8
NURORDA « Нұрорда » білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім, ғылым, ізгілік мекені "нұрорданың" есеп күнделігінен оқитындарыңыз: бҮГіНГі ұрПаққа қараП, ертеңіме СеНімдіміН адиаН болашағыНаН Үміт кҮттіреді қазақ аруы – 2014 мерекелер : * Әріптерді танытқан Әліппе! * достыққа Бүлдіршін жүрекпен * Бейнелеу таным мен тағылым өнері АптАлықтАр : * тіл – асқар тау * зияткерлер сайысы * тіл Болмаса сөз Болмайды * «тілім Барда, айтылар сыр ойдағы...» * « мӘңгілік ел» семинАрлАр : * «ЖаС келСе, іСке» * бҮГіНГі мұғалімГе білімді болу ЖеткілікСіз ДемАлыс : * Әдептілік - тӘрБие Басы * таБиғаттан нӘр алады жанымыз * кітаптар еліне саяхат * кітапхана – кітап мекені * Әкем, анам жӘне мен, шынығамыз спортпен! жАңАлықтАр : Еліміз өркендеп, жеріміз көркейіп, жағдай күннен - күнге жақсаруда. Ендігі болашаққа жасайтын қадамымыз өнімдерді өзіміз өндіре алатын дәрежеге жету, жаңалықтың көзі болатын дамыған 30 елдің қатарына кіру. Өткен тарихымыздың даму саты- сын зерттеп қарасақ, қоғамды дамытып, ғасырға жол ашқан – көпшілік емес, аз бол- са да көшбасшы, тапқыр, жаңаша ойлай- тын қасиеттері бар тұлғалар болған. Де- мек, өсіп келе жатқан ұрпақтың негізін бүгін дұрыс қалау қажет. Қандай жағдаяттар болса да жол таба білетін, жаңаша ойлай алатын, өз бетімен өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыру керек. Жаттау, бір жауап, білімді жинақтай беру сияқты тапқырлықты қажет етпейтін оқу үрдісінде кездесетін кейбір әдістер баланың ойлау қабілетін тежейді. Сондықтан оқыту болмысына жаңаша жан-жақты қарайтын, өз пікірін ұсына білетін тұлғаны қалыптастыру үшін жаңа стратегияларды енгізуіміз керек. Осыған орай, мектебіміз «НұрОрдада» ин- теллектум пәні енгізілді. Ұсынылып отырған «Жетілдірілген оқыту жүйесі» қазіргі уақытта Түрік мемлекетінде 5 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл жоба «НұрОрда» қазақ-түрік лицей кешенінде 1-3 бастауыш сыныптарға интеллектум пәні ретінде ІІ тоқсаннан оқытылуда. Бұл интеллектум пәні 4 бағытта жұмыс жасайды. Ойлау қабілеті: Жаңа ортаға бойындағы бар қабілеттерімен бейімделіп, абстрак- ты тұжырымдаманы түсініп және оны қолданысқа енгізіп, шешім қабылдай алатын, өмірін басқару үшін өз білімін қолдана ала- тын адамдар қалыптастыру. Көрнекі ойлау: Жеке тұлғаның зейінін, ақыл-ойын, танымдық қабілетін арттырып, тәжірибе негізінде бір нәрсені соңына дейін тануға бейімдеу. Жаңаша ойлау: Жаңаша ойлайтын, қандай мәселе болса да жол таба білетін, өз пікірін саналы түрде ортаға шебер сала ала- тын тұлғаны жетілдіру. Стратегиялық ойындар: Миды ояу ұстаудың және тез жұмыс істеудің ең ке- ремет әдісі. Уақыт келе тұлғаның бойында проблемаларды шеше білуі, жағдайларды бағалап, ұтымды шешім таба білуді үйренеді. Қорыта айтқанда, нәтижеде бала өзін таниды, өзіне деген сенімі артады, қоғамға пайдалы адам бола алатынына сенеді. Мәселеге, жағдайға жан-жақты қарап, бағалап, ұтымды шешімді ойластыруды үйренеді. Дағдыны және шеберлікті белсенді меңгереді. Танымдық қызығушылығы ар- тады, ой-өрісі дамиды, бәсекеге қабілетті, жеке тұлға болып қалыптасады. Салтанат Бердібекқызы, Интеллектум пәні мұғалімі. «Оқу инемен құдық қазғандай»-депті даналар. Білім, ғылымға бет алғандар мектеп босағасында жүріп-ақ осы сөздің дәлелін көреді. Олай дейтінім, елімізде, барлық дамыған мемлекеттерде мектеп оқушыларының білімін жетілдіру, шыңдау, дамыту үшін көптеген іс-шаралар, олимпиадалар, ғылыми жобалар, байқаулар өткізіліп тұрады. Мұндай білім сайыстарына қатысу үшін оқушылар негізгі сабақтан соң мектепте қалып дайындала- ды, ізденеді, талпынады. Біздің «НұрОрда» лицейінің оқушылары да осы бағытты ұстанады. Соның нәтижесі өткен оқу жы- лында лицейімізден олимпиадаға қатысқан 16 оқушының 7-і аудандық, 6-ы қалалық, 1-і республикалық, 2-і халықаралықтан жүлделі орынды иеленді. Оның: 5-і ал- тын, 3-і күміс, 8-і қола. Ал биылғы оқу жы- лында Республика бойынша ҚТЛ арасында өткен олимпиадада І орында. Бұл толағай жеңісіміздің басым көпшілігі лицейіміздің математика командасына тиесілі. Ли- цей абыройын асқақтатқан команда мүшелерімен және оның жетекшісі Аян Са- битовпен ой бөлістік. – Сіздің оқушыларыңыздың олимпиададағы жетістіктерінің құпиясы неде деп ойлайсыз? Аян Сабитов, математика пәнінің мұғалімі, коман- да жетекшісі: – Мен үшін олардың жетістікке қалай жеткендері құпия емес. Себебі бұл оқушылар осы пәнді қалап, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, математика ілімінде өз қабілеттерін жетілдіруге, мектептің даңқын арттыруға бет бұрып, үнемі дайындықтарын ұштауларының арқасында деп ойлаймын. Күнделікті сабақтан соң бұл оқушылар мектепте қалып 2-3 сағат математикадан тапсыр- малар орындайды. Үйіне барған соң да басқа сабақтардың үй тап- сырмасын орындағаннан кейін де математиканы қолдарына алып қосымша дайындалады. Демалыс пен каникул күндері де осылай өтеді. Үздіксіз еңбек қашанда жеміс пен жеңіс әкеледі емес пе?! Бұл оқушыларымызға олимпиадаға барып жүлделі орындарды иеленгені үшін басқа сабақтардан бағаларын көтеріп қоймаймыз. Ешқандай да жеңілдік жасамаймыз. Олардың жеңісі білімге, ғылымға деген сүйіспеншіліктен, нәтижесін көруге деген құштарлықтан туындаған нәрсе. – Сен үшін олимпиада деген не? Аңсар Серік, 10 сынып: Олимпиада – барлық аудан, қала, республиканың мектептерінен жиналған оқушылардың білімдерін, тапқырлықтары мен парасаттылықтарын додаға салу. Әрбір оқушы өзінің олимпиадаға барып жүрген сүйікті пәнінен жетік екенін дәлелдеу. Мәселен, математика пәнінде олимпиа- да 2 турдан тұрады. Екі күн берілген тап- сырма бойынша ойың мен біліміңді мың електен өткізесің. Нәтижесі шыққанда, біліктілігіңнің қандай дәрежеде екенін көресің. Сондықтан мен үшін олимпиада – намысымды қамшылап, білімімді жона түсетін аламан бәйге. – Олимпиада жеңімпазы болу саған не береді? Аңсар Серік: – Олимпиадаға қатысу үшін көп еңбектенуің ке- рек, ол өте ауыр. Ал жеңімпазы атанғаннан соң, оның туын жықпай алып жүру одан да ауыр. Жеңімпаз атану сағаттап отырып ізденген еңбегіңнің ақталғаны деп ойлаймын. Ол маған екі есе жауапты болу- ды жүктейді. – Математик қыздар сирек кездеседі? Сенің математика пәнін таңдауыңа не себеп болды? Және бұл командаға қалай келдің? Ажар Смағұлова, 8 сынып: – Бала кезімнен-ақ математика жа- ныма жақын болды. Осы «НұрОрдаға» келгеннен соң математикамен жете айналысуды, өз білімімді шыңдауды көздедім. Меніңше, олимпи- адада жеңімпаз атану үшін ұл немесе қыз болуы маңызды емес. Ең ба- стысы қатысушы өз біліктілігіне сенімді болып, нәтиже көрсету керек. жаңаша ойлауға Бейімдейтін «Интеллектум» Талабы Таудай маТемаТикТер (Басы. Жалғасы 2-бетте)

NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

  • Upload
    others

  • View
    29

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

NURORDA«Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі

ТЫНЫСЫ № 2 (10)ақпан 2014

Білім, ғылым, ізгілік мекені "нұрорданың" есеп күнделігінен оқитындарыңыз:

бҮГіНГі ұрПаққа қараП, ертеңіме СеНімдіміНадиаН болашағыНаН Үміт кҮттіредіқазақ аруы – 2014

мерекелер :* Әріптерді танытқан

Әліппе!

* достыққа Бүлдіршін жүрекпен

* Бейнелеу таным мен тағылым өнері

АптАлықтАр :* тіл – асқар тау

* зияткерлер сайысы

* тіл Болмаса сөз Болмайды

* «тілім Барда, айтылар сыр ойдағы...»

* « мӘңгілік ел»

семинАрлАр :* «ЖаС келСе, іСке»* бҮГіНГі мұғалімГе білімді

болу ЖеткілікСіз

ДемАлыс :* Әдептілік - тӘрБие Басы

* таБиғаттан нӘр алады жанымыз

* кітаптар еліне саяхат

* кітапхана – кітап мекені

* Әкем, анам жӘне мен, шынығамыз спортпен!

жАңАлықтАр :

Еліміз өркендеп, жеріміз көркейіп, жағ дай күннен - күнге жақсаруда. Ендігі болашаққа жасайтын қадамымыз – өнімдерді өзіміз өндіре алатын дәрежеге жету, жаңалықтың көзі болатын дамыған 30 елдің қатарына кіру.

Өткен тарихымыздың даму саты-сын зерттеп қарасақ, қоғамды дамытып, ғасырға жол ашқан – көпшілік емес, аз бол-са да көшбасшы, тапқыр, жаңаша ойлай-тын қасиеттері бар тұлғалар болған. Де-мек, өсіп келе жатқан ұрпақтың негізін бүгін дұрыс қалау қажет. Қандай жағдаяттар болса да жол таба білетін, жаңаша ойлай алатын, өз бетімен өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыру керек.

Жаттау, бір жауап, білімді жинақтай беру сияқты тапқырлықты қажет етпейтін оқу үрдісінде кездесетін кейбір әдістер баланың ойлау қабілетін тежейді. Сондықтан оқыту болмысына жаңаша жан-жақты қарайтын, өз пікірін ұсына біле тін тұлғаны қалыптастыру үшін жаңа стратегияларды енгізуіміз керек. Осыған орай, мектебіміз «НұрОрдада» ин-теллектум пәні енгізілді.

Ұсынылып отырған «Жетілдірілген оқыту жүйесі» қазіргі уақытта Түрік мемлекетінде 5 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл жоба «НұрОрда» қазақ-түрік лицей кешенінде 1-3 бастауыш сыныптарға интеллектум пәні ретінде ІІ тоқсаннан оқытылуда.

Бұл интеллектум пәні 4 бағытта жұмыс жасайды.

Ойлау қабілеті: Жаңа ортаға бойындағы бар қабілеттерімен бейімделіп, абстрак-ты тұжырымдаманы түсініп және оны қолданысқа енгізіп, шешім қабылдай алатын, өмірін басқару үшін өз білімін қолдана ала-тын адамдар қалыптастыру.

Көрнекі ойлау: Жеке тұлғаның зейінін, ақыл-ойын, танымдық қабілетін арттырып, тәжірибе негізінде бір нәрсені соңына дейін тануға бейімдеу.

Жаңаша ойлау: Жаңаша ойлайтын, қандай мәселе болса да жол таба білетін, өз пікірін саналы түрде ортаға шебер сала ала-тын тұлғаны жетілдіру.

Стратегиялық ойындар: Миды ояу ұстаудың және тез жұмыс істеудің ең ке-ремет әдісі. Уақыт келе тұлғаның бойында проблемаларды шеше білуі, жағдайларды бағалап, ұтымды шешім таба білуді үйренеді.

Қорыта айтқанда, нәтижеде бала өзін таниды, өзіне деген сенімі артады, қоғамға пайдалы адам бола алатынына сенеді. Мәселеге, жағдайға жан-жақты қарап, бағалап, ұтымды шешімді ойластыруды үйренеді. Дағдыны және шеберлікті белсенді меңгереді. Танымдық қызығушылығы ар-тады, ой-өрісі дамиды, бәсекеге қабілетті, жеке тұлға болып қалыптасады.

Салтанат Бердібекқызы, Интеллектум пәні мұғалімі.

«Оқу инемен құдық қазғандай»-депті даналар. Білім, ғылымға бет алғандар мектеп босағасында жүріп-ақ осы сөздің дәлелін көреді. Олай дейтінім, елімізде, барлық дамыған мемлекеттерде мектеп оқушыларының білімін жетілдіру, шыңдау, дамыту үшін көптеген іс-шаралар, олимпиадалар, ғылыми жобалар, байқаулар өткізіліп тұрады. Мұндай білім сайыстарына қатысу үшін оқушылар негізгі сабақтан соң мектепте қалып дайындала-ды, ізденеді, талпынады. Біздің «НұрОрда» лицейінің оқушылары да осы бағытты ұстанады. Соның нәтижесі өткен оқу жы-лында лицейімізден олимпиадаға қатысқан 16 оқушының 7-і аудандық, 6-ы қалалық, 1-і республикалық, 2-і халықаралықтан жүлделі орынды иеленді. Оның: 5-і ал-тын, 3-і күміс, 8-і қола. Ал биылғы оқу жы-лында Республика бойынша ҚТЛ арасында өткен олимпиадада І орында. Бұл толағай жеңісіміздің басым көпшілігі лицейіміздің математика командасына тиесілі. Ли-цей абыройын асқақтатқан команда мүшелерімен және оның жетекшісі Аян Са-битовпен ой бөлістік.

– Сіздің оқушыларыңыздың олимпиададағы жетістіктерінің құпиясы неде деп ойлайсыз?

Аян Сабитов, математика пәнінің мұғалімі, коман-да жетекшісі: – Мен үшін олардың жетістікке қалай жеткендері құпия емес. Себебі бұл оқушылар осы пәнді қалап, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, математика ілімінде өз қабілеттерін жетілдіруге, мектептің даңқын арттыруға бет бұрып, үнемі дайындықтарын ұштауларының арқасында деп ойлаймын. Күнделікті сабақтан соң бұл оқушылар мектепте қалып 2-3 сағат математикадан тапсыр-малар орындайды. Үйіне барған соң да басқа сабақтардың үй тап-сырмасын орындағаннан кейін де математиканы қолдарына алып қосымша дайындалады. Демалыс пен каникул күндері де осылай өтеді. Үздіксіз еңбек қашанда жеміс пен жеңіс әкеледі емес пе?! Бұл

оқушыларымызға олимпиадаға барып жүлделі орындарды иеленгені үшін басқа сабақтардан бағаларын көтеріп қоймаймыз. Ешқандай да жеңілдік жасамаймыз. Олардың жеңісі білімге, ғылымға деген сүйіспеншіліктен, нәтижесін көруге деген құштарлықтан туындаған нәрсе.

– Сен үшін олимпиада деген не?Аңсар Серік, 10 сынып:– Олимпиада – барлық аудан, қала,

республиканың мектептерінен жиналған оқушылардың білімдерін, тапқырлықтары мен парасаттылықтарын додаға салу. Әрбір оқушы өзінің олимпиадаға барып жүрген сүйікті пәнінен жетік екенін дәлелдеу. Мәселен, математика пәнінде олимпиа-да 2 турдан тұрады. Екі күн берілген тап-сырма бойынша ойың мен біліміңді мың електен өткізесің. Нәтижесі шыққанда, біліктілігіңнің қандай дәрежеде екенін көресің. Сондықтан мен үшін олимпиада – намысымды қамшылап, білімімді жона түсетін аламан бәйге.

– Олимпиада жеңімпазы болу саған не береді?Аңсар Серік: – Олимпиадаға қатысу үшін көп еңбектенуің ке-

рек, ол өте ауыр. Ал жеңімпазы атанғаннан соң, оның туын жықпай алып жүру одан да ауыр. Жеңімпаз атану сағаттап отырып ізденген еңбегіңнің ақталғаны деп ойлаймын. Ол маған екі есе жауапты болу-ды жүктейді.

– Математик қыздар сирек кездеседі? Сенің математика пәнін таңдауыңа не себеп болды? Және бұл командаға қалай келдің?

Ажар Смағұлова, 8 сынып: – Бала кезімнен-ақ математика жа-ныма жақын болды. Осы «НұрОрдаға» келгеннен соң математикамен жете айналысуды, өз білімімді шыңдауды көздедім. Меніңше, олимпи-адада жеңімпаз атану үшін ұл немесе қыз болуы маңызды емес. Ең ба-стысы қатысушы өз біліктілігіне сенімді болып, нәтиже көрсету керек.

жаңаша ойлауға Бейімдейтін «Интеллектум»

Талабы Таудай маТемаТикТер

(Басы. Жалғасы 2-бетте)

Page 2: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

№ 2 ақПаН 20142 NURORDA тыНыСы

АПТАЛЫҚ АЛАМАНЫ

Лицейіміз «НұрОрдада» «Тіл – асқар тау, Тіл – асқан байлық, Тіл – терең теңіз...» атты қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы өтті.

Апталық аясында оқушылардың белсенді қатысуымен білімі мен тәрбиесін ұштастыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Өткізілген ашық сабақтар күнтізбелік жоспарға сай, оқытудың жаңа технологияла-рын тиімді қолдана отырып, білімдерін сара-лап көрсетуге құрылған. Атап айтсақ: қазақ әдебиеті пәнінен Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Наркескен ба-тыр нар тұлға" тақырыбында 9 «В» сыныбында өткен Абди-каимова Ақылгүл Сәрсенқызының сабағы. Бұл сабақ геогра-фия, тарих пәндерімен кіріккен, жан-жақты іздену мен білім көрсету деңгейінде тиімді болып, оқушылардың біріккен сабақ арқылы қызығушылықтарын арттыра білсе, әдебиеттік оқу Қ.Мырзалиевтің «Қысылу» тақырыбындағы Шындаулетов Елдос ағайдың сабағы тілдік қорын көбейту, шапшаңдық пен бәсекеге қабілеттілігін дағдыландыру барысын-да ұтымды болды. 4 «С» сыныбын-да қазақ әдебиетінен С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі бойынша ашық сабақ берген Байтемирова Индира Рүстемқызы табиғат пен адам, оның өмірмен байланысы, мейірімділік, өмір заңдылықтарын терең түсінуге бағыттады. Әдістемелік жағынан сау-атты құрылған сабағы жоғары деңгейде өтті. 5 «А» сыныб ында қазақ тілі пәнінен «Ортақ етіс» тақырыбында

сабақ өткен Тұрарбекова Қымбат Мұратқызы оқушылардың грамматикалық сауаттылықтарын қаншалықты меңгергендігін, интерактивті тақтамен жұмысты, жазу нормаларының орында-луын, ережемен байланыстыра отырып дәлелдеу саяхат сабағын тиімді әдіс-тәсілдермен көрсете білді. Қазақ әдебиетінен Ж.Молдағалиев «Мен Қазақпын» тақырыбында Нысанбек Балжан Бақытқызы оқушы білімін жан-жақты тереңдеткен, ғылыми тұрғыдан ізденушілікке баулитын сабақты дамыту әдісін қолдану арқылы 11 «В» сыныбымен өткізді. Мен қазақ тілінен «Етістіктің шақтары туралы түсінік» тақырыбында 7 «С» сыныбында талдауға машықтандыру, сыни тұрғыдан ой-лау мен сөйлеу дағдысын жетілдіру мақсатында құрылған жаңа сабақты көрсеттім.

Барлық ашық сабақтар оқушының білімін көрсету мен жаңа сабақты меңгертумен қатар белсенділіктерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатына құрылған. Сонымен қатар апталық бары-сында танымдық, зияткерлік ойындар, сөзжұмбақтар сайыста-ры жүргізіліп, шығармашылықтарын дамытуға, ізденуге байла-

нысты іс-шаралар ұйымдастырылды.5-сыныптармен С.Сейфуллин

мұражайына саяхат, 4-6 сынып-тар үшін «Ең сауатты оқушы» сөздік диктанттар сайысын Қ.М. Тұрарбекова ұйымдастырса, «Ең үздік сөзжұмбақтар» сайысын 5-8 сынып-тар арасында И.Р. Байтемирова және мен, 4-6 сыныптар «Қазақ тілінің білгірлері» сайысын Е.Ж. Шындау-летов пен Р.О.Жумадилова, «Құтты білік» зияткерлік ойынын 8-11 сы-ныптар арасында Б.Б. Нысанбек ұйымдастырдық. Апталықтың жабылу салтанатын «Қазақ елі бір ауыз сөзім

саған» тақырыбымен Абдикаимова А. С «поэзиялық минут», «Қазыбек бидің төрелігі», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», Нысанбек Б. Б «Қазақ елі» сахналық көріністерін дайындап, көпшілікке ұсынды. Әдістеме бірлестік мүшелерінің атсалысуымен кеш мәресіне жетті. Жалпы апталыққа пән мұғалімдері мен оқушылар белсенді атсалысты. Жоспарланған жұмыстар жүзеге асырылып, мақсатына жетті.

Жанар Асқарқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тіл – асқар тау

Қоғам – адамзат өркениетінің білігі мен біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жа-стар. Мемлекет тәуелсіздігінің бүгінгі даму сатысында ел жастарына арты-лып отырған сенім – ауыр, күтілетін үміт мол. Жастарға сенім артып, жа-стардан үкілі үміт күту – қай қоғамда да болатын құбылыс. Алайда, біздің қоғамның жастардан күтер үміті айрықша. Олай дейтініміз, бүгінгі жа-стар – мемлекетіміздің егемендігімен

тұстас, санасы кешегі қызыл қоғамның идеялық ұстанымымен уланбаған ұрпақ.

«Тіл – асқар тау, Тіл – асқан байлық, Тіл – терең теңіз...» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында «Құтты білік» зияткерлік сайысы болып өтті. Сайыс мақсаты – оқушылардың зияткерлік танымын, эру-дициясын дамыту, ғы-лымды қазақ тілінде түсінуге бау лу. Аталмыш сайыс ли цейімізде өткен

жылы да өткізілген бо-латын. Сайыс шар-ты бойынша, ойынға 5 ойыншысы бар команда қатысты. Сайыс сұрақ-жауап жүйесі арқылы өткізілді. 21 қаңтарда өткізілген ойынға 8-10 сыныптардан 4 команда қатысқан болатын. Атап айтсақ, «Қырандар», «Тұлпарлар», «Зият-кер», «Зерде». Айнал-ма жүйесі бойынша ко-

мандалар бір-бірімен кездесіп шықты. «Құтты білік» ойынында «Қырандар тобы» жеңіске жетті. Ойын ережесіне сәйкес, сұраққа

командалар жауап бере алмаған жағдайда көрермендер жауап беруге құқылы болды. Осы ереже бойынша

«Ең үздік зияткер-көрермен» атағын 7 «А» сынып оқушысы Құранбек Асанали алса, командалар арасынан «Ең үздік зияткер» атағын 10 «С» сынып оқушысы Жауперова Арай иеленді.

Бір айта кететін жайт, осын-дай сайыстарды жиі ұйымдастыру арқылы Ана тіліміз тек бір пәннің атауы болып қана қоймай, ғылым тіліне айналса деген ниетіміз бар.

Балжан Нысанбек, қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тіл болмаса сөз болмайды... Тіл – қай ұлттың болма-

сын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз бол-майды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайты-ны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда

ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сай-ын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.

«Тіл – асқар тау, Тіл – асқан байлық, Тіл – терең теңіз... » атты қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы аясында 4, 5, 6-сыныптар арасын-да «Қазақ тілінің білгірлері» атты интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты – сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету. Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» (Ш.Уәлиханов).

Сайыс шарты бойынша, ойынға 6 ойыншысы бар 2 ко-манда «Болашақ» және «Ақ жол» қатысты. Жарыс түрінде өткен сайыс:

1. Өнер алды – қызыл тіл2. Тұрақты тіркестер3. Көнерген сөздер сөйлейді4. Сөнбес сәуле5. Жаңылтпаштан шатаспайық – деген бес айналымнан тұрды.

Оқушылар берілген уақытта жауап беріп, біліктіліктерімен қатар тапқырлық, шапшаңдық танытты.Сайыста «Ақ жол » тобы жеңіске жетті.

Раушан Жумадилова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

– Республикалық олимпиаданың І орын иегері екеніңді естігенде қандай сезімде болдың?

Ажар Смағұлова: – Алғашында таңданып қалдым. Сосын толқыдым. Мұндай сәттегі қуанышыңды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үздіксіз ізденістерің мен талпыныстарыңның ақталып, жеңіске жеткенге не жетеді. Білім қамалын бағындыру кімге болса да қуаныш сыйлары анық. Әрине, бұл менің білім жолында жеткен жетістігімнің соңы емес деп ойлаймын. Алға қойған мақсаттарым көп. Соның бірі халықаралық олимпиадада жүлделі орынды иелену.

– Күнделікті сабақ пен олимпиадаға дайындықты қатар алып жүру қиындық тудырмайды ма?

Ажар Смағұлова: – Әрине, қиын. Кешкісін үйге келіп, келесі күннің үй тапсырмасын орындап болған соң міндетті түрде математиканы қолға аласың. Шындығында, ауырлықты сезінесің. Дегенмен, математика – соған тұрарлық ғылым. Қаншалықты еңбектенсең, соншалықты жемісін көресің.

– Математикамен айналысу қиын ба? Бұл ғылым саған болашақта көмектеседі деп ойлайсың ба?

Мадина Бектаева, 11 сынып: – Алғашында ма-тематикадан берілген тапсырмалар қиын болды. Адам қиындықтар арқылы өзін-өзі, өмірде кездесетін келеңсіз

жағдайларды жеңуге үйренеді емес пе? Мен-де өзімді түрлі жағдайларда туған мәселелерді ешкімнің көмегінсіз шешу арқылы шыңдаймын. Ал олимпиада жеткен жетістіктерімді емес,

сол аралықта үйренгенімді бағалап, бағытымның дұрыс-бұрысын анықтауға көмектеседі. Сондықтан алған бағыттан ешуақытта бастартпау керек. Менің ұстанымым – осы.

– Сен бұл командаға жақында ғана қосылдың. Соған қарамастан жүлделі орынды иелендің. Құпияң неде?

Алихан Ануарбеков, 7 сынып: – Мен алдымен логи-калы түрде ойланып, содан соң ғана формулаларды пайда-ланамын.

– Командада ең кішкентай болудың ерекшелігі бар ма?

Алихан Ануарбеков: – Жоқ. Мен де басқалар сияқты математикпін. Сондықтан барлығымызға талап бірдей.

Лицейіміздің абыройын асқақтатып жүрген осындай та-лабы мен таланты зор оқушыларымызға болашақта да та-быстар тілейміз. Олардың әлі талай биіктерден көрінетініне сенеміз.

Әңгімелескен Жанэл Идрисова, «NURORDA TV» тілшісі

зияткерлер сайысы

Талабы Таудай маТемаТикТер(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Топтар сайысы

Ажар Смағұлова және команда

Топтар сайысы

"Поэзиялық минут" көрінісі

Ашық сабақ

Ашық сабақ

Ашық сабақ

Page 3: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

№ 2 ақПаН 2014 3NURORDA тыНыСы

Әдептілік - тӘрбие басыАдам іс-әрекетімен өзіне жүктелген міндеттерді

түйсініп, қалтқысыз орындаудан пайда болатын ізгі қасиет – әдеп. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз әдептілікке қатысты ой-толғаныстарын сөз маржанымен тізіп кеткен: «Әдепті жан ілімсіз болмайды. Қанша ілім қуса да, әдепсізден ғалым шықпайды» - яғни, тәрбиелі, өнегелі адам ұдайы әдептен аттамауға тырысады.

«НұрОрда» мектебі 4 «А» сыныбында «Әдептілік — тәрбие басы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты — оқушыны әдепті болуға баули отырып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуді үйрету. Ауызекі сөйлеу дағдыларын, тіл байлығын таным белсенділігін арттырумен қатар, кішіпейілділікке, адамдармен қарым -қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға машықтандыру.

«Сөз атасы – сәлем» деген емес пе? Ал-дымен амандасып алайық» – деп жүргізуші оқушының сәлемдесуімен басталған тәрбие сағаты әдептілікке байланысты түрлі мақал-мәтелдер мен тақпақтар, атадан қалған өсиетті сөздерді жатқа айтумен жалғасты.

– Қоғамның ең үлкен байлығы – әдепті адам. Себебі, шағын ұжымда, тіпті сыныпта, әдепсіз бір адам болса, ол өзіне ғана емес, сол

ұжымға жаман ат келтіреді. Бұны халқымыз: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді»,- дейді. Әрбір адамның жақсы адам болып шығуының жолы – әдептілік, инабаттылық үрдістерін бой-ына дарыту, үйрену болып табылады. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады-деген сынып оқушысы ата-бабаларымыздың өсиеттерінен ғибрат алатындықтарын айтты.

Сондай-ақ, тәрбие сағатына келген ата-аналар, қонақтар жүргізуші Жанияның көмегімен мыса-лы: Сәлемдесу, Сау болыңыз, Кешіріңіз, Рахмет, Төрлетіңіз сөздерін әрекетпен көрсету, «Дұрыс па, әлде бұрыс па?», «Жалғастыр» ойынын ойна-ды.

Көңілді өткен тәрбие сағатында Әбілмансұр мен Алматтың орындауында «Секіртпе» күйі

шертіліп, «Қазақ елі осындай» әні шырқалып, «Хафиз», «Моно-моно» биі биленді. «Әдептілік – адамның айнасы» тақырыбында көрініс қойылды.

Тәрбие сағатының қорытындысында балалар – Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата-анамыз, ұстаздарымыз – деп тұжырым жасады. Тәрбие сағаты балаларына риза болған ата-аналардың ақ тілегімен аяқталды.

«НұрОрда» тілшісі

Табиғат – адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Байтақ еліміздің әсем табиғатын мақтан етуге тұрарлық. Оның қадір-қасиетін балаларымыздың санасына сәби кезден-ақ сіңіре білуіміз керек. Табиғат ананы аялай білу – әрбір жанның парызы. Сондықтан өз Отанымыздың табиғатын дәріптеуді, қасиетті туған жеріміздің әсемдігін, кең даламыздың сұлулығын сезінуді үйрету мақсатында – «Табиғаттан нәр алған ғой жа-

нымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз» атты тәрбие сағаты «НұрОрда» мектебінің 4 «Д» сыныбында өтті.

Оқушылардың қоршаған ортаға де-ген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту мен сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу шеберлігін арттыру, дүниетанымдарын, өз ойларын тиянақты жеткізуді дамытуға құрылған тәрбие сағатында тақырыпқа бай-

ланысты көптеген өсиетті насихаттар айтылды. Сынып оқушылары сабақ барысында қоршаған

ортаны қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке, жанашырлыққа, табиғаттың байлығын тиімді пайдалануға байланысты айтылған ұлағатты сөздерден өнеге алды.

Интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер сияқты көрнекіліктерді пайдалана отырып, мерекелік кеш түрінде ұйымдастырылған тәрбие сағатында оқушылар би билеп, көріністер қойды. Көңілді,

тағылымдық мәнде өт-кен тәрбие сағатына дән риза болған ата-ана-лар мен қонақтар сы-нып жетекшісі Р.Жу ма-дилова мен кураторы Ж.Шораеваға алғыста-рын айтып, риза шылық-тарын білдірді.

Лицей тілшісі

Кітаптар еліне саяхатКітап алтын қазына. Бар ілім-ғылымның мәні мен

мағынасын дәл жеткізетін бұл құрал адамды терең ойлауға жетелейді. Бұрынғы мен бүгінгі ғалымдардың ой-тұжырымдары бойынша, кітап оқитындар қоғам өміріне белсенді қатысып, елдегі, әлемдегі оқиғаларға өз ой-пікірлерін тиянақты жеткізумен қатар, мәдени, тарихи мұраларды, мұражайларды, сурет галереяла-рын аралауға құмартып, театрға, концертке жиі барып, спорттық шараларға да көбірек қатысады екен.

2013-2014 оқу жылының ІІ тоқсанында «НұрОрда» мектебінің 2-сыныптар арасында «Кітаптар еліне сая-хат» атты жобасы басталған еді. Осыған орай жобаның

жетекшісі, директордың орынбасары Қ.Улебаеваны сөзге тартқан едік:Қазіргі заманда баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту білімнің қайнар көзі болып табылады.

Ол оның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін - өзі тану сезімін оятады, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей алуға, өмірге бейімді болуды үйретеді. Ал кітап оқуға баулу жұмысында мек-теп үлкен роль атқаратыны сөзсіз. Лицейде кітап оқу дәстүрі қалыптасқан. Бастауыштың 2- сынып оқушылары арасында сынып кураторлары мен кітапханашылар бірлесіп кітап оқуға дағдылындыру үшін биылғы оқу жылында аталмыш жобаны қолға алдық. Оқуға тиісті 10 кітап тізімі жасалып, әр күн 15 минут кітап оқуға уақыт бөлінді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында са-уалнама, сұхбат, зерттеу, жеке сұхбаттасу жұмыстары жүргізілді. Қараша, желтоқсан айында оқыған кітаптары бойынша алғашқы тест алынды.

Оның қорытындысы бойынша оқушылар: 8 кітап оқыған 2 «А» –19, 7 кітап оқыған 2 «В» – 26, 7 кітап оқыған 2 «С» – 29, 7 кітап оқыған 2 «Д» – 29, 3 кітап оқыған 2 «Е» –10 ұпай жинады.

Жоба барысында «Жыл оқырманы» атты байқау өткізуді жоспар-лап отырмыз. Байқаудың ережесі жасалынып, оқылған кітаптың сапа-сы мен санын арттыру мақсатында күнделік жүргізіледі. Мысалы логика-ны дамытушы ойындар: ребус, сөзжұмбақ, анаграмма сияқты өз бетімен жұмыстар жасату. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері: кері есептер құрау, мәтіннің мазмұнын өңдеу, өлең құрастыру. Оқыған кітаптары бойынша әңгіме, шығарма жазу жұмыстары жоспардан тыс сыныпішілік атқарыла береді. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп тұратыны белгілі. Олардың осы талпынысын дамытуға бағытталған «Кітап әлеміне саяхат» жобасын оқу жылының соңына дейін жалғастыра береміз.

Кітаптарды оқыған балалардың ойын білмекке 2 сынып оқушыларына сұрақтар қойған едік: Нұрасыл, « Өсімдіктер әлемі» кітабының ұнағанын, онда өсімдіктердің қалай тамыр жаятыны туралы оқып, білгенін айтты. Ал, Алижан мен Аңсарды «Сыйлық» кітабының кейіпкері Жанардың затын досы Қамардың рұқсатсыз алғаны теріс қылық екені ойландырыпты. Айсұлу «Ақылды мұрат» кітабынана тәрбие мен тазалықтың егіз жүретіндігін түсінсе, Батырхан «Қолдың кірі», Сәмәд «Көшет» кітаптарын ерекше сезіммен оқығандарын айтты. Балалар кітапты жарыса оқығандарын, алдағы уақытта да талай қызықты туындылармен танысатындарын мақтанышпен жеткізді. Р.Сұлтанәлі.

кітапхана – кітап мекеніМектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырған

үшін айналасындағы адамдар мен заттар белгісіз бір әлем сияқты. Сол әлеммен танысып, жақындасып, алғашқы ұстазына үйрену әр балаға әр қилы. Сондықтан 1-сынып оқушыларын мектеп өмірімен, ондағы білім алуға жасалған жағдайлардың ережелерімен, бөлімдермен, үйірмелермен танысты-ру жүйе-жүйе болып жүргізіледі. Сондай шараның бірі балаларды кітапханамен таныстыру сабақтары лицей кітапханасында «Кітапхана – білімпаздар мекені» ат-пен өтті.

1-сынып оқушылары кітапханамен, кітапхананың ережесімен танысты. Сабақта балаларға кітапханада дауыстап сөйлеуге, тамақ жеуге, ұялы телефон-мен сөйлесуге, рұқсатсыз кітапты алуға, оны еденге

тастауға болмайтыны айтылды. «Ертегілер әлемінде» деп аталатын

кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмедегі әдебиеттерге библиографиялық шолу жаса-лынды. Балалар сұрақтарын кітапханашы апайға қойып, өздері білетін ертегілерінің мазмұнын айтып берді.

Оқушылардың назарына «Менің ал-ғашқы кітабым», «Сен білесің бе?», «Мек-теп кітапханасы», «Ақылды ертегілер» атты сериядағы кітаптар ұсынылды.

Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Мына кейіпкерлер кім?» деген сұрақ-жауап викторинасы өткізілді. Викторинада оқушылар экранға қарап ертегінің атын айтып, кейіпкерлерді атады. Сұрақ-жауап викторинасы балаларды қатты қызықтырып, баурап алды. Оқушылардың белсенді қатысуынан көп ертегі білетіндігі байқалды.

Сабақта балалар 1 «С» сынып оқушылары қойған «Науқас кітап» атты көріністі та-машалап, кітапханашы апаймен бірге:

Кітаптарды құрметте,Күтіп ұста, кірлетпе,Кішілерге табыс ет,Дақ түсірме бір бетке – деген кітапты

ұқыпты ұстау туралы өлең жаттады. Сабақ соңында балалар өздеріне арналған әдебиеттермен танысты.

Абонементте оқушылар кітапханаға тіркеліп, оқырман аталды. Кітап форму-лярын толтырып үйренді. Өздеріне ұнаған кітапты таңдап, риза болып тарасты.

Айнұр Абдраимова, кітапхана қызметкері

ТабиғаТТан нәр алады жанымыз

Сахналық көрініс

Кітапханада

2-сынып оқушылары

Балалар кітап жаздырып алуда

Балалар кітап таңдауда

1-сынып оқушылары

Балалар ән орындауда

Сахналық көрініс

Сахналық көрініс

Күйшілер

Сахналық көрініс

Балалар ән орындауда

Жүргізішілер

Page 4: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

№ 2 ақПаН 20144 NURORDA тыНыСы

бейнелеу таным мен тағлым өнері

«НұрОрда» халықаралық балабақшасының «Алтын дән» ере-сектер тобының қазақ бөлімінде бейнелеу өнерінен «Мерекелік дастарқан» тақырыбында ашық оқу іс-әрекеті өтті. Ұлттық өнер мен салт-дәстүріміз қайта жаңғырып келе жатқан тұста, өскелең ұрпаққа асыл мұраларымызды тағы да бір паш етудің сәті түсті. Өйткені ғасырлар бойы атадан- балаға жетіп отырған қонақжайлылық, қонақ күту, дастарқан үлгілері, қолөнер сынды қазақтың қазақтығын айғақтар ерекшеліктеріміз болашақ қылқалам шеберлерінің ой -өрісінің дамып, туған халқының тереңіне, ішкі жандүниесіне бойлауына септігін тигізері анық. Міне, осы-ны басты мақсат еткен пән мұғалімі А.Т.Елеуова «Дастарқан» әнін тыңдата отырып, бүлдіршіндерге халық ұғымында дастарқанның

«Құттыхананың берекесі» деп қасиет тұ тыла-тыны, онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері бо-латыны тура-лы қысқаша ай-тып өтті. Мұғалім үлгіні талдау ба-рысында дас тар-қанды салу тех-нологиясы мен ою-өрнектерге на-

зар аудартты. Балалардың ойша елестете алу дағдысын қалыптас тыру, белсенділігін арттыру мақсатында «Дастарқан қандай геометрия лық пішінге ұқсайды?», «Дастарқан нелермен безендірілген?», – деген сұрақтар қойылды. Қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан «қошқармүйіз», «қызғалдақ» сынды ою-өрнек түрлерін қолданып, дастарқанды бірлесе безендіріп, ою оюдың ұлттық қолөнер үлгісі екені тілге тиек етілді. Соңында әдемі әрі ұқыпты жасалған

бүлдіршіндер еңбегі бағаланып, көрме ұйымдастырылып, сөз атасы – мақал-мәтел, нақыл сөздер қорытындыланды. Ал қатысушы көпшілік бүлдіршіндер жасаған дастарқан үлгілеріне аса қызығушылықпен қарай отырып, әр отбасында, елімізде дәл осындай молшылық, ырыс-береке болсын деп ізгі тілектерін білдірді.

Бүгінгі күні жас ұрпаққа адамгершілік, рухани тәрбие беру, достыққа, мейірімділікке бау-лу – басты міндет. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,-деп ғұлама ғалым әл Фараби айт-қандай, әр баланы тұлға ретінде бағалап, оның қарым-қабілетін, дарынын аша білу – қоғамға пайдалы, жа-нашыр, мейірбан аза-мат тәрбиелеу де-ген сөз. Осы орай-да біздің «НұрОрда» халықаралық балабақшасының «Көбелек» тобы бүлдіршіндері бәрімізге бала күннен таныс, сүйікті ертегімізге айналған «Бауырсақ» ертегісін сахна-лады. Топ тәрбиешісі Бабае-

ва Д.А бүлдіршіндермен бірге ертегі әлеміне ене отырып, рөлдік сюжеттік көріністің басты кейіпкерлері: Ата (Сағындыков Бақыт), Әже (Мыңжасарова Ай-ниля), Бауырсақ (Ақан Айлана), Қоян (Кадимова Найля), Аю (Жол-болды Әбілмансұр), Қасқыр (Са-гындыков Тамир), Түлкі (Кенесбек Ханзада) бәрімізді шеберлігімен тәнті етті. Әсіресе басты кейіпкер Бауырсақ рөлінде ойнаған Ақан

Айлана бүлдіршініміз әндете салған үнімен, ерке де тәтті тілімен көрермендерді баурап алды. Әр кейіпкер шынымен де өз ерекшелігімен, өзіне тән қимыл-

қозғалысы арқылы бізді еліктіре түсті. Аю болып қорбаңдаған Әбілмансұр да, Қасқыр болып жорта жүрген Тамир да, Түлкі болып бұлаңдаған Хан-зада да құдды бір нағыз әртіс дерсің. Оған қоса, кейіпкерлер костюмі де образдың әсерлі болуына септігін тигізді.

Бауырсаққа жаны ашып, оған алаң болып отырған көрермендерге ерекше тосынсый болды. «Ерте-

де бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бірде ол кемпіріне былай депті...» деп басталатын ертегі әдетте Түлкінің Бауырсақты жеп қоюымен аяқталатын. Бірақ бұл жолы олай болмады, Бауырсақтың Түлкіден Аю, Қасқыр, Қоянның арқасында аман қалып, бәріміз дос болайық деген ізгі тілегімен аяқталуы достық, мейірім сынды

ізгі қасиеттердің біздің өмірімізде маңызды орын алатынын тағы бір дәлелдеді.

Көрермендер де, бүлдіршіндер де тамаша көңіл күйге бөленіп, естелікке суретке түсті. Бауырсақ болса, жанашыр достарымен шат-шадыман болып үйіне қайтты.

Әр жеке адамның өміріндегі кәсіптік әлеуметтік психикалық тұрғыдан даму, оның оқып, білім алу мен тәрбиеленуіне ұстаздық іскерліктері қажет болып та-былады. Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуіне, айрықша маңызы бар. Адамның жауапты міндеттерді ше-шуге, белгіленген жоспарды орындауға, күнделікті өмірін қызғылықты, әрі тартымды өткізуге, мақсатқа жету жолындағы қиыншылықты жеңуге тыры-суы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, еркін шынықтырады. Мұндай жағдайда былай деп айтуға бо-лады: ұлы мақсат зор ерікті туғызады. Ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу өз еркін меңгере білуде нақты нәтижеге жетуге бағытталуы: өзін ұстай білуі, жақсы көңіл-күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі илан-дыруды пайдалануы, дербес күн тәртібін, т.б. орында-уы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеуде жігерлі адамның арма-ны пайдалы роль атқаруы, ал оның бейнесі – өзін-өзі тәрбиелеудің жарық жұлдызы болуы мүмкін. Мұндай арман, әсіресе жастарға тән. Бүінгі мақсат «Жас кел-се, іске» тақырыбында өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірекпен қарайтын жас мамандарға арналды. Сер-

гек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз тани-мыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Осыған орай мектепте алғашқы іс-тәжірибесін кураторлықтан бастаған жас мамандарымызға арналған тренинг өткіздік.

Бірінші тапсырма «Танысу», «Жүректен жүрекке» деп аталды. Онда кураторлар алдарындағы қағаздан жасалған жүрекшелерге өздерінің жылы лебіздері мен сөздерін жазып, шеңбер жасап тұрып бір-біріне сый-лады. Бұл жаттығудың мақсаты: ұжымның көңіл-күйін көтере отырып, тренингті бастау.

Екінші «Сіз қандай мұғалімсіз?» сауалнамасы жүргізілді. Жас маман иелері ұпай сандарын жинап, тесттегі жауаптармен салыстыру арқылы өздерінің қандай мұғалім екендіктеріне мінездеме алды.

Үшінші «Психогеометриялық» тест өткізілді. Бұл тест:

1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға; 2. Кез келген адамға толық мінездемені оған

түсінікті түрде жеткізуге; 3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың

сценарийін жасауға мүмкіндік береді.Тренинг соңында қатысушылар бір - біріне

жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.Ақмарал Джунусбекова,

психолог

Бүгінгі мұғалімге білімді болу жеткіліксіз

«Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс- тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді», - депті ұлы жазушыларымыздың бірі Мәлік Ғабдуллин. Бүгінгі оқушының талап-тілегі осы ойды дөп басып тұр. Заманға, оқушы талабына сай болу үшін бүгінгі мұғалімге бір ғана білімді болу жеткіліксіз. Бұны әрбір ұстаз жақсы түсінеді. Сондықтан жан-жақты болуға тырысады.

Мектебіміз «НұрОрдада» бүгінгі ұстаз-дың, жалпы мектепке, білім саласындағы өзгерістерге байланысты тіршілікткен хабардар болып жүру үшін мұғалімдер мен кураторларға арналған түрлі тренингтер, семинарлар, кездесулер өткізіліп тұрады. Сондай шараның бірі, директордың орынбасары Улебаева Қорлан Серікқызының мектеп кураторларына арнайы өткізген «Шеберлікті жетілдіру сан-салалы» семинары болды. Бұл 1 мен 6 сыныптардың кура-торлары қатысқан семинарда:

1) Заманауи кәсіпқой мұғалімнің портреті2) Кәсіби шеберлікке жетудің жолдары3) Өз кәсіби шеберлігінің деңгейін аңғару педагогке не береді? - деген

тақырыптар талқыланды.«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой» демекші семинарда мек-

теп кураторлары жеке тұлға, кәсіпқой маман ретінде шеберлікке жетудің жолдарын айқындауда, портретті сипаттауда бірнеше пікірлерін айтып, ой талқысына салды. Шынында да, заманауи кәсіпқой мұғалімнің портреті дегенде, көз алдымызға жан-жақты білімді, жаңа технологияны жетік меңгерген, өз мамандығына құштар жеке тұлға елестейді. Мұғалім өз жұмысына қызыққанда ғана жаңа, тың дүниелер туатыны белгілі. Кәсіби шеберлікті ұштау үшін көп ізденгенде, алға ұмтылғанда, биікке қол созғанда ғана мақсатқа жетері анық. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында жеткен жетістігі кімге болса да ләззат сыйлайды. Семинар барысында осы ой-пікір айтылып, адам өзіне талап қоя білу қажеттігі жөнінде сөз қозғалды.

Қорыта келгенде, семинарда мұғалім – ізденгіш, жан-жақты шығармашыл, қандай істі болсын бар ынтасымен атқара білетін маман бо-луы керек деген ой түйінделді.

Нұржамал Пернебекова, 6 «Д» сыныбының кураторы

«Жас келсе, іске»

Достыққа бүлдіршін жүрекпен

Айсұлу Сыздықова, «НұрОрда» балабақшасының тәрбиешісі

Жаттығу сәті

Жаттығу сәті

Page 5: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

№ 2 ақПаН 2014 5NURORDA тыНыСы

Өткен шаққа саяхат...Тыныштық. Ақырын соққан самал жел жұмсақ қана шашыңды сипап, еркелей тербетеді. Түпсіз

көкжиекке қарағанда өткен күндер елесі көз алдыңда елестейді. Қалың шалғынның арасында жатқан мына сүрлеу есімде. Жақұттай жарқырап, қараңғы түнге

сән берген жұлдыздардың әрқайсысына тоймай қарап, өзара сырласқан жапырақтардың сыбдырын тыңдап, осы жерді ерсілі-қарсылы кезуші едік.

Ешқандай сезім жер бетінен тапқан үйлесімді жеткізе алмас еді. Алайда, туған жерінің ерке де бұла балалары, үйлесім туралы ойлар ма екен... Бірақ біз ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызға адал едік, салт-дәстүрлерімізді ұстанып, ар-намысымызға дақ түсірмеуге тырыстық. Анаңның дала заңының бәрін тәптіштеп үйреткенін еске алғаныңда, езуіңе еріксіз күлкі үйіріледі. Сол сәтте сар даладан таңғажайып кереметті күткеннен, көзімізден нұр шашты. Бізді жарқын да, қуатты болашақ күтіп тұрғанын білдік. Оны үздіге, сабырсыздана күтіп, әрқашан оған бар жан-тәнімізбен ұмтылдық. Шынын айтсам, естен танарлықтай сезім.

Бұл жерде болғанда, көзімді тарс жұмам да, таңғы шықтан кейінгі көктің иісін құшарлана иіскеп, ішімдегі бар мазасыздықты шығарып тастаймын. Бұл жерде мен тағы да өз үйімдемін!

Көзіңді ашсаң, тура сол көрініс, тек басқа сезім. Иә, біз қазір ақпараттар мен технологияның дамыған кезеңінде, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі қоғам адамының қажеттілігінің бәрі бар десе де болады. Біз көп нәрседе ілгері дамып келеміз. Бірақ, кейде бір сәтке болса да, рухыңның еркіндігі – көкке самғаған қырандай, арыңның тазалығы – мөлдіреп аққан бұлақтай, ал табиғат болса, сенің бір бөлшегіңдей болған өткен шаққа оралғың келеді. Сән мен уақыттың заңына бағынышты бол-май, табиғат пен ата-баба заңын ұстанған заманмен қауышқың келеді. Еееееһ.... Қайтадан сар даланың өз баласы бола алсаң ғой.

Бір кезде маған осы сезімімді сыйлаған туған жерге алғысым шексіз. Тек, болашақ балаларының бұл әлемде туған жерден құдіреттінің жоқ екенін сезіне алмай кете ме деген өкініш өзегімді өртейді...

Алтынай Даутова, 10 "А" Халықаралық мектеп.

«Етістік» ертегісіЕрте, ерте, ертеде Етістік деген бай болыпты. Ол үлкен Сөйлем шаһарына әмірлік етіпті.

Етістіктің үш ұлы болған екен. Үлкені Осы шақ, ортаншысы Өткен шақ, кішісі Келер шақ. Осы шақ шаһардағы бүкіл болып жатқан оқиғаларды тізбелеп отырса, Келер шақ алдағы уақытта бо-латын жағдайларды болжап, ақылға салып сараптайды екен. Ал Өткен шақ болған істі ақыл-ой елегінен өткізіп, шындыққа біртабан жетелейді екен. Өйткені өткенді еске алмай, бүгінгіні байып-тамай, болатын істі болжай алға ұмтала алмайсың. Үшеуі де ақылды, өте парасатты болған екен. Алайда Етістік байдың Болымды және Болымсыз атты қос уәзірі бар екен. Олар бір үйде, бер бөлмеде тұрыпты. Сондықтан екі уәзірі әрқашан да сөзге келіспей үнемі ұрсысып қалады екен. Шаһардың кіре берісінде інжу тастардан қаланған мұнара болыпты. Бай сол мұнараға шығып, ойға батып отырады. Екі уәзіріне көңілі толмай отырған сәтте Етістік байдың ойында «Қайттім?», «Не істедім?» - деген сұрақтар пайда болады. Содан бері бұл сұрақтар етістіктің еншісінде.

Асқар Қосдаулетов, 4 «Д»

табиғатҰнатады сұлулықты жанымыз,Жаннан қымбат қасиетті арымыз.Айналаға көрік беріп тұратын,Табиғатты аялайық бәріміз.

Әсемдікпен астасады сәніміз,Көркейтетін табиғаттың сәні біз.Шұғылалы күн көзімен қалықтап,Табиғатпен шарықтасын әніміз.

Таубаев Темірлан, 4 «Д»

Барша қазақ елі биыл Абылай ханның 300 жылдығын тойлауда. Абылай ханның 50 жыл бойы орда-сы болған сұлу табиғаты бар Бура-бай өңірінде Абылай хан алаңы бар.

Тойға елімізден және шетел-ден 600-ден аса мейман келіп, ме-рейтой қарсаңында өткізіліп жатқан спорттық сайыстар, театрланған көріністер, ғылыми конференци-ялар, т.б. қатысып, баба рухына тағзым етті. Мың жылда бір туатын Абылайдай ардақтыны ұлты ұлықтап, мерейін асқақтату жолын-да ұрпаққа өнеге болар үлгілі істер молынан атқарылуда. Абы-лай хан жайлы тарихи деректерге көз жүгірткенде, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың мына жолдарын қайталай бергің келеді:

Күңіреніп ойлағанда алаш жайын,Жанымды орай берсе ұлы уайым.Кеудемде күннің нұры толғандай боп,Жырлаймын алты алаштың Абылайын.Ол қазақ халқының тарих сахнасынан мүлдем жойылып кету

қаупі төнген қиын заманда ел биледі. Үш жүздің басын біріктірді. Жоңғарлардың қазақ даласына толассыз шапқыншылығы кезінде 35 жыл бойы күресіп, жерімізді азат етті. Кең байтақ, егемендігі мен тәуелсіздігі бар, ертеңгі күнге деген сенімділігі бар азат елде тұрып жатқанымыз осы Абылай ханның қосқан үлесі деп есептеймін. Ол – қазақ жерінің жаңа территориясының қалыптасуына, географиялық кеңістігінің өзгеруіне де себепші.Хан Абылайды жыраулар: «Халқына қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, қайырусыз жылқы бақтырған хан»,- дейді.

Біреулер оны «қарадан шыққан хан» десе, екіншілері «Шыңғысхан нәсілінің тікелей ұрпағы» дейді. «Қарадан шыққан хан» деген аңыздың таралуына Бұқар жыраудың «Ей,Абылай, Абылай!» өлеңі мысал. Тарих беттерінде хан Абылай 1771 жылы Орта жүздің ханы болып сайланды делінген. Салиқалы саясат жүргізіп, бірлік бар жерде тірліктің барын біліп, көрші Қытайдың Цин империясымен бейбіт қатынас орнатады. Кейін Ресеймен де еларалық қатынасты бекіткен. Оның сыртқы саяси қатынастары мұнымен шектелген жоқ. Абылай басқа мемлекеттермен, әсіресе Хиуа, Жоңғар хандықтарымен қарым - қатынастары қазақ жұртының негізгі этносаяси мүддесіне сай жүргізілді. Айтпақшы, қазақ даласында сәулеті ерекше ғимараттар Абылай хан тұсында бой көтере бастаған. Ол халыққа балық аулау мен диханшылық кәсібін үйрету үшін барын салған. Ол елдің әскери күшіне үлкен назар аударды. Тіпті бейбітшілікті әскери күшпен нығайтуға ты-рысты. Елшілер қызметін іске қосты.

Абылайдың табан астынан сөз тауып айтатын шешендік өнері жайлы деректер де жетерлік. Бірі Төле бидің қарауында өсіп, білім алды, «шешен болмағанда кім болар?» деседі. Абылай хан өлерінің алдында Бұқар жыраумен қоштасқанда: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, ау-зын нанға сүйегенім жоқ, бұл – бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ, бұл – екі. Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, бұл – үш. Осы үш арман бойымда кетті» деген екен. Бұл армандарының астарында үлкен философиялық ой жатыр. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік», де-ген аз сөзге көп мағына сыйып тұрған Абылайдың бұл сөзінен ел болашағын өте тереңнен пайымдағанын аңғарамыз. Білекке сен-ген жаугершілік заманда осынау байтақ өлкені сақтап, ұрпаққа аманат еткен бабалар, біздің білім мен ақылымыз арқылы осы жерге ие болып қалатынымызға сенгендей… Сол сенімді ақтауға тиіспіз.

Тоғжан Арыстанбекова, 10 «С»

Балалардың шығармашылығына арналған бет

Бұлақ көрсең көзін ашбілімге сенген заманда

ұлттық құндылықты ұмытпағанымыз жөн

«Мың рет есіткенше, бір рет көр» деп текке айтылмаса керек. Бабалардан қалған құнды дүниені жаңарту мақсатында бәріміз бірге құмыра жасадық...

Негізінен, құмыра жасау – елімізде кенжелеп тұрған кәсіптің бірі. Тіпті, жоқ деуге де болады. 4 сыныптарға әдебиет пәні бойынша «Құмыра»

тақырыбында сабақ өт-кенбіз. Сонда балаларға құмыраның негізін түсін-діру үшін түрлі слайдтар мен суреттер көрсетілді. Дегенмен, сол кезде құмыраның толықтай тақырып ретіндегі маңызы ашылмай қалды-ау деген ойда болдым. Себебі, менің айтқандарым мен көрсеткендерімді шынайы сезіне алмаған балалар құмыраның жасалуы мен оның пайда болуына онша мән бере қоймады.

Өз сыныбының ата-аналар комитетімен ақылдаса келе, ұлттық құндылығымыздың көркі бола алатын құмыра жасау жұмысын балаларға қолмен ұстатып, көзбен көрсетуді дұрыс деп шештік. Саз шебері

Е.Қарабдалмен келісіп, белгіленген күні балалардың барлығы өз қолдарын саз балшыққа малып, қамырдай илеп, түрлі құмыраларды жасады. Қолмен жасаған құмыраның «оймен» жасаған құмырадан басқаша бола-тыны, оның ерекше әсер еткені балалардың ынтасы мен үздіксіз қойған сұрақтарынан байқалды. Сабақтан тыс жасалған осы жұмысқа оқушыларымыздың қуанышында шек жоқ. Өмірінде алғаш жасап отырған құмыралары естерінен кетпейді деп ойлаймын.

Елдос Жұмағалиұлы, 4 «С» сынып жетекшісі

Тазалық – денсаулық кепілі

Құмыра жасау сәті

Оқушылар өздері жасаған құмыраларымен

Денсаулығы бар адам,

Бақытты адам деседі.

Тазалығы бар адам,

Күшті адам деседі.

Жақсы адамның көңілі,

Тазалықта өседі.

Жаман адамның көңілі,

Жалқаулықпен өшеді.

Парасат пен мейірім,

Судан таза деседі.

Жаны таза адамдар,

Бақытты ғұмыр кешеді.

Тазалықты бойыңа,

Сіңірсеңіз балалар.

Берер Сізге алғысын,

Дәрігер мен ағалар!

Бибінұр Темірәлі, 4 «С»

Page 6: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

№ 2 ақПаН 20146 NURORDA тыНыСы

«НұрОрда» халықаралық мектебінде «Мәңгілік ел» тақырыбында тарих және геогра-фия апталығы өтті. Апталықтың әр күнгі сабағы оқушыларды Президент Жолдауымен танысты-ру арқылы басталды. Аталған іс-шара 5-11сынып оқушылары арасында үлкен ұйымшылдықпен өтті. Апталыққа жауапты мұғалімдер: Мусаева Г.Б, Оекенева А.К, Хадспет К.А. болды.

Апталық макет жасау көрінісінен басталды. «Әлемдегі ғажайыптар» тақырыбы бойынша 6-11 сынып балалары архитектуралық макет жасады. Осы сайыста 9-сыныптың балалары «Семирамида аспалы бағы» жұмысымен І орын алды.

10-11 сыныптар аралығында тарих пәні мұғалімі Мусаева Г.Б жетекшілігімен «Қазақстанның ла-тын әліпбиіне көшуі заман талабы ма, әлде үлкен саясат мүддесі ме?» деген тақырыпта пікірталас – де-бат өткізілді. Пікірталас қызықты да тартысты өткізіліп нәтижесінде қазылар кеңесімен жеңіс 10 «А» сынып оқушылары Берген Нұр, Амангельдина Дана, Мұрат Тамерланға тиесілі болды.

Апталық жоспары бойынша география және тарих пәнінен ашық сабақтар өткізілді. География пәні мұғалімі Оекенева А.К. 8 сынып оқушыларымен «Қазақстанның табиғат зоналар» тақырыбы бой-

ынша, шығармашылық жұмыс сабағы, ал тарих пәнінің мұғалімі Мусаева Г.Б. 6 сыныпта «Үйсіндер» тақырыбында өткізілді.

Мектебіміздің оқушылары тек ана тілінде ғана емес, ағылшын тілінде де еркін сөйлейді. Тарих және география пәні мұғалімі Крейк Алан Хадспеттің жетекшілігімен 5-11 сыныптарда Посттер – га-зет, мақала, суреттер, т.б жарысы ұйымдастырылды. Танымал адамдардың өмірі туралы постер жарысы бойынша 7- сынып оқушылары Мади мен Кажыстай Нұрсұлтан І орын, ІІ орынды 9-сынып оқушылары Пак Джонсон мен Абдиров Әділхан, ІІІ орын-ды 6-шы сынып оқушылары Адаричев Мэ-тью мен Иылмаз Нурахмет ие болды. Апталық соңында «Астанаға саяхат» тақырыбында ба-лалар бейнекөрініс презентация қорғады. Бұл презентацияда виртуалды түрде Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасады. Бұл конкурста 11-сыныптың қыздары Ә.Абдулханова мен Пак Джинсан І орын алды.

Отанды сүю, қорғау, құрметтеу мен толлеранттылықты сақтау мақсатында жүргізілген апталығымыз мәресіне жетіп, белсенді қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды.

Мектеп тілшісі

халықаралық мектепте – апталық

2014 жылы қаңтар айының 20-24 аралығында әдістемелік бірлестік мүшелерінің пәрменді күшімен дәстүрге айналған мектепішілік «Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығы ұйымдастырылды. Ап талық «Ті лім барда, айтылар сыр ойдағы» атты тақырып аясын-да өрбіді.

Аталмыш іс-шараның алға қойған мақсаты, қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұра-сымен кеңінен танысты-ру, пәннің адам өміріндегі маңыз дылығын түсіндіру, тіл-дің мемлекеттік мәртебесін қа лып тастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әде биетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихат-тау арқылы елжандылыққа, адам гершілікке, бауырмал дық-қа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету болатын.

Апталықтың ашылу сал-танаты тақырыпқа сай «Тілім барда айтылар сөз ойдағы» танымдық көріністен бастал-са, қалған іс-шаралар осы көріністің жалғасындай бол-ды. Дәстүрлі «Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының» шы-мылдығы «Бабалар мұрасы» атты «Ұлттық көрмемен» ашылды. Көр-ме төменгі және жоғарғы сынып-тар арасында ұйымдастырылды. Қазақ халқының атадан мирас боп қалған бай мұрасын таныстыруға арналған бұл шара алты тақырыпты қамтыды.

Ұлттық киімдер:Тұрмыстық заттар (Қазақ қол-

өнері);Зергерлік бұйымдар (Қазақ қол-

өнері);

Ұлттық тағамдар;Ұлттық ойын түрлері;Ұлттық музыкалық аспаптар;Бұл танымдық шараны

ұйым дастыру барысында мек-теп оқушыларына (әр сынып-та өз тақырыптары бойынша) танымдық лекция сабақтары жүр-гізілді. Өз тақырыптарымен жетік танысқан оқушылар әділ-қазылар алдында ауқымды мәлі меттер

бере сөйледі.Апталық барысында қазақ

халқының кешегі салт-санасы мен

дәстүрін бүгінмен астастырған «Қа зақ аруы-2014» байқауы ұйым-дастырылды.

Жас аруларымыз өз өнер-лерімен көпшілікті тәнті етіп, көрермен көзайымына ай-налды. Кешегісінен қол үз-беген, бүгінгі таңмен ты-ныс алатын, заманына сай аруларымыздың өнерімен таныс қан көпшілік қазіргі қазақ қызының келбетін көрді. Қаулап өскен қызғалдақтай қыздарымыздың өнерін тама-шалау үшін, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Қуандық

Қыстық баев атал-мыш шара ның қонағы болды.

І с - ш а р а л а р тіз бегін 5, 6 сы-нып оқушылары ара сында өт кі-зілген «Сөз мер-ген» таным дық сайыс сабағы ж а л ғ а с т ы р с а , әр сынып қазақ

әдебиетінің бір түрі не сахналық қойылым көрсету мақсатында «Қазақ тілі-ұлттың жа ны, әдебиет-оның нәрі» атты көріністер жары-сы өткізілді.

Апталық барысында оқу-шылардың шараға қатысу бел-сенділігі арқылы олардың қа-зақ тілі мен әдебиетіне деген қы зы ғушылықтарының ерек-ше екені байқалды. Сонымен қа-тар, жоғары сыныптар арасында «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» тақырыбында эссе жазудан, ал ба-стауыш сыныптар арасында дик-тант жазудан сауаттылық сайысы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, апталықтың кө рігін пән мұғалімдері өз ашық сабақ-тарымен қыздыра түсті. Атап айтар болсақ, С.Мәдібайқызы «Ба қытты сәт», М.Жұмағұлова «Кім жүйрік», И.Иматаева «Тапқыр бол саң, тауып көр», А.Дүйсенбекова «Сөз мерген» танымдық ойын сабағы, т.б.

Апта соңында жүргізілген іс-шаралардың үздіктері таңдалып, жеңімпаздарды марапаттау, апта бой-ына ұйымдастырылған шараларға есеп беру мақсатында апталықтың

жабылу салтанаты болып өтті. Іс-шараларға белсенді қатысқан сы-ныптар, жекелеген оқушылар түрлі марапаттарға ие болды.

Мектеп әкімшілігі тарапы-нан мектеп директоры Мухаррем Ус тун ұйымдастырушы бірлестік жетекшісі мен пән мұғалімдеріне іс-шараның жоғары деңгейде өт-кен дігін айтып, ерекше алғысын жеткізді.

Қоштаева Гүлбала, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

қазақ аруы – 2014 Қазақта «бұлақ көрсең, көзін аш» деген жақсы сөз бар. Осыдан бірнеше

ай бұрын оқушылардың аузынан салмақты ой естідім. Әсіресе, соның ішінде Наурызбаев Русланның: «Ертеңгі сабаққа дайын-далатын күнделікті қай-талау көп оқушыларды жалықтырып жібереді. Расында да, бала болған-дықтан ба, кейде есте қалатындай ғажапқа то-лы оқиғаларды бастан кешіргіміз келеді. Мы-салы, басқа мектептерде оқитын көп достарымыз «Күзгі балл»», «Жаңа жыл кеші» сияқты іс-шараларға дайындалып, үрліге-сүрліге жүгіреді де жүреді. Біздің көбіміз оларға қызыға қарайтынымыз рас. Апай, неге бізге де мектеп өмірінен есімізде қалар естеліктер өткізбеске? Мәселен, «НұрОрда аруы» байқауын өткізсек. Мектебімізде ақылына көркі сай қаншама талантты қыздардың бар екенін білсеңіз ғой,» – деген сөздерінен кейін жай қарап жүре алмадым. Ары ойлап, бері ойлап осы жобаны іске асыруға кірістік. Бұл жо-баны қазақ тілі апталығында өткізілетін болғандықтан «НұрОрда аруын» – «Қазақ аруы» байқауына алмастырдық. «Қазақ аруы» байқауын өткізу үшін өнер десе, ішкен асын жерге қояр ең дарынды деген оқушылар іріктелді. Олар – арулардың ұлттық киім үлгісін көрсету бөліміне арнайы би дайындаған Апекова Лаура, қыздардың сахнада жүру мәнерін қойып, байқаудың қандай үлгіде өтетіндігін, әр бөлімнің шарттарын жасаған Наурызбаев Руслан, арулардың дайындық уақытын реттеп, фотосуретке, бейнетаспаға түсіріп,

дизайнерлік жұмысқа атса лысқан Куспанова Айша бибі еді. Бұл топ 1 ай бойы «Қазақ аруы», «Әлем аруы» байқаулары тура-лы мәліметтер жинап, тал-дау жүргізіп, ең маңызды дегенін таңдап «нағыз қазақ қызының» образын ашуды мақсат етті.

Қазақ тілі апталығына бір апта қалғанда «Қазақ

аруы – 2014» байқауы туралы ақпарат 7-11-сыныптар арасында хабарлан-ды. Таң қаларлығы, барлық сынып бұл байқауға бей-жай қарамады. Әр сы-ныптан сайдың тасындай ең мықты деген қыздар шықты. Шын мәнінде, бұл қыздар сұлулық пен нәзіктіктің, даналық пен тазалықтың, ізеттілік пен инабаттылықтың үлгісін көрсетті. Тіпті, кей көрермендер қыздардың көркіне, өнерлеріне таң қалып, бұл байқауға аруларды тек сыртқы сұлулыққа ғана қарап таңдапты деген баға беріп жатты. Шын мәнінде, бұлай ойлаған көрермендерге айтарымыз – алғыс қана. Өйткені, олар нағыз сұлулық пен нәзіктікті, талант пен өнерді сырт көзбен ғана бағалап жатыр. Бұл арулардың жан дүниесінің байлығын оқушыларға сабақ берген, олармен тығыз жұмыс жасаған ұстаздары мен тәрбиешілері, өмірінің бар сәтін бөліскен ата-аналары мен достары ғана бағалай алады.

Аз ғана уақытта, үлкен жұмыс көрсете білген арула-рымыздың еңбегінен ке-лер ұрпақтың болашағы жарқын болатынына сені-міміз мол. Аруларымыз ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды мақ-танышпен сақтайтындығын көрсетті, Еуропа мен Шығыс өркениетінің ең озық үлгілерін алып, ұлттық мәдениетімізбен үйлесттіре отырып, жан-жақты білімін жетілдірген, бірнеше тілді меңгерген қазіргі заманауи қазақ қызының образын ашып берді.

Эльмира Тугайбекова, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

«тілім Барда, айтылар сыр ойдағы...»

« мӘңгілік ел»

Көрмеде зергерлік бұйымдарды көрсету

Пікірталас – дебатынан көрініс

"Семирамида аспалы бағының" макеті

Қазылар алқасы

Жеңімпаздар

Марапаттау сәті

Ұлттық музыкалық аспаптар

Ұлттық тағамдар

Ұлттық ойын түрі

Көрмеде ұлттық киімдерді көрсету

Page 7: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

№ 2 ақПаН 2014 7NURORDA тыНыСы

Әліппемен қоштасу сәті

Әріптерді танытқан Әліппе!Teaching is a vocation. Many are called but few

people have the courage to respond to this summon. At times, we may think teaching is an easy or simple profession but this perception seems to be the opposite. Why is that so?

from my personal experience and observation, tons of motivation, unique skills, loads of knowledge and zeal to deliver high quality work are main ingredients of becoming a good teacher.

I describe “Teaching” as a work of heart. It is a noble profession that touches the lives of students. This vocation calls you to be a friend, a mother, a counselor,

a nurse etc. It is coupled with sincerity, dedication, and love in order to continue. If you sow good seeds in good soil, water them and make sure they get their basic needs in order to grow, soon you will reap fruits in countless ways.

I am an assistant teacher. I am glad to be one of those few who were called and sincerely responded. I work with children with unique characters, creatively gifted and absolutely active every day. As I see them grow, my heart is filled with bliss and hope that someday, somehow and somewhere, the values and knowledge I’ve shared with them will always be remembered and considered as a blessing.

For me, teaching is an oasis of delightful surprises and compassion.

“1A” teacher assistant: Rakhimbayeva Kundyz

Teaching: a work of hearT

Әліппе – білімнің бастауы. Әр адам үшін Әліппе оқулығының орны ерекше. Өйткені Әліппе оқулығы балаға алғаш әріп танытып, оқуға, жазуға үйретеді. Қаңтар айының 16-шы жұлдызында «НұрОрда» хылықаралық мектебінің 1 «А» және 1 «В» сыныптарының «Қош

бол, сүйікті Әліппем!» атты мерекелік шара өткізілді. Балалардың ана тілінде сауат ашу, алған білімдерін жинақтау, шығармашылық, танымдық қасиеттерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараның ерекшелігі екі тілде өткендігі болды. Тек қазақ әліпбиін меңгеріп қана қоймай, ағылшын әріптерін де жатқа білетіндігін көрсеткен балалар мере-ке барысында ән мен тақпақтарды екі тілде нақышына келтіре орындап, мың бұрала билеп берді. Іс-шара соңында балаларға мектеп дирек-

торы Мухаррем Устун мен ата-аналар ақ тілектерін айтып, айтулы мере-кемен құттықтап, білімнің сара жо-лында тек табысқа жетулерін тіледі. Сонымен қатар, балаларға әліппені бітіргендіктерін растайтын сертифи-кат пен естелік сыйлықтар берілді.

Иматаева Индира, Халықаралық мектеп, қазақ тілі

пәнінің мұғалімі

адиан Болашағынан үміт күттіредіТөрткүл дүние елеңдей тосқан Сочи олимпиадасының басталғанына санаулы күн

болды. Біздің еліміздің споршылары да үлкен дайындықпен аттанды. Қазақстандық жанкүйерлердің оларға артар үміті зор. Спортшыларымыздың қадамдарына сәттілік, қанжығаларына жеңіс олжасын тілейміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолда-уында салауатты өмір салты мен саламаттылыққа назар аудару әр азаматтың жеке басы мен халық игілігі үшін басты құндылық екені атап айтылды.

Қазақстанның әлемдегі озық мемлекеттермен иық тірестіре, қатар тұруына отандастарымыздың әрқайсысының өзіндік қосар үлесі болуы тиіс. Қандай салада, қайда жүрмесін перзенттік борышын өтеуге міндетті. Еліміздің ертеңін ертегідей елестету үшін, бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде ата-ана мен ұстаздарға бірлесе оты-рып жұмыс істеу қажет. Бала тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің берері мол екенін жете түсінетін, «НұрОрда» қазақ-түрік лицейінің 2 «В» сынып оқушысы Мурза-галиев Адианның әжесі Оркия Садыққызы осы ұстанымды ұстанады. Немересі Адиан хоккеймен 4 жасынан бастап айналысады. Ол командаластарынан 1-2 жас кіші бола тұра «Астана 2005» командасының капитаны, әрі орталық шабуылшысы. Жаттықтырушылары А.Қ.Майжолов пен А.В.Струков еңбекқор, жолдастарының арасында беделді Адианның болашағынан зор үміт күтеді.

«Астана-2005» командасы 2013 жылдың мамыр айында Жеңіс күніне орай Челябі қаласында өткен Халықаралық турнирде ІІ, тамыз айында Минск қаласында өткен Халықаралық турнирде І, желтоқсан айында Орынбор турнирінде де І орын-ды жеңіп алды. Осы үш турнирде де Адиан «Лучший бомбардир» атағына ие болды.

Бүгінде Адиан «Астана 2003 және 2004» командаларының ойындарына қатысып жүр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикалық чемпионаты жүріп жатыр. 3 турдан тұратын чемпионаттың 1 турының қорытындысы бойынша «Аста-на 2003» ІІ, «Астана 2004» І орында тұр. «Адиан әр ойынға кіріскенде жеңіске жететініне сенімді болады. Өйткені ол жаттығуларына тиянақты қатысады. Ол Қазақстанның көптеген қалаларында өткен ойындарда шеберлігін көрсетті»-дейді немересінің тәрбиесіне, біліміне, спорттағы жетістіктеріне көп үлесін қосып отырған Оркия Садыққызы.

Адиан – оқу озаты. Сыныптастары оның әр жеңісін қуанышпен бөлісіп отырады. Мен үшін сыныбымдағы әрбір баланың орны ерекше. Әрқайсысы бір-бір әлем. Баланы тұлға етіп қалыптастыру үшін әрбірімен жеке-жеке жұмыс жа-сау керек. Істеген істеріне, орындаған тапсырмаларына сәби жүрекпен мақтауды, қолпаштауды қалап тұратын оларға үнемі көңіл бөлу қажет. Мен сыныбымдағы жалпы өзім тәрбиелеп, білім нәрімен суарып, ұшырған әрбір шәкіртімнің болашағынан үлкен үміт күтемін. «Ешкім ешкімнің алдына түспейді» дейді халық. Дегенмен, Адиан сондай шәкірттің бірі. Ол болашақта әжесінен, ата-анасынан, мектептен алған тәлім-тәрбиесінің жемісін халқына тарту етеді деп сенемін. Қазақстанның көк туын желбіретер, бәйге салар спортшымыз көз алдымызда өсіп жатқанына қуаныштымын.

Сынып жетекшісі Бейсмолдаева Анаргүл

Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы – мектеп. Сонда алған тәлім-тәрбиесімен, білімі баланың рухани байлығының бастауы. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді қазақ халқы. Бұл отбасы мен мектепке байланысты айтылса керек. Алтын ұя мектебінде көрген, білген, үйренген нәрсесін бала алып ұшып, үлкен өмірге аттанады. Сондықтан мектеп бала бойына бар жақсыны, ізгілікті, білім мен тәрбиені барынша құюға ты-

рысады. Осы мақсатта мектебіміз «НұрОрда» түрлі іс-шаралар , жобалар мен ак-циялар ұйымдастырып отырады. 2014 жылдың басы «Рахмет» және «Жүрек жы-луы» акциясымен басталды. «Рахмет» акциясының мақсаты, ережесі жөнінде оны ұйымдастырушы, эканомика пәнінің мұғалімі Жансая Исабекова былай дейді:

– Жалпы бұл акция алғаш рет 2012 жылдың желтоқсан айында мектебімізде өткізілген еді. Екінші рет жүріп жатқан бұл акция дәстүрге айналады деген сенімдемін. Бұл мектебіміздің 4, 5, 6-сыныптарының арасында, оқушыларды топпен бірлесе жұмыс жасауға, басқа адамдардың жұмысын бағалауға үйрету, шеберліктерін, ой мен қиялын, үйренуге деген құштарлығын жетілдіру,

ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұтқырлыққа тәрбиелу мақсатында өткізілетін ак-ция.

Ал ережесі: аталмыш сыныптардың оқушылары мектеп ішіндегі әкімшілікке, ұстаздарға, еден жуушы болсын, үлкен кісілерге көмектесуі қажет. Яғни, оқушылар үлкендерге көмектесіп, бір ісін тындырып берсе, оған әр елдің валютасында рахмет сөзі бар, алдын -ала таратылған «рахмет»

қағазын береді. Акция екі жұма жүргізілді. Соңында сыныптың оқушылары қанша «рахмет» жинағанын есептеп, ең көп жинаған сынып оқушылары үшін«Kral Kahvaltısı» яғни ерекше таңғы ас әзірленді. Акцияның міндеті – жеңімпазды дәріптеу емес, әрбір оқушының осы екі жұмада еңбекқорлығын бағалау, мектептен тыс жерде оларды үлкендерге, қарттарға көмек көрсетуге дайындау.

Ал «Жүрек жылуы» акциясының ая-сында мектептің 2-қабатының қабырғасына қалықтап бара жатқан жүректің суреті жа-быстырылды. Ол сурет әлемге, елге, жер-ге, белгілі бір адамға деген жүрек жылуын білдіру дегенге саяды. Бұндай акциялар оқу жылының соңына дейін ұйымдастырылады. Келесі жұмада акция Халықаралық мектепте жалғасын табады.

«НұрОрда» тілшісі

Көмек қолы - «Рахмет»

 

БүгіНгі ұрПАҚҚА ҚАрАП, ерТеңіМе сеНіМдіМіН

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезде сүйкімді қыздың жан - жағына тосырқой қарағаны есімде. Бірақ оның тұнық қара көздерінен қайсарлықтың жалынын байқаған едім. Сол ұшқын оның зеректігі, ұғымталдығы бір нәрсенің сырын білуге де-ген құштарлығы екен. Айда-на сабақ барысында «неге? не үшін? неге олай болды?» деген сұрақтарды көп қоятын. Сы-ныпта «Мен әлемді зерттеймін» атты кітаппен жұмыс жасау ба-рысында «Құлпынай» жемісін таңдаған болатын. Оның түрлері мен пайдасы туралы көп мәліметтер жинап, оқып, саяжайларда өзінше зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде оқушының жұмысы Зерде шығармашылық зерттеу жобасына өтті. Айда-на өзінің зерттеу жұмысын қорғап, қала бойынша I орынға қол жеткізді. Қуанышымызда шек болмады. Зерттеу жұмысын әрі қарай тереңдете отырып, республикалық байқауға да жолдама алды. Қаңтардың 25-27 аралығында Щу-чье қаласында «Зерде» IХ республикалық зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Айдана бұл байқауда да топтан дараланып, I орынды иеленіп, үлкен қуанышпен оралды. Бұл жеңістер еңбектену, ізденудің арқасында келгенін түсінген шәкіртім: Болашақта осы жобамды іске асырамын,- деп уәде етті. Иә, өсер елдің болашағы бүгінгі ұрпақта деп, оқушымның алған бағытына риза болдым. Шәкіртім Айдана Жұмағұлова біліммен қоса өнерден де құралақан емес. Қалалық, республикалық байқауларда жұптасып билеу өнерінен жүлделі орындарға ие болып жүр. Өткен жылдың ақпан айында қалалық «Шаттық» байқауында жұптасып билеу өнерінен алтын медальді жеңіп алды.

Айдананың осындай жеңістерін мақтан ете келе, талабына таудай тілек тілеп болашағына зор сенім артамын.

Сынып жетекшісі, Кадешова Г.Қ.

Қалықтаған жүректерЕрекше таңғы ас

Page 8: NURORDAnurorda.kz/nurordanews10.pdf · nurorda «Нұрорда» білім беру кешеНіНің еСеП кҮНделіГі ТЫНЫСЫ № 2 (10) ақпан 2014 Білім,

NURORDA тыНыСы8 № 2 ақПаН 2014

Назар аударыңыздар! Жарияланған материалдар редакцияның

пікірін білдірмейді. Автордың қолжазбасы мен суреттері кері қайтарылмайды. Редакция

автор мақаласының мазмұнына жауап бермейді. Есеп күнделігінде жарияланған мате-риалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін ре-дакция алқасының мүшелерінен рұқсат алы-

нып, сілтеме жасалуы міндетті.

«НұрОрда» қазақ-түрік лицейі және халықаралық мектебінің есеп күнделігі

Есеп күнделігі 2013 жылдың ақпан айынан бастап қазақ,

түрік, орыс, ағылшын, тілдерінде шыға бастады.

Меншік иесі: «НұрОрда» лицейі.

Редакцияның мекен –жайы:Астана қаласы, 23-13 көшесі, 34 «НұрОрда» халықаралық

мектебіТел: +7 7172 427822;

Факс: +7 7172 427823E-mail: www.nurorda.kz

«Жарқын Ко» баспасында басылды

Бас директор - Орхан ОзтомсукРедакторы- Роза Сатыбалдиева

Редакция алқасы:Нұрлан Иманғалиев, Балжан Нысанбек, Ақылгүл Әбдіқайымова, Ринат Маутин,

Роза Абильдина, Гүлбала Қоштаева.

«10 A SHOW» достық кеші

Достық – арман-тілегі бір жандардың арасында пайда болған қамқорлықпен рухани жақындықтың белгісі. Мектеп қабырғасындағы достық – есей-ген кезде пәк, ерекше сағынышпен еске алатын

сезім. Осы жақсы қасиетті жандандыру мақсатында «НұрОрда» қазақ-түрік лицейінде әр тоқсанда көңілді кеш ұйымдастырылатыны жөнінде алдыңғы санда айтылған еді. Ақпанның алтыншы жұлдызында осы жақсы дәстүр жалғасын тауып, 10 «А» сыныбының

оқушылары және жетекшілері Қ.Қожахметов пен Д.Сапарованың ұйымдастыруымен «10 A SHOW» тақырыбынды көңілді кеш болып өтті. Мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған бұл кеш-те аталмыш сыныптың оқушылары бар өнерлерін ортаға салды. Олар ән айтып, би билеп, әзілге

толы қойылымдар мен көріністер, бейнероликтер ұсынды. Әзіл-қалжыңға толы көңілді кеш оқушылар арасындағы достық сезімді қалыптастыра оты-рып қарым-қатынасты нығайта түсті. Балалардың бірігіп, бір-бірімен санаса жұмыс жасауы арқылы

ауызбіршілік, ұйымшылдық артты. Достыққа адал болуды уағыздайтын бұл кештің

маңыздылығы – сынып оқушылары ұстазымен ақылдаса отырып шығармашылық қабілеттерін ортаға салғаны, өзара тілтабысуы, әрбірінің қалтқысыз атсалысуы болды. Ұйымшылдықпен көңілді өткен кешті тамашалауға жиналған көпшіліктің көңілі көтеріліп, күлкіге кенелді.

Дегенмен, кеш соңында тәрбиелік мағанасы бар бейнекөрініс көрсетіліп, «Туған жер» әні орындал-ды.

«НұрОрда» тілшісі

Әкімшілік құттықтайдыАқыл-ойды дамыту бір бөлек, математи-

кадан бастап басқа да күрделі ғылым сала-сын игеруде шахмат ойынының пайдасы бір бөлек. Ғалымдар шахматтың қашан, қайда, не үшін пайда болған ойын екенін баяғыда-ақ зерттеп, дәлелдеп, оның адам өміріне қажеттігін анықтап қойған. Дегенмен, сана-мыз спорттың бір түрі ретінде қабылдайтын бұл интеллектуалдық шахмат ойынының адамның жан-жақты болып қалыптасуына, өмірінде қандай жағдайға тап болса да мәселені ойланып шешуіне, белгілі бір жүйе құруына дағдыландыратын, бала тәрбиесінде өте маңызды екенін тағы бір айта кеткіміз келеді.

Соңғы кездері ата-аналардың баласын шахмат ойынымен кәсіби айналысуына көңіл бөлуі елімізде қалыптасып келеді. Сондықтан

көптеген мектептерде, қала мен ауылдарда шах-мат үйірмелері, клубтары ашылып, жұмыс жа-сауда. Біздің мектебіміз «НұрОрдада» көптеген оқушылар спорттың осы түрімен айналысады. Солардың бірі 4 «Д» сынып оқушысы Ибраев Чингизхан. Ол ағымдағы жылдың қаңтар ай-ында Астана қаласының барлық мектептерінің жас спортшылары арасында «Интеллекту-ал» шахмат мектебі ұйымдастырған «Шахмат-тан біліктілікті айқындайтын 2 разряд нор-ма» турнирінде І орынды иеленді. Мадақтама қағазымен марапатталған Чингисханды жүлделі жеңісімен құттықтап, алдағы та-лай жарыстардың тұғырынан көрінуіне тілек білдіреміз.

Білім, ғылым, ізгілік мекені «НұрОрда» қазақ-түрік лицейі дүбірлі сайыс, көңілді мереке, байрақты бәйге, апталық аламан-

дарын өз ішінде өткізуден кенде емес. Мұндай іс-шараларда оқушыларымыз та-ным - талғамын, қабілетін көрсетеді, шыңдайды. Солар арқылы мектеп-тен тыс ұйымдастырылған білім, спорт

жарыстарының үлкен додасы-на жолдама алады. Аудандық, қалалық, республикалық, халық-аралық ау қымда өткен жары-старда лицейдің, елдің намысын қорғайды. Тұлпарын тұяғынан танитын халық емеспіз бе?! Бү-гінгі жеңім паз-дарымыз, ер тең гі тұлпар еке ніне

сене міз. Газетіміздің бұл санын-

да ағымдағы оқу жы лы-ның І жартысында мектеп-тен тыс ұйым дастырылған

түрлі сайыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп, жеңімпаз мәртебесін иеленген бір топ жас жеткіншектерімізді қолпаштап, құттықтап қоюды жөн көрдік.

Оларға талаптарыңа нұр, талғамдарыңа шуақ жаусын деп тілейміз!

Лицейіміз «НұрОрдада» қаңтардың 25 жұлдызында 5-сынып-тар арасында «Әкем, анам және мен, шынығамыз спортпен!» атты көңілді сайыс болып өтті. Сайысқа 5 – сыныптардың ата-аналары мен оқушы-ларынан құралған 4 коман-да қатысты. Олар:

1. Кедергілердің арасы-мен эстафеталық таяқшаны алып жүгіру.

2. Ата-аналар қолдарына баланы көтеріп жүгіру.

3. Кедергілерден өтіп келіп, сурет құрастыру.

4. Кедергілерден өтіп келіп, есеп шығару.5. Шаңғыны киіп, еденде жүру.6. Скэйттің үстінде отырып жылжу сияқты тапсырмаларды

орындап жарысты.

Сайыс төрешілері ди-рек тордың орынбасары Р.Баяр, тарих пәнінің мұ-ға лі мі М.Нұржанов, бір-лестік жетекшісі Қ.Алиак-баров топтардың жарыс тарын бағалады. Жарыс қорытын-дысы бойынша: III орынды 5 «A» (үлкен барыс), 5 «Д» (кіші барыс) топтары өзара бөлісті, ал, II орынды 5 «C» (ынтымақ), I орынды 5 «B» (тұлпар) тобы иеленді.

Жанкүйерлер де, көрермендер де қатысушы ата-аналар мен ба-лалар да көңілді өткен жарысқа дән риза болып, бір серпіліп қалды. Жарысқа келіп, баласымен бірігіп тамаша ойын көрсеткен ата-аналар бой сергіткен жарыстан өте жақсы әсер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді. Оқушы, ата-ана, мектеп арасын біріктіруді көздеген жарыс өз мақсатына жетті деуге болады.

Г. К. Уразбаева, дене шынықтыру пәні мұғалімі

шахмат – ИнтеллектуалДық ойын

Тұлпарды тұяғынан таныған

ӘКем, анам жӘне мен, шынығамыз споРтпен!

Марапаттау сәті