12
№50 (29031) 13 НАУРЫЗ, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ EUR/KZT 337.4 USD/KZT 317.97 RUB/KZT 5.38 CNY/KZT 45.98 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: ЖАҢҒЫРУ ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯДАН БАСТАЛДЫ АРПА-БИДАЙ АС ЕКЕН... ФРАНЦУЗША «КОМПРОМАТ» 3-бет 5-бет 6-бет Атамұрат ШМЕНОВ лисұлтан ҚҰЛАНБАЙ Айбын ШАҒАЛАҚ 10-бет СПОРТ ЭКОНОМИКА ХРОНИКА РУХАНИЯТ 9-бет ЗЕРДЕ ЖАСТАРДЫ СЫНҒА АЯМАЙ САЛУ КЕРЕК 5-бет ӨНІМІ ӨТПЕСЕ, ӨНДІРІС ӨРКЕНДЕЙ МЕ? 8-бет ҚЫРЫҚҮҢГІРДІҢ ҚҰПИЯСЫ ҚАШАН АШЫЛАДЫ? «АҚ БОЗ ҮЙДЕГІ» ТАҒДЫРЛАР Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан» «Біздің бар мақсатымыз өзіміздің тауар өндірушілерге қолдау көрсету болып табылады. Қазіргі таңда павильонға жиырмадан астам бренд өз өнімдерін ұсынып отыр. Ал ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дейін жалпы үздік 100 бренд өз өнімін көрсетеді деп жо- спарлаудамыз. Көпшілік назары- на ұсынылған тауарлардың əлеуеті жоғары, экспортқа бағытталған», дейді федерация президенті Римма Тəжібаева. Оның айтуын- ша, таңдалған компанияларға өз жұмыстарын одан əрі белсенді жүргізуге барлық жағдай жасалған. Олар осында өз өнімін қою үшін бір жылға бар-жоғы 300 мың теңге төлейді. Бұл қаржы тиісті қызмет көрсететін азаматтарға берілетін көрінеді. Яғни, əрбір кəсіпкерден түскен қаражат сатушыға, қауіпсіздік қызметіне төленеді. Шараны ұйымдастырушылар павильонға қойылған отандық өнімдерге шетелдік қонақтар тарапынан сұраныс жоғары болатындығына сенімді. «Астана əкімдігі еліміз үшін маңызды көрменің туристік картасын жасаған уақытта біз өтінішімізді білдірдік. Бұл нүкте де халықаралық көрменің туристік картасына кірді. Сондықтан шетелдік қонақтар осы аумаққа да ат басын бұрады. Себебі, мұнда қазақтың ұлттық өнімдері мен тағамдары жəне сапалы тауарлар қойылады», деді Римма Тəжібаева. Павильонға өнімін қойған кəсіпкерлердің бірі – «Жарылқасым» шаруа қожалығының директо- ры Нағима Жарылқасымова. Зейнетке шыққан ұстаз жаңа тех- нология арқылы құрттың бес түрін жасаған. «Мұнда табиғи өнімдерден – қызылша, қымыздық, асқабақ, жаңғақ жəне ірімшіктен жасалған құрт түрлерін əкелдім. Өнімдерімді енді ғана патенттедім. ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өз өнімімді, яғни қазақтың ұлттық тағамын бренд- ке айналдырғым келеді. Себебі, бұл ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра», дейді ол. Сауда ор- нында бұдан бөлек, «Өмір Арт Студио» ЖШС-нің бұйымдары, Аида Қауменованың ұлттық киімдері, «Дударай» ЖШС-нің кондитерлік өнімдері, «Балаусаның» əшекей бұйымдары қойылған. Отандық өнімдердің павильоны ашылды Қадірлі қауым! Құрметті қазақстандықтар! Біз бүгін мемлекетіміз үшін мəні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сəтіне куə боламыз. Мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға жария түрде қол қойғалы тұрмын. Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам. Заң билік тармақтары ара- сындағы қарым-қатынасты конс- титуциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған. Оның жобасы бір ай бойы қызу қоғамдық талқылаудан өткенін білесіздер. Соның нəтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Арнайы құрылған жұмыс тобы бұл ұсыныстардың барлы- ғын сараптап қарап, бір тұжы- рымға келді. Біз көпшіліктің Ата Заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерек- ше мəн бердік. Ұсыныстардың бəрі мұқият қаралған соң мен түпкілікті жобаны Парламент қарауына енгіздім. Парламенттің бірлескен оты- рысында екі рет қаралып, қабыл- данған бұл заң билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөледі. Сол арқылы заң шыға- рушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа рөлі айқындалады. Біз өкілді органның құзырын кеңейтіп, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін арттырдық. Мен қоғамдық талқылауға белсене атсалысқан ел азамат- тарының бəріне шынайы риза- шылығымды білдіремін. Сон- дай-ақ, жұмыс тобына зор алғыс айтамын. Жұмыс тобына мемле- кеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, заңгерлер, универ- ситеттер басшылары қатысты. Парламент депутаттары көп ұсы- ныс енгізіп, нақты жұмыс істеді. Барлық шаралар үшін рахмет айтамын. Заңмен жұмыс жүр- гізіп, маңызды міндет атқарған Парламент депутаттарына да көп рахмет. Осылайша, Отанымыздың басты құжаты кемелдене түсті. Конституциядан кейін қол- даныстағы заңдарға өзгерістер енгізіледі. Осыған орай тиісті жұмыстар жүргізіледі. Енгізілген заңды мен Конс- титуцияның талабы бойынша Конституциялық Кеңеске жіберіп, бұл заңның Конституцияға жəне Қазақстанның заңдарына сай екені жөнінде тағы да дəлелдеме алдым. Енді заңға қол қойып, іске асыруға болады. Құрметті қазақстандықтар! Бүгінгі реформа – мемлеке- тіміз дамуының заңды нəтижесі. Біз – өз мемлекеттілігін құру үстіндегі жас елміз. Бізге өзгеріс үстіндегі дүние талаптарына экономикада да, сондай-ақ, сая- сатта да жауап беруіміз қажет. Президент өкілеттіктерінің бірқатары биліктің басқа тармақ- тарына беріледі. Үкімет қабыл- дайтын шешімдері үшін өзінің жауапкершілігін күшейтеді. Парламент Үкімет пен атқа- рушы органдардың қызмет- терін бақылау үшін жаңа өкілет- тіктерге ие болады. Еліміздің конституциялық құрылысы, егемендігі мен тəуелсіздігі мыз- ғымастығының кепілдігі нығая түсетін болады. Саяси жүйе демократиялылық пен орнықтылықтың үлкен дең- гейіне қол жеткізеді. Сонымен бір мезгілде, басқарудың прези- денттік формасы Қазақстан Республикасының базалық ірге- тасы болып қалады. Заң жобасын талқылау барысында жұртшылық президенттік биліктің əлсіреуіне қатысты өздерінің алаңдау- шылықтарын білдірді. Баршаны еліміздің тұтастығы, мемле- кетіміздің тұрақтылығы, халқы- мыздың бірлігі мен достығы толғандырады. Билік теңгерім- ділірек, икемдірек жəне тиімдірек бола түседі. Қабылданатын өзге- рістер өзінің мəні жөнінен жүйе- лі, олар кең қоғамдық резонанс туғызып, қолдауға ие болды. Жұмыс тобының мүшелеріне, Парламент депутаттары мен барша қазақстандықтарға конс- титуциялық реформаларды жүзеге асырудағы қолдауы мен баға жеткізгісіз үлестері үшін шын көңілден шыққан ризашы- лығым мен құрметімді білдіре- мін. Мен сондай-ақ, Отан игілігі жолындағы еңбегімді халық қалаулыларының Конституцияға ерекше түзетумен атап өтуді ұсынғанын оң бағалаймын. Бұл халқымыздың мүддесі үшін ре- формаларды əрі қарай жүргізуге ынталандырып, сенімділік пен күш-қуат береді. Жолдауда айтылғанындай, бүгінгі күнгі жедел техноло- гиялық революция жаһандық экономикада жаңа шынайы өмір қалыптастырып отыр. Жаңар- тылған Конституция – бұл уақыт сын-тегеурініне біздің жауа- бымыз. Стратегиялық мақсат – əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына енуге қол жеткізу үшін Қазақстанның барлық азамат- тарына өздерінің күш-жігерлерін біріктіру маңызды. Бəріміз бірге ХХІ ғасырда еліміздің табысты дамуын, хал- қымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ете алатынымызға сенімдімін. Реформаның негіз- гі мақсаты да осы – бірлігімізді, достығымызды, өзара түсініс- тігімізді, азаматтардың этнос- тық, тілдік жəне конфессиялық қағидаттар бойынша теңдігін сақтау. Осы топтасқандығымыз- дың арқасында біз талай мəрте жеңістерге жеттік. Осы посту- латтарға сүйене отырып, біз жаңа жеңістерге жететін боламыз. Барлық қазақстандықтарды біздің егеменді саяси тарихы- мызда жаңа кезең ашатын Негізгі Заңға өзгерістер қабылдануымен құттықтаймын. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды Тарихи құжатқа қол қойылды –––––––––––––––––––– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 наурызда «Конституцияға згерістер мен толықты- рулар енгізу туралы» Заң- ға жария түрде қол қою рәсімінде сз сйледі, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. «Егемен Қазақстан» Елбасы сзінің толық мәтінін ұсынады. –––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Астана қаласындағы «Festival Avenue» ғимара- тында қазақстандық тауарлар павильоны ашылды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған крмесіне орай таныстырылған сауда нүктесін «Халық маркасы» федерациясы мен Еуразиялық іскерлік одағы ұйымдастырған. Салтанатты жағдайда кпшілік назарына ұсынылған павильонда үздік деп танылған жүз шақты отандық тауар ндірушінің німдері қойылады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысының Өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметінен босатылды. Егіс көлемін азайтуға негіз бар ма?

E-mail: [email protected] 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

  • Upload
    others

  • View
    15

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

№50 (29031) 13 НАУРЫЗ, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

EUR/KZT 337.4 USD/KZT 317.97 RUB/KZT 5.38 CNY/KZT 45.98ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

ЖАҢҒЫРУ ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯДАН БАСТАЛДЫ

АРПА-БИДАЙ АС ЕКЕН...

ФРАНЦУЗША «КОМПРОМАТ»

3-бет 5-бет 6-бет

Атамұрат Ш�МЕНОВ �лисұлтан ҚҰЛАНБАЙАйбын ШАҒАЛАҚ

10-бет

СПОРТ

ЭКОНОМИКА

ХРОНИКА

РУХАНИЯТ

9-бет

ЗЕРДЕ

ЖАСТАРДЫ СЫНҒА АЯМАЙ САЛУ КЕРЕК

5-бет

ӨНІМІ ӨТПЕСЕ, ӨНДІРІС ӨРКЕНДЕЙ МЕ?

8-бет

ҚЫРЫҚҮҢГІРДІҢ ҚҰПИЯСЫ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

«АҚ БОЗ ҮЙДЕГІ» ТАҒДЫРЛАР

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

«Біздің бар мақсатымыз өзіміздің тауар өндірушілерге қолдау көрсету болып табылады. Қазіргі таңда павильонға жиырмадан астам бренд өз өнімдерін ұсынып отыр. Ал ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дейін жалпы үздік 100 бренд өз өнімін көрсетеді деп жо-спарлаудамыз. Көпшілік назары-на ұсынылған тауарлардың əлеуеті жоғары, экспортқа бағытталған», д е й д і ф е д е р а ц и я п р е з и д е н т і Римма Тəжібаева. Оның айтуын-ша, таңдалған компанияларға өз жұмыстарын одан əрі белсенді жүргізуге барлық жағдай жасалған. Олар осында өз өнімін қою үшін бір жылға бар-жоғы 300 мың теңге төлейді. Бұл қаржы тиісті қызмет көрсететін азаматтарға берілетін көрінеді. Яғни, əрбір кəсіпкерден түскен қаражат сатушыға, қауіпсіздік қызметіне төленеді.

Шараны ұйымдастырушылар павильонға қойылған отандық өнімдерге шетелдік қонақтар т а р а п ы н а н с ұ р а н ы с ж о ғ а р ы болатындығына сенімді. «Астана əкімдігі еліміз үшін маңызды

көрменің туристік картасын жасаған уақытта біз өтінішімізді білдірдік. Бұл нүкте де халықаралық көрменің

туристік картасына кірді. Сондықтан шетелдік қонақтар осы аумаққа да ат басын бұрады. Себебі, мұнда қазақтың ұлттық өнімдері мен тағамдары жəне сапалы тауарлар қойылады», деді Римма Тəжібаева.

Павильонға өн імін қойған кəсіпкерлердің бірі – «Жарылқасым» шаруа қожалығының директо-р ы Н а ғ и м а Ж а р ы л қ а с ы м о в а . Зейнетке шыққан ұстаз жаңа тех-нология арқылы құрттың бес түрін жасаған. «Мұнда табиғи өнімдерден – қызылша, қымыздық, асқабақ,

жаңғақ жəне ірімшіктен жасалған құрт түрлерін əкелдім. Өнімдерімді енді ғана патенттедім. ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өз өнімімді, яғни қазақтың ұлттық тағамын бренд-ке айналдырғым келеді. Себебі, бұл ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра», дейді ол. Сауда ор-нында бұдан бөлек, «Өмір Арт Студио» ЖШС-нің бұйымдары, Аида Қауменованың ұлттық киімдері, «Дударай» ЖШС-нің кондитерлік өнімдері, «Балаусаның» əшекей бұйымдары қойылған.

Отандық өнімдердің павильоны ашылды

Қадірлі қауым!Құрметті қазақстандықтар!Біз бүгін мемлекетіміз үшін

мəні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сəтіне куə боламыз. Мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға жария түрде қол қойғалы тұрмын.

Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам.

Заң билік тармақтары ара-сындағы қарым-қатынасты конс-ти туциялық деңгейде тең герімді етуге бағытталған. Оның жобасы бір ай бойы қызу қоғамдық талқылаудан өткенін білесіздер. Соның нəтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті.

Арнайы құрылған жұмыс тобы бұл ұсыныстардың барлы-ғын сараптап қарап, бір тұжы-рымға келді.

Біз көпшіліктің Ата Заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерек-ше мəн бердік. Ұсыныстардың бəрі мұқият қаралған соң мен түп кілікті жобаны Парламент қарауына енгіздім.

Парламенттің бірлескен оты-рысында екі рет қаралып, қабыл-данған бұл заң билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қай та бөледі. Сол арқылы заң шыға-рушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа рөлі айқындалады.

Біз өкілді органның құзырын кеңейтіп, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін арттырдық.

Мен қоғамдық талқылауға белсене атсалысқан ел азамат-тарының бəріне шынайы риза-шы лығымды білдіремін. Сон-дай-ақ, жұмыс тобына зор алғыс айтамын. Жұмыс тобына мемле-кеттік қызметшілер, Пар ламент депутаттары, заң герлер, уни вер-ситеттер басшы лары қатысты. Пар ламент депутаттары көп ұсы-ныс енгі зіп, нақты жұмыс істе ді. Барлық шаралар үшін рах мет айтамын. Заңмен жұмыс жүр-гізіп, маңызды міндет атқарған Пар ламент депутаттарына да көп рахмет. Осылайша,

Отаны мыз дың басты құжаты кемелдене түсті.

Конституциядан кейін қол-даныстағы заңдарға өзгерістер енгізіледі. Осыған орай тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Енгізілген заңды мен Конс-титуцияның талабы бойынша Конституциялық Кеңеске жіберіп, бұл заңның Конституцияға жəне Қазақстанның заңдарына сай екені жөнінде тағы да дəлелдеме алдым.

Енді заңға қол қойып, іске асыруға болады.

Құрметті қазақстандықтар!Бүгінгі реформа – мем ле ке-

тіміз дамуы ның заңды нə ти жесі.

Біз – өз мемлекеттілігін құру үстіндегі жас елміз. Бізге өзгеріс үстіндегі дүние талаптарына экономикада да, сондай-ақ, сая-сат та да жауап беруіміз қажет.

Президент өкілеттіктерінің бірқатары биліктің басқа тар мақ-тарына беріледі. Үкімет қабыл-дайтын шешімдері үшін өзінің жауапкершілігін күшей теді. Парламент Үкімет пен атқа-рушы органдардың қызмет-терін бақылау үшін жаңа өкілет-тік терге ие болады. Еліміздің конс ти туциялық құрылысы, егемен дігі мен тəуелсіздігі мыз-ғымастығының кепілдігі нығая түсетін болады.

Саяси жүйе демократиялылық

пен орнықтылықтың үлкен дең-гейіне қол жеткізеді. Сонымен бір мезгілде, ба сқарудың прези-денттік формасы Қазақстан Республикасының базалық ірге-тасы болып қалады. Заң жобасын талқылау барысында жұртшылық президенттік биліктің əлсі реуіне қатысты өздерінің алаң дау -шылықтарын білдірді. Бар шаны еліміздің тұтастығы, мемле-кетіміздің тұрақтылығы, халқы-мыздың бірлігі мен досты ғы толғандырады. Билік теңгерім-ділірек, икемдірек жəне тиімдірек бола түседі. Қабылданатын өзге-рістер өзінің мəні жөнінен жүйе-лі, олар кең қоғамдық резонанс туғызып, қолдауға ие болды.

Жұмыс тобының мүшелеріне, Парламент депутаттары мен барша қазақстандықтарға конс-титу циялық реформаларды жүзеге асырудағы қолдауы мен баға жеткізгісіз үлестері үшін шын көңілден шыққан ризашы-лығым мен құрметімді білдіре-мін. Мен сондай-ақ, Отан игілігі жолындағы еңбегімді халық қалау лыларының Конституцияға ерекше түзетумен атап өтуді ұсын ғанын оң бағалаймын. Бұл хал қымыздың мүддесі үшін ре-формаларды əрі қарай жүргізуге ынталандырып, сенімділік пен күш-қуат береді.

Жолдауда айтылғанындай, бүгінгі күнгі жедел техно ло-гия лық революция жаһандық эконо микада жаңа шынайы өмір қа лып тастырып отыр. Жаңар-тылған Конституция – бұл уақыт сын-тегеурініне біздің жауа-бымыз. Стратегиялық мақсат – əлемдегі аса дамыған 30 елдің қата рына енуге қол жеткізу үшін Қазақстанның барлық азамат-тарына өздерінің күш-жігерлерін біріктіру маңызды.

Бəріміз бірге ХХІ ғасырда елі міздің табысты дамуын, хал-қы мыздың өсіп-өркендеуін қам тамасыз ете алатынымызға сенім дімін. Реформаның негіз-гі мақ саты да осы – бірлігі міз ді, достығымызды, өзара түсі ніс -тігімізді, азаматтардың эт нос-тық, тілдік жəне конфес сиялық қағидаттар бойынша тең дігін сақтау. Осы топтасқан дығы мыз-дың арқасында біз талай мəрте жеңістерге жеттік. Осы посту-латтарға сүйене отырып, біз жаңа жеңістерге жететін бола мыз.

Барлық қазақстандықтарды біздің егеменді саяси тари хы-мызда жаңа кезең ашатын Негізгі Заңға өзгерістер қабылдануымен құттықтаймын.

Сурет Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Тарихи құжатқа қол қойылды––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 наурызда «Конституцияға ­згерістер мен толық ты-ру лар енгізу туралы» Заң-ға жария түрде қол қою рә сімінде с­з с­йледі, деп ха барлады Президенттің бас пас­з қызметі. «Егемен Қазақстан» Елбасы с­зінің то лық мәтінін ұсынады.––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астана қаласындағы «Festival Avenue» ғи ма ра-тында қазақстандық тауарлар павильо ны ашылды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған к­рмесіне орай таныстырылған сауда нүктесін «Халық маркасы» федерациясы мен Еуразиялық іскерлік одағы ұйымдастырған. Салтанатты жағдайда к­пшілік назарына ұсынылған павильон да үздік деп танылған жүз шақты отандық тауар ­ндірушінің ­німдері қойылады.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мемлекет басшысының Өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметінен босатылды.

Егіс көлемін азайтуға негіз бар ма?

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Сөз басында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары бұл күн еліміз үшін тарихи күн екенін айт-ты. Сондай-ақ, ол бір ай бойы қазақстандықтар Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді қызу талқылағанын қатысушылардың есіне салды. Одан бөлек, Қазақ-стан ның əр түкпірінде осы мə-селеге қа тысты ондаған мың кездесу ұйым дастырылып, бұқа-ралық ақпарат құралдарында мың даған мақала жарияланғаны айтылды. Əлеуметтік желілерде де бұл тақырыптың бірінші орынға шыққаны назарға алынды.

Мəселен, ауқымы кең осы-нау бүкілхалықтық үнқатысудың нəти жесінде еліміздің барлық айма ғының тұрғындары мем-лекеттік билік тармақтары арасын-да өкілеттіктерді қайта бөлу мəсе-лелері жөнінде 6 мыңнан астам ұсы ныстарын жеткізген болатын. Олардың барлығы тыңғылықты сарапталып, Конституциядағы түзетулерден лайықты көрініс тапты. Ал еліміздің заң шығарушы органындағы бірнеше сағатқа жалғасқан қызу талқылаудан кейін депутаттар жаңа түзетулер енгізуге қолдау білдірді.Осыған орай, Ата Заң екі оқылымда қабылданып, Мемлекет басшысының қарауына жолданды.

«Конституциялық кеңестің оң шешімінен кейін Елбасы бұл тари-хи құжатқа қол қойды. Осылайша, Президент Қазақстанның жаңа саяси құрылымының іргетасын қалады» дей келе, Мұхтар Құл-Мұхаммед Демократиялық күш-тердің «Қазақстан-2050» жалпы-ұлттық коалициясы Ата Заң-ның жаңа редакциясын толық қолдай отырып, күшті президент-тік биліктің сақталуы мен жаңар -тылған Конституцияда тəуелсіз Қазақстанның негізін қалау шы – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев-тың ерекше рөлі одан əрі нығая түскенін айрықша атап өтті.

«Нұр Отан» партиясы Төр-аға сының бірінші орынбасары: «Бар болғаны ширек ғасыр дың ішінде елімізді əлемдік деңгей-дегі өте қуатты жəне беделді мем лекетке, сондай-ақ, тұрақ ты-лықтың, бірліктің жəне қар қынды экономикалық дамудың орта-лығына айналдырған Мемлекет басшысы Қазақстан жолының аса көрнекті сəулетшісі болып табы-лады», деді.

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед конституциялық рефор-маның басты мақсаты, ең алдымен, қоғамды ұйыстыру екенін айтты. Өйткені, Елбасымыздың Үшінші жаңғыру мен «Қазақстан-2050» даму стратегиясы аясында алды-мызға қойған міндеттерінің ауқымдылығы мен аса күрделілігі ескеріліп, жаңа кезеңде де бірлік, біртұтастық жəне тұрақтылық сияқты негізгі құндылықтардың маңызы арта бермек.

Сондай-ақ, Мұхтар Құл-Мұ хам-мед барша коалиция мүшелеріне қарата: «Ата Заңдағы жаңа норма-лар өз əлеуетін іс жүзінде толық көрсету үшін Қазақстанның бар-ша азаматтық қоғамы, соның ішін де, алдымен сая си партиялар жұмыстарын сапалы түрде жаң-ғыртулары керек. Себебі, бүгін-де Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының қатар ындағы партиялар мен қоғам-дық бірлестіктер халық пен билік арасын байланыстыратын бас ты алаң болып табылады. Жаңар-тылған Конституциядан кейін мем-лекеттік басқару мен атқарушы би-лікке ықпал етудің қуатты тетігіне ие болған Парламенттің жұмысына да дəл біздер бағыт-бағдар беріп отырамыз», деді.

Бұл күнгі жиын барысында ко-алиция мүшелері сөз сөйлеп, өз ой-ларын ортаға салды. Мəселен, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мəжілісінің депутаты Азат Перуашев бір ай ішінде болған жалпыхалықтық талқылау барысында мыңдаған

азамат өз пікірі мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алғанын жеткізді.

«Жалпы алғанда, біз сол тал-қылаулардың нəтижесінде бүкіл елімізді біріктіретін, жұмыл ды-ратын шешімге келдік деп айтуға болады. Мəселен, 26-бап бой-ынша қаншама қызу пікірталас болды. Елбасымыз, бұл орайда, өте салмақты шешім қабылдап, ол бапқа ешқандай өзгеріс енгіз-ген жоқ. Десек те, саяси жүйе тетік терін жетілдіру мақсатында

Конституциямыздағы көптеген баптар бойынша оң өзгерістерге қол жеткіздік», деді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының хат-шысы, Парламент Мəжілісінің депу таты Жамбыл Ахметбеков: «Конс титуциялық реформа алдағы уақытта Қазақстаның əрі қа рай дамуына көп əсер ететіні бел-гілі. Депутаттар – халықтың өкі-лі. Сондықтан, Парламенттің

бақы лау-қадағалау тетіктері, сон-дай-ақ, Парламенттің алдында Үкі-меттің жауапкершілігі күшей се, саяси күштердің, яғни партия лар-дың да рөлі артатын бола ды» десе, «Ауыл» халықтық-демо кра тия лық патриоттық партия сының төр-ағасы, Парламент Сена тының де-пу таты Əли Бектаев Конс ти ту ция бойынша ұсынылған өзге ріс тер мен толықтырулар елдің бір лігін, ынтымағы мен татулығын қам та-масыз етуге сеп болатынын айтты.

«Оған бүкіл қазақстандық ат салысты. Қазақстанның жұрт-шылығы елімізде болып жатқан жаң ғыртуларға, мемлекет бола-шағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Біздің партиямыздың өкіл дері де 100-ден астам іс-шара өткізіп, жұмысшы тобына өз дерінің 100-ге тарта ұсыныс-пікірлерін берді. Ал Конститу-циямызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің жаңа белеске көтерілуіне жол ашады деп ойлаймыз», деді Ə.Бектаев.

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының тағы бір мүшесі, «Жаңару» сыбай-лас жемқорлыққа қарсы жал пы-ұлттық қозғалысы» рес пуб ли калық қоғам дық бір лес тігі нің төр ағасы Орал бай Əб ді кə рімов Елбасы Н. Назар баев тың ұсынысымен Ата Заңға енгі зілген өзгерістер халық тарапы нан қолдау тапқанына, жобаны тал қылау кезінде түскен ұсы ныстар дың ескерілгеніне тоқталды.

«Конституцияға енгізілген өз-герістер мемлекет дамуына, аза-мат тық қоғамға оң ықпал етуі керек. Осылайша, біз халықтың сені міне ие боламыз», деді О.Əбді-кəрімов.

Бұдан кейін «Бірлік» сая-си партиясының төрағасы Серік Сұл танғали, Парламент Мəжілі-сінің Заңнама жəне сот-құқық-тық реформа комитетінің төр-ағасы Нұрлан Əбдіров, Қазақ-стан Республикасы Кəсіп одақтар федера циясының төрағасы Əбіл-ғазы Құсайынов, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлға-лар бірлестігінің төрағасы Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстан украин-дарының радасы» қоғамдық бірлес тігінің жетекшісі, Парла-мент Мəжіл і с ін ің депута -ты Юрий Тимощенко, «Қазақ-стан Рес публикасының Ұлттық инженерлік академиясы» респуб-ликалық қоғам дық бірлестігінің президенті Бақыт жан Жұмағұлов, Қазақ гумани тарлық-заң универ-ситеті Құқық тық саясат жəне конститу циялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры Сергей Ударцев, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысы кеңесінің төр ағасы Мұхтар Манкеев сөз алып, конституциялық реформа төңіре гіндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

Отырыс барысында Де мо-кратиялық күштердің «Қазақ-стан-2050» жалпыұлттық коа-ли ция сы жаңартылған Консти-туцияны қолдау мақсатында қазақ стан дықтарға өзінің арнайы үндеуін жариялады (Ол бөлек жа-рияланып отыр).

Жиынды қорытындылаған Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Бүкіл-халықтық талқылау негізінде қабыл данған жаңартылған Ата Заңымызды бірлік пен келісім Конституциясы деп атауымыз ке-рек. Бүгін осы тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасы бізге үлкен сенім артып отыр. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек», деді.

Бұл ретте, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жал пыұлттық коалициясы елі-міздегі 5 жетекші саяси партия-ны, 23 ірі қоғамдық бірлестікті бі ріктіретінін атап өткен жөн.

САЯСАТ

Елді ілгерілетудің тиімді тетігі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясы Т�рағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезектен тыс отырысын �ткізді. Іс-шара Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстанның жаңартылған Конституциясына арналды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Елбасы бастап, ел қостап, бір айдан аса уақыт көлемінде кеңінен талқыланған жаңа реформа ел дамуына бастайтын та-ри хи маңызды қуатты құжат екенін көр-сетті. Еліміздің түкпір-түкпірінде қызу талқыланған жаңа өзгерістер бүтін бір мем-лекеттің тамырына қан жүгіртіп, болашағын айқындайтын тың серпін деп бағаланды. Басқосуды ашып берген ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов жаңа реформаға байланысты түскен 6 мыңнан астам ұсынысты жан-жақты қарастыра келіп, оның ішінде 19 бапқа 26 түзету енгізілгенін айтты.

– Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақ-тарының арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы бастамасымен жүргізілген конс-титуциялық реформа өз мəресіне келіп жетті. Конституциялық реформаларды талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдары, этномəдени бірлестіктер белсенді түрде қатысты. Президенттік ре-форманы талқылауға ел азаматтарының бел сенді қатысуы азаматтық қоғамның да муын, мемлекет өмірінің маңызды

мəселелері бойынша қоғамдағы келісім мен ауызбіршілікті көрсетті. Біз Парламент пала таларының бірлескен отырысындағы Конс титуцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасының қызу талқыланғанына куə бол дық. Бүгінгі күн еліміздің тарихындағы маңызды сəт болып қалатыны сөзсіз. Елба сымыз Конституциялық Кеңестің оң қоры тындысынан кейін Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-ралы Конституциялық заңға қол қойды. Конституциялық реформалар, бірін-шіден, Тəуелсіздіктің негіздерін нығай-туға; екіншіден, демократияны əрі қарай ілгерілетуге; үшіншіден, қуатты құқықтық мемлекет құруды жалғастыруға бағытталған. Осы мақсатта мемлекеттік билік орган-дарының арасындағы өкілеттіктер қайта бөлініп, адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдері, сот жүйесі мен прокуратура органдары жетілдірілді, – деді Е.Тоғжанов өзінің сө-зінде.

– Ел өмірі үшін өте маңызды рефор-маларды талқылау мақсатында талай мəрте жиындар өткіздік. Реформаға

кел ті рілген өзгерістердің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталдық. Азаматтардың ой-пікірін біліп, ұсыныстарын жан-жақты зер делеп, ортаға салдық. Осы орайда, мем лекеттік маңызы бар ұсынылған жаңа рефор маны талқылауға қатысып, ойла-рын ашық білдіруіне қарап, зиялы қауым өкілдері ғана емес, еліміздің əрбір азама-тының ел болашағына бей-жай қарай алмай-тынын аңғардық. Елбасы ұсынған жаңа бастама алдағы уақытта жемісін беріп, заң шы ғарушы билік – Парламенттің, Үкіметтің рөлі мен жауапкершілігін арттыру арқылы халқы мыздың бірлігі мен келісімін нығай-туға бағытталған Қазақстандағы демокра-тиялық үдерістерді жалғастыруға тың серпін беретініне сеніміміз мол, – деді ҚХА Төр аға сының орынбасары Леонид Питоленко.

Бізге берілген ақпарат бойынша, Елбасы ұсынған жаңа реформаларды талқылау барысында Ассамблеяның 400-ден аса іс-шарасы өткізілген көрінеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында, əлеуметтік желілерде Ассамблея мүшелерінің, сарапшылары мен блогерлерінің, этномəдени бірлестіктер жетекшілерінің 200-ден аса пікірі жарық көрді. Жиынға қатысқан сарапшылар мен этномəдени бірлестіктердің белсенділері де өз ойларын ортаға салып, елдігімізді қуаттайтын жаңа бастама мемлекет игілігіне қызмет жасайтын маңызды қадам екенін айтты.

Арман ОКТЯБРЬ,журналист

АЛМАТЫ

Мемлекет үшін маңызды қадам––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық реформаны қолдауға арналған жұмыс отырысы �тті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Т�рағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА Т�рағасының орынбасары Леонид Пито-ленко, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық

кеңесі мен зиялы қауым �кілдері, ҚХА-ның �зге де құрылымдарының басшылары қатысты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Еліміз жаңа тарихи дəуірге аяқ басты.Бүгін, 2017 жылғы 10 наурызда Елбасымыз

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, Қазақстанның саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жаңғыруының іргетасын қалады.

Мемлекет басшысы бастамалық еткен конституциялық реформаларды бұрын-соңды болмаған кең көлемдегі жалпыхалықтық талқылауы, Қазақстан азаматтарының мемле-кеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі алты мыңнан астам ұсы ныстары, еліміздің жоғарғы заңнамалық органының Негізгі Заңға өзгерістерді жан-жақты қарастыруы мен қабылдауы – бұл Қазақ стан халқының азаматтық келісімі мен бірлі гінің дəлелді көрінісі, Елбасының елімізді жаңғыр-тудағы салиқалы саясатын қазақ стандықтардың бірауыздан қолдауының дəлелі.

Елбасымыз Парламенттің бірлескен отыры-сында атап өткендей, конституциялық реформа ең алдымен біздің қоғамды шоғырландыруға бағытталған.

Еліміздің Президенті «Үшінші жаңғыру жəне «Қазақстан -2050» даму стратегиясы ая-сында алға қойған мақсаттардың ауқымдылығы мен күр делілігін ескерсек, Тəуелсіздік, бірлік, тұрақ тылық, этносаралық жəне конфессияаралық келісім сияқты іргелі құндылықтардың маңызы тек арта түседі.

Негізгі Заңның қағидатты түрдегі маңызды ережесі ол мықты президенттік биліктің сақталуы жəне жаңартылған Конституцияда Тəуелсіз Қазақ стан ның негізін салушы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тың ерекше рөлін орнықтыру болып табылады.

Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Қазақстан табыстарының басты архитекторының үздік басқаруымен біздің республика ширек ғасырдың ішінде бүкіл əлемге əйгілі, тұрақтылық, бірлік жəне қарқынды экономикалық даму орталығы болып табылатын қуатты жəне беделді республикаға айналды.

Жаңартылған Конституция бүкіл мемлекеттік

басқару жүйесінің одан да тиімді жəне үйлесімді жұмыс істеуіне мықты мүмкіндік туғызады. Экономика саласында Үкіметтің атқарушы өкілеттіктері мен дербестігінің кеңеюі жəне оның жауапкершілігі мен Парламент алдындағы есеп беруі саяси жүйенің тұрақтылығы мен мемлекет дамуының ұзақ жылдық кепілі болып табылады.

Парламенттің Үкімет қызметін бақылаудағы өсіп келе жатқан рөлі Үкіметтен ағымдағы жəне стратегиялық жұмыстың сапалы жаңа деңгейін, жоғары заң шығарушы орган, ол арқылы Қазақстан халқы алдындағы ашықтығы мен есеп беруін талап етеді.

Мұның Қазақстан экономикасының иннова-циялық даму мақсаттарына жəне əлемнің алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің деңгейіне жетудегі маңызды мəні бар.

Парламент жəне жергілікті өкілетті органдар рөлінің өсуі халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы тетік, саяси процестер мен қоғамдық талқылаулардың белсенді субъектілері, барлық əлеуметтік топтар мүддесінің өкілі ретінде

Қазақстанның барлық саяси партияларының жауапкершілігін жəне даму мүмкіндігін күшейтеді. Саяси жүйені дамытудың Конституцияға енгізілген үлкен əлеуеті еліміздің барлық саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктеріне қосымша талаптар-ды жүктейді.

Еліміздің Ата Заңының дəуірлік жаңғыртылуы қолданыстағы заңдарды ретке келтіру, азаматтық қоғамның жалпы заңнамалық базаны жетілдіруге жəне конституциялық реформаларды одан əрі жүзеге асыруға кеңінен қатысуы бойынша ауқымды жұмыстарды қажет етеді.

Біз, Демократиялық күштердің «Қазақ-стан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүше-лері, барлық əлеуметтік топтардың мүддесін біл діретін жетекші саяси күштер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілетті жəне беделді ұйымы ретінде мемлекеттің барлық азаматтарын қоғамдық келісім мен бейбітшілік, тұрақтылық пен еліміздің дамуы үшін конституциялық рефор-маларды қолдауға жəне оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коалициясының

ҮНДЕУІ

«Нұр Отан» партиясы, «Ақ жол» демо кратия лық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партия-сы, «Қазақстан Республикасының кəсіп одақтар федерациясы» республикалық кəсіподақтар бірлестігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кəсіпкерлер палатасы, «Қазақстан кəсіпкерлерінің форумы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Республикалық əйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендия-сы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылымдар акаде-миясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кəсіпкер əйелдері одағы» қоғамдық бірлестігі, «Жасыл» экономи-каны қолдау жəне G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның іскер əйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қауымдастығы, «Қазақстан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан мүгедектерінің конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жаңару» сыбай-лас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі, Астана қалалық демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» коалициясының мүшелері.

2017 жылғы 10 наурыз

Реформа серпіліске әкеледі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орал қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассам-блеясының республикалық бірыңғай күні шеңберінде Ба тыс Қазақстан облыстық ҚХА активі және құрылымдық б�-лімшелерінің т�рағалары мен мүшелері конституциялық ре-форманы қолдауға арналған д�ңгелек үстел мәжілісін �ткізді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

– Елбасының қолы қойылып, заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңарған Конституциясы – ел дамуындағы тарихи оқиға. Біз осы тарихи сəттің куəгері болып отырмыз, – деді Батыс Қазақстан облысы Қазақ стан халқы Ассамблеясы төр аға сының орынбасары-хат шы лық меңгерушісі Ғайса Қапақов.

«Халық арасында бір ай бойы талқыланып, 6 мыңдай ұсы ныс-пікірден кейін Ата Заң-ға енгізілген 26 түзету мен то лық тыру бүгінгі күн тала-бынан туған». Жиналғандар бір ауыз дан осындай шешімге келді. Ассамблея кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кан ди даты, М.Өтемісов атын-дағы Батыс Қазақстан мемле-кет т ік университетінің жалпы тарих жəне əлеуметтік-сая си пəн дер кафедрасының доцен-ті За хот Мухлисова билік тар-мақ тарының ара салмағы əр

кезеңде əртүрлі болатынын ай-тады. Ғалымның пікірінше, 1995 жылы Конституцияға биліктің вертикаль пəрменділігін енгізу сол кезеңдегі Қазақстанның сая-си-əлеуметтік жағдайына орай жасалған ең дұрыс қадам бол-ған. Бұл пікірді «Ауыл» пар-тия сы БҚО филиалының жетек-шісі Амангелді Баянов, Орал қала сы əкімі жанындағы қоғам-дық келісім кеңесінің төрағасы Борис Чебаковтар да қолдады.

– Бұдан бұрын да Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ес теріңізде болса, осындай əр ре формадан кейін еліміз ерек-ше дамып, тың серпіліс жасап келеді. Сондықтан, бұл жо лы да солай болатынына кү мəні міз жоқ. Конституциялық рефор-маны Қазақстан халқы Ас сам-блеясы мүшелері бір ауыздан қолдайды, – деді Ғайса Қапақов.

Жиын соңында Батыс Қа-зақ стан облыстық Қазақстан хал қы Ассамблеясының үндеуі қа былданды.

ОРАЛ

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

13 наурыз 2017 жыл 3сАЯсАТ

Жаңғыру жаңарған Конституциядан басталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының ең негізгі тіре­гі Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдап, тиіс­ті заңға қол қойды. Осылайша, тәу­ел сіздік тарихының 25 жылдық аса ма ңызды белесінен абыроймен өткен Қазақ елі дамудың келесі кезеңіне за­ман талабына сай жаңғырған жаңа Кон ституциямен қадам басты.

Жұртшылық назарына Елбасының өзі ұсынған конституциялық реформалар жобасы бір ай бойына жалпыұлттық тал­қыға түскені мәлім.

Бұл орайдағы талқылауға «Егемен Қазақстан» газеті арқылы ел жұртшылығы – зиялы қауым өкілдері, халқымызға белгілі заңгерлер мен сарапшылар ға­на емес, алыс­жақын шет елдердің мем лекет және қоғам қайраткерлері, ха лық аралық сарапшылар да белсе­не қатысты. Олардың барлығы дерлік өз пікірлері мен пайымдауларында Қазақстан Президентінің дәл қазіргі ке­зең де ұсынып отырған конституциялық өз г ерістерін жоғары бағалап, бұл қадам Қазақ елімен бірге тұтастай Еуразия өңіріндегі демократиялық үдерістерге тың серпін беретінін алға тартты.

Жаңарған Конституцияның мән­маңызын, ондағы әрбір баптың келе­шекте атқарар қызметін заң саласының білгірлері, саясаттанушылар мен сарап­шылар, мемлекет тарихын зерделейтін зерттеушілер әлі айта жатар. Біз осы бағанда тек екі мәселеге назар аударғанды жөн көрдік.

Біріншіден, бұл өзгерістер билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттіліктің ара­салмағын теңге ре түсті. Яғни, осы уақытқа дейін Президент­тің қолына шоғырланып келген бір ша ма құзырет Үкімет пен Парламентке бе­рілді. Мысалы, ендігі уақытта Үкімет құра мын жасақтауға Парламент тікелей ық пал ететін болса, Үкімет өзі әзірлеген мем лекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына өзі жауап береді, сондай­ақ, бұрын Президенттің құзырында болып келген кейбір мәселелерді өзі шешетін болды. Бұл өзгерістер тұтас­тай билік тармақтарының икемді әрі сапа лы жұмысына әсер етеді. Шешім қабылдау үдерістерін жылдамдата­ды. Сарапшылардың басым көпшілігі осы тұсқа көбірек тоқталып жатты. Бірақ біздіңше, бұл өзгерістер биліктің үш тармағының арақатынасындағы өзара теңгерімді қамтамасыз етіп, саяси тұрақтылықты нығайтады. Елдің алда­ғы уақытта да береке­бірлігін сақтап, ал ған бағдарынан таймай, орнықты әрі тұ рақ ты дамуын жалғастыруы үшін ең маңыздысы да осы деп ойлаймыз.

Екіншіден, Елбасының ерен еңбегін айшықтауға қатысты көптеген ұсыныстар осы жолы да айтылды. Елордаға атын беруден бастап, Астана халықаралық әуежайын Н.Ә.Назарбаев атымен атау сынды біраз жыл бұрын жасалған ұсыныстар қайта көтерілді.

Расында да, Қазақстанның қалып­тасып, дамуындағы Тұңғыш Президент­тің еңбегі орасан. Оған таяу келеше к ­ те әлі талай көз жеткізетін боламыз. Елбасы әлі дербес мемлекеттік инсти­тут тары қалыптаса қоймаған елдің мем­лекеттілігін нығайтып, қиын­қыс тау күндерден, тағдырлы сәттерден аман­есен алып шықты. Ширек ғасыр ішін­де кеткеніміз келді, ортамыз толды. Татулық пен бірліктің, берекелі еңбек тің нәтижесінде бақ­дәулетіміз артты. Өрке­ниет тер өрісінде көш бастаған алып мем­ле кеттердің мұрагері болған Ұлы Дала елі жаһандық үдерістерге қайта аралас­ты. Арағайындыққа да, төрелік айтар тө­бе би лікке де түсе алатын еңсесі биік ел ре тінде танылды.

Тәуелсіздіктің бастауында тізгінін ұстаған еріне Елбасым деп ере білген еліміздің өз Көшбасшысын айрықша қадір тұтатыны да сондықтан. Бұл – бізге ғана емес, өзге жұрттарға да тән тарихи заңдылық болса керек. Қай халық та өз тарихының ұлы дәуірін бастап берген перзенттерінен ықылас­мейірін аямай­ды екен. АҚШ­тың тәуелсіздігін жария­лап қана қоймай, оның қуатты мемле­кет ретінде қалыптасуына негіз қалаған Дж.Вашингтонды америкалықтар қалай құрметтесе, Бесінші республикасын құ­рып, Францияның серпінді дамуына жол ашқан Шарль де Гольді – француздар, Германияны біріктіріп, мықты империяға айналдырған Бисмаркты немістер дәл со­лай әлі күнге дейін ұлықтайды.

Туысқан Түркия мемлекетін құрған, түрік баласының еңсесін тіктеп, елін қай­та жаңғыртқан Мұстафа Кемал Ата түрік те солай.

Ендеше, сан ғасырлар бойы баба ла­рымыздың аңсары болған Тәуел сіз дік туын желбіретіп, жасампаз мем ле кет құрған, Алаштың асқақ арманын жү­зе ге асырып, Қазақ елін төрт күл дү­ние ге танытқан, еңсесін тіктеп, елдік­тің биік белесіне шығарған Елбасын елі нің айрықша құрмет тұтуы да заң­ды лық. Елбасы үшін де қабырғалы хал қы ның риясыз ықылас­мейірінен ар тық, одан биік ештеңе жоқ. Мұны Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де сан рет айт қан. Сондықтан да болар, заңды қа­былд ау барысында Президент есімін ұлықтауға байланысты көптеген ұсыныс қабылданбады, бірақ Конституцияда бекітілген Елбасының мәртебесі ешқашан өзгертілмейтіні нақтыланды.

Айбын ШАҒАЛАҚ,«Егемен Қазақстан»

сырТ көз – сыншы––––––––––––––––––––––––––––6 наурыз күні Парламенттің қос пала-тасы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдаған болатын. Енді Мемлекет басшысы аталған заңға қол қойды. ––––––––––––––––––––––––––––

Парламенттің жауапкершілігі артады

Айдар ӨРІСБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Парламент Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, та­биғатты пайдалану және ауылдық ау мақтарды дамыту комитетінің мүшесі Мұ рат Бақтиярұлы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызы мен мақсаттары жөнінде әңгімеледі. Оның айтуынша, жал­пы, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызы өте жоғары, себебі, Мемлекет басшысының өз өкілеттіктерін басқа билік тармақтары арасында бөлуінің өзі – си­рек кездесетін құбылыс.

Сенат депутаты заң жобасына сәйкес, Парламентке жүктелген жаңа міндеттер ту­ралы айтып өтті. «Бұған дейін Парламент Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін атқаратын ең жоғары өкілді орган болса, енді ол заң шығару билігін жү зеге асырады, – деді М.Бақтиярұлы. – Сон дай­ақ, Конституцияның 57­бабының 6­тар­мақшасына енгізілген толықтыруға байла­нысты Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде үштен бірінің бас­тамасы бойынша Үкімет мүшелерінің өз қыз меттері жайлы есебін тыңдауға құқылы. Есепті тыңдау барысында депуттардың үштен екісінің, яғни көпшілігінің басым дауысымен республиканың заңдылықтары орындалмаған жағдайда Үкімет мүшелерін орындары­нан босатуды Қазақстан Республикасының Президентінен сұрай алады. Мұндай жағдайда Президент Үкімет мүшелерін орнынан боса­тады деген өзгерістер енгізілді».

Депутаттың айтуынша, конституциялық өзгерістерге сәйкес, енді Үкімет өз қызметі үшін тек Президенттің алдында емес, соны­мен қатар, Парламент Мәжілісінің алдын­да да жауапты болады. «Бұл Парламенттің құзыреті мен жауапкершілігін арттырумен қатар, партиялық жүйенің дамуына кең жол ашады», деді ол.

Аргентинадан сәлем жолдаймыз!

Густаво Рикардо ГУТИЕРЕС, аргентиналық бизнесмен, Росарио қаласындағы Қазақстан мәдениеті орталығының негізін қалаушы

Аргентинадағы Қазақстан мәдениетінің орталығы Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған сая­си реформаларды қолдайды. Президент өкі лет­тік терінің бір бөлігін Үкімет пен Парламентке беру қарастырылған конституциялық реформалар пакетін жүзеге асыру Қазақстанды демократиялық даму жолының жаңа белесіне шығарады деп са­наймын.

Аргентинадан Қазақстанға ыстық сәлем жол­даймыз!

Нұрсұлу ЧЕТИН,саясаттанушы-ғалым

Түркияның ауысқалы отырған президенттік басқару жүйесіне қатысты ізденістеріне тиімді болар деп жарыққа шыққан, сондай­ақ, ширек ғасырда мемлекеттің тә жі­рибесіне айналып үлгерген Қазақ­стандағы қазіргі президенттік басқа­ру жүйесінен үлгі етіп ала алатын тұс тары мен кемшіліктерді, ше­шім жолдары мен даму тәсілдерін қам ты ған «Қазақстанның сая си жүйесін дегі президенттік бас қару моделі» атты кітабымда ай тыл­ған дай, мемлекеттің бола шақ та тұ рақ ты дамуы үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кең ау қым ды өкілеттігі теңгерілуі не ­месе шек телуі қажет екендігін жаз­ғанмын.

Алайда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конс­титуция арқылы өзіне тиесілі кең

өкілеттікті шектеп, халықтың игілігі үшін мемлекетті одан әрі ілге рі ­ л е тетін реформаны күтпеген жер­ден бастауы дүние жүзінің елде рін таңғалдырды.

Онсыз да Нұрсұлтан Әбішұлының өмір бойы туған елі – Қазақстанды ойлап атқарған жұмыстары орасан зор. Кеңес Одағынан қалған ядролық қарудан бас тартуы тек қана өз елі үшін емес, бүкіл адамзат пен әлемдік бейбіт өмір үшін өте маңызды.

Халықаралық тізесі шыққан мә­селелердің шешілуінде мемлекет тер тарапынан айтылған жылы леб із ­ дерге үнемі арқау болып отыра­тын даналығы, сарабдал саясаткер­лігі бітімгерліктің өзегіне айналып үлгерді. Соңғы кезде Түркия мен Ресей арасындағы дағдарыстың шешілуі және миллиондаған елдің көз жасын, қантөгісті тоқтату мақ­сатында Сирия мәселелерін тал қыға салып, Астана процесін жүргізуі сөзімізге дәйек.

Сонымен қатар, Қазақстан Пре­зи денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа зақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жол дауы іске асқалы отырған кон с ­ титуциялық реформаға жаңа бағыт сіл тейтіндігіне, қоғамның дамуына оңды ықпал ететіндігіне сөз жоқ. Жолдауда көтерілген басымдықтар да мудың негізгі динамикаларына ай­налатындығына және ұлттық эконо­миканың күшеюіне ықпал ете тін­дігіне сенімдімін.

Қазақстан конституциялық ре­форма мен Жолдаудың арқасында жаңа кезеңге аяқ басып, әлемдегі өзгерістерге бейімделеді және дамы­ған елдердің қатарына қосы лудың алғышарттарын қарастыру арқылы батыл қадамдар жасайды.

Елдің тұрақты дамуына, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін қа­дірлі Нұрсұлтан Әбішұлына Нобель сыйлығы берілуі қажет.

Қазақстан өз ерекшелігін көрсетіп келеді

Мақсаты айқын елАлмейдо АзАВAРO, Жетулио Варгас университетінің профессоры (Рио-де-Жанейро, Бразилия)

Қазақстанда жүргізіліп жат­қан конституциялық рефор­малар билік тармақтары ара­сындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған. Бұл өз кезегінде Үкімет пен Парламент­тің құзыретін кеңейтіп қана

қоймай, олардың халық алдындағы жауапкершілігін де күшейтеді.

Елдегі саяси реформалар халықтың игілігі үшін жүзеге асырылуда. Менің ойымша, бұл өзгерістер үкіметтік емес ұйымдар мен жалпы қоғам үшін Парламент пен Үкіметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қалай десек те, демократия талаптарын орындау ба­рысында Қазақстан өзіндік жолын айқындап, бұл орайда, ТМД­ның өзге елдерімен салыстырғанда көп жұмыстар атқарды.

Өңір жұрты белсене қатысты

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Өскемендегі Достық үйі-қоғамдық келісім орта-лығында Қазақстан халқы Ассамблеясының конс-титуциялық реформаны қолдау бойынша респуб-ликалық бірыңғай күні шеңберінде өңірдегі этно-мәдени бірлестіктер мен жергілікті құқық қорғау ор-гандары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Жиынды ашқан Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ стан халқы Ассамблеясы хат шылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев конституциялық реформалар халық арасында бір ай бойы қызу талқыланғанын, жұмыс тобына 6 мыңға жуық ұсыныс түскенін, жергілікті деңгейде 10 мыңға тарта кездесу өткенін, оған 2 миллионға жуық адамның қатысқанын тілге тиек етіп, шын мәнінде бүкілхалықтық талқылау болғанын атап өтті.

– Бүгін біз тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы халықтың, елдің болашағы үшін аса маңызды, тарихи шешім қабылдады. Президент өзіне тиесілі 35 өкілеттігін Үкімет пен Парламентке беру жөнінде ұйғарым жасады. Ерекше атап өтер жайт, депутат­тар тарапынан Тұңғыш Президент – Елбасының мәртебесін Конституцияда бекіту туралы ұсыныс айтылып, қолдауға ие болды. Себебі, Тәуелсіздік пен Елбасы – егіз ұғым. Екеуі де біздің айбынды мемлекетіміздің айшықты бедері, – деді дөңгелек үстелде сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақ тияр Қамалов.

Облыстық ішкі саясат бас қармасы басшысының орын­басары Ирина Смит Конституцияға ен гізілетін өзгерістер мен толық тыруларды талқылауға өңір жұрт шылығының белсенді ат са лыс қанына, аймақта 3 мыңға жуық кездесу өткеніне, бұған 100 мыңға тарта адамның қатыс қа нына тоқталып, бұл іске өз үлес терін қосқан этномәдени бірлес­тіктер мен ғалымдарға алғысын білдірді.

«Әрине, мұнымен бәрі бітті деуге келмейді. Алда үлкен жұ мыстар күтіп тұр. Біз ха лыққа Конституцияға енгізілген өзге рістер мен толықтыру ларды жан­жақты түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруымыз керек», деді ол.

Бұдан кейін сөз алған об лыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төр ағасы Қайрат Чакпантаев бүкіл ха лықтық талқылауға сот саласы өкілдерінің де бел­сене қа тыс қанын жеткізіп, Консти туция ға енгізілген өзгерістер құқық қор ғау саласының жұмы сына тың серпін беретініне сенім білдірді.

ӨСКЕМЕНСуретті түсірген

Ғылымбек СӘБИТОВ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Облыстық ҚХА­ның хат шы­лық меңгерушісі Наиль Салимов «Конституциялық реформалар және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының даму бағыттары» деген тақы рып­та баяндама жасады. Шешен өз сөзінде Қазақстан Рес пуб­ликасының Конституциясына енгі зілген өзгерістер мен толық­ты рулар ел дамуының жаңа пара­ғына жол ашатынын, демокра­тиялық үдерістер қоғамымызды біріктіре түсетінін, мемлекеттік биліктің жаңа үлгілерін қа­лыптастыратынын жеткізді.

Президент елді саяси жаң­ғыр тудың бүгінгідей маңыз­ды кезеңінде Үкімет пен Пар ­ла мент тің рөлі мен дербес­тігін кү шейтуге ерекше назар аударды. Осы орайда, пре­зи дент тік басқару формасы

сақтала отырып, сонымен бірге, биліктің басқа тармақтарының өкілет тіктері артып, кәсібилігі ны ғаятынын атап өткен жөн. Қа зірдің өзінде жұртшылық заң шығарушы және атқару шы органдарға үлкен сенім біл діріп, қоғамды демократиялан ды ру­дың маңызды кезеңіне бет алға­нымызды қуаттап отыр, деді ол.

Облыстық мәслихаттың де­путаты Рашбиль Евдаев жергі­лікті мемлекеттік басқару, оған қатысуға халық қалаулылары мен тұрғындардың белсенділігін арттыру жайын сөз етті. Заңдар арқылы билік тармақтары мен олардың деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді барынша тиімді етіп, қайта бөлеміз. Осының бәрі жаһандық және өңірлік сын­қатерлерге уақтылы жау­ап беріп, алдын алу үшін жа­салған деген Елбасы сөзін кел­тіре отырып, жиналғандарды сая си жаңғыртулардың бел

ортасынан көрінуге шақырды. «Ұрпақ» қоғамдық ұйы­

мы ның төрайымы Гүлбақша Мұсабаева, «Барбанг» күрд қауым дастығы жергілікті бө­лім шесінің жетекшісі Рашид Надиров «Береке басы – бір­лікте» деген халық даналығын еске түсіре отырып, бірегей инс­ти тут деңгейіне көтерілген Қа­зақ стан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфес сия­аралық келісімнің басты тетігі ретіндегі рөлі мен маңы зын атап көр сетті.

Оның қазақстандықтарды бейбітшілік пен келісімге үндеу­дегі, толеранттылықты қалып­тас тырудағы орны ерекше. Бү гін гі күннің күрделі мәселе­ле ріне батыл араласып, консти­ту циялық заң шеңберінде сан­са лалы жұмыстар атқарып ке­леді. Елбасы ұсынған консти­ту циялық реформаларды жан­жақты қолдап, саяси өзгерістерді қуаттайды.

Өзге де сөйлеушілер ұсы­ныл ған конституциялық рефор­ма лардың жалпыхалықтық қол­дауға ие болғанына ерекше екпін түсірді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Саяси мәні ерекше–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мү-ше лерінің, этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің, ғылыми-сараптамалық кеңес, жастар және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті. Ол конституциялық реформалар-ды қолдау бірыңғай күн аясында ұйымдастырылып, жаңғыру жолындағы іргелі қадамдар әңгіме арқауына айналды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Елімізде конституциялық реформалардың жүзеге асуы, Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы барша қазақстандықтардың ойы мен көңілінен шығып отыр. Осы тарихи шешімге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған республикалық бірыңғай күн кестесіне орай Ақтөбе қаласында «Конституциялық реформаның негізгі мақсаты» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Ақтөбе облысы әкімдігі аппараты қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған басқосуға ғалымдар, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың және ғылыми­сараптамалық топтың мүшелері, заңгерлер мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Дөңгелек үстелде алғашқы сөз алған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті экономика және құқық институ­ты директорының орынбасары, заң ғылымының магистрі Нұргүл Өрбісінова Ата Заңға енгізілген өзгерістер уақыт талабынан туындағанын атап көрсетті. Әрі бүгінгі қазақстандық қоғамның жедел қарқынмен даму үрдісі де осындай қадамға бару қажеттігін талап еткеніне тоқталды. Президенттің қолындағы аса жауапты бірқатар өкілеттіктердің Парламент пен Үкіметке ауысуы – мемлекетіміздің өзгеге ұқсамайтын даму жолы мен моделіне ешқандай нұқсан келтіре

алмайды. Мұндай жағдайда биліктің аталған тармақтарының өкілеттігі кеңейіп, рөлі арта түседі деп қорытты ол өз ойын.

Сондай­ақ, Ақтөбе облысы бойынша медиа­цияны дамыту орталығының жетекшісі Сәуле Сейдахметова конституциялық реформаның бітім­болмысы мен сипатына талдаулар жасады. Халық пен биліктің арақатынасын айқындайтын басты Заң ретінде соңғы өзгерістерден кейін ел Конституциясы қасаңдықтан арылып, одан әрі ажарлана түскенін айтты. Кейінгі кезде елімізде саяси жаңғыртуларға баса мән берілуде. Оны ойдағыдай іске асыруға да конституциялық ре­форма берік негіз қалайды, – деп түйін жасады Сәуле Радуловна. Кездесу кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми­сараптамалық орталық төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсенбин конституциялық реформаның басты мақсаты, билік тармақтарын өзара теңдестіру, ел алдындағы ауыр жүкті тең тартысу екені жөнінде ой тарқатты. Әрі ол президенттік билік вертикалы сақтала беретіні, сонымен бір мезгілде Парламенттің басқару функ­циясы күшейе түсетіні, экономикалық мәселелер жөніндегі міндеттер Үкіметке жүктелгені аталған реформаның басты мәні болып табылатынын жеткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар консти­туциялық реформаның басты мақсаты мен артықшылықтарын атап көрсетіп, оны бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

Ақтөбе облысы

Артықшылықтары атап көрсетілді

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

4 13 наурыз 2017 жылСаяСат

Отырысқа қатысушылар КХДР би­лігінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиіс­ті қарарларын кезекті түрде бұзу әре­кеттерін бірауыздан қатаң сынға алды.

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Ома­ров өз сөзінде Солтүстік Кореяның зы­мыран ұшыру және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сінің қарарларын қайтадан өрес­кел түрде бұзу әрекеттеріне зор алаң­даушылығын білдіріп, олардың ай­мақтық және жаһандық қауіпсіздікті н ы ғ а й т у б а ғ ы т ы н д а ғ ы о р т а қ

халық ара лық күш­жігерлерді жоққа шы ға рып отырғанын ескертті.

Жиында Қазақстан тарапы Корей түбегін ядролық қарудан азат ету қа­жет тігіне қағидатты түрде қолдау та­ныта отырып, Солтүстік Корея мәсе­лесін тек бейбіт саяси­диплома тиялық келіссөздер мен сенім шара ларын қалыптастыру, алдын ала шарт тар­сыз ашық түрдегі диалог құру ар қы­лы шешу керектігін атап өтті. Осы орайда Қ. Омаров бейбіт жол мен шешу мүмкіндіктері БҰҰ Қауіп сіздік

Кеңесінің барлық қарарлары ның ең маңызды түйіні екендігін қаты­сушылардың есіне салды. Қазақстан өкілі аймақтағы шиеленісті бәсеңдетуді және қалыптасқан қауырт ахуалды шешуді ілгерілетуге жетелейтін нақты шараларды ойластыруға шақырды.

Отырыс соңында Қауіпсіздік Кеңе­сінің мүшелері КХДР­ға қатысты санк цияларды орындауда күш­жігер­лерін еселей түсуге келісіп, сонымен қатар, Корей түбегіндегі және тұтас­тай Сол түстік­Шығыс Азиядағы бей­біт шілік пен тұрақтылықты сақтау маңыз дылығын құптады.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі осы мәселе жөнінде арнайы мәлімдеме қабылдап, онда баллистикалық зымы­ран ұшыруды қатаң сынға алып, бар­лық мемлекеттерді КХДР­ға қатысты санкцияларды орындау бойынша тиісті шараларды қабылдауға шақырған болатын.

Мемлекеттік ор ган­дар дың, «Жасыл эконо­ми каға және G­global­ды дамы туға арналған коа­ли ция» заңды тұлғалар бірлес тігі басшылығымен және «Арнасай» жасыл тех но логиялар орталығы қызмет кер лерімен кезде­суде Б.Әй тімова Қазақстан Респуб ликасының Прези­денті Н.Назарбаев жария еткен «Бес институттық ре фор маны іске асыру жө­нін дегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау жөнін дегі Парламенттің қыз меті туралы әңгімеледі. Сенат комитетінің басшы­сы Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» Жол­дауы ның басымдықтарын заң на малық тұрғыда қамта масыз ету мәселесіне назар аудар ды.

С е н а т о р л а р ж а ң а

тех но логиялар қолда ны ла­тын орталықтың қыз меті ­мен танысты, даму ке ле­шегі белгіленді. Б.Әй ті мова бұл кешен Қа зақ стан Пре­зидентінің Жол дау ындағы төртінші ба сым дық – адами капитал тұрғысынан да, ЭКС ПО­2017 көрмесінің мақ сат тарын іске асыру тұрғы сынан да тартымды екенін атап өтті.

Бүгінде мемлекеттік орган дардың, «G­global» халықаралық хатшы лы ­ғының, БҰҰ­ның Қазақ ­стан дағы Даму бағдар ла­масының және бас қа лардың қолдауымен құ рылған жа­сыл экономикаға көшу жөніндегі тұжы рым даманы іске асыруға байланыс­ты 25 жоба жүзеге асты. Елдегі түрлі са наттағы тұрғындарды оқытуға, шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай­ақ жергілікті ат қа рушы

органдардың «жа сыл» тех­нологияны іс жүзінде пай­далану жөнін де жүйелі білім алу ға мүм кіндік туып отыр. Одан басқа, орта лық жос пары бойынша бұл жо балар «EXPO­camp» орта лы ғының жазғы ла­гері жұ мысының аясын да ЭКСПО­2017 халық ара лық көрмесі мейман дары ның на зарына ұсынылады.

Вячеслав орта мектебі директорының орынба­сары Елена Молешкова парламентшілерді мектеп жұмысымен таныстыр­ды және бұл оқу орнында бюджет қаржысын елеулі түрде үнемдеуге мүмкіндік беретін жасыл технология­ларды енгізудегі негізгі көр сеткіштер туралы әңгі­мелеп, қазіргі өзекті мәсе­лелерді айтып берді.

Кездесу барысында отандық білім берудің қа­зір гі жағдайы, өзекті мәсе­ле лері мен келешектегі да муы туралы мүдделілік тұр ғысында талқылау бол­ды.

Б.Әйтімова жүздесуді қорытындылай келіп, оқу орнындағы жаңа лық­тармен сенаторлардың та­нысуымен қатар, тұтастай сала ның жағдайынан ха­бардар болғанын атап өтті. Ай тылған ұсыныстар біздің еліміздегі білім беру және ғылым саласындағы заңна маны қалыптастыру бары сында ескерілетіні айтылды.

Шараға Әлеуметтік­мә­дени даму және ғылым ко­митетінің мүше лері Ақан Бижанов, Әли Бектаев, Нұр лан Қылышбаев және Тө леубек Мұқашев қатыс­ты.

Бюро отырысы өтті––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Комиссия басқосуында Мәдениет және спорт мин­истр лігінің жауапты хат­шысы Қ.Уәлиевтің Қазақ ­стан Республикасы Мемле­кеттік рәміздерінің 25 жыл­дығын атап өту бойын­ша жоспарланған іс­ша ра­ларға қатысты ақпа раты тыңдалды. Мем лекеттік хатшы:

– Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы мемлекеттік рәміздеріміз – Мемлекеттік ту мен Елтаңбамыздың қабылданғанына 25 жыл толады. Бұл – елдікті және егемендікті айқындайтын атаулы дата. Сондықтан осы

мерекелер аясында Астана, Алматы қалалары арнайы іс­шаралар өткізуге тиіс. Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын мерекелеудегі басты мақсат – Мәңгілік Ел мұраттарын, қазақстандық патриотизмді насихаттау, өскелең ұрпақты Тәуел­сіздікті қорғауға, бағалауға тәрбиелеу, – деді.

Сонымен қатар, комис­сия мүшелері Қорғаныс министрлігі бекітуге тиісті «Ел қорғаны» ведом ство­лық наградасын бекіту ту­ралы ұсынысты қарады. Қор ғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың айтуын­ша, бұл награда ерлігімен, еңбегімен ерекшеленген әскерилерге берілуге тиіс.

– Біз бұл медальды ерлі­гімен, еңбегімен ерекше­ленген әскерилерді – ге­нералдар құрамын, офи­церлерді, сержанттар мен солдаттарды марапаттау­ды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қорғаныс күштерінің әлеуетін кү­шейтуге сүбелі үлес қосқан басқа да азаматтар марапат­талады. Меніңше, қатар­дағы жауынгерлерден бас­тап, генералдарға дейін әс ке ри қызметте көзге түс­ке ні үшін өзіміздің төл ве домстволық медальды ие лен гені дұрыс болады, – деді генерал­полковник С.Жас ұзақов.

Мемлекет басшысы «Ел қорғаны» медалін та ғайын­дау туралы ұсыныс қа қол­дау білдірген. Жаңа наг­рада биылғы жылы ата лып өтілетін қорғаныс күш­терінің 25 жылдығы қар­саңында тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Қазақстанның бастамалары БҰҰ ұстанымына сай келеді

––––––––––––––––––––––––––––––Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Йенчпен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.––––––––––––––––––––––––––––––

Кездесу барысында еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы БҰҰ­ның жоғары лауазымды өкіліне елімізде қолға алынған конституциялық реформалар мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан хал қына арнаған биылғы Жолдауында қам тыл­ған басым бағыттар жөнінде әңгімелеп берді.

Министрдің айтуынша, елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа­лар БҰҰ­ның орнықты даму мақсаттарымен сәйкес келеді. Бұл реформалар ел тәуелсіздігін нығайта түсуге, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға, саяси тұрақтылық пен экономикалық орнықты дамуды қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.

Мирослав Йенч өз кезегінде Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер елдің саясат және экономика саласында үлкен табыстарға қол жеткізуіне тікелей әсер ететінін айтты. Сондай­ақ, ол аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді шешу ісінде еліміздің рөлін жоғары бағалай келіп, Сирия жөніндегі келіссөздерді ілгерілетуде Астана процесінің маңыздылығына тоқталды. Оның ай­туынша, Қазақстанның бұл іс­қимылдары БҰҰ Бас хатшысының әлемдегі түрлі дау­жанжал­дарды реттеуде бейбіт келісімдерге басымдық беру жөніндегі идеясымен астасып жатыр.

Кездесуде Қазақстан жағы Орталық Азиядағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өз деңгейінде дамып отырғанын, аймақ елдері көптеген өзекті мәселелерді өзара келісіммен шешуге мүдделілік танытып келе жатқанының нәтижесінде еңсерілуі қиын түйткілдер жоқ екенін атап көрсетті. Қазақстанның бас диплома­ты, сондай­ақ, еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі қызметінде Орталық Азия мемлекеттерінің өзара ынтымақтастығының әлеуетін орнымен пайдаланатынын атады. Бұл жердегі мәселе Ауғанстанға және өзге де аймақтарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері делегациясының сапарын, сондай­ақ, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында мүдделі елдердің қатысуымен аймақтық конфе­ренциялар ұйымдастыру жөнінде болып отыр.

Бұдан бөлек, тараптар Орталық Азия мен Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын айта келіп, әлемдік және аймақтық бейбітшілікті нығайту бағытында жоғары деңгейлі пікірталастар ұйымдастыруға, сондай­ақ, негізгі міндеттерді жүзеге асы­ру барысында бірлесе жұмыс істеуге ынталы екендерін білдірді.

Кездесуде Қ.Әбдірахманов БҰҰ­ның тер­роризмге қарсы күреске қатысты реформа­сына, БҰҰ Бас хатшысы орынбасарының басқаруындағы Терроризмге қарсы күрес офисінің құрылғанына қолдау білдірді.

Қорыта айтқанда, кездесу әдеттегідей достық рәуіште өтті және ол Қазақстан мен БҰҰ­ның екіжақты ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетіп берді.

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

«Біз әлеуметтік жағдай туралы сөз қозғасақ, ең бірінші халықтың жұмыс­пен қамтылуына баса назар ауда руымыз керек. Министрлік осыны ескере оты­рып үстіміздегі жыл дың 1 қаңтарынан бастап Нәти желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мем лекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алған болатын. Бағдарлама аясында азаматтарға 1­ші және 2­ші мамандықты тегін алып шығу мүмкіндігі беріледі. ҰБТ тап­сыра алмаған 21 мың мектеп түлегі, оқу орнына түсе алмаған азаматтар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту көзделген. Оқу ақысына, бір рет тамақтануға қаржы бөлінеді әрі стипендия қарастырылады. Тұрғындарды жаппай оқытудың негізгі мақсаты – еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету, со­нымен қатар, білім алып шыққан әр адам ға жұмысқа орналасуына немесе өз кәсібін ашуына мүмкіндік тудыру. Бағ дарлама негізінен үш бағытта жұ­мыс жасайды. Біз үстіміздегі жыл­дың сәуір айынан бастап бағдар­ламаның алғашқы кезеңдерін барлық

аймақтарда іске қосуды ойластырып жатырмыз. Бағдарлама шеңберінде алыс аймақтарда тұратын азамат­тар үшін мобильді курсты іске қосу жоспарлануда. Бұны мамыр айынан бастап еліміздің 5 облысында қа­натқақты негізде енгізуді көздеп отыр­мыз. Дәлірек айтсақ, олар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары. Осының арқасында адамдар тұрғылықты ор­нында отырып­ақ білім алып, қалаған маман иесі болып шығады. Айта кететін тағы бір жайт, біз бұрын жұ­мыс берушілердің өтінімі бойынша оқытсақ, енді еңбек нарығында сұра­нысқа қажетті мамандарды даярлауға баса назар аударамыз», деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен бірге, министр Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кә­сіпкерлікті дамыту бағдарламасында бірқатар мәселелерге көңіл бөлінгенін жеткізді. Олар – сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік қағидаттарына жап­пай оқыту мен дағдыларды үйрету, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жа­сау, жұмысқа орналасуға ықпал ету мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек на рығын дамыту. Ол, бағдарламаның екін ші бағытында,

ауылмен қатар, қала ларда да жап­пай кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалатынын тілге тиек етті.

«Өтеу мерзімі 5 жыл несиенің жыл дық мөлшерлемесі 6 пайыз деңгей де сақтала отырып, 3 милли­он мен 18 миллион теңге мөлшерінде ұсыны лады. Несиенің қолжетімділігін кеңей туге арналған келесі бір тың шара, бизнесін енді бастағандарға 85 пайыз ға дейін және жұмысы жүріп тұр ған кәсіпкерлерге 50 пайызға дейін несиені кепілдендіру тетігі енгізіледі. Қалаларда шағын несиелеу, ауылдық жерлерге арналған шарттардағыдай, екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары арқылы жүзеге аса­тын болады», деді министр.

Министрге жаңғырту бағ дар­ламасына байланысты қай маман дық­тардың алып тасталатыны және қай мамандықтардың қажеттілігі артаты­ны жайлы сұрақтар қойылды. Тамара Дүйсенованың айтуынша, болашақта көмір өнеркәсібі саласы алып таста­луы мүмкін.

«Қазір қарап отырсақ, бізде паро­воз өндірісімен ешкім айналыспайды. Мұндай сала да жоқ. Сондай­ақ, хат­шы­машинист мамандығы жоқ. Бұрын олар машинкаларда құжат басумен ай­налысатын. Ал бүгін біздің күнделікті өмірімізде компьютердің рөлінің артқаны соншалықты, қазір бізде ондай мамандарды дайындамайды.

Бүгінде бізге қай салалар керек? Біз үлкен жұмыс тобын құрдық. Көмір өнеркәсібін алып тастауымыз мүмкін. Иә, қазір Еуропада көмір өндірісімен айналысатын шахталар көп. Мен бұл мәселе бүгін немесе ертең шешіледі деп айта алмаймын. Бұл мәселе 20 жылдай қаралуы мүмкін. Сондықтан біз бүгін көмір өнеркәсібі саласындағы барлық мамандық бойынша жұмыс істеуіміз керек», деді министр.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа технологиялар жұмыс күшінің орнын басып жатыр. «Бұрын, айталық 10 адам жұмыс істеу керек болса, қазір он да тек бір адам жұмыс істеп жа­тыр. Себебі барлық жұмыс компью­тер арқылы басқарылады. Сондай­ақ, кен игеру өнеркәсібіне жаңа техно ло­гияларды енгізу мәселелері де қарас­тырылуда», деді Тамара Дүйсенова.

Сондай­ақ, министр зейнетақыға байланысты да өз пікірімен бөлісті.

«Мемлекет өзінің зейнетақы жөнін дегі төлемдерін төлеп келе жа­тыр. Біз бәріміз жұмыскерлер ретінде жала қымыздың 10 пайыздық жарна­сын төлеп отырмыз. Енді біздің осы зейнет ақы қорымызға жарна төлеуге үшін ші субъект, яғни жұмыс беруші кіруі керек. Олар өз қаражатының есебі нен 5 пайыз төлейтін болады. Осы үш субъектіден тұратын көп дең­гейлі зейнетақы жүйесін біз 2020 жыл­ға дейін түзеп бітуді көздеп отырмыз», деді министр.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сирия Араб Республикасының еге­мен дігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтас тығын қолдайтынын білдірді. Олар дағдарысты шешудің жалғыз әрі ор нықты жолы 2012 жылдың 30 маусы­мында шығарылған, Қауіпсіздік Кеңе­сінің тиісті қарарымен және Сирия­ны қолдау халықаралық қоры ның мәлімдемесімен мақұлданған Жене ва коммюникесі негізіндегі сириялық­тардың өздерінің ауқымды саяси процесі деп санайды.

Отырысқа қатысушылар БҰҰ ая­сында Женевада биылғы жылдың 3 нау­рызында өткен Сирияның ішкі келіс­сөздерінің үшінші раундына, Стаффан де Мистураның БҰҰ ҚК 2254 қарарына сәйкес болашақ келіссөздердің күн тәртібі туралы хабарламасына жоғары баға берді.

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері айт­қандай, Астана процесінің ая сын да қол

жеткізілген атысты тоқтату режімінің арқасында саяси келіссөз дер ді жал ғас­тыруға мүмкіндік туды. Олар Сирия дағ дарысына қатысты тарап тарды осы режімді толықтай сақт ауға және БҰҰ ҚК қарары мен 2016 жыл ғы 29 желтоқ­сандағы келісімдерге сәй кес, елді мекен­дерге гуманитарлық кө мек тер жеткі зуді қамтамасыз етуге шақыр ды.

БҰҰ арнаулы өкілі С. де Мистура Си рия дағдарысын шешудің бейбіт жол дарын іздеудегі Астана процесінің рөлін айрықша атап өтті. Оның пікі­рін ше, Женева келіссөздерінің кезекті раун дынан кейін Астананың Сирия дағ дарысын шешу мәселесіндегі рөлі арта түседі.

– Астана процесі БҰҰ аясында Си рияда бейбітшілік архитектурасын қа лыптастырудың ажырамас бөлігіне айналды, – деді С. де Мистура.

Өз кезегінде, қазақстандық деле гация

БҰҰ делегациясы басшысының Сирия мәселелеріне қатысты дипло матиялық күш­жігерін жоғары баға лады. Женева келіссөздерінің арқа сында тараптар нақты күн тәртібін қалып тастырды, енді барлық тараптар қолда ған саяси реформалар туралы келі сімді жүзеге асыруға тиіс. Жуыр да Астана мен Жене­вада өткен кезде сулер алты жылдан бері түйіні тарқа тылмаған Сирия дағ­да рысын шешуге, тараптардың түсініс­тікке келуіне, өзара үнқатысулар мен келіс сөздердің арқасында көзқарастар қайшылығын жоюға ықпал етеді деген үміт басым.

Қазақстан делегациясы Сирияның бір тұтастығын, тәуелсіздігін және егемен дігін құрметтеу қағидаларына негіз дел ген Женева процесіне толық тай қолдау танытты. Сонымен қатар, халық­аралық қоғамдастықтың терроризммен және экстремизммен күрестегі бірлігін нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Қазақстан Президентінің 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассам­блея сының 70­сессиясының мінберінен айтылған жаһандық терроризмге қарсы коалиция құру туралы бастамасының маңыздылығы ерекше атап көрсетілді.

Ерлігімен ерекшеленгендерге – «Ел қорғаны» медалі

Ол бойынша Мәжіліс де­пу таттары Сербиямен халық­аралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жо­басын қарамақ.

Келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы халық ара­лық автомобиль қатына сында жолаушылар мен жүк тер дің тасымалын, олар дың аумақтары арқылы транзитті, сондай­ақ,

осындай тасы мал дарды орын ­дауға рұқсат беріл ген тасы­мал дау шы лардың жоға рыда атал ған мемлекеттердің аумақ­тарында тіркелген көлік құрал­дарымен үшінші елдерге тасы­малдарын реттейді.

Сондай­ақ, жалпы отырыс та депутаттар мәдениет мә селе­леріне түзетулерге қатыс ты заң жобасын екінші оқы лымда қарайды деп күтілуде.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқа­лықованың төрайымдығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Негізгі міндет – әлеуметтің әлеуетін әлсіретпеу –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Үкіметте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова брифинг өткізіп, министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарына тоқталды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қатаң сынға алынды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан делегациясы Нью­Йорк қаласындағы БҰҰ штаб­пәтерінде Корей Халық­Демократиялық Республикасының (КХДР) үстіміздегі жылдың 6 наурызда 4 баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысына қатысты, деп ха­барлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы ахуалды саяси реттеу мәселелері жөніндегі отырысына қатысты. Қауіпсіздік Кеңесінің жиынында БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісі Стаффан де Мистура брифинг өткізді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Астана процесінің маңызы аталды

Отандық білім беру мәселелері зерделенді

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Әлеуметтік­мәдени даму және ғылым комитетінің төра йымы Бірғаным Әйтімова бастаған Сенат де­путаттары Вячеслав орта мектебі және «Арнасай» жа сыл технология орталығының жұмысымен таныс ты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

13 наурыз 2017 жыл 5

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

«Ауылшаруашылық коо­пе ра тивтері туралы» Қазақ­стан Республикасының заңы 2015 жылдың соңында қабыл­данды. Заңға сәйкес Б атыс Қа­зақ стан өңірінде де жаңа дан ауылшаруашылық коо пер­тивтерін құру және қайта ұйым­дастыру жұмысы жүргізілуде.

– Қазіргі таңда облыста 130 ауылшаруашылық кооперативі құрылып, жұмыс жасауда, – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Жеке қорадағы малды коо­пе ративке топтаудың басты мақсаты – мемлекет тарапынан беріліп жатқан субсидия мен жеңілдікті несие көмегін жет­кізу. Бұрын құрылған коо пе­ративтер өткен жылдың өзінде 398,2 млн теңге субсидия көме­гін алып үлгерді. Оның ішін де 342,2 млн теңге көмек ал ған 98 кооператив тұқымдық түр лен­діруге қатысып, аналық мал басын 17 мыңға жеткізсе, өсім­дік шаруашылығымен ай на­лысатын «Рубеженский» АШК тыңайтқыштар мен гер бицид­тердің құнын арзандатуға 3,1 млн теңге, сатып алынған тех­никаларға, жаңбырлатып суару жабдықтарына, көкөніс қой­масы құрылысы шығын дары­на 53 млн теңге жәрдем алған.

Бүгінде облыста мал борда­қы лаумен айналысатын 23 ауыл шаруашылық коопера тиві құрылған. 259 отбасы «Ауыл шаруа шылығын қаржы лай қол дау қоры» АҚ­тың об лыс­тағы филиалы арқы лы 3494 бас ірі қара мал са тып алуға 682,5 млн теңге несие алды. Несие­лі болған шаруа лар дың ең көбі Сырым, Терек ті, Жаңа қала, Ақжайық аудан дарынан екен.

2016 жылы Ақжайық ауда­нын да «Батыс Нық» ЖШС құ­ры лып, қуаттылығы ауысы мы­на 50 басты құрайтын мал сою пунктін іске қосты. Мұнда 15 адам қызмет етеді. Өткен ақпан айында Тасқала ауданында «Тасқала Сүт» ЖК ауысымына 1 тонна сүт өңдейтін цех ашып, 10 адамды жұмысқа алды. Зеленов ауданының Дариян

ауы лында «Каверина» ЖК күні не 40 тонна сүтті қайта өң дей тін (сары май, ірімшік, чечил дің 8 түрі) құрал­жабдық са тып алып, монтаж жұмысын жүр гізуде. Кәсіпорын наурыз айын да ашылады, мұнда жаңа­дан 40 адам жұмысқа алынбақ.

Облыс орталығының маңы­нан «сүт белдеуін» құру туралы идея көптен бері айтылып келеді. Қала тұрғындарын ағар ған мен қамтып отырған да негі зі нен қала маңындағы жеке шаруа лар екені рас. Бүгінде облыс та сүт бағытында 2 коо­пе ратив құрылып, жұмыс жасау да. Оның бірі – «Батыс Сүт» АШК Зеленов ауданында, екіншісі – «Адал» АШК Терек­ті ауданында орналасқан.

Ал 2017 жыл қандай бол­мақ? Биыл облыстың тұқым­дық түрлендіруге қатысатын шаруаларына мемлекет тара пы ­нан 2,5 млрд теңге төлеу жос ­пар ланып отыр екен. Шаруа лар 5349 асыл тұқымды мал са тып алуы тиіс. Оның субсидия­лау сомасы 809 млн теңге мөлшерінде.

Батыс Қазақстан өңірінің агросекторына 2017 жылы «КазАгро» ҰБХ» АҚ филиал­дары арқылы 8 млрд 700,0 млн теңге бюджеттік несие қарас­тырылған. Бұл өз кезегін де ауылдық елді мекендерге несие беру арқылы халықты жұмыс­пен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етпек.

– Бағдарлама аясында 2017 жылдың 1 сәуірінен 30 жел тоқсанға дейін 12 ауыл­шаруашылық коопера тивін, 505 мал бордақылау ала ңын, 1 сүт қабылдау пунктін, 8 мал сою пунктін құру, 10 рефри­жератор алу және 10 мал сою пунктін жабдықтау жоспар­ланып отыр, – дейді Арман Кәрімұлы бізбен әңгімесінде.

Мемлекет тарапынан жа­сал ған осындай жоспарлы шара лардың нәтижесінде жүйе лі қалыпқа түскен, мем­лекет көмегін пайдаланып отыр ған шаруашылықтар саны артып келеді. Мәселен, 2013 жылы жеке қосалқы шаруа шы­лықтардағы ірі қара мал (229 мың) барлық тіркелген мал басының 55 пайызын құраса,

2016 жылы бұл көрсеткіш (207,4 мың) 42 пайызға төмендеген. Бұл – мемлекет тарапынан бе­ріліп отырған қолдаудың және ауыл шаруашылығы коопе ра­тив теріне біріктірудің нәтижесі. Дегенмен, өңірде өндірілген барлық сүттің 74,6 пайызы (170 мың тонна) және еттің 53,9 па­йызы (21,9 мың тонна) жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі болып отыр.

Кооперативке бірігудің пайдасы барын көріп отырмыз. Ал мұның кемшілігі, олқы тұсы бар ма?

– Кооперативке біріксе, со­йы латын әр бас малға 20 мың теңге, құрама­жемнің әр тон­насына тағы да 20 мың тең ге субсидия төленетіндігі ауыл­дағы ағайын үшін үлкен қол­дау. Бірақ, біздің ойымыз ша, осындай оңтайлы бағдар ла­мада ауылда тұратын мемл е­кет тік қызметшілердің мүд десі, заңдық мәртебесі ескеріл мей қалған сияқты, – дейді Тас қала ауданының әкімі Санжар Әлиев.

Жасыратыны жоқ, ауы лда тұ ратын мемлекеттік қызмет­шілердің ең кемі 80 пайызының ауласында жеке малы бар. Мәселен, мемлекеттік қызметші күні ертең қорасындағы ма лын кооперативке өткізетін бол са, онда ол жеке кәсіппен шұғыл­данатын, пайда табатын адам ретінде қарастырылуы мүмкін. Яғни, педагогикалық, ғылыми, шығармашылық қызметтен ғана табыс табуға болады деген «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талаптарына қайшы келейін деп тұр. Әрине, теориялық тұрғыдан мем лекет­тік қызметші өз малын жол­да сының, тума­туыс тары ның атына тіркетуі жоққа шыға рыл­майды. Дегенмен, ол мәсе лені түпкілікті шешпейтіні ай дан анық. Мысалы, бір отба сын да екі адам мемлекеттік қыз мет­ші болса қайтпек керек? Әрі бұл жағдай табыс тура лы дек­ларациямен қалай қабысады?

«Сондықтан, ауылда тұра­тын мыңдаған мемлекеттік қыз м етшілердің атынан осы мәсе леге орай тиісті сала бас­шы лары ел газетінің бетінде нақты түсінік берсе екен», дейді Санжар Әлиев.

ОРАЛ

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Мысалы, аталған мемлекет тік бағ­дарламаны жүзеге асыру дың ал ғаш­қы жылдарында мұ най лы ай мақта іске қосылған жоба лар – «Казтурборемонт» сервис тік орталығы турбина жаб дық­тарын жөндесе, «Брандо» зауыты шприц пен құйылмалы құралдар шығарды. Әлі де бар, бірақ қарқын баяғыдай емес. Облыс­тық кәсіпкерлік және индустриялық­инно вациялық даму басқармасы ның басшысы Диас Жәнібековтің айтуын­ша, «Казтурборемонттың» жұмысы­ның жөнді болмауына сұраныс аз дығы себеп. Сондықтан, кәсіп орын әуелгі қызмет көрсету ба ғы тын өзгертіп, қазір металл құ рас тырылым өндірісіне кө­шіп ті. Ал жылына 250 млн дана бір реттік қолданылатын медициналық ине шығарады деген «Брандоға» не болды? «Самұрық­Қазына Фармация» серіктестігі тарапынан туын даған өнімді сатып алуға бай ланысты мәселелер «Бран­до ның» болашағына балта шапты ма? Әйтеуір, қазір Атырауда шығарылатын шприцтердің дені шекара асып, Ресейге жөнелтіліп жатыр. Жергілікті нарықта сұраныс болмағанға ұқсайды. Есесіне, ресейліктердің қызығу шылығы жоғары, тіпті бағасы да едәуір қымбат.

Қарызға батқан кәсіпорын дар қата­рында Индер ауда нын дағы құрғақ құры­лыс қоспа ларын шығаратын зауыт та бар. Банкке берешегі төрт млрд теңгеден астам «Биас Тек» зауытында қазір жұмыс жү ріп жатқан жоқ. Несие өтел меген. Жобалық қуаты жылына 125 мың тонна гипс, 150 мың тонна құрғақ құрылыс қос­па ларын өндіруге жетеді деп есепт елген компания осылайша орта жолда тоқырап қалды. «Жыл соңына дейін жұмыс қайта жанданады, – дейді салалық басқарма басшысы Диас Жәнібеков. – Инвестор табылды. Жаңа жабдықтар алынып, ескілерін техникалық жөндеуден өткізіп

жатырмыз». Солай болса игі. Әйтпесе, бір ғана Индер ауданының өзінде «Биас Тектен» бөлек «Тұз», натрий гипохлорид зауыт тарының да жағдайлары ая ныш­ты халде. Дендер тұзды көлін игеріп, техникалық және ас тұзын өндіреді деген меке менің бұрынғы инвесторы өз қаржысын дұрыс есептемей келіпті, соның кесірінен «Тұз» ашық сатуға қойыл ды. Жаңа инвестор жобаны биыл­дан қалдырмай бастауға уәде еткен.

Тапсырыстың аздығы опти калық­тал шықты кабель өндіру зауытын да ай налып өтпеді. «Зауыт қазір 30 пайыз­ға ғана жұмыс істеп тұр», – дейді «ПКФ «Континент Ко ЛТД» ЖШС бас ди­ректорының орын басары Марат Қалы­мов. Опти ка лық­талшықты кабель дің 12 түрін шығаратын нысан негізі нен «Қазақ телеком» меке месі нен тапсырыс қабыл дайды. Басқадай сұраныс білдіру­ші жоқ қа таяу. Еліміздегі осы сала ға маманданған екінші кә сіп орын ішкі нарықтан лайық ты орын таппады, енді Ресей дегі байқауларға қатысуға ынта лы. Бұл да «Суға кеткен тал қар май дының» кебі болмасына кім кепіл?

Тұрғын үй­коммуналдық шаруа­шылығы саласына қажет ті заттар дайын­дайтын поли эти лен құбырлар зауыты­ның ашылғанына биыл төрт жыл болады. Бірақ, еліміз бо йын ша тек Атырауда ғана шығ ары л атын өнімге тағы да сол қызы­ғу шылық кем. Мұны зауыттың о баста жоспарлаған ме жеге әлі күнге дейін жете ал май келе жатқанынан­ақ аң ғару ға болады. Жергілікті жұрт сапа лы отандық тауардан бұ рын базар сөре лерінде қаптап тұр ған Қытайдың арзан дүние сін алуға құмар. Мемлекеттік са т ып алу жүйесінің заңдылық та ры да зауыт жұмысына қол­бай лау сияқты. Тауар баға сы ның арзан болуына ба сым дық бе рі летіндіктен, ком­му нал дық кәсіпорындар заңнан аттап кете алмайды. «Шеврон Мұнайгаз Инк» компаниясы бас директорының орынба­сары Омар Әбдиев өнімдерінің сапасы

жоғары болғанымен, нарыққа ілесе алмай отырғандарын айта ды. «Тә жі­рибе көрсеткендей, тен дер ұйым дасты­рушылар негіз ге алатын төмен баға бюд­жет ті тиімді игеруге кепіл емес. Сапасыз нәрсені алу үл кен тәуе кел ді қажет етеді, апат болғ ан жағдай да жөн деу жұ мыс­тарына екі есе шығын далуы ңыз мүмкін», деген ол қазір еліміз дегі поли этилен құбыр лар жасауға әкелінетін шикі заттың 70 пайызы тиісті стан дартқа сай емес екенін жасыр мады. Алайда, сол та лап қа сай еместердің дәурені жүріп тұр...

«Тендер жыры» ірі кәсіп орын дардың да, шағын және орта бизнес иелерінің де «бас ауруына» айналған. Оның сал қы ны төсек жабдықтары мен кеңсе тауарларын дайындайтын «Қазақ зағиптар қоғамы Атырау оқу­өндірістік кәсіпорнына» да тиіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі отыз адам жұмыспен қамтылған серіктестіктің жабдықтарын жаңғыртпағанына біраз уақыт өтті. Ақша жоқ, жоқ деуге де бол­майтын шығар, аз. ЖШС басшысы Болат

Құсайынов тендерге жиі қатыс қанымен, бағаны тым төмендетіп жібере тін кә сіп­керлердің «арқасында» табысқа қол жет­кізе алмай отырғандарын айтады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсем баевтың айтуынша, үдемелі индустриялық­инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына аймақта 54 жоба енгізілген. Бірінші бесжылдықта 28 жоба жүзеге асырылды, екі мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Екін­ші бесжылдықта 26 жоба ашылып, 3500 адам жұмысқа орналасты. Әрине, мем ле­кет тік бағдарлама шеңберіндегі жоба лар­дың бәрі бірдей жүзеге аспай жатыр деп айта алмаймыз. Мысалы, «Жігер мұнай­сервис», «Полимер Продакшн» сері­ктес тіктерінің өнімдері ішкі және сырт­қы на рықта жоғары сұранысқа ие. Ал жоға рыда аталған өндіріс ошақтарының төңі регінде әзірге үміттен күдік басым болып тұр.

АТЫРАУ

Арпа-бидай ас екен...Егіс көлемін азайтуға негіз бар ма?

Соңғы уақыттары «Қазақстанға жылдағыдай көлемде бидай егу керек пе?» деген сұрақ пікірталас туғызуда. Оған себеп болып отырған Ауыл шаруашылығы министрлігінің бидай көлемін алдағы бес жыл ішінде 12,4 млн гектардан 10,1 млн гектарға, яғни 2,3 млн гектарға азайтуды көздеген шешімі.

Министрліктің уәжі бойынша, бидайдың барлық егіс көлемінің 64 пайыз алып жатуы келешекте жердің тозуына және өнімнің азаюына алып келмек. Ал барлық егістіктің үлесі 46 пайыз болған жағдайда жұмыс ғылыми негізде дамитын көрінеді...

Жалпы, бұл жердегі мәселе әкім­шілік ұстаныммен емес, экономи калық жолмен шешілуі тиіс. Бастысы, бұл жерде мемлекет халықтың тұтыну қажеттілігін ескергені жөн, яғни еліміздің азық­түлік қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі керек. Ол дегеніміз, әр адамның тағам тұтынудың физиологиялық нормасы негізінде есептелген тиісті мөлшеріне экономикалық қолжетімділіг ін қамтамасыз ету деген сөз. Содан кейін қорғанысқа қажет нан өнімдерінің мөлшері, тұқым, мал жемінің көлемі анық талып, олар мемлекеттік тапсырыс ретінде өндірілуі тиіс. Ал басқа көлем­дегі астықты кім, қанша, қалай егіп, оны өзі сақтап, өңдеп экспортқа шығарып жатса ешкімнің қарсылығы болмайды. Бұрынғыдай әр гектарға субсидия, арзан жанар­жағармай және тыңайтқыштар алып, өнімнің экспортталғаны үшін тағы тоннасына 40 доллардан бюджеттен ақша алу, әрине, халыққа қиянат нәрсе. Өйткені, мемлекеттің бюджетіндегі ақша халықтікі, ол салық арқылы жиналады. Бидай өндірушілерге осыншама көмектен кейін Қазақстанда тым болмаса нан арзан болса екен. Бір мысал. Сауд Арабиясында нан күріштен кейінгі басты өнім саналады. Бұл ел адам басына шаққанда нан өнімдерін пайдалануда әлемде бірінші орын алады. Соңғы 35 жылда шикізат пен энергия үш есе өскен, бірақ нан бағасы бұрынғыдай. Бұл ел өз халқының қамы үшін жылына 3 млн тонна бидай импорттайды.

Енді әлемдегі бидай экспортына көз жүгіртейік. Бидайды ең көп өндіретін он мемлекеттің көш басында Қытай тұр, сұраныс көлемі 130 млн тонна, одан кейінгі орынды Үндістан (86,6 млн тонна) алады да, тізім Ресей (61 млн тонна), АҚШ (55,8 млн тонна), Франция (40,8 млн тонна), Канада (27,6 млн тонна), Украина (27,3 млн тонна), Германия (26,3 млн тонна), Пәкістан (25,1 млн тонна) және Австралия (24,5 млн тонна) болып жалғаса береді. Қазақстан бұл тізімде Польшамен шамалас, 15­орында.

Қазақстан соңғы жылдары орта есеппен 13,5­20,1 млн тонна дәнді дақыл жинады, бұл көрсеткіш ТМД елдерінде Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды көрсетеді. Орташа өнім гектарынан 10­13 центнерден келеді. Әр жылдары экспортқа 2,8­8 млн тон­на бидай шығарады. Ресейде гектар шығымдылығы 21­30 центнер бол­са, Украинада 23­28 центнер. Көріп отырғандай, біздің елдегі бидай өнімінің шығымдылығы екі есеге жуық төмен. Қазақстан өнімі көп жағдайда жер ылғалдылығының сақталуы мен уақтылы жауатын жаңбырға тәуелді. Ал әлемдегі климат өзгерістерін есепке алар болсақ, жер шарында температура 2 градусқа дейін жылынғанын ескергенде, келешек­те көп жылдық қуаңшылық болуы ғажап емес. Сондықтан Елбасымыз айтқан суармалы жерлерді игеру қажеттілігі келешекке меңзейді. Ал суармалы жерлерден бидай өнімдерін бес есеге дейін көп алуға болады. Сондықтан бидай өндірісін оңтүстік облыстарда кеңейтіп, оны тіпті Қызылорда облы­сында өсіруге болар еді.

Әр гектарынан 156,4 центнерден өнім алып бидай өсіруден әлемдік рекордты Жаңа Зеландия жасап, Гиннестің рекордтар кітабына 2010 жылы жазылды. Бидайдан жоғары өнім алу жаңалық емес, мысалы, Чехия гектарынан 109 центнер дән жинаса, Ұлыбритания 77,8 центнерді жыл сайын жинайды. Әлемде, өнімділікті ғылыми негізбен ұштастырып арттыру да бар. Мысалға, Беларусьте 1991 жылы бидай шығымдылығы 15,7 ц/га болса, өткен жылы 39,4 центнер болды, ал Өзбекстан суармалы жердің әр гектарынан 48,6 центнерден өнім алады. Қазақстанда бидай шығымдылығы төмен, бірақ сапасы жоғары...

Жалпы, еліміздегі бидай бизнесінде жүрген шаруаларға өнімін экспортқа шығаруға мүмкіндік мол. Көрші жатқан Қытайдың өзі жылына 6,7 млн тонна бидай импорттайды. Тунистің өзі 1,1­1,4 млн тонна дән сатады екен. Ендеше, Ауыл шаруашылығы министр­лігінің бидай көлемін алдағы бес жыл ішінде 12,4 млн гектардан 10,1 млн гектарға, яғни 2,3 млн гектарға азайту туралы бастамасын экономикалық тұрғыдан тағы бір екшеп алған жөн.

АтамұратШәМенОв,экономика ғылымдарының докторы

Мәселенің Мәнісі

Өнімі өтпесе, өндіріс өркендей ме?Мемлекеттік бағдарлама аясында ашылған жобалардың «жыры» көп

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазынадан қыруар қаржы қаралып, индустрияландыру бағдарламасына енгізілген жобалардың о баста жұмысы да, жарнамасы да жақсы еді. «Қазақстанда жасалған», «Атырауда шығарылған» деп жарыса жазғанбыз. Алайда, қуаныш ұзаққа бармады. Отандық өнімге деген сұраныс азайды, бәсекеге қабілетті бола алмай қалдық, ішкі нарықта да аса тартымды емеспіз. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Үйренетін Үрдіс тҮйткіл

Кооперативтен үміт үлкенБірақ түйінді тұстары да жоқ емес

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешені саласының алдына қойылған 6 міндеттің бірі – ауылшаруашылық кооперативтерін құру ісі Батыс Қазақстан облысында қалай атқарылады? –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Жобалар өндірісте еңбек етіп жүрген орта буын басшылардың және компания жастарының басқарушылық дағдысымен көшбасшылық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Яғни, оқу бағдарламасы аяқталған соң, олар нағыз көшбасшы ғана емес, алып өндірістерді бас­қара білетін, кәсіпорындарды бәсе кеге қабілетті ете алатын білік ті маман болып, болашақта өнді ріс тік жұмыс орындарында өзге рі стер енгізіп, тиімді биз нес­жобалар жасап, жаңа техноло­гия ларды іске қоса білуі керек.

«Өзгерістер көшбасшысы» және «Көшбасшы­2020» жоба­лары өте маңызды. Біз де мұ ны қабыл дауға, үйренуге тиіс піз. Өн дірістердегі ескі әдіс­тәсіл дер­ден арылып, барлығы да жаңа­шыл дыққа дайын болуы керек. Елімізде жаңа индус триялар құру, еңбек өнім ді лігін арттыру керек, өнер кә сіп тік революция, авто мат­тан д ыру, роботтандыру, жасан ды интеллект, «ауқымды мәлі мет­тер» алмасу жайы, техноло гия­лық қайта жарақтандырудың кешенді шаралары басталды. Жал пы, қай жерде болмасын, менед жментті жаңғыртусыз ком­панияның бәсекелестігін арт­тыру мүмкін емес. Мысалы,

«Менед жермен бетпе­бет және «Өзгерістермен басқару» атты семинарда кәсіпорында жаңашылдықтарды енгізу сон­шалықты қорқынышты емес екендігін көрсетті», – дейді зауыт­тың өндірістік бөлім бастығы В.Мартынов өз сөзінде.

Ал цех бастығы Т.Қаленов былай дейді: «Мен «Өзгерістер көшбасшысы» тобына түскеніме өте қуаныштымын. Қарауым­дағы цехта 365 жұмысшы бар. Бұ ған дейін жалғыз өзіме бас­қару жауапкершілігі өте қиын еді. Ал қазіргі жаңғырту жоба­лары на сай өткен оқудан ке йін жаңа әлем ашылғандай. Жаңа­шылдық, үйрену деген осы. Қазір жұмысты реттеу әлде қайда жеңілденді».

Еуразиялық топта еңбек етіп жүрген жұмысшы­қызмет­керлердің біліктілігін арттыру шаралары Мaster of Вusiness Аdministration, «Мини­МВА», «Стандарт менеджера ENRC» атты көшбасшылық бағ дар­ламалардың аясында жүр­гізілуде. Осы бағытта компания­да жұмыс істейтін 600­ден ас там кадр қайта даярлықтан өтпекші.

Павлодар облысы,Ақсу қаласы

Суретті түсірген Юлия ЛеДАК

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында «Өзгерістер көшбасшысы» және «Көшбасшы-2020» тақырыптарымен корпоративтік оқу жобаларының алғашқы кезеңі өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өзгерістер өздігінен келмейді

эконоМика

Lite

r.kz

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

6 13 наурыз 2017 жыл

Жуырда Қазақстанның Ауғанстан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Өмір тай Бітімов Ауғанстан Ислам Рес­пуб ликасының президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат Ауғанстан президентіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсыр­ды. Сонымен қатар, ол Мохаммед Ашраф Ғаниге Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Астанада өтетін ғылым және технологиялар жө­нін дегі саммитіне шақыруды табыс етті.

Өміртай Бітімов Ауғанстан прези­дентін Қазақстандағы маңызды саяси­экономикалық үдерістермен және Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған басқа да басымдықтармен таныстырды. Сондай­ақ, Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге

қабілеттілік» атты Жолдауы туралы да жан­жақты әңгіме қозғады.

Өз кезегінде А.Ғани Қазақстан Пре зи дентіне құрметті марапаты үшін алғысын білдірді. Ол «Қазақстан Көш­бас шысының мемлекеттік басқару рефор масына қатысты алысты көздеген, қазақс тандық қоғам институттарының одан әрі дамуына ықпал ететін жос­парларын» Ауғанстанның жоға ры баға­лайтынын, оны әрдайым қолдай тынын жеткізді.

Қазақстан елшісі мен Ауғанстан президенті екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, сауда­саттық сала­сын дағы мәселелерді, Қазақстанның астығын, Ауғанстанның көкөнісі мен жеміс­жидегін екі жаққа тасымалдау барысын, темір жол тасымалын дамыту жолдарын, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайтудың жай­күйін талқылады.

Французша «компромат»

Қазір Францияда президенттік сайлаудың нағыз қызған шағы. Не­гізгі үш кандидат – респуб ликашыл Франсуа Фийон, «Ұлттық майдан» пар тиясының жетекшісі Марин Ле Пен және бұрынғы экономика министрі Эммануэль Макрон сайлау­шыларды бағдар лама­жоспар­ларымен таныстыруда. Ал президент­тік сайлау осы жылдың 23 сәуірінде өтеді.

Жалпы, Батыс елдерінде кез кел­ген сайлау өткенімен де, өтетінімен де «қызық». Өйткені, саяси науқан – сай­лау үдерісі қызған сайын канди дат­тар ға қатысты жақсысы мен жама ны ара лас неше түрлі пікірлер айты ла­ды. Кезінде жіберген қателіктері мен «қиғаштықтары» жария етіліп, ауыр айыптар да тағылады. Отбасы мүше­леріне, туыстарына, сондай­ақ, өзге де жақын дарына байланысты «акциялар» ұйым дас тырылады. Кейбіреулері, тіпті басы дауға қалып, жарыс жолынан шы­ғып қалатын жағдайлар да кездеседі. Мұ­ны «компромат», яғни әшкерелеу дейді.

Осы үрдіс қазіргі кезде президенттік сайлау науқаны шарықтау шегіне жетіп тұрған Францияда да орын алып жатыр. Үш саясаткер кандидаттың үшеуінің де қаржылық бұрмалаушылыққа қатысы бар екендігі бұқаралық ақпарат құрал дары арқылы жалпақ жұртқа жария етіл ді. Ал олар мұны өздерін қаралау деп, бас тарын арашалап қалуға тырысып бағу да. Сонда кандидаттар не «бүлдіріп» қойған?

Алдымен Франсуа Фийонға байла­нысты мәселені алайық. Француз басы­лымдарында жарияланған материалдарға қарағанда, Ф.Фийон парламент депутаты кезінде зайыбы Пенелопа Фийонды өзінің көмекшісі қызметіне алған және оған бірнеше жыл бойы еңбекақы мен бонус тарды қосқанда, жалпы көлемі 500 мың еуро төленген. Бірақ, ол депутаттың көмек шісі міндетін атқармаған, яғни қызмет орнында, тіпті бой көрсетпегенге ұқсайды.

Осы мәселеге байланысты прокура­тура Пенелопа Фийонға қатысты алдын ала тексеру ісін ашып, алдымен Ұлттық ассамблеяға (парламенттің төменгі палатасы), одан соң сенатқа тінту жүргізіпті. Онда тергеушілер Пенелопа Фийонның көмекші болып істегені жөнінде деректер іздестірген. Сондай­ақ, жақында полиция ерлі­зайыпты Фийондардың үйіне тінту жүргізгені жөнінде ақпарат тарады. Бұдан бөлек, кандидатқа өзінің балаларын қағаз жүзінде жұмысқа орналастырды деген кінә да тағылып отыр. Депутат кезінде ол университетте оқып жүрген ұлы мен қызын дипломы бар заңгер ретінде жұмысқа «орналастырып», олар еңбекақыға 400 мың еуро алған көрінеді.

Алғашында Фийон өзіне тағылған айыптар дәлелденген жағдайда, президенттік сайлаудан өзінің канди­датурасын алатынын айтқан еді. Кейін ол сайлау бәсекесінен бас тартпайтынын мәлімдеді. Сарапшылардың пайым­дауынша, осы даулар оның беделіне едәуір нұқсан келтіруі мүмкін.

«Ұлттық майдан» партиясының жетекшісі Марин Ле Пеннің басындағы жағдай да осыған ұқсас. Әсілі, ол биылғы жылдың 1 ақпанына дейін Еуропар ла­менттің кассасына 300 мың еуро құюы тиіс болатын. Еуропарламенттің депу­таты мұны «кезекті есеп айырысу» деп бағалап, талапты орындаудан бас тартты. Бұл ақшаның 260 мың еуросы партия белсендісі әрі Ле Пеннің көмекшісі Кат­рин Гризенің жалақысы, қалғаны Еуро­парламентте ассистент ретінде рәсім­делген саясаткердің күзетшісіне төлен­ген қаражат екен. Бұқаралық ақпарат құрал дарының жазуынша, Ле Пеннің көмек шісі Катрин Гризе Еуропарламент ғим а ратына келмей, тек партияның Париждегі офисінде отырып жұмыс істепті.

Ал үшінші кандидат бұрынғы эко­номика министрі Эммануэль Макрон да қаржылық бұрмалаушылыққа жол берді, қызмет бабын асыра пайдалан­ды деген дауға қалып отыр. Өткен жылдың тамызында отставкаға кеткен ол министрлік тізгінін ұстаған сегіз айдың ішінде қосалқы шығындарға бөлінген қаражаттың 80 пайызын өзінің жеке қажеттілігіне жұмсап жіберіпті. Ол 120 мың еуроны құрайды. Тексеру авторларының хабардар етуінше, қаражат негізінен бұрынғы министрдің ведомствоға ешқандай қатысы жоқ адамдар – әлеуметтанушылармен, қоғамдық және діни ұйымдардың жетекшілерімен бірге түскі және кешкі ас ішуге төленген екен. Осылайша, ол өзіне қолдау көрсететін ықпалды адам­дармен танысқан. Макронның бұл әрекеті мемлекет қаржысын сайлау науқанына пайдаланды деп дәрежеленіп отыр.

Осыдан біраз жыл бұрын прези­денттіктен ең басты үміткер саналған Халықаралық валюта қорының сол кездегі басшысы Доминик Стросс­Кан да қонақүйдегі «шатаққа» ілігіп, басы дауға қалғаны, басшылық қыз­меттен кетуге мәжбүр болғаны есте. Ал Франция президенті болғысы кел ген саясаткерлерге қарсы жасалған «ком­проматтар» қазірге осындай.

Сарапшылар президенттік сайлау­дың екінші турына Франсуа Фийон мен Марин Ле Пен шығады, нәтижесінде 68 пайыздық көрсеткішпен Фийон жеңіске жетеді деген болжам жасап отыр.

ӘлисұлтанҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Іс­шара барысында Қазақстан Республикасының БҰҰ жанын­дағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров қатысушыларды елдің БҰҰ­мен қарым­қатынасындағы негізгі ба­ғыттары: қауіпсіздік, ядролық тарат­пау, терроризм мен трансұлттық қылмыс, тұрақты даму, климат тың өзгеруі бойынша Қазақстанның өт­кен жылдардағы жетістіктері, маңыз­ды кезеңдері туралы ақпаратпен таныстырып өтті.

Бұдан бөлек, жиын қонақтары өкілдік әзірлеген бейнефильм арқылы Қазақстанның ядролық қарусыз­дану саласындағы бастамалары – Семей полигонын жабу, тоқсанын­шы жылдардағы ядролық әлеуеттен бас тарту, Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау, дінаралық үнқатысу – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің отыры­сын шақыру, Азиядағы өзара іс­қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өткізу туралы мәліметтермен танысты.

Сондай­ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүше­ліг і аясындағы Қазақстанның басым бағыттары, Кеңестің негіз гі комитеттерінің төрағасы ретіндегі міндеттері бөлек талқыланды. Бұған қоса, жиында Қазақстанның

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретін­дегі қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ ҚК мүшелеріне арнаған «Қауіпсіз, әділ және өр­кендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты саяси Үндеуі және «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидаттарына сүйеніп жүргі­зілетіні атап көрсетілді.

Сонымен қатар, басқосуда энер­гетикалық қауіпсіздік және алдағы уақытта Астанада өтетін ЭКСПО­2017 халықаралық көрмесі мен басқа да тақырыптар қозғалды.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хат­шысының орынбасары кеңсесінің басшысы, БҰҰ­ның Нашар дамыған елдер және теңізге шығар жолы жоқ елдер бойынша өкілі Сандагдородж Ерденбилег, Global Security Institu­te халықаралық ҮЕҰ президенті Джонатан Гранофф Қазақстанның БҰҰ­ның бағдарламалары мен жобаларын іске асырудағы және әлем­дік шиеленістердің алдын алу дағы, даму бағдарламасының аясын дағы мақсаттар мен міндеттерді жүзе ге асырудағы маңызды үлесін атап өтті, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ликасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған шараға Қазақстанның Түр­кия дағы елшілігінің Уақытша сенім­ді өкілі Әлімхан Есенгелдиев, Еура зия жазу шы лар қауымдастығының төраға сы Якуб Омароғлы, Ардахан универ си теті­нің әде биет танушы­ғалымдары профессор Ор хан Сөй лемез және профессор Аябек Бай ниязов, түрік зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан Ә.Есенгелдиев екі бауыр лас ел арасындағы диплома тия ­лық қарым­қатынастың 25 жыл ды ғы м ен құттықтап, Қазақстанның қол жет к із ген жетістіктері мен Елбасы Н.Назарбаев­тың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет тілік» атты халыққа арнаған Жолдауы тура лы мәлімет берді. Сондай­ақ, екі ел ара сын дағы мәдени және гуманитарлық байла нысты

күшейтуге бағытталған жұ мыс тармен таныстырып, түрік тілінде жарық көрген қазақ көркем әдебиеті нің інжу­маржандарын атап өтті. Соның ішінде қазақтың ақберен ақы ны Махамбеттің жыр жинағы бар екен дігін жеткізді. Кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен Еуразия жазушылар қауымдастығына қарасты «Бенгу» баспасына, Махамбеттің жырла­рын түрік тілінде сөйлеткен О.Сөйлемезге және А.Байниязовқа алғыс білдірді.

Еуразия жазушылар қауым дастығы­ның төрағасы Я.Омароғлы өз сөзінде Тәуел сіздіктің 25 жылдығын тойлаған Қазақ станның 2017 жылы БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметіне кіріскеніне байла­нысты Елбасы Н.Назарбаевты және бауырлас қазақ халқын шын жүректен

құттықтап, жаһандық экономика дағдарысқа душар болған қазіргі уақытта Қазақстанның өзі ұстанып отырған дана экономикалық саясатының арқасында қиындықтан көп қиналмай өткендігін атап көрсетті. Сонымен қатар, Махамбет шығармашылығының түркі әлемінің рухани қазынасы екендігін, оның әрбір өлеңінде тәуелсіздікті аңсау және күрес­керлік рухтың сақталғандығын жеткізді.

Ардахан университетінің профессоры

О.Сөйлемез 1995 жылы Колумбия университетінде «1985 жылдан кейінгі қазақтың ұлттық әлеуеті» тақырыбында докторлық диссертация қорғағанын және қазақ әдебиетіне қатысты бірқатар жұмыстар атқарғанын айта келе, Махамбет шығармашылығы жөнінде баяндама жасады. Ақын­жыраулардан қалған жырлардың түркі дүниесінің ру­хани әлемін байыта түскеніне, соның ішінде мәңгі мұра болып қалған Махам­беттің әрбір өлеңінің мұхитқа құйылған өзендей әлем әдебиетінің інжу­маржаны екендігіне баса назар аударды.

Түркияның атақты ақыны Али Акбаш түркі халықтарының поэзиясы, соның ішінде қазақ поэзиясының ерекшеліктері туралы мәлімет беріп, Махамбеттің өлеңдерін оқып, ұлы ақынның жырла­рында сақталған тыныстың кеңдігін, ұлы байтақ даланың сұлулығын және өзіне тән ырғағын көрсетіп, талдап берді.

Шара соңында қазақ әдебиетін наси­хаттап, Қазақстан мен Түркия арасындағы достық және ынтымақтастықтың нығаюы­на үлес қосқаны үшін ғалым Орх ан Сөй­лемез «Қазақстан­Түркия дос тығы» медалі мен, профессор Аябек Байния зов ал ғыс плакеткасымен марапатталды.

Алишер АЛИМОВ, сарапшы

Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістігі өзбек халқына жақсы таныс. Кезінде Кеңес Одағының құрамында болған бұл ел өз тәуел сіздігін алғаннан кейінгі аз уақыт тың бедерінде тұралап қалған эконо микасын қалпына келтірді, дамуда оң секіріс жасап, осы өңірдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда көш ілгері кетті.

Бұл, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Ол парасатты көшбасшы, тә жіри­белі сая саткер ретінде Қазақстан дамуының әртүрлі кезеңінде мем­лекеттік жүйені құру мен оны қалып тастыруда дұрыс қадам жа­сауға тырысты, бұл қадамдар елде бар маңызды ресурс тарды тиімді пайдалана отырып, алда тұрған міндеттерді шешуге айтарлықтай дәрежеде ықпал етті.

Сол кезде, әрине, өз аяғынан нық тұра қоймаған жас мемлекеттің дамуы үшін биліктің Президенттің маңайына шоғырланғаны маңыз­ды еді. Себебі, Н.Назарбаев жүр­гіз ген саясаттың нәтижесінде елді жаңғыртудың бірінші және екін ші кезеңінен сәтті өтуге, сол арқы­лы әлемнің 50 дамыған елінің құ­рамына кіруге жол ашылды.

Алайда, өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Ал жаһандану заманы алға тартқан өзгерістер мүлдем жаңа қадамдарға баруды талап етуде. Осы орайда, Қазақстан да өз алдына ауқымды мақсат­міндеттер қойып, 2050 жылға қарай, «2050» Стратегиясы арқылы 30 дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуді көздеп отыр.

Қазіргі таңда біртіндеп іске асырылып келе жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары осы мақсатты

жүзеге асыруға бағытталған. Де ген­мен, бұған қол жеткізу қазіргі бас­қару тетігін жетіл дірусіз және биз­нес­ортаның көк жиегін кеңей тус із әсте, мүмкін емес.

Елді жаһандық тұрғыда бәсе­кеге қабілетті етуге, сондай­ақ, Төр тінші өндірістік революция дең гейіне көтеруге бастайтын Қазақ станның Үшінші жаңғыруы эконо микалық өсудің жаңа моделін әзір леуді талап етуде. Сол себепті, қазір гі таңда мемлекет өзін жақсы менед жер ретінде көрсете алуы керек. Ал бұл ретте Қазақстан көш ­бас шы сының алысты болжай біле­тін көрегендігі кезекті мәрте таң­даныс туғызуда.

Жолдау – бұл тек алдағы уақыт­та мемлекет ұмтылатын «басым­дықтар шоғыры» ғана емес, онда терең талдау­сараптау негізін де қазіргі жағдай мен елдің эко но ми ка­лық әл­ауқатын айқындап, барлық бағыттар бойынша мемлекетті да­муға алып келетін кешенді әдіс­тәсілдер көр сетілген.

Осы орайда, мен Жолдауда ай­тылған институттық қайта жаңару­лар мәселесіне айрықша тоқта лар едім. Себебі, Президенттің өз өкі ­леттіктерінің біраз бөлігін Пар­ламент пен Үкіметке беруі, сол ар қылы билік тармақтары арасын­дағы теңгерім ділік жүйесін құруы олардың жауап кер шілігін, сәйке­сінше, жұмыс тиім ділігін артты­ратын болады. 25 жылдың ішінде Қазақстан қоғамының өзіне тән жүйесі қалыптасты, ал ол дәл осын­дай реформаларды жүзеге асыруға оң әсер ететіні сөзсіз.

Біз Қазақстан жеткен табыстарға шынайы қуанамыз. Қазақстанда институттық реформалардың сәтті жүзеге асырылуы көршілес елдерге тек оң ықпал етіп қана қоймай, жал­пы алғанда, Орталық Азия айма­ғының дамуына да өзгеше серпін береді деп ойлаймын.

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Қазақтар мен француздардың дос­ты ғын дәнекерлеуге ұмтылған осындай мәдени күндер жақсы дәстүрге айналып келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, биыл ғы мәдени шаралар шеңберінде Сен­Тропе қаласы көбірек насихатталды. Мә дени күндердің басталуымен орай­лас Алматыдағы Intercontinental қонақ­үйінде «Welcometo Saint­Tropez» атты тұ саукесер шаралар өтіп, оған осы бағыт­тағы туризмді дамытуға мүдделі 40 шақты туристік агенттіктер қатысты.

БАҚ өкілдерімен кездесуден бастау алған Францияның мәдени күндерінде Сен­Тропе қаласының туризм жөніндегі вице­мэрі Анри Прево­Аллар мырза бұл

қаланың артықшылығы жайлы қызықты әңгімелей отырып: «Сен­Тропеде әйелдер үшін күнде мереке. Бұл қалада қыз­келіншектерге көрсетілетін сыйластық пен құрмет ерекше!» – деді. Сондай­ақ, журналистермен емен­жарқын сұх бат­тасқан Анри Прево­Аллар әлем көрер­мен дерінің ерекше қошеметіне бөлен ген әйгілі фильмдердің бірқатары Сен­Тро­педе түсірілгенін баяндай келе, қазақ ки­не матографистерін осы қалаға ша қырды.

Сол сияқты Францияның Қазақ стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен мен Францияның Қазақ­стандағы Бас консулы Патрик Ренар мыр­залар екі елдің барлық бағыттағы бай ла­ныстарының ілгерілеуі мен ке дергілеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Бұл жолы лауазымды делегация алып келген сыйлықтардың ішінде алма­тылықтарға әйгілі француз актрисасы Брид жит Бардоның өміріне арналған «Әйел ді Құдай жаратқан» көрмесі ұнады. Мәде ни күндер аясында Сен­Тропе қаласы ның мақтанышына айналған актри­са басты рөлде ойнаған режиссер Роже Ва­димнің «Әйелді Құдай жаратқан» көркем фильмі ұсынылды.

Екі елдің байланысын бекемдеуге бағытталған шаралар легі келесі күндері Шымбұлақта жалғасты. Ал Көктөбеде жаңа дан ашылған «Абай» мейрамхана­сында Сен­Тропе қаласындағы әйгілі Биб лос қонақүйінің мақтаулы аспаздары қонақ тарға бар өнерін көрсетті.

Францияның Қазақстандағы кезекті мәдени күндері аясында бірқатар іскерлік кездесулер ұйымдастырылды.

АЛМАТЫ

Ауғанстан президентінің қолдауы–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірді. Бұл туралы еліміздің сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның БҰҰ жанындағы Өкілдігінде (Нью-Йорк) еліміздің аталған Ұйымға мүшелікке қабылдануының 25 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Кездесуге АҚШ-тың жетекші талдау орталықтарының, халықаралық БАҚ өкілдері – БҰҰ-ның журналистер қауымдастығының мүшелері қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан-бұұ:

Қарым-қатынасдами береді

ТуысТық Туы

Тәуелсіздікке арналған ғұмыр––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жуырда Анкара қаласында орналасқан Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке арналған ғұмыр: Махамбет Өтемісұлы» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ДосТық ДәнекеріҚазақстан табыстарына шынайы қуанамыз

Сен-Тропеде күнде мерекеФранцияның Қазақстандағы мәдени күндері мәресіне жетті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Францияның Қазақстандағы мәдени күндері аясында Алматыда жүрген француз-дар бұл жолы курорттық Сен-Тропе қаласының салтанатты лебін алып келіпті. Сол сияқты айтулы күндер аясында өзін француздық деп есептеуге хақысы бар 60-қа жуық компания The Ritz Carlton қонақүйінде ашылған екінші Халықаралық «Regard de France» көрмесінен орын алды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

әлем және қазақсТан

әріпТесТік әлеуеТі

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

13 наурыз 2017 жыл 7

– Ел өзіңізді КВН арқылы жақ сы таниды. Бірақ, өзіңіз КВН-да ойна дыңыз ба? Жалпы, бұл салаға қалай келдіңіз?

– Мектеп қабырғасында жүр­ген кезімде ептеп ойнағаным бар. Бірақ ол тіптен басқа КВН болатын, негізінен сұрақ­жауап, тақпақ айту, қойылым көр сетумен ғана шектелетін. Және жыл сайын бір қойылымды қайта лап қоя беретініміз есімде... Кейін нен жоғары оқу орнында факуль тетаралық жарыстарға көп қа тыс тым. Б ірақ , бұл жерде де КВН­ды қарық еттім деп айта алмаймын. Негізінен ұ й ы м д а с т ы р у ж ұ м ы с т а р ы жағында жүрдім. Туған жерім – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз деген ауыл. Жоғары білімді Шымкентте алдым. 1996 жылдары Шымкентте орыс тілінде КВН ұйымдастырдық, ал, 1999 жылы «Жай дарман» ойын дары ашылып, қазы лар алқасының құрамына ендім. Бірде КВН­ды жүргізетін жігіт ауырып қалды да амал жоқ, өзім жүргіздім. Жер гілікті«Юмакс» радиосында жұ мыс істеп жүргендіктен КВН жүргізу аса қиынға түскен жоқ. Жұрт жақсы қабылдаған сияқты. Міне, сол күннен бастап менің КВН­дағы жаңа жұмысым бас­тал ды деп айтуға болады. Бұл ойын ды жүргізушінің міндеті тек ко мандаларды таныстырып, шеті­нен шақырып отыру ғана емес. КВН­ның жақсы өтуін алдын ала жоспарлап, жинақты әрі қызықты болуына да көп ат салысуы қажет.

– Әрине, көрермен қауым біздің КВН-ды ОРТ арнасынан берілет ін орыс тың КВН-ымен са лыстырады. Бұл КВН мен қа зақ КВН-ының айыр-машылығы, ерекшелігі бар ма?

– Бір­біріне ұқсайды деуге болады. Бірақ біздің КВН­да көп дүниені қазақы менталитетке лайықтап алдық. Жасыратыны жоқ, орыс тілінде өтетін КВН­да қысқа етек кию, ашық­шашық жүру, анайылау әзілдер айтуға рұқ сат етілген. Ал біз ұлттық ерек шеліктерді ескере отырып КВН­ға қазақы ортаға сай келе­тін конкурстар қостық. Рас,

орыс тардан көшіріп алған деп те айтады. Бірақ КВН­ды орыстың ойыны деп айту қате. Оны Кеңес одағы кезінде ойлап тапқандықтан бәрімізге ортақ ойын.

– Басқа елдердің КВН коман-да лары мен байланыс, қарым-қатынас бар ма?

– Байланыс бар. Осы ойын­ды түркітілдес елдер арасында өткізуді жоспарлағанымызға біраз болды. Бастапқыда бір­бірімізді түсіне алмадық. Жыл сайын Сочиде ха лықаралық КВН одағының жиы ны өтіп, командаларды лига ларға бөледі. Сол жиынға ар найы барып, командалардың біразы мен сөй­лескенбіз. Бәрі қолдаған сияқ­ты болған. Бірақ кейіннен ұмы­тылып кетіп жатты. Содан әлеу ­мет тік желілер арқылы татар, баш құрт, қырғыздармен бай ла­нысып, 2015 жылдың жел тоқ ­санында Қырғызстанға бар дым. Рас, алдында қырғыз коман да­лары Алматыға келіп, өнер ле рін көрсетіп жүрген. Бірақ дең гей­ле рі төмен еді. Сол жолы қыр­ғыз дың «Тамашоу» деген ли га­сы ның басшысымен келісіп, қол

алысып, 2016 жылы олардың мық ты командасы бізге келіп ойнады. Бастапқы кезде арнайы фестивальдарға шақырамыз деп едік, олар біздің чемпионатқа толық қатысамыз деп шешіпті. Тәуе кел деп рұқсат бердік. Жап­жақ сы өнер көрсетіп, жартылай фи налға дейін барды.

– Сонда олар қырғыз тілінде өнер көрсетті ме?

– Жоқ, қазақ тілінде ойнады. Біз ақпан айында Бішкекке барғанда қырғыз тілінде ойнадық. Тілдің еш қиындығы жоқ. Жігіттер жарты­ақ күнде меңгеріп алды. Кейбір қиын сөздер ғана болмаса, бұл

екі ұлт бір­бірін оп­оңай түсінеді. Содан Башқұртстанның жазғы кубогы туралы афишаны көріп қалып, басшыларына шығып едім, «келіңіз» деді. Тез арада Орал қа ласына жетіп, жергілікті бір команданы ала салып көлікпен Уфа дан бір­ақ шықтық. Шынын айту керек, біздің келгенімізге олар да аң­таң болды. Әрине, башқұрт тілі қырғыздыкіне қарағанда ептеп қиындау. Бір түн дайындалдық. Ер теңінде қатысып, бас жүлдеге ие болып, енді өзіміз аң­таң болдық. Сөйтіп, оларды Астанада өтетін қала әкімінің кубогына шақырдық. Олар келді, көрді. Кейбір жайт­тарды түсіндірдік. Башқұртстанда үлкен лигалар негізінен орыс тілінде жүреді. Әлі күнге ха­барласып, ақылдасып тұрамыз. Сол жылдың қазан айында та­тар бауырлар шақырды. Оған да Оралдың коман дасын алып бар­дым. 18 команда қатысты. Ол жерде де бас жүлдені жеңіп алдық. Сонау Кавказда бізге жақын төрт ұлт бар. Құмық, ноғай, балқар, қарашай. Олармен де келісіп, Алла қаласа, осы айда сол жаққа жол жүрейін деп отырмыз. Одан кейін Қарақалпақстан, Өз­бекстан, Моңғолиядағы қандас­тары мызбен байланыстық. 2014 жылы Қытайдағы бауыр лас­тары мыздың өтініші бойынша Шанхай қаласында КВН ойын­да рын өткізгенбіз. Содан бері бай ланысымыз үзіліп қалып еді.

Қай тадан хабарласып, мамыр айы ның басында тағы фестиваль өткізбекшіміз. Ноғай, құмық, қа ­рашай, балқарларға барғанда со лардың тілінде ойнайтын бо­ламыз. Олар бізге келгенде қа­зақ ша ойнайды. Сол жақтың жі­гіт терімен сөйлесіп жүріп, өзім де тілін меңгеріп қалдым. Міне, осылайша қазақ КВН­ы ха лық­аралық деңгейде өнер көрсетуде.

– Біздің КВН-да команда мүшелерінің тұрақтылығы жоқ сияқты. Осы КВН арқылы танылған жастар көп ұзамай басқа салаға, әсіресе, телеарна саласына кетіп қала береді. Со дан ба, көрермен жас коман-даларды шатастырып жатады.

– Бұл кәсіпқойлардың емес, әуесқойлардың өнері. Сондықтан, 4­5 жыл ойнағаннан кейін жігіт­тердің өз мамандығы немесе бас­қа сала бойынша ауысып кетіп жа татыны рас. КВН­да оларға еш кім ақша төлемейді ғой. Бірақ, байқайсыз ба, КВН ойнаған жігіт­тердің өз замандастарынан ақыл­ойы, интеллектуалы жоғары, тәр биелі болады. Мен осыған қуанамын.

– КВН-ның атын ауыстыру мәселесі де біраз «жыр» болған сияқты. Өткенде Оңтүстік Қа-зақ стан облысының әкімі де бұл турасында пікірін айтып қалды...

– Негізі «Жайдарман» деген бұл телеарнадағы арнайы бағдар­ла маның аты. «КВН» сөзін дәлме­дәл аударатын болса, «Көңілді тапқырлар клубы» дегенге кел мей­ді. «Веселый» сөзі «көңілді» емес, «әзілқой» дегенге көбірек келеді. Ал, «Клуб» дегеніміз «отау». Сонда «Әзілқойлар мен тап қырлар отауы» болуы тиіс. Қыс қартып айтсақ – ӘТО. Жалпы, қазақ тіліндегі қысқартылған сөз дер айтуға ыңғайлы емес. Сон дық тан, ойласа келе «КВН» деген атау мен қалдық. Қазір біздің ұйым «Қазақстан КВН одағы» деп аталады. КВН­ды КТК деп ауыс тырудың да қажеті жоқ. Бұл халықаралық бренд. «Жайдарман» деген жайдары адам дегенді біл­ді реді. Бірақ жасыратыны жоқ, ел бұл бағдарламаға қатысқан ойын шыларды жайдарманшылар деп кетті. Сахнаға КВН деп емес, «Жайдарман» деп те шы­ғып жатырмыз. Халық жылы қа­былдады.

– Жалпы, КВН-ның басты мақсаты не? Ойын алдында ко ман далардың сценарийлерін бір сүзіп шығасыздар ма? Сце-на рийге байланысты сындар көп айтылады ғой.

– Бір емес, бірнеше рет сүзіп шығамыз. О баста анайы әзілдер болғаны рас. Қазір тоқтады. КВН де үнемі дайындық, жаттығуды талап етеді. Бір­екі жыл ойнамай қал ған командалар сахнаға шық­қан да қатты қиналады. Тағы бір

ескеретін мәселе, КВН ойын­шылары кәсіпқой емес. Театр бітір меген. Тек қызығушылықпен кел ген. Көбінесе сценарийді өз­дері жазады. Әрине, бағыт­бағдар береміз. Дегенмен де, сәтсіз шы­ғып, сынға ілігіп жатқандары да көп. Бүгін жазылған әзілдің бір айдан кейін арнадан көрсеткенде өзектілігі болмай қалуы мүмкін. Меніңше, КВН­ның басты мақсаты – қоғамда болып жатқан келеңсіз жайттарды ұтымды әзіл арқылы көрсету. Әр әзілдің астарында шындық бар.

– Соңғы мәрте КВН-да ғы қан дай әзілдерге шын көңі лі-ңізбен риза болып күлдіңіз?

– Азаматтарды тіркеуге бай ланысты әзілге қатты риза болып күлдім. Бір жігіт тіркеуге келемін деп шіркеуге кіріп кетеді. Алдынан шыққан дінбасы «Балам, кіре ғой» дейді. Бұл «Тіркеу ме?» дейді ғой. «Жоқ, тіркеу емес, шіркеу». «Ой, адасып кетіппін ғой» десе, «Бізге адасқандар ғана кіреді ғой... Кіре берсейші» дейді анау. Сосын «Алдыңғы жылы Алматыны қайта­қайта топан су басты. Көшенің бәрі селге толды. Су деген бейпіл ағып жатыр. Міне, көрдіңіз бе, та биғаттың өзі Баландинге су жіберіп, чемпион болуға жағдай жасады» деген әзіл де өте сәтті шықты.

– Жалпы, КВН-да билет сату, демеуші табу мәселесі қалай шешілген?

– Қазір құндылықтар өзгерді ғой. Бұрын бір жапырақ қағаз үшін ойнайтын командалар бар еді. Қазір жүлде қорына қарайды. Сон­дықтан, демеуші міндетті түрде керек. Аймақтарда болған ойын­дарға жергілікті әкімдік қолдау көрсетіп жатса, билет сатылмайды. Жалпы, КВН­ның билеттері тез өтіп кетеді. Залды толтыра алмау деген мәселе ешқашан бол ған емес. Және билет бағасы да қымбат емес. Жастардың, сту­дент тердің қалтасына лайық. Ал де меуші мәселесінде бізге негізі­нен телеарналар көмектеседі. Бағдарламамызды сатып алады. Сондай­ақ, «Нұр Отан» партиясы, жастар департаменті, әкімдіктер демеуші болады. КВН жыл сайын қанат жайып келеді. Қазір онға жуық облыстарда облыс әкімінің кубогы үшін чемпионаттар өтіп жатыр. Одан бөлек, елімізде көрікті жерлер көп қой, жаз кезінде Баянауыл, Бурабай, Алакөл, Қап­шағайға барып ойындар ұйым­дастырамыз. Бірақ, шынын айту керек, коммерциялық бағытта жо баларымыз бар, ал бұл іске қол ұшын созып жатқан кәсіпкерлер жоқтың қасы.

– Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан»

Мәуен ХАМЗИН, филология ғылымдарының докторы, профессор

Пешене аталатын шетсіз­шексіз абстрактілі ұғымға бас игеніміз бе, әлде басқа себебі бар ма, бір жайт нақты ақи қатқа жатады: ол – ұлтының рухани сұ ранысын өтейтін құндылықтарды сар алаушы, баға беруші, жол сілтеуші та лантты жандардың алмағайып уақыт ая сында тарих сахнасына шығатындығы. Қазақ әдебиеттану ғылымында айрықша орны бар С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Бердібаев, Т.Кәкішев, Н.Ғабдуллин, М.Базарбаев осы топ өкілдері еді. Бәрі бір жылы туған осы құрдас жандарға тағдыр ерекше міндет жүктеген еді. Егер бұралаңы мен бұлтарысы, күнгейі мен көлеңкесі қабаттасқан кешегі кеңестік дәуірде ұлт руханиятын жаңа сапаға көтеру С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин секілді заңғар тұлғаларға бұйырса, әдебиеттану ғылымының жүгін арқалау М.Қаратаев, С.Талжанов, А.Нұрқатов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин сияқты қуатты шоғырдың маңдайына жазылыпты. Ал С.Қирабаев пен оның құрдастары өздерінің ал­дындағы жасы үлкен буынның ісін жал ғастырып қана қойған жоқ, бәрінен бұ рын, ел тәуелсіздігі үшін жанын қи­ған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, т.б. арыстардың ұлтына қызмет етудегі аманатын жау­ап кершілікпен қабылдап алған еді. Қан­шалықты дәрежеде міндет биігінен кө­рінді, ол өз алдына жеке әңгіме.

Кезінде Ғ.Мүсірепов «алыптар тобы» деп атаған классик жазушылардың бү­кіл дүниелерін зерттеп, талдап, олар қа­лыпт астырған дәстүрдің бүгінге дейінгі жал ғастығын зерделеп, жоғары деңгейде сараптаған С.Қирабаевтай ғалымдар өз дері де ұлттық әдебиеттанудың сар­дар тобына айналғанын еш уақытта еш­кім ге жар салып айтқан емес. Алайда, та рихи­философиялық Уақыт – Қоғам – Адам – Сана төрттағандық ұғымдары тұр ғысынан келгенде, шындық түйіні

осы нау байламды мойындататыны анық. Әдебиеттанудағы алыптар тобының

қазіргі көзі тірі өкілі, даңғайыр ғалым, осы ғылым саласының абыз ақсақалы Серік аға Қирабаев туралы қалам тербеу өте қиын, алайда, бірер жайтты ғана айту – па рызымыз.

Сераға – бүкіл ұлттық руханияттың туу, даму, қалыптасу жолын ғылыми тұрғыдан негіздей алған ойшыл.

Сераға – ұлттық әдебиеттің, онда да Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің бірден­бір білікті зерттеушісі. С.Сейфуллиннен бас тап, ХХ ғасырдың екінші жартысы мен қазіргі тәуелсіздік жылдарындағы жас буын қаламгерлердің жаңалыққа то­лы жылт еткен ізденісін қалт жібермей, қа пысыз қадағалап отырған аузы дуалы сарапшы.

ХХ ғасыр басында Алаштың ұлы перзенттерінің барлығы дерлік халықты білім­ғылымға үндеді, ұстаздық етті, сабақ берді. Серік ағаның сол арыс­тар дан қабылдап алған аманаты да М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында өткен жемісті жыл­да рымен қатар, ұзақ мерзім бойғы білім мен ғылымның қара шаңырағы Абай

атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі қызметімен тығыз байланысты. Дәріс оқыды, кафедра бас­қарды, проректор болды. Ұстаздық қыз­метті ғалымдық еңбегімен ұш тастырды. Әдебиет және өнер инс титутының бө лім меңгерушісі, директоры болды. Атал­мыш университет (бұрынғы ҚазПИ) Серағадай танымал тұлғаның топшысын қа тайтты, Сераға өз кезегінде қасиетті білім ордасын асқақтатты.

Күні кеше орта мектепті бітірген тү­лектер мен жоғары оқу орнының фи­ло логия факультетін тәмамдаған ма­ман дар, бәрінен бұрын, педагог­ғалым әзір леген «Қазақ әдебиеті» оқулығымен білімге аяқ басты. Сераға қыруар оқу­лықтарымен бірге, қазіргі таңда таны м­дық сипаты күшті монографиялар жазды. Бір ғажабы, ол кісі ғылыми жетекші, ке­ңес ші болған ғылым кан д и даттары мен ғы лым докторлары тек ғылыми дәреже мен атаққа ғана ие болып қоймай, атақ­ты ғалымның при нципшілдігі мен та лап ­шылдығын, тазалығын, әділетті аза мат­тық арына ту етіп көтерген адами ажа­рын да өз болмыстарына сіңіре алды деп айрықша айтқымыз келеді.

Серағаның өмір жолы қазір бә­ріміз мансұқтап жүрген кеңестік дәу­

ірде қалыптасты. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы тумасының көз алдында күшпен ұжымдастыру, оты­зын шы жылдардың ойраны, Екін ші дү ниежүзілік соғыс, тың игеру, елу­ін ші жылдар ішінде қайтадан қолға алынған «саяси сенімсіздерді», «халық жау ларын» әшкерелеу сияқты алапат үдерістер өткен еді. Үлкен ойшылдыққа

бет бұрған азамат осылардың түп­төркініне де үңіле алған болатын. Егер жер бетіндегі бірден­бір дұрыс ілім коммунизм идеясына негізделсе, ол идеяның басты бағыты сауаттандыру, білім мен ғылымды ерекше қарқынмен дамыту, өндірілген материалдық игі­лік тің тепе­тең бөлінуі, аса қуатты, ке­мелденген мемлекет құру болса, жо ға­рыдағыдай алапат келеңсіздіктер не ге орын алады? Алуан түрлі идеялар т о­ғыс қан аумалы­төкпелі заманда Серік Смайылұлы өз жолын, өз соқпағын таңдап алуға ұмтылды. Идеологияның шын мәнінде адамдар санасының болмысқа қатынасын анықтайтын саяси, құқықтық, адамгершілік, этикалық және философиялық идеялар мен көз­қа растардың жүйесі екендігін, сөйтіп, көп шіліктің қоғамдық таным­түсінігін қалыптастыруда, өмірде бағыт­бағдарын айқындауда зор қызмет атқаратынын ескерсек, Сераға жаңа уақыт аясында өз ғұмырын білім мен ғылым, ұстаздық жолға арнады.

Ғылыми салада өзгенің ығына жы­ғыл майтын, ұлттық руханияттың өзекті мәселелерін өзінше ғана пай ым дайтын адамдар болады. Олай бо луы заңды да. Сондай өткелектен өткендердің бірі де

Серағаң болатын. Егер шын талант қана найзаның ұшында жүреді деген қағидаға өзге қырынан үңілсек, білікті ғалым мен қара қылды қақ жарған әділ сыншының да жолы қияметке толы болатынына ден қоямыз. Алайда, түптің­түбінде кезінде ренжіген, тоңторыс күйде жүрген талай ірі ғалым мен ақын­жазушының сарабдал сыншы тағылымының зиялылыққа

негізделгенін мойындағанына талай рет куә болғанымызды баса айтқымыз келеді.

Биылғы жылдың наурыз айында 90 жасқа толатын академик С.Қирабаевтың алпыс жылдан астам өмір кезеңі кешегі кеңестік дәуір шеңберінде өткен екен. Сол заман оны ширықтырды, ақ пен қараны ажырата алар сұңғылалыққа, өктем идеологияның қитұрқыларынан сабақ алуға тәрбиеледі. Алайда, Сераға сол дәуірдің солақай ұстанымдарының қолшоқпарына айналған жоқ, ұлтына адал қызмет етті. Бұл ойымызға Кеңес заманында қаламынан туған құнды еңбектері ғана емес, тәуелсіздік жылдары жазған зерттеулері де толықтай айғақ бола алады.

Бірде академик Зейнолла Қабдолов: «Біздің әдебиеттану ғылымымызда та­би ғаты таза, санасы сара Серік ағаңдай жан әлі дүниеге келген жоқ» дегені бар­ды. Ақынжанды, жайдары, сұлулық пен ізгіліктің титтей ұшқынын көрсе, ба­ла ша шаттанатын Зекеңнің бұл пікірі өзг елерді мансұқтау емес, бәріміз құр­мет тейтін Cерік ағаны әдебиеттану ғы­лымының нағыз көрнекті тұлғасы деп берген жоғары бағасы еді.

Сөз өнері саласында дәстүр жә не жаңашылдық деген ұғым бар. Алғаш­қысы іргелі шығармалар негізінде дү­ние ге келеді де, өзінен кейінгілерге әсер­ықпалы болса, жол сілтер мектебі болса ғана берік дәстүрге айналады. Міне, Сераға осы ретте өз соқпағын салып, үрдіс қалыптастырғаны сөзсіз.

Турашылдығы мен талапшылдығы, әді летсіздікке жол бермейтін саф та­залығы Сераға болмысына тән қа сиеттер дер едік. Абзал ағаның осы уа қытқа дейін қолынан қаламы түспей, ғы лыми ізденіс жасаумен қатар, тәуелсіз елдің қоғамдық­саяси, әлеуметтік өмі ріндегі оң өзгерістерге ақ жол тілеп отыруы ай­рықша бітімін танытады.

Ал ол кісіден білім алған, сондай­ақ, ғылым биігіне қанат қаққан шәкірттері ұлт мүддесіне қызмет етіп жүр десек, жоғарыда айтқан дәстүр ұғымының Серік аға Қирабаев арқылы берік орныққаны деп білеміз.

Арыстар аманатын арқалаған

келбет

Өнеге

кӨңілашар

Есен ЕЛЕУКЕН:

«Жайдарман» ойнағандардың ой-өрісі жоғары болады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жыл өткен сайын жастарымыз «Жайдарман» десе, ішкен асын жерге қоятын болды. Біздің Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукенмен әңгімеміз жалынды жастардың басын қосқан әзілқойлар мен көңілді тапқырлар отауының бүгінгі жағдайы төңірегінде өрбіді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бірде академик Зейнолла ҚаБдолов: «БіЗдің әдеБиет­тану ғылымымыЗда таБиғаты таЗа, санасы сара серік ағаңдай жан әлі дүниеге келген жоҚ» дегені Бар­ды. аҚынжанды, жайдары, сұлулыҚ пен іЗгіліктің тит­тей ұшҚынын көрсе, Балаша шаттанатын Зекеңнің Бұл пікірі өЗгелерді мансұҚтау емес, БәріміЗ Құрметтейтін Cерік ағаны әдеБиеттану ғылымының нағыЗ көрнекті тұлғасы деп Берген жоғары Бағасы еді.

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

8 13 наурыз 2017 жылзерде

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Былтыр Шығыс Қазақстандағы бес бірдей тарихи орынға ауқымды археологиялық жұмыстар жүргізілген еді. Солардың бірі – Абай ауданындағы Қырықүңгір қорымы. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Қорым Тоқтамыс батыр ауы лы- нан солтүстікке қарай екі ш а қы-рым жерде, қос мұсылман зи ра-тының ортасында орналасқан. Жер ге ат қоюға келгенде қазақ тай ше бер халық жоқ шығар бұл дү-ниеде. Тау бетіндегі қуыс-қуыс үң гірлердің көптігінен-ақ Қы рық-үң гір атауының қалайша дәл қо-й ыл ғанын аңғарасыз. Жер гілікті тұр ғындар арасында бұл жердің Қырық екі үңгір немесе Бестамақ дей тін де атауы бар көрінеді.

Археолог ғалымдардың айтуы-на қарағанда, Шыңғыстаудағы қазба жұмыстары бұған дейін тек Сарыкөл маңында ғана жүр гі-зілген. Бұл істі ең әуелі екін ші дү-ние жүзілік соғыстан кейін бел гілі ға лым, ұзақ жылдар Алма ты қа-ласындағы Орталық мем ле кет тік мұражайды басқарған Әбу са ғит Жиреншин бастап, атал ған мұ ра-жай дың қызметкері Л.Ни фон това Са рыкөл маңы ес кер т кіштерін ғы-лы ми айналымға ен гі зеді.

80-жылдардың соңында Шың-ғыс таудың тумасы, архео лог Әбді-манап Оразбаев Сары көл, Көл-денең, Базаралы аймақта рын-дағы ерте темір дәуірінің қор-ған дарына археологиялық қаз ба жұ мыстарын жүргізеді. Елі міз тәу елсіздік алғаннан кейінгі жыл-да ры бұл өңірде әуелі Әбдеш Төлеубаев пен Ғани Омаров, 2004 жы лы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ дарламасы бойынша «Шың-ғыс тау өлкесіндегі түркі дәуірі нің ескерткіштері» жобасы ая сын да Зейнолла Самашевтің бас шы лы-ғымен 3 жыл бойы қазба жұ мыс-тары қолға алынады.

Үш мың жылдық тарихы бар асықтарБіз сөз еткелі отырған Қы ры қ-

үңгір қорымындағы архео ло гиялық жұмыстар 2014 жы лы Астанадағы Еуразия уни вер ситетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен

жа сақ талған «Шыңғыстау архео-логиялық экспедициясы» ая сын -да басталған екен. Экс пе ди ция же текшісі – аталған уни вер си те т - тің археология және этно ло гия ка федрасының мең герушісі Ұлан Үміт қалиевтің айтуынша, бір шар шы шақырым аумақта ор на -лас қ ан қорымнан қола және ерте те мір дәуірлерінің 500-ден астам ес керткіштері тізімге алыныпты. Қа з іргі таңда сақ, ғұн-сармат жә не түркі дәуірлерінің ескерт кіш те ріне зерт теу жұмыс тары жүр гі зі ліп жат -қан көрінеді.

Қырықүңгір қорымының басты ерекшелігі – бұл жерден есте жоқ ескі замандардан сыр шертетін асықтардың табылғандығы. 2014 жылғы қазба жұмыстары кезінде осындағы қорымдардың бірінен қола дәуіріне жататын тас жәшіктің ішінен 140 асық табылыпты. Бір таңғаларлығы, бұл жәдігерлердің барлығы қынамен боялған әрі те-сілген болып шыққан. 2015, 2016 жыл дары жүргізілген қазба жұ-мыс тары кезінде де асықтар та был-ған, қазіргі уақытта олардың ұзын саны 200-ден асыпты.

– Қырықүңгір обасының басты жаңалығы – асықтар тек егде адам-дар дың қабірінен, тас жәшіктің іші нен, жерленген кісінің аяғының қа сында үйілген күйде табылды. И.Ковалева, Ю.Кирюшин, Н.Рос-ля кова, С.Сотникова сын ды Ресей зерт теушілері жер леу орын-дарынан та былған асық тар дың тек қана ба лалар ойынына қол-данылғанын ай тып келген еді. Себебі, осыған дейін асықтар кө бінесе балалардың қа бірінен та былған болатын. Бұл жол-ғы асықтар ересек адам дар дың қа бірінен табылып отыр ған-дық тан және бір шетінде тұмар ретінде тағылған тесіктері бар, екі шетінің егелгені, қызыл түс ке боя лғандарын ескере келе асық-тың тек бала ойыны үшін емес, со нымен бірге ғұрыптық, дү ние-та нымдық мәні бар деп жо ра ма л - дауға негіз болып отыр, – дейді Ұлан Үмітқалиев.

Қазақта асыққа қатысты дүние көп. «Асығың алшысынан түссін» деп тілек айтып жатамыз бір-бірімізге. Оңтүстік өңірде Асық ата деген мазар бар. Ұлттық аспабымыз жетігеннің әр шегінің астына асық қойылғанын біріміз аңғарсақ, біріміздің байқай бермейтініміз де рас.

«Мұның бәрі бекер емес. Асыл мұрамыз асыққа тек баланың ойы-ны ретінде ғана қарап, жөнді мән бермей келеміз. Асықты ба ла-лар ғана ойнамаған. Ертеде хан талапай, сасыр, құмар секілді үстел

үстінде ойналатын асық ойын-да ры да болған. Оның бәрі қазір біз дің санамыздан өшті. Біздің мұ ратымыз – тек қана қазба жұ-мыстарын жүргізу емес, хал қы-мыздың әдет-ғұрыптарына қа -тысты құнды мағлұматтарды жи-нақтап, ұмытыла бастаған ұлт тық құндылықтарымызды қай та жаң-ғыр туға үлесімізді қосу», дейді ар хеолог.

Біздің археологтар асық-тар дың неліктен мүрдемен бір-ге жерленгенінің сырын әлі аша қоймаған сыңайлы. Орыс

зерттеушісі С.Сотникова асық-пен жерлеуді балалардың жас ерек шеліктеріне қарай екі топ қа бө ліп қарастырып, өзінің еңбек-те рінде «5-6 жастағы балалар аз асық тармен жерленген, яғни, ата-ана сы қабірге баланың жасына қа рай 1-ден 5-ке дейін асықтар қой ған. Екінші, 7-14 жастағы ба-ла лардың қабірінде асықтардың көп т еп кездесуі өздерінің ойнап, ұ т қан асықтары болуы мүмкін», де ген жорамал айтқан екен. Алай-да зерттеушілер тарапынан ере сек адам дардың қабірлерінде кез де-сетін асықтар туралы толық тү сі нік берген ешкім жоқ.

Сондықтан, Қырықүңгір қоры-мынан табылған асықтарды алдағы уақытта еліміздің ғалымдары мен та рихшылары, этнографтары жан-жақ ты зерделеп, құпиясын аша жа-тар деп ойлаймыз.

Бабаларымыз қола дәуірінде киіз басып,

ота жасағанАрхеологтарымыздың Қы ры-

қүңгір қорымынан тапқан құн ды

олжаларының қатарында сүй ек-тен жасалған скальпел мен киіз қалдығын ерекше айтуға бо лады. Яғни, бұл біздің бабала ры мыз-дың осыдан 3 мың жыл бұ рын ме дицинаны меңгеріп, ота жа са-ға нын, сонау замандарда киіз ба-суды да бір кісідей білгенін анық аң ғартса керек.

Жалпы, Қырықүңгір қорымына қазба жұмыстары жүргізілген үш жылдың мұғдарында құпиясы әлі ашылмаған асықтардан бөлек адам мен жылқы сүйектерінің қалдықтары, қыш және қоладан жасалған әшекей бұйымдардың сынықтары, сүйектен жасалған жебенің ұштары секілді бағалы жәдігерлер табылған. 2016 жылғы қазба жұмыстары кезінде қоладан, сүйектен, бирюзадан жасалған мон шақтар мен бір қорғаннан адам мүр десінің бас жағынан қола айна, қаң қаның оң жақ бүйірінен алтын сы рға, қабырғасының астынан аң стилінде жасалған алтын қапсырма табылыпты.

Реті келгенде айта кетейік, Қырықүңгір қорымындағы қазба жұ мыстары өткен жылы аймақ бас шысы Даниал Ахметовтің бас-та масымен қолға алынған ар хео-ло гияны дамытудың 2016-2018 жыл дарға арналған өңірлік бағ дар-ла масы аясында жүргізіліп, оған об лыстық бюджеттен 4 мил лион тең геден астам қаражат бөлін-ген-ді. Қазба жұмыстарына АҚШ, Ұлы британия, Польша елдерінің ға лымдары да қатысқан еді.

Ұлан Үмітқалиевтің айтуын-ша, Қырықүңгірдегі қазба жұ-мы с тары биыл да жалғасын та-ба ды. Қорымнан табылған арте-фак тілер алдағы уақытта еліміз-дің және шет елдердің зама науи технологиялармен жарақ тан ды-рылған зертханаларында жан-жақ ты зерттеуден өтеді. Кей бір жә дігерлер қазіргі кезде Л.Н.Гу-ми лев атындағы Еуразия ұлт тық уни верситетінің жанын да ғы ар-хео логиялық қалпына кел тіру жә-не сақтау зертханасында ал ғаш қы ка мералық зерттеуден өтіп жат қан кө рінеді.

Шығыс Қазақстан облысы

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Гродеково ауылдық округіне Гро деково және Қызылдихан ауылдары жатады. Бүгінде Гродеково ауылының өзінде 2278 қазақ отбасы болса, 2142 күрд ұлтының өкілдері тұрады. Сондай-ақ, орыс, татар, қырғыз, өзбек, неміс және өзге де ұлттар осы ауылда шоғырланған. Бір айта кетерлігі, бұл ауыл ынтымақ пен бірліктің шынайы көрсеткішіндей. Себебі, «Тілі басқа болса да тілегі бір» азаматтар талай жылдан бері Гродеково ауы лында тұрып келеді. Алайда, Қырғыз Рес публикасының Т а л а с о б л ы с ы м е н ш е к а р а л а с аймақтың атауы әлі күнге дейін өзгертілмеген. Не себепті ауылдың атауы әлі күнге орыс гене ралының атында екені белгісіз.

– Кезінде соғыс ардагері Оразбай Мейірманов бастаған біраз азамат ауылдың атын өзгертуге халық арасында насихат жасаған едік. Сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де құжаттар дайындалды. Бірақ ол кісі бұл күнге жете алмады. Осыдан алты жыл бұрын ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына ауылдың атын Ынтымақ, округтің атын Алатау деп атасақ деп ойлағанбыз. Себебі, бұл жерде түрлі ұлттың өкілдері тұрып жатса да, ынтымағы жарасқан елміз.

Сондай-ақ, аулымыздың екі жағында да Алатау. Енді міне, өткен жылы Тәу елсіздігіміздің 25 жылдығын да абыроймен өткіздік. Бірақ Гродеково ауылының атауы әлі күнге өзгеріссіз қалып отыр. Еліміз егемендік алға -лы бері талай жердің атауы өзгерді ғой. Бұл ауылға келгенде неге тоқ-тап қалғанын білмеймін, – дей ді Гро-деково ауылының тұрғыны Қа дір бек Егембергенов.

Гродеково ауылы Тараз қала-сының оңтүстік-шығысында 12 ша-қырым қашықтықта Талас өзені аңғарының сол жағасында орна-ласқан. Он тоғызыншы ғасырдың соңында іргесі қаланған ауыл әуелгіде Әу лие ата гарнизонындағы әскери қызмет тен босаған сарбаздар қоныс-танғандықтан, село Солдатское атал-ған екен. Кейіннен ауылға патша әскерінің Оңтүстік Қазақстандағы қолбас шысы Гродековтың аты беріл-ген.

1973 жылы жарық көрген «Қа-зақ совет энциклопедиясында» көр-се тілгендей, Николай Иванович Гродеков генерал, Мемлекеттік ке-ңес тің мүшесі, әскери жазушы. 1883 жылы Сырдария облысы әскерлерінің, ал 1906-1908 жылдары Түркістан әскери округінің қолбасшысы болған. Енді тұрғындар бір кезде беріліп кеткен Гродеково ауылының атауы өзгертіліп, қазақша атау берілсе дейді.

Ауыл тұрғыны Бекмұрат Аяпұлы да өз ойын осы тұрғыда сабақтады.

Ауылдағы мыңдаған тұрғынмен тілдесіп шығу мүмкін емес, әрине. Дегенмен, көп жағдайда атау мәсе-лесінде пікір екіге жарыла беретін көрінеді. Осы күнге дейін ауылдың атын ауыстыру бойынша ауылда екі рет жиналыс өткізіліп, жиын қорытындысы облыстық ономастика комис сиясына жолданған екен. Облыс тық ономастика комис сия-сының мүшесі Зиба Құламанова Гродеково атауын өзгерту туралы мәселе көптен бері көтеріліп жүргенін айтады.

Бұл бастаманы күрд ұлтының өкілдері де қолдап отыр екен. Ауыл тұрғындарының елу пайыздайын аталған ұлт өкілдері құрап отырғанын ескерсек, бұл да үлкен күш екенін байқауға болады. «Барбанг» Қа зақ-стандағы күрдтер қоғамдық бірлес-тігі қауымдастығының Жамбыл ауданындағы ресми өкілі Сабри Асанов та бұл тұрғыда пікірдің екіге бөлініп отырғанын жеткізді. Расында да, ауылдағы кейбір ұлт өкілдері Гродеково атауының ауысқанын қаламайтын көрінеді. Ал осы жер ге келгеніне сексен жыл болған жергілікті күрд ұлтының өкілдері атынан Сабри Асанов ауылдың атын ауыстыруды қолдайтынын айтып отыр.

Гродеково ауылы бүгінде өркен-деген ауылдың біріне айналды. Ауылда ауданда жоқ мәдениет үйі бар. Одан бөлек, білім беру, ден-саулық сақтау мекемелер де лайық ты деңгейде халыққа қызмет көрсетуде.

Жамбыл ауданы – бүгінгі таңда облыстағы өркендеген, өрлеген аймақ-тың бірі. «Құтты меке німіз – Жамбыл ауданы өткен жылы әлеуметтік және эконо ми калық көрсеткіштерде алға

қойылған межелерді орындап қана қоймай, көптеген салада күтілген нәтижелерден артық көрсеткіштерге қол жеткізді. Ауданымыз дәстүрлі түрде облыс көлемінде алдыңғы қатарда» деген аудан әкімі Мәден Мұсаевтан ауылдардың орысша атауының ауыспай тұрғаны жөнінде сұрағанымызда, нақты жұмыстар жасалып, ұсыныстар беріліп жат-қанын айтты.

Ауыл шаруашылығы қарышты дамып, өндірісі өркендеген, білімімен бәсекеге қабілеттілік орната алатын ауданда ауыспаған атау жалғыз Гродеково емес. Колхоздастыру кезеңінде қойылып кеткен Пионер ауылы әлі күнге дейін сол атаумен аталып жүр. Пионер ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысында да бұл мәселе көтерілген екен. Тұр ғындар округ атауын Қарасу деп атауды ұсынған. Ақсақалдар алқасының мүшесі Асқанбек Байтоқов ауыл атауын Ащыбұлақ деп атауды ұсынып отыр екен. «Осы мәселе бойынша ауылдың әкімдігіне талай рет келдім. Әуелі ұсыныс облыстық ономастика комиссиясына жолданған кезде ауылымыз Ащыбұлақ аталатын болды деп қуанып едік, бірақ сол Пионер күйінде қалды. Ащыбұлақ деген – жер-судың аты. Кезінде ауыл іргесінде бұлақ болған. Тұрғындар әуелгіде сол жерден су ішіп, қажетіне жаратып тұрған. Кейіннен бұлақтың ащы дәмі біліне бастаған соң, осылай Ащыбұлақ аталып кетті. Сол Ащыбұлақтың үлкен өзен болып аққаны есімде», дейді қария.

Ал «Пионер» өндірістік коопе-ративінің төрағасы Алпысбай Жұма-ханов Пионер сөзінен ешбір сөкеттік көріп тұрмағанын, қайта бұл сөз «Жа ңару» деген мағына беретінін айтады.

Облыстық тілдерді дамыту бас-қармасының мәліметінше, облыста 152 ауылдық округ, 1 облыстық, 3 аудандық маңызы бар қала, 384 елді мекен және 5394 көше бар. Тәуел-сіздік алған жылдардан бері 1924 көше, 172 нысан, 146 елді мекен атауы қайта аталған.

– Өңірдегі ономастика саласын жүйелендіру мақсатында әрі қазір -гі идеологиялық көзқарас бо йынша көнерген және оларға жаңа атау беру пікір қайшылығын тудыр-майтын елді мекендер мен олар дың құрамдас бөліктеріне және физика-географиялық атауларды топо ни-ми калық тарихи атауларға өзгерту шараларын қабылдау бойынша қар қынды жұмыстар жүргізілуде, – дейді басқарма басшысы Ғалия Боранбаева.

Жамбыл облысы

Қырықүңгірдің құпиясы қашан ашылады?

Жеріңнің аты – еліңнің хаты

Гродековомен қоштасу қиын болып тұр––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Құдайға шүкір, егемендігімізді алып, өз алдымызға ел болдық. Енді кімге жалтақтаймыз?» деп бастады әңгімесін Жамбыл ауданы, Гродеково ауылының тұрғыны Сұлтанәлі Аманжолов. Ақсақалдың көкейіне бүккен талай сыры бар екені байқалды. Талай жылдан бері сол ауылды қоныстанған, нанын жеп, суын ішкен аға буын бүгінгі жарқын заманға ризашылық пейілдерін білдіре келе, ауыл жайынан әңгіме қозғады. Басты әңгіме ауылдың атауына байланысты өрбіді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мәдени Мұра

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Балалар үйлерінде тәрбиеленуші балалардың өмірін жақсарту, олардың құқықтарының бұзылуына жол бер-меу, сондай-ақ балаларды Қазақстан азаматтарының от-басыларына беріп, ата-ананың жылылығы мен мейірімін көріп өсетін отбасыға қайтару бойынша жұмыстарды жетілдіруді басты назарында ұстайтын Кеңес отырысын-да Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова: «Бүгіннен бастап жетім балаларға арналған білім беру мекемелері жанындағы қамқоршылық кеңестері өз жұмысын бастады деуге болады. Кеңестер құрамына үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, бизнес өкілдері, демеушілер мен меценаттар енді» дей келе, балалардың отбасында тәрбиелену құ-қығын жүзеге асыру үшін жұмыстардың белсенді түрде жүр гізілуіне мән беру керектігін баса айтқан. Бұл ретте, қамқоршылар кеңесі уәкілетті органдармен бірлесе оты-рып, бала қабылдайтын отбасыларды дайындау бойын ша талаптарды, сондай-ақ балаларды балалар үйінен қа был-дайтын отбасыға беруді дайындаудың тиімді тәсіл де рін жетілдіруде ізденістерге қолдау көрсету бойынша көп-теген ойды ортаға салды.

Жиында айтылғандай бүгінгі таңда баланы өз отбасын-да тәрбиелеуге алғысы келетін отбасылар үшін, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың республикалық мәліметтер базасы құрылып, балаларды от-басына оралтуда заңнамамен орналастырудың жаңа түрлері анықталған екен. Ол – бала қабылдайтын отбасы, бала қонақтайтын отбасы (каникул кезеңдерінде, демалыс және мереке күндері балаларды уақытша орналастыру түрі) сын-ды заңнамалық тұрғыда белгіленген тәртіптер. Айта кету керек, елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны жылдан-жылға азаюда, өткен жылы балалар мен жетім балаларға арналған ұйымдарда 8066 бала тәрбиеленсе, 2017 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 7236 болып, балалар санының азаюына байланысты арнайы мекемелер желісі де қысқарған. Яғни жетім бала ларға арналған ұйымдар жүйесі 48 бірлікке азайған көрінеді (188-ден 140-қа дейін).

Отырыс басталмас бұрын журналистер сауалына жа-уап берген министрдің балалар құқықтарын қорғау бо-йынша кеңесшісі Бәлия Әкімбекова қамқоршылық кеңес мүшелерінің 40 пайызын үкіметтік емес ұйымдар кұрауы қажеттігін, Кеңестің төрағасы да үкіметтік емес ұйымның өкілі болғаны жөн екенін айтқан. «Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі қамқоршылық кеңестерін құру бойынша тиісті ережелерді әзірлеп қойды. Жақын арада аталған ережелерді бекіту жоспарланып отыр. Жалпы, заңнамада білім беру мекемелері жанынан қамқоршылық кеңестерін құру нормасы бар» деген ол кеңес жұмысының жал пы қоғамға ашық болатынын, ақпараттардың жария-лы лығы қамтамасыз етілетінін жеткізген.

Кеңес құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ба-лалардың құқықтарын қорғау қоры, қабылдаушы ата-ана лар ассоциациясы, басқару органдары (оның ішінде құқық қорғау органдары), партия және «Атамекен» ҰКП мү шелері еніп, бірыңғай республикалық қамқоршылар ке ңесінің келесі отырысы енді 6 айдан соң өткізіліп, оты-рыс та кеңестің сол уақыт аралығында атқарған жұмы сы-ның қорытындысы тыңдалып, барлық бұқаралық ақпарат құ ралдары мен БҒМ және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында, интернет-ресурстарда жариялана-ды деп шешілді.

Жетімдер саны азайып келеді

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––Білім және ғылым министрлігінде барлық аймақ­тар мен тікелей байланыста, бейне конференция ре жімінде Балалар үйлері жанындағы бірыңғай рес­публикалық қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ 9

ЖАҢА КІТАП

«Көзімнің қарасы» –тұлғаны танытатын туынды

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде-миясында осы оқу ордасының «Көзімнің қарасы» мəдени-танымдық клубы мен «Қазақфильм» кино-сту диясының ұйымдастыруымен кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтің «Көзімнің қарасы» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

«Көзімнің қарасы» кітабы тек кино саласында ғана емес, көркем проза жанрында да еңбектеніп келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, тəуелсіз «Тарлан» жəне Француз киноөнер академиясы Жорж жəне Рита Садуль атындағы жүлдесінің иегері Сатыбалды Нарымбетовтің авторлық əлемін тереңірек аша түсетін туынды. Бұдан бұрын да режиссер-қаламгердің «Тентек» атты кітабы, «Ассалаумағалейкум, Ат лан ти да!» атты повесть, əңгімелер жинағы жа рық көрген. Жа ңа туындыда жазушының өнер əле мі, əріптестері ту ралы, қоғам мен ру-ханият жайлы тол ға мдары, эсселері мен естеліктері жəне əріп тес терінің автор туралы ой-толғамдары қамтылған.

Өнер туралы əсерлі əңгімелер айтылған кешке белгілі қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер қатысты. «Сатыбалды Нарымбетов – бұл қазіргі қазақ көркемөнерінің биігін, парасатын, пəлсапасын айқындайтын есімдердің бірі. Өнері əлемге танымал, ресми де, бейресми де мойындалған, өмір ұстанымы, өмір салты, жалпы бол-мысымен суреткерлік табиғаттың маңызын, мəнісін аша түсетін тұлға», дейді кітаптың алғысөзін жазған белгілі сыншы, мəдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Əлия Бөпежанова.

АЛМАТЫ

РУХАНИЯТ

XX ғасыр қазақ халқына қасақана ұйымдастырылған қылкөпір, тамұқ, то зақтарға толылығымен төбе ша-шың ды тік тұрғызады. Өткенсіз бүгін жоқ. Біз ұрпақты тарихпен, халықтың жа дындағы ащы шындықпен көзін ашып, көкірегіне сəуле құйсақ кана өз азаматтық парызымызды өтейміз. Бел-гілі жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясын («Жазушы» бас-пасы. Алматы, 2005) оқып шыққанда, оның мігірсіз, инемен құдық қазғандай азапты еңбегі, өз халқының темір құр-сау лы, тар шеңберлі жүйеде өткен шер-лі шежіре парақтарынан мол білімі, не ге аңсары ауса соны сары майдан қыл шық суырғандай еркін игеретін қа ламгер екеніне шүбəміз қалмады.

Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» три-ло гиясы – тəуелсіздігімізді алғаннан бер гі жылдардың жемісі. «Дүниенің бə рін бір етікке тығатын саяси тота-литаризм дəурен құрып тұрған» (Ə.Кекілбаев) заман өз пиғылынан тау ып, қайтіп реставрация жасауға кел мейтіндей күл-талқаны шықты. Ен ді оның ірі мінезін де, кір, мерез қы лығын да көркем, келісті тілмен, фи лософиялық терең толғаныспен де, са тиралық ащы тілмен де, публи цис-ти калық шалқулар арқылы «кеудесінің есігі бар, құлағының тесігі бар» (Мəш-һүр-Жүсіп) көшелі суреткердей эпи ка-лық туынды жазар шақ туды. Қолдан кісен, аяқтан тұсау алынды. Сайын даланы ен жайлап, еркін өмір сүрген бұла халықтың бұғалыққа көнбес асау басының бұлқынысын енді күндіз жүйкеңді, түнде көзмайыңды тауысып қалай көсілте жазсаң да еркің. Смағұл, обалы не, сөйткен. «Еділдің бойы – қан ды қиян, Жайықтың бойы – шаңды қиян, Маңғыстаудың бойы – майлы қиян, адыра қалған Үш қиянның» XX ғасырдың отызыншы жылдарындағы топалаңы бар ішекқырындысы – та би-ғатымен көз алдыңа мөлдірете тосы-лады. Сірескен тоталитарлық жүйе «бүргені басқа, басты аяққа шығар» деп еді, білімі жоқ, қанында тектілік, ісінде бəтуа, адамгершілік ар-ұятты белінен басып жүре беретін, ішкеніне мəз, жегеніне тоқ, кигеніне кісəпір пен-делер эгоизм мен алаяқтықтың көкесін көзіңе көрсетіп, о дүниенің қыл көпірін құрып берді дерсіз... Кешегі келе-ке-ле түйе, үйір-үйір жылқы, отар-отар қой біткен Пахраддин би бүгін кімге жағарын білмей, əр күні санаулы, беделі есігіндегі қозы-лағын баққан Қоз бағардан да төмен. Əзберген іні-сі «соқыр теке» ойнап жүріп, есі гін-дегі құлы Қозбағар күштеп, «ете гін жел ашып, бетіне күн тимеген» ер ке, өр, тəкаппар, бойжетіп отыр ған қа-рын дасын ұстап, сүйіп еді, қа р ын да-сы əдепсіздікке ренжігенін байқаған Əзберген кедейдің баласын соғады, сол күш көрсеткеніне таптық саяси мəн беріліп, байдың баласы түрмеге ай да лады.

Пахраддин қызы Хансұлуды Қоз-бағарға ұзатпақ боп шешім қабылдаған соң ғана інісін ауыр жазадан араша-лап, түрменің есігіне жеткіздірмей ауылға қайтартады. Бəрінен жұрдай айырылып, бай болғаны үшін «халық жауы» саналған. Абысын-ажыны бар, құтырған қасқырдай Шеге, Ждақай, Қозбағар, Балжан комсомолдар бар, Бұ қарбай, Сұржекей мелисасы бар, əле кедей жаланып, жүні жығылып, құ ты қашқандарды тəркілеудегі əре-кет тері адам дейтін жұмыр басты ма-құ лықтардан арман шошындырады. Олар сайтанның əулеті: албасты, жын, жез тырнақ, мыстан кемпір, əзəзілдің де қо лы батпайтын лас іс-тірлікке жирен-бей желігіп кіріседі.

Жүрегі жылы, жиған-тергенін бауы рына баспай, барын жеке бастары-ның қамымен шектемей, төңірегімен бөлісе жұмсауға жаралған, қолы ашық, жо лы сара, кеудесіне періште қо нақ та-ған Пахраддиннің де асын ішіп, аяғ ы -на түкірді. Шойын маңдайлы, аяр, екіжүзді, жылпос, жағымпаз əбілеттер ауыл басқарып, адам тағдырын ойын-шық санап, елді білім, білікпен бас қа-ру дың орнына, білектің күші, мыл тық-тың қаһарымен бағындыруға көш кен зауалды күн туды. Ешкімге қылдай қиянат жасап көрмеген əулие бітімді Пах раддин би, ұлты үшін ұлтарақ, халқы үшін қалқан боларлық азамат санап жүрген ауыл жігіттерінің ала-сұрған ашқарақ аранын, аяуды біл-мейтін тоңмойын, терін саумай, тілін сауған суқиттығын көзімен көр генде: «Бұл ел оңбас. Оңбас. Енді гі жер дегі тірлігіміз осы болса, өз ұр па ғы мызбен өзіміз жағаласып өтетін бол сақ, біткен екенбіз. Біткен екенбіз», – дей ді өзеу-ре ген елірме, түсінісуге көр кеуде қар-сы ла старынан жиреніп.

Революциямен бірге қантөгіс, зор-лық-зомбылық, қиянат, зұлымдық іле се жүретінін имандылық жүрегіне ұя сал ған бекзат қария қайдан білсін... Құ дасы Шəріп етікші ауылдық Кеңес-тің төрағасы сайланып еді, байды көрсе ешкікөзденіп бақылдаудан, қарсылық көрсетсе, бұқадай мүйізін білеуден аспады. «Атқа мінгенің – азапқа мінгенің» (Əйтеке би) болды да шықты. Жазықсыздың жүрегін жаралап, жа-нын жалалы, көңілін қаралы күйге түсіріп, кіндік кескен жер, ұрпағын қалдырған елінен жеруге мəжбүрлейді. Кісілігі мен кесірлігі қосқыртыстанып жататын Жорға Күреңді өкіл ұшқалақ,

пəтуасыз Шəріптің орнына «таққа» отырғызып еді, күні кешегі Мажан шалдың оң қолы, ақылшысы, саудасын жасап бармағын жалаған жағымпаз, суқит, жылпос, екіжүзді Жорға Күрең, топтан торғай алдырмаудың орны-на, бүгінгіге бұғау салатын, ертеңгіге қылыш сілтейтін нағыз қаныпезер, нағыз сателлиттің өзі боп шықты.

Солардың қиянатынан жұлдыздай жанып туған Шеге төрт рет Колыманың дəм-тұзын татып, ақыры түрмеде шіріп өледі. Пахраддин бəйбішесі Сырғамен екеуі шөлді кезіп жүріп, аштық түбіне жетіп, көмусіз қалады. Мажан шал кəртейгенде кемпірімен екеуі жер ауып, сүйегі қайда шашылып қалғаны белгісіз. Нар тұлғалы, өзі мерген, па-луан Бұлыш банды деп қудаланып, ақ жолда жүргенде өкіметке есесін ұттыр-ғ ан, кекке уланған нағыз бандылар-мен шайқас барысында ажал табады, Балқиясы бұл қасіретті көтере алмай жынданып өледі. Өзінің қылмысын бетіне шыжғырып басудан жанбай-тын Шəріп, «дұшпанын» кемпірімен екеуін тиісті азық-түлігін бергізбей, аштықтан ісіндіріп өлтіреді. Шегенің «жан досы» саналатын Ждақай, басына киген «Мономахтың қалпағын» онан қызғанып, «кулактың күйеу баласы», «халық жауы» деп домалақ арыздарын тиісті орындарға əкесімен екеуі жарыса «əкімгершіл кеудемсоқтықтан өрбіген мемлекеттік əпербақандықпен» жау-дырып, түрмеден оралса, қайтадан түрмеге тоғытып, түбіне жеткенімен қанағаттанбай, қиюы кеткен шаруа мен тұрмыс тауқыметі тырнағына сүріндірген Хансұлуға да ішпеген уын іштіреді. Жетпістің бесеуіне келіп, трагедиялы тағдыр бұйырған, баласы Бұлыш пен келіні Балқиядан қалған көзі, немересі – Едігесін қайтсем адам қатарына қосамын деп тырбанып жүрген кейуананы да ішкі есебін ойлап, зымияндықпен қаралап, арыз жазып,

ақыры əділетсіздік қанына қарайтқан Дəу апаны түрмеде өлуге мəжбүр ете ді. Қанға құныққан жыртқыштар мен қорқаулар дəуірлеген кеңестік жүйе «бұл адамды сырттай да, іштей де бүлдіре беретін, аяғында жұтатып шы ғаратын» (Ғ.Мүсірепов) мұндай шо шырлық қылық-əрекеті оның саяси құ рылысы, мазмұнына тəндігін «Ақ боз үй» романында көзі жіті, көңілі қы рағы суреткер Е.Смағұл көңіліңде дүдəмал қалдырмай, қапысыз көркем бейнелеген.

Ол өзі қалам тербеп отырған кезе-ңнің саяси-əлеуметтік, қоғамдық жа ғ -дайын терең зерттеген. Қатпар-қал-та рыстары, уақыт психологиясы мен заман адамдарын революция қалай бұ-зып, құлқын өзгертіп жібергеніне дейін айнытпай беруге тырысқан.

Жазушы бұлғақты бас тан кешіп, ізгілік, əділдік жолынан таймаған, «ел діктің сөзін айтып, ин тер нацио-налистік болмысы қанында бар, қа-лың тұман арасында адаспай, қа -раң ғы жұртқа пайдалы ақыл-ке ңесі, ісімен шуағын шашқан саясат кер, мемлекет, қоғам қайраткері Апана-с тың табиғи, дара бітімді образын жа саған. Жəне бір байқағанымыз, ол шолақ белсенді, шала піскен боль-шевик емес, адамды табына қа рай жіктеп, маңдайы жіпситін əсіре «тап-шылдарға» қаны қосылмайды. Адамды кісілік қасиеттеріне қарап ба ғалайды. Пахраддинді «кулак» деп даң ғой топ аққарғадай аластап, басына бұлт үйіргенде, кабинетінде оны құ шағын жая қабылдайды, көңілі қаралы, жаны жаралы бекзат қарияны уақыт қиыншылығынан мойымай, қалған ғұмырын алаңсыз өткізудің пайда-лы соқпағына меңзейді. «Жаңа жол-дан» шыққан белсенді комсомол, болашақ ірі істерге шақ пішілген, опа-лы, жақсы жігіт Шегені де бірнеше рет

жалған жала, қиянаттан қорғап, кеңес қызметіне жегеді. Бірақ жаулары Апа-настың бетіне күле қарағанымен, жа-сы рын ор қазады. Калашниковтың со лақай саясаты зардаптарын түзеу үшін аудандық партия комитетінің бірін ші хатшылығына сайланған ол, күн діз күлкі, түнде ұйқыдан қалып, ал ма ғайып күндерде ауыл арасының ала ман қақтығыстарының жуан ор-тасында жүріп, кəтепті қара нардың жүгін көтереді. Алайда, «қараңғы үйден» «халық жауын» іздеген əзəзіл саясат оны да құрығынан құтқармай, ағысқа қарсы жүзген «мұзжарғыш кеменің» де жолы кесіледі. Нақақ жала жабылып ұсталады, атылады. Осы-лайша Смағұл «жарығы есті адам ның күндізгідей, əлемді жылуымен күн ететінін» (Нұртуған) сана мыз ға құяды, жүрегімізге балына у қо сылған мұң ұялатып, түпсіз терең ойға батыра-ды. Қысқасы, Апанас бей несінен біз жан-жүрегіңе кір жұқ тырмай, ақыл-ойыңды лайламай, аза мат тығыңа əжім түсірмей өмірден кө шу дің үлгісін танығандаймыз.

Дəндеген қарсақ құлағымен ін қазады. Аудандағы Сталиннің «оң қолы», «оң көзі» Сұржекей, аймақтағы еркек кіндіктінің бəрін «халық жауы-на» айналдырып, облыс бойынша көрсеткіште алдыңғы орынға көтеріліп, «беделін бір үстем етіп алып», енді оның өзін қолдап, қылмыскерлерді ұстауға да, жазалау, алқауға да кең жол ашқан, «бағынбай, кісімсініп жүрген» аудан прокуроры Сұранышев пен жаңадан келген, «кеудесі əлі шалқақ» аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қойшыбаевқа қашан Афанасий Грининнің (Апанас) «тазкепешін» кигізіп, «Түркияның жалдамалы агенті, шпионы» етіп шығарудың айла-амалын ойластыру-мен ұйқысы шала болып жүр.

Сұранышевтің де, Қойшыбаевтың

да өмір жасы «ұзақ» болады екен, колхоздастыру мен кулактарды тап ретінде жою науқанына НКВД жан-тəнін салып, қатты кірісемін деп жұртты тым ашындырып, мемлекеттің іргесін шайқалта бастағанда, Бас жен-дет Сталин «жалпыхалықтық» бұл шара біраз «табысқа» жеткізген соң кілт тоқтатып, «асыра сілтегендерді» Ежовымен қоса құрдымға ата бастайды. «Досына ор қазған» Сұржекейдің өзі қазған оры, қанша аққаптал, көкжұлын мелиса болса да, өзіне бұйырады. Онда да көрін өз мектебінен өткен шəкірті, «қара жылан тергеуші» Құлберген қазса, «қылмысын теріп», жоғарыға жеткізген жемтіктесі, арыз қой, жыл-пос, қарғыс атқан – Жор ға Күрең. Шындығында да, өмір философиясы ғажап қой: шылаушын ды – балық, балықты – халық, халық ты – жебір, жебірді түбінде құрт жей ді. Қанша қиянат жасап, қиянға шық қа ныңмен, Алланың көзі қырағы, құз дан құлатады, сүйегің жиналмай қалады. Смағұл Елубай Голощекин, Калашников, Сұржекейлер трагедиясын осылайша пайымдап, моральдық-философиялық мəселелердің қыр-сырына үңілдіріп, хақ жолынан таймай өтуге меңзейтін көркемдік шешім жасайды.

Смағұл Елубай «Ақ боз үй» три-ло гиясының үшінші кітабы «Жал ған дүние» романында тоқырау жыл-дарының тоңына, ит тұмсығы бат-пайтын меңіреуіне сыналап енеді. Мемлекеттік жүйе, əкімшіл-əміршіл басқару үрдісі, қоғамдық-саяси құ-рылыс, «біртұтас Кеңес халқын» қа-лып тастыру мақсатындағы комму-нис тік империяның пəрменді қи-тұр қы амал-əрекеттері ыждақатты сарапталынған. Алғы екі романда күллі тағдыры егжей-тегжейлі бая-ндалатын Хансұлу жасы жетпістің бесеуіне келіп, шаршап-шалдығып,

өткен күн естеліктерімен сұйыла бастаған қанын қыздырып, елудегі Түгелханынан өрген екі, Үмітінен туған бір немересіне шүкіршілік етіп, қалған күндерін санап, өксікпен өмірі өтуде... Тағдыры итжыртқан қара терідей жырымдалған Хансұлу өмірлік талқаны таусылып, ажал тақалғанда ішіне бүккенін жазып, ағынан ақтарылады... Үшінші рет «халық жауы» боп ұсталған Шегесінен көз жа-зып қалғанына да, Жем бойы жақпай, Жетісуға қоныс аударғанына да 40 жылдан асыпты. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан». Жаңа ұрпақ алма-сты, немересінің алды жоғары оқу ор-нын жағалап жүр. Ескі көзден қалғаны «тарғыл бет, басында жапырайған қарасұр тақиясы бар, иығына көнетоз шапан ілген төртбақ, көкшіл көзді шал – Ждақай. Шегесінің басын жұтқан кəззап, Хансұлудың «өмірін тозақ ет-кен» жəдігөй. Сосынғы тірі жүргені − өмір əбден сілкілеп, кеудесінде жаны қалған байқұс, ақкөңіл, «еңсесі түсіп», азып-тозған замандасы Қозбағар. Ниеті ақ адамды Жаббар ием қашан да желеп-жебеп жүреді емес пе? Жыланның аяғын көргендер некесі қиылған «келіншегін» Шеге тапа-тал түсте тартып алып, ер жігіттің намы-сын аяғымен таптап кеткенін бетіне шыжғырып басып, екеуінің арасына от жағуға қанша өліп-тірілгенімен, өз шамасын білетін есті жігіт, Хансұлу мен нағашысының арасындағы асықтық сезіміне куəгер болғандықтан, ашу ын, қыжылын ақылға жеңдірген. Тіп т і Сұржекейдің жетегінде жүргенде де «намысына жеңдірсе», түрмедегі кі-ріп тар Шегенің жанын жаһаннамға жі-беріп, есеп айырысудың сəті түсіп еді. Жүрегі нəзік, уызына жарыған момын Қозбағар, олай адамшылық жолынан аттамай, керісінше, нағашысы, бала күнгі досы – Шегеге атылу жазасы-нан аман қалудың əдісін есіне салады. «Ар ұялар іс қылмыс ақыл – зерегіңіз» (Абай) осы. Кісіге қиянат жасамайтын ала көйлек аңқылдақты дұшпаны да жаманшылыққа қимайды. Берияның жендеттері түн қараңғылығын жа-мылып, төрт «халық жауын» (ішінде Қозбағар да бар) атуға апара жатқанда есі кіресілі-шығасылы Сұржекей оның қамын жеп, қашып аман қалуына септесіні тиген. Міне, сол қанды күн-дер дің қасапшысына айналған, бағы жанбаған сорлының «шарапаты» арқасында Қозбағар ғұмырын жар-ты ғасырға ұзартып, жасағанның бір пендесіндей несібесін теріп жеп жүр.

Фəни жалғаннан көшер алдында Алланың ерекше жаратқан шынайы пендесі Хансұлумен қоштасар сəтте Ждақай салмағы нарды да мертіктірер күнəсі үшін кешірім өтінеді. Кешегі ел қарғысы майдай жаққан кəззап, бүгін тамыры қураған қаусаған ағаштай міскін. Көп қиянат мүжіген Қозбағар, керісінше, жібектей есілген бекзада-дай Хансұлудың оң қабағына ілігіп, жастық шақтың көктем лебімен дімкəс, кəрі жүрегіне тау самалын ала келді...

«Ақ боз үй» мен «Мінəжаттағы» кейіпкерлер характерін қалыптасты-рып, дамытатын оқиғалары тұспал-дық сипатқа, философиялық-психо-логиялық талдауларға толы ақиқаттың ауылынан қара үзбейтіндігімен өзі та қырыптас туындылардан оқ бойы озық тығын мо йындатты. Бұл екі кі-тапта Смағұл теңізде жүзген балық-тай еркін сілтейді. Қаламы төселген, тақырыбын жете меңгерген жазушы осылай істесе керек-ті.

Сонымен, «Ақ боз үй» трилогия-сы – халқымыздың игеріле қоймаған, құпия тарихтың «ақтаңдақ беттері» са-налатын тақырыпқа жазылған туынды. Ұзақ жылғы ізденіс нəтижесінде аласа-пыран шақтың қоғамдық құрылысын, саяси-əлеуметтік, экономикалық негізіне терең бойлай отырып, адам характерін оның ішкі күйін суреттейтін психологиялық тəсілмен ашуда, талдауда жеткен жетістіктері бейжай қалдырмайды. «Көркем сөз – жанның сəулесі» (Ғ.Мүсірепов) ғой. Смағұлдың сол сəулені назарда ұстап отыратынына мысалдар жеткілікті.

М.Горький: «Учитесь писать у всех стилистов, но – ищите свою ноту, свою песню» демекші, Смағұл-дың трилогиядағы көркемдік із де-ніс тері ішіңді жылытады. Ал «өзін өзі табуы» жағына келгенде, со -лық тап қалатын тұстары да кездес-пей қоймайды. Тарихты көркем-дік игеру – азап, сол азапты инемен құ дық қазғандай төзіммен игеру кейде кемшін түсіп жатады. Три-логияда жағымсыз кейіпкерлер бір ғана қырынан – жексұрындығы жағы-нан көрінеді. Ждақай, Сұржекей, Жор ға Күрең, Құлберген, Əзберген... Бұ лар дың негізгілері о баста байдың есігінде жүріп, бейнеті, күні ортақ адам дармен жан жайлауы жарасып жүргендер ғой. Оларды бұзса, заманы бұзды. Сондықтан бойындағы «іске аларлығынан» олар бірден «тазар-ма ғанын» ескермеу де тиімді бола бермейді.

Қысқасы, ұлтымыздың тари хын-дағы ең «сұм өмір» саналатын, қазақ қаны селдей аққан, «қанды ғасырды» бейнелеген – «тамұқтан жеткен үн» қолымызға тиді. Енжарлықтың то-нын шешіп тастап, ойнап емес, ой-лап оқитын дүние. Мінезі салмақты, дүниетанымы жан-жақты, қаламы жүйрік, танымы өткір, талғамы ерен, қиялы ұшқыр, жетпіске келіп отырған Смағұл – осы трилогиясымен-ақ əдебиетімізден жұлдызды орнын сай-лап алған бақытты қаламгер.

Тұрсын СЫДЫҚОВ,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

ӘДЕБИЕТТІҢ ӘҢГІМЕСІ

«АҚ БОЗ ҮЙ» МЕН «МІНӘЖАТТАҒЫ» КЕЙІПКЕРЛЕР ХАРАКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТАТЫН ОҚИҒАЛАРЫ ТҰСПАЛДЫҚ СИ ПАТҚА, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛ ДАУ-ЛАР ҒА ТОЛЫ АҚИҚАТТЫҢ АУЫЛЫНАН ҚАРА ҮЗБЕЙТІН ДІ ГІМЕН ӨЗІ ТАҚЫРЫПТАС ТУЫНДЫЛАРДАН ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚТЫҒЫН МО-ЙЫН ДАТТЫ. БҰЛ ЕКІ КІТАПТА СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗГЕН БАЛЫҚТАЙ ЕРКІН СІЛТЕЙДІ. ҚАЛАМЫ ТӨСЕЛГЕН, ТАҚЫРЫБЫН ЖЕТЕ МЕҢГЕРГЕН ЖАЗУШЫ ОСЫЛАЙ ІСТЕСЕ КЕРЕК-ТІ

Айбергенов әлемі

Алмас НҮСІП,«Егемен Қазақстан»

Биыл ақынның туғанына – 80 жыл. Осыған орай Қазақстан Жазушылар одағында «Төлеген Айбергенов поэзиясы жəне қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен, Қазақстанның əр түкпірінен келген өкілдер мен қо-нақ тардың қатысуымен өткен кештің шы мыл ды ғы «Айбергенов əлемі» атты деректі фильмнің тұсау ке-серімен ашылды. Ақын, Халықаралық «Алаш» əдеби сый лығының иегері Əділғазы Қайырбеков моде ра-торлық еткен конференцияда ең таңдаулы деген жеті баян дама жасалды. Бұлай дейтініміз, кон ференцияға ат са лысқан көршілес елдер мен Қа зақстанның əр об лысынан 70-ке жуық баяндама келіп түсіпті. Бұл – қазақ деген халықтың ақын мұрасына деген қызығушылығының, құрметінің көрінісі болса керек.

Конференцияның алғы сөзін ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орын басары Ғалым Жайлыбай айтты. Филология ғы лымдарының докторы, про фессор, Мемлекеттік сый лық тың иегері Мекемтас Мыр зах метов, «Қазақ елі» журна лы ның Қырғызстандағы тіл шісі, филоло-гия ғылымдарының док торы Оғыз Доған, ақын Свет қали Нұржан, М.Əуезов атын дағы Əдебиет жəне өнер инс титуты, театр жəне кино бө лімінің меңгерушісі Аман гелді Мұқан, филология ғылым-да рының кандидаты, доцент Сал танат Айбергенова, ақын Мақ сат Əлсейітов, ТарМПИ «Бауыр жантану» ҒЗО ғылыми қызметкері Əлімбай Найзабаев ақын шы ғармашылығының əр қырына тоқталып, баянда-ма жасады.

Халықаралық жиынның қоры тындысында ел Үкіметіне Шым кент қаласындағы Т.Айбер генов кө ше-сіне ескерткіш орнату; Білім жəне ғылым министрлігіне ОҚМПИ жанынан «Төлегентану» ғылыми-зерттеу орталығын ашу; Қазақстан Жазушылар одағына Төлеген Айбергеновтің толық шығармалар жинағын басып шығаруды ұйымдастыру; Алматы қаласы əкім дігіне Бұхар жырау көшесіндегі №81 мектеп-ке Т.Айбергенов атын беру; Алматы қаласындағы Марков көшесін Т.Айбергенов атына ауыстыру жайын да ұсыныс жолдау туралы қарар қабылданды.

Аталмыш конференция Тө леген Айбергеновтің 80 жыл дығы қарсаңында атқарылар ша ра лардың басы ғана екенін айта кеткен жөн.

АЛМАТЫ

ТАҒЗЫМ

––––––––––––––––––––––––––––––––––Т�леген Айбергенов бейнесі де �зінің поэзия-сы сияқты сартап сағынышқа айналып, ғасыр қойнауына сіңіп барады. Күні кеше ортаңда болғандай, «Сұңқар т�сі томпиып қарсы қарап» тұрғандай сезілетін, қазақ поэзиясындағы сағыныш �лшемін жеке-дара иемденіп алып, �леңімен қазақ атаулыны жүгіндіріп қойған ақынды бар-жоғы 30 жыл жер басыпты дегенге �зіңді де, �згені де сендіріп к�р... ––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Ақ боз үйдегі» тағдырлар

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

10 13 наурыз 2017 жылспорт

спорт саңлақтары

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ боксының тарихында айшықты із қалдырған былғары қолғап шеберлерінің бірі, Афины-2004 Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов Ұлттық құрама командада бо-лып жатқан өзгерістерді жіті қадағалап отырады. Бұл күнде бокс мектебінің басшысы болып қызмет ететін маманның пікірі бокссүйер қауым үшін қызықты болады деген ойдамыз.«Қалай болған күнде де, өзгерістер жақсылыққа бастайды деп сенемін, – дейді Серік Елеуов. – Қазіргі құрамада толысқан тәжірибе мен жалындаған жастық үйлесім тапқан. Менің ойымша, құрамадағы көшбасшы боксшылар кеткенімен, олардың орнын лайықтылар басқандай. Алда уақыт бар – олимпиялық цикл енді басталды. Біздің боксшылар әлі-ақ өздерін көрсетеді деп сенемін». ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Швейцарияның Лозанна қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездесті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Қазақстан спортшыларының VIII қысқы Азия ойындарындағы нәтижелерінің қорытындысын шығарды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

топжарған

Хоккей

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Спорт деген сиқырлы әлемнің есігін алғаш қаққанда Әлия Мейрам ғалиева сегіз жаста еді. Содан бергі өмірі осы саламен сабақтас. Уақы тында менменсіген талай мықтының мысын басқан саңлақ спортшы атанды. Қазір талантты ұл-қыздардың талабын ұштар білікті бапкер. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өзін спорт жанкүйерімін деп санайтын аймақ тұрғындарына оның есімі таңсық емес. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылда-рында барған жарысынан жүл­десіз қайтпайтын балуан қыз дың өнеріне сүйсініп, таңдай қақ­паған адам кемде­кем. Самбо, дзюдо, қазақ күресі секілді спорт­тың жекпе­жек түрлеріне жетік Әлия өзінің бұл саладан алыс­та майтынын бала күнінде­ақ түсінген.

«Әкем Жұмабек Мейрам­ғалиев – Павлодар облысын-да алғаш болып самбо күре­сінен спорт шебері атанған жан. Қа зақ станға танымал жаттық­тырушы. Оның бауырлары да, нағашыларым да күреспен айналысқан. Осындай орта-да тәрбие көрген менің спорт-шы болмауым мүмкін емес еді. Иә, алғашында акробатикамен шұ ғ ылдандым. Алайда, қан ға сің ген балуандық қасиет мені күрес залына тартты да тұрды. Әкем қарсы болды. «Балуан­дық қыздарға тән емес», деді. Ақыры «Қызығушылығың түбі бір басылар» деп жолыма

көл денең тұрмады. Бірақ, алған бетімнен қайтпадым. Алғаш­қы жаттықтырушым наға шым Аслан Мунтынов болды. Спорт­тағы жолым осылай басталды», дейді Әлия Жұмабекқызы.

1994 жылы бұрынғы Юго­славияның (қазіргі Босния және Герцеговина) Нови сад қа­ласында самбодан әлем бірін­ші лігі өтті. Бұл сынға Әлия Мей рам ғалиева да қатысып, өз сал мағында чемпион атанды. Әлемді мойындатқан қазақ қызы кейіннен дзюдо күресіне ауысты. 1996­2004 жылдар аралығында дзюдодан Қазақстан Ұлттық құ­ра масының белді мүшесі болып, ел намысын қорғады. Жеткен жетістіктері де бір төбе. Бірнеше мәрте ел біріншілігінде чемпи-он атанды. Түркия, Ресей, Гру­зия және басқа да мемлекет­тер де ұйымдастырылған бай­рақ ты бәсекелерде топ жарды. 2001 жылы Жапонияның Осако қаласында өткен Шығыс Азия ойындарында қола жүлдені қа­нағат тұтты.

Ел намысын ерлерше қор­ғаған Ә.Мей рамғалиева үлкен

спортпен қош айтысып, бап керлік жолға түсті. Қазір ол – «Батыр» балалар мен жас өспірімдер спорт мек тебінде дзюдо күресінің жат тықтырушысы. Сондай­ақ, Павлодар мемлекеттік педа­гогикалық институтында дәріс береді. Күреске икемі бар қыз­жігіт терді балуандыққа баулып жүр ген ол өз шәкірттерімен де мақ танады. Мәселен, Наталья Козина есімді шәкірті дзю до, самбо және қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құра масы­ның белді мүшесі. Алтынай Темір болатова – қазақ күресінен 2016 жылғы ел чемпионы. Келе­шегінен зор үміт күттіретін спортшының бірі Әйгерім Құттыбай облыс біріншілігінде үздік атанып жүр. Бұл тізімді

осылай жалғастыра беруге бо-лады.

«Бапкерліктің жүгі ауыр. Спортшы ұтса да, ұтылса да өзі үшін жауап береді. Ал жаттық­тырушы керісінше, біреу үшін жауапты. Бұл – үлкен жауап­кершілік. Бапкерлердің кілемдегі шәкірті үшін күйіп­пісетіні де сондықтан. Шәкіртің айтқан ақылыңды ұқса жақсы. Кеңесіңе құлақ түрмесе, кілемге өзің шығып алыса кеткің келеді. Мықты спортшы атану бап-керге байланысты. Сол себепті шәкірттеріме қатал талап қоя­мын», дейді Әлия.

Әлия Жұмабекқызы Бауыр­жан Тұрсын қанбетовпен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Жұ байы аймақтың спорт сүйер қауы ­мына жақсы таныс. Бауыр­жан Айт қалиұлы – қазақ күре­сінен Павлодар облысы жас өс ­ пірімдер құрамасының аға жаттық тырушысы. Об лыстық спортта дарынды ба лаларға арналған мектеп­ин тернатта жұмыс істейді. Ұлдары Арлан мен Әділ де күрес пен айналы-сады. Екеуі де Абай атындағы №10 лицейде оқиды. Ата­анасы оларға зор сенім артып отыр.

Фархат ӘМІРЕНОВ,журналист

ПАВЛОДАР

Суретті түсіргенДархан ӨМІРЗАҚОВ

Әлемді мойындатқан Әлия

– Құрамадағы 81 кило салмақ дәрежесінде қызық жағдай қалыптасты: екі мық ты боксшымыз – Жәні­бек Әлімханұлы мен Әділ­бек Ниязымбетов көшбас­шылыққа таласады. Сіздің ойы ңызша, дәл осындай бәсе­келестік бізге пайдалы ма?

– Бәсекелестік – өсуге ын­таландыратын дүние. Бұл жерде мықтыларды өкше леп келе жатқан жастарды да ұмыт пауымыз ке-рек. Қа лай болған күнде де, жаттықтырушылар шын мықтыны

таңдап алады деген ойдамын. Әлбетте, уақыт бәріне төреші.

– Әлімханұлы мен Ниязым­бетов арасындағы жекпе­жек­тің қай турнирде және қа лай өр битінін елестетіп көру ге бола ма?

– Қиын... Екеуі де оңқай, халықаралық жарыстардан жинаған мол тәжірибелері бар және де екеуінің де техникалық деңгейі өте жоғары. Делебені қоздыратын жекпе­жек болады деп ойлаймын.

– Абылайхан Жүсіповтің

69 кило салмаққа ауысқаны туралы не айтасыз?

– Бұл дұрыс және де дер кезінде қабылданған шешім. Оның жасы өсіп, салмағы да артып келеді. Техникалық қабілеті жағынан да Жүсіповтің құрамадағы бірінші нөмір болып бекуіне мол мүмкіндігі бар. Былтырғы Қазақстан чемпионатында ол барлық жекпе­жектерін сенімді өткізіп, көпші лікті қуантты. Көз алдымызда өсіп келеді.

– Ауыр салмақтағы Иван Дычконы лайықты түрде кім алмастыра алады деп ойлай­сыз?

– Бұл салмақта намысты қолдан бермейді деген бірқатар боксшылар бар. Атап айтқанда, Қамшыбек Қоңқабаев, Олжас Боқаев, Нұрлан Сапарбай және тағы басқалар. Рас, тәжірибе мен тұрақтылық жағынан кел-генде Иван Дычкоға жетері жоқ. Дегенмен, жастарды тәжірибе жинауы үшін сынға аямай сала беру керек.

– Ілияс Сүлейменовтің 56 кило салмаққа ауысқаны өзіне пайдалы ма?

– Менің ойымша, бұл салмақ оныкі емес. Қалай болғанда да, ол 52 кило салмақ дәрежесінде сенімді өнер көрсетті. Ауырлау салмаққа не үшін ауысқаны мен үшін түсініксіздеу. Бұл енді, оның өзіне және жаттық­тырушысына ғана мәлім дүние. Ал әзірге, бұл салмақтағы көш­бас шы – Қайрат Ерәлиев.

– Құрама командада жа ңа капитан – Әділбек Ниязым­бетов...

– Бәрі дұрыс. Әділбек Ниязым бетов бұл құрметке лайық ты екенін өзінің жеңіс­терімен дәлелдеді. Екі Олим­пиада сынында күміс жүлде алу дегеніңіз – айтуға ғана оңай. Тәжі рибесі мол, құрамадағы жол дас тарының оған деген се ні­мі де зор. Ол команданы алға бас ­тап, өрге сүйрейді деп сене мін.

– Биыл Ұлттық Олимпиада комитеті өзінің 25 жылдық ме­рейтойын атап өтеді. Еліміздің басты спорттық ұйымы осы уақыт аралығында не тынды­ра алды деп ойлайсыз?

– Ширек ғасыр уақыт ішінде Қазақстан спорты аяғына нық тұрып, халықаралық аренада то-лайым табыстарға қол жеткізді. Ұлттық Олимпиада комитеті спортшыларды жаңа биіктерді бағындыруға ынталандырып, әрқашан да жан­жақты көмек көрсетіп келеді.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

Халықаралық Олимпиада комитетінің штаб­пәтерінде өткен екі жақты кездесу бары-сында Тимур Құлыбаев биыл құрылғанына 25 жыл болатын Ұлттық Олимпиада комитетінің тарихы мен бүгінгі тыныс­тіршілігі және болашақтағы жос парлары туралы айтып берді. Сондай­ақ, ол Қазақстан Республикасындағы спорт және дене шынықтыру тура-лы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін жаңа заң жобасы жайына да тоқталды.

Кездесу барысында әлемдік олимпиялық қозғалыстың ма­ңызды сұрақтары талқыланып, допингпен күрес және «таза спортшыларды» қорғау мәсе­лесіне баса назар аударылды.

Өз кезегінде Томас Бах феде-рациялар спортты дамытудағы

негізгі ілгерілетуші күш екенін атап өтіп, қазақстандық Олим­пиада комитетінің Ұлттық феде­рациялардың рөлін нығай туға бағытталған жоспарларына қолдау білдірді. Сонымен қатар, ХОК президенті Қазақстанның допингпен күрес жолында қолға алып жатқан шараларына жоғары баға беріп, елдің ұстанған «нөлдік төзімділік» позициясы әлемдік антидопинг жүйесінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Томас Бах қазақстандық спорт шылардың Алматыдағы ХХVIII Дү ниежү­зілік қысқы Универсиада және Саппородағы VIII қысқы Азия ойындарында көрсеткен нәти­желеріне де жоғары баға берді.

Кездесу соңында Тимур Құлы баев Ұлттық Олимпиада комите тінің 25 жылдық мерей­тойға арналған дайындығы тура-лы айтып берді. Салтанатты шара наурыздың 17­сі күні Астана қаласында өтеді.

Халықаралық олимпиада комитетінің басшысымен кездесті

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан»

– Биылғы Азия ойында-ры Жапонияның Саппоро қа­ласы мен Хоккайдо аралында орналасқан Обихиро қаласында өтті. Оған жер жүзінің отыз-дан астам елінің спортшылары қа тысты, – деп бастады сөзін Елсияр Баймұхамедұлы.

Одан әрі комитет төрағасы спорттың 11 түрінен 64 ме-даль жиынтығы сарапқа са­лынған Ойындарда отандас­тарымыздың сәтті өнер көр­сеткенін, жарыста Қазақстан спортшылары 9 алтын, 11 күміс және 12 қола медальді ж е ңіп алғанын айтты. Оның айтуын­ша, бұған дейін спортшылары­мыз бес Азия ойындарына қа­ты сып, барлығы 69 алтын, 51 күміс және 44 қола жүлде ие­ленген болатын. Ал 2011 жы­лы Астана мен Алматыда өт­кен сында саңлақтарымыз 32 ал тын, 21 күміс және 17 қола ме дальді місе тұтты. Биылғы Азиадада Қазақстан құрамасы та ғы да алдына Жапония, Оң­түс тік Корея мен Қытайды жі ­бе ріп, төртінші орынды қа на­ғат тұтты.

– Күншығыс елінде біздің спортшыларымыз қысқы спор-ты жақсы дамыған Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайдың қыз­жігіттерімен иық теңестіріп бә секелесті. Олар Азиадада бар лық жарыстарға қатысты. Әсі ресе, биатлон, могул, хок-кей мен шаңғы жарысында чем пио н атанған спортшыларға ри замыз. Солардың арқасында көк байрағымыз тоғыз рет же­л біреп, әнұранымыз ойнал­ды. Мысалы, Галина Виш­нев скаяның бір өзі биатлонда төрт рет құрмет тұ ғы рының ең биік сатысына кө терілді. Ал Ян Савицкий бол са үш рет алтын жүлдені алып, екі рет күміс медальмен күптелді. Дарья

Усанова да қалпақпен ұрып ала тын қарсылас еместігін көр сетті. Сол сияқты могул-да Юлия Галышева, шаң ғыда Ринат Мухин, Елена Коло ми­на ның, конькимен жарысуда Де нис Кузиннің еңбегін атап өту керек, – деді ол.

Жалпы, Елсияр Қанаға­то в тың айтуынша, Азиадада спорт шыларымыз мүмкін бол­ған жағдайдың бәрін жасап, қол да тұрған жүлде лерді қар­сы л астарының қанжы ға сына бай лап бермеуге тырыс ты.

– Азиадаға біздің кейбір мықты деген спортшыларымыз қатыса алмады. Олар әлемнің түкпір­түкпірінде өтіп жатқан халықаралық турнирлер мен әлем чемпионаттарына қатысып жатыр. Кейбіреуі келесі жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қыс­қы Олимпадаға дайындалуда. Дегенмен, қысқы спортты се рік еткен қыз­жігіттеріміз елі міз дің намысын қолдан бермеу ге тыры-сып, Жапониядан жүл денің түр­түрін олжалап әке лді. Енді олар Үкіметтің тиіс ті қаулысымен ақшалай сый ақы алып, марапат-талады. Қазақ қысқы спортының бо ла шағы зор. Қазір еліміздің жер­жерінде шаңғы, могул, биат лон, коньки мен хоккей сияқ ты спорт түрлері жақсы да-мып келеді. Егер бұрын қысқы спорт солтүстік пен шығыс өңір лерде қанатын кең жайған бол са, бүгінде оңтүстік облыс­тар да аяғына коньки киіп, қо­лы на хоккей таяғын ұстаған жас тарды жиі көруге болады. Бұл түптеп келгенде, қазақ спорты ның болашағы зор деген сөз. Осындай спортқа икемді, оны жан­тәнімен сүйіп, серік еткен қыз­жігіттеріміз бол-са, Қазақстанның көк байрағы әлі талай Азиадаларда биіктен көрінеді деп ойлаймын, – деп қорытты сөзін Елсияр Қанағатов.

АСТАНА

Серік ЕЛЕУОВ:

Жастарды сынға аямай салу керек

Азиада – Олимпиадаға дайындық алаңы

Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Магнитогорскіде өткен екінші ойында астаналықтар қарқынын күшейтуге тиісті еді. Себебі, екі күн бұрын өткен алғашқы кезде-суде Эдуард Занковец шәкірттері жергілікті хоккейшілерден 0:4 есебімен ойсырай жеңілген бо-латын.

Бұл күні «Барыс» барын сал­ғанымен, «Металлург» бірінші ке зеңде өз мүмкіндігін сәтті пай да лана білді. Елор далықтар

қарсыластар қақ па сын торуылдап жүргенде, олар Данис Зариповке шай баны әдемі жеткізіп берді. Ол Хен рик Карл с сон мен бетпе­бет кел генде мүлт кет кен жоқ. Есепті ашты: 1:0.

Екінші кезеңнің басында «Барыс» хоккейшілері есепті теңес тірді. Роман Старченко ойыншы лардың басымдығын ше-бер пай далана білді. Көп ұзамай «Ме таллург» хоккейшілері тағы да алға шықты. Үш минуттан соң Найд жел Доус есепті 2:2­ге жеткізді. Мартен Сен­Пьер

болса, «Барыстың» алға шығуына мүмкіндік жасады: 2:3.

Үшінші кезеңде Найджел Доус ойын ережесін бұзып, «Ба­рыс» ойыншылары аз күшпен қор ғануға мәжбүр болды. Осыны тиімді пайдаланған «Металлург» хоккейшілері елорда клубының қақпасына тағы бір шайбаны тоғытты. Тағы да Зарипов көзге түсті. Есеп теңесті: 3:3.

Сәлден кейін сол штрих қай­та ланды. Тағы да Найджел Доус, тағы да Данис Зарипов. Бірін шісі айып уақытын өтеуге мәж бүр болса, екіншісі хет­трик тің авто-ры атанды. Есеп – 4:3.

Бір емес, екі мәрте қарсы лас­тардың шайба салуына айып-ты болған Найджел Доус ойын аяқталар тұста жанын сала ой-нады. Матчтың бітуіне екі минут қалғанда, оның сол қапталдан

соққан шайбасына қақпашы Василий Кошечкин шарасыздық танытты. Осылайша, негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталды.

Овертайм дегеніңіз бақ пен сәттіліктің серік болуына бай-ланысты дүние ғой. Бұл жолы екеуі де алаң иелері жағында болды. Сонымен, қорытынды есеп – 5:4 болып, Магнитогорск командасының еншісіне жа-зылды. «Металлург» қос ойын-да да жеңіске жетіп, жартылай финалға бір табан жақындады. Ал «Барыс» жартылай финалға өту үшін қалған екі ойында жеңіске жету керек. Жалпы, жар-тылай финалдың тағдыры 4 жеңіс арқылы шешіледі.

«Барыс» пен «Металлург» командалары 13 және 15 наурыз күндері Астанада кездесетін бо-лады.

Екі ойында есе жіберді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» командасы-мен күш сынасып, 4:5 есебімен жеңілді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

13 наурыз 2017 жыл 11аймақ

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

––––––––––––––––––––––––––––––Өткен жылы өңірдегі шетелдік және отандық компаниялар арасындағы өндірістік көрсеткіштер салыстыр-малы түрде алғанда қанағат тұтуға тұратындай деңгейде болыпты. Тіпті, бүгінгі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстардың тигізіп келген салқыны мен кері әсерін есепке алғанда мұны тәуір нәтиже десе де артықтық етпейді. Ал бұл құрылымдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгейден бір мысқал кем болмауы керектігі тағы да аян. Тіпті, мұның өзі жеткіліксіз. Ақтөбелік компанияларда инновация мен жаңа технологияларды енгізу, жоғары білікті мамандар даяр-лау және қазақстандық үлесті көтеру жөнінде жаңа бағдарламалар белгіленуі тіптен құба-құп. ––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Көкшетау қаласындағы «RIO» сауда-сауық орталығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне кіру билеттерін сататын касса ашылды. Енді көрермендер Астанаға сабылмай, жергілікті жерде билет сатып ала алады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Енді облыс орталығы Өскемен мен Семейде әр аптаның сенбісінде жәрмеңке ұйымдастырылып, аймақтың аудандарындағы шаруа қожалықтары ет, сүт өнімдерін қызылсырап жүрген қалалықтарға арзан бағада саудалайтын болады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Цеснабанк» АҚ акционерлерінің назарына!

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 24 ме-кенжайы бойынша орналасқан «Цеснабанк» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Цеснабанк» АҚ) Басқармасы «Цеснабанк» АҚ акционерлеріне 2017 жылдың 14 сәуірінде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының мына мекенжайда өтетінін хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі, 24.

Жиналыс «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылады және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар тура-лы» Заңына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібі «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесімен құрылды және келесі мәселелерді қамтиды:

1) «Цеснабанк» АҚ-тың 2016 жылғы аудиттелген шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржы есептемелерін бекіту;

2) 2016 жылғы «Цеснабанк» АҚ-тың таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акция бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «Цеснабанк» АҚ-тың бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту;

3) 2014 жылғы 21 сәуірдегі «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға уәкілетті тұлғаларды анықтау;

4) 2014 жылғы 21 сәуірдегі «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға уәкілетті тұлғаларды анықтау;

5) 2015 жылғы 15 мамырдағы «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысымен бекітілген «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесі тура-лы Ережедегі өзгерістер мен толықтыруларды бекіту және өзгерістер мен толықтыруларға қол қоюға уәкілетті тұлғаны анықтау;

6) 2016 жылғы «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін бағалау;7) «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орын-

дауы үшін төленетін сыйақы мен шығыстар өтемақысы төлемдерінің мөлшері мен шарттарын анықтау;

8) «Цеснабанк» АҚ-тың қызметіне акционерлердің және оның лауазымды тұлғаларының жүгінуі және 2016 жылда оларды қарастыру қорытындысы туралы мәселесін талқылау;

9) Есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін анықтау және оның мүшелерін сайлау.

«Цеснабанк» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау – 2017 жылғы 04 сәуір.

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысуы үшін материалдар-ды мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 24, 1109-кабинет.

Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жи-налыс басталуға 1 (бір) сағат қалғанда жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда акционерлердің қайталама жылдық Жалпы жиналысы 2017 жылдың 15 сәуірінде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі, 24.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылданбайды.Жиналысқа қатысушы акционерлер-заңды тұлғалар өз акционерлерінің

(қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты өз акционерінің (қатысушысының) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 5-тармағының бірінші бөлігі талап-тарын орындағаны туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш нысаны «Цеснабанк» АҚ-тың корпоративті веб-сайтында орналастырылған: http://www.tsb.kz/

Өзіңізбен бірге жеке куәлік/паспорт, сенім білдірілген тұлғаларға сондай-ақ дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат болуы қажет.

ИП Ахметжанов Дуйсенгали Каримович, ИИН 680527350170, сообщает о утере:– ККМ марки «Меркурий 115Ф, заводской номер 481031, г.в. 2004, книги учета на-

личных денежных средств, книги товарных чеков, регистрационной карточки ККМ.

«Қазақстанның инвестициялық қоры «профильді металл табақ пен болаттан бүгіп жасалынған тікбұрыш және шар-шы қима профильдердің негізінде плиталарды қоршайтын

металл құрастырылымдар зауытын салу» жобасын іске асыруда

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ «профильді металл табақ пен бо-латтан бүгіп жасалынған тікбұрыш және шаршы қима профильдердің негізінде плиталарды қоршайтын металл құрастырылымдар зауытын салу» жобасын іске асыратындығын хабарлайды.

Осыған орай, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ынтымақтастықтың келесі нұсқаларын ұсынады:

1) мүлікті бір жолғы сатып алу;2) мүлікті бөліп төлеу арқылы сатып алу;3) мүлікті жалға алу;4) мүлікті кейіннен сатып алу үшін жалға алу;5) мүлікті сенімгерлікпен басқару;6) мүлікті кейіннен сатып алу үшін сенімгерлікпен басқару;7) мүлікті қарызға беру (өтеусіз пайдалану);8) мүлікті кейіннен сатып алу үшін қарызға беру (өтеусіз пайдалану);9) мүлікті бір бөлігін бөліп төлеумен сатып алу арқылы иемдену.Жоба атауы: «профильді металл табақ пен болаттан бүгіп жасалынған

тікбұрыш және шаршы қима профильдердің негізінде плиталарды қоршайтын металл құрастырылымдар зауытын салу».

Мақсатты міндеті: профильді металл табақ пен болаттан бүгіп жасалынған тікбұрыш және шаршы қима профильдердің негізінде плиталарды қоршайтын металл құрастырылымдарын өндіру.

Жоба жүзеге асырылатын өңір: Алматы облысы, Заречный ауылы.Өндірістік қуаты: болаттан бүгіп жасалынған профильдерді жылына 100

мың тоннаға дейін өндіру.Технологиялық жабдықтар: Қытайда өндірілген.Шығарылатын өнім: металл құрастырылымдары.Бастапқы құны: 1 807 069 мың теңге.Кез келген сұрақтар мен ұсыныстар бойынша : 8 (7172) 55 95 96 (ішкі

329) телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы және «ҚР ОСК ИТО» РМК-ның ұжымы Қуандық Тұрғанқұлұлы Тұрғанқұловқа анасы

БейшіБүБидің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Алматы Менеджмент Университеті» ББМ ұжымы «Алматы Менеджмент Университеті» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбекке апасы

НҰРЖАМАЛдЫңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұжымы кол-ледж директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сейітқали Исақұлұлы Шалабаевтың анасы

үрия ТҰРСЫНОВАНЫңмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Арнайы көрме кассасының есепшісі Әйгерім Бекмағамбетованың айтуынша, үстіміздегі жылдың 8 наурызы мен 10 қыркүйегі аралығында аталған билет сату орны демалыссыз жұмыс істейтін болады. Бұл ретте Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар және жетім ба-лалар көрмені тегін тамашалауға мүмкіндік алып отырғандығын айта кеткен жөн. Ал мектеп оқушыларына студенттерге, зей-неткерлер мен көпбалалы отбасыларға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Көкшетауда ашылған кассадан алған билет алушылардың бірі Гүлжиһан Сейт қасымова өзінің әсерімен бөлісе келіп, былай деді: «Мен қаламызда осын дай тұрғындарға ыңғайлы орын-да ЭКСПО-2017 кассасының ашылуы-на қуа ныштымын. Мамандандырылған көрме еліміздің халықаралық аренада та-нымал болуына жол ашады. Айтпақшы, билеттерді сайт арқылы сатып алуға бола-ды екен. Сондай-ақ, билеттер «Меломан» дүкендер желісінде және «Қазпошта» бөлімшелерінде сатылуда.

Ақмола облысы

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Осы орайда, республикамыздағы моно-қалалар құрамына кіретін Хромтау қаласында кешенді іс-шаралар шоғыры қолға алынған. Журналистік іссапар барысында мұндағы «Восход-ariel», «Ақтөбе мыс комбинаты» және «КопперТехнолоджи» ЖШС-лар биылғы жылы да өндіріс қарқынын төмендетпеуге бағыт ұстай білгеніне көз жеткізе түстік. Бұлардың бәрі де жергілікті атқарушы билік өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарып келеді екен. Шынтуайтына келген-де, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсет-кіштері бірқатар жағдайларда осындай ірі кәсіпорындардың нәтижелі қызметіне де бай-ланысты екені кәміл.

Аталған өндіріс ошақтарының бүгінгі жай-күйі туралы не деуге болады? Ашығын айтқанда, кейбір критерийлер бойынша қарастырғанда жекелеген құрылымдық бөлімшелерде өндірістік көрсеткіштердің төмендеп кеткені жасырын емес. Соның ішінде «Восход-ariel» ЖШС-да хром кенін өндіру мен хромды концентрат өндірісінде өнім көлемінің төмендеу көріністері кездескен. Сонымен бірге, тауарларды тұтынуда және қызметтер көрсетуде жергілікті құрамның мөлшері азайған. Соған қарамастан бұл компаниялар ұжымдық шарт талаптарын орындаған. Тұтастай алғанда, еңбекақыны уақытында төлеу кестесі мен мерзімі бұзылмаған. Тіпті осы аралықта орташа жалақы мөлшері «АқтөбеМыс» компаниясын-да 3,4 пайызға және «Коппер-Технолоджи» ЖШС-да 3,7 пайызға ұлғайған. Сонымен бірге, жұмысшыларға әлеуметтік төлемдер төлеу ісінде де біраз ілгерілеушіліктер болған.

Әйтсе де, медальдың екі жағы бар деген-дей, өндірістік компаниялар осы кезге дейін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең сезінбей келгенін қостай қою қиын-ақ. Бұған олардың мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларына қатыспай келгені айқын айғақ. Дегенмен, кешегі бір күндері бұл бағыттағы іс орнынан жылжып, сең қозғалып кеткені осы олқылықтың орны толғанын танытқандай. Оның жарқын мысалы, аталған компания бас-шылары Серік Ибатов пен Александр Сизиков Хромтау қаласында мәдениет үйі мен зама-науи спорт кешенін және Ақтөбе қаласында балалар бақшасын салып беру жөнінде облыс әкімдігімен келісім жасағаны болмақ.

Бұл жобалардың құрылысы жоғарыда айтылғандай, бизнестің әлеуметтік жауап-кер шілігі аясында биылғы жылы басталмақ. Со нымен бірге, облыс әкімдігі, кә сіп орын басшылары және аумақтық кәсіподақ бір-лестігі аясында қол қойылған меморандум да тең құқылы әріптестік қарым-қатынастардың жаңа қырларын қалыптастырады деп сенгіміз ке леді. Мұнда үш жақты еңбек қатынастарын рет теу, жұмысшы-қызметкерлер үшін әлеу мет-тік кепілдіктерді қамтамасыз ету және ке лі сіл-ген іс-әрекеттер мен өзара түсіністік туралы маңызды мәселелер көрініс тапқан.

Ақтөбе облысы

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Қызылсырап деп бе-керге айтып отырған жоқ пыз, қаланың базар-ла рындағы еттің бағасы у дай болғандықтан, ша һар тұрғындары құны қал та-сына қолайлы әрі қыр дан жеткізілген таза өнім ді пышақ үстінен талап әке-те ті нін көріп жүрміз.

«Ең бастысы, бұл жер-дегі өнімдердің базар-дағыдан 15-20 пайызға арзан болатындығын, жәр мең кенің апта сайын өтетінін ел білуі керек. Бұл жәрмеңке дәл уақытында әрі жоғары деңгейде ұй-ым дастырылып отыр ж ә не ауылшаруашылық өні м - деріне бағаның өсуіне

айтарлықтай тосқауыл бо-лады деп санаймын», де-ген еді облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлан ауданының жәрмеңкесін аралаған кез-де.

Жақында Тарбағатай ауданының шаруалары өс кемендіктерге өз өні м-дерін ұсынды. Жәр мең кеде сиыр еті – 1200, жылқы еті – 1300, қой еті – 1100 теңгеден саудаланды.

Жәрмеңкеге аудандағы барлық шаруа қожалықтары жұмылдырылды. Барлық ауылдық округтерден 6 тонна ірі қара, 2 тонна жылқы және 4 тоннаға жуық қой еті мен өзге де өнімдерді әкелдік. Баға қолжетімді, халық риза-шылығын білдіріп жа-тыр, дейді Тарбағатай

ауданы әкімінің орынбаса-ры Қайрат Мауадинов.

Қала тұрғындары бұл күні ет, сүт өнімдерін са-тып алып қана қойған жоқ, жәрмеңкенің жа-нын дағы сахнадан аудан өнерпаздарының кон-церттік бағдарламасын та-машалап, арнайы әзір лен-ген дастарқаннан, ақ суат-тық Манап апаның буы бұр қыраған Наурыз көже-сі нен дәм татты. Бұрын Тар бағатайда еңбек еткен, бү гінде қалада тұратын қариялар да жәрмеңкеге келіп, жерлестерін көріп қау қылдасып, арқа-жарқа болып жатты.

– Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында жәрмеңкенің қайтадан ұйым дастырылып жатқаны жақ сы болды. Бұл ең әуелі қарапайым халыққа қажет дү ние. Базарға барсаң, атаң ның құнын сұрайды. Бү гін, міне, қапшығымды Бар қытбелдің баурайы-нан әкелінген мал етіне қайыс тыра толтырып қай-тып барамын, дейді қала тұрғыны, зейнеткер Әлім-хан Әбдіхалықов.

ӨСКЕМЕН

Суретті түсірген Ғылымбек СӘБИТОВ

Өңір Өмірі

Әлеуметтік жобалар жүзеге аспақ

Көрме билеті қолжетімді

Жәрмеңкелер қайта жанданды

Шекаралық мектептер шеріЖазылған Жайдың Жаңғырығы

«Ауылды мектеп сақтайды, мектепті кім сақтайды?»

(«ЕҚ», №36, 21 ақпан, 2017 ж.)

«Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Ресей Федерациясының Саратов, Самара және Орынбор губернияларымен шекаралас. Аудан аумағында жалпы білім беретін 9 мектеп көрші мемлекетпен арадағы шекаралық аймақта жатыр. Олар: Егіндібұлақ орта мектебі, Первосовет орта мектебі, Қ.Ахмиров атындағы орта мектеп-балабақшасы, Чуваш орта мектебі, Раздольный орта мектебі, Чиров негізгі мектебі, Кирсанов негізгі мектебі, Сұлукөл негізі мектебі және Чинарев бастауыш мектебі.

10 жыл ішінде аудандағы шекаралық ауыл мектептеріндегі бала саны едәуір төмендеп, 960-тан 623-ке азайған.

1997 жылдан бері 15 мектеп: Белоглинск, Талов, Краснопартизан, Рожков, Петров, Хаминск, Красноурал, Кожевников, Спартак, Щучкинск, Чесноков (Егіндібұлақ а/о), Красносвет, Балабанов және Гремячинск мектептері жабылған. Осындай себеппен 2008 жылы Кирсанов орта мектебі негізгі мектепке айналды, 2009 жылы Чинарев негізгі мектебі

бастауыш болып қайта құрылды, 2012 жылы Чесноков орта мектебі өзгеріп, Сұлукөл бастауыш мектебіне айналды, 2013 жылы Чиров орта мектебі негізгі мектеп болып қайта құрылды. Егіндібұлақ, Чувашинск орта мектептеріне, Чиров, Сұлукөл, Кирсанов негізгі мектептеріне «қайта құру» қаупі жыл сайын төнеді. 2017 жылы Чиров, Сұлукөл, Кирсанов негізгі мектептерінде оқушы саны ең төменгі шекке таяп тұр. Ауыл мектебін сақтау үшін Чиров ауылында – 10, Сұлукөлде 3 оқушыны тұрғындар балалар үйінен патронаттық тәрбиеге алып, мектепте бала санын «көбейтті». Бірақ, соның өзінде осы оқу жылында бірнеше оқушы ата-анасының қоныс аударуына байланысты мектептен кеткелі отыр.

Мектепте оқушы саны азаюына соңғы 20 жыл бойы бұл ауылдарда бала туу көрсеткішінің төмендеуі, жұмыс орны, әлеуметтік-мәдени нысандардың болмауы, жолдың нашарлығы, ауылдың негізгі күре жолдардан алыс жатуы, интернет байланыстың жоқтығы, құрылыс салуға, бизнес құрылымдарын дамытуға қолайсыз болуы, мал және егін шаруашылығын дамыту үшін бос жер телімдерінің болмауы әсер етті. Бұдан бөлек, Чиров ауылдық

округіндегі Балабанов ауылында білім ошағы болмағандықтан 6 оқушы Чировқа, Красный свет ауылынан 14 оқушы Раздольный орта мектебіне, Красный Урал ауылынан 11 оқушы Чуваш орта мектебіне күн сайын тасымалданады. Шалғай ауылдық округіндегі Таловая мен Карпов ауылдарында мектеп және басқа әлеуметтік нысандар жоқ. Бұл ауылдардың балалары 2016 жылға дейін апта сайын Первосовет мектебі жанындағы интернатқа тасымалданып келген еді, кейін көші қонға, тиісті контингенттің азаюына байланысты 2016 жылдың қыркүйегінде интернат жабылды.

Аталған ауылдардан халықтың көшуін тоқтату, ондағы білім мекемелерін сақтау үшін шекаралық аймақтардағы мектептерде бала саны лимитін азайту керек. Мұндай ауылдарда мектептің жабылуы – сол ауылдың тез арада түгелдей құрып, жоғалып кетуіне әкеледі.

Серік САфИуЛЛИН,Зеленов аудандық білім беру

бөлімінің басшысы

Батыс Қазақстан облысы

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 13 НАУРЫЗ, 2017 …2 13 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ Ләйла ЕДІЛ ЫЗЫ, «Егемен ˆаза стан» Сөз басында «Нұр Отан»

12 13 наурыз 2017 жылдидар

Бәрекелді!

мирас

Жәдігер міне, қызық!

–––––––––––––––––––––––––Биыл Ұлыстың ұлы күні – 22 нау­рыз мерекесі Оңтүстік Қазақстан облысында жылдағымен салыс­тырғанда ерекше өтпек. Дәлірегі түркі ел дерінен келетін мәртебелі мейман дар Түркістанда бас қосады. –––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Даңқты батыр, жазушы Бауыржан Момышұлы өзінің фотосуреттерін, күнделікті өмірде пайдаланған ыдыстарын, кітаптарын, маузерін, со­нымен қоса темекі тартатын мүштегін, картасын және қойын дәптерін 1965 жылы Ялтада жазған өсиет хатында Жамбыл облыстық музейіне қалдырғанын айтқан. Бүгінгі таңда аталған тарихи­өлкетану музейінің «Жамбылдықтар – Ұлы Отан соғыс жылдарында» атты залында Бауыржан Момышұлының жеке заттары экспозицияда орын алған. Тек өткен жылы батырдың соғыста пайдаланған картасы мен қойын дәптері Астана қаласындағы «Әскери музейге» берілген екен. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Тоқырау жылдары еді. Кеңестен қалған техниканың барлығы талан­таражыға түсіп, қаңқасы ғана қалған кез­тін. Қолдағы он шақты қараның да түк бағасы жоқ. Жеңгелеріміз бір қойды бір қорап сабынға, ағаларымыз екі жартыға айырбастап жіберіп, қарап отыра беретін. Осындай алмағайып заманда жан бағудың өзі қиындап кеткен. Әйтеуір әр тіршіліктің басын шалып, күн көрісін айырып жүрген бір адам. Сондай сәтте көрші Жұманазардың ойына ерекше бір дүние келе қалыпты. Баяғы совхоздың гаражында қаңқасы қаңтарылып тұрған ГАЗ­53 көлігін үйіне сүйретіп әкелді де, оған трактордың моторын салып, жүргізіп алды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп орталық ме ші­тінде өткен қолөнер байқауына ауыл­қала ме шіт терінің тың даушылары, қыз­келіншектер қатысты. Жалпы, мешітте күнделікті ғибратты, руханияты мол, иман­дылық жолындағы шарапаты мол түрлі шаралар өтіп тұрады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШӘРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыЛәйла ЕДІЛҚЫЗЫ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ШендесТірУ

Қазақ – қашанда қазақ!

Ауылдың көркісің-ау, алтыбақан,Қыз-жігіт «дертісің-ау», алтыбақан.Әніңмен ай астында тербелгендей,Жанымның жайлауында жарты жаһан.

Түсімде, алтыбақан, сені көрем,Тербеліп, сені көрсем, тебіренем.Атадан қалған асыл мирасымдай,Қазақтың қазақтығы – сеніменен!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Хадисте «Жақсылық жа-сап жарысыңдар» дейді. Ал бұл жолғы байқаудың мақ­саты – ұлтымыздың асыл қазы­насын сақтау, ұрпаққа мирас ету. Ұлттық ою­өрнектер, то­қыма тоқу, кесте тігу, қағаз­дан жә не басқа да материал­дардан бұйымдар, қолөнер бұйымдарын жасау. Байқау барысында көз қызықтырар көрпешелер, жастықтар, кес­телі сүлгілер, ою­өрнекпен зер ленген орамал дар, дастар­қан жаймасы мен қолдан

кестеленген шыт, тоқылған кеу­д е шелер, бас киімдер, бисер мен әдіп телген әшекейлерді көрдік.

Орталық мешітке келушілер де байқауға әкелінген қол­өнер бұйымдарын тамаша-лады. Мысалы, Сапура апа, Ақерке Тұрғынбай, Саби на Мұрат қызы, Зәуре Шамси­дин қызы және Әлия апайлар апта сайын мешітке келіп, қыз­келіншектерге тігіншілік, кестелеу, ою­өр нек терді оюды үйретеді. Ал Ақерке Дәуітова бисермен, Құран кітаптарына арналған түрлі тастармен әше ­кейленген сөмкелер жасап, байқауда екінші орын алды.

Сонымен бірге, Назгүл Тор тай тоқылған себет, ваза, қағаз дан жасалған қобдиша ұсынып, «Қағаздан жасалған бұйым» бойынша бірінші орын алса, Гүл бахыт Қансызбай «Қа зақ өр­нектері» аталымында үздік деп танылды. Және де тоқыма аяқ киім – етік, туф ли тігеді екен. Орталық мешіт тегі Ақер ке Тұрғынбай ұстаз дың шә кірттері Гүлсім Аман жол, Бүлдірген Хаби, Гаухар Мұса таңғаларлық «Қазақ ою­өрнектерінде» ою ойып ерекше көзге түсті.

Мешіттің кітапханашысы Назым Шайкенова: «Жара ты­лыс тың өзі сұлулық сыйл аған әйелдердің қиялы шексіз, ал шығармашылық қабілеттері одан да керемет!», – дейді.

ПАВЛОДАР

Суретті түсіргенАмантай ТОЙШЫБАЙ

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Музейде оқ пен оттың куәсіндей болып тұрған маузер батырдың көзі ғана емес, айбар­сесі, рухы болып асқақтайды. «Күндей күркіреп өткен» соғыстың қайғысы мен қасіретін мау-зер де бойына бүгіп, болмысына жа-сырып тұрғандай.

Жәдігердің тұсында «Маузер полковника Бауыржана Момыш­улы» деген жазу бар. Бар өмірін әскери қызметке арнап, Ұлы Отан соғысына қатысқан даңқты қол­бас шы бұл маузерді сол отты жыл дары пайдаланып, кейіннен

көзі нің тірісінде Әулиеата музейіне тапсырған. Музейдің ғылыми экспо зициялық жұмыс және қорды есепке алу бөлімінің меңгерушісі Мөлдір Қыздарбекованың айтуын-ша, Бауыржан Момышұлы Әулиеата жеріне бір келгенінде өзінің қылышы мен домбырасын да жергілікті музей-ге сыйлайтын ойы бар екенін айтқан екен. Өкінішке қарай, әлдебір кісіден беріп жіберген құнды жәдігерлер сол күйі мұнда жетпеген. Егер құнды қазына Жамбыл жеріне жетіп, музей төрінен орын алғанда жұртшылық бүгінде тағы бір тағдырлы жәдігердің куәгері болатын еді.

Жамбыл облыстық тарихи­өлкетану музейі 1931 жылы 25 тамызда Әулиеата өлкетану музейін ашу туралы қабылданған шешім негізінде құ рылған. Бүгінде 85 жылдық тарихы бар музейге келушілердің қатары қ а л ы ң . Ә с і р е с е , Бауыржан Момыш­ұлының тұтынған бұйым дары және өзге де заттары жастар-ды патриоттық рухта тәрбиелеп келеді.

Жамбыл облысы

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

Ауыл біткен Жұма на ­зардың «тыртылдақ көк қас­қасын» қызықтайды. Өзі қатты жүрмейді. Онысы түсінікті де. Трактордың мо то рымен қайдағы қатты жүр ген? Бірақ бар ғой, осы көлік ауылдың әжетіне жа-рады. Егістіктен шөп тасиды. Таудан отын әкеледі. Сыр ға сексеуілге барады. Елдің кө­мірін жеткізіп бе реді. Базарға малын апарады. Әйтеуір ты-ным таппай тын. Басында ала шаңға қара түтіні арала-сып тыртылдап кетіп бара жатқаны ерсі көрінгенімен, кейіннен жұрт оған үйреніп алды. Қанша дегенмен қолдан құрастырылған дүние ғой, арасында бұзылып қалатын. Жұмекең қара майға мал-шынып жүріп әлгіні ертесі қайта жүргізіп алады. Мұны неге еске алып отырмыз? Бұл қажеттіліктен туған дүние еді. Өйткені, осы көлік бір отба-сын асырады. Қазір мұндайды

көрмейсіз. Есе сіне, Қы­зыл ор даңызда 1 9 5 7 ж ы л ы шық қан ГАЗ­21 кө лігі жел-мен жа рысып жүр.

«Қызылордада бір кәсіп кер жігіт ескі «Волганы» қа йта жасатып, жұмысына мініп жүр екен» дегенді есті­генде, шыны керек, сенбедік. Өзінің шыққанына 60 жыл болған «Волга» қалайша мініске жарамақ? Адам миы­на сыймайтындай жағдай ғой. Сонымен іздеп көрдік. Таптық. Қап­қара, жып­жыл­тыр, тұмсығында елігі ой қас­тап тұрған белгісі бар ГАЗ­21 көлігі есік пен төрдей боп қақ алдымызда тұрды. Расында,

1957 жылы шыққан екен. Бірақ көлік иесі машинаны өзінің қалауынша өзгерткен. «Вол га» көлігінің қаңқасын алып, оның тұмсығын екі шетінен қысқартып, төбесін төмендетіп, артқы жағын да жіптіктей етіп жиған. «Kia» автокөлігінің моторын салған. Сағатына 200 ша қырымды ентікпей бағын дырады. «Тас жолда кейінгі шыққан «Lexus 570» осы «Волгаға» жете ал-мапты» деген аңыз жүр ел арасында. «Волга» екенін айқындап тұ ратын әрбір детальді Санкт­Петер бургке тапсырыс беріп жасатқан. Жарық шамдарының бәрі сонда жасалған. Салонына то ­лықтай

«Infinity» көлігінің жаб­дықтарын орнатқан. Соңғы шығып жатқан машиналар-да қандай артықшылық бар, соның барлығы «Волгада» тұр. Климат бақылаудан бас тап былғары орындыққа дейін қажетіңізге жарай-ды. Тіпті, түнде артыңыздан келе жатқан көліктің жа­ры ғы көзіңізді қарып, ма­за ңызды алса, бір түймені

баса саласыз, үш айна да қа­раңғыланып, жаныңыз рахат табады. Орындықтарының өзі «ақылды». Жүргізуші орын дықтың «миына» өзіне жайлы жағдайды енгізіп қояды. Бір түймені басса бол ды, орындық ыңғайлы қа лыпқа келе қалады. Көлік қозғалтқышы да автомат­тандырылған.

Үлкен жолда 100 шақы­рымға 14 литр бензин «жей­ді» екен. Қалада бұл шы­ғын 4 литрге артады. Де­генмен, «Волгаға» газ да қойыл ған. Солайша, жанар­жағармайдан келетін шығын біршама азайтылған. Кө­

лік Қарағандыда тұратын бір өнертапқышқа тапсы-рыс беріп, құрастырылған. Қаңқасын да сол жақтан сатып алған. Қайта жасап шығуға 1 жылдан аса уақыт кетіпті. Қызылордаға келгеніне бір айдан әлі асқан жоқ. Кәсіпкер Данияр Әбілханов көлікті мақтан үшін емес, өзінің ра-хаты үшін жасатқанын айта-ды. Әйтпесе, осы «Волганы» қайта құрастыруға кеткен шығынға су жаңа джип сатып алуға болатындай екен...

ҚЫЗЫЛОРДА

Әйелдің қиялы шексіз...

Баукеңнің маузері Раритет

«Наурызнама» тойы Түркістанда өтеді

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Былтыр Түркістан Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып таңдалғаны белгілі. Мұндай мәртебеге бұған дейін Астана, Түркияның Ескішахар, Татарстанның Қазан, Түрікменстанның Мары және Әзербайжанның Шеки қаласы ие болған. Елдің абыройын асыратын бұл жауапкершілікті жақсы сезіне білген ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев тара-пынан аталған жоба аясында атқарылатын іс­шаралардың жоспары бекітілген. Түркістанда биыл 40 шақты ауқымы зор мәдени іс­шара жоспарлануы осының айғағы.

– 21 наурызға жоспарланған «Наурыз­намаға» 22 түркітілдес елден шақырылған мыңға жуық адам қатысады. 230­дан астам өнер ұжымы шақырылған. Сондай­ақ, еліміздің 16 облыс, қалаларынан және облыстың барлық аудан, қалаларынан арнайы делегациялар қатысады, – деді облыстағы әз­Наурызға әзірлік шарасы-на тоқталған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте. Осы шара бары-сында Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ­дың Мәдениет орталығында рес-ми қонақтардың қатысуымен «Түркістан және түркология» атты халықаралық ғылыми­теориялық конференция өтеді.

Жалпы, биыл Наурыз мерекесі Оңтүстікте бір апта тойланады. Іс­шаралардың легі 15 наурызда «Наурыз патидан» бастау алмақ. Бұл шараның аясында түрлі ұлт өкіл дері на-урыз көже дайындаудан жарысса, Ұлттық өнер күнінде қолөнершілердің қолынан шыққан кәдесыйлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Ұлттық анимация мен кинотуындылардың көрсетілімі де осы екінші күнге белгіленіп отыр. 17 на-урызда «Қош келдің, әз­Наурыз» мерекелік шарасы аясында жоғары және орта ар-наулы оқу орындары мен мектептерде жастардың бойын да патриоттық сезімді қалыптастыратын түрлі мерекелер өтеді. Тазалық акциясы мен қайырымдылық шара-ларына да бір­бір күн арналады. 19 наурыз-да жұрт Ұлттық өнімдердің жәрмеңкесіне барады.

Ұлыстың ұлы күнін тойлау 22 нау­рызда Шымкенттегі Наурыз алаңында жалғасады.