137
«ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ» ӨМІР – ӨЛЕҢ

ӨМІР – ӨЛЕҢ4 5 Ой санамда сұрақ туып, өмір жайлы неше тарау сан қилы, Сезімменен сапар шектім қажытатын,

  • Upload
    others

  • View
    29

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Руханиғибратжурналы4/2010

«ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ»

ӨМІР – ӨЛЕҢ

3

УДК 821. 512. 122ББК 84 Каз 7-4Ө 44

Өмір – өлең – Алматы: ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ, 2011 – 272 бет.

ISBN 9965-896-26-7

Өздеріңізге ұсынылып отырған бұл кітаптағы өлеңдер және адам өміріндегі қуаныштарға, той-думанға орай айтылатын тілектер пайғамбарлар ғибратына негізделіп жазылған.Жинақ көпшілік оқырманға арналады.

УДК 821. 512. 122ББК 84 Каз 7-4

ISBN 9965-896-26-7 © ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ, 2011

Тұрғанбек БЕКБАЕВ

Өмірім – өлеңімӨмір – көктем, өмір – бақыт, өмір – жастық, өмір – жаз,Өмір – өлең жырға толы, сырға толы әуелеген әсем саз.Өмірді біз құштарлықпен әсемдікке, көп атауға теңейміз,Бірақ терең мағынасын іздесек бір, білсек оны демейміз.

Өмір лайық бағалауға, қадірлеуге барлығынан жоғары,Осы өмірде мағына бар терең әрі біз білгеннен көп ары.Жалғыз жолы – ақиқатпен мәңгі өмірге апарар, Мол қуаныш, баянды бақ, байлығы зор алдымызға ақтарар.

Мен де надан, сағым қуған пенделердің бірі едім,Өмір жайлы бас қатырмас, ойын-сауық керегім.Қалай келді бақыт маған, көзімді аштым, ояндым,Осы жайлы қуанышпен әңгімелеп беремін:

Тауда тудым, тауда өстім, тау өзенін кетуші едім жағалап, Жүруші едім шатқалдарды күн ұзаққа жалғыз кезіп, аралап.Бала қиял, ұшқыр ойды қалықтатып қиялға алып кететін, Балдай арман жүрегімнің ең бір нәзік пернелерін шертетін.

Кейде отырып қалушы едім өзіммен өзім ғана сырласып,Қиялыммен кетуші едім талай ғасыр қырды асып, Өмір маған сарқылмайтын түгесілмес шетсіз болып көрініп,Жүрсем деуші ем, осы өмірді жырға қосып, ән қылып.

Айлар өтті, жылдар жылжып, міне, мен де ержеттім,Тұрмыстың кең бесігінде балғын шақты тербеттім.Өте берді уақыт, кете барды алданышпен таң күліп,Бірақ менің жүрегімде орын алды мазалаған бір күдік.

Өте берді уақыт, албырт жастық күннен күнге алыстап,Қалған ғұмыр, көрер күнді болашаққа табыстап.Асау долы өзендердің ағысында, ағын қуып қалқыған,Кете бардым толқын айдап, жағалаудан алыстап.

Ойлар кейде мазалады санамда бір соны, бірақ бейтаныс, Жан дүниемде басталатын қилы сезім, екі ұдайы арпалыс.

4 5

Ой санамда сұрақ туып, өмір жайлы неше тарау сан қилы,Сезімменен сапар шектім қажытатын, өрлері көп ылдилы.

Бастауым бар, бағытым жоқ, алдым тұман, артым жар, Мақсат арзан, үміт сөнген, жүйесі жоқ ойым дал. Жанталасып арпалыстым анталаған додасында сезімнің,Қиналдым жауап таппай өзім қойған сұрағыма өзімнің.

Күдер үзген тіршіліктен, көңілсіз бір сәттерімде ашынған,Қолға алушы ем өлең-жырлар өмір жайлы жазылған. Бірақ одан ешбір жауап жан тыншытар таба алмай,Осы сұрақ көрінетін, мызғымас бір алынбайтын қамалдай.

“Абайды” да қолыма алдым, жауап іздеп жан-жақты,Ақын баба өлеңдері аздаған бір үміт отын жүрегімде

маздатты. “Өлмек үшін туғансың” деп жазыпты да ұлы ақын,Жауап таппай аяқтапты, ары қарай жалғастырып айтпапты.

Өкініш өсе берді, у ішкендей күннен-күнге ұлғайып,Ащы кермек ауыр ойлар басты, жанарымнан нұр тайып.Алас ұрдым, суға кетіп, тал қармаған бейшарадай шошыған,Бойым зіл боп, қорғасындай дәрменсіздік басынған.

Өмірде көп өлім көрдім, ақым аузын жан шошынар қараңғы,Бұл көрініс көңілімді жабырқатып, у боп бойға таралды.Осы ма? – деп бұл ғұмырдың тоқтар жері қасіретті сүреңсіз,Бар болмысым қайғы кернеп, тар қапасқа қамалды.

Осылай жүрген кезде тоқсан жолдың торабында бағытым жоқ адасып,Құнсыз өмір, алданышта, жиіркенішті азғындықпен шатасып.Қуаныштан, жұбаныштан жүрген кезде азып-тозып, айрылып,Таптың мені, Көктегі Әке алдың Өзің қатер жолдан қайырып.

Деп жүргенде, үмітсіздік бұлты басып, келмеске мен кетермін,

Көзімді ашты, рухани дән егіп кетті елшілері Әкемнің.Қою қара түннен кейін Жарық келді таңым атып, күн шығып.Рахатқа бөлендім бір, демімді терең алдым, жан дүнием тыншығып.

Қасиетті “Ізгі хабарды” елшілерің жылы жүзбен ұсынды,Өсиетін естідім мен, Жаратқанның жолы жайлы ұғымды.Үміт жанды, жауап алдым көп сұраққа қинаған,Сенсің, Әкем, бауырлармен бірге келіп, мәңгі өмірді сыйлаған.

Сол тыныштық берген Сенің махаббатпен жанға жағар сөздерің,

Ақиқаттың ақ жолында жаңа өмірге жаңа адам боп өзгердім.Алам Сенен өмір суын сарқылмайтын шөл қандырар мәңгілік,Жүрейінші алғыс айтып, Саған Әке, өмірді арнап ән қылып.

Адасқан ұлЕншісін алып әкеден ұлы тиесілі,Кетіпті бір күн үйінен алыс жырақ.Бөтен бір елде думанды өмір өткізіп,Көрмекші бопты бақытын сонда сынап.

Қиырға кетіп әкесі берген еншімен,Жат жерде бала думанды өмір бастапты.Әкенің айтқан өсиет, өмір кеңесін,Ұмытып бәрін ысырып кейін тастапты.

Тобырлар азғын, жезөкше, жалған достар,Ішіпті, жепті сарып қып бәрін қолдағы. Жоғалтып түгел айрылып барлық пұлынан,Құстай боп қалды абайсыз түскен тордағы.

Достар да кетті бытырап тарап жан-жаққа,Ауырлап халі үйінен қиыр аулақта.Жанашыр таппай, жалғыздық түсіп басына,Жұбату үшін келмепті бір жан қасына.

Уайым жайлап қысылып, жаны қамығып,Аралап шықты, достардың жалған баршасы.Түсінді сонда емесін керек оларға,Мүсәпір болып қағылып қалта қалғасын.

Жоқшылық қысып, түңілген бала бәрінен,Күнделік азық, аз ғана нанын табуға.

6 7

Өлместің күнін өткізбек болып басынан,Жалданды байға шошқасын оның бағуға.

Сол елде бала құл болып жолда жүргенде,Келіпті аштық аймақты қысып қуаңдық.Шошқаға берер тамақ та оған бұйырмай,Тимепті түйір, қарынға талшық қыларлық.

Аштықтан жаны қиналып, әлі таусылып,Жылады бала күйзеліп терең егіле.Сағынып ыстық құшағын абзал әкенің,Шешімге келді оралмақ болып еліне.

Ойлады бала жетсем деп егер есен-сау,Кешір деп әке, алдына жетіп құлаймын.Лайық емен аталуға енді ұлы боп,Малайы етіп алуын оның сұраймын.

Отырман деді бір түйір асқа зар болып,Қалмаймын деді құл болып жатқа бой ұрып.Әкеме барам молшылық мәңгі жайлаған,Қызметшілері ақ нанға жүрген тойынып.

Алыстан Әке таныды ұлын адасқан,Қуанды қоса, куә боп тұрды көк аспан.Құшағына алды баласын әке сағынған,Су болды омырау тарамдап аққан көз жастан.

Келдің бе, ұлым, адасқан менің қозым деп,Құшағына алып қарсы алды әке баласын.Қолына алтын жүзікті салып бағалы,Киімнің қымбат кигізсін деді жаңасын.

Сойыңдар деді торпақтың бірін жемдеген,Қуаныш бүгін, балама үлкен той берем. Шақырам деді қалдырмай, достар, біріңді,Жоғалған ұлым табылды, өлгенім бүгін тірілді.

Осылай Әке қарсы алмақ бүгін күнәкар әмбе –Адасқан бүкіл ұлдары менен қыздарын.Кетіріп жаннан шарпыған өмір ызғарын.Мейіріммен ерітпек жүректе қатқан мұздарын.

Екі жолАлдымызда екі жол тұр,Таңдау еркі өзімізге берілген.Бірі кең жол – апаратын тозақ отқа,Азғындықтың ұлы дәні егілген.Сол жолменен бара жатыр,Қаншама көп, жаны соқыр адамдар.Жүрегінде жалған үміт,Түнек басқан пендешілік көңілмен.

Екінші жол – көкке апарар өмір жолы,Адастырмас дара жол.Тар қақпамен мәңгілікке сені бастап,Апаратын сара жол. Адал жетсең тар соқпақпен,Бақыт саған шашу болып шашылар.Қарсы алдыңнан жаңағы есік,Сен кіруге, мәңгілікке ашылар.Біз бәріміз жер бетіне тараған, Адам ата, Хауа ананың ұрпағы.Солар көрген екі ағаш бүгін, міне,Алдымызда мол жеміспен тұр тағы.Бірі – өмір, бірі – өлім, екі ағаш,Алдында тұр көзіңнің.Қайсын таңдау бүгін дағы,Толық сенің билігіңде өзіңнің.

Тәңір Ием бау-бақша етіп,Адамзаттың өмір сүрер мекенін.Билік беріп, патша етті жер бетіне,Адам ата, Хауа ана екеуін.Берді оларға меншік етіп табиғатты,Ұшқан құс, жүгірген аң – бәрін де,Қамқорында бақытты боп жүрсінші деп,Алғыс айтып аспандағы Тәңірге.Пейіш бақта екі ағаш бар еді, Біріншісі – мәңгі өмірдің ағашы.Оны жеуге болады,Жоғары оның бағасы.Жамандық пен жақсылықты білдірер,

8 9

Екінші ағаш тағы бар,Оны жеуге тиым салған Жаратқан,Жесең егер маңдайыңның соры бар.

Келді дұшпан азғыруға бейнесіне еніп жыланның.Хауа ананың жүрегіне себу үшін улы дәнін күмәннің.Жеңдер деді, түк етпейді, Оның сөзін құп алмай.Өлмейсіңдер, ашылып көздерің, боласыңдар Құдайдай.

Осы сөзді естігенде масаттанды, енді Хауа жүрегіне күпірлік.

Сенім сақтау керек еді Аллаға айтып, алғыс пенен шүкірлік.Бірақ олай істемеді, жүзін бұрды, желісіне қызықтырар

күнәнің.Үзіп жеді айырбастап азғындыққа мәңгі өмір шуағын.

Жаратқанның сөзіне олар құлақ салмады,Жеме деген жемісті барып таңдады.Бақытты өмір сүрер еді, амал не,Мәңгі өмірдің ағашына бармады.

Күнә еніп бойларына тастап шықты,Сыйға алған бақытты гүл мекенін.Себебі олар елемеді, ескермеді,Жаратқанның сөзіне берік екенін.

Міне, осылай күнә келді адамзаттың өміріне улы дертін таратып.

Сайқалдықпен қызықтырып бар пендені тәуелді етіп қаратып.

Содан бері тұтқынында өлім менен қасіреттің бүкіл адам баласы.Күнә арқылы улануды бар ұрпақтың ақылы мен санасы.

Сол себепті келді Иса, жұмақ бағын қайтарып бізге беруге. Күнәміздің құрбаны боп бар азапқа көнуге.Барша адамды Құдайменен табыстырып қайтадан, Жаратқанға ұлдары мен қыздары етіп телуге.

Сондықтан да, түсін, бауыр, түсін, өмір ағашы деп Исаны,Бүгін дағы шақырып Ол қарсы алдыңда тұр тағы.

Әкемізге бастап барар өмір жолы, өмір нәрі Өзінде,Құлақ салшы, бағыт нұсқар Оның асыл Сөзіне.

Маңызды емес кім екенің, ұлтың, тегің, дінің де.Сол екі ағаш көз алдыңда көрнекі тұр бүгін де.Қайсысына қол созасың таңдау еркі билігіңде Өзіңнің.Сенші, достым, жалғаны жоқ, шын ниетпен айтқан осы

сөзімнің.

Бәрі тірі ҚұдайдаБәрі тірі Құдайда, бәрі тірі!Жан иесі сан жетпес алуан түрі.Мынау тылсым табиғат келісті әсем,Масатыдай құлпырған жердің гүлі.

Аспанда ұшқан құстар қанат жайып,Құйқылжыта ән салған таңғажайып.Айдын көл, айналасын тау көмкерген,Бәрі де әсем теңеу, жырға лайық.Самалды салқын ауа жаздың түні,Сайраған бұлбұлдардың сазды үні.Тіршілік әлеміне жылу берген,Аспанда Өзі қойған алып күні.

Көрікті әсем, сыңсыған орман-тоғай,Тамсанасың, қарайсың көзің тоймай.Жылысып баяу аққан өзен суы,Ну ағаш жағалауын өскен бойлай.

Әдемі қарағайлы тау шатқалы,Аралас, қосыла өскен қайың, талы.Таңқурай, қарақат пен қызыл шетен,Мөп-мөлдір қайрақ тасты тау бұлағы.Таудың қыры, күнгейі қорым тасты,Кейбір жері келеді құз, жартасты.Шүйгін шөп етегінде сансыз бұлақ,Тамшы болып ағатын тастан құлап.

Тауында мекен еткен алуан киік,Басын мәңгі қар басқан бұлттан биік.

10 11

Төрінде Хантәңірі шоқысы барТұрғандай бейне ұшы көкке тиіп.

Осындай Құдай сыйын иеленгенНарынқол ата-бабам мекен еткен.Көрікті биік таулы осы өлкедеСәби боп дүниеге мен де келгем.

Сол үшін мадақтаймын Жаратқанды,Сыйлаған қуанышты, жарық таңды.Адам етіп жараттың бұл өмірге,Арманым Сен арқылы қанаттанды.

Осылай, жерлестерім, жақындарым,Құдайға сен де үміт арт, жақындағын.Шын Тәңірге шын сеніммен келсең егер,Атар еді сенің дағы шуақ таңың.

Құдайсыз ақиқат жоқ, теріс жолың, Еш пенде айыра алмас оңын, солын.Осындай жер жұмағын берген Құдай,Сыйлағысы келеді одан зорын.

Дүниеде өте көп жер көркемі,Еш әулие жаратқан жоқ бұл өлкені.Еш пайғамбар ақтаушы бола алмайды,Сақтаушы Құдай ғана бар пендені.

Күнәһар бәрімізге өмір берген,Өтеп күнә жазасын, айқышта өлген.Сүйетін барша адамды бір-ақ ҚұдайИса боп тәнде туып, жерге келген.

Исаға кел, жерлестерім, Исаға кел,Тағдырыңды қолына қалдықсыз бер.Сансыз көп өлгендерді Құдай етпе,Бос әуреге түспегін боп арамтер.

Салып жолды пейішке, жетер көкке,Өлді Иса тірілді үш күн өте.

Өмірімен күйретіп сұм өлімді,“Ал”, – деді, Маған келіп бәрін текке.

Алдына кел, мойындап бар күнәңді,Кел Исаға сеніммен, жой күмәнді.Осылай бір күндері алдына кеп,Менің де өмір шамым лап тұтанды.

Сөздер... Сөздер сансыз айтылатын жүйесі жоқ,Жолын тауып тұрақтар иесі жоқ.Айтқан жерде қалатын ұмыт болып,Бағытсыз боран қуған құмнан да көп.

Желді сөз, күлдіргі сөз, қысыр сөздер,Алтын емес алдамшы арзан жездер.Мынау асқан данышпан, ақылды деп, Айтсын деп, арзан мақсат соны көздер.

Мақтаймыз сыйғыза алмай жерге-көкке,Данышпан деп, көсем деп бәрін текке.Жер деңгейі аспанмен теңеле алмас,Жарамсыз боп қалмақшы бәрі де өтпе.

Адамның даналығы толқымалы,Өмірдегі ізденісте олқы бәрі.Құрғақ сөзді қаншама көбейткенмен,Іске аспайды, болмайды жанға дәрі.

Кейбір ақын өлең жазған арзан сөзден,Кей термеші атақ іздеп елді кезген.Айтыс ақын атын елге шығарам деп, Қиыспас қыңыр сөздер құрар тезден.

Біледі қайтпас сапар өлім барын,Еш ойламас сонда да жанның қамын.Қайран қазақ осылай кете барсаң,Түнек болып өмірің, атпас таңың.

12 13

Бәрі айтқанмен таяу деп заман ақыр,Жалғасуда жанталас, абыр-сабыр.Неше жалған құдайларды ойлап тауып,Адасқан түнек жолда сансыз тобыр.

Жауласып бір-біріңмен бітім таппай,Жүректе кекшілдікке орын сақтай.Алла атын жамылып, жау мұндалап,Сол себептен тұрған жоқ па таңың атпай.

Осы халқым, осы міне жеткен жерің,Көрнекі тұр азғындыққа жеткендерің.Әйелдерің шалбар киіп, жалаңаш жүр, Сиынасың басына өлгендердің.

Өлгендер, халқым, саған не береді,Шайтан сені өлгендермен теңгереді.Төбеңде тірі Құдай тұрған жоқ па?Таны соны көсегең көгереді.Құдай сөзі – Інжілде Иса сөзі,Тәнде келген Алланың нағыз Өзі.Осыны қабыл еткен әр қазақтың, Бес елі бақ маңдайында, ашық көзі.

Өмірдің барлық мәнін ұғындырар,Дана етіп жүрекке ой қондырар.Пейіштің де есігі кең ашылып,Басыңнан тайған бағың қайта орнар.

Асыл Сөз, жүйелі Сөз жан жылытар,Бойыңа жігер келіп, ынтаң артар.Жаныңды ізгілікке құштар етіп,Іштегі құсалық пен шерің тарқар.

Тыңдалық Иеміздің асыл Сөзін,Көреген ғып көрсоқырдың ашар көзін.Айқындап болашақты, мәңгі өмірді,Сыйлайды өшпес үміт, тозбас төзім.

АдамдарғаАдам бір күн келді өмірге, өлмек үшін, білесің бе, халайық,Одан ары сот болады, әділ үкім алар әркім өз ісіне лайық.Нәтижесін алдыңа әкеп, қояр Тәңір қамсыз сүрген өмірдің,Сондықтан да, Жартақаннан өтініп біз өмір жайлы сұрайық.

Сұрайықшы Құдайдан біз өтініш пен сауал қойып осылай,Кішірейіп бір сәт, тәкаппарсып дандайсымай, тасымай.Мейлі, бай бол, мейлі патша, болса дағы жерге сыймас дәулетің, Бар ғаламды бағындырып көз сүйінер болса дағы сәулетің.

Пендесің сен, жердегі осы топырақтан жаралған.Буға айналып кетер бір күн, құрған жоспар, көкейдегі бар

арман.Тарыдай бір сенім болса жүрегіңде Жаратқанның барына,Осы сөзді өтінемін, ынта қойып, шын ниетпен қабылда.Ұмытпа сен, суық қабір, тұрған күтіп өлім барын алдыңда.Құдайды ойла, масаттанбай опа бермес қолыңдағы

алтынға.

Бауырыма Айтпа, бауырым, ауыртпалық түсіп жүр деп басыма,Қуанышта таудың тентек өзеніндей жөнсіз асып-тасыма.Көтере біл ауыр сынды, сабыр сақтап Ием берген төзіммен,Қиыншылық басқа түссе, күмән жайлап, күйреп жаның

жасыма.

Бәрі өтпелі, бұл өмірде, сап болады, ешбір нышан қалмайды,

Алдымызда өзгеше өмір, ойла әркез сенім сақтап сол жайлы.

Үміт оты жанған шырақ, жолыңды айқын көре алар,Киелі Рух Жолбасшың боп, бағыт-бағдар бере алар.Мына дүние бірде олай, бірде былай теңіздейін толқыған, Жоғарыдан қайта тумай арылмайсың көнеліктің еңсе басар бұлтынан.

14 15

Исаға бер тағдырыңды, өміріңді тапсыр Оның қолына,Сенім болсын жүрегіңде, сөздерін ал серік етіп жолыңа.

Жердегі өмір – Иемізге қызмет етер уақытша, сенің мекенің,Тәңіріме уақыт келсе бәрін тастап қайырылмастан кетесің.Адал атқар, әділ Қазы еңбегіңді лайықты бағалар,Жиһанкезсің жер бетінде аз күн жүріп, Отаныңа мәңгілікке оралар.

Жақыныма Құлақ салып тыңда бір сәт, өтінемін, жақыным,Болжадың ба ой жіберіп болашақты, өміріңнің ақырын.Бұл дүниеде бәрі жалған, бақыт та жоқ баянды,Ұрлап жатыр қазынаңды қас дұшпаның ақырын.

Меншігің жоқ, еншің де жоқ жер бетінен алатын,Бәрі алдамшы, қысқа өмірің бос әуреге салатын.Бірер сәтке аптықпай сен жан-жағыңа қарашы,Қаншама көп қасіретті болып жатқан санашы.

Сан жетпейді, сонда көріп, түңілер ең өмірден,Қаншама жан адасып жүр, опа бермес өткіншіге семірген.Қожасы бұ дүниенің бар болмысын соқыр етіп қойыпты,Сондықтан да азғындық көп, маскүнемдер елірген.

Сиқы, міне, бұл дүниенің көз алдыңда көрнеу тұр,Қаншама жан шындық іздеп жаны егіліп жылап жүр,Іштен тынып, қасіретін шығара алмай сыртына,Сырты бүтін, іші түтін, жұбаныш жоқ өмірінде бәрі тұл.

Міне, осындай халде бүгін барша адам баласы,Әділетті аңсағанның болмас, сірә, бұған ешбір таласы.Сен де осындай азаптағы пенделердің бірісің,Тыңда, ойлан, жазылады жүрегіңнің жанға батқан жарасы.

Жүзіңдегі күлкің жалған, білем ішің у мен өрт,Тыңда, өтінем, өмір сөзін сосын терең ойлан тек.Сендегі осы ауыр халді мен де кешкем өмірде,Сол дертіме шипа тапқам, жылап келіп Тәңірге.

Сол Құдайды арнайы іздеп Меккеге де барғам жоқ,Әулиеге барып түнеп, адамдардан ешбір дәріс алғам оқ.Тәңірім-ау, барсың ба деп жылағанда егіліп,Жауап берген Көктегі Әке рахымы жүрегіме төгіліп.

Жан дүниеме жұмсақ үнмен тіл қатқан,Жұбатушы сөзін айтып, көз жасымды құрғатқан.Түнек кетіп, жарық келіп, үміт жанып жүректе,Осылайша мәңгілікке қарсы алдымнан таң атқан.

Содан бері айналамда қайғы бұлты біржолата сейілген,Жаным сергіп, сергелдеңсіз жан тыныштық берілген.Алғыс айтам шүкірлік қып, о, Жасаған, Жан Ием!Алдыңа кеп тағзым етіп, құдіретіңе бас ием.

Солай білдім Иса болып Құдайымның жер бетіне келгенін,Құрбандық боп, күнәм үшін ағашта айқыш өлгенін.Өлімнен соң үш күн өте мәңгілікке тіріліп,Баршамызға мәңгі өмірге жолды салып бергенін.

Ата болдымАта болдым, Әкежан, алғыс айтам,Бір немере сыйладың бүгін маған.Сенің сыйың, Тәңірім, Сенің сыйың,Алдыңда қуануда бүгін балаң.Көп тілеудің біреуі енді сұрар,Көкейімде әр күні менің тұрар.Кішкене сәбиіме өмір тілеу,Мәсіғім, өтінішті Өзің құп ал.

Айнала сансыз дұшпан анталаған,Мол ақыл, даналық бер, Әке, маған.Бұл дүниелік азғындықтан арашала,Сәбиім де ержетсін қарап Саған.

16 17

Сырқаттан, азғындықтан сақта Өзің,Ақиқатқа бала күннен ашшы көзін.Тәрбиеңде үзбей Сенің болсын, Әке,Батылдық бер сарқылмас және төзім.

Долданған бұл дүниенің дауылындаБолсын өзі арамызда, қауымыңда.Жете ұғынып жүрекпен мейіріңді,Алданбасын азғын өмір сауығына.Дұшпанның сұм айласын Өзің жойғын,Ақиқаттың иесі ет, озық ойдың.Өзіңнен сәбиіме ғұмыр тілеп,Тумай тұрып Өміржан деп атын қойдым.

Әкешім... Әкешім, жыр болып жүректен төгілдің,Шырақ боп жандың жолында өмірдің.Қуанттың жұбатып жылаған кезімде,Жұбаныш Сөзіңде, Әке, Сөзіңде, Әке!

Жақтың Сен үмітті өшуге таянған,Таптым мен тыныштық, Әкешім, саяңнан.Аштың Сен жолымды бақытқа жеткізер,Өмірге өткізер Әке, өткізер Әке.

Әкежан, қорғадың балалық кезімнен,Шыдадың күнәма Әкелік төзіммен.Сая боп жаныма аттың Сен – ақ таңым,Азаптан сақтадың, Әке, сақтадың, Әке!

Өзіңсің ұғындым сүйенер тірегім,Өзіңсің аңсарым, өмірден тілерім.Алдымнан ашылған өмірдің Есігі,Бақыттың бесігі, Әке, бесігі, Әке!

Құйылшы, Әкешім, жүректен ән болып,Атқансың алдымнан арайлы таң болып.Асығам, аңсаған арманым – мекенім,Өзіңе жетемін, Әке, жетемін, Әке!

Алтын қалам Алтын қалам – аспандағы асқақ менің арманымсың,Жетелеген Әкем саған биігім де заңғарымсың.Алтын қалам алтын емес, арман емес қиялдағы,Мөлдір өзен, жағасында Өзі өсірген әсем бағы.

Алтын қалам мәңгі шаттық ордасысың жұбанар,Саған енген әрбір адам шаттанар да қуанар.Ілес, қазақ, өмір сыйлар бұл сапар,Ортақ болып, әкеміздің мұрасына біз алар.

Алтын қалам асығады сағынышпен жаным саған,Ару қалам, жетер күн де алыс емес мен аңсаған.Жетем саған жеткізеді Исам мені бір күні,Кірем сонда қуанышпен ашық, маржан қақпадан.

Ал қазірше өшпесінші, лаулай берсін үмітім,Тоқтамасын өмірімде жоспарың мен ұлы ісің.Мадақтаумен алдыңда мен адал болып жүрейін,Тоқтағанша жер бетінде менің ақтық тынысым.

ІзденЖақыным, ізде, іздеші бүгін Құдайды,Жаратқан Ие алыстап бізден кетпеді.Толтырып тұрған Өзімен шексіз ғаламды,Тәңір – Ол ырыс және Ол өмір мектебі.

Ақыл да берер көрсетіп жүрер жолыңды,Алып та шығар лаулаған оттан, сындардан.Жеткізбек сені жетпеген биік мұратқа,Іске аспақ қиялдай болған бар арман.

Іздеме Оны жер жүзін кезіп аулақтан,Іздеме Оны өліктер жатқан моладан.Жаратқан шексіз ғаламды дербес бір Құдай,Алдында Оның күнәһар тегіс бар адам.

18 19

Біледі Ол есіміңді, жөніңді,Біледі Ол еңісіңді, өріңді.Алдында Оның өміріңнің бәрі айқынБіледі Ол мекеніңді, елің менен жеріңді.

Біледі Ол аузыңнан шыққан сөзіңді,Жүректегі сан қилы түрлі сезімді.Өзінде өмір, тірліктің басы бір Құдай,Бостандық беріп, шындыққа ашар көзіңді.

Себебі сені адам ғып жерде жаратты,Өмірде қанша кештерің келіп, таң атты.Еңсеңді көтер, бетіңді бұршы аспанға,Әкеден сұрап ізденіс пенен талапты.

Талапты ерге нұр жауар деген халқымыз,Ең басты талап Тәңірді танып білуде.Мызғымас негіз, бастапқы тегің бір Құдай,Шынайы бақыт алдында пәк боп жүруде.

Алдында Оның пәк болып қалай жүрмекпіз,Танымай Оның қалауын қалай білмекпіз.Ішіп-жеп қана байысам дейді бар пенде,Ниетпен осы пейішке қайтіп кірмекпіз.

Сондықтан ойлан өлімнен арғы халіңді,Кететін тастап жиғаның, терген барыңды.Өлмекке тудың, Алланың соты алдыңда,Тереңдеу ойлан, тозаққа берме жаныңды.

Тілекпен ізгі Әкеге созшы қолыңды,Жадағай тілмен көрсет деп жүрер жолыңды.Алдыңнан ашар мәңгілік өмір сапарынЖаман мен жақсы, айырып оң мен солыңды.

Бойымда ауыр күнәнің дерті меңдеген,Бірімін көптің Тәңірім жазып емдеген.Айтқанда Құдай тәнде кеп құрбан болды деп,Күнәкар басым қылжақтап мен де сенбегем.

Бірақ та болды тарыдай сенім аздаған,Білмедім Оны, көрінді алыс ол маған.Сол әлсіз шоғын үміттің таяу өшетінОл үрлеп жақты жалын ғып ыстық лаулаған.

Дәл мендей Тәңір сені де жақсы көреді,Іздесең тауып, сұрасаң бәрін береді.Күтіп тұр сені, шынайы ашшы жүректіЖаратқан Ие шуақ боп жанға енеді.

Жазасын күнә өтеді Өзі тәнде кеп,Маңызды емес күнәңіз сансыз болсын көп.Исаның қаны кетірер шымқай ағартып,Түрілер түнек, алдыңнан бақыт таңы атып.

Ойланшы Бірде олай, жақыным, бірде бұлай,Бір шаттанып, бір кешіп, кейде жылай.Сен келесің мына өмір додасында,Нық баса алмай қадамды кейде құлай.Баянды бағың да жоқ басқа орнаған,Күңгірт түнек аспаның бұлт торлаған.Көзің соқыр, көрмейсің айналаңды,Бұйырыпты адуын тірлік кең жол саған.

Жүрегіңде алдамшы, жалған үміт,Алма кезек ауысқан арзан тірлік.Қиыс кеткен қисынын келтіре алмай,Тіршілік езгісінде мына өмірлік.Барасың сен азап жолда адасумен,Азғын тұрмыс арасында шаттанумен.Көп тобыр арасында бағыты жоқ,Жаңқадайын қалықтап ағын сумен.

Мазасыз ой жүректе, ұйқы сергек,Жан дүниеңді уайым құртша кеулеп.Іс тұйыққа тірелсе оңы келмей,Жаратқаннан көресің жазмыш қой деп.

20 21

Тәңір саған жазған жоқ жамандықты,Мәңгі өмір мен бермек Ол амандықты.Бос әуремен жүрмегін арамтер боп,Келтірмессің күрмеуге қысқа жіпті.

Иса сені келеді қолдағысы,Кемісіңді түзетіп, оңдағысы.Ақиқатқа кенелтер тыншыр жүрекМіне, осындай, жақыным, Алла ісі.Алла бүгін бәрін саған берсем дейді,Сансыз күнәң бойыңда болсын, мейлі.Кешірем деп бәрін де уәде еткен,Құп алмаған тозақта опық жейді.

Пәк жүре алмас пенделер, бәріміз де,Бай да, кедей, жастар мен кәріміз де.Құрбандыққа берді Өзін тәнде келіп,Шын бақыт сыйлау бәрімізге.Жақыным, жалтақтама, мойымашы,Күнәңді Иса алдында мойындашы.Құшағына алмақшы құшып сені,Ол – Әкеміз, бар тірліктің өмір басы.

Кел Әкенің сен ыстық құшағына,Күтуде ғой сені ұзақ Ол сағына.Адасқан сүйікті ұлым келдің бе деп,Пейіштің Ол шығармақ төр жағына.

Су рәсімінеҚұтты болсын қадамың,Мәңгі өмірге аттаған.Жүрекке берік орнасынӨмірлік ырыс, бақ саған.

Ұлы сый берген ӘкегеСансыз алғыс айтайық.Ұшқыр да болсын үмітіңТолқында сынды жел қайық.

Тағы да бауыр тілейміз,Қазынаң кеңіп толысын.Байлыққа тозба молынанБеретін Тәңір ырысың.

Оңыңнан келсін, солыңнан,Сеніммен сұрап, қабыл етӘкенің жомарт қолынан.Жанұяң енді қауымың,Баршасы туыс бауырың.

Жан Иең – Тәңір, Жолбасшың,Күш болып қонған бойыңа.Тар жолда сүйеп апарар,Қамықсаң әркез жұбатып,Дауылдан да тасалар.

Иса берген мәңгігеСенімді сақта жүректе.Жаныңа жылу беретінӨмір сүр ізгі тілекте.Күмәнға ашып жүректі,Күнәға бой алдырып,Өзіңді-өзің жүдетпе.

Қиындық түссе басыңа,Күйремей сында шыңдалып,Сеніммен жігер, күш алып,Әкенің асыл сөзінен.Ұлы көшке қосылыпСәбидей таза сезіммен.Аяқта бізбен сапардыТәңірден алған төзіммен.

22 23

Кел, ҚұдайғаКел, Құдайға, жақыным,Туғаның, мейлі, көп болсын,Ұйымшыл бәрің бірлікте.Берік те болса кеңесің,Қазақта бірақ мақал бар,“Атадан алтау тусаң да,Бір жалғыздық көресің”.Қаншама жақын болса да,Ешбірі тірек болмайды.Алдыңда күткен сұм өлім,Қарамай ешбір бөгетке,Патшаны да жалмайды.

Құлағың сал, жақыным,Сәулетті қанша шаһарлар.Тұрғызған қолмен көнеде,Ізі де қалмай жойылған,Айналып бір-бір төбеге.Ұшан теңіз дәулетің,Болса дағы қарын тоқ.Байлық та қалар иесіз,Баянды жерде еш зат жоқ.

Өлмек үшін туғансың,Күтіп тұр алда әділ сот,Істерің барар артыңнан.Қалады жолда дүние боқ.Осының бәрі баршаға,Бүкпесіз ешбір ашылған.Бұл өмір жайлы қаншамаӨлең мен жырлар жазылған.Өлімнен қашқан бабамыз,Қорқыт та кезіп дүниені,Кездесті көрге қазылған.

Салғырт болма, бауырым, Толғаныс керек, ой керек.Келеді мезгіл әркімге,Кездесер өлім жекпе-жек.

Бірақ та билік сонікі,Алады да кетеді.Тұрса да қоршап ағайын,Олардан көмек келмейді.Өліден жәрдем сұрама,Өлгендер жауап бермейді.Құдайға сиын, ізде Оны,Оған сенген өлмейді.

Қанатымен қалқалар,Жамандық ешбір келмейді.Соқса да долы дауылдар,Мәңгілік үміт шырағы.Әлемге әмір жүргізген,Болса да жердің патшасы.Өлшеулі ғана өмірі,Пенденің әлсіз баршасы.Жаратушы Тәңірден,Қандай күш бар аса алған.Бар ғаламның тірегіЖоқтан барды жасаған.

Күнәңді кел мойындап,Құдай берер кешірім.Оған қоса, мәңгі өмір,Сатылмас ешбір алтынға.Исаға кел, жақыным,Басыңды иіп алдында.

Кешірімін ал, қалмашы,Күнәкар осы қалпыңда.Құрбандық болды сен үшін,Тәнде кеп Құдай Иеміз.Шектеусіз ұлы махаббат,Ашылды бізге, білеміз.Күнәнің уы жайылып,Таппаған пенде еш емін.Қасиетті қаны төгілді,Арылтып жаннан кеселін.Тыныштық беріп жүрекке,

24 25

Жадыратар көңілді,Кел, Құдайға, жақыным,Тіріден сұра өмірді.

Мәңгілікте тірі Ол,Өлімнен қайта тірілген.Қақсаң есік ашылып, Сұрағанға берілген,Құрбан болды біз үшін,Күнәнің төлеп өтемін,Алдына келсең саған да,Өмірдің сыйлар көктемін.

Келді Исаға сауалмен Келді Исаға сауалменен, сұрады Одан,Мынадай деп бір адам.Патшалыққа қалай барам,Қалайша оған кедергісіз кіре алам?Жақынымды жақсы көрем,Ата-анамды құрметтеп, өсиетке адалмын,Не жетпейді енді маған, айтшы, Ұстаз?Пейішке мен қандай жолмен барамын?

Жауап берді сонда Иса: Жетелейді деп бір-ақ нәрсе осыған:Мал-мүлкіңнің бәрін сатып,Үлестіріп нашарларға бергін-дағы молынан,Сонан кейін жалтақтамай,Ергін Менің соңымнан.

Естіді де осы сөзді кетіп қалды, жаңағы адам мұңайып.Неге осы іс тамам болды осылайша,Мағынасын, бауырларым, ұғайық.Келдің сен де осы Исаға,Сол пендедей, үміт бір күн жетелеп.Саған да айтты Ол осы сөзді,Өміріңде не қажетсіз, не керек.

Керектіні ал, керексізін тастағын,Дереу қазір жаңа өмірді бастағын.Ілес Оған, ештеңеден қаймықпа,Байланба жіпсіз опасы жоқ байлыққа.Сын сағаты таянғанда өмір деген айдынның,Түспей қайта торына кеп өз қайғыңның,Иемізден кетіп қалмай сол адамша мұңайып.Ақиқатқа табан тіреп, шегінбей нық тұрайық

Жырлаңдар Иеңді дауыстап! Жыр жазайын, Әкеме арнап жыр жазайын,Қалайша мен қуана жырламайын.Бұтасы Сен жүзімнің қасиетті,Сабағың боп мен Сенің жалғанайын.

Қасиетті Өзіңнен нәр алайын,Шөліркеген жанымды суарайын.Іште тұнған күмән мен қасіретті,Әкем, сенің алдыңда ақтарайын.

Сенсің менің сырласым, мұңдасым да,Әкежаным, бауырым, жан досым да.Кеселдерден арылып, күмән кетіп,Қуанышқа қуаныш жалғасуда.

Өмір жайлы сұхбаттасу Кеше ғана өмір жайлы сұхбаттасып екеуміз,Бүкпедік пе тіземізді Жаратқанның алдында.Бүгін неге өңің солғын, көңілсізсің бір түрлі,Күмәнданып бір нәрседен, секем алып қалдың ба?

Жарамайды мынау күйің, сергіші жан бауырым,Тәңір саған арқалатпас өміріңде дағдарыстың ауырын.Иса кеше, бүгін дағы мәңгілікте өзгермес, Іргесі шайқалған жоқ, аман-есен тұр, мінеки, қауымы.

26 27

Неге кеттің қауымнан шет, жеке дара, қарайламай артыңа,Келмеп пе едік жаңа өмірге сәбидейін сен екеуміз талпына.Есіңе алшы, Иса Әкемнің алақанын маңдайыңнан сипаған,Кібіртіктеп қалдың неге, жақындамай тұрсың неге тартына.

Ұзаған жоқ сенен Тәңір, сені тастап ешқайда да кетпеді,Сұрашы сен, қайта оралар өміріңнің көктемі.Қайтармақшы тағдырыңның кешке айналған ақ таңын,Жойып барлық уайымның жан шыдатпас мынау аптабын.

Күмән беріп жүрегіңе, әккі дұшпан қуаныштан айырды,Түнегіне қайтармақ боп, тұтқыны етіп байырғы.Қатігез ол, аямайды қолға түскен жемтігін,Талайлардың қанаттанған сенімдерін еш аяусыз майырды.

Әкеге бұр назарыңды, дәл қазіргі нақ осындай қалпыңда,Құшағына ен, құшар сені сәбидейін талпын, қане, тартынба.Аш жүректі, аш айқара, еш тосқауыл болмасын,Иса келіп күтіп тұр ғой, ей, бауырым, есігіңнің алдында.

Таяуда Келеміз жүріп тозығы жеткен дүниеде, Жүректе сенім, ақиқат жүгін арқалап. Алдымыз соқпақ, жеткізер мәңгі өмірге,

Айнала дұшпан кес-кестеп жолды анталап. Аңдумен әрбір абайсыз басқан қадамды,Оңтайлы сәтін күтумен шалып құлатар.Сондықтан, бауыр, ұмытпа, есте сақтағын,Таяу сол мезгіл, түріліп түнек таң атар.

Таңымыз да атар түнегі түннің жайылып,Жанымыз тыншыр, шаттыққа көңіл тойынып.Шайтанның торы – қызығы жалған бұл өмір,Алданып, бауыр, кетпегін соған бой ұрып.

Ақиқат қана өмірге мәңгі жеткізер,Ауыр да ауыр сындардан барлық өткізер.

Сенімді серік – Киелі Рух жолбасшы,Қиыстау кетсек қатенің бәрін сол түзер.

Біз сенген Құдай құдіреті шексіз махаббат,Теңесер күш жоқ Онымен бүкіл әлемде.Бойында Оның шектеусіз мейірім, парасат,Айтылып жатыр Сөздері дағы бар елде.

Сондықтан, бауыр, заманның таяу ақыры,Азғындық барлық, жамандық отқа өртелер.Тазарып барлық ластан бүкіл дүние,Жаңарып қайта, қалпына келіп жөнделер.

Патшалығы орнап ғаламға сонда әділдік,Жеткізер Исам мәңгілік биік мұратқа.Енгізіп маржан қақпадан алтын қалаға,Аспанда болар өмірлік мекен тұрақ та.

Қажымұрат НҰРСАПА

Он екі жасар Иса ғибадатханадаИсаның әке-шешесі жыл сайын,Құтқарылу мейрамына келіп дәйім.Иерусалимде мереке өткізетін,Алланың құдіретін етіп пайым.

Он екі жасқа Иса Мәсіх толғанда,Құтқарылу мейрамы болғанда.Әке-шешесімен бірге келген-ді,Мейрамдап қайтуға бұл маңда.

Мейрам күндері аяқталып біткенде,Әке-шешесі үйге қайтып кеткенде.Иса Иерусалимде қалып қойды,Іздеді Оны бір күндік жолға жеткенде.

Мариям, Жүсіп алаңдап баласынан,Іздеді көп ішінен алас ұра.Ол жоқ боп шықты келе жатқан,Ағайын, туыстардың арасында.

28 29

Олар Иерусалимге қайта келді,Иса жоқ деген сөзді айта берді.Үш күннен кейін ғибадатханада,Ұстаздар ортасынан Оны көрді.

Үрейленіп тынымсыз алаңдаған,Исаны көргенінде анасы оған.Сені қатты уайымдап іздедік қой,Неге осынша шошыттың деді балам.

Құдайдан ақ тілеуді үзбейсіздер,Сіздер мені несіне іздейсіздер.Мен әкемнің ісімен шұғылдандым,Бірақ та ешкім мұны білмейсіздер.

Оларға мойынсұнып ісін айтты,Білгендері жоқ еді болған жәйтті.Исаның айтқандарын түсіне алмай,Баласын алып олар үйге қайтты.

Жақия пайғамбардың уағызыҚұдайға құлшылықты толықтырды,Көрсін деп кейінгілер жарық нұрды.Иорданда Ханна мен Қаяфалар,Бас діни қызметкерлер болып тұрды.

Жақия Зәкәрияның ұлы еді,Жаратқан Ие оған аян берді.Пайғамбарлық міндетті жүктеген соң,Беріліп Иемізге қызмет етті.

Иордан бойындағы бар халыққа,Аралап Құдай жолын айтып келді:Шомылдыру рәсімін өткіземін,Құдайдың өсиетін жеткіземін.

Ишая пайғамбардың сөздерінде,Жазған екен былай деп кездерінде.Сол кітапта сақталған осы сөзді,Берейін оқып бүгін өздеріңе.

Айдалада айғайлаған,Біреудің дауысы шығады.Жақия пайғамбардың,Өсиетін халық ұғады.

Оның жолын түзетіңдер,Ой-шұқырлар тегістелсін.Келуін Оның күтіңдер,Құлақ асқан тегіс келсін.

Асқақтаған аласарып,Қыңыр жандар түзетілсін.Жақсылыққа жанасалық,Түзу жолмен жүре білсін.

Жақия пайғамбарды бірден танып,Шомылдыру рәсіміне келді халық.Тәңір сөзін зая қылмай тыңдады ел,Жаратқанның өзі қолдап жүргені анық.

Әй, жыланның тұқымдары! Тыңдаңдар,Тозақ дейтін жанатын от боп зындан бар.Қаһарлы жазадан құтылуды ойлаңдар,Теріс жолдан қайтып, тәубе етуді таңдаңдар.

Және “Біздің тегіміз Ыбырайым» еді,Мақтанбаңдар, мен одан тарадым деп.Тастардан ұрпақ жасар қажет болса,Тілеңдер, Құдайым, керегіңе жарайын деп.

Қазірдің өзінде-ақ білсең жайын,Жеміссіз ағаштарға балта дайын.Оларды жинап алып жағады отқа,Бойыңдағы күнәңді етсең пайым.

Жақиядан сұрады сонда анық,Не істеуіміз керек деді халық.Кімнің екі киімі болса біреуін,Киімі жоққа берсін бата алып.Кімнің азығы мол болса, бөлсін ол да,Қарны аш тамақсызға болсын олжа.Мәртебеңді өсірер мейірімділік,Құдай разы болады осы жолда.

30 31

Ұстаз, біз не істеуіміз керек деді,Салық жинаушылар дедектеді.Белгілеген мөлшерден артпаңдар,Құдай үшін ақиқат керек деді.

Әскерлер біз не істейміз деді тағы,Жақия оларға таяу келді дағыЗорлық жасап, жала жауып тонамаңдар,Айыра біліңдер ақ пен қара жағын.

Құтқарушы патша Мәсіхті күткен,Ойларын жасырмады ел асықты іштен.Бәлкім осының Өзі Мәсіх шығар,Біздерге сөйлеп тұрған ұлы күшпен.

Мен сендерді сумен шомылдырамын,Айтатын шындық жолын, өмір мәнін.Құдіретті Біреу, әне, келе жатыр,Болашақта болады бәріне мәлім.

Ол бидайды желпіген кісідей,Қолынан келді күрегін түсірмей.Қамбаға құйып бидайды, ал қауызын,Тозақ отына әкеліп жағады ұшырмай.

Иродияның Ирод болса қайнысы,Некені бұзып оны алғаны қай ісі.Ирод патшаның Філіп туған бауыры,Әшкереледі күнәсінің ауырын.

Жақия оны елге түгел паш қылды,Қиянатын, зұлымдығын аштырды.Патша болса өзіндегі билікпен,Жақияны абақтыға жаптырды.

Исаның шомылдырылуы Халықтың бәрі шомылдыру рәсімін,Өткізіп жатқан кез еді рас бүгін.Иса Өзін шомылдыру кезінде,Дұға оқыды көрсетіп керемет растығын.Көктен ашылып көгершін бейнесінде,Киелі Рух қонды оның кеудесіне.Ұлымсың сүйікті, ризамын Саған!Деген дауыс қалды зердесінде.

Исаның шөлдалада сынақтан өтуіКиелі Рухқа кенелген Иса Мәсіх,Кетті Ол енді елден алыс қашық.Рух оны шөлдалаға апарып тастағанда,Жолықты шайтан Оған амандасып.

Шайтан Оны қырық күн сынады,Иса болса нәр татпай шыдады.Аштығын сездірмей тұрды Ол,Аяқталып біткенше сынағы.

Құдайдың Ұлысың, билік бар қолыңда,Бұйырсаң нан қазір тас болар жолыңда.Адам тек нанмен емес деді Иса,Құдай сөзі нәр беріп сүреді өмір.

Бұдан соң шайтан оны биік тауға,Шығарып сол арада етті сауда.Әлемдегі мемлекеттерді көрсетіп,Саған беремін деді уәде етіп.

Егер маған бас ұрсаң болғаны тек,Біле-біл басыңа бақ қонғаны деп.Дүние жүзін түгел өзің билеп,Қуанарсың қылған іс оңғаны деп.

Кет қасымнан шайтан деді Иса Мәсіх,Менің кеудем тек қана Аллаға ашық.Құдай Иеңе бас ұр, қызмет қыл деп.

32 33

Жазылған жүрмеңдер деп жаза басып.Сонда шайтан жасап қапалық,Оны Иерусалимге апарып.Ғибадатхананың төбесіне тұрғызып,Құдай Ұлы, секір деді ап-анық.

Ол періштелерін Сені қорғауға,Бір жерің ауырып қалмауға.Сені көтеріп жерге түсірер,Аяғыңды тасқа соғып алмауға.

Лағынет жауғыр жоғал деп шайтанды,Иса оған былай жауап қайтарды.Құдай Иеңді еркінсіп сынама,Деген сөзді жігерленіп айта алды.

Шайтан бітірген соң сынағын,Ғайып болды білдірмей тұрағын.Оның қасынан кетіп қалды уақытша,Алланың жанған шақта шырағы.

Исаның Ізгі хабарды жариялауыКиелі Рухтың құдіретімен қуаттанған,Иса Галилеяға қайтып келді жырақтардан.Ол туралы хабар төңірекке тарап кетті,Мәжілісханаларда тәлім айтып жұрт мақтаған.

Өзі өскен Назарет қаласына келгенде,Иса демалыс күні мәжілісханаға енгенде.Оған Ишая пайғамбардың жазбасын ұсынды,Оны ашып мына жерлерін оқып бергенде.

Жаратқан Иенің Рухы үстімде ағайындарым,Мені жарлыларға Ізгі хабар айтуға тағайындады.Тұтқындар босатылып, зағиптердің көзі ашылып,Езілгендерге бостандық шырағын жағамын тағы.

Иеміздің кешірім беретін мейірімділік жылын,Жариялау үшін жіберді мені, сөзімді ұғын.Деді де Иса жазбаны қайтарып берді,Айтқанымның бәрі де орындалды бүгін.

Оның айтқан сөздеріне қайран қалып,Оған ризашылық білдірді барлық халық.Олар мынау Жүсіптің баласы емес пе,Деп сұрады бір-бірінен аң-таң қалып.

Өз елінде пайғамбардың қадірі жоқ,Күлге айналып кетпей ме жалынды шоқ.Естеріңізде, тұсында Ілияс пайғамбардың,Үш жыл, алты ай бойы жаңбыр жауған жоқ.

Сол ашаршылықта көз жасын ел төгеді,Исраил елінде жесір әйелдер көп еді.Бірақ Құдай Ілиясты біріне жіберген жоқ,Сарепта қаласына бір жесірге жіберді.

Сондай-ақ Еліше пайғамбардың тұсында,Алапеспен ауырғандар көп еді осында,Бірақ Сириялық Нағыманнан басқа,Ешкім ауруынан жазылған жоқ расында.

Мұны естіген адамдар қатты ашуланды,Исаны қуып, қаладан жинады халықтарды.Тік жартасынан құлатып тастамаққа,Төбесіне биік таудың алып барды.

Олар осылай өлтіруге тауып жолды,Исаға құтылмастай қауіп төнді.Төбесіне биік таудың шығарғанда,Бір-ақ Мәсіх кенеттен ғайып болды.

Інжіл Таурат, Зәбүр, Пайғамбар жазбаларын,Құдай көктен білдірген өз ойларын.Інжілде Иса Мәсіх жерге келіп,Адамдардың түзетті азғандарын.

Құдай жолы танытқан қасиетті,Махаббат, мейірімділік тасып өтті.Өліп қайта тірілген соң Иса Мәсіх,Он екі елші жүргізді өсиетті.

34 35

Сол кезде таяу Шығыс елдерінен,Уағыздауға елшілерге жол берілген.Барлық жерге таралды Ізгі Хабар,Мұндай іс бітіре алмас кім көрінген.

Иса Мәсіх туралы етіп баян,Інжілдің айтары осы біздерге аян,Құдайға ұнайтындай өмір сүріп,Өткен жөн Иса Иең болып саяң.

Адам болып келген соң өмірге сен,Болмайды бұл жалғанда ғұмырға өлшем.Дәм-тұзың таусылып көз жұмғанша,О дүниенің қамын ойлап Құдайға сен.

Адамды жаратқан Хақ жоқтан бар ғыпАдамды жаратқан Хақ жоқтан бар ғып,Құдай Ием бәріне еткен жарлық.Тәубеге кеп Киелі Рухқа бөленгеннің,Аузына Ием сөз салады пайғамбарлық.

Халқымды менің Құдай Ием жақтасын,Киелі қанын халқым менің ақтасын.Ақиқаттың ақ таңы боп көрінген,Құтқарушы Иені еске сақтасын.

Әділетті іздеген жер бетінен,Өз қызметшісі Дәуіттің әулетінен.Бір Ұлы құтқарушы келді бізге,Алланың айнымайтын сәулетінен.

Құдай жолына құлашын жайғандарға,Қадірлі қасиетті пайғамбарға.Ыбырайым атамызға еткен шапағаты,Ұрпағын сыйлы етіп қойғандығы.

Құдай Ұлы қайғы-қасіретті басады,Ағарып атқан таң болып есік ашады.Қараңғы қапас пен өлім көлеңкесінде,Өмір сүрген біздерге нұрын шашады.

Ғалымжан ӘлімБЕКоВ

Өмір мәні Мына өмір – соғып өткен жел болса,Жел ұшырған қураған бір шөп болдым.Қулық, сұмдық, жамандыққа – бар болсам,Ізгілік пен жақсылыққа жоқ болдым.

Мына өмір – ашырқанған аң болса,Ал мен одан қаша алмай, жем болдым.Адамдарды жүрегімде жек көріп,Кісі өлтірген адамдармен тең болдым.

Мына өмір – патша болса, би болса,Бұйрығынан шыға алмай құл болдым. Кісі өлтіріп, қиянат істемесем де,Елді алдаған, қуыс кеуде қу болдым.

Өмірдің шын мағынасын білмедім,Ішіп-жеумен ойын-сауық іздедім.«Өмір бізге бір-ақ рет берілген», – Осы-ақ болды өмір жайлы білгенім.

Енді, бүгін бұрынғыдан басқа күн!Жүрегімде шырқалады асқақ үн,Ескі өмірмен біржолата қоштасып,Исаменен жаңа өмір бастадым.

Менде бүгін бұрынғыдан басқа күн!Бар күнәмды еңсе басқан тастадым.Күнәларым қара бұлттай төнуші еді,Енді бүгін шайдай ашық аспаным.

Менде бүгін өзгеше күн басқа күн!Тауып алдым мәңгі өмірдің бастауын.Кеше ғана танымастай басқа едім,Енді бүгін, одан мүлдем басқамын.

36 37

Енді білдім мағынасын өмірдің.Жүрек толды сөздерімен Тәңірдің.Жамандықтан жан-дүнием тазарып,Жиіркенішті кірі кетті көңілдің.

Соқыр едім – Иса ашты көзімді.Саңырау едім – сауыққаным сезілді.Сөз жетпейді-ау суреттеуге тіліммен,Жүректегі сұлу, ғажап сезімді!

Осы Исаға сен де келсең болады.Жүрегің мол қуанышқа толады.Күнәңді айтып, тәубе қылсаң, басыңаЖаратқанның ақ батасы қонады.

Мені сонша сүйетіндей кім едім?Тозақ отқа кетейін деп тұр едім.Иса берді біржолата бостандық,Құмарымның құлдығында жүр едім.

Исаға кел, ашылады көздерің,Ере бермей айтқанына өзгенің,Мен сияқты сен де аласың бостандық,Егер оның қабылдасаң сөздерін.

Ата-аналарға Тыңдашы әке, бірер сәтке ұлыңды,Өзіңе арнап кіші-гірім жырымды,Құлақ салшы, Ізгі хабар айтайын,Бұл туралы естіп пе едің бұрын-ды?

«Сен кімсің?» деп баласынып, сөкпеші,Аз өміріңді ысырап қып төкпеші,Құдай бізге жіберіпті Мәсіхті,Мәсіхсіз сен о дүниеге өтпеші.

Құдай беріп Құтқарушы Мәсіхті,Көкке кірер «есікті» Ол ашыпты.Ашық есік жабылмастан тұрғанда,Тәубе қылып, тез кіруге асықшы.

Мына өмірдің мәні жайлы ойлашы,Бар ма екен деп мағынасы, пайдасы.Жан бағыс та, күн көріс те болар-ау,Бірақ мәңгі өмірден құр қалмашы.

Сен де ойлашы тағдырыңды, анашым,Құдайға тек Исаменен барасың.Иса арқылы тәубе қылсаң Құдайға,Сонда ғана жан тыныштық табасың.

Күнәмізден жалығыпты Ол, жеріпті,Құтқаруға Иса болып келіпті.Адамзатты сүйгендігі соншалық,Өзін-өзі құрбандыққа беріпті.

Бізді өсіріп, қақтың, бақтың-баптадың,Әдет-ғұрып, ырымдарды сақтадың.Осылайша құтқарылам дейсің сен,Бірақ бұлай құтқарылу таппадың.

Алла дейсің, дұрыс, бірақ сол Алла,Бар билікті берген екен Исаға.Сен де аласың кешірім мен мәңгі өмір,Исаға кел жалтақтама, жасқанба.

Киелі кітапСөзіңді алдым қолыма,Жарық боп жанған жолыма.Әлсіреп әлім таусылса,Күш-қуат берер бойыма.

Киелі кітап – ырысым,Күнәға қарсы қылышым.Тастай боп қатқан жүректер,Сөзіңді оқып жібісін.Мұздай боп тоңған көңілдер,Оларды оқып жылысын.

38 39

Ашықсам оқып нәр алам,Нәріңе мұқтаж әр адам.Жол етіп оны жұмаққа,Адаспай тауып бара алам.

Сөзіңді берген жерге Сен,Су етіп ішем шөлдесем.Киелі Сөзің болмаса,Өмірдің мәнін білмес ем.

Тәңірдің «тірі» сөзісің,Кеудеме тұнған тынысым.Тастай боп қатқан жүректер,Сөзіңді оқып жібісін.Мұздай боп тонған көңілдер,Олар да оқып жылысын.

Сөзіңді Сенің сүйеніп,Жығылсам қайта тұра алам.Күнәмнің құны өтелді,Сөзіңнен оқып біле алам.

Бартимей мен Иса Бартимей туылғаннан зағып еді,Зағыптықтан қимылға қаріп еді.Қайыр сұрап амалсыз жол бойына,Күнделікті әдетпен барып еді.

Кездесуді Исамен күтіп бақты,Қатал тағдыр жанына қатты батты.Көптен күткен армандап Иса Мәсіх,Дәл қасынан, міне, өтіп бара жатты.

Мүмкіндігін түсінді жалғыз ғана,Атып тұрды орнынан ести сала.Шын сеніммен «Дәуіттің Ұрпағы!» – деп,Айқай салды дауысы құлақ жара.

«Үндеме!» – деп адамдар тиым салды,Көзі барлар түсінбей зағып жанды.Дауыстады ол болса одан бетер,Иса естіп дауысты тоқтай қалды.

Исаның алдына ол жетіп келді,«Не қалайсың?» – деп Иса сұрап еді.Тізе бүгіп «Дәуіттің Ұрпағысың!»«Көзімді ашшы» – деп Оған жылай берді.

Көзін ашты жаны ашып Иса оның,Маңдайына тигізіп екі қолын.«Сенім сені құтқарады!» – деді оған – Үйіңе қайт бауырым, болсын жолың!»

Сол сәтте ол аспан мен жерді көрді,Теңіз, гүлдер, тау менен бөктерлерді.Қуанышпен Құдайды мадақтады,Жолға шығып, Исаның соңына ерді.

Бартимейдей бар адам рухы соқыр,Шын Құдайдан адасып жолда отыр.Өткізіп алмағайсың дәл қасыңнан,Тура солай Иса өтіп бара жатыр.

Адамдар халың мүшкіл, жайың нашар,Иса ғана рухани көзіңді ашар.Шындық жолды сонда сен көре аласың,Жолыңа сүрінбеске нұрын шашар.

Исаның соңынан ерген қауымды көр,«Күнә» деген жалмауыз жауыңды көр.Басқа жолмен, Исасыз қияметтен,Ақталуға қауқарсыз халыңды көр.

Көзі ашыққан көп адам қарсы болар,«Үндеме» – деп, «Айтпа» – деп тыйым салар.Исаға ер, оларға көңіл бөлме,Көзі ашылса жүрегің нұрға толар.Сонда сенің өмірің мәңгі болар,

40 41

Мағыналы ғұмырың, мәнді болар.Алтын түйме бойыңда бөз болғанша,Көкейіңде көз болса сәнді болар.

Адамға... Қол берілді адамға қарекетке, Жақсылыққа жетелер әрекетке.Қаріптерге қол беріп көтеруге,Жақсылықпен парызың өтелуге.

Тіл берілді адамға тілдесуге,Мадақ айтып Құдаймен үндесуге.Өсек айтып өзгені ғайыптамай,Баталаумен басқаны күн кешуге.

Көз берілді адамға көру үшін,Бақылауға мүмкіндік беру үшін.Ғажайып табиғатты көргеннен соң,Құдіретіне Құдайдың сену үшін.

Берілді аяқ адамға қозғалысқа,Құдайынан кетпеуге тым алысқа.Жамандықтың аулынан аулақ жүріп,Жақындауға ақылға, ар-намысқа.

Жүрек берді адамға сүю үшін,Жаратқанға жан еркін иу үшін.Орын бергін Исаға жүрегіңнен,Емін-еркін төріне сыю үшін.

Б. ШЫНЫБАЕВ

Уәкіл мен қарттар Кешегі өткен заманда,Кеңесшіл қауым аманда.Бір ауылға келіпті,Белсенді уәкіл алаңдап.Келгеннен бұзып қалыпты,Қыспаққа жұртты алыпты.«Баяндама жасаймын,Жинаңдар, депті, халықты».

Болды деп іс қауіпті,Шабармандар шауыпты.Үйлерінен, даладан,Жұртты іздеп тауыпты.Жар салыпты, шулапты, Парызың, деп қинапты.Қатын-қалаш, кәрі шал, Бәрін түгел жинапты.

Уәкіл сонда асығып,Жұртты мүлдем басынып,«Келмей қалған кімдер бар,Жүрмеңдер, депті, жасырып».Шабармандар сасыпты:«Мұнда халық асықты.Көнбеді тек екі шал»,Деп шындықты ашыпты.

Олардың бар ма есі деп,Көнбегені несі деп.Уәкілдің өзі шауыпты,Болды ғой күннің кеші деп.Қарттарға келіп қадалып :«Қалдыңдар қалай қамалып.Білімді, депті, жек көрген,Етпес пе, тіпті, надандық».

42 43

Әдепке оны шақырып,Астарлап қарттар ақырын.Сұрапты қандай еді деп,Әңгіме етпек тақырып.Сонда уәкіл көпіріп:«Іздерін діннің өшіріп.Айтамын дәлел мен депті,Құдайдың бары өтірік».

Ойланып шалдар шамалы:«Іздедің депті даналық, Қатысты соған сұрақ бар,Жауабын тапсаң баралық.Қойлардың қиы құмалақ, Неліктен түсер домалап?Саталап жүрер сиырлар,Ішін кім қойған дуалап?

Шыдамсыз уәкіл күліпті,«Керегі не оған біліктің.Сиырың мен қойыңның,Ішіне кімдер кіріпті?»Қарт сонда әлгі кесірге,«Сақтап жүр депті есіңде.Қидың да сырын білмесең, Құдайды сынап есірме».

Болат ҚЫзЫлБөРіКоВБаянды бақыттылық Бақыттымын өмір таптым мәңгілік,Жүрегімді баурап алды зор үміт.Мазасыздық бұлты менен сейілді,Шыға келді қарсы алдымнан таң күліп!Таңғажайып баққа кірдім тамаша!Қарай берем бұл өмірге балаша.Кілтін таптым сыр сандықтың ғажайып,Бауырлармен жүрмін бүгін жараса.Исаменен жаңа өмірді бастадым,

Шайдай ашық бүгін менің аспаным.Орын бердім жүрегімнің төрінен,Еді-ау маған тозақ жақын өмірден.Осы жолға шақырамын, сен де кел,Сан жарасы жүрегіңнің емделер.Шипа іздесең пендешілік дертіне,Жүрегіңді бер Исаның еркіне.

Байлық бар ма жүрегіңнің төрінде?Бақыт бар ма мына жалған өмірде?Ескек бар ма сен отырған қайықта?Осы жағын ойға салып байыпта.Талай адам бақыт іздеп жалығар,Мұңға батар, меңіреу боп тарығар.Сырт бейнеңде сен де жалған күлерсің,Бітеу жара жүрегіңде білерсің.

Мұңға батып оңашада торықпа,Шындық жолы Исаға кел, қорықпа.Адамдар-ай пенделікті тастағын,Исаменен жаңа өмірді бастағын.Исаменен табысқан күн тамаша!Енді өмірге қараймын мен жаңаша.Пендешілік бұлты менен сейілді,Мен Исаға сенем енді балаша.

Өмір деген тоқтамайтын ағыста,Тағдырыңды сен Исаға табыста.Жансын десең саған мәңгі шамшырақ,Дұғаңды да тек Исаға бағышта.Шаттық көрер сонда сенің көзіңнен,Тек ізгілік шығар сенің сөзіңнен.Екі жолдың арасында тұрсың сен,Таңдау еркі, ал бауырым, өзіңнен.

Исаға кеп, мен де сая тапқанмын,Бұзып шығып шайтан құрған қақпанын,Бақыт та бар, байлық та бар Мәсіхте,Мәңгі-бақи есіңізде сақтағын.Ере берме, мұнарланған сағымға,

44 45

Ойға салып бағытыңды пайымда.Шешімге кел, кеш қаласың бауырым,Сен Исаға жүрегіңді аш, дайында.

Қарсы жүрме арындаған тасқынға,Әлде қалай, пенделікке бастың ба?Бұл дүниенің торына сен шырмалып,Қалып қойма бір толқынның астында.Өкінерсің, сонда біліп қатеңді,Тар қақпадан менен қалмай өт енді.Уақыт тар, қарайлама бауырым,Барлық күнәң Иса арқылы өтелді.

Тек Өзіңсің Құтқарушым! О, Құдіретті Иса Тәңір, Саған сенемін,Жүрегімді, өмірімді Саған беремін.Қуанғанда, қиналғанда, тарыққан кезде,Басымды иіп, тәубе етіп Саған келемін.

Тек Өзіңсің табынарым,Тек Өзіңсің сағынарым,Тек Өзіңсің Құтқарушым, азаптардан.Адасып мен кетер ме едім,Сен Өзіңе жетеледің.Мәңгіліктің жолын көрсетіп.

Жер әлемді кезіп келеді Сенің сөздерің,Адамдарға мәңгі өмірді тек Сен бересің.О, адамдар, қарсы алыңдар толық сеніммен,Шеру тартып, мәңгі өмірде сонда жүресің.

Құрбандыққа қиған сенің өмірің үшін,Адамдарға деген сенім, көңілің үшін.Атың Сенің мәңгілікке марапатталсын,Ал өмірің адамдарға үлгі болып қалсын.

Көктегі ӘкеКөктегі Әке, қандайсың?Жарқырап жанған шамдайсың.Үзілген үміт жіптерін,Айқыш ағашпен жалғайсың.Көктегі Әкем, шырақсың,Кеудемде тұнған бұлақсың.Үмітпен Саған қараймын,Қолыңды бұлғап тұрғайсың.

Көктегі Әкемнің Киелі,Рухы маған тиеді.Күнәмді кешіп, мәпелеп,Сәбише мені сүйеді.Көктегі Әкем – Өмірсің,Баратын жол да Өзіңсің.Адаспай Саған баратын,Көзімнің нұры Өзіңсің.

Көктегі Әкем, тірексің.Астыңа жинар білексің.Сезінер Сені алыстан,Кеудемде соққан жүрексің.Көктегі Әкем, қуатым,Күнім де Сенсің туатын.Қиямет-қайым болса да,Қорғаным Сенсің тұратын.

Көктегі Әкем, әнімсің,Арайлап атқан таңымсың.Сағынып, аңсап жүргенде,Басыма қонған бағымсың.Көктегі Әкем, қандайсың?Қиялға қанат жалғайсың.Батып кетсем де құрдымға,Іздеуден мені талмайсың.

46 47

Таң атты арайлы Сағындырған, сағындырған Құдайым,Бар әлемді бағындырған Құдайым.Қасіреттің бар екенін білдіріп,Мені Өзіңе табындырған Құдайым.

Неге Сен, қиналдың,Мен үшін Құдайым,Лайықсыз еді ғой жүрегім.Жараңнан қан ақты,Жаныма тым батты.Қайтуға Өзіңе бет алдым.Пәк қаның жебесін,Рухың демесін.Әлсізбін сеземін,Күш берші, Құдайым.

Әзәзілді жеңіп берген Құдайым,Бар адамға теңдік берген Құдайым.Иса болып дүниеге келіп Сен,Күнәм үшін қорлық көрген Құдайым.

Санамды сан сұрақ,Жүруші еді жаншылап.Жауабын Құдайым,Бердің Сен, Өзің-ақ. Айқышқа барамын,Артыма қараймын.Қош болғын күнәһар дүние.Назарыңды салшы Сен,Пәк қаныңмен тазалап,Қамқорлыққа алшы Сен.

Мендегі өмірдің өзегі Өзіңсің,Мәңгіліктің ағатын өзені Өзіңсің.Тұңғиық дарияға барып мен батайын.Оятып, ой берші жүрекке Құдайым.

Ой, қандай тамаша!Шаттанам балаша.Сен тұрсың алдымда данаша.Таң атты арайлы,Әзәзіл қарайды.Өкініш кеудесін жанайды,Мәңгіліктің есігі,Болсыншы бесігім.Мың алғыс айтамын,Өзіңе Тәңірім!

Адамдар, ойлаңдаршы Адамдар, ойлаңдаршы өмірдің келте екенін, Сені өлтіру шайтанның серті екенін.Жүрегіңді әзәзіл билеп алған,Күнә деген жазылмас дерт екенін.Күнә деген бұл дүниені жайлап алған,Құл қылып бар адамды байлап алған.Тамыры тым тереңде бұл күнәнің,Адам ата жүрегінен бастау алған.

Күнә сені ешбір ұмыт тастамайды,Жақсылыққа ешқашан бастамайды.Кезігер кейде саған Қабыл болып,Кейде сені әлсіретер дауыл болып.Күнә жатыр жүрегіңнің астарында,Қан боп тебер миыңа, бастарыңа.Өрмекшідей бойыңды торлап алған,Жеңу қиын адамзат, достарым-ау!

Күнә бүгін біз үшін сыйлы орында,Ресторанда, барларда, қилы орында.Бар азабын көпшілікке артып қойған,Күнәнің жемісі бұл, сен мойында.Сондықтан сен күнәдан құтылмайсың,Исаға сенсең бірақ ұтылмайсың.Исаға тапсырсаң сен тағдырыңды,Сонда сен әзәзілге жұтылмайсың.

48 49

Жалт берер шайтан сіздің бойыңыздан,Жаманшылық кетер сіздің ойыңыздан.Исаның қаны арқылы ақталасыз,Аспанда болар сонда тойыңыз да.Исамен келдім мен де жарасқалы,Пейіште сыйлы орынға таласқалы.Бәрімізге орын жетер бауырым-ау,Дейді ғой айыбы жоқ адасқанның.

Адасқанның алды жар, арты соқпақ,Қалмасын тозаққа келіп, жолың тоқтап.Күнәңді айтып одан да Исаға кел,Уақыт тар, күтіп тұр, сені тоқтап.Иса келіп соттаса егер, оңдырмайды,Пейішке бір секунд та қондырмайды.Аз ғана уақытыңның бағасын біл,Жаны ашып, әлі саған қол бұлғайды.

Рухани байлық Байлық керек, керек шығар қызмет те,Шын қызмет бірақ та ізгі ниетте.Ізгі хабар таратсам – Құдай сөзін,Ойлаңдаршы, осы осал қызмет пе?Керегі жоқ, тіпті маған айлығың да, Бөлісіңдер, жүрегімде байлығым бар.Кең қазына жүрегім – Құдай үйі,Өкінбеймін, керегі жоқ қайғының да,

Өмірде мен қазақ боп туылғанмын,Керек емес Иорданда жуынғаным.Керек емес күнә үшін қан төгіп те,Киелі Рух жүректе туындадың.Керек шығар мен үшін қазақ болу,Қырық жаста күнәмнан азат болу.Аңқау елге арамза молда деген,Құдайымды тонап алар кәззап болып.

Сондықтан да керегі жоқ, байлық маған,Жүрек керек күрестен шайлықпаған.

Сен де қосыл, сапқа тұр, бізбен бірге,Ізгі хабар айтудан еш қаймықпағын.Сонда аласың Исадан үлесіңді,Үйренесің шайтанмен күресуді.Сонда етесің қызмет Құдайыңа,Тәж киесің Исадан білесің бе?

Сен кешірім алып бердің...Шеге Сенің денеңе қадалғанда,Қарап тұр-ау соған шыдап адамдар да.Мәз болады-ау соқыр сезім билеп алған,Сен кешірім алып бердің адамдарға.

Мен жасаған күнә үшін Өзің өлдің,Мен көретін азапты Өзің көрдің.Шеге маған қадалса шыдайтындай,Маған сондай мейірім мен төзім бергін.

Өз еркіңмен айқышқа барғаныңда,Түнегімде таң болып жанғаныңда.Жүрегімде жарқ етті жарық сәуле,Аспанда бірге болу арманым да.

Екі мың жылдай өтті-ау арамызда,Көктем келді көктеп біздің санамызға.Саған сеніп құтқарылу алып жатыр,Барлық халық, әкеміз, баламыз да.

Сен күш-қуат бердің біздің бойымызға,Сен ізденіс бердің біздің ойымызға.Сен арқылы құтқарылмақ барша халық,Аспанда болар әлі тойымыз да.

О, Иса Мен тұрмын жағалауда,Толқынға қарай қалып.Шуақты көлдің беті,Таң атар арайланып.

50 51

О, Иса Сенің нұрың,Кеудемде жарқ етті!Түнекті көңілдегі,Мәңгіге алып кетті.

Толқындар көл бетінде,Тыншымай қалықтайды.Қуаныш кеудем толы,Ән болып шарықтайды.

О, Иса, Өзің бердің,Жүрекке қуанышты.Өзіңнен тауып алдым,Бақыт пен жұбанышты.

О, Иса, Сенің нұрың,Кеудемнен арылмайды.Шаттық пен қуанышым, Мәңгілік арындайды.

Соңыңнан еремін Көктегі Әкем, Өзің менің тірегім,Мені сүйдің, тауып алдың білемін.Таңғажайып түсінбейтін күйге еніп,Жарылардай қуаныштан жүрегім.

Естідің бе, әлде менің мұңымды?Ұқтың ба, әлде жүректегі сырымды?Тұмшаланған қараңғылық пердесі,Кеудемдегі бір-ақ сәтте сырылды.

Неге солай айта алмаймын ешкімге?Самал болып өмірімде естің бе?Мөлдір бұлақ тауып бердің бастауын,Қараңғылық менен мәңгі көштің бе?

Сенен таптым мәңгіліктің бастауын,Сен көрсеттің шын өмірдің дастанын.Сен – ақиқат, Сен – мәңгілік, Сен – өмір,Тек Өзіңсің шайдай ашық аспаным.Өзің аштың соқыр менің көзімді,

Өзің салдың аузыма сөзіңді.Өмір бойы сені жырлап өтемін,Құтқарушым, берші маған сенімді.

Бұрқыраған жүзіп жүрмін тасқында,Қанат болдың қолтығымның астында.Сен арқылы қиындықты жеңемін,Сен арқылы қарсы тұрам тасқынға.

Иса Мәсіх – Ол мәңгілік, сенемін,Қолды создың, мен де қолды берейін.Жетелеші, мені Өзің мәңгіліктің жолына,Көзімді алмай, артыңнан қалмай ерейін.

Жалған өмір келте екенін білмедім,Нәпсіміздің құлы болып жүр едім.Шыңырауға батып кете жаздадым,Өзің аштың жүрегімнің ілгегін.

Өзің ендің жүрегіме нұр болып,Ақтарылдың жан-дүниеме сыр болып.Шақырасың мәңгі өмір бағына,Көкірегімде төгілесің жыр болып.

Саған сеніп өмірімді беремін,Шаттық пенен қуанышқа бөледің!Мәңгіліктің кілті Сенде, сондықтан,Жетелеші, соңыңнан мен еремін.

Ақша бұлттар Ақша бұлттар кезіп жүрген даланыБір зор дауыс бұзып жарып барады:Тегістеңдер, ой шұқырды, жол салыңдар,Асығыңдар, Иең келеді, қарсы алыңдар.

Құтқарылу жақын қалды, күткен күндер.Пендешілікті тастап барлығың келіп,Құдайға табыныңдар, бас иіп жалыныңдар,Суға түсіп тазаланып, күнәдан арылыңдар.

52 53

Мен Оның кебісін әперуге де жарамаймын,Ол жетер биіктікке мен тіпті бара алмаймын.Ол сияқты сендердің арылмас күнәң үшін,Өзімді құрбандыққа шала алмаймын.

Көктен келді құрбандықтың Тоқтысы,Қарсы алыңдар, қабылдаңдар, сеніңдер.Өмірлеріңді қолына Оның беріңдер.Кеш қалмастан ізіне Соның еріңдер. Хош келіпсің, бауырым!Терезеңді қағамын,Сені іздеп табамын.Иса арқылы ашылам,Көкте қарсы аламын.Көктен нұр боп шашылам,Саған қарай асығам.Кеудеңізге жарқ етіп,Түнегіңді қашырам.

Хош келіпсің, бауырым,Аман-есен ауылың.Қорқыт бабаң таппағанӨмір жолы – қауымың.Ізгі хабар таратып,Бір пайдама жарағын.Көбейте бер бауырды,Міне, саған барамын.

Тазалап қой жолымды,Оңым менен солымды.Шайтанды алам кеудеңнен,Ұнатамын момынды.Қошақаным келе ғой,Отарыма ене ғой.Бағбан тұр ғой аспанда,Мәңгілікке сене ғой. Алыс тұрам Мен деген,Қиын болар сенбеген.Сағындырам Мен сені,

Табар бірақ іздеген.Адам ата ұрпағы,Ауылыңа қайтарам.Тек күнәдан тазарсаң,Ашам бақты қайтадан.

Едем саған ашылар,Іздеген жан асығар.Иемізді көрген соң,Сағынышың басылар.

Жақыптай мені өзгертшіЖақыптай боп жағаластым Тәңірмен,Жан-дүнием тұнып тұрған ескілік.Жүріппін мен бұл өмірде бос күліп,Содан болар қала бердім ескіріп.

Есік қақтың, адасып мен жүргенде,Жүрегімді жаңа арнаға бастадың.Енді білдім, енді сездім Тәңірдің,Өмірдегі ең маңызды мақсатын.

Голгофада ағашқа айқыш шегелеп,Жақыбыңды сол жерде қалдырдың.Киелі Рух мәңгілікке жол сілтеп,Өмірімді басқа арнаға салдырдың.

Содан болар кетті бойым жеңілдеп,Белгісіз жүк арқамдағы түскендей.Күтіп жүрген ағаштағы жемісім,Уақыты жетіп уылжып бір піскендей.

Жетелеші, мені енді жаңа жол,Тайып кетпей тура басып жүрейін.Өмірдегі ең маңызды мақсат сол,О, Тәңірім осыны нақ білейін.Жүрсем ылғи айқышымды арқалап,Жүректегі шерім сонда тарқамақ.Өмірдегі мән-мағына сол дағы,Киелі Рух жүрегімде болғаны.

54 55

ҚауымдаЖадырап жаның қаласың,Қауымға келіп кеткенде.Жаныма шипа табамын,Құдайдың сөзін есіткенде.Есім бір кетіп, көңілім елтіп,Қуаныш кернеп жүректі.Самалдай есіп, көкейді тесіп,Бересің әркез тілекті.

Дұғаны оқып, көңілге тоқып,Бауырластардың сөздерін.Өмірдің мәнін, түсініп әнін,Қаласың сол сәт өзгеріп.Киелі Рух жаныңда тұрып,Бірге болар қайтқанда.Қоштасу қиын, көңілге түйіп,Сол бір әндерді айтқанда.

Мәңгілік өмір табалдырығын,Қауымда мен де аттадым.Тілеймін оған, тілеймін саған,Бәрің де бірдей аттағын.Тәубеге кел, бауырымӨмірдің танып сырларын,Шаттана мен де жырладым.Қуаныш тауып Құдайдан,Сөзімен жаным нұрланды.

Ата-анам естіп сөздерін,Мәнісін оның ұғынды.Ақ бата сұрап Өзіңнен,Алдыңа келіп жығылды.Таудағы уағыздарыңмен,Бақыттың сырын ашқансың.Пейіштің кілтін тегін ап,Тастасын халқым басқасын.

Мына жалған өмірге,Уақытша келген қонақпыз.

Шайтанға беріп ерікті,Өзімізді сонша тонаппыз.Кемеліңе сен де келерсің,Құдайға берсең қолыңды.Тілеймін саған ақ тілек,Оңғарсын Иса жолыңды.

Бұл өмірдің бар байлығы,О дүниеге мүлде жарамас.Жүрекке қарар Иса Ием,Байлығыңа сенің қарамас.Өмір сүру үлгісін бізге,Ол Өзі келіп көрсетті.Айқышқа керіп денесін,Біз үшін азап көп шекті.

Аспанға кеткен Иса Ием,Нұрын бүгін төгіп тұр.Ұялат Оны өз жүрегіңе,Рақымын Ол беріп тұр.Өмір кілті тек Исада,Сене берме білекке.Тәубеге кел, бауырым, Тыныштық ал жүрекке.

Күнәм менің кешірілген Мәсіхшімін күнәм менің кешірілген,Күнәні арқалап ем бесігімнен.Хауа ана қандай күйге душар еттің,Хал жаман, жұмақ маған есік ілген.

Еңсемді бір ауыр жүк басып тұр-ау,Өмірім шешімі жоқ өңшең сұрау.Құлазып жүрегімде тыныштық жоқ,Берекем өз-өзінен қашып тұр-ау.Ес кетіп айдалада сенделемін,Сәт сайын жамандыққа кез келемін.Қыр соңымнан қалмаған қалың сорым,Күнәсі ауыр мен де бір пендең едім.

56 57

Хауа ана қалай ғана сөзге келдің?Азғыру ғой шайтанның да көздегені.Нәпсінің құлы болып кете бардың,Сорына адамзаттың жете бардың.

О, адамдар бұл дүниеге Мәсіх келді.Жер Әлемге Ол нұрын шашып келді.Түнерген түнектерді қуып шығып,Пейішке қайтар жолды ашып берді.

Әуреге әбден Оны салғаным-ай,Айқышқа Ол мен үшін барғаны-ай.Мен үшін киелі қанын шашқанында,Орындалды деді Иса арманым-ай.

Мен Оны қабыл алған мәсіхшімін,Айтатын өзім жайлы ашық шынын.Кернейді жүрегімді Киелі Рух,Бермейді бір сәт маза, кетіп тыным.

Мен бүгін көктен туған жаңа адаммын,Иса сөзін уағыздайтын бір балаңмын.Айқышты арқалап ап өз мойныма,Кез келген жеріңе мен бара аламын.

Табиғатты жаратып Табиғатты бар әлемді жаратыпАң мен құсты жер бетіне таратып.Өзіменен қатынаста жүрсін деп,Саздан илеп жасапты адам баласын.

Кенелсін деп Киелі Рух сөзімен,Мәңгі бірге болсыншы деп Өзімен.Демін үрлеп жан беріпті адамға,Құдай Ием Өз баласы болсын деп.

Әттең, өмір болар еді шұрайлы,Барлық адам білер еді Құдайды.Әзәзілді тыңдап адам алданып,Күнә жасап пейіш бақтан құлайды.

Сол жемістің дәмін татып келеміз,Өзімізді азғырылуға береміз.Әзәзілдей жауыз болып өмірде,Танымастан Құдайымызды өлеміз.

Барша адамның болған Хауа анасы,Барлық халық Адам ата баласы.Бәрімізді жаратқан сол бір Құдай,Бөлінбеңдер, адамзаттың баласы.

Күнәң үшін Иса аспаннан келіпті,Құрбандыққа Өз денесін беріпті.Адамзатты сүйгендігі соншалық,Айқыш ағаш азабына көніпті.

Міне, солай шайтанды да жеңіпті,Қолымызға ерікті алып беріпті.Екі жол бар – тозақ және пейіш ол,Әр адамның таңдауға өзі ерікті.

Қарғыс алған күнәһарлар құлайды,Мәңгілік ол тозақ отта жылайды.Тәубеге кел, болғың келсе пейіште,Тауып алып осы өмірде Құдайды.

Бұл өмірде күнәһардың бірі мен,Басқалардай өлі өмір сүріп ем.Шақырғанда Иса Мәсіх тәубеге,Бір-ақ сәтте өлі өмірден тірілгем.

Тыныштықтың тұрағы Өмір сүру қиын емес, білсең егер Құдайды,Тек Құдаймен болар өмір мәңгілікте шұрайлы.Оны білмеу күнә екенін түсініңдер адамдар,Құдай Ием адамдардан соны ғана сұрайды.

Оны білмей батып жүрміз батпағына күнәнің,Ойлан бауыр, жүрегіңді ар алдында сынағын.Құдайменен бірге болсақ, жанымызда тыныштық,Болмаса егер тыныштықты бір Құдайдан сұрағын.

58 59

Тыныштық пен мәңгі өмірді адам үшін жаратқан,Назарымызды шайтан түртіп, өз жағына қаратқан.Билік беріп, әзәзілге білмей жүрміз Құдайды,Тәубеге кел, кешірім ал, Ием соны сұрайды.

Шайтан күнә патшасы ол, тозақ оның мекені,Жетегінде болсаң егер бірге алып кетеді.Екі жолдың айырмасын түсіне біл, ағайын,Иеміздің жұмағында мәңгі өмірде болайық.

Батпағынан тазалайды еңсемізді езілген,Арылтады ойымызды пендешілік сезімнен.Сенсіз қалай құтыла алам күнәһарлық кезімнен,Создың маған Өз қолыңды құтқаруға тезінен.

Өмір сүру қиын болған таптым бірақ кезеңін,Тапқанымды жан-дүниеммен қуанышта сеземін.Сағым болып айдынынан ұшып кеткен шағала,Қайтып тапты өз айдынынын, өз ортасын, өзенін.

Таза жүрек, таза ойлар бойымызда тасыған,Әрбір сәтте, әрбір кезде мәңгілікке асығам.Мағынасы мына өмірдің мәнсіз енді мен үшін,Өзіңменен жаңа өмірді бастап кеттім басынан.

Әттең Ием, Өзіңді ерте, Өзіңді ерте білмедім,Сен де солай өкініште, арманда боп жүрмегін.Дұрысы сол, осы өмірде Құдайыңды білгенің,Терең ойлан ағыт, кәне, жүрегіңнің ілгегін.

Сонда аласың еншімізге мәңгі өмірді тасыған,Арыласың пендешілік сезімінен жасыған.Жаңа арнамен ағар сонда өміріңнің өзені,Қайта соғар жаңа арнамен жүрегіңнің өзегі.

Әлде бауыр, қимайсың ба, осы өмірдің құмарын,Кеш қалмастан ойлан, кәне, жүрегіңді сынағын.Мәңгі өмірлік тыныштықтың іздер болсаң тұрағын,Тәубеге кел, Құдайыңнан жалбарынып сұрағын.

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАТәубеге кел Үйің бе сенің іздеген,Қауым ғой, кел бізбенен.Сұхбаттасып қайтарсың,Рухани әндер айтарсың.

Тәубеге келгін қашпағын,Тар жол деп, қорқып саспағын.Сенімің болса болғаны,Көктегі Әкең қорғаның.

Құдайдың Өзі жолдаған,Киелі Сөзін тыңдарсың.Ашылып көзің, құлағың,Құдайға алғыс айтарсың.

Рухани нан жеп, күш жиып,Әлденіп, сергіп, тоярсың.Ойланып жүрген көкейде,Сұрағың болса қоярсың.

Осы бір жалған дүниеден,Нені іздейсің адамдар?Жаутаңдап артқа қарама,Дүние опа бола ма?

Күнәға сені қимаған,Мәңгілік өмір сыйлаған,Иса деген панаң бар,Тәубеге кел, адамдар.

Шомылдыру рәсіміне Көз тігіп, достым, қарашы, жап-жасыл көлдің жағасы,Тыныштық бәрін жайлаған, адамдардың арасы.Көгершіндер ұшады, көл жағалап, биіктей,Бу шығады болымсыз, сағым ойнап киіктей.

Самалы әлсіз еседі, еркелеп жүрген баладай,Көгілдір аспан астында бұлттар көшті жағалай.

60 61

Құдіретті Құдайдың бәріне жетер шамасы,Табиғатпен көрсеткен, ғажабын Оның қарашы.

Ал, халық неге жиналған, мейрам ба, мына арада,Ақ шағаладай тізіліп, кімдер тұр мына жағада?Ұлттары бөлек, тіл бөлек, киінген бірдей бірақ та,Көздерін тікті оларға, бар адам тұрған жырақта.

Олар шомылдыру рәсімінен өтіп, тазаруға келгендер,Құдіретті Құдайдың Сөзіне сеніп, ергендер.Жүрегі бір, сенімі бір, рухы да бір адамдар,Бір дене оның тұрағы, мүшесі болып енгендер.

Жүрегі тұнып шаттыққа, қуаныш билеп бойларын,Бақытты жүзбен қарайды, орындап Әке ойларын.Тәубеге келіп, шомылып, тазарып шыққан өздерін,Баласы болып санайды, сүйетін Әке Сөздерін.

Тар жолға түстің тарықпа, шыдамдылар жетеді,Төзім беріп жетелер Киелі Әке жетегі.Адастырмай апарар, көпірмен Иса Тәңірім,Көктегі Әке пейіші – мәңгілік өмір үйіне.

Құдай Әке бақшасыЖүр едім осы дүниеде,Өзімше өмір кешіп.Кей кезде көңілсіз боп,Кей кезде желдей есіп.Ойланып, ойға батқан,Тұңғиық кей кездерім.Бақытты тапқандай боп,Шаттанып ой кезгенмін.

Адасып жүрген кезде,Құдайым жол сілтеді.Қауыммен қауыштырды,Шындықпен табыстырды.Қазіргі кездерімеЕш нәрсе теңеу емес.Қазіргі бақытымаЕшнәрсе керек емес.

Келіп-кетіп жай жүргендей,Көрінер сол шақтарым.Әрқайсының қылықтарын,Жүрегімде жаттадым.Асығам мен қауымыма,Уақыт жылжып өткенше.Құдай қосқан сенімі бір, Бауырларға жеткенше.

Бақыттымын, баймын енді,Жанұямыз үлкенбіз,Бір қауымның мүшесіміз,Бір денеге енгенбіз.Қауым менсіз өмір сүрер,Менсіз атар таңдары,Менсіз өтер күндері,Менсіз толар отары.

Қауымсыз мен қандаймын,Адасқан бір жандаймын.Алдымдағы түнектен де,Қауымымды таңдаймын.Тіл жетпейді жеткізуге,Жүрегім өзі сарнайды.Өмірдегі ең бақытты кездерім,Құдай Әке бақшасы – Қауымдағы кездерімдей болмайды.

Көп соқпақтың аяғы... Жалған дүние жалпақ басып өзіңде,Әзәзіл жүр, билік құрып кезуде.Адамдарды байлап-матап тастаған,Өзіндегі айлаларға төзуге.

Адамдарды түсірді де, өзі құрған торына,Салып қойды әр соқпақтың соңына.Байлық, билік, алдау, арбау – бәрі бар,Өзі құрған жоспары мен жолында.

62 63

Кей адамның атақ-даңқ, байлығы бар,Кей адамның шытырлаған айлығы бар.Кей адамдар ішер ас жоқ, арып-ашыған. Кей адамдар мұқтаждықтан қажыған.

Кей адамдар дүние жинап ізденеді,Кей адамның той-думан ғой іздегені.Кей адамның ішіп-жеумен өмірі өтіп,Кей адамдар тояттаған жүзге енеді.

Кей адамдар өмір сүрер шаттанып,Шет елдерге сапарларға аттанып.Кей адам жүр жоқшылықтан тарыққан,Кей адам жүр бұл өмірден жалыққан.

Кей адамдар арқалайды ауыр жүкті бір өзі,Кей адамдар аурудан құлардай боп тұр өзі.Құлап кетсе кім сүйері белгісіз,Тұра алуы екіталай, қиын болды енді өзі.

Кей адам жүр ұрлықпенен, алдауменен күні өтіп,Кей адам жүр жаман оймен өз өмірін жүдетіп.Кей адамдар жезөкшелік кәсіппенен алданып,Кей адам жүр басқа адамның несібесін күзетіп.

Кей адам жүр шындық іздеп, шыңғырып,Кей адам жүр үлкен істер тындырып.Кей адам жүр бақсы-балгер, емші боп,Кей адам жүр көз жасына тұншығып.

Шатасқан жіп тарқалмайтын өмірі,Жүрегінде тыныштық жоқ, шеру тартқан көңілі,Құдайсызды алдап, арбаумен,Өміріне билік жүргізер әзәзілдің әмірі.

Әзәзілдің кең жолы – көп соқпақ деп аталар,Көп соқпақтың аяғы тозаққа сені апарар.Құдай салған жалғыз жол жетелесе егерде,Осы шындық сүрлеуі – жұмақ деп ол аталар.

Сергектігімді қалайсың Ерте тұрып көз тіктім сыртқа, далаға,Бұл құбылысқа таңданбауға бола ма.Кеше ғана қыз көктем еді сызылған,Қыр көрсетіп, ауаның райы бұзылған.

Күтпеген жерден қайта қыс келіп қалғандай,Алаңсыз жұртты бір әлекке салғандай.Қаһарлы аяз, нәзік көктемді аяусыз,Желкелеп келіп желкеден ұстап алғандай.

Кірпік қақпай ұзақ тұрдым ойға беріліп,Аяздан бойым тұрғандай сол сәт жерініп.Жәй ғана осы құбылыс көңіл күйімді,Бұзғандай болды сан ойлар кетті өріліп.

Өрілген сол ой сілкінтті мені сергітті,Босаңсып тұрған тарттым мықтап белдікті.Алаңсыз сәтте кеп қалса Тәңір осылай,Дайын тұрып көрсетсем шіркін ерлікті.

Есіме салдың беймезгіл келер кезіңді,Қалғымасын деп ширатып жатсың өзімді.Даналығыңа қалайша басты имеске,Табиғат арқылы жеткізіп тұрсың сөзіңді.

Жұмақ пен тозақ Жұмақ пен тозақ жер менен көктей ортасы,Дәмі де бөлек қосылмайды сорпасы.Терең мән жатыр мәңгілік деген сөзінде,Таңдау еркі әр адамның өзінде.

Тозақ, жұмақ – мәңгіліктің екі қақпасы,Мәңгі тозақтың отынан бізді сақтасын.Тозақ отында жанымыз жанып жатпасын,Соңғы сотынан Тәңірім Өзі ақтасын.

64 65

Сол үшін қазір жүрмейік босқа алданып,Құрдымға батып кетпейтін жолды таңдалық.Ол жерге қалай жету керек екенін,Ізденейік Құтқарушыдан қармалық.

Күнә жасап баттық қанша батпаққа,Жатырмыз оны құрбандық шалып ақтап та.Әр күнә үшін құрбандығымыз жетер ме,Қаны малдың күнәларымызды өтер ме.

Адамды жаратқанда Тәңірде болды жалғыз ой,Сол ойын Оның адамзат дұрыс білсе ғой.Құдайды тыңдап Өзі жаратқан пендесі,Ол дайындаған мәңгі жұмаққа кірсе ғой.

Қанша құрбандық шалсақ та күнә кетпеді,Күнә істемеуге күшіміз де жетпеді.Осы шырмауға шырмалғанымызды көріпті,Нағыз таза құрбандығын беріпті.

Адамзаттың күнәсін мойнына алып,Құтқарушы Иса болып келіпті.Алдымызда тосады бізді екі жол,Әр адамның шешуге өзі ерікті.

Қабылдасаң көктен қайта туыласың,Киелі таза қанымен Оның жуыласың.Досым, сен үшін күнәнің құны өтелді,Күнәңді сенің айқышта Иса көтерді.

Көз – дененің шамы Ішкі дүнием, сен қандайсың,Көз деген дене айнасы.Сен қандай болсаң,Көз соны көрер,Жоқ басқа амал, айласы.

Ішкі дүнием, сен таза болып, Қуана білші балаша,Көзім де сонда,

Мейірін төгіп,Күлімдеп тұрар тамаша.

Ішкі дүнием, кешірімді бол,Қиналасың қашанғы.Кешіре алмау,Жатса егер сенде,Көзді де түнек басады.

Ішкі дүнием, кең пейіл болсаң,Несібең өзі келеді.Қол ұшын берер,Жанашыр болсаң,Көз де жақсыны көреді.

Жан дүнием таза болсын,Иса да соны қалайды.Таза жүрекпен,Адал көңілмен,Қуантайын талайды.

Күлизат мҰХТАРоВАТіршіліктің көрдім талай азабын Бұл өмірімде тіршіліктің көрдім талай мазағын,Қайғының да бастан кештім, улы дәмін азабын.Енді менің жүрегіме тыныштық бердің Құдайым,Көрермін уақты жеткенде мәңгі өмірдің ғажабын.

Тәңір Ием, жалғыз Өзің нәр алатын бұлағым,Жағаңда жасыл жайқалған болайын мен құрағың.Ұл-қызымды, бәрімізді әкелдің Өз жолыңа,Көкейде жүрген бар ойдың шештің сұрағын.

Жардан құлап кетуден сақтап қалдың біздерді,Тазартып Өз қолыңмен өшірдің ескі іздерді.Қайырымды, мейірімді жаңа жүрек сыйладың,Жанашырым пендеңді тозақ отқа қимадың.

Құрбандыққа бердім бәрін Өз жолыңа арнаймын,

66 67

Мәңгілікке қабылдашы басқа жолға бармаймын.Қысқа өмірлік бұл дүниенің қызығына алданбай,Қомдап алып қанатымды Өзіңе қарай самғайын.

Өзің бердің, Өзің алдың Құдіретті Құдайым Сен үшін мен кім едім,Жүрер жолды таба алмай адасумен жүр едім.Бауыр етім баламнан айырылып түңілдім,Көз жасымды көлдетіп, бордай болып үгілдім.

Уақыт емші жылдар өтсе ұмытам деп ойладым,Бас иемнен айрылдым, оны да ажал қоймадың.Көз алдымда төңкеріліп кеткендей болды дүние,Қасіреттің қазанында күйіп-жанып қайнадым.

Үш бірдей ұлды бердім терең жер қойнына,Жарымды алдың тағдыр, бұл сенің ойының ба?Зар еңіреп жүргенде Жаратушым таңдадың,Тәубе деймін Өзіңдікі бергенің мен алғаның.

Өкінбеймін өмірде көп азап шеккеніме,Қуанамын аман-сау осы күнге жеткеніме.Алғыс айтам Өзіңе жанашыр Жаратушым,Қиындықта жетелеп, құлатпай алып өткеніңе.

Шындығыңа, ақ жолыңа, жұмағыңа бастадың,Жолымдағы кедергінің бәрін алып тастадың.Мен үшін бердің аямай құрбандыққа ұлыңды,Сол арқылы құтқардың күнәкар мендей құлыңды.

Ата-ананың баласына тілегі Өсіреміз жамандық көрмесін деп,Бұзық боп, азғыруға ермесін деп.Құдай Өзі әкелсінші тар жолына,Тілеймін қаһарына қалмасын деп.

Қай ата-ана жек көреді баласын,Артына тастап аңыратпасын анасын.Бар баланың әрқайсының орны бар,Біреу кетсе орнына кімді табасың.

Басқа іс түссе не шара бар көнесің,Бұл өмірде бәрін дағы көресің.Балаң кетіп артында қалсаң аңырап,Бұл қасіретке Құдайсыз қалай төзесің.

Жас ұрпақтар, аналық айтар тілегім,Ата-анаң үлкен қамқоршың әрі тірегің.Бала үшін шырылдайды торғайдай,Жараламаңдар ананың нәзік жүрегін.

Тәңірге асығамын О, Тәңірім, Өзіңе мен асығамын,Қалай ғана күнәмді жасырамын.Жүректегі шер-мұңымды ақтардым,Сен арқылы тазаландым, ақталдым.

Алғыс Саған, атақ Саған, даңқ Саған!Сен екенсің арманым асыл аңсаған.Иса, Сені шын жүректен сүйемін, Құтқарушым деп Өзіңе бас иемін.

Бақытымды тапқандаймын өмірден,Бұдан былай қорықпаймын өлімнен.Қасымдасың, жетелейсің қуанам,Азғырылудан сақташы деп сұранам.

Киелі Рух, Саған да алғыс айтамын,Жүректегі өзгерісті байқадым.Әке, Бала, Киелі Рух үшбірлік,Үшбірлікті бір Құдай деп айтамын.

68 69

мәрзия БөлЕгЕНоВА Тағдырым Өзіңнің қолыңдаШындықты іздеп таппадым, Гүлдей ем солған бақтағы.«Жан Ием» мені тірілттің,Арайлап атты ақ таңым.Нәр беріп мені жылыттың,Шырағын жақтың үміттің.Қуаныш жас боп төгіліп,Жан Ием, мені шын ұқтың.

Түңлігін ашып жанымның,Шындық туы боп тігілдің.Кеудеме нұр боп төгілдің,Сырыңды ұқтым Тәңірім.Таба алмай ақиқат жолдарын,Дүниені түгел шарладым.Қол создың, кенет, жан Ием,Қол жетпес биік арманым.

Тау-тасты кезсем де таппағам,Қуаныш нұрыңа шаттанам.Сыйладың мәңгілік жаңа өмір,Өзіңдей жоқ ешкім ақтаған.Мен үшін айқышқа керілдің,Ып-ыстық қан болып төгілдің.Күнәмнан тазалап құтқарып,Сыйладың құдіретін сенімнің.

Арналсын Өзіңе жырларым,Қабыл ал жан Ием – Қорғаным.Сүйемін кіршіксіз көңілмен,Ашайын жүректің «томдарын».Сүйем деп айта алам жүрекпен,Құтқардың қараңғы түнектен.Өмірімнің шырағысың жағулы,Сенсің Ием, жүрегіме гүл еккен.

Табыт едім, Өз қолыңмен тірілттің,Құшағында жүргем әлсіз үміттің.

Бет-пердесін ашып мынау дүниенің,Өмірімде тұңғыш рет тынықтым.Тағдырым Өзіңнің қолыңда,Жетеле шындықтың жолына.Өзіңмен атады әр таңым,Жан Ием, құрбанмын жолыңда!

Иса – мәңгі рухани азығың Бір қауымның ұлы менен қызымыз,Әр уақытта жазылмасын жұбымыз.Иса ашқан Киелі үйдің төріне,Қуаныштың нұрын шашып кіріңіз!

Ақыл менен даналығын сыйлаған,Біздер үшін өліп, жанын қинаған.Ұлы Ұстаздың қасиетті Рухын,Оған сенген жүрек қана сыйға алар!

Иса – біздің өміріміз, нәріміз,Ол – мәңгілік жырлайтұғын әніміз.Иса – жарық ортамызға нұр шашқан,Жүректі ашып, Оған орын табыңыз!

Иса ашты ақиқаттың есігін,Жүрегіңде сақта мәңгі есімін.Иса – Өмір, Иса – Шындық, тура Жол,Иса берер күнәң үшін кешірім.

Иса – мәңгі рухани азығың,Киелі Рух – қасиетті нәзік үн.Жүрегіңде сүйіп, есте сақтай біл,Иса – мәңгі таусылмайтын тағылым.

Туған елім, Қазақстан төрінен,Иса бізге Жарық, Нұр боп көрінген.Бауырларым тура жолда тартынбай,Құшағына ұлы Исаның еніңдер!

Ақ батамен жарылқасын Иеміз,Қорғап мәңгі Рухымен Киелі.

70 71

Иса – жеңіс, жемісіміз біз Оның,Құтқарушы – қамқорымыз сүйеніш.

Жүрегіммен мадақтаймын ТәңірдіЖер мен көкті жаратушы тек Өзіңсің Тәңірім,Жүрегіммен, болмысыммен мен Өзіңді таныдым.Құдіретті Рухыңменен жетелейсің Сен мені,Тереңірек ұғынуға берші маған тағылым.

Жан-дүниемді босаттың ғой, ерік берді көз жасым,Көктегі Ием – жұбанышым, жанымды ұғар сырласым.Тағзым етем мен Өзіңе, жүрегімнің кілті – Сен.Сиынамын Сен арқылы, Сен қатысты болған соң.

Тәңірім Сен, сиынамын Сенің еркің болсыншы,Сүйіспеншілік Рухың жүрегіме толсыншы.Сусындайын сөздеріңмен, күш-қуат бер жаныма,Жат қылықтар, жамандықтар табаныңда жаншылсын!

Сүйіспеншілігің жадыратар көңілімді, сенемін,Жараланған жүрегімнің тауып бердің Сен емін,Қасиетті сөздеріңмен құдіретіңді таныттың,Өзіңді, Иса, өмірімнің Иесі деп білемін.

Киелі атың қастерленсін, тарасыншы әлемге,Мадақтайық есіміңді, қосайықшы Сені әнге.Арқа сүйер Көктегі Әкем – панамызсың мәңгілік,Қасиетті Құрбандығың тек біз үшін төленген.

Аспандағы Тәңір Ием жерге Адам боп келдің Сен,Мәриам қыздың құрсағына «Сөз» арқылы ендің Сен.Тіршіліктің дәнін ектің адамзатқа адасқан,Күнәлардан азат етіп, құтқарылу бердің Сен.

Асқақ үнді Тәңір Ием – Сен әлемнің Нұрысың,Сен арқылы көзімді аштым, ашылды кең тынысым.Жан-тәніммен қуанамын, жолын аштың шындықтың,Сенсің менің сусын нәрім, Сенсің өмір, ырысым!Бастауы Сен өмірімнің құдіретіңді таныттың,

Жүрегімді иелендің, сеніміңді дарыттың.Сүйем Сені Тәңір Ием, сүйем шексіз көңілмен,Тек Сенімен махаббатым, кеудемдегі Жарық Күн!

Тәңір Ием, Жарығымсың жүрегімді жылытқан,Тазаладың бар күнәмнан, бар ұнамсыз қылықтан.Тәй-тәй басқан нәрестедей жетегіңе ерейін,Көз алдымда айқыш ағаш, ағып жатыр жылып қан.

Ұмыта алман сол бір сәтті, қаның ақты жазықсыз,Сол арқылы адамзатқа мәңгілік жол салыпсыз.Қасиетті Сенің қаның – ұлылықтың куәсі,Өсиетіңді Ұлы Ұстазым, қастерлейік танып біз.

Сенімен бірге болсамЕсігіңді қаға алмаған,Сенімді іздеп таба алмаған,Көп қой жерде пенделер,Адасумен олар сенделер.Аласұрып қиналумен,Бір күні отқа шарпылар.Өзіңді Иса сүйетіндер,Сенетіндер емделер!Тізгінімді бердім Саған,Өзің мені жетеле,Шөліркеген жүрегімді,Сусын беріп мәпеле.Қалауымды өмірдегі,Сеніменен шешейін.Сөздеріңде берік тұрып,Рухани өсейін.Қуаныштан жарылардай,Құшағыңа көмілдім.Құтқарушым жыр боп бүгін,Жүрегімнен төгілдің.

72 73

Ізденіс Өмірдің шым-шытырық соқпағында,Бөгеліп, шаршап бір сәт тоқталдың ба?Жүгенсіз бұл дүниенің жетегіне,Ілінсең керегі жоқ ноқтаның да.

Жанымды тілгіледің үнсіз жылап,Тірелер көкейге кеп мың бір сұрақ.Сұм дүние, жетелейсің шыңырауға,Таба алмай жан дүниеме демеу қуат.

Бұл өмір арқалатты ауыр жүгін,Шегі жоқ, шуағы жоқ дауыл күнін.Жан дүнием астан-кестең, сыртым бүтін,Жүрегімді торлады шегі жоқ мұң.

Тағдырдың тәлкегіне ұшырадым,Жат жанға сыр айтуға қысыламын.Қиналып қапас өмір қақпасында,Сүрініп, құлап бір күн ысылармын.

Түршігіп камерада дірілдедім,Айқасқанмен кірпіктер ілінбедің.Қасіретін түсінбей бұл өмірдің,Өз-өзімнен шошынып, түңілгенмін.

Дос-жаранның жайылған құшақтарын,Қоя алмадым еріксіз тұсап бәрін.Аш бөрідей жармасқан тіршілікте,Мен өзімді еріксіз ұсақтадым.

Өзгеріпті байқасам түрім менің,Қандай болмақ келешек күнім менің.Сол бір сәтте бір Жарық терезеден,Нұр шашты да еріксіз күлімдедім!

Таң атты ма, әлде бір түс көрдім бе?Жаратушым, әлде Сен күш бердің бе?Табыстырдың Киелі кітабыңмен,Бұл дүниенің тәрк еткен үстемдігін!

Қасиетті сөздеріңнен қуат алдым,Сезіндім Тәңірімнің жұбатқанын.Жүрегім жамандықтан жиренгендей,Тәңірімнің таңдадым ұнатқанын.

Темекінің қышқылтым түтініндей,Тағат жетпей сораптап бітіруге.Қолға алуға асығам Кітабыңды,Шақыратын Сенім мен бітіміне!

Оқи бердім тынысым ашылғандай,Бұл мен үшін күтпеген тосын жағдай.Әлсіреткен бойдағы дерттің бәрі,Құдіретімен сөзінің басылғандай.

Күндіз-түні Өзіңді дәріптедім,Қалт жібермей әрбір сөз әріптерін.Қуаныштан мөлдіреп қос жанарым,Жазғанда Ием, мүсәпір ғаріптерін.

Өмірімді ертеңге қалдырмайын,Өз қолыммен тозаққа жандырмайын.Құтқарушы өмірімнің Иесі – Сен,Өзіңді Иса жүрекпен қабылдайын.

Өмірімнің шешуші кезеңінде,Жігерленіп Сөзіңмен төземін де.Бар күнәмнан Сен мені азат еттің,Ащы дертін өртеген өзегімнің.

Кешір мені Тәңірім Кешір мені Тәңірім, кешір мендей ұлыңды,Ұмытылды лайсаң, өткен өмір бұрынғы.Тізе бүгіп, бас ием мен Өзіңнің алдыңда,Қасиетті қаныңмен ақтап, мені жуындыр.

Құрбан болдың мен үшін, төктің адал қаныңды,Жазықсыздан айқышқа жапа шегіп таңылдың.Осылайша Тәңірдің ұлылығын көрсеттің,Адамзаттың маңдайына шырақ болып жағылдың!

74 75

Құдіретімен Исаның, Тәңіріммен жарастым,Тәубе еткенде тіліммен, мәңгілікке жол аштың.Ұлылықтың Иесін сонда ғана танып мен,Киелі Рухың дем беріп, еркіңменен санастым.

Өмірімді өзгертіп, шындық жолын таныттың,Семіп қалған жүректі жібітті бір жарық Күн.Ғұмырыма таусылмас жан тыныштық сыйладың,Мендей болсын бар ұлың, көзін аш бар халықтың.

Тәңірімнің еркімен жаңа өмір бастадым,Көкжиекте күн күліп, жарқырап тұр аспаным.Жауапты істің шешімін, сеніп Ием тапсырдың,Ірге тасын бекітіп, құрып бердің жоспарын.

Сүйіспеншілік жүрекпен сенім отын үрледім,Қандай қиын сынақта Жан Иеммен біргемін.Ізгі хабар таратып, бауыр таптым – ізгі дос,Мәңгі ғажап өмірдің бірге аттадық сүрлеуін.

Кентаудағы Киелі үй Таңғажайып өмірдің құпиясы шешілді,Қиянаттың шынжыры біржолата кесілді.Ашып беріп Киелі үй Кентауымның төрінен,Қалың қазақ тоқталсын, естіп асқақ үніңді.

Ізгілікті ісіңе бақташы етіп таңдадың,Үмітіме серік қып, сенімімді жалғадым.Қайырылмадым артыма,Өзіңсің Қорғаным,Кедергіден тайсалмай бұзып өттім жолдағы.

Таңдаған ұл-қыздарың сая тапты бағыңнан,Шырақсың Сен мәңгілік, әр жүректе жағылған.Есіміңді қастерлеп, мадақтаймыз әнменен,Сенің Құдіретіңмен бүршік атсын дарындар.

Әр балаңды Тәңірім, шомылдыршы Нұрыңмен,Ұлы салтанатыңда бірге болшы ұлыңмен.Сабырлық пен сенім бер барлық сынақтарыңда,Сенің ұлылығыңа лайықты ет, ұғым бер.

Өмірімде жарық нұр берген Иса Тәңірім,Мәңгі есімде сақталсын, Сенің берген тәлімің.Сүйем ыстық көңілмен, жан-тәніммен Өзіңді,Әлі есімде қапастан мені оятқан Жарық Үн.

Өмірімді, еркімді бердім Сенің қолыңа,Өсиетің Киелі, нәр аламын толыға.Ақиқатсың, ұлысың, Сенің жолың – мәңгілік,Аспан патшалығында күн болар ма жолығар.

Адасқан бір ұлың едім жырақтағы,Жан Әкем, Өзіңе кеп тұрақтадым.Жылытып жүрегіме жылу бердің,Өзіңсің көп іздеген шуақ таңым.

Сен биік ғарыштасың Мекен-жайың Көктегі ғарыштасың,Абыройың арта берсін шарықтасын.Тәубе етіп алдыңа кеп біз жығылдық,Киелі Рухың төбемізде қалықтасын.

Есігіңді қақтым тағы бізге ашқан,Жүзіңді көргім келіп, нұрды шашқан.Киелі Рух көгершін боп қонған кезде,Жаман рух жалтарып бізден қашқан.

Көктегі Әкеміз! – деп, ардақтаймыз,Әнге қосып атыңды мадақтаймыз.Ізгі хабар, Інжілдей Кітабыңнан,Тәлім алып, әрдайым парақтаймыз.

О, Құдайым жиналысты Өзің басқар,Рухыңмен айтқаныңды бәрі қостар.Сарқырап аққан таудағы өзен болсаң,Болайық арнаңдағы малта тастар.

Қол жайдым, Көктегі Әке бергін бата,Қанатыңмен жаман рухтанӨзің сақта.Айтқаныңыз орындалып той-тойлайық,Жерде біздер, ал Өзіңіз алтын тақта.

76 77

Көшікбай мАҚҰлБЕКоВ

Сәлем бердім Әуелі бердім сәлемді,Таңдандырған әлемді.Күнәміз үшін қан төгіп,Беріп қойған төлемді.

Иса Мәсіхке арнаймын,Рухани жырды, өлеңді.Жұмаққа кірер есік Ол,Көкке апарар жол енді.

Жақсы тілек айтайын,Қарап көктегі Иеге.Мадақтайық Құдайды,Келтіріп сөзді жүйеге.

Көкке байлық жинасаң,Жегізбейсің күйеге.Ұрлатпайсың ұрыға,Ол жерде ұры тие ме.

Жан Ием Жан Иемді жаным деймін, Рухани нанын жеймін.Күнәміздің өтеуі ғой,Айқыштағы қаның деймін.Өлгеніңе сенбестен,Түйрелді ғой тәнің деймін.Үш күннен соң тірілтті ғой,Құдай Өзі жанын деймін.Құдай сөзі қарап тұрсаң,Жанып тұрған жалын деймін.Бір Құдайдың ұл-қызымыз,Осы отырған бәрің деймін.Киелі Рух айт деген соң,Соны сізге мәлімдеймін.

Алғаш ретАлғаш рет қазақтың,Інжіл мектебі ашылды.Иса жайлы ғажап тым,Кереметтер айтылды.Қасиетті Інжілден,Айтып тұрмын нақылды.Адамзаттан көрмедім,Иса сынды ақылды.

Тірідей қақты айқышқа,Аямай оны қинады.Қаныпезер қарақшыға,Бостандығын сыйлады.Орнына Оның босатты,Бараббадай масылды.Үш сағаттай түнек боп,Күн де көзін жасырды.

Иса Мәсіх біздерге,Беріп жатыр жолдама.Бір Исадан басқаны,Тәңірім деп, қолдама.Көктегі Әке билігі,Демеңіз тек Сонда ма?Иса берсе дарынын,Іске асыр қолдана.

Жүрегіңе орнықтыр,Сол дарынның сарынын.Құдай – Сөзі тірі Нан,Ашпайды еш қарының.Қабылдаңдар Исаның,Бойындағы жалынын.Бағушысы болыңдар,Қой-қозысы, бәрінің.

78 79

Құдай Сөзі Құдайдың әрбір Сөзі бір ән болыпКөмейден туындайды жыр, ән болып.Жазылады жүрекпенен шын ән болып,Тарайды жер бетіне мың ән болып,Дәуітше өлең шіркін мұрам болып.

Сөз боп еніп, Мәриам қыздың құрсағына,Сәби боп осы өмірде туылыпты.Шындық үшін айқышқа қуылыпты,Күнәһар Адам-Ата ұрпағының,Жүрегі Киелі қанмен жуылыпты.

Бақташы Иса жақсы Бақташы,Сен де Оны жақташы,Жаратушы Иемді,Жүрегіңде сақташы.

Диқан тұқым шашқанда,Құнарлы жерге түскен дән.Бақташы қозы баққандай,Ерекше қарап күткен жан.

Астарлы сөзбен айтқанда,Рухани піскен Нанымыз.Қараңғыны жарық қып,Түнекте атқан таңымыз.

Иса біздің Иеміз,Өзіңді шын сүйеміз.Рухыңа Киелі,Басымызды иеміз.

Дүниеге Иса жарықсың Екі мың жылдай ертерек,Адам боп жерге келіпсің,Мойныңа алып күнәмдіМен үшін азап шегіпсің.

Көп күнә жасап мен білмей,Жүргенім саған мәлім-ді.Кітаптан таптым Інжілдей,Арайлап атқан таңымды.

Дүниеге Иса жарықсың,Мәңгілік өмір беретін.Айқышқа барып қағыпсың,Тозақты біздер көретін.

Мейірім шашқан көзіңнен,Құдайдың нұрын сеземін.Киелі Сенің Сөзіңнен,Күш-қуат алып келемін.

Кешігіп қалмай тұрғанда,Кешірімін Оның алуға,Асыққын сен де, бауырым,Жұмақта мәңгі болуға.

Сөзіңде ағат жоқ Бір шындық бар бізге жеткен,Ол шықпайды біздің естен.Күнәсін кешірген адамзаттың,Мәсіхті күтеміз біздер Көктен.

Ардақты Құдайымсың!Өзіңді ұғайын шын.Нәр берер тағдырыма,Таусылмас бұлағымсың.

Өмірім Сеніменен солмайтындай,Мәсіғім мәңгілік қорғайтындай,Киелі Рухың қонған кезде,Өн бойым балқиды қорғасындай.

Сөзіңде ағат жоқ Сенің мүлде,Қызық қой өмірге келуің де.Туыпты Мәриам, тап-таза қыз,Шын әкең Құдай боп өміріңде.

80 81

Ассалаумағалейкум

Ассалаумағалейкум, адамдарым! Сәтті болсын әр басқан қадамдарың.Тәтті болсын әр татқан тағамдарың,Ыстықсың шеттеріңнен маған бәрің.

Ассалаумағалейкум, жастарымыз!Қосылып отыр, міне, бастарымыз,Құдайға санаулы тұр шаштарымыз,Домалап өрге өрлесін тастарымыз.

Исаның әр Сөзінің астарымыз,Аспанда жазулы тұр аттарымыз,Осыған имандылар шаттаныңыз!Исаның асыл сөзін ап қалыңыз.

Әзәзілдің жолынан сақтаныңыз,Тек Құдайдың жолына аттаныңыз.Киелі Рух еркімді Саған бердім,Өмірімді енді Өзіңіз басқарыңыз!Оқысаң кітапты киелі,

Сөз жазылған жүйелі.Тарайды жер бетіне Ізгі хабар,Жемісін береді күзгі сапар.

Роза ӘШіРБЕКҚЫзЫ

Қайран қазақ!Тартқаның азап,Боп келдің мазақ.Құлшылық еттің,От пенен суға,Әзәзіл қуға,Барарың тозақ.

Қайран қазақ!Бетіңді бұршы,Өмірге ғажап!Иса келер уақыт,Қалды ғой аз-ақ.Исаға сенсең, Боласың халқым,Күнәдан азат!

Тілашар Опасыз өмір сүріппін әр кез таңданып,Жүріппін сеніп, әзәзіл ойға алданып.Жүрегімді аштың, Киелі Рухың жар болып,Адасып әбден жүргенімді Өзің аңғарып.

Арнаған жырым алғашқы осы тілашар,Мезгілім жетті Өзіңе, Ием сыр ашар.Талайлар маған жазғырып әлі кінә артар,Кеше гөр Әке, пенделеріңді күнәһар.

Біз үшін қанын қасиетті Ол қиса да,Жылағанның көз жасын құрғатып тыйса да,Болғанбыз неткен көрсоқыр, надан, бейшара,Келіппіз сенбей Құтқарушымыз Мәсіх Исаға.

Жүріппін мәз боп, бір басымды ойлап қарақан,Батыппын түрлі күнәға әбден қарасам.Көзімді аштың жұмыла бастаған кезінде,Ризамын енді, тек саған қызмет етуге жарасам.

ЖаратушымСөзіңді әркез сағынып,Өзіңсіз жаным тарығып,Қалады жүдеп жабығып,Жаратушым.

Күнәдан қалдым арылып,Қасымнан жүрші табылып.Өзіңе өтем табынып,Құтқарушым.

82 83

Мадақта Тәңір Иеңді,Үштіктің бірі Киелі –Киелі Рухты жібердіЖұбатушы.

Ардақта Тәңір Иеңді,Баршамызды Ол сүйеді.Есімі Оның Киелі,Мадақталсын.

Кешіріп жанымды ажалды,Қанымен жуып жазамды,Қардан да ақ боп тазарды.Жаным, Ием.

Сенімен өмір ажарлы,Сенімен өмір базарлы.Жүрегім, жаным жасарды,Тәңір Ием.

Адасқан ұл Ұмытып Тәңір сөзін, жұмақты тастадың,Алдамшы бақыттың ләззатына мастандың. Ұзақ жылдар жырақ кетіп Иеңнен өзің,Өткіздің өміріңді жетегінде басқаның.

Орал жаным, қайт Иеңе сен, кеш те болса,Ұмытпасаң Тәңір сөзін, тек есте болса,Орал жаным, қайт Иеңе, күтуде сені,Оралсаңшы көп күттірмей Иеңді енді.

Оралсаңшы Тәңіріңе, сенің мұның не?Кешірім ал аяғына Оның иіле.Сенгін Оған кешіреді Ол сені бар кезде,Қуанышпен қарсы алады күтіп әр кезде.

Бар әлемді оятатын ұлы қуаныш,Жүрегіңді жұбататын жылы қуаныш.Келсең болды қарсы алады сол күйіңде,Ұмытасың бар қайғыңды Тәңір үйінде.

Қазақ елім-айҚазағым, байтақ елім, қалың елім-ай,Күнәһар болмысыңнан арыл елім-ай.Жуынсаң бар күнәңнан тазартады-ай,Исаның қасиетті қаны елім-ай.

Қалың елім-ай, қалың елім-ай,Шынайы Құдайды сен, таны елім-ай!Қайран елім-ай, қайран елім-ай, Құдаймен өмір сүру пайдалы елім-ай.

Исаны Тәңірім деп, қабыл алсаң-ай,Құтқарушы Ием деп, танып алсаң-ай.Өмірің мағыналы болады екен-ай,Шынайы шын Құдайды таныған соң-ай.

Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай, Құдайсыз өмір сүру азап елім-ай.Қазақ елім-ай, қазақ елім-ай, Исаны қабыл алып, тазар елім-ай!

Жетеле Жетеле Ием, Өзің құрған қауымдарыңды,Қолда Ием, Саған сенген бауырларымды. Өтінемін өзіңнен сұрап соны Тәңірім,Жүректерін дайында бауырлардың бәрінің.

Әділетті өмір сүріп, талпынып, талаптанғанның,Қолдайды Ием орындасаң еркін ұлы Жаратқанның.Жетелесін өздеріңді Киелі Рух бауырлар,Исаменен мәңгі өмірде бір болуға дайындал.

Айтамын бүгін жар салып жалпыңызға,Өзіңді іздеп, таппай жүр халқымыз да.Сондықтан да шаршамастан бауырларым киелі,Жеткізейік өсиетін халқымызға Иенің.

Бауырлар, Иеміздің келуін қарсы алайық,Әлемге Оның атын айтып жар салайық.Келуі жақын қалды сезінейік бауырлар,Сергектікпен Иемізді қарсы алуға дайындал.

84 85

мұхаметали ЫСҚАҚоВІзгі хабарКөңіл бөл Ізгі хабарғаҚұпия сыр бар ғаламда.Тәңірдің рақымшылығы,Тарады бүгін даламда.

Көңіл бөл Ізгі хабарға,Алданба босқа жалғанға.Қалауын үйрен Тәңірдің,Шындық сол Ізгі хабарда.

Көңіл бөл Ізгі хабарға,Бұл жалған, міне, таманда.Қалауын үйрен Тәңірдің,Ак бата келді саған да.

Көңіл бөл Ізгі хабарға,Дайын бол Тәңір алдында.Оқып біл Інжіл Кітабын,Тыныштық болсын саған да.

Сәлім АСАНоВ

Оян, қазақ!Оян бүгін, қазағым,Жетер көрген азабың.Тірі Құдайға кел бүгін,Жетегіне ер бүгін.

Мойындасаң Құдайды,Жылау деген болмайды.Жан тыныштық табасың,Жүрекке қайғы қонбайды.

Мойындасаң Тірі Құдайды,Қорқыныш деген болмайды.Көрмейсің тозақ отын да,Сотталмайсың сотында.

Төлеміңді сенің төледі,Исамен бірге өл енді.

Рухани қайта туылып,Ием деп қабыл ал енді.

Жақында Иса келеді,Серке мен қойды бөледі.Ойланыңдар, халайық,Серке болып қалмайық.

АлданбаҚиналып жалғыз қалғанда,Алданбағын шайтанға.Шайтан билік қылмайды,Исаны қабыл алғанға.

Исаға бер уайымды,Тапсыр Оған қайғыңды.Сеніп Оған тапсырсаң,Кешіреді айыбыңды.

Сен ендеше қорықпа,Қараңғыдан, өлімнен.Жүрсеңде алыс жорықта,Сен үшін қаны төгілген.

Өтірік айтып ұрласаң,Әлсіздерді қорласаң.Ойлап көрші Құдайға,Бұл қылығың ұнай ма?

Қалсаң егер оңаша,Жыламағын балаша.Білсең егер Құдаймен,Өмір сүру тамаша.

Құдай жолы жарық нұр,Адаспайды білгендер.Құдай сөзін анық біл,Жүректе ұста, құрметте.

Ашып кетті Ол бізге,Мәңгі өмірдің есігін.

86 87

Күтеді Ол сенен де,Бере ме деп жемісін.

Өлгенді тірілттіңАдасқанды іздеп тауып,Құтқаруға келдің Сен.Бар күнәні мойныңа алып,Мәңгілік өмір бердің сен.

Тас болып қатқан жүректерді,Жібіттің илеп қамырдай.Мұз болып тонған жүректерді,Еріттің от болып жалындай.

Жұбатып жүрдің жылағанды,Көтеріп қойдың құлағанды.Бас иді саған табиғат та,Долданған теңіз тына қалды.

Тірілттің қайта өлгенді,Соқырдың көзі ашылды.Кереметіңді көргенде,Парызшылар ашынды.

Мәңгі өмірКүнә еріп келеді,Адамзатқа о бастан.Сол ғой оған керегі,Қуанады сұм шайтан.

Әрбір тірі адамға,Жарқанаттай жабысқан.Ажырамай келеді,Ғашықтай жаңа табысқан.

Адам кетті адасып,Күнә кетті жалғасып.Не үшін, қалай, қашан деп,Біздер жүрміз шатасып.

Керек болды сол үшін,Тірі Исаның қол ұшы.Мадақтайық Исаны,Ашып берген жолы үшін.

Көзімізді Иса ашты,Санамызды оятты.Құтқарылу алсын деп,Өзін қанға боятты.

Қаны Оның Киелі,Ол біздерді сүйеді.Оған сенген әркімге,Мәңгі өмір тиеді.

Тозақтан құтылдымЖалған өмір жақпады,Жан тыныштық таппадым.Құрулы тұр шайтанның,Қайда барсам қақпаны.

Шындықты іздеп жүргенде,Таптым Көктегі Әкемді.Мен үшін Ол жанын қиып,Мәңгілік өмір әперді.

Киелі қанымен жуылдым,Рухани қайта туылдым.Күнәдан тартып басымды,Әкеме қарап бұрылдым.

Жаңа өмірді бастадым,Тыйып көздің жастарын.Кешірдім барлық қарызын,Достар менен қастардың.Енді жалғыз емеспін,Болмаймын құлы елестің.Тозақтан енді құтылдым,Осыны дұрыс түсіндім.

88 89

Ж. Ж.

Кешір ӘкеКешір Әке, кешір менің күнәмді,Сен өшірдің жүректегі күмәнді.Жалбарынам кешіре гөр, Әкетай,Сейілтші Өзің жүректегі тұманды.

Жаман жүріс ұрлық пайда бермеді,Сол кездегі достар іздеп келмеді.Туған-туыс – бәрі менен безіп еді, Жападан-жалғыз қалған кезім еді,

Қараңғы бұл дүниеде сандаламын,Жұрт қатарлы ойнап-күліп алданамын.Ертеңгі күн белгісіз, үмітім жоқ,Кім сүйеніш болар деп қарманамын.

Жатырмын бір қараңғы бөлме екен,Санаға сан сұрақтар келді бөтен.Білмеймін өлімін бе, тірімін бе,Ақырында бұл дүниенің қайда кетем.

Жаман қарсы сөздер айттым Құдайға,Ол сөздерім Құдайыма ұнай ма?Тыңдамадым, Оған мойын бұрмадым,Белгісіз мені ертең не күтіп тұрғаны.

Әр күнәма шыдамдылықпен төзгенін,Білмедім мен бар екенін Өзгенің.Бірақ та мен бұл өмірден толықтай,Құдайдан да, адамнан да безгенмін.

Мен ойладым өмірім өз қолымда,Ес білгеннен жүрдім шайтан соңында.Ақыл қосар адам іздеп шабылдым,Ақырында Сен қасымнан табылдың.

ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕЛЕР

НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ

Уа, Құдайым, жүрегімді тазартып,Рухымды берік қылып, жаңарта гөр!

Забур 50:12

Наурыз – Қазан төңкерісіне дейін қолданылып келген қазақ күнтізбесіндегі азаматтық жылдың бірінші айы. Бұл атау бізге ежелгі парсы тілінен келген. Алайда, ол парсыша ай аты емес, айдың бірінші күні ғана. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыз күні күн мен түн теңеседі. Бұл – жазғытұрғы теңесу. Осы кезде басталатын ай, григорян күнтізбесі бойынша, 22 март пен 20 апрель аралығы Наурыз айы деп аталған.

Наурызда бір-бірін кешіруінде үлкен мән бар. Өйткені Інжілде былай делінген: «Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді ».

Наурыз – жаңару. Ол қандай жаңару? Сырт келбетін өзгертіп, жаңа киім кию ме? Жоқ! Жаңару – бұл ішкі дүниенің өзгеруі, кешірім алу.

«Жаратқан Ие мынаны айтады: «Аспан – Менің тағым, ал жер – табан тіренішім секілді. Ал Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар»

Ендеше, жаңа жылда жаңаша өмір сүрейік, ағайын!

90 91

Аяжан мҰҚТАРНаурыз келді!Наурыз келді, ағайын, Жердің төсі иіді.Ұйқысынан ояндыАю, арқар, киігі.Үлкен-кіші кәрі-жас.Кешіруде бір-бірін.Бір Тәңірден тілеудеОңғарсын деп тірлігін.

Наурыз құтты болсын!Төрт түлік сүтті болсын.Асқа толсын қазаның,Жарылқансын қазағым.Еңбегің жемісті болсын,Сапарың жеңісті болсын.Жан-дүниең жаңарсын,Пейілің қардай ағарсын.Бір Құдай жар болсын,Бойыңда ар болсын.Жаңа жыл ұлысты болсын,Еліміз ырысты болсын! Аумин!

Кешірім гүлі Ақ көйлегі қар секілді әдемі, Жол үстінде бір сұлу қыз келеді.Қарапайым, инабатты түрі бар, Бір қолында қызыл раушан гүлі бар.

Қонаққа ма, қайда кетіп барады? Қуанғаннан, беті бал-бұл жанады.Оның әсем бейнесіне тамсанып, Ұшқан құстар өте берді ән салып.

Күн де қызға сүйсініп бір қарады, Бұйра шашын сәулесімен тарады. Ару болса басын төмен иді де, Гүлдерінің жапырағын сүйді кеп.

Кенет әппақ көйлегіне ұл бала, Балшық жақты сұлулығын қызғана.Жойылмастан сол күлкісі баяғы,Қыз тентекке жаны ашып, аяды.

Көрінгендей осы ісі күлкілі,Батпақ қолын тағы қызға сілкіді. Достарына айтпақшы боп мақтанып,Ерлігіне тұрды «жігіт» шаттанып.

Ақшақар қыз жыламады бақырып, Бейтанысқа жауап қатты ақырын.Гүлін оған сыйға тартты жымиып, Тағы көйлек алған да жоқ саттырып.

Ақшақардан жұпар иісті сый алып, Тентек бала қашып кетті ұялып. Осыдан соң бұзықтығын тастады, Өзгерді ол, жаңа өмір бастады.

Саған біреу жағып кетсе күйесін, Өзіңнен де оны артық сүйе біл. Білдір-дағы таза көңіл, ақ ниет,Жауыңа да бір құшақ гүл тарту ет.

Болат ҚЫзЫлБөРіКоВНаурыз Наурыз болып келеді,Иса Иемнің шындығы,Жүрекке нұрын себеді.Көктем боп гүлін егеді,Күнәһар менің өмірім,Жүректе қатқан қыс еді.Нұрды көріп қашады,Орын таппай сасады.

Наурыз келіп шуақты,Қыс патшаны жылатты.Көзінің жасы көл болып,

92 93

Сай-салада су ақты.Қыс патшалық құрған еді,Тіршілікті жоюға.Бұйрық беріп тұрған еді,Бас жендеті аязға.

Наурыз келді, алақай!Даламызға сән беріп.Нұрға бөлеп әлемді,Табиғатқа жан беріп.Қыс патшамыз сасады,Тауға қарай қашады.Наурыз келіп, алақай,Өмір кілтін ашады!

Ал, ендеше, бұл сөздіңАстарына қарайық.Ажал жендеті шайтанның,Қысты шайтанға балайық.Ұғынсақ егер осыны,Сөзді ұзаққа созбайық.Құдайға бер қолыңды,Арып-ашып тозбайық.

Ажал бізге қақпанын,Қадам сайын құрып тұр.Бұл ниетін шайтанның,Құдай Ием біліп тұр.Иса нұрын себелеп,Көзімізді ашады.Санамызды оятып,Шайтанға қаһар шашады.

«Наурыз» келіп бойыңа,Жүрегіңді қағып тұр.Ашып қой жүрек есігін,Күнәдан бойды сауықтыр.Рақымын Құдайдың,Тегіннен-тегін алғайсың.Кешірім алсаң Құдайдан,Пейішке жолды жалғайсың.

Көңілім көктем Көктем бердің көңіліме ҚұдайымКөктен келдің өміріме Құдайым.Алпыс екі тамырымда мұз еріп,Сел боп тасып, ағып жатыр, Құдайым.

Көңілімнен қысты алып тастадың,Өмірімді жаңа арнаға бастадың.Жан тыныштық не екенін білмеппін,Мәңгі өмірдің жолы менің дастаным.

Қыста қарға талай батып құлағам,Жаным мұздап, сыздап талай жылағам.Сен қастерлеп жылу берген жаныма,Талай рет ажал бер деп сұрағам.

Ажал емес, өмір гүлін септің Сен,Мейірлене шуағыңды төктің Сен.Мұздарымды бойымдағы терлетіп,Шуақ болып өңменімнен өттің Сен?

Білем енді барар жерім шұрайлы,Білем енді кім екенін Құдайдың.Өзің менің өмірімді гүл еттің,Айдалада қалып қойған қурайды.

Өзің менің тіренішім құласам,Өзің менің жұбанышым жыласам.Тек Сен ғана кеше аласың күнәмді,Шын өкініп мен кешірім сұрасам.

Ойланыңдар, осы сөздің мәні бар,Бітеу жара жүрегіңде табылар.Тәубеге кел, кешірім ал Құдайдан,Шапағатын әрқайсың да қабыл ал.

Қаһарына Иеміздің қалмағын,Өз өміріңді онда өзің жалмадың.

94 95

Күнәң үшін кешірім ал адамдар,Иеміздің рақымынан құр қалмағын.

Алдарыңда өмір жолы бұралаң,Адамдар-ай, мен сендерден сұранам,Абайламай шайтан құрған апанды,Қаншама адам сол апанға құлаған.

Өміріміз болсын десең шұрайлы,Ұмытпағын бар екенін Құдайдың.Тәубеге кел, тәубеге кел, адамдар,Иеміз де сенен соны сұрайды.

Көз жастарың сонда ғана тоқтайды,Сонда Ием жоқтарыңды жоқтайды.Барлық адам келсе егер Құдайға,Жер бетінде жамандық та тоқтайды.

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВА

Мәңгі көктем...Ау, бауырым, мына келген көктем бе?Күн жарқырап, жерге нұрын төккенде.Қарлар еріп сай-салада су тасқын,Туған жерге құстар да ұшып жеткен бе?

Дихан ба, анау жер жыртуда алаңда,Бүршік жарды талдарың да далада,Ұйқысынан оянды аңдар керіліп,Шықты өріске малдарың да тебініп.

Тіршіліктің бастауындай даламда,Қыз көктем кеп есігімнен қарады.Нұр көктемдей Иса келіп біздерге,Түнек басқан әр жүректі қағады.

Иса Мәсіх жүрекке дән егеді,Өссін дән деп, шуағын мол төгеді.Мәңгі көктем болсын десең жүректе,Исаны сен қабыл алғын, құр кетпе.

Жүрегіңде қыс болмасын ол қиын,Жетелейді түнекке ол, сол қиын.Жүректегі көктем сені мәпелер,Жұмақтағы мәңгі өмірге жетелер.

Көктем келді, халайық! Көктем келді, халайық, көктем келді далаға! Қолға алып қаламды, жыр жазбасқа бола ма?Сұлу әсем табиғат, жан бітті бүгін өзіңе,Күннің көзі күлімдеп, шуақ шашты далама.

Қар, мұз еріп тасқындап, сел жүріп жатыр жағада,Құстар келді ән салып, оралды біздің араға.Шұрқырасып, табысып, мал шықты бүгін өріске,Адамдар шықты алқапқа, дән себуге егіске.

Жүректе де сен, көктем, керемет бір мезгілсің,Қыс болмасын өмірде, бүршік атар кез тұрсын.Исаның Өзі ерітер жүректегі қар, мұзды,Исаның сөзі әкелер көктемдей нәзік сезімді.

Жүректегі көктемді ұрлатып біздер алмайық,Ұрлатып алып, мәңгі мұзда қалмайық.Исаның сөзін қабылдап, ерітейік мұздарды,Жүректегі көктемге сақ болайық, халайық.

Тұрғанбек БЕКБАЕВ

Өмір көктемі Көктемі келді өмірдің өткен оралып,Өзімен бірге шуағын көктен мол алып.Лаулады қайта әлсіреп сөнген үмітімӨмірге мәңгі жеткізер жарық жол салып.

Өзгеше өмір Жаратқан маған сыйлады,Өзгеше бәрін өзгертіп ерек сән беріп.Күнәнің түгел қапасы түнек қирады,Қатігез көңіл, жүректе қатқан мұз еріп.

96 97

Қуандым сонда құшағына еніп Әкенің,Көңілім толқып сағыныш мауқын баса алмай.Жасарды жаным жалғыздық келіп қинаған,Төменде қалды асулар жүрген аса алмай.

Түлетіп бәрін, түрлентіп басқа өң беріп,Тірліктің бойдан кетіріп суық ызғарын.Көктемім келді, көңілім бейне бәйшешек,Шуақпен ыстық ерітіп қатқан мұз-қарын.

Уайым кетті сұр аспан төнген сүреңсіз,Ашылды көңіл шипа боп Әке сөздері.Келгендей бейне қимас бір шағы өмірдің,Оралып қайта балалық шақтың кездері.

Бақыттың құсы кеудеме қайта оралды,Жанымда бірге мекендеп мәңгі қалуға.Құдіретті нәрі қуат боп бойға таралды,Өмірім көктеп, жанданып бүршік тарауда.

Қондырып Исам бақыттың құсын кеудеме,Бәрін де берді керегін жанға Ол тегін.Байлығым көкте, қазынам тозбас мәңгілік,Осындай, достар, ерекше жақсы халдемін.

Көктем келді Көктем келді жандантып ерек сай менен бүкіл саланы,Оятып ұзақ ұйқыда жатқан сергітті алып даланы.Қаһары кетіп қақаған қыстың ызғарлы,Ерітті сел қып жылуы күннің мұз қарды.

Кеберсіп қалған былтырғы ескі түбірден,Шығыпты өскін бой алып ерек көгеріп.Көктемнің шуақ лебін сезіп, бусана,Жарыпты бүршік ағаштар еңсесін тік көтеріп.

Жанданып тоғай, алуан құстың үніне толып сайраған,Көгалда түлеп, көгеріп бәрі кілемдей түсті жайнаған.

Аязда тоңып жәндіктер жүрген ықтасын іздеп бүрісіп,Жылынып бойы кетіпті бәрі жұмылып іске кірісіп.

Келеді көктем жыл сайын бізге ақыры жазға ұласып,Бұл екі маусым тұрғандай бізге ерекше айқын сыр ашып.Шаруадан босап, шуағына мол шомылып көктем күнінің,Ұмытып қыстың ызғарын суық алыстап кеткен қыр асып.

Біздегі өмір жайдары жайсаң көктемі жанның достарым,Өмірің мынау қайтара келген өткенің сенің жас шағың.Аспаның ашық, алдыңда Әке беретін тозбас қазына,Көктемің дағы ұласпақ мәңгі өмірдің жарқын жазына.

98 99

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Тәңірді қастерлейтін әйел лайық мадаққаҚұдай әрбір адам баласына жердегі тәни аналарын құрметтеуді үйретіп, былай дейді: «Балалар, ата-ананы сыйлаңдар, сонда бақытты болып, ұзақ өмір сүресіңдер!»

Киелі Жазбадағы әйелдер жайлы айтсақ, олардан алар сабақ та көп. Мәселен, Хауа ана арқылы дүниеге күнә кірді. Сара Ыбырайымның сөзіне құлақ асып, оны қожайыным деп атады. Ханна Құдайдан үздіксіз тілеуінің арқасында балалы болды. Адал да мойынсұнғыш Мәриямға Құдайдың назары түсіп, жарылқанды. Нағима тек өзінің емес, өзгелердің қамын ойлады. Мағдалалық Мәриям Мәсіхтің соңынан ерді. Зәпира жүрегіне шайтанды ұялатамын деп, өмірі өліммен аяқталды. Иерусалимдік Мәриям үйін Құдайдың қызметіне бағыштады.

Жақсы әйел – даналықтың үлгісі

Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?Ол інжу-маржаннан да бағалы болар!Күйеуі оған толықтай сенім артады,Ешбір игіліктен ада қалмайды. Өмір бойы оның күйеуіне жасары, Жамандық емес, жақсылық қана болады. Әйел жүн мен зығырды таңдап алады,Қол жұмысын да ынта-жігермен жасайды.

Жер шарлаған саудагер кемесі секілді,Алыстан азық-түлігін әкеледі.

Төсегінен тұрып таң атпай ерте,Тамағын үлестіріп үй ішіне,Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.

Ұғады ол ісінің өнімді боларын,Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,Дем алмастан иіреді ұршығын.Қолы жомарт әрдайым жарлыларға,Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.Қар жауып, үй ішім тоңар деп қамықпайды,Бәрі де қос-қостан киімдерін киеді.

Әсемдеп тоқиды төсек жабынын,Бәтес, қызыл жүннен тігеді киімін.Күйеуінің атағы кең жайылады,Елдің ақсақалдарымен кеңес құрады.Бәтестен жапқыш тігіп сатады,Белбеумен де саудагерді қамтиды.Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.

Аузынан шыққан сөзі – нағыз даналық,Берген тәлімі – мейірімді жақсылық.Үй шаруасын мұқият бақылайды,Нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.Балалары тұрып, оны дәріптейді,Күйеуі де былай деп құрметтейді:«Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,Бірақ бәрінен де асып түстің сен!»

Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,Тәңірді қастерлейтін әйел лайық мадаққа.Беріңдер оған еңбегінің зейнетін,Істері үшін ол жұрт алдында дәріптелсін! Сүлейменнің нақыл сөздері

100 101

Б. ШЫНЫБАЕВЕртеден қалған нақыл бар, даналар елге үйреткен,Ақылды әйел отауын береке қонар үй еткен.Ақылсыз әйел үйінің берекесін қашырып,Тыныштығын кетіріп, түбіне жетіп күйреткен.

Байыпта мені, Құдайым, көңілім өсіп кетпесін,Тәкаппар болып тәубесіз, өмірім бекер өтпесін.Кедей де етпе, ұрлыққа амалы жоқтан баратын,Атыңды босқа шатуға жағдайым менің жетпесін.

Тас төбеңнен шайтанның білмей қалма ұрғанын,Екі иығыңнан басса егер қиын болар тұрмағың.Дұрыс емес ол деген білмейтін сөзге ергенің,Құдайға жүрек төрі емес, сыртынан орын бергенің.

Ақылды әйел бар кезде күйеуге берер билікті,Ал өзі болса көреген, көмекші болар игілікті.Өз міндетін ұғынып, күйеуі болса білікті,Соңынан еріп жетектің Құдайға берер ерікті.

Сонда барлық шаңырақ шайқалмай тұрар еді,Құдайдың дана сөздері ұрпағыңа мұра еді.Бесіктегі сәбилер рухани әнмен тербелсе,Болашақта Мәсіхтің қауымын құрар еді.

Сәлім АСАНоВАнамаҚұдайыма алғыс айтам,Менің алтын анам бар.Күн жылыса барып қайтам,Құдай берген панам бар.Балапан да паналайды,Өзі туған анасын.Мадақтайды шын жүрекпен,Анасын бар баласы.

Айналайын анашым,Шын жүрекпен қабыл ал.Құдайдың жалғыз баласын,

Иса деген танып ал.Көп күнә жасап адасып,Жүрдім сені елемей.Иса ашты көзімді,Кешіре көр өзімді.

Анашым саған айтарым,Аулақ жүрсін шайтаның.Жаратқан сені Біреу бар,Ол үшін алғыс айтамын.Өмір жасың ұзақ болсын,Қасымызда жүре бер.Тек Исаға үміт арт,Мәңгі өмір сүре бер.

Аяжан мұхтарАғайынды үш қыз– Анамызға екеуміз,Не сыйлар екенбіз.Алжапқыш па, шәлі ме,Белгісіз сыйлық әлі де.

Тілеу тілеп қызы үшін,Сиынады біз үшін.Жұмыстан бір тынбайды,Құдай сөзін тыңдайды.

Естіп екі әпкесін,Үй сыпырды кенжесі.Құстарға да жем берді,Ыдыс жуып, төңкерді.

Суарады гүлдерді,Күн батып, түн келді.Қай қызы қарасып,Қуантты анасын?

102 103

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВА ХауаБала болып көрместен,Ана болып жаралды.Хауа арқылы жер бетіне,Адам ұрпағы таралды.Өкінішке орай ол,Құдай тілін алмады.Дүниеге күнә кіріп,Адамзатты жалмады.

Некеде Хауа бірақ та,Адам атаға бағынды.Күнәсі үшін өкініп,Өз ісіне тарынды.Күнәсі үшін Құдайдың,Кешірерін білді іші.Не десек те Хауа ана,Сенімнің ол да үлгісі.

СараСөз таластырмай жарының,Айтқанына көнеді.Туыстарын, жерін тастап,Ыбырайымнан қалмай ереді.Құдай сөзіне шүбәсіз,Ыбырайым сенеді.Тілалғыштығы Сараның,Үлкен көмек береді.Шыдамдылық пен мойынсұну,Сарадағы жақсы қасиет.Жер бетіндегі өмір сүретін,Аналарға қалған өсиет.

РабиғаЫбырайым келін іздеуге,Қызметшісін жіберді.Құдайдың бар берері,Ыбырайым сенеді.Құдыққа Рабиға келеді,

Бейтанысты көреді.Түйелерін суарып,Өз жәрдемін береді.Еңбекқор, жылы шырайлы,Денсаулығы да күшті еді.Осындай ерекшелікпен,Құдай көзіне түскені.Көрмесе де Ысқақты,Құдайға нық сенеді.Батыл шешім қабылдап,Ұзақ сапар шегеді.

МәриямМен Жаратқан Иенің,Күңімін дейді Мәриям.Ол арқылы істелген,Ұлы ісі елге жария.Мариям болса жас қыз,Танымал да емес елге.Құдай оны пайдаланды,Құтқарушы келді жерге.Құдайды терең қастерледі,Сенің еркің болсын деді.Ісіне немқұрайды болмады.Әйелдердің ең жарылқанғаны.

Естер«Заңға қайшы болса да,Мен патшаға барамын.Егер өлу керек болса,Оған да көне аламын».Асықпады, саспады,Бәрін ретімен бастады.Сұлу, батыл, дана Естер,Халқына үндеу тастады.Үш күн, үш түн бойы үздіксіз,Мінажатпен оразасын ұстады.Жаратушысымен кеңесіп,Содан соң ісін бастады.Батыл да нық шешімі,

104 105

Бостандық әкелді халқына.Осы халықтан шыққан Мәсіх, Құтқарылу берді жалпыға.

ЕлізабетДіни қызыметшілер,Кінәратсыз пәк қызға,Үйлену керек деді,Елізабет дәл осындай,Әйелдердің бірі еді.Екеуі де Құдай алдында,Әділ жандар болды дейді.Баласы жоқ болса да,Басқалардың қамын жейді.Құдай Елізабетті жарылқап,Жақия атты ұлды болды.Құтқарушы келер алдында,Түзеді қисық жолды.Сүйіспеншілік, қайырымдылық,Ілтипаттылық, мейірімділік,Табылады Елізабет бойынан,Бұндай әйел адал жар боп,Шығады Құдай ойынан.

Анна пайғамбарОт басылық қуанышты,Анна жеті-ақ жыл көреді.Сонысына қарамастан,Құдайға нық сенеді.Ораза ұстап, мінажат етіп,Ғибадатханадан шықпайды.Жалғызбасты болса да,Сенімін берік нықтайды.Анна Құдайдан баспана тапты,Пайғамбар деген алды атты.Құтқарушыны көзімен көріп,Тәңіріне алғыс айтты.

Тұтқын қызНағыман Сирия патшасының,Ұлы қолбасшысы деп қорықпады.Ауруын Құдайға айтса жазады деп,Кеңес берді тұтқын қыз жолыққалы.Қожайыны қыз сөзіне сенеді,Пайғамбарға өз еркімен келеді.Ауруынан құлан-таза сауығып,Тірі Құдайға біржолата ереді.Елеусіз жүрген тұтқын қыздың,Іске асты сеніммен айтқан сөзі.Сириялық ұлы қолбасшыға,Ашылды қайнар бұлақ көзі.

ХаннаБала сүю бар тілегі,Мінажат оның тірегі.Ешкімді айыптамайды,Мейірімді Ханна жүрегі.Айыптамады күндесін,Жараласа да жанын.Ешкімге шағымданбай,Тәңірге айтты зарын.Дүниеде ең маңыздыАдамдар дұға етушілер.Дұға етуге уақыт тауып,Мақсатына жетушілер.

ТабитаТабита – Исаның шәкірті,Пайдалы болуға тырысты.Үлкен іске қол созбай,Елеусіз іске кірісті.Жарлы-жақыбайларға,Киім тігіп береді.Қолындағы ине-жібінің,Көмегі көп біледі.Табита шын жүректен,Жан сала жұмыс істеді.Күндіз-түні қолынан,Ине-жібі түспеді.

106 107

Ойда жоқта, кенеттен,Табита қайтыс болды.Жылап-сықтаған әйелдер,Бөлмесіне толды.Шақыртады Петірді,Тірілтуін сұрайды.Жалбарынып Құдайға,Әйелдер шулап жылайды.Жоқтаушысы көп білінді,Табита қайта тірілді.Ісіменен көрсетті,Исадан алған ілімді.Аты жазбада қалады,Көпке үлгі болады,Еңбегін көрген кей адам,Бос жүрісіне налады.

Жесір әйелАқшасын дұрыс жұмсаған,Білесің бе, жесір әйелді.Иса оған назар салды,Шешіміне риза болды.Ең соңғы қаражатын,Ғибадатханаға әкелді.Артылған ақшасын емес,Қолындағы барын берді.Жесір әйелдің өзі де,Жоқшылықта өмір сүреді.Сонда да соңғы ақшасын,Қайда жұмсауды біледі.

Лүдия мен ПрискилаЛүдия мен ПрискилаІзгі хабар таратты.Үйін Құдай қызметіне арнап,Пайдалы іске жаратты.

ЖЕҢІС КҮНІ

Жеңіс Жаратқаннан болар Нақыл сөздер 21:31

Бұл мереке – татулық пен тыныштық, бейбітшілік мерекесі. Ең алдымен сол бейбітшілік пен тыныштықты Құдайдан тілейміз.

Негізінен, жаман ой мен арам пиғылды адам санасына салатын – шайтан. Бақытымызға орай, шайтанды жеңген Біреу бар. Ол – Иса. Ол – Жеңімпаз. Ал кімде-кім Исаның өсиетін орындап, Оған сенім артса, сол Исамен бірге жеңімпаз болмақ.

Жеңіс сыйлаған Құдайды мадақтау

Уа, Жаратқан Ие, Сенi сүйемiн, Сен күш-қуатымның қайнар көзiсiң.Жаратқан – жартастай берiк қорғаным, Менi қауiп-қатерден құтқарушым. Құдайым – сенiм артқан шың құзым, Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым, Әрі биiк таудағыдай баспанам! Мадаққа лайық Иеме сиынам, Ол менi арашалайды жауларымнан. Сен Өзіңнің тағайындаған патшаңа:Дәуітке және оның ұрпақтарынаМәңгілік ұлы жеңістер сыйлайсың,Тұрақты мейіріміңді бағыштайсың.

Забур жыры 17:1–4, 51

Жоғарыда есімдері аталған әйелдер жайлы білгіңіз келсе, Киелі кітаптан және «Әйел, жұбай және ана», «Оның есімі – әйел» атты рухани тақырыптағы кітаптардан толық оқи аласыз.

108 109

Аяжан мҰҚТАРАдамзат жаратылғалы,Тыныш кезең болмады.Аспан ашық болса да,Жүректі бұлт торлады.Келеді өмір бөліспен,Жеңіліспен, жеңіспен.

Себебін іздеп қарайық,Маңызды сабақ алайық.Адамзат еркін жүруге,Бақытты өмір сүруге.Тәңір Өзі қолдапты,Пейіш бағын орнатты.

Адам ата, Хауа ана,Иелік етті сол арада.Еш жамандық болмады,Ой мен істе, санада.

Арыдан сөз қозғайық,Соғыс неден басталды.Қайдан біле аламыз,Бұл туралы дастанды.

Сұлулығына таңданып,Үлкен іске қамданып,Қарсы шықты періште,Тәңір Иеге паңданып.

Мойынсұнбай Құдайға,Жанынан Оның қуылды.Тәңірден алыс кеткен соң.Жақсылық рухы суынды.

Бір кездегі періште,Әзәзілге айналды.Түсіп енді керіске,Жетпек болды жеңіске.

Көп періштені ала кетті, Өзіне әскер жинады.Пейіш бағына келді де,Тыныш өмір қирады.Жаратушыны жазғырды,Хауа ананы азғырды.

Күмән туғызды көңілге,Күнә кірді өмірге.Құдай мен шайтан арасында,Рухани соғыс басталды.Адам қайта кірмеу үшін,Пейіш жабылып тасталды. ЖеңімпазЕсікті қайта ашуға Иса жерге келіпті,Құрбандыққа өз денесін беріпті.Адамзатты сүйгендігі соншалық,Айқыш ағаш азабына көніпті.Міне, солай шайтанды Ол жеңіпті,Қолымызға ерікті алып беріпті.Екі жол бар – тозақ және пейіш ол,Әр адамның таңдауға өзі ерікті.

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВА

Сен барсыңМен бармын, себебі Сен барсың,Мен тірі, өйткені Сен тірі! Қараймын аспанға, Сен – Жолсың, Тек Сенде мәңгіліктің сыры.

Өзіңсіз өмірдің мәні жоқ, Уақыттың тек босқа кеткені. Өзіңмен бір болсам көңіл тоқ. Өзіңсің мәңгі өмір өткелі.

Мен Сенсіз жолдағы шаң-тозаң, Түкке де тұрғысыз пендемін.

110 111

Сенімен бір болсам мен озам, Сенсіз мен жеңіске жетпеспін.

Ақерке НҰРҒАлИоқушы

Жаратушым Иемнің, Күнде сөзін оқимын. Сабақ алып өзіме, Жүрегіме тоқимын.

Қуантады сөздері, Көңілді боп жүремін. Кез келеді кездесер, Оны жақсы білемін.

Мен соңыңнан еремін, Жүрегімді беремін. Иса Сенің көктегі, Жұмағыңды көремін.

Мен Исаға сенемін, Мәңгі сеніп өтемін. Қиындықтар кезіксе, Ылғи жеңіп кетемін.

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Балаларды қорғау бізден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені бала – Құдайдың Өзі жаратып, әке-шешеге тартқан сыйы.

Әке өсиетіБалам, сөзімді жүрегіңе тоқып ал, Айтқандарыма мұқият құлақ сал.Сөзімді назарыңнан тыс қалдырмай,Жүрегіңнің түпкіріне сақтап қой.

Шын өмір сыйлайды ол мәнісін тапқанға,Денсаулық береді оның тұла бойына.Ең бастысы – таза сақта жүрегіңді,Өйткені ол – өміріңнің қайнар көзі.

Лайым аузыңнан өтірік шықпасын,Тілің жалғандықтан қашықтасын!Алға қарай көзің тура қарасын,Алған бағыттан назарың таймасын.

Көңіл бөл жүретін жолыңа өзіңнің,Лайым берік болсын жолдарың сенің.Алға басып, оңға-солға бұрылма,Аяғыңды жамандықтан аулақ ұста.

112 113

Тәңірге мойынсұнудың пайдасыБалам, берген нұсқауларымды еш ұмытпа,Өсиеттерімді Менің жүректе сақта!Өйткені олар ғұмырыңды ұзартар,Амандық пен тыныштық молынан дарытар.

Мейірім мен шындықтан ешқашан безбе,Мойныңа байлап, жазып қойғандай жүрекке.Сонда ұнамды болып Құдай мен адамға,Ие боласың зор құрмет-абыройға.

Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.Сүлейменнің нақыл сөздері

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАБала біздің бақытымызБала біздің бақытымыз қолдағы, Алдында оның болашағы, жолдары.Жақсы болып өссе екен деп тілейді,Ата-ананың бар ма басқа арманы.

Өсіреміз, мәпелейміз, баптаймыз,Қолда барды соларға деп сақтаймыз.Бала үшін еңбек етіп тер төгіп,Жанталасып уақтысында жатпаймыз.

Тәй-тәй басып алғаш рет жүргені,Көз алдыңда езу тартып күлгені.Ата-ананың қамқорында әр бала,көктемдегі бәйшешектей гүлдейді.

Қасіреттен Құдай бізді сақтасын,Ата-ананың еңбегін бала ақтасын.Ақтағаны дұрыс жолда жүргені,Басыңа үлкен қайғы жамап жатпасын.

Ақылды болып өсу үшін балалар,Ерте ойлайық болашағын, аналар.Ханнадайын бағыштайық Тәңірге,Жаратқанның қолынан кім ала алар.

Кеш түсініп бармақ тістеп қалмайық,Сәби кезден Иемізге арнайық.Жастайынан қанып өссін Тәңір сөзіне,Сол мезгілді өткізіп біз алмайық.

Мал жинасақ мұра етіп балаға,Жүрегіңде тыныштық сонда бола ма.Не істерсің тәлкегі болып тағдырдың,Жиған малың бұйырмаса балаңа.

Жүректерін құнарлы етіп дайындап,Бала кезден Тәңір сөзін себейік.Одан артық айтшы қандай мұра бар,Арғы жағын Иемізге берейік.

Сонда оның мықты болар қорғаны,Жарық болар болашағы, жолдары.Баламыз да, өзіміз де Құдаймен,Бірге болсақ үлкен мұра сол-дағы.

Барлық бала ата-анаға сый болсын,Азамат болсын, отбасын тірер үй болсын.Тәңірдің таза ыдысындай қолында,Өмірін арнап жүре берсін жолында.

114 115

ТІЛАШАР

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген ұлы сөздерді терең түсінген Ыбырай Алтынсарин бір кезде балаларды былай деп білімге шақырды емес пе:

Бір Құдайға сиынып,Кел, балалар, оқылық!Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!

Ендеше, Құдайға сиынып, Одан ақыл-даналық сұрайық та, білім алайық. Өйткені: «Білімнің бастауы – Тәңір Иені терең қастерлеп, Оған мойынсұну» дейді дана Сүлеймен патша өзінің нақыл сөздерінде.

Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы Балам, егер сен сөздерімді қабылдасаң,Һәм жадыңда өсиеттерімді сақтасаң,Құлағың даналыққа лайым түрік болса,Жан дүниең парасатқа дайын тұрса,Егер білім мен парасатты шақырсаң,Көмілген күміс пен қазынадай іздесең,Сонда Жаратқанды қастерлеуді ұғарсың,Құдай жайлы білімді иеленіп аларсың.Себебі Жаратқан Ие даналық сыйлар,Білім мен түсінік Оның аузынан шығар.Ақиқат жолын Тәңір назарында ұстар,Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар.

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАТілашарҚұтты болсын, сәтті болсын баланың,Мектепке барып есік ашқан қадамы.«А» әрпінен бастаған білім жолында,Заңғар биік таудай болсын талабы.

Еркелікті бүгіннен бастап тастасын,Батыл болсын, қиындықтан қашпасынБілім жолында еңбектеніп терлесін.Тереңге сүңгіп, биікке қарай өрлесін.

Бар білімнің бастауы болған өмірде,Тәңірді терең қастерлей білсін дер едім.Сүлеймендей даналық көзі ашылсын,Өз уақытында береді Тәңір керегін.

Тәңір сөзі жанды бойлап тереңдер,Оны білген нағыз дана, кемеңгер.Өшпейтұғын, өлмейтұғын мәңгілік,Құдай сөзі бос айтылған демеңдер.

Құдай сөзі – тіршіліктің бастауы,Тәлімі оның жамандықтың қас жауы.Бала кезден Жаратқанға жақын бол,Жақсылыққа әрқашан да мақұл бол.

ӨсиетБақытты жан өмірде –Сыйлаған әке-шешесін.Орындасаң осыны,Ұзақ ғұмыр кешесің.

Бос сөз емес, бұл ақыл – Өсиеті Құдайдың.Жаратқанның жарлығын, Орындауды сұраймын.

***

116 117

Ақыл-кеңес айтайын:Исаның ер соңынан.Өзгелерге үлгі бол,Туар айың оңынан.Есейе бер, өсе бер,Не керегің бар болсын.Бал балалық шағыңнанЖаратушың жар болсын.

Құдай сенiң әр кезде,Тiл алғаныңды қалайды.Тыңдасаң ата-анаңды,Риза болып қарайды.Сәтті болсын жолдарың,Білемін Құдай қолдарын.Талаптыға нұр жауар,Орындалсын арманың.

Асыл – тастан, өнер – жастан,Құлаш серме бала жастан.Шаршама, талма, тоқтама жолда.Тереңнен сүңгіп, биікке самға.Бапталар жастай нағыз хас жорға.Сүрінбен тұяқ ұзына жолда.Көзіңді қада үмітпен алға.Бойдағы барды Тәңірге арна.

АТА ЗАҢ

1993 жылы қаңтардың 28-күні Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды.

1995 жылы тамыз айының 30-да болған екінші референдумда Жаңа Ата Заң қабылданды. Бұл Заңда адамның әлеуметтік, саяси, адамгершілік құқықтары қорғалған.

Ата Заң деп өз аты айтып тұрғандай, Заң бізге ата-бабамыздан бері келе жатқан асыл мұра. Әділдік пен тәртіптілікті талап ететін жауапкершілігі мол бұл құжаттың түп тамырын салып, беріректе әз Тәуке хан «Жеті жарғы» шығарса, одан бұрын Мұса пайғамбар арқылы Құдай «Он өсиет» бекіткен.

Құдайдың он өсиеті

• «Мен сенiң Құдайың – Жаратқан Иемiн.

• Аспанда, жерде өзiңе тәңiр бейнелерiн жасама!

• Құдай Иеңнiң атын орынсыз аузыңа алма!

• Демалыс күнiн Тәңiрге бағыштауды ұмытпа!

• Ата-анаңды сыйла!

• Кісі өлтірме!

• Неке адалдығын бұзба!

• Ұрлық жасама!

• Ешкімді бекерге айыптама!

• Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!

118 119

Басты екі өсиет

• «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Бұл — ең ұлы да басты өсиет.

• Екіншісі де сол сияқты маңызды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» Бүкіл Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбалары осы екі өсиетке негізделген.

Тұрғанбек БЕКБАЕВ

Екі Өсиет Екі Өсиет, екеуі ғана есік ашар мәңгілікке, өмірге,Екі Өсиет адамзатқа керек мына өмірде.Екі Өсиет жарастырып адамдарды Құдаймен,Мейірім мен ізгілікті ұялатар көңілге.

Екі Өсиет – ұлы заңы Әкеміздің, жүрегіңде бекиді.Екі Өсиет – күнәкарды Жаратқанға перзент етіп телиді.Екі Өсиет – жауыңмен де, жарастырып бауыр ғып.Екі Өсиет бар халыққа әкеледі ажырамас татулық.

Екі Өсиет – мәңгі өмірдің мызғымайтын тірегі,Екі Өсиет – әр адамның аңсары мен көкейдегі тілегі.Бірақ олар аттап өтіп ережесін өмірдің,Күнә жайлап қасірет пен қайғы арқалап жүреді.

Екі Өсиет – Әкеміздің аманаты табыс еткен адамға,Ынтымақ пен бақыт сыйлар, мынау үлкен ғаламға.Әттең, шіркін, шын ниетпен мақұлдаса барша адам баласы,Толар еді ырысқа құлазыған қазақтың кең даласы.

Біріншісі – сүю Құдай Әкемізді бар әлемді жаратқан.Құдіретімен жер бетіне тіршілікті кемелді етіп таратқан.Сондықтан да тірегі Ол мынау алып ғаламның.Сол арқылы өміріңде кешің келіп, күнделікті таң атқан.

Екіншісі – жақыныңды өзіңдей сүй, айналаңды қоршаған,Барлығымыз қандаспыз ғой, жер бетінде қанша адам.

Бірақ осы екі Өсиет қабылданбай таза, ізгі ниетпен,Сол себепті, бар адамзат жауыздықтан шаршаған.

Екі Өсиет негізінде Құдай сыйлар әр адамға Махаббат.Қабылдаса, жүрмес еді бүкіл адам қасіретті арқалап.Барша пенде бауырлас боп, бір-бірімен құшақтаса көрісіп,Бар дүние тұрар еді-ау ерекше бір жарастықта келісіп.

120 121

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жаратқанға сеніп жақсылық жаса, Еліңде тұрып адалдықты сақта!

Забур 36:3

16 желтоқсан. Бұл күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуі үшін, қоғамдағы әрбір азаматтың Жаратушы Иеге тәуелді болуы шарт. Себебі Құдайға тәуелді адам күнәдан азат.

Аяжан мҰҚТАР

Мен – қазақпын! Мен – қазақпын! Азатпын! Ғажаппын!Құтқарылдым мәңгі отынан тозақтың!Егеменді елім бар, жерім бар,Кең даламның еркесімін керімсал!

Қалауым бар, еріктімін, көріктімін,Болашаққа аттанам сеніп бүгін!От кеудемде тілегім бар, тірегім бар,Тәңірді шын сүйетін жүрегім бар!

Мен – азатпын, мәз-ақпын, жаз-ақпын!Иса жолын ұстанатын қазақпын!Күнәлардан жаным азат, тәнім азат,Қинамайды уайым-қайғы, азап!

Азаттыққа жетелейтін, мәпелейтін,Жаратқанды – көктегі Әке дейтін!Мен – қазақпын! Азатпын! Ғажаппын!Құтқарылдым мәңгі отынан тозақтың!

Қуаныш жыры Исамен бір болу – ғажап,Исада адамзат азат.

Қолыңнан жетелер Өзі,Қуаныш сыйлайды сөзі.Исамен бір болу – ғажап!Исаға артқан жүк жеңіл,Исада мәңгілік өмір.Сен Оған еркіңді берсең,Қапаста шам болар ерсең.Исаға артқан жүк жеңіл.

Исамен бір болу – ғажап,Исаға үміт арт, қазақ!Ол барлық күнәні жуды,Жеңіспен көтерді туды.Исамен бір болу – ғажап.

122 123

ДІНИ МЕЙРАМДАР

ОРАЗАҚұдайға ұнамды ораза мен игі істер

Пенденің кіші пейіл болғансып, басын қоғадай иіп, қайғы шеккен азалы жандай көрінген күнін Маған ұнайтындай ораза деп ойлайсыңдар ма? Осындай әрекетті шынымен Жаратқан Иені риза қылатын ораза күні деп атауға бола ма?! Жоқ, Маған ұнайтын ораза мынадай:

Зұлымдықпен бұғауланғандардың кісендерін үзіп, құлдықтың шынжырларын шешу және зорлық көріп жатқандарды азат етіп, езгі атаулыны жойып жоқ қылу! Сондай-ақ аштармен наныңды бөлісіп, қаңғырған кедейлерді үйіңе кіргіз!Киімге мұқтаждарға тап болсаң, киіндіріп, өзге пенделерге де қол ұшын беруден бас тартпа!»Сонда саған кенеттен таңғы шұғыладай нұр төгіліп, тез сауығатын боласың. Әділдік алдыңнан бастап, Жаратқан Иенің салтанатты ұлылығы сені артыңнан қорғап жүретін болады. Сиынған кезіңде Жаратқан Ие жауап береді. Көмек сұрап жалбарынғанда: «Саған жар боламын», – дейді Жаратқан Ие.

Мен, Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүріп, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп, денелеріңе қуат беремін, – деп жігерлендіреді.Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар!

Ишая пайғамбардың кітабынан

ҚҰРБАНДЫҚ

Нағыз құрбандық пен Жаңа келісім туралы уәделердің іске асуы

Әдетте, адамдар малды күналарының өтемі ретінде құрбандыққа шалады.

Әуелде мал қанының төгілуі, яғни құрбандық Адам ата мен Хауа ана алғаш рет күнаға батқан кезден басталған екен!

Ыбырайым пайғамбар да құрбандыққа Құдай тағала нұсқаған тоқтыны шалды.

Кейінірек құрбандықтар Таурат заңы бойынша шалынды.

“Таурат заңына негізделген ескі құлшылық ету жолы Құдайдың адамдарға дайындап қойған игілігінің өзі емес, оның күңгірт жобасы ғана. Сол заң бойынша жыл сайын қайталап жасала беретін бірдей құрбандықтар Құдай алдына баратын адамдарды еш уақытта түпкілікті тазартып, мүлтіксіз ете алмайды. Егер адамдар құрбандық жасаулары арқылы біржола тазартылса, онда олар өз күнәкарлықтарын сезінуден қалып, құрбандық жасауларын доғарған болар еді. Ал шын мәнісінде жылма-жыл ұсынылатын құрбандықтар адамдардың жасаған күнәларын естеріне түсіріп қана отырады”.

Ал “Мәсіх жер бетіне келіп, адамдарды күнәларынан біржола арылту үшін Өзін құрбандыққа қиды”, “...осылайша Тәңір Ие бұрынғы құрбандық рәсімдерін доғартып олардың орнына Мәсіхтің құрбандығын енгізді”.

Інжіл кітабынан

124 125

Қаржау ЕНДіБАЕВКемелді ҚұрбандықҚұрбандыққа шалынған, Қызыл қанға малынған,Күнәларын кешір! – деп,Біздер үшін жалынған.

Құдай айтқан жалпыңа,Жар саламын халқыма.Исаға сеніп еріңіз,Күнәні Оған беріңіз.

Иса Мәсіх, Тәңірім,Орындалсын әмірің.Күнәларын кешірдіңХалықтардың бәрінің.

Жақсылыққа үйреткен,Қолына шеге түйреткен.Айқыш ағаш басында, Шайтан рухын күйреткен.

Сен сол қалпы тірісің,Киелісің, Ұлысың,Жетуге Саған асықтым,Құтқарушым Мәсіхсің.

Балаң болып атандым,Өзіңнен мен бата алдым.Қаныңменен ақталдым,Күнәлардан тоқталдым.

Самсия САПАРоВАҚұрбандық ҚозыКиелі рух көз бердің,Көмейіме сөз бердің.Дүние бүкіл дөңгелеп,Көз алдымда өзгердің.

Күнәмді Сен кешірдің,Пәк қаныңмен өшірдің.

Ашып бердің мен үшін,Мәңгіліктің есігін.

Иса Мәсіх, Жан Ием,Бүгін, міне, кез келдің.Құдіретті Құдайдың,Аузындағы Сөз бе едің?

Сен Құдайдың Сөзісің,Бір Құдайдың Өзісің.Құрбандыққа шалынған,Қасиетті «Қозысың».

Болат ҚЫзЫлБөРіКоВКүнәмнің құны өтелдіАрайлап атты таңдарым,Нұрыңа мені бөледің.Тәңірім, Иса қаныңмен,Күнәмнің құнын өтедің.

Қиналдың Иса мен үшін,Айқышқа беріп тәніңді,Құтқарып алдың күнәдан,Әлемді және елімді.

Шыдадың Ием біз үшін,Жаныңды салып азапқа.Адамның әрбір ұрпағы,Бармайды сенсе тозаққа.

Кеудеңнен қаның төгілді,Тамшылап жерге тоқталмай.Күнәсіз Иса керілді,Айқыштан бақыт тапқандай.

Күнәні енді жасама,Киелі Иса қаны үшін.Тәубаға келгін, бауырым,Өмірдің ұғып мәнін шын.

126 127

Аяжан мҰХТАРКешіруді тіледіАдамдарға жаны ашып,Жарлыларға қарасып,Ақыл айтты оларға,Кетпесін деп адасып.

Соңына жұртты жинады,Оларға бақыт сыйлады.Көргенде жарық әлемді,Соқырлар жерге сыймады.

Ол сүйіп барлық халықты,Қасына ертіп алыпты.Исаға сенген сырқаттар,Дертінен әбден сауықты.

Көре алмай Оны көп адам,Азапқа салып, қинаған.“Мен Өмірмін”, – десе де,Қудалауды тимаған.

Айқышқа Оны іледі,Мазақ қып әбден күледі.Сонда да Иса олардың,Кешірілуін тіледі.

Көшікбай мАҚҰлБЕКоВСенімнің атасы Шын сенімнің атасы, Сөзімнің жоқ қатасы.Ыбырайымға арналды,Құдайдың ақ батасы.

Құдайға ол нанды ғой,Содан бағы жанды ғой.Құрбандыққа шалмаққа,Ысқақты алып барды ғой.

Үш күн бойы жол жүріп,Мория тауына барады.Дайындаған оттыққа,Ысқақты әкеп салады.

Әуелі оған жол беріп,Одан кейін қой беріп.Періштесі Құдайдың,Аман алып қалады.

Сол қой Иса Өзі еді,Өмірдің бастау көзі еді.Әлемді алғаш жаратқан,Құдайдың тірі сөзі еді.

128 129

ТУЫЛУ МЕЙРАМЫ

СҮЙІНШІ! ӘЛЕМНІҢ ПАТШАСЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ!

Иса Мәсіхтің дүниеге келуі былай болды: Оның анасы Мәриям Жүсіпке айттырылған еді. Ал екеуі әлі қосылмай тұрғанда-ақ, Мәриямның Киелі Рухтың құдіретімен аяғы ауыр екендігі белгілі болды. Болашақ күйеуі Жүсіп әділ кісі болғандықтан, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде Жаратқан Иенің періштесі түсінде аян беріп:

“Дәуіттің ұрпағы Жүсіп, қалыңдығың Мәриямға үйленуден шошынба! Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой, себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады”, – деді.

Мұның бәрі Жаратқан Иенің пайғамбар арқылы алдын ала айтқанының жүзеге асуы үшін солай болды.

Жүсіп оянып, орнынан тұрғаннан кейін Жаратқан Иенің періштесінің бұйрығын орындап Мәриямға үйленді. Ал Мәриям босанып, Ұлын тапқанша, Жүсіп онымен жақындасқан жоқ. Нәресте дүниеге келгеннен кейін Оның атын Иса деп қойды.

“Ал періште оларға тіл қатып: “Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол – Иеміз Мәсіх!”

Інжіл кітабынан

Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді, Түнек басқан жерде тұратын елге Таңның шапағы сәулесін төгуде! Себебі Сәби дүниеге келді, Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!

Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын әмірші» Деп те аталатын болады.

Ишая пайғамбардың кітабынан

Қажымұрат НҰРСАПА

Құтқарушы Исаның дүниеге келуі Сол кезде Август патша берді жарлық,Тізімге тіркелсін деп барлық халық.Алғашқы уақиға еді тізімделу,Елдерден алу үшін алым-салық.

Әр адам міндетті туған қаласында,Тізімге тіркелуге ел арасында. Сирияны Кирини билегенмен,Жүсіп Дәуіт ұрпағы еді расында.

Ғалилей өлкесі, Назарет қаласына,Жүсіп, Мариям барады сол ел арасына.Яһудей өлкесі Бетлехемге сапар шекті,Құтқарушы келетін уақыт жетті.

Мариямның босанатын күні келді,Ұл туды қуанышқа бөлеп елді.Құндақтап оны ақырға жатқызады,Алладан жақсылықты тілек етіп.

Малшыларға Ізгі хабарҚұдайдан келді бүгін Ізгі хабар, Иеміздің салтанаты тізгін болар,Құдайдың періштесін көремін деп,Ойлаған жоқ та шығар мүмкін олар.

Малшылар даладағы қатты састы,Абыржып шошығаннан есі қатты,Қорықпаңдар, қуанышты айтам хабар,Құтқарушы Иса Мәсіх есік ашты.

130 131

Сөзіне бір Құдайдың наныңыздар,Дәуіттің қаласына барыңыздар,Ақырда құндақтаулы нәрестені,Көріп бір тәубе етіп қалыңыздар.

Періште осыны айтып тұрғанында,Көп періште пайда болды тұр маңында,Кенеттен көктен келген періштелер,Құдайды дәріптеп бір нұр жануда.

Көктегі Құдайға құрмет етіңіздер, Жер үстіне бейбіт күнмен бекіңіздер,Адамдар ізгілікті тілеуменен,Бір Құдайды ардақтап өтіңіздер.

Деді де періштелер көкке кетті,Көргендер түс көргендей есі кетті,Малшылар Бетлехемге келіп жетті,Ақырдағы сәбиге тағзым етті.

Кездесіп Мәриям және Жүсіппенен,Ақырдағы нәрестені көрді көзбен, Малшылар көргені мен естігенін,Таңданып баян етті жылы жүзбен.

Мәриям сөздерінің бәрін тыңдап,Бір Құдайға алғысын айтты мыңдап,Сегіз күн өткеннен соң нәрестені,Сүндеттеп, қойды атын Иса Мүбәрәк.

Шимон мен Аннаның Исаны тануыМұсаға берілген Таурат заңы,Діни тазаруды таңдатқаны,Иенің алдына әкеп нәрестені,Рәсімін орындауға кеп жатқаны.

Бар еді қарт пайғамбар Шимон деген, Жалғанда жалған сөйлеп үйренбеген,Құдайды қастерлейтін жан болатын,Ақиқатты айтудан именбеген.

Киелі Рухты Шимонға дарытқанда,Жаратқан Өзі міндет артқанда,Ант еткен өлмейсің деп Құтқарушы,Мәсіхті көзбен көрмей қарт жанға.

Қонған соң Таурат заңы санаға,Баласы Исаны ғибадатханаға,Әкелгенде Шимон қолына алып,Былай деді Құдай Әке мен балаға:

Жаратқан Ие құдіретіңе сендім,Құтқарушы Иса Мәсіхті көрдім,Енді маған Өзің айтқандай,О дүниенің рақатын бергін.

Құдайдың айтқанынан адаспайтын,Жын-пері шайтандарды аластайтын,Барлық ұлттар үшін Құтқарушы,Иса Мәсіх келер күнге жол бастайтын.

Құдайсыз, дінсіздердің көзін ашар,Жандарға берер қуат қолы нашар,Исраил халқының абыройын көтеріп,Жарық көрдім мәңгілік нұрын шашар.

Дегенде Жүсіп, Мәриям қайран қалды, Киелі Рухты қадірлеп пайғамбарды,Сол кезде былай деді Мәриямға:Бұл нәресте Құдайдың берген нәрі.

Құдайдың еркін айтып жар салады,Құдайдың еркі оның аңсағаны,Дінсіздер, қайыры жоқ маскүнемдер,Қатігез дұшпандықпен қарсы алады.

Қылышпен жүрегіңді тілгендей қып,Қапыда жаудың оғы тигендей қып,Боздатар әлі сені, ей, Мәриям,Айрылған ботасынан інгендей қып.

Шимон қарт сөзді енді доғарады,Сөйлеуге дәті бармай мұнан әрі,

132 133

Сол кезде Ашир руынан шыққан,Сөйледі Фануел қызы Анна пайғамбары.

Сексеннен асып жасы тоқсан кеткен,Ораза ұстап, дұға оқып, өмірі өткен,Иерусалимде Құтқарушыны күткендерге,Келгенін Иса Мәсіхтің хабар еткен.

Анна да өз білгенін айтып өтті,Естігендер қуанып, төбесі көкке жетті,Жаратқан Иеге Мәриям, Жүсіп, Мақтау айтып, Назаретке қайтып кетті.

Руслан ҚАБДЕШоВО, ғажап, дүниеге Сәби келді! Аспанда таңғы жұлдыз туған кезде,Нұрынан жердің жүзі арайланды!Шығыста данышпандар атқа қонып,Көз тігіп, кең дүниеге қарай қалды!О, ғажап, дүниеге Сәби келді!О, ғажап, бұл әлемге өмір келді!Иіліп данышпандар тағзым етіп,Алдында Нәрестенің сәлем берді. Қуаныш жер жүзіне таратылды,Бетлехем шаһарында Бала туды.Дәуіттің ұрпағынан Исраилде,Келді, – деп Құтқарушым! – дала тұрды.Таңданды бүкіл әлем қайран қалып,Әндетті періштелер сайран салып.Еркексіз таза қыздан туған Сәби,Түбінде жай ғана адам болмасы анық.

Тұрғанбек БЕКБАЕВ

Туылу мейрамыЖүректі кернеп барады алғыс-мақтау,Шырқалған әсем әннің сазды үні.Бүгінгі күн ерекше, себебі зор,Құтқарушы Мәсіхтің туған күні.

Құдай Әке жіберді жерге ұлын,Болмаған бұл керемет бұдан бұрын. Күнәкар бәрімізге өмір келді,Өтеді Ол жазамыздың барлық құнын.

Жариялады періштелер әсем әнмен,Әлемге Құдай берген ұлы Сыйды.Таудағы мал күзеткен топ малшылар,Іздеп барып Нәрестеге басын иді.

Сол жерге малшылармен бара алмадым,Бірақ та орындалды бар арманым.Кітабына жазылар есімім де,Мәсіғім бөледі өмір бесігіне.

Сәби боп...Сәби боп, Иса, Сен келдің мына дүниеге,Нәресте боп пендеңнен тудың, анадан.Ғажайып сонда көрінді жұлдыз аспанда,Таңдана тұрып қарады оған көп адам.

Жарық боп келдің, өзгерді өмір сүреңсіз,Ашылдың бізге Сөзі боп Өмір білеміз.Ашыпсың жолды бақытқа мәңгі апарар,Сүйікті Әке, жасампаз Тәңір Иеміз.

Түнекті жеңіп, шырағын жақтың үміттің,Қинаған барлық азапты мүлде ұмыттым.Жаңаша ізгі сезімге толып көңілім,Өзгеше әсем түрге енді менің өмірім.

Біз өтер осы тар жолды жүріп өткенсің,Жылытар жүрек шуақты Өзің көктемсің.Егілген жанға, Әкежан, асыл дәндерің,Жемісін берсін, жайқалсын, өсіп көктесін.

134 135

Болат ҚЫЗЫЛБӨРІКОВМәсіх келді дүниеге!Жарқырап кетті айнала,Нұрға бөлеп аймақты!Өрісте жатқан малшыларға,Топ періште үн қатты:

Бетлехемге бет бұрыңдар,Бесік жыры тойлансын!Құтқарушы келді әлемге,Барлық адам ойлансын.

Қуаныңдар, шаттаныңдар,Мәсіх келді дүниеге!Қарсы алыңдар, адамзат,Баршаға жар салыңдар.

Қуаныңдар, шаттаныңдар,Таңғажайып күйге еніп.Ғажап іске тамсаныңдар!Иемізге ән салыңдар.

Құндақтаулы Бала жатыр,Мал байлаған ақырда.Нұр бейнелі Пана жатыр,Халқы күткен ғасырлар.

Малшылардан елге хабар,Осылайша тарқалды.Киелі Рух көлеңкесі,Бізге пана бере алды.

Жарық жұлдыз пайда болдыДанышпандар байқады.Періштелер жария етіп,Мадақтап ән айтады.

Той болып жатыр аспанда,Тойлаңыздар жерде де.Құдай сөзі орындалды,Құтқарушы берді, әне!

Мәсіх келді...Қара түнек сейілді.Қуаныңдар, шаттаныңдар,Тарылтпаңдар пейілді.Патша келді дүниеге,Иерусалим селт етті.Жер патшасы Ирод естіп,Бұл хабарға селк етті.

Жарық жұлдыз жетегінде,Данышпандар жөнелді.Нан қаласы Бетлехемде,Әлем нұрға бөленді.Тағзым етті данышпандар,Пәк сәбидің алдында.Бас иіңдер, барлық әлем,Құтқарушы алдында.

Құдай сөзі тәнге айналып,Сәби болып келіп тұр.Қара түнек қызғаныштан,Қаһарына еніп тұр.Жақия әлі жариялар,Бүгін бірақ қуаныш.Жан дүниемде тыныштық,Жүрегімде жұбаныш.

Өйткені мен қабыл алдым,Құдай сөзін сеніммен.Түнек басқан жүрегіме,Жарық түсті кеңінен.Мәсіх келді дүниеге,Құдай бізге оралды.Күнәмізді кешті бүгін,Бізге пана бола алды.

Көкке Ол сапар шекті,Жарып шығып қабірді.Өлі өмірден сен де тіріл,Нұрға бөле жаныңды.

136 137

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАИсаның туған күнi Бетлехем қаласында,Яһудилердің арасында,Иса Мәсiх туылды,Біреудің мал қорасында.Жұлдыз жарқырап,Жерге нұрын төгедi.Ғұламалар нәрестенi,Шығыстан iздеп келедi.

Ирод патша естiгенде,Қатты қорқып сасады.Дiнмұғалiмдер жиналып,Кiтаптарын ашады.Құпияны Ирод сезедi,Өртендi Оның өзегi.Өтiрiк болды сөздерi,Исаны құртуды көздедi.

Сендер бiлiп келгін деп,Ғұламаларды жiбердi.Патшалықтан айрылам деп,Қиналып түсi түнердi.Жұлдыз жолды көрсетiп,Алдыларында жүредi.Ғұламалар жұлдыз тоқтаған,Мал қораға кiредi.

Бас иіп Құтқарушыға,Сыйлықтарын ұсынды.Иродқа қайта бармады,Сұмдық ойын түсiндi.Мадақтаған Құдайды,Әуен жерге тарады.Бар тіршілік таңғалып,Аспан жаққа қарады.

Көптен күткен адамдар,Келді дейді Мәсіхті.Данышпандар, білгірлер,

Көруге Оны асықты.Періштелер салған ән,Бар ғаламға жайылды.Иса келді дүниеге,Өлім қаупі жойылды.

Бақташы әңгімесіБір күні түн болғанда,Отар қойды күзеттік. Кезектесіп ұйықтадық,Көрсетіп бір ізеттік.

Кенет көктен естілді,Періштенің мадағы.Құдайға айтқан алғысы,Әлдиледі даланы.

Деді бізге: «Қорықпа!Қуаныңдар шаттанып.Мәсіхті көріңдер,Бетлехемге аттанып.

Жатыр ақыр ішінде»,–Деді дағы жоқ болды.Төбемізден бір жұлдыз,Жол көрсетер шоқ болды.

Тастап қора қойларды,Шоқ жұлдызға ердік біз.Жатқан сабан үстінде,Нәрестені көрдік біз.

Алғашқы қар Көптен күткен алақай,Қыс келді тағы қараңыз.Дала ақ көрпе жамылды,Дайын тұр ғой шанамыз.Бәрін ақпенен бояды,Даланы, алқап, ауланы,Үй шатырын, бауларды,Сай саланы, тауларды.

138 139

Жауып тұрған ақ қардан,Жақын қалғанын білеміз.Туылған күнін Мәсіхтің,Қуанышпен күтіп жүреміз.Иса туылған күннен,Жаңа ғасыр басталды. Көкке салар жолымен,Көре аламыз аспанды.

Жұлдызбен сөйлесуБала: Таң шапағын шашқанша, Сен аспанда жанасың. Мен ұйқыға жатқанша, Төменге көз саласың. Айтшы жұлдыз сырыңды Аспанда саған жақсы ма?Жұлдыз: Сен әлі балғын баласың, Күндіз шаршап ойнайсың. Түнде ұйқыға қанасың, Құдай жайлы ойлайсың. Анаң айтқанды ұғасың. Саған жауап қайтарам, Білгенімді айта алам. Көктегі өмір, әрине, бөлекше, Алтын қала бар ерекше, Құдай Әкенің қасында, Мәңгі өмір сүрмекке. Бала: Жұлдыз, бізден алыстасың, Көк аспанда, ғарыштасың, Өзіңе бар сауалым, Иса қалай туылды? Айтшы, осының жауабын. Жұлдыз: Сұрағың сенің орынды, Көңілге өте қонымды, Жұлдыз апайым менің де, Айтқан жұрттың бәріне. Бетлехемдегі сол бір түн, Есімде менің әлі де. Сол түні көктен ерекше, Жерге сәуле төккенбіз!

Патшалардың патшасына, Сәлем бердік көктен біз! Періштелердің мадағы да, Әлі есімнен кетпейді, Сол түндегі әуенге, Ешбір әуен жетпейді. Бала: Кішкентай ғана баламын, Жұлдызға қол созамын. Аспанның көп жырлары, Түсінбес жұмбақ сырлары. Бетлехемде мен тұрмадым. Исаны да көргем жоқ, Шындықтың жолын білгем жоқ. Биікте өмір сүрсем деймін, Бәрін өзім көрсем деймін.Жұлдыз: Балақай, сен басыңды көтер, Бұл дүние өтер де кетер. Жер бетіндегі ұл-қыздар, Бақыттырақ жұлдыздан. Аз уақыт қалды сендерге, Көктегі үйге келгенге. Жеті қабат аспаннан, Исаның Өзі өткізеді, Киелі қалаға жеткізеді.

Жүріңдер!Балалар жүріңдер, бәріміз Бетлехемге барайық,Көктен келген ғажап сыйды,Жүрекке қабыл алайық.

Балалар, жүріңдер Назаретке, Исаға тағзым етейік,Ол бізді емдейді, құтқарады, Тезірек Мәсіхке жетейік.

Иерусалимге, достар, барайық, Мадақ әнін салайық, Исамен бірге болайық, Жанында мәңгі қалайық.

140 141

Иса туылды Бетлехемде туылды Киелі Нәресте, Болған оқиға ұмытылмас әлі есте.Періштелер шаттанды сол күні, Жер бетіне тарады, қуаныш толқыны.Бүкіл әлемге шашуын шашты,Көктегі мекенге Мәсіх жол ашты.

Ең маңыздысы Сенім бізді жетелесін, Үміт оты сөнбесін,Құдайымыз құтқарып, Қайғы бұлты төнбесін.Өмірде ең маңыздысы:Исамен жүздесу,Алыстағы ғұламалардай Онымен кездесу.

Бесік жыры Бесігіңді әнмен тербетіп,Анаң отыр құлыным.Сіңіре бер құлағыңа.Мәнісін ұғып жырының.

Құдайымның есіркеп,Бере салған баласы.Қарағанда көз тоймай,Шаттанады анашың.

Шайқап қойып бесікті,Жүзіңе қарап ойланам.Құтқарушым Мәсіхтің,Сәби кезін ойға алам.

Нәресте боп Мәсіх те,Туылып, жерге келіпті.Сәби жатты ақырда,

Нұр бейнелі көрікті.

Арада біраз жыл өтіп,Күнәміз үшін өліпті.Адамзатты құтқарып,Мәңгілік өмір беріпті.

Есейіп сен де құлыным,Исаның ерсең соңынан,Тура жолды тапқаның,Жауғаны бата молынан.

Қуанышты хабарМадақтаған Құдайды,Әуен жерге тарады.Бар тіршілік таңғалып,Аспан жаққа қарады.

Көптен күткен адамдар,Келді дейді Мәсіхті.Данышпандар, білгірлер, Көруге Оны асықты.

Періштелер салған ән,Бар ғаламға жайылды.Иса келді дүниеге,Өлім қаупі жойылды. Қуанышты хабарды,Періштелер жеткізді.Құдай сүйіспеншілігін,Иса арқылы еккізді.

Иса Мәсіх туылды,Қуанамыз бәріміз.Мадақтағын Тәңірді,Көкке жетсін әніміз.

142 143

Исаға сыйлықКөкті тастап жерге келген,Шынайы сенім берген,Исаны қуантқым келеді.Шақырсаң жүрекке енетін,Жаныңа бітпес нәр беретін,Исаны қуантқым келеді.

Сүрінсең айыптап жатпайтын,Ауырсаң емдеп, баптайтын,Исаны қуантқым келеді.Жаныңды ұғына білетін,Қиналсаң көтеріп жүретін,Исаны қуантқым келеді.

Ешкімді алалап бөлмейтін,Шындықтан басқаға көнбейтін,Исаны қуантқым келеді.Уәдеге берік боп қалатын,Жұмаққа жетелеп баратын,Исаны қуантқым келеді.

Сөзіне күмәнсіз сенгенде,Көз жазбай ізіне ергенде,Исаны қуанта аламын.Қарамай кездесер жәйттарға,Өзгеге куәлік айтқанда,Исаны қуанта аламын.

Қол жайып алдында тұрғанда,Еркіне мойнымды бұрғанда,Исаны қуанта аламын.Жұмсаған жағына барғанда,Мейірімге жүрегім толғанда,Исаны қуанта аламын.

Соңынан адаспай ергенім,Көктегі үйіне келгенім,Исаға ең ғажап сыйлығым!Жанымның бостандық алғаны,Жұмақтың төріне барғаны,Исаға ең ғажап сыйлығым!

Балалардың диалогы1. Иса қайда туылды?Кімдер айтып береді.Барлық бала біле ме?Білгені жақсы себебі.

2. Хан сарайында туылмады,Перзентханада жатпады.Сабан төселген ақырда,Әлемге аян жатқаны.

3. Иса туылған кезде,Кімдер болды қасында?Қай қалада туылды,Мезгілін айта аласың ба?

4. Бетлехемде туылды,Түн мезгілі болғанда.Періштелер жария етті,Малшылар көрді барғанда.

5. Анасының аты кім?Бұл дүниеге әкелген.Өмірі жайлы айтып бер,Құтылды ма қатерден?

6. Күйеуге әлі шықпаған,Пәк қыз Мәриям анасы.Өлімнен қайта тірілді,Сенгендер Оның баласы.

7. Тағы да бар сұрағым,Қазір қайда тұрады?

8. Аспан – мәңгі мекені,Жерге келді жоспармен.Жұмақта бірге болады,Өзіне сенген достармен.

9. Дұғамды қабыл ала ма?Оған баруға бола ма?

144 145

10. Естиді сенің дұғаңды,Туылды жерде сол үшін.Жүректі ашып, шақырсаң,Береді әркез қол ұшын.

Еңлік САРҚЫТоВА

Жуырда Жуырда келеді ұлы күн –Туған күні Мәсіхтің.Тағатсыз күтіп, Сол күн келгенше асықтым.Маған да, саған да Көрсетті Ол, істерін құдіретті,Мал қорада туса да, Ардақты және құрметті.Келіңдер, балалар,Қуанып ән салайық, Әлемге жар салайық.

Имануил Аспанда бір жұлдыз, Жанады жарық.Астауда жатқан Сәби, Мәсіх екенi анық.Бүкіл аспан әлемі, Бетлехемге қарады,Перiштелер далада, Мадақтау әнiн салады.Данышпандар iздейдi, Патшалардың патшасын.Тағзым етуге келедi, Тастап істің басқасын.Мейіріммен жерiмiзге, Тәңiр Ие төгедi нұр,Иса Құтқарушы –Мәңгi бiзбен бiрге – Эммануил.

Ғажап түнСол ғажап түні ерекше,Ай тұрды көкте толысып.Нұрына жерді бөледі,Қуанышымен бөлiсiп.

Толысқан айдың қасында,Жарқырап жұлдыз жанады.Ғұламалар шығыс жақтан,Көз тігіп көкке қарады.

Ғұламалар ұзақ сапар шегіп,Жұлдыз көрсеткен елге келдi. Нәрестенi іздеп тауып алып,Қымбат сыйлықтарын бердi.

Басында оны кең сарайдан,Биiк, әсем үйлерден iздедi.Ақырында тапты олар,Мал қорадан түздегi.

Перiштелер тобы ән айтты,Малшылар барып қайтты.Бiз де Исаға жақын барайық,Жақсы дос болып алайық.

Бетлехем Бетлехем жерінде, далада,Сабан ақырда, қорада.Құтқарушы дүниеге келді,Құдай Ұлын сыйға берді.

Мадақтаумен қарсы алды,Періштелер ән салды.Тып-тыныш түн айнала,Естіледі әуен жәй ғана.

Малшылар да тыңдады,Босқа қарап тұрмады.Олар да сонда келедi,Иіліп сәлемiн береді.

146 147

Сол нәресте жүректерге,Тыныштығын сыйлады. Шаршап-шалдыққандарды,Қасына көптеп жинады.

Көшікбай мАҚҰлБЕКоВ

Ассалаумағалейкум Ассалаумағалейкум, Құдайдың ұл-қыздары,Аспанда жанып тұрған жұлдыздары.Мұхитта жүзіп жүрген құндыздары,Мәсіхші қазақ, орыс, ұйғырлары.

Иеміздің туылған күні құтты болсын,Рухани денсаулық мықты болсын.Исаға беріңіздер жүрегіңді,Құдай сонда береді тілегіңді.

Жақия пайғамбар айтқанындай,Күз болғанда дайында күрегіңді.Шынықтыр астық желпіп білегіңді,Медеу тұт Иса Мәсіх тірегіңді.

Ғалымжан ӘлімБЕКоВ

Кім осылай туылды?! Бүгін Иса туылдыКөк пердесі түрілді.Періштелер аспанға,Топ-тобымен жиылды.

Ақырда жатқан сәбиге,Малшылар кеп үңілді.Данышпандар ИсаныңАлдына кеп иілді.

Бұны көріп сұм шайтан,Риза болмай күйінді.

Құдай бізге Исаны,Қабылдауға бұйырды.

Біздер үшін Ол өліп,Үш күннен соң тірілді.Амалы бітіп сұм шайтан,Жеңіле жерге жығылды.

Ғолготада – айқышта,Жеңіс туы тігілді.Сол айқышта біз үшін,Қыршын жаны қиылды.

Пәк қанымен Исаның,Бар күнәміз жуылды.Айтыңдаршы, адамдар,Кім осылай туылды?

Аяжан мҰХТАРКиелі әуенКиелі әуенді,Сеніммен тыңдаңыз.Жұлдыздай жол сілтер,Мәсіхке жыр нағыз.

Салтанатты әсем ән,Қалықтады аспанда.Кең әлемге жайылды,Періште үн қосқанда.

Киелі сазды әуен,Жүректі тербейді.Қуаныш тасқыны,Кеудені кернейді.

148 149

ҚҰТҚАРЫЛУ-ТІРІЛУ МЕЙРАМЫ

Құдай Иеміз Исаны күнәміздің құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды және ақталғандығымызды дәлелдеу үшін қайта тірілтті.

Інжіл кітабынан

Мәсіх тірілді!Мәсіх тірілді! – ән салар көк аспан.Мәсіх тірілді! Жеңіске таласпан.Мәсіх тірілді! – бақта құс сайрайды,Мәсіх тірілді! Жер беті жайнайды.

Біз әнге қосқанда,Жаңғырды аспан да.

Мәсіх тірілді! Енді өлім болмайды.Мәсіх тірілді! Мұң-қайғы шалғай-ды.Мәсіх тірілді! Құтқарыл, сүр өмір,Мәсіх тірілді! Құдайды сүйе біл!

Исаны даңқтайық,Еңбегін ақтайық.

Мәсіх тірілді! Қуаныш, береке!Мәсіх тірілді! Ғажайып мереке.Мәсіх тірілді! Мәсіхші қуанар,Ұмытып уайымын, көңіл жұбанар.

Көшікбай мАҚҰлБЕКоВ

Қайта тууҚайта тудым, міне, қайта таң атты,Құдай бізге жаратыпты жәннатты.Құдай сөзі рухани нанымыз,Күнделікті жемесек те тамақты.

Құдай сөзі – рухани нанымыз, Құдай сөзі – айқыштағы қанымыз,Құдай сөзі – түйрелген сол тәніміз,Имандылар бұл сөзіме наныңыз.

Ібіліс те ағашта айқыш ұтылды,Күнәһарлар күнәсынан құтылды.Жан Иеміз көз жұмғанда айқышта,О, керемет! Күннің көзі тұтылды.

Үш сағаттай, күннің көзі тұтылды,Киелі Үйде, қалың перде жыртылды.Үш күннен соң, Иса Мәсіх тіріліп,Қуантты ғой, қуантты ғой жұртымды.

Болат ҚЫзЫлБөРіКоВАйқыш ағашАйқыш ағаш, қиналыс,Киелі қан шашылды.Тебіренді бар әлем,Күн шуағын жасырды.

Күнәсі үшін адамның,Иса Тәңір керілді.Киелі үйдің пердесіҚақ айрылып бөлінді.

Көкке жетті көпірің,Көлеңкең бар шуақты.Аман-есен жүргенім,Иса, берген қуатың.

Аман-есен жүрем де,Жар саламын әлемге.Ізгі хабар таралсынӘлемдегі бар елге.

Жексенбі күн болғанда,Иса Мәсіх тірілді.Сенім орнап шәкірттерге,Алғашқы қауым құрылды.

Бұл не деген ғаламат,Сүйіспеншілігі ғажап-ақ!

150 151

Сүйгендіктен адамзатты,Иса өліп, тірілді!

Көтеріліп Ол көкке кетті,Таурат заңын орындап.Уағыздап Жаңа Өсиетті,Өсиеті бізге жетті.

Иса бірге менімен,Иса бірге сенімен.Иса біздің арамызда,Қабылдаңдар сеніммен.

Аяжан мҰҚТАРСүйінші!Сүйінші! Сүйінші!Құттықта бір-біріңді,Өйткені шыныменИса Мәсіх тірілді!

Исаны тірілткен –Тәңірдің әмірі.Бос қалды Оның,Тас үңгір қабірі.

Дүрліккен хабарға,Дүйім жұрт, ел сенді.Қай күні тірілді Ол?Жұма емес, жексенбі.

Мәсіх тірі!«Мәсіх тірі! Қабір бос!»Деген хабар тарады.Тірілді Ұл, енді ОғанСенген көкке барады.

Мәсіх тірілді! Ол тірілді!Қуаныңдар, балалар.Қуаныңдар кәрі-жастар,Қуаныңдар ата-аналар.

Мәсіх тірілді! Ол Тірілді!Естідің бе, кең дала.Мәсіх тірілді! Ол тірілді!Айтам бәріне жар сала.

Мәсіх тірілді! Ол тірілді!Есті, әлем, үнімді.Жауап берді бәрі бірге:Ол шынымен тірілді!

Иса Мәсіх тірілді!Күн шығып барады,Нұрландырып даланы.Жер бетіне биіктен,Көзін тігіп қарады.

Көбелектер ұшады, Гүлден-гүлге қонады.Тірілген Иса Мәсіхті,Мадақтап ән салады.

Құстар да жүр жар салып,Қуаныштан шаттанып.Иса Мәсіх тірілді,Түн түнегі түрілді.

Қуаныңдар, адамдар,Құтқарды Мәсіх бізді.Өлімнің тұзағын,Біржолата үзді.

Иса Мәсіх тірілді!Қара күш жерге жығылды.Иса Мәсіх тірілді!Сұм шайтан әбден түңілді!

Ғажап күн!Тірілу – ғажап күн!Біз үшін нәсіп көп.Күн төгер сәулесін, «Тірілді Мәсіх!» деп.

152 153

Қуанған таң нұрын,Көруге асық тек.Тіл қатар оған гүл:«Тірілді Мәсіх!» деп.

«Тірілді Мәсіх!» деп,Жариялап бәріміз,Алғыс жыр айтамыз, Жарасып сәніміз.

Тірілді Мәсіғім,Мың алғыс Құдайға!Тозақтан құтқарды, Себеп жоқ жылауға.

Сиынам әрдайым,Қуанып шаттанам.Мәсіғім тірілді, Жар сала мақтанам!

Өмірде қорықпай,Алаңсыз жүремін.Тәңірдің сыйлығыБағалы, білемін.

Ғажайып көктем Көкжиекте күн нұры,От боп жанып жатқандай.Бар тіршілік жаңарып,«Көктем» деп тіл қатқандай.

Айнала желсіз, тып-тыныш,Аспанда бұлттар көшеді.Көз жауын алар бәйшешек,Көктемде ғана өседі.

Ағаш, талдар бүр жарып,Қарсы алар құстарды.Қия алмай соңғы ақпанын,Артымызда қыс қалды.

Ғажайып көктем күлімдеп,Баршасына жар салды.Қайта тірілген Исаны,Барлық халық қарсы алды.

Тірілді Иса!«Тірілді Иса!» деген хабар,Жер жүзіне тарады.Ауыл, қала қуанышқаТаңғалыса қарады.

Тау мен тас, ну орман,Өзен-көл, бұлақтар,Сүйіншіден құрғалмай,Болды әбден құлағдар.

Періштелер аспанда,Хормен ән сап, болды мәз.Құтқарылған адамның,Көңілі – көктем, рухы – жаз.

Алақай, Мәсіх тірілді!Иса Мәсіх – мен сүйген,Құтқарушы Құдайсың.Жер әлемді бір Өзің,Құдіретіңмен құрайсың.

Бәрі Сені мадақтап,Ағаш-талың көктеп тұр.Асқақтатып даңқыңды,Күн де нұрын төкпек бір.

Иса Мәсіх, күндейсің,Жылуыңды шашасың.Сүйдің адам баласын,Көкке есік ашасың.

Құрбан етіп тоқтыдай,Сені Құдай жіберді.Тірілтті де өлімнен,Жалғады үзік күдерді.

154 155

Жеңіп зұлым күнәні,Әкеге жол салдың, Құтқарушы көпір боп,Екі арада қалдың.

Құдіретінен ИсаныңШайтан оңбай сүрінді.Қуаныңдар, алақай,Иса мәңгі тірілді!

Қаһарлы қыс кетіпЖер төсі иіді.«Тірілді Мәсіх!» деп,Тіршілік ұйыды.

Тым жомарт табиғат,Бесігін аялай:«Тірілді Мәсіх!» деп,Нұр төкті аямай.

Мәз болған балаларЖылғаны бойлап жүр.«Тірілді Мәсіх!» деп,Шаттанып ойнап жүр.

Көктемде бұлбұлдарСалатын жыр қандай!«Тірілді Мәсіх!» деп,Қайталап тұрғандай.

Алатаудың артынан,Шұғылалы күн шықты.Ғайып болып қара түн,Бұлтқа кіріп тұншықты.

Тірілді деп Мәсіхті,Бақта құстар сайрауда.Бұл хабарға тай-құлынҚуанысты жайлауда.

Өлім жібін үзді Иса,Балам, Оны мадақта.Бұл таңдағы қуанышты,Жеткіз бүкіл қазаққа!

Тірілді Иса деп,Сиындық бас ұрып.Мұны естіп гүл көктем,Келеді асығып.

Біздерге шашу ғып,Жылылық сыйлайды.Даланы құлпыртып,Мол тарту жинайды.

Көк кілем төсейді,Аңқытып жұпарын.Қарайсың тамсана,Қанбайды құмарың.

Бақта құстар ән салып,Билейді көбелек.Мәсіғім тірілді,Бұдан артық не керек?

Тірілу мейрамыТірілу мейрамын,Тым жақсы көремін.Қуанып бәріне, Ән салып беремін.

Дос, туыс, көршілер,Доғарар тірлігін.«Тірілді Иса!» деп,Құттықтар бір-бірін.

Мадақтап жыр айтсақ,Көкте түн түрілді.Мың рахмет Құдайға,Иса шын тірілді!

156 157

Еңлік САРҚЫТоВАМәсіх тірілді!Аңыз емес, әңгіме емес,Тірілгені Мәсіхтің.Құтқарылу есігі ашық,Кіруге бәрің асыққын.

Мәсіх жасаған ерлікті,Бағалайық, білейік.Шақыруын естиік,Құлақ түріп жүрейік.

Қиналып, жылап жүргенге, Жұбанышын береді.Күтумен өмір сүргенге, Екінші рет келеді.

Күттірмегін, жүрегіңді аш,Босқа өткізбе күніңді.Сенгін айтқан сөздеріне, Ол шынымен тірілді!

Үміт барТым шалғай жерден еліне,Қарлығаш келер оралып.Адамға қарап қуана,Тіл қатар әсте таранып.

Оянып, бәрің қараңдар,Келіпті көктем көксеген.Мәңгіге Мәсіх тірі деп,Сайрады құстар көптеген.

Қуаныш осы – Иеміз,Тіріліп шықты табыттан.Халыққа сыйлап құтқару,Қуантты елді жабыққан.

«Өлімнен қайта тірілді!»Деген ән дала тербепті.

Жуықта Иса келер деп,Бесігін ана тербетті.

«Исамыз мәңгі тірілді!» – Деп жырла, барша бауырым.Үмітің әр кез үзілмей,Сенімде тұрсын қауымым.

Мәсіх тірілдіМәсіх тірілді! Ол тірілді!Қуаныңдар, балалар.Қуаныңдар кәрі-жастар,Қуаныңдар ата-аналар.

Мәсіх тірілді! Ол Тірілді!Естідің бе, кең дала.Мәсіх тірілді! Ол тірілді!Айтам бәріне жар сала.

Мәсіх тірілді! Ол тірілді!Есті, әлем, үнімді.Жауап берді бәрі бірге:Ол шынымен тірілді!

Мәсіх тірілді!1-бала: Күн шығып барады, Нұрландырып даланы. Жер бетіне биіктен, Көзін тігіп қарады.

2-бала: Көбелектер ұшады, Гүлден-гүлге қонады. Тірілген Иса Мәсіхті, Мадақтап ән салады.

3-бала: Құстар да жүр жар салып, Қуаныштан шаттанып. Иса Мәсіх тірілді, Түн түнегі түрілді.

158 159

1-бала: Қуаныңдар, адамдар, Құтқарды Мәсіх бізді.

2-бала: Өлімнің тұзағын, Біржола үзді.

3-бала: Иса Мәсіх тірілді! Қара күш жерге жығылды.

Бәрі: Иса Мәсіх тірілді! Сұм шайтан әбден түңілді!

ҚұтқарылуҚара орман әлі ұйқыда,Өлімнен Мәсіх тірілді.Көктегі тұман сейіліп,Пердесі түннің түрілді.

Қанымен Иса киелі,Тазалайды, жуады.Кешіріп бар күнәні,Жылытар асыл шуағы.

Барлығың бүгін шаттана,Мадақта, елім, Тәңірді.Сапарға алыс аттана,Жар салып қуан бәрің-ді.

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАНық сенемін Иса жайлы әңгімеге,Бала кезден қанықпын.Анамның айтқан сөздерін,Жадымда сақтап қалыппын.

Көз алдымда тұрады,Астауда Оның жатқаны. Жарық жұлдыз арқылы, Ғұламалардың тапқаны.

Ұмытқам жоқ анамның, Әңгімесінің бірін де, Иса Мәсіх туралы, Айтатын күнде іңірде.

Тәж кигізіп басына, Өлімге жанын қиса да, Құтқарылу – мәңгі өмір, Тек қана Мәсіх Исада.

Ұмытқам жоқ анамның, Әңгімесінің бірін де, Өлімді жеңіп, Иса Мәсіх, Мәңгілікке тірілген!

160 161

ЕГІНЖАЙ МЕЙРАМЫ

...жер жер болып тұрған уақытта,

тұқым себу мен орақ ору, аяз бен ыстық, жаз бен қыс,

күн мен түн үздіксіз бола бермек!

Таурат кітабынан Егінжай мейрамы – Құдайдың бізге берген ырыздығына ризашылық білдіру мейрамы.

Егін жинау – барлығының қорытындысын жинақтау.

Рухани мағынада: «Егіндік – осы дүние, жақсы тұқым – Құдай Патшалығының адамдары, ал бидайық – әзәзілдің адамдары. Сол арам шөптің тұқымын шашқан дұшпан-шайтан, орақ кезі – ақыр заман, ал орушылар – періштелер. Арам шөптерді жинап, өртеп жіберетіні сияқты, ақыр заманда да солай болады...»

Інжіл кітабынан

Забур жырынан үзіндіКөз жасын төгіп жүріп еккендер егінінҚуана әндетіп жинамақ өнімін:Олар еңіреп жүріп тұқымдарынСеуіп тастайды егістік жерлеріне,Кейін құшақтап алып астық бауларынҚуана қайтады мекендеріне. Аумин.

Болат ҚЫзЫлБөРіКоВҚуанышты күн бүгін...Қуанышты күн бүгін, қуанышты!Сен сыйладың дәнегін жұбаныштың.Сен көрсеттің мәңгіліктің сара жолын,Жүрегімде Киелі Рух тулап ұшты.

Күз келді қуанышты, мерекелі,Табиғатқа кіргізіп берекені.Аларынан берері көп жомарт күздің,Еңбегінің қарымы қайтпақ бүгін.

Жомарт па едің, жер ана, нәзік пе едің,Табиғатты сурет қып жазып бердің.Айналаға қарасам тамсанамын,Еңбегіңнің жемісін аңғарасың.

Алтын түсті алқапта егістерің,Бал татиды бүгіндер жемістерің.Дәнек еді кеше еккен таңданасың,Жеміс берді жайқалып егістерің.

Аз ектің бе, ойланшы, көп ектің бе?Баптап, күтіп, өссін деп тер төктің бе?Таңғажайып Тәңірдің бұл кереметі,Өлді, өсті, көбейді енді жер бетінде.

Тірі дәнді Ием Иса жерге екті,Өмір дәнін септі де көкке кетті,Теріп ал деп біздерге өсиет етті,Жеміс теру кезеңі бізге жетті.

Күз келді ғой, терейік жемістерді,Жинайық қырманға сап егістерді.Құстар қайтып барады, ойланайық,Айтшы, құстар осыны неге істеді?

Аққу-қаз айдыныңнан тарықтың ба?Күз мәңгілік емес деп қорықтың ба?Қыс қаһары қатты деп хабар келіп,Жұмақ іздеп алыстарға жорттың ба?

162 163

Оянайық, ұйқыны қияйықшы,Жемістерді қамбаға жияйықшы.Бар адамзат анасы Хауа ана ғой,Бәріміз бір қауызға сияйықшы.

Асып-тасып біз бүгін шаттанайық,Күз жемісін теру үшін аттанайық.Тәңір Ием жар болып қуат берсе,Тозақтан адамдарды ап қалайық.

Қуант ұлан еліңді, қуант бүгін,Жылағанға дем беріп жұбат бүгін,Жүрегіңе түскен жарық сәулесімен,Әр жүректі нәр беріп суарт бүгін.

Оят бүгін бесіктегі балаңды!Оят бүгін сусыраған далаңды!Оят бүгін ата-анаңды, қалаңды!Шайтан бүгін ашулы да алаң-ды.

Аштық, індет басып жатыр далаңды,Соғыс, опат басып жатыр қалаңды.Жаман ниет, жезөкше ойлар қаптаған,Сейілт бүгін, тазалағын санаңды.

Аттанайық, бәріміз бүгін аттанайық,Қаһарынан шайтанның сақтанайық.Кеш қалармыз ерінсек, кеңге салсақ,Адамдарды тозақ оттан ап қалайық.

Аттанайық жақсы ойлармен тасыған,Жұбатайық көңілдерді езгіленіп жасыған,Жоғалтқан Адам ата жұмақ кілтін,Мәңгі өмірді бастайықшы басынан.

Тұнып тұр бақшаңызда жемістерің,Жайқалады алқаптарда егістерің,Тәңір берген нәсіпті шашпай-төкпей,Аттанайық, алуға тегіс теріп.

Қымбатсың халқым мағанӘрине, мен қиындық көп көремін,Басымнан талай нәрсе өткеремін.Шыдаймын бәріне де жаным үшін,Өйткені мен күнәні жек көремін.Қымбатсың әрқашан да халқым маған,Тамыр алған өзіңнен жарқын балаң.Өзегінен нәр алып өсіп-өнген,Өзеніңе шомылып салқындаған.

Аққу қаз жинап жатыр балапанын,Ойлайды-ау олар дағы бала қамын.Ұрпағы үшін алыс жолға жиналады,Әнге бөлеп тырналар дала таңын.

Мағынасыз мына өмір тұр екі жүзді,Қуанып қарсы аламыз жомарт күзді.Жеміс-жидек төгіліп бау-бақшада,Жайқалады егін-жай жайнап түзде.

Күз келіп төгіп жатыр жемістерін,Алқапта жайқалады егістерің.Бау-бақша берекелі күйге еніп,Олар да көрсетіп тұр жемістерін.

Орақ алып науқанға барған жақсы,Қыс боларын бір сәт еске алған жақсы.Құдай берген несібені шашпай, төкпей,Дер кезінде қырманға әкеп салған жақсы.

Мағынасын осы өлеңнің баяндайын,Халқым үшін ешнәрседен аянбаймын.Алқаптағы егін-жай біздің ұрпақ,Өсіп-өнген күнәкар шаяндайын.

Сондықтан ол тозаққа бара жатыр,Қыс қаһары Иеміздің заман ақыр,Науқанымыз – Ізгі хабар, Құдай Сөзі,Оның жолы ерекше дара жатыр.

164 165

Ал ендеше бауырлар, аттанайық,Қаһарынан Иеміздің сақтанайық.Жолға шығып таратып Ізгі хабар,Тозақтан осы ұрпақты ап қалайық.

Айтқан сөзін Иеміздің алған жақсы,Бар деген соң науқанға барған жақсы.Өсиетін орындап жатпай-тұрмай,Мәңгі өмірде мәңгілік қалған жақсы.

Күнәңді айтып тәубеге келші, халқым,Тағдырыңды Исаға берші халқым.Шырылдап тозақ отқа түсіп кетпей,Иеміздің соңынан ерші, халқым.

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВА

1-бала: Бүгін егінжай мейрамы бізде, Жемістер уылжып піседі күзде. Басталды қызған науқан түзде, Дәмін тат жемістің шетінен үз де. Кім берді бәрін түсініп, байқаңыз, Тәңірге біз шексіз алғыс айтамыз.

2- бала: Сан түрлі жемістерге сүйсінеміз, Олар бізге Тәңір берген несібеміз Көргенде бақшаларды қойны толған, Құдіретіңді есімізге түсіреміз. Көк жуа, қауын, қарбыз, алма, шие, Тәңірдің сүйіспеншілігіне болдық ие.

3- бала: Бүлдірген, құлпынай, өрік, қарақат, Өзіне тартып көздің жауын алады. Алмұрт, алма, жидек, жүзім тізілген, Тоймайсың, әсте, дәмі ауызда қалады Сарымсақ, сәбіз, картоп пен қызылша, Тоқ болсын деп Тәңірдің берген тағамы.

4- бала: Сары алтындай масақтары бидайдың, Бізге төккен зор рақымы Құдайдың. Диірменге тартсақ астықты ұн болады,

Дастарханымыз түрлі тағамға толады. Адам жоқ шығар, сірә, нанды жемеген, Иса Мәсіх нанды Өз тәніне теңеген.

5- бала: Алқапта өскен мол егісі үшін, Толтырып берген жемісі үшін, Бізге көрсеткен құрметі үшін, Табиғаттай әсем суреті үшін, Жиналып біз қарап тұрмайық, Мадақтап Тәңірді жырлайық.

Күз келді Рақымын Тәңірдің, Еске алып қарасаң.Бір жылдың өзінде,Сан жетпес санасаң.

Қысқы аяз шақтарда,Тоқ болдық, жылытты.Көктемде күш берді,Көп іске шынықтық.

Жаңбырлы жазымен,Жеріміз ылғалды.Жеміске толтырды.Бау-бақша, қырларды.

Күз келді қуанып,Мол өнім жинадық.Есіңе ал Тәңірге,Біздер не сыйладық?

Сен керек алқапты,Дос көре алдың ба?Қуантып Тәңірді,Қанбаға салдың ба?

Жемісің жоқ болса,Кешірім сұрағын.Тексергін жүректі,Көз жасын бұлағын.

166 167

Әділ бол әрқашан,Исадан айрылма.Жүректі аш, Оған,Мойынсын қайрылда.

Ұнатпайды тәкапарды,Момындарды сүйеді.Адал болсаң әрқашан,Қорғап, қолдап жүреді.

Отбасында, сабақта,Жұмысыңда, бар уақта.Сенің жолың болады,Жүрек қуанышқа толады.

Бір жылғы батаны,Берілген өмірге.Еске алып, ойлан да,Алғыс айт Тәңірге.

Тәңірдің сыйыКөзіңді салшы мына гүлге,Қайран қаласың ғажайып түрге.Жасай алмайсың ондай істі,Кім береді оған түсті?Хош иісті кім таратты?Осы кереметті кім жаратты?Айтыңдаршы шын көңілден,Әрине, бәрі Тәңірден!

Қарбызды алып қарайықшы,Аузымызға салайықшы.Таңданарлық дәнді кім сыйлады?Бойына шырынды кім жинады?Табиғаттың күші ме тек,Мен ойлаймын Тәңірден деп.

Міне, қанша жемістер тұр алдыңда,Алмұрт, жүзім, өрік бәрі бар мұнда.Бау-бақшада жемістің жоқ өлшемі,Тәңір берген үлкен сыйдың бөлшегі.

Үйіліп жатқан бақшадағы жемістер,Алқаптағы пісіп тұрған егістер.Үлкен сыйдың бөлшегі болып табылар,Ойыңа келмес қуаныштар тағы бар.Құтқарды Ол бізге тақпай айыпты,Мадақтауға тек Құдай ғана лайықты!

КүзҚызыл, сары көйлекте,Езу тартып күледi.Бұл қай мезгіл екенін,Бәрі айтпай бiледi.

Алмұрт, алма, шиенi,Барлық бала сүйедi.Қызанақ, алма шетiнен,Қызыл көйлек киедi.

Бәрі де тегіс біледі,Күзде ырыс келгенiн.Бақша толы жемiстi,Құдай сыйға бергенiн.

Аяжан МұхтарСары түсСары түсті ұнатам,Рауандаған таң сары.Алтын масақ бидайға,Ауар адам аңсары.Күнбағыс пен күн сары,Бақбақ ашқан гүл сары.Нұрға шомған ай сары,Ірімшік пен май сары.Уайымды да сары дейді,Кейде ол да дәрі дейді.Сары тары түйемін,Сары түсті сүйемін.

168 169

Еңлік САРҚЫТоВА Құдай – ҰлыЖаратушысы бар қаптаған қалың гүлдің,Егістіктегі жайқалған егін керемет ісі Тәңірдің.Аралар ызыңдайды: «Жаратқан қандай мықты!»Кім жаратқанын өздерін бар тіршілік ұқты.

Ұлысың дейді жайқалған гүлдер,Ұлысың дейді жарылған бүрлер.Ұлысың дейді тас пенен таулар,Ұлысың дейді бақша мен баулар.

Табиғат біткен Оны Ұлы дейді,Құдай халқына қосылып.Мадақтайды бәрі бірге, Ұлылыққа бас ұрып.

ТҰРМЫС-САЛТ МЕЙРАМДАРЫ

ШІЛДЕХАНА

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВА Сәби келді дүниеге! Іңгәлаған үніменен жар салып,Тілеуімді тіледі деп барша жұрт,Жаңа өмірдің айқара ашып есігін,Әжелерге тербеттіріп бесігін,Сәби келді дүниеге!

Анасының буындарын босатып,Әкесіне шілдехана жасатып,Сүйіншілеп, ат шаптырып жөнелтіп,Ағайынды қуанышқа кенелтіп,Сәби келді дүниеге!

Атасын да шалындырып, састырып,Немерелі болдым-ау деп тастырып,Тәубе, тәубе, шүкіршілік еткізіп,Мұрагері келгендігін жеткізіп,Сәби келді дүниеге!

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды, Құттықтасып туыстары сабылды.Қуаныштан жанарға жас алғызып,Бар жиғанын бесік тойға салғызып,Сәби келді дүниеге!

Нәрестеге тілекКөп күттіріп келгенде Ысқақ өмірге,Ыбырайым жаудырды алғыс Тәңірге.Ал Самуил болды Ханна баласы,Тәңіріне арнады оны анасы.

Жақып, Жүсіп, Сүлеймендей аталар,Тәңірінен сұрап ізгі бата алар.Құдайы қорғап жүргендігін қалады,Ондай бата бақытты етер баланы.

170 171

Жаратқаннан нәрестеге керегі,Өз көзінің қырын салсын дер едім,Берсін нәсіп ағыл-тегіл молынан.Періштесін қойсын қорғап жолына.Міне, осындай тілек айтқым келеді!

Аяжан мҰХТАРБесік жырыҰйықтайды теңіз де түнде,Аңдар да, балық та, гүл де.Жұма ғой сен де көзіңді,Тәңірім қолдасын өзіңді.

Қайғысыз-қамсыз жата ғой,Тәтті ұйқыға бата ғой.Түсіңде түлкі, жолбарыс,Қоянға етсін қолғабыс.

Тышқандар қуып мысықты,Өткізсін ойын қызықты.Сыйлық сап аю қорапқа,Шақырсын бәрін қонаққа.

Ұйықта, ботам, алтыным,Құлыншағым, жарқыным.Аман болып жүре ғой,Айтқанға құлақ түре ғой.

Ақылды да дана бол,Мейірімді бала бол.Тұнық бол мөлдір судай,Жар болсын саған Құдай.

ТҰСАУ КЕСУ

...түзу жолмен аяқтарыңды нық басып жүріңдер!Інжіл кітабынан

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАТұсауыңды кесейін Ала жібіңді есейін,Тұсауыңды кесейін.Өсіп қалдың құлыным, Тәтті сондай қылығың,

Қаз тұрған қалпыңнан,Тәй-тәй басып кетесің.Буының бекіп, нық басып, Мұратыңа да жетесің.

Тұсауыңды кесейін, Оң жолға бассын аяғың.Сүрініп егер жығылсаң,Тірегің болсын аяулы үн.

Жарақаттап тізеңді егер,Құлап жатсаң жылама.Жерден таяқ жемегендер,Топырақтың иісін ұға ма?

Тұсауың түгел кесілсін,Бұғаудың бәрі шешілсін, Рухың бұғауда болмасын.Жаратушың қолдасын.

“Киелі Құдай былай дейді: Мен, Құдай Иелерің, сендерге пайдалыны үйретіп, түзу жолмен бастап алып жүремін”.

Ишая пайғамбардың кітабынан

172 173

СҮНДЕТ

...адамның сүндеттелуi тәнiнде ғана емес...Інжіл кітабынан

«Менің сенімен және келешек ұрпағыңмен бекіткен осы Келісімімнің ережелерін жүзеге асырып, еркек кіндіктің бәрін де сүндеттеңдер! Сүндет рәсімін орындауларың Менің сендермен жасаған Келісімімнің белгісі болады. Болашақ ұрпақтарыңның әрбір жаңа туған ер баласы туғанына сегіз күн толысымен сүндеттелсін. Бұған әулеттеріңе жатпайтын ер адамдар да кіреді, үйлеріңде дүниеге келген құл-қызметшілерің болсын, не сатып алынғандары болсын, бәрі де сүндеттелуге тиіс. Сонымен үйде туды ма, жоқ әлде құл ретінде сатып алынды ма, барлық еркек атаулы міндетті түрде сүндеттелсін. Менің Келісімімнің сырт белгісі сендердің тәндеріңде мәңгі қалуға тиіс. Әрбір сүндеттелмеген еркек кіндіктіні өз халқынан аластату керек, өйткені ол Менің Келісімімді бұзды».

Таурат кітабынан

Мұнымен қатар, пайғамбарлық жазбалар тәннің ғана сүндеттелуі жеткіліксіз екенін баса айтып, рухани сүндеттелуге, жүректің сүндеттелуіне шақырады.

Көшікбай мАҚҰлБЕКоВЫбырайым өзін, ұлдарын,Сатып алған құлдарын.Еркек кіндік қалмастан,Сүндеттеді ол бәрін.

Сол кезде бәрін сүндеттеп,Сүндетсізді «індет» деп.Құдіретті Құдайым,Қойған еді міндеттеп.

Қатаң ұстап тәртіпті,Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпты.Таңдағанда Құдайым,Сүндет жайлы айтыпты.

Орындалып келісім,Сүндеттеп тәнін, терісін.Жаратылысты оқысаң,Сүндет жайлы бәрі шын.

Сүндеттелген Иса да.Оқысаң одан әрісін.Таурат, Забур, Інжілден,Білесің қалған бар ісін.

Жүректі де сүндетте деген,Құдайдың тағы шарты бар.Осы шартын орындаған,Мәсіхші деген халқы бар.

Сүндеттелген жүрекпен,Жұмаққа кіре аласың.Сүндеттелмесе жүрегің,Мәңгі тозақта қаласың.

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАСүндеттелді мұрагерАқ түйе қарны жарылып,Тағы да бір той басталды.Сүндеттеп ұлын ата-ана,Шақырды туыс-достарды.

Той дастарханы жайылған,Түрлі тағамдар қойылған.Шыққан нағыз жүректен,Айтылып жатыр тілектер.

Сүндеттелген жас баланы,Құттықтаймыз, жарады!Тарихы осынау сүндеттің,Қайдан кеп бастау алады.

174 175

Ыбырам деген пайғамбар,Тоқсан тоғызға келгенде,Қанаханда оған Жаратқан, Былай депті, аян бергенде.

Құдіреті шексіз Құдаймын,Алдымда Менің мінсіз жүр. Ұрпағыңды көбейтем,Саған берер батам бұл.

Ескертем, үрім-бұтағың, Адал болса олар да.Жарылқаймын жер бетін,Бата қонар ғаламға.

Мәңгілік келісім бекітем, Үрім-бұтағыңмен, өзіңмен.Көзіңмен бәрін көрмессің,Көресің бірақ сеніммен.

Сөздеріме құлақ сал:Мына міндетті аласың.Ыбырам емес Ыбырайым,Көптің атасы боласың.

Еркек кіндіктің бірі қалмай,Сүндеттелсін тағы қосарым.Туылып сегіз күн толғанда,Ер балаға сүндет жасағын.

Жерге бас ұрып ғибадат етті,Ыбырам Жаратушы Тәңіріне. Құлыңмын деді құлдық ұрып, Келісіп айтқан әміріне.

Сүндет рәсімінен өткізді, Екі етпей Жаратқанның жарлығын.Өзінен бастап ер адамдарды:Құлын, кірмесін – барлығын.

Ежелден осы өсиет, Дәстүр болып қалыпты.Исаны да сегізінші күні сүндеттеп, Ғибадатханаға алып барыпты.

Шимон деген қарт пайғамбар,Құтқарушым деп Исаны таныпты.Осы жайлы шертілетін шежіре,Ертегі емес екендігі анық-ты.

Ал Інжілде сүндет жайлы,Тағы әңгіме қозғайды.Жүрегіңді сүндетте деп,Әлемге үндеу жолдайды.

Назар салып келісімге тереңнен,Жүректі де сүндеттеуді ойлайық.Құлақ аспай Жаратқанның Сөзіне,Қасарысып, жолда қалып қоймайық.

Құтты болсын, сүндет тойы, халайық!Ыбырайымдай Құдай тілін алайық.Жүректерге сүндет мөрі қойылып,Жаратқанның жұмағына барайық.

Ата-анаңа сүйеніш болМіне, енді нағыз жігіт аталдың!Туған-туыс, үлкендерден бата алдың.Алға қарай батыл қадам баса бер,Биік-биік асулардан аса бер.

Жақыптай бол бағалаған батаны,Жүсіптей бол кешірімді, ақылды.Дәуіттей бол ел қорғаған жауынгер.Сүйе білер үлкен-кіші, жақынды.

Мұсадайын ел бастаған көсем бол,Сүлеймендей кеңес айтар шешен бол.Сынақтарда Әйүптейін берік бол,Ата-анаңа сүйеніш бол, серік бол.

176 177

ТУҒАН КҮНДЕР

Жас атаулары:0-1 – шақалақ, нәресте1-2 – қыз – бөпе, ұл – бөбек2-3 – бүлдіршін3-5 – балдырған6-7 – сәби8-12 – ойын баласы13-15 – ересек бала (сығыр)16-19 – бозбала, бойжеткен20-30 – хас жігіт30-40 – дүр жігіт40-50 – ер жігіт50-60 – жігіт ағасы60-70 – қарасақал70-80 – ақсақал80 – шал, қарт, қария.

Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВААтаОтбасында атаның,Орны бөлек әрине.Тарих және мұра ғой,Жазулы тұрған әр үйде.

Жүрегінде сақтаулы,Жатыр үлкен сыр сандық.Тыңдай білер құлаққа,Рухани жыр сандық.

Уақыт бөлу қиындау,Мына өмірде қайнаған.Немереге жоқ шығар,Атасынан жәйлі адам.

Қас-қабағын байқайды,Уақыт та жетеді.Ата менен немере,Өзінше әрекет етеді.

Сондықтан да аталар,Аман-сау болсын лайым.Тәңірімнен қашан да,Денсаулығын сұраймын.

Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптай,Таймасын сенім жолынан.Ұрпағына тиіп шарапаты,Баталар жаусын молынан.

ӘжеӘже деген қашанда,Немере қамын ойлайды.Ботақаным деп айналып,Қызығына тоймайды.

Дәмдісі мен тәттісін,Өзі жемей сақтайды.Барлығынан қорғаштап,Немересін жақтайды.

Немере қуаныш, қызығы,Немере тентек, бұзығы.Қылықтарына күледі,Тілегін орындап жүреді.

Әже үйдегі береке,Айта жүрер тәлімін.Тілеуін тілеп отырар,Бала-шағаның бәрінің.

Немерелер құлшына,Тәңір сөзін жаттасын.Әуникедей бар әже,Қызметке баптасын.

178 179

ӘкемеАрқа сүйер әкешім,Асқар таудай биіксің.Бұл өмірден көп нәрсе,Көңіліңе түйіпсің.

Қиындыққа мойымай,Биік қойдың намысты.Араздарды тату ғып,Жақын қылдың алысты.

Еңбектен еш талмайсың,Күпірлікке бармайсың,Шүкірлік етіп жүресің,Адал өмір сүресің.

Еңбек етіп, тер төгіп, Тырысса да бар адам,Жаратқанның алдында, Құр алақан әр адам.

Құр алақан тұрғандар,Бақытты екен алайда.Құдай сізді сүйеді,Жарылқайды қалайда.

Әке, туған күніңде,Жарқыраңыз, күліңіз.Құтқарылу Исада,Соны нақты біліңіз.

АнағаАнашым, менің анашым,Сүйетін сендей баласын.Жан бар ма екен өмірде,Қамқоршысың, панасың.

Анашым, менің анашым,Кім бар сендей жанашыр.Жан жүрегіне сыйдырар,Бар қылығымен баласын.

Анашым, менің анашым,Шын сүйетін баласын.Сендей жан жоқ өмірде,Ерекшесің, дарасың.

Ханнадай мені Тәңірге,Бағыштаған шығарсың.Жаратқанның алдында,Уәдеңе берік тұрарсың.

Лойдадай Тәңір сөзін,Көкейге құйып берерсің.Қызмет етсем Иемізге,Қызығын бірге көрерсің.

Қуанта білсем өзіңді,Мен бақытты баламын.Орындалсын өмірде,Бар арманы ананың.

АғаЕстер халқы үшін жасады батыл қадамды,Өмірден табу оңай емес,Ақылына көркі сай,Аға тілін алатын,Жақсы қарындас, жаны адал адамды.

Көріктімін деп масайрап тағы кетпеді,Әйелімін патшаның,Таңдалмай қалған Қыздар жолда қанша мың Деп, желігіп, әдептен аттап өтпеді.

Халқының зарын жеткізер кезде патшаға,Үш күн, үш түн,Ораза тұтты,Мінажат етті тағы даОраза тұт деп бұйрық берді баршаға.

Ораза мен дұғаның дәмін татқан жасынан,

180 181

Ағасының тәрбиесі,Өнегесі, үлгісі,Жолды дұрыс таңдады,Шешуші кезең келген кезде тосыннан.

Асқар таудай ағалар болса расында, Жүгіңді бірге көтерер,Дұрыс жолға жетелер,Қамқоршы болып мәпелер,Ағалар жүрсе арқа сүйер қасыңда.

Мардохайдай болсыншы барлық ағалар,Бағыт берген өмірде,Жақсыны түйген көңілге,Қастерлеген Тәңірін,Даналықпен дұрыс жолды саралар.

ІніОтбасы қысыл-таяңда, Жүсіпке күні қарады.Сыйлай білді әкесін,Үлкен-кіші, ағаны.

Әкесінің ұлы сүйікті,Ала білді биікті.Енжарлыққа бармады,Жаратушысы қолдады.

Кіші болып інілікпен,Жұмсаған жаққа жүгірді.Тілалғыштығы бата боп,Қолжетпес мұра бұйырды.

Кек сақтауды білмеді,Тек бірлік еді үндеуі.Пейіліне қарай Тәңірі,Баталы қылды өмірін.

Жеңіс оңай келмеді,Өмірде не көрмеді.Адалдықты серік қып,Биікке қарай өрледі.

Биікке қолы жетсе де,Кішілігінен танбады.Әкесін, туған-туысын,Малшы деп намыстанбады.

Ағаларының бола білді інісі,Бәрінің де қамқоршысы, тынысы.Бөтен елде хан сарайын басқарып,Өз елінің болды құты, ырысы.

Інілердің бәрі болсын осындай,Биіктесе көрсетпесін тосын жәй. Кіші болсын, кісі болсын қашанда,Бар адамды көрсін жақын досындай.

ЕнеҚайынененің топырағынан дейді кейде келінді,Неде оның себебі?Неге олай айтылған?Қайыненеге ұқсата ма келінді, Осы сөзге халықта, неліктен мән берілді.

Қайынененің топырағынан деген сөздің себебі,Анасының бойындағы Жақын болған жанына,Қылығын ба, жылуын ба көреді,Жігіт сонда қалыңдығын тапқанына сенеді.

Қайынененің топырағынан болса егер келіндер,Жақсы келін алу үшін, Жақсы ана болу керекШығар деп мен қаламын,Тапсын десем балам дағы өзіне жарды берілген.

Оған куә Сара мен Ыбырайымның отбасы,Сара Ыбырайымды,Қожайыным деп атады.Жүр деген жағына барды,Мойынсұнып еріне, өзіне мол бата алды.

182 183

Көріп өсті Ысқақ осы жақсы үлгіні, сабақты,Өмірінде пайдаланды,Қажетіне жаратты,Көрген кезде Рабиғаны Сараның Шатырына кіргізіп, сөзге келмей қалапты.

Нағима да Руттай адал келіннің болды енесі,Бөтен елде ұлдарын жерлеп,Өз еліне қайтқанда,Еліңде қал деп келініне айтқанда,Қалмай еріп келді, ауыр жүгін демесіп.

Жақсы келін келсін десең үйіңе,Үлгі болып жүрейік,Нағима мен Сарадай,Ене бола білейік,Қарайсың сонда келініңе сүйіне.

НағашыҮш жұртыңның біреуі,Нағашы жұрт болады. Жиендері қашанда,Ең қымбатты қонағы.

Жиендеріне тиіссе,«Қалтырайды» қолдары.Көңілдерін қалдырса,Болмаған дейді жолдары.

Пайғамбарлардан қарасақ,Нағашы қалай жасады.Нағашысы Лабан Жақыпты,Бауырына басады.

Нағашы жұрттан жар сүйді,Болды бала-шағалы.Еншісіне берілген,Қаптады малы даланы.

Жалғыз таяқпен келеді,Нағашы барын береді.

Басына бақ қонады,Өрісі малға толады.

Нағашы деген қашанда,Қошеметтеген жиенді.Іс түссе жиен басына, Нағашыларға сүйенді.

ЖиенЖиен ел болмайды,Желке ас болмайды.Жиен неге ел болмайды жайлы болса,Желке неге ас болмайды майлы болса.

Лабанның Жақып жиені,Нағашысына келеді.Жайлы болды мінезі,Малын бағып береді.

Қарасып мал-жанына,Қасында жүрді табыла.Еңбектен еш талмады,Нағашыға масыл болмады.

Бата қонып Лабанға,Өрісі малға толады.Еңбегі жанып Жақып та,Молынан жарылқанады.

Аяжан мҰҚТАРЖиенгеЕл емес, не жау емес,Дейді қазақ жиенді.Сұрайды деп қорқады,Жалғыз ат пен түйемді.

Қалауыңды ала ғой,Аямайын өзіңнен.Жанымызды баурайсың,Балдай тәтті сөзіңмен.

184 185

Айналайын, жиенім,Самуилдей бала бол.Құдай сөзін тыңдайтын,Ақылды да дана бол.

Балама Айналайын қарағым,Көзімнің қарашығы, жанарым,Саған айтар тілегім: Атаның ізін жалғағын. Өмір деген теңізден,«Алтын балық» ілсін қармағың.Орындалсын арманың,Өміріңде саған нағыз керегі,Жаратқанды қастерлеп жүр дер едім.Бар жағдайда мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.

Ағама Барын жайып алдыға,Аңқылдаған ағажан.Алмас қылыш секілді,Жарқылдаған ағажан.

Қамын ойлап туыстың,Уайымдап жүресіз.Татулықтың, бірліктің,Қадірін жақсы білесіз.

Бала-шаға, жеңгейменАрмандарға жетіңіз.Мойынсұнып Құдайға, Шүкіршілік етіңіз.

Інішек Інішегім, құлыншағым,Желбіреген тұлымшағы.Азамат бол айбынды,Сүріншегім, ұрыншағым.Асулардан өте ғой,

Арманыңа жете ғой.Мойынсұнып Құдайға,Адал қызмет ете ғой.

ҚарындасымТал шыбықтай қарындасым,Ісің алға арындасын.Ағалаған сөзіңменен,Ұмытылмай жанымдасың.

Бүгін туған күніңдеГүлдей жанап, күлімде.Жақсылыққа құмар бол,Жаманатқа ілінбе.

Биік болсын арманың,Құдай Ие – қорғаның.Сеніміңе берік бол,Жығылсаң да орға мың.

Рут, Естерлер сияқты,Адал қыз бол ұятты.Көреген бол, зерек бол,Жақсы істерге себеп бол.

Ұзақ болсын жасың да,Дос боп кетсін қасың да.«Бес балықтай» көбейсін,Ішіп-жеген асың да.

Көктегі үйге апарар,Адамдарға саты бол.Иса Мәсіх Иеңнің,Жерде жүрген хаты бол.

ҚұрбымаҚұрбым, бүгін туған күнің арайлы,Бәрі саған қуаныса қарайды.Қуаласпақ ойнап жүрген қыз едік,Ана болдың ақ маңдайлы, самайлы.

186 187

Талай-талай шер тарқатып, сырластық,Белестерді артқа тастап қырды астық.Жүгімізді көтерістік біріміздің-біріміз, Бірге өтті осылайша жиі біздің күніміз.

Енді, құрбым, ана болдың аяулы,Отбасыңмен өмір сүрдің баянды.Шын бақытты болғың келсе өмірде,Құтқарылар күнің бүгін таянды.

Тәни тудың, рухани да туылғын, Иса Иенің пәк қанымен жуынғын.Көкте де енді датархандас болайық,Мәңгілікке дос боп, құрбым, қалайық.

ҚұрдасқаЗымыран ғой бұл уақыт,Аға боппыз екеуміз.Артымызға қарасақ,Күрең тартқан екенбіз.

Құрдас, осы екеуміз,Айырылмас достар ек.Құлаш сермеп биікке,Талай істі бастап ек.

Бірақ, досым, екеуміз,Бір нәрсені білмеппіз.Құдай жайлы айтқанда,Құлаққа да ілмеппіз.

Тәңірменен екен-ау,Бұл өмірдің бар мәні.Құтқарылса дүйім жұрт –Сол досыңның арманы.

Туған күнің бүгінгі,Құтты болсын, құрдасым.Шірімейтін байлық жи,Иса болсын сырласың.

Құда-құдағиғаҚұдай қосқан құдамыз,Сыйласып-ақ тұрамыз.Тәңірден не тілесең,Қабыл болсын дұғаңыз.

Аман болып шаңырақ,Немерелер көбейсін.Көсегеңіз көгеріп,Керегеңіз кеңейсін.

Құда деген мың жылдық,Дейді халық ән қылып.Құтқарылсаң құда боп,Отырар ек мәңгілік.

БөлегеБөлем үшін өлем деп,Қазақ бекер айтпайды.Нағыз бөле бір-бірін,Жауға тастап қайтпайды.

Сондай бөле сен едің,Адалдығын танытқан.Тыңдай білер өзгені,Жақсы сөзге қаныққан.

Бүгін туған күніңе,Ізгі тілек тіледім.Жаратушы Тәңірім,Өзі болсын тірегің.

ЖеңгегеСу орнына сүт берген,Мейірімді жеңешем.Ұмытпаймын ешқашан,Пейіліңді, жеңешем.

Серік болып ағама,Тіреу болған жеңешем.

188 189

Көп ішінен бөлініп,Біреу болған жеңешем.

Бүгін туған күніңіз,Айдай сұлу жеңеше.Күн де артық болмайды,Өзіңізге теңесе.

Аз ба, көп пе, мінеки,Біразға келді жасыңыз.Көп күттірмей Исаға,Жүрегіңізді ашыңыз.

СіңілігеБір анадан сүт емген,Соңымнан ерген сіңілім.Өрісі бол әрдайым,Әке, бауыр, інінің.

Жарыңды аса қадірле,Пікірімен санасып.Қайын іні, сіңлінің,Көңілін тап, қарасып.

Ханнадайын ана бол,Тапсыр бәрін Құдайға.Бала-шаға қамы үшін,Мінажат ет ұдайы.

Бүгін туған күніңде,Жарылқасын Құдайым.Жүрегіңнің аңсауы,Орындалсын лайым.

Қайын інігеЖігіт деген қалайша,Таза жолмен жүреді?Жақсы жігіт мұндайды,Айтқызбай-ақ біледі.

Таза жолды тілейін,Ерке қайын ініме.Тағы да не айтайын,Бүгін туған күніңе.

Күнәні жең, батырым,Мықты болсаң көрейін.Ақ батаға кенеліп,Таси берсін мерейің.

КөршігеКөрші деген жай атымыз,Ағайын боп қалыппыз.Жатырқамай құшақ жаяр,Қазақ – жайсаң халықпыз.

Бала-шаға бір ойнап,Ауылымыз аралас.Мал-жанымыз бір төлдеп,Қой-қозымыз қоралас.

Бүгін туған күнім деп,Шақырыпсың үйіңе.Дос-жараның құрметтеп,Қарасын саған сүйіне.

Берік болып босағаң,Бейбітшілік орнасын.Жаратқаның жар болып,Жамандықтан қорғасын.

Рухани бауырласқа Тар жолды таңдаған,Рухани бауырмыз.Ақымақ дейді жұрт,Ал біздер тәуірміз.

Құдайға бас иіп,Сиынып келеміз.Шірімес асылға, Айналар денеміз.

190 191

Сынақта сыналып,Бір жығылып, бір тұрдық.Алдағы жоспарды,Кеңесіп бір құрдық.

Жолы бір бауырлас,Туыпсыз дәл бүгін.Тілегін қабыл ал,Мәсіхші аулының.

Мәуелі ағаштай, Мол болсын жемісің.Арамшөп қаптамай,Жайнасын егісің.

Садағың, қылышың,Қалқаның сай болсын.Рухани дүниең,Молайып бай болсын.

Адасқан ұл едің,Әкеңмен қауыштың.Қол жайып дұға қып,Мұңыңды тауыстың.

Сол Әкең қарсы алсын,Көктегі үйіңде.Той жасап шаттансын,Жар салып дүйімге.

ҚОНЫС ТОЙДаналықпен үй салынар, парасатпен берік болар

Нақыл сөздер 24:3

Аяжан мҰХТАРҚоныстарың ырысты болсын,Бастарыңа бақыт жұғысты болсын.Қораң төрт түлік малға толсын,Дастарханың нанға толсын.

Жиғаның берекелі болсын,Әр күнің мерекелі болсын.Көршілерің ағайындай болсын,Пана болар тоғайыңдай болсын.

Ұрпағың өсіп-өніп, көбейсін,Керегелерің кеңейсін.Жаратқан Ие қолдасын,Еш жамандық болмасын!

Жақсылық болып қашанда,Батамен елің көктесін.Төріңнен қонақ кетпесін,Қазаның оттан түспесін.

Құдайы қонақ қашанда,Мейман болмай қайтпаған. Қонақпен бірге құт келер,Қазақ бекер айтпаған!

Арғы атамыз Ыбырайым,Қонақ күтіп қуанған.Тәңір оны жарылқап,Ұлды болып жұбанған.

Лұт та осы үлгімен,Кісі келсе сыйлаған.Періште боп «қонағы»,Көкке байлық жинаған.

192 193

Сіздердің де үйіңіз,Арылмасын қонақтан.Ізгі хабар айтылып,Құтқарылсын тозақтан.

Құдай Өзі жарылқап,Отбасыңды қолдасын.Жаңа қоныс құт болып,Періштелер қорғасын!

БАТА

Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар Нақыл сөздер 10:22

Құдайға мойынсұнғандарға арналған он екі батаҚұдайларың Жаратқан Иенің айтқандарын тыңдайтын болсаңдар, мына жарылқаулардың барлығы сендерге қонып, сендердікі болады: Ол сендерді жер бетіндегі барлық халықтардан жоғары қояды. Қалада да, далада да жарылқаулы боласыңдар. Сендердің ұл-қыздарың, жерлеріңнің өнімдері, малдарыңның төлдері: табындағы бұзауларың мен отардағы қозы-лақтарың жарылқаулы болады. Өнім жинайтын себеттерің мен қамыр ашытатын ыдыстарың да жарылқанады. Келіп-кету жолдарың да жарылқаулы болады. Жауларың сендерге қарсы көтерілсе, Жаратқан Ие оларды көз алдарыңда тізе бүктіреді. Олар сендерге қарсы бір жолмен аттанса, жеті жолмен кері қашады. Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе беріп жатқан елінде сендерді жарылқап, қамбаларыңа және қолға алған барлық іс-әрекеттеріңе ақ батасын жаудырады. Егер де Құдайларың Жаратқан Иенің өсиеттерін сақтап, Оның тура жолымен жүретін болсаңдар, онда Жаратқан Ие ант еткеніндей, сендерді Өзіне бағышталған қасиетті халқы етіп бекітеді. Сонда жер бетіндегі күллі халықтар Жаратқан Иенің атымен аталғандарыңды көріп, сендерді қастерлеп, сендерден қаймығатын болады. Жаратқан Ие ата-бабаларыңа сендерге табыстауға ант еткен елінде әр түрлі игіліктерді молынан сыйламақ: сендердің ұл-қыздарыңа, малдарыңның төлдеріне, жеріңнің өніміне Ол ағыл-тегіл молшылық дарытады. Жаратқан Ие Өзінің «игілікті қазынасын», яғни «аспанның қақпаларын», ашып, еліңе мезгілінде жаңбыр жаудырып, қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді

194 195

жарылқайтын болады. Сендер көп халықтарға қарыз беріп, өздерің ешқайсысынан қарыз алмайсыңдар. Егер де Құдай Иелеріңнің өсиеттеріне құлақ асып, оларды сақтап орындайтын болсаңдар, онда Жаратқан Ие сендерді көштің аяғы емес, басы етеді. Сендер төменде емес, тек жоғарыда жүретін боласыңдар.

Таурат кітабынан

Діни қызметкерлердің ақ батасыЖаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін,Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін,Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін!

«Осылайша Һарон мен оның ұлдары халқыма Менің есімімді атап бата бергенде, Мен Өзім оларды жарылқайтын боламын» – деді Жаратқан Ие Мұса пайғамбарға.

Дәуіттің жыры Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын,Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын,Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін,Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін,Өртелген құрбандығыңа да риза болсын.Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін,Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз,Құдайымыздың атынан ту көтереміз,Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.

Сапар бата Қорғаушың — Жаратқан Ие,Қасыңда Ол саяң болып жүреді,

Күндіз күннің, түнде айдыңТимесін деп сәулелері.

Жамандықтың барлығынанЖаратқан Ие сені сақтайды,Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.Бүгіннен бастап мәңгі бақиИеміз қорғайтын боладыБарып-келу сапарыңды».

Айман ҚЫзЫлБөРіКоВАӘкенің батасыӘке туралы ойласам,Жақып есіме түседі. Бата берген көреген,Ерекше бір кісі еді.

Үлкен еді отбасы,Он екі ру тараған.Әр балаға мән беріп,Жеке дара қараған.

Бір әкеден болса да,Мінез-құлық әр бөлек.Әрқайсына айтылар,Ақыл керек, жөн керек.

Бір ғажабы Жақыптың,Асықпады, саспады.Бағыт берді балаға,Айыбын бетке баспады.

Жасы ұлғайған шағында,Отырды әкелік тағына.Жиып барлық ұлдарын,Айтты түйген сырларын.

Өмірден өтер кезінде.Алдырмастан сезімге.

196 197

Ойға алып атасын,Берді әкелік батасын.

Жақсы, жаман істері,Әлсіздігі, күштері.Ескерілді әріден,Қылықтары, бәрі де.

Ой елегінен өткізіп, Әрқайсының жолдарын.Даналықпен бата берді,Көкке жайып қолдарын.

Бата беру ежелден,Бар емес пе салтында.Әділ болды шешімі,Жаратқанның алдында.

Жақыптың ұлдарына бата беріп, келер ұрпақтарының тағдырларын болжауы

Жақыптың ұлдары, жиналыңдар, Әкелерің Исраилге құлақ салыңдар!

Рубен, сен тұңғышымсың, менің күшімсің, Һәм күш-қуатымның алғашқы белгісісің! Сен құрметтеліп, билік жүргізуге лайықсың, Бірақ тасыған судай шектен тыс астың: Сен әкеңнің төсегін аттап, арамдадың, Содан тұңғыштық жолыңнан айырылдың! Ағайынды жігіттер Шимон және Леуі: Кісі өлтіргіш қарулар — семсерлері. Ақыл-кеңестеріне ортақтығым жоқ, Қабылдаған шешімдеріне де қатысым жоқ! Олар ашуға беріліп, құртты адамның көзін, Қызық үшін бұқаның кесті тілерсегін. Сол екеуінің жауыз ашу-ызасын Қарғыс атсын һәм рақымсыз қаһарын! Сендерді Исраилдің ішіне бытыратамын, Жақыптың халқының арасына таратамын.

Яһуда, сені бауырларың мадақтайды! Қолың жауыңның желкесінен түспейді, Әкеңнің ұлдары саған бас иеді. Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың! Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың: Ол еркек арыстан құсап қомданады, Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады; Оны мазалауға кімнің батылы барады? Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды, Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды, Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында, Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! Яһуда есегін мықты жүзім бұтасына, Қодығын байлап қояды жүзім сабағына. Ол өз шапанын жүзім шарабына,

198 199

Киімін жуатын болады жүзім шырынына. Көзінің түсі шараптан жылтырақ, Тістері сүттен де аппақ болмақ. Забулон теңіздің жағалауындағы Кеме тоқтайтын аймақта тұрады, Шекарасы Сидонға дейін созылады. Исашар мықты есектей болады, Екі қоржынның арасына орнығады. Ол дем алуды қатты ұнатады, Өз жерінің ұнамды екенін байқап, Иығын жүк артуға ыңғайлап, Басыбайлы қызметшіге айналады. Дан Исраилдің бір руы болады, Халқына төрелік айтады. Дан жол жиегіндегі жылан тәрізді, Жолда жатқан сұр жылан секілді, Ол атты өкшесінен шаққанда Соған мінген құлайды артқа. О, Жаратқан Ие, бар пәледен Құтқаруыңды зарыға күтемін мен! Тонаушылар тобы шабуылдап Ғадты ығыстырады, Бірақ ол барлық жауларын да өкшелеп тықсырады. Ашир азық-түлікке лайым бай болады, Ол патшаға лайықты дәмді тағам шығарады. Нафталим жедел жүрісті елік секілді, Ол, сондай-ақ, сүйкімді сөздердің иесі. Жүсіп — мол жеміс беретін жүзім бұтасы, Ол бұлақ басында өсіп-өніп тұрады, Сабақтары дуалдан асып шығады. Дұшпандары ызаландырып шабуыл жасады, Оқ атқан садақшылардай қастық жасады. Бірақ үнемі керулі оның садағы, Керемет епті қарулы қолдары.

Оны Жақып сиынған құдіретті Құдайы — Исраилді қолдап жүретін Бағушысы Әрі жылжымас Жартасы қорғайды. Иә, әкеңнің Құдайы өзіңді қолдайды! Құдіреті шексіз Құдай сені аспаннан Бар жақсылықтармен жарылқасын әрқашан! Шыңырау бұлақтарын молынан ағызсын, Сәби мен төлді көп қып, аққа тойғызсын! Лайым әкеңнің берген осы баталары Атам заманнан тұрған таулардан, Көне қырлардан үміт еткен баталардан Әлдеқайда асып түсе берсін! Бұл баталарым төбесіне Жүсіптің — Бауырларының ішінен таңдаулының Басына әрдайым қона берсін! Бунямин жыртқыш қасқырға ұқсайды: Таң ата аулаған аңын жалмайды, Кешкісін де олжасын бөлісіп тояды. Осылайша Жақып он екі ұлының бәріне сөзін арнап, әрқайсысына өзіне сай келетін ерекше батасын берді.

Ақ бата Еліңнің қамын ойла деп, Бауырыңды жаудан қорға деп, Бассын ісің оңға деп, Шайтанның құлы болма деп, Бабаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата.

Құдайдан бата қонсын деп, Ғұмырың ұзақ болсын деп, Өрісің малға толсын деп, Жуадай жауың солсын деп, Атаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата.

200 201

Рахатың көрер алда деп, Мәңгіліктен қалма деп, Бетінен жанның алма деп, Жарыңа жара салма деп, Әкең берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата.

Су сұраса сүт берген, Нан сұраса бал берген, Түн ұйқысын төрт бөлген, Сен үшін тілек тілеген, Анаң берген ақ бата, Басыңа қонсын бақ бата.

Құдайсыз күнің құрысын, Өзіңе өзің ұрысың, Құдайсыз мына жалғанда Қашады сенің ырысың, Құдай берсе ақ бата, Басыңа қонар бақ бата.

БАЛАЛАРҒА

Аяжан мҰХТАРӘділ бол, балам, әр кездеҚайғырма жолың тар кезде.Сенім арт Құдай Иеңе,Ол – сенің панаң сүйенер.Мінсіз жүр Тәңір алдында,Игі істен еш тартынба.Жауыңды да сүй, ұлым,Көңілге бәрін түй, ұлым.Исадан үлгі ал, қызым,Әділ боп мәңгі қал, қызым.Жолменен түзу жүріңдер,Киелі өмір сүріңдер!

Кім қалай үйретеді?Ақыл айтты тышқан ана, Кіп-кішкентай қызына:Айналайын, құндызым,Аспандағы жұлдызым.Айтқанымды тыңдай ғой,Үлкендерді сыйлай ғой.Іннен шықпа, қызық деп,Аңдып жүрген мысық көп. Еркелеген анасына,Мысық айтты баласына:Итті көрсең, бұғып қал, Тал басына шығып ал.Қатты жүгір қашқанда,Ешкімнен де жасқанба. Айналайын мұртыңнан, Түріңнен сол бұртиған.

Айжан менен Асанға, Мамалары қашанда, Жаймен ғана ақырын, Үйрететін ақылын:«Үлкендерге «сіз» деңдер,Кішілерге тиіспеңдер.

202 203

Сыйлаған ата-анасын,Құдайдың көрер батасын!»

ҚұмырсқаКелді де Аян өзенге,Отырды жайлап көгенге.Жан-жағына қараса,Табиғат ғажап, тамаша!

Шегіртке қонды гүліне,Құмырсқа тартты үйіне.Ол – керемет құрылысшы,Агроном әрі жұмысшы.

Күзетші де, тыңшы да,Еңбек етер құлшына.Бір бас алмай қызметтен,Сүйеді Тәңірін құрметпен.

Біз де сондай болайық,Жалқаулықты қояйық.«Еңбек етсең ерінбей,Тояды қарның тіленбей». ГүлдерЖиям да гүлдерді,Аспанға қараймын. Жұлдызды түндегі,Гүлдерге балаймын.

Жұлдыздар сан түрлі,Ағылып кеткендей,Гүл болып әр түрлі,Жерге ол жеткендей.

Аспаннан жел үрлеп,Жұлдызды сепкендей.Бәрі оны көрсін деп,Бағыма еккендей.

Мөп-мөлдір жауыннан, Қанша гүл көктейді.Айтуға барлығын,Сөздерім жетпейді.

Кім жасаған?Мұз болып жағасы,Мөлдір су ағады.Білмеймін қайда олАсығып барады?

Алтындай жапырақ,Жолымда жатыр-ақ.Не деген ғажайып,Тамаша атырап!

Теңіз бен аспанды,Қаншама тастардыЖаратқан кім екен,Құрып бір жоспарды?

Құстарды қанатты,Қалайша жаратты?Не үшін күн маған, Күлімдеп қарап тұр?

Қылығы қызықты,Жаратты мысықты.Ойнасын деп оған,Қосыпты күшікті.

Ай неге аспанда,Бәріміз жатқанда,Тербеліп тұрады,Ғайып таң атқанда?

Мамамды да, сені де,Әкемді де, мені де,Құдай екен жаратқан,Керек ол деп еліне!

204 205

Иса жолын қуамынОйын қуып безбе,Сиын жатар кезде.Дейді әкем қашанда,Кіп-кішкентай болсам да.

Күндіз де, түнде де,Сиынам күнде мен.Таңда ерте тұрамын,Иса жолын қуамын.

Құдайға сиынам,Қол жайып аспанға, Сиынам ұдайы, Әр істі бастарда.

Көмек қып анама,Қараймын балаға.Жақсыдан үйренем,Жаманнан жиренем.

Жүректің қалауын,Тек Құдай береді.Кішкентай Исаға,Ұқсағым келеді.

АтжалманАтжалман деген кеміргішті,Сыйлады маған бір күні.Ұнатпас ондай жеміргішті, Қылығы бірақ күлкілі.

Арпа, сұлы, бидайды, Қыша, бұршақ, тарыны,Шаршамай күнде жинайды,Қанағат тұтпай арыны.

Менікі дейді түгелін,Жолатпай бізді қасына.Қылығын көріп күлемін,Үйрене алмай досыма.

Дегені бар ма әкемнің:«Былайша жауап берейін:Сенің де, балам, бойыңнан,Атжалман ісін көремін.

Ойыншық көрсең жасырып,Ініңнен күнде тығасың.Айлаңды әбден асырып,Өзімшіл болып тұрасың.

Ұнатпас Құдай сараңды,Есіңде мұны сақтағын.Тышқанмен екі араңды,Салыстыр дағы, ұқ бәрін».

Құлағым салдым үніне,Атжалман сынды болмайын.Кішкентайлардың көңілін,Ойыншық беріп аулайын.

Құдай – сүйіспеншілікЕрбол деген менің тентек бар інім,Істерінен әбден шаршап, қажыдым.Әдемілеп үй құрап ем тындырып,Күл-талқанын шығарыпты сындырып.

Мәшиненің дөңгелегін құртыпты,Сөредегі кітаптарды жыртыпты.Өзіне де сол еді деп керегі,Сабасына бір түсіргім кеп еді.

Иса Сөзі келіп лезде ойыма,Мейірім нұры тарай кетті бойыма.«Өзгелерді сүйіңдер» деп үйреткен,Иса сөзін балалары үлгі еткен.

Сөз емес-ау, үйді тағы қалаймыз,Кеше жыртқан добыңды да жамаймыз.Інішегім, ренжітпеймін мен сені,Қолыңды бер, ойнатайын, кел, сені.

206 207

ДосТөртінші қабатта,Тұрады Қанат та. Екеуміз достармыз,Игі іске бастармыз.

Мектепке барамыз,Тек бестік аламыз.Ұқсайды түріміз,Айрылмас жұбымыз.

Біздерге қарайды,Егізге балайды. Үзілмей арамыз,Дос болып қаламыз.

Кенет Қанат ауырып,Кете алмады сауығып.Уайымдадым досымды,Іше алмадым асымды.

Ұстап едім қолыма,Қуанбадым добыма.Мектебіме барғанда,Босап тұрды партам да.

Тізе бүгіп, иілдім,Досым үшін сиындым.Дертінен тез арылсын,Құлан-таза жазылсын.

Кеңес Балаларын шақырып, Айтты әке ақылын: “Ашыққанда дұшпаның, Есте мұны ұстағын:

Жауыңды жақсы көре ғой, Шөлдесе сусын бере ғой. Жетеді ас қасыңа да, Жақсы көрер досыңа да.

Тас атқанды аспен ат, Татулассын қас пен жат. Болсын бәрі досыңдай, Мәсіхтің заңы осындай”.

ДостарАямастан Саматты,Болат ұрып, қарап тұр. Өш алар деп састы ма, Бетін қолмен басты да.

Бірақ Самат ұрмады,Орнынан да тұрмады.Ақыл айтты былай тек:“Кешір деген Құдай” деп.

“Қолың үшін жұмсаған,Ренжімеймін мен саған. Өкпелемей соған да, Дос болайық онан да”.

Ал қазір сол екеуі, Тату дос боп келеді. Жақынын сүйген адам,Әрқашан да жеңеді!

Әділеттің дерті– Менің көршім, Әділет, Ашуланба, сабыр ет.Мәшинеңді көрейін,Сынса жөндеп берейін.

– Тигізбегін қолыңды,Сұрай берме добымды.Паровозды бермеймін,Бәрін өзім жөндеймін.

Суретіме қарама,Аюыма жолама, –

208 209

Деп Әділет бермеді,Маған қолын сермеді.

Көруші едім досымдай,Өзгерді ол осылай. Сараң болып қалыпты,Досынан да жалықты.

Ал сен қандай баласың?Өскенде кім боласың?Сараң болсаң досыңа, Ешкім келмес қасыңа.

Менің қуанышым Жүрегім менің, Қуанышты бүгін. Гуілінен желдің, Естимін Тәңір үнін.

Аспанды да, жерді де – Бәрін Құдай жаратты. Бұйрығымен Оның, Күн күлімдеп, таң атты.

Құрлық пен суларға, Тіршілік жайлатты. Осының барлығын,Ақылмен ойлапты.

Келіпті жерге де, Кейпінде адамның. Бәрінен бақытты, Мен Сенің балаңмын!

ЖолАлғашқы тар жолмен, Иса жүріп өтті. Шынайы сол жолға, Із қалдырып кетті.

Ащы, улы сөзіміз, Жыландай Оны шақты. Жаман істеріміз, Айқышқа апарып қақты.

Ғолғотаға жол тартты, Ақтау үшін бізді. Күнәмізді мойнына алып, Жасады істі ізгі.

Досым, сені де, мені де, Шақырады жолына. Құлақ асып үніне, Ерейік қалмай соңына.

Иса жүректі қағадыӘр адамның жүрегін,Иса күнде қағады. Есігін ашқандардың,Жүрегінде қалады.

Нағыз бақытты жандар, Исаға шын сенгендер. Жүрегінің төрінен, Оған орын бергендер.

Құдайға сеніңдер«Жарық болсын!» дегені,Орындалды лезде.Әй... рухани зағиптар, Ілмес мұны көзге.

«Құдай жоқ» дегенге,Сенбеңдер балалар.Шынайы іздеген,Құдайды таба алар.

210 211

Бұлттардан жоғары, Тұрады Тәңірім.Әлемді билейді,Жолдайды әмірін.

Бүлдірген қызарсын,Күнге нұр төк дейді.Ағаштар көктесін,Бұлтқа су сеп дейді.

Бұйрығын екі етпей,Гүлдер де жайнайды.Тәңірді мадақтап,Құстар да сайрайды.

Сәбилер жыламасын!Көз жасын бұламасын!Соғыстар болмасын!Қалалар құламасын!

Сәбилер күліп жүрсін!Құдайды біліп жүрсін!Ата-ананың ақылына,Құлағын түріп жүрсін.

Елімде тым ыстық,Жасасын тыныштық!Тәңірден сұрайық,Береке, ырыс-құт.

Құдайым – қорғаным,Паналар орманым.Сен барда жүректе,Себеп жоқ қорқатын.

Ойнаймын, күлемін,Қорықпай жүремін.Ең мықты қорғаушымҚұдай бар, білемін.

КөктемдеАспан тұр көкпеңбек,Бояу жағып қойғандай.Бетіне әжеміз,Ақ ою ойғандай.

Қыспенен қоштасып,Өзен-көл, бұлақ тұр.Аязын қия алмай,Ару мұз жылап тұр.

Ағаштар бүр жарып,Жандана бастады.Адамдар жер жыртып,Қамдана бастады.

Жер төсі кілемге,Айналып келеді. Көпшілік көңілі,Жайланып келеді.

Бәйшешек қылтиып,Өріктер гүлдеді.Көктем-қыз оранды,Үлде мен бүлдені.

БілемінКиелі кітаптан,Білем көп хиссаны.Ең басты кейіпкер,Сүйемін Исаны.Ол Адам көреген,Мейірімді Бақташы.Әлемнің Иесі,Жұмақтың қақпасы.

212 213

Күмәнсіз сенім арт,Құдайдың барына.Қиындық көргенде,Қайғырып налыма.

Тәңірге тапсырғын,Бар уайым, қайғыңды.Қол ұшын созатын,Ол – қорған айбынды.

Айыпсыз, пұлсыз-ақ,Кешірер күнәңді.Сенім арт Құдайға,Өмір сүр ұнамды.

Мейірімді Бақташы«Тыңда, қызым», – деді анам:«Иса – өмір бұлағы, Қайнар көзі шындықтың,Мәңгіліктің тұрағы».

Айтты дағы ақылын,Әппақ көйлек сыйлады.Кіршіксіз пәк болсын деп,Жүрегіңнің жиғаны.

Ақ көйлекке дақ түссе,Кетер барлық түр-сәні.Таза жүрек адамның,Ажар-көркі, сыр-мәні.

Жүрегіңді кірлетпе,Толтыр сөзбен киелі.Жеміс беріп Мәсіхке,Өмір сүргін жүйелі.

Тыңдап ана кеңесін,Қабылдадым ақылын.Тәубе етіп тағы да,Дұға қылдым ақырын.

Мейірімді Бақташым,Мен – қозыңмын, қабылда.Жүрегімде өмір сүр,Тазарт оны уағында. СанамақБірінші күн: «Жарық болсын», – деді Құдай.Екінші күн: «Аспан тұрсын берік ұдай».Жер, өсімдік, ағаш, гүлдер, теңіздер,Үшінші күн жаралыпты деңіздер.Төртінші күн ай-жұлдыздар жаралған.Күннің нұры жер бетіне таралған.Бесінші күн түрлі құсты болдырды,Өзен, көлді балықтарға толтырды.Аң жаратты алтыншы күн болғанда,Түлкі, арыстан жортып жүрді орманда.Тоқтатып бар бұйрықтарын, әмірін,Жетінші күн демалыпты Тәңірім. ТасбақаТастан «жейде» киінген,Тасбақаны көрдің бе?Бас-аяғын бұғатын,Жәндікке сүт бердің бе?

Ол қорқады, сенбейді,Тіс қайраған аңдар көп.Қасқыр, түлкі сияқты,Жей алмаған жандар көп.

Мықты, берік сауыттай,Тас «жейдесі» – қорғаны.Адамдардың Құдай да –Бас сауғалар орманы.

ДопКөгалда жас балалар,Допты қуып ойнады.Кір болған соң тастады,Керек қыла қоймады.

214 215

Үйлеріне тарасты,Жауын жауып кетті деп.Менсінбеген доптарын,Жауын жуып, өпті леп.

Шыға келді жаңа боп,Өзгелерге бұйырды.Балалармен мәз болып,Аралады қиырды.

Жаңбырдай бізді де,Тазалайды Тәңірім.Ақ болғанын қалайды,Жүректердің бәрінің.

Иса – менің үмітім, Алынбайтын қамалым.Қорыққан кезімде,Бас сауғалар аралым.

Иса – менің үмітім,Адал Досым сенімді.Онымен бір болсам,Жеңем үрей, өлімді.

Иса – менің үмітім!Мақтанышым, тірегім.Оған шексіз алғыс деп,Қуанады жүрегім.

Ыбырайым Уәдесіне Құдайдың,Ыбырайым сенеді.Жаратушы Тәңірдің, Ақ батасын көреді.

Үміт үзбей ешқашан,Сенім артып келеді.

Табысының ондығын,Құдайына береді.

Өсиетті орындап,Үлкен алғыс алады.Ол сиынып, Лут оттан,Аман-есен қалады.

Күйбең тірлік қамын да,Тәңіріне артады.Артқа тастап Ур жерін,Қанаханға тартады.

Өмірі болған үлгілі,Ол – сенімнің атасы.Жаратушы жарылқап,Қабыл болған батасы.

Сеніп Тәңір сөзіне,Жылдар жылжи береді.Шау тартып шал болғанда,Ысқақтай ұл көреді.

Мойынсұнсаң Құдайға,Көкте сыйлық күтеді.Ыбырайым адал боп,Өсіп-өніп, түтеді.

Ұнату Ақ мақтадай бұлттарға, Қарап тұру ұнайды.Жел сыбдыры, күн нұры,Мадақтайды Құдайды.

Мен де оны даңқтаймын,Құтқарушы берді деп.Дұғаларға құлақ сап,Бізді жақсы көрді деп.

216 217

Жасамаймын күнәні,Көзіммен де тіліммен.Бас тартамын біржола,Дүниеден бүлінген.

Құдаймен сырласам,Жарық сәуле шашамын.Өзгелерге жөн сілтеп,Көкке есік ашамын.

Иса бізбен бірге Демалуға жиналдық,Таныстық көп достармен.Иса бізді қарсы алды,Өзі құрған жоспармен.

Ақыл айтты біздерге,Тату-тәтті бол деді.Үміт, сенім, махаббат – Көкке апарар жол деді.

Түрлі сабақ өткізді,Ойынды бір ойнадық.Құдай жайлы көп естіп,Тереңіне бойладық.

Өте шықты қызық күн,Қимай-қимай қоштастық.Шексіз алғыс Құдайға,Исаменен достастық. Таңертең Қар жамылған шыршалар...Неткен ғажап, керемет!Дүр сілкініп ақша бұлт,Жауды ұлпа себелеп.

Көріністі көз тоймас,Қандай шебер салды екен?

Бәрін бояп ақ түске,Кімнің қолы талды екен?

Ақ шатырлы үйлерден,Шықты түтін бұрқырап.Шана тепкен балалар,Асыр сап жүр шұрқырап.

Сендер үшін, адамзат!Дегендей қар үдеді.Рахмет Саған, Құдайым,Рақымдысың үнемі!

Балалар дұғасы Көктегі Құдайым,Тыныштық бере гөр.Жаныма келе гөр,Дәніңді себе гөр.

Үйім бар, қарным тоқ,Бүп-бүтін киімім. Шексіз де риясыз,Тәңірім, сүюің.

Жаратқан Құдайым,Иесі әлемнің,Өзіңе мың алғыс,Панасы бар елдің.

Маған да Әкесің,Қабыл ал балаңды.Дұғамды ести гөр,Бере гөр батаңды.

Бесік жыры Ұйықтайды теңіз де түнде,Аңдар да, балық та, гүл де.Жұма ғой сен де көзіңді,Тәңірім қолдасын өзіңді.

218 219

Қайғысыз-қамсыз жата ғой,Тәтті ұйқыға бата ғой.Түсіңде түлкі, жолбарыс,Қоянға етсін қолғабыс.

Тышқандар қуып мысықты,Өткізсін ойын қызықты.Сыйлық сап аю қорапқа,Шақырсын бәрін қонаққа.

Ұйықта, ботам, алтыным,Құлыншағым, жарқыным.Аман болып жүре ғой,Айтқанға құлақ түре ғой.

Ақылды да дана бол,Мейірімді бала бол. Тұнық бол мөлдір судай,Жар болсын саған Құдай.

Тәңірді жырлаТәңірдің даңқын мадақтап,Алуан құстар сайрайды.Құлпырып гүл шоқтары,Көз тігіп көкке жайнайды.

Жаратылыс атаулы,Тәңірге ән салады.Даңқтаған үндері,Иемізге барады.

Ал, қане, достарым,Біз қарап қалмайық.Тәңірді мадақтап,Ән-жырды арнайық.

Ол – сүйіспеншілікАдамдарға жаны ашып,Жарлыларға қарасып,Ақыл айтты оларға,Кетпесін деп адасып.

Қасына жұртты жинады,Бәріне бақыт сыйлады.Көргенде жарық әлемді,Соқырлар жерге сыймады.

Ол сүйіп барлық халықты,Соңына ертіп алыпты.Исаға сенген сырқаттар,Дертінен әбден сауықты.

Зұлымдықты жеңБақ ішінде ән тыңдап,Отырды әжей салқындап.Немересі қасына,Жүгіріп келді асыға.

Мәшинемді азанда,Беріп едім Асанға.Неге бердім, білмеймін,Сындырыпты, жүрмейді.

Деді бала өкпелеп: Қайырамын мен де кек.Мән бермеді сөзіме,“Сынық болған өзі” деп.

Кешірмеймін оны мен,Бітпес ісім сонымен.Қайтсем де кек қайтарам,Сонда ғана жай табам.

Мен де жоспар құрайын,Деді Еламан мұңайып.Көмектес, әже, жарай ма,Өш алуға қалайда.

Жаныма кел, құлыным,Жарамас бұл қылығың.Сөзіме құлақ сала ғой:Ол да сендей бала ғой.Абайсызда сындырып,

220 221

Алған шығар бүлдіріп. Кешірсең досты, қарағым, Болуға жігіт жарадың.

Иса жайлы мен саған,Әңгіме айтып, ән салғам.Жер бетінде жүрді Ол, Адамзатты сүйді Ол.

Қайғырғанды қуантты,Жылағанды жұбатты.Кешірді барлық күнәні,Біреуге артпай кінәні.

Үлгіге Сөзі толы еді,Нұсқары түзу жол еді.Ақылды ойға түй деді,Жауыңды да сүй деді.

Таспен атса қас болып,Құрмет көрсет ас беріп.Зұлымдықты жеңе біл,Жақсы сөзге ере біл.

Ақылды да көреген, Исадай болғың келе ме?Күрт серпіліп наласы,“Иә”деді баласы.

Мына ой алды мазамды: Кешірем мен де Асанды.Деп Еламан өзгерді,Әжесіне сөз берді.

Асан жайлы ойға алып,Еламан жатты ойланып.Таңертең тұрып қараса, Дала сондай тамаша!

Ояныңдар деп жар салып,

Қораз отыр ән салып.Еламан да оянды,Арайлы таңды қарсы алып.

Дастарханға қарады,Кәмпитті жиып алады.Алды-артына қарамай,Досының үйіне барады.

Реніші жүрсін қашанғы,Алыстан көріп Асанды:Асан, бері кел деді, Ренжімеймін мен деді.

Жақын келіп қасына,Ұсынды кәмпит досына.Сүтін де беріп, іш деді,Ұялып Асан ішпеді.

Мәшинені жөндеймін, Енді бұлай етпеймін.деді Асан түсіне,Өкінді тентек ісіне.

Төменге басын иіп тұр,Ұяттан беті күйіп тұр. Алдаған сені жөн бе еді, Сындырған оны мен деді.

Кел«Кел, – дейді Тәңірім, –Тазартам күнәдан.Жол бастап Мен жүрем,Соқпақпен бұралаң.

Үйіме апарам,Салтанат құрасың.Құлыным, дұға қып,Керекті сұрашы.Әкең Мен боламын,

222 223

Жетімдік көрмейсің.Қуанып әрдайым,Биікке өрлейсің.

ҚуанышҚуанам аспанға,Жердегі гүлге де.Қуанам жұлдызға,Күнге де, түнге де.

Қуанам ақ таңға,Көкорай белдерге.Ақ боз ат мінетін,Қуанам ерлерге.

Қуанам өзенге,Таулардан ағатын.Қуанам кемеге, Ақ желкен тағатын.

Қуанам құстарға,Әсем ән салатын.Құлынға қуанам, Қоңырау тағатын.

Қуанам Өзіңді,Ойлаған кездерде.Жанымды жылытар,Аялы сөздерге.

Бұлт айдап келетін, Қуанам дауылға. Мамырда жауатын,Алғашқы жауынға.

Қуанам араға,Қоңызға, құрттарға.Пішіні әр түрлі,Ақшадай бұлттарға.Бойыма қуаныш,

Береді Тәңірім.Даңқтаймын Оның,Керемет тәлімін.

Күн мен мысықКүншуақта керіліп,Жатыр ала мысығым.Бұлғаңдатып құйрығын,Көзін жаймен қысуын:

«Мейірімді алтын күн,Ерте батып кетпеші.Көктем шығып тезірек,Аялап нұр төксеші!»

«Мәке, неге қиналдың?Қыстай кәнде жаттың ғой.Жұмып алып көзіңді,Тәтті ұйқыға баттың ғой».

«Шам жарығы шуақсыз,Сендей нұрлы болмайды.Пеш жылуы қуатсыз,Көңілім бір толмайды».

Бар тіршілік өзіңді, Сағынып жүр, аңсап жүр.Үш торапай, бір қораз,Күн шықсын деп жар сап жүр.

Бәрі сені күтуде,Көктен қашан күлесің?Тәңір солай жаратқан,Ерекшелеу үлесің.

Нұрыңнан жүз ұялар,Ерітесің қар-мұзды.Гүлдендіріп даланы,Жібітесің жар-құзды.

Жылу бермей тек қана,Әкелесің қуаныш.

224 225

Арқа-жарқа боп адам,Саған айтар мың алғыс.

Қыстай кәнде ұйықтап,Күтіп жаттым өзіңді.Жылытатын мұрнымды,Сағындым ғой көзіңді».

«Жарық беріп, жылыт деп,Мені Құдай жаратты.Жерді оятып көктемде,Бойымнан нұр таратты.

Өзен-таулар, Жер-Ана,Ояныңдар, гүлдеңдер!Тәңір даңқын асырып,Тірлік отын үрлеңдер!»

Жолдар көпДөңгелек жер шарында,Түрлі-түрлі жолдар көп.Әуе, суда, құрлықта,Айтады көп жол бар деп.

Жылан жортар інінде,Теңіз – балық мекені.Отанына құстар да,Самғай ұшып жетеді.

Жолаушылар әр түрлі,Бағыты да әр басқа.Біреу көкке самғаса,Біреу тартар жартасқа.

Өмірде де жолдар көп,Адам өзі таңдайды.Мәсіх жолын қалаған,Құр алақан қалмайды.

Көрер Құдай Әкені,Ол – жұмаққа барар жол.Мәңгі өмір сыйлайтын,Игілікке жарар жол.

Мейірімді бақташыЖоғалған бір қойын,Бақташы іздеді.Қайтсем де табам деп, Үмітін үзбеді.

Ол жоғын табады,Тау-тастың қойнынан.Әлпештеп көтерді,Мінгізіп мойнына.

Қуанды шаттанып,Көңілі көктеді.Төбесі аспанға,Екі елі жетпеді.

Мені де осылай,Иса Мәсіх іздеді.Құтқарды қойындай,Адасқан түздегі.

Енді Оған жүректен,Кең орын беремін.Бақташым деп санап,Соңынан еремін.

Тіл алғыш«Жүрегім – шамшырақ,Күн-түні жанады.Соңымнан ергендер,Жұмаққа барады.Сен Менің қозымсың,Сүйемін сондықтан.Бақташың боламын,Сүйейтін қолтықтан.Тіл алғыш бала бол, –Дейді Иса әрдайым.– Тазартам жаныңды,Ақ мақта, қардайын».

226 227

СенемінАң-құстар ұйқыда,Қоп-қою қараңғы.Жұлдыздар күзетіп,Тұрғандай даламды.

Ақ сүттей сұлу ай,Уақытты санап тұр.Бақылап жан-жағын,Биіктен қарап тұр.

Алаңсыз ұйқтаймын,Құдайым қорғайды.Тәңірдің еркінсіз, Еш нәрсе болмайды. ҮлгіЕң момыны адамның,Мұса болған деседі.Тілін алып Құдайдың,Халқын бастап көшеді.

Әйүп – аса төзімді,Қиындыққа бас имеді.Айрылса да бәрінен,Құдайға тілі тимеді.

Ыбырайым сенімнің,Түп атасы аталды.Жалғыз ұлы Ысқақты,Құрбандыққа апарды.

Самуилдей пайғамбар,Зұлымдықты жек көрген.Құдайға арнап өмірін,Киелі үйде өткерген.

Келіңдер, енді, балалар,Солардан үлгі алайық.Тәңіріміздің алдына,Жемісті болып барайық.

Тіл алғыш болЖаратқан Жүсіпке, Тапсырма береді.Ниневи жеріне,Барар деп сенеді.

Барғысы келмей ол, Кемеге бұғынды.Ақыры өзінің, Күнәсін ұғынды.

Аузына дәу киттің,Секірді кемеден.Ал іші балықтың,Қараңғы не деген.

Үш тәулік отыру,Жүсіпке қиын-ды.Тілазар болдым деп,Құдайға сиынды.

Құдайы естіді,Жүсіпті сақтады.Құрлыққа шығарып,Сенімін ақтады.

Ниневи жеріне,Бар деді тағы да.Аттанды пайғамбар,Тәңірге бағына.

Тіл алғыш бол, досым,Ренжітпе Құдайды.Ол сенен адал боп,Жүруді сұрайды.

228 229

Күнбағыс Бақшадағы күнбағысГүлге ұқсап қалыпты.Қарай-қарай аспанға,Күнге ұқсап қалыпты.

Иса – менің Бақташым,Ақыл айтар Көсемім.Мен де қарап тек Оған,Адал болып өсемін.

Пісте күннен аумаса,Мен Исаға ұқсаймын.Мәсіхші боп күн кешем,Тәлімін берік ұстаймын.

Көктегі дәрігер Тікенекті кішкене кірпі,Бүгін ертемен тұрды.Тосап жейін, ем ғой деп,Асүй жаққа бет бұрды.

Кәмпит емес, тосап жеп,Таңдай қақты сүйіне.Жиі жесең таңқурай,Пайда көңіл-күйіңе.

Деді кірпі мақтанып, –Әрі шипа дертіңе.Жандандырар ағзаңды,Шырай беріп көркіңе.

Тұмау тиіп ауырсақ,Тосап жейміз бәріміз.Ыстық шәймен ішкенде,Кіріп қалар жанымыз.

Бірақ көкте одан да,Мықты бар бір Дәрігер.

Одан көмек сұрасаң,Емдеп болар әбігер.

Тек тәніңді емес-ау,Жаныңды да емдейді.Арылтады күнәдан,Ағат басқың келмейді.

Құдайға сеніңдер Құдайға сеніңдер,Сеніңдер, балалар.Ол өте киелі,Бас иген даналар.

Әлемді жаратқан,Тәңірім дана тым.Алынбас қамал Ол,Панала қанатын.

Құдайға сеніңдер,Үзбеңдер күдерді.Ол жерге Өз Ұлын,Құрбан ғып жіберді.

Сол Ұлға сеніңдер,Құтқарар жаныңды.Қойылған бөгеттер,Мәңгіге алынды.

Иса жолын қуамын Ойын қуып безбе,Сиын жатар кезде.Дейді әкем қашан да,Кіп-кішкентай болсам да.

Күндіз де, түнде де,Сиынам күнде мен.Таңда ерте тұрамын,Иса жолын қуамын.

230 231

Ақылсыз бала болмаймын,Жақсыны ғана қолдаймын.Өзгеге сілтер дәл бағыт,Түп-түзу біткен жолдаймын.

Доп үшін Айдар деген досыма,Берем ылғи қол ұшын.Бірде досым екеуміз,Ренжіп қалдық доп үшін.

Содан кейін ұялып,Ақылға тез ауыстық.Ұмыт болып өкпеміз,Құшақ жая қауыштық.

Енді біздер әрқашан,Тату-тәтті жүреміз.Бірге туған бауырдай,Ойнап бірге күлеміз.

Менің Қуанышым Жүрегім менің,Қуанышты бүгін.Гуілінен желдің,Естимін Тәңір үнін.

Аспанды да, жерді де,Бәрін Құдай жаратты.Бұйрығымен Оның,Күн күлімдеп, таң атты.

Құрлық пен суларға,Тіршілік жайлатты.Осының барлығын,Ақылмен ойлапты.

Келіпті жерге де,Кейпінде адамның.Бәрінен бақытты,Мен Сенің балаңмын!

Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВАБіздің Құдай – ҰлыТыңдадың ба, досым, сен,Орманда құсты сайраған.Көз жауын алар әсем ғой,Байқадың ба, айналаң.

Жан-жағыңа қарашы,Сан алуан гүлдер өседі.Гуілдеп бал арасы,Қалықтап бұлттар көшеді.

Даланың жұпар иісін,Қанша жұтсаң тоймайсың.Кім осыны ақылмен,Жаратқан деп ойлайсың?

Сән берген тау-тасына,Арқар, бұғы, маралы.Әсем гүлмен көмкерген,Түкті кілемдей даланы.

Құмарлана суын ішерсің,Мөлдір, тұнық бұлақтың.Тынысыңды ашар хош иісі,Көк шалғын майса құрақтың.

Кіргізіп табиғаттың сәнін,Кім жаратты бәрін?Жаратушы Құдай – Ұлы,Мойындаймыз бұны. Гүл, сені Құдай жаратты ма?Өзіңе бар сауалым.Басын иді, түсіндім,Гүлдің берген жауабын.

232 233

Орманды, тауды, бұлақты,Көк майсадай құрақты,Құдай қолымен жаратқан,Білемін қоймай сұрақты.

Мені де Құдай жаратты,Күмәнім жоқ, сенемін.Кіп-кішкентай жүрегімнен,Оған орын беремін.

АлғысЖаңбырың үшін алғыс,Жайқалтты егін-көкті.Күнің үшін алғыс,Шуағын жерге төкті.

Кімге не керек білесің,Қамын ойлап жүресің.Бәрі үшін алғыс Саған,Бәріне бар үлесің.

Кеме Өзен, теңіз, көл де жоқ, Алып кеме тұр бірақ. Жобасын Құдай ұсынған, Сондықтан да жоқ сұрақ.

Күнә басқан шаһардан, Мінсіз Нұхты табады. Тіршілікті жоймақ боп, Құтқару кемесін салады.

Кеме дайын кіруге, Нұх халықтан өтінді. Кешірім алып Құдайдан, Оған бұр деп бетіңді.

Өкініштісі бірақ та, Сұрамады ешкім кешірім. Аң-құс толық кіргенде, Құдай жапты есігін.

Қырық күнгі нөсерден,Бәрі опат болады. Тек Нұхтың отбасы, Тегіс аман қалады.

Құдай жазасыз қалдырмас, Әркім еккенін орады. Жалынғаннан пайда жоқ, Кемеге кірмей қалады.

Құдай сүйеді бізді, Қол созуда әлі. Иса Мәсіх – «кемесіне» Кірсінші деп бәрі.

Жақсыдан шарапатБағдаршам жанды да,Көліктер тоқтады.Қарт әжей қарап тұр,Өтуге батпады.

Ағылған көп адам,Асығыс өтуде.Қол ұшын бермеді,Арғы бетке жетуге.

Қарт әжей әлі тұр,Аяғы дірілдеп.Бірдеңе айтады,Ақырын күбірлеп.

Адамдар асығыс,Назарын салмады.Әжейдің қасына,Ешкім де бармады.

Сөмкесін асынған,Бүлдіршін қарады.Әжейді қолынан,Жетектеп барады.

234 235

Келді Иса жер бетіне,Тастап аспан әлемін.Қанын төгіп қайтарды,Күнәлардың төлемін.

Махаббатпен жібітті,Мұз боп қатқан жүректі.Бай мен кедей – бәрін деБасын теңеп, бір етті.

Адам үшін құрбан боп,Мал қорада туылды.Соққы көріп әркімнен,Беті қанмен жуылды.

Күнә құнын өтеген,Құдай еді сол Адам.Өлтіргенмен дұшпандар,Тірілді Ол моладан.

КөмекшіАқмамыққа орап даланы,Қыс келіп жетті көрікті.Айналаның бәріне,Кигізді әппақ бөрікті.

Ауланы басты омбы қар,Әкешім жүр жол ашып.Жанына келдім мен дағы,Күректі бер деп таласып.

Екі адам енді қойсын ба,Қарды үйдік төбе ғып.Тыным таппай тасыдық,Шанаға салып кеме ғып.

Үйілген қардан балалар,Сырғанақ жасай бастады.Жарыса жүріп су тасып,Үстіне құйып тастады.Қуанып жүрген оларға,

Қарап тұрдым ойланып.«Еңбекқор қол» туралы,Тәңірдің сөзін ойға алып.Ұйықтар кезде бөлмеме,Отбасы толық жиылды.Көмекші берген Тәңірге,Алғыс айтып сиынды! Жыл мезгілдеріҚыс келіп қуантты,Сырғанақ тебеміз.Қарменен зырлайтын,Атшана жегеміз.

Қанша аяз болса да,Далада ойнаймыз.Шымыр боп өсеміз,Қызыққа тоймаймыз.

Мезгілі жеткенде,Қыс жылжып қашады.Қырларды жайқалған,Қызғалдақ басады.

Құс қайта оралып,Мал шығар өріске.Дайындық жұмысы,Басталар егісте.

Жайқалған жаз келсе,Сумканы тастаймыз.Қыдырып жан-жаққа, Ағыла бастаймыз.

Жаңа дос табамыз,Уақыт тез өтеді.Ақырын жылыстап,Күз келіп жетеді.

Егіндік алқапты,Оратын кез келді.Толтырып бақшаны,Жемісін жер берді.

236 237

Жаңа күш жігермен,Мектепке барамыз.Бір сынып жоғарлап,Есейіп қаламыз.

Жеткенде жыл аяғы,Алғыстар айтайық.Уақыт тез өтеді,Мән беріп байқайық.

ҚысАқ көрпеге оранған,Көз тікші кең далаға.Сұлу талдар ұқсайды,Ақ жаулықты анаға.

Ана деген мейірім,Шуақ шашқан балаға.Жақсылықты үйретіп,Сіңіреді санаға.

Ақ жаулықты анадай,Болса дағы келбеті.Қаталдығын байқатар,Мұз жамылған жер беті.

Елемей қыстың ызғарын,Балалар тыста ойнайды.Қызық мезгіл осындай,Қарасаң көз тоймайды.

Жаратушым ғажап-ақ!Қойған қалай қатар ғып.Бір-біріне сай келмес,Сұлулық пен қаталдық.

Жүрегімнің патшасыЖақсы істердің бұлағы,Болшы менің жүрегім.Жақсы ойлардың тұрағы,Болшы менің жүрегім.

Адалдықтың, пәктіктің,Бастауы болшы жүрегім.Сарқылмайтын мейірімнің,Дастаны болшы жүрегім.

Қаріп-қасер жандардың,Тірегі болшы жүрегім,Әлсіздерді қорғайтын, Білегі болшы жүрегім.

Тоңғандарды жылытар,Күні болшы жүрегім.Өмірден күдер үзгеннің,Үні болшы жүрегім.

Жүрегімнің патшасы,Өзің болшы Тәңірім.Тар жолыңнан өтуге,Төзім берші Тәңірім.

Ішкенде қайта шөлдемес,Бұлағым болшы Тәңірім.Мекендеп мәңгі қалатын,Тұрағым болшы Тәңірім. Нағыз досым бар менің,Оны жақсы көремін.Түссем қиын жағдайға,Сол досыма келемін.

Береді маған қол ұшын,Баласың деп жатпайды.Тыңдасам ақыл, кеңесін,Жамандықтан сақтайды.

Мұңая мені жұбатып,Көмектесе біледі. Қиналсам қасымда,Мәңгі достық тілегі.

238 239

Сақтау керек достықты,Ренжітуге болмайды.Ұнатпайды Ол күнәні,Әділ істі қолдайды.

Керек пе саған нағыз дос?Исаны онда шақырғын.Дұрыс таңдау жасадың,Онымен болсаң ақылдым.

Киелі кітапты оқыҚұдайдың құдіретін, Білгің келсе досым.Киелі кітапты оқы,Ең дұрысы осы.

Киелі кітап арқылы,Құдай бәрін баяндайды.Құпиясын жасырмайды,Көмектен аянбайды.

Жаратылысқа бастап,Саяхат құрып қайтады.Ақыр заман келгенде,Не боларын айтады.

Жұмақ пен тозақты,Жақсы оқып білесің.Таңдау тек өзіңде,Қай жағына кіресің.

Киелі кітап айтады,Жаратушы жайында.Бар әлемнің Иесін,О, адамзат мойында. ***Әлемге көз салсаң,Қателік таппайсың.Бәрі өз орнында,Құдайды даңқтайсың.

Қыс, күз, жаз, көктемі,Кешігіп қалмайды.Кеш түсіп күн батса,Ай орнын жалғайды.

Орман, тау, жазығы,Ретімен қойылған.Кең дала гүлдермен,Түрлі ою ойылған.

Теңіз, көл, өзендер,Суретпен салғандай. Көз жетпес алқапты,Көк аспан жалғардай.

Ештеңе ойынан, Ұмыт боп кетпеген.Кемшілік көрмейсің,Не қалды жетпеген?

Әлемнің авторы,Тек, Тәңір Сен ғана.Тіршілік біткенге, Боласың Сен пана. Кім күшті Тәңірдей,Жоқ ондай Ұлы.Қолымыздан келмейді,Ол жасағанның бірі.

Көктегі жұлдыздарды,Ретімен қояды.Әр заттың түсі бар,Оны Өзі бояды.

Рақымдылығы Оның – Жер басып жүрмін.Тек Оның қолында,Тағдырың, білгін.

240 241

Жел де Оның қолында,Жіберсе соғады.Жадыратар жазды,Қыста аяз, бораны.

Үндестіріп ғаламды, Бәрін ойлап тапқан.Кім күшті Тәңірдей,Тәңірмен мақтан!

Әлемінде Құдайдың,Еркін өмір сүреміз.Даналығын біз Оның,Табиғаттан білеміз. Мен Сенің қозыңмын«Тәңiрім – Бағушым», Деді Дәуiт шаттанып.Жүрегiмде Есiмi,Тұрады жатталып.

Мейірімді Бақташым,Қорғайды қауіп-қатерден.Барлық қайғы-мұңымды,Менiмен бiрге көтерген.

Белес-белес жолдарда,Жетелеп Өзi жүредi.Жүрегiмнiң қалауын,Айтқызбай-ақ бiледi.

Жан-дүниемдi тексерiп,Тазалығын қарайды.Жаман іске жоламай,Жүргенімді қалайды.

Жаратушым, мен де ендi,Дәуiтше Саған келемiн.Қолымды беріп Өзіңе,Жетегіңе еремiн.

БақыттыҚұдаймен достасқандар, Достықты бағалайтындар, Жанжалды қаламайтындар БАҚЫТТЫ Өсиетті сақтағандар, Әділдікті жақтағандар, Сеніммен ақталғандар БАҚЫТТЫ

Исаға келетіндер, Шынымен сенетіндер, Соңынан еретіндер БАҚЫТТЫ

Жүректері пәк тазалар, Мол жеміс беретіндер, Құдайды көретіндер БАҚЫТТЫ

Алғыс Тәңірге! Барлығы үшін ерекше етіп жаратқан, Қарлы қысы мен жазына шуақ таратқан. Көктемі мен найзағайына алғашқы, Тау, төбесіне отырған құрып малдасты.

Ақ қайыңына заңғар көкпен таласқан, Қоңыр күзіне сары алтын шапан жарасқан.

Орманына да, бау-бақшасына, далаға. Үйіп те төгіп берген сыйына қара да, Тәңір Иеңе алғыс айт сен де сиына, Берекесі мен шапағат, шуақ, нұрына.

242 243

Ата-әжеме барамын Демалыста жазда мен,Ауылға қарай шабамын.Көптен күтіп сағынған,Ата-әжеме барамын.

Таза ауада демалам,Көк шалғында аунаймын.Көлге барып, қармақ сап,Жиі балық аулаймын.

Шөп шабамын атаммен,Салқын көже ішемін.Атам мызғып кеткенде,Өзенге барып түсемін.

Тәтті май мен қаймақты,Нанға жағып жеп алам.Қолғабыс болам атама,Атаммен бірге демалам.

Дәуіттің Забур жырларын,Жатқа айтып беремін.Інжілді ашып оқимын,Мәсіхше дән себемін.

Бұл деген ұлы аманат,Тәңір, Сенің талабың.Ізгі хабар айтуға,Шақырылған баламын. СәуірдеБиік, зәулім қарағай,Ұйқысынан оянды.Етек-жеңін сілкініп,Жан-жағына қарады.

“Өте ұзақ ұйқтаппын,Жердегі әппақ қар ма?Сонда қалай болғаны,Тағы да суық бар ма?”

Жауап берді сәуір:“Бостан-босқа қорықпа.Бұл қырау ғой жай ғана,Уайымдап, торықпа.

Бұған болмас таласың,Тоңбайсың енді шамасы.Қаптап шыққан далаға,Бәйшешекке қарашы”.

БәйшешекСуық қар астында –Әдемі, әсем гүлдер.Аязды қыстың үсігі,Шалмапты мүлде.

Қалай олар алады,Жылуды жерден?Керемет қой осылай,Кім сақтап келген?

Құдіреті күшті Құдай,Аязда аман сақтады.Қылтиды көктем келгенде,Бәйшешек гүлдің бастары.

Мадақ айтам ТәңіргеЖүйткіген ақша бұлт үшін,Бар халық, барша ұлт үшін.Құстар мен аң, мал үшін,Бау-бақша, гүл, тал үшін.Мадақ айтамын Тәңірге!

Сайраған бұлбұл әні үшін,Күнделікті берген дәм үшін.Сыңғырлай аққан бұлақ үшін,Ойнақтаған қозы, лақ үшінМадақ айтамын Тәңірге!

244 245

Соғып тұрған жүрегім үшін,Ата-анам, туыс, тірегім үшін.Мәсіхтей қорған, панам үшін,Адамға берген ой, санаң үшінМадақ айтамын Тәңірге!

Иса Мәсіхте келгенің үшін,Мәңгілік өмір бергенің үшін.Қандай болсам да қабылдап мені,Балам деп маған сенгенің үшінМадақ айтамын Тәңірге!

Ғалымжан ӘлімБЕКоВСүйікті болу сүюдеЖазғытұрым демалыста Аяжан,Атасы мен әжесіне қаладан.Барып еді біраз күнге ауылға,Тауды көру арманы еді қалаған.

Жүрген еді тамашалап сан қырды,Көз алдында жартасы бар тау тұрды.«Сен жамансың!» – деп Аяжан тіл қатты,Ал жартастар дәл солай деп жаңғырды.

Басты айқайға ашуланып қайтпастан,Сол сөздер қайталанды жартастан.Зор ренішпен атасына оралды,Жеңіліспен оралғандай шайқастан.

Аяжанға ақыл беріп апасы,«Енді жақсы сөз айт» – деді атасы.«Сен жақсысың!» – деді Аяжан жартасқа,Сап түсінді жіберген ол қатесін.

Тыңдағаны жақсы болды атасын,Иса айтты жүрекке нұр шашатын:«Алдыменен сен оларды жақсы көр,Алғың келсе өзгелердің батасын».

Балаларды Иса қатты сүйеді,Әр баланың атын жатқа біледі.Олар үшін отқа да Ол күйеді,Балаларға ашық Оның жүрегі.

Таза болар балалардың тілегі,Дұғасына құлағын Ол түреді,Әрқашанда желеп-жебеп жүреді,Періштелер Оған басын иеді.

Аспандағы патшалыққа киелі,Бірінші боп бүлдіршіндер кіреді.Кім Исаға жас балаша сенеді,Сол аспанда мәңгі өмір сүреді.

Асан мен ДосанАсан отыр бос емес бүкіл ойы,Компьютердің алдында күні бойы.Мектеп пенен сабақты ол ұмытты,Ешнәрсеге тимейді екі қолы.

Досан болса сабағын жақсы оқиды,Оқығанын көңіліне тез тоқиды.Күнделігі тап-таза беске толы,Екіліктен жиіркеніп ол шошиды.

Асан болса ұялы телефонын,Сабақ кезде шұқылап, ойнап ойын.Спортты да ұмытты, қауымды да,Еріншектік биледі оның бойын.

Досан әр кез қауымды тастамады,Желігіп жаман қылық бастамады.Атасына бос кезде көмектесіп,Спортты да тастауды қоштамады.

Кім Құдайдың қалауын орындады,Оқу, білім, тәрбие жолындағы.Ал балалар, кімге Иса қуанады?Әркім айтсын пікірін ойындағы.

246 247

КешірімБіреу сені егерде өкпелетсе,Қызулықпен жол берме ыза-кекке.Құдай бізді кешірді, сен де кешір,Жүрегіңді ауыртпа тектен-текке.

Жауыңды да – Иса айтты: – жақсы көргін,Кешірімге жүректен орын бергін.Жаман жауап қайтармай жамандыққа,Сүйіспеншілікпен, батамен оны жеңгін.

Жәбірлеген адамға дұға еткін,Жүрегіне махаббат дәнін сепкін.Көп адамдар Құдайды танымайды,Мұндай кезде орны жоқ жекпе-жектің.

Сен де өзің біреуді ренжітпе,Өзгелерді өзіңнен төмендетпе.Кешірімшіл Құдайдың еркіменен,Шақырылдық киелі кемелдікке.

Кешіру мен өкпелеуШие жинап жүр еді шелектермен,Ағайындар бақшада теректерден.Ағасы Айдос інісі Жандоспенен,Ренжісті болмашы себептермен.

Жандос болса Айдосты тез кешірді,Жүрегінде мәселе лез шешілді.Лаулап жана бастаған өкпе отын,Ұзақ созбай кешіріп тез өшірді.

Жан жүрегі Жандостың жеңілдеді,Қайта оралды қуаныш көңілдегі.Өсиетін Исаның есіне алып,Жат мінезге жемтік боп жеңілмеді.

Айдос болса інісін кешіре алмай,Тіпті тамақ ішуге зауқы болмай.Жандос жөнге шақырса бірақ Айдос,Жүріп алды сөйлеспей мылқау жандай.

Күн осылай батуға таяп қалды,Құдай сөзін сонда Айдос есіне алды.«Бір-біріңді кешіңдер күн батқанша»Есіне алды дәл осы аяттарды.

Достасқаны Айдостың ақыл болды,Сабақ алар бұл да бір нақыл болды.Айдос, Жандос дәл осы жағдайдан соң,Бір-бірімен әрқашан тату болды.

Ол кешірді Туыла сап қуғындаған Иродты да кешірді,Әділетсіз сот жүргізген Пилатты да кешірді.

Шәкірттері жалғыз оны қалдырғанда кешірді,Жаңбырлатып жалған айтып жаудырғанда кешірді.

Шәкірттері танымаймын деп сатып кетті – кешірді,Ауыр айқыш арқасына батып кетті – кешірді.

Келемеждеп пәк бетіне түкіргенде кешірді,Қарақшыдай Оны қолға түсіргенде кешірді.

Арқасына дүре соққан сақшыларды кешірді,Арам ойлы, екі жүзді басшыларды кешірді.

Қолдарына шеге қаққан әскерлерді кешірді,Қызғаныштан көре алмаған қаскөйлерді кешірді.

Бүйіріне өткір найза қадағанды кешірді,Күндеп Оны ақымаққа санағанды кешірді.

Адамдарды сүйгендіктен Иса бәрін кешірді,Ашулықпен асықпағын қайтаруға өшіңді.Кешір, Әке, оларды деп дұға етті айқышта,Сол сияқты Құдайға бер қабылдауға шешімді.

248 249

БАЛА ТІЛІ БАЛАйман ҚЫзЫлБөРіКоВА

ҚызғаншақҮйге келген досынан,Ойыншығын қызғанып.Бөлісе алмай Ілияс,Жасап жатыр қызбалық.

Әкесі шетке шақырып,Сөйлесіп тұр ақырын.Бұның дұрыс емес деп,Айтты оған ақылын.

Көрінген затқа таласып,Қызғанғаның жарамас. Өзімшілмен ешкім де,Бірге ойнауды қаламас.

Түсіндім деген сыңаймен,Бас изеп тұрды келісіп.Ойнаймын деді достармен,Ойыншығымды бөлісіп.

Шоколад бердім бәріне,Бұл ойың енді дұрыс деп.Өзінікін тез тауысып,Әпксіне келді берші деп.

Әкеден естіген ақылын,Оған айтты алайда.Бірге жейік бөлісіп,Қызғаншақ болма жарай ма.

СұрақІлиястың күн-түні,Бітпейді көп сұрағы.Тағы отыр айтшы деп,Құдай қайда тұрады?

Сұрадым қайта өзінен,Айтшы өзің күнім деп.

Білмейсің бе соны да,Аспанда деді күлімдеп.

Қара жүрекБармақ едім дүкенге,Ілияс та қалмады.Соңғы рет маған машина,Алып бер деуден танбады.

Машина көрсең бітті екен,Көзің жанып кетеді.Жүз машинаң бар үйде,Алмайсың дедім жетеді.

Өтірік айтпа деді ол,Санаған жоқсың білемін.Өтірік айтқаның үшін,Қап-қара болды жүрегің.

НайзағайАлай-дүлей далада, Жаңбыр, желі аралас.Терезеден телміріп,Қарап отыр Ілияс.

Найзағай жарқ еткенде,Сасып басын бұғынды.Атып тұрып орнынан,Перде астына тығылды.

Мама деді дауыстап,Не істейміз енді.Ашуға мініп Құдай, Атып жатыр жерді.

СамсонТүзеттірмей шашын,Ілияс салды байбалам.

Әкесі жатыр жұбатып,Өсти ме батыр, қой, балам.Жаймен айтты ақырын,Көнбеген соң ұрысты.Бар амалды қолданып,Түсіндіруге тырысты.

Алдыртпасаң шашыңды,Табамыз оның шешімін.Ұл емес енді қыз болып,Тобыққа дейін өсіргін.

Сонда саған күнде анаң,Бантик тағып береді.Қыз емес деді Ілияс,Самсон болғым келеді.

КүнәБалалармен ауылда,Жүрміз бірге демалып.Сыртқа шықты Шұғыла,Таңғы асын жеп алып.

Нағашысын көрді де,Жүгіріп келді қасына.Жыпылықтап көздері,Сөйлеп кетті асыға.

Не істеп тұрсың нағашы,Көк түтін ғып даланы.Темекі тарту «күнә» деп,Өкпелі жүзбен қарады.

Иса Мәсіх өлген жерМашинаның есігіне,Ілияс отыр жабысып.Машина айдап ойнайды,Көліктермен жарысып.

Отырғандар дуылдап,Әңгіме дүкен құруда.Ойында жоқ ешкімнің,Балаға көңіл бұруға.Тоқтатып кенет ойынын,Көз тіге қалды далаға.Шошайтып ол саусағын,Қараңдар деді анаған.

Храмды көріп қалыпты,Қарсы жолдың бойынан.Көрсетті жылтыр айқышты,Төбесіне қойылған.

Көрдіңдер ме, әнеки!Қараңдар, бері келіңдер. Мен байқадым бірінші,Иса Мәсіх өлген жер.

Іштей толқып мен оған,Мейірлене қарадым.Түсінбеді басқалар,Не айтқанын баланың.

КемеКітабын парақтап Ілияс,Суретін көріп отырған.Кемені көріп қалғанда,Сұрақ қойды тосыннан.

Кемең болса, мама, егер,Айтшы, кімді алар ең?Адамдарды ма, аңды ма,Қайсысымен қалар ең?

Мені күтіп жатпастан,Өзі айтты жауабын.Аңдар мені жеп қояды,Адамдарды аламын.

250 251

Кенже болғым келмейдіКіп-кішкентай ботақан,Кенжетайым менің деп.Басынан сипап, иіскедім, Ілиясты құшып, елжіреп.

Кіп-кішкентай деген сөз,Ұнамай қалды өзіне.Апайларым ше деп,Өкпелі қарады көзіме.

Шұғыла үлкен апайың,Ол тұңғышым болады.Назерке әпкең ортаншы,Сыйлап жүргін оларды.

Біраз ойланып тіл қатты,Кенжетай деме сен енді.Кіп-кішкентай кенже емес,Тұнғышың болғым келеді.

Тапанша Солдат болам деп Ілияс,Бөлмеде сау зат қоймады. Шошайтып алып саусақты,Атыспақ ойнын ойнады.

Бір жығылып, бір тұрып,Өзімен өзі болды әлек.Бұлай ойнау қызықсыз,Маған тапанша керек.

Апаршы деп дүкенге,Жер тепкілеп жылады.Бақырамын деп ақыры,Қызарды екі құлағы.

Айта бермеші өзің,Атыспа деп ұдайы.Ендеше неге Құдай,Тапаншаны шығарды?

Таптым жауабынТүні бойы Ілияс,Аяғым деп жылады.Ауырады неге деп,Анасынан сұрады.

Таңға дейін шыдағын,Дәрігерге барайық.Деді анасы жұбатып.Нақты біліп алайық.

Дәрігерге бармаймын,Ауыртады ол деді.Сен Құдайға сиыншы,Құдай жазып береді.

Мінажат етті анасы,Жазылмады бірақ та.Таптым деді жауабын,Күтпей жауап сұраққа.

Онда менің аяғым,Қартайды ғой иә деді.Мектебіңе бармаймын,Бағасыңдар мені енді.

Жүсіптің шапаныЖүсіп жайлы әңгіменің,Суретіне Ілияс қарады.Әдемі шапан киініп,Көрді тұрған баланы.

Әкесі берген әдемі,Мынау ма деді шапаны.Ұнатпағанын білдіріп,Тыржитты бетті қапалы.

Ұнамайды киімі оның,Деді аузын бұртитып.

Басына киді кепкісін,Кекілді қойды қылтитып.Одан да спорт киімін,Алмады ма саттырып.Қызық екен деді әкесі,Шапаны несі қатырып.

Екі достың дауыБалаларға арналған,Киелі кітап суретін.Көрсетіп отыр Ілияс,Досы Бекке үйретіп.

Мынау Ілияс пайғамбар,Аспанға кетіп қалды ғой.Қасында болған досы,Шапанын шешіп алды ғой.

Ал мынау Ғолият деген,Жаман аға деп қояды.Батыр жігіт Дәуіт кеп,Шекесін таспен ояды.

Қаруы жоқ қалай ол,Дәу солдатты жеңеді.Өзі болса кішкентай,Белінен ғана келеді.

Дауласты Бек келіспей,Оңайлықпен беріспей.Өз ойын айтып таласты,Екі дос ренжіп тарасты.

Дәуіт Құдайға сенеді,Құдай оған күш береді.Бекке барып айтамын,Татуласып қайтамын.

Оны Құдай жаратқанҚұмды үйіп Ілияс,Ойнап отыр далада.Бірге ойнауға жүгіріп, Келді көрші бала да.

Көкке қарап аяғы,Тұра алмай жатқан өзі.Кенеттен олардың,Қоңызға түсті көзі.

Ұшып тұрып көршісі,Қолына алды шыбықты.Түрткілеп, қинап жәндікті,Көрсетті жаман қылықты.

Таптамақ енді болғанда,Ұстады Ілияс балақтан.Өлтірмеші деді оны,Оны да Құдай жаратқан.

252 253

ЖҰМБАҚТАР

Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВААспандағы жұлдыздардай,Ұрпағың сансыз көп болады.Бөтен елде төрт жүз жылдай,Құлдықта болып қиналады (Ыбырайым)

Арыстаннан қорықпаймын,Құдайым мені қорғайды.Жаратушымның еркінсіз,Еш нәрсе де болмайды (Даниел)

Ой, қандай қорқынышты,Дәу балық жұтып қойды мені,Ренжітпей Тәңір Иемді,Айтқанын тыңдаймын енді (Жүсіп)

Бәрінен жоғары Сөзі,Сүйеді әлемді Өзі.Өмірдің бастауы, тиегі,Кім білмейді ... (Тәңір Иені)

Түнекке жарық боп келген,Сенгенге мәңгі өмір берген.Жұмаққа адаспай барады,(Иса Мәсіхке) ... ерген.

Бұл әлем ішінде,Теңдесі жоқ кімнің?Ол тек ... (Иса Мәсіх)Досым, соны білгін.

Өз еркімен көніп,Айқышқа кім барды?Баршаның күнәсін,Мойнына кім алды?

Азап шегіп қиналып,Кім айқышта керілді?Үш күннен кейін тіріліп,Адамдарға көрінді? ... (Иса)

Кеңістікті судан бөліп,Адам мен аңға арнады жерді.Балықтарға Тәңір Ие,Жүзсін деп берді (өзен, көлді).

Жер бетінде жақсы бізге,Тәңір бөлді жарық пен түнді.Жылуын төгіп тұратын,Аспанға қойды (күнді).

Түнгі аспанды өрнектеп,Жұлдыздарды тізіп қойды.Қамымызды ойлап Тәңір,Қараңғы түнге берді (айды).

Дөңгелек шар жасады,Тұрады сиып барлық ел.Еш нәрсеге ілінбеген,Дұрыс тапсаң, аты – (жер).

Шуағын төгіп жерге, Нұрын құйып әлемге,Ауысу керегін түнде,Кім үйретті күнге?

Кімнен осы басталды,Жақсы көру басқаны?Кім үйретеді сүюге,Достарын да қастарын?

Жарық жолды ашады,Түнек одан қашады.Жаныңда сенің күнде,Шындық пен нұр Кімде? (Иса)

254 255

Кім жаратты әлемді? Кім жаратты бар елді? Жар болатын бәріне, Тек ... ғой, әрине. (Құдай)

Кім күнәдан құтқарады? Кім мәңгі өмір береді? Қиямет сотын жүргізуге Тек қана ... келеді. (Иса)

Күміс үшін ойланбай,Жақын досын қиюға. Шешім қабылдады кім? Ол – опасыз... (Яһуда)

Адамзаттың күнәсі үшін, Айқышқа Мәсіх ілінді. Үшінші күні өлімді жеңіп, Иса қайта ... (тірілді).

Әуел баста жер беті,Қап-қараңғы болыпты.«... болсын!» десе Тәңір,Нұрлы сәуле толыпты (жарық)

Балалар жұмбақтың,Табыңдар жауабын.Сұм жылан азғырды,Алдымен ... (Хауаны).

Бақташы емес тек,Жыршы да, патша да.Дәуіттің ... (Зәбүрі)Аян ғой баршаға.

Жіберген елге бармай,Басқа жаққа қашты.Кесірінен теңізде,Дауыл тұрды қатты. Лақтырылды кемеден,Күнәһар жанды тапты.

Үш күн киттің ішінде,Дұға жасап жатты.Кит шығарып тастағанда,Жан тыныштық тапты.Тапсырманы орындауға,Бөгелместен тартты (Жүніс)

Ақылды, әрі құрметті,Тамаша жауынгер.Бірақ та бір дерті бар,Әрқашан жанын жер.Сирия патшасының,Әскербасы болды.Дертін есіне алғанда,Жүрекке уайым толды.Жеті рет суға түскенде,Дертінен жазылды.Басын иіп Құдайға,Өмір бойы табынды (Нағыман)

Өткен көне заманда,Шығыс жақта тұрады.Балаларым күнә жасапҚоймады ма екен деп,Күнде шалып құрбандық,Құдайдан кешірім сұрады.

Он баладан, бар байлықтан,Бір-ақ күнде айрылды,Ауруы жанын жесе де,Құдайына қайрылды.Өзі берді, Өзі алды деп,Тәубешілік етеді.Адалдығы жағып Құдайға,Керемет сұлу ұл- қыздарға,Бұрынғыдан да көп байлыққа,Қайтадан қолы жетеді (Әйүп)

256 257

Көзіңе жас толып,Жүрегің сыздаса.Көмекке келетін,Досымыз Ол – ... (Иса)

Кемені салғанда,Келеке қылды жұрт.Сенімнің үлгісі,Есімі оның – ... (Нұх)

Тікенді бұта жанып тұр,Бірақ өртеніп кетпеді.Сол жерде оған Құдай Ие,Исраилдіктерді Мысырдан, Құлдықтан алып кет деді.Тапшы осы қай пайғамбар,Уәделі жерге жетпеді? (Мұса)

Ғибадатханада кездестірді,Құтқарушыны сәби шақта.Исаны көрмей өлмейсің деп,Жаратушы айтты қайсы қартқа? (Шимон)

Иса оған қабірден шық деді,Кебінімен шыға келді (Елазар)

Иса баласын тірілтіп берді,Ол қай қаладағы жесір әйел еді? (Наин)

Көрінбей елге тасаланды,Күн ысығанда құдыққа барды.Мәсіхті танып, шақырды елді.Сол әйел қайсы жақтан келді? (Самариядан)

Мойынсұнғыш, ұнамды,Сенімде нық, шыдамды.Жас жетекшісі қауымның,Шәкірті болды Пауылдың. (Тімоте)

Патша тағына таласып,Өктемшілік жасады.Әкесіне қарсы шығып,Бүлік сап, соғыс ашады.

Шашы оралып бұтаққа,Аяғы салбырап тұрады.Көріп қалып қарсыласы,Жүрегіне жебе сұғады.

Өзгеге қазған орына,Өзі келіп құлады.Ұлым, менің ұлым деп,Әкесі жоқтап жылады. (Абессалом)

От аралас күкірт жауып,Өрт шалды түгел қаланы.Періштелері Құдайдың,Бір отбасына барады.

Артқа қарамай тау жаққа,Қашыңдар деді жыраққа.Періштенің айтқан сөзін,Тыңдамады әйел бірақ та.

Әйелі қалды байланып,Тұз бағанаға айналып.Оқыған жұрттар біледі,Отағасын тапшы кім еді? (Лут)

Күшінде шек болмады,Құдай күш беріп қолдады.Халқы Исраилдіктерді,Філістірлерден қорғады.Күміс ақшаға бола әйелі,Жауына сатып қорлады.Жай ғана өле салған жоқ,Сансыз көп жауын жалмады. (Самсон)

258 259

Мамредегі тоғайда,Алып емен түбінде.Үш қонақты күтеді,Бұйырған бір күнінде.Мейірімді сол қартты,Балалар біледі бүгін де. (Ыбырайым)

Кезіп тау мен даланы,Данышпандар жол тартты.Қымбат затын Шығыстың,Түйелерге мол артты.Құтқарушы Мәсіхке,Берді сыйлық құндысын.Жол көрсетті оларға,Бетлехем ... (жұлдызы).

Бар жерді аралап, ашты көп қауым,Бәрі біледі ол – елші (Пауыл)

Иса Мәсіх бұл өңірде, Біраз жыл өмір сүреді.Табыңдаршы кәнеки,Бұл қаланы кім біледі? (Назарет)

Исаны көре алмады,Бойы қысқа болды тым.Тұт ағашының басына,Шығып алған, тап ол кім? Зақай)

Үлкен апат келіп,Топан су болғанда жерде.Тек қана аман қалды,Нұх пайғамбар салған (кеме)

Төрт ізгі хабардың,Бірін жазған кім еді?Өзі болған дәрігер,Десем бәрі біледі. (Лұқа)

ЕГІНЖАЙ МЕЙРАМЫНААяжан мҰХТАР

Күн сәулесін төккенде,Өсті бір шөп көктемде. Жіберіп Құдай жаңбырды, Суменен шөлін қандырды.

Жарық нұрға кенеліп,Жапырақ шықты көгеріп.Жасыл болып киінді,Төмен қарай иілді.

Гүлі әсем сондай-ды, Өзі күннен аумайды. Тап та осы жемісті,Ұтшы, қане, жеңісті! (Күнбағыс)

Дәмді, сары, ұзынмын, Жер астына тығылған. Тартсаң шыға келемін, Өсіп тұрған бұрымнан. Күзде қазып аласың, Тамаққа да саласың. Егер мені көп жесең, Сұңғақ бойлы боласың. (Сәбіз)

Топырақ менің мекенім, Сол жерде жақсы өсемін. Пісіріп жесең тоясың, Ұраға салып қоясың. Суарып, өсіріп алғын, Мен – екінші нанмын (Картоп)

Аздап қышқыл болсам да, Бірақ та мен дәмдімін. Домалақпын ұсақтау, Қызыл шырайлы, әрлімін. Басқаларға қарағанда, Ертерек жеуге жараймын.

260 261

Мен дағы балалармен, Дос болуды қалаймын (Редиска)

Көрікті, әсем, нәзікпін, Көктей жеуге болмайды. Салатқа мені қосқанда, Қасымнан қияр қалмайды. Қып-қызыл болып пісемін, Жәшікке тастай салмайды. Жарылып қалам өйткені, Көтермеймін ондайды (Қызанақ)

Күн сәулесін төгеді, Бақшада доп өседі. Шекесін күн қыздырса, Ол үлкейе береді. Жесең шөлің қанады, Тойдырар бар баланы (Қарбыз)

Кіп-кішкентай құлағым,Жайлы інде тұрамын.Жемнің ішін аралап,Сауық-сайран құрамын.

МАЗМҰНЫ

Өмірім – өлеңім ........................... 3Адасқан ұл ........................... 5 Екі жол ........................... 7 Бәрі тірі Құдайда ........................... 9 Сөздер ........................... 11 Адамдарға ........................... 13Бауырыма ........................... 13Жақыныма ........................... 14Ата болдым ........................... 15Әкешім ........................... 16Алтын қалам. ........................... 17Ізден ........................... 17Ойланшы ........................... 19Су рәсіміне ........................... 20Кел, Құдайға ........................... 22Келді Исаға сауалмен... ........................... 24Жырлаңдар иеңді дауыстап ........................... 25Өмір жайлы сұхбаттасу ........................... 25Таяуда ........................... 26Он екі жасар Иса ғибадатханада ...................... 27Жақия пайғамбардың уағызы ........................... 28Исаның шомылдырылуы ........................... 31Исаның сынақтан өтуі ........................... 31Исаның Ізгі хабарды жарияла ........................... 32Інжіл ........................... 33Адамды жаратқан Хақ жоқтан бар ғып ................ 34Өмір мәні ........................... 35Ата-аналарға ........................... 36 Киелі кітап ........................... 37Бартамей мен Иса ........................... 38Адамға... ........................... 40Уәкіл мен қарттар ........................... 41 Баянды бақыттылық ........................... 42Тек Өзіңсің Құтқаруш ........................... 44Көктегі Әке ........................... 45Таң атты арайлы ........................... 46Адамдар, ойлаңдаршы ........................... 47

262 263

Рухани байлық ........................... 48 Сен кешірім алып бердің ........................... 49О, Иса ........................... 49 Соңыңнан еремін ........................... 50Ақша бұлттар ........................... 51 Хош келіпсің, бауырым ........................... 52Жақыптай мені өзгертші ........................... 53Қауымда ........................... 54Күнәм менің кешірілген ........................... 55Табиғатты жаратып ........................... 56Тыныштықтың тұрағы ........................... 57Тәубеге кел ........................... 59Шомылдыру рәсіміне ........................... 59Құдай Әке бақшасы ........................... 60 Көп соқпақтың аяғы... ........................... 61 Сергектігімді қалайсың ........................... 63Жұмақ пен тозақ ........................... 63Көз – дененің шамы ........................... 64Тіршіліктің көрдім талай азабын ....................... 65 Өзің бердің, Өзің алдың ........................... 66Ата-ананың баласына тілегі ........................... 66Тәңірге асығамын ........................... 67 Тағдырым Өзіңнің қолыңда ........................... 68Иса – мәңгі рухани азығың ........................... 69 Жүрегіммен мадақтаймын Тәңірді ............... 70Сенімен бірге болса ........................... 71Ізденіс ........................... 72Кешір мені Тәңірім ........................... 73Кентаудағы киелі үй ........................... 74Сен биік ғарыштасың ........................... 75Сәлем бердім ........................... 76Жан Ием ........................... 76Алғаш рет ........................... 77Құдай Сөзі ........................... 78Бақташы ........................... 78Дүниеге Иса жарықсың ........................... 78Сөзіңде ағат жоқ ........................... 79Ассалламағаликум ........................... 80Қайран қазақ! ........................... 80Тілашар ........................... 81

Жаратушым ........................... 81Адасқан ұл ........................... 82Қазақ елім-ай ........................... 83Жетеле ........................... 83Ізгі хабар ........................... 84Оян, қазақ! ........................... 84Алданба ........................... 85Өлгенді тірілттің ........................... 86Мәңгі өмір ........................... 86Тозақтан құтылдым ........................... 87Кешір Әке ........................... 88

ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕЛЕР .......................... 89НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ .......................... 89Наурыз келді! .......................... 90Наурыз құтты болсын! .......................... 90Кешірім гүлі .......................... 90Наурыз .......................... 91Көңілім көктем .......................... 93Мәңгі көктем... .......................... 94Көктем келді, халайық! .......................... 95Өмір көктемі ......................... 95Көктем келді .......................... 96

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ............. 98Тәңірді қастерлейтін әйел лайық мадаққа ....... 98Жақсы әйел – даналықтың үлгісі ................... 98Ертеден қалған нақыл бар, даналар елге үйреткен . 100Анама ........................... 100Ағайынды үш қыз ........................... 101Хауа ........................... 102Сара ........................... 102Рабиға ........................... 102Мәриям ........................... 103Естер ........................... 103Елізабет ........................... 104Анна пайғамбар ........................... 104Тұтқын қыз ........................... 105Ханна ........................... 105Табита ........................... 105

264 265

Жесір әйел ........................... 106Лүдия мен Прискила ........................... 106

ЖЕҢІС КҮНІ ........................... 107Жеңіс Жаратқаннан болар Жеңіс сыйлаған Құдайды мадақтау .................. 107Адамзат жаратылғалы ........................... 108Жеңімпаз ........................... 109Сен барсың ........................... 109Жаратушым Иемнің ........................... 110Мен Исаға сенемін ........................... 110БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ........................... 111Әке өсиеті ........................... 111Тәңірге мойынсұнудың пайдасы ....................... 112Бала біздің бақытымыз ........................... 112

ТІЛАШАР ........................... 114Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы ............. 114Тілашар ........................... 115Өсиет ........................... 115Құдай сенің әр кезде ........................... 116Асыл тастан, өнер жастан ........................... 116

АТА ЗАҢ ........................... 117Құдайдың он өсиеті ........................... 117Басты екі өсиет ........................... 118Екі өсиет ........................... 118ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ........................... 120Мен – қазақпын ........................... 120Қуаныш жыры ........................... 120

Діни мейрамдар ........................... 122ОРАЗА ........................... 122Құдайға ұнамды ораза мен игі істер ............... 122

ҚҰРБАНДЫҚ ........................... 123Нағыз құрбандық пен Жаңа келісім .............. 123Кемелді құрбандық ........................... 124Құрбандық қозы ........................... 124Күнәмнің құны өтелді ........................... 125

Кешіруді тіледі ........................... 126Сенімнің атасы ........................... 126

ТУЫЛУ МЕЙРАМЫ ........................... 128Әлемнің патшасы дүниеге келді! .............. 128Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді .............. 128Құтқарушы Исаның дүниеге келуі .............. 129Малшыларға ізгі хабар ........................... 129Шимон мен Аннаның Исаны тануы .................... 130О, ғажап, дүниеге Сәби келді ........................... 132Туылу мейрамы ........................... 132Сәби боп... ........................... 133Мәсіх келді дүниеге! ........................... 134Мәсіх келді... ........................... 135Исаның туған күнi ........................... 136Бақташы әңгімесі ........................... 137Алғашқы қар ........................... 137Жұлдызбен сөйлесу ........................... 138Жүріңдер! ........................... 139Иса туылды ........................... 140Ең маңыздысы ........................... 140 Бесік жыры ........................... 140Қуанышты хабар ........................... 141Исаға сыйлық ........................... 142Балалардың диалогы ........................... 143Жуырда ........................... 144Имануил ........................... 144Ғажап түн ........................... 145Бетлехем ........................... 145Ассалаумағалейкум ........................... 146Кім осылай туылды?! ........................... 146Киелі әуен ........................... 147

ҚҰТҚАРЫЛУ-ТІРІЛУ МЕЙРАМЫ ........................... 148Мәсіх тірілді! ........................... 148Қайта туу ........................... 148Айқыш ағаш ........................... 149Сүйінші! ........................... 150Мәсіх тірі! ........................... 150Иса Мәсіх тірілді! ........................... 151

266 267

Ғажап күн! ........................... 151Ғажайып көктем ........................... 152Тірілді Иса! ........................... 153Алақай, Мәсіх тірілді! ........................... 153Қаһарлы қыс кетіп ........................... 154Алатаудың артынан ........................... 154Тірілді Иса деп ........................... 155Тірілу мейрамы ........................... 155Мәсіх тірілді! ........................... 156Үміт бар ........................... 156Мәсіх тірілді ........................... 157Мәсіх тірілді! ........................... 157Құтқарылу ........................... 158Нық сенемін ........................... 158

ЕГІНЖАЙ МЕЙРАМЫ ........................... 160Забур жырынан үзінді ........................... 160Қуанышты күн бүгін ........................... 161Қымбатсың халқым маған ........................... 163Бүгін егінжай мейрамы бізде ........................... 164Күз келді ........................... 165Тәңірдің сыйы ........................... 166Күз ........................... 167Сары түс ........................... 167Құдай – Ұлы ........................... 168

Тұрмыс-салт мейрамдары ШІЛДЕХАНА ........................... 169Сәби келді дүниеге! ........................... 169Нәрестеге тілек ........................... 169Бесік жыры ........................... 170

ТҰСАУ КЕСУ ........................... 171Тұсауыңды кесейін ........................... 171

СҮНДЕТ ........................... 172Ыбырайым өзін, ұлдарын ........................... 172Сүндеттелді мұрагер ........................... 173Ата-анаңа сүйеніш бол ........................... 175

ТУҒАН КҮНДЕР Жас атаулары ........................... 176Ата ........................... 176Әже ........................... 177Әкеме ........................... 178Анаға ........................... 178Аға ........................... 179Іні ........................... 180Ене ........................... 181Нағашы ........................... 182Жиен ........................... 183Жиенге ........................... 183Балама ........................... 184Ағама ........................... 184Інішек ........................... 184Қарындасым ........................... 185Құрбыма ........................... 185Құрдасқа ........................... 186Құда-құдағиға ........................... 187Бөлеге ........................... 187Жеңгеге ........................... 187Сіңіліге ........................... 188Қайын ініге ........................... 188Көршіге ........................... 189Рухани бауырласқа ........................... 189

ҚОНЫС ТОЙ Қоныстарың ырысты болсын ........................... 191

БАТАҚұдайға мойынсұнғандарға арналған он екі бата . 193 Діни қызметкерлердің ақ батасы ...................... 194 Дәуіттің жыры ........................... 194Сапар бата ........................... 194Әкенің батасы ........................... 195Жақыптың ұлдарына бата беріп, келер. ..... 197Ақ бата ........................... 199

БАЛАЛАРҒАӘділ бол, балам, әр кезде ........................... 201

268 269

Кім қалай үйретеді? ........................... 201Құмырсқа ........................... 202Гүлдер ........................... 202Кім жасаған? ........................... 203Иса жолын қуамын ........................... 204Атжалман ........................... 204Құдай – сүйіспеншілік ........................... 205Дос ........................... 206Кеңес ........................... 206Достар ........................... 207Әділеттің дерті ........................... 207Менің қуанышым ........................... 208Жол ........................... 208Иса жүректі қағады ........................... 209Құдайға сеніңдер ........................... 209Бұлттардан жоғары ........................... 210Сәбилер жыламасын! ........................... 210Құдайым қорғаным ........................... 210Көктемде ........................... 211Білемін ........................... 211Күмәнсіз сенім арт ........................... 212Мейірімді Бақташы ........................... 212Санамақ ........................... 213Тасбақа ........................... 213Доп ........................... 213Иса менің үмітім ........................... 214Ыбырайым ........................... 214Ұнату ........................... 215Жасамаймын күнәні ........................... 216Иса бізбен бірге ........................... 216Таңертең ........................... 216Балалар дұғасы ........................... 217Бесік жыры ........................... 217Тәңірді жырла ........................... 218Ол сүйіспеншілік ........................... 218Зұлымдықты жең ........................... 219Кел ........................... 221Қуаныш ........................... 222Күн мен мысық ........................... 223Жолдар көп ........................... 224

Мейірімді бақташы ........................... 225Тіл алғыш ........................... 225Сенемін ........................... 226Тіл алғыш бол ........................... 227Күнбағыс ........................... 228Көктегі дәрігер ........................... 228Құдайға сеніңдер ........................... 229Иса жолын қуамын ........................... 229Доп үшін ........................... 230Менің Қуанышым ........................... 230Біздің Құдай – Ұлы ........................... 231Гүл, сені Құдай жаратты ма? ........................... 231Алғыс ........................... 232Кеме ........................... 232Жақсыдан шарапат ........................... 233Келді Иса жер бетіне ........................... 234Көмекші ........................... 234Жыл мезгілдері ........................... 235Қыс ........................... 236Жүрегімнің патшасы ........................... 236Нағыз досым бар менің ........................... 237Киелі кітапты оқы ........................... 238Әлемге көз салсаң ........................... 238Кім күшті Тәңірдей ........................... 239Әлемінде Құдайдың ........................... 240Мен Сенің қозыңмын ........................... 240Бақытты ........................... 241Алғыс Тәңірге! ........................... 241Ата-әжеме барамын ........................... 242Сәуірде ........................... 242Бәйшешек ........................... 243Мадақ айтам Тәңірге ........................... 243Сүйікті болу сүюде ........................... 244Балаларды Иса қатты сүйеді ........................... 245Асан мен Досан ........................... 245Кешірім ........................... 246Кешіру мен өкпелеу ........................... 246Ол кешірді ........................... 247

270 271

Бала тілі бал Қызғаншақ ........................... 248Сұрақ ........................... 248Қара жүрек ........................... 248Найзағай ........................... 248Самсон ........................... 248Күнә ........................... 249Иса Мәсіх өлген жер ........................... 249Кеме ........................... 249Кенже болғым келмейді ........................... 250Тапанша ........................... 250Таптым енді жауабын ........................... 250Жүсіптің шапаны ........................... 250Екі достың дауы ........................... 251Оны Құдай жаратқан ........................... 251

ЖҰМБАҚТАР .................... 252-260

272 PB

Сіздің бұл кітап туралы ой-пікіріңіз, әлде сұрақтарыңыз болса, мына мекен-жайға жазыңыз:

050031 Алматып/ж 68«ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ»

www.tabisu.kzwww.shsaulesi.at.ua