16
Їкілі їміт №242 (28181) 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Грузияның Орталық сайлау комиссиясы прези- денттік сайлаудың қоры- тындысын шығарды. Бюлле- теньдер 100 пайыз есептелген соң «Грузия арманы» билеуші коалициясынан кандидат Георгий Маргвелашвилидің 62,11 пайыз дауыс алғаны белгілі болды. Оған 1 милли- он 12 мың 214 адам өз дауыс- тарын беріпті. Қытай басшылығы Пекиндегі Тяньаньмэнь ала- ңында болған автомобиль апа- тын лаңкестік деп қабылдап отыр. Оқиға салдарынан көлік ішіндегі 3 жанкештіні қосқанда, 5 адам қаза тапса, 38-і жарақат алған еді. Биліктегілер лаңкес- тікке қатысы бар деген күдікпен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районының екі тұрғынына іздеу жариялаған. Сауд Арабиясының Жоғарғы мүфтиі Абдул Азиз əл Шейх сөз сөйлеп, онда жас отандастарына Сириядағы соғысқа баруға асықпауға ақыл-кеңес берген. Мүфтидің сөзіне қарағанда, соғыс іс- қимылдарына қатысу жиһад жолын таңдағандар үшін міндетті болып табылмайды. Ресей либерал-демокра- тиялық партиясының серкесі Владимир Жириновский «атың шықпаса, жер өрте» əрекетін тағы қайталады. Ол «Жекпе- жек» бағдарламасында «Сол- түстік Кавказды тікенек сым- мен қоршап тастау керек» деп мəлімдеді. Сондай-ақ, Кавказ республикаларында үшінші бала үшін айыппұл енгізіп, тұрғындар өсімін қысқарту қажеттігін талап етті. Мемдуманың комитет төрағасы Гаджимет Сафаралиев бас про- курор Юрий Чайкадан оспа- дар депутаттың мəлімдемесін тексеруді өтініп отыр. Латвияның Вентс- пилс, Кулдигу жəне Талси қалалары сұрапыл дауыл салдарынан толықтай электр жарығынсыз қалды. Қа- лаларда жанармай құю стан- салары жұмыс істемейді. Электр жарығы тұрғын үйлер мен мекемелерде атымен жоқ. Ауруханалар мен басқа да стратегиялық нысандар генераторлармен жұмыс істеп тұр. Аталған қалаларға қуат қашан бері- летіні беймəлім. «Тəжікстан темір жолы» Ресей жағынан Воро- неж облысының Терновка стансасындағы темір жол бой- ында «Мəскеу – Душанбе» ба- ғытындағы пойызға жасалған шабуылдан келген шығынның орнын толтыруды талап етіп отыр. Мұндай оқиға бұрын- соңды орын алып көрмесе, оны соңғы кездегі Ресейдегі антимигранттық көңіл-күйдің күшеюімен байланыстыруға болатындай. Мысырдың кунг- фудан чемпионы Мохаммед Юсеф елдің бұрынғы прези- денті Мохаммед Мурсиді қолдағаны үшін алтын меда- лінен айырылып қалды. Бұған қоса, билік басын- дағылар спортшыға əлемдік аренада өз елінің намысын қорғауға тыйым салды. Дис- квалификацияның қанша уақытқа созылатыны тура- лы мəлімет жоқ. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында əлемнің ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» сыйлығынан үміткер 23 футболшының тізімін жариялады. Олардың қатарында аталған допты төрт мəрте алған Л.Месси, сондай-ақ Э.Азар. Г.Бейл, З.Ибрагимович, А.Иньеста Ф.Лам, Р.Левандовский, Р. ван Перси, К.Роналду, т.б. бар. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді. 24 саєат Еркін елдің ертеңі Бїгінгі нґмірде: 6-бет ШЕБЕРЛІКТІЅ ШЫЅЫ – ШЫНДЫЌ МЕРГЕН ЌЫЗДЫЅ АРУАЄЫН МАЗАЛАМАЙЫЌ 8-бет 9-10-беттер Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан». Жиын басында С.Ахметов еліміздің білім мен ғылым деңгейін əлемдік стандарттарға жақындату Үкімет алдындағы маңызды міндет екендігіне тоқталып, бұл Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсеткен басым бағыттардың бірі санала- тынын айтып өтті. Үкімет отырысының күн тəртібіндегі басты тақырып турасында Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов баяндады. Ол мектепке дейін жəне мектеп қабырғасында оқыту жайына, техникалық жəне кəсіптік білім берудің жүйелі міндеттеріне тоқталып, тұтастай алғанда, білім беру үдерісін одан əрі жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы хабарлады. Министрдің айтуынша, «Балапан» бағдарламасының арқасында бүгінде мектеп- ке дейінгі оқытуға 3-6 жас аралығындағы балалардың қам- тылуы екі есеге артып, 36-дан 71,5 пайызға дейін өскен. Сон- дай-ақ, білім саласында мек- тепке дейінгі сапалы оқытуға тең қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа даму бағ- дарламаларын енгізу, кадрлар дайындау бойынша ресурстық орталық құру, оған қоса, 2014 жылы ерте даму тұжырымда- масын жасау жоспарланып отыр. Ал білім беру инфрақұры- лымдарын дамыту мəселелеріне қатысты сөзінде министр 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 50 мектеп салу көзделіп отырғанын, алдағы үш жыл ішінде 146 мектеп салынаты- нын жеткізді. Нəтижесінде 2016 жылға қарай апатты мек- тептер үлесінің 3 пайыздан 1,5 пайызға дейін кемитінін, ал жалпы білім беру жүйесіндегі үш ауысымдық оқыту 1,3 пайыздан 0,1 пайызға дейін қысқаратынын атап өтті. Техникалық жəне кəсіптік білім беруде айрықша на- зар білім беру мен бизнестің əріптестігін нығайтуға, кадрларды Үдемелі индус- триялық-инновациялық даму бағдарламасының басымдық- тарымен байланыстыра отырып дайындауға аударылады. Мамандар дайындауєа айрыќша мəн берген жґн Кеше қуанышты хабар жетті. 14 жастағы қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2014 жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпия ойындарының көрсетілім сынағына қатысатын болыпты. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан». Біз Лиза туралы алғаш рет бұдан 2 жылға жуық уақыт бұрын, 2011 жылғы желтоқсан айында, ол Германияның Дортмунд қаласында жасөспірімдер арасында болып өткен халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алған кезде жазғанбыз. Сол жолы 11 жасар қыздың Қызылорда облысындағы Арал қаласының тумасы екенін де баяндаған едік. Лиза бала жасынан спортқа, соның ішінде мəнерлеп сырғанауға қызығып өсіпті. Қызының осындай ынтасын білген əкесі Байтақ Тұрсынбаев Мəскеу қаласына көшіп барады. Оның Лизадан жасы үлкен Тимур атты ұлы да бар екен. Қазір төрт адамнан тұратын отбасы Ресей астанасында тұрып жатыр. «Менің қызым 14-ке енді ғана тола- тын болғандықтан, Олимпия ойындарының мəнерлеп сырғанаудан ересектер арасын- да өтетін негізгі жарысына жіберілген жоқ. Сондықтан ол мұнда тек көрсетілім сынағына қатысады», – деп түсіндірді Элизабеттің əрі менеджері болып табылатын əкесі Байтақ. Оның айтуына қарағанда, Лиза қазір алдағы желтоқсан айының 5-і мен 8-і аралығында Жапонияда өтетін жасөспірім- дердің əлемдік Гран-приінің финалына дай- ындалып жатқан көрінеді. Еске сала кетейік, ол осы Гран-придің таяуда Минскіде өткен кезекті кезеңінде екінші орыннан көрінген еді. Элизабет Тұрсынбаева – жасөспірімдердің 2013-2014 жылдарғы маусымға арналған əлемдік Гран-приінің 5 кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы үштіктің құрамына енді. Ол сондай-ақ Ресей үздік жасөспірімдерінің «топ-5» шеңберінен де орын алған. Бұған дейін, яғни 2010, 2011 жəне 2012 жылдары Қазақстанның чемпионы атанып үлгерген ай- дынды Аралдың ақботасы биылғы 2013 жылы Мəскеу қаласының біріншілігінде де алдына жан салмапты. Бір ғажабы, талантты қыз тек мəнерлеп сырғанаумен ғана шектеліп қалмаған екен. Ол бос уақытында, сондай-ақ, скрипкамен жəне фортепьяномен шұғылданатын болып шықты. Жақында музыкалық мектептің скрипка сыны- бын тəмамдап шықпақшы. Дегенмен, ол өзінің негізгі армандарын спортпен байланыстыра қарастырады. Лиза мəнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындары мен əлем чемпионы бо- луды армандайды. Айта кету керек, үстіміздегі жылы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының демеушілік етуімен Лизаға бірқатар жарыс- тарға қатысу мүмкіндігі жасалды. Ал жылдың соңынан бастап оны Канада жаттықтырушысы Брайн Орсер даярлай бастайтын болады. Оңдасын ЕЛУБАЙ, «Егемен Қазақстан». Құрылысы еліміздің индустрия- ландыру картасына енген серпінді жобалардың бірі – «Өскемен құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Өскеменде шығарылатын құс еті, одан жасала- тын тауық шұжығы қазір еліміздің барлық қалаларында саудаланады. Бір Астананың өзінде 164 сауда дүкендерінде құс фабрикасының өнімдері сатылады екен. Жақында кəсіпорын өмірінде тағы бір игі іс жүзеге асып, «Айтас-МП» шұжық фабрикасын пайдалануға берді. «Өскемен құс фабрикасы» жаңа кəсіпорны құрылысына 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалды. Оның 40 пайызын кəсіпорын өз қаржысы, ал 60 пайызын несие берушілер есебінен жүзеге асырды. Шын мəнінде, елімізде теңдесі жоқ, тəулігіне 30-40 тонна құс етін өңдеу арқылы шұжықтың, құс еті деликатесін шығаратын фабрика Швейцария, Австрия, Германия, Польша, басқа мемлекеттердің қондырғыларымен жəне жабдықтарымен монтаждалған. Қазір кəсіпорында 200 адам жұмыс істесе, толық қуатына енгенде 400 адам еңбек етпек. Жаңа фабриканың салтанатты ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Қаржы министрі Болат Жəмішев, Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті Руслан Шарипов, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстары əкімдерінің орынбасарлары, «Өскемен құс фа- брикасы» ЖШС-інің бас дирек- торы Серік Толықбаев қатысты. Жиынды ашқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда жаңа кəсіпорынның ерекше орын алатынын, ет өнімдерін Ресей мен Беларуське экспортқа шығару арқылы еліміздің атағын шығарудың мүмкіндігі туып отырғанын айта келіп, кəсіпорын басшысы Серік Құмалбекұлына алғысын айтты. Өскеменнің елге сыйлы қариялары лентаны қиған соң кел- ген қонақтар алып цехтың ішіне енді. Міне, бір жерде жұмысшылар ақ желең жамылып алып, құс етін бөлшектеп жатыр. Содан кейін ол тоңазытқышта бірнеше сағат суы- тылып, бабына жеткен соң бірден сауда орындарына жөнелтіледі. Құс етін суытатын мұз арнайы қораптан шығып жатыр. «Тəулігіне 9 тонна пісірілген шұжық, 9 тон- на қақталған құс еті, басқа да де- ликатес, барлығы 40 тонна шұжық шығады», деп кəсіпорын басшысы Серік Толықбаев қысқаша таны- стырып өтті. Мұнда еңбек ететін жұмысшыларға жуынатын жер, киім ілетін, демалатын орын бөлінген, тегін тамақ, арнайы киім беріледі. «Өскемен құс фабрикасы» ұжымы алдағы уақытта да ізденіс пен ілкімділік таныта бермек. ӨСКЕМЕН. Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сай- лануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Парламент Мəжілісінің «Қа- зақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының отырысын- да Мемлекет басшысы Н.Назар- баевтың «Нұр Отан» партия- сының XV съезінде берген тапсырмаларын іске асыруға байланысты мəселелер қарал- ды. Қазақстан халқы Ассам- блеясының Ұлттық бірлік док- тринасы мен «Нұр Отан» пар- тиясы Доктринасының ортақ мақсаттары елдің тұрақтылығын жəне халықтың бірлігі мен əл- ауқатын сақтауға бағытталған. «Нұр Отан» партиясының Доктринасы туралы баяндама жасаған Парламент Мəжілісінің депутаты, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі Шалатай Мырзахметов партияның мис- сиясы, құндылықтары, жалпыға бірдей факторлар мен партияның тарихи жауапкершілігі, Қазақ- стан өркендеуінің шарттары ретінде бірлік пен жалпыға бірдей келісім, отбасы құн- дылықтары, қоғамды дамы- тудағы мемлекеттің рөлі, тиімді мемлекеттік басқару жəне мем- лекеттік қызметтердің сапасы, Қазақстанның бүкіл азаматтары өмірінің сапасын жақсарту тура- лы жан-жақты айтып берді. Пікір алмасу кезінде депу- таттар А.Мурадов, В.Киянский, З.Саяпова сөз сөйледі. Екінші мəселе бойынша Парламент Мəжілісінің депу- таты, Парламент Мəжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы төрағасының орынбасары Егор Каппель сөз сөйледі. Ол партияаралық ынтымақтастық, бейбітшілік пен азаматтық келісімді қамтамасыз ету мəселелері бойынша депутаттық топтың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажеттігі, материал- дарды міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, əрбір тоқсанға əзірленетін медиа-жоспарды іске асыруға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету тура- лы, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күніне орай сая- си партиялар фракцияларының қатысуымен «Бір ел – бір тағдыр» брифингіне дайындық жəне оны өткізу жөнінде хабарлады. Біз – қазақстандықтармыз! Депутаттыќ топтыѕ кезекті отырысы Парламент Мəжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының кезекті отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Жеделхатта Қазақстан Прези- денті Г.Маргвелашвилидің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Грузияның одан əрі жан-жақты дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген. «Қазақстан мен Грузия ара- сындағы өзара тиімді ынты- мақтастық біздің елдеріміз халықтарының игілігі үшін өзара сенім мен құрмет жағдайында алда да дами беретініне сенемін», деп атап өткен Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Г.Мар- гвелашвилиге зор денсаулық жəне жауапты қызметінде мол табыс, сондай-ақ достас грузин халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. Ел тынысы: мың бір мысал Бірегей кешен (Соңы 2-бетте). Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет оты- рысында білім жəне ғылым саласына қатысты бірқатар мəселелер талқыланды. Бір єасыр ґткен соѕ ЌАЗАЌ ƏНДЕРІ МƏСКЕУДЕ ШЫРЌАЛАДЫ 16-бет

30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

  • Upload
    others

  • View
    35

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

Їкілі їміт

№242 (28181)30 ҚАЗАН

СƏРСЕНБІ2013 ЖЫЛ

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы прези-дент тік сайлаудың қоры-тын дысын шы ғарды. Бюл ле-теньдер 100 пайыз есептелген соң «Грузия арманы» билеуші коалициясынан кандидат Георгий Маргвелашвилидің 62,11 пайыз дауыс алғаны белгілі болды. Оған 1 милли-он 12 мың 214 адам өз дауыс-тарын беріпті. Қытай басшылығы

Пе киндегі Тяньаньмэнь ала-ңында болған автомобиль апа-тын лаңкестік деп қа былдап отыр. Оқиға сал да ры нан көлік ішіндегі 3 жан кеш тіні қосқанда, 5 адам қаза тапса, 38-і жарақат ал ған еді. Биліктегілер лаң кес -тік ке қатысы бар деген күдік пен Шыңжаң-Ұйғыр ав то номиялы районының екі тұрғынына іздеу жариялаған. Сауд Арабиясының

Жоғарғы мүфтиі Абдул Азиз əл Шейх сөз сөйлеп, онда жас отандастарына Сириядағы соғысқа баруға асықпауға ақыл-кеңес берген. Мүфтидің сөзіне қарағанда, соғыс іс-қимылдарына қатысу жиһад жолын таңдағандар үшін міндетті болып табылмайды.Ресей либерал-демокра-

тиялық партиясының серкесі Владимир Жириновский «атың шықпаса, жер өрте» əрекетін тағы қайталады. Ол «Жекпе-жек» бағдарламасында «Сол-түстік Кавказды тікенек сым-мен қоршап тастау керек» деп мəлімдеді. Сондай-ақ, Кавказ республикаларында үшінші бала үшін айыппұл енгізіп, тұрғындар өсімін қысқарту қажеттігін талап етті. Мемдуманың комитет төрағасы Гаджимет Сафаралиев бас про-курор Юрий Чайкадан оспа-дар депутаттың мəлімдемесін тексеруді өтініп отыр. Латвияның Вентс-

пилс, Кулдигу жəне Талси қа лалары сұрапыл дауыл салдарынан толықтай электр жарығынсыз қалды. Қа-лаларда жанармай құю стан-салары жұмыс істемейді. Электр жарығы тұрғын үйлер мен мекемелерде атымен жоқ. Ауруханалар мен басқа да стратегиялық нысан дар генераторлармен жұ мыс істеп тұр. Аталған қалаларға қуат қашан бері-летіні беймəлім. «Тəжікстан темір

жолы» Ресей жағынан Воро-неж облысының Терновка стан сасындағы темір жол бой-ында «Мəскеу – Душанбе» ба-ғы тындағы пойызға жасалған шабуылдан келген шығынның орнын толтыруды талап етіп отыр. Мұндай оқиға бұрын-соңды орын алып көрмесе, оны соңғы кездегі Ресейдегі ан тимигранттық көңіл-күйдің күшеюімен байланыстыруға болатындай. Мысырдың кунг-

фудан чемпионы Мохаммед Юсеф елдің бұрынғы прези-денті Мохаммед Мурсиді қолдағаны үшін алтын меда-лінен айырылып қалды. Бұған қоса, билік басын-дағылар спортшыға əлемдік аренада өз елінің намысын қорғауға тыйым салды. Дис-квалификацияның қан ша уақытқа созылатыны тура-лы мəлімет жоқ. Халықаралық футбол

федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында əлемнің ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» сыйлығынан үміткер 23 футболшының тізімін жариялады. Олардың қатарында аталған допты төрт мəрте алған Л.Месси, сондай-ақ Э.Азар. Г.Бейл, З.Ибрагимович, А.Иньеста Ф.Лам, Р.Левандовский, Р. ван Перси, К.Роналду, т.б. бар.

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде

əзірленді.

24саєат

Еркін елдің ертеңі

Бїгінгі нґмірде:

6-бет

ШЕБЕРЛІКТІЅ ШЫЅЫ – ШЫНДЫЌ

МЕРГЕН ЌЫЗДЫЅ АРУАЄЫН МАЗАЛАМАЙЫЌ

8-бет 9-10-беттер

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан».

Жиын басында С.Ахметов еліміздің білім мен ғылым деңгейін əлемдік стандарттарға жақындату Үкімет алдындағы маңызды міндет екендігіне тоқталып , бұл Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсеткен басым бағыттардың бірі санала-тынын айтып өтті.

Үкімет отырысының күн тəртібіндегі басты тақырып турасында Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов баяндады. Ол мектепке дейін жəне мектеп қабырғасында оқыту жайына, техникалық жəне кəсіптік білім берудің жүйелі міндеттеріне тоқталып, тұтастай алғанда, білім беру үдерісін одан əрі жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы хабарлады.

Министрдің айтуынша, «Ба ла пан» бағдарламасының арқасында бүгінде мектеп-ке дейінгі оқытуға 3-6 жас аралығындағы балалардың қам-тылуы екі есеге артып, 36-дан 71,5 пайызға дейін өскен. Сон-дай-ақ, білім саласында мек-тепке дейінгі сапалы оқытуға тең қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа даму бағ-дар ламаларын енгізу, кадр лар дайындау бойынша ресурс тық орталық құру, оған қоса, 2014 жылы ерте даму тұжырым да-масын жасау жоспарланып отыр.

Ал білім беру инфрақұры-лым дарын дамыту мəселелеріне

қатысты сөзінде министр 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 50 мектеп салу көзделіп отырға нын, алдағы үш жыл ішінде 146 мек теп салынаты-нын жеткізді. Нəтижесінде 2016 жылға қарай апат ты мек-тептер үлесінің 3 пайыз дан 1,5 пайызға дейін кемитінін, ал жалпы білім беру жүйесіндегі үш ауысымдық оқыту 1 ,3 пайыздан 0,1 пайызға дейін қысқаратынын атап өтті.

Техникалық жəне кəсіптік білім беруде айрықша на-зар білім беру мен бизнестің ə р і п т е с т і г і н н ы ғ а й т у ғ а , кадр ларды Үдемелі ин дус-триялық-инновация лық да му бағдарламасының басым дық -тары мен байланыстыра отырып дайындауға аударылады.

Мамандар дайындауєа айрыќша мəн берген жґн

Кеше қуанышты хабар жетті. 14 жастағы қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 2014 жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпия ойындарының көрсетілім сынағына қатысатын болыпты.

Серік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан».

Біз Лиза туралы алғаш рет бұдан 2 жылға жуық уақыт бұрын, 2011 жылғы желтоқсан айында , ол Германияның Дортмунд қаласында жасөспірімдер арасында болып өткен халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алған кезде жазғанбыз. Сол жолы 11 жасар қыздың Қызылорда облысындағы Арал қаласының тумасы екенін де баяндаған едік. Лиза бала жасынан спортқа, соның ішінде мəнерлеп сырғанауға қызығып өсіпті. Қызының осындай ынтасын білген əкесі Байтақ Тұрсынбаев Мəскеу қаласына көшіп барады. Оның Лизадан жасы үлкен Тимур атты ұлы да бар екен. Қазір төрт адамнан

тұратын отбасы Ресей астанасында тұрып жатыр.

«Менің қызым 14-ке енді ғана тола-тын болғандықтан, Олимпия ойындарының мəнерлеп сырғанаудан ересектер арасын-да өтетін негізгі жарысына жіберілген жоқ. Сондықтан ол мұнда тек көрсетілім сынағына қатысады», – деп түсіндірді Элизабеттің əрі менеджері болып табылатын əкесі Байтақ.

Оның айтуына қарағанда, Лиза қазір алдағы желтоқсан айының 5-і мен 8-і аралығында Жапонияда өтетін жасөспірім-дердің əлемдік Гран-приінің финалына дай-ындалып жатқан көрінеді. Еске сала кетейік, ол осы Гран-придің таяуда Минскіде өткен кезекті кезеңінде екінші орыннан көрінген еді.

Элизабет Тұрсынбаева – жасөспірімдердің 2013-2014 жыл дарғы маусымға арналған əлемдік Гран-приінің 5 кезеңінің қорытындысы бойынша алғаш қы үштіктің құрамына енді. Ол сондай-ақ Ресей үздік жас өспірімдерінің «топ-5» шең берінен де орын алған. Бұған дейін, яғни 2010, 2011 жəне 2012 жыл дары Қазақстанның чемпионы атанып үлгерген ай-дынды Аралдың ақботасы биылғы 2013 жылы Мəскеу қаласының біріншілігінде де алдына жан салмапты.

Бір ғажабы, талантты қыз тек мəнерлеп

сырғанаумен ғана шектеліп қалмаған екен. Ол бос уақытында, сондай-ақ, скрипкамен жəне фортепьяномен шұғылданатын болып шықты. Жақында музыкалық мектептің скрипка сыны-бын тəмамдап шықпақшы. Дегенмен, ол өзінің негізгі армандарын спортпен байланыстыра қарастырады. Лиза мəнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындары мен əлем чемпионы бо-луды армандайды.

Айта кету керек, үстіміздегі жылы «Самұ рық-Қазына» акционерлік қоғамының демеушілік етуімен Лизаға бірқатар жарыс-тарға қатысу мүмкіндігі жасалды. Ал жылдың соңынан бастап оны Канада жаттықтырушысы Брайн Орсер даярлай бас тайтын болады.

Оңдасын ЕЛУБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Құрылысы еліміздің индустрия-ландыру картасына енген серпінді жобалардың бірі – «Өскемен құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Өскеменде шығарылатын құс еті, одан жасала-тын тауық шұжығы қазір еліміздің барлық қалаларында саудаланады. Бір Астананың өзінде 164 сауда дүкендерінде құс фабрикасының өнімдері сатылады екен. Жақында кəсіпорын өмірінде тағы бір игі іс жүзеге асып, «Айтас-МП» шұжық фабрикасын пайдалануға берді.

«Өскемен құс фабрикасы» жаңа кəсіпорны құрылысына 1 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалды. Оның 40 пайызын кəсіпорын өз қаржысы, ал 60 пайызын несие берушілер есебінен жүзеге асырды. Шын мəнінде, елімізде теңдесі жоқ, тəулігіне 30-40 тонна құс етін өңдеу арқылы шұжықтың, құс еті деликатесін шығаратын фабрика Швейцария, Австрия, Германия, Польша, басқа мемлекеттердің қондырғыларымен жəне жабдықтарымен монтаждалған. Қазір кəсіпорында 200 адам жұмыс істесе, толық қуатына енгенде 400 адам еңбек етпек.

Жаңа фабриканың салтанатты ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Қаржы министрі Болат Жəмішев, Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті

Руслан Шарипов, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстары əкімдерінің орынбасарлары, «Өскемен құс фа-брикасы» ЖШС-інің бас дирек-торы Серік Толықбаев қатысты. Жиынды ашқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда жаңа кəсіпорынның ерекше орын алатынын, ет өнімдерін Ресей мен Беларуське экспортқа шығару арқылы еліміздің атағын шығарудың мүмкіндігі туып отырғанын айта келіп, кəсіпорын басшысы Серік Құмалбекұлына алғысын айтты.

Ө с к е м е н н і ң е л г е с ы й л ы қариялары лентаны қиған соң кел-ген қонақтар алып цехтың ішіне енді. Міне, бір жерде жұмысшылар ақ желең жамылып алып, құс етін бөлшектеп жатыр. Содан кейін ол тоңазытқышта бірнеше сағат суы-тылып, бабына жеткен соң бірден сауда орындарына жөнелтіледі. Құс етін суытатын мұз арнайы қораптан шығып жатыр. «Тəулігіне 9 тонна пісірілген шұжық, 9 тон-на қақталған құс еті, басқа да де-ликатес, барлығы 40 тонна шұжық шығады», деп кəсіпорын басшысы Серік Толықбаев қысқаша таны-стырып өтті. Мұнда еңбек ететін жұмысшыларға жуынатын жер, киім ілетін, демалатын орын бөлінген, тегін тамақ, арнайы киім беріледі.

«Өскемен құс фабрикасы» ұжымы алдағы уақытта да ізденіс пен ілкімділік таныта бермек.

ӨСКЕМЕН.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Георгий Маргвелашвилиге оның Грузия Президенті лауазымына сай-лануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Парламент Мəжілісінің «Қа-зақ стан халқы Ассамблеясы» депу таттық тобының отырысын-да Мемлекет басшысы Н.Назар -баевтың «Нұр Отан» партия-сының XV съез інде берген тапсырмаларын іске асыруға байла нысты мəселелер қарал-ды. Қазақстан халқы Ассам-блея сының Ұлттық бірлік док-тринасы мен «Нұр Отан» пар-тиясы Доктринасының ортақ мақсаттары елдің тұрақтылығын жəне халықтың бірлігі мен əл-ауқатын сақтауға бағытталған.

«Нұр Отан» партиясының Доктринасы туралы баяндама жасаған Парламент Мəжілісінің депутаты, «Қазақстан халқы А с с а м б л е я с ы » д е п у т а т т ы қ т о б ы н ы ң м ү ш е с і Ш а л а т а й Мырзахметов партияның мис-сиясы, құндылықтары, жалпыға бірдей факторлар мен партияның тарихи жауапкершілігі, Қазақ-стан өркендеуінің шарттары ретінде бірлік пен жалпы ға бірдей келісім, отбасы құн-ды лықтары, қоғамды дамы-тудағы мемлекеттің рөлі, тиімді мемлекеттік басқару жəне мем-лекеттік қызметтердің сапасы, Қазақстанның бүкіл азаматтары өмірінің сапасын жақсарту тура-лы жан-жақты айтып берді.

Пікір алмасу кезінде депу-таттар А.Мурадов, В.Киянский, З.Саяпова сөз сөйледі.

Ек інші мəселе бойынша Парламент Мəжілісінің депу-таты, Парламент Мəжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы төрағасының орынбасары Егор Каппель сөз сөйледі. Ол партияаралық ынтымақтастық, бейбітшілік п е н а з а м а т т ы қ к е л і с і м д і қамтамасыз ету мəселелері бойынша депутаттық топтың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажеттігі, материал-дарды міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, əрбір тоқсанға əзірленетін медиа-жоспарды іске асыруға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету тура-лы, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күніне орай сая-си партиялар фракцияларының қатысуымен «Бір ел – бір тағдыр» брифингіне дайындық жəне оны өткізу жөнінде хабарлады.

Біз – қазақстандықтармыз!

Депутаттыќ топтыѕ кезекті отырысы

Парламент Мəжілісіндегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының кезекті отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Прези-денті Г.Маргвелашвилидің жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметі Грузияның одан əрі жан-жақты дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенімін білдірген.

«Қазақстан мен Грузия ара-сындағы өзара тиімді ынты-мақ тастық біздің елдеріміз

халық тарының игілігі үшін өзара сенім мен құрмет жағдайында алда да дами беретініне сенемін», деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Г.Мар-гве лашвилиге зор денсаулық жəне жауапты қызметінде мол табыс, сондай-ақ достас грузин халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Ел тынысы: мың бір мысал

Бірегей кешен

(Соңы 2-бетте).

Кеше Премьер-Министр Сер ік Ахметовт ің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет оты-рысында білім жəне ғылым саласына қатысты бірқатар мəселелер талқыланды.

Бір єасыр ґткен соѕ

ЌАЗАЌ ƏНДЕРІ МƏСКЕУДЕ ШЫРЌАЛАДЫ

16-бет

Page 2: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz2

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Алқалы басқосуға қатысқан а у м а қ т ы қ ф и л и а л д а р д ы ң төрағалары мен олардың бірінші орынбасарлары, съезд делегатта-ры, жергілікті мəслихаттардың депутаттары, «Жас Отан» жас-тар қанатының белсенділері мен БАҚ өкілдері алдында филиал жетекшісі, аймақ басшысы Самат Ескендіров сөз сөйледі.

Баяндамашы «Нұр Отан» пар-тиясының кезектен тыс ХV съезі-нің тарихи маңызына тоқтала келіп, осынау саяси жиынға Қызыл-жар өңірінен 62 делегат қатыс-қанын, партияның Саяси кеңе сінің жаңартылған құрамына «Мəм-бетов жəне К» командиттік серік-тестігінің бас директоры Ерке-бұлан Мəмбетов пен Тіл жəне əдебиет институтының дирек торы Жанар Таласбаеваның, Тексеру комиссиясының құрамына облыс-тық мəслихаттың депутаты Райхан Əбдірахманованың енгенін жет-кізді. Нұрсұлтан Назарбаев көш-бас шы партияның жеті міндетін айқындап, алдымызға үлкен меже-лер қойды. Форумда қабылданған Саяси доктрина ел дамуының ұзақ жылдарға арналған маңызды қадамдарын белгілеп берді. Бұдан былай патриоттық күш, жал пы-ұлттық бірліктің орталық буыны, азамат тық қоғамның көшбасшысы, экономикалық жəне əлеуметтік инновациялардың жалпыұлттық

эпицентр і , жалпыхалықтық бақылаудың басты құралы, жас-тар белсенділігі басым бағыттар ретінде жан-жақты қолдау табатын болады, деді өңір басшысы.

Са мат Сапарбек ұлы «Қа зақ -стан-2050» Стра те гия сын жү зеге асыруға байланысты өңірде ат -қарылып жатқан шараларға тоқ талып, басты міндет Стратегия мен Доктрина талаптарын бұл жытпай орындау болып табылатынын қадап айтты. Партия Төрағасы атап өткендей, Қазақстан əлемнің ең дамыған 30 мемлекеті қатарына қосылу жолын-да ұстанған бағ дары нан айнымай-ды. Оған елі міз дің экономикалық əлеуеті, хал қымыздың күш-жі-гері толық жетеді. Өзімізді ұдайы қамшылап, алға ұмтыла біл сек қана «Қазақстан-2050» Стра тегия сындағы биік мақ саттарды орындауға қол жеткіземіз. Ал бұл əр нұротандықтан белсенді іс-қимыл күтеді.

Саяси кеңес отырысында облыстық мəслихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов, Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясының ди-ректоры Гүлжан Жақанова, ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов, «Нұр Отан» партиясы Шал ақын аудандық филиалы төрағасының орынбаса-ры Елена Кузичева, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұса Танақұлов сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.

Сонау тоқсаныншы жылдардың тоқы-рауының талмалы да тұйыққа тірелген тұсында айтылған Елбасы Нұрсұлтан Назар-баевтың «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ!», деген осы бір ауыз сөзінің дəл бүгінгі күні ақиқатқа айналарына иланғанымыздан да иланбағандығымыз басымдау болғандығын айтайық та əуелі. Қайдағы дамыған ел, қайдағы санатқа қосылу?! «Ел іші кебек жей бастады»,

деп алыпқашпа жел сөзбен елдің үрейін ұшырып жатқан шуылдақ топтардың тоқым қағып, желігіп тұрған шағы болатын ол тұс. Кеңес Одағы өзінің ыдырағанымен қоймай, «коммунизм құрылысшылары» болған өз халқының ыңыршығын айналдырып, тақыр кедейшілікке ұрындырып тұралатып тастап кеткен сол тұста əупірімдеп күн көрудің амалына көшкен қазақтың тəуелсіздігінің көгінен бүгінгі нұрлы күн туар деп кім ойлаған?! Сол нұрлы күнді тудырудың тұғырында тас табандап тұра алған жəне əлі де тайсалмай тұрған бір ғана адамды, Нұрсұлтан Назарбаевты ғана бүгінгі жəне де мəңгіліктің де мəңгілігінің тарихының мойындары бар!

Бізге осылай деп батыл байлам жа-сатып отырған жай жуырда ғана Санкт-Петербург қаласында болып өткен G-20, яғни «Үлкен жиырмалық» елдерінің көш-пелі брифингінің барысында Бүкілəлем-дік экономикалық форум 2013-2014 жыл-дар дың жаһандық бəсекелестік туралы жылдық есебі бойынша Қазақстан бір саты-ға алға басып, 148 елдің арасынан 50-ші орынды иеленгендігін жариялауы болды.

Бұл барлық қазақ баласының, əрбір қазақстандықтың сүйіншілейтін қуаны-шы еді! Біз өз басымыз «Нұр Отан» партия сының XV съезіне қатысып жəне де осы үлкен жиында Қазақстан Респуб-ли касының Президенті – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы жəне «Нұр Отан» партия-сы» тақырыбындағы терең мағыналы сөй-леген сөзін тыңдап, сонан соң осы съезде қабылданған партияның «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасының қағидаттарымен толық танысқан сəтте көңілге ең əуелі осы бір жайдың оралғаны бар. Иə, біз елуінші орындамыз! Осы бір ой тұрғысынан толғана оты рып, елдегі ең қуатты саяси күш – «Нұр Отанға» ен-дігі арада алыс болашаққа көз тігіп жасал-ған «Қазақстан-2050» Стра те гиясын да белгіленген биік межелерге, ай қын мақ-саттарға қол жеткізе отырып, оны мүлтіксіз жүзеге асырып, Қазақ елін даму дың дара жолына бастау сияқты аса жауап ты миссия жүктеліп отырғандығын ұғындық.

«Нұр Отан» партиясы мейлінше қысқа уақытта алып құрылымға айналып, еліміздің саяси-əлеуметтік өміріндегі барлық істерге белсене араласып, қазақстандықтардың зор сеніміне ие болғандығына күмəн келтіруге де ешбір негіз жоқ деп санаймыз. Бұл – əлдеқашан мойындалған ақиқат! Жəне де Елбасының барлық бастамаларын əрдайым қызу қолдау арқылы да партияның зор абы-рой жинай білгендігін айтқан лəзім.

«Елімізді əлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – алдымыздағы үлкен, ұлы мақсат. Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс», деген Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде айтқан осы бір ауыз сөзі, яғни алдағы уақытта Қазақ елін əлемнің ең дамыған 30 елінің бірі болуына қол жеткізу партияның ғана емес, барша қазақстандықтардың өмірінің темірқазығына айналуы керек. Өйткені, біз соған лайықты елміз! Біз өзінің даму

тарихында бұрын-соңды тап бүгінгідей экономикалық жəне əлеуметтік тамаша табыстарға ие болып көрмеген Қазақстанды Елбасының қайратты да қарымды ерік-жігерінің жəне де кемел келешекті бол-жап бере алып отырған көрегендігінің арқасында Еуразия кеңістігінің абы-ройы да, атақ-даңқы да лайықты жаңа мемлекеті бола алдық. «Ендігі жерде қашан да бүкілəлемдік қоғамдастықпен қатар адымдауға тиіспіз», деген міндетті Нұрсұлтан Назарбаев біздің алдымызға осы тұрғыдан тартып отырғандығы да бар. Көкейімізге осыны түйе білгеніміз жөн.

Дүрбелеңі мен дүрмегі көбейіп бара жатқан бүгінгі дүние құрылымында еліміз-

дегі тыныштық пен ынтымақты, ел бірлігін көзіміздің қарашығындай сақтай отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын ойда-ғыдай етіп жүзеге асыру, Елбасының сөзімен айтқанда, «Біздің əлемдегі ең та-нымал ұлттардың шоғырына біржолата қосылуымыз үшін берілген ұлы тарихи мүм кіншілік», екендігін де есте ұстаған абзал. Осы бір қағидат əрі-беріден соң «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру бағытында жүргізілетін бар жұмыстарымыз бен істеріміздің иделогия-сына айналуы қажет деп санар едік.

Алда тұрған ауқымды да күрделі жұмыс тарды біз жаһандық дамудың бүгін гі дағдарыстағы заңдылықтары мен қарама-қайшылықтары жəне де тіпті жан алысып жан берісер қызу бəсекелестік жағ дайларында жүзеге асыруға тура келе-тіндігін де естен шығармауға тиістіміз. Бұл орайда Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатерін нақтылап көрсетіп бер ген-дігін де жиі жиі еске алып отырғанымыз абзал. Өйткені, Елбасы атап айтқан сол бол жамды қатерлердің алды қазірдің өзін де бой көрсетіп отырғандығын да аңдауға болар еді. Биылғы жылдың ба-сындағы «Кипр дағдарысы» бетінің зорға қайтарылғандығына қарамастан, қазір Еуроодақтың экономикасы болса, ол ең төменгі макрокөрсеткіштер ұшына ілініп тұр. Əлеуметтік дағдарыс та бəсеңси қойған жоқ. Таяу Шығыс елдеріндегі əлдебір қарулы қақтығыстар да мынау солқылдақ əлемнің тұрақсыздығын əлі де шайқай түскісі келгендей. Міне, бүгінгі əлемнің даму үрдісі бізге Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде айтқан «Менің ішкі түйсігім мен тəжірибем əлемнің таяу болашақтағы даму кезеңі аса күрделі бо-латынын аңдатады. Осындай жағдайда барлық қазақстандықтар өз Отанымыздағы тұрақтылық пен даму бағдарын болжауға болатындығының бағасын білуге тиіс!», деген сөзінің мəніне аса ден қоя отырып жəне де ел бірлігі Қазақстанның дүние елдерінің алдыңғы қатарына шығуының басты критерийі екендігін де ұғыну керек.

Біз қандай жағдай болса да, өз елімізді тығырыққа тірейтін саясаттан да, түрлі əрекеттерден де сақтай білуге тиістіміз. Елбасының осы бағытта жүргізіп келе жатқан жасампаз бағытының дұрыстығына ел тəуелсіздігінің жиырма екі жыл бойын-дағы жылнамасы айқын көз жеткізіп беріп отырғандығы да ақиқат. Бұл орай-да Елбасының бір ғана Қазақстанды ин-дустрияландырудың жаңа бағыты мен сая-са тын белгілеуі еліміздің əлемдегі қуатты да дамыған мемлекеттердің қатарынан алар орнымызды анықтаушы басты əрі маңызды фактор екендігін де уақыт озған сайын ұғындырып келе жатқандығы да анық жай. Бір кездері, яғни тəуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде «ең аяғы қара шеге де шығармайды» деп сөгетін Қазақстан осы күндері əлемнің 111 еліне өзінің да йын өнімдерін эскпорттап келе жатыр! Жəне де Қазақстанда экономиканың тіптен де жаңа салалары пайда болғандығы, сөйтіп,

елімізде бұрын-соңды ешқашан болып көр-меген автомобиль, локомотив, вагон мен тікұшақтар жасайтын өндірістердің іске қосылып, жұмыс істей бастағаны, сондай-ақ экспортқа аккумуляторлар, трансформа-торлар, металл құбырлары, тыңайтқыштар, азық-түлік өнімдері сияқты көптеген дай-ын тауарларды шығара бастағаны да осы индустрияландырудың біздегі алғашқы əрі өте маңызды қанатқақты нəтижелері мен табыстары болып саналады.

Индустрияландырудың осы бағдарлама-сына сай ел бойынша 250-ден астам жаңа өнім түрлерін шығару игерілді. Олай бол-са, индустрияландыру бағдарламасының Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар

екен дігін естен шығармағанымыз абзал. Елбасының жуырда болып өткен Үкі-меттің кеңейтілген отырысында ел бо-йынша индустрияландыру бағдарламасы мен берілген тапсырмалардың орында-лу жайын жан-жақты сұрап, соған орай, талап та қойғандығын ел тағдыры үшін əрдайым алаңдап, мазасыз күй ке шіп келе жатқандығы деп ұғынайық əрі осы жауапкершілікті Елбасымен бірге əрқай-сы мыз да сезіне білейік!

Қазіргі уақытта қоғам əлеуеті мен көзқарастарының өзгеруіне байланыс-ты жүйелі жаңару талабы қойылып отырғандығы да басы ашық мəселенің бірі. Бұл күндері халық мүддесінің жоқтаушысы жəне де біздің бүкіл қоғамымыздың айнасы іспетті болып отырған «Нұр Отан» партиясының съезінде біздің мұраттарымыз бен құндылықтарымызды, негізгі қағидаттарымызды анықтап бекіткен Саяси доктринаның қабылдануы да маңызы жоғары оқиғалар қатарынан орын алды.

«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтар-дың алдында тұрған тарихи міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамды ұйыстырып, топтастыратын жəне Елбасының мемле-кет тік бағыты мен «Қазақстан-2050» Стра тегиясын ойдағыдай орындауды қамтамасыз етудегі барынша басымдығы бар саяси күш ретінде өзінің ХХІ ғасыр дағы миссиясын осы Доктринамен айқын дап алып отыр. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаса да, осы тəуелсіздік үшін қаншама алысып, арпалысса да қол жеткі зе алмаған бүгінгі Қазақстанның Тəуелсізді-гін басты жетістікке балай отырып, оны халқымыздың қасиетті құндылығы деп тану арқылы жəне сол тəуелсіздікті нығайтуды, елдігімізді қорғауды тарих пен болашақ ұрпақтар алдындағы парызымыз деген орынды тұжырым жасалғандығы біздің əрқайсымыздың ел мен ел тəуелсіздігі үшін аса жауапты екендігімізді ұғындыра түседі.

Қазақстанды өркендету мен мемлекеттің орнықты да тұрақты дамуы үшін қажетті бар жағдайдың жасалғандығын атап көрсете отырып, «Нұр Отанның» Саяси доктрина-сы өркендеу дегенді «барлық азаматтардың өмір сапасын ұдайы жақсартуды қамтама-сыз ететін экономикалық дамудың жо-ғары қарқынына қол жеткізу» деп тани отырып, осы орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптастыру сияқты аса маңызды міндетті шешуге өзінің мүдделі екендігін жария-лады да, «Біз Қазақстанның одан əрі өркендей беруі үшін жауапкершілікті өзімізге жүктейміз», деп мəлімдеді. Мұны «Нұр Отан» партиясының Елбасының, өз Көшбасшысының саяси бағыты мен ұста нымының əбден дұрыстығына жəне де елді дамытудың «Қазақстан-2050» Стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыруға деген барлық қазақстандықтардың ын-тасы мен құлшынысына, ел бірлігі мен халқымыздың ынтымақшыл ниет күшіне сенгендігі деп қарастырғанымыз абзал. Ал «Нұр Отанның» сенімі – ел сенімі!

Е л м е н х а л ы қ т а ғ д ы р ы ү ш і н

жауапкер шіл болуды бізге Елбасы əрдайым үй ретіп келеді жəне соның тамаша үлгісін көрсетіп те келе жатқандығы талас тудыр-майтын тарихи ақиқат. Қазақстан Респуб-ликасының Тұңғыш Президенті – партия-ның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назар-баевтың осы Доктринада біздің, бар-ша қазақстандықтардың саяси идеалы бола тындығын атап көрсетуі де тарихи ақиқат! «Елбасының даналығы, гуманизмі, мұқалмас ерік-жігері, болашаққа ұмтылысы жəне халқына шексіз беріле қызмет етуі біз үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де əрқашан үздік үлгі бола бермек», деген Доктринадағы осы бір ауыз тұжырымды сөз əр қазақстандықтың көкейіне əлдеқашан берік орныққандығы да сөзсіз.

Қазақы түйсік пен санаға бақ пен дəулет ынтымағы жарасқан жерге ғана дариды деген ұғымның берік орныққандығы да та-лассыз. Саяси доктринада сол ынтымақтың əуелі əр отбасынан басталатындығы да жəне сол болашаққа ұмтылыс пен талпынысымыздың Қазақстанның одан əрі өркендеуінің аса маңызды шарты екендігі айтылады. Жəне де «жаһандану дəуірінде өзінің тарихының, мəдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады», деген тұжырымды алға тарта отырып, «Нұр Отан» партиясының Доктринасында «Отбасы жəне Дəстүр» қағидаттарында Қазақстанды мекендеген барлық ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, қазақ тілін, төл мəдениетіміз бен салт-дəстүрімізді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз болып табылатындығы да айқындалады. Ендігі арада қазақстандық қоғамда отбасы – біздің барлық адами құндылықтарымызды сақтаудың аса маңызды институтына айна-лумен бірге, ата-ананың бала алдындағы, баланың ата-ана алдындағы өзара жауап-кер шіліктерін сезінетіндей тəрбие қалыптастыру біздің идеологиямыздың негізгі өзегі болуы да керек. Өйткені, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық ата-ана тəрбиесімен отбасында қалыптасатындығын ұмытпағанымыз жөн.

Қазіргідей жаһандану үрдісіндегі мəде-ниеттердің өзара кірігуі жеделдей түскен замандағы əлем келбетінде өзіміз дің халық есебінде сақталып қалуымыз үшін «біз өзгелердің жақсы жағын бойы мызға сіңіре отырып, өзіміздің мəдени төл-тумалығымызды сақтай білуіміз қажет» деген тұжырым өте орынды болып көңілге орныққанын айтар едік. Осы орай-да партия Төрағасы Нұрсұлтан Назар-баевтың: «Біз қоғамымыздың ерекше лік-те рін артықшылыққа айналдыра білдік. Əралуандығымыз – байлығымызға, бірлі-гі міз – табысымызға айналды. Осыны ұлт зия лылары үнемі есте ұстап, жастарға əрдайым ынтымақтың үлгісін көрсеткені жөн», деген съездегі осы бір ауыз сөзін қай-талай отырып, мұны əрқайсымыздың сана-мызға сіңіре білу қажет деген ой түйдік.

Доктринада қуатты экономика құру арқылы əділетті əлеуметтік саясат орнық-ты рудағы зияткер ұлтқа жүктелер міндеттер айтылады да жəне ол əлем бойынша үде-мелі экономикалық дамудың өзекті шар-ты – білім мен инновация болып табыла-ды делінген қағидамен ұштастырылады. Зияткер ұлттың негізін жаңа білім мен серпінді технологияларды жəне тың идея-лар мен білімді бойға сіңіруге дайын тұратын, сонымен бірге, жасампаздық деңгейде ойлай білетін білімді де кəсіби азаматтар құрайтындығы болса, партия азаматтарымыздың зияткерлік əлеуетін барынша жүзеге асыру үшін оларға қолайлы жағдайлар жəне инновациялық инфрақұрылым жасау қажеттілігін де сезініп отырғандығы қуантады.

Тəуелсіздік жылдары халқымыз рухының қайта өрлегені де анық. Сол рухты қайтадан сенімді өрлете түсерлік жай Доктринада мемлекеттік тілдің ел бірлігін сақтаушы фак-торы ретінде аталуына орай Елбасының: «Бұл мəселеге аса ден қоятын кез келді. Қазақ тілін білу азаматтық парыз ды ғана емес, ұлтқа де-ген құрметті де білдіреді», деуі арқылы біздің ендігі тілдік саясатымыз бен ұстанымымызды айқындап берді. Жəне де осыған қосымша Елбасы бұл ғасырды ана тіліміз бен ата дəстүріміздің, ұлттық мəдениетіміздің мəңгі жаңғыру дəуірі деп тани отырып, «Нұр Отан» партиясына мемлекеттік тілді нығайтуға, қазақтың дəстүрі мен мəдениетін жаңғыртуға байланысты қоғамдық-саяси жұмыстардың тиімді жүйесін жасауды да тапсырды. Бұл арада партияға біздің көпэтносты халқымыздың бірлігі үшін жоғары жауапкершілік жүктелетіндігі де ай-тылмай қалған жоқ.

«Біз бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманға қол жеткізгенімізді мақтан ете білуіміз керек. Ұлтымыздың ұлы тарихының жаңа тарауы қуатты да табыс-ты тəуелсіз мемлекеттің шежіресі болып жазылуда. Еліміз осы жылдарда ерлік пен бірліктің үлгісін көрсетті. Тəуелсіздіктің қиыншылықпен келгенін, оны ұстап қалу оңай емес екендігін халқымыз білді. Осыны түсініп отырған, бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын. Бірте-бірте барлық жағдай түзеледі, барлық мəселе шешіледі. Барлығымыз қолымызға қонған алтын құс –бақытымызды сақтай білейік, деген Елбасының айтқанын ХХІ ғасырдың пар-тиясы – «Нұр Отанның» Мəңгілік Ел болу Доктринасының алтын əріптермен жазылар тұсы деп қабылдаймыз!

Біз ґзімізді ўдайы ќамшылап, алєа ўмтыла білсек ќана «Ќазаќстан-2050» Стратегиясындаєы биік маќсаттарєа жете аламыз. Партиямыз тўєырлы, елдігіміз єўмырлы болсын. Мəѕгілік Елді бірге жасайыќ!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, «Нұр Отан» партиясының XV съезінде сөйлеген сөзінен.

Бўл – Мəѕгілік Ел болудыѕ Доктринасы!

Белсенді ќимыл кїтеді«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің

оты рысында саяси ұйымның кезектен тыс ХV съезінің шешім-де рі жəне Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінен туындайтын міндеттер талқыланды.

2016 жылға қарай дуалды білім беру жүйесімен жұмыс істейтін кол ледждердің үлесі 20-дан 50 пайызға дейін артады деп көз-делуде. Жоғары білім беруде де экономиканы дамытудың инно-вациялық міндеттерін шеше алатын бəсекеге қабілетті кадрлар дайын-дау мақсат етіп қойылып отыр.

Білім жəне ғылым министрі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты да өзгерістер болатынын атап өтті. Біріншіден, тесттердің мазмұны қайта қаралады. Тесттер базасындағы талаптарға сəйкес келмейтін сұрақтар жойылады. Екіншіден, тестілеу технологи-ясы өзгертіледі. Компьютерлік тест ілеуд і енг і зу нəтижеге субъектілік факторлардың əсерін төмендетуге мүмкіндік береді, деді министр. Бұдан өзге, ол бір жыл ішінде тестілеуді қайта тап-сыру мүмкіндігін енгізу бойынша мəселелерді пысықтау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

А.Сəрінжіпов ауыл мектепте-рін дегі жəне шалғай өңірле р дегі білім сапасын жақсарту бойын-ша бірқатар шаралар əзір ленгені жөнінде ақпаратпен бөлісті.

Ш е ш і м р е т і н д е р е с у р с -тық орталықтар мен IT-техно-ло гияларды шоғырландыруды ұсы нып отырмыз. 2015 жылы 160 ресурстық орталық құруды жоспарладық, оларға 640 шағын кешенді мектеп бекітіледі, сонымен қатар, е-learning тұжырымдамасын жаңартып жатырмыз, ол қалалар мен ауылдар арасындағы цифрлық тепе-теңсіздікті қысқартады, деді А.Сəрінжіпов.

Министр айтып өткендей, бү гінгі таңда білім сапасы бо-йын ша қала мен ауыл арасында алшақтық байқалып отыр. Апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептердің барлығы дерлігі, со-нымен қатар, спорт залдары жоқ мектептер мен ал жоғары санаттағы мұғалімдердің үлесі де қалаға қарағанда ауылда 2 есе аз.

Ауыл мектептерінің мəселеле-ріне ҰБТ нəтижелерінің қалаға қарағанда ауылда төмендігі дə лел, деді министр. Жалпы алғанда, орта білім беру бойынша таяу 3 жылда Білім жəне ғылым министрлігі жаңа оқу жоспарларын жəне оқулықтар жасауды, 100 мың мұғалім оқытуды, қысқа мерзімді курстар арқылы 135 мың педагогты біліктілікті арттырумен қамтуды жоспар-лап отыр екен. Сондай-ақ, 2016 жылға дейін елімізде мемлекеттік тілдегі оқу орындарының саны артпақ. Мектепке дейінгі білім беруде мұндай ұйымдар саны 2 мыңға дейін, орта білім беруде 4 мыңға дейін, ТКО саны 50-ге дейін жеткізіледі, деді министр.

Министрдің баяндамасынан соң Үкімет отырысында орта бі лім беруді одан əрі дамыту стра тегия сы мəселесі бойынша «Назар баев Зияткерлік мектептері» бас қармасының төрайымы К.Шам шидинова, «Кəсіпқор» хол дингі басқармасының

басшысы Э.Сəдуақасова, Назарбаев университетінің вице-президенті К.Дайырова баяндады.

Талқыланған мəселені қоры-тын дылай келе, Үкімет басшысы жаңашылдықтар енгізудің сапасын көтеру мен жетілдіру мəселелерінің аса маңыздылығын атап айтты. Премьер-Министрдің пікірінше, бұл жұмыста педагогтар мен жұртшылық тарапынан қолдау, мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар та-рапынан түсіністік, пікір үндестігі болуы қажет. Олардың айрықша ықыласынсыз білім беру саласында жаңғырту болмайды, деді С.Ахметов. Яғни, ол ұсынылған жоспарлар мен идеяларда кəсіби мамандардың, тұтастай алғанда, халықтың пікірлері ескерілуі тиіс екендігіне тоқталды.

Мемлекет педагогтық ресурс-тарды дамытуға, яғни білі мін көтеруге, педагог кадрлардың дайындығын жүйелі түрде же-тілдіруге зор көңіл бөліп келе ді, деді С.Ахметов. Үкімет басшы-сының айтуынша, бүгінде кадр-лар дисбалансы бар, бұл жас да-рынды педагогтардың мектеп-терден кетіп, жағдайы жасалған, экономиканың бəсекелестік ортасы бар басқа салаларына орын ауыс-тыруынан болып отыр. Аталмыш мəселелер шешілмейінше, қа-былданған мемлекеттік шаралар-дың тиімділігі төмен жəне алға қойған мақсаттарға қол жеткізу қиынға соғуы мүмкін.

С.Ахметов, сонымен қатар, аз жабдықталған мектептер проблема-ларын шешу қажеттігіне, ресурстық орталықтар құруға тоқталып, Өңірлік даму министр лігіне бұл жұмысқа ауыл дық аумақтарды қолдау бойынша өңірлерді дамы-ту бағдар ла масының жаңа тарауын жасау шеңберінде кірісуге нұсқау берді.

Кешегі отырыста, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыс-тарының 2014 жылға арналған жос парының жобасы жəне заң жобалау жұмыстарының 2015-2016 жылдарға арналған перс-пективалық жоспары мақұлданды. Аталмыш жоспарлар жайында Əділет министрі Берік Имашев баяндады. Б.Имашев өз сөзінде 2014 жылы 37 заң жобасын жасау жоспарланғанын хабарлады.

Олардың ішінде Экономика жəне бюджетт ік жоспарлау министрлігі 10 заң жобасын əзірлейді. Əділет министрлігі мен Индустрия жəне жаңа техноло-гиялар министрлігі 5 жобадан əзірлейтін болады, Өңірлік даму министрлігі 4 заң жобасын, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Қаржы министрліктері 2 заң жобасынан əзірлейді, деп мəлімдеді ол.

Бұдан өзге, Қорғаныс, Білім жəне ғылым министрліктері, сондай-ақ Табиғи монополиялар-ды реттеу агенттігі 1 заң жобасынан əзірлейтін болады. Ал 2015-2016 жылдары 15 заң жобасын əзірлеу жоспарланған.

Мамандар дайындауєа айрыќша мəн берген жґн

(Соңы. Басы 1-бетте).

Page 3: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz 3

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Ел жəне Елбасы

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Əсіресе, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттары мен міндет терінің ма ңыздылығы туралы кеңінен əңгіме қозғалды. Əлемдегі барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу кеше ғана тоталитарлық сая-си жүйе мен құрсауланған, бəрін де жергі лікті жағдайлармен есептеспей өзіне лайық тысын ғана атқаруға рұқсат беріп, кесіп-пішіп отыра-тын билеуші орталық тың басқаруында болған, өз еркі өзіне тимей келген қоғам үшін мүлде оңай шаруа емес. Тіпті мұндай биікке қол жеткізудің мүмкіндігіне шүбə келтірушілер де көп. Алайда, Елбасы 2030 жылға дейін бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену межесін алға қойғанда да сенетін жандар аз болған. Бірақ бұл меже мерзімінен бұрын орын далып, Қазақстан қазірдің өзінде барынша да мыған 50 мемлекеттің қатарына кіріп отыр. Осы істерді бастап қана қой-май, аяғына дейін жет кізіп келе жатқан Тұңғыш Президентіміз Н.Н а зарбаевтың орасан зор еңбегі жəне оның мемлекеттік-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зер делеу өзекті мəселе болып табыла-ды. «Ашық сұх бат алаңында» айтылуға тиісті ойлар мен пі кірлер осы мəселенің төңірегінде болмағын жи ынға төрағалық етуші Мемлекет тарихы инс титутының директоры, тарих ғылымдарының док торы, профессор Бүркітбай Аяған белгілеп берді.

Сұхбатқа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, саяси ғылымдар докторы Төлеутай Сүлейменов, ресейлік про-фессор, филология ғылымдарының докторы Насипхан Суюнова, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты бас директорының орын-басары Тұрсынкүл Құсайынова, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профес-соры, тарих ғылымдарының докторы Нұрлан Мухлисов жəне т.б. қатысты. Өзінің алғысөзінде Бүркітбай Ғелманұлы ғасырлар бойы азаттық қозғалысының қазақ даласында өшпегенін, осы жолда төгілген қан мен тердің тіпті есепсіз болғанын айтып өтті. Алайда, қазақ даласы шы-найы азаттыққа қол жеткізе алмады, сол себепті біреудің сырттан таңған шекті межесінен де шыға алмады. Тіпті осы шекке сыймаған өзінің арыс ұлдары мен қыздарының атын атаудан да тыйылып, олардың есімдері мен істерінен теріс айналуға дейін барды. Тек екі ғасыр ауысарда,

мыңжылдық айналып, тарих еншісіне кетер тұста ғана қазақ халқы өзінің аңсаған арманы-на қол жеткізді. Еркіндіксүйгіш егемен елдің бағына Мемлекет басшысы болып Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтай дара тұлға келді. Ол Қазақстанды бейбітсүйгіш, өзара төзімді, демократиялық үдерістерді жақтайтын біртұтас халқы бар, тұрақты, болжалды мем-лекетке айналдыра алды. Отанымыз бүгінде өз қатарластарынан оза шауып, Еуразия барысына айналудың нышандарын танытып жатқанын мақтан етеміз. Арайлы Астана ерке Есілдің жа-ғасына бой көтергенде шартарап Қазақ стан деген елдің, қазақ деген ұлттың бар лығына көздерін жеткізіп, онымен тең дəрежеде санасатын болды. Əлемдегі бар лық өрке ниетті елдердің қатарына тең дəре жеде ене білген еліміз, əлемдік алпауыт тар да мойындауға мəжбүр болғандай, халық аралық игілікті іс-шаралар жасап жүр. Сол қатарда Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төраға болып, оның 11 жылдан бері өтпеген Саммитін абыроймен өткізгеніміз талай мəрте мақтанышпен ауызға алынатыны даусыз.

Осыдан əрі төраға сұхбат алаңында Елбасының осындай өрелі істері туралы пікірлер айтылып, оны халықаралық басқа да тұлғалармен салыстыру жəне халыққа оның өшпес істерін одан əрі жеткізу жолын-да қандай ұсыныстар мен пікірлер болмағын естігісі келетінін жеткізді. Сонымен қатар, Тұңғыш Прези дент жəне Қазақстанның жаңа мемле кеттік құрылымы, елдің əлеуметтік-эко-номикалық жаңғыру мəселесі, Қазақ станның демократиялық даму эволюция сы, бейбітшілік пен келісім, Қазақстан мəдениеті мен өнері тура-лы да пікірлер айтылғанын қалайтынын білдірді.

Алғашқы сөз кезегін алған белгілі дипломат, тəуелсіз Қазақстанның алғаш қы Сыртқы істер министрі, профес сор Төлеутай Сүлейменов біздің Орталық Азия елдері ішінде мəртебесі асқақтаған, экономикалық жағынан озық, қоғамы тұрақты, қауіпсіздік тұрғысынан алған да берік ел бола алуымыздың өзі Елба сы Н.Назарбаевтың көптеген саяси нұсқа лардың ішінен ең дұрыс даму жолын таңдай білуінің арқасында екенін ешқашан да естен шығармауымыз керек, деді. Сонымен бірге, Елбасының жанында көп жүрген қайраткер Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғалық қырларынан да өзіне мəлім жайттарды айтып берді.

Мəселен, 1992 жылы Америка Құрама

Штаттарына алғаш рет барған сапарында Елбасына кешкі қабылдау жасаған АҚШ Пре -зиденті Дж.Буш қолқа салып, «сізді өнер-ге жақын жан деп естідік, бір өлең айтып беруіңізді өтінемін», деп сұраған екен. Н.На-зарбаев алдымен өзі, сосын бірге барған жұба-йы Сара Алпысқызы жəне қызы Дариға Нұр-сұлтанқызымен бірге қазақтың екі тамаша əнін орындап беріпті. Американың төрінде шыр-қалған қазақтың сазды əніне жиналған жұрт-шылық қызу қол соқса, қазақстандық деле-гацияның мүшелері қуаныштан көздеріне жас алыпты. Бұл сəт Америка басшылығы хатта-масының тарихына тіркелген еді. Сол дастарқан басында америкалық сұңғыла саясаткерлер бізге: «Сіздер бақытты халықсыздар, сіздер əлі алысқа барасыздар», деген тұрғыда пікірлер айтса керек. Міне, сол сөздердің орындалғанына қазір көзіміз жетіп отыр, деді профессор.

Ресейлік қонақ Насипхан Суюнованың да пікірлері мазмұнды, ойлары орамды болды. Ол қазақстандықтарға өзінің қызығушылықпен қарайтынын жасырмады. Тəуелсіз елдеріңіз бар, Астанадай əлем қызығатын тамаша қалаларыңыз бар сіздер қандай бақытты жансыздар, деді ол. Сөйтсе, бұл кісінің өзі Ресейде тұратын ноғайлардың өкілі болып шықты. Бір кездегі ордалы ел болған халықтың қазір жұқанасы ғана қалған. Барлық саны 103 мыңнан сəл ғана артық көрінеді. Оның да жартысы империяның ұсақ халықтарды өздеріне сіңіру саясатының құрбаны болып, өз тілдерін білмейді, ділінен де айырылған. Біздер – түбіміз де, тіліміз де, діліміз де, дініміз де бір халықпыз. Біздің ара-мызда да найман, қаңлы, тама, қоңырат деген ру-лар көп кездеседі. Əттең, тағдырдың жазуымен біз өз туыстарымыздан айырылып қалғанбыз. Сол өкінішті. Алайда, қазақтардың жетістігіне, оның Президентінің əлем мойындаған тұлға болғанына біз де қуанамыз, деді ол.

Бұлардан басқа сөйлеген адамдар да Қазақ -станның барлық жетістігін Елбасы Н.Назар-баевтың есімімен тікелей байланыс тырды. Жи-налыс соңынан жиналғандар қарар қабылдады. Онда мемлекеттілікті қалыптастырудағы Елба -сының қызметін зерделеу ауқымын ке ңейту, Президенттің ұлттық тарихты зерттеуге қатысты берген тапсырмала рын орындау, Тұңғыш Президент жəне оның Қазақстан мемлекеттілігін қалып тастырудағы рөлі мен қызметін зерттеудің ғылыми тұжырымдамасын жасау секілді қадау-қадау мəселелер қамтылған.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Биылғы жылдың шілдесінде қаржы полициясы қызметкеріне 2 млн. теңге көлемінде пара берді деген күдікпен «Тұрғын үй» МКҚМ-нің бұрын ғы директоры Н.Түрежанов жəне «Стронг Базис» ЖШС-нің басшысы М.Жамалов ұсталды. Қыркүйекте М. деген азамат шадан оны декреттік демалыс тан шы ғуына байланыс ты жəне қайта жұмыс қа қабылдау үшін 75 мың теңге көле-мінде пара талап етті деген күдік пен Шым кент қаласының №70 «Шол-пан» бө бек жай-балабақшасының меңге ру шісі З.Мырзабаева ұсталды. Өзбек стан Республикасына екі жүк көлігін кедер гісіз тездетіп өткі-зу үшін штаттан тыс қызметкер А.Ер жанов деген азамат арқылы К. деген азаматтан 30 мың теңге ні пара ретінде алды деген күдікпен Қап лан бек кеден бекетінің бас ма-маны М.Қасымбеков ұсталды. Əл-Фараби аудан дық СЭС мекемесінің бас маманы «Қуа ныш» кафесінің тазалығына көз жұ ма қарағаны үшін 15 мың теңге пара алған...

Облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінен электрондық поштамызға осындай елді елең еткізерлік жаңалықтар жиі түсіп тұрады. Содан болар, жылт еткен жаңалықты елге жылдам жеткізу -ге тырысатын қалам ұстаған тілші қауымының да, осындай ақпарат -тарды оқитын қарапайым халықтың да түсінігінде қаржы полициясы тек қолға кісен салатын, топырла-тып ұстай беретін мекеме сияқты елестейтіні жасырын емес. «Əрине, қаржы полициясы органдары жедел-іздес тіру қызметін, алдын ала тер-геу жəне анықтау, экономикалық жəне қаржылық қызмет, сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға бағытталған қызметті жүзеге асырады, – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов. – Бірақ, біздің мекеме, ең алдымен, мемлекеттің экономика-лық қауіпсіздігін, кəсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қам тамасыз етеді. Ең бастысы, экономикалық қаржылық жəне сы-байлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып та-былады. Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жол-дауында «Біз құқық қорғау орган-дары мен арнайы қызметтердің ре формасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тəртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру жəне жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмай-мыз», деп айтқан болатын. Сондай-ақ, Елбасының «Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған. Біздің бұл бағыт-тағы іс-əрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едəуір төмендетті . Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда. Алайда, бізге сы-байлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет. Парақорларды анықтау жəне сотқа тарту жеткіліксіз. Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұрт-шылықты жемқорлық тəртіп бұзу-шылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек», деп айтқаны бір жағы біздің жұмы сымызға берілген баға, бір жағы алдағы жұмы сымыздың бағыт-бағдары екені анық. Шынында, соңғы жыл-дары құқық қорғау органдарын-да бірқатар нəтижелі реформалар жүргізіліп, базасы жақсартылды. Функциялары нақты айқындалды. Қызметтің қайталануы жойылды».

Бүгінде сыбайлас жемқор-лықпен бі тіс пес күрес жүріп жа-тыр. Жа қын да ғана Оң тү с тіктің қаржы полиция сы Н.Бей се ев де-ген азаматтың бас шы лы ғында ғы

10 адамнан тұ ра тын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызме тіне шектеу қойды. Жақын туыстар-дан тұратын атал ған қылмыстық қоғамдастық 2007-2013 жылдар аралығында жалған кəсіпкерлік құру, салық органдарына кіріс ту-ралы мəліметтерді жалған енгізіп, бюджетке төленетін міндетті төлем-дер мен салық төлеуден бас тартып, əдейі жəне қасақана бан кроттық жариялау арқылы мемле кетке ірі мөлшерде залал келтір ген. Шұғыл-іздестіру іс-шаралар жүргізу нəтижесінде аталған топтың жақын туыстарына жəне қайтыс болып кеткен адамдарға рəсімделген 20-ға жуық жалған кəсіпорын анықталды. Олар келтірген залалдың сома-сы бүгінгі таңда 15 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша 2 қылмыстық іс қозғалып, топтың басшысы Н.Бейсеевке іздеу жарияланды.

– Жасыратыны жоқ, «біреуді қаржы полициясына шақырыпты, тергепті» дегенді естісек, «оның шаруасы бітті деген сөз» деп сырт-тай тон пішіп қоятынымыз бар. «Шынында, біздің полицияға шақырылып, тергеуге тартылған азаматтарға əртүрлі ой келуі мүмкін, – дейді бұл жөнінде Серік-бай Садықұлы. – Бірақ, қаржы поли циясы қорқытатын немесе адамды тек қаралайтын мекеме емес. Жəне қылмыстық іс қозғау не-месе тергеуге шақыру бұл міндетті түрде сотталасың деген де сөз емес. Бұл жерде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауда өте мұқият болу керек. Айтайын дегенім, қаржы по ли-ция сының əрбір қызметкері заң шеңберінде əр нəрсенің байыбы-на барып, зерттеп, содан кейін шешім қабылдауы тиіс. Елбасымыз айтқандай, құқық қорғау органын-да қызмет ететін адам дарға біздің тұрғындардың сенімі ерек ше болуы керек. Сол себептен, қазіргі жағ-дайда біз өзіміздің қатарымызды таза мамандармен толықтыруымыз қажет. Қазір біздің облыста 140-тан

астам жоба іске асып жатыр. Соның 48-і мемлекеттік бағдарламалардың аясында қолға алынуда. Бұған мем-лекет тарапынан қыруар қаржы бөлінген. Міне, осы қаржылардың тиімді жəне өз мақсатына жұм-салуы қаржы полициясының бақылауында. Əйтсе де, бұл бағытта көптеген кемшіліктердің бар екенін мойындауымыз қажет. Жақында ғана Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы жауапқа тартыл-ды. Ауызсу бағдарламасы бойынша елді мекендерге бөлінген қаржы талан-таражға түсіпті. Ең жаманы, басшы жауапқа тартылғанымен, біреулердің салғырттығы, жауап-сыздығынан қаншама ауыл ауыз-сусыз қалды десейші...».

Есеп-қисаптың да ұңғыл-щұң ғылы өте көп қой. Серікбай Садықұлының сөзінен аңғарға-ны мыз, қаржы полициясы есеп құжаттарын жаңғақша шағып, жік-жігін ажыратып беретін нағыз тексеруші мамандарға зəру көрінеді. Содан амал жоқ, облыстық қаржы-бақылау басқармасына, салық басқармасына өтініш хат жазады. Алайда, шетелдердегідей құқық қорғау органдарында осындай тəжі-рибелі мамандарды топтастыратын күн алыс емес сияқты. Бұл, əрине, экономикалық қылмыстарды ашу пəрменділігін арттыратыны сөзсіз.

Бүгінгі басты міндеттердің бірі – кəсіп керліктің қауіпсіздігін қам тамасыз ету. ЭСЖКА төр-ағасы Рашид Түсіпбеков бизнестің жұмысына қаржы полициясының жөн-жосықсыз араласуын тоқта-ту ды қолға алған болатын. Қазір-гі жағдайда қаржы полиция сы қызметін өз шеңберінде ғана шек-теп қойған жоқ. Басқа да құқық қорғау органдарымен бірле сіп жұ-мыс істеп, ең бастысы, ха лық тың көмегіне сүйенуде. Қазір кə сіп-керлердің арнайы орта лығы бар. Бұл мекеменің де тұрғын дар дың құ-қықтық сауатын ашуда көмегі зор.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ќаржы полициясы ќаралайтын мекеме емес

Кґшбасшы туралы кґркем ойлар

Мемлекет тарихы институтында «Тұңғыш Президент жəне оның Қазақстан мемлекеттілігін қалыптас ты рудағы рөлі» деген тақырыпта ашық сұхбат алаңы болып, онда осы мекеменің қызметкерлерімен қатар, белгілі саясаттанушы, тарихшы ғалымдар мен дипломаттар өздерінің ойларын ортаға салды. Бұл шара ІІ халықаралық тарихшылар конгресі қарсаңында болғандықтан, оған шақырылған бірқатар шетелдік ғалымдар да сұхбатқа қатысты. Мамандар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы мен еліне сіңірген еңбегі жəне мемлекеттілікті қалыптасты руда жасаған ұлан-ғайыр жұмысына шолу жасап, оған тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылды.

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».

Жалпы, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес 2008 жылы Елбасы Жарлығымен құрылды. Облыс орталығында өткен кеңестің көшпелі отырысы 5 жылдық мерейтойға арналды десе де болады. Отырыстың қорытынды жиынының ашылуында бұл жай-ында Кеңес төрағасы, Президент Əкімшілігі Басшысының орын-басары Ғабидолла Əбдірахимов айтып өтті. Бұл біздің биылғы жылы өткізіп отырған үшінші отырысымыз. Елбасы өз Жолдау -ында мемлекет алдына əлемдегі 30 елдің қатарына қосылу мін-детін қойғаны белгілі . Осы ауқым ды мақсатқа қол жеткізуде Елбасының салиқалы саясатын оңтайлы жүргізудің маңызы зор. Жолдауда айтылғандай, халықтың денсаулығы жақсарғанда ғана болашағымыз мəнді болмақ. Мемлекетіміздің денешынықтыру мен спортқа аса мəн беруінің аста-рында үлкен мағына бар, деді ол.

Жастар саясаты жөніндегі кеңесте жастардың мүддесіне қатысты түрлі саладағы орталық мемлекеттік органдардың да есебін тыңдау тəжірибесі енгі-зіл гені белгілі. Өйткені, жас тар саясатының мəселелеріне бүгін-де бүкіл əлем назар аударуда. Жастар саясатына Елбасы Нұр-сұлтан Назарбаевтың «Қазақ-стан-2050» Стратегиясында да баса назар аударылған. Сонымен қатар, Елбасы тапсырмасы-мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылып, ел Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан-2020: болашаққа жол» атты Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабыл-данды. Осы орайда, жастарды жұмысқа орналастыру жəне бас-панамен қамту мақсатында «Жұ-мыспен қамту-2020», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар практикасы» жобалары жүзеге асып келеді.

Жуырда өткен «Нұр Отан» пар тиясының кезектен тыс XV съезінде Елбасы, партия Төр-аға сы жастар саясаты бойын-ша жүктелген тапсырма толық орын далмай отырғанын айтқан болатын. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, ХХІ ғасырда жастарды қолдаушы партия ғана көшбасшылықты ұстап тұра алады. Ал «Жас Отанның» 200 мыңнан астам жастың басын біріктіріп отырғаны, бір жыл бұрынғы басқосуда жастармен жұмыс бой-ынша кешенді жоспар ұсынылғаны тағы мəлім. «Ашығын айтайын, менің тапсырмаларым жартылай ғана орындалып отыр. Мəселен, Үкімет 2020 жылға дейінгі Мем-лекеттік жастар саясатының тұжы-рымдамасын бекітті. Алайда, оны жүзеге асыру іс-шаралары бойынша қаржыландырудың көлемі анықталмаған. Барлығы бағдарламалардың əкімшіліктеріне келісілген шек бойынша берілген.

Ал бұл шекті қаражат тұтынушыға жете ме, жоқ па? Бұл белгісіз. Тағы бір мысал, менің тапсырмам бой-ынша Білім министрлігі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құрды. Алайда , қаржыландырудың жоқтығынан бұл да толыққанды жұмыс істей алмай отыр», деді Елбасы өзінің сөзінде.

Елбасы сондай-ақ өңірлерде жастар ресурстық орталықтарын құру жұмысы созылып кеткенін, Астана, Алматы, Ақтөбе қала ла-рында, Шығыс Қазақстан, Сол-түстік Қазақстан, Қызылорда об-лыстарында бұл жұмыс мүлдем басталмағанын көлденең тартты. Айтпақшы, «Жастарға қызмет көрсету орталығы» алғаш рет былтыр біздің облыс орталығында ашылды. Ал биылғы жылдың алты айында өңірде 1500 жас маман жұмысқа орналасыпты. Енді, міне, осы орталықтың жұмысымен, атқаратын қызметімен танысу үшін еліміздің əр облысынан жас-тар жиналып отыр. Жастарды еңбекке баулу, спортқа бейімдеу, мəдени жəне рухани тəрбие беру бойынша өңірде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жаңашыл жобалар барлық саланы қамтуда. Жастар саясаты жөніндегі басқарма құ-рылды. Жастар бастамала рын да-мыту орталығы да өз жұ мысын бас тады. «Регион.kz» атты екі тілде облыстық жастар газеті шығып тұрады. Көршілес ресейлік жас-тармен кездесу орталығы жұмыс жасайды. Жастар саясатының үлкен жолға түсуіне студент жас-тармен жұмыс жасауда тəжі-рибесі бар Сұлтанмахмұт Торай-ғыров атындағы мемлекеттік уни-верситеттің бұрынғы ректоры, қазіргі облыс əкімі Ерлан Арын өзі бастама жасап, қолдау көрсетуде.

Бұл мəселелер облыс орта лы-ғындағы «Достық» үйінде өткен кеңестің көшпелі отырысын-да жан-жақты айтылды. Кеңес мүшелері жастарды алаңдатып отырған мəселелермен танысып, олардың идеяларын, ойларын біл-ді. Мəдениет жəне ақ па рат вице-министрі, Пре зидент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Арман Қырықбаевтың айтуынша, негізгі мақсат – жер-жердегі жастармен көзбе-көз жүздесіп, олардың ой-пікірлерін білу, өтініштерін тыңдау. Біз жүз рет əңгіме айтқанша, бір рет көзбен көріп, əңгімелессек де-ген оймен жиналып отырмыз. Жастарға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – дене тəрбиесі жəне спорт-пен айналысатын жастардың санын арттыру, əсіресе, ауыл жастарына, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген отбасы бала-ларына спорттық жəне спорттық-сауықтыру қызметтерінің қол-жетімділігін қамтамасыз ету.

Спорт жəне денешынықтыру агенттігі төрағасының орынбаса-ры Тастанбек Есентаевтың айту-ынша, адам денсаулығы жақсы болуының 50 пайызы саламатты өмір салтына байланысты. Спорт

жəне денешынықтыру – біздің мемлекеттік жастар саясатының маңызды бағыты. Яғни, жастарға қатысты мəселелердің барлығы да шешімін табады деген сөз. Бұл үшін мемлекет қаржылай көмек көрсетуге даяр. Бастысы – əр жас-тың бойында спортқа, жақсы өмір сүруге деген талпынысты ояту.

Ал аталған агенттіктің мəлі-меттері бойынша, спорттық үйір-мелерде шұғылданатын бала-лар мен жасөспірімдерді қамту көлемі 11 пайызды ғана құрайды. Өкінішке қарай, бүгінгі күні елі-міздегі 2 мыңға жуық мектепте стандартты спорт залдары жоқ көрінеді. Яғни, оқушылардың 61 пайызы ғана денешынықтырумен айналыса алады деген сөз. Сон-дық тан мəселенің осы жағына мəн берілуі керек.

Жиын күндері «Миллионға бағаланған идея» өңірлік жобасы да өз жұмысын бастады. Мысалы, 18 жастағы Иманжүсіп достары-мен бірге қуыршақтар, ойыншық жиһаздар жасайды. Олардың мақсаты – кішкентайларды «Бар-бимен» емес, қазақтың ұлттық нақыштағы өнерімен таныстыру. Қолда қаржы болса, осы мақсатта түрлі ойыншықтар жасамақшы екен. Бір қуантарлығы, жастар -дың көпшілігі қазіргі күндері бүкіл ғалам алаңдап отырған жаһандық тақырыптарға орай «Жасыл энер гетика» жəне «Эко-логия» та қы рыптары бойынша өздері жасаған жобаларын, ұсы-ныстарын ала ке ліпті. Екі күндік жиын барысын да Кеңес мүшелері ауыл жастары мен, жұмысшы жастармен, бюджеттік сала қыз-меткерлерімен, жас кəсіп кер-лермен кездесулер өткізді.

Мектеп спорты федерация сы-ның президенті болып Кеңестің төрағасы Ғабидолла Əбдірахимов сайланды. Сөйтіп, көшпелі жиын барысында ел Үкіметіне спорттық инфрақұрылымдарды жəне жас-тар арасында көпшілік спорт-ты дамыту бойынша ұсыныстар жіберілді. Жер-жердегі жастар саясаты жөніндегі жұмыстардың тиімді тəжірибелері арқылы пікір алмасу мен жұмысты үйлестіру мақсатында аталған ұйымдардың жетекшілеріне семинар-тренинг-тер жүргізілді.

Денешынықтыру жəне спорт-пен шұғылдануға ынталандыру, спорттық шеберлікті арттыру, жоғары оқу орындары сту дент-терінің арасындағы достық бай-ланысты нығайту мақсатында 16-27 қазан аралығында облыс əкімдігінің қолдауымен волейбол, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сияқты спорттың бес түрінен универсиада өткен болатын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, ме-дальдар мен универсиада ку-боктарын Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ға-бидолла Əбдірахимов пен облыс əкімі Ерлан Арын табыстады.

ПАВЛОДАР.

Ел болашаєы – саламатты жастар 28-29 ќазанда Павлодарда Президент жанындаєы Жастар саясаты жґніндегі кеѕестіѕ XVI кґшпелі отырысы болып ґтті

Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары, Кеңес төрағасы Ғабидолла Əбдірахимовтың қатысуымен өткен бұл жолғы жиын еліміздегі спорттық инфрақұрылым-дарды дамыту мен жастарды денешынықтыруға, спортқа баулу мəселесіне арналды. Шараға орталық мемлекеттік атқарушы органдардың, спорт жəне

денешынықтыру агенттігінің өкілдері, Кеңес мүшелері, облыстардың жастар саясаты мəселелері жөнін дегі басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жастар қатысты.

Page 4: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz4 ТІРШІЛІК

Басты байлық Фотоайғақ

Толғандырар тақырып

Шала туған балалар – бұл медициналық жəне əлеуметтік проблема. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын олардың саны азаяр емес. Оның сыртында жəрдемші репродуктивті технологияларды белсенді енгізуге байланысты бұған дейін бала көтермей келген əйелдер де ана болу бақытына қол жеткізуде. Денеден тыс ұрықтандыру сияқты техноло-гиялар акушер-гинекологтар мен педиатр-неонатологтар үшін тың жұмыс болып табылады. Дей тұрсақ та, мерзімінен бұрын босанушылар саны өсіп келеді, демек, дəрігерлердің көмегіне мұқтаж бөбектер қатары да көбейе түсуде. Сондықтан да мен осы мақаланы шала туған бүлдіршіндер мəселесіне арнамақпын. Өйткені, біз олар туралы өте аз білеміз, олай болса ондай сəбилерді күтіп жетілдіру ата-аналар үшін де елеулі қиындықтар туғызады.

Шала балалар неліктен дүниеге келеді? Əрине, оған бірде-бір дəрігер 100 пайыз дəлдікпен жауап бере алмай-ды. Өйткені, оның себептері көп. Дегенмен, мерзімінен бұрын босануға түрткі бола-тын ең негізгі деген себептерді атап көрсетуге болады. Ең негізгілерінің бірі сыртқы факторларға, əсіресе, болашақ ана жұмысының химиялық, зи-янды өндіріске қатыстылығына байланысты орын алады. Ұзақ уақыт тігінен-тік тұру, ұзақ жүріс немесе бір қалыпта оты-ру өте зиянды. Əйелдің ішкі жағдайы да, оның өз жүктілігіне көзқарасы шектен тыс үрейлену, стресс, толқу, баланың туу-ын қаламау немесе күйеуінің болмауы тəуекелді еселендіре түседі. Сондықтан, болашақ ана бүкіл алаңдаушылықтар мен үрейлерді ысырып қойып, сабырлылықпен нəресте туралы ғана ойлауы тиіс.

Өкінішке қарай, бүгінде əйел -дер арасында темекі шегу «мо -даға» айналды. Ол жүктілік ке зінде нəресте денсаулығына теріс əсер етеді. Егер сіз жүкті бол ғанға дейін темекі шегіп, бірақ бала біткеннен кейін немесе жүк тілік туралы білгеннен кейін темекіні тастайтын болсаңыз, қиын дықпен босану тəуекелі екі есе кемиді. Егер сіз жүкті бола тұ рып темекіні тастамасаңыз, нəрес теңіздің шала туу, əсіресе, 30 аптадан ерте туып қалу қаупі бар. Əкенің темекі шегуі де қолайсыздықтар туғызады, бірақ ана үшін онша қауіпті емес, бар болғаны ол ананың неме се бөбектің қасында шылым шек-пеуі керек. Алкоголь қол дану, тіпті, ол күшті емес ішім діктер болғанның өзінде дəл сондай зиянды зардаптарға соқ ты рады.

Болашақ ананың жасы да мерзімінен бұрын босану қаупін күшейтеді. Егер ол тым жас (15-18 жаста) немесе керісінше 35-40 жастан асқан болса, гормоналды теңсіздік салдарынан мерзімінен бұрын туу тəуекелі арта түседі. Жыныстық аурулардың да өзіндік салдарлары күшті. Сонымен бірге, болашақ ананың диетасы, əсіресе, егер жүкті болғанға дейін ол ашығу тəсілін қолданып, арықтаумен айналыс-са, ол да айрықша назар аударуға тұрарлық. Мұндай əйелдерде гормоналдық қызмет зардап шегіп, аз салмақпен күрт арықтау да көбіне-көп мерзімінен бұрын босану тəуекелінің факторына айналып жатады.

Оның сыртында, егер ананың жүрегі, бүйрегі немесе өкпесі ау-ырса, əсіресе, олар жиі асқынып тұрса ол міндетті түрде бөбекке əсер етеді. Сондықтан ондай əйелдерге жүктілікті алдын ала жоспарлау жəне оның ал-дында өз ауруларын мұқият емдету жөнінде кеңес беріледі. Жүктілік кезінде ота жасату мен жарақат алу, токсикоз да

қауіпті. Оның сыртында денеден тыс ұрықтандырудан кейін не-месе егіз, үшемге жүкті болған жағдайда мерзімінен бұрын бо-сану жиі орын алып тұрады.

Енді біз мерзімінен бұрын босанудың қалай пайда болаты-нын білеміз, сондықтан жүкті əйелге, əсіресе, егер жоғарыда атал ған тəуекел факторларының бір-екеуі болған жағдайда аку-шер-гинекологтың мұқият бақы-лауы қажет екені түсінікті бола түседі. Дəрігерде мерзімінен бұ-рын босану тəуекелдеріне баға

беретін арнайы таблица бар, ол бойынша дəрігер сіздің ден-саулығыңыздың барлық қыр-ларына баға бере отырып, тəуе-келді есептеп шығарады жəне балдар сомасын жазып отырады. Тəуекел факторлары балдарда көрініс тауып, олардың мəніне сəйкес реттілікпен орналасады.

Жиынтық бағалау барысын-да мерзімінен бұрын босанудың басталуы туралы қорытынды жасалуы мүмкін. Мəселен, егер балдар сомасы 11 немесе одан көп болса, баланың шала туу тəуекелі өте жоғары. 6-9 балл – бірқалыпты тəуекелді, ал 6 балға дейінгі көрсеткіш төменгі тəуекелді білдіреді. Осылайша босану алдындағы патронаж-ды жүзеге асыру барысында баланың шала туу мүмкіндігін болжап, оның алдын алу жөнінен кеңестер беруге болады.

Осыларды басшылыққа ала отырып, дəрігер ана үшін бақылау бағдарламасын жа-сайды, бəлкім, жүктіліктің шиеленісті дамуы мерзімінде стационарға жатқызып немесе ауруханалық парақшамен үйінде қалдыруы мүмкін.

Ең бастысы, мерзімінен бұ-рын босану жағдайында өзіңді өзің кінəлаудың реті жоқ, ол та-биғатқа жəне жағдайдың бета-лысына байланысты орын ала-ды. Ана үшін ең негізгі кере гі – сіз дің нəрестеңізге қажет кө мек-ті, махаббат пен қамқор лық ты шынайы тұрғыда көрсете білу.

Жаңа туған нəресте, егер ол шала туған болса, күтім жа-сауда, алғашқы көмек көрсе ту мен ем-дом жасау да ерекше білімдерді талап етеді. Сон-д ық тан, мұндай бөбектермен айрықша дəрігерлер – реанима-тология саласында дайындығы бар неонатолог дəрігерлер айна -лысады. Оның сыртында же-тіл мей туған балалар ай рық-ша жағдайларда күтімге алы-нады – ол үшін əлемнің бүкіл елде рінде мамандандырылған перинаталдық орталықтар жұмыс істейді. Олар ең кішкене жəне əлсіз нəрестелерді күту ге жағдай жасайтын арнайы аппараттар-мен жəне дəрі-дəр мектермен

жабдықталған. Соңғы мəлі-меттер бойынша, Германияда жүктіліктің 25 аптасында туып қалған, салмағы 250 грамм ғана болатын бөбекті аман сақтап қалудың сəті түскен. Ресейде бүгінде 500-700 грамм салмақтағы нəрестелерді табыс-ты түрде өсіріп, жетілдіруде.

Жетілмей туған баланың нақты жағдайын анықтау ерте бейімдеу болжамын жа-сау үшін аса маңызды, яғни бөбек өзін қалай сезінеді, қан-дай асқынулардың орын алуы

мүмкін жəне оны қалай күту керек, қандай дəрілерді қол-дан ған тиімді, міне, осылар-ды білу үлкен рөл атқарады. Ба ла ның жетілу дəрежесін анықтау үшін Беллардтың, Ду-бовичтің жəне басқалардың шкаласын пайдалануға бола-ды. Бұл шкалалардың əр қай-сысы жүктіліктің белгілі бір жас мерзімінде ғана кез де се тін жетілмеушіліктің мор фо ло гия-лық, яғни ішкі жəне функ ция лық белгілерін айқын дайды.

Мерзімінен бұрын босанып қалған аналар ол үшін өздерін кінəламауы тиіс. Өйткені, ахуалдың кейде біздерден гөрі күштірек болатыны белгілі, оның үстіне кінəлау сезімі өмір шындығына объективті қарауға кедергі келтіреді. Ал ананың жинақы əрі салқынқанды бо-луы бөбек үшін өте қажет. Егер нəрестенің жағдайы мүмкіндік берсе , ананың оны күт іп жетілдіруге белсенді қатысуына болады. Сол арқылы ана сəбиге тыныштықтың, сүйіспеншілік пен бəрі жақсы болады деген сенімділіктің флюидін бере алады. Өйткені, балалардың құбылыстарды сезіп жататыны жəне біздің көңіл-күйіміздің оларға əсер ететіні белгілі. Бірінші күндер ең ауыр күндер болып саналады. Бұл күндері ана өзіне бекем болуы тиіс, өйткені, дəрігерлер оның сəбиінің өсіп-жетілуі үшін қолдан келгеннің бəрін жасайды.

Мұндай жағдайда жас босан-ған анаға оның жақын дарының – бө бектің əкесі мен өзге де туған-туыс тарының қолдауы өте қажет. Мер зімінен ерте ту ған сəби үшін ана сүті емдік фак-торлардың бірі бо лып табылаты-нын да естен шы ғар мау қажет. Сондықтан нəрес тенің ана сүтін емуге қауқары кел ген сəт тен бас-тап оны мұндай мүм кін діктен айырмауға тырысқан жөн.

Ботагөз ИСМАҒҰЛОВА,Астана қаласындағы

№2 перинаталдық орталығы нəрестелер патологиясы жəне

шала туған балаларды күту бөлімшесінің меңгерушісі,

Денсаулық сақтау үздігі.

Шала туєан балаОл ќандай кїтімді ќажет етеді?

Отыз жылдан бері мен нəрестелер патологиясы жəне шала туған балаларды күту бөлімшесінде жұмыс істеймін. Осы кезеңде бір жас анамен болған оқиға менің есімде сақталып қалды. Ол жүктіліктің 27 аптасында 980 грамм салмағы бар нəрестені дүниеге əкелді. Бізге əріптестеріммен бірге осынау жұдырықтай ғана бөбекті күтіп жетілдіруге тура келді. Алғашында оны қолға алу да қорқынышты болатын. Сəби алақанға ғана сыйып кететін. Кейін салмағы 2 килограмм болып, ана сүтімен қоректене алатын жағдайға жеткенде нəресте ауруханадан шықты. Бүгінде ол баланың жасы 9-да, екінші сыныпта оқиды. Бұл сияқты өмірге уақытынан ерте келіп, дəрігерлік күтімнің арқасында жетіліп кеткен бүлдіршіндер аз емес.

Петропал қаласының өңін кетіріп, сұрын қашырып тұрған «сақалды» құрылыстар аз емес. Солардың бірі «Достық» алаңында орналасқан. Бүгінде 3500 шаршы метр аумақты алып жатқан құрылыс алаңы өлі тыныштыққа ұқсайды. Бас мердігер «Батыс Реал Груп» ЖШС сауда залы, кинотеатр, неке залы бар сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысын 2004 жылы бастап, 3 жылдан кейін ізім-қайым жоғалған. Содан бері жергілікті билік орындары қанша

іздестірсе де, таптырмай келеді. Жеті қат аспанға ұшып кетті ме, əлде жердің жарығына кіріп кетті ме, белгісіз. Тек биыл ғана «біз бармыз, есен-саумыз» дегендей тірі жанның мезіретін жасапты. Алпауыт фирманың алдында жергілікті сəулет жəне құрылыс

басқармаларының басшы лары дəрменсіз. Тістері батар емес. Жарым-жартылай ғана бой көтерген құрылыс кешені зіл қара тастай мелшиген күйінде тұр. Сол сияқты Погодин атындағы орыс драма театры жанында салынуға тиісті 64 пəтерлі көп қабатты тұрғын үйдің іргетасы ғана өріліп, қалқайып тұрғанына талай жыл. Оның құрылыс жұмыстарына

жауапты «Алматы Хайт Хаус» компаниясы да із суытқан.

Жер телімдерін сот арқылы қайтарып алуға тиісті орын-дар құлықсыз. Теміржол ма ңа-йындағы иесіз қалған жер те-лімдерін коммуналдық меншік -ке қайтару үшін бақандай 3 жыл жүрген. Қағазбастылықтан, сот процестерінен əбден зəре-зап болғандары байқалады.

Пет ро павл қаласының бұрын-ғы əкімі Владимир Никандров шүлен таратқандай оңды-солды заңсыз үлестірген жер телім де рін коммуналдық меншікке рəсім-деу машақатын кейінгілердің көріп отырған жайлары бар. Жер инспекциясы 40-қа жуық шешімнің заңға қиғаш, бас жоспарға сəйкессіз, тиісті орын-дармен келіспеушілік секілді талай бұра тартушылықтарды анықтаған. Демек, «сақалды» құрылыстардың жыры əлі тау-сылмайды деген сөз.

Солтүстік Қазақстан облысы.–––––––––

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

Əлемдік тəжірибеде экономиканың серпінді дамуына шағын жəне орта бизнестің сүбелі үлес қосатыны əлдеқашан дəлелденген ақиқат. Сондықтан да кəсіпкерліктің даму-ына қолайлы жағдай туғызу ілгерілеудің кепілі болып табылады. Шыны керек, біз-дің елімізде де кəсіпкерлікті қолдауға басым дық берілуде. Елбасы Н.Назарбаев бұл мəселеге өзінің жыл сайынғы Жолдау -ларын да айрықша маңыз беріп, құзырлы орын дарға кəсіпкерліктің тынысын тарыл-татын кедергілерді жоюды ұдайы тап-сырып келеді. Сол үшін де жаңа заңдық актілер қабылданып, бағдарламалар жаса-

луда. Алайда, əлі де кəсіпкерліктің кең қанат жайып кетуіне кедергі болатын жайттар кездесіп қалады. Бұдан жаңадан өз ісін ашқан шағын жəне орта бизнес өкілдерін былай қойғанда, қалыптасып қалған кəсіпкерлердің өзі зардап шегіп жататынын ескерсек, келеңсіздіктің жаны сірі екенін аңғару қиын емес. Рас, қазір бұрынғыдай шаруашылық жүргізуші субъектілерді тəуекел деңгейі есепке алынбай, құқықтық статистика ор-гандарында тіркелмей жаппай тексеру жоққа тəн. Алайда, кейбір мемлекеттік ор-гандар тарапынан кəсіпкерлердің құқын бұзушылыққа жол беріліп келеді. Мұндай келеңсіздіктер, əсіресе, жер қатынастары, сəулет жəне құрылыс саласында жиі кездеседі екен. Бұл туралы облыстық про-куратура қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингінде мəлім болды. «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасы базасында ұйымдастырылған қоғамдық қа-былдауға 250 кəсіпкер өз мəселелерін айтып, жолыққан. Соның ішінде, кəсіпкерлердің жер телімдерін мақсатты тағайындауға байла-нысты өтініштерінің қалалық əкімдікте ұзақ уақыт қаралатыны анықталған. Мысалы, «АвтоМирАктобе» ЖШС-нің жер телімін мақсатты тағайындауын өзгерту туралы арызы төрт айдан астам уақыт қаралған. Мұндай жағдай Мұғалжар ауданында да орын алған. Қандыағаш қаласының əкімдігі «Жұмағұлов» жеке кəсіпкерлігіне жер телімін мейрамханаға пайдалануға рұқсат бермеген. Қандыағаш қаласының əкімі Манепов кəсіпкерлік қызметке кедергі келтіріп, сыбайлас құқық бұзушылыққа жол бергені үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылған. Мұндай кемшіліктер облыстың барлық аудандарында орын алды десе де болады. Брифингте мəлім болғанындай, 200-ден астам кəсіпкерлік нысандарының өтініштері мерзімі өткізіліп барып қаралған.

Сондай-ақ, Үкіметтің 2008 жылғы 6 мамырдағы №425 қаулысына сəйкес архи-тек туралық-жобалау тапсырмасын жəне техни калық жағдай алуға тек жерге неме-се пайдаланылып тұрған ғимаратты (бір бөлігін қайта жобалауға) қайта жарақтанды-руға тиісті құқық беру туралы жергілікті атқару комитетінің шешімі жəне жобалауға бекітілген тапсырысы қоса тіркелуі тиіс. Ал, «Ақтөбе нан» ЖШС директорынан «Астық

қоймасы жəне диірмен кешені» жобасына архитектуралық-жобалау тапсырысын бе-руге заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу ту-ралы куəлігі, СТН, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімшарты, жер теліміне акті жəне құрылысқа жұмыс жобасы талап етілген. Мұндай деректер барлық берілген архитектуралық-жобалау тапсырыстары бойынша орын алған. Бұл деректер бойын ша Ақтөбе қаласы əкімдігіне ұсыныс жол данып, қалалық сəулет жəне құрылыс бөлі мінің басы артық құжат талап етуінің жолы кесілген, кінəлі адамдар қылмыстық жа уапкершілікке тартылған. Мұндай жағ дайлардың Мəртөк,

Қобда жəне Хромтау аудан дарында да орын алғаны белгілі болып отыр.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында кəсіпкерлердің құқының бұзылмауы да басты назарда ұсталуда. Өткен жылы Мəртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан субсидия алушылар тізіміне тіркелу үшін 123 кəсіпкерден СТН, куəлік жəне тұқымға куəлік заңсыз талап етілсе, 2013 жылы субсидия алуға тала пкерлердің арасы-нан 118 кəсіпкердің бюджеттік субсидия алу құқығы бұзылған. Кеткен кемшіліктер жойы-лып, кінəлілер жазасын алды.

Прокуратура органдары тексерулері бой-ынша құқық қорғау органдары қызметінде кəсіпкерлік туралы заңдылықтың бұзылу деректері анықталған. Облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы 16 жеке компа-ния дан ақпараттарды заңсыз талап еткен. Осы басқармадан жалпы кəсіпкерлерге қатысты 50-ден астам заңсыз санкция берілмеген сұрау жолданған.

Үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде жұмылғыш топтарға 40 дабыл түсіп, соның 18-і дəлелденген, 60 тəртіп бұзушылықтың жасалу сатысында жолы кесілген. Нəти-жесінде алты адам əкімшілік, жеті адам тəртіп тік жауапкершілікке тартылған. Тек үсті міздегі жылғы сегіз айда мемлекеттік орган дар мен мекемелердің 30-дан астам лауазым ды қызметкері мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас құқық бұзушылыққа жол бергені үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Осы кезеңде 68 тексеру жүргізіліп, 298 заң бұзшылық жойылған көрінеді. 22 кəсіпкерлік нысанының құқы қорғалып, 5 заңсыз құқықтық акті бұзылған. 35 адамға тəртіптік, 14 адамға əкімшілік жауапкершілік жүгін арқалауға тура келген. 128 кəсіпкерлік

қызметті тексеруден бас тартылған, шаруа-шылық жүргізуші субъектілерді 90-нан астам заңсыз тексеру дерегі анықталған.

Бүгінгі таңда кəсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында құрылған облыс прокурорының жанындағы сараптамалық кеңестің төрт отырысы өткізіліп, оларда қазақстандық мазмұнды қамтамасыз ету жəне отандық өндірісшілерді СТ-КZ тауардың шығу сертификатын алуға қатысты бөлігінде қолдау жəне Кеден одағы аясында тауарды ұлттық міндетті сертификаттау жүргізуге заңдылықпен белгіленген тəртіп, тиісті ұсыныстарды есепке ала отырып, бизнесті дамытудың мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларын жетілдіру жолдары мен əдістерін талқылау жəне талдау мəселелері қаралған көрінеді. Бұдан басқа бизнес орта тарапынан сынға көбірек ұшырайтын жəне келіспеушілік туындайтын салалар талданған. «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономика палатасы Ақтөбе филиалы

базасында кəсіпкерлік мəселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды, ол айына екі рет кəсіпкерлерді туындаған өзекті мəселелер бойынша қабылдайды. Түскен өтініштер бойынша түсінік жəне ұсыныстар беріледі. Кəсіпкерлерден түсетін өтініштер əртүрлі, олар заңсыз тексерулер, құқық қорғау жəне жергілікті атқару органдарының əрекет етпеуі немесе заңсыз əрекеті туралы, заңдылықтағы ағаттықтар жайлы баяндай-ды. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында «Көшпелі қоғамдық қабылдау», «Шенеунік жəне кəсіпкер» жəне «Мемлекеттік орган-дар арқылы кəсіпкермен бірге» акциялары өткізіледі. «Көшпелі қоғам дық қабылдау» акциясы аясында жұмыс тобы Хромтау жəне Мəртөк аудандарында болып қайтқан.

Келтірілген деректердің өзі кəсіпкерлікке кедергі келтіретін жайттардың əлі де азай-май отырғанын көрсетеді. Мұндай келең-сіздіктердің заң талаптарын білмеу шіліктен, болмаса салғырттықтан болып жататыны да жасырын емес. Дегенмен, кей жағдайларда олардың астарында тексеруші құзырлы орындардың немесе кəсіпкердің ісі түскен мемлекетік органдардың қызметкерлерінің өз мүддесін ойлаушылығы жатпайтыны-на кепілдік беру де қиын. Сондықтан да анықталған келеңсіздіктерге байланыс-ты бірқатар адамдардың сыбайлас құқық бұзушы лық бойынша жазаланып жататыны белгі лі болып отыр. Дегенмен, прокурорлық қада ғалау жұмыстарының арқасында көпте-ген кемшіліктердің беті ашылып, олар уақы -тылы жойылып, кəсіпкерліктің тынысын кеңейтуге, табысын молайтуға қол жеткізіліп отырғаны бұл бағыттағы іс-қимылдардың бұ -дан да нəтижелі болатынын дəлелдей түседі.

Ақтөбе облысы.

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

«Саќалды» ќўрылыстыѕ жырыБўл єимарат жўмысы тоєыз жыл бойы діѕкелетіп келеді. Əлі де жалєасатын тїрі бар

Кəсіпкерлікке кедергі кґп

Page 5: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz 5

Жүніс САХИЕВ,жазушы-фантаст.

Тек бұл жеке жұлдыздар мен шоқжұлдыздар ғана емес, жыл он екі айда Торпақ шоқжұлдызы құрамындағы қазақтың əсерлі аңызында сұлу қыздар болып суреттелетін Үркер жұлдыздар ш о ғ ы р ы , о с ы н д а ғ ы С ұ л у с а р ы жарық жұлдызы, Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы мен оның соңынан іле-шала шығыс көкжиектен жарқырай көтерілетін аспанның ең жарық əрі сұлу жұлдызы – Сүмбіле жұлдызы мен Ай, Шолпан, Асқақ ғаламшар, Қызыл ғаламшар да Астананың түнгі аспанын ғажайып көрініске бөлейді.

2012 жылғы 3 сəуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыры-сы жəне ықпалымен ерекше жоба бойынша мектепке дейінгі балалар мен жасөспірімдердің білімдерін қосымша жетілдіру мақсатында Астанада салынған еліміздегі ең ірі Оқушылар сарайы жұмыс жасап келеді. Онда үйірмелерге, секцияларға, студияларға лайықталған 50-ден аса бөлімдер бар. Бұлар: драма театр залы, сурет галереясы, интернеторталық, медиаорталық, дəрігерлік орталық, Қысқы бақ, кітапхана, зертханалар, үйірмелердің жұмыс жасауларына арналған кабинеттер жəне басқалар. Оқушылар сарайы қызметінің негізгі міндеті – оқушыларға ғылымның ма-тематика, химия, биология, микро-биология, фармацевтика, экология, биотехнология, физика, астроно-мия, астрофизика, тəжірибелік жəне бақылау астрономиясы, информати-ка, бағдарламалау, интернет жобалау, нанотехнология мен жаңа ақпараттық технологиялар жəне тағы басқа ғылым салалары бойынша қосымша сапалы білім беру.

2012 жылғы қыркүйек айынан бас-тап Оқушылар сарайында 9083 баланы қамтитын 500 топта 135 үйірме жұмыс жасайды. Оларға педагогтар, үйірме жетекшілері, əдістемешілер, педагог-ұйымдастырушылар мен елімізге белгілі ғалымдар, мамандар, музыкант-тар, ғылым, мəдениет жəне спортқа еңбегі сіңген қайраткерлер дəріс береді. Оқушылар сарайы базасында интерактивтік технологияның арнайы құралдары көмегімен белсенді оқуды дамытуды жүзеге асыратын балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивтік парк жұмыс жасайды.

Осындағы диаметрі 16 метр келетін, қазақтың отыз қанатты киіз үйіндей дөңгеленген күмбез бөлме – көрсетілімі 3D технологиясы-мен жүзеге асырылатын панорама-лы жəне планетарлық проекциялы Планетарийдің алатын орны ерек-ше. Оның дөңгелек қабырғасының ек і қапталына астрономиялық көрсетілімдерді жүзеге асыратын екі проектор орнатылған. SRX-T110 проекторына 11 000 люмен жарық беретін 2 киловаттық екі ксенон шамы, SRX-T105 проекторына 5 500 люмен жарық беретін 1 киловаттық екі ксе-нон шамы бекітілген. Ксенон шамда-ры Планетарий күмбезін толыққанды біртегіс жарық етеді. Проекторда қажетті түрлі мақсат үшін екі шам жүйесі қолданылады. Электр қуатын үнемдеу қажет болғанда немесе бір шам кенеттен күйіп кеткен жағдайда

проектор бір шаммен де жұмысын жалғастыра береді.

Шамамен 8 850 000 пиксел құрайтын үш SXRDтм (жылдам əрекетті шағылыстырғылы сұйықкриталды матрица) бар жаңа бірегей Sony панелі 4096 х 2160 нүктеде айқындығы жоғары бейне түсіруге мүмкіндік береді. Бұл түсірілім айқындығы HDTV (айқындығы жоғары телевиде-ние) айқындығынан төрт есеге асып түседі. Проектор осындай жоғары айқындылықта бір бейнені бір, екі жəне төрт экранда немесе түрлі бейнені бір мезгілде төрт экранда қатар көрсете алады. Планетарий ішіндегі жұмсақ орындықтарда отырып біз жұлдызды əлеммен жанасқандай əсер аламыз, тіпті, бір мезетте өзімізді Планетарий күмбезімен бірге жұлдызды əлем кеңістігін шарлап ұшып кетіп бара жатқандай да сезінеміз.

Планетарийдің бейнеқорынан тек жұлдызды əлем ғана емес, оған бағытталған ғарыш сапарлары ның жетістіктері жөніндегі бейне көрі-ністерді де тамашалай аламыз. Күн жүйесі, оны құрайтын Олпан (Мер-курий), Шолпан (Венера), Жер, Ай (Луна), Қызыл ғаламшар (Марс), Асқақ ғаламшар (Юпитер), Қоңырқай ғаламшар (Сатурн), Уран, Нептун, Плутон мен кіші ғаламшарлардың, құйрықты жұлдыздардың, Сүмбіле (Сириус), Сұлусары (Альдебаран), Үркер (Плеядтар) жұлдыздар шо-ғырының, Үшарқар-Таразы (Орион), Босаға шоқжұлдыздарының, галакти-ка, метагалактикалардың жəне тағы басқа да аспан шырақтары мен дене -ле рінің экрандық бейнелерін анық кө-ріп, олар жайлы мол мағлұмат аламыз.

Астрономия бөлмесі қабыр ға-сындағы монитордан аспан шырақ-тары мен денелерін тікелей көріп бақылауға мүмкіндік беретін авто-

маттандырылған Обсерватория мұнарасы Планетарий күмбезімен қатарлас Оқушылар сарайының ша тыры үстіне орналастырылған. Мұнараның ең жоғарғы қабатында үлкен айнасының диаметрі 410, жарықтылық аймағы 65, қосымша көмекші айнасының диаметрі 158, тұла бойының ұзындығы 1238 мил-лиметр, салмағы 41 килограмм келетін, 14 шамадағы жұлдыздарға дейін жақындатып-ұлғайтып, автоматты-компьютерлі жүйелер арқылы астро-номия бөлмесіндегі мониторға анық етіп беретін RK 16 телескопы жұмыс жасап тұр. Телескопқа кездейсоқ аспан құбылысын дер кезінде суретке түсіріп алатын цифрлы фотоаппарат бекітілген.

Обсерваторияның «Астрономиялық бақылаулар» үйірмесінде маман-дар балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, ізденістік ой-толғамдарын, ғылыми дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру, табиғатты танып-білуін дамыту мақсатында олар-мен бірге жұлдызды əлемге бақылау-зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. 2012 жылғы қазан айынан бергі уақыт ішінде Шолпан, Қызыл ғаламшар, Асқақ ғаламшар, Уран, Нептун мен Веста, Церера кіші ғаламшарлар мо-нитордан менмұндалады. Алдағы уақытта Қазақстан, Байқоңыр, Абай, Сəтбаев есімдерін алған ғаламшарлар бақыланып зерттелсе, нұр үстіне нұр болмақ.. Олардың бел ортасынан Астана ғаламшарының жарқырайтын күні де алыс емес.

сөзін мысалға келтірген атасы «мұның ұрпақтардың жадында жүрер алтын сөз екендігіне» немересінің ықыласын оятып, өзгелерге насихаттай жүруіне емеурін білдірген еді.

Ал мұндай əңгімеде қазақтың ұлы ғалымы, ойшылы Қаныш Сəтбаевтың кезінде еліміздің жоғары билігіне тіреп жазған баянхатында Қазақ КСР астана-сын еліміздің географиялық орталығы Қарағандыға немесе Целиноградқа көшіруді ұсынғаны айтылмай қалуы тіпті де мүмкін еместей еді. Ғұламаның Ұлттық ғылым академиясының ғимаратын сол Ақмолада салу жөніндегі ұсыныстары болғаны да тарихтан белгілі . Бұл тұрғысындағы ойды түйіндер болса, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабының («Атамұра» баспа-сы, Алматы, 2005 ж.) мына тұсын айғақ ете алады: «... Дегенмен, астананы көшіруге бағытталған алғашқы ұйымдық шаралар жəне нақты қадамдар бəрібір жасалған. Білуімше, Тың өлкесін басқарған рес-ми адамдар осы мəселелермен Мəскеуге бірнеше мəрте барған. Олар Қазақстанның болашақ астанасы Целиноградқа, Съездер сарайына ұқсас, өзінің ірі Мəдениет са-райы керектігін алға тартқан. Мəскеу бұған ақша берген. Осылай күні бұрын алдарына барғаннан кейін Мəскеу Жастар сарайын, өлкелік комитет үйін, қонақ үйді, шағын аудандарда тұрғын үйлер салуға да ақша бөледі. Энергиямен жəне сумен жабдықтау біршама шешілген, Тың темір жолы құрылған. Яғни, осының бəрі, ерте ме, кеш пе бастапқыда ойластырылғандай, астаналық объектілерге айналуға тиіс еді . Осылайша, Хрущев биліктен тайдырылғанға дейін Целиноград ақырын, елеусіз ғана, болашақта тек Тың өлкесінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның астанасы болуға дайындала бастады.

Бұл жоспардың бəрі жалпы алғанда мен үшін, əрине, соншалықты жаңалық та емес еді. Хрущевтің осындай ниеті болғаны туралы бұрын да естігенмін. Əйтсе де Қазақстан тəуелсіздігінің алғашқы қадамдары кезінде бұл жайттар маған ой салды».

Сөйтіп, ата мен немере арасындағы тұтанып кеткен астана ауыстыру хақындағы əңгімелер осылайша біраз жайттардың ба-сын шалғандай еді. Бəрінен де шыңырау түбінде жылтыраған судай тұшымды шындық салтанаты сезіліп тұратын.

Біреу білер, біреу білмес, ел астанасы Қызылордадан 1929 жылы Алматыға көшін бұрмас бұрын мынадай қызық та елеулі оқиға орын алыпты. Бастапқыда астананы тың жерден салуға ұйғарым жасалыпты. Атап айтқанда жаңа қаланы Алматының солтүстігіне қарай 120 шақырым жерде, Іле өзенінің жағасында тұрғызу қарастырылса керек. Бұл ұсыныс сөз жүзінде қалмаған, əуелгі құрылыс жұмыстары қолға алы-нып, вокзал, тұрғын үйлер, қоймалар мен өзге де нысандар бой көтеріпті. Неге екені белгісіз, бəрі тежеліп, астаналық мəртебе Алматының тап өзіне бұйырып шыға кел-мей ме? Бұл да бір тарих қалтарысындағы қағаберіс əрі қызғылықты дəйектердің бірі болғаны да...

Алматыда кіндік қаны тамған немересі оңтүстік өлкенің табиғи байлығы мен өлшеусіз сұлулығын үнемі Сарыарқа төсіне қоныс тепкен бас қаламен салы-стырып, іштей де сырттай да тамсанудан зерікпейтінін білетін атасы, Елбасының: «Менің де талай жылым Алматымен бай-ланысты. Осында алғашқы немерелерім дүниеге келді. Бұл қала менің өзіме де, отбасыма да жанымдай жақын» деп қимастықпен өрілген сағыныш сезімін

орайымен сыналап жібергенде, бозбала жанары жайнап қоя берді. Одан əрмен: «Менің тапсырмам бойынша мемлекеттің жаңа астанасын оңтайлы орналастырар жерді анықтау үшін тыңғылықты зерт-теу жүргізілді. 32 өлшем бойынша жасалған талдау барлық нұсқаның ішінде Ақмола барынша артықшылыққа ие екендігін көрсетті», – деген Елбасының мəлімдемесіне байланыс ты ата мен немере пікірлері тоқайласа өрбіді.

– Астана ауыстыру оңай емес қой! Есіңе түсірші, Алматыдан осында қалай көшіп келгендеріңді! Бір отбасының өзі абыр-сабыр боп, дүрлігіп қалады. Ал тұтас -тай астананы көшіру, бір қарағанда ақылға сыймайтындай қарекет емес пе?– деп атасы əңгіме ауанын басқа арнаға бұрды.

Расында да ол сəби шағында-ақ «ке-дей болсаң, көшіп көрдің» хикметін сезін -ген... Атасының сөзі дұрыс, қазір салыс -тырып қараса, енді қайта бекініп қолға алмайтын іс сияқты боп көрінеді екен. Сол жолы шешесінің екі апта бойы төсек тар-тып жатып қалғаны ойына оралса, жүре гі мұздайды... Ал тұтастай астананың көшін бұру Ердің Еріне ғана жарасатын, ерте-гідегі алыптардың еншісіндегі іс сияқты...

Əлемдік тарих талай астаналық көштің тегершігін бұрап үлгермеді ме? Тіпті Ресей мемлекетінің мысалынан-ақ халық мүддесі үшін жасалған жанкештілік байқалатын. Мына тізбеге қараңыз: Новгород – Киев – Владимир – Мəскеу – Санкт-Петербург – қайтадан Мəскеу! Əрбір ауыстырудың өзіндік себеп-салдары болғаны тағы аян. Ал «Аспанасты елі» өзінің сан ғасырлық, тіпті сан мыңдаған жылдық тарихында өз астанасын кемінде алты рет ауыстырып-ты. Талғам мен таңдаудың ғажап көрінісі осындай-ақ болар, бəлкім. Бұдан еш қорлық көрмеді, есесіне халық өмірі əмсə бақытты да баянды бола түскендей екен.

Кітап біткенді құнығып оқып, ғалам торды жалықпай шарлайтын бұл бозбаланың білмейтіні жоқ секілді. Əлде, əдейі астаналардың ауыстырылуын зерттеу ге əуестігі басымдықтан ба екен, көңілінде бəрі сайрап тұрғандай. Қазір ол түбіт мұртын жеңіл сипап қойып, Испан королі ІІ Филипп астананы Пиреней түбегінің нағыз географиялық кіндігі – Мадридке көшіргенін, Финляндияның астанасы өткен ғасырдың басында Хельсинкиге, Норвегияның астанасы Ослоға, Үндістанның астанасы Нью-Делиге, ал 1971 жылы Пəкстанның астанасы Карачиден Исламабадқа ауыстырылғанын ойлап отыр еді... Есіне түсіре бастаса, əлі де толыға түсер еді бұл тізбектер...

Ата мен немере бір-біріне үнсіз қарасып қалған. Əлдебір арман, шадыман шаттыққа бөленгендей. Шіркін, атойлаған жас жүректен мына дімкастау кəрі жүрек те қалыспай лүпілдеп, ертеңгі күннің қуанышын көргісі келгендей кеуде кере дүрсілдейтіні несі?! Есіне Елбасының: «Иə, біздің Астана сəулет өнерінің жауһар туын-дыларына, үздік үлгідегі ескерткіштерге, алуан гүлдермен өрнектелген бау-бақшаға оранған, Шығыс пен Батыстың ең озық рухани құндылықтарын талғаммен бой-ына жинаған жоғары мəдениетті қалаға айналған сол бір жарқын күндер-ай десеңізші, шіркін!» деген ақжарма сөзі түсіп, нұрлы болашақ əсерінен өңі бал-бұл жанып, жайнап кетті...

– Астанамыздың осы тұрағы мəңгілік болсыншы!– деді немересі шалқыма күймен шаттанып.

– Əмин! Астанамен мақтана беріңдер! – деді атасы одан бетер мейірленіп.

АСТАНА.

КӨЗҚАРАС

Елордадаєы планетарий

əр заманда əрқалай мегзеліп, түбінде түбірлі тоқайласты

Астананы ауыстыру амалдары

Елордадаєы

Астана! Оның тұрған жері де, өзі де ғажап! Күндіз əдемі сəулетімен таң дандырса, түнгі аспанында менмұн да лайтын сан-сыз жұлдыздар алапат бір киіз үй шаңырағы уықтарына бекі-тіліп қойғандай төгіле жыпылық қағады. Тəулік бойы көкжиек асып батпайтын Темірқазық жұлды зы, қазақ аңызы бойынша оған шыл-бырланған Ақбозат пен Көк бозат, оларды төңіректей күні-түні айна-ла қоз ғалатын Жетіқарақшы аспан əле мі нен жарық нұрын шашы п тұрады.

Қайсар ƏЛІМ,«Егемен Қазақстан».

– Астанада тұрып жатқаныңа мақтан, немерем!– деді сексеннің сеңгіріне көтерілген қария аппақ басын сəл шұлғып, жанарынан мейірім ұшқындата. Жүзінде ойлылық басым. Сөзінен мақтаныш пен қанағаттың, əлдебір лəззатты толқынның нəзік иірімі ширығып, дауысына шаттаныс дірілі жүгіргендей еді.

– Не дейсіз, ата?– Нəті, орта мектептің жоғарғы буынының оқушысы болуы ке-рек, алдындағы планшеттен көз айыр-май, мəнсіз міңгірлеген сыңайлы. – Бұл Астанада екінің бірі тұрып жатқан жоқ па? Сіз ауылды мекендегеніңізге əлі күнге дəсердей болып жүрмейтін бе едіңіз, атам-ау?! Енді келіп қаланың қамына бас-көз жоқ килігіп кеткеніңіз қалай?

Атасы көсе жағын саусақ ұшымен жеңіл сипап өтті де, кəдімгідей ойланып қалды. «Осы не көңірсітіп отыр?» Иə, есіне алса бəрі орынды, орнықты. Ауылда туып-өсті. Ұрпағы сонда тамырланды. Зейнетке шықты. Жасы еңкейгенде сыңарсыз қалу жанына батты да балаларын сағалап, осы бас шаһарға қоныс аударған. Енді қазір елордалық ардагерлердің мықты сапын-да жүргеніне тəубе деседі. Шал өз-өзінен күбірлеп тулап түсті. Сөзінің шеті айқын естіліп те қалды... «Дала мен қаланы бөлмес болар, құлыным!...» Сосын құмбыл ежірейіңкіреп:

– Мен енді астаналықпын ғой! Сол үшін де бақыттымын! Даламды төмендетпей, осы қаламды асқақтата аламын, шырағым! Айтқандай, осы шаһар қазақ елінің нешінші астанасы екенін білетін шығарсың...

Немересі бұл сөзге тіксініңкіреп қалды. Көзқиығының ұшынан: «Аташым сол, мұны білмесем, несіне оныншы-да оқимын...»– дегендей таңданыс пен паңданыс байқалды. Ал атасы тапжылмай сынай қарайды. Жауабын күтіп, аңысын аңдып отырғандай. Бір жағы өзінің білігін тексермек сыңайын сезген немересі енді үнсіз қалудың ретсіздігін аңғарып:

– Орынбор, Қызылорда, Алматыдан соңғы төртіншісі осы Астана ғой, ата-шым!– деді де əлдене есіне түскендей боп, сөредегі сықаған кітаптарға сүзіле көз жүгіртті. Орынан ширақ көтеріліп, Сəбит Мұқановтың үшінші томын іліп əкеп үстел үстіне қойды да томсыраңқы күйге түсті.

– Е, бұл кітаптың Астанаға нендей қатысы бар еді?– деп сұрады атасы əлдебір тереңірек əңгіме желісін аңғарғандай боп.

– Мен сұлу Астанамның жас тұрғыны болғандықтан да оның əу бастағы тари-хын зерделей жүргім келеді, ата!– деді немересі салмақпен. – Ал астаналарды көшіру проблемаларының кезінде өзіндік кілтипандары болғандығын да жадымыз-да түйіп жүргеніміздің еш артықтығы жоқтығын түсінемін. Енді соны дəлдеп айтып көрейінші!..

Атасы жақсы түс көргендей таң-тамаша күйге еніпті... «Мына тентегімнің өзіндік тереңі бар екен-ау!» – деп іштей сүйсінді де шаттанғандағы əдетінше жеңіл күлкісін лекілдете түсіп, əңгіме күйін қосыла шер-туге ықылас танытты.

Сөреден алған манағы кітапты, яғни Сəбит Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясының үшінші бөлігі – «Есею жылдарының» белгі түскен бетін ашып алған немересі судыратып оқи жөнелді. «... Қалада болып жатқан күнделікті жаңалықтарды жұрттан бұрын естігіш – Əбдірахман Байділдин де жуық арада Москвадан Қызылордаға келіп, кəсіпшілер одағының оқу жұмысын басқаратын Цекасына председатель болған екен.

Сырт естуімше жəне баспада шығып жүрген мақалаларынан байқауымша, соңғы кезге дейін, Сəкен тілімен айтқанда неонационалистердің (жаңа ұлтшылдардың) бірі боп жүретін Байділдин, Қызылордаға келе солақайланып, Смағұл Сəдуақасовтан (Мəскеуде жерленген С.Сəдуақасовтың сүйегі кейін Астанада мəңгілікке жер қойнына тапсырылды – Қ.Ə.) бастап, «ұлтшыл» атаулыға қатты шабуыл жасап жүр. Көркем əдебиет мəселесінде солай. Осы қылықтары үшін, бұрын жеккөретін оны кейінгі кезде сырт-тай ұната бастағам. Сонымды білгендей, мен Сапар Мұстафиннің үйіне түсе бір құшақ кітапты қолтықтап (солай жүру əдеті де) кіріп келді.

– Сволочтар! – деді ол маған, амандық-саулықтан кейін, бетін алақанымен желпи сөйлеп,– яғни – ұлтшылдар, конкретно –қожановшылдар, республика орталығын осындай күйіп тұрған қалаға əкеліп, оның үстіне – түк көркі жоқ қала,... ыстығынан демалуға болмайды, бұрқыраған шаңнан адам құмығып өлетін, осындай қала аста-на бола ала ма?! Бұл ұлтшылдардың қазақ астанасынан жұртты əдейі жирендіру үшін істегені!.. Онымен оңған жоқ өздері: сиырдың бүйрегіндей бытырай бастады, кешікпей бəрінен де құтыламыз, сонан кейін астананы бұдан көшіру керек!..

– Қайда? – деді Сапар күліп.– Табылады. Мəселен – Ақмола!– Ол тым кішкене қала ғой,– деді

Сапар,– жəне темір жолсыз тұйықта жатыр. Басқа облыстар оған қалай қатынасады?

– Ақмола ма, басқа ма,– əйтеуір астана-ны бұдан көшіру керек!– деді Əбдірахман.

– Ол келешектің жұмысы ғой,– дедім де, мен Əбдірахманнан əдебиет жайын сұрап кеттім...»

Даңғайыр жазушының авторлық баяндауындағы осынау алуан көзқарастағы қазақ зиялыларының пікір, ой өрімдерінің сол заман мен қоғамның əуселесіне орай əукесін қаситын аумалы-төкпелі көңіл ауанымен айтылған мұндай тұстарын бүгінгі ұстанымға салып, қалыптаудың да қажетсіздігін ойға шомған атасы қысқа сөзімен немересіне түсіндіріп бақты. Немересі де салыстырмалы һəм сарап-тамалы ойлау жүйесіне соншалықты машықтығын былайғы екеуара əңгімесінде айқын сездіріп отырды. Оның пайым-дауынша, мемлекетіміздің астанасы-на қатысты ойлардың сол қиын-қыстау кезеңнің өзінде кейбіреулерді əлгіндей толғандырып жүргені маңызды болса керек. Қалай болғанда да зиялылардың аузына Ақмола қаласының түсуі тегін емес сияқты. Сөз орайында атасы поляк революционері Адольф Янушкевичтің қазақ даласына жасаған саяхат жазбалары-нан оқып, көңіліне тастай етіп түйіп алған оның мына пікірін: «Ақмола, мəселен, бүкіл даланың болашақ астанасы», деген құдай аузына салғандай сөзін тақпақтап жібергенде, немересінің көзі атыздай боп кетті. Мұндай пікірді тұңғыш рет естіп тұрғанын, ол кітапты қайдан тауып оқитынын шыдамсыздана қазымырланып əсерленгені сонша, көзі жыпылықтап, бөлмеде ерсілі-қарсылы жүре бастады...

Тереңнен тартылған желінің тағы бір қызықтырар тұсы сылдырмақша елегізіте түспесі бар ма? Алаштың көсемі Əлихан Бөкейхановтың жазып қалдырған: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел Алаштың ортасы, сонда университет са-лып, қазақтың ұлын, қызын оқытсақ, «Қозы – Көрпеш – Баян сұлуды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» – деген Г.Н.Потаниннің көрегендік

Page 6: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz6 МҰРАҒАТ

– Жантас Нəбиоллаұлы, «Қа -зақстан» қазақ баспасөзінің тари-хында аз да емес, көп те емес, қайткенде де зерттелген тақы-рыптардың қатарына кіреді. Бұған Қайыржан Бек хожин мен Мұстафа Ыс мағұ ловтың, Иса тай Кенжалиев пен Мақсат Тəжімұраттың еңбектері дəлел. Осы зерттеу-лерге нендей тың ой-пікір қоса алдыңыздар? Жалпы, «Қазақстан» газетінің нөмірлерін түгендеуге қозғау салған жайт қандай?

– Біріншіден, мен тарихшы да, баспасөз тарихын зерттеуші де емеспін. Сондықтан алдымызға аталған мəселеге орай қандай да бір болмасын індете зерттеу ныса-насын қойғаным жоқ. Сондай-ақ, тұңғыш саны 1911 жылдың на-урызында басылған, əрі алғашқы шығарушылары Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин, Ғабдолғазиз Мұса-ғалиев болып табылатын «Қазақ-станға» қатысты зерттеулерді одан əрі тереңдету мен толықтыруды да мақсат еткен емеспіз. Ашығын айтқанда, бұл тақырыпқа ойламаған жерден кезіктім де, оны аттап өтуге болмады.

Мұның мəнісі мынада. Биыл Батыс Қазақстанның бас ресми басылымдары «Орал өңірі» мен «Приуральенің» шыға бастағанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай, аталған басылымдар тарапынан сыр тарқататын музей ашуды мақсат еттік. Бұл істі ең алдымен, осы газеттердің алғашқы тігінділерін түгендеуден бастағанды жөн көрдік. Бұған қоса, тұңғыш нөмірлерді ұйымдастырған тұлғаларды да іздей бастадық. Бұл ретте «Орал өңірінің» 1968 жылғы 17 қарашада оның 50 жылдығына қатысты жазылған бір мақала назарымызды айрықша ау-дарды. Авторы – Тамимдар Сафиев. Мəскеу қаласында тұрады екен. Ол кісі газеттің тарихына байланысты көптеген құнды деректер келтіріпті.

Соның ішінде, бұған дейін «Хабар» жəне «Қазақ дұрыстығы» аталып екі тілде шыққан газет ор-нына бір ғана қазақ тілінде газет шығару мəселесі талқыланғандығы, көпшіліктің ұйғарымымен га-зет атауы «Дұрыстық жолы» бо-лып өзгертілгенде, оның редакция алқасына Ғұмар Қараш, Мұстафа Көкебаев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Есенбаев жəне мақала ав-торы Тамимдар Сафиев кіргендігі айтылған. Газет жұмысында редак-ция алқасы – ең негізгі орган болып есептелетіндіктен, оның мүшелерінің бұрын қайда, кім болып қызмет еткендігін айқындау қажет болды. Түптеп келгенде, жоғарыда аталған бесеудің екеуі, яғни Ғұмар Қараш пен Ғабдолғазиз Мұсағалиев 1911-1913 жылдары «Қазақстан» атауы-мен газет шығарушылар қатарында қызмет жасапты. Сондықтан, істі «Қазақстан» газетінен бастағанды жөн көрдік. Осы арада тағы бір айта кетерлік мəселе, Халел Есен баев пен Тамимдар Сафиев ке йін Орынборда 1919 жылдың желтоқсан айында ашылған «Ұш қын», бүгінгі «Егемен Қазақстан» газетінің бастауында болғаны.

– Дұрыс екен. Өзіңіз айтқан уақыт аралығында Бөкей ор-дасында жəне Орал қаласында «Қазақстан» деген атаумен екі жыл бойы газет шыққанын білмейтін бе едіңіз?

– Білуін білемін ғой. Талай естігенмін де. Алайда, оған сол тұста тереңірек зер салып, үңіл-меппін. Əрі бұған жете мəн бер-мей келіппін. Қайткенде де осы де-рек мені өзіне тартып, қызықтыра түсті. Сол себепті осыған дейінгі зерттеушілердің материалдарымен танысқанды жөн көрдім. 1962 жылы зерттеуші ғалым М.Ысмағұлов атал-мыш газет туралы деректер негізінде «Қазақстан» газетінің шығу тарихы жəне оның идеялық мазмұны» атты көлемді мақаласын жариялапты. Ал,

қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші Қайыржан Бекхожин: «Газеттің «Қазақстан» деп аталуында терең мəн бар. Бұл кең-байтақ қазақ жерін біріктіріп, демократиялық республи-ка орнату идеясын аңғартады» – деп түйіндеген.

Шəңгерей Бөкеев пен Ғұмар Қарашты зерттеп, еңбегін кітап етіп шығарған белгілі көсемсөзші-ғалым Мақсат Тəжімұрат: «Бұл екі тұлға газетті тікелей шыға-рушылар» – деген ой айтады. Əрі ол Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы М.Ысмағұловтың жазбалары-на сілтеме жасайды. Содан соң Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына атбасын бұрдық. Мұражай директоры Əбіл Жоламанов ыждағаттап көмек етіп, М.Ысмағұловтың «Қазақстан» газетіне қатысты бірнеше папка еңбектерін тауып берді. Ол кісі газетті мүмкіндігінше тиянақты зерттеп, араб əрпімен жазылған мақалаларды кириллицаға көшір-ген екен.

«Қазақстан» газетінің тарихы мен мазмұнын, бағыт-бағдарын айқын білу үшін, бірінші кезекте оның нөмірімен толық танысып шыққанды жөн көрдім. Осындай мақсатпен газетті іздедім. Алайда, бірден оны таба алмадым. Оралдық тарихшы-ғалым Бақтылы Боранбаева маған Мемлекеттік кітап палатасын-да «Қазақстан» газетінің көшірмесі бар деген дерек айтқан соң осы бағыт бойынша сонда бардым. Ондағылардың бар тауып көрсеткені газет көшірмесінің төрт-ақ нөмірі болды. Белгілі қоғам қайраткері Ермекқали Нығметов, оны 1956-1971 жылдары аталған палатада ди-ректор болып қызмет істеп жүрген кезінде алдырыпты. Кейін біраз нөмірі жоғалып, ұрланып кетсе керек. Қалғанының фотокөшірмесін алдым. Еліміздегі басты ғылыми-көпшілік кітап ханалар мен мұражайларға қанша сауал сала тұрсам да, оған оң жауап келмеді. Амалым таусылған соң, газеттің көшірмелерін Ресей кітапханаларынан іздеуді жөн көрдім.

Зерттеушілердің бірі: «Газеттің 16 нөмірі шықты», десе, екіншісі: «18 нөмірі шықты» деген уəж ай тады. Əлгінде, айтқанымдай, оның барлық нөмірін өз елімізден таба алмағандықтан, Ресейдегі кітапханаларға сұрау салдым. Дұрыс істеген екенмін. Біраз уа қыт өткен

соң ол жақтан: «Біз де «Қазақстан» газеті бар», де ген қуанышты хабар келді. Оның бірі – Петербургтегі М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы көп шілік кітапханасынан, екіншісі Мəскеудегі Ресей мем лекеттік кітап-ханасынан жетті. Дереу келіссөз жүргізіп, қажетті қаражатын төле дік. Соған сай олар газеттің электрондық көшір мелерін жіберді. Бірінде жоғы екіншісінен табы-лып, əйтеуір 16 нөмір жинақталды. Газеттегі материалдың дені араб əрпі мен қазақ тілінде жазылған. Кириллица əрпімен орыс тілінде де жарияланған мақалалар бар. Форматы А3 көлемінде, бастап қыда алты бет, содан кейін сегіз бет болып ұлғайған. Ресми редакторы Елеусін Бұйрин. Қазақ тіліндегі жүгі ауыр, салмақты мақалаларды Ғұмар Қараш жазыпты. Едəуір материалдар оның бүркеме аттарымен берілген. Бұдан газетті шығаруда аталған тұлғаның еңбегі зор екендігін байқаймыз.

Айтып-айтпай не керек, міне біз іздеген жетер мұратқа дегендей, газеттің көшірлемелерін түгелге жуық таптық. Алайда, бұдан əрі тек осы көшірмелермен малданып, қанағаттанып қала алмайтынымыз-ды сезіндік. Енді «Қазақстанда» араб қарпімен жазылған материал-дарды кириллицаға аудару жөнінде тағы бір тың ой келді. Бұл іс кімнің қолынан келеді? Осы сауал алды-мыздан шыққанда Ғайсағали Сейтақ, Жаннат Тоқтарова, Артур Мағзомов, Нұртас Нəбиоллаұлы жəне Нұрлыбек Рахманов секілді шығармашылық топ мүшелері есімі республикаға танымал журналист, шығыстану тақырыбына жақын жүретін, араб тілін мең герген қаламгер, «Орал өңірі» газе тінің бөлім меңгерушісі Қазбек Құттымұратұлының есіміне тоқталды.

Осылайша, өзара ұйғарым жаса-ған біз, ішкі ойымызды əріптесімізге жеткіздік. Ол сəл ойланып қалды да, көп кешікпей: «Егер сенім білдірсеңіздер «Қазақ стан» газетінде араб қарпімен жазылған матери-алдарды кирил лицаға аударып көруге болады. Дегенмен, алғашқы мəтінмен танысып, ой-пікірлеріңізді айтыңыздар. Егер ұнаса, істі одан əрі жалғастырамын», – деп, өзінің бай-ламы мен тұжырымын айтты. Сөйтті де Қазекең көп кешікпей іске кірісті. Алғашқы нөмірін сəтті аударып шықты. Оқып таңғалдық.

Өйткені, басылым болашақты

болжай білген. Газеттің маңыз-дылығын айтып, ел болуға үнде ген. Мақала иелері білімді, дүние танымы өте кең. Ортаға салар ойлары таңдай қақтырады. Осылайша, 16 нөмірі ау-дарылды. Əр нөмір ді оқыған сайы н толқисың, баба ларымыздың аса қиын жағдайда жанкештілікпен осы газетті шы ғар ғанына риза боласың. Сөйте тұра, ғасырдан астам уақыт өтсе де, тəуелсіздік алғанымызға 22 жыл толса да, «Қазақстан» мен оны шығарушылардың өз тарихи бағасын алмағанына қын жылғандай күй кешесің.

– «Қазақстан» газетінің жи-нақ талған тігінделері мен көшір-мелерін түгелдей оқып, танысып шыққан тұңғыш оқырман ретінде нендей ой-пікір айтар едіңіз?

– Біріншіден, аз уақыт ішінде іркіліп, үздік-создық шықса да «Қазақстан» газеті мерзімді басы-лым ретінде барынша қалыптасқан, бүгінгі «бұқаралық ақпарат құралы» анықтамасының барлық сипаты көріне алатын толыққанды газет болғаны байқалады. Екіншіден, газеттің редакциясы мен баспаха-насы туралы осы кезге дейін ай-тылып жүрген пікірлерді де бір ізге түсіруге болатындай. Өйткені, газеттің алғашқы екі (16.03.1911, 27.05.1911) саны Апресянц пен Окур (Астрахань) баспасынан, одан кейінгі бес саны (1911 жылғы 15 қараша мен 1912 жылғы 4 ақпаны аралығы) А.Н.Щелкованың жеке баспаханасынан, ал 1912 жылдың 4 ақпанынан бастап, «Қазақстанның» өз баспаханасынан басылғандығы туралы газеттің əр санында анық жазылған.

Əр беттегі мақалалардан Ғұмар Қараштың озық ойлы кемеңгерлігі мен шешендігі, Елеусін Бұйриннің жанкештілігі, қарапайымдылығы, адалдығы, Бақытжан Қаратаевтың көсемдігі, газет жұмысының пəр-мендігін арттырып, Ресей дума-сымен, үкіметтік орындармен ты-ғыз қарым-қатынаста болуы қазақ мүддесінің үкіметтік дəрежеде ше-шілуі үшін жасаған нақты қадам дары анық байқалады.

– «Қазақстан» газеті патша лы Ресейдің қазақтарды оты рықшы ету саясатын қол дады» деген пікір бар екенін білеміз. Бұған не дейсіз?

– Рас, «Қазақстан» газетін шығарушылар көшпелі т ұ р м ы с т ы т а с т а п ,

Оқырман қауым бұдан 102 жыл бұрын қазақ даласында «Қазақстан» атты газет шығып тұрғанынан хабардар болса керек. Əрине, бүгінде Қазақстан атты мемлекеттің атауы төрткүл дүниеге танымал болғанымен, осыдан 100 жылдан астам уақыт бедерінде қазақты өзге жұрт танымақ түгілі, тұтас бір халық тіпті өзінің о бастағы төл атауына зар болып қалғаны тарихи шындық. Бұған сол кездегі барша құжаттар мен жазбаларда қазақ атауы «киргиз», «киргиз-кайсак» деп бұрмаланғаны айқын дəлел. Осындай кезеңде қазақ жерінде «Қазақстан» яғни Қазақ елі деген түсінік беретін газеттің тұсауы кесіліп, оның күллі жер жаһанға таратылғаны шын мəнінде оны шығарушылардың ерлігі, өз ұлтын сүйе білудің таптырмас өнегесі деуге болады. Ал дəл осы атаумен бүгінгі күні мемлекеттің аталуы бері салып айтқанда – көрегендік.

Газет тарихын зерттеушілердің бірі оның 16 нөмірі шықты десе, екіншісі 18 саны жарық көрді деп тұжырымдайды. Əрине, бұл жерде басты мəселе «Қазақстанның» қанша нөмірі шыққанында емес, бұған дейін табылған 16 нөмірінің араб қарпімен, кейбір реттерде орыс тілінде жазылған түпнұсқасының көшірмелері толық жинақталуында. Əрі оның бəрі аса сауатты түрде қазіргі кириллицаға көшіріліп, ау-дарылып берілуінде. Бұл шын мəнінде түрен түспеген тың іс, соңы шығармашылық қарекет. Ең бастысы, əр сөзі алтынға пара-пар осы көшірмелер мен аудармалар еліміздің баспасөзі тарихында тұңғыш рет қалың кітап болып жинақталып, басы-лып шықты. Мұны Орал қаласындағы «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас САФУЛЛИН басқарған шығармашылық топ жүзеге асырды. Аймақтағы медиахол-динг басшысымен əңгіме осындай тақырып төңірегінде өрбіді.

отырықшы болуға, ауыл-қала салуға, серіктестік құруға шақырған. Оның басты себебі, «Оразақай» деп қол қойған Ғұмар Қараштың «Тіршілік таласы» мақаласынан анық көрінеді. «...Кең сахарада жайын өскен біздің қазақ баласының басына да тіршілік таласының заманы келіп жетті. Қазақ ішінен от арбалар салынып, жолдар ашылған соң күн батыста тар жерде отырған елдер бөгеп тұрған кедергісі алынған судай болып, қазақ сахарасына жайыла бастады... Егер ұйқымыздан бас көтермей бұрынғыша жата берсек – шексіз тез заманда дүния жүзінен көшпекпіз. ...Қалғымыз келсе, адам баласынан басқа жан иесінен, бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым-өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап ету тиіс. Ата-бабадан келе жатқан жалқаулықты тастап,

Тұрысбековтерден қаржылай көмек келгені айтылса, №12 санда (31 ма-мыр, 1912 жыл) редакция «Мұхтарам оқушыларымызға» деп хабарланды-ру беріп, алдағы нөмірлерге жазылу-ды ескертеді.

Осы нөмірде жарияланған «Маман» атты өлеңнің жалғасы келесі санда басылады делінген. Яғни, шығарушылардың қарызға батып, газет шығаруды кілт тоқ-тату ниеті болмаған секілді. Алай-да, біздің қолымызға тиген газеттің келесі саны, 1913 жылғы 27 қаңтарда шығыпты. Бұл екі аралықта не бол-ды? Газет шықпай қалды ма, əлде цензурадан өтпей, тəркіленді ме? Немесе, айып тартты ма? Мұны дəл айта алмаймыз. Мүмкін бұл сауалдардың төркініне келешек зерттеушілер көңіл аударғаны жөн болатын шығар.

«Қазақстан» газетін шола қа-рағанда, редакцияның дүние жү-зінде болып жатқан оқиғалармен оқырманын дер кезінде танысты-рып отырғаны, соның ішінде түбі бір түрік мемлекетінің төңі регіндегі соғыстарға жіті назар аударғаны, Түркияға бүйрегі бұрғаны анық байқалады. Соны мен бірге, ре-дак цияның қазақ тілді алқасы мү-шелерінің орыстармен, казактар-мен, татарлармен жақсы қарым-қатынаста болғаны, өзге ұлт ішінен де ниеттес-пікірлес адамдарды өзіне тартқаны анық көрінеді. Бұлардың бəрі болашақта айрықша зерттеу нысанына өзек бола алады деген ойдамыз.

Газеттің біздің қолымыздағы соң ғы нөмірінде (16 ақпан 1913 жыл) Орынбордан нағыз қазақ тілінде «Қазақ» атты газет шыққандығы, оның бас жазу шысы – «Қырық мы-салды» жазған атақты ақынымыз Ахмет Байтұрсынов, қаржылай қолдаушысы Мұстафа Оразаев деген азаматтар екендігі қазақ, орыс тілдерінде хабарланған. Орыс тілінде «От редакции» деп берілген құттықтау-тілекте: «Біздің əлі жас оқырман қауым қуанар да басылар, бірақ біз еңбегімізді бұлдап, халыққа ренжи алмаймыз. Өйткені, біздің бүйткен бұл ісіміз – ел алдында мойнымыздағы борышымызды өтеу. Бұл – санаулыларға ғана бұйырар бақыт», деп ескер тіп, «Қазаққа» ақ жол тілейді. Осының өзі алғашқы ұлт газетін шығарушылардың соңынан ерген əріптестеріне, дəлірек айтсақ, «Қазақстанның» тетелес, рухани жалғасы – «Қазақ» газетіне баспасөз арқылы ұлтқа қызмет ету эстафетасын сеніп тапсырғандай əсер қалдырады.

«Қазақстан» өзінің əр нөмірінің маңдайшасына: «Газеттің асыл мақсұты – кəсіп ету, ғылым-өнер ту-расында» деп жазыпты. Яғни, ұлтын кəсіп етуге, өнер-білімге шақыру, соған үндеу «Қазақ станның» өз сөзімен айт қанда, «өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға та-лап ету» – газет шығарушыларының басты мақсаты болған. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған осынау талаптар мен міндеттер бүгінгі күні де мəні мен маңызын жоймағаны анық. Түптей келгенде, бұдан бір ғасыр бұрын, 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газеті ту етіп көтерген, өзекті де көкейкесті мəселелер Елбасы Нұр -сұлтан Назарбаевтың бүгінгі бəсе кеге қабілеттілік идеясымен де үн десіп, жымдасып жатқандай көрінеді.

– Баспадан шыққанына біраз уақыт өтсе де, оқырман қолына əлі тие қоймаған «Қазақстан» атты қалың жинақтың таралымы тым аз екен. Небəрі 500 дана ғана. Ал бұл құнды да қа жет кітапқа сұраныстың мол бола тынына күмəн келтіре алмаймыз.

– С а у а л ы ң ы з д ы ң т ө р к і -нін түсіндім. Жыл аяғына де-йін «Қазақстан» жинағының тұсаукесерін Астанада жəне облыс орталығы Оралда өткізуді жоспар-лап отырмыз. Сол кезде де біраз ұсыныс-тілектер болатыны анық. Қысқасы, өзіңіз айтқандай алдағы кезде жинақтың таралымын көбейту жөніндегі ой-жоспарларымыз жоқ емес. Оны уақыт көрсетеді.

ƏңгімелескенТемір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».ОРАЛ.

«тəуекел ердің жолдасы» деп, ғылым-өнер жолына түсіп, бүтін жұрт үлес алып жатқан дүниядан бізге де үлесімізді алу керек». Дəл осы аңдатпа-насихат газеттің 1912 жылғы 31 мамырдағы санындағы «Əркім өз жүрісінен құл бола-ды» деген мақалада тіпті қатты айтылады: «...Құл болып, малша сатылып жүргендер ...тап осы күнде де бар. Тек бұрынғыдай бірінің бірі шоқпармен ...басына са-лып қалмайды. Бұ күнде бірін-бірі мақтаменен бауыздайды. Қайтіп жанының шығып кеткенін білмей қалады. Мұның мағынасы сол, бұ күнде адам баласы бірінен-бірі көріне тартып алмайды. ...Өнер менен ғылым жұмсап, барлығын ...жау лап алады. ...Өнерсіз на-дан адам, надан халық құл бола-ды». Мақалада қазақ ішіне келген Иванның аңқау қазақты қалай ал-дап, қақпанына түсіретіні, қарызға батыратыны, ең соңында жерін алып, қазақты құлша жұмсайтыны анық айтылған. Автор (Ғабдолла Көпжасаров): «Жаным, мынау қатар отырған халыққа қара-саңызшы! Осылар ұйықтап жатса, біз де ұйықтай берелік. ...Жоқ, енді олар қару-жарағын түзеп, жатса, яғни ғылым-өнер үйреніп жатса, біз ұйықтап жатуға келісі келер ме?!. Олар ертеңгі күн бар қаруын бізге жұмсайды ғой! Құр қол оларға біз не бітіреміз? ...Осы біздің соры-мыз, ертең барып солардың аузына түсеміз. Біз малды машақаттанып, сол өнерлі халықтар үшін жинап отырмыз...» деп зар илейді. Тағы бір мақалада «үкімет біздің жерімізді алмай қоймайды, сондықтан жақсы жерлерге тезірек орнала-сып алу керек» деген идея айтады. Əрине, біз арада 100 жыл өткенде сол арыстарымыздың кеңесі өте көрегендік, дұрыс нұсқау болғанын байқаймыз.

– Жантас Нəбиоллаұлы! Зерттеушілер арасында «Қа зақ -стан» газеті қаржы тап шыл ы-ғынан тоқтап, шықпай қалды деген пікір қалыптасқан. Осы мəселенің ара-жігін ажырата алдыңыздар ма?

– Тігінділерді ақтарып, сара-лай отырып, газет жұмысының іркілуіне сыртқы күштердің əсері басым болған-ау деген ой келе береді. Себебі, редакция Орал қаласына көшіп келген алғашқы кезеңде қаржы тапшылығын көргені газет мақалаларынан анық байқалғанымен, бірте-бірте бəрі жүйеге түскені көрінеді. Тіпті, аптасына бір рет шыға бастаған. №11 санда (24 сəуір, 1912 жыл) Жетісу облысынан Мамановтар мен

Мал дəрігерлері

жаяу жїрмейді

Ақмола облысы əкімінің бірінші орынбасары Рəшит Əкімов салтанат-ты жағдайда облыстың 19 мемлекеттік мал дəрігерлік мекемелеріне жаңа қызмет көліктерінің кілттерін табыс етті. Бұл күні Абылай хан алаңынан 38 «SsangYong» жəне «УАЗ» маркалы жол талғамайтын арнайы автомобильдері малды ауылдарға аттанды. Жаңа көліктер мал дəрігерлік жəне дезинфекциялық құралдармен жабдықталған.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қызмет көліктері «Агро-бизнес-2020» бағдарламасы ая-сында ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық база-сын нығайту үшін сатып алын-ды. Бұған дейін де əр ауылдық округте құрылған мал дəрігерлік пункттерге 237 «Нива» автокөлігі бөлінгендігін айта кеткен жөн. Жалпы, бұл мақсатқа 940 милли-он теңге бөлініп, толық игерілген.

Салтанатты шарада сөз ал-ған Сандықтау ауданындағы «Ветстанция-1» мемлекеттік ком-муналдық кəсіпорнының дирек-торы Молдыбай Байжігітов бұл автокөліктердің ветеринариялық қызметті дамытуға игі ықпалын тигізетіндігін айта келіп, Үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа алғысын білдірді.

Ақмола облысы.

Кґше тазалаушылар кґлікті болды

Облыс орталығы күн санап көркейіп келеді. Əсіресе, соңғы жылдары қала тазалығына баса на-зар аударылуда. Шаһар басшысы Ерхан Омаров бірқатар нысандарда бо-лып, жұмыс барысы-мен танысты. Ол атба-сын бірден тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «АқтөбеТаза қала» ЖШС-іне тіреді. Серіктестік директо-ры Ербол Қалдығұлов жаңадан бес тұрмыстық қалдық тасымалдайтын автокөлік сатып алып бер-ген қалалық əкімдікке ризашылығын білдірді.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Қазір бұл кəсіпорында əртүрлі маркалы 20 тұрмыстық қалдық шығаратын арнаулы автокөлік бар. Кəсіпорын қаланың ескі бөлігінен, 11 жəне 12, «Мəскеу», «Құрмыш», «Сазды», сүт зауыты шағын аудандарынан тұрмыстық қалдықтарды шығарады. Бұл ау-дандарда тұрмыстық қалдық жина-латын 188 контейнер орнатылған. Барлық автокөліктер монито-ринг жүйесімен қамтылған. Бұл жүйе автокөліктердің қозғалысын, жүрген жолын жəне тұрмыстық қалдықтармен полигонға қанша барғанын анықтауға мүмкіндік береді. Əлия Молдағұлова даңғылы б о й ы н д а ғ ы Ш а х м а т ш ы л а р скверінде қайта жарақтандыру жұмыстары аяқталған екен. Қайта жарақтандыру жұмыстарына қалалық бюджеттен 15,1 миллион теңге бөлінген. Осы маңдағы су-бұрқақ та қайта жарақтандырылып, қаланың көркін аша түсіпті.

АҚТӨБЕ.

– Жантас Нəбиоллаұлы, «Қа -зақстан» қазақ баспасөзінің тари-

«тəуекел ердің жолдасы» деп, ғылым-өнер жолына түсіп, бүтін

«Ќазаќстан» газеті ел-жўртымен ќайта ќауышты

Áіð ғàñûð өòêåí ñîң

Page 7: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz 7

(Соңы 2-бетте).(Соңы. Басы 1-бетте).

Елдік мінбері Қазақстан – 2030 Мемлекет мерейі Тəуелсіздік тарихынан Тəуелсіздік талаптары Тəуелсіздік – тағдырымыз Мемлекеттік мəселе Елімен етене Елбасы Индустрия игілігі Өзгеріс өлшемі – өндіріс Талдамалық толғаныс Ел межесі – елулік Серпінділік стратегиясы Өңір өмірі Жол жəне жаңару Толғандырар тақырып Біз – қазақстандықтармыз! Достық дəнекері Туыстық туы Əлем жəне Қазақстан ИЫҰ (Логотип) Ынтымақтастық ырысы Саяси сараптама Үкімет үні Əкіммен əңгіме Халықтың хақы əкімде Ата Заң айшықтары Парламент Депутат дауысы Депутат дидары Кеден одағы – кемелдену кепілі Талап жəне тəртіп Құқық қорғау қадамдары Бейбіт күннің батырлары Араша «Егеменге» елден келді Жемқорлық – індет, жою – міндет Қылмыс пен жаза Сот іс қарады Назардағы нысан Жаңа экономика: кластер көкжиегі Реформа: күнгей мен көлеңке Инвестиция – игергенге игілік Қамданған қапы қалмайды Үйренетін үрдіс Үнемшілдік – үйренетін үрдіс Үкімет назарына Үкімет назарында Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі Көкейкесті Ойласу Ауыл ахуалы Ауыл – асыраушымыз Аудан ахуалы Басты байлық Білім. Бағдарлама. Білік Ұстаздық – ұлы ұғым Ғылым жəне тағылым Туған тілдің толғағы Əйел əлемі Тілшіге тығыз тапсырма Отбасы – Отанның отауы Өнеге өрнектері Замана зиялылар зердесінде Алаштың ардақтысы Есімі елдің есінде Есімі елге елеулі (Өнеге) Замандас Алаш абыройы Əлемге əйгілі Еркін елдің ертеңі Өңір өнері Зерде Спорт саңлақтары Дүбір Алыста жүрген ағайын Отан деп оралғандар Сауалдама Сəті түскен сұхбат Интернет-интервью Басылым бəсіресі

Басқа басылымдардан Құрақ көрпе Қазақ қазынасы Əріптеспен əңгіме Əріптес туралы əңгіме Дінің тұрсын дін аман Діндер жақсылыққа үндер Елім менің ертегі Талбесік Жауһар Өмір жəне өлең Жыр жаһаны Əңгіме əлемі Тың туынды Кітап көкжиегі Əдебиеттің əңгімесі Жеріңнің аты – еліңнің хаты Тарих толқынында Ұлылыққа тағзым (Акция) Тағзым Мирас Мəдени мұра Өнер өлкесінде Театр Кино Етжеңді “Егемен” Сөз сойыл Ауылдың айтқыштары Жазылған жайдың жаңғырығы Жазылған жайдың жауабы Жауаптан жалтарғандар Көзқарас Ашылмаған аралдар Замана запыраны Желтоқсан жаңғырығы Адамдық айнасы Көбеймесек көсегеміз көгермес Ойлан, қазақ! Журналист жолда жүргенде Əлемге əйгілі Толғауы тоқсан тіршілік Тіршілік түйткілдері Қаның қалай қайнамас?! Мəселенің мəнісі Уəде жəне үде Не көріп (көрсетіп, оқып, тыңдап, байқап) жүрсіз? Жұмыр Жер Əлем өткен аптада Дүбірге толы дүние Шарайна Елді елең еткізген Əлем-жəлем əлем Журналист жазбалары Хат-қоржын Ойлы хат – оқырман олжасы Шиырып айтқанда Оқиғаға орайлас ой Бір ауыз сөз Дерек пен дəйек Кеше Бүгін Сіз не дейсіз? Жанайқай Дат! Айтайын дегенім… Суыт хабар Масқара (Мəссаған!) Мырс-мырс Уəж Күпті көңіл Сүйінші! Бəрекелді! Сөзбе-сөз Қаз қалпында Оймақтай ой

КӨКЕЙКЕСТІ

Тарихында түрме болмаған елімізде бүгінде 43 мыңнан астам адам түзеу мекемелерінде жазасын өтеуде. Сотталушылардың саны жағынан 200-ден астам мемлекеттің ішінде 31-орынға түссек те, бар-жоғы 17 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл статистика көңілге жұбаныш бола алмайты-ны ақиқат. Түрме реформасында түбегейлі реформалар жасалып, заңнамаға сан өзгеріс пен тоқсан толықтыру енгізілгенімен қылмыстың азайып, сотталғандардың саны сирегені байқалмайды.Рас, өзіндік ерекшелігі көп қылмыстық-атқару жүйесі саласында қордаланған проблемалар жетерлік. Пенитенциарлық жүйенің жаңа тынысын ашып, соны тəжірибелер енгізуді көздеген Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесін дамыту жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған бағдарламасы іске қосылғалы да бір жылдан асты. Төрт жылға жоспарланған бағдарламаны іске асыру барысында бұл жүйеде не өзгереді? Соңғы уақытта жиі талқыланып жатқан мəселелер – сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету арқылы түзеу мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, сотталғандарды ұстау жағдайын халықаралық стандартқа сəйкестендіру, бұл стандарттың басты шарты – сотталғандарды камералық ұстау жүйесіне көшіру секілді мəселелер қалай шешілмек? Біз көптің көкейінде жүрген осы сұрақтардың астарына үңіліп көрген едік.

үрме

Соңғы он жылда Қазақстанның пенитенциарлық жүйес і күрдел і өзгерістерге ұшырады. Қолға алынған реформалар, соның ішінде, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру қарқынды əрі кешенді түрде жүргізілді. Түзеу ко-лонияларында жазасын өтеушілердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында бірқатар міндетті іс-шаралар жүзеге асырылды. Сотталғандарға медициналық қызмет көрсету мен тұрмыстық жағдайын түзеу жұмыстары жан-жақты атқарылуда. Тамақтандыру нормаларына да ерек-ше мəн беріліп отыр. Түзеу мекемелері қайта құрылып, жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Түрмелерді зерттеу халықаралық орталығының 2013 жылдың қаңтар айында ұсынған деректеріне сүйенсек, Қазақстан түрме индексі бойынша 221 мемлекеттің ішінде 31-орынға тұрақтаған екен. Мəселен, 2002 жылы елімізде сотталғандардың саны 65 151 болып, Қазақстан дүниежүзі бойын-ша 3-орынға шыққан. Ал, он бір жылдан кейін, яғни, 2013 жылы бұл статистика – сотталғандар саны 43 мыңға дейін азайған. Алайда, бұл деректер кемігенімен, əлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Себебі, қазіргі таңда əр 100 мың адамға 316 жаза-сын өтеушіден келеді. Халықаралық стан-дарт бойынша, 100 мың адамға шаққанда 150 сотталған адамнан келу керек болса, біздің бұл көрсеткішіміз халықаралық стандарттан екі есе көп. Бүгін колония-ларда отырғандардың 43 пайызы екі не-месе одан да көп рет сотталғандар мен рецидивистер.

Ал жалпы жоғарыда айтылған көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 150 сотталушыдан болса, бұл қылмыстық əділдік пен түрме менеджментінің өз дəрежесінде ұйымдастырылғанын байқатар еді. Салыстырмалы түрде алып қарайық, мысалы Тəжікстанда түрме индексі 130 болса, Англияда – 150, Францияда – 101, Германияда – 80. Ал, көрші Ресейде бұл көрсеткіш 487-ге жет-се, АҚШ-та – 716.

Қазір біздің еліміздің жаза өтеу орында-рында ауыр, аса ауыр қылмыс жасағандар мен рецидивистер ғана қалған. Сондай-ақ, өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдардың басында бұрынғы КСРО-да 700 мың адам бас бостандығынан айыру жазасын өтесе, оның 100 мыңы немесе əрбір жетінші сотталған жазасын Қазақстандағы коло-нияларда өтеген. 1975 жылмен 2000 жыл аралығында əрбір 35-ші қазақстандық сотты болып, біздің алдымызға тек АҚШ пен Ресей ғана түсіпті. Еліміз тəуелсіздік алған алғашқы кездері колониялардың лық толуы, сотталғандарды жасаққа бөліп барак типті ғимараттарда ұстау, азық-түліктің жетіспеушілігі, дəрігерлік көмектің нашарлығы, сотталғандар ара-сында жұқпалы аурулардың жəне өлім-жітімнің көп болуы сияқты проблемалар бастан асатын. Егемендік алғаннан кейін бас бостандығынан айыруды алмасты-ратын жаза түрлерін кеңінен қолдануды арттыруға, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіруге бағытталған 70-ке жуық заң қабылданды. Бас бостандығынан айырыл -ғандарға 7 рет рақымшылық жасалды. Соның нəтижесінде соңғы 12 жыл ішінде бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер 4 есеге азайған. Мысалы, 2000 жылы 40 мың адам сотталса, өткен жылы 9 мыңнан сəл ғана асатын адам сотталған.

Бұл біздің ел үшін үлкен жетістік болғанымен, сотталғандар санын азайтуға байланысты атқарылатын жұмыстар ұшан-теңіз. Сотталғандарға жұмсалатын қаржы да қомақты. Пенитенциарлық жүйеге кетіп жатқан шығын да жыл-дан жылға артып келеді. Соңғы төрт жылдың ішінде Қылмыстық-атқару жүйесінің бюджеті 54 пайызға өскен. 2012 жылы бас бостандығынан айырылған бір адамды ұстау үшін қазынадан 580 мың теңге жұмсалған. Бірақ ҚАЖ мамандары бөлінген қаржыны тиімді пайдалану жол-

дарын осы бастан ойластыру керектігін алға тартады. Себебі, сотталған адамды ұстауға кеткен қаржы оның жасаған қылмысынан келген зияннан əлденеше

есеге асып кетеді екен. Мысалы, Сол-түс тік Қазақстан облысында бір əйел көршісінің 10 мың теңге тұратын за-

тын ұрлағаны үшін 3 жылға соттал ған. Ал, оны 3 жыл ұстау мемлекетке 1 млн.

700 мың теңгеге түсіп отыр. Мұн дай мысалдарды мыңдап келті ру ге бо-латынын ескерсек, қаржының қай да

кетіп жатқанын шамалау қиын емес.ҚАЖ комитетінің бас бостанды-

ғы нан айырылғандарды электрон-ды құралдар арқылы бақылауды

жетілдірудің халықаралық тəжіри-бесін жан-жақты зерттеудегі басты

ұстанымы да осы болатын. Яғни, артық шығын шығармау. Сотталғандарды электронды құралдар арқылы бақылау тəжірибесі көптеген мемлекеттер-

де сынақтан сүрінбей өткен. Мəселен, АҚШ-та 1990 жылдан бастап зорлықсыз қылмысқа барғандардың барлығын по-лиция осы тəсілмен бақыласа, Швецияда телефон компьютерге қосылады да, сотталғанның аяғына арнайы білезік кигізіледі . Содан соң пробация

қызме тінің маманы сотталғанмен бірге отырып, оның қай кезде жұмысқа бараты-ны, қай кезде үйге келетіні туралы кесте жасайды. Егер сотталған осы кестедегі уақыт тан ауытқып кетсе, электронды біле зік арқылы полиция қызметкеріне да-был түседі. Францияда тіптен жыныстық зорлық үшін бес жылға немесе одан да көп уақытқа сотталғандар бостандыққа шық қан соң да электронды білезік киіп жүру ге міндетті екен. Германияда шарт-ты түрде мерзімінен бұрын босатылуға үміт кер сотталғандардың барлығы да білезік киеді.

Пробация жəне сотталғандарды электронды құралдар арқылы бақылау көптеген мемлекеттерде бұрыннан қолданылатын тəсіл. Қылмыс деңгейі төмен деп саналатын Дания, Швеция,

Финляндия жəне Норвегия сияқты елдер-де электрондық білезік сотталғандардың қоғамның қайтадан толыққанды мүшесі болып қалыптасуына оң ықпал етуде. Қазір əлемнің 60-тан аса елінде қолданылатын электронды білезік біздің елімізге де келетін күн алыс емес. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Теңізжан Жəнібековтің айтуынша, енді бір-бір жарым жылдан кейін қазақстандық пробация саласының қызметкерлері де қазіргідей алаөкпе болмай, шартты түрде сотталғандарды, бас бостандығын шектеу-ге сотталғандар мен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды шетелдегі əріптестері сияқты электронды білезік арқылы бақылап отыратын болады.

Шетелдік тəжірибені зерттеу жұмыс-тары кезінде шартты түрде сотталғандарды электронды білезік арқылы бақылаудың кең қолданылатынына көз жеткізгеннен кейін 2011 жылдың 18 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан əрі ізгілендіру жəне қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мəселелері бойын-ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Қылмыстық-атқару инспекциялары қолданатын электронды бақылау құрыл-ғыларының тізімі де бекітілген болатын. Бақылаудың бұл тəсілі сотталғандардың қайтадан дұрыс жолға түсуіне дұрыс ықпал етіп қана қоймай, жазасын өтеушілерге жұмсалатын қаржыны үнемдеуге де тиімді екенін уақыттың өзі дəлелдеп отыр.

Үкімет 2012 жылы 9 маусымда бекіт кен Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесін дамыту жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған бағдарламада сотталғандарға қатысты бірқатар нақты мəселелер қарастырылған. Бағдарламаның басты көздегені – түзеу мекемелеріндегі қылмыс пен құқық бұзушылықты азай-ту болып табылады. Сондай-ақ, бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы сотталушылардың тəрбие үрдістері жақсартылып, ҚАЖ құрылымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік тумақ. Бағдарла-маның басым бағыттары өткен жылы орындалғанымен, алдағы уақытта атқарар жұмыстар да жеткілікті.

Жалпы, ҚАЖ-ды дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға респуб-ликалық қазынадан 21 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бұл қаржы-ның басым бөлігі тергеу изоляторла-ры мен түзеу мекемелерін салу жəне күрделі жөндеу жұмыстарына, сонымен қатар, жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға жұмсалмақ. Қазіргі таңда тергеу мекемелеріндегі туберкулез ауруы да көкейкесті мəселеге айналғаны ақиқат. Осыған орай, дертке шалдыққан сотталу-шыларды туберкулездің екінші сатысы-на қарсы дəрі-дəрмектермен қамтамасыз ету, аурудан емдейтін бөлімдер, зертхана мен бөлме қызметкерлеріне қорғау респи-раторын алуға да қомақты қаржы бөлу жоспарланған.

«Бағдарламаны іске асыру барысында еліміздің пенитенциарлық жүйесіне елеулі өзгерістер алып келетін бірқатар маңызды заңнамалық актілер қабылданды», – дейді Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының

орынбасары, əділет полковнигі Теңізжан Жəнібеков.

Бас бостандығынан айыру жазасы-на кесілгендердің құқықтық мəртебесі басқа санаттағы сотталушылармен (бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек) салыстырғанда қатаң екені баршаға түсінікті. Алайда, бұл бас бостандығынан айырылғандар «біткен» адам деген сөз емес. Олар да Қазақстан Республикасының азаматы ретінде негізгі құқықтарға ие болуын жалғастыра береді. Олар тек бостандығынан айырылғандар, дегенмен де, денсаулықтарын сақтауға, ар-ождан бостандығына, адами құндылықтарын құрметтеуге толық құқықтары бар.

Ал, сотталушылардың ең бас ты конституциялық құқығы – орта білім алу. Түрме туралы сөз қозғағанда

сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету жайы əлі күнге дейін маңызды мəселе ретінде алдыңнан шығады. Өткен жылы түрмелерден босап шыққан 13 мың адамның тек 30 пайызы ғана жұмыспен қамтамасыз етілген екен. Талай жылдар-дан бері түйіні тарқатылмай келе жатқан бұл мəселені шешу үшін Бас прокурату-ра мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп екі арнайы жоба əзірлеуде. Оның біріншісі – пробация институтын жетілдіру мен оны кеңінен жүзеге асыру болса, екіншісі – сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады.

– Қазіргі таңда республикалық меке-мелерде 3557 сотталушы 55 жалпы оқу орнында білім алуда. Сонымен қатар, 46 түзеу мекемесінде көп сұранысқа ие 50-ге жуық мамандық бойынша кəсіби жұмысшылар даярланып келеді. Ағымдағы жылы оқу пəндерінің тізімі тағы 6 мамандықпен, атап айтқанда, ағаш шебері, құрылысшы, өңдеуші-тасшы, тас қалаушы, жиһаз құрастырушы, құрал-сайманшы, токарь секілді кəсіптік жұмыс түрлерімен толыққан. Оқуларын тəмамдағаннан кейін сотталғандардың түзеу мекемелерінде, ал бостандыққа ш ы қ қ а н н а н к е й і н а й м а қ т а р д а ғ ы азаматтық кəсіпорындарда жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, 2012-2013 оқу жылдарында 4 мыңға жуық сотталу-шы еңбек нарығында сұранысы жоғары кəсіби білім мен түрлі мамандықтарға қол жеткізген көрінеді. «Қоғамда «сотталып келгендерді жұмысқа алмайды, олардың еңбекпен қамтылуы қиын» деген пікір қалыптасып қалған. Бұл мəселеге біржақты баға беруге болмайды. Себебі, түзеу мекемесінде алған кəсіби білімдерін пай-даланып, бүгінде бостандыққа шыққаннан кейін жұмыс істеп жүргендер жеткілікті. Жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа тұрғызуда аймақтардағы Жұмыспен қамту орталықтарының көмегі көп. Бұл орталықтарға түзеу колониялары-нан қанша адам, қандай мамандықпен,

қай кезде босап шығатындары туралы мəліметтер беріліп тұрады. Орталық ұсынған жұмыс орындарын таңдап, орна-ласу мəселесінің бүге-шігесін мекеменің тəрбие жөніндегі қызметкерлері жан-жақты түсіндіріп береді. Бүгінгі күні түзеу мекемелеріндегі еңбекке қабілеттілердің 47 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Біз қазіргі таңда түзеу мекемелеріндегі жұмыс орнын көбейтуге ерекше мəн беріп отырмыз», дейді Теңізжан Нұрмаханұлы.

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Астана қаласында «Түрме орнына – про-бация мен электронды білезік» атты түрме реформасына арналған алғашқы форум өткені белг іл і . Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың қатысуымен өткен ауқымды шарада алғаш рет еліміздегі про-

бация қызметін дамытудың тиімді жолда-ры көрсетіліп, түрме тұрғындарының са-нын азайтуға жəне сотталып келгендердің əлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған кешенді заңнамалық жəне ұйымдастырушылық-тəжірибелік ша-ралар қарастырылған болатын. Соның бірі – Қазақстанда өткен жылдан бері тек шартты түрде сотталғандарға ғана қатысты қолданылып келе жатқан про-бация қызметі. Бұл қанатқақты тəжірибе ретінде қысқартылған түрде енгізілген болатын. Осының нəтижесінде 2012 жылы 6 мың шартты түрде сотталғандардың 2 мыңы пробацияға тартылыпты.

«Түрме реформасының» тиімді жағын қарастыратын болсақ, болашақта осы секілді баламалы жаза түрлерін қолдау, сотталғандарды ұстаудың камералық жүйесіне көшу, колониялар-дан шыққандарды жұмыспен қамтамасыз ету, пробацияны толық масштабта жүзеге асыру сияқты жұмыстардың маңызы зор. Мұндай міндеттерді толық орындауға сотталғандарды əлеуметтік бейімдеу жұмысының тигізетін ықпалы көп. 2011 жылдан бастап сотталғандарды əлеуметтік бейімдеу функциясы жергілікті əкімдіктерге жүктелгені белгілі. Бірақ қазіргі таңда республика бойынша екі-ақ бейімдеу орталығы бар.

Қазақстанда ең алғашқы түрме 1720 жылы Өскеменде салынған, ХХ ғасырдың басында 20 түрме болыпты. Кеңес кезінде қосақталып айтылатын еңбек деген сөзі түсіп қалған түзеу мекемелерінің ғимараттары жаңартуды қажет ететіні сөзсіз. Құрылыстары ескі, едендері бе-тоннан салынған суық, т.с.с. кемшіліктер жетк іл ікт і . Түзеу мекемелер ін ің ғимараттарының қазіргі заман көшінен қалып қойғаны жасырын емес. Осыған орай, Қылмыстық-атқару жүйесінің 2012-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында екі түзеу мекемесінің реконструкциясы мен камералық ұстауға арналған үш мекеменің құрылысы,

сондай-ақ, 59 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Ал, еліміздегі түзеу мекемелерінің басым көпшілігі Кеңес кезінде өткен ғасырдың 40-50-жылдарында салынған. Сол кездегі ереже-талаптарға сай бұл мекемелерде сотталушылар жасақ тəртібімен, яғни, бір ғимаратта 100-150 адамға дейін ұсталатын. Қазіргі таңда да Қазақстандағы мекемелерде жазасын өтеушілерді негізінен жасақтық-барак тəрізді ұстау түрі қалып қойған. Бір уақытта жатын ғимаратта 150-ге жуық, не одан да көп сотталушыларды ұстаудың қиындықтары да бар, қолайсыздықтары да аз емес. Дүниежүзінде, атап айтқанда дамыған елдерде түзеу мекемелерінің тəжірибесі мүлде бөлек. Ал, сотталғандарды камералық ұстау жүйесіне көшіру бұл – халықаралық стандарт. Бірақ бұл та-лапты жүзеге асыруға біздің тозығы жет-

кен түзеу мекемелерінің қазіргі жағдайы мүмкіндік бермейді, – дейді мұнан əрі Т.Нұрмаханұлы.

Сотталғандарды камералық ұстау жүйесіне көшіруді жүзеге асырудың қиындығын ең алдымен осы саланың мамандары жақсы сезінеді. Алайда, бұл мəселеге тек осы саланың маман-дары емес, бүкіл Қазақстан халқы көз тігіп отырған өзекті сұрақ десек, артық айтқандық емес. Себебі, сотталғандар тарапынан анда-санда болса да бұрқ ете қалатын қарсылық білдіру оқиғаларына елеңдемейтін ел аз. Мұндай оқиғалардың өршуіне сотталғандарды қазіргідей топтап ұстаудың да себеп болып отырғаны анық. «Камералық ұстау жүйесіне көшсек, ең алдымен біз осы жаппай бас көтерудің алдын аламыз, дейді мамандар. Себебі, топтанып жүргендегідей олардың ара-сында қарым-қатынас мықты болмайды. Камераға сотталушыларды өздерінің ка-тегорияларына қарай орналастырудың да маңыздылығы зор. Мысалы, қазір əртүрлі ауыр қылмыс жасағандар да, ұсақ заңсыздыққа барғандар да бірге ұсталады. Мұндай жағдайда сотталғандардың бір-біріне деген ықпалы да күшті болады. Ка мерада отырған 2-3 адамды бақылау да оңай болмақ. ҚАЖ қызметкерлері за-манауи техниканың мүмкіндігін пайда-ланып ка мера ішіндегілердің əрбір іс-қи-мылын ба қылай алады. Камералық жүйеде əр каме раның жеке жуынатын жері, бөлек дəрет ханасы болады. Демек, бұл тазалық талабы да көзден таса етілмейді деген сөз.

Бұл жүйенің ұтымды тағы бір тұсы əрі ең бастысы – сотталғандарды камералық ұстау жүйесіне көшіру арқылы жа-засын өтеушілердің ғана емес, меке-ме қызметкерлерінің де қауіпсіздігін арттыруға зор мүмкінд ік тумақ . Себебі, топтап ұсталатын мекемелерде сотталушылардың ішкі тəртібін бақылау қиын екені айтпаса да түсінікті. Баракта жазасын өтеушілердің бір-бірімен ауыз жаласып, жоспар құруына да, өз арала-рында «жазылмаған заңдарын» емін-еркін жүргізуіне, аурудың тез тарауына да қолайлы екенін уақыттың өзі дəлелдеп берді. Мұндай апыр-топыр кезінде сотталушылардың бір-бірімен ерегісіп, оның арты төбелеске ұласып жататын кездер де аз емес. Камералық жүйенің тағы бір артықшылығы ретінде осы са-лада талай жылдан бері қызмет етіп келе жатқан сақа мамандар – жат дінге кірудің салдарынан қылмыс жасап сотталғандар

басқа сотталғандар арасында өздерінің теріс діни көзқарастарын оңды-солды насихаттай алмайтындығын айтады. Себебі, діни лаңкестік əрекеттері үшін сотталғандардың көзқарасын өзгерту өте қиын. Оларға тіптен имамдардың да шамасы келмей жататынын ҚАЖ қызметкерлерінің өздері мойындайды. Сол себепті де ҚАЖ-дың жаңа салына-тын мекемелерінде камералық ұстау ерекшелігі міндетті түрде ескерілмек. Мысалы, соңғы 10 жыл iшiнде Атырау, Жамбыл жəне Шығыс Қазақстан облыстарында камералық ұстау жағдайындағы 3 мекеме салынды. Алматы қаласы жəне Алматы облы-сы қылмыстық-атқару департаментіне қарасты бір тергеу изоляторы камералық ұстауға көшірілген. Енді Қарағандыдан салынатын колония да сондай болмақшы.

Сотталғандар арасында соңғы кез-дері бас көтерулер немесе өз-өзін жа рақаттап қарсылық көрсету оқи -ға лары жиілеп кеткені ешкімге жасы рын емес. Алысқа бармай-ақ, осы жылдың тамыз айында Орал қала -сындағы РУ-170/2 мекемесінде болған жаппай тəртіпсіздікті айтуға болады. Түзеу колонияларындағы осындай оқыс оқиғалар кезінде «мекеме ішіндегі тəртіп қатаң» деген сөз жиі естіп қаламыз. Алайда, түзеу мекемелерінде «тəртіп өте қатал» деп кесіп айтуға болмайды. Себебі, темір тордың ар жағындағы бас көтерілулердің дені мекеме əкімшілігі жүргізген ар-найы тексерістен кейін басталады. Мұны, ҚАЖ мамандары да жоққа шығармайды. Сыртқа жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіретіндердің басым бөлігі біріңғай киім-кешекті киюден бас тартып, ішкі тəртіпке мойынсынғысы келмейтіндер.

Бүлік шығарып, қоғамда «түзеу меке-мелеріндегі тəртіп тым қатал, қыз мет-керлер дөрекі» дейтін кереғар пікір қа-лып тастырғысы келетіндердің көбі мекеме ішіндегі ережеге бағынғысы келмейтіндер екенін осы саланың ысты ғына күйіп, суығына тоңып жүрген қыз мет керлер ай-тады. Ал ҚАЖ мамандары сол ережеге сай міндеттерді ғана талап етеді. Қылмыстық-атқару жүйесінің ІІМ құ рамына өткеніне екі жылдан асты. Сəй кесінше, бақылау қызметін жүзеге асыратын кіші басшы құрам толығымен ІІМ-нің ішкі əскеріне өтті. Қазіргі таңда түзеу мекемелеріндегі ішкі тəртіпті қадағалап, бекеттерде кезекшілікке тұратын, айып тау-оқшаулау, қабылдау-өткізу бекеттері, ішкі жəне өндіріс аймақтарына бақылау жүргізу ішкі əскер сержанттарына жүктелген. Бұл, түзеу мекемелеріндегі ішкі тəртіп қатаң бақылауда деген сөз.

Түрме – ол дайын тамақ, киім-кешек пен сейілдеу, ақысыз оқып, емделіп, қалай жүрем өзім білем деп арқаны кеңге салып, сайран құратын жер емес. Түзеу мекемесінің басты міндеті – осында жа-засын өтеп шығатын əр адамның алдағы өміріне дұрыс бағыт-бағдар беру, қайтып қылмыс жасап, теріс жолға түсуін бол-дырмау. Егер сотталғандар түзеу мекемесі əкімшілігінің тəртібіне көнбей, ойына келгенін жасай беретін болса, бұл заң жүзінде олардың өздеріне қайта таяқ болып тиетіні сөзсіз. Сол себепті де кей арандатушылар мен теріс пиғылды топтың «арынын» басып, солардың тарапынан жиі жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда тəрбие жұмыстарының алар орны ерекше. Қазіргі таңда сотталғандарға нақты көмек қолын созып, олардың жүріс-тұрыстары мен мінез-құлықтарына сараптама жасап отырған психология қызметінің рөлі артты. Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінде түрлі мəдени-спорттық шаралар (КТК, байқаулар, жа-рыстар, т.б.) ұдайы өткізіліп тұрады. Бұл да тəрбиелеу мен тəртіпке шақырудың ұтымды тəсілі екені даусыз.

Түзелу əр адамның өзіне жəне айналасындағы қамқор адамдары-на байланысты екені сөзсіз. Алайда, сотталғандардың арасында ешкімі жоқ адамдар да болады немесе бала-шағасы мен жақындары теріс айналып кеткендері де баршылық. Ондайлар бостандыққа шыққан соң барар жері, басар тауы жоқ болып жүреді де қайтадан қылмыс жа-сап, «үйренген жеріне» қайтып келеді. Ал, еркіндікке шыққан соң жаңадан өмір бастап кететіндер өкінішке қарай, өте аз.

Түзеу мекемелерінде жаза басып жа-залы болғандардың алдағы өмірі дұрыс жалғасуы үшін атқарылатын жұмыстар ұшан-теңіз. Алайда, тəлімі берік тəрбиенің орнын ешнəрсе алмастыра алмайды.

Адамды түзеу оңай іс емес. Майысқан темірді немесе қисық өскен талды түзеуге болар. Бірақ, бір емес бірнеше рет қатыгездікке барып, адам өлтіріп, опасыздық жасағандардың сана-сезіміне саңлау түсіру, тəрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өте ауыр жұмыс. Осыдан кейін сотталғандармен күнде бетпе-бет келіп , жұмыс істейт ін ҚАЖ қызметкерлеріне артылатын ауыртпалықты өзіңіз бағамдай беріңіз.

ТҮЙІН. Байырғы жылдары қылмыс жасап, жазаланған жанды қамау ке-рек болса, қазақ оның қолын арты-на қайырып байлап, кісе белдігін, бас киімін шешіп, тізерлетіп, бетіне күйе жағып, киіз үйдің керегесіне байлап қояды екен. Белдік, бас киімін шешкені – жігіттік намысынан айырылғанын, тізе бүктіргені – жазасын мойындатқаны, ал, бетіне күйе жаққаны – ел алдында қара бет болғанын білдіртсе керек. Тентегі мен телісін үлкен арбаның доңғалағына таңып, болмаса киіз туырлыққа орап тастап-ақ тезге салып алатын уақыттың өткені түсінікті. Алайда, кісеніміз темір, «киіз туырлығымыз» қатаңдатылған заңға алмасса да қоғам болып қылмысқа алып барар жолды қысқарта алмағанымыз өкіндіреді.

Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ,журналист.

АСТАНА.

Мўндаєы жїйе тїбегейлі ґзгерістерді кїтеді

Т

Page 8: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz8 ЗЕРДЕ

«ЕЅБЕКШІ ЌАЗАЌТЫЅ» АРБАКЕШІ

Аяулы ақын, көрнекті жазушымыз əрі дарынды аудармашы Қалмақан Əбдіқадыровтың есімі халқымызға аса ардақты. «Сырдария» атты тұңғыш өлеңі «Еңбекші қазақ» газетіне жарияланғаннан бастап, əдебиетімізге бірқатар қомақты шығармалар қосты. «Келес қызы», «Мақташы қыз» атты дүниелерінде еңбек адамдарының ерлікке пара-пар істерін көркем сөзбен əдіптеді. «Қажымұқан» повесінде қазақтағы күш атасының еңсегей тұлғасын сомдап, халық жадына мəңгілікке сіңірді. Шығыстың інжу-маржаны – «Мың бір түнді» мөлдірете аударып, халқының жүрегін мүлде жаулап алды. Ағаның өзге де туындыларын оқырман қауым жақсы біледі.Қалмақан соғыс жылдарында төртінші Украина майданында шығып тұрған қазақ газеттерінде жұмыс істеді. Соғыстан кейін Жазушылар одағында, түрлі баспа орын-дарында, туған жеріндегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп, артында өшпес із қалдырды. Тағдырдың жазуымен жер шарының біраз жерін шарласа да, арбакештен тұғырлы тұлғаға айналған ағамызға туған жерінің топырағы бұйырды.

жүрмейді. Біз болсақ таңырқай қараймыз. Үлкен жазушының кішкентай дүниені өңгере алмай тұрғанына сенгіміз келмейді. Содан не керек, болмаған соң Қалмақан аға мақалаларын бəрімізге бөліп беретін болды. Артынан берекелі дастарқанымен сыйлайды. Сөйтіп, жазушы ағамызды газеттің күйбің тірлігінен азат еттік.

Бір күні «Мың бір түнді» аударғаны үшін Алматыдан он мың сомдай ақша келіпті. Ағамыз оны түгелдей өз отбасына бөліп берді. Сөйтсек, бізді де ұмытпаған екен. Өзі айтпақшы «ұры қалтасына» мың теңге салып, алып қалыпты.

Күндердің бір күнінде аудан əкімі И. Əб-дікəрімов Қалмақан ағаны шақырып алып, елге оралғанымен құттықтапты. Сөйтіп, су жаңа автоклуб алғызып, Қарғалы бойындағы малшыларға қызмет көрсететін «қызыл отауға» меңгеруші етіп қойыпты. Кіші газеттің қызметінен ығыры шығып жүрген үлкен жазушыға бұл қызмет қол болды. Жазушы барған бойда «қызыл отау» жұмысын жан-дандырды. Қарғалыда мектеп-интернат салдырды. Жарты ауыл елді мекенінде де мектепті іске қостырды. Бұған дейін Алматы облысындағы бір ауылға радио торабын таратқызып, кітапхана қорын толықтырып бер-ген екен. Бүгінде сол Қарғалы ауылы көркейіп, гүлденген. Аудан орталығындағы кітапхана – Қалмақан Əбдіқадыров атында.

Жазушы 1964 жылдың 30 сəуірінде дүние салды. Зираты Шиелінің Алғабас ауылында. Шиеліге кіре берістегі үлкен жолдың бойында қаламгердің үлкен форматты суреті тұр. Аудан-ға келген-кеткеннің бəрі тағзым жасап өтеді.

Аяулы ақын, жазушы Қалмақанның туғанына биыл 110 жыл толды. Жазушы «Сыр сарбазда-ры» атты «Келес қызының» бір тарауының циклі іспеттес кітап жазуды ойластырып жүрген. Сол арманына жетпеді. Сол дүниелерді жинап, құрастыратын азамат болса ғой, шіркін!

Əлі есімде. Бір күні газетке келіп ұзақ əңгіме шертті. Қызықты естеліктер айтты. Ол күннен бері де елу жыл уақыт өтіпті. Əскерде пулеметші болғанын, көздегені қалт кетпейтін мерген болғанын еске алды. «Бала кезім жалшылықта өтті. Байдың қойын бақтым. Еңбекақыма арық тоқты алатын едім. Содан өлең-жырға əуестігімді байқаған «Еңбекші қазақтың» жауапты хатшысы Бейімбет Майлин мені қызметке алды. Қызмет болғанда да, үлкен газетке арбакеш етті. Сөйтіп, 22 жа-сымда «Қалмақан арбакеш» атандым. Өлең-жырды бұрқыратып жаздым. Көзімді ашқан, мені халыққа танытқан – «Еңбекші қазақ».Апта сайын газетті арбаға тиеп алып, əр ауылға «Еңбекші қазақты» алып қал» деп əндетіп баратынмын. Қала маңындағы отыз болыс ауылдың əр үйі өз үйімдей болды. Сонымен, астана Қызылордадан Алматыға көшкенге дейін үлкен газеттің арбакеші қызметін атқардым. «Еңбекші қазақтың» тұңғыш таратушыларының бірі əрі насихаттаушысы болғаныма ризамын. Бейімбет Майлиннің тəрбиесін көрдім, қаламым ұшталды. Бейімбет нағыз сөз шебері еді ғой», – деп сөзін аяқтаған еді жазушы аға.

Сан алуан пікір ойға оралады. Аяулы ақын, көрнекті жазушы, дарынды аудармашы Қалмақан Əбдіқадыровтың есімі Қызылорда қаласындағы орталық көшелердің біріне берілсе деген арман-ой да кеудеде бар. Жасы 110 толған кезінде есімі осылай жаңғырса ғой!

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Мерген ќыздыѕ аруаєын мазаламайыќ

...Соғыс аяқталды. Мəскеуден шыққан пойы з жүйткіп келеді. Қызыл вагонда соғыстан қайтқан жауынгерлер. Олардың арасында үш Кеңес Одағының Батыры бар. Жауынгерлер осы үшеуін қаумалап, түрлі əңгімеге тарта-ды. Ортада ақын əрі жазушы Қалмақан. Ол көне əңгімелерді көсілдіріп, ежелгі қисса-дастандарды жатқа соғып келеді. Жауынгерлер еміреніп, көзді жұмып тына қалған. Əңгімені Бұдабайдан бастап, ақын Нартайдың жыр-ларын төпелетеді. Бір ауық «Мың бір түн» əңгімесін бастағанда қаруластары тағы да ентелей түсті. Арасында Ж.Махамбетов, Н.Ілиясов, Ж.Нұрсейітовтің қарулы қолдарына түскен немістердің хал-күйін қызықты етіп баяндағанда күлкіге көмілмеген ешкім қалмады.

Жаппасбай ағаның ауылдасы «елде тұз жоқ» деп хат жазған екен. Батыр аға жерлесінің тілегін құп алып, соғыстан бір қап тұз əкеле жатқанын айтты. От пен оқтан əзер аман шыққан жауынгерлер: «Бұл қалай?» деп жа-мырасты.

– Жəке бір қап тұзыңыз не? – дейді солдат-тар тағы қаумалай түсіп.

– Ой, ауылым Қызылтуда тұз жоқ көрінеді. Барған бойда бəріне үлестіріп бермеймін бе? Астың дəмін тұз кіргізеді деген.

– Түу, ауылда тұз бар. Сізді құрдастарыңыз əншейін əуреге салған ғой.

– Шынымен солай ма, – дейді аңғал батыр. Осы тұста біреу, аға лейтенант Қалмақан

Берлиннен бері бір қап кітапты нығыздап буып əкеле жатқанын айтып қалды. Жауынгерлер: «Бұл қалай?» деп тағы жамырасты.

– Бұл қазына. Бір қап толы алтын ғой. Ауылға барған соң бəрін қазақшаға аудар-тып алып, елімді бүкіл батыс пен шығыстың классикасымен сусындатам, – деп айналасына мейірлене қарады.

Елге оралған жауынгерлер Арал тұсына кел-генде қуаныштарында шек болмады. Толқын атқан теңізге қарап, боталаған көздерін ұзақ суарды. Одан Қызылордаға келгенше əн-жырды қалықтатты. Соғыстан оралған осынау ағалардың біразымен кейін бейбіт күндері тұз-дəмдес болдық. Жаппасбай шахтер, Нағи мен Жақыпбек колхоз, кеңшар төрағалары болды. Ақын Қалмақан жазушылығын қайта жалғады.

Сонау елуінші жылдардың орта шенінде Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде жұмыс істейтін кезім. Мұнда Д.Ысмайылов деген кісі жауапты хатшы еді. Төрт беттік газетті Ш.Бектасов, Ж.Шəукебаев төртеуміз толтыра-мыз. Бір күні ортамызға əдеби қызметкер болып Қалмақан аға келді. Алматыдан жалғыз оралды. Əйелі мен бала-шағасы Сыр өңіріне келмейтін сыңай танытса керек.

– Бұл кім? – дейміз Дүйсенбіге.– Бұл ақын, жазушы Қалмақан. Шиелінің

тумасы. Мына «Бақтыата» жеріндегі он алтын-шы ауылда дүниеге келген, – дейді ол. Соғыс алдында талай өлең-жырларын жаттап өскенбіз. Алматының дымқыл ауасы жақпай, бұдан бы-лай Сырдың құрғақ ауасында жүруге дəрігерлер кеңес берсе керек.

Сонымен, Қалмақан ағамен аудандық газеттегі қызмет жолымыз басталды. Темір жолдың арғы бетіндегі жеке үйде жалғыз тұратын. Газеттің партия, комсомол, совет тұрмысы деген бөлімдері бар. Нөмір сай-ын солар жөнінде материал дайындау керек. Еңбек адамдары, шопандар, егін орағы, мал қыстату туралы очерк, суреттеме, репор-таж тағы бар. Қалмақан аға осы қарапайым дүниелерді жазуға қатты қиналатын. Қаламы

– Біздің білетініміз, бұл хабар шыққан кезде туысқандар зираты-на қазба жұмыстары жүргізілгені айтылған жоқ. Тіпті, солай болған күннің өзінде де, Əлияның сүйегі сол маңда жерленгендігі, туысқандар зиратына арналған ескерткіштің одан кейін орнатылғаны ескерілмеді. Батыр қыздың сүйегінен гөрі, олар-ды ескерткіштің астында болмағаны қызықтыратын сияқты болып көрінді маған.

Осы ескерткіштің жанында Əлия-дан басқа төрт Кеңес Одағының Батыры жатыр. Олар түрлі ұлттың өкілдері. Қан-қасап қырғында қыршын кеткендердің құрметіне орнатылған ескерткішті жергілікті халық қаншама уақыт бойы құрметтеп, қасиетті де киелі орын са-нап келеді. Мен ол мекенге он мəрте бардым, соның талай куəсі болдым. Енді не болып қалды? Олардың ой-лары не? Маған осы жасалып жатқан əрекеттердің төркінінде бір үлкен ойын бар сияқты көрінеді де тұрады.

«Айқын» газетінің осы жылдың 31 шілдесі күнгі санынан «Батыр қыздың сүйегін елге əкеледі» деген мақаланы оқыдым да өз көзіме өзім сенбедім. Бұл Əлия жайлы біраз мағлұматым бар мені таңғалдырды. Шынын айт-сам, бұл мақала менің көзіме арада он күн өткен соң түсті. Сондықтан бұл мақалаға қатысты ойымды кештеу болса да жазып, сол басылымда жария-ладым. Мұндағы ойым асығыс пікір білдірген журналисті мұқату емес, батырға қатысты жаңсақтыққа жол бермеудің қамы болатын. «Құлаққа өкпелеп жүргенде, мүйіз шықты» де-гендей, мұны бұл қалай деп жүргенде ғаламтор « Əлияның сүйегін таптық» деген хабарды таратқанда өз көзіме өзім сенбедім. Тым тез, тым асығыс.

Орыс газеттерінде Монаковада «Əлияның сүйегі жоқ екен» деп жазы-лып еді. Оны біз тауып алайық деп, га-зеттерде хабарлағанындай, Ал матыдан бірінші топ, Ақтөбе қаласынан екінші топ Ресейдің Псков жеріне аттанды да кетті. Жəне бір қызығы, сол барғандар араға аз ғана күн түскенде ұшты-күйлі жоқ сүйекті тауып ала қойды. Бұл, бұл ма, оның алдында батыр қыздың сүйегін елге əкеледі деп хабарлап та қойған.

Алайда, мемлекеттік дəрежеде шешілетін бұл мəселе аяқ астынан қалай жеңілдеп кетті деген ой ешкімнің де миына кіріп-шықпады. Ресей Федерациясы қаласақ алып кетіп, қаламасақ апарып тастайтын қоңсымыз емес қой, деген ой ешкімнің қаперіне кірмеді. Кедендік еркіндік болғанымен, шекаралық еркіндік бар деп кім айта алады? Халықаралық тəртіп бойын-ша шетелден өсімдіктің тұқымын да алып шығуға рұқсат алуың керек қой. Ал бұлар орыстың ит тұмсығы өтпейтін қалың орманынан жетпіс жыл бұрын шейіт болған Əлияның сүйегін қалай тез таба қойды жəне қалай елге əкеліп жерлеу мəселесін оп-оңай шеше қойды. Жарқыным-ау, бүгінде екі ауылдың арасындағы моладан да екінші қауымға апарып сұраусыз жер-лей алмайсың ғой. Мұны бақылайтын екі мемлекеттің де ресми орында-ры қайда қарап отыр деп ешкім бас қатырмады. Біздіңше, Əлияның сүйегі табыла қалған күнде де, оны елге əкеліп туған топырағының қойнына беру мəселесі мемлекеттік

деңгейде шешілетін іс. Бұған Қазақстан Үкіметі, Сыртқы істер министрлігі ара-ласпаса, екінің бірі бітіре қоятын ауыл-үйдің арасындағы шаруа емесі айдан анық. Бұл екі адамның, тіпті пікірлес топтардың шеше салатын мəселесі емес қой. Екі мемлекет үшін де елдік маңызы зор мəселе екенін түсінбеуіміз қалай?

– Сіздің əңгіме ауаныңызға қарағанда, бұл тұжырымдармен келіспейтін сыңайлысыз. Сонда алға тартар қандай уəжіңіз бар?

– Ұлы Отан соғысы күні кешегі тарихымыз емес пе? Əлияның мүрдесін өзінің алма бағына алғаш жерлеген Бойков деген кісі, ал оның қызы 12 жастағы Уситова күні ке-шеге дейін өмірде болған адам. «Новосокольниках земля опален-ная войной» кітабының авторы, өлкетанушы жазушы Ю. Алексеев, ұрыстан кейін қаза тапқандарды жинайтын взвод командирі болған Галпершин мұны растайды. Бұл ара-да келіп олардың пікірлері де есеп-ке алынбайды. Олардың да бəрі осы Монаковада қайта жерленгенін айтады. 1944 жылы қазақтың майдангер жазу-шысы Жекен Жұмаханов Бондуров де-ген Əлияның командирінен сұрағанда ол картадан Монакова деген жерді көрсетіп, «тірі қалсаң ауылыңа айтып бар, Əлия осы жерде жерленген» деп айтқанын жазған «Майдан дəптері» деген шығармасында. Батальон командирі Ф.Мойсеев, Əлияның өзімен бірге оқу бітірген мерген қыз Зинаида Полякова, өзінің егізі Н.Матвеева, зерттеуші-журналист Сейілхан Асқаров, Ленинград мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, зерттеуші, музей ұйымдастырушы Синицин, кинорежиссер Б.Шəмшиев жəне басқалары да осы деректердің дұрыстығына күмəн келтірмейді. Қазіргі алып-қашпа əңгімелерге «май

құюшылықты», жасалып жатқан əрекеттерді өрескел қате деп ойлай-мын. Сондықтан, антропологтардың зерттеуінсіз, қорытынды шешімінсіз елге əкеліп, «мынау Əлияның сүйегі» деп жерлей салуға қарсымын. Егер бұлай жасалатын болса, мұны тарих кешірмейді. Сол себепті Əлияның сүйегі ескерткіштің астында бар ма, жоқпа, сүйегін елге əкеліп жерлеу ке-рек деген əңгімелерді тоқтату керек.

– Сіздің Əлияның ерлігін на-сихаттап, оған қатысты басқа

мəселелерді тиянақты зерттеп келе жатқаныңызды білеміз. Ата-анасының кім болғанын халыққа жете түсіндіріп, анасы Маржанның көп жылдар бойы табылмаған зи-ратын тауып, басына ескерткіш белгі қойған имандылық істеріңіздің өзі неге тұрады!? Тым əрі кетсек, Əлия Молдағұлова ескерткішін ашып, оны кешегі егемендіктің елең-алаңындағы күрделі кезеңде жабылуға жібермей сен імд і басқаруда өз қаражатыңызға 5 жыл ұстауыңыз, кейін жағдай түзелген соң Үкіметке қайтып беруіңіз, ба-тыр қыздың туысқандарымен байланысыңыз нағыз азаматқа тəн іс екені даусыз. Дегенмен, мұндай кесімді пікіріңізді неге сүйеніп ай-тып отырсыз?

– Енді мен Əлия Молдағұлованың сүйегінің тап сол ескерткіш ма-ңында аударылып жерленгені тура-лы мұрағаттық құжаттарға сүйе ніп, əңгімемді өрістетейін. Бұл мəселе алпысыншы жылдары үкіметтік деңгейде көтерілген. Онымен Камал Смайылов бірінші хатшы болып тұрғанда Қазақстан Республикасының ком сомол комитеті айналысқан. Орталық əскери мұрағаттарға арнайы қатыныс жіберіліп, сұрастырылған. Генерал-майор Подольский, подпол-ковник Федеренко қол қойған мұрағат құжатына сүйеніп жазылған қатынаста былай деп жазады:

«Əлия Молдағұлованың тағдыры туралы төмендегідей мəліметтерді анықтадық:

4-ші бөлек атқыштар батальо нының 54-ші бөлек атқыштар бригадасының мергені, Кеңес Одағының Батыры, ефрейтор Молдағұлова Əлия Нұрмұхамбетқызы 1925 жылы туған, Ақтөбе қаласы, Овражная көшесі, 6-үйдің тұрғыны, ВЛКСМ мүшесі,

Псков облысының Новосокольнический ауданы Казачиха деревньясы үшін болған шайқаста қаза болды. 1960 жылы сəуірде Казачиха, Починки жəне басқа көршіліс елді мекендердегі қаза болған жауынгерлердің сүйектері, сүйектерінің қалдықтары Новосокольнический ауданының Монакова деревньясының оңтүстік-батыс шетіне туысқандар зи-ратына қайта жерленді. Туысқандар зи-раты Псков облысының Велики Лукиге Нарва арқылы Локииге дейінгі жолдың биігінде.

Əлия Молдағұлова Псков облысының Новосокольнический ауданының Монакова дерев нья-сындағы туысқандар зиратының бірінде жерленген. Əлия Молда-ғұлованың жерленген Монакова зиратынан оның моласын көрсету мүмкін емес». Əскери мұрағаттың басшылары қол қойған бұл құжат 1963 жылы 19 маусымда жазылған. Бұл қатынас құжаттың көшірмесі еліміздің мұрағат қорында бар. Көшірмесі біздің де қолымызда тұр. Орыс тілінен аударып беріп отыр-мыз.

Бұдан белгілі болып отыр-ғанындай, Əлияның сүйегінің жүздеген қаза болған жауынгер-лермен бірге Монаковадағы туыс-қандар зиратына жерленгені анық. Бірақ мүрденің қай жерде екенін анықтау мүмкін емес. Мен мұндағы ескерткішті көзіммен көрдім. Кеңес Одағының бес батырына есімдері жазылған бөлек мрамор тақтайшалар орнатылып, аты-жөні ғана тұр. Бұдан шығатын қорытынды, Əлияның сүйегін табамын деу бос əурешілік. Бұл – қажетсіз іс. Ол

біздің ұрпақтардың есінде қазіргі қалпында қалуы керек. Оның ерлігін ұлықтаған ескерткіштер Ресейде де, Қазақстанда да тұра берсін. Сүйегі жерленген жер белгілі емес пе? Халық сол жерге тағзым етеді. Батырдың аруағын мазаламайық.

– Бұл ұсыныңызды аруақ-ты сыйлап өскен иісі қазақ қолдайтынына шек жоқ. Деген-мен, Монаковадағы ізшілер тапқан кеңес солдаттарын қайта жерлеуден кейін солардың арасы-нан моңғол тектес əйел адамның бас сүйегі табылыпты-мыс. Сол қабірден адамның кейбір мүшелері елге əкелініпті, енді генетикалық зерттеу жүргізіледі екен деген де қауесет желдей есіп кетті. Бұған не айтар едіңіз?

– Шыны керек, бұл шараны ерлікке тағзым етудің үлгісі деп ойлаймын. Қазақстандық жəне псковтық ізшілер отрядының жұмысына алғыстан басқа айта-рымыз жоқ. Мұндай ризашылық сезімін қайта жерлеу рəсімінде сөз алған Новосокольнический ауданының басшысы Виталий Соловьев те білдірді.Осы шараға Əлияның туысқаны Сапар Молдағұлов пен Əрия Хабиева да бірге барып, апасы ерлік көрсеткен жерді көрді, батыр қызға деген ресейліктердің шы-найы көңілін естіп қайтты. Құран бағыштадық, бауырластар зираты-на гүл шоқтарын қойдық. Шыны керек, өз жерлерін қасық қаны қалғанша қорғап, шейіт болған көпұлтты кеңес солдаттарына де-ген сол жердегі халықтың құрметі мықты екенін көріп, сүйсіндік. Мен Əлия Молдағұлованың ерлік жолдарын қырық жыл зерттеген адаммын, сол жөнінде қазақ-орыс тілдерінде қаншама деректі кітаптар жаздым. Батыр қызымыздың ерлігін ұлықтаған ескерткіштер орыстың бірнеше қаласында тұр. Атында көшелер бар. Есімі мектептерге берілген. Мəскеудің өзінде ескерткіші тұр. Санкт-Петербургте мұражайы да, ескерткіші де бар. Олардың бəрінің бас-аяғын түгендеп айтып отыруға газет беті көтермес. Ал енді осындай орыс халқы үшін де құрметті, ерлігіне тағзым жаса-лып отырған адамды бір күнде та-рих бетінен сыза салуға бола ма?

Ал, Əлияның сүйегі болуы мүмкін дегенге келсек, тағы да айтамын, əзірге бəрі құр болжам, сəуегейлік қана. Ізшілердің ішінде антрополог болмағандықтан, бас сүйегіне қарап, моңғол тек-тес, еуропалық деп айыру қиын деп ойлаймын. Сол орыстардың ішінде арғы ата-тегі моңғол тектілерден шыққандары толып жатқан жоқ па? Сол адамның кейбір мүшелерінің сүйегін алып келіп, генетикалық зерт-теу жүргізіліп анықталып жат-са, қане. Əзірге бəрі мүмкін-ау дегеннен əрі аса алмауда. Сондықтан, менің айтарым, арзан сенсация қуудың қажеті шамалы. Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлова қаза тапқан жер белгілі, онда ескерткіші тұр, елде де ескерткіштері жеткілікті. Енді оны анда жерленген, мұнда жер-ленген дей берудің қажеті шама-лы. Қай жерде де халықтың батыр қызына деген махаббаты ешқашан суымайтынына көзіміз жетті. Тарих үстірттікті, асығыстықты көтермейді. Соған абай болған жөн дер едім.

Əңгімелескен Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».Ақтөбе облысы.

Үстіміздегі жылдың басында Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары ерлігі тарих-та алтын əріптермен əдіптелген, əлемге аты аңыз болып кеткен Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың сүйегі Монаковадағы мемориалдық кешенде жоқ екен

деген елді елең еткізерлік хабар таратқаны белгілі. Мұны еліміздегі теледидарлар мен басылымдар да «жерден жеті қоян тапқандай» іліп ала жөнелді. Халықтың бұл қалай болғаны деп жүргенінде, үстіміздегі жылдың шілде айында Шығыстың қос шынарының бірі Əлия Молдағұлованың жерленген жерін іздеуге қазақстандық екі іздеушілер отряды Ресейдің Псков жеріне аттанды. Біріншісі – Алматыдан, екіншісі – қазақтың қайсар қызы туып-өскен Ақтөбеден барды. Осы іздеушілер тапқан кеңес солдаттарының сүйектерін қайта жерлеу рəсіміне Ақтөбеден облыстық мəдениет басқармасының басшысы Нəзира Табылдинова жəне Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың ерлік жолдарын көп жылдардан зерттеп келе жатқан «Қос Шынар» Əлия-Мəншүк» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербесов, Əлияның туыстары Сапар Молдағұлов, Əрия Хабиева барып, қатысып қайтты. Сол екі орта-да Əлияның сүйегі табылды деген хабар да тарап кетті. Біз Əлия туралы əртүрлі алып-қашпа əңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатындығын, жалпы батыр апамыздың сүйегі қайда жерленгені жəне табыла қалғанда, оны елге əкелудің қаншалықты қажеттігі туралы ойын білмек үшін «Қос Шынар» Əлия-Мəншүк» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербесовқа жолығып, сөзге тартқан болатынбыз.

Page 9: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz 9ӨМІР ӨРІМДЕРІ

– Ардақты Асеке! Газетімізде «Өмір өрімдері» деген айдармен шығып жүрген сұхбаттарды оқып тұрады екенсіз. Ана жылы бабаңыз Ысқақ пірəдардың Сарысудағы асына шақырғаныңыз, əзіл-шынын араластырып: «Сəбит ағаңмен ғана сөйлесе бермей, ара-арасында бізбен де шүйіркелессейші» дегеніңіз есімде. Сізбен сұхбат жасау талайдан өзімнің де ойымда жүрген. Алматыға сіз үшін арнайы келіп отырмын. Бастайық əңгімемізді. Мен өзімді сізбен жерлеспін дей алатынымды кейін ғана білдім. Қазығұрт жерінде туғаныммен, біздің ауыл мақта егетін жерлерді игеру де-ген науқанның пəрменімен 1954 жылы Келес ауданына көшірілген. Балалық, жастық, жігіттік дəуреннің бəрі көркем Келестің бел-белесінде өткендіктен, туған жерімнен кем көрмеймін. Қызық болғанда, сіз Келесте туған екенсіз…

– Ой, журналистердің де қазып таппай-тыны жоқ. Оны қайдан естідің?

– Естігенім жоқ, оқыдым. «С любовью – ваш А.Ашимов» деген ғұмырбаяндық кітабыңыздан.

– Оқысаң – солай. Жалпы, менің ата-тегім елдің батыс бетінен. Атырау жақтан. Сырым бастаған көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін соған бел-сене қатысқан бабаларымыз аумалы-төкпелі заманда мына Арқа жағына келген екен. Əкемнің əкесі Жаңаарқа жақта туған. Отызыншы жылдардың басындағы ашаршылық кезінде Өзбекстан жаққа өтіп кетіпті біздің ауыл. Біздің ағайындарымызды Ораз Жандосов бастап, осы қазіргі Сарысу жаққа алып келіп, аудан құрыпты. Олар сұрап жүріп, аудан атын Сарысу қойғызыпты. Арқа жақта Сарысу деген өзен бар ғой. Жаңағы хабарды, яғни ел жиналып, орналасып жатыр екен дегенді естігеннен кейін біздің ауыл үдеріле көшіп, Сарысу жақты бетке алып шыққан. Қазақтың көші деген, əсіресе алысқа бара-тын көш тоқтамай жүре бермейді ғой. Қонал қаны былай қойғанда, əр жер-əр жерде шаруаның жайымен апталап тұрып қалуы да мүмкін. Мен сол көш Келестің тұсы на келіп, аз уақыт аялдаған күндерде дүниеге келіппін. Шешем айтатын, қар еріп жатқан кез еді деп. Қар деген көктемде де, күзде де ери береді ғой… Құжат аларда күзден көктемі дұрыс шығар деп қиыстырып толтыра салғанмын. 8 мамыр деп. 9 мамыр деуге батпаған болармын.

– Студент кезден бергі досыңыз Сəбит Оразбаев Алматыға келгенде алдымен құжаттарын мал дəрігерлері институ-тына өткізген екен. Сəбеңе ауылдағы ағалары «Малдың тəуібі болып кел, ауылдағы малды емде» деп тапсырып-ты. Сізге агроном болуды кім тапсырып жүр? Егер Райымбек досыңыз Асқар Тоқпановқа жолықтырмағанда, Асекең: «Қазақстанда азар болса бір агро-ном кем болар» деп консерваторияға сүйрелемегенде тағдырыңыз қалай қалыптасар еді деп ойлайсыз?

– Ол кезде ауыл балаларының көбі СХИ мен зооветтен басқа оқуды онша біле қоймайтын. Мен мектепті Кентауда бітірдім ғой, қайткенмен аздап қала көріп қалдық, рудниктегілерге қарап инженер болсам ба екен деген бір ойдың жылт еткені рас, бірақ оған математикамен онша достығымның жоқтығы жібермеді.

– Иə, əнеу күні осы əңгімеде қойы-лады-ау деген сұрақтардың нобайын жіберуге электронды поштаңыздың адре сін сұрағанымда: «Біз ондайға дейін төмендемейміз ғой...» деп əзілмен жауап қайтарғаныңыз есімде.

– Содан кластас досым Райымбек екеуміз (атақты актер Райымбек Сейітметов – С.А.) бір мəнісі болар деп Алматыға тар-тып кеттік. Келгенше қай оқуға тапсыраты-нымызды да шешкен жоқпыз. Бағымызға қарай, біз өзге институттарға құжат тапсы-рып жүргенімізде «Казахстанская правда» газетіне бір хабарландыру шыға келіпті: «При консерватории открывается актер-ское отделение, которое готовит актеров театра и кино» деген. Райымбек газет сөзін тап сол күйінде жаттап та алыпты. Оған дейін консерваторияға түсіп, əншілер дайындайтын факультетте бір жыл оқып үлгерген Сəбит Оразбаевтың жаңағы актерлік бөлімге ауысып жүргені сол тұста. Мен бұл кезде ауыл шаруашылығы инс-титутына түсіп қойғанмын. Агрономия факультетіне. Райымбек мектепте көркем-өнерпаздар үйірмесінің белсендісі бола-тын. Жіңішке ұзын сары, шашы бұйра, əдемі жігіт. Жаңағы хабарландыруды оқып, консерваторияға барған екен, оны Асқар Тоқпанов бірден қабылдапты. Тіпті топтың старостасы етіп қойыпты. Асекең қойқаң-қойқаң мінезі бар қызық кісі еді ғой, оқуға жаңа іліккен Райымбекке айтып-ты, «Оқуға түспей жатып, бастық болдың. Жумайсың ба?» деп. Содан Райымбек əрі ойлап, бері ойлап, ақыры бір туысқанының үйіне шақырды. Алғаны – жалғыз бөтелке шампан. Сол бөтелкенің бел ортасынан ауа бергенде (ішетін жалғыз өзі) Асекең маған қадала бір қарап қойды. «Бала, сен қайда оқып жүрсің?». «Сельхозда». Тағы бірер фужерден кейін тіпті қадалып: «Ай, Райымбек, мына балада бірдеңе бар… Ертең мұны маған алып келші» деді. «Қазақстанда азар болса бір агроном кем болар» дегені де сол кезде. Райымбек

өзінше маған режиссер болып, «Жас гвар-дия» деген романнан Олег Кошевойдың мо-нологын түнімен жаттатты, қалай мəнерлеп оқу керек екенін түнімен үйретті. Содан бардық қой ертеңіне консерваторияға. Аяқ-қол дір-дір етіп, едел-жедел жаттаған сөздерімді айқайлап айтып шықтым. Комиссияда төрт адам отыр. Төртеудің екеуі бір көзден соқыр. Байқаймын, көңілдерінен шыққан жоқпын. Жаңағы екі соқырдың екеуі бір-бір ауыз сөз айтты. Бірінші соқыр: «Бұл бала өзі ауыл шаруашылығы инсти-тутында оқып жүр екен, сонда оқи берсін», деді. Екінші соқыр баяу дауыспен: «Бала жас қой, əлі үйренеді ғой», деді. Сондағы бірінші соқыр Бекен Жылысбаев екен де, екінші соқыр Ахмет Жұбанов екен… Ахаңның «үйренеді ғой» деген бір ауыз сөзімен осы күнге жетіп, алдыңа келдік қой.

– Сəбит Оразбаевпен сұхбатта сіздің жатақханадан шығарып жіберілгеніңіз, досыңыздың бөлмесінде жасырын тұрып жатқаныңыз, ректор өзі іздеп келген-де терезеден шығып қашып кеткеніңіз айтылған еді. Құддыс Қожамияров студенттің соңына неге түсіп жүр сонша?

– Соңыма түсіп жүргені – бір-екі фильм-ге түсіп едім. Ондай жағдайда сабақтарды өткізіп аласың ғой. Мен тіпті жиырма күндей жоғалып кеткенмін. Мəдениет министрі Қанапин қол қойған рұқсат қағазым болса да оқудан шығарып жіберді. Министрлікке шақырып, сөйлескенде: «Или Ашимов, или я» деп тұрып алыпты. Ол кезде Құддыс ағаның əбден дүрілдеген кезі. Юсупов көкеміз – бірінші хат-шы. Бірақ мен консерваториядан кетпей қойдым. Аудиторияға келіп, арт жаққа отырып аламын. Оқытушылардың біреуі жақтырып, біреуі жақтырмай, қарайды да қояды. Шығарып жібермейді. Кешке барып қонатын жерім – Сəбиттің бөлмесі. Апасын ауылдан алдыртып, оған бір бөлме берген. Сөйтіп жүргенде бір күні маған əскерге шақырған қағаз келді. Оқудан шыққан адамды əскерге алады ғой. Военкоматқа бардым. «Ертең бақыраш ыдысыңды, шанышқы, пышақ, қасығыңды алып кел» деп жіберді. Шашымды тықырлап алып тас тады. Қой, бірге оқып жүргендермен қоштасайын деп консерваторияға келдім. «Əскерге кететін болдым» деп түсіндіріп, есіктен шығып бара жатсам, бұл сəттілік дегенді қойсаңшы, И.И.Масалович деген завуч əйелдің алдымнан шыға келгені. Түрімді көріп, селк ете қалды. «Ашимов, что с тобой?», дейді. Білетін орысшам-мен: «Вот, отправлюсь в армию» деп жа-тырмын. Сөзімді естіп алды да, жаңағы əйел мені дереу кабинетіне кіргізіп, есікті жапты. Тез арада маған консерваторияда оқиды деген анықтама жазып берді. Салып ұрып жаңағы қағазды военкомға апардым. «Почему сразу не сказал?» деп таңданып жатыр. Ұмытып кетіппін деген сияқты бірдеңені айттым. Қысқасы, жаңағы əйел есік алдында кездесіп қалмаса ертеңінде əскерге аттанғалы тұр едім. Кім біледі, екі-үш жылдан кейін актерлік оқуға келер ме едім, келмес пе едім? Онда тағдырым қалай болар еді? Мен осының бəрін ұлы ба-бам Ысқақ пірəдардың өзімді желеп-жебеп жүруінің арқасы деп білемін.

– Ысқақ пірəдар туралы айтқандары-ңызды бұрын Астанада жолыққанда, ақындар айтысынан кейін «Аққу» ресторанындағы бас қосуда естігенмін. Бабаңыз аруағының сізді желеп-жебеп жүретінінде мистикалық жайлар да бар сияқты. Пірəдар атаңыз сізге қалай көмектеседі?

– Төрт жасымда қатты ауырыппын. Əкем əскерге кететін жылы. Иығымның бір жағының сүйегі тесіліп, су аға береді екен. Əкем күнде бір жылан əкеліп, жаңағы жер-ге тартып тастайды, жыланның еті сораты-нын сорып, құрғап қалады, біраз күннен кейін қайтадан ашылып кетеді. Содан əкем əскерге кетерде менен ұрпақ қалмайтын болды ғой деп əбден жылапты. Ол кезде ауылға арбалармен келіп, оны-мұны сатып жүретіндер болатын. «Айна бар, тарақ бар, алмасаң да қарап қал» деген сөздері жадым-да. Апам əлгі саудагерлердің біреуіне бір пұт астық беріп, бес мысқал сынап сатып алыпты. Сынапты əкелген соң оны өлтіреді, кірін алады, соның ештеңесін жасамай жаңағы бес сынапты аузыма бірден салып жіберіпті. Сенсең де сол, сенбесең де сол, əлгі бес сынап ақыры бойдан шықпай, дене-ме сіңіп жүре берген. Жаңағы тесілген жер де бітеліп қалған. Соны қазіргі дəрігерлерге

Кеңес Одағының жəне Қазақстанның халық əртісі, Кеңес Одағының жəне Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лау-реаты, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық «Достастық жұлдыздары» сыйлығының лауреаты, тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Отан», «Құрмет» ордендерінің, ЮНЕСКО-ның əлем киносы алдындағы еңбегі үшін берілген «Алтын қыран» орденінің иегері…

Асанəлі Əшімовтің атақ-лауазымын осылайша тізбелей беруге болады. Бірақ сол қажет пе? Актердің қадір-қасиетін қазаққа айтып жату артық екені анық. Сондықтан да алаштың айтулы тұлғаларымен ауық-ауық етек-жеңі кең пішілген əңгіме-дүкеннің негізінде əдетте көлемді материалдар салынатын «етжеңді» нөмірлерде жарияланып жүрген «Өмір өрімдері» айдарының кезекті қонағы атақты актер бо-луы əбден табиғи жай. Енді, қадірменді оқырман, актермен таяудағы əңгімемізді назарларыңызға ұсынамыз.

ШЕБЕРЛІКТІЅ ШЫЅЫ – ШЫНДЫЌ

Асанәлі ӘШІМОВ:

(Соңы 10-бетте).

үшеуі де – Шəкен де, Мəжит те, Абдолла да – өмірден 56 жасында кетті. Айтқандай, Майра да дəл 56 жасында қайтыс болған еді.

– Сол тойды айтыңызшы. Өзіңіз майын тамызып жазыпсыз. Жалпы, кіта быңыздың əдеби нұсқасын жасап шыққан Ғалия Шымырбаеваның ең бе гін де осы арада разылықпен атай кетейік.

– Иə, диктофонға айтқандарымды өрнекті тілмен өріп отырған. Содан, əлі есімде, екі жақтан 1000 сомнан қосылып, 2000 сомға той жасалды. Ақшаның құнды кезі ғой. Екі мың сом деген қырғын ақша. Қаланың қақ ортасында, Панфилов паркінде ағаштан жасалған ресторан бар еді. Сонда өтті. Əуезовтен бастап қазақтың игі жақсысының бəрі қатысты сол тойға. Сəбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский… бəрі болды. Менің жанымда Сəбит, Райымбек сияқты бірге оқитын балалар бар. Біз, үйленетін жастар, күйеу жолдас, қыз жолдасы, достарымыз бəріміз есік жақта отырдық. Жастарға арналған бір-ақ үстел. Оның өзі, жаңа айттым ғой, есік жақта. Төр жақта – ағалар, апайлар. Шаралар би-леп, ағайынды Абдуллиндер рөмкелерге арақ-шарап құйып, қызмет етіп жүр. Ермек Серкебаевтың да уыздай жас кезі. Бізге көңіл бөліп жатқан адам шамалы. Бір кезде ғана жастарды ортаға шақыртып, билетті. Өзімізше вальс биледік. Билеп болғанша арқам терлеп кеткені есімде. Қазір мен айтамын, есіктен бастап едім, төрге қарай жүріп келе жатырмын деп. Тойды ұйымдастырғандар əдейі солай жасады ма, əлде жастарға осы жер де жа-райды деп отырғыза салды ма, ол арасын білмеймін. Бірақ, мен үшін бұл терең мəні бар шешім болып шықты. Сол тойда үлкен кісілермен дұрыстап суретке де түспеппіз. Тек Сəбит досым түсірген бірер сурет қана қалды.

– С ү й і к т і ж а р ы ң ы з т у р а л ы «Майраның əні» деген тамаша кітап жаздыңыз. Жұртшылық жақсы қабыл-дады. Əйтсе де, бұл сұхбатта ол кісінің сіздің өміріңіздегі орны жөнінде қайталай болса да айтқаныңызды қалар едім.

– Майра консерваторияда вокал факультетінде оқыды. Ол кезде мен ауылдың баласымын, ұялшақтау, тұйықтау едім. Мен тіпті Майрамен танысып жүріп, консерваториядағы бір балерина қызды жақсы көріп қалып, Майра арқылы хат та беріп жібергенім бар… Майра бірақ ол хатты жеткізбепті. Сөйтетін себебі мені өзі теріс көрмейді екен. Кейін маған Гетенің бір томдық лирика кітабын сыйлап, содан екеуміз аздап араласып, екі жылдай, сол кездің тілімен айтқанда, «дружить» етіп жүрдік. Бірақ, Майраның ата-анасы əуелде мені қалай қоймады. Тоқпановтың шəкірті дегеннен кейін шешесі тіпті безе қашыпты. Асекеңді ұнатпайды екен. Жындысүрейлеу деп санайды екен. Шындықты оңды-солды бетке айтып жүретін адам кімге жақсын. Жарықтық дипломатияға онша жоқ болатын. Қысқасы, мені ұнатпады ол кісі. Үйлеріне бір барғанымда: «Аяғына қарашы, аяғына, киген туфлиінің түрін…» деп сөйлеп жатқанын естіп қалғаным есімде. Ол өзі Кентаудағы гректер тіккен туфли болатын. Сары, қызыл, ақ терілерді араластырып, комбинированный етіп тіккен. Өзімше оны қатқан туфли көріп жүргенмін. Сөйтсем, талғамсыздықты танытуға таптырмайтын туфлидің тап өзі екен.

Адамды ашатын бір сəттер бола-ды ғой. Сондай сəт мен үшін Майраны жерлестердің кешіне алып баруым бол-ды. 7 қараша – ол кезде үлкен мейрам. Біз барғаннан-ақ қыз-жігіттер ду ете қалды, «Ой, артистер келді» деп. Бір-екі фильмде көрініп қалған кезім. Жаңа са ған сыйлаған мен туралы фотоальбомда («Асанəлі Əшімов. А., «Өнер», 2012 – С.А.) «Вы-пускники каз СШ им.Алтынсарина г.Кен-тау Чимкентской области, обучающиеся в вузах г.Алма-Аты (1962)» деген винетка бар, сонда мені студент болсам да «кино-актер» деп жазып, фотомды өзгелерден үлкендеу етіп берген. Жанымдағы қыз Шəкен Аймановтың қызы екенін де біраз жұрт біліп қалыпты. Содан бізді қолпаштап, маған арақ құйды. Студенттерде рөмке қайдан, қырлы стақандарға құяды. Бір жағынан намысқа тырысып, бір жағынан жаңағы қолпаш сөздерге көңілім өсіп, тар-тып-тартып жатырмын… Есімді жисам, таң атқан. Кеш өткен бөлменің жанындағы бір бөлмеде жатырмын. Менен басқа да домалап жатқандар бар. Солардың біреуі – жерлесім, бір-екі əнімен аты жаңа шыға бастаған Ілия Жақанов… Бас жағымда шоқиып Майра отыр. Түні бойы мені күзетіп шығыпты, қолындағы дымқыл орамалын маңдайыма басып-басып қояды. Сол күні мен Майраның өмірімді арнауға болатын адам екенін таныдым, түсіндім. Не айтары бар, періштедей еді ғой. Майра қайтқанда апамның: «Дүниеге періште болып келіп, дүниеден періште болып кетіп бара жатқан жарығым-ау!» деп, келінінің мəйітіне құлап, зар еңірегені жұрттың бəрін жылатқан. Енесін сондай қадірлеп, сондай күтіп еді. Шетелге шыға қалса алдымен апама сəлем-сауқат іздейтін.

Мені кəдімгі бір үлкен ұлындай аялайтын. Не жасыратыны бар, «Кешегі ел қыдырған есер шақта» дегендей, атағымыз шығып, халық алақанына сала бастағанда, қыз-қырқынның көз құртына айналған кезімде оңды-солды жүрісім де болмай

қалған жоқ. От та бастым. Майра соның бəрін түсінді, соның бəрін кешірді. Жүрегі кең еді, бəрін салқын сабырға сала білетін.

– Асеке, сіздің атыңызды сол кездегі Одақ көлеміне жайған алғашқы рөл – «Атаманның ақырындағы» Қасымхан Шадияров. Қазақ кино актерлерінің қадір-қасиетін бүкіл Кеңес Одағына Нұрмұхан Жантөриннен кейін лайықты танытқан адам – Асанəлі Əшімов. Бұл шығар күндей шындық. Шəкен Аймановты кезінде фильмінің басты рөліне өзінің күйеу баласын түсірді деп айыптағандар аз болмаған дейді. Тегінде, ол сөздер фильм дайын болғанша айтылған шығар.

– Шəкен ағаны олай деп кінəлайтындар тіпті Орталық комитеттің бюро мүшеле-рінің арасында да болған. Бюро мүшелері «Атаманның ақырын» көргенде Асанбай Асқаров фильмнен кейін пікір алысу кезінде сондай бір сөз қосып қалыпты. Сонда Шəкен қарсы сөйлеп, менің кино түсіру кезінде суға ағып кете жаздағаныма дейін айтып, ренішін білдіріпті. Димекең екеуіне басу айтып, үлкен əңгімені кішірейтпеңіздер деген екен. Шəкен туысқан іздесе фильмдеріне дəйім інісін – Кəукен Кенжетаевты түсіріп отырар еді. Олай етпеген ғой. Маған күйеу бала-сы ретінде кеңшілік жасаған емес. Шəкен аға мені сол рөлді алып шыға алатыныма сенді де, сол рөлді маған берді. Мен ағаның сенімін ақтадым деп ойлаймын. Фильм толық біткен кезде үйіне барғанымда бір-ақ ауыз сөз айтқаны бар. Арқамнан қағып, «Бала, жақсы» деп еді. «Атаманның ақырындағы» рөліме байланыс ты бар айтқаны сол. Жаңағы əңгіме фильм экранға шыққаннан кейін тыйылғаны анық.

Шəкеннің үлкен бір жоспары бар еді. «Атаманның ақырын» бітірген соң Мəскеуде Чухрай оған: «Детективті əбден меңгеріпсің, менің студиямда жақсы мате-риал бар, соны сен түсірсең қайтеді?» деп ұсыныс жасапты. Сонда Шəкең Чухрайға: «Жоқ, мен басқа жұмысқа дайындалып жүрмін. Басты рөлге актерім дайын», депті. Ол жұмысы – «Абай жолы» бойын-ша фильм түсіру еді ғой. Оны көруді біздің маңдайымызға жазбапты.

– Кітабыңыздың Сəбира Майқанова туралы тарауын «Мать театра» деп атапсыз. Сəбира апайдың да рухын бір тербеп өтейікші.

– Кезінде Сəбира апай туралы мақала жазғанмын. Бір сұхбатымда «Əйелдердің Қаллекиі» деп атағаным да бар. Сəбира апай сахнаға шыға келгенде сахнаны керіп жіберетіндей əсер қалдыратын. Толғанайды бір ойнап шыққанда апай 4-5 кило салмақ тастайды екен. Ғажап еді. Театр үлкейіп, сахна далаға, тауға айналып кететіндей болушы еді. Өмір өнерге айналып жүре беретін. Өнердің шындығы өмірдің шындығына ұласатын. Шеберліктің шыңы шындық қой.

– Мына сөзіңіз жазушының сөзі бо-лып шықты.

– Асанəлі Əшімовтің Жазушылар о д а ғ ы н ы ң м ү ш е л і г і н е н е ү ш і н қабылданғанын өздерің жаздыңдар ғой…

– Қазақ өнеріндегі ұлы бейнелердің бірі – «Қыз Жібектегі» Бекежан. Оған ешкімнің дауы жоқ. Бекежан образының кілтін сіз қалай таптыңыз?

– Əуелде Сұлтан Қожықов мені ол рөлге бекіткісі келген жоқ.

– Айтқандай, Бекежан рөліне тағы кімдер таласып еді?

– Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғай-баев, Кəукен Кенжетаев, Əнуар Молдабеков түскен киносынаққа. Мен киносынаққа бір жақсы сцена дайындадым. Соны Ғабит Мүсірепов көріп, бірден айтыпты: «Мынау дайын Бекежан ғой» деп. Ғабең айтса – заң. Сөйтіп, бекідім де кеттім. Қуанышымда шек болмады. Алматының көшесінде келе жатып өзімнен-өзім сөйлеймін, өзімнен-өзім мəз болып күлемін. Актер атаулы ар-мандайтындай рөл ғой бұл! Оның үстіне фильмде! Сол күні-ақ Құрманбек аға Жан дарбековті тауып алып, кинода жаңа рөл тигенін «Алматы» ресторанында жуып, көкемнің батасын алдым. Əйтсе де, көпке дейін маған Сұлтекеңнің күмəні көп болды. Кейіпкерді пайымдау жөнінде біраз таластық. Мен айтамын: ол кезде мына жер бетінде жаман қазақ жоқ, бəрі таза, бəрі аңғал, олардан жауыздық шық-пайтын. Не істесе де шын жүрегінен, күйгеннен, сүйгеннен, қызғаныштан, намыс тан істейтін. Тіпті керек десеңіз, Жібекке Төлегеннен гөрі Бекежанның қолы жетуінің қисыны көп еді. Оған жау-ын жеңіп берсе қызын қосуды қыз əкесі Сырлыбайдың өзі уəде еткен еді. Бірақ, ортаға Төлеген килікті. Жүрекке əмір жүрмейді екен деп, қыз таңдауы Төлеген болды екен деп Бекежан қалай махаббаты-нан өз еркімен бас тарта салады? Бақыты үшін күреспесе, оның жігіттігі қайда? Оның да намысы бар, оның да кеудесі бар. Намыс болғанда қандай, кеуде болғанда қандай! Сөйтіп, біз қазақтың көңілінде намыс ұғымын асқақтатып көрсетуді ойладық. Ақыры Сұлтекең менің айтқаныммен келісті. Фильм халықтың көңілінен шықты.

– «Халықтың көңілінен шықты» дегеніңіз кішіліктің сөзі . Нағыз классикаға айналды ғой. Əлі күнге көре береміз, көре береміз.

– Мен Бекежан рөліне де, Қасымхан Шадияров рөліне де бірте-бірте, саты-лап көтерілдім. Жылдан-жылға тəжірибе жинап, рөлден-рөлге өсіп барып келдім. Өнерді мен табалдырықтан бастадым. «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол», «Менің ұлым», «Жол торабы» деген сияқты нешетүрлі фильм-дерге түстім. Арасында сəттісі де, сəтсізі де болды. Өнерде өз жолыңды бірден төрден бастайтын жағдайлар да болады. Одан кейін секіре алмай қаласың. Мысалы, Меруерт Өтекешова бірден Жібек болып бастады. Халықтың көз алдында солай қалды. Енді Меруерт қай бейнеде, қалай биіктейді? Қиын. Людмила Савельева бірден Наташа Рос това болып бас тады. Оған да қиын болды. Əйтсе де бұлар өнерде қала білді. Басқадай жағдайлар да бар.

тартатын адам д е п с а н а й т ы н кезіміз ғой. Біз консерваторияға түскенде Шəкен а ғ а т е а т р д а н киноға ауысып жатыр екен. Оның өзі де көрегендігі ғой. Экранның мүмкіндігін, ха-лықты таныта-тын жаңа өнер екенін дер кезінде сез інген і ғой . Шəкеннің дары-нын жай сөзбен түсіндіріп айту қиын. «Асауға тұ-сауда» Катарина – Хадиша Бөке-ева мен сахнаға шыға келгенде көрермен түгел орнынан тұрып кететінін талай көрдік. Бəрін іш-тен оқып туған адам болатын. Қ а н д а й о р т а -да да қы сылып-қымтырылу де-ген ді білмей тін. Т а л а й ф е с т и -вальдерге бардық, бес-он минуттан кейін жұрттың бəрі «Шакен Кен-жетаевич, Шакен Кен жетае вич» деп

шыға келетін. Шекспир кейіп керлерінің ұлы орындаушысы Лоуренс Оливьемен де тең тұрып араласқан адам. Оливье Шəкенді машинасына отырғызып, офисіне алып барған. Содан екеуі вискилетіп, төмен түссе Оливьенің машинасы от ал-майды дейді. Рөлге отыратын адамнан алкогольдің иісі шықса от алмай қалатын машина екен. Жаңағы жерде он бесінші қабаттан көмекшісін шақырып, рөлге сол отырып, бұ ларды алып келіпті. Мəскеудегі бірінші халықаралық кинофестивальде Шəкен Элизабет Тейлормен ресторан-да буги-вуги билеп, бірінші орын алған. Ол биді ол кезде Кеңес Одағында ешкім білмейді. Алматыдан барған Шəкеннің білуі тіпті мүмкін емес. Джаз стиліндегі би. Жастарға «Сегодня ты играешь джаз, а завтра родину продашь» деп ұрсатын кез. Сонда Шəкеннің хваткасы керемет болып тұр ғой. Бірер рет қана көре салысымен қағып алып, билеп қана қоймай, бірінші орын алып жүргені шынында да керемет алғырлығының арқасы. Шəкен Лоуренс Оливьемен де, ауылдың шалдарымен де бірдей сөйлесе беретін. Диапазоны сондай еді. Жаңағы шалдармен сөйлесіп отырғанда Шəкен аға маған сексендегі, тоқсандағы қарт кісі болып көрінетін. Мен Майраға үйленіп, əкемнің өзінен екі жас кіші інісі Қасым аға Шəкен құдасымен бірігіп, Алматыда той жасағанда Шəкеңдер 42-43-те екен.

– 56 жасында кетті ғой. – 56 жасында кетті. Бір таңғаларлығы,

қазақ кинорежиссурасының үш алыбының

айтсам, нанбайды. «Мынауыңыз төрт жасар бала тұрмақ, ересек адам да көтермейтін доза, бұл мүмкін емес», дейді. Қайтейін, дəл солай болған. Дəл сол күні дəл сол ауылға сонша сынаптың барып тұрғаны, Райымбектің мені Асекеңмен жолықтыра қалғаны, əскерге кеткелі тұрған жерімнен алдымнан ұстазымның шыға келгені сияқты желеп-жебеуді мен көп көрдім. «Қыз Жібекке» түсіп жүргенімде дəл мен шауып өтетін тұстан Қапшағайдың бір жартасы суға қарай опырыла құлап, тастың астында жаншыла жаздағанымда да атым басын алып қашып, аман қалғанмын. Мұндай жағдайлар көп. Орысша сұхбаттар бергенімде Ысқақ бабамды «Мой ангел-хранитель» деп талай айтқанмын.

– Асеке, сіздің өміріңіз – бай да мағыналы өмір. Қазақтың небір жақ-сы сымен, жай са ңымен бірге бол дыңыз, кешегі Кеңес Одағының талай атақты адамымен де, əлемге əйгілі актер, режис-серлермен де араласып-құраластыңыз. Сіз кіта быңызда өзіңіз пір тұтатын үш адамды бөле атайсыз. Шəкен Айманов, Сəбира Май қанова, бабаңыз Ысқақ пірəдар. Бабаңыз жө нінде айттыңыз. Енді Шəкен ағаға келейік. Сіздің өз өміріңізде, жалпы қазақ өнерінде Шə кен Айманов қандай орын алады?

– Мен Алматыға келгенімде əртістердің ешқайсысын білгенім жоқ. Елубай Өмірзақовты біреулер көшеден көрсеткенде шошып кеткенім бар. Амангелдіні басқа біреу ойнайды екен деп те ойламайтын, əртіс дегенді тек əн айтатын, домбыра

Page 10: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz10«Жас гвардия» фильмінде Сергей

Тюленинді Сергей Гурзо ойнады, Олег Кошевойды Владимир Иванов ойнады. Екеуі де 17-18 жасында Мемлекеттік сыйлық алды. Содан байғұс Иванов даңқты көтере алмады, ақыры жында-нып кетті. Сергей Гурзоға жасы 20-ға енді толғанда «Батыл жандар» деген фильмдегі рөлі үшін Мемлекеттік сыйлық тағы берілді. Ол 20-ға жетпей берілген екі Мемлекеттік сыйлықты алып жүре алмады, жынданбағанымен, актер ретінде таусылып бітті. Ал мына Ульянов, Смоктуновскийлер өнердің барлық белесінен өткен, облыстық, провинциялық театрлардан бастап, биігіне жеткен.

– «Транссібір экспресі» «Атаманның ақырының» жарасымды жалғасы болып еді. Карловы Вары кинофестивалінде Гран-при алды ғой. Прокаттағы табысы да ғажап болды. Оны көрушілердің саны тіпті «Атаманның ақырынан» да асып кетті. Бір жылда 50 миллион адам көрді. «Атаманның ақырының» өзін алғашқы бір жылда көргендердің саны 30 мил-лион адам болған. Фильм табысының сырын қалай түсіндірер едіңіз?

– Шəкең дүниеден қайтқаннан кейін 6-7 жылдай өткенде Эльдар Оразбаев екеуміз үйде отырып, ұстазымызды мұңайып еске алдық. Ағамызға қандай ескерткіш орна-тамыз деп ақылдастық. Дəл сол сəттегі ой-ымыз кəдімгі ескерткіш болатын. Бір кез-де, тағы Ысқақ пірəдар көмекке келді ғой деймін, аяқ астынан: «Эльдар, сен екеуміз Шадияровты жалғастырайық, Шəкен Кенжетайұлына бұдан артық ескерткіш қоя алмаймыз» дегенім. Эльдар жанып түсті. Эдуард Тропинин деген КГБ-нің полковнигі бар екен, өзі жазатын кісі екен. Сценарийдің бірінші нұсқасын сол жасады. Одан кейін бұл іске Андрон Кончаловский, Александр Адабашьян қосылды. Түпкі шаруаны қолға Никита Михалков алды. Шетінен шебер. Фильм табысының негізгі сыры – профессио нализм. Лентаның өн бойына Шəкен жақсы көрген əуендерді пайдалану, Шəкеннің өзі айтатын «Жиырма бесті» қосу тіпті тамаша шешім болды.

– Сол тақырыпқа одан кейін түсірілген «Маньчжурия нұсқасы» фильмі алдыңғы екеуіндей сəтті шыққан жоқ десем келісесіз бе? Егер келіссеңіз, себебі неде? Келіспесеңіз – неліктен келіспейсіз?

– Өзім түскен фильмді өзім сəтсіз шыққан деп қайтейін. Оған да жанымның бір бөлшегін бердім ғой. Бірақ, «Маньчжурия нұсқасының» драматургиялық материалы бұрынғы екі фильмдегідей шымыр, жұмыр шықпағаны анық. Біз оның оқиғалық желісін бір жапон жазушысының хикаяты-нан алған едік. Қанша дегенмен, фильм үшін арнайы жазылмаған соң болмайды екен.

– Қасымхан Шадияров желісі кейін-нен «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінде де жалғасты. Мұнда ол наркомафия-мен күресіп жүр… Атаман Дутовты өлтір ген 1920-жылы жиырма жаста болғанның өзінде Қасымханыңыздың бүгінгі күнге дейін өмір сүруі неғайбіл еді дейтіндерге не айтасыз?..

– Не айтамын? Кино иллюзия жасауы керек. Өйтіп қарасаң Джеймс Бонд та экран-нан баяғыда кетуге тиіс қой. Батыстағылар өйтпейді. Батыстағылар нөмірі 007 агент туралы фильмдерді түсіре береді, түсіре береді. Дегенмен, Қасымхан Шадияров Джеймс Бонд емес, менен кейін бұл рөлді басқа актер ойнамайды-ау деп ойлай-мын. Фильмнің идеясын мен өзім ұсынған едім. Лента қазір мода болып тұрған экшн жанрын да түсірілген. Режиссері – қазақтың тамаша талантты жігіті Қуат Ахметов.

– Фильм қызық түйінделеді . Финалда Қасымхан Шадияров Ресей наркомафиясының басшысымен шах-мат ойнап, ұтады да есінен танып қалады. Тегінде, жүрек талмасы ұстаған сияқты. Сөйтіп, енді Қасымханның тағдыры тағы да сіздің қолыңызда тұр. Қаласаңыз – дəрігерлер оны аман алып қалады, қаламасаңыз – өмірден өтіп кете барады… Қандай ойыңыз бар?..

– Көреміз енді. Дəл қазір нақты жоба жоқ.

– «Қазақстандағы №1 киночекист» деген бейресми атақ алғансыз. Сіз түс кен фильмдерге ұлттық қауіпсіздік қыз ме-тін дегілер кəсіби тұрғыдан қандай баға береді? Біз студент болып жүргенде, 1973 жылы ғой деймін, ҚазГУ-де өзіңізбен кез-десу болғанда жастардың бірі: «Асанəлі аға, сіздің кейіпкеріңіз фильтрлі сигарет шегеді. Ол кезде ондай сигарет шыққан жоқ қой?» деп өзіңізді бір қысылдырғаны есімде. Чекистер туралы фильмдер сцена-рий лерінің сарапшылығына чекистердің өздері қатыстырылып жүр ме?

– «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмін біз Ұлттық қауіпсіздік комитетінде көрсеттік. Чекистер кəсіби тұрғыдан да жоғары бағалады, лентаны. Жалпы, Отан қорғау жолында жүрген жандардың образын жа-сау жауапты да сауапты іс.

Ал енді кино индустрия болғаннан кейін ара-арасында дəлсіздіктер кетіп жатады. «Қыз Жібектегі» үлкен панора-мада кадрдың бір шетіне автобус ілігіп те қалған… Теледидардан қарағанда көрінбейді.

– Орыс тілінде өмір сынақтарына бай-ланысты айтылатын «Пройти огонь, воду и медные трубы» деген сөз бар. От пен суы белгілі ғой, қиындықтарды еңсеруді айтқаны, ал «медные трубы» дегенде атақ-даңққа бөленіп оралған жеңімпазды үрмелі аспаптар оркестрімен дуылда-тып қарсы алуды мегзейді. Алдыңғы екеуінен кейінгі сынақтың салмағын кем қоймайды. «Қыз Жібек» пен «Атаманның ақырынан» кейін сіздің даңқыңыз əбден дүрілдеді. Арғы-бергідегі қазақ өнерінде ешкімнің де танымалдығы дəл сіздің сол 70-жылдардағы танымалдығыңыздай болмаған шығар. Көшеде жүргізбейтін еді ғой, тіпті. Сол даңқты қалай көтердіңіз?

– Кітабымда жастау кезеңімнен 1967 жылдан 1988 жылға дейінгі уақыт аралығын өте бір шабытты шағым деп жазғанмын. Он жылдың ішінде – 1970-1980-жылдарда үш атақты – еңбек сіңірген артист атағын,

Қазақстанның халық артисі атағын, КСРО-ның халық артисі атағын, екі сыйлықты – республиканың Мемлекеттік сыйлығын, КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығын ал-дым. Орда бұзатын отызым мен қамал алатын қырқым солай өтті. «Қыз Жібек» пен «Атаманның ақырынан» кейін ақыл-есімнен қалай айырылмағаныма, қалай ішіп кетпегеніме, отбасын қалай сақтай алғаныма өзім таң қаламын деп бұрын да бір айтқанмын. Көшеде келе жатқанымда көрермендерімнің тобымен соңымнан еріп жүретін күндері де болды. Таксиге отырғанда ешқандай жүргізуші менен ақша алмайтын. Əйтеуір, құдай сол даңқты көтеруге жарайтындай етіп ақыл бергеніне де шүкір. Даңқты көтеруге болады. Сен одан да қабат-қабат келген қайғыны қалай көтердіңіз деп сұрасайшы…

– Соның ретін келтіре алмай отыр-мын ғой. Жан жараңызды қозғағым келмесе де, мұндай көлемді сұхбатта өміріңіздегі қайғылы тұстарды айналып өте алмайтынымды дұрыс ұққаныңызға рахмет.

– Əрі ағам, əрі досым Төрегелді Шарма нов «Казправдадағы» мен тура-лы мақаласында Ален Делонның «Актер ауқымды болған сайын бақытсыздау бола түседі» деген сөзін келтіріпті. Бұл сөздің дұрыс-бұрыстығын кім біліпті? Небір талант-ты тұлғалардың төрт құбыласы тең, бауыры бүтін екенін көріп те жүрміз. Бірақ, дəл менің өміріме келгенде жаңағы сөз дұрыс болып шыққан сияқты, өкінішке орай. Əкемнен жастай қалғанымды көппен көрген ұлы той санап едім. Соғыстың салған қайғысы ғой. Анам дүниеден қайтқанда да шүкіршілік еттім. 87 жасқа келді ғой. Баласының ел ал-дына шыққанын көрді, немерелерін көрді. Тіпті Майраның өмірден өткеніне де көніп едім. Қанша дегенмен, біраз ауырды ғой. Мəдиім мен Сағиымның бір жылдың ішінде бірінен кейін бірі кеткені еш ақылға сыймай-тын іс болды. Бұл адам дегеннің жаны қандай сірі?! Сол кезде қалай тірі қалғаныма əлі аң-таңмын. Машинаға мініп алып, таңғы сағат алтыларда Медеу жақтағы шатқалдарға бара-тынмын. Барамын да тау-құзды жаңғыртып, айқайлаймын келіп, айқайлаймын келіп. Қанша рет солай еттім. Шықпады шерім. Содан үйге келіп, есікті жауып алып қатты

жылаймын. Əйтпесе, жарылатын едім. «Өлмектің артынан өлмек жоқ» деген рас екен. Жаңағы төпелеп келген қазалардан кейін де аман қалдық қой.

Сол жылдары бір əңгіме естідім. Бір кісінің алты баласы соғысқа кетіп, алтауы да өлген екен. Сол шал-кемпірдің көршілерінде балалары болмапты. Бір күні жаңағылардың бақшасына бұлардың сиыры түсіп кетіпті. Сонда көрші əйел, өзінің тілі ащы екен, алты баланы еске салып, қарғапты. Кемпірі егіле жылайды, қорланады. Шал дана адам екен, кемпіріне айтыпты: «Сен жылама, қорланба. Балаларымыз өмірге келді – қуандық. Шілдехана жасадық – қуандық. Кəмелетке толды – қуандық. Балаларымыз өмірден кетті – қайғырдық. Қуаныш сезімі де, қайғы сезімі де оянды бізде. Бұл дүниеде не баласы туып қуанбаған, не баласы өліп қайғырмаған адамнан құдай сақтасын», деп. Осы əңгіме де маған үлкен басу болды. Қайтесің, өмір осы лай. Өнер адамына мұның бəрі əрі жүрекке салмақ, əрі жаныңа азық. Жасым жет піске жақындағанда маған тағдыр Бағдат сияқты асыл жар жолықтырды. Өмірімді жалғастыратын перзент сыйлады. Осы жай-лар мені он жылғы үзілістен кейін сахнаға қай та оралтты. «Ымырттағы махаббатта» жасы егде тартқанда жас қызға ғашық бол-ған Маттиас Клаузен бейнесінде мен өзімді-өзім ойнадым десем де артықтығы жоқ.

– «Ымырттағы махаббатты» екі рет көрдім. Ғажап спектакль. Осы қойылым сізді театрға қайта оралтумен қатар, өзіңізді де актер ретінде тағы бір биікке көтеріп жіберді. Маттиас Клаузен рөлі сізге несімен қымбат?

– Гауптманның пьесасы бойынша қойылған ол спектакльге мен барымды сал-дым. Бір жағынан, драма материалы жаны-ма сондай жақын болды, өзім бастан кеш-кен жайларды, өзегімнен өткізген, жүрегіме жеткізген сезімдерді бейнеледім. Екінші жағынан, көрерменге əлі сол баяғы Асанəлі Əшімов екенімді, тұғырдан таймағанымды дəлелдеуім керек болды. Бейнеледім де, дəлелдедім де деп ойлаймын. Аз жылдың ішінде 100-ден астам рет қойылған ондай спектакль сирек. Спектакльді қойған (ба-сын ашып айтайын – мен үшін қойған) Рубен Суренович Андриасянның премье-радан кейін: «О, менің Жан Габенбайым, ақтадың үмітімді» дегені мен үшін керемет баға. Ұлы Жан Габенге ұқсатқанды əр актер мақтаныш көреді.

– Театр өнерінің жай-күйі жөнінде ащы-ащы пікірлер айтып жүресіз. Өзіңіз де Əуезов театрын басқардыңыз ғой. Сол кезеңді театрдың дəуірлеген тұсы дей алмайтын шығарсыз? Əлде актер Əшімовтен гөрі əкімші Əшімов əлсіздеу соқты ма?

– Желтоқсан оқиғасы кезінде Əзір-бай жан Мəмбетовтің алаңға барғанынан, жарақат алғанынан кейін сол кездегі би ліктегілер оны отырса опақ, тұрса сопақ етуге айналды, театрдың деңгейі де күрт түсіп кеткендей сөз етіле баста-ды. Сонда да Əзекеңді қызметінен боса-туы мүмкін дегенді тіпті ойламағанбыз. Əзе кең – əлемдік ауқымдағы режиссер. Əзе кең – қазақ театрын халықаралық дең-гейге көтеріп берген адам. Сондықтан да маған Мəдениет министрінің орынбасары

ШЕБЕРЛІКТІЅ ШЫЅЫ – ШЫНДЫЌ

ӨМІР ӨРІМДЕРІ

(Соңы. Басы 9-бетте). – Жалпы, біздің киностудиядағы жағдайды қалай бағалайсыз?

– Кино өрлеп тұр. Бұрын қазақ киносы бірыңғай фестивальдік талғамға бейімделіп бара жатыр еді, кейінгі жылдарда отандық прокатқа да дендеп ене бастады. Мен нақты мəлімет айтайын. 2008 жылы біздегі прокаттағы қазақстандық киноның үлесі 2-3 пайыз болса, қазір 9 пайызға жеткен. Демек, көрерменнің бетін бері бұрудың сəті түскен.

– Театрдағыдай емес, киноға түсу қан ша дегенмен кəсіп қой. Ақшасы үшін, амалсыз түскен фильмдеріңіз бар ма?.. Мысалы, «Нан дəмі» деген фильм-дегі рөліңізді айтайық. Қазір мен сол лентадағы кейіпкеріңіздің аты-жө ні тұрмақ, қызметі, мамандығы кім бол-ғанын да ұмытыңқырап тұрмын. Аупарт-ком хатшысы ма еді, агроном ба еді?..

– Соны сен тұрмақ қазір өзім де ұмытып тұрмын. Агроном ба еді, бригадир ме еді? Əйтеуір, хатшы емес болатын. Ол фильмнен бір ұтқаным – Канаданы көріп қалғаным. Тағы бір ұтқаным – сол жақтан джинс пид-жак сатып алғаным… Бізде сапалы тауар дегеннен ештеңе болмаушы еді ғой.

– Асеке, айып етпеңіз, сіз де кей-кейде халтураға баратын сияқтысыз. Қайрат Нұртас туралы оның өзінің ки-ностудиясы түсірген «Өкініш» фильміне қатысатындай не жөніңіз бар еді?.. Əлде бұл да жарнаманың бір түрі ме?

– Ол былай болды. Қайраттың шешесі өте пысық адам екен. Маған келіп, «Асанəлі аға, мына балама бата берсеңіз», деді. Е, берсем берейін деп аз сөзбен тілегімді айттым. Аппаратурасымен түсіріп жатқан. Отбасының шаруасы шығар дедім де қойдым. Соны фильмге кіргізіп жіберіпті ғой. Əйтпесе, Қайрат Нұртас арқылы атым-ды шығарып қайтейін.

Кейде атағыңнан нақты пайда тауып та қаласың. Кезінде «Астана-Моторс» компаниясының басшылығына телефон соққаным бар. «Бір машинаны маған жар-ты ақшасына сатыңдар. Асанəлі Əшімов мінетін машина деген аты шығады, тез өте бастайды», дедім. Олар келісті. Шынында да, солай болыпты. Бірақ ол компанияның жарнамасына түскен емеспін.

– Жақында Астанадағы зиялы

қауым ның бір бас қосуында мен Əшір-бек Сығай ағамыздан сіз екеуіңіз Кен тау-да куə болған оқиға жөнінде айтып беруін сұрадым. «Мұхтар Əуезовтен қол таңба алу» деп атауға болатын сол əңгі мені өз аузыңыздан естісінші оқыр мандарымыз.

– Ол жағдай Кентауда болып еді. Райымбек досым дүниеден қайтқанда жерлеуге барғанбыз. Əшірбек екеуміз қайттық. Пойызға мінерде Əшірбек: «Асеке, мына жерден қауын жейікші» деді. Қауын алып, сойып, жеп жатыр едік, бір кезде жанымызға келіп автобус тоқтай қалды. Мұғалімдері мені танып, балалар жүгіріп келіп, қоршап алды. Қолдарына түскен қағаздарына қолтаңба беріп жатырмын. Бала көп. Бітетін емес. Оның үстіне досымызды жерлеп, қажып, қиналып келе жатырмыз. Бір кезде айттым: «Балалар, мына отырған кісі атақты жазушы Мұхтар Əуезов. Сол аға ларыңнан да алмайсыңдар ма автограф-ты?» деп. Енді балалар «Мұхтар Əуезовке» тұра жүгірді. Əшірбек мырс-мырс күліп бірдеңелерді жазып беріп жатыр. Бір баланың ойына күдік кірсейші, Əуезов қайда, мына заман қайда, ол кісі тірі болса жасы қаншаға келуге тиіс?! Бір кезде Əшірбек те шарша-ды ғой деймін, жанымызда бізді шығарып салып жүрген еңгезердей жігіт бар еді, соны көрсетіп: «Екеумізден ала бересіңдер ме? Тоқтар Əубəкіров ағаларыңнан да автограф ал майсыңдар ма?» деп еді, қалған балалар енді «Тоқтар Əубəкіровке» жүгірді… Кейін-нен жаңағы балалардан сұраймын ғой, «Абай жолын» оқып па едіңдер деп. Араларынан романды оқыған бір бала шықпады. Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің.

– Жылайтын жай ғой. Асеке, əңгімеміз тым ауырлау болып бара ма? Конфуцийдің «Ұзақ өмір сүргің келсе езуің жиылмасын» деген сөзін айтып жүресіз. Əзіл-қалжыңға ұсталығыңыз жұрттың бəріне белгілі. Өзіңіз куə болған күлкілі жайлардан біреуін келтіріңізші.

– Онда Сəбира апайға қатысты бір жайды айтайын. Кезінде театр гастроль-ге шыққанда əртістерді бір ауданнан бір ауданға шығарып салатын дəстүр болу-шы еді ғой. Созақтан қайтып келе жатқан бетіміз. Аудан орталығында да жақсылап дастарқан жайылған. Сəбира апай, өзі етжеңді кісі, ол жерден де тығыз тамақтанып шыққан. Машинада отырып юбкасының түймелерін кеңдеу етіп ағытып қойыпты. Тоқтаған жерге келгенде онысын тарыл-тып түймелеуді ұмытып кетіпті. Екі аудан шекарасындағы дастарқанда бірінші сөз, əрине, Сəбира апайға берілді. Актерлерде дем алу кезінде тыныс жұту, тыныс боса-ту əбден машыққа айналған ғой. Апай да демді бір алып, бір босатып, көсіліп сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Демін түсірген бір кезде юбкасы сыпырылып барады… Обалы не керек, созақтықтар түк болмағандай сыр бермей отыр. Əнуар апайдың жанына ба-рып, бірдеңе дейін деп еді, ол кісі: «Сөзімді бөлме» деп қолын бір-ақ сілтеді. Бергі юб-касы сыпырылып түскенін тост сөйлеп болғанда бір-ақ көрді. Əуелде қысылып, «Ойбай» деп қалды да, ұялған тек тұрмас дегендей, «Жоқ, ар жағында тағы бір юбкам бар…» деп жатыр. Саспайды. «Бəрің балам-мен жастысыңдар ғой, ештеңе етпейді» деп қояды тағы. Қазақтың кең мінезі қандай,

шіркін! Аяулысын ардақтай алады. Созақта сол төбе содан бері «Сəбира апайдың юбка-сы түскен төбе» деп аталып кеткен… Аты аңызға айналған деген сондай болады.

Жалпы, мені алаңдататын көп жай-дың бірі халқымыздың мінез-құлқының өзгеріңкіреп бара жатқаны. Сөз көтер-мей тін, əзіл-қалжыңды ұқпайтын болуға айналғандаймыз. Бұрын жігіттердің ара-сындағы қарым-қатынас қандай ғажап еді! Не айтса да, не істесе де көтеретінбіз. Əкім Таразидің өз фамилиясы Əкім Əшімов қой. Қағаз атаулының бəрі орысша жазылатын (əй, қазір де содан алыс кеткеніміз шама-лы) кешегі заманда фамилиямыз да, ини-циалымыз да бірдей болатын: А.Ашимов. Əкім соны пайдаланып менің киностудияға келген талай ақшамды алып, жігіттерге жуып жіберген. Ондай отырыстарға өзімді қатыстырып қоятынын қайтерсің? Бір жолы Əкімді мен де қатырдым. Мəскеуге, кине-матографистер пленумына барғанымызда екеуміз бір нөмірде тұрдық. Бір күні төменге түссем, Əкімнің атына келген 500 сом ақшаның извещениесі жатыр. Енді оның ақшасын мен алып алдым. Кешке бір топ киношникті ресторанға шақырып, ағыл-тегіл дастарқан жайып, соңында Əкімнің қолына 300 сом ұстаттым. 200 сомын ішіп-жеп қойдық қой. «Саған қарызымды қайтара алмай жүр едім, соның сəті Мəскеуде түсті», дедім. Жұрт қыран-топан күліп жатыр. Əкім ағам тіпті риза болды. Қазір сондайды жасап көрші, жеке тұлғаның қаражатына қол сұқты деп сотқа сүйреуден тайынбас, кейбіреу.

– Өткен жылы театрдан кететініңіз туралы мəлімдедіңіз. Орысша берілген сұхбатыңызда «Не хочу, чтобы зритель жалел меня» депсіз. Одан кейін тағы бір газетте ол ойыңыздан бас тартқаныңыз жайында жазылды. Осының басын ашып айтыңызшы?

– Журналистер мені онша дəл түсінбепті. Немесе əдейі дуылдатып жіберген. Мен көптеген партнерлерімнің өмірден өтіп кеткенін, Нұрмұханның да, Ыдырыстың да, Фариданың да, Əнуардың да жоқтығын, бірге ойнайтын адам таппай қиналатынымды, актерлік ерекшелігімді ескеріп спектакль қоятын режиссерлердің табылмайтынын айтып, налыған едім. Ол жағы рас қой енді. Театрға келгеніме жарты ғасыр болыпты.

– Əлия Бөпежанованың сізді қаламгер ретінде танытқан мақаласын газетімізде жариялағандықтан кітаптарыңызға ар-найы тоқталмасақ та болар. Дегенмен, бес томдық шығармалары басылған актерге жазу өнеріне қатысты сұрақ қоймау да жөнсіз сияқты. Сіз қай кез-ден жаза бастадыңыз? Не үшін қолға қалам аласыз?

– Не үшін? Басқалар не үшін қолға қалам алса, мен де сол үшін аламын. Ойымды, толғаныстарымды, сезімдерімді қағазға түсіру үшін. Менің алғашқы кітабым – «Майраның əні». 1995 жылы шықты. Майра өмірден өткенде жан дертімді басу үшін оған қиялыммен хаттар жаза бастаған бола-тынмын. Соның бастапқыларын Ақселеуге оқытсам, «Асеке, мынау бөлек дүние екен. Жаза беріңіз, жаза беріңіз», деп бірден құлап түскені. Ақселеудің сөзіне қанаттанып, жаза бердім. Бес-алты қалың дəптер толғанда ол қолжазбаның жайын естіп, Мұхтар Құл-Мұхаммед хабарласты, «Асеке, алғашқы кітабыңызды мен шығарып берейін» деп. «Майраның əнін» Мұхтар шығарды. Мəди мен Сағиға арнаған «Жан бөлек» деген кітабымды Серік Əбдірайымов шығарды. «Асаға!» деп аңқылдап амандасатын тамаша азамат еді. Ол да кетіп қалды.

Негізінен көп жазғаным – күнделіктер. Студент кезімнен күнделік жүргізумен келемін. «Менің жанрым – күнделік» деген кітабым да бар. Күнделіктерімде бəрін де көзім көргендей, көкейіме түйгендей етіп жазамын. Ал көзімнің көргені де, көкейіме түйгенім де аз емес.

Бір сөзімде «Кінəм көп, күнəм жоқ» дегенім бар. Жұрттың бəрі танып, құр-мет теп, құрақ ұшып жүргенде асып-тасып кеткен шақтарым, əріптестерімді ренжітіп алған кездерім болмады демеймін. Адам деген пенде ғой. Менің өмірімде бəрі де болды. Небір қиын түйіндерді ақылмен тарқатқан тұстарым да, қатты қателескен кездерім де болды. Сол қателіктерді жібер-месем мен өз беті бар, өз бейнесі бар Асан-əлі Əшімов деген адам ретінде де, ел біле-тін актер ретінде де қалыптаспас едім. Ба-сымнан кешкен қиын жайлардың өзі кейін ойнаған рөлдерімде, қойған спектакль, түсірген фильмдерімде, жазған кітап-тарым да жаңаша жаңғырып, жанымды бай-ыта түсті. Жастау көрінейін деп жасымды да жасырып-жауып жатпаймын. Вахтанг Кикабидзе досым айтатындай, «Мои года – мое богатство». Қалай өмір сүру керек екенін білу үшін кейде қалай өмір сүрмеу керек екенін білудің өзі жетіп жатыр.

Менің бес томдығымды жүйелеп, баспаға əзірлеп берген, бəрін өзі басқаратын «Алматы ақшамы» газетіне жариялаған Қали ініме (Президент сыйлығының лау-реаты Қали Сəрсенбай – С.А.) ризамын. Өнерді нəзік сезінетін, ойы терең жігіт. Қалимен бірлесіп, бұйыртса, алдағы кезде жеті томдығымды шығару жоспарымыз-да бар. Қазір газетіне Сəбит досымның жазғандарын жүйелі түрде басып жүр. Жақсы кітап болады. Сəбит Оразбаев – ұлттық өнеріміздің бəріміз мақтаныш етер тұлғаларының бірі.

– Ауруханада жатсаңыз да осынша уақыт бөліп, байтақ əңгіме айтқаныңыз үшін рахмет. Сіз туралы фотоальбомға жазған алғысөзінде академик Серік Қирабаев Тұманбай ақынның өзіңізге арнаған өлеңін келтіреді.

Өнер үшін төгілді қара терің,Барған жерді белгілі бақ етерің.Сен аман жүр.Бір сенің амандығыңБар халыққа білгейсің бақ екенін,

– деп толғаған екен Тұмағаң. Ақын сөзін халық сөзі деп қабыл алғайсыз, Асеке.

СұхбаттасқанСауытбек АБДРАХМАНОВ.

---------------------------------------Суреттерді түсірген

Берсінбек СƏРСЕНОВ.

Əшірбек Сығай телефон соғып, театрды басқаруды ұсынғанда шалқамнан түсе жаздағанмын. Келісімімді бермегенмін. Рөлімді ойнағаннан басқа ештеңеден ха-барым жоқ, өзімше жүрген адаммын. Репертуарлық саясат, қаржылық жағдай, кадрлармен жұмыс, қойылымдардың техникалық мəселелері сияқтылардан ештеңе білмеймін. Оның үстіне Əзекеңнің орнына бару деген тіпті ақылға сыймайды. Əшекең сонда да қоймады. Екі-үш айдан кейін тағы көтерді сол мəселені. Енді жаңа уəждер тауыпты. «Театрды тек маман ре-жиссер басқарады деген заң жоқ. Театрды тұлға басқаруы керек. Вахтангов театрын Михаил Ульянов басқарып отыр. Актер. Үлкен драмалық театрды (БДТ) Кирилл Лавров басқарып отыр. Актер. Екі театр да өрлеп тұр. Тəуекел деңіз, кірісіңіз», деп қоймайды. Ақыры келісімімді бердім. Содан-ақ өз басыма бəлені өзім тілеп алдым. Ұжым басқару деген, əсіресе, шығармашылық ұжымды басқару деген азаптың азабы екен. Өзімді оған дейін та-нып білмеппін, тым жұмсақ, тым демокра-тияшыл болып шықтым. Актерлермен, ак-трисалармен бұрынғыдай дос-жаран, жол-дас болып қарым-қатынас жасай беріппін. Театрдағы тəртіпті де босаңсытып алып-пын. Көре алмаушылықтың да неше түрін көрдім. Қырсық шалғанда, дəл сол тұста, 1988 жылы Əуезов театрының Мəскеудегі гастролі жоспарда тұр екен. Негізінде, мен театр басшылығына жаңа келіп жатқанымды, ойлаған өзгерістерімді жүзеге асырып үлгермегенімді айтып, гастроль ден бас тартуыма немесе уақытын кейінге шегеруді сұрауыма болатын еді. Соны жасамадым. Үлкен қателігім бол-ды. Театрымыздың Мəскеудегі гастролі негізінен сəтсіз өтті деп саналды. Əзекеңнің ол жақтағы беделі керемет. Театрдың жілігін шағып, майын ішкендердің бəрі: «Азикті алып тастау не сұмдық? Оны алма-стыратын Қазақстанда қандай адам бар?» деген сыңайда өре түрегелді. Орталық газеттердің барлығының дерлік пікірлері гастроль негізінен сəтсіз өттіге сайды. Бір жылдан кейін басқаға өткізіп құтылдым сол директорлықтан. Жалпы, сол жағдайдан кейін театрды директорға басқартқан жөн болмайды екен деген ойға келдім. Театрда басты тұлға бас режиссер болуы

керек. Директор бас режиссердің жоба-ларын жүзеге асыруды ұйымдастырсын. Шығармашылыққа жағдай жасасын. Сонда ол нағыз театр болады. Режиссердің не қоятынын, қалай қоятынын директор шешетін жерден шын өнер шығушы ма еді?

– Кино мен театрдағы режиссураның ахуалы алаңдарлық екені рас. Сонда да сіздің «Қазақстанда жақсы режиссерлер биологиялық түр ретінде жойылып бітті» дегеніңіз тым қатты айтылған емес пе? Тағы бір сұхбатыңызда «Мэтрлер жоқ, тек сантиметрлер қалды» депсіз… Бұл не? Айтқыштық па, ақиқат па? Кейінгі жастардың өзінен Ермек Тұрсынов, Рүстем Əбдіраш, Ақан Сатаев, Қуат Ахметов сияқты талантты режиссерлер шығып жатқан жоқ па?

– Шығып жатыр. Менің ол сөзім негізінен театр режиссурасына қатысты айтылған. Театрдағы жағдай сондай. Қазір сахнада жұрт ойына келгенін істейтін болып барады. Мұндағылар енді ұлттық классикаға да ауыз сала бастады. Қозы Көрпешті бан-дит, Баян сұлуды жезөкшедей етіп бей-нелеген қойылымды да көрді ғой менің мына шыққыр көзім… Əнеу күні Атырауда болғанымда осындай бір жағдайға байланы-сты сондағы елге сыйлы қаламгер азамат-пен сөзге келіп қалдым. Тілім де тиіп кетті. Қайтейін, күйінбесіңе де қоймайды.

– «Келін» фильмін Оскар сыйлығына ұсынғандардың бірі екенсіз...

– Ол фильмді биік өнер туындысы деп айтқанмын. Сол айтқанымнан қайтпаймын.

– Авторлар лентаның қазақ өміріне атымен қатысы жоқ дейді. Атымен қа-тысы жоқ болса, шығарманың аты əр тілде сол тілдегі «келін» сөзінің мағы-насын беретін сөзбен алынуы керек қой. Мысалы, кезінде Ходжакули Нарлиев түсірген, басты рөлде Маягөзел Аймедова ойнаған түркіменнің «Келін» фильмі орысша «Невестка» деп аталды. Орысша да, ағылшынша да, французша да қазақ тіліндегі «келін» сөзімен аталғаннан кейін ол фильмді қазақ өміріне түк қа ты-сы жоқ деп қалай айта аламыз?

– Ол енді басқа мəселе. Ермек солай етсе, талай сыннан басын арашалап алар еді. Бірақ, фильмнің нағыз кино тілімен түсірілген талантты туынды екеніне өзімнің күмəнім жоқ.

Page 11: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz 11

Шымкентке келiп оқуға түскен күнi сол сəтiнде отыра қалып майдандағы Сауқым ағаға жолын қуып қалаға оқуға келгенiмдi хабарлап «№11603 дала поштасында» «сағынышты сəлем хатымды» жазып жiбергенмiн. Араға бiршама күн салып

тағатсыз күтiп жүргенде өзiм тұрып жатқан Момбек Бекжанов атайдың «Южная, 5» əдрiсiне жазған хаты да келiп жеттi.

Ұлы Сталинград шайқасын жеңiспен аяқтап, батыс бағытта Оңтүстiк Украина: Новочеркасск, Ростов, Запорожье, Чаплино, Кривой Рог, Тернопольдi азат етушi жеңiмпаз армия құрамында ұзақ жолдан өткен ол – қазiргi кезде Днестр өзенiнiң бергi жағасында, алдыңғы шепте екенiн, «Алдағы таяу күнде арғы, батыс жағалауға өтермiз. Бұл жердiң халқы орыс тiлiн бiлмейтiн молдавандар мен румын-дар. Жүгерiнi көп егетiн бау-бақшалы ел», деп өзi көрген жайлардан бiраз мағлұмат жазыпты да: «Мына қиын жылдар өтедi, жақсы күндер жетедi, ерте талпынып оқуға келгенiң орынды болған екен, қалқам», деп өмiр көрген, ысылған азаматтығын таны-тып, тiлек айтыпты.

Бұл 25-ке ендi толған жасында өз за-манына кез болған тағдырдың қылкөпiр, тайғақ кешулi қатерлi жолында жүрiп жазғаны еді. Биыл институтты тəмамдап, биiк бiлiмдi мұғалiм болып шығармыз де-ген Сауқымбек сол күткен күндерiне са-наулы ай қалғанда 1939-жылдың сағымды сары күзiнде əскерге алынды. Қаладан бiрер күнге ортамызға келiп, қайырласып аттанды.

– Шырағым-ай, оқудың шегiне жетем деп көп күттiрiп, шаршатып едiң, ендi тағы да кетiп барасың. Тым болмаса… – деп көзiнiң жасын iркiп, кəрi жүрегi қалтырап кемсеңдеген əжемiзге кiнəлi жандай: «Əже, ел тыныш, жан тiрi болса, екi жыл да өте шығар. Алыстаған армандарыңызға да жетерсiздер», – деп жанына медеу тұтқан əжесін жұбатқан iлiкалды немересi Сауқымбегi одан артық не десiн.

«…Жағдай өздерiңiзге мəлiм болған шығар. Ендi бiз сол жағдайды бастан кешуге тиiспiз. Аттанып барамыз. Уəйiм етпеңдер, сау болсақ Отанымызды қорғап оралар-мыз» деп Челябi облысы «Шебаркул» (Шұбаркөл) əскери лагерiнен, 22.06.1941 ж.» деп хат жазып, суретiн қосып, қысқаша сəлемiн жолдапты.

Өмiр мен өлiм арпалысқан жанталасты соғыста бұрынғыдай хат-хабардың келуi қайдан болсын. Айдан астам жым-жырт үнсiз күндер өткенде ұшқыр көк есегi үстiнен аударыла түсе қалып, қолында хат, қырмандағы көптiң iшiнен менi атым-ды атап шақырып, ентелеп келе жатқан пошташы Тəшен атай көрiндi. Ол кез Бесшоқыдағы ауыл мектебiнде алтыншы-ны бiтiрiп, Қантай апаммен бiрге қырдағы қырманда жүрген кезiм. Қуанғаннан төбе көкке жетiп, хат сөзiн үлкендерге дауыс-тай оқи бастадым. «Москва бағытындағы ұрыста оң жақ кеудемнен жараландым. Горький облысы, Арзамас қаласында гос-питальда емделiп жатырмын. Жарам онша қауiптi емес. Уəйiм етпеңдер. Сауығып кетермiн, 17 август, 1941 ж.» деп өз хаба-рын жазыпты да, ақ картон қағазға қара қарандашпен өзi салған автопортретiн қоса жолдапты.

Сауқымбек аға бiздi қорқытпайын деп сыпайылап «жарам қауiптi емес» деп жазғанмен оқ оң жақ кеудесiнен тиiп, өкпенiң шетiн қамтып, жауырын астынан сыртқа шығып кеткен екен. Бұл жарақаттан (сквозное ранение) сəтiн салып, 40 күнде сауығып, жауынгерлiк қатарға қайта қосылыпты.

Москва iргесiнде ойсырай жеңiлген жау 500 шақырым кейiн қуып тасталған сол 41-шi жылдың қысында жоғары бiлiмдi жас азамат ретiнде Ульяновскiдегi танк əскери командалық кадрларын даярлайтын қысқа мерзiмдi əскери училищеге оқуға жiберiлген едi. Оқуды үздiк бiтiрiп, атақты генерал Р.Я.Малиновскийдiң 2-шi екпiндi армиясы құрамындағы 39-шы гвардиялық танк бригадасы штабы бастығының арнайы тапсырма жөнiндегi көмекшiсi қызметiне тағайындалған жас офицердiң Сталинград iргесiнен сонау бiр қиырда Солтүстiк Трансильвания өлкесiне дейiнгi жорықпен өткен, аяқталмаған арман жолы жатыпты.

Солтүстiк Трансильвания, сондағы аты-жөнi беймəлiм Совата қаласы ең соңғы са-пар жолында қалған жер еді. Соғыс кезiнде елге жеткен ресми хабарда былай деп жазылған: «Гвардия лейтенанты Тұрысов Сауқымбек Тұрысұлы Отан үшiн өткен бiр шайқаста бiр топ жауынгер жолдаста-рымен бiрге ерлiкпен қаза тапқан. Денесi Совата қаласының оңтүстiк шығысында 3 км. жерде жерленген. Жауынгерлiк

мiндетiн орындау кезiнде қаһармандық көрсеткен гв. лейтенанты Тұрысов өшпес ерлiгi үшiн 23-шi танк корпусы командирiнiң 8.10.1944 ж. бұйрығымен «Отан соғысы» орденiмен наградталған. Наградасы ұлының ескерткiшi ретiнде

анасы Əжiбекова Қантайға тапсыру үшiн Оңтүстiк Қазақстан облысы Шаян аудандық əскери комиссариаты на жiберiлген».

Содан берi өткен тұтас бiр дəуiрлi өмiрде бас-аяғы 26 жас жасап, жас өмiрi арылмаған арман мен от-жалынды жылдардың ор-тасында өткен жанның соңғы күн, соңғы сəтi қалай өттi? Оның бiзге шексiз қымбат бейнесiн жапқан шет жердiң топырағын қайтсек көремiз? Осы жай содан берi өткен 68 жыл өмiрде көз алдымыздан кетпей-ақ қойды.

О баста жақсылыққа жаралған мына жарық дүние қашанда жаны жарқыраған iзгi жандардан кенде емес. 1970 жылғы 9-шы Мамыр, Ұлы Жеңiс мерекесiне орай əлi де қатары қалың кешегi майдангер-лер газеттер мен радио арқылы бiр-бiрiне iздеу, сұрау салып жатты. Солардың бiрi Алматы облысы, Кеген ауданында тұратын Əбдiрахман Өмiржанов есiмдi ардагер ағаның «Лениншiл жас» газетiнде «Қайран достар қайда екен?» деген хаты жарқырап шыға келдi. Сонда Сталинград майданын-да бiрге жүрiп, көз жазып қалған доста-ры, қаһарман ағаларымыз Қарсыбай мен Сауқымбекке iздеу салыпты. Iздеушiге-сұраушы кез болғандай, Əбдiрахманды iздеп дүрлiгiп жатқанымызда, келесi күнi радионың таңғы хабарында орталық газеттерге шолу жасаушы диктордың Сауқымбек аға жөнiнде «Отанының ер ұлы» атты мақала басылғанын баян еткенi үйдегi баршамызды өре тұрғызды.

Мақаланың авторы, соғыстың ұзақ жо-лында ағаммен бiрге жүрген жан досы, батарея командирi болған, майор шенiнде елге аман келiп, көп жыл Жоғарғы Кеңес те жауапты қызмет атқарған талдықорғандық Сасан Нұрғалымов ағамен көп ұзамай табыстық. Өмiрiнiң соңына дейiн хабарла-сып, қатысып тұрдық.

– Ей, қарағым-ай! – дейтiн Сасан аға, – соғыс дейтiн ғаламат екiталай дүние! Бүгiнгi бар, ертең жоқ. Мен Сауқымбекпен сол 44-тiң көктемiнде Днестрде, əйгiлi Яссы-Кишинев жорығы алдында штабта өткен кеңесте таныстым. Танк бригада-сы ның алдағы жорық-жоспары жайында карта алдында шұғыл хабарлама жасаған жас қазақ офицер жiгiтiнiң мəнерлi өткiр сөз алымына сүйiнiп, оның үлкен басшы-лар алдындағы өзiн еркiн ұстайтын бедел-бейнесiне соншалық риза болғамын. Ол барынша сыпайы – сырбаз, сабырлы – сабаз едi ғой. Аз айлар бiрге жүрiп, бiр тұрдық. Трансильваниядан қашқан жауды өкшелей қуып бара жатқан жорық жолында екi кеш арасында айырылдық. Айрықша тапсыр-мамен алға кетiп, штаб алаңын əзiрлеу кезiнде қалың орманды тасалап қоршауда қалып қойған бiр взвод жау тобымен болған тұтқиыл ұрыста есiл ерлер есе жiбермей ондаған жауды жер жастандырып, өздерi түгелдей шейiт болды. Ол жай кезiнде газет терде кеңiнен баяндалған.

– Ағамыз қандай жерде, қалай жерлендi? Iздеп барсақ табылар ма едi?

– Трансильвания – ит тұмсығы өткiсiз жасыл орман жапқан таулы жер. Баурайы

тауға қарай биiктеп барып тiрелетiн көкорайлы кең жазық. Жауынгерлер қалаға кiреберiс үл кен жолдың оң жағына елу қадымдай жерде тұтас батальон – үш жүз адам қатысқан əске ри құрметпен үш офи-цер дербес, бес жауын гер бiрге бауырлас-тар бейiтiне жерлендi. Бейiт терге басы үшкiрленген шағын ағаш дiң гектерден басқа ешқандай белгi қойылған жоқ. Румыния – Компартия басқарған достас ел. Жауынгерлер зираты күтiмге алынған болар.

Сасан ағамен болған осы əңгiмеден кейiн де мына аласапыранды дүниеде жылысып талай жыл өттi. Бұл аралықта барша өмiрi арманмен өрiлген қайран қазағымыздың жерiнде арайлап тəуелсiздiктiң таңы атты. Ендi мiне, от-орманымызбен кеңесiп, өмiрбақи сағынған жүрек көз-көңiлден өшпеген ағаны iздеп жолға шыққалы отырмыз. Қарсаңда облыстық əкiмдiкте Роза қызымыз дайындап, ел азаматы Əли Бектаев ұлымыз қол қойып жөнелткен жеделхатқа арада бiрер күн ғана өткенде

сонау бiр қиырдағы Бухарестен елшiлiктегi Талғат Ғабдоллаұлы Қалиев бастаған ұлдарымыздың телефонда хабарласқан жарқын даусын есiттiк.

– Елшiлiктен сөйлеп тұрған Ержан Бертаев дейтiн ұлдарыңыз, аға! Бейiт жақсы сақталған. Бұл арадан 354 шақырым Трансильвания, Совата қаласында. Бу-харест те күтiп алып, өзiмiз бастап бара-мыз. Келер күндерiңiздi хабар етерсiздер, – дейдi сондай бiр жайлы, жұмсақ үн қатып.

Айтылған күн, айтылған сəт, күн екiндiге ауысқан кiшi бесiн кезiнде қасымда егiз қозыдай екi ұл – Мұхтар мен Нұржаным, Алматының аспаны-нан көтерiлген ақ күмiстей жарқыраған əуе кемесi 12 шақырым биiкте өзiмiздiң Қаратау, Мыңжылқының үстiмен самғап, Арал, Каспийдi көктей өтiп, қарт Кавказ, Қара теңiз телегейiн қалықтай қалқып күн əлi батпаған, кешкi шуақ-шұғыласына бөленген Бухарестке жеткiздi.

Алдымыздан жарқырай қарсы алған Ержан бастап қаладағы бес жұлдызды зəулiм қонақүйге жайғастық. Уақыт тығыз, таңғы 4-те Ержан мен елшiлiктiң қызметкер тiлмашы Денис атты зыптай биiк молдован жiгiтi бастап Трансильвания арқылы Венгрия астанасы – Будапештке қатынайтын жүйрiк электр пойызбен жөнелдiк.

Алдымыздан, қалың тау баурайынан зауыт құбырлары самсаған қала көрiндi. Бұл Балқандағы ең iрi мұнай өндiрiсiнiң орталығы – Плоешти. Ендi Солтүстiк Трансильванияға бағыт алған бiр кездегi жорықтың жолы – бүгiнгi сапар жолымыз да осы тұстан басталады екен. Ендi қос қапталымыз аспанмен тiлдескен құзар тау. Тау қабырғасы тiрелiп тұрған ну орман. Тас тағанда тасқындап ағып жатқан долы өзен. Тауды тiлiп, өзендi бойлап ұзаққа тартқан бiрi темiр, бiрi даңғыл егiз жол. Жол бойы толассыз ерсiлi-қарсылы ағындап жатқан ұлы өмiр. Жол бар жерде өркендеп жатқан өмiр бар. Тамылжыған табиғат ортасында алға өрлеген сайын аракiдiк қос қапталда қанатын жайған əсем кеңiстiктер көрiнедi. Көгалды айдын жасыл желекке оранған қалыңның арасынан қанқызыл черепица шатырлы əппақ қабырғалы мекенжай-лар ақ шағаладай жарқырайды. Ол бiр емес, Трансильвания тау жолында 300 шақырымға ұласып жатыр. Бұл жай ғана ел арасы қыдырманың жолы емес. Кешегi азаттық үшiн қан кешiп, ағаларымыз өткен ұлы жорықтың жолы. Бiр кездерi жойқын соғыстың тас-үйiндi тамтығы қалған жерде жаңа заман таңында өркен жайған мəңгiлiк өшпес өмiрдiң жолы. Осы жолдың бойында Вайдаукер атты стан-сада бiздi күтiп алған қала əкiмiнiң көлiгi 54 шақырым даңғылмен Совата шаһарына түс əлетiнде жеткiздi. Жүрегiмiз теңiздей толқып даярланған «Sovata» атты сəулеттi қонақүйге жайғастық. Ендi мiне, уақыт оздырмай қала басшыларының (Примар – əкiм) қабылдауында отырмыз.

Екi басшының бiрi румын, бiрi мади-яр (мажар – қыпшақ) Петер Перенц пен Домакош Андраш атты қос азамат:

– Қош келдiңiздер! Қалай жеттiңiздер,

шаршаған жоқсыздар ма? – десiп, жай қарапайым бейнеде алдымызда отыр.

Сөз диалогын бастаған елшiлiктiң бiрiншi хатшысы Ержан Бертаев: – Құрметтi примар (əкiм) мырза! Сiздердiң алдыңызға қазақ елiнiң белгiлi ардагер жазушысы, аса ардақты азамат ағамыз келiп отыр. Сөздi осы ағамыздан бастайық.

Мен: «Аса құрметтi примар (əкiм) мырза, хатшы мырза! Бiз алыс елден, ағайындық жолмен арнайы келгенде достық ниетпен жылы қабылдаған сiздерге деген алғысымызды қабыл алыңыз!

Бiздiң сапарымыз бүгiнде елiмiзде кең өрiстеп жатқан салтанат той-жиындарға қатысты болса, қандай жақсы болар едi. Амал не, бiз өзгеше миссиямен, бұдан көп жылдар бұрын өткен тарихымызға қатысты мəселемен келдiк. Өздерiңiзге белгiлi фашистiк басқыншыларға қарсы соғыста Румынияны азат ету жорығында мыңдаған қазақ ұлы құрбан болды. Солардың бiрi бiздiң ағамыз гвардия лей-тенанты Сауқымбек Тұрысов 26 жасында осы Совата қаласын азат ету кезiнде 1944 жылы 15 сентябрьде қаза болып, бiр топ жа-уынгер серiгiмен осында қалды. Майданнан бiзге жеткен хабарда ол қаланың оңтүстiк шығысында 3 шақырым жерде жерленген.

Петерс: – Сондай хабар құжаттары сақталған ба, сiздерде? – деді.

Мен гвардия лейтенанты Тұрысов жөнiндегi қаралы хабарды, Москвадағы Қорғаныс министрлiгi Бас штабынан гене-рал В.Г.Дашкевич əскери архивтен арнайы жiберген ағаның награда қағаздары мен ол қызмет еткен 39-шы гвардиялық танк бригадасының Совата қаласын азат ету кезiндегi жорық жорналының көшiрмесi тiркелген iс хаттамасын ашып, əкiмнiң алдына ұсындым. Əскери құжаттар хат-тамасына шаншыла көз жүгiрткен əкiм мен хатшы бастарын бiрер изеп орында-рынан серпiле көтерiлдi: «Дұрыс! Кəне, жүрiңiздер. Бiзде қаламызды азат етуде қаза тапқан Совет жауынгерлерiне арналған жалғыз зират – орнында. Барып көрелiк».

Мiне, ендi қаншама жылдар санамыз-ды сарғайтып, сан қилы ой шырмауында шешiлмеген жұмбақтың сыры мен қырын өз көзiмiзбен көруге келе жатырмыз. Сөздiң шындығы керек, адамның басы тағдырдың добы болған сол бiр аласа пыранды күндерде небiр жайсаңдардың ғазиз басы қайда қалмады. Толассыз, тоқтаусыз дауыл боп өте шыққан қан майданның жолында қалған жауынгердiң көш-жөнекей бiр Құдайға аманатқа қалған топырағы əлдеқашан жер-мен-жексен болып жоғалып кеткен болса, əлгi қаралы хабарда айтылған 3 шақырым жердегi аңыраған ашық даланың сауы-рын сипағаннан басқа қолдан не келер едi. Тəңір оңдағанда адамгершiлiктiң қадiр-қасиетiн биiк ұстанған мына шетелдiк қала басындағы ақ ниеттi азаматтар соншалық бiр ыстық ықыласымен, сергек көңiлмен жол бастап келе жатыр.

Қала əкiмдiгi мен қала сыртындағы жауынгерлiк жалғыз зираттың арасы 15 минуттық жол екен. Баяу жылжыған сап-та осы санаулы минутта көз алдыңа нелер келiп, не кетпейдi. Өмiрден əлдеқашан кет-кен қимас жанның қимас, қымбат бейнесiн құрметпен сақтаған бейiтi түгiлi оны алтын сарай жер жаннаты – ұжмағың да алмас-тыра алмайтыны, ешнəрсеге тұрмайтыны қандай аянышты!

Келдiк, мiне. Қалаға кiреберiс үлкен күре жолдың оң қанатында қаз-қатар самсап, төбесi көк тiреген көк-жасыл биiк шынар ағаштары көмкерген, арғы жағы тау төскейiне ұласып өрге тартқан көкорайлы шаршы алаң. Айнала көксұр аласа гранит қорғанмен көмкерiлген алаңның кiреберiсiне орнатылған шымқай қара мəрмармен беттелген биiк ескерткiш-обелиск. Оның айна-жалтыр бетiне: «Вечная слава советским воинам, погиб-шим в борьбе за осбовождение города Совата. 1944» деген алтынмен аптап, қашап жазылған жазу.

Алдымыздан ашылған қос топсалы ме-талл қақпадан өтiп, шаршы алаң айдыны-на қадам басқанда үшкiл төбелi құлпытас бетiнде қызыл жұлдызы жарқыраған бiр-бiрiнен он метрлiк қашықтықта шахмат тақтасындай дəлдiкпен орналасқан төрт бейiт көрiндi. Құлпытастар бетiндегi ойып жазылған жазу: «Неизвестный советский воин. 1944». Бақберген хатында жазған, Сасан аға айтқан, əскери құжаттарда көрсетiлген үш офицер мен бес солдаттың «бауырластық бейiтi». Оң қол, күншығыс жағындағы алғаш қойылған Сауқымбек ағанiкi. Сол жақ қатардағы бiр бейiт бес солдаттiкi. Сырт жағындағы екеуi келесi күнi жерленген Левин мен Шиманскийдiкi. Ұзақ жылдар төзумен шемен болған қайран жүрек аға дидарының орнына көк тастың суық бетiн сипап, ел мен елшiлiктен ар-найы дайындалған көгiлдiр батсайымен көмкерiлген алқызыл гүл шоқтарымызды қойдық.

– Кешiр, ағатай, бiз келдiк, көп күттiрдiк, қолымыздан келгенi осы болды! – деген сөз көмекейде кептелiп, жүрегiмiзде бұлқынып жатты.

* * *Қарт Карпаттың таңы тым ерте арай-

лап атты. «Гранд-отельде» ұйқысыз түн өткерiп қайтар жолға бет түзеп, шығарып салушы қала басшыларымен бiрге тағы да аға бейiтiнiң жанына келдiк. Құранымызды оқып, алыс елден алып келген ата-аналар мен Қошқарата əулие алысқа тартқан ұлы жорықтың жолында қалған бар-ша қазақ ұлдарына арнап Ұлы баба Бəйдiбектiң қасиеттi топырағын тапсырдық. Қош бол, аға! Қош бол, қимас бауырым, жатқан ұлы Трансильвания!

АЛМАТЫ–БУХАРЕСТ–ТРАНСИЛЬВАНИЯ–ШЫМКЕНТ.

ТАҒЗЫМ

тағатсыз күтiп жүргенде өзiм тұрып жатқан

ТРАНСИЛЬВАНИЯ,

ЌАЙДАСЫЅ?..Еркінбек ТҰРЫСОВ,жазушы.

1944 жыл. Шымкенттегі мұғалімдер институтының даярлық курсында оқып

жүрмін. Əр мезгiл оқудан арқа босап өзiммен өзiм оңаша қалғанда мен əлденемдi жоғалтып алғандай

айналшықтап бара беретiн нысаналы жерiм бар. Ол бүгiнгi Ордабасы алаңына барып түйiсетiн бұрынғы

Базар ная (қазiргi Əйтеке би), Советская (қазiргi Қазыбек би), Мель ничная көшелерiнiң бойы. Сондағы бiр кезде Бауыржан

Мо мышұлы, Құрманбек Сағындықов, Əбдiлда Тəжiбаев ағалары-мыз оқыған, кейiн қыздар интернатына берiлiп, бұдан алты жыл бұрын 1938-жылдың жазында Сауқым аға тұрған студенттердiң (қазiргi қаржы полициясы мекемесi тұрған) мекенжайы сол тарап-қа барғанда ағатайым осы маңда жүргендей, көше бойы қарсы алдымнан бəз-баяғыдай жарқ етiп шыға келетiндей болатын.

АПАЌ БАТЫРДЫЅ АЌ ТАСЫ

Күршім ауданындағы Қаратал өзенінің оң жақ жағалауында, Теректібұлақ ауылы мен Топтерек ауылдарының арасында бір жұмбақ тас баған тұр. Оның қазіргі кездегі биіктігі екі метрден астам, үстіңгі басы жарықшақтанып сынған, астыңғы табанының бөлігі тік төрт бұрышты.

Жұмбақ бұл тас бағанды маған əкем көрсетті, ал оған бала күнінде атам көрсетіпті. Қараған адамға тас баған қызығушылық тудырады. Ол жазық орманның ортасында орналасқан. Тас бағанның едəуір бөлігі жер-ге кіріп тұр. Онда бір белгісіз таңбалар бар.

Жергілікті қариялардың айтуынша, тас баған қазіргі қалпынан кезінде бір метрдей ұзын, биік болған. Бірақ та, кезінде темір арқан тағып, трактордың күшімен орнынан жықпақшы болған əумесерлер, оның ұшын сындырып тастап-ты. Сынықтары жанында жа-тыр.

Қ а р и я л а р д ы ң а й т қ а н əңгімелерінен, мен осы тас бағанның қалай бұл жерде пай-да болғандығы жайында аңызды білдім. Біздің ата тегімізден ау-ыздан ауызға жетіп келе жатқан аңыздың мазмұны мынандай. Кезінде осы жерде бір бай адам өмір сүріпті. Оның сұлу да, ақылды қызы болыпты. Бір күні қыз ақылына күші сай Апақ де-ген жігітпен кездесіп, бірін-бірі бір көргеннен-ақ жақсы көріп сүйіпті. Жігіт үйлену үшін рұқсат сұрап, байдың алдына келгенде, бай оған күліп: «Сен түгің жоқ тақыр кедейсің, сенде астыңда атың, алдыңда малың жоқ. Сенде тіптен ат байлайтын ат байлағыш та жоқ», деп оның қара жаяу ке-дей екендігін бетіне басыпты.

Апақ батыр болашақ қайын атасының сөзі ар-намысына тигендіктен, ел алдында өзінің кім екендігін көрсету үшін, күншілік жерден арқасына са-лып, тас баған – ат байлағышты көтеріп əкеліп, болашақ қайын атасының ақ ордасының жаны-на тіке шаншып қадап қойып: «Сұраған ат байлағышыңыз осы болса, алыңыз», депті. Қыз əкесі болашақ күйеу баласының сыйын қабыл алып, оның күші мен мінезін мойындапты. Күйеу

баласының келешекте руының тірегі, жаудан қорғар қалқаны болатындығына көзі жетіп, қызын ұзатып, той жасауға рұқсатын беріпті.

Соңынан Апақ батыр қайын атасының сенімін ақтап, тек рудың ғана емес, бүкіл елінің қорғаны мен тірегі болыпты. Ел арасында Ақжігіт балуан, Ақжігіт батыр атаныпты деседі. Ел аузынан естіген тас баған жайындағы аңыз осындай.

Тас бағанның маңында қандай да бір басқа тастар жоқ. Оның алыстан əкелінгендігі көрін іп тұр . Мен ест іген аңыздан кейін, тас баған біздің күндерімізге дейін жетпеген та-лай қызықты да, шым-шытырық оқиғалардың куəсіндей көрінеді. Көңіл аударған бізге бар сырын ақтара салатындай сезіндім.

Осындай ғасырлар, мүмкін əлде мыңдаған жылдар тұрған көнен ің көз і , е скертк іші қас -қағымда адамдардың бассыздығынан бір метрден астам бөлігін жоғалтқаны қатты қынжылтады. Жапандағы тас баған кімге керек десеңіздер, айтар едім бізге керек деп. Ол біздің аңызымыз, біздің тари-хымыз, ауыздан ауызға жетіп келе жатқан біздің мəдениетіміз, біздің мұрамыз.

Белгілі орыс жазушысы Евгений Курдаковтың Алтай өңірінің тарихының тіптен зерттелусіз қалған деген сөзіне, қосылғаннан басқа шараң қалмайды. Күршім жері кере-мет табиғаты сұлу жер, адам-дары ертеден жаужүрек, батыл болған деседі. Тек аяғына дейін зерттелмеген тарихы мен оны мақтан тұтып айта алмауымыз көңілге кірбің келтіреді.

Сымбат МОЛДАМЖАРЕВ, Семей медициналық

университетінің студенті.

Шығыс Қазақстан облысы.

Page 12: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz12

Жүзеге асырылып жатқан түрлендіру бағыттарының бірі мемлекеттік органдардағы кадр қызметтерінің рөлін арттыру болып табылады. Заңда кадр қызметі пер-соналды басқару қызметі ретінде атап көрсетілді. Негізгі міндеті – мемлекеттік органның персонал-ды басқарудың біртұтас жүйесін құру деп белгіленді. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұ й ы м д ы қ ж а ғ ы н а н д е р б е с болатындығы, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал аталмыш лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынатындығы атап көрсетілген.

Заңмен тиісті əкімшілік-аумақ-тық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін тиісті атқарушы органдардың басшыларын таға-йын дауға құқығы бар адам ның шешімімен персоналды бас қарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) құруға мүмкіндік берілген.

Осы жаңалықты енг і зуге Жамбыл облысында былтырғы жылы өткізілген эксперимент негіз етіп алынды.

Облыстағы 10 аудан мен өңір орталығындағы 285 атқарушы органда 288 қызметкер кадр жұмыстарымен айналасып келді. Аудан əкімдігінің бөлімдері мен

ауылдық округ əкімі аппараттары көбінесе штаттық саны 3-5 бірліктен тұратынын ескерсек, қолданыстағы заңнамаға сəйкес, əрбір мемлекеттік органда конкурстық, аттестат-тау жəне тəртіптік комиссия-лар болды. Ол дегеніміз, штат-тық саны аз мемлекеттік орган-дардың қызметкерлері осы комис-сиялардың мүшелері болып та-былатын. Яғни, бірін-бірі іріктеп, аттестаттаудан өткізіп, тəртіптік жауапкершілікке тартады. Əрине, осы комиссиялардың жұмысы жəне тұтастай алғанда кадр жұмысы формальды түрде жүргізілген жəне мекеме басшысының шешімін рəсімдеумен шектелгені рас.

Одан қалса, кадр қызметінің функциялары бір қызметшіге өзінің міндеттерінен бөлек қосымша жүктеме ретінде міндеттелген. Сондай-ақ, құжат айналымы мен мемлекеттік қызметшілердің дер-бес істерін жүргізумен байланысты түйткілдердің орын алуы тағы бар.

Осы қалыптасқан тəжірибені саралай келе Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтегі бірыңғай кадрлық саясатты тиімді жүзеге асырумен тікелей айналысатын, сондай-ақ, персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жəне оны арттыруды қамтамасыз ететін орталықтандырылған бірыңғай кадр қызметін құру жұмыстары басталды.

Бірыңғай кадрлық қызметтің міндеттеріне: мемлекеттiк ор-ганда мемлекеттік қызмет жəне еңбек қатынастары саласындағы заңнамалардың орындалуын үйлестіру; мемлекеттік органдағы кадр қажеттілігіне ағымдағы жəне келешекті жоспарлауды енгізе отырып, оның персоналды басқару стратегиясын əзірлеу жəне оны іске асыру; мемлекеттік органның кадрлық құрамын қалыптастыру, персоналдың кəсіби дамуын жəне мемлекеттік қызметті са-палы өткеруін қамтамасыз ету; аудандық деңгейде кадр лық жұмысты басқарудың құры-лымын оңтайландыру; мемле-кеттік органдардағы кадрлық қызметтерінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерімен əрекет ету жүйесін жетілдіру жатқызылды.

Осылайша, тиісті қызметтер құрылып, 2012 жылдың 1 қазаны-нан бастап аудандарда жəне Тараз қаласында, штаттық құрамы 3 бірліктен тұратын, персоналды басқарудың бірыңғай қызметтері (кадр қызметтері) жұмыс атқаруда.

Персоналды басқару қызмет-керлердің алдына корпоративтік

мəдениетті қалыптастыру жəне мемлекеттік органда əлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын да-мыту міндеттері қойылды.

Қазақстан Республикасы Мем-лекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекі-тілген Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереженің негізінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметі туралы ережелер əзірленіп бекітілді.

Атқарылған жұмыстардың негізінде төмендегі нəтижелерге қол жеткізілді. Олар мыналар: біріншіден – іс жүзінде саны қысқартылмай облыс бо йынша аудандық буындағы жергілікті атқарушы органдардың кадр-л ы қ ж ұ м ы с п е н а й н а л ы с а -тын қызметкерлерінің саны 9,6 есе қысқарды. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар басшыларының жəне ондағы қызметкерлердің кадрлық жұмыс-тарын жүргізу сияқты қосымша жүктемеден босатылып, олардың пəрменділігін мемлекеттік орган-ның салалық қызметіне шоғыр-ландыруға мүмкіндік туғыз ды; екіншіден – кадрлық жұмыстарды ж ү р г і з у д е б і л і к т і к ө з қ а р а с қалыптасты. Кейбір қызметшілер Қ Р П р е з и д е н т і ж а н ы н д а ғ ы Мемлекеттік басқару академия-сында қысқа мерзімді оқу курста-рынан өтті. Бөлімдер персоналдың дербес істерін, еңбек кітапшаларын тиісті нұсқамаларға сəйкес сақтауға қажетті құрал-саймандармен жабдықталды. Əрбір аудан бой-ынша кадр қызметтерімен жиі жаңартылып тұратын мемлекеттік қызметшілердің электронды дерек қоры қалыптастырылды; үшіншіден – кадрларды іріктеудің тиімділігін қамтамасыз етудег і б ір інші басшының жəне кадр қызметтерінің рөлі мен жауап кершілігі артты. Кейбір жерлерде аудан əкімі немесе

кадр қызметінің басшылары ко-миссия құрамында төрағасы болып табылатын бірыңғай конкурстық комиссия лары құрылып жұмыс істеуде. Сондай-ақ, бүгінгі күні жергілікті жердегі мемлекеттік органдарда бар тиісті мемлекеттік қызмет лауазымына қойылатын арнайы біліктілік талаптарды бірыңғай кадр қызметтері əзірлеуде, яғни оларды əзірлеуде бірыңғай кəсіби көзқарас қалыптасуда деуге толық негіз бар. Қазіргі уақытта бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар бір мемлекеттік ор-ганда əзірленіп, бір жерден жа-риялану үстінде. Бұл тиісінше, азаматтардың сəйкесті жұмыс іздеу мəселесінде жəне конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ұсыну барысын жеңілдететіні хақ. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде тиімді жұмысы үшін аудан əкімі болып табылатын бірінші басшының жауапкершілігі белгіленген бірың-ғай тəртіптік комиссиялары да құрылған; төртіншіден – жергілікті атқару шы органдардың уəкілетті органмен қызметтік байланысы жақсарды. Бұл мемлекеттік қыз-меттің мониторингі сапасына, оның шынайылығына, уақтылы жүргізілуіне оң əсерін тигізуде. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі мамандарының жергілікті жерде орын алған ахуал ды кадрлық жағдайы мен кадр əлеуетіне талдау жасай бастады. Кадр сапасының жағдайын жақсарту тетіктеріне байланысты негізді ұсыныстар берілуде.

Міне, осындай жұмыстардың нəтижесінде персоналды басқару қызметі кадрларды жоспарлау, іріктеу, ілгерілету жəне кəсіби да-муын қоса алғанда, персоналды басқару стратегиясын əзірлеу мен іске асыруға тікелей қатысуына қол жеткізіп отырмыз.

Болат ИСАҚОВ,Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бой-ынша департаментінің басшысы.

ТАРАЗ.

Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына

сəйкес жүзеге асырылады.Сауда-саттықтың голланд əдісімен элек-

трондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандары қойылады:

1. ҚР ДСМ МСЭҚК «Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық са-раптама орталығы» РМҚК теңгеріміндегі 1954 жылы салынған, жалпы алаңы 58,7 ш.м. ғимараты. Орналасқан жері: СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка а., Шайкин к-сі, 47. Бастапқы (алғашқы) баға – 511 876 теңге. Кепілді жарна – 76 781 теңге.

2. ҚР ДСМ МСЭҚК «Солтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық са-раптама орталығы» РМҚК теңгеріміндегі жалпы алаңы 91,5 ш.м. ғимараты. Орналасқан жері: СҚО, Уəлиханов ауданы, Кішкенекөл а., Гагарин к-сі, 86. Бастапқы (алғашқы) баға – 946 474 теңге. Кепілді жарна – 141 971 теңге.

3. ҚР ДСМ «Сот медицинасы орталығы» РМҚК теңгеріміндегі 2002 жылы шығарылған, м/н Т 776 AU, Уаз 396292 автокөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Рига к-сі, 102. Бастапқы (алғашқы) баға – 827 000 теңге. Кепілді жарна – 124 050 теңге.

4. ҚР ҚМ СК «Солтүстік Қазақстан облысы бой-ынша салық департаменті» ММ теңгеріміндегі 1997 жылы шығарылған, м/н Т 004 MD, Audi 4B автокөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Аққайың ау-даны, Смирнов а., Зеленая к-сі, 28. Бастапқы (алғашқы) баға – 785 500 теңге. Кепілді жарна – 117 825 теңге.

5. ҚР ҚМ СК «Солтүстік Қазақстан облысы бой-ынша салық департаменті» ММ теңгеріміндегі 2006 жылы шығарылған, м/н Т 597 BL, Газ 3102-121 автокөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Ақжар ауда-ны, Талшық кенті, Абылай хан к-сі, 5. Бастапқы (алғашқы) баға – 590 400 теңге. Кепілді жарна – 88 560 теңге.

6. ҚР ҚОҚМ «Қазгидромет» РМК теңгеріміндегі 1996 жылы шығарылған, м/н Т 841 BW, Daewoo Nexia автокөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Парковая к-сі, 57А. Бастапқы (алғашқы) баға – 278 100 теңге. Кепілді жарна – 41 715 теңге.

7. ҚР ҚОҚМ «Қазгидромет» РМК теңгеріміндегі 2001 жылы шығарылған, м/н Т 857 BW, Волга Газ 3110 автокөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Парковая к-сі, 57А. Бастапқы (алғашқы) баға – 230 000 теңге. Кепілді жарна – 34 500 теңге.

8. ҚР ЭҚСЖА «Солтүстік Қазақстан облы-сы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сы-байлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ теңгеріміндегі 2005 жылы шығарылған, м/н Т 057 BW, Ваз 21140 автокөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Интернационал к-сі, 60. Бастапқы (алғашқы) баға – 451 600 теңге. Кепілді жарна – 67 740 теңге.

9. ҚР ДСМ «Сот медицинасы орталығы» РМҚК теңгеріміндегі 2001 жылы шығарылған, м/н Т 885 AU, Ваз 21213 автокөлігі. Орналасқан жері: СҚО, Петропавл қ., Рига к-сі, 102. Бастапқы (алғашқы) баға – 298 100 теңге. Кепілді жарна – 44 715 теңге.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион:

1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгiленген қадамға жекешелендiру нысанының бастапқы бағасын арт-тыру жолымен жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамайтын болса, осы жекешелендiру ны-саны бойынша электрондық аукцион өткiзiлмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында электрондық аук-цион басталған сəттен бастап жиырма минут

iшiнде қатысушылардың бiреуi осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгiленген қадамға жекешелендiру нысанының бастапқы бағасын арт-тыру жолымен жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растайтын болса, бастапқы баға белгiленген қадамға артады.

Жекешелендiру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдiсiмен электрондық аук-цион қатысушылардың бiреуi ұсынған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi.

Жекешелендiру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемiнде екi қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендiру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдiсiмен электрондық аукцион өткiзiлген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екi қадамға өсуiн кемiнде екi қатысушы жүзеге асырады.

Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысан қойылады:

1. ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК теңгеріміндегі 1980 жылы шығарылған, м/н Т 702 AF, Зил 130ац-40 автокөлігі. Орналасқан жері: Петропавл қ., Индустриальная тұйығы, 2. Алғашқы баға – 1 565 600 теңге. Бастапқы баға – 15 656 000 теңге. Ең төменгі баға – 257 122 теңге. Кепілді жарна – 234 840 теңге.

Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион:

1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi электрондық аукционда жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгiленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейiн бес минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру нысанын сатып алуға ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгiленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендiру ны-санын сатып алуға ниетiн бiрiншi болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдiсi бойын-ша электрондық аукцион жеңiмпазы болып таны-лады жəне осы жекешелендiру нысаны бойынша электрондық аукцион өткiзiлген болып танылады;

3) егер жекешелендiру нысанының бағасы белгiленген ең төменгi мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру ныса-нын сатып алу ниетiн растамаса, онда электрондық аукцион өткiзiлмеген болып танылады.

Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылғы 17 қарашада сағат 10.00-де аяқталады.

Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мү лік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүс тік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің «Қазақ стан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Солтүст ік Қазақстан облысы бойын-ша қазынашылық департаменті» ММ-дағы КZ300705012170177006 депозиттік шотына енгізіледі, БСК ККМ ҒКZ2А, БСН 120240018658, КБЕ 11, белгіленген төлем коды 171.

Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтiнiмдi қабылдаудан бас тартуы үшiн қатысушының хабарландыруда көрсетiлген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтiнiмi мен құжаттарын қарау мерзiмi аяқталғанға дейiн сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген кепiлдi жарнаның сатушының шо-тына түспеуi негiз болып табылады.

Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақытылы түсу мақсатында

қабылдау аяқталғанға дейін үш күн кешіктірмей төлеуге кеңес береміз.

Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды:1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру

нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың;

заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың;

2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының;

3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəлан-дыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың;

шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аударма-сы бар құрылтай құжаттарының электрондық (ска-нерленген) көшірмелерін ұсынады.

Электрондық аукционға қатысушылар элек-трондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аук-цион залында автоматты түрде орналастыру жо-лымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойын-ша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хатта-мамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукци-он аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Электрондық аукцион нəтижелері туралы хат-тама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете оты-рып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34, 2-қабат, № 11 бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Электронды аукцион өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты 8 (7152) 46-05-84, 46-20-38 телефондары жəне www.gosreestr.kz арқылы білуге болады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жəне Прокуратура органдары ардагерлерінің республикалық одағы Алматы облысы прокуратура органдарының ардагері жəне құрметті қызметкері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, аға əділет кеңесшісі

Биахмет Жаманбалаұлы САРЫМСАҚОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты жəне қазақстандық мұрағатшылар қауымы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау жəне құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі Мария Тұрсынбайқызы Сандыбаеваға, туған-туыстарына əпкелері

Арыскүл ТҰРСЫНБАЙҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жəне «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны «Мемлекеттік ауыл-шаруашылық аэрофотогеодезиялық ізденістер институты» РМК директоры Əбдіғали Салбекұлы Бегмановқа анасы

ҰЛМАННЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл ай-тады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұжымы философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ұлболсын Майтанқызы Сандыбаеваға əкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері

Майтан Мақанұлы САНДЫБАЕВТЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл ай-тады.

Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұжымы «Қазақ технология жəне бизнес университеті» АҚ ректоры Найман Бөбейұлы Қалабаевқа анасы

Айғаныс ЗИЯЛЫҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы «Этнокөркеммəдениет» орталығының директоры, педа-гогика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Адамбековке

АНАСЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл ай-тады.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Қазақ технология жəне бизнес университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Найман Бөбейұлы Қалабаевқа анасы

АЙҒАНЫСТЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл ай-тады.

Ақпараттық хабарлама«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – Қоғам)

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сəйкес Қоғам акционерлерінің 2013 жылғы 22 қазандағы кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру қорытындыларын жариялайды.

Күн тəртібі:1. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.2. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен

шарттарын белгілеу.Күн тəртібінің Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы бірінші

мəселесі бойынша:Дауыс берді:- «Қолдап» - 51 147 951 дауыс;- «Қарсы» - 6 291 298 дауыс;- «Қалыс» - 289 117 дауыс.Күн тəртібінің Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің

мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы екінші мəселесі бойынша:Дауыс берді:- «Қолдап» - 56 635 707 дауыс;- «Қарсы» - 802 120 дауыс;- «Қалыс» - 290 539 дауыс.

«Запорожье» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Ақмола обл., Жақсы ауд., Запорожье а. мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Кутузовское-Алиби» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де СҚО, Айыртау ауд., Каменный Брод а. мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Интернационал-Астана» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Ақмола обл., Жарқайың ауд., Бірсуат а. мекенжайында кезектен тыс жалпы жиналыс өткізу ту-ралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Новосветловка-Алиби» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де СҚО, Айыртау ауд., Новосветловка а. мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Ишим-Астык» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Ақмола обл., Жақсы ауд., Ишимское а. мекенжайында кезектен тыс жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Солтүстік Қазақстан обл., Айыртау ауданы, Саумалкөл а., Умышев к-сі, 2 мекенжайында кезектен тыс жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Айыртау-Алиби» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауд., Айыртау а., Совет к-сі мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Алиби-Павловка» ЖШС 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Ақмола обл., Ерейментау ауданы, Павлока а., Южная к-сі, 22 мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1. «Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк

алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындау-ды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін соттан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

«Бауманское-07» ЖШС (бұдан əрі – серіктестік) 2013 жылғы 15 қарашада сағат 10.00-де Ақмола обл., Егіндікөл ауданы, Бауманское а., Бауман к-сі, 8-үй мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тəртібі:1 . «Алиби» жауапкершіл іг і

шектеулі серіктестігінің (бұдан əрі – борышкер) Банк алдындағы барлық қолданыстағы жəне алдағы кездегі міндеттемелерін тиісті орындауды қамтамасыз ету ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға (бұдан əрі – Банк) мүлікті кепілге келісім беру туралы.

2. Банк алдындағы барлық өзінің міндеттемелерін борышкердің орын-дамау немесе тиісті орындамау жағдайында серіктестік мүлкін сот-тан тыс сатуға Банкке келісім беру туралы.

3. Серіктестік атынан барлық қажетті іс-əрекетті жүзеге асыруға өкілеттікті беру туралы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Т Ұ Ң Ғ Ы Ш П Р Е З И Д Е Н Т І – ЕЛБАСЫНЫНЫҢ ҚОРЫ қазақ-стандық жас ғалымдардың ғы лым жəне техника салаларында жүргізген ең үздік ғылыми-зерт теу жұмыстарына сыйлық ақы қарастыруға байқау жариялайды. Байқауға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар жəне олардың ұжымдары қа тыса алады (3 адамнан аспауы тиіс).

Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2013 жыл, 21 қазаннан 20 қарашаға дейін.

Байқау ережесі мына веб-сайтта: www.fpp.kz орналасқан.

Жаѕа кґзќарас ќалыптастыАғымдағы жылдың көктемінде Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласын жүйелі реформалаудың жаңа белесі бас талды. Іске асырылып жатқан реформаның негізгі басымдықтары Мемлекет басшысымен Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасында айқындалып, бекітілген болатын. Тиісті нормативтік-құқықтық негізі қабылданып, жаңа басқарушылық «А» корпусы қалыптасты, «командалық ауысуды» азайту, конкурстық рəсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жəне конкурс өткізу мерзімін қысқарту мақсатында тиісті тетіктер белгіленді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2013 жылғы 19 қарашада сағат 10.00-ден www.gosreestr.kz

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне

жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға

хабарласыңыз:Астана тел/факс 37-64-48,

37-60-49. Электронды пошта: [email protected].

Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: [email protected].

Талап жəне тəртіп

Page 13: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz 13

– Біздің ұлт таланттарға кенде емес. Алайда, бетке ұстар театрдың бірден белгілі актерларына айналу актер біткеннің бəріне бұйыра бермейтін бақ. Бұл орайда жолың болған сияқты?

– Т.Жүргенов атындағы Өнер акаде-миясын тəмамдар тұста режиссер Мұрат Ахманов біздің дипломдық жұмысымызды көрген екен. Ол кісі бірқатар студенттердің ойынына көңілі толып, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ди-ректоры Талғат Теменовке айтып барыпты. Содан кейін іле-шала ұстазымыз Дариға Тұранқұлова да театр басшысына хабарла-сып, талантты бірнеше студенті бар екенін көруді сұрайды. Біз жатақханада жатыр едік, «Отелло» қойылымында Отеллоны ойнаған менімен бірге Диего рөліндегі Дархан Сүлейменовті шақыртты. Содан Теменов бізді жаңа жылға дейін сынақ мерзімімен жұмысқа алатынын айтты. Осы төрт ай ішінде біз өзімізді көрсетуіміз керек болды. Дəл осы кезде Талғат аға Ш.Айтматов шығармасының желісімен «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбетті» қоюға кіріскен кезі. Сол кезде маған балықшының рөлі бұйырды, оған қоса «Болашақ» телесериалына түсіп жүргем. Екі ортада шапқылап жүргенде, сол рөлді шығартты. Бұл трагедиялық қойылымдағы балықшы жігіттің рөлі маған театрдағы баспалдақ болды. Кішкентай ғана кейіпкеріммен көзге түстім. Көп ұзамай жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған «Ер көжек» спектаклінен маған лақтың, Дарханға қозының рөлі тиіп, театрда қалатын болдық. Көп ұзамай Талғат аға Проспер Мерименің «Кармен» повесінің желісімен «Карменситаны» сахналауды қолға алып, барлық актерларды Хосе-сержанттың рөліне сынап көрді.

– Махаббаты үшін өзімен қоса үш адамды құрбан еткен ессіз ғашық сер-жантты сомдауға актерға қандай қасиет керек еді?

– Бізге бұл рөлдің жеңіл тигені – Маман Байсеркеновтің мектебінен өткендігімізден шығар. Мəселен, мен ойнаған Отелло қара нəсілді, өте қызуқанды, ыстық жақтың ада-мы. Осы рөлді төрт жыл бойы меңгердім. Кез келген кейіпкердің қасиеті актерға жұғады. Менде де қызуқандылық пайда болған сияқты. Өмірді кейде белден басып жіберетін кездерімді байқаймын. Бірақ, Хосені шығаруыма Отеллоның көп септігі тиді. Испандықтар да қаны қызу халық. Осы мінез маған енді керек болды. Қыз көрмеген жас жігіт сыған сұлуына қалай ессіз ғашық болғанын білмей, өзімен бірге үш бірдей адамды жер жастандырады.

– Хосені түсінуге бола ма? – Өмірде Хосе жасаған қадамға бара

алмас едім. Үш бірдей адамның қанын жүктеуге жүз жерден ғашық болсам да дəтім жібермес еді. Пьесадағы Хосені бір жағынан түсінуге болады.

– Кейін мен сенің Хосе-сержантқа мүлде қарама-қарсы Жəкула болыс-ты бейнелегеніңді көрдім. Бұл деректі фильмге қалай келдің?

– Біздің Семей өңірінде «Жəкуланың қызылтасы» деген тас бар. Мен өзі Ақсуаттың жігітімін. Туған ауылым «Қызыл есікке» келе жатқанда осы тас өткен-кеткен жолаушылардың көзіне ша-лынады. Бала күнімізде Жəкула Күшікұлы – халықтың саналы тобынан шыққан белгілі тұлға екенін еміс-еміс еститінбіз. Сонау ХІХ ғасырдың 90-жылдарында Омбыдағы мединститутқа барып оқыған, көзі ашық адам. Он жылдан астам болыс болған білімдар Жəкула халыққа жасаған жақсылығымен, əділдігімен құрметке бөленген.

Жəкула кампеске кезінде жер-жерде бұрқ ете қалған шаруалар көтерлісіне іштартты деп айыпталып, ұсталатын

болған соң амалсыз шекара асып, Шəуешек жаққа бой тасалайды. Алайда, аңдыған оқ Жəкула Күшіковты бұл жақтан да іздеп табады...

Кейін ұрпағы Асқар елге оралып, ата-сына ас бермек болады да, журналист Болат Мұрсəлімге хабарласады. Ойласа келе, Жəкула болыс туралы деректі фильм түсірмекші болып актер іздестіре бастайды. Болат Мүрсəлімнің ойына сол кезде мен сап ете қалыппын. Ол кісі мені студент кезімнен таниды, қолында тұрғаным бар. Суретімді Жəкула болыстың суретімен қатар қойғанда ұқсастық тауып, мені осылайша тауып алды.

– Актердың сəтті таңдалғанына риза-шылық айтуға тиіспіз. Ал қазір режиссер Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Бауыржан Момышұлы» картинасында генерал Сабыр Рахимовты ойнап жатқаныңнан хабардармыз.

– Бұған дейін де Ақан Сатаевтың «Болашақ» фильміне түстік. Жалпы ре-жиссер, ассистенттер өздерінің танитын, жағдайын білетін актерларды кастингке шақырады. Бастапқыда Сатаев мені Есенов дейтін солдаттың рөліне бекіткен. Жұмыстың басталуына бірнеше күн қалғанда түсіру алаңына барсам, осы картинаға тапсырыс берген «Хабар» телеарнасы генерал Сабыр Рахимовтың рөліне мені бекіткендерін айтты. Сабыр Рахимов – Бауыржан Момышұлының оң қолы болған, тарихи тұлға.

– Сені Сабыр Рахимовтың рөліне «Жаужүрек мың бала» фильмі біртіндеп жетектеп алып келген сияқты? Сатаевпен жұмыс істеудің ерекшелігі қандай?

– «Мың баладағы» эпизодтық рөліммен Сатаевпен əріптестігім басталды. Ең бас-тысы бұл кісі актерларға ерік береді. Тəртіп болмаған жерде таланттың да еш мəн-мағынасы болмайды. Рөліңді дұрыс-тап ойнамаудың өзі күпірлік. Сатаев ак-терлардың жанын да түсінеді, жағдайын да жасайды. Төбеңде шатырың, жаныңда шəйің қайнап, астыңда орындығын дайын тұрады. Бас-басыңа – бір ассистент.

– Сатаев тəртіпті жақсы көреді дейсіз. Өнердің тəртіпке бағынбайтын кездері де болады ғой?

– Ол кісі өнер адамдарының кейбір еркеліктеріне кешіріммен қарай алады. Бір байқағаным, актерларды өте сыйлайды, бəрінен жоғары қояды. Егер актерға сенім артып, көтермелемесе ол күткен деңгейден қалай шығады?! Мен басқа да сериалдарға түсіп жүрмін, барлық режиссер актерларына мұндай жағдай туғыза алмайды.

– Түріктердің де бір сериалына түсіп жатқан жоқсың ба?

– Өткен жылы Нұриддин Өзел деген түрік режиссері «Əке серті» деген фильмді түсірді. 16 бөлімді бұл картинаның басы жап-жақсы басталды да, соңы сұйылып кетті. Түрік режиссері қазақ продюсерлерімен қаражат жағына келісе алмай, 4-5 сериясын түсірген соң кетіп қалды. Арғы жағын Виджихи Энер деген оператор түсіріп, ақыры картина оңбады. Бұл сериалда мен басты рөлдердің бірін ойнадым. Дегенмен, сол режиссер арқылы Түркияға тартып кеттім. Есіңізде болса, бұрын «Қазақстан» ұлттық телеарна-сында түрік режиссері Абул Кадыр Жайлан Эденің «Асау жүрек» деген фильмі жақсы жүрді. Басты рөлде Кенан Имирзаоглу ойна-ды. Осы фильмді түсірген режиссер қазақтар мен түріктердің байланысы, туыстық қарым-қатынасы туралы «Шынайы өмір» деген көп сериалы картина түсіріп жатыр. Қазірге 16 бөлімі түсірілді. «Əке серті» маған түрік се-риалдарына жол салып берді.

– Актерлық мамандықты – өнер деп те, бір жағынан тағдыр деп те айтуға болар. Осы соқпақты таңдағаныңа өкінбейсің бе?

– Əкем ауылдың оқымаған əртісі. Домбырасы, баяны, гитарасы бар. Барлық музыкалық аспапта ойнай алады. Біз дүниеге келмеген, əкем үйленбеген тұста

Ақсуат жаққа Алматыдан театр келеді. Қай театрдың гастролі екенін білмедім. Олар ауылдағы көркемөнерпаздар ұжымындағы менің əкемнің өнерін көріп, Алматыға алып кетіп бара жатқан жерінен əжем қуып келіп, əртістің өмірі құрысын деп, кері алып қайтады. Сонда əкем айтады. Əкем, əжем жəне Алматыдан келген режиссер отыр дейді. Əжем: «Баламды өзіме қайтарып бер». «Неге? Бұл баланың болашағын көріп тұрмын, тағдырын біліп тұрмын, актер бола-ды» десе, əжем: «Бұл менің жалғыз ұлым» депті. Режиссер əкеме қарап шынымен жалғызсың ба десе, əжем əкемнің санынан шымшып алады. Құдайға шүкір, əжемнің бес ұлы, екі қызы болған ғой. Бірақ, əкем амалсыз басын изейді. Алайда, əжем осы ісіне өкініп өтті. Қайраттың жолын кескен менмін деп айтып отыратын. Сонымен əкем ауылда тракторист болып қалды. Одан кейін ол кісі іштей бір баласы актер болса деп ар-мандайды. Оны бізге айтпайды. Бірақ, мен өз ынтаммен Алматыға өнер іздеп аттан-дым. Ешкім жолыма кесе көлденең тұрған жоқ. Осыдан бес жыл бұрын анам өмірден озды. Əкем екеуі əңгімелесіп отырып, ай-тады екен: «Қайрат-ау, арманың орындал-ды ғой» деп. Актер болғаныма өкінбеймін.

– Өнерге келу үшін алдымен оған ғашық болу керек. Ол да бір сұлу қыз сияқты, артынан ересің, өміріңді арнайсың. Бірақ, онымен бақытты болар-болмасың белгісіз...

– Бастапқыда «Хас сұлудың көз жасын-дай мөлдір өнер – театр» дегенді білмейміз. 2002-2003 жылдары «Бауыржан-шоуды» көріп, мəз болып, солар сияқты сахналық скетчтерде ойнауды ғана көксеп жүрген кезіміз болды. Кейін 11-сыныпта жүргенде шешеммен қосылып ораза ұстадым. Сонда имам уағыз айтады. Алладан, əсіресе Қадір түнінде, жаңбыр жауып тұрғанда шын сұрасаң орындалмайтын тілегің болмай-ды дейді. Жаңбырдың əрбір тамшысымен періштелер түседі, міндетті түрде тілегің қабыл болады деді. Дəп сол жылы Қадір түнінде жаңбыр жауды, нөсерлеген жауын астында аспанға қолымды созып тұрып: «Е Аллам, мен актерлық өнерді меңгерсем екен!...» деп тіледім. Ақиқатында, Құдайдан шын тілесең, қайтарылмайды екен. Əйтпесе, менде ол кезде алып бара жатқан өнер де жоқ еді, өте бұйығы, ұялшақ бала болдым.

– Қазір де Бауыржан-шоуда ойнауды армандайсың ба?

– Адам өзгереді. Маман Байсеркеновтің курсына келген соң ұстазым ұстанымымды өзгертті. Таза өнерге баулыды.

– Өзіңмен сыралғы емес адам, сені Отеллоның да Хосенің де рөлінде елестете алмайды. Біртоғалығың бар. Бұл сауал-ды қойып отырғаным, тығылып жатқан қабілетіңді Талғат Теменов те ашты деп ойлаймын.

– Біз Маман ағамызға үйреніп қал-ғанбыз ғой. Жастар театрына келген соң Теменовтың тезінен өтуге тура келді. Қарым-қабілетімізді ашты. Үлкен рөлді сеніп тапсырды. Ол кісі мүлəйімсіп тұрған-ды ұнатпайды. Алдында алмас қылыштай жалаңдап тұруың керек. Екі-үш спектакль-ге қатысқан соң Талғат ағаның да жұмыс тəсіліне бейімделіп алдық.

– Ең болмаса бір рөліңді əкең көрді?– «Карменситаның» премьерасы жүріп

жатқанда əкем Алматыға келді. Менің театрдағы тұңғыш басты рөлім – Хосені көрді. Оған дейін менің үлкен қалада қандай тіршілік кешіп, не тындырып жүргенімді білмейтін. Спектакль біткен соң келіп, маңдайымнан иіскеп, ризашылығын үн-түнсіз білдірді. Көзіне жас келгендей бол-ды. Мен мұны «балам алға жүре бер!» деген ишара сияқты қабылдадым.

Əңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ.

АЛМАТЫ.

ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА

Белді театр – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық бала-лар мен жасөспірімдер театрының маңдайалды актерларының қатарына бір дем-мен қосылған Мақсат Сəбитовтың қанжығасында салмақты рөлдер бар. Бұл күндері режиссер Ақан Сатаевтың «Бауыржан Момышұлы», режис-сер Талғат Теменовтың «Судағы із» картина-ларына қатар түсіп жатқан актерды сəті түскенде сөзге тартқан едік.

«Кейіпкердің қасиеті жұғады»

Мақсат СƏБИТОВ:

Жұлды

здар

жарығы

Өлі риза болмай тірі бай-ымайды» демекші, бізді таныстырған бөлемнің қа расы

болатын. Сол бөлеміз, яғ ни Құмарғали аталарын соң ғы сапар ға шығарып салуға жиналған сегіз-тоғыз баласынан та раған немерелері, жиендері, шөберелері жылап-сықтағанда, сай-сүйегіңді сырқыратады.

Құмарғали бөле өте қарапайым, кішіпейіл адам еді. Балалары мен қыздарының барлығы да институтта-рын бітірген, көбісі Атырауда тұрады.

Қарасын, үшін өткізуге келген бес-алты қарттармен дəлізде əңгімелесіп, ішінара танысып та алдым. Бізге жақындау жерде бес-алты бала ой-нап, өзара күресіп жүрген, бір уақытта қасымдағы шал:

– «Молодец, Банзай!» – деп дау-сына мақтанышты рең бере үн қатты. Таңғалдым. Өйткені, алғашқы сөзі өзіміздің күнде естіп жүрген орыс сөзі де, ал «банзайы» кітаптардан ғана оқыған жапондардың ұраны еді. Менің таңданғанымды көрген қарт басын шалқайта келіп күлді де, бес-алты жа-понша сөздерін тағы да қыстыра отырып:

– Қонағым, таңданбаңыз. Менің есімді білген жастық шағым түгелдей жапондар арасында өтті. Орыс тілін жүре бара, ал қазақ тілін 1959 жылы елге оралғаннан кейін ғана үйрендім, – деді.

– Ол жаққа неге бардыңыз?– деп сұрадым.

– Адамның басы – Алланың добы, – деген. Сұрап отырсың ғой, ендеше тыңда. Мен де бір шерімді тарқатайын, – деп əлгі қарт əңгімесін бастады.

– Аты-жөнім – Аманқос Ермеков. Мен дүниеге келген күннің ертеңіне, 1942 жылы əкем Ермек Қабдолов Атырау облысындағы Яманка деген аудан орталығынан соғысқа алынып, атты əскер полкінде болған. Сұрапыл соғыстың бір сəтінде қасындағы 200 жол-дасымен қоршауда қалып, немістер олар-ды тұтқындаған. Үш жыл Германияда бо-лып, тек соғыс біткесін ғана елге оралған.

1946 жылы елге келісімен қайта тұтқындалып, Сібірге жиырма жылға жер аударылды. Анам Балсұлу Қабдолова əкемнен қалғысы келмей үлкен ағам Қырым мен мені алып, жолға жиналды. Бірақ анамның аға-інілері кетуіне қарсы болып, енді жүргелі жатқанда біздерді, анамды арбадан күштеп түсірді. Əкем өте əлді жəне анау-мынау жөнсіздікке төзбейтін адам еді: – Балсұлу сіздердікі, бірақ балаларда шаруаларың болмасын, – деп біздерді екі қолтығына қысып, арбаға қайта отырғызды.

– Қош, Балсұлу, бұл біздермен соңғы кө рісуің болар, – дегені сол еді, мына сөз -ді ести сала, ағаларының қолынан жұл -қынып шыққан анамыз арбаға қайта мінді.

Есімде қалғаны – барлығымызды мал тиейтін лас вагондарға отыр ғызғанда, қасымызда аяғын əзер басатын көршіміз Бердіғали Қапашев əйеліне сүйеніп жүрді. Əйелі көрікті, жас болатын.

Екі-үш күн өткесін, жұрт ашыға бастады. Ас жоқ, қанып ішетін су

жоқ. Вагон іші лас, сасық иіс мүң ки ді.

Жағдай қиындады. Пойыз көбі несе да-лада тоқтайды. Ондайда вагон нан түсуге

күзетшілер рұқсат етпейді. Вагон ішінде ересек адамдар бас қосып, қайткенде де бала-

ларды аман алып қалу қамына кірісті. Қайдан табатындарын

білмеймін, əйтеуір кіл кішкентай балаларды қатар отырғызып

қойып қалжауға бірдеңелер тауып береді. Суды да бір-екі

жұтымнан ғана таттырады. Осындай күндердің бірінде əлсіреп қалғып кеткен мені

əйелдің шыңғырған дауысы оятты. Көршіміз Бердіғали ағаны

əйелі құшақтап, дауыс қылып:– Енді қайттік? Бит-құрт болып, елсіз далада өлетін

болдың ғой. Бұл құдайға не жаздық... – деп жылап отыр.

Əйелі ауыр аяқты еді. Біз деп отырғаны болашақ баланы

айтып отырғаны екен. Жұрт жиналып қалды. Бір уақытта

Бердіғали есін жинап:– Айгүл, сен жылама. Балаларды қорқытасың. Пешенемізге

жазғанды көрерміз. Тек маған бірер кесе ыс тық шай керек, –

деді. Есі кіресілі-шығасылы ауру адам, біздің бар лығымыздың

шай түгілі бір жұтым суға зар болып келе жатқанымызды

қайдан білсін. Сəл үнсіздіктен кейін, қайтадан:

– Шай берсеңші, – деп үздікті.Айналасына жалтақтап, алас ұрған келіншектің тілегіне

орай, жүрісі баяу лап келе жатқан пойызымыз бір стансаға

тоқтады. Күзетші айқайлап, əр вагоннан екі кісіден ғана ба-

рып, су əкелуге рұқсат берді. Боларда болмай, əкеммен бірге

манағы келіншек су əкелуге кетті. Айқыш-ұйқыш көптеген

темір рельстерінен аттап өтіп, олар бізге үш-төрт шелек су

əкелді де, бір уақытта əкем:– Бердіғали, сенің жараңды қайта байлайын, бəйбішең

саған шай қайнатып жатыр, қазір əкелер, – деп оның басын

көтерді.– Ай, Ермек-ай, бəрін вагон қабырғасындағы тақтайдың

жарығынан көріп жатырмын. Қайта-қайта отты үргіштеп

жатыр, өзі иісшіл еді, иіс тиіп қалмаса жарар еді, – деген-

де көрші ағаның көзіне жас келді. Əкем мені: «Зерделім»,

деп еркелететін. Бəрін білгім келетін құштарлығым жеңді

ме, мен де тақтайлардың жарығынан көрші апаға қарадым.

Сөйткенше болмады, тасыр-түсір көбейіп, бос жолдарға ұзын-

ұзын вагондары бар пойыз келіп тоқтады. Бұған ешкім көңіл

бөле қоймады, себебі, кейбір станса, даладағы үйшіктерге де

біздің пойыз бес-он сағаттап тұра беретін. Кенет, Бердіғали

ағаның аяғын таңып бітірген əкем вагон есігіне бара берген-

де, пойызымыз қозғалып, жүре берді. Əкем есіктен сыртта

қалған келіншекке: – Қарағым, қолыңдағыны лақтыр, əкел

қолыңды, – деп айқайлады.– Бердіғалидың шайы ғой, алы ңызшы! – деуге ғана шама-

сы келген келіншек сүрініп кетіп, мұрттай ұшты. Келіншектің

күйеуі:– Ермек, мені пойыздан лақтыр, мынау ұшан-теңіз Тайгада

ол менсіз қалай күн көреді, – деп ұмтыла бере құлап, есінен та-

нып қалды. Тақтай-вагонда малдарға шөп салуға жасалған биік

астау болатын. Басымен соған соғылыпты. Ерлі-зайыпты екі

адам осылайша қиырда құлап, тағдыр оларды айырып тынды...

Əкем кейін: – Біз кеткенше басын көтермеді. Ауыр аяқты

адам ғой, Айгүлге, сірə, қате болған шығар, – деді.

Ес-түссіз жатқан Бердіғалиды орнына жатқызып, əкем

түнімен қасында болды. Таң ата анама Бердіғалидың пышағын

беріп жатып, «өзі сұраса да берме», – деді. Ертеңіне есін жиған

Бердіғали анамнан: «Тырнағымды алайын деп едім, кеше

пышағымды Ермекке беріп едім, бəкімді əкеліп берші», – деп

өтінді. Анам үндемеді. Бердіғали əкелген тағамға қарамастан

теріс қарап жатып алды. Кешкісін қасына келген əкеме:

– Менің аяғым иістене бастады. Енді сендерге масыл

болатын түрім бар. Немістерге тұтқынға есім танып қалып

қапыда түстім. Енді сол қателігімді түзетейін, бəкімді бер,

– деді. Əкем:– Бердіғали, өле қалу екеумізге де оңай. Сен барлауда

болған жауынгерсің, не болса да бірге көрейік, «Өлгеннің

артынан өлмек жоқ». Айгүлдің топырағы торқа болсын,

жақсы кісі еді ғой, – деді. Екі дос құшақтасып, ұзақ жы-

лады. Ұзақ əңгімелесті. Не айтқандарын қайдан білейін,

бірақ əкем досының қаруын қайтып берді. Қаруы дейтінім,

кейіннен өзіне тап берген аюды Бердіғали осы пышағымен

жарып өлтірген еді. Бұл енді өз алдына əңгіме...

Біз бұл жолы Сахалиннен бір-ақ шықтық. Дəрігерлердің

арқасында, көршіміздің аяғы да жазылды, тек аздап сыл-

титын болды. Көршімізді емдеп, жазған хирург, украин

жігіті – Тищенко бұл жаққа əйелі неміс болғандықтан

жер аударылған екен. Жан-жаққа бөлгенде, біздің келген

жеріміз ну тоғайдың іші, толған адам. Бұлар тұтқындалған

жапондықтар екен. Істейтін жұмыстары – ағаш дайындау,

жатақханалар, ағаш кесетін цехтар салу.Біз ашық аспанның астында қалдық. Тірі адам

тіршілігін жасайды. Бір-екі күнде көп адам жиналып

күрке жасап, кіріп алдық. Сегіз жастағы Қырым ағам

екеуміз құрылысшыларды аралаймыз. Қайда барсақ та бұл

адамдар біздің басымыздан сипап, тағамдарын ұсынады.

Етегімізге жинаған əлгілердің түрі бөлек, қалай жейтінін

де білмейміз. Барлығын анамызға алып келдік. Шешеміз

де таныс емес тағамдарға таңдана қарап: – Қайтсін. Бұлар да Алла тағаланың жаратқан

пенделері ғой. Түрлері бізге ұқсас екен. Бала-шағаларын

сағынып жүр екен ғой, – деп жанашырлық білдірді.

Біздің адамдарды жұмысқа жұмсайтын жапон инженері

келіп, өзін Ямото деп таныстырды. Анамның алдындағы

тағамдарға бір, бізге бір қарады да, кейбіреулерін ар-

шып, кейбіреулерін сындырып, қалай жейтінін көрсетті.

Əкеммен орысша сөйлесіп, барлығын басқа жаққа

жұмысқа алып кетті. Анамыз асханаға орналасты. Асхананы жапон

инженерінің əйелі басқарады екен. Қырым екеуміз

таңертеңнен кешке дейін жапондардың арасында боламыз.

Тұтқын деген аты болмаса, бұларды мылтықпен айдап

жүрген ешкімді көре алмадық. Кейін білдік – бұл жақта

қашып ешқайда бара алмайсың. Лагерьдің бір жағы – теңіз,

ал құрлық жағынан, алыстан темір-тікенек сымдармен

қоршалып, күзет бекеттері қойылған болып шықты. Темір

торларды анда-санда тек ұйыққан аюлар ғана бұзып кетеді

екен. Бердіғали ағаға кезіккен сол аюлардың бірі болыпты.

Ал теңізді алыстан катерлер күзетеді. Не көп – бұл жақта жеміс-жидек мол болды. Бала-шаға,

қолы бос əйелдер ағаш қалдықтарын өртейді, қайтарда

тоғайдан жеміс-жидек тереді. Ал жапон балықшылары

асханаға балық, теңіз шаяндарын, балдырларды күнбе-күн əкеліп отырды. Біз – Қырым

екеуміз таңертеңнен балықшыларға барып, со-

лармен теңіз жағасында балық сорпасын ішеміз, шаян пісіріп

жеп, балдырларды ас етеміз. Əйтеуір, тамағымыз тоқ. Үйге

қас қарая келеміз. Жапондар бізге тіл үйретеді, əн жаттатады.

Өз балаларындай көреді. Сол жылы күзде Қырым ағамды алыс жерге, интернатқа

оқуға жіберді. Ал 1947 жылы дүниеге Аманай келді. Сөйтіп,

біз бір үйде үйелмелі-сүйелмелі үш жігіт болдық. Бұған əкем

қатты қуанды. Алайда, үш жыл немістерде тұтқында болу,

соңғы жылдардағы Тайгадағы ауыр жұмыс əкемізді жазыл-

мас ауруға ұшыратты. 1948 жылдың жазында Бердіғали аға

Қырым екеумізді ауырып жатқан əкеміздің қасына алып келді.

Əкем біздің басымыздан мейірлене сипады да, шешеміз бен

Аманайға бір қарап, досына:– Балалар саған аманат, – деп келмес сапарға аттанды.

– Əкемді жапондар моласының шетіне жерледік. Басына

емен ағашынан белгі қойдық. Үш жылдан кейін анам Бердіғали ағамен отасты. Ол кісі

бізге қамқор бола білді. Інілеріміз Михаил (Мəлік – 1951 ж.),

Александр (Сəлік – 1955 ж.), Аманжол (1958 ж.) дүниеге келді.

Ол жақта балаларды тіркегенде тек орыс есімін ғана береді

екен. Бердіғали ағаға елге қайтуға 1959 жылы ғана рұқсат

етті. Ол кездердегі елдегі колхозшылардың жағдайы да мəз

емес еді. Бірақ «Өз балаң өзегінен тепсе де кетпес» деген ғой,

елге келгенге қуандық. 1960 жылдың демалыс күндері нің бірінде Бердіғали

аға анам екеумізді ертіп, Атырау қаласына бар дық. Керек

жарағымызды алып, автобусымызға бағыт алғанымызда ту

сыртымыздан:– Бердеш! Тоқта, жолығайық, – деген дауыс естілді.

Артымызға бұрылғанда, қасында балаң жігіті бар баяғы

Айгүлді тани кеттік... Бұл жағдайды сөзбен жеткізу мүмкін

емес. Көшенің қақ ортасында аңырап құшақтасқан үшеуіне

қарап біздің көзіміз жасқа толды.Сəлден кейін Айгүл:– Борис, бері кел, əкеңмен таныс, – деді.Арада он үш жыл өткенде, əке мен бала осылайша та-

бысты... – Сол күні барлығымыз Айгүл апаның үйінде болдық.

Ауладағы кішкентайлау үйде таң атқанша əңгіме басылмады.

Апамның айтқаны:– Пойыздан қалып қойып, есінен танып жатқан жерінен

Айгүлді стансадағы ауруханаға жеткізеді. Сəті түсіп, бала

аман-есен дүниеге келеді. Қолында еш құжаты жоқ балалы

жетім əйел сол ауруханадағы жұмысшы, əйелі өлген, егде

бурятпен тұрмыс құрады. Ол кісі өлер шағында Айгүлге:

«Есің барда еліңді тап», – деген. Сен де еліңе бар», – деп

тапсырған екен.Күйеуін жерлеп, олардың Атырау қаласына келгеніне де

көп болмаған. Кейіннен жағдайымыз дұрысталып, екі атадан

көрінген оншақтымыз жеке-жеке түтін тұтаттық. Бердіғали

аға 1983 жылы 82 жасында, аналарымыз – Балсұлу мен Айгүл

1990 жылы 78 жас тарында о дүниеге өтті, – деп аяқтады

Аманқос ақсақал əңгімесін.Қарттың жоғарыдағы əңгімесі мені қатты ойға қалдырды.

Үйге келген соң, бұл оқиғамен оқырмандарды таныстыруды

жөн көрдім.

Амангелді ҚҰРАҚОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ОРАЛ.

Жапондар арасында ґткен жастыќ шаќ

ЌИЛЫ

КЕЗ

ЕЅ

«

Замана запыраны

Page 14: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz14

Елбасымыз «Қазақстан-2050» страте-гиялық бағдарламасында: – Ана мен бала-ны қорғау, елімізде бала туу санын арттыру жəне ана мен баланы əлеуметтік қолдаудың міндеттерін белгілеп берді. Сөз жоқ, бұл ел болашағына деген қамқорлықтың бір шарты болып табылмақ.

Біз осы бағыттағы аудандағы ана мен бала денсаулығы, соның ішінде іңгəлап дүниеге келіп жатқан сəбилердің жағдайын білмек болып, перзентханаға бас сұқтық. Өкінішке орай, перзентхана бөлімінің жетекшісі еңбек демалысында екен. Бірақ, есесіне ауданда 40 жылға жуық уақыттан бері дүниеге келген сəбилердің «кіндік шешесі» атанып жүрген абзал жанды жолықтырғанымызда нағыз кейіпкерімізді тапқанымызды білдік.

Басқа ұлт өкілі болса да, қазақ тілінде ағып

Кіндік шеше тұрған Надя апайды (Надежда) аудандық перзентхананың жылнамасы деуге болады.

– Осы аудандық перзентханада жұмыс істегеніме тура 37 жыл 4 ай болды. Ауда-нымызда негізінен қазақтар тұрады. Сондықтан қырық жыл ішінде мыңдаған қаракөздердің кіндік шешесі атандым. Сол кіндігін кескен сəбилер бүгінде ата-ана ата-нып отыр. Енді мен кіндік шеше емес, кіндік əже атана бастаған жайым бар. Əрідегіні есептемегенде, 2000 жылдан бері 664 сəбидің дүниеге келген қабылдауын жасадым. Соның 16-сының кіндігін өзім кестім. Енді ол бала-лар маған тартады ғой, – деп күлді Надя апай.

– Бөлім меңгерушісі еңбек демалысында болғандықтан, кейбір статистикаға жауап берейін. Биылғы жеті айда сегіз ауылдық округте 90 сəби дүниеге келді. Соның 40-ы Қазталов ауылының үлесінде.

Перзентханаға аяғы ауыр аналарды алдын ала есепке алады. Оларға түрлі кеңестер беріліп, дүниеге келер сəбидің денсаулығының қалыпты болуы үшін емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, тұңғыш перзентін дүниеге əкелетін аналарға көбірек ақыл-кеңес беріледі.

Міне бүгін Д.Ерденова атты жас ана өзінің тұңғышын дүниеге əкелді. Ана да, сəби де қалыпты жағдайда.

Сəбилердің жарық өмірге келуіне атсалы-сып жүрген гинеколог дəрігерлер И.Ниязова, А.Баев жəне акушерлер Ғ.Жасқалиева, Ғ.Бөрекешова, Р.Хайдаровалардың есімдерін атауға болады.

– Ата-анаға балаларының өмірге кел-ген қуанышын ең алғашқы болып жет-кізетін біздер. Шаршағанымызды осын-дай қуаныш тан кейін ұмытып та кетеміз,

– деп аяқтады əңгімесін Надя апай.Өткен жылы аудандық газетке Мұғамила

деген ардагер ана Надя апай туралы мақала жазды. Ол мақалада Надя апайдың ата-анасы қайтыс болған жетім баланың оқу ақысын өз қаражатымен төлеп отырған ізгілік ісін көрсеткен еді.

Қазіргі күнде адамдардың бөтен түгіл, туғанына қолұшын бермейтін кезде, Надя апайдың иманды ісі – нағыз адамшылық қасиеттің биігі деуге болады.

Қазақ сəбилердің кіндік əжесі атанған, жоғары санатты акушер Надежда Степановна Гефнидер осындай абзал жан.

Гүлфия КӨШБАЕВА.

Батыс Қазақстан облысы,Қазталов ауданы.

Суретте: Надя апай тұңғышы дүниеге келген Динарамен бірге.

АДАМДЫҚ АЙНАСЫ

Қ а з а қ р у х а н и ə л е -міндегі небір майталман тұлғалардың көптеген та-быстары олардың шаңы-рақтарындағы отан а сы-ның кісілігіне тікелей бай-ланысты болып келеді. Он дай апаларымыздың өз еңбектерін міндетсінбей, бай қаусыз күйде, қалта-рыста қал ғанды жөн көре-тіні тағы бар.

Бұл жолғы кейіпкерім − Қыздаркүл Пернебайқызы, жазушы Мархабат Байғұт-тың жан жары. Жазушы ағамыз еркелетіп «Қыздан» деп қояды. Ол кісімен алғашқы ұшырасуым əлі күнге есімде. «Лениншіл жаста» жұмыс істеп жүрген кезім болатын. Шымкент шаһарына же ке шаруам-мен келгенімді айтқан едім. Махаң: «Үйге жүріп, жеңгеңіздің қолынан дəм татыңыз», – деді бірден. «Демек, ағамыздың жары жомарт жан екен ғой...», –дегендей ой қылаң берді миымда. Бес қабатты үйдің подъезіне аттап кіргеніміз де сол еді. Риясыз жымиған күйде бір келіншек баспал-дақпен жайлап түсіп келе жатты. Жымиғанда да тура маған қарап жымия-ды. Махаң «ə» деп аузын ашып та үлгермеген еді. Əлгі кісі маған тақап келіп, ерекше жылылықпен: «Ат-көлік аман-есен жеттің бе, айналайын!», − деді де маңдайымнан сүйді. «Біздің үйдегі жеңгеңіз», − деген сөздер содан кейін ғана құ ла ғыма шалынып жат-ты. Ашық-жарқын мінезді талай апа-əпкелерімізді көрген сияқты едім. Бірақ мынау қарсы алыстың жайы мүлдем бөлекше еді.

– Ақлима деген сіңліңіз дəл қазір үйде, қарсы алады. Мен шамамен бес-он минут-та келіп қалармын,− деді де жүгіре басып жөніне кетті. Айтса айтқандай, үйдегі балалармен танысып, аман-дасып, дастарқанға жай-ғасқанымыз да сол еді. Қыздан əпкеміз іле-шала келіп қалды. Сөйтсек, істің мəн-жайы былай екен.

Жазушы ағамыздың жағ-дайын толық жасап, бала-лардың тəрбиесімен нақты түрде айналысуды өзінің ең басты парызы əрі содан ту-ындайтын қорытындыларды өз бақытының негізі деп ой түйген Қыздан əпкеміз, Шымкент қаласына көшіп келі сімен, отбасының тұрмыс-тіршілігі үшін ең қолайлы де-ген жұмысты іздейді. Онысы жəне табыла кетеді. Дəлірек айтқанда, үйдің қасындағы пошта бөлімшесінде же-делхаттарды тасу қызметі. Кезекті жеделхатты шұғыл түрде жеткізу керектігі тура-лы қоңырау шалынса бітті, ол кісі құстай ұшып барып, əлгіні иесіне табыс етіп, құстай ұшып үйіне қайта келеді. Ол үшін берілетін айлығының мардымсыз екендігіне де көңіл аударып жатқан жеңгеміз жоқ. Ең бастысы – қолайлы да адал жұмысты шаңырақ ша руаларымен ұштастыра жүргізу. Айта кеткен жөн бо-лар: Пернебайқызы мектепті ойдағыдай бітірген. Ауылдық кітапханада он жыл істеп, үздік кітапханашы атанған. Шымкентте кітапханашылық орын табылмаған. Сонау Түл-кібастан облыс орталығына көшіп келіп, балаларының бұғанасы қата бастаған тұс-та Махаңның: «Қыздан, қала-ған оқуыңа сырттай болса да түсіп алсаңшы! Бəлкім, басқа жұмысқа ауысқың ке-лер?!», − деген тектес ұсы-ныс тарына: «Сіздердің жағ-дайларыңызды жасап отыру-ыма осы жұмысым қолайлы. Басқа оқу бітірсем, соған сай қызмет ауыстырғым келіп, сіздердің күйлеріңіз кетіп

қалар. Уақытша осы жұмыста жүре тұрайын», − деп ыңғай бер-меген көрінеді. Демек, өз өмірін отбасының бақытына басыбүтін арнамақты жөн санаған екен.

Қонақ ретінде аспаздық ше-берлігіне мін таға алмай мен отырмын. Шай ішпекке шақы-рылғанымды, көп болса, бір жарым сағат бұрын естіген шығар. Алайда, алдымызға келіп жатқан тағамдар тізбегі құдды бір тəулік бұрын ха-бардар болған жанның тірлігіндей. Бар жүрек жылуымен, шын ықыласымен əзірлегені тағамының əр түйірінен аңғарылып жатты. Қыздан əпкеміз қонақ бөлме мен ас үйдің арасында бейнебір аяғының ұшымен басып, тіпті қалықтап жүргендей əсер қалдырды маған. Сұйық сорпа істемек болып

қазан құлағына жармасқанымда, соңынан оның қою тамаққа ай-налып кететіні; бірде тұзы кем, енді бірде артық болатыны есіме түсіп, іштей өз-өзімнен қысылып-ақ отырмын. «Қап, осыдан барған соң аспаздықтың қыр-сырларына жақсылап үңілмесем бе?!», – деп, өз-өзімді қайрап қоямын. Яғни, əпкеміз бұл салада, бір ауыз сөз қатпастан, маған ұстаз болып отыр ды.

Біздің таныстығымыз, соған жалғас отбасылық аралас-құра-ластығымыз өрбіген сол бір кеңестік дəуірде Мархабат аға Ба й ғұт Қазақ стан Жазушылары одағының Оң түстік облыстардағы бөлімшесінің басшысы болатын. Қолына қалам ұстаған ағайынның Оңтүстік өңірге барғысы келіп тұратыны ақиқат еді. Сондай келушілердің ішінде өздеріне туған бауырдай болып кеткен əрі отбасы болып араласатын ақын-жазушыларды құрақ ұша қарсы алып, Махаңның тұтас отбасы бір жасап қалысатын еді. «Ақын-жазушыларды үйге апара жатыр-мын. Жағдайың қалай еді?» − дей тұра, Жазушылар бөлімшесінің бастығы телефон сымының келесі жағынан айтылар жауапты шама-лап сезетін болған-ау, сірə. «Ер-тіп келе беріңіз. Бір мəнісі бо-лар». Осылай десімен, Қыздаркүл əпкеміз қос бөлменің арасында балаларымен қосыла тапырақтай жүгірісіп, дайындықты бастайды да кетеді.

Кезі келгенде өткір пікір лерін қиюын тауып айта алатын, ба-сына шыққысы келгендерді та-банда «бастапқы орнына» түсіре қоятын, аярлықтың асқынған түр леріне кезіккен сəтінде оның иесін ұтқыр сөздерімен «кісендеп тастайтын» жазушының жары − мəселе Махаңның мəртебесіне келіп тірелген кезде барынша жұмсақ əрі жомарт-ақ. Осы бір қонақжай шаңыраққа отанасының ұқыптылығы мен үнемшілдігінің қаншалықты ырыс-береке бо-лып дарығанын шамалау қиын емес. Расында, үйдегі əрбір заттан жазушының жарының алақан жы-луы сезіліп тұратын. Шаңырақтағы көрпе-жастықтан бастап, тере-зе перде, неше түрлі жапқыштар дейсіз бе, бəрі де Қыздан əпкенің шығармашылық еңбегінің жемісі еді. Бірін тоқиды, екіншісін тігеді дегендей... Өзі айтқандай, айна-лып келгенде мұның бəрі де − Махаңның шаңырағының берекелі де шуақты болуы үшін жасалған əрекеттер. Отағасының тапқан

əр бір табысын екеу ету, ұқсата білу!

Сол алғашқы танысқан жаздық демалысымда, əпкеміз Ақлима екеумізді Түлкібасқа ертіп бар-ды. Былайша айтқанда, бейресми сапармен... Ерлі-зайыптылардың екеуі де осы ауданның төл перзенттері болғандықтан, əпкеміз өз жұртын да, қайын жұртын да ар-мансыз аралатты. Бір шаңыраққа қона жатып қонақ болып, екінші үйден түстік ас ішсек, келесі шаңырақтан бал татыған қымыз ішіп сусындаймыз дегендей... Аса риза болғаным, үй сайын ұқыптылық, жинақылық, тұрмысқа өте бейімділік аңғарылып жат-ты. Бейнебір, Түлкібастың сұлу табиғатына тұрғындарының ыждағатты тұрмыс-тіршіліктері

үйлесе кеткендей. Жаратушымыз жарылқағай сондай жұртты!

Келесі баратын үйіміз Кеңес өкі меті кезінде «Ванновка» деп аталған, аудан орталығы түбіндегі бір бөлімшеде екен. Жаяу − алыс емес. Жарты сағат көлемінде жетіп қалуымыз мүмкін. Жүріп келеміз. Маужыратар мамыр өтіп, күн апта-бы қыздырған маусым келіп кірсе де, Түлкібастың құйқалы өңірі өзінің алабөтен бояуын берместен, ерекше тамылжып тұр еді.

«Не деген керемет күн!Жаныңа бəрі даяр не керектің:Көрінеді гүлдердің бүр жар ғаны,Естіледі ұшқаны көбелектің.Не деген керемет күн!», –деп Мұқағали ақын жыр ла-

ғандай, жан сарайыңды ашар, таңғы бір уыз шақ болатын. Бір кез-де қарасақ, үстіне қатарластырып темір бөш келерді қойып тастаған бір ат арба өтіп барады екен.

− Мына кісі бізді ала кетпес пе екен?! − деп, айтып аузымды жи-ға ным ша, тізгін ұстап отырған кісі «дыр-р-р» деп арбасын тоқтата қал сын.

− Отырыңдар, қарақтарым. Мына ауылға сүт жинауға бара жа тыр едім. Əзірге жүгім жоқ. Арба жеңіл. Анау орындыққа жай-ғасыңдар, − деді ауылдардан сүт жинайтын ата. Орындық дегені қап талдата қағылған жіңішке бір тақтай екен.

− Қой, мынаған отырамыз деп, арбаның дөңгелегіне түсіп қа-лармыз. Одан да осы бөшкелердің үстіне жайғаспаймыз ба?! − дедік те, дереу бір-біреуін иемденіп, отыра қалыстық. Ойлы-қырлы жерлермен жүргенде арба едəуір секектейді екен. Бос темір бөшкелермен бірге біз де əлсін-əлсін «секірудеміз». Ауыл арбасы-на шулай жабыса, жапа-тармағай

мініп алатын балалық шағымыз ойымызға оралды-ау деймін. Əпкем екеуміз мəзбіз.

− Дəл қазір балалық шағым есіме түсіп кетті, − деді ол кісі жауқазын жылдарына қайта оралғандай болған өзінің қазіргі кейпінен қысыла күлімсіреп. − Шағын ғана шелегім болатын. Соны бұлақтың суына толты-рып алып, шыр көбелек айнала қуанушы едім. Шелекті көлденең ұстасам да, бір тамшы суын жерге тамызбағаныма мəз болатынмын. Сөйтсек, оның сыры физикалық заңдылықта жатыр екен ғой. Оны кейін мектептен білдім.

Осылай əңгімелесе отырып біз Азаттық ауылындағы Махаңдардың өз қолдарымен тұрғызған алғашқы үйлеріне бардық. Үйдің əрбір кір-

піші дерлік өз иелеріне біткен мал-мүліктің табанақы, маңдай терімен келгенін айғақтап тұрғандай. Жазғы сəкіде отырмыз. Бір көшеден кейін, ауылды қақ жарып, Шымкент пен Алматыны жалғастыратын күре-тамыр жол өтеді. Əлсін-əлсін ауыр «Икарус» автобустарының тоқтап барып, жүрісін жалғастырған ыш-қынысты дыбыстары құлаққа ке-луде. Қыздаркүл əпкем күлімсіреп алып, келесі əңгімесінің шетін шығарды.

− Ағаң ауданда біраз жыл жұмыс істеп барып, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне қызметке ауысқан еді ғой. «Балаларды жал-дамалы пəтерден пəтерге көшіріп, сандалтпайын», − деп газеттен отбасымызға пəтер берілгенге де-йін, бес жыл Шымкенттен қаты-нап жұмыс істеді. Дүйсенбіде, жұмысына кешікпеуді ойлап, таң алакеуімнен жолға шығады. Жұманың қою қараңғысында қайта қауышамыз. Сондағы бір қызық жайтты айтайын ба? − деп, ол кісі əуелі қысыла бір күліп алды. − Бағана байқаған шығарсың, əлгі үлкен жолдың біздің үйге өкпе тұсында аялдама бар. Əрбір жарты сағат сайын ПАЗик ав-тобусы тоқтап, жолаушыларын түсірген соң, жүрісін жалғастырып жататын. Сонда ауладағы ұшы-қиырсыз жұмыстарымды атқара жүріп, жұманың кешінде тоқтай өтіп жатқан автобустарға бар зейініммен құлақ түре жүруші едім. Сенесің бе, сонда мен Махаңның қай автобустан түскенін көліктің тоқтаған үнінен танитындай едім. «Осы жолғысынан түсті», − деймін өз-өзіме. Жеті-сегіз минуттан кейін жымия басып, кіріп келе жата-ды аулаға. Мүмкін, Алла солай сездіріп қойған шығар маған... Ол

кісінің əрбір келісі керемет мере-ке болатын бізге. Балаларының қуанғанын көрсең! Сөйтіп, жұма сайын жол қарай, күтіп жүретінбіз. Сағыныш деген жақсы екен ғой. Кісіні жаңғыртады, тазартады...

Махаңдардың отбасы үшін Азаттық – ерекше мекен. Ол – Қыз даркүл Пернебайқызының өскен ауы лы, ерлі-зайыптылық өмірлерінің бастау алған бесігі. Жəне... Қыздаркүл ананың бүкіл жан дүние, болмысымен Хақты тануға бетбұрысты қадам жасаған жері. Нақтылай айтқанда, «Туған жерге туыңды тік!», − деген мақсатпен, Азаттықтағы осынау отау үйлеріне үлкен ұлдары Баубекті отбасы-

мен қоныстандырғанын, əдебиет пəні мұғалімінің өзі араласқан ор-таларда терең иман, адал еңбек, көркем мінезімен айрықша сыйлы да сүйкімді бола білгенін, содан кейін, иə-иə, содан кейін... қапыда мерт болғанын жазушы ағамыз өз шығармаларында жан-жақты жəне терең түрде талай рет қамтыған болатын. Көлденең көк аттыдан да қолынан келген көмегін ая-май, жауынан да жақсылық күтіп тұратын осы бір пəк ниетті жанның қазасы оны сəл ғана білгендердің өзіне де аса ауыр тиген еді. Сырт адамдардың өзіне солай болғанда, туған ананың сондағы жайын елес-тете беріңіз... Қыздаркүл əпкеміз осындай сəтте өз басынан қандай жайларды кешіргенін кейінірек маған сыр етіп баяндаған еді.

– Алғаш естігенде, опыры-лып түскендей болдым... Дауыс шығарып енді жылай берем де-генде, есімнен танып бара жатыр екенмін. Сабырға келу керек екенін ұғындым. «Лə илəһа иллəллаһ, Лə илəһа иллəллаһ!», − деп жүретін жандардың қатарынанбыз ғой. Бұрыннан-ақ. Баубегімді шығарар күні осы кəлима сөздерді се-кунд сайын қайталаумен болдым. Əлсін-əлсін талмаусырап, өзімді-өзім жоғалтып ала жаздаймын. Кейде жылай да алмай, үнім де шықпай қаламын. Есіл-дертімнің бəрі «Лə илəһа иллəллаһқа» ауып кеткендей. Онсыз да бұрыннан: «Алла!» деп, Махаңның əкелген шариғат кітаптарын оқып жүруші едім. Сол жолы бір нəрсені анық түсіндім. Адамның өмірі де, өлімі де, тағдыры да..., бəрі-бəрі бір Алланың қолындағы іс екен. Қазір де ұлым есіме түскенде көз жасым өз-өзінен төгіліп кетеді. Бұл тек

− сағынғанымның белгісі. Алланың жазуына, пəрменіне қарсылығым емес. Ислам туралы бұрын оқыған кітаптарыма қайтадан ден қоя бас тадым. Бұрынғыдай емес, бір Алланың бізге бұйырғандарын жете түсіне бастаған сияқтымын. Біртіндеп намазға келдім...

Содан кейінгі жылдары бір кездескенімізде Қыздан əпкеміз:

− Тағы бір айтпағым, келінім Ақбөпеге екі дүниеде де риза-мын. Екеуі бір-бірін шын сүйіп еді. Түтінін түтетіп, «Баубектің шаңырағы» дегізіп отыр. Шүкір, Баубегімнің соңында тұяқтары қалды. Енді, солар аман болсын, деп, Алладан мың жалбарына тілеймін! − деген болатын.

Шынайы хадистерде айтыл-ғанындай, бір Аллаға иман келтіріп, намаздарын оқып, Оразасын ұстап, зекеті мен садақасын берген əрі күйеуі дүниеден өтер-өткенше оған риза болған əйелдің барар жері Жұмақ екен. Алла біздің бүгінгі кейіпкерімізге де мəңгіліктің сон-дай бақытын нəсіп еткей.

Бір жолы, əзілге бұра отырып, жазушы ағамыздан кітапханашы қызды қолына қалай «қондыра» алғанын сұраған едім.

А л , ш ы н ы н айтсам, əйелдер «образындағы» а д у ы н д ы м і н е з штрих тарын басқа заман-дастарымыздың болмысы-нан да теріп ала бе рем, – деді Махаң жымия.

Соңғы бір əзірде сə -лем де се барғанымда Қыз даркүл əпке:

− Қарап отырсам, уа қыт өз дегенін істейді екен. Қазір күш-қай ратым бұрынғыдай емес. Өзің білесің, бұр нағы жылдарға дейін ағаңның кіндік қаны тамған Пістелісіне барып, бақша салып, ағаңа деп таза өнім дерімізден банкілер жауып алушы едім ғой. Ондай заман менен қалды білем, − деп, «мұңын» шаққан еді. Солай дей тұра, орнынан тұрып барып, жаздық сəкіні айналдыра өз қолымен егіп тастаған райханы мен жалбы-зы аралас, неше түрлі жұпар иісті өсімдіктерге əлсін-əлсін су бүркіп, əрлі-берлі тербеп қояды. Сол сəт жанға жайлы бір жұпар иіс қолқаңызды та-залай өтіп, тұтас ағзаңызды рахат бір күйге бөлейтіндей.

– Əпке, «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген ғой. Əлі де болса, сыны-ңыз сол қалпында сияқты. Жұпар иісті өсімдіктеріңіз «ізіңізден қалмай» əлі жүр екен, − деп, мен де əзілдеп қояр емеспін.

Көбінесе, біз қалам гер-лердің шығармашылық табыс-тары жайлы сөз қозғаймыз да, оның нағыз «тылы», яғни сізді сан-қилы руха-ни толғаныстарға түсірген шығармалардың жазылуына жағдай жасап, жазушыңызға өз тұрғысынан дем беріп жүрген қалтарыстағы нəзік болмысты жандар жайлы ой-лай бермейміз. Өкінішті-ақ!

Қазақ руханиятының Құнанбайдай асқарын бар ықыласымен терең түсініп, оның жан серігі бола білген Ұлжан сияқты текті ана-ларымыз жайлы тек қағаз жүзінде оқып, білген едік. Ал, өзіміз көзін көріп, бір за-ман ауқымында қатар өмір сүрген Мəриям Мұқанкеліні сияқты аяулы апаларымыз-дан бастап, талай-талай сыралғы жеңгелеріміздің өз жұбайларын төредей күтіп, қаламгердің шығар машылық шабытты шақ тарында ол кісілерге аяқта рының ұшымен басып, қызмет ет-кен сəттері, айналып кел-генде, дүйім қазақ рухани-ятына қалтарыста жүріп қосқан үлестері емес пе?! Еске түсірер болсақ, «Қазақ əдебиеті мен өне рі» деген үлкен отауда ізет пен қызмет еткен ондай келіндердің саны, тізе берсе, қомақтылау бірнеше жинаққа жүк болғандай. Біз бүгін Қыз-даркүл Пер небайқызы жайлы сөз қозғай отырып, Астанадан шалғайда ғұмыр кешіп, руханиятымыздың отымен кіріп, күлімен шығуды өздеріне аса зор бақыт санаған аяулы апала-рымыз бен жеңгелеріміздің жиынтық бейнесін сом-дамаққа талпыныс жа-садық.

Алла разылығы үшін жасалған жақсылықтардың ескерусіз қалатыны бол-майды екен. Ендеше, бұл фəниде болмаса, келесі шы-найы өмірлерінде аталған істері алдарынан зор са-уапты амалдары болып жолыққай! Қос дүниелері де қайырлы болғай!

ШЫМКЕНТ.

Нұрлытай ҮРКІМБАЙ.

Ж азушыныѕ ары Эссе

− Қызданның көшесінен күнде өтетін едім. Үйіме қарай, əрине. Көзімнің астымен ұрлана қарап қоямын. Ол қазан-ошақ пен үйі арасында жүгіре басып, тірліктерін атқарып жүреді. Бірақ, бірде-бір рет көше жаққа тым болмаса көз қиығын салып та қарамайтын. Жасыратын несі бар, бұл қылығы мені ерекше қызықтырды. Əрлі-берлі өтуімді бұрынғысынан да жиілеттім. Мойын бұрар емес. Содан кейін, «тəуекел» деп, үшбу хат жолдадым. «Хатты жазған кім екен?», − дегендей, сəл көз қиығымен қарағаны да сол еді, ұзақ ойлануға мұршасын келтірместен үйге келін қылып түсірдім, − деп, сəл-пəл əзілге бұра отырып, шындықты мойындаған болатын.

− Сол кездегі бейкүнə кітап-ханашы қыз «Көрпесайдың кітап-ханасы» əңгімеңіздегі Закон шал-дың жапон қызының прототипі болған-ау, шамасы.

− Бірінде аз, келесісінде көптеу дəрежеде біраз шығармамызда көрініс береді əпкеңіздің қылық-тары.

− Кейбір шы ғарма ла рыңызда жа зушының жары, Шым кентше айтқанда, «жүдə» адуынды ғой.

− Сол шығармаларымнан Қыз-данның образын жасап алған біраз оқыр мандарымның бұл кісі нің өзін көргенде: «Мүмкін емес, мүмкін емес, мен бас қаша елестетіп едім», − деп бас шайқап жататыны бар.

− Сондай кездегі əпкеміздің «реакциясы» қандай болады?

− Əпкеңіз мəз болып, күле береді. «Отрицательный» герой болса да, əйтеуір менің қалам ұшы-ма іліну ұнайды-ау деймін өзіне.

Page 15: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz 15КӨҢІЛАШАР

CӨЗ СОЙЫЛƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ

Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР

Суретті салған Ғалым СМАҒҰЛ.

Бір тойым бар -------------------- (Төлегенше) --------------------Жарық сөнбес күн туар сөзсіз дедім, Дəл қай күні екенін айта алмаймын, Бірақ, бірақ ешкімді де шай ішпей қайтармаймын. Онда ортаға тасталар ұран сондай, Қайта алмайсың светпен бір əн салмай, Келгендердің бəрін де сабылдыртам, Кемпірлерге май шамды сағындыртам. Электросеттің бастығын үлгі етемін, Əйелінің толтырам гүлге етегін. Менің жарым сол күні кірпік ілмей, Көптен бері жүзіне күлкі кірмей, Қуаныштан жүрегі шайқап, есіп, Бір сөндіріп жарықты, қайта қосып. Мен өзім де отырам түн ауғанша, Менің жаным жарыққа құмар қанша, Шам беремін болмаса көршіме де, Адалдығы сезіліп тұрар болса. Немене жанған ағаш, от дегенің, Керемет қой, қуатты ток дегенің. Мен əйтеуір, бар жиған-тергенімді, Жарыққа арнап, той қылып өткеремін. Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым, Нысанаға ап, жарық шақ тоқталмауын, Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып, Қосылмаған үйімде ток қалмауын. Мен сөйтіп, өткен күнге бір күлемін,

Өтпелі өмір шаңынан сілкінемін. Кім білсін, талай жылғы тілегім ед, Мəңгілік сөнбеуі де мүмкін оның.

Тараќандар футболы Бұзылғасын мүлде ұйқысы, Болмай көңіл, күлкісі Психиатрға барды да, Шағым айтты бір кісі. «Түсімде тарақандар көрем, Бүйте берсем скоро өлем. Ақ, қызыл түсті көрінеді, Екі командаға бөлінеді, Сөйтіп, футбол ойнайды. Күнде ойнауын қоймайды».Дəрігер бəрін түсінді, Таблеткаларды ұсынды. «Сəрсенбіде келіңіз», – деді. Сонда науқас: «Сəрсенбіде, ағасы, келе алмаймын, Уəдемді, шынында, бере алмаймын. Ол күні тарақандарымның «тойы» – деді. Кешіріңіз, финалдық ақырғы ойын еді...»

Амантай МҰҚАТОВ.Қостанай облысы.

Тост кезегі тимей

Ауыл іші. Кілем арқалаған екі жігіт есік алдында отырған қарияға ұшыраса кетеді. Екеуі де құрақ ұшып:

– А с с а л а у м а ғ а л е й к у м , отағасы! – деп иіліп сəлем береді.

– Уағалейкумассалам! Иə, қарақтарым, жолдарың болсын! Қайда бара жатырсыңдар, тапа-талтүсте кілем арқалап, – дейді ақсақал да бұларға шұқшиып.

– Тойға бара жатырмыз, атай. Тойға!.. Анау бəленше дегеннің жалғыз ұлы үйленіп, соған бет алғанымыз ғой...

– Жарады, онда. Аллам жарылқасын!..

Арада біраз мезгіл өтеді. Бір кезде сыртқа шыққан қарияға əлгі екі жігіт тағы кездеседі. Екеуі де қызу. Əбден масай-ып, ішіп алғандары байқалады. Əрең-əрең теңселіп келе жатса да иықтарында манағы қалы кілем. Бұған аң-таң болған ақсақал:

– Оу, тойға бардыңдар ма? Мына кілемдерің не, қайта əкеле жатқан? – дейді жай отырмай. Сонда ана екеуі:

– Атай, жұрт тым көп жиналған соң бізге тілек айту кезегі ти-тимей қалды, содан кі-кілемімізді қайтадан үйімізге əкеле жатыр-мыз, – депті бұған бажырая қарап.

Тґбелесті бастап жібер

Үйлену тойы өтіп жатады. Жаңа отау құрмаққа ниет қойған жастарға тілек айтушылар да есеп жоқ. Тіпті сөздің мəйегін та-мызып, бірінен бірі асады. Ара-арасында барқырап əн айтқандар да көбейіп бара жатқанға ұқсайды.

Даяшылар болса, солардың бəрінің бабын тауып əлек. Су əкел дей ме, суы дайын, арақ тап дей ме, онысы да əзір.

Əркімге кезек-кезегімен сөз беріп, арасында əзіл айтып, жұрт-ты күлдіріп жүрген асаба жігіт кенет той иесіне жақындап келіп:

– Алған арақ-шарабыңыз таусылуға айналды, енді екі-үш тостан кейін бітіп қалса, не істейміз? – деп əлгінің құлағына сыбырласа, онсыз да тойдың қамымен басы əңкі-тəңкі болған ол құдалармен стақан қағыстырып, қызып отырғандықтан ба:

– Ендеше, ойланатын дəнеңе де жоқ, төбелесті бастап жібер, – депті.

Сайлау КӨШКЕНҰЛЫ.КӨКШЕТАУ.

Арғы тегі ауылда жатқан,Қалаға кетіп, қызықты баққан,Кіндігіне сырға таққан,Кербезденіп, қасын қаққан,Сөйтіп жүріп байқаусызда,Байсыз-ақ бала тапқан,Қызы ауылға қайтып келді,Көрген-білгенін айтып келді.Жетім бала жылауық,Аузы тынбайды бір ауық.Осылай сəби жылаған кезде,Ана емшегін сұраған кезде,Əжесі өзінше əн салады,Естіген жұрт тамсанады.«Өз баласын емізбеген,Қолымен көже жегізбеген,Талаптанып, талпындырып,«Апа, апа» дегізбеген,Анаң сенің оңбаған.Баласына қарамаған,Мұнша қатыгез бола ма адам!

Сен туғанда қашып кетіп,Қайтып қайта жоламаған,Əкең сенің оңбаған.Қайтейін мен жетімегім,Анық жылап, жетілерің.Біз асырап алмағанда,Шетелге асып кетер едің», –Деп сөскі тығып аузына,Əлдилеп əнге басар,Жұбатудың қамын жасар.Тіпті олай демес еді,Кемпір ессіз емес еді,Қылығына өз қызының,Шын қынжылып, күйіп отыр.«Жазығың жоқ жетімек» деп,Немересін иіскелеп,Еміреніп, сүйіп отыр.

Қайыпназар ШОТБАСОВ.

Жамбыл облысы.

Мўєалім:– Апа, немереѕіз тарихтан

таєы «екілік» алды!– Енді ќайтсін, бала жїз

жыл бўрын болєанды ќайдан білсін.

* * *Сабаќ їстінде мўєалім:– Егер шалбарыѕныѕ бір

ќалтасында 500 теѕге, бір

ќалтасында 100 теѕге тўрса не болады?

– Бўл əкемніѕ шалбарын киіп алєандыєым болады.

* * * Анасы баласына:– Неге бїг ін мектепке

бармадыѕ?– Апайыма сыйлыќ жаса-

дым.

– Ќандай сыйлыќ?– Бїгін апайдыѕ туєан кїні.

Шаршап жїр єой, менен біраз демалсын дедім.

* * *М е к т е п д и р е к т о р ы

мўєалімнен:– Сіздіѕ оќушыларыѕыз неге

бір айтќандарын екі реттен ќайталайды?

– Мен ќайдан білейін, мен ќайдан білейін?..

Баршылықта барымта-шы аз.

* * *Үзіле қараған көзге, сүзіле қараған көз керек.

* * *Тұлпар мінгеннің көңілі сұңқардай сергек болады.

* * *Сандырақтаған сазгер – əуейі əнші іздейді.

* * *Жексұрындықты да жеке-ше лендіріп алғандар бар.

* * *Тентектің тепкісі тегіне барып тиеді.

* * *Жұғымы жоқ жігіт жұт болмай-ақ жұтайды.

* * *Б ү л і к і з д е п к е л г е н бүйрегіңді де сұрап көреді.

* * *

Тесік қайыққа көңілі жыртық отырады.

* * *Мығымсынған мысық барыстың бас терісін кигісі келеді.

* * *Тектімін деп тебісетін, кемеңгермін деп керісетін де бар.

* * *Дананың сөзі даңғойға да-рымайды.

* * *Қазіргі күннің қажетіне жарамаған – болашаққа болдырып барады.

* * *Қысылғанда қасыңызбен де қасынасыз.

Жүніс ҚОҚЫШҰЛЫ.

Алматы облысы.ТЇЙ

РЕГІ

Ш Т

ЇЙІН

ДЕ

Р

Пықып құрдаспен анда-санда кезігіп, салқын сыра сіміретініміз бар.

Бұл жолы Пықекең: – Менен үлкен ағамның бірі

қалада, бірі ауылда тұрады. Қаладағының ұлы ерке болып еркелеп өсті. Даңғұр есіміне сай əңгір-дүңгір, елгезек, еліктегіш, елп-желп... əке-шешесі «аман болсын, еті тірі, бір жерден тесіп шығатынына сенімдіміз» деп бетінен қақпады. Мектепте жүріп-ақ белсендінің бел ор-тасында жүрді. Уралағыш, ұрандатқыш. Тəуір оқығанының арқасында қоғамдық жұмыс десе жанып кетеді. Жиылыс, басқосу атаулыдан қалмайды. Мектеп басшылығы да біреуді құттықтау керек болса да Даңғұрды алдыңғы сапқа қоса қояды. Өзі де сөйлей-сөйлей шешен де болып алды. Бір сөзбен қаладағы ағамның ба-ласы белсенді, беделді, сен тұр мен атайын дəрежесінде мектеп қабырғасын бітіріп шықты.

Ал, ауылдағы ағамның

баласы Міңгір ілініп-салынып əйтеуір мектебін б іт ірді . Сабақтан бұрын көбіне төрт түлікпен «тілдесіп», қойын

қоздатып, құлын-тайдың жа-нынан шықпай, ес біліп, етек жапқанынан жылқы құмар бо-лып, бəйге десе танауы делиіп, далақтап ат үстінде шапқанына мəз. Қақ-соқпен жұмысы жоқ, таң атқаннан кеш батқанға дейін төрт түлігін түгендеумен бо-лады. Қызығы да, шыжығы да, айтар əңгімесі де мал төңірегі... – деп ауылдағы ағасының баласының тірлігіне көңілі тол-майтынын білдірді.

Келесі бір кездескенімізде Пықып:

– Тіл-көзден сақтасын, қаладағы ағамның баласы

Даңғұр шырақ ерлеп тұр. Дамыл таппайды, тек жүрмейді . Елгезек, ұр да жық. Осындағы жоғары оқуында жүріп көзге

түсіп, небір бастамалардың бел ортасында болып, үкіметтің үндеуіне бел шеше кірісіп, белді партияның бастамасын қолды-аяққа тұрғызбай насихаттап жүріп, еңбегі еленіп – оқуын шетелде жалғастыруға қолын жеткізді. Онда жүріп те елін, жерін, əсіресе биліктің сойылын соғып, осыған балама жастар ұйымын құрып құрақ ұшты... Аман болса бір жерден ойып тұрып орын алатынына, сөйтіп əулетіміздің атын аспандататы-нына сенімдіміз.

Ал ана ауылдағы Міңгірдің білетіні мал төңірегінде қалып

қойды. Оқитыны да мал жөнінде, көретіні де төрт түлік көрінеді. Пəлекет, сонысына қарамай, малының есебін шығарғанда шемішкеше шағатын көрінеді жəне өзі қазіргі заманның шықбермес Шығайбайы дейді. Түлігі көбейіп, малшы-жалшы ұстайтын дəрежеге жетіпті, – деген болды.

Кезікпегенімізге көп болған, бірде Пықекең екі саптыаяқ сы-радан соң:

– Əлгі қаладағы ағамның баласы Даңғұр басынан кетіп, айықпас дертке ұшырап... Ағам оны ауылға апарып інісінің баласы Міңгірге табыстаған екен, бауырдың аты бауыр, оқыған-тоқығаны бар Даңғұрды Міңгір малшыларына бастық етіп қойыпты.... Өзім де Міңгір інішектен соғым малымды алып қайтайын деп ауылға кетіп ба-рамын, – деп əңгімесін қысқа қайырды.

Ерсұлтан МАҒЖАН.ТАЛДЫҚОРҒАН.

Коломан УГРИК.

Бүгін бұл үйіне ерте келіп, киімін ауыстырып киіп ас үйде жүр еді:

– Не іздеп жүрсің? – де-ген сөзден селк етіп бұрылып қарап еді, əйелі екен, сасқа-нынан:

– Сен үйде ме едің? Үйрен-шікті не жейтінім, не істей-тінім жазылған қағазды іздеп жатырмын да баяғы. Қашан келіп едің? – деп жатыр.

– Зейнеткер үйде болмай қайда болушы еді?

– Не дейді! Қашаннан бері?

– Үш айдың жүзі болды. ...Ойпыр-ай-ə, өте шыққан

уақыт. Жұмыс, іссапар, жина-лыс, қоғамдық тапсырмамен көміліп өткен өмір... Бұған да тəубе, енді кемпір үйде: ас үйдегі əуреден құтылатын болдым. Негізі, келгеніңде тіл қатысып қауқылдасатын адамыңның болғаны қандай жақсы.

Кемпіріне көз қиығын тас-тап еді, мұның бары не, жоғы не, бір əлем-жəлем журнал-дан көз алар емес. Не деп тіл қатса екен?.. Пəлекеттердің бірінің ыңғайы келмейді... Қыз кезінде қандай еді! Ол кезде сөйлескеннен сүйіскендері көп болатын... Барып құшақтап сүйсе ме екен? Мұнысына таңырқап, есі ауысқан болар деп ойла-ры анық... Дегенмен, бірдеңе деу керек!

Есеңгіреп отыра бермей:– Юрик көрінбейді ғой? –

деп баласын іздеген болды. – Үйінде шығар, – деп

қалды кемпірі. – Бөлмесінде ме?– Өзінің үйінде...

– Қайдағы өз үйі, сабағына барып жүр ме?

– Сабағы несі, жұмысына барып жүр. Білдей бір зауыт-тың инженері балаң!

...Мəссаған, зымыраған уақыт, баласы мектеп емес, институтты да бітірген екен ғой!

Мұның бұл ойын ғайыптан пайда болып есік жақтауына тұра қалған кішкене қыз бала бөлді. Жанарында жас, бір нəрсеге өкпелі.

Кемпірі атып тұрып: «Кү-нім менің, кішкенем менің», деп айналып-толғанып жатыр.

Бұл түсінбей, кемпіріне күдікпен қарап:

– Бұл баланы қалай түсінуге болады? – деп еді, кемпірі мұны нұсқап:

– Құлыным, мынау сенің атаң! – деп еркелете алдына алып, – Бұл Юрканың бала-сы, зейнеткерлікке шыққалы бағып-қағудамын. Балаңның жұмыстан қолы тимейді. Қала берді үнемі іссапарда, жи-налыс, қоғамдық тапсырма-лардан босай алмай жүр емес пе. Баласына келмегелі де үш айдың жүзі болды. Келіннің де шаруасы шаш-етектен, тура өзіме тартқан, – деп жа-тыр.

Бұл болса ішінен «тартпа-саң... тумағыр» деп, əке жолы-мен тура келе жатқан баласы-на риза кейіп танытты.

Аударған Бақтыбай ЖҰМАДІЛДИН.

МІЅГІР мен ДАЅЄЎР

ТАРТПАСАЅ... ТУМАЄЫР

Асыранды немере

С

урет

ші к

өзім

ен

Фестиваль шеңберіндегі Қазақстан бағдарламасы Үндіс-тан халық аралық орталығының өнер галереясында «Құланшы» заманауи өнер орталығының графикалық жұ мыстарының көрмесімен ресми ашылды. Оған суреттердің авторы Лəйла Махаттың өзі де қатысты.

Іс-шараға қатысушылар ал-дында сөз сөйлеген Үндістанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі – қазіргі қауымаралық үйлесім қорының жетекшісі Ашок Сад-жанхар (Amb. Ashok Sajjanhar, Secretary, National Foundation for Communal Harmony) Қазақ-стандағы жұмыс жылдарын жылылықпен еске ала отырып, екі халық мəдениеттерінің ерек-ше ұқсастығын атап өтті.

Үндістандық көркем өнер сарапшылары көрермендерге «Сақтар желі» тақырыбына арналған 24 шығармасын ұсынған қазақстандық суретшінің жоғары

шығармашылық əлеуетіне оң баға берді.

Халық өнерін сүйерлер қазақстандық «Тұран» ұлттық-фольклорлық ансамблінің му-зыкалық бағдарламасын тама-шалауға мүмкіндік алды. Қазақ-стандық ұжым ұлттық музы-калық аспаптарда ойнаудың жоғары шеберлігін көрсетіп, үнді қауымының жүректерін жау лап алды. Қазақстанның Үндістандағы елшілігі ұйымдас-тыр ған музыкалық топ Нью-Делиге сапары барысында, сон-дай-ақ, Қазақстан-Үндістан 8-ші туристік жəрмеңкесінде өз өнерлерін ұсынды.

Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде Канада, АҚШ, Италия, Германия, Нидерланды жəне т.б. елдердің фильмдері көрсетілді. Қазақстандық кине-матографтан Жанна Исабаеваның «Талғат» драмасы да ұсынылған фильмдер тізіміне енді.

Əлем жəне Қазақстан

Ґнерде жоќ шекараНью-Делиде «The IIC Experience: Festival of Arts» атты

халықаралық үндістандық өнер фестивалі аяқталды. Оған Бразилия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппиндер, Үндістан жəне фестиваль тарихында алғаш рет Қазақстан ұжымдары қатысты, деп хабар лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Бұдан бұрын Үржар ауда-нында 8 мектептің құрылысы аяқ талып қалғанынан оқырман-дарды хабардар еткенбіз. Оның үшеуі биыл пайдалануға берілсе, жақында Қайыңды ауылындағы екі қабатты жаңа мектеп үйі де ұстаздар мен оқушыларға есігін айқара ашты.

Осы оқиғаға орай ауылға арнайы атбасын бұрған аудан əкімі Серік Зайнулдин қайың-дылықтарды қуаныштарымен

құттықтады. Ал ауыл тұрғын дары мектепті сапалы етіп салып берген «Зəулім-Заң ғар» мекемесі басшы-лары мен құрылысшыларына риза шылықтарын білдірді.

Ауылдағы мектептің алдына субұрқақ, гүлзарлар орнатыл-са, ішінде асхана, шеберхана мен спорт залы жарқырап көз тартады. Жүз орындық мектеп көпшіліктің көңілінен шықты. Келер жылы Үржар ауданында тағы төрт мектеп іске қосылмақ.

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы.

Жаттығу жиынына қатысу-шы лар бір ай бойы жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі авиациялық техниканы бас қару-дың теориялық жəне практикалық мəселелерін пысықтады. Қазіргі уақытта Қазақстан армиясы ұрыс жүргізуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы технологи-ялары мен əдістерін, сондай-а қ ж е р ү с т і н ы с а н а л а р ы -на жауынгерлік авиацияны бағыттауды қолданып келеді. Қазіргі заманғы ұрыста авиа-ция бағыттаушыларының рөлі нысанаға дейінгі қашықтықты жəне авиазиялық зақымдау құралдарын қолдану тəсілдерін түзетуге келіп тіреледі. Жерүсті əскерлерінің құрамындағы авиация бағыттаушылары ко-о р д и н а т а л а р д ы к ө р с е т і п , жергілікті жерлерден бағдар береді. Авиабағыттаушылардың нұсқауы бойынша жауынгерлік

ұшақтар мен тікұшақтар авиа-циялық зақымдау құралдарын қолданады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің авиация бағыттаушылары деректерді алу мен талдауға машықтану деңгейін жетілдіріп, жұмыс картасында координа-таларды анықтау, жергілікті жерді бағдарлау жəне зақымдау құралдарының түрлерін таңдау тəсілдерін зерделейді. Олар, со-нымен қатар, əуе жəне жерүсті операцияларын өткізу кезінде деректерді дəлме-дəл жеткізу шеберлігін шыңдауы тиіс.

Курстық даярлықтың соңын-да жаттығу жиынына қаты-сушыларға «Алдыңғы шептегі авиация бағыттаушысы» маман-дығы бойынша толық даярлық курсынан өткендері туралы куəлік табыс етілді.

«Егемен-ақпарат».

Айбын

Ќайыѕдыдаєы жаѕа мектеп

Шеберлік шыѕдаєан жиынҚазақстан Қарулы Күштерінде авиация бағыттау-

шы ларының жиыны өтті. Ол Алматы облысындағы «Қазақстан» по лигонында ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Аэроұтқыр əскерлерінің əскери қызметшілері тартылды.

Page 16: 30 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Їкілі їміт30 қазан 2013 жыл 2 Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Алқалы басқосуға

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz16Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Өткен сенбі күні өңір басшысы Б.Сапар баевтың бас-тамасымен Өскеменде тұңғыш рет балық жəрмеңкесі бо-лып өтті. Онда Тар бағатай, Күршім, Көкпекті аудандары мен Өскемен қаласының балықшылары əкел ген ондаған тонна көксерке, сазан, ала бұғы, карп, шортан сияқты өзендер мен көл дер дің өнімі қала тұрғындарына сатыл-ды. Балықтың бағасы сауда орындары мен базар дағы бағаға қарағанда 20-30 пайыз арзан болғандықтан бірнеше сағатта сатылып кетті. Мəселен, сазан 350-400, көксерке 300-350, шортан 250 теңгеден болды. Сонымен бірге, балықтың икрасына деген сұраныс та жоғары болды.

Балық жəрмеңкесіне өңір басшысы Б.Сапарбаев, Ресейдің Алтай өлкесінің губернаторы А.Б.Карлин бастаған іскер топ өкілдері қатысып, жағымды жаңалықты өздерінде қолданатынын айтты. Екі ел арасында сауда-саттықтың дамып келе жатқаны белгілі, Қазақстанның тағы бір байлығы балық өнімдерін сатып алудан ұтпасақ, ұтылмаймыз, деді ресейлік қонақтар.

Республика алаңындағы балық жəрмең кесінде Алтайдың балы, көкөніс, басқа да азық-түлік саудалан-ды. Жыл басынан бері өңірдің барлық аудандары мен қалалары өз өнімдерін қалалықтарға арзан бағамен сатып, тұрғындардың алғысына ие болуда. Алдағы уақытта да балық жəрмеңкесі тұрақты өтіп тұрмақ, дейді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов. Бəрекелді, дейміз.

ӨСКЕМЕН.––––––––––––

Суретте: Өскемендегі балық жəрмеңкесі.Суретті түсірген автор.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылы-мынан (egemen.kz) мына хабарлармен таныса ала-сыздар: АҚШ сенаты Ангела Меркельге байланысты жанжалды

қарайды. Геннадий Зюганов Ресей президентінен үкіметті

отставкаға жіберуді талап етпекші. Алаяқтар актер Алексей Баталовтың үйін тартып алмақшы. Мəскеудің аспанында екі ұшақтың сүзісіп қалғаны рас па? Батысқазақстандық бизнесмен Барлық Меңдіғазиев ірі

айыппұлмен құтылды. Ақтөбенің шенеуніктері бөтен біреудің үй-жайын жалға

беріп жіберіпті. Қызылордада үш таксистің өліміне байланысты іске

нүкте қойылды.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – (712-2) 32-94-07;

Көкшетау – (716-2) 25-76-91;Қарағанды – (721-2) 43-94-72;Қостанай – (714-2) 39-12-15;Қызылорда – (724-2) 27-00-85Орал – (711-2) 28-80-35;Өскемен – (723-2) 25-28-41;

Павлодар – (718-2) 57-18-09;Семей – (722-2) 52-26-86;Тараз – (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 404-36-29;Петропавл – (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы200 601 дана.

Нөмірдің кезекші редакторларыЛəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,Айгүл СЕЙІЛОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №173 ek

Ґскемендегі «Балыќ жəрмеѕкесі»Дала перзенті

Өңір өмірі Атамекен

Апыр-ай! Толғауы тоқсан тіршілік Жағымды жаңалық

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Жақсылық қария осыдан біраз уақыт бұрын «Алаяқ қулар ауылда бар...» деген өлең жазады. Терме үлгісіндегі туындысында ол ауылындағы дүмше молдалардың астамшылықтарын «қам шыға» алады. Сөйтіп, кісісі қаза болған үй иелерінен жа-наза мен құран оқығандары үшін ақша алуды «биз-неске» айналдырған молдаларды ақылға шақырмақ болыпты. Бірақ өлеңнен өздерінің бет-бейнесін танығандар «ар-намысымыз бен қадiр-қасиетiмiзге нұқсан келтiрiп, беделiмiздi түсiретiн мазақ өлеңiнен бiздiң əрқайсымызға келген моральдық залал көлемiн 1 000 000 (бiр миллион) теңгеге баға лаймыз» деп, Жақсылық ақынды сотқа берген. «Іздегенге – сұраған» дегендей, судья Заппарова арыз иелерінің хатындағы 1 миллион теңге ту-ралы талапты қанағаттандырмаса да, ақиқатты айтқан ақынжанды қариядан арызданушының əрқайсысының пайдасына 30 мың теңге төлеуі ке-рек екені жөнінде үкім шығарған.

Ал ауданның бас имамы Аят Алмаханов болса ақын жағында. Ол: «Абай ауылындағы Амантай Тiлепбергенов деген кiсi өзінше топ құрып, өздерін өздері молда сайлап, кiсiсi бақилық болған үйдегі жаназада əдепсiздiк жасапты. Осы топ-ты тəртiпке шақыруды ауыл тұрғындары өтiнген соң, аталған ауылдағы мешiтте жиналыс өткiздiм. Жиналған жұртқа мешiтке молданы тағайындау Қазақстан мұсылмандары дiни бас қармасының құзырында екенiн, дiни бiлiмi жоқ кiм көрiнген

молда бола алмайты-нын айтып түсiндiрдiм. Өкiнiшке қарай, Тiлепбергенов Аман тайдың тобы бұл жиналысқа келмедi», дейді.

– Мақұл ғой, өзін-өзі имаммын деп «жария -лағаннан» кейін асыл дiнiмiздегi кешiрiмшілдiкті, ауызбiршілiкті, адамгершілікті уағыздауы керек емес пе? Кебiсiн лақтырып, бала-шағаның кө-зiнше бейəдеп сөздерді бұрқырататын мұндай «имамдар» имандылық жайлы қалай насихат айтады? Мен өзiмдi ақынмын деп есептемеймiн. Əлгi сықақты жазуыма ауыл тұрғындарының сұра нысы түрткi болды. Сонда аты-жөнін көрсет пей өлең жазып, сын айтқан адамдардың бəрiне сот айыппұл төлетiп, аяққа жығып берiп жатса, қоғамдағы кесірлер мен кесапаттар қалай түзеледi? «Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ», деген бабалар өсиетi адыра қалғаны ма? Бəрiнен де ауыл ақсақалдары жастарға имандылық үйретсiн деп ауылымызға мешіт са-лып берген адамдардан ұят болды. Өздерінше топ құрып, ортасынан имам сайлап алғандардың серкесi ойына келгенiн қашанғы iстейдi? – деп сотталған «ақын» жəне отыр.

Жамбыл облысы,Шу ауданы,Абай ауылы.

Қазақ əндерінің ұлттық байқауы «Алтын күз-2013» Мəскеуде өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық сайты. 2 қараша күні алғашқы кастинг болады. Онда əрбір қатысушы екі əн орындауы шарт.

Ќазаќ əндері Мəскеуде шырќалады

Отбасындағы ананың ай-туына қарағанда олар тұрып жатқан құрылысты бастаған іскер азамат Ғабдушевтардың жағдайын түсініп, осы үйде тұруларына рұқсат берген. Бұл үшін бес баланың анасы бизнесменге үлкен алғысын білдіреді. Өйткені, мұның өзі, мұқтаж жандар үшін үлкен көмек. Олар өздерінен басқа жан тұрмайтын осы үйдің бір пəтеріне өз беттерімен пеш ор-натып, қыста қатып қалмаудың амалын қарастырған. Ал суды алыстағы бұлақтан тасиды.

– Менің балаларым да осы елдің ұландары ғой. Олар сабақтарын жақсы оқиды. Спорт-пен де шұғылданады. Үлкен қызым Ділназ гимнастикамен айналысады. Жасөспірімдер арасында екінші разряды бар. Бірақ дəл қазіргі күні олар-дың болашағы ешкімді толған-дыр майтын секілді. Билік ба-сындағыларға көмек сұрап барсам, бəрі де бір-бірінің ау-зына түкіріп қойғандай «неге туасың?!» деп өзіме əкіреңдейді. Егер бұл балаларды маған Алла беріп отырса, мен олар-дан бас тартпақпын ба? Осыны

ұқпайтындарына ренжимін, – дейді Жəния.

Жəнияның айтуынша, жұ байы екеуінің басында осы уа қытқа дейін меншік үй бол маған. Осы үйді паналағанға дейін «Бер лин» кентіндегі үйді айына 25 мың теңге төлеп жалдап тұрған.

«Новые вестниктің» хабарла-уынша, қазіргі күні бұл отбасы бар болғаны бір бөлмені ғана па-налап отырғанымен, оның ішінде балалардың «Даңқ бұрышы» бар екен. Онда балалар өздерінің алған мақтау қағаздары мен спорт жарыстарындағы медаль-дарын, суреттерін орналасты-рыпты. Шамасы «сананы тұрмыс билейді» деген рас болса керек. Бұл балалар қазіргі күні спорт са-ласында белгілі бір жетістіктерге жетуді көп армандамайды да. Олардың негізгі арманы – тұрақты бір баспаналы болу.

Шенеуніктер Ғабдушевтарға кезектен тыс пəтер бөле алмай-тындықтарын ескертіп отыр. Олардың айтуына қарағанда, қалада бұл секілді 5 мың адам бар көрінеді. Кейбірінің жағдайы Ғабдушевтардан да қиын деседі.

«Егемен-ақпарат».

Шалдар соттасып жатыр Биағамыз: «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры», дегелі көп өтсе де, ел ішінде дау-дамайдың азаяр түрі жоқ. «Қайдан келесің, соттан келемін, сот емес-ау, оттан келем нің» мысалы да өршіп тұр. О заман да, бұ заман, ақын Абай атындағы ауылда ғы даудың басы – өлең болады деп кім ойлаған?!. «Естімеген елде көп» дейміз бе, əлде «қазақта талай қызық бар» дейміз бе? Əйтеуір, ə дегенде езу тарт қы зар осы жəйттің ар жағынан елдің рухани тұрғыдан азып-тоз-бауы жөнінде гі өзекті мəселені өзек қылып, ойға шомсаңыз, күлудің орнына күрсініп те қаларсыз.

Ана. Баспана... Ґмірге ќарайды жасќана

Қарағандыдағы Ғабдушев тардың отбасы алты жылдан бері əлі салынып болмаған көп пəтерлі үйді баспана ретінде сағалап келеді. Отбасында бес бала бар. Ең кішкентайлары 6 айға жақында ғана толған.

Суретті түсірген Сəрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

30 қазан 2013 жыл

www.egemen.kz16 ХАБАР-ОШАР

Үміткер əннің біреуін қазақ тілінде, ал екіншісін өзі қалаған тілде айта алады. Əн сайысы үш кезеңнен тұрады. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 12 үміткер анықталады. Олар 16 қараша күні финалға шығып, өзара бақ сынасады. «Алтын күз -2013» соңы ресейлік жəне қазақстандық өнер жұлдыздарының гала-концертімен аяқталмақ.

«Байқау жүздеген талантты жастардың шығармашылық əлеуетін ашуға, олардың отанға, музыкаға, поэзияға деген ыстық сезімдерін əн арқылы бейнелеуге мүмкіндік береді. Бұл шара жас таланттарды шығаруды, оларға қолдау көрсетіп жəне өз-өздерін дамытуға септігін тигізуді мақсат етеді», дейді ұйымдастырушылар. Əн жарысын Мəскеудегі қазақ стандық студенттердің «Ата мекен» бірлестігі Ресейдегі Қазақ стандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

«Егемен-ақпарат».