖЫЛЫ (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)

Қазақтар қой жылын жақсы жыл санайды. Өткен қой жылдары халыққа жайлы болған, ел молшылыққа кенелген. Қазақстан 1991 – қой

жылы тәуелсіз ел атанды. Ахмет Байтұрсынов қой жылы (1873) дүниеге келді.

Тышқан жылы – тыныштық

Сиыр жылы – сыйлықБарыс жылы – бірлікҚоян жылы – қамбалы

Ұлу жылы – үлгіліЖылан жылы – жайлыЖылқы жылы – жұтсызҚой жылы – құттыМешін жылы – мерейлі

Тауық жылы – табыстыИт жылы – игілік

Доңыз жылы – дүниелі

Үй қойларының ата-тегінің үш түрлі атауы бар. Олар муфлон, арқар (немесе аргал) және жабайы қыр қойлары болып табылады. Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері пайда болған. Жабайы қойдың көз алды мен бақайының аралықтары безді келіп, басы құйқалы, жазық маңдайлы болады. Қошқарлары иір мүйізді, ірі, қылшық түкті, дөңгелек құйрықты, сида, ұзын сирақты. Олардың қысқы қоректері ағаш қабықтары мен көк шырпылар және құрғақ шөптер. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте қолайлы келген. Жабайы қой тұқымдарын адам баласы көптеген уақыт алып, бағып-қағып қолға үйретті, үй қойы етіп, жерсіндірді, ауа райына көндіктіріп, дағдыландырды, содан қой түлігі атанды. Қолға үйренген үй қойларының да тұқымдары әр түрлі болып келеді. Солардың бірі — қазақы қой. Қазақы қойлар бертін келе тұқымдарына қарай, өскен жеріне, тұқымына, өсімталдығына, түр-түсіне, жүніне, құйрық, бас, құлақ, бітістеріне, жасына, мінез-әдеттеріне, тағы басқадай ерекшеліктеріне байланысты аталған. Мысалы: шаруалар қойды жасына қарай: үлкен (сақа) қошқар, азбан, ісек, дөнен қой, құнан қой, саулық, тұсақ, тоқты, марқа қозы деп атаса, жынысына қарай; еркек қой, ұрғашы қой, (тоқтышақ), еркек тоқты, ұрғашы тоқты, еркек марқа, ұрғашы марқа, еркек қозы, ұрғашы қозы, т.б. деп атайды.

Қойға қойылатын атауларКүй жайына, төлдеу уақытына, жынысына, жасына, сауылуына, желін, емшек бітісіне, дене

бітіміне, шағылысу мерзіміне, мінезіне және жүн бітісіне байланысты болып келеді.Күй-жайына қарай аталуыТу тұсақ қой. Бұл атаудың бірінші сөзі — тұсақтың қошқарға шағылыспай қалған,

шағылысса да, төлдемегенін көрсетеді, ал екінші сөзі ұрғашы қойдың екіден үшке шыққан жасын білдіру үшін қолданылады. Бағылан қой. Бұл атау қойдың аса семіргенін, куйлілігін білдіреді. Шүйделі қой. Қойлардың күзге қарай семіріп, желке майы шығыңқырап кет-кені. Көмген (олжа) қой. Бұл атау жазға қарай қырқылып тірі жүні шығып жетілмей жүрген арық қойлардың қатты қара жаңбырлы күндері, жерге басын шығара құрғақ топырақпен су өтпейтіндей етіп көміліп, жауыннан аман алынып қалғанын білдіреді. Сары тіс қой. Қойдың қошқардан қысыр қалмай, төрт-бес қоздаса да азбайтын, сүті бірқалыпты болатын, кысқа

төзімді келетіні. Төрт тісті саулық. Бұл атау біріншіден, саулықтың қошқардан қысыр қалмай төрт қоздағанын біл-дірсе, екіншіден, төрт төлдеген соң, сүті қайтып, арықтап кәртейетін, тұқымы жаман деген мағынада айтылады.

Төлдеу уақытына байланысты аталуыКүйек қашқан қой. Саулық қойдың қараша айында кошқардың беліне байланған киіз күйегі алынғаннан кейін,

шағылысып кеткені. Арамза қой. Қойдың мерзімінен бұрын қошқарға шағылысып, қыс ішінде қоздайтыны.Жынысына байланысты аталуыСаулық қой. Үш жастан жоғары төлдейтін қой. Сауулы қой. Қозысы өліп немесе қозысын қасқыр жеп қойған

саулық қойдың қозысыз сауылатыны. Қортық (шартық) қошқар. Бұл атау тұқымы жаман, қошқар болуға жарам-сыз деген мағынаны көрсетеді. Тоқты қошқар. Бұл тоқтының жас қошқар екенін көрсетеді.

Жасына байланысты атауларКүйек қозы. Біріншіден, қошқардың беліндегі күйегі (тоқымдай киіз) алынғаннан кейін, шағылысуынан пайда

болған төлді білдіреді, екіншіден, мерзімінде (уағында) туған қойдың алты айға дейінгі қозысы деген мағынада қолданылып тұр. Сары аяқ марқа. Бұл атау, біріншіден, тамыз, қыркүйек айларында туған қозыны білдірсе, екінші-ден, оның сәуір, мамыр айларындағы туған қозыдан бұрын есейіп, өсіп, жетіліп піскен семізі, жеті-сегіз айға толған ірісі, үлкені деген мағынаны білдіреді. Лақ қозы. Алты айға толған жас қозысы өлген қойға теліп жіберілгені. Бағлан қозы. Ерте туып, жақсы семірген қозы.

Дене бітісіне байланысты атауларҮкі бас қой. Қойдың қозы күнінен бастап, бос жүндері үкінің басына ұқсас ербие түсіп, екі

шекесінің үстін ала тіктеу шыққан кішірек екі айдары барын білдіреді. Тұлымды қой. Бұл атау қойдың екі шекесінің үстін ала мүйіз орнына тұлым сияқты біткен ұзындау, екі көзін баса келген жалбыраған жүні бар деген мағынаны білдіреді. Түймелі қой. Қойдың тамақ терісінің сыртын ала пайда болған жұмыр түйме тәрізді екі қатар біткен салпыншақ кішкене түймедей безі бар деген мағынада. Шұнақ қой. Бұл қойдың екі құлағы өте кішкене бүрісіңкі келгенін білдіреді. Салпаң құлақ қой. Үш мүйізді қой. Әдетте, қойда екі мүйіз болады. Кейде тым сирек болса да үш мүйізді қойды кездестіреміз. Осыған қарап «үш мүйізді қой» деген атау қалыптасқан. Топал қой. Мүйізі жоқ қой. Арқар мүйізді қой және т.б.

Page 8: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл8

Азық-түліктің сапасы мен

сатылымы қалай?Жасыратыны жоқ, қазіргі күнде заман ағымына қарай қалада да,

далада да толған дүңгіршіктер. Ал, солардың ішіндегі тауарлардың сапасы мен бағасына мән беріп жатырған ешкім жоқ. Әйтеуір, қып-қызыл ақшаға аламыз да, жатамыз. Қарапайым түрде ойлап қарасақ, әр тауардың бағасы апта сайын немесе өз мерзіміне қарай (қымбаттап) ауысып жатады. Жаңа жыл мерекесі кезінде дүкен сөрелерінде самса-а-а-п тұрған

көз қызықтырар жылтыр әшекейлер мен тәтті тағам түрлерін кезіктіресің. Осылардың барлығына назар аударсақ, әйтеуір қалтамыздың қалыңдығына

қарай көсілеміз. Себебі, неге?. Өйткені, әр тауарды алу үшін біздің қалтамыз көтере бермейді. Мысалы,бір торттың бағасы ауылдық жерлерде 600-ден – 2500-ға дейін көтеріліп, шарықтап тұрады. Ал, осы азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі мен сапасы жайлы не айтамыз? Шындығына келсек, қарапайым өмірде күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдерді алғанда сақталу мерзімінен асып кетіп, таңдай қаққанымызды да айта кеткен жөн-ау деймін. Кейбір дүкендердің кон-дитерлік және макарон өнімдерінде адам ағзасына зиян тигізетін микроорганизмдерді кездестіріп жатамыз. Бұл ащы да болса шындық. Сонда адам денсаулығының дұрыс болуы күнделікті ішіп жүрген тағамымызға байланысты болмақ. Қазіргі заманауи үлгімен салынып, сыртқы сәні келіскен дүкендердегі азық-түлік, ет, сүт өнімдерінің сатылымы қандай? Бұл мәселенің мән жайын білу үшін, бір күндік жұмыс кестемізді арнап, аудан орталығындағы дүкендерге арнайы ат басын бұрдық.

- Жалпы, етті жемейтін қазақ жоқ деуге болады. Әсіресе, қазіргі қыс айында қай жерде болмасын етке сұраныс көбірек болады. Сон-дай-ақ сүт өнімдерінен жасалынған айран, май, қаймақ сатылымға қойылады. Бұл өнімдердің барлығы Қуандық қыстағының тұрғыны Нұрлан Малаевтың «Ду-лат» шаруа қожалығынан арнайы әкелінеді. Қазіргі күнде дүкенде жылқы және түйе еттері бар. Олардың негізгі бағалары-1000 теңге тұрса, қазы-2500 теңге, қарта-1000 теңге, құйрық май- 800 теңгені құрайды. Барлық ет өнімдері арнайы тоңазытқышта сақталынады.

Сатылымға қойылған сүт өнімдерін дайындайтын көмекшіміз – Гүлбарам Зайнуллина.

Ет дүкенінен шығып, «Азамат» азық-түлік дүкеніне кірдік. Дүкен иесі Бауыржан Ахметқалиевпен тілдестік.

- Жаңа жыл қарсаңында

23 желтоқсан күні “Нұрбалапан” балабақшасында “Қызғалдақ” тобының тәрбиешілері Айгүл Абайқызы, Шынар Тарихқызы, Қымбат Ермұханқызының ұйымдастыруымен “Армысың, Жаңа жыл” атты ертеңгілік өткізді.

Ертеңгілікте Аяз ата мен ақшақар балаларға сыйлықтар ұсынды және сиқыршы сиқырымен шыршаның шамдарын жақты. Сонымен қатар ата-аналар “Шалқан” ертегісін сомдап, балаларға өлеңдер оқыды.

Ертеңгілік соңында балабақша меңгерушісі Асыл Зәкарияқызы отырған барша қауымды Жаңа қой жылымен құттықтап, тілек тіледі.

Гаухар ӘДІЛЖАНҚЫЗЫ

«Бала тілі-бал» деген қазақ халқымыз. Жалпы, әр ата-ана өз баласының қуанышымен бір-ге бөлісіп, болашаққа қадам басуына зор үміт ұялатады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасында кішкентай бүлдіршіндеріміздің Жаңа Жылдық ертеңгіліне куә болдық. Жарық шамдар мен жасыл шырша айналасында Жаңа Жылдық шыр-ша киімдерін киген сүп-сүйкімді балапандарға еріксіз назарын ауады.

Міне, осы балабақшадағы «Балапан» тобының тәрбиешісі Ғалия Қуатованың ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа Жыл» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеште сөз алған «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Асыл Кенжеғалиева кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ ертеңгілік кеште бүлдіршіндердің ата-аналары «Үндемес ит» қойылымынан көрініс қойды.

Балалардың бал-бұл жайнаған жүздеріне қарап,біз де қатты қуанышқа бөлендік. Осындай әсерлі кешті ұйымдастырған «Балапан» тобының тәрбиешілеріне айтар алғысымыз шексіз. Кеш соңында барлық бүлдіршіндер аяз ата мен ақшақар сыйлаған сыйлықтарды алып, мәз болып тарасты.

Жұлдыз ТАЛАПОВА

Жаңа жыл айшықтары

Жылымыз берекелі болсын!

Жасыл шырша қонақтары

Азамат Тәжиев, Қайыңды мектебінің оқушысы

-Мен облыс әкімінің Жаңа жылдық шыршасына қатысып келдім. Маған ұялы телефон мен сиқырлы математика кітабын сыйға тартты. Онымен қоса түрлі тәттілер мен қысқы киімдер сыйлады. Айта берсем, қызық көп...

Бейбітжан Хисменов, Қайыңды мектебінің оқушысы

Мен аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасына қатыстым. Мен кірпі болып киіндім, оған Аяз атадан сыйлық алдым. Концерттік бағдарлама тамашаладым, түрлі көріністер көрдім. Ең бастысы достар таптым.

азық-түліктің бағасы жоғарылап тұратыны жасырын емес. Қазіргі уақытта алдымен тауардың сақталу мерзіміне назар аударғанымыз жөн. Дүкенге әр жұма сайын тауарлар әкелінсе, олар арнайы санитарлық тек-серістен өтіп тұрады. Сатылып жатқан тағам түрлері сапалы. Тұтынушылардың шағымы бо-лып көрген емес. Біздің сатып жатқан азық-түлік тағамдары жұрт көңілінен шығып жатса, екі жаққа да тиімді ғой.

Жаңа жылда аудан тұрғындары сапалы өз өнімдерін күнделікті дастар-ханда пайдаланса, нұр үстіне нұр болар еді! Сондықтан басталған қой жылында әр шаңырақтың дастарханы бай болсын, - деген тілегімізді біл-діреміз.

Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

Орталық базардағы «Сымбат» ет дүкеніне аялдадық. Сатушы Мәншүк апайымызға кел-гендегі жәйімізді айтып, әңгімеге тарттық. Төмендегі сауалдарға жауап іздедік. Қанша?, Қайдан?Қалай...?

Page 9: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл 9КЕҢЕС

Ата Заңымызда көрсетілгендей, әрбір адам өзінің заңмен қорғалатын құқықтары бұзылған кезде немесе оны бұзуға қауіп төнген жағдайларда оларды қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Заң бойынша құқық бұзушылықтың қауіптілік деңгейіне, мағынасы мен сипатына байланысты, сот арқылы қорғалу әкімшілік, азаматтық және қылмыстық тәртіпте жүзеге асыры-луы қарастырылған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-1 тарауында жеке адамға қол сұғатын және отба-сы-тұрмыстық саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша жауап-кершілік көзделген.

Қазталов аудандық сотымен 2014 жылдың 11 айында аталған тараудағы құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудандық ІІБ-нен 112 әкімшілік іс түсіп, оның біреуі ҚР ӘҚБтК-нің 646 бабына сай қайтарылып, барлығы 111 әкімшілік іс қаралып, олардың ішінде 38 іс бойынша 38 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 73 тұлғаға қатысты 73 іс қысқартылған. Аудандық сотпен тағайындалған әкімшілік жазаларға келетін болсақ, 5 тұлғаға айыппұл, 33 тұлғаға әкімшілік қамау жазасы қолданылған.

Мысалы, 06.10.2014 жылы азамат Б. Қазталов ауылында өз үйінің ішін-де, өзімен бірге тұратың азаматтық некедегі жолдасы А-ның атына была-пыт сөздер айтып, боқтап балағаттап, сыйламаушылық білдіріп, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекет, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған. Сотта азамат Б. өз кінәсін мойындамағанымен, оның жасаған іс әрекеттері жинақталған іс-құжаттарымен, арыз беруші А-ның, куәлардың түсініктемесімен дәлелденіп, азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп

Мамандарымыз бен халық қалаулыларының қатаң талқылауынан өткеннен кейін қабылданған жаңа Қылмыстық атқару кодексінің ұстанған бағыт-бағдарын қазіргі қолданыстағы нұсқасымен салыстырып көрсек, онда бұған дейін орын алып келген көптеген бұлыңғыр мәселелердің аражігінің ашылып, нақтылана түскенін байқар едік. Қолданыстағы заңдарымыздағы мамандары-мызды толғандырып, аяқтарын тұсап, адымдарын аштырмай кел-ген көптеген алшақтықтар жаңа кодексте сала қызметкерлерінің ұзақ жылғы тәжірибелері мен көңілдеріне түйген ұсыныс - ойлары негізінде толықтырылған. Бұрынғы Қылмыстық атқару кодексінде жа-засын өтеушінің мінез-құлқын нақты өлшемдерді негізге ала отырып, бағалаудың едәуір қиыншылықтар тудырып келгендігі рас еді. Жаңа кодекстің 95- бабында жазасын өтеушінің мінез-құлқын бағалауға қажетті мұндай өлшемдер 6 деңгейге бөліп көрсетілген. Осы негіздер бойынша сотталушының шынайы мінез-құлқы анықталып, оған тағайындалған жазаның түрін өзгертуге, жеңілдетуге, керісінше қатайтуға мүмкіндіктер қарастырылған. Былайша айтқанда, ендігі жерде сотталушы осы өлшемдерге берілетін баға арқылы өз тағдырын ғана өзгерте ала-ды. Ол қалай жүзеге асырылмақ? Қазір Ішкі істер министрлігі бас ер-кінен айырылған сотталғандармен тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізудің тәртібін белгілеп, бекі-тетін бұйрықты талқылап, дайын-дау үстінде. Ондағы ережелер-ге тәлім-тәрбиенің ықпалды жолдары мен жазаның түріне қарай қолданылатын шараларды анықтаудың жолдары нақтыланған.

Жазалардың ізгілендірілуіне байланысты бұрынғы Қылмыстық атқару кодексінің 182- бабының талаптарына сәйкес сынақ мер-зімі алдында тұрған шартты түрде сотталғандарға бақылау жасау-ды қылмыстық атқару инспекци-ялары жүзеге асыратын. Ал жаңа кодекстің 19-бабында қылмыстық атқару инспекциясының база-сы негізінде өкілеттілігі барынша кеңейтілген пробациялық қызметті құру көзделген. Онда пробациялық бақылаудың тек шартты түрде сотталғандармен ғана емес, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес басқа да жазаларға тартылған және түзеу мекемелерінен мер-зімінен шартты түрдегі жазаға босатылып, әкімшілік қадағалау орнатылған сотталушыларға да жасалынатындығы көрсетілген. Әрине, бұл жөнінде Ішкі істер ми-нистрлігі пробациялық қызметтің ережесіне қатысты мәселелерді талқылап алуға тиісті деп ойлай-мыз.

Жаңа Қылмыстық атқару ко-дексіндегі тағы бір елеулі жаңалық- жергілікті атқару органдарының түзеу орындарынан шыққан сотталғандарға тұрмыстық жағынан көмек көрсетіп, олардың жұмысқа орналасуына, басқа да әлеуметтік шаралар жасауға қатысты мәселелерінің реттеліп, өкілеттіктерінің нақтылана түскендігі дер едім. Бұл жөнінде де Ішкі Істер министрлігі пробациялық қызметтің бақылауына алынған тұлғаларға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетудің тетіктерін қозғалысқа келтіретін ережені талқылаудан өткізуі керек.

Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық атқару кодексінің 33- бабына сәйкес жазаның бір түрі есебінде қоғамдық

Жаңа кодексте жазасын өтеушілер мүддесі

нақтыландыжұмысқа тартылған сотталушының атқарған жұмыстарының құны же-келеген жұмыс берушілер арқылы бюджетке аударылып келсе, бұдан былайғы жерде жаңа кодекстің 58-бабының талабына сәйкес қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза арнайы кәсіпорындарда өтеліп, жазасын өтеушілер тапқан жалақыларын толық көлемде ала-тын болады.

Жаңа кодестің 165-ба-бында түзеу орындарынан мер-зімінен бұрын шартты түрдегі жазаға босаған, бас еркінен айыру жазасы неғұрлым жеңіл жазаға ауыстырылған, жазаның орында-луы кейінге қалдырылған және түзеу орындарынан шыққандарға тағайындалған қосымша жаза-лар, сондай-ақ, мерзімін толық өтеп шығып әкімшілік бақылау орнатылған тұлғалардың жеке бас-тарын куәландыратын құжаттары өздері таңдап алған тұрғылықты жерлердегі ішкі істер органдарына жіберіліп, ол сотталушыға ішкі іс-тер органдары мен порбациялық қызметтің есебіне алынғаннан кейін ғана беріледі.

Алдағы жылы қолданысқа енетін жаңа кодекстің 169, 172- баптарын-да ішкі істер органдары түзеу орын-дарынан мерзімінен бұрын шартты түрдегі жазаға босатылған неме-се әкімшілік бақылау орнатылған тұлғаларды есепке қойғаннан кейін олардың пробациялық қызметке міндетті түрде келіп, әлеуметтік-құқықтық көмек алуын қамтамасыз етіп, сот қаулысының көшірмесін жолдайды. Біздіңше, бұл мәселе жөнінде Ішкі істер министрлігі түзеу орындарынан шыққандарды есеп-ке алуды жүзеге асыру туралы ішкі істер органдары құрылымдары арасындағы өзара ортақ қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тәртіптің ережесін талқылап, бел-гілеп алуы тиіс.

Бұған дейінгі жазаларды орындау барысында назардан тыс қалып келген сот үкімімен кәмелетке толмағандардың тәрбиесімен тығыз байланысты педагогикалық жұмыстармен айналысуға өмірлік тыйым салынған жазаның орында-луы білім саласындағы уәкілетті ор-ган бекіткен тәртіппен меншік түріне тәуелсіз ұйымдармен жүзеге асы-рылады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігінің жазаның орында-луына қатысты тиісті тәртіпті бел-гілеп алуы қажет.

Қазіргі күні түзеу мекемелерін-дегі ұялы байланысты шектеу жұмыстары пәрменді шаралардың қарастырылғанына қарамастан, өз тиімділігін көрсете алмай ке-леді. Осыған байланысты жаңа Қылмыстық атқару кодексінің 97- бабында байланыс операторлары-на түзеу мекемелеріне енгізілетін радиобелгілерін тұйықтап, або-ненттік қоңыраулардың алдын ала-тын, сондай –ақ, түзеу мекемесінің аумағында дыбыстық белгілердің таралуын төмендететін құрал-жабдықтар орнату барысында жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету міндеттелген. Бұл мәселе жөнінде Қылмыстық атқару коми-теті ұялы байланысты тұйықтайтын қолдағы бар жабдықтардың қайсысы жарамды, қайсысының тозығы жеткеніне қосымша зерт-теу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ішкі істер министрлігі жанындағы ведомствоаралық арнаулы жұмыс тобы байланыс операторлары-мен келіссөздер жүргізіп, олардың қандай мүмкіндігі көлемдегі құрал-жабдықтарды орнататындығын, олардың қаншалықты ықпалы болатындығы жөніндегі басқосулар

өткізуі тиіс. Қолданыстағы кодекстің 132-ба-

бында кәмелетке толмағандардың тәртіптік оқшаулау орнына 7 тәулікке дейін қамалатындығы көрсетілсе, жаңа кодекстің 154-бабында кәмелетке толмаған жасөспірімді тәртіптік оқшаулау орнына қамау тәртібі алынып тасталынды. Жаңа тәртіп бойын-ша кәмелетке толмағандардың уақытша оқшаулау орнына 3 тәулікке дейін қамалуы мүмкін. Ол жұмыстың заңдылығы прокуратура органдарымен қатаң бақыланады.

Қолданысқа енетін тағы бір жаңалық-бұрынғы Қылмыстық атқару кодексінде қарастырылмаған жазаның бір түрі, 83-баптың талап-тарына сәйкес қамауға алу 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы қабылдау орындарында жүзеге асырылады. Сол себеп-тен де Ішкі істер министрлігі жаңа арнайы қабылдау орындарының құрылысын салуға шаралар қабылдауы тиіс. Ескерте кетейік, мұндай орындардың жетіспейтін-дігі бұған дейін әкімшілік қамауға алынатындарға тағайындалған жазаны орындатуға көп кедергісін тигізіп келген болатын.

Жаңа қылмыстық атқару кодексі-не енгізіліп отырған өзгерістің бірі деп түзеу мекемелеріне жазасын өтеушілердің арыз-шағымдары салынатын жәшіктердің орнатылатындығын айтар едік. Мұндай жәшіктердегі шағымдар мен ұсыныстар күн сайын прокурорлар мен әкімшіліктің қатысуымен акт жасалынып, алынады. Сондықтан да Қылмыстық атқару жүйесінің ко-митеті барлық түзеу мекемелеріне сотталушыларға ыңғайлы жерлерге жәшіктер орнатуға тиіс. Прокурор-лар алынған шағымдарды тіркеп, заңдық тұрғыда шара қабылдайды.

Әңгіме арасында түзеу мекемелерінің осы күнге дейін аталып келген атауларының да өзгеріске ұшырағанын айта кеткен ләзім. Қоныс колониясы, тергеу абақтысы, тәрбие мекемесі, жал-пы, қатаң, айрықша тәртіптегі түзеу мекемелері және түрме деген ресми атаулар жаңа Қылмыстық атқару ко-дексіне ондағы қауіпсіздік деңгейіне сәйкес төменгі, аралас, орташа, төтенше және толық мекемелер де-ген атаулармен енгізілген. Мәселен, қауіпсіздігі төменгі мекемелердегі (қоныс колониясы) жазаны өтеу тәртібі қарапайым, жеңілдетілген, қатаң жағдайдағы деген тәрізді бұрындары қарастырылмаған түрлерге, ал қауіпсіздігі төтенше (ерекше режим) мекемелеріндегі ахуал ондағы сотталушылардың мінез-құлқының түзелуіне қарай жеңілдетілген деп бөлінген.

Заңдағы осындай өзгерістерге байланысты сотталғандардың іс-тері соттарда қайта қаралады. Қылмыстық атқару жүйесінің ко-митеті 43 мың сотталушы мен 29 мың қоғамнан оқшаулаумен байла-нысты емес жазаларға тартылған сотталғандардың істеріне тексеру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Жаза-сын өтеушілер жаңа кодекстің 6-бабының тәртібіне сәйкес (кері күші бар) әкімшілік арқылы соттарға өтінішпен шыға алады. Алдын ала есеп бойынша рецидивтік сипаттағы қылмыстарға тағайындалған жазалардың өзгеріске ұшырауына байланысты 12 218 іс қайта қаралмақ. Мерзімінен бұрын шарт-ты түрдегі жазаға босатуға байла-нысты 10 510, ал жазаның түрін өзгертуге қатысты 4682 материал қайта қаралмақ.

Дәурен МЕДЕТБЕКОВҚазталов аудандық

прокуроры

Отбасы - шағын мемлекет

танылып, осы баппен оған 10 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.

Әрбір істің өзіндік ерекшеліктері-мен қатар іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес, әкімшілік жаза қолданумен қатар әкімшілік жауаптылықтан босату да көзделген.

Мысалға келтіретін болсақ, 26.09. 2014 жылы Бостандық ауылының азаматы Е. алкоголь ішімдігін ішкен мас күйінде өзінің тұрғын үйІне келіп жолдасы Э-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, үй тыныштығын бұзған, сөйтіп әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішін-де қайталап отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекет, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, ал арыз беруші құқық бұзушымен ымыраға келіп, оған кешірім бере-тінін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады. Сот, құқық бұзушымен арыз берушінің түсініктемелерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, ӘҚБтК-нің 71-1 бабының 1-бөлігіне сай, арыз берушімен құқық бұзушы бітімгершілікке келулеріне байла-нысты, азамат Е. ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатылып, оған қатысты ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс қысқартылды.

Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан, осындай келеңсіз жағдайларға бой алдырмау үшін отбасының шырқын бұзбайық, ағайын!

А.САНСЫЗБАЕВА, Қазталов аудандық сотының бас маманы

сот отырысының хатшысы

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2015 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1309 қаулысына сай облыс бойынша 76000 астам зейнеткерге уәкілетті ұйымнан төленетін 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 (тоғыз) пайызға арттырылды.

Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Заңына сай 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 21 364 теңге;2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшері – 11 182 теңге;3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 23 692 теңге;4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн

айлық есептiк көрсеткіш – 1 982 теңге;5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi

күнкөріс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгіленді.2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төменгi мөлшерi

базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда 34 874 теңгені, ал ең жоғарғы мөлшері базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда 72 129 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептiк көрсеткiш және ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеруне байла-нысты барлық жәрдемақылар түрлерінің мөлшері 7 (жеті) пайызға арт-тырылды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық төлемдер жаңа мөлшерде төленетін болады.

Ж. БЕРІКОВ, Басшының орынбасары

Зейнетақылар менжәрдемақылар

мөлшерінің арттырылуы туралы

Page 10: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

    458   Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района (города областного значения) 672

      015 Освещение улиц в населенных пунктах 0      016 Обеспечение санитарии населенных пунктов 0      017 Содержание мест захоронений и захоронение безродных 0      018 Благоустройство и озеленение населенных пунктов 672

    466   Отдел архитектуры, градостроительства и строительства района (города областного значения) 0

      007 Развитие благоустройства городов и населенных пунктов 008       Культура, спорт, туризм и информационное пространство 248968  1     Деятельность в области культуры 147818

    457   Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта района (города областного значения) 147818

      003 Поддержка культурно-досуговой работы 147818

  2     Спорт 3623

    457   Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта района (города областного значения) 3623

      009 Проведение спортивных соревнований на районном (города областного значения) уровне 3623

    466   Отдел архитектуры, градостроительства и строительства района (города областного значения) 0

      008 Развитие объектов спорта 0  3     Информационное пространство 77567    456   Отдел внутренней политики района (города областного значения) 10781

      002 Услуги по проведению государственной информационной политики через газеты и журналы 10781

    457   Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта района (города областного значения) 66786

      006 Функционирование районных (городских) библиотек 66786

  9     Прочие услуги по организации культуры, спорта, туризма и информационного пространства 19960

    456   Отдел внутренней политики района (города областного значения) 12051

      001Услуги по реализации государственной политики на местном уровне в области

информации, укрепления государственности и формирования социального оптимизма граждан

9244

      003 Реализация мероприятий в сфере молодежной политики 2807

    457   Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта района (города областного значения) 7909

      001 Услуги по реализации государственной политики на местном уровне в области культуры, развития языков, физической культуры и спорта 7909

      014 Капитальные расходы государственного органа 0

10      Сельское, водное, лесное, рыбное хозяйство, особо охраняемые природные

территории, охрана окружающей среды и животного мира, земельные отношения

144443

  1     Сельское хозяйство 41833    459   Отдел экономики и финансов района (города областного значения) 16265      099 Реализация мер по оказанию социальной поддержки специалистов 16265

    474   Отдел сельского хозяйства и ветеринарии района (города областного значения) 25568

      001 Услуги по реализации государственной политики на местном уровне в сфере сельского хозяйства и ветеринарии 10487

      008 Возмещение владельцам стоимости изымаемых и уничтожаемых больных животных, продуктов и сырья животного происхождения 15081

  6     Земельные отношения 7538    463   Отдел земельных отношений района (города областного значения) 7538

      001 Услуги по реализации государственной политики в области регулирования земельных отношений на территории района (города областного значения) 7538

  9     Прочие услуги в области сельского, водного, лесного, рыбного хозяйства, охраны окружающей среды и земельных отношений 95072

    474   Отдел сельского хозяйства и ветеринарии района (города областного значения) 95072      013 Проведение противоэпизоотических мероприятий 95072

11       Промышленность, архитектурная, градостроительная и строительная деятельность 9982

  2     Архитектурная, градостроительная и строительная деятельность 9982

    466   Отдел архитектуры, градостроительства и строительства района (города областного значения) 9982

      001

Услуги по реализации государственной политики в области строительства, улучшения архитектурного облика городов, районов и населенных пунктов области и обеспечению рационального и эффективного градостроительного

освоения территории района (города областного значения)

9982

12       Транспорт и коммуникации 5317  1     Автомобильный транспорт 5317

    458   Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района (города областного значения) 5317

      023 Обеспечение функционирования автомобильных дорог 531713       Прочие 53560  3     Поддержка предпринимательской деятельности и защита конкуренции 6025

    469   Отдел предпринимательства района (города областного значения) 6025

      001 Услуги по реализации государственной политики на местном уровне в области развития предпринимательства и промышленности 6025

  9     Прочие 47535

    123   Аппарат акима района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа 28446

      040 Реализация мер по содействию экономическому развитию регионов в рамках Программы «Развитие регионов» 28446

    458   Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района (города областного значения) 7748

      001Услуги по реализации государственной политики на местном уровне в

области жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог

7748

    459   Отдел экономики и финансов района (города областного значения) 11341      012 Резерв местного исполнительного органа района (города областного значения) 11341

    475   Отдел предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии района (города областного значения) 0

      001 Услуги по реализации государственной политики на местном уровне в области развития предпринимательства, сельского хозяйства и ветеринарии 0

      003 Капитальные расходы государственного органа 014       Обслуживание долга 19  1     Обслуживание долга 19    459   Отдел экономики и финансов района (города областного значения) 19

      021 Обслуживание долга местных исполнительных органов по выплате вознаграждений и иных платежей по займам из областного бюджета 19

15       Трансферты 1930  1     Трансферты 1930    459   Отдел экономики и финансов района (города областного значения) 1930      006 Возврат неиспользованных (недоиспользованных) целевых трансфертов 1930

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл10 БЮДЖЕТ

(Жалғасы. Басы өткен нөмірлерде)      024

Целевые текущие трансферты в вышестоящие бюджеты в связи с передачей функций государственных органов из нижестоящего уровня государственного

управления в вышестоящий0

        3) Чистое бюджетное кредитование 73169        Бюджетные кредиты 83962

10      Сельское, водное, лесное, рыбное хозяйство, особо охраняемые природные

территории, охрана окружающей среды и животного мира, земельные отношения

83962

  01     Сельское хозяйство 83962

    459   Отдел экономики и финансов района (города областного значения) 83962

      018 Бюджетные кредиты для реализации мер социальной поддержки специалистов 83962

Кате

гори

я

Кла

сс

Под

клас

с

спец

ифик

а

Наименование Сумма

5       Погашение бюджетных кредитов 10793  01     Погашение бюджетных кредитов 10793    1   Погашение бюджетных кредитов, выданных из государственного бюджета 10793

        4) Сальдо по операциям с финансовыми активами 0

Фун

кцио

наль

ная

груп

па

Фун

кцио

наль

ная

подг

рупп

а

Адм

инис

трат

ор б

юдж

етно

й пр

огра

ммы

Про

грам

ма

Наименование Сумма

        Приобретение финансовых активов 0

13       Прочие 0

  09     Прочие 0

    458   Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района (города областного значения) 0

      065 Формирование или увеличение уставного капитала юридических лиц 0

Кате

гори

я

Кла

сс

Под

клас

с

спец

ифик

а

Наименование Сумма

6       Поступления от продажи финансовых активов государства 0

  01     Поступления от продажи финансовых активов государства 0

    1   Поступления от продажи финансовых активов внутри страны 0

        5) Дефицит (профицит) бюджета -72919

        6) Финансирование дефицита (использование профицита) бюджета 72 919

Приложение 2 к решению Казталовского районного маслихата от 10 октября 2014 года № 28-1

Приложение 5 к решению Казталовского районного маслихата от 27 декабря 2013 года № 20-1

Бюджетные программы сельских округов Казталовского района на 2014 годтысяч тенге

Фун

кцио

наль

ная

груп

па

Фун

кцио

наль

ная

подг

рупп

а

Адм

инис

трат

ор б

юдж

етно

й пр

огра

ммы

Про

грам

ма

Наименование Сумма

        Бюджетные программы Казталовского района на 2014 год  

01       Государственные услуги общего характера 204717

  1     Представительные, исполнительные и другие органы, выполняющие общие функции государственного управления 204717

  123   Аппарат акима района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа 204717

    001 Услуги по обеспечению деятельности акима района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа 199833

      в том числе:  

      Казталовский сельский округ 17076

      Брикский сельский округ 11294

      Бостандыкский сельский округ 11574

      Болашакский сельский округ 12992

      Караубинский сельский округ 11682

      Каиндинский сельский округ 11058

      Кушанкульский сельский округ 12814

      Теренкульский сельский округ 11424

      Жалпакталский сельский округ 16953

      Жанажолский сельский округ 11739

      Акпатерский сельский округ 11326

      Талдыкудукский сельский округ 11899

      Талдыапанский сельский округ 10573

      Карасуский сельский округ 11255

      Куктерекский сельский округ 13943

      Караузеньский сельский округ 12231

    022 Капитальные расходы государственного органа 4884      в том числе:        Казталовский сельский округ 2028

      Болашакский сельский округ 0

      Жалпакталский сельский округ 2506      Талдыапанский сельский округ 35005       Здравоохранение 376

  9     Прочие услуги в области здравоохранения 376

  123   Аппарат акима района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа 376

    002 Организация в экстренных случаях доставки тяжелобольных людей до ближайшей организации здравоохранения, оказывающей врачебную помощь 376

Page 11: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл 11АУЫЛ АЙНАСЫ

      в том числе:  

      Казталовский сельский округ 43

      Брикский сельский округ 27

      Бостандыкский сельский округ 25

      Болашакский сельский округ 28

      Караубинский сельский округ 25

      Каиндинский сельский округ 23

      Кушанкульский сельский округ 27

      Теренкульский сельский округ 30

      Акпатерский сельский округ 24

      Талдыкудукский сельский округ 36

      Талдыапанский сельский округ 37

      Куктерекский сельский округ 30

      Караузеньский сельский округ 21

07       Жилищно-коммунальное хозяйство 27152

  3     Благоустройство населенных пунктов 27152

  123   Аппарат акима района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа 27152

    008 Освещение улиц населенных пунктов 14067

      в том числе:  

      Казталовский сельский округ 6372

      Брикский сельский округ 338

      Бостандыкский сельский округ 418

      Болашакский сельский округ 400

      Караубинский сельский округ 400

      Каиндинский сельский округ 210

      Кушанкульский сельский округ 300

      Теренкульский сельский округ 300

      Жалпакталский сельский округ 2992

      Жанажолский сельский округ 300

      Акпатерский сельский округ 300

      Талдыкудукский сельский округ 200

      Талдыапанский сельский округ 360

      Карасуский сельский округ 300

      Куктерекский сельский округ 477

      Караузеньский сельский округ 400

  009 Обеспечение санитарии населенных пунктов 600

      в том числе:  

      Болашакский сельский округ 200

      Караубинский сельский округ 0

      Караузеньский сельский округ 400

    010 Содержание мест захоронений и погребение безродных 90

      в том числе:  

      Жалпакталский сельский округ 90

    011 Благоустройство и озеленение населенных пунктов 12395

      в том числе:  

      Казталовский сельский округ 8243

      Брикский сельский округ 200

      Бостандыкский сельский округ 200

      Болашакский сельский округ 200

      Караубинский сельский округ 200

      Каиндинский сельский округ 351

      Кушанкульский сельский округ 200

      Теренкульский сельский округ 200

      Жалпакталский сельский округ 1201

      Жанажолский сельский округ 200

      Акпатерский сельский округ 200

      Талдыкудукский сельский округ 200

      Талдыапанский сельский округ 200

      Карасуский сельский округ 200

      Куктерекский сельский округ 200

      Караузеньский сельский округ 200

13     Прочие 28446

  9     Прочие 28446

  123   Аппарат акима района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа 28446

Бостандық ауылының тұрғыны болған, ая-улы да ардақты анамыз Күләш Орашқызы Жұмағазиеваны 5 қаңтар дүниеден озғанына 3 жыл толуына сағынышпен еске аламыз.

Жан ана, ұл-қызыңның тірегі едің, Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің. Болмасаң да бүгін біздің жанымызда, Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда. Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы, Сағынышпен туғандары еске алады.Өзіңізбен өткен күндер,Жадымызда мәңгіге сақталады.Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа

болсын.

Т уған күн ің і з б ен !

Ақылын дәйім айтатын жетік тілімен,Бәрімізді әлдилеп жетілдірген.

Көпті көрген көнекөз, асыл әже, Құттықтаймыз ғасырлық туған күнмен.

Немере-жиен тығылар бауырыңа,Шыдай білдің тағдырдың ауырына.Сонда дағы сынбадың, асыл әже, Ұқсаған соң асылдың сынығына.

Үлгі көріп жүріп өткен жолыңызды,Бас иеміз, танып оң-солымызды.

Асыл әже, деніңіз сау болсын деп,Арнамақпыз ақ тілек-жырымызды.

Ең бастысы – саулығыңыз мықты болсын,Шаңыраққа шырайлы шаттық қонсын.

Мейірімді, ақ Әже, ақылшымыз,100 жасқа толған күніңіз құтты болсын!

Талдықұдық ауылының тұрғыны, аяулы әжеміз Мафтуха Айтқалиеваны 100 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Әжемізге зор денсаулық, баянды бақыт, мәуелі бәйтерек болып ортамызда отыра беріңіз деген игі тілегімізді арнаймыз.

Тілек білдірушілер: келіні Алтын, қыз-күйеулері Дина, Бижан-Мадина, Ма-рат-Жанат, Жақсыбай-Ұлдай, жиендерің: Темірлан, Ермахан, Снежана, Мир-хат, Әлішер, Альбина, Санжар, Арафат, Алихан, Аяулым

Қазталов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, әріптесіміз Гүлназ Бақытжанқызы Қалиеваны 1 қаңтарда толатын мерейлі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жас ұрпақтың бойына тәрбие мен білімнің, іскерлік пен жақсылықтың нәрін сеуіп, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, мамандығын жан-жүрегімен сүйетін, білімде білікті мамансыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, көңіліңізге қуаныш, өміріңізге бақыт тілейміз.

Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз,Еліңізге, әріптеске қадірлісіз өзіңіз.Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін,Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,Отбасыңа келе берсін бақ күліп.Шаттықпенен көріп таңның арайын,Жаратушы төксін игі жақсылық!

Жалпақтал ауылының тұрғыны сүйікті келініміз, адал жар, балаларының анасы Айнұр Бекетқызы Хайруллинаны 30 желтоқсан күні толған 30 жасымен құттықтаймыз. Ақ халат-ты азбал жан Айнұрымыз ауданымыздың «Үздік дәрігері» атағымен де марапатталған болатын. Жұмысына табыс, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,Қуаныңыз шаттаныңыз, күліңіз.Бала-шаға қызығына кенеліп, Ортамызда аман-есен жүріңіз.

Өз қызметін тоқтатадыИскалиева Макка Мурзагуловнаның атындағы 2 ақпан 2012 жылы берілген «Искалиева

М» ЖК (сериясы 09915 №0080998) өз қызметін тоқтатқанын хабарлайды.

Ергалиев Жаксылык Бахытжановичтің ЖК «Рахат» (серия 12915, №0622188, тіркелген күні 13.07.2005) өз қызметін тоқтатқанын хабарлайды.

Жарамсыз деп танылсынМолдашев Мейірман Мерғалиұлына «Ауылшаруашылығы» бойынша оқыған 2007-2010

оқу жылында №17 кәсіптік лицейден берілген №0049676 санды дипломы жоғалуына байла-нысты жарамсыз деп танылсын

Ана, бүгін 96 жастасыңБар өміріңді бізге ғана арнадың

Ерте кетті бұл өмірден жан әкемізЗардабынан соғыс салған жараның

7 бала өсірдің, еңбек етіп,Тұңғышың 70, 55-те кенже ұлың,

Ешкімнен кем қалдырмай оқып-өніп,Немере-жиен-нементай көрдің бүгінАнасы бар адамдар қартаймайдыДеген сөздің жаны бар растаймыз

56-70 ке келген шақта Анамызды сағынып жасарамыз.

Алланың берген жасы қабыл болсынӨмірде біз тілейтін денсаулығын

Балаларың, тума-туыс қаумалаған,Анашым, мәуелеген бәйтерексің

Туған күнің құтты болсын, жан анашым!96-ға төртті қоссаң 100 боласыңҒасырменен таласып өмір сүргенӨмірдегі ең қымбатты анасың!

Қайыңды ауылының тұрғыны Жұмағаным Ізмұханованы 1 қаңтар күні толатын 96 жас туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Құттықтаушылар: қызы Мәдина, балалары.

Игі тілекпен: аудан мектептерінің тәрбие ісі орынбасарлары

Ізгі ниетпен: атасы Қайнеш, анасы Гүлжан, жолдасы Берік, ұл-қызы Арухан, Құмар, Уәлихан, жездесі-қайынбикесі Рауан-Гүлназ

Есіңе мені алғайсыз...

Сағынышпен еске алушылар: бала-келіндері, қыз-күйеулері, немере-жиен-дері.

Page 12: АУЫЛ - old.baq.kzold.baq.kz/storage/a2/a21e1ea8f5c6d494753ab78e1697e74d.pdf2 ҚОҒАМ 1 қаңтар 2015 жыл Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы

АУЫЛ АЙНАСЫ12 Бейсенбі1 қаңтар 2015 жыл

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 3 баспа табақ

Тапсырыс: 1Таралымы 3900 дана

Меншік иесі«Жайық Пресс» ЖШС

бас директорЖантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШСҚазталов филиалы

«Ауыл айнасы» Қазталов аудандыққоғамдық-саяси газетініңДиректор – редакторы:

Жұмағалиев Серік Ғабитұлы

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман

хаттарына жауап бермейді, онықайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін

автор жауапты.

Мекен-жайымыз:090700Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы, Қазталов ауылыШарафутдинов көшесі, 13

Телефондар: Редактор: 31-4-68Жалпақтал ауылы:21-3-70

Біздің электронды поштамызE-mail: [email protected]

Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есеп-

теледі

Газет Қазталов аудандық «Ауыл айнасы»газеті редакциясында компьютерлік

әдіспен теріліп, беттелді.«Жайық Пресс» ЖШС баспаханасында

басылды.Орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1

Газет БҚО Әділет департаменті, Қазталов аудандық Әділет басқармасында 09.09.2012

жылы тіркелген. Тіркеу нөмірі 11- 1926 -08 Ф-Л.

Индексі 65794

Жаңа жылдық әзілдерҚазталов орта жалпы білім

беретін мектебінің директо-ры Әлия Жақсыбаеваға

Жұмысы бар қарқынды,Білім беріп талпынды.Нәсіпқалиқызы Әлия-

Директор ғой тартымды.ҰБТ-дан алдағы,

Алар ма екен «Алтынды»...

Қазталов аудандық т ұ т ы н у ш ы л а р д ы ң құқығының қорғау басқармасының бастығы Талғат Хайдаровқа

Қанаттары талмасын,Отыз жылдап самғасын.Тәрбиелеп жатса ізбасар,Жұмысын алға жалғасын.Талғат аға, қарышта«Жыл үздігін» алғасын!

Коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы Әділжан Өтебаевқа

Қарыштап қадам бастадың,Еңбектің көрдік асқағын.Қонақ үй мен моншаны,Жекеге беріп тастадың.Халыққа тиіп септігің,

Судың да көрдік көптігін,Еліңнен алғыс аларсың,

Қазып та берсең «септигін»

Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Тұрарбек Акмурзинге

Айтайын көңіл тазасын,Тұрарбек жақсы жазасың.Мұнайшыдай сен мықты,

Қойнауынан қазасың.Қарыштай берсін талабың.

Тоқтаусыз жазсын қаламың.Шұбырған кейде мақалаң.Газетке сыймай қалады.

Жұмыстан қолын үзбеген,Түйреп алар сөзбенен.Ардагерлер басшысы,Байланысар түзбенен.Уәлеш аға жарап тұр,

“Боздақтарды” іздеген...

Қазталов аудандық ар-дагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішевке

Қамбар ата мен Шопан атаның әңгіме сұхбаты

Жылқы: Қош келдіңіз, Шо-пан ата!

Қой: Қош көрдік, Қамбар ата! Жаңа жылдың тағына отыруға келіп қалып жатқан жағдайымыз бар. Ал, сіздің осы жылға деген ізгі тілегіңізді білсек...?

Жылқы: Әрине, Шопан ата! Алдымен менің жылым-да жағымды жаңалықтардың болғанын есімізге түсірген жөн-ау деймін. Ауданымыздағы атқарылған бірқатар істердің куәсі болдым. Білім мен мәдениет саласында оң

өзгерістер орын алса, жаңадан ғимараттар бой көтерді.

Қой: Е-е-е, сенің де мақтанып айта алатындай жетістіктерінің көп болғаны ма?

Жылқы: Шопан мырза, сіздің жылыңызда да тойланатын тойлар аз емес. Атап айтар болсақ, Қазақ хандығының 550

жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығын қазақ халқымен тойлағалы отырсың. Әсіресе,

биылғы қыс айы, яғни сенің жылың жайлы болады делінген.

Қой: Иә...,иә...,иә... – со-лай-ақ болсын, - бірақ... мына халқым сенің жылыңмен қош айтысарда ауа-райы-на деген өкпелері бар. Себебі, жапалақтап ақ қар жауғызбай, жасыл шырша айналасы қара жерге жамылып тұр. Бұның қалай болғаны Қамбар ата?

Жылқы: Шопан ата! «Жылқы мінезді» деген сөз тіркесі ай-тылып жатады ғой. Бұл да қоштасып бара жатқан кездегі бір мінезім болар. Сондықтан әлі де жер беті ақшаңқай ақ қар болады. Балалар асыр са-лып ойнайды.

Қой: Қамбар ата! Айтқаның келсін! Сенің жылыңа халықтың өкпесі жоқ. Енді Жаңа жылда алдымыздан тек жақсылықтар кездессін, -деп тілейік.

Жұлдыз АСҚАР

Көз салыңыз мәзірге,Ренжімеңіз, шымшыма сөз әзілге.Жаңа жылда кенеліңдер табысқа,Амандықпен кездескенше әзірге.

Әзілді жазған: “Ауыл айнасы” газетінің қызметкері Қайрат ЖАҚЫП

Тоқты (21.03-20.04). Тасы: гауһар тас, лағыл. Келе жатқан жыл тоқтылар үшін сәтті жыл болады. Олар бұл жылы адамдармен араласуды үйренеді. Соның

арқасында жұмысы алға басады.Торпақ (21.04-21.05). Тасы: көгілдір ақық пен жақұт. Сіз осы уақытқа дейін жақындарыңызға үнемі қамқор болып келдіңіз,енді өзіңізді ойлайтын кез келді. Жаңа жыл-

да көптеген саяхаттар күтіп тұр.Ой-өрісіңіз, біліміңізді кеңейте түсесіз, жұмысқа керек тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері туады.

Егіздер (22.05-21-06). Тасы: ақық, жақұт.Қой жылы басталмай тұрып келер жылға жоспар құрады. 2015 жылы көптен бері ойға алған мақсаттарын жүзеге

асырады. Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар таба-ды.

Шаян (22.06-23-07). Тасы: зүбаржат, інжу, сарғыш жасыл ақық, ай тасы. Жұлдыз жорамал бойынша шаян үшін келер жылы қаржы жағынан ұтылмайтын, ең белсенді және жігерлі жұмыс

жасап, бизнес және проблемалары жоқ жылы болады.Арыстан (24.07-23.08). Тасы: зүбаржат, топаз, оливин, кәріптас. Қой жылы арыстан белгісімен туған жандар үшін табысты әрі сәтті болғалы тұр. Жыл бойы қызу еңбек етіп, кейін

керемет жерге демалысқа аттануыңыз мүмкін. Алайда, сізге бұл жылы төрт қабырғадан шықпай, күні-түні жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Іссапарлар мен кездесулерге жиі жол түседі

Бикеш (24.08-23.09). Тасы: маржан, нефрит, ақық.Жұлдыз жорамал бойынша бикештерге 2015 жыл – жағымды жаңалықтар мен күтпеген тосын сыйларға толы болмақ.

Достарыңыз бен жақын адамдарыңыздың кеңестеріне де құлақ асып жүргеніңіз абзал.Таразы (24.09-23.10). Тасы: гауһар тас, жылтыр тас.Өткен жылы таразылардың біршама шешілмеген мәселелері бар еді. Келер жылы олар ақырындап шешіледі.Сарышаян (24.10-22.11). Тасы: жасыл ақық, лағыл, қызыл жақұт, маржан, анартас.Қой жылы сарышаяндар белсенді болып, өмірінің деңгейін жақсартуға талпынады. Бұл – қоғамық, жеке және кәсіптік

өмірге қатысты айтылған.Мерген (23.11-21.12). Тасы: лағыл, күлгінтас, топаз, зүбаржат. Бұл жылы сіздердің көптен күткен армандарыңыз орындалып, алыс сапарларға аттануыңыз мүмкін. Бұл жылы сіздің

көңіл-күйіңізге жақсы әсер ететін себеп мол болады. Кішігірім кедергілер сіздің өміріңізге әсерін тигізбейді. Барлық шаруаңыз жеңіл әрі жылдам шешіледі. Жаңа дос-құрбы табасыз.

Тауешкі (22.12-20.01). Тасы: қарақошқыл лағыл, қара қошқыл оникс, көгілдір малахит.2015 жыл тауешкіден көшбасшылық, ұйымдастыру қабілетін пайдалануды талап етеді. Адамдарды біріктіру - сіздің

басты мақсатыңыз болмақ. Жұмыста іс-шаралар ұйымдастырып, үйде ренжіскен туыстарыңызды татуластырасыз. Ақпан - келіссөз жүргізу үшін таптырмас уақыт.

Суқұйғыш (21.01-19.02). Тасы: ақық, көгілдір ақық, жасыл ақық, жақұт, зүбаржат, күлгінтас, інжу, анартас. Жаңа жылдағы өзгерістер қаңтар айынан-ақ анық байқалады. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып,

белсенділігіңіз артады. Осы талпынысыңыз арқылы көшбасшылыққа да жетіп жатсаңыз таңқалмаңыз.Балықтар (20.02-20.03). Тасы: маржан, көгілдір ақық.Бұған дейін қолға алғаныңызды жалғастыра түсіңіз: өзіңізді, өмірдегі орныңызды, мақсатыңызды.

Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, алып-қашпа әңгімелеріне назар аударушы болмаңыз. Көп уақытыңызды танымыңызды кеңейтуге, көп саяхат жасауға, жаңа мәдениеттерді тануға арнаңыз.

Жұлдыз жорамал