8
№151 (28879) 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) (Соңы 5-бетте) 25 ЖЫЛДЫҢ 25 СӘТІ Тəуелсіз Қазақстан тарихы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасы берік болуы үшін этносаралық татулықтың сақталуына, ел бірлігінің мықты болуына басымдық беруі – ел басқа- рудағы көреген қадам екендігін қазір бүкіл əлем мойындады. Бұл орайда, Елбасы бастама- сымен құрылған, ел тіршілігінің бейбіт, тынысының еркін болуында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етіп отырған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассам- блеясы атқарып жатқан қызметтің де үлесі ерекше. ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ МЕН «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ» БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП ƏЛЕМ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН АШЫЛМАҒАН АРАЛДАР 4 7 5 Бəрекелді! Қоржында – бір күміс, бір қола медаль «Егемен Қазақстанның» арнаулы тілшісі Бақтияр ТАЙЖАН Рио-де-Жанейродан хабарлайды Дзюдошыларымыз жеңеді деп келіп едік. Олимпиаданың алғашқы күнін алтын жүлдемен бастауға үміттің жетегінде кел- ген басқалар сияқты біздің де мүмкіндігіміз болған. Елдос Сметов – үстінен қылау түспеген су жаңа əлем чемпи- оны. Отгонцэцэг Галбадрах қызымыз өз салмағында əлемдегі үштікке кіреді. Сондықтан басы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы бо- лып барлығымыз дзюдодан өтетін жарысқа келдік. Өзіміздің балуандар шыққанға дейін өзге елдердің үкілеп əкелген үміттерін тамашалап отырмыз. 60 кило салмақта француз бен бразилиялық балуандар сағыздай тартысып жатыр. Рефери сыл- бырлау күрескені үшін алаң иесі Китадаға ескерту берген. Күрес аяқталуға 40 секунд қалғанда, Китада ышқынып келіп, қырқа шалды. Əлгінде ғана көңілі тоқ жүрген француз өкіріп жібере жаздады-ау. Жаралы арыстандай шабынғанымен, енді бəрі кеш еді. Ол енді ауылына қайтады. Төрт жылдық арман осы жерде адыра қалды. Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарының құрылысына 57 млрд. теңге бөлінді, ол қаржыға бүгінде 96 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 51,2 млрд. теңгеге 77 мектеп, сондай- ақ, 6,7 млрд. теңгеге 19 балабақша құрылысы жүргізілуде. Кеңес барысында Білім жəне ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдарға 26,9 млрд. теңге, яғни жылдық жоспардың 46%-ы аударылғанын мəлімдеді. Вице-министр 21 білім беру нысаны, оның ішінде 13 мектеп (Қызылорда облысында – 2, ОҚО-да – 7, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан жəне Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарын- да – 1 мектептен), сондай-ақ, 8 балабақша (Алматы облысында – 2, Қарағанды, Маңғыстау облыс- тарында, СҚО-да, ОҚО-да, Алматы қаласында – 1 нысаннан) пайда- лануға берілгенін жеткізді. Оған қоса, ол мердігерлердің сотқа жүгінуі, талқылауы, мерді- гердің құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінен кейін қалуы, мемлекеттік сатып алулардың аяқталмаған рəсімдері жəне келісімшартты кеш жасау қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері болып табылаты- нын айтты. Өз кезегінде Премьер-Министр- дің орынбасары Д.Назарбаева об- лыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдіктеріне білім беру нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін кешіктірген мердігерлермен жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. «Қаржылай қаражатты уақытылы игеру бойынша шаралар- ды қабылдау, сондай-ақ, бақылауды күшейту жəне тиісті ведомство та- рапынан нысандар құрылысының барысына мониторинг жүргізу тетігін жасау қажет», деп атап көрсетті Д.Назарбаева. «Егемен-ақпарат» Қаржы уақытылы игерілуі тиіс Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мəселелері жөнінде кеңес өткізіп, білім беру салаларының құрылысына бағытталған қаржылай қаражатты уақытылы игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Биыл Алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр. Ал келесі жылы Алашорда қозғалысының құрылғанына бір ғасыр толады. Осындай мерейлі межелер қарсаңында Əлихан жəне Алаш қозғалысына қатысты тың тарихи пікірлерді оқырман назарына ұсынып отырмыз. Əлихан негізін қалаған Алаш қозғалысының, Алашорда үкіметінің саяси, əлеуметтік, экономикалық, мəдени- рухани, ағартушылық мұраты кеңестік биліктің мақсат- мүддесімен бір болмады. Кеңестік жүйе идеологиялық тұрғыдағы қарсыласты қатыгездікпен болса да жоюға тырысты. Ақыры, қанды репрессия мен қуғын-сүргін, ұрпақ санасынан ел ардақтыларының есімдерін мақсатты түрде аластатуға əрекеттелген жоспарлы жұмыс жүргізілді. Ќошкеніѕ Əлиханы Тарих толқынында ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында «Алаш» қозғалы- сына деген қоғам түсінігі өз- гере бастады. Сол уақытта бір кезде Алашты қаралаған оқы- ғандар енді оны ұлықтай бастады. Абайша айтқанда, «Адамды за- ман билемек» те шығар. Немесе, Міржақыптың сөзімен сөйлегенде, «Бұл күнгі көп көсемдер, Сұраймын сонда қайда едің?» деу- ге де болады. Алайда, оның бəрін біз тағылым алу үшін керек деп білеміз. Осы орайда Əлиханның жəне оның замандастарының ұлт тарихындағы тиісті бағасын анықтағанда, тағы да Алаш дəуірі қайраткерлерінің пікірлерін темірқазықтай ұстануымыз керек деген ойдамыз. Əлихан тұлғасына оның көзі тірісінде бағасын берген Алаш оқымыстысы Қошке Кемеңгер- ұлының көзқарасына арнайы тоқталу керек деп санаймыз. Біз бүгінде Мағжанның ақындығы дегенде əуелі Жүсіпбектің əйгілі зерттеуін сөз етеміз. Ахметтануда Мұхтар Əуезұлының «Ахаңның елу жылдық тойы» атты мақа- ласының орны бір бөлек деп санаймыз. Сол секілді, Əлихан Бөкейханның тарихи тұлғасын бағалағанда, алдымен, оның за- мандастарының, соның ішінде Қошке Кемеңгерұлының да еңбек- терін қаперде ұстауымыз керек. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Атырауға сапары бары- сында бірнеше нысанды аралап, екі мəселеге баса назар аударды. Оның алғашқысы –мұнай-газ өнеркəсібі. Өйткені, бұл мұнайлы өңір экономикасының басым бағыты саналады. Олай дейтініміз, қазақ мұнайының алғашқы тамшысы дəл осы өңірден алынған. Бұдан 116 жыл бұрын «Қарашүңгіл» атала- тын кен орнынан өндірілген «қара алтын» тасқыны əлі толастаған жоқ. «Теңіз», «Қашаған» секілді көмірсутекті шикізаттың мол қоры жөнінен əлемде теңдесі табыл- майтын кен орындары Атырау өңірінде ашылды. Айтқандай, Үкімет басшысы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан мұнай өндіруге əзірліктің барысына көз жеткізу үшін тікұшақпен ұшып барды. Аталған кен орнының алғашқы мұнайы 2013 жылдың 11 қыркүйегінде өндіріле бастаған еді. Алайда, арада 13 күн өткен соң, яғни 24 қыркүйекте D аралынан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына дейін тартылған құбырдың ақауы анықталды. Осыған байланысты «Қашағанда» мұнай өндіру зақымдалған учас- кеде жөндеу жұмыстары аяқтал- ғанға дейін тоқтатылды. Жөн- деу жұмыстарынан соң газдың ағып кетуі тағы анықталып, мұнай өндірісін тоқтатуға шешім қа- былданды. Атырауда алуан-алуан істер бар Ол Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің өңірге сапары барысында жан-жақты сараланды (Соңы 6-бетте) (Соңы 3-бетте) Грант иелерінің тізімі жарияланады Биыл Ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсырған түлектерге берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мəселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысының қорытындыларын шығарып, грант иелерін анықтады. Еліміздің барлық өңіріндегі тұрғындар асыға күтіп отырған осы білім беру гранттары иелерінің тізімдері газетіміздің келесі санында жарияланады. Pm.kz-тің хабарлауын- ша, Үкімет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асы- рылу барысымен, мұнайды алғашқы қайта өңдеуден өткізетін қондырғының жұмысымен та- нысып, мазутты терең өңдеу бо- йынша бірегей кешендерді қарап шықты. Индустрияландыру кар- тасы аясында жүзеге асырылып жатқан ПМХЗ жаңғырту жобасы отандық мұнай өңдеу зауыттарын қайта жөндеуден өткізу жөніндегі үкімет бағдарламасына енген. Жаңғыртудан өткен соң зауыт мұнай өңдеу тереңдігін 90%-дан асырып, жылына 7,5 млн. тон- на мұнайды қайта өңдеуге жəне Еуро-4 стандартына сəйкес өнім шығаруға қол жеткізуі тиіс. Сондай-ақ, Премьер-Министр сапар аясында көмір өнеркəсібін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Көмір қоры жағынан Қазақстан əлемдегі көшбасшы елдер ондығына енеді. Қазақстан аумағында 400-ден астам кен орны бар, көмірдің жалпы қоры 150 млрд. тонна деп бағаланған. Қазіргі көмір өндірісінің дең- гейімен шамалағанда, көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді екен. Дегенмен, бұл салада да түрлі түйткілді мəселелер бар. К.Мə- сімов жұмыс тобын құрып, өзекті мəселелерді қысқа мерзімде ше- шуді тапсырды. Үкімет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы мəселелеріне де көңіл бөліп, кеңес өткізді. Бұл рет- те, ол тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Соған орай, жағдайды түзеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Ұлттық эконо- мика министрлігіне жəне облыс əкімдігіне бірқатар тапсырма берілді. Премьер-Министр жастармен де кездесті. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру- да жаңа бағытты енгізу, «Start- Up» арқылы жастар кəсіпкерлігін дамыту жəне өз бетінше шетелдік ЖОО-ларда оқып жүрген жастарды жұмысқа орналастыру мəселелері жан-жақты талқыланды. Жастар жағы да түрлі ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. «Егемен-ақпарат» Өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Сенбі күні Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Кəрім Мəсімов өңірдің негізгі өндірістік нысандарының жұмысымен танысып, агроөнеркəсіп саласындағы өзекті жайттарды талқылады. Сондай-ақ, өңірдегі жастардың проблемаларына да назар аударды. БЭБИ БОКС Көкек аналарға жәшіктің керегі бар ма? ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕДИАТОРЛЫҒЫ АРҒЫ ТҮРКІЛЕР –– ОЛИМПИЯ ОТАНЫНДА

9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

  • Upload
    others

  • View
    26

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

№151 (28879)9 ТАМЫЗ

СЕЙСЕНБІ2016 ЖЫЛ

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 5-бетте)

25 ЖЫЛДЫҢ 25 СӘТІТəуелсіз Қазақстан тарихы

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасы берік болуы үшін э т н о с а р а л ы қ т а т у л ы қ т ы ң сақталуына, ел бірлігінің мықты бо луына басымдық беруі – ел басқа-рудағы көреген қадам екендігін қазір бүкіл əлем мойындады.

Бұл орайда, Елбасы бастама-сымен құрылған, ел тіршілігінің б е й б і т , т ы н ы с ы н ы ң е р к і н болуында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етіп отырған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассам-блеясы атқарып жатқан қызметтің де үлесі ерекше.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ МЕН «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ» БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

ƏЛЕМ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН

АШЫЛМАҒАН АРАЛДАР

4 75

Бəрекелді!

Қоржында – бір күміс, бір қола медаль

«Егемен Қазақстанның» арнаулы тілшісі

Бақтияр ТАЙЖАН Рио-де-Жанейродан

хабарлайды

Дзюдошыларымыз жеңеді деп келіп едік. Олимпиаданың алғашқы күнін алтын жүлдемен бастауға үміттің жетегінде кел-ген басқалар сияқты біздің де мүмкіндігіміз болған. Елдос Сметов – үст інен қылау түспеген су жаңа əлем чемпи-оны. Отгонцэцэг Галбадрах қызымыз өз салмағында əлемдегі үштікке кіреді. Сондықтан басы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы бо-лып барлығымыз дзюдодан өтетін жарысқа келдік.

Өзіміздің балуандар шыққанға дейін өзге елдердің үкілеп əкелген үміттерін тамашалап отырмыз. 60 кило салмақта француз бен бразилиялық балуандар сағыздай

тартысып жатыр. Рефери сыл-бырлау күрескені үшін алаң иесі Китадаға ескерту берген. Күрес аяқталуға 40 секунд қалғанда, Китада ышқынып келіп, қырқа шалды. Əлгінде ғана көңілі тоқ жүрген француз өкіріп жібере

жаздады-ау. Жаралы арыс тандай шабынғанымен, енді бəрі кеш еді. Ол енді ауылына қайтады. Төрт жылдық арман осы жерде адыра қалды.

Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарының құры лысына 57 млрд. теңге бөлінді, ол қаржыға бүгінде 96 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 51,2 млрд. теңгеге 77 мектеп, сондай-ақ, 6,7 млрд. теңгеге 19 балабақша құрылысы жүргізілуде.

Кеңес барысында Білім жəне ғылым вице-министрі Бибігүл Асы лова 1 тамыздағы жағдай бой ын ша жергілікті атқарушы орган дарға 26,9 млрд. теңге, я ғ н и ж ы л д ы қ ж о с п а р д ы ң 46%-ы ау дарылғанын мəлімдеді.

Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де 13 мектеп (Қызылорда облы сында – 2, ОҚО-да – 7, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан жəне Маңғыстау, Сол түстік Қазақстан облыстарын-да – 1 мектептен), сондай-ақ, 8 балабақша (Алматы облысында – 2, Қарағанды, Маңғыстау облыс-тарында, СҚО-да, ОҚО-да, Алма ты қаласында – 1 нысаннан) пайда-лануға берілгенін жеткізді.

Оған қоса, ол мердігерлердің сотқа жүгінуі, талқылауы, мерді-гердің құрылыс-мон таж жұмыстары кестесінен кейін қалуы, мемлекеттік сатып алулардың аяқталмаған

рəсімдері жəне келісімшартты кеш жасау қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері болып табылаты-нын айтты.

Өз кезегінде Премьер-Министр-дің орын басары Д.Назарбаева об-лыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдік теріне білім беру нысандарын пайдалану ға беру мерзімдерін кешіктірген мердігерлермен жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

« Қ а р ж ы л а й қ а р а ж а т т ы уақытылы игеру бойынша шаралар-ды қабылдау, сондай-ақ, бақылауды күшейту жəне тиісті ведомство та-рапынан нысандар құрылысының барысына мониторинг жүргізу тетігін жасау қажет», деп атап көрсетті Д.Назарбаева.

«Егемен-ақпарат»

Қаржы уақытылы игерілуі тиісПремьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева «Нұрлы

Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мəселелері жөнінде кеңес өткізіп, білім беру салаларының құрылысына бағытталған қаржылай қаражатты уақытылы игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Биыл Алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр. Ал келесі жылы Алашорда қозғалысының құрылғанына бір ғасыр толады. Осындай мерейлі межелер қарсаңында Əлихан жəне Алаш қозғалысына қатысты тың тарихи пікірлерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.Əлихан негізін қалаған Алаш қозғалысының, Алашорда үкіметінің саяси, əлеуметтік, экономикалық, мəдени-рухани, ағартушылық мұраты кеңестік биліктің мақсат-мүддесімен бір болмады. Кеңестік жүйе идеологиялық

тұрғыдағы қарсыласты қатыгездікпен болса да жоюға тырысты. Ақыры, қанды репрессия мен қуғын-сүргін, ұрпақ санасынан ел ардақтыларының есімдерін мақсатты түрде аластатуға əрекеттелген жоспарлы жұмыс жүргізілді.

Ќошкеніѕ Əлиханы Тарих толқынында

ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында «Алаш» қозғалы-сына деген қоғам түсінігі өз-гере бастады. Сол уақытта бір кезде Алашты қаралаған оқы-ғандар енді оны ұлықтай бас тады. Абайша айтқанда, «Адам ды за-ман билемек» те шығар. Немесе, Міржақыптың сөзімен сөйлегенде, « Б ұ л к ү н г і к ө п к ө с е м д е р , Сұраймын сонда қай да едің?» деу-ге де болады. Алайда, оның бəрін біз тағы лым алу үшін керек деп

білеміз. Осы орайда Əлиханның жəне оның замандастарының ұлт тарихындағы тиісті бағасын анықтағанда, тағы да Алаш дəуірі қайраткерлерінің пікірлерін темірқазықтай ұстануымыз керек деген ойдамыз.

Əлихан тұлғасына оның көзі тірісінде бағасын берген Алаш оқымыстысы Қошке Кемең гер-ұлының көзқарасына арнайы тоқталу керек деп санаймыз. Біз бүгінде Мағжанның ақындығы

дегенде əуелі Жүсіпбектің əйгілі зерттеуін сөз етеміз. Ахметтануда Мұхтар Əуезұлының «Ахаңның елу жылдық тойы» атты мақа-ласының орны бір бөлек деп санаймыз. Сол секілді, Əлихан Бөкейханның тарихи тұлғасын бағалағанда, алдымен, оның за-ман дастарының, соның ішінде Қошке Кемеңгерұлының да еңбек-терін қаперде ұстауымыз керек.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Атырауға сапары бары-сында бірнеше нысанды аралап, екі мəселеге баса назар аударды. Оның алғашқысы –мұнай-газ өнеркəсібі. Өйткені, бұл мұнайлы өңір экономикасының басым бағыты саналады. Олай дейтініміз, қазақ

мұнайының алғашқы тамшысы дəл осы өңірден алынған. Бұдан 116 жыл бұрын «Қарашүңгіл» атала-тын кен орнынан өндірілген «қара алтын» тасқыны əлі толастаған жоқ. «Теңіз», «Қашаған» секілді көмірсутекті шикізаттың мол қоры жөнінен əлемде теңдесі табыл-майтын кен орындары Атырау өңірінде ашылды. Айтқандай, Үкімет басшысы Каспий теңізінің

қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан мұнай өндіруге əзірліктің барысына көз жеткізу үшін тікұшақпен ұшып барды. Аталған кен орнының алғашқы мұнайы 2013 жылдың 11 қыркүйег інде өнд ір іле бастаған еді. Алайда, арада 13 күн өткен соң, яғни 24 қыркүйекте D аралынан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау

қондырғысына дейін тартылған құбырдың ақауы анықталды. Осыған байланысты «Қашағанда» мұнай өндіру зақымдалған учас-кеде жөндеу жұмыстары аяқтал-ғанға дейін тоқтатылды. Жөн-деу жұмыстарынан соң газ дың ағып кетуі тағы анықталып, мұнай өндірісін тоқтатуға шешім қа-былданды.

Атырауда алуан-алуан істер барОл Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің өңірге сапары барысында жан-жақты сараланды

(Соңы 6-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Грант иелерінің тізімі жарияланадыБиыл Ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсырған түлектерге берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мəселесін қараған республикалық комиссия өз жұмысының қорытындыларын шығарып, грант иелерін анықтады.Еліміздің барлық өңіріндегі тұрғындар асыға күтіп отырған осы білім беру гранттары иелерінің тізімдері газетіміздің келесі санында жарияланады.

P m . k z - т і ң х а б а р л а у ы н -ша, Үкімет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асы-рылу барысымен, мұнайды алғашқы қайта өңдеуден өткізетін қондырғының жұмысымен та-нысып, мазутты терең өңдеу бо-йынша бірегей кешендерді қарап шықты. Индустрияландыру кар-тасы аясында жүзеге асырылып жатқан ПМХЗ жаңғырту жобасы отандық мұнай өңдеу зауыттарын

қайта жөндеуден өткізу жөніндегі үкімет бағдарламасына енген. Жаңғыртудан өткен соң зауыт мұнай өңдеу тереңдігін 90%-дан асырып, жылына 7,5 млн. тон-на мұнайды қайта өңдеуге жəне Еуро-4 стандартына сəйкес өнім шығаруға қол жеткізуі тиіс.

Сондай-ақ, Премьер-Министр сапар аясында көмір өнеркəсібін дамыту жөнінде кеңес өткізді.

К ө м і р қ о р ы ж а ғ ы н а н Қазақстан əлемдегі көшбасшы

елдер ондығына енеді. Қазақстан аумағында 400-ден астам кен орны бар, көмірдің жалпы қоры 150 млрд. тонна деп бағаланған. Қазіргі көмір өндірісінің дең-гейімен шамалағанда, көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді екен.

Дегенмен, бұл салада да түрлі түйткілді мəселелер бар. К.Мə-сімов жұмыс тобын құрып, өзекті мəселелерді қысқа мерзімде ше-шуді тапсырды.

Үкімет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы мəселелеріне де көңіл бөліп, кеңес өткізді. Бұл рет-те, ол тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін

атап өтті. Соған орай, жағдайды түзеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Ұлттық эконо-мика министрлігіне жəне облыс əкімдігіне бірқатар тапсырма берілді.

Премьер-Министр жастармен де кездесті. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру-да жаңа бағытты енгізу, «Start-Up» арқылы жастар кəсіпкерлігін дамы ту жəне өз бетінше шетелдік ЖОО-ларда оқып жүрген жастарды жұмысқа орналастыру мəселелері жан-жақты талқыланды. Жастар жағы да түрлі ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

«Егемен-ақпарат»

Өңірдің өзекті мәселелері талқыландыСенбі күні Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған

Премьер-Министр Кəрім Мəсімов өңірдің негізгі өндірістік нысандарының жұмысымен танысып, агроөнеркəсіп саласындағы өзекті жайттарды талқылады. Сондай-ақ, өңірдегі жастардың проблемаларына да назар аударды.

БЭБИ БОКСКөкек аналарға жәшіктің

керегі бар ма?

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕДИАТОРЛЫҒЫ

АРҒЫ ТҮРКІЛЕР ––ОЛИМПИЯ ОТАНЫНДА

Page 2: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

www.egemen.kz2 9 тамыз 2016 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте)

– Данияр Қағазбекұлы, биыл сəуір айынан бастап коммерциялық емес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ құрылғанын жақсы білеміз. Содан бірнеше мемлекеттік кəсіпорын қайта құрылып, корпорацияның құрамына енді. Сол мекемелер мен олардың қызметтері жайында кеңінен айтып берсеңіз?

– Иə, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрт мекеменің негізінде құрылды. Олар – Халыққа қызмет көрсету орталығы, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, Жылжымайтын мүлік орталығы мен Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы. Бүгінде аталған мекеме-лерге барып, қағаз алмаған адам жоқ шығар. Бəріміз бір рет болса да, осы кəсіпорындардың көмегіне жүгіндік. Анықтама алдық, рұқсат қағазын шығардық. Бір қарағанда, жұмыстары аз сияқты. Алайда, олардың қызмет көрсету аясы кең

Мысалы, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында халыққа қызмет көрсету орталықтарында адамдар 18,5 милли-оннан астам рет сан алуан қызметтерді қолданған. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа күн сайын жүздеген адам келеді. Олардың ішінде, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, асыраушысынан айырылған адамдар жəне тағы басқа əлеуметтік жағынан қорғалған адамдар бар. Жылжымайтын мүлік орталығына да халық көптеп келеді. Бүгінде ол жердің материалдық-техникалық базасы жаңарып, техникалық паспорттарды сызу процесі толығымен автоматтандырылып отыр.

Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығының да орны бөлек. Əсіресе, қазіргі ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мəселесі аясын-да оның қызметі аса маңызды. Себебі, орталықтың өндірістік зертханалары

топырақтың құнарлылығын сақтау жəне жақсарту əдістерін, жалпы, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде орталық жер топырағын зерттеу, жер учаскелеріне мониторинг жасау мен паспорттау жұмыстарын жүргізеді. Орталық жұмысын əлі де жетілдіруге болады. Біз əрбір фермерге топырақтың құнарлылығы мен экожүйесін сақтай отырып, жер учаскесін тиімді пай-далану бойынша кеңес бере аламыз. Демек, аталған қызметтердің бəрі адамның күнделікті өмірін қамтиды. Бала туғанда анықтама аламыз. Одан кейін балабақша, мектеп пен институтқа барғанда тағы құжат жинаймыз. Некеге тұрамыз, жұмысқа орналасамыз. Оған да мемлекеттік қызметтің көмегі ке-рек. Былайша айтқанда, біз адамның туғанынан бастап бүкіл өмірін жүргізіп отырамыз. Сол себепті, мемлекеттік корпорацияның атауын «Азаматтарға арналған үкімет» деп қойды.

Қазақстан азаматы күнде біздің қызметімізге жүгінеді, ал біздің міндетіміз – сол қызметті сапалы түрде көрсетіп, адамның өмірін барын-ша жеңілдету. Мемлекет халықтың көмекшісі, кеңесшісі əрі жақын досы болуы тиіс. Осыған байланысты барлық мемлекеттік қызметтер ыңғайлы, түсінікті əрі жедел түрде көрсетілуі шарт. Осылайша, əрбір адаммен тікелей байла-ныста болудың арқасында статистиканы жүргізіп, əлеуметтік əрі маркетингтік са-уалнамаларды да өткізуге болады.

– Биыл алғашқы алты айда қазақ-стандықтар тек ХҚКО-ларда ғана 18,5 млн. рет сан алуан анықтама мен рұқсат қағаздарын алды деп отырсыз. Жалпы, төрт бірдей мекемені біріктіріп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін мемлекеттік

қ ы з м е т т е р д і ң с а н ы қ а н ш а ?– Қазірдің өзінде республика бо-

йынша мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бүгінде тізімге кіретін 739 қызметтің бəрін 530 қызметке біріктірген. Барлығы «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі. Дегенмен, ол қызметтердің саны əлі де көбейеді.

Жақында Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, «Аза-маттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге жа-татын мемлекеттік қызметтерді ірік-теу мəселесі қаралды. Отырыстың шешімі бойынша бізге тағы 53 жаңа қыз мет берілмек. Бұл дегеніміз, таяу уақыт та «Азаматтарға арналған үкімет» мемле кеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 583 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

– Шыны керек, мемлекеттің қызмет көрсету саласында халықпен тікелей байланыстың болғаны аса қажет. Əйтпесе, бұрын бір қағазды алу үшін «ағалап, көкелеп» жүретін едік. Осы орайда «Азаматтар үшін үкіметтің» халықты барынша қамтығаны қажет қой. Бүгінде сізде əрбір ауданмен, əрбір ауылмен байланыс бар ма?

– Корпорацияға фронт-офистердің ауқымды желісі кіреді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны да аз емес. Бүгінде республика бойынша 353 фронт-офистер жұмыс істейді. Əрбір офисте күн сайын мыңдаған азаматтарға қызмет көрсетіледі. Оған қоса, инспекторлар зейнетақы мен жəрдемақы тағайындау мəселелері бо-йынша барлық қызметтерді ұсынады. Қазір екі ведомствоның (халыққа қызмет көрсету орталығы мен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық – авт.) ақпараттық жүйелері арасында бай-ланыс орнатылып, барлық фронт-

офистерде тиісті бағдарлама енгізілді. Ол жерде жылжымайтын мүлік пен жер кадастры мəселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді де алуға бо-лады. Əрбір офисте кедергісіз қызмет көрсету, бірыңғай электрондық кезек енгізілген. Сондай-ақ, нақты уақыт режімінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылайтын орталық жұмыс істейді. Бөлімшелердің басым бөлігі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне ауысты. Ал шалғай елді мекен-дерде тұратын адамдарға мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін мобильді, яғни жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Олар соңғы жарты жылда, шамамен, жеті мың рет қызмет көрсеткен. Бүгінде мобильді ХҚКО-лар арқылы барлық 530 қызметті пайдалануға болады. Ондай топтар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы. Олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне келмей-ақ, тиісті қызметтерін ала алады.

– Шынын айту керек, біз электрон-ды қолтаңбаны пайдаланып, құжат алуға ерінеміз. Онымен уақытты екі есе үнемдеуге болады.

– И ə , б і р і н ш і д е н , у а қ ы т т ы үнемдейміз. Екіншіден, құжат беру рəсімдерін оңтайлан дыра мыз. Бұрын қандай да бір анық таманы алу үшін бір мекемеден екінші мекемеге шапқылаумен болдық. Оның үстіне ұзынсонар кезектерді тағы қосыңыз. Қазір мұның барлығы артта қалды.

– Сөз жоқ, сіздің жұмысыңыз үнемі бір нəрсені жетілдіріп, бір қызметті екіншіге қосып, оны ба-рынша оңтайландыруды қажет етеді. Болашақта қазіргі қызметтердің саны да азаятын шығар?

– Иə, корпорацияның басты міндеті

– мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, озық технологиялар мен шешімдерді пайдаланып, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде əкімшілік кедергілерді барынша азайту, «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына көшу. Корпорация маман-дары құжаттар топтамасын қысқартып, мемлекеттік қызмет көрсету уақытын барынша азайту мəселесін үнемі зер-делеп отырады. Осы орайда, жылжы-майтын мүлікті техникалық тексеру рəсімдерін жеңілдету, жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау бо йынша қызметтер мерзімін қысқарту сияқты бірнеше пилоттық жобаның іске асқанын ерекше атап өткен жөн.

Композиттік қызметтерді қалып-тастыру бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Онда екі немесе одан да көп қызметтерді бір өтінішпен алу мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, қазір бір өтінішпен бала туылған кездегі екі жəрдемақы – біржолғы жəрдемақы жəне бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне арналған əлеуметтік жəрдемақыны ала аламыз. Бұдан бөлек, жұмыссыз азамат ретінде тіркелу мен жұмыссыз қалған жағдайда əлеуметтік төлемдерді тағайындау процедурала-ры жеңілдетілді. Енді, екі қызметті бір мезгілде алуға болады.

Жақында көлік жүргізушілері үшін мамандандырылған ХҚКО-ларда бірқатар жобаларды іске қостық. Олар – жүргізуші куəлігін алу процедураларын жеңілдету жəне автодромдарда сынақты тапсыру. Автоəуесқойлар көлікке техникалық паспорт алу уақытын қысқарту бойынша біздің пилоттық жо-бамызды жоғары бағалады. Қазір оны алу үшін бір-ақ сағат кетеді.

Осылайша, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай провайдерін құру жұмысы атқарылып жатыр. Соның барлығы «Бес институттық реформалар-ды жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген.

– Төрт бірдей мекеменің басын қосу оңай емес шығар?

– Мен өзім техникалық мамандық бойынша білім алғанмын. Ал техникалық ойлау қабілеті бар адамдар кез келген проблемаға математикалық тұрғыдан қарайды. Мемлекеттік корпорация-ны құру кезінде «ХҚКО», «ЗТМО», «ЖМО» жəне «ЖерҒӨО» деген төрт түрлі кəсіпорынның басын қосып, бір-бірімен байланысы бар оңтайлы əрі тиімді модельді қалыптастыру міндеті қойылды. Əрқайсысының өзіндік салалық жұмыс ерекшеліктері, көпжылдық тарихы, жасыратын несі бар, осы уақытқа дейін жинақталған пробле-малары да болды. Мен математикалық тұрғыда дұрыс шешім табуға тырыстым. Бұл кəсіби тұрғыда да, жеке өзім үшін де үлкен сын болды.

– Осы тапсырма ойда ғыдай орын-далды деп ойлайсыз ба?

– Бүгінде ауқымды бір нəтижелер ту-ралы айтуға əлі ерте деп ойлаймын. Біз əлі трансформация кезеңінен өтіп жатыр-мыз. Дегенмен, мемлекеттік корпорация-ны құру бойынша Үкімет пен директор-лар кеңесі алдымызға қойған міндеттер сəтті шешілді деп білемін. Бұл жерде бəрін тоқтатып, қайта құру жұмысын жасауға болмайды. Себебі, халықтың мемлекеттік қызметтерге жүгінуі – үздіксіз жүретін процесс. Меніңше, біз жұмысты жаңаша ұйымдастыру кезеңінен сəтті өттік. Мемлекеттік қ ы з м е т к ө р с е т у с а л а с ы н д а ғ ы жұмыстың нашарлауына жол бермедік. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысы бір күнге де тоқтаған жоқ. Осы орайда, корпорацияның барлық қызметкерлеріне алғыс айтқым келіп отыр. 21,5 мың адам бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай жұмыс істеді. Сөйтіп, жаңа корпорацияның құрылуына өз үлестерін қосты.

– Осындай үлкен құрылымды құру кезінде біраз қиындықтарға тап болған шығарсыз? Жаңалықты əрбір адам əрқалай қабылдамай ма?

– Енді, қиындықсыз болмайды ғой. Əрине, қайта ұйымдастыру процесінің өзі қиын. Оған егжей-тегжейлі тоқталғым келмейді. Мен басқа бір нəрсені атап өткім келіп отыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын қалыптастыру барысында біз барлық мемлекеттік органдардың көмегі мен қолдауын сезініп отырдық. Əлбетте, Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева мен директорлар кеңесі үлкен жұмыс атқарды. Ал, ди-ректорлар кеңесінің мүшелеріне ке-лер болсақ, ол бірінші кезекте, біздің уəкілетті орган – ақпарат жəне комму-никациялар министрі Дəурен Абаев, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері, ұлттық экономика, қаржы, əділет, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, білім жəне ғылым, инвестициялар жəне даму министрліктерінің басшылары бар. Аталған мемлекеттік органдар бізбен тығыз жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта олардың қолдауы бізге əлі қажет болады. Себебі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының алдында əлі көп шаруа тұр.

Данияр ЕРЕНЧИНОВ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ басқарма төрағасы:

Халыққа жедел әрі сапалы қызметкөрсету – басты міндет

Биыл сəуір айында «Азаматтарға ар нал-ған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құры-лып, ол халыққа қызмет көрсету, зейнетақы төлеу, жылжымайтын мүлік жəне жер кадас-тры ғылыми-өндірістік орталықтары сияқты төрт бірдей ірі құрылымды біріктірген болатын. Содан бері де үш айдың жүзі болыпты. Жаңа ұйым халыққа қызмет көрсету ісін жетілдіру бағы тында не істеді? Қандай жаңалықтары бар? Мем ле кеттік корпорацияның басқарма төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВПЕН сұхбат осындай сан түрлі сауалдың төңірегінде өрбіді.

Жұмыс тобы жүргізген тал-дау көрсеткендей, газдың ағып кетуіне сульфидті қосындылар əсерінен құбырлардың шыты-науы себеп болған. Осыдан соң газ жəне мұнай құбырларын толығымен ауыстыру қажеттігі туындады.

Атыраулықтар тек мұнай мен газды өндірумен ғана шектелмейді. Жеті қат жер астынан мұнайшылардың ерен еңбегімен өндірілген табиғи байлық осындағы мұнай өңдеу зауытында өңделеді. Іске қосылғанына 70 жыл-дан асқан зауытта 2000 жыл-дан бері сатылы жаңғырту жұмыстары жүргіз ілуде. Мұнда Жапонияның «Маrubeni Corporation» компаниясының қатысуымен алғашқы қайта жаңғырту жобасы іске асы-рылды. Бұдан кейін жаңғырту жобасының екінші кезеңін іске асыру үшін 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» бен қытайлық «SІNOPEC Engіneerіng» компа-ниясы хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысын жүргізуге уағда жасады. Өткен жылы іске қосылған осы жобаның нəтижесінде енді жылына 133 мың тонна бен-зол жəне бір жылда 496 мың тонна параксилол шығаруға қол жеткізеді. Жақында ғана 300 тонна бензол Ресейге экспортқа шығарылды.

Зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаевтың айтуын-ша, қайта жаңғырту арқылы екінші ретті үрдістердің қуаттылығы мен мұнай өңдеу тереңдігін арттыруға қол жеткізіп, ашық түсті мұнай өнімдерінің шығарылуын арт-тыру, өнім санын көбейту, К-4 жəне К-5 экологиялық кластарына сай келетін мо-тор отындарының сапа-сын жақсарту, ішкі нарықта жоғары октанды жанар-май мен авиациялық отын тапшылығын жою жоспар-лануда . Сонымен б ірге , жаңғыртудың нəтижесінде шикізаттық мұнайды өңдеу қуаттылығы жылына 5,5 млн.

тоннаға дейін жететіні күтіліп отыр.

Премьер-Министр мұнай сервисі саласындағы өзекті мəселелерді талқылаған кеңес өткізді. Онда Энергетика м и н и с т р і Қ . Б о з ы м б а е в , Ұлыбританияның сауда жəне инвестициялар бойынша департаментінің директоры К.Кир, ТШО бас директоры Т.Этчисон, Сервистік ком-паниялар одағының бас ди-ректоры Н.Жұмағұлов, ҰКП Машина жасау жəне металл өңдеу комитеті төрағасының орынбасары П.Беклемишев ха-барлама жасады.

Қазақстанның мұнай сервисі нарығында 1000-нан астам ком-пания бар. Бұл компанияларда жалпы саны 160 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Мұнай сервисі үлесіне жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы са-тып алу көлемінің 40-50 пайы зы тиесілі болып отыр. Сол себеп-тен, қазақстандық қамтудың болашағы мен халықтың жұмыспен қамтылуы сервистік бизнестің дамуына байланысты екені де даусыз.

Ө т к е н ж ы л д ы ң қорытындылары бойын-ша жер қойнауын пайдалану саласындағы мұнай сервисі қызметінің жалпы шығындары 1,3 трлн. теңгеден асыпты. Дегенмен, Үкімет жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қазақстандық қамту үлесінің артуы мəселесін ерек-ше назарда ұстайды. Өйткені, 2015-2016 жылдар аралығында мұнай сервисі жобаларынан 2,5 мыңнан астам адам босап қалған. Енді бұл адамдарды жұмысқа орналастыру Үкімет үшін маңызды мəселе болып та-былатыны атап өтілді. «Теңіз» кен орнын, «Қашаған» жоба-сын кеңейту жəне «Қашағанда» жұмысты жандандыру тəрізді ірі жобаларды жүзеге асы-ру мердігерлік жұмыстар көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Премьер-Министр Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Т.Дүйсеноваға мұнай сервисі саласының жұмыстан

босап қалған жұмысшыларын жұмысқа орналастыру бойын-ша жұмыс тобын құруды тап-сырды. Энергетика министрі Қ.Бозымбаевқа қазақстандық мұнай сервисі компанияларын ірі мұнай-газ жобаларына тар-ту бойынша жұмыс топтарын құруды тапсырды.

Үкімет басшысы ерек-ше екпін түсірген екінші мəселені балық шаруашылығын дамытуға байланысты деу-ге болады. Бұл салада да Атырау экономикасын өрге сүйрейтін жаңашыл жобалар бар. Кəсіпкерлер де балық шаруашылығын өркендетуге ден қоя бастады. Мəселен, М ұ р а т Ə м і р ғ а л и е в т і ң жетекшілігіндегі «Амангелді» өндірістік кооперативінің Исатай, Құрманғазы, Жылыой аудандарында да өндірістік филиалдары бар. Маңғыстау өңірінде екі учаскесі жəне бар. Кооператив балық өнімдерін Еуроодақ елдеріне тікелей, яғни делдалсыз экспорттауға мүмкіндік беретін еуронөмір алыпты. Қазірдің өзінде бұл кооперативтің өнімдеріне Ресей, Грузия, Украина жəне Əзербайжан секілді ТМД елдерінен сұраныс арта түсіпті. Еуронөмір алғандардың қатарында «Абылай хан» серіктестігі де бар. Осы секілді ісі өрге домалаған балық шаруашылығының қатарында «Інжу-Маржан» серіктестігін де айтуға болады.

Алайда, өңірде осы саланы дамыту тұрғысында түйінді мəселелер де бар. Премьер-Министр Кəрім Мəсімов өткізген кеңесте өндірістік ко-оперативтер, балық шабағын өсіру зауытының басшылары саланы дамытуға қолбайлау боларлық мəселелерді көтерді. Мəселен, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Нысанбаевтың айтуын-ша, еліміздегі 3 млн. гектар-ды құрайтын су айдынын-да 70 түрлі балық бар екен. Соның ішінде, ауланатын балықтың 13 пайызы Атырау балықшыларының үлесіне тиеді. Экспортқа шығарылатын

өнімдердің 50 пайызын балық өнімдері құрайды. Қазіргі кез-де бағалы балық түрлерінің шабақтарын жасанды түрде өсірумен жəне оларды табиғи мекендеу ортасына жіберумен Атырау бекіре балығы зауыты, Орал-Атырау бекіре балығы зауыты, Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы, Қамшылыбас балық тəлімбағы, Петропавл балық тəлімбағы, Майбалық балық тəлімбағы, Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасы айналысады.

Ал «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы Санат Тілепбергенов Жайық жəне Қиғаш өзендерінің та-банын тереңдету бойын-ша тазарту жұмыстарының тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді. Осының себебінен б а л ы қ т а р д ы ң б а ғ а л ы тұқымдарының жойылып кету қатері төнуі мүмкін. Балық шаруашылығы саласында 61 жылдық еңбек өтілі бар Бостан Сүлейменов браконьерліктің əлі де тоқтамай отырғанына қынжылысын білдірді. Əсіресе, көршілес елдің браконьерлері жүрдек қайықпен, спутниктік байланыс құрылғысымен, тіпті, қарумен келіп Каспий теңізінің бағалы балығын аулайды. Оларға тосқауыл қоятын тиісті мекемені жүрдек қайықпен қамту қажеттігі туын-дайды. «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытының ди-ректоры Ғилман Сəрсемалиев өңірдегі шабақ өсіретін қос зауытты қайта жаңғыртудан өткізудің кешеуілдемегенін қолайлы көреді.

Премьер-Министр ба-лық шыларды толғандырған мəселелерді шешу жолдары қарастырылатынына тоқталды. Оның пікірінше, Үкіметтің алдағы отырысында дəл осы саланы дамытуға байланыс-ты мəселелер талқыланады. Сонымен бірге, Жайық, Қиғаш өзендерінің табанын тазалауға, көршілес елден келетін су мөлшеріне баса көңіл бөлінгелі отыр.

АТЫРАУ

Атырауда алуан-алуан істер бар

Əділ АХМЕТОВ,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Кезінде АҚШ-тың отыз тоғызыншы Президенті Джим-ми Картердің Ұлттық қауіпсіздік мəселелері жөніндегі кеңесшісі болған, сол сияқты, осы алпау-ыт мемлекеттің сыртқы сая са-тының сұңғыла сарапшысы əрі күні бүгінге дейін аттан түспей келе жатқан идеологы Збигнев Бзежинскийдің «Стратегиялық көзқарас: Америка жəне əлемдік биліктің дағдарысы» («Strategic Vision: America and the Crisis of Global Power») атты монография сы 2013 жылы жарыққа шыққан бойда, «New York Times» газеті оны ең таңдамалы туындылар санаты-на қосқан болатын. Сондай-ақ, белгілі сыншы əрі Пулитцер сыйлығының иегері Мичико Какутани аталмыш кітаптың ав-торы туралы: «Əлемнің грави-та циялық өзегінің Батыстан Шығысқа қарай ойыса бастаған дəл бүгінгідей шешуші сəтін, құра лайды көзге атқан мерген-дей, уəлі де өткір тілімен дөп басқан», – деп лебіз білдірсе, АҚШ-тың 2006-2011 жыл-дар аралығындағы қорғаныс министрі – Роберт Гейтс жаңа туындыға берген өз баға сын былайша түйіндепті: «Аса қажетті əрі дер кезінде соғыл-ған ұйқыашар қоңырау. Егер Америка қордаланып қал-ған ішкі дағдарыстарын сəтті ауыздықтай алмаса, оның халық аралық салдарының қайда апарып соқтыратыны тура лы тұшымды сараптама жа-тыр мұнда... Əдеттегідей, оқыр-манын бірден үйіріп əкететін Бзежинский ұсынып отырған бұл ойлы кітапты міндетті түрде оқу парыз».

Айтса айтқандай-ақ, өз туын-дысында З.Бзежинский бүгінгі таңда əлем мемлекеттерінің бір-бірімен тығыз байланысты жəне бір-біріне өте тəуелді екенін тілге тиек ете отырып, планета бетіндегі адамзат үшін, ең көкейкесті мəселе заманауи сын-қатерлерден қалай аман қалудың амалдарын іздестіру болып отырғанын көл денең

тартады. Сонымен қатар, З.Бзежинский, əдетте, ақпа рат құралдарының назарынан бір сəт те тыс қалмайтын халық-аралық жаңжалдар мен қарулы қақтығыстардың қазіргі кезде тасада қалып қоя беретініне де назар аударады.

Автордың пікірінше, қара бұлттай төніп келе жат қан экологиялық, климат тық, əлеу-меттік-экономика лық, азық-түліктік жəне демогра фиялық сын-қатерлердің алдын алуға немесе оларды болдырмауға бағытталған түбегейлі шара-ларды, əзірше, алпауыт мем-лекеттер қолға ала қойған жоқ. Олай болса, дəл қазір геосая-си тұрақтылыққа қол жеткізу де мүмкін емес. Ал геосаяси тұрақтылық болмаған жерде жаһандық ықпалдастық шара-лардың толық іске асуының да екіталай екені көкейге қоным ды түйінделген.

Сонымен қатар, автор жа-һан дық билік векторының өзгеруі мен саяси сілкіністердің күшеюі бүгінгі халықаралық жағдайдың өте жылдам шиеле ні суіне тікелей түрткі болып отырғанын жасыр-майды. Мы салы, Қытайдың ықпалы өс кен сайын ол мем-лекет пен Ресей, Индия не-месе Бра зилия тараптарының арасын да табиғи ресурстар мен қауіп сіздікке немесе экономи калық басымдықтарға бағытталған сайыстардың үдей түсетініне жəне мұның салдары болашақта орын алатын сын-қатерлер мен шиеленістерге ұрындыратынына да шек келтірмейді жəне мұндай іс-əрекеттер, өз кезегінде, Америка Құрама Штаттарын да өзге мем-лекеттермен ықпалдасуға не-месе тиімді геосаяси əріптестік орнатуға итермелейтінін көлденең тартады.

Жоғарыда аталған мəсе ле-лерді жан-жақты зерделей оты-рып, аталмыш туындысында З.Бзе жинский бүгінгі Америка мен жаһандық биліктің дағда-рысына қатысты төрт көкей-кесті сауалды көлденең тар-тады.

Біріншіден, автор жаһандық биліктің өзгеріске ұшырап,

Батыстан Шығысқа қарай ойы-суы ның себебін қалай түсінді-руге болады жəне бұл үдеріске қа лыптасып отырған жаңа əлем-дік болмыс пен адамзаттың оя-нып келе жатқан саяси бел сен-ділігінің қандай ықпалы бар?

Екіншіден, Американың бұрынғы тартымдылығы неге бəсеңдеп келеді жəне оның халық аралық аренадағы құлды-рауының басты белгілері қандай? Сонымен қатар, бейбіт-ші лікпен аяқталған қырғи-қабақ соғыстың нəтижесінде қол жет-кізген жаһандық мүмкіндік-терінен АҚШ қалайша айы-рылып қалды? Ендігі жерде Амери каны қайта серпілтетін күш қан дай болмақ? Сосын, АҚШ-қа бұрынғы əлемдік басым дығын қайта қалпына кел тіру үшін, ендігі жерде қан-дай гео саяси бағыт ұстану керек деген секілді көкейкесті мəселе-лерді де автор айналып өтпейді.

Үшіншіден, егер Америка құлдырап, өзінің жаһандық басымдығы мен билігінен мүл-де айырылып қалатын бол-са, мұның геосаяси салдары қандай болады жəне мұн-дай құлдыраудың тікелей құрбандары кімдер болмақ? Сосын, бұл сын-қатерлердің жиырма бірінші ғасырдағы жалпыпланеталық мəселелерге тигізетін ықпалы қандай бо-лады? Сондай-ақ, автор 2025 жылға қарай əлемдік аренадағы Америкаға тəн басымдық сипатқа Қытай ие бола ала ма де-ген риторикалық сұрақтардың жауабын да қоса іздейді.

Төртіншіден, 2025 жыл-дан əрмен қарай қайта түлеуге мүдделі Америка өз ін ің ұзақмерзімді геосаяси ныса-наларын қалай айқындауы керек жəне өзінің дəстүрлі еуропалық одақтастарымен қанаттаса отырып, бұрынғыдан да зор əрі қуатты Батысты қалыптастыру мақсатында АҚШ Ресей мен Түркияны ішке тартудың тиімді жолда-рын қалай үйлестіре алады? Сонымен қатар, Аме рика өзінің Шығыстағы қос мүд десінің арасындағы тепе-теңдікті бұ-зып алмай, бір қалыпты ұстау ға қалай қол жеткізе алады? Оның

біріншісі Қытаймен ықпал-дасуға бағыт талған мүдде бол-са, екіншісі Азия дағы Аме-риканың конструк тивті рөлінің тек Қытай мен ғана шектеліп қалмау ын жəне ең бастысы, Азия кеңіс тігіндегі қауіпті шиеленістер мен қақтығыстарға арандап қалмаудың амалдарын мұқият ойластыру болып та-былады.

Аталмыш сауалдардың жа уабын іздестіру бары-сында автор АҚШ-тың таяу болашақтағы рөлі əлі де болса салмақты болатыны-на сенімді екенін жасырмай-ды. Солай бола тұрғанмен, бүкілəлемдік геосаяси тарты-лыс осінің Батыстан Шығысқа қарай жылжитынын да жады-нан шығармайды. Сон дықтан да болар, жаңа Шығыс пен жаһандық байланыс орна татын жаңа Американың эконо-микалық тұрғыдан қуатты, əлеуметтік тұрғыдан тартым-ды, жауапкершілік тұрғысынан пəрменді, стратегиялық тұр-ғыдан сақ, халықаралық тұр-ғы дан абыройлы жəне тарихи тұрғыдан өнегелі болуын көк-сейді жəне олай болмаған жағ-дайда алпауыт елдің діттеген мақсатына жетуінің мүлде оңай болмайтынын да ашық айтады.

Алдына жоғарыдағыдай іргелі мақсаттар қойған Американың бүгінгі жай-күйі қандай деген көкейкесті сұрақ та туынды авторын мазалайтыны айқын көрініп тұр. Бұл мəселеге келгенде де З.Бзежинский өз ойын бүгіп қалмайды. Ащы шындықтың бетін айқара ашып тастайды. Мұның дəлелі соңғы сауалға берілген жауаптан анық байқалады. Мəселен, автордың пікірінше, Американың бүгінгі болмысы мен көңіл-күйі мəз емес. Өйткені, тарихи тұрғыдан к е л г е н д е , А м е р и к а н ы ң құлдыраудан қашып құтыла алмайтын нышанды сипатта-ры баршылық. Алайда, бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар демекші, ав-тор əлгіндей сипаттардың жаңалық емес екенін ескер-те келіп, пессимизмге бой алдырмауға жөн сілтейді.

Сұңғыланың пайымдары● Жұмыр Жер

Page 3: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

www.egemen.kz 39 тамыз 2016 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте)

Үйдің беріктігі іргетасынан

Осыдан 25 жыл бұрын егемен ел болып, дербес даму жолына түскен жас мемлекет бүгінде əлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналды. Оның орнықты саяси ахуалы мен қуатты экономикалық да-муын қоғамда орныққан қазақстандық бірегейлік пен бірліктің саяси-құқықтық, əлеуметтік-экономикалық, мəдени-рухани негіздері бекемдей түсті.

Биік мінберлерден «Халықтар достығының ла-бораториясы» деп желпінте айтылғанмен, құрамы қырық құрау елдің басын біріктіріп ұстау оңай ша-руа емес екені белгілі. «Тауларды аласартпай, да-ланы асқақтататын» бір тетіктің керек екендігін түсінген Президент өзін он ойлантып, мың толғантқан мəселе бойынша 1992 жылы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінің бас редакторларына берген сұхбатында: «Мен əрдайым сөзім мен ісімнің өзара үйлесіп жатуына ұмтылып келемін. Мен бұл бағытымды өзгерткен емеспін, осы бағытпен жүріп келемін жəне жүре де беремін. Бұл ең алдымен қазақ халқына жəне Қазақстанды мекен ететін барлық халықтарға қажет», деп ой бөліскен болатын. Содан 5 ай өткенде, ел Тəуелсіздігінің 1 жылдығына арналған салтанатты жиын – Қазақстан халқының форумында Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны құру идеясын жария етті.

Аса маңызды тарихи шешім ретінде шежіремізде алтын əріптермен жазылып қалған бұл форум жұмысында Мемлекет басшысы баяндама жасап, Қазақстанның ынтымақ жолымен жүруінің артық-шылықтарына егжей-тегжейлі тоқталған болатын.

Ешқандай күш шайқалта алмайтындай көрінетін Одақ ыдырап, Балтықтан Қиыр Шығысқа дейінгі аумақта, соның ішінде Қазақстанда да мидай арала-сып, тіршілік етіп жатқан түрлі ұлт өкілдері өздерінің тарихи атамекендеріне қарай жалтақтап, алаңдаулы күн кешіп жүргенде, бұл ой – дер кезінде айтылып, алабұртқан көңілдерге тоқтау салған сөздер еді. Бұл идея – озбыр саясаттың сойылына жығылып, бас сауғалап келген сан ұлттың жүрегінде үміт отын жақса, айдалып келген мың сан аш-жалаңаш адамның аман қалуына Алладан кейінгі себепші қазақ халқының бойындағы кеңдігі мен қайырымдылығын, тереңдігі мен тағаттылығын тағы бір биікке көтерген сөздер болды.

Осы сөздерден қуат алып, іле-шала, жер-жерде қызметі халықтар достығын сақтауға, қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттардың мəдениетін дамытуға бағытталған қоғамдық ұйымдар құрылып, жұмыс істей бастады. 1995 жылы 16 ақпанда еліміздегі ұлттық мəдени орталықтардың жетекшілерімен өткен кездесуде Н.Ə.Назарбаев елдегі ұлтаралық келісімді сақтау жəне оны одан əрі нығайту үшін республика-да жаңа қоғамдық институт құру қажеттігіне назар аударды. Ал 1995 жылдың 1 наурызында Мемлекет басшысы жанынан консультативтік-кеңесші орган мəртебесін бере отырып, Қазақстан халқы Ассамб-леясын құру туралы Президент Жарлығы шықты.

Сарапшылар мұндай институтты құру қажеттілігі көп этносты, көп конфессиялы мемлекетте заман талабынан туындағанын жəне жас, тəуелсіз мемле-кетте этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы үшін баға жеткісіз құрылым екендігін уақыттың өзі дəлелдегенін атап көрсетуде. Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Траян Христеа: «Ассамблея этносаралық тағаттылықтың бірегей моделі бола отырып, Қазақстанда тұратын этностық топтар арасындағы татулықтың, келісім мен достықтың берік іргетасы болып табылады» десе, Израильдің мемлекеттік қайраткері Меир Данино: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл бірегей институт... Сіздердің Президентіңіз Ассамблеяны құру туралы шешімінің көрегендігіне таңғаламын», деп сүйсінеді.

Елмен бірге есейіп, қатар өсіп келе жатқан бұл орган ширек ғасырға жуық уақытта азаматтық қоғам институттарын дамыту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағытында ұтымды ұсыныстар жа-сай отырып, стратегиялық мəнге ие бірқатар құжат тардың қабылдануына бастамашы болды. Мысалы, Ассамблеяның 1995 жылғы маусым-да өткен екінші сессиясында Қазақстан Респуб-ликасының демократиялық бағытын айқындаған жаңа Конституцияға негіз болған мəселелер көтеріліп, жалпыхалықтық референдум өткізу ұсынылды. Референдум нəтижесінде қабылданған Конституцияда нəсіліне, ұлтына, дініне жəне əлеуметтік тиесілігіне қарамастан барлық азаматтар құқықтарының теңдігіне кепілдік берілуі; этностық, тілдік, мəдени, діни əралуандылықты мойындау негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың азаматтық қағидаттары бекітілуі Ассамблея қызметінің тұғыры болып табылады.

ҚХА-ның 1997 жылы «Тарихи зерде, ұлттық келісім жəне демократиялық реформалар» де-ген тақырыппен өткен төртінші сессиясында сая-си қуғын-сүргін тарихын зерделеу, құрбандарды ақтау мəселелері көтерілді. Жарты ғасырдан астам булығып келген халықтық мұңның сыртқа шығып, əр ұлттың жоғалтқан жақсыларын жария түрде еске алуына мүмкіндік беру – кезі келген шара екендігімен де, тарихи қажеттілік болғанымен де құнды. Атап айтсақ, ол аға толқын бастан кешкен қиындықтарды кітаптан ғана білетін немесе ел болу, мемлекет құру жолындағы қиындықтардан хабарсыз ұрпақ қалыптаспауы үшін қажетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жо-баны 2010 жылдан бері жүргізуде.

Ассамблеяның ғасыр соңында өткен сессияла-рында Қазақстанның жаңа мыңжылдықтағы ұлттық саясатының тұжырымдамалық негіздері айқындалып, 2002 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық келісімді, қауіпсіздікті, азаматтық əлемді арқау ет-кен стратегиясы қабылданды. Ассамблея тарихын зерделеген адам оның ел тарихымен бірге өріліп, Отанымыздың қалыптасуы, дамуы мен өркендеуіндегі сенімді тірек күшке айналғанын байқай алады. 2007 жылы Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мəртебе мен еліміздің жоғары заң шығарушы органына тоғыз депутат сайлау құқығы беріліп, ҚХА-ның

қоғамдық-саяси рөлін арттыра түсті. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның қабылдануы бұл бағыттағы қызметтің нормативтік-құқықтық негіздерін айқындап, еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субъектісіне айналдырды.

Ұлт бірлігі – басты байлық

Елімізде бүгінгі кездің сын-қатерлерін еске-ре отырып, мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм құбылыстарына қарсы іс-қимыл жасауға, азаматтардың демократиялық негіздерге сүйенген саяси-құқықтық мəдениетін қалыптастыруға жəрдемдесу бағытында кең ауқымды іс-шаралар көптеп өткізілуде. Бұл жұмысты Ассамблея этномəдени бірлестіктердің күшін біріктіру арқылы іске асырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының этномəдени бірлестіктері – қоғамдық ахуалға əсер ете алатын ықпалды күш. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында құрылған 1338 бірлестік бар. Ел бірлігін бекемдеп, қазақ халқының мəдениетін, мемлекеттік тілді меңгеруге басым мəн беретін мұндай бірлестіктердің белсенді мүшелері 55 мыңға жуық. Тек қана былтырғы Ассамблея жылында 5 426 елді мекенде 8 906 022 адамның қатысуымен 30 мыңнан астам іс-шара өткізілсе, онда осы бірлестіктердің қосқан үлесі зор.

Іс-шаралар қамтыған мазмұн да, олардың өткізілу форматы да əртүрлі. Тек соңғы жылдары «Менің Қазақстаным!» пойызы» атты республикалық акция-

сы, «Тайқазан: ҚХА – 20 игі іс!» республикалық эстафетасы мен «Мейірімділіктен – бірлікке» атты əлеуметтік жобалардың республикалық конкур-сы, «Ұлт рухы» республикалық жобасы мен «Мың бала» қазақ тілін оқыту жобасы, басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

ҚХА өткізген іс-шаралардың танымдық, тəрбиелік мəні туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Солардың ішінде шетелдіктер тарапынан да жоғары баға мен қолдауды көрсететін тосын сыйларды айта кетуге болады. Олар этномəдени бірлестіктердің декоративтік-қолданбалы өнер көрмелерін көріп, этностардың тілдерін, мəдениетін сақтауы мен дамуы на өз үлестерін қосу ниетінде жасалған. Мысалы, Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келген Болгария Халықтық жиналысының төрағасы Цецка Цачевамен кез-десу барысында ол өздерінің ұлттық киімін Бейбітшілік жəне келісім сарайындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының көрме павильонына сыйлады. Чешенстан Республикасы үкіметінің мұрағаты қандастарына пана болған Қазақстанға ризашылығын білдіре отырып, қуғын-сүргін жылда-рына арналған құжаттар мен материалдар жинағын шығарып, тарту етті.

Этномəдени бірлестіктер 2015 жылы өткен сай-лауда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси платформасына белсенді түрде қолдау көрсетті. Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтық қолдау акциясы түрлі жиналыстар, кездесулер, митингтер, басқа да форматтарда өтіп, Ұлы Дала жеріндегі өркендеу мен даму үшін дауыс берді.

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – бұл жаһандық жəне ішкі сын-қатерлерге жауап жəне сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлтымыздың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі Ұлт Жоспары. Ресми құжатты іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясына зор міндеттер жүктелген. Атап айтқанда, «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын IV бөлімінде көзделген «Мəңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдау, «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең ауқымды жобасын, «Менің елім» ұлттық жобасын əзірлеу, Бес институттық

реформаны жүзеге асыру сияқты міндеттерді орын-дау үшін еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар өткізілуде.

Бабамның тілі – байрағымМемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдар бойы дəйекті түрде атқарып келе жатқан ауқымды істері баршылық. Мысалы, 2008 жылы Алматы қаласындағы «Достық үйі» жанынан «Лингва» тілдерді оқыту орталығы ашылып, 150-ден аса этнос өкілдері мемлекеттік тілді, ал 50-ден аса шеттен келген қандасымыз орыс тілін үйреніп шықты. Одан кейін, 2011 жылы Астана қаласында «Тілдарын» тілдерді оқыту технологияларының əдістемелік орталығы ашылып, ол орталық ықшамдылыққа, комбинаторлыққа, тіл кедергісінен жылдам өтуге негізделген қазақ тілін жеделдетіп оқытатын əдістеме жасап шығарды. Бұл «Тілдарын» əдістемесі танымал ресейлік лингвист, полиглот Дмитрий Петровтың авторлық əдістемесін негізге ала отырып дайындалған.

Бүгінгі таңда Орталық Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Тілдарын» əдістемесінің негізінде оқу құралы, жұмыс дəптері жəне əдістемелік нұсқаулықтан тұратын «Қазақ тілі. Тілдарын» оқу-əдістемелік құралдарының А1, А2, В1, В2 деңгейлерін жарыққа шығарды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында мемлекеттік органдардың жəне ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне, этномəдени бірлестіктердің өкілдеріне жəне жоғары оқу орындарының студенттеріне осы əдістеме бойын-ша қазақ тілі курстары жүргізіліп, аталған деңгейді 1 580 адам игерді.

Бұдан кейін этностық топтардың мектеп жа-сына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларына,

жастарына мемлекеттік тілді үйрету барысында қоғамның рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарды (мəдениет, салт-дəстүр, əдет-ғұрып) бойына сіңіруді, қазақстандық бірегейліктің азаматтық қағидаттарын қалыптастыруды көздейтін «Мың бала» республикалық мəдени-ағартушылық жобасы қолға алынды.

Ассамблея жылы аясында іске асыру жоспарланған «Мың бала» жобасы тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір мың балаға мемлекеттік тілді үйретуді мақсат еткен болатын. Жоба мəресіне жеткенде нəтижесі біз күткендегіден асып түсті. Жоба аясында Астана жəне Алматы қалалары, об-лыс əкімдіктері ұйымдастырған 10 мыңнан астам іс-шараларға 320 мыңға жуық балалар мен жастар тартылғаны белгілі болды. Қазақ тіліне үйретудің авторлық курстары бойынша 7 мың 863 іс-шара жүзеге асырылған. Тұтастай алғанда, «Мың бала» жобасы аясында 44 мың 497 бала мемлекеттік тілді еркін əрі сапалы меңгеруге қол жеткізген.

Тəуелсіздік жылдарында көңілі дархан, қолтығы кең қазақ даласын мекен еткен бір де бір ұлыстың өкілі өзінің туған тілін жоғалтқан жоқ. Саны ең аз са-налатын этнос өкілдеріне дейін тілі мен ділін сақтап, қал-қадерінше дамытуына барлық жағдай жасалып келеді. Тиісінше, мемлекеттің қасиетті қазақ жерінде өсіп-өнген кез келген ұлыс өкілінен қазақ тілін ба-рынша меңгеруін, мемлекеттік тілді құрметтеп, сый-лауын талап етуге құқығы бар.

Биыл көктемде өткізілген бір іс-шара ниеттің түзулігін, ынтаның бар екенін көрсетті. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясының баста-масымен «Мəңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант. Диктантты өткізуде «Мəңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсаты көзделді. Бір сүйсінерлігі, оған қатысуға тілек білдірушілердің ішінде өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тəуелсіз жағдайда тексеруді көздегендер көп болды.

Диктант 2016 жылғы 18 мамырда сағат 11:00-де

бір мезгілде өтіп, осы уақытқа дейін болмаған жаңа іс-шараны ұйымдастыруға еліміздің барлық облыстық, қалалық кітапханалары, жоғары оқу орындарының кітапханалары белсене атсалыс-ты. Қоғам қайраткерлері, мемлекеттік жəне азаматтық қызметкерлер, ұлттық компаниялардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, əскери қызметкерлер, студенттер мен мектеп оқушылары, зейнеткерлер, БАҚ өкілдері, небəрі 140 мыңнан астам қазақстандықты қамтыған ашық диктантта 45 мыңнан астам қатысушы «өте жақсы» деген баға алуы – мемлекеттік тілді үйренуге деген ниет пен ынтаның биік өлшемі бола алады.

Мемлекетімізде қолға алынып отырған тілдің үш тұғырлылығы байыппен жүргізілуі үшін Білім жəне ғылым министрлігі тарапынан тиісті шара-лар қабылдануда. «Мəңгілік Ел» құндылықтары негізінде патриоттық тəрбие беру міндеттеріне сай келетін «Сиқырлы қалам» оқу-əдістемелік кешені – солардың бірі. Ол мемлекеттік тілдің қолдану ая-сын кеңейту, көптілділікті енгізу ісін 5-7 жастағы балаларды мектепке дайындау кезеңінен бастауға арналған.

Тағы бір игілікті қадам – Білім жəне ғылым министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №469 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілінің ұлттық корпусының тұжырымдамасы». Ол «Мəңгілік Елдің» ұлттық идеясын қалыптастыру мен нығайту, оның лингвистикалық құрамдас бөлігі – Мəңгілік тілді жасау, əлемдік жаһандану мен жаңа техникалық қажеттілікке сəйкес оның мүмкіндіктерін оңтайландыру үшін қажет.

Бастама баршаға пайдалы болса...

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға өткен жылы өзгерістер енгізілді. Жалпы, Ассамблеяның құрылуының өзі əлемдік сая-си басқарудағы жаңалық болғандықтан, оған қатысты көптеген оқиға, құбылыс, іс-шаралар ту-ралы айтқанда «тұңғыш рет» деген сөз тіркесінің қолданылуы заңды да. 2015 жылғы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да тұңғыш рет «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық иде-ясы, сондай-ақ, Мемлекет басшысына оның іске асырылуы туралы жыл сайын есеп берілуі заңдық тұрғыдан бекітілді.

Ассамблея қолға алған тағы бір істі кезінде əл-Фараби бабамыз айтқан «қайырымды қала» идея-сын ілгерілету деп сипаттауға болатын шығар. Өткен жылы «Қайырымдылық туралы» ҚР Заңы қабылданып, Астанада қайырымдылық ұйымдары, меценаттар мен донорлардың басын қосқан тұңғыш съезде «Қайырымдылық керуені» акциясы бастау алды. Жақсылық пен мейірімділік жылында 7 мыңға жуық қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 4777 елді мекенде тұратын 3 миллионға жуық адамға 1,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, ҚХА-ның жанынан тұрақты түрде жұмыс істейтін, қазақстандық зиялы қауымның, ғылыми-сарапшылар қауымдастығының əлеуетін жұмылдырып, үйлестіретін Ғылыми-талдамалық кеңес, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, Журналистер клу-бы, Достық үйлері құрылған. Бұл құрылымдардың əрқайсысының өзіндік атқаратын рөлі зор.

Атап айтар болсақ, Достық үйлері Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар бірегей мəдениетін сақтап қалу мүмкіндіктеріне ие болуы керек» деген пікірінен соң ашыла бастады. Достық үйлері – Ассамблея қызметіне ғылыми-сараптамалық, ақпараттық, талдамалық қолдау көрсететін, қоғамдық келісім бағытындағы жұмыстарды үйлестіруші орталық. Қазіргі таңда еліміз бойынша жалпы саны 33 Достық үйі бар, оның біреуі Алматыдағы республикалық Достық үйі.

Журналистер клубы да Мемлекет басшысының тапсыруымен құрылған. Ол қоғамда Қазақстан халқының мəдени-рухани ортақтығын насихаттау-да, тағаттылықты нығайтуда, БАҚ-та этносаралық қатынастар туралы жазып-көрсетуде журналистік əдеп нормасының сақталуына ықпал ететін маңызды алаң. Сондай-ақ, Клуб мүшелері қазақстандық этностардың тарихы мен мəдениетін, рухани мұрасын, этномəдени бірлестіктердің қызметін тереңдете жазып, Қазақстанда туып, өсіп келе жатқан ұрпақтың тарихы отаны туралы білуіне, өз халқының басынан кешкен қиындықтарын білуіне, даму кезеңдерінен хабардар болып өсуіне жəрдемдеседі. Биыл тұңғыш рет аталып өткен Алғыс айту күнінде осындай танымдық материалдар мол болды.

Жалпы, Алғыс айту күнін белгілеу туралы шешім жəне оның биылғы жылы тұңғыш рет ата-лып өтілуін – елімізде болған елеулі оқиға дер едік. Бұл мерекенің қаншалықты қажеттілігін, маңызын Қазақстан халқы Ассамблеясының былтыр өткен ХХІІІ сессиясында сөйлегенде сөзінде Елбасы Н.Ə.Назарбаев тайға таңба басқандай етіп, жіліктеп, таратып айтып берді. Еліміздің елеулі тұлғалары, қарапайым халық өкілдері бұл бастаманы қуана құптады.

Сталиндік зорлықпен ұжымдастыру салдарынан 1,5 миллион қазақ аштықтан қырылғаны тарихтан белгілі. Əлемде бірде-бір ел, бірде-бір халық қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалда мұндай күйреушілікті бастан кешпеген шығар! Солай бола тұра қазақ халқы қатыгезденген жоқ, кері сінше, елге босып келген сталинизмнің бүкіл кінə сіз құрбандарына көмектесті. Біз – төңірегімізге барлық этностар мен конфессияларды біріктіріп, өз тəуел-сіздігімізге бейбіт жолмен қол жеткізген халықпыз.

Сондықтан да Алғыс айту күні көп ұлтты Қазақстан үшін маңызды қадам болып табылады. Бұл – жүріп өткен жылдарды, болған оқиғаларды еске алып, бастарына күн туғанда қамқоршы болған қазақ халқына, Қазақстанның өсіп-өнуіне еңбектерімен үлестерін қосқандары үшін 100-ден астам этнос өкілдеріне «рахмет» айту мүмкіндігі.

Бұл мерекенің халықтық сипатын мынадан да көруге болады: Алғыс айту күніне орайластырылып еліміз бойынша 3500-ге жуық елді мекенде 9900-ден астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылды жəне оған қатысушылардың саны 3 миллионнан астам болды.

Тату елдіңтұғыры биік

Қызметі басталғалы бері өткен жиырма жылда Ассамблея сессияларының ел өміріндегі тағдыршешті оқиғаларына белсене үн қосып, стратегиялық маңызы жоғары құжаттардың қабылдануына баста-машы болатыны дəстүрге айналды десе де болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген тақырыппен өтті. Сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Ə.Назарбаев сес-сия тақырыбының өзі түсіне білген жанға терең сыр аңғартатынына назар аударғаны жұртшылықтың есінде.

Бүгінде, Қазақстанның қуатты тетігі, қоғамдық келісімнің бірегей институты ретінде Ассамблея бар-ша əлемге үлгі болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты əлемнің ең белді халықаралық ұйымдары Ассамблеямен тығыз қарым-қатынаста. Өткен жылы əлемдік жəне өңірлік көшбасшы елдер – Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей тарапынан Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім моделіне жоғары баға беріліп, үйренуге, өз елдерінде енгізуге мүдделілік танытылды.

Атап айтсақ, Қытай Халық Республикасы Ұлттар істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Ван Чжэнвей, Қытайдың шетелдермен достық қоғамының төрағасы Ли Сяолинь қазақстандық тəжірибені зерделеуге жəне Ассамблеямен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, тиісті қадамдар жасалды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Д.Мезенцев Тəжікстанда өтетін ШЫҰ форумында қазақстандық модельге жеке секция жұмысын арнауды ұсынуы – оны конти-нентте таратуға мүдделілікті білдіреді. Қазақстандық тəжірибені Оңтүстік Кореяда енгізу үшін Сеулде Қазақстандық мəдениет пен ынтымақтастық орталығын құру жобасы талқыланды.

Қазақстандық модельді зерделеген Ресей Президенті Əкімшілігі басшысының орынбасары, РФ Президенті жанындағы этносаралық қатынастар жөніндегі кеңестің жауапты хатшысы М.Магомедов, Ұлттар істері жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы И.Баринов, РФ Мемлекеттік думасының Ұлттар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Г.Сафаралиев биік мінберлерде сөйлеген сөздерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық келісім мен экономикалық игілік моделін жасаудағы рөлін ерек-ше атап көрсетті.

Сондай-ақ, БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Майн Киаи, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турс, Румыния Парламентінің депутаты, Румыния демократиялық либералдық партиясының мүшесі Ионаш-Флорин Уркан жəне басқалар тарапынан қазақстандық мо-дельге жоғары бағалар берілді.

Өткен мерейтойлы жылда ғана шетелдерде Ассамблеяның 7 ауқымды іс-шарасы, Қазақстанда 10 халықаралық іс-шара, ҚХА Хатшылығында 11 халықаралық кездесу болып өтті. 24 елдің өкілдері бізден тəжірибе алуға сұранып, ҚХА іс-шараларына 39 халықаралық сарапшы қатысты.

Р е с е й х а л ы қ т а р ы А с с а м б л е я с ы м е н ынтымақтастық туралы келісім жасалды, Лондондағы қазақстандық бейбітшілік пен келісім орталығымен өзара түсіністік туралы меморандумға, Испанияның Бейбітшілік пен шиеленістер институ-тымен ниет хаттамасына қол қойылды. Мұндай мы-салдар қазіргідей əлемнің дегбірі қашып тұрған за-манда бейбітшіліктің, татулық пен келісімнің қадірін түсіну арта түсіп, планета халқының бейбіт өмірге мүдделі, оны сақтау жөніндегі шараларға мұқтаж екендігін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, халықтың соғыссыз, шекаралық шиеленіссіз, этносаралық дау-жанжал-сыз өмір сүруі – бұл бүгінгі таңда бүкіл əлем үшін өзекті мəселе болып отыр. Бұл мəселеде өзіндік жолмен жүріп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтап, нығайтудың бүкіл əлем үйреніп отырған моделін түзген Қазақстанның бірегей инсти-туты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі өлшеусіз. Заман талабымен қоғамдық-кеңесшілік нысанда құрылған ұйым, Тəуелсіздіктің 25 жы-лында барша саяси күштермен, бүкіл аймақтармен байланыс орната білді. Бүгінде Қазақстанның барлық ізгі қадамдарының бел ортасында жүрген Ассамблея елмен бірге өсіп, кемелденіп, толыққанды конституциялық органға, ұлт бірлігі идеологиясының басты тірегіне айналды.

25 жылдың 25 сəті

БІР ТАҒДЫР, БІР ТІЛЕК, БІР ХАЛЫҚ

Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері – қоғамдық ахуалға әсер ете алатын ықпалды күш. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында құрылған 1338 бірлестік бар. Ел бірлігін бекемдеп, қазақ халқының мәдениетін, мемлекеттік тілді меңгеруге басым мән беретін мұндай бірлестіктердің белсенді мүшелері 55 мыңға жуық.

Ералы ТОҒЖАНОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісіХатшылық меңгерушісі

Page 4: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

www.egemen.kz4 9 тамыз 2016 жыл

– Алматыда тұңғыш рет тас-танды балаларға жəшік ашыла-ды деген жаңалық халықтың төбесіне жай түсіргендей болғаны рас. Осы тұрғыда тастандылардың тағдырына кім араша түседі? Бақытты балалық шаққа балта шауып жатқан жоқпыз ба?

Бибігүл МАХМЕТОВА: – Аналар үйі қоғамдық қоры

2014 жылы бастау алған «Бэби бокс» қазақша атауы «өмір терезесі» деп аталған жобаға қатыс қан болатын. Тіпті, екі жəшік те сатылып алынып қойған. Алайда, Үкімет бұл жобаға əлі де дайын емес еді, 2016 жы лы кең көлемде резонанс тудыр ған бұл мəселе қоғамда кеңінен тал-қыланып сарапқа салынып, түр-лі сыни пікірлер тудырды. Қа-зіргі тастандылардың тағдырын мемлекеттік ұйымдар шешуді қолға алып жатыр, əрі қарай құқық қорғау органдары мен Ішкі істер қызметінің мамандары жəне бала асырап алушы мамандар жа-уапты деп есептелінеді.

Жұпаргүл БЕЙСЕНОВА: – Еркек ұрпақты тəрбиелесе,

əйел ұлтты тəрбиелейді... Осы бір қанатты сөз ойыма оралып отыр. Əлемдегі күннен кейінгі болмы-сы мейірімнен жаратылған асыл жандар – қыз-келіншектерімізге айтылған осындай сипаттағы бей-нелеуге лайықты қыздарымыздың азайып бара жатқаны жаныңды ауыртады.

Бірақ біздің «абайсызда ал-данып қалған» қыздарымыз сол «жəшіктерге» қаншалықты сана-лы тұрғыда барып, баласын сала-ды, қаншалықты психологиялық тұрғыда дайын деген күмəнді, күдікті қаншама ойлар келеді... Менің ойымша, бұл жəшіктер туралы, оны не үшін орнатып жатқаны туралы ақпараттар əлі де болса халық арасында жеткіліксіз, сонымен бірге, біздің мемлекетімізге бұл жағдайды дұрыс қабылдауы үшін біраз уақыт керек сияқты.

– Аналар үйі тастанды ба-лалар санын азайтуға қанша-лықты үлес қосып жатыр? Тас-танды балалар саны елімізде орта есеппен қанша, сіздерге жы лына қанша ана баласымен қабылданады?

Бибігүл МАХМЕТОВА: – Аналар үйі қоғамдық қоры-

ның арқасында 1-5 жасқа дейінгі бала лы болудан бас тартқан əйел-дердің 60 пайызының алдын алып отырмыз. Елімізде «Аналар үйі» жобасымен 24 кризистік орталық ашылған болатын. Жылына 65 əйел түседі, осы жылы 7 айлық баласымен 460 əйел орналасты-рылды. Үш жылда «Аналар үйі» қоғамдық қоры 1670 əйел мен балаға көмек қолын созды.

Жоба толығымен қазақ стан-дық кəсіпкерлердің тарапынан қаржыландырылуда. «Аналар үйі» өмірде түрлі қиындық көр-ген жүкті жəне нəрестелі бол ған

аналарға психологиялық, меди-ци налық материалдық тұрғыда бір жарым жасқа дейінгі баласы бар ата-аналарға көмектеседі əрі қарай қызметке тұрып қоғамда өзіндік орнын қалыптастыруға жағ дай жасайды. Аналар үйіне келген əйелдер түрлі курстардан өтеді, тігін тігу, тоқыма тоқу сияқты кəсіп түрін игеріп бола шақта ба-ласын асырау үшін жұмысқа орна-ласады. Психо ло гиялық тұрғыда аналарымыз өз-өзіне сенімді, əрі қарай қоғамның толыққанды жеке мүшесі ретінде өмір сүреді.

– Сіз тастанды сəбилерді құтқарудың қандай жолын ұсынар едіңіз? Бірлігі жарасқан бүтін отбасы болып қалу үшін жастарымызға қандай ақыл-кеңес айтасыз?

Бибігүл МАХМЕТОВА: – Кө біне баладан бас тарта-

тын жас өс пірімдер мен студент-тер. Оларға пе дагогикалық-пси-хологиялық кө мектер көрсетіп, ата-аналары мен мұғалімдерімен жиі кездесу ұйымдастырып, ақыл-кеңес үйретіп тұру керек. Жаңа оқу жылының басынан бастап біз осы мəселеге орта мек теп жəне ЖОО-ларға арнап насихат тау кеңестерін жүргізуді қолға ала мыз. Сонымен қатар, отбасын сақ тау орталықтарын дамытып жас буынға ерте жас-тан кəсіби ма мандар-психолог, заңгер, мұға лімдер тегін жиі кеңес өткізіп тұру керек.

Жұпаргүл БЕЙСЕНОВА: – Əрине, тым құрыса, жазық-

сыз нəрестелерді унитазға, күл-қоқыстың арасына, əжетханаға жəне т.б. тастап кеткеннен, сол «жəшіктерге» қалдырып кеткені дұрыс деп ойлайсың. Онсыз да рухани азғындаған жастарымыз, аналарымыз бен əкелеріміз мұны қалай қабылдайды? Бұл үлкен мəселе... Бірақ кез келген нəрсенің екі жағы бар демекші, мұның көкек аналарымыз бен соған қатысты жігіттеріміздің отбасы, бала алдындағы жауапкершіліктерінің төмендеуіне алып келетіні тағы бар. Біздің елімізде осындай жағдайлардың болуына ең бірінші қыздарымызды кінəлайды, ал көп жағдайда соған қатысты ең жау-апты тұлғаның бірі – жігіттеріміз тасада қалып қойып жатады.

Айман МҰҚЫШЕВА

Қуандық ТҮМЕНБАЙ,жазушы, Халықаралық Алаш жəне «Астана – Бəйтерек» сыйлықтарының лауреаты

Бəрі өзімізден. Ниетімізден. Көңіліміз кең жайлау, бірақ жеме-жемге келгенде тістесіп қаламыз. «Өзіміз алмасақ алмайық, басқалар ал-сын» деген ұстанымымыз бар. Əйтпесе, басқада бар нəрсе бізде де бар. Дəл Э.Хэмингуэйді қайталап оқып жатқан кезде «Егемендегі» Бақтыгүл Маханбетова қарын дасымды сұхбатқа тартқан «Тұңғыш əдеби агенттік» көзіме оттай басылды (29 шілде 2016 ж.). Ойы ұтқыр, ең бас-тысы, болашақта не істеу керектігін, бар мен жоқты бажайлап алға қоя білген.

Талант жағынан ешкімнен кенде емеспіз, тек алға тартқан арбаның белортадан асқанда тарта алмай шегіншектеп қалатынын қайтерсің. Бұл – біз үшін ұлттық «үрдіске» айналған заңдылық болды. Орта Азияда Əуезов пен Айтматов бар, бірақ біртұтас əдебиетте басқалар оза шауып, өзіндігін көрсетеді. Хэмингуэйді əбден ежіктеп оқыдық. Мəскеу Əдебиет институтының про-за семинарында бəрін де бүге-шігесіне дейін талдап, тəптіштедік. Əрине, əркімнің əлемдік проблемасы бар, бірақ көркемдігі жағынан алға тартып, оза шауып кеткен ешкімді көрмедік. Габриэль Маркес те, жапон Харуки Мураками де солай. Біздің М.Мағауин мен Ə.Кекілбайдың, С.Мұратбеков пен Д.Исабековтің айтар проб-лемасы да, шеберлігі де солардан бір де кем емес. Т.Əлімқұловтың «Ақбоз аты» бəрінен алға озып кетті, тек арбамыз жарты жолда шаң қауып қалғанына сырттай көз салып тұрмыз. Бұл жағына келгенде өзіміздің өзбектен көп нəрсе үйренсек болар еді, грузин мен армянның да ұлттық ауызбіршілікте талантқа көрсетер тағылымы зор.

Көтеріліп отырған мəселе өте орынды.

Ұлттық агенттік құрып, озық дүниелерді дер кезінде аударып, əлемдік деңгейге үлгі тұтып ұсынып отыру – уақыт талабы. Əдебиет оқылады, қазір нағыз əдеби дүниелердің оқылып, басқа əлемге қарай бет бұрар өліара кезеңі. Басқаға кетіп жатқан мүмкіндікті өзімізге жұмсасақ қой, шіркін. Тарта алмай тұрған терте төрт аяғын тең басып кетер еді. Басқаға кетіп жатқан демеушілікті қайран қазақ өзінің толғауы тоқсан қызыл тіліне жұмсаса, ұлт кемесі алға жылжып, əдебиеттің түйінді сөзі айтылар еді. Демеушілік – бүгінгі күнге тəн қамқорлық көрінісі. Ақшаны босқа шашпай, болашағымызға жұмсасақ дейміз ғой. Қазақстандағы «Bestseller KZ» əдеби агенттігінің негізін қалаушының мына сөзі көкейге қонып тұр: «Жалпы, ұлттың ұстын-болмысын көрсететін əдебиетімізді өзге түгіл өзімізге насихаттау жоқтың қасы жəне авторлар еңбегінің бағалануы өте төмен. Қаламақыдан күдерлерін үзген жазушылар жанайқайы өз алдына бөлек əңгіме. Қазақ қаламгерлері шығармаларының əлемге таныстырылуы жақсы болса, аударылған шұрайлы дүниелер қайда?».

Қайықтың толқыннан өтер кезі келді. Бəрі бірігіп, қайықты да, кемені де қол бұлғап қарсы алып, қошеметтеп шығарып салуымыз керек. Бұған біздің əдебиеттің қауқары жетеді.

Əдебиетті насихаттау – бүгінгі өзекті мəселе. Қазір бір үрдіс қалыптасты, көгілдір экранды ашып қалсаң, үш адамның басын қосқан əнші – ансамбль, оған құшырлана қол соққан тобыр. Өнер керек-ақ, оу, қарасөздің күні өтіп барады ғой. Кітапханаларға көп жұрт бас сұқпайды, біз өзімізде барды жан-тəнімізді салып, сақтап қалатын күн туды. Мына қайсар қыз осындай кезеңде, тіпті, айтулы туындыларды аударып, əлемдік деңгейде «ұстап қалуымыз» керектігін проблема ғып алға қойып отыр.

Баяғыда, КОКП XXIII съезінің мінбесінен сөз алған Михаил Шолоховқа қарап, Бас хат-шы Л.И.Брежневтің қарқылдап күліп, қол шапалақтағаны есімізде. «Мы пишем от всего сердца, но сердце принадлежит партии» деген қаламгер сөзінің ар жағында əлі де айтылмаған шындық тұрды. Сонымен бірге, «Переводчики – почтовые проводники просвещения» деген Чехов сөзі де ойға оралады. Өйткені, бұл күнде аударма – атқа жегілген жолсеріктер екендігі өмірдің де, əдебиеттің де ақиқаты. Жолды да, пырақты да біз оң пайдаланып, жол үстінде жөнімізді тапсақ қой, шіркін.

Қаламдас қарындасты құптаймын. Қазақ əдебиетінде, қазақ прозасында бүгінгі күн мəселесін қозғаған дүниелер аз емес. Қазақстан Жазушылар одағының проза кеңесі осы көкейкесті мəселе бойынша мəжіліс өткізіп, ел-жұрттың назарын аударуы керек. Тұңғыш əдеби агенттіктің өзіндік іс-жоспары жүзеге асып, үлкен-кіші, ел зиялылары құлақ түріп, халық қалаулылары да атсалысып, бас-көз болғаны жөн.

Жұрт алып жатқан Нобель бізге де жат емес. Тек ниетіміз оң болсын. «Егеменнің» бастама-сын құптаймыз. Шолохов күдіктене қарағандай, қазір жалғыз партияға бағынатын заман емес. Тəуелсіздік туын жай желбіретіп отырған жоқпыз. Бізде бəрі бар.

Əлеует те, əдебиет те бар. Əуезов пен Айтматов шыққан топырақтан бəрі шығады, тек арбаның төрт доңғалағы тең болсын.

● Жазылған жайдың жаңғырығы

НесібемізгеНобель бұйырмаған ба?

Марат АҚҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Б.Атамқұлов қол қою бары-сында атап өткеніндей, Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең көп халық тұратын өңірлердің бірі болып саналады. Сондықтан да, мұнда тұрғын үй мəселесі өткір күйінде тұр. Облыста тұтас-тай алғанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін-де 34 мың азамат тұр, ал Шым-кент қаласында үй алуға 20 мың-нан астам тұрғын тіркелген. Соған қарамастан облыс тұрғын үйді іске қосу бойынша алдың-ғы қатарда. Жақында Түркістан қал а сында жаңа шағын аудан бой көтермек. Сарыағашта көп қа-батты үйлер салуға жер телімдері бөлінген. Мақтаарал ауданында да үй салу мəселесі шешілуде. Он да негізінен халық тығыз орна лас-қан. Сонымен бірге, Ленгір жəне Шар дара қалаларында да баспа-наға қажеттілік артып тұр. Бадам ауы лында екі индустриялық аймақ салынуда. Өнеркəсіп орындарын мамандармен қамтамасыз ету

үшін тұрғын үй мəселесін де ше-шу ойластырылып отыр. Арыс қа-ласында үй салуға жаңа алаң дар бөлініп, Кентау мен Түлкі бас та инфрақұрылым құрылуда. Мем-лекет басшысы Шымкент қаласы-ның халқын бір миллион адамға жеткізу тапсырмасын қойғаны белгілі. Соған орай соңғы кезде Шым қалада құрылыс қарқыны өте жоғары.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ынтымақтастық қала жəне облыс басшылығы үшін тұр ғын үй қорын арттыру үрдісін же делдетуге мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асы-рады. Мəселен, 460 пəтерлік 11 тұрғын үй құрылысын салуды ұйғарған. Бұл баспана Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бо-йынша департаменті мен прокура-тура қызметкерлеріне қолжетімді бағамен ұсынылады. А.Жұмағұлов мұндай ынтымақтастық өте тиімді болатындығын атап өтті. Осындай

тетікті банк алдағы кезде еліміздің барлық өңірлеріне таратуды ниеттеніп отыр.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы алаңы 256,6 мың шаршы метр болатын 3 227 пəтерлік 126 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Өзіңіз білетіндей, үстіміздегі жылдың басында Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тиімділігін атап өтіп, несиелік баспана құрылысына қосымша 149 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Қаржы қазірдің өзінде өңірлерге бөлінуде. Біз өз салымшыларымыздың ара-сында салынған үйлерді сатып, əр екі жыл сайын қаржы айналы-мын қамтамасыз етеміз», – деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқармасы төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Оңтүстік Қазақстанда Ұлттық қордан жергілікті атқарушы органдардың желілері бойынша несиелік баспана құрылысына 4,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 558 пəтерлік 11 үй тұрғызылады. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 31,5 мың шаршы метрді құрайды. Банк салымшыларына 1 шаршы метр үшін 140 000 теңге бағамен са-тылады. Өз кезегінде «Бəйтерек девелопмент» АҚ желісімен 432 пəтерлік 6 үй тұрғызылады, олардың жалпы көлемі 25 мың шаршы метр ден астам бола-ды. Бұл тұрғын үйді əлеуетті қоныстанушылар 1 шаршы метр

үшін 180 мың теңге бағамен са-тып алады.

– 2016-2017 жылдары біздің алдымызда Қазақстан бойынша 691 мың шаршы метр баспана салу міндеті тұр, – деді меморандумға қол қойғаннан кейінгі өткен баспасөз мəслихатында «Бəйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Əділбек Ысқақ. – Жыл соңына дейін біз 207 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беруді жос пар лап қойдық. Оның ішінде 110 мың шаршы метрі Тұрғын үй құры-лыс жинақ банкінің салымшы-ларына арналған. Ал 97 мың шаршы метрі жалға беріледі. Ол жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сай кезекте тұрған-дарға бөлінеді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа салымшыларды тар-ту үшін биыл Түркістанда жəне Сарыағашта өзінің өкілдіктерін ашуды ұйғарып отыр. Соның арқасында аталған аудандардың тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ өздерінің тұрғылықты жерлерінде тікелей құжаттарын рəсімдей алады. Мұндай фи-лиал Жетісайда ашылып, өзінің тиімділігін көрсетті.

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан об-лысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 37 777 салым-шысы т іркелген . Олардың жинақтарының жалпы көлемі 19,2 млрд. теңгені құрайды. Банктің өңірдегі несиелік қоржыны 12,5 млрд. теңгеге жетті. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен баспана мəселесін шешуге тілек білдірушілердің саны Шымкентте өсе түсуде. Салымшыларды тар-туды белсендіру қаланың жаңа əкімшілік-тұрғын үй ауданы – «Шымкент сити» жобасын жүзеге асыруға қаржы институтын қатыстыру ықпал етеді. Аудан заманауи инфрақұрылымымен, тұруға қолайлы жағдаймен жəне бизнес жүргізуге байланыс ты ерек шеленбек. Сондай-ақ, қала салу мен сəулет өнерінің ең жоға-ры стандартына сəйкес келеді. Жоба 2020 жылға дейін Шым кент қа ласын дамытудың тұжырым да-масы шеңберінде іске асырылады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Бас-қарма төрағасы А.Жұмағұлов «Өз үйім» бағдарламасы аясында мұнда салынған тұрғын үйді сату-ды жоспарлап отырғанын хабар-лады. Сөйтіп, Шымкентте қала əкімдігі жəне Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ынтымақтастық ту-ралы тиісті меморандумға қол қойғаннан кейін жобаның бас-талуына жол ашылды. «Өз үйім» бағдарламасы банк салым-шыларының пəтерлерді алуына толық жағдай жасалуы мен тар-тымды болатындығы қуантады. Сонымен бірге, олар валюта ба-ғамына қарамастан төмен бағамен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаға банктің кез келген клиенті қатыса алады. Бірақ, бірінші кезекте баспананы иелігінде жылжымайтын мүлкі жоқ салымшылар сатып алуға құқылы.

«Өз үйім» – өлең төсегім!

Оңтүстік Қазақстан облысы мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаннан кейін таяудағы болашақта шымкенттіктердің жайлы баспаналарға ие болу мүмкіндігі туады. Бұл маңызды құжатқа облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қол қойды. Ынтымақтастық туралы меморандум «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Енді Оңтүстік Қазақстанда тұрғын үй мəселесін шешу бойын-ша қаржы институты мен жергілікті атқарушы органның жұмысы белсенді бола түседі.

● Толғандырар тақырып

Бэби боксКөкек аналарға жәшіктің керегі бар ма?

Шетелде тастанды сəбилерді тастайтын Бэби бокс деген жəшіктердің пайда болғанына біраз жылдың жүзі болды. Оны шіркеу қызметкері 1198 жылы Рим Папасы Иннокентий ІІІ ойлап тауыпты. Сол заманда қиындық көрген аналар омыраудағы нəрестелерін Тибр өзеніне ағызып жібереді екен. Судың ағысы жағалауға лақтырып тастаған өлі сəбилерді көрген Рим Папасы жаны ашып храмның қабырғасына осындай жəшіктер орнатқызған десе-ді. Баланы тастаған кез-де қоңыраудың сыңғырлаған үнінен шіркеу қызметкерлері келіп, сəбиді алып кететін болған. Кейін бұл тəжірибені көптеген мемлекеттер өз керегіне жаратып жатты.Енді елімізде осындай «Өмір терезесі» деп аталып кеткен жəшіктер қойылады екен деген сөз ел арасында желдей өсіп жүр. Осы тақырып жөнінде «Аналар үйінің» атқарушы директоры Бибігүл МАХМЕТОВА жəне Қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, психолог Жұпаргүл БЕЙСЕНОВА ханыммен сұхбат жүргізген едік.

Айтайын дегенім...

Ауырып ем іздегенше, ауыр-майтын жол ізде... Ауыра қалсаңыз тағы да дəрігердің көмегіне жүгі-несіз. Алайда, қазіргі қоғамда дəрігерлерге деген сенімсіздік, шағымданушылық, тіпті, істерін сотқа апаруға дейінгі жағдайлар көбірек орын алып жатыр. Бұған кім кінəлі? Дəрігердің салғырттығы ма, əлде ауру асқынғанда ем қабыл-даған жандар ма?

Медицина саласы жылдан-жылға қарқынды дамуда, қазір адамды өлім аузынан арашалап қалу да ақылды аппараттардың арқасында жеңілдеп отыр. Соған қарамастан, кез келген медициналық мекемеге бас сұқсаңыз, дəрігерге айтылар арыз-шағымнан көз ашпайсыз...

Дəрігер – адам жанының ара-шашысы. Талап та, жауап кершілік те жоғары болу қажет-ақ, алайда дəрігерлердің құқығы қайда?

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы жəне ден-саулық сақтау жүйесі туралы» кодексте дəрігердің құқығы тура-лы айтылғанмен, дəрігерді қорғау туралы арнайы бап жоқ. Осыдан келіп дəрігерлерге кінəні артушы-лар да көп. Дəрігерді қорғайтын заң қарастырылмағандықтан, кез келген шағымданушының арызы-мен сотқа сүйрей жөнелеміз. Егер ақ желеңді жандарды жазық ты

қыла берсек, бізде өз ісінің ма-мандары қалмайтын шығар. Меди циналық оқу орнын біті-ріп, жұмысқа орналасқан жас маман ның жəбір көріп, жапа шегіп жатқандары қаншама? Дəрігер күнделікті қабылдау қызметін атқаруымен қатар өз бөлімшесін аралауға, шақыртуларға баруы тиіс. Алайда, дəрігерлердің өмірін кім сақтандырады? Жақында Астанада болған оқиға соның бір дəлелі. Қоңырау шалып, шақыр-туға зəру болған азамат ауы-рып жатпағандығы белгілі бол-ды. Ол үйіне келген дəрігерге құқай көрсетіп тиісе бастайды. Абырой болғанда қыз қашып құтылады. Оның үстіне, дəл бүгінгі күні еліміздегі медицина қызметкерінің жалақысы адво-кат жалдауды көтермейтіні жа-сырын емес. Қазір дүние жүзінде медициналық білімі бар заң қызметкерлерін даярлау үрдісі бар. Олар түрлі жағдайда дəрігердің кінəсіз екенін анықтап бере алады. Ал бізде ондай мамандандырылған қорғаушылардың тапшылығынан дəрігер құқығы аяқ асты болып тапталып жатыр. Сон дықтан, елімізде медициналық білімі бар заң қызметкерлерін дайындауды қолға алу қажет.

Тағы бір мəселе – ауылдық жер лерге медициналық көмекті

жеткізу ісі. Елімізде шалғай жатқан, 20-30 үйлі ауылдар баршылық. Медициналық орталықтарды көлемі шағын ауылдарға орнату мүмкін емес. Жұрт ағылып қалаға, аудан орталығына қатынайды, меди циналық көмекке дер кезінде қол жеткізе алмай жатады. Осы орайда Үкімет жылжымалы меди-цина қызметін қолға алуда. Оған ел ішінде жүргізіліп келе жатқан «Денсаулық пойызы» дəлел. Жаңа технологиялық жабдықтар мен диагностикалық лаборатория-сы бар пойыздарда мамандарға барлық жағдай жасалған. Бұл заманға сай медицина қызметін ауыл тұрғындарына жеткізудің ең тиімді тəсілі. Осындай дер кезінде келетін көмектерді қолға алсақ, біріншіден, уақыт жоғалтпай ауру-ды емдеп, екіншіден, ауылдық жер-де скрингтік тексерулерді толықтай жүзеге асыра аламыз. Халықтың əл-ауқатын жақсартуды, денсаулық саласының алдыңғы қатарлы мем-лекеттермен тең дəрежеде болуын Елбасымыз жиі қадап айтып келе жатыр. Ендеше, білімді де білікті дəрігерлердің санын арттыруға атсалыссақ, дəрігер құқығының қорғалуына, жəбірленушіге айна-лып жапа шекпеуіне түрткі болсақ дегім келеді.

Айман МҰҚЫШЕВА

Дәрігерлердің құқы да ескерілсе...

Page 5: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

9 тамыз 2016 жыл www.egemen.kz 5

Таєы да террорлыќ əрекетКеше Пəкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында ауру-хана қақпасы алдында болған жары-лыстан кем дегенде 50 адам қаза тап-ты. Денесіне жарылғыш зат байлаған жанкешті өзін-өзі жарып жіберген.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жарылыстан тағы 30-ға жуық адам жараланған. Қайғылы оқиға атыс кезінде қаза тапқан танымал адвокат Вилал Касидің денесін ауруханаға жеткізген соң, іле-шала болған. Вилал Касиді сотқа бара жатқанда белгісіз біреу атып өлтірген. Ауруханада болған террорлық əрекетті қазірше қандайда бір ұйым мойнына ала қойған жоқ. Сонымен қатар, белгілі адвокатты кім атып өлтіргені де белгісіз. Балуджистан провинциясының билігі террорлық шабуылға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Нью-Йорк – əлемдегі еѕ ќымбат ќалаАмерикалық «Savills» агенттігінің қызметкерлері əлемнің ең қымбат қалаларының рейтингін жариялады. Көшті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы бастап тұр.

Екі жарым жыл бойы көшбасшылықты Лондон бастап келген еді. Қала өмір сүру үшін ең қымбат қала саналған. Қазір Лондон қаласы үшінші орынға сырғыды. Оның орнын Нью-Йорк басты. Бұл қалада өмір сүру жылына 114 мың долларды құрайды. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 2 пайызға артыпты. Екінші орынға Гонконг жайғасқан. Мұнда жылына бір адамға 100 мың доллар қажет екен. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Токио мен Париж қалалары кіріп отыр. Ресей астанасы – Мəскеу бұл жолы ең қымбат қалалардың ондығынан шығып, 15-орынға тұрақтады. Қымбат қалалардың рейтингін жасау барысында қалада тұру құны, кеңселерді жалдау жəне коммуналдық қызмет ақысы ескерілген.

Покемон ойынына тыйым салдыМалайзияның рухани билігі корольдік мұсылмандарына Pokemon Go ойынын ойнауға тый-ым салды. Мұны Исламдық даму басқармасының басшысы Тан Отман Мұстафа мəлімдеді.

Осындай шешімнің қабылдануына бірнеше себеп бар. Т.Мұстафаның сөзіне қарағанда, бұған бұрындары осы ойынға рұқсат берген бірқатар мұсылман мемлекеттерінің тəжірибесі негізгі себептердің бірі болды. Бұл ойынға əуестену балалар мен жасөспірімдерге кері əсерін тигізеді, тіпті қайғылы оқиғаларға соқтыруы ықтимал. Осыған дейін мұсылмандар ең көп тұратын Индонезия билігі оқушыларға Pokemon Go ойнауға тыйым салған еді. Бұл құбыжықтарды тауып, оны оқытуды көздейтін ойын. Əлемде аталған ойынға күніне 20 миллионнан астам пайдаланушы қатысады екен.

Жапонияныѕ жаѕа императоры кім болады?Кеше Жапония императоры Акихито тағынан бас тартатыны туралы бей-нежазбаны жария етті. Енді таққа оның ұлы ханзада Нарухито отыруы мүмкін.

Бұдан бірер ай бұрын NHK телеарнасы им-ператор Акихитоның тақтан бас тартатыны жөнінде хабарлаған болатын. Сол рас болып шықты. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, императордың жа-пон халқына арнайтын үндеуі 10 минутқа созылады. Ол тікелей хабар арқылы таратылады. Сондай-ақ, үндеу император сарайы басқармасының сайтында жапон жəне ағылшын тілдерінде жарияланады. Бұл императордың екінші үндеуі. Алғашқы үндеуін ол 2011 жылы Жапониядағы ірі жер сілкінісінен кейін жасаған. Ал бұл елде тақтан бас тартқан соңғы император Кокаку бо-латын. Ол тақты 1817 жылы өзінің ұлына тапсырған еді.

Кґтерілісшілер шебіне əуеден соќќы бердіСирия мемлекеттік ақпарат агенттігі елдің əскери-əуе күштері Алеппо маңында көтерілісшілер шебіне соққы бергенін хабарлады.

Сирияның ең ірі қалаларының бірі болған Алеппо қаласы үшін ұрыс бес жылдан бері

алма-кезек жүріп жатыр. Əскерилердің айтуынша, көтерілісшілерге берілген бұл соққы соғыстың алдағы беталысына ықпал етуі əбден мүмкін. Адам шығыны жөнінде қазірге нақты ақпарат жоқ. Алеппо қаласын қоршау 17 шілдеде басталды. Кейбір мəліметтер бойынша, бүгінде Алеппода 250 мыңға жуық бейбіт тұрғын тұрып жатыр. Жалпы, Сириядағы соғыстан 260 мыңдай адам қаза тауып, 1 миллионнан астам адам босып кеткен. Соғыс қимылдарының қашан бəсеңдейтінін белгілі сарапшылардың өзі дөп басып айта алмай отыр.

Елу адамды тірідей ґртеп жіберді«Ислам мемлекетінің» содырлары Иракта күрдтер басым қоныстанған Киркук провинциясына қарасты Хавидж қаласында 50-ден астам жас жігітті тірідей өртеп жіберген.

ТАСС-тың таратқан ақпаратына қарағанда, терроршылар бұл жас жігіттердің барлығын өз отбасы мүшелерін «Ислам мемлекетінің» бақылауындағы қаладан қашып шығуға үгіттеді деп айыптаған. Бұл – терроршылардың осы қалада бейбіт тұрғындарды жаппай өлтірген екінші əрекеті. Осының алдын-да – 6 тамыз күні содырлар арасында əйелдер мен балалар бар 85 қала тұрғынын құрбан еткен еді. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комис-сары басқармасының деректері бойынша, содырлар Хавидж қаласынан қашпақ болған 4 мыңға жуық адамды тұтқынға алған.

Интернет материалдары негізінде əзірленді

ШАРАЙНАƏлем жаѕалыќтары

Қысқа қайырып айтқанда: АҚШ президенттігіне кандидаттар – Хиллари Клинтонды сауал

салынғандардың 50 пайызы, Дональд Трампты 42 пайызы қолдай тын-дықтарын білдірген.

Қытай өзінің алғашқы ұлттық ұялы байланыс спутнигін ұшыр -ды. Ұшу Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан жү зе ге асырылды.

Македония астанасы – Скопьенің маңында қатты дауылдан кейін болған су тасқынынан 20-дан астам адам қаза тапты. Зардап шеккен-дер қатары жүзге жуықтады.

Кабулде АҚШ пен Австралияның екі ғалымын ұрлап кетті. Олар ел астанасындағы америкалық университетке келген екен.

Таоюань (Тайвань) халықаралық əуежайындағы қызметкерлердің салғырттығынан жабық контейнерлердегі бір мыңнан астам тотықұс қырылып қалды.

Бұл күнде Алаш қозғалысы тарихын сөз еткенде оның екі толқыны болғанын көрсетеміз. Алғашқы толқынды 1905 жылғы Қарқаралы петициясынан кейін өмірге кел-ген ұлт-азаттық қоз ғалыс өкілдері құрады. Оның құрамында, негізінен, Ресейдің іргелі оқу орындарында білім алған, орыс арасын-да жаңаша еуропалық тəрбие көрген Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхамет жан Тынышпайұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы, Жақып Ақпайұлы, Отыншы Əлжанұлы, Халел Дос мұхамедұлы сынды қазақ зиялылары болды. Аға буын Алаш қозғалысы өмірге Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін əкелді. Билікке больше-виктер келгеннен кейін Алаш көсемдері сая-си биліктен ығыстырылып, олардың орнын іні буын Алаш қозғалысының жастары бас-ты. Олар патшалық кезде қалыптаса бас тап, «Бірлік» пен «Жас азаматты» тудырды. Кейін «Жастарға жаңа жол» деп өздерінің бағдар-ламаларын белгіледі.

Екі толқын Алаш қозғалысын біріктіретін бас ты екі жағдай бар. Біріншіден, екі толқын да ұлт мүд десін бірінші орынға қойып, не істесе де, не жазса да ұлттық тұрғыдан бас тау-ға қарекеттенді. Екіншіден, екі толқын ның бəрі дерлік жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы кеңестік саяси қуғын-сүргіннің құр бандарына айналды. Осы орайда Əлихан аға буын Алаш қозғалысының көсемі болса, Қош ке – іні буынның жар қын өкілі деуге негіз бар.

Қошке Кемеңгерұлының ең бектерінде Əлихан Бөкейхан есімі көп жерде кездеседі. Олар ды сараптағанда біз мынадай ой түйе-міз. Əлиханның көзі тірі сінде оның қазақ тарихындағы əділ тұлғасын Қошке жоғары бағалаған. Қошкенің 1924 жылы Мəскеуден «Қазақ тарихынан» атты кітабы жарық көрді. Бұл зерттеуді ғалым Омбыда 1922 жыл дың аяғында жазып бітір ді. Жи нақ Нəзір Төре құлұлы басқа-ратын «Күншығыс» баспасынан шықты. Кітап бес бөлімнен тұрады. Оларда қазақ қоғамына қатысты мынадай тақырыптар бар: «Меңгеру жайы», «Рамат жайы», «Əскерлік жайы», «Дін жайы», «Оқу жайы», «Жер жайы», «Ру жайы», «Қарсы қоз ғалыстар», «Қазақ хан дарының мəдени мақ сұттары», «Мəденилеу орыс қан-дай үлгі берді?», «Мінез, құқық жайы», «Ауыл-шаруашылығының жайы», «Кəсіп шілдік жайы», «Ден саулық жайы».

Жалпы, осы күні Қошкенің «Қазақ та-рихынан» атты зерттеуі тарихшылар тара-пынан өзінің тиісті бағасын əлі алған жоқ деуге негіз бар. Кітапта аталатын тарихи тұлғаларға берілген баға (Əбілхайыр хан, Кенесары мен Наурызбай, Шоқан, Ыбырай, Абай, Əлихан, т.б. Алаш қайрат керлері), ХVІІІ, ХІХ жəне ХХ ғасырдың басында қазақ қоға мында болған саяси-əлеуметтік жағдай, патшалық Ресейдің отарлау саясатының себебі мен салдары сынды мəселелер біз үшін бүгін өте бағалы деп есептейміз. Мы салы, Қошке Кемеңгерұлы Ресей үкі-меті қазақ даласына қара шекпенділерді не мақсатпен қоныстандырғанын осы ең-бегінде бүкпесіз ашық айтып кеткен. «Соң-ғы кезде үкіметтің құша ғын ашып, келім-сектерге жəр дем көрсетіп, неше жылдай алым-шығынынан азат қылып, қазақ жеріне шегірткедей қапта туының мəнісі: 1) Ішкі Ресейдегі қарашекпендердің, байлардың жеріне ауыз сала бастауынан. 2) Мал баққан орыс байлары Сібірге келіп орныға бастаған соң, бұларға жұмыскер керек

болды. Байдың тілін далада қалдырмайтын үкіметтің, бай лардың жұмыскері дегенінен. 3) Шо қындыру мақсұтынан. 4) Ке лімсек пен қазақты жаулас тырып, саясатқа қаратпайық дегенінен. 5) Бəрінен де күшті пікір: қазақты жауынгерліктен бездіріп, айдауына жүретін, ұрғанына көнетін халық қылу мақсұтынан» (Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Алаш, 2005. 50 б.).

Қошке кітабында ХІХ ғасыр дың екінші жартысында қазақ ішінде ұлтшылдық негізін сал ған азаматтарды атағанда, алдымен, Шоқанды, одан кейін Ыбырай Алтынсаринді жə не жауынгерлік жолмен күре суге шақырған Сұлтанғазы Уəли хановты көрсетеді. «Осы үшеуі ұлтшылдықтың ұшқынын шашыра-тып, от берді. Ірге қалап, ту көтерді», – дейді Қошке. Бұлардың сеуіп кеткен ұлтшылдық ұш қынын екі ғасыр тоғысында жаңа буын қазақ оқығандары жандандырды деген ой білдіреді. 1888 жылы Омбыдан шыға бастаған «Дала уалаятының газетін» үкімет не мақсұтпен басқанын анық айтқан қаламгер оның бетінде қазақтан кімдер еңбектерін жа-риялағанына да тоқталады: «Мұн да қазақтың оқыған азамат та рының бірсыпырасы жазушы болса да, іске татыр маңызды сөздер, əлеумет мəселелері Əли хан Бөкейханов пен Жүсіп Кө пеевтің қаламынан-ақ шыққаны көрінеді. Əлиханның бұқараны жақтағандығы, төре-лерді шым шығандығы, Шоқанның кіта бын оқысын, не тыңнан өзі жол салсын – əйтеуір соқырға таяқ ұстатқандай көрініп тұр. Бас-қалардікі – негізі балдыр-бат пақтау, аз-дап əдебиет бөлімі де болған». Бұл пікір, біріншіден, Əлиханның қаламына берілген жоғары баға болса, екіншіден, сол уақытта қалыптаса бастаған қазақ тілді баспасөзге айтылған əділ сын екендігін мойындаймыз.

Осылайша, қазақ қоғамында орын алған са-яси, əлеуметтік, ағар тушылық бағыттағы түрлі елеулі оқиғаларға сипаттама бере келе Қошке Ресейдің Мем лекеттік Думасына сайланған қазақтар жайлы да айтады. Осы жерде де ғалым Əлиханның орнын басқалардан жоғары баға лағанын көреміз: «Науанның батасымен Қосшығұлдың депутат болғандығы – бұған дəлел. Білімімен жолды алған бір Əлихан болма-са, басқа оқыған азаматтар оқуының арқасында депутат болған жоқ. Нар шөккен аналығымен депутат болысты. Бұл нені көрсетеді? Ол кездегі қалың қазақтың выборлық болған жақсыларының думаны болыс сайлауында ұстағандықты көрсетеді». Яғни, Мемлекеттік Думаға сайлауды қазақтар болыс сайлауы деп түсінді деп сын айтады Қошке.

Қазақтың оқығандары 1905 жылға дейін түрлі саяси партияларда жүрсе де, өзі кірген партия арқылы қазақ халқын алға сүйреймін деп сенді. Осын дай қиын-қыстау заманда қазаққа, алдымен, саяси партия мен əлеуметтің саяси жолын сілтейтін бағдарлама қажет болғандығын көрсетеді Қошке. Үкімет өзі сайлаған Думаны өзінің ырқына көнетіндей етіп қайта жасақтағанын, бұратаналардың құқығы бұзылғандығын, жер мен дін мəселесі ушығып бара жатқандығын көрген қазақ оқығандары саяси күрестің бел сенді жолына түседі. Осы жолда басын бəйгеге тігіп, қазақ халқының саяси күресін Əлихан Бөкейхан бастағанын Қошке əділ жазады: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Əлихан. Əлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: əдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты

діни фанатизмге қарсы тəрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды».

Осылайша, ұлт көсемі Əлихан Бөкей ханның қазақ үшін қадірінің орнын анық байқап, Қошке Кемең герұлы 1922 жылдың өзінде-ақ оның тұлғасына əділетті тура бағаны берді. Осы баға Əлихан ақтал ғаннан кейін жекелеген əдебиеттанушы ғалымдардың еңбек терінде ғана айтылды. Шын дап қарағанда, Қошке сөзінің бізге берер тағылымы зор. Бұл көз-қарастың 1924 жылы Одақ кін дігі Мəскеуде жарияланған кітапта басылып шыққандығы – қызықты жайт. Біріншіден, осы секілді пікір көптің көңілінде болса да, дəл сол уақытта оны ашық жазуға ешкім құлықты болмады. Кеңес үкіметі орнаған қоғамда Алашорда үкіметінің төрағасы болған Əлиханның саяси тұлғасына қатысты оқы ғандар арасында біркелкі пікір бол-мады. Алаш қозғалысы боль шевиктердің жауы болғанын жаза бастаған жаңа үкіметтің шолақ белсенділері Əлиханның тарихи еңбегін елемек түгілі, оны ашық қаралауға кірісті. Əлихан өзі Мəскеуде үйқамақта болды. Тарихи-мемуар-лық көркем шы ғармаларда Əлихан тұлғасы жағымсыз образ ретінде сомдалды.

Қошке ұлт көсемінің ел алдын дағы еңбегін əділ бағалай келе, оның орындамаған бір маңызды ісін де атап көрсетеді: «Бірақ Əлиханның қазақ алдында өтемеген бо-рышы: білі мімен Еуропаның таңдамалы оқымыстыларына тең түсіп, құрдас бол-са да, қазақты салмақтаған, келешекке бағыт көрсеткен «пəнді еңбек» істемегені. Жүрегі бала, иманы таза, шыншыл, сенімшіл Əлиханға қара тұрмыстың кіріне былғанып, саясат сандалына түскенше пəн жолына түсіп, жоспар көрсету керек еді. Саясаттың бұлтақ, сұлтағы көп, ол алдауды керек қылады. Əлиханда бұл мінез жоқ». Біле-білсек, мұндай сипатта Əлиханға оның көзі тірісінде уəж айтқан жалғыз Қошке болды. Əлиханның білімі Еуропа оқымыстыларымен тең дəрежеде екен, дегенмен, ол өзінің халқына саяси күрестің бағыт-бағдарын сілтейтін пəн кітабын жазып қал дырмаған. «Расында Əлихан саяси іске езілген елі үшін амалсыздан кірді. Ұлтын өте сүйген жүрегі, біраз жылдар Əлиханның дума пікіріне қарсы жолдарға да түсірді. Басқа жұрттардың басшылары тырым-тырақай болып шет патшалықтарға шығып кеткенде, Əлиханның қоныс аудармай қалуы да – елін сүйгендікке дəлел», – дейді Қошке.

Алаш көсемінің мінезі, болмысы, білімпаздығы, саяси қайрат керлігі, ұлтын ри-ясыз сүйетіндігі жақсы көрсетілген Қошкенің сөзінен біз мынадай ой түйеміз. Қошкенің көзқарасында Əлихан Бөкейхан:

1. Ел үшін басын құрбан қылған азамат топтың басы;

2. Əдеби тілдің тууына себеп болған көсемсөзші;

3. Елді діни фанатизмге қарсы тəрбие-леген қайраткер;

4. Білімі Еуропаның таңдаулы оқымыс-тыларымен тең ғалым;

5. Жүрегі бала, иманы таза, шыншыл, сенімшіл, саясаттың бұлтақ, сұлтағына бар-майтын адал жан.

Қошкенің кітабы жарық көр ген «Күн шығыс» баспасының қызме тіне Əлиханның да тартыл-ғанын оның өмірбаянынан біле міз. Яғни, Əлихан баспадан шы ғатын еңбектерге сараптама жаса-ған болу керек. Қошкенің аталған еңбегінде Əлиханның ескерту жасаған тұстарының болғаны бұған дəлел. Ол ескертулер мəтін ішінде жақшаға

алынып берілген. Ескертулер соңынан Əлихан бірде «Қыр баласы» деп, енді бірде «Қ.Б.» деп қол қойған. Қошкенің еңбегінде қазақты мəде-ниет қоғамына сүйрейтін шарттарды көр сететін жер бар. Автор қазақтың саяси күреске түскен оқығандарының ха лық қа пайда əкелмейтін кесел мінездері қайдан шыққандығын кең таратып жаза-ды: «Бақкүндестік, бəсекешілдік, жаяу өсек шілдік, кек алғыштық жүрген жерде қара халықтың қамы қарастырыла ма? Əсіресе, терең жардың қабағында тұрған қазақ елі кең жазыққа шыға алар ма? Халық пайдасына деген жеңіл пландар (ау-рулары былай тұрсын) тұрмыс жүзінде іске асар ма? Жоқ, тіпті жоқ. Сондықтан, баққұмарлықты, кек алғыштықты, жаяу өсекшілдікті жоғалтатын саяси-əлеуметтік тəрбиені күшейтуді бірінші жолға қойып отырмын».

Қошкенің осы пікірінен кейін Əлихан мынадай ескерту жа зады: «Исаны есекке мініп Құдыстың алдына алып келгеніне екі мың жылға толып қалды. Сол Иса айтқан: «Жақыныңды сүй». Жақыны – адам ба-ласы. Исаның үмбеті – Еуропа жұртының мінезі қандай? Бұлар қылмаған жамандық бар ма? Иса туғанда мініп жүрген есек білім арқасында авто мобиль, аэропланға айырбас-талды. Мінез баяғы таз қалпында».

Жазушы Қалмұқан Исабаев 1974 жылы жарық көрген «Ө ткелде» атты тарихи ро-манында ХХ ғасыр басындағы Омбы дағы қазақ жастарының саяси өмірін суреттейді. Шығарма сюжетінде қалада жұмыс істейтін «Бірлік» ұйымының тіршілігі кең баяндала-ды. Ұйымның белді мүшелерінің бірі – Көшке есімді кейіпкер. Ол – Алаш партиясын жақтап сөйлейтін, Əлихан Бөкейханды көсем санай-тын ұлтшыл ретінде көрсетіледі. Көшкенің өмірдегі прототипі – Қошке Ке мең герұлы болғаны түсінікті жайт. Омбы ға аласапыран жылдары Əлиханның келгені, оны алашшыл жастар қолдағаны да тарихи шындық.

«Өткелде» романында Əлихан мен Қошке өмірінен дерек бере тін төмендегідей жолдар бар: «Жігіттер, деді Көшке, – Əлекең ертең осындағы қазақ балаларымен дидарласам ба дейді. Осы ған демократияшылдарды шақы-рамыз ба, жоқ па? – Керегі жоқ, – деді біреу. – Шақыру керек, – деді екінші біреу. Мүмкін Əлекең нің насихатын естігеннен кейін алып отырған жолдарынан таяр... Əлиханнан кейін Көшкенің өзі сөйлеп, Ленин мен большевик партиясын бей-берекет жамандап шықты да, «Бірлік» ұйымының бүгіннен бастап Алаш партиясымен өлсе бір шұңқырдан, шықса, бір төбеден табылатынын айтып ант берді».

Архив материалдарына қанық əрі Қош кенің жерлесі, баянауыл дық Қалмұқан Исабаевтың шын дыққа негізделіп жазылған романына се-нуге болады. Қош ке Əлихан бастаған Алаш қоз ғалы сының тілеулесі ғана болған жоқ, ол қайраткерлігімен, шығар ма шылығымен патшалық Ресей кезінде де, Кеңес өкіметі тұсында да ұлтшылдық бағы тынан айнымады.

Алаш қозғалысы дегенде, алдымен, оған негіз болған ХХ ғасыр басындағы қоғамдағы саяси-əлеу меттік оқиғаларды түсінеміз. Қоз-ғалысты бастаған көсемдерді көз алдымызға елестетеміз. Көсем дерді қолдаған зиялы-ларды, ел серкелерін атаймыз. Одан кейін Алаш қозғалысына қатысы бар азаматтардың тұтастай қуғын далғанын, олардың жетпіс жыл бойы ақталмағанын, əлі де болса ол тұлға ларға əділ тарихи бағасы берілмей жатқандығына кейиміз. Бірақ, бұл орайда мына мəселені анықтап алғанымыз орынды. Басқасын былай қойғанда, бүгін гі тəуелсіз Қазақстан жерінің аумағын, негізгі шекара-сын сол Алаш қайраткерлері белгілеп еді ғой. Сол үшін ғана оларды ұлықтап, істеп кеткен еңбектерін дəріп теуден, насихаттаудан жа-лық пауымыз керек.

Қайырбек КЕМЕҢГЕР, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

қазақ əдебиеті кафедрасының доценті

Тарих толқынында

Əлем жəне Қазақстан

Ќошкеніѕ Əлиханы(Соңы. Басы 1-бетте)

Бүгінде Қазақстанның əлем-дік қауымдастықтағы орны-на байланысты халықаралық сарапшылардың пікірлері көптеп жариялануда. Солардың ішінде халықаралық қатынастар бойын-ша исламабадтық маман Ирфан Шахзад пен бразилиялық сарап-шы Ариел Гонзалес Леваджидің жазғандары назар аударарлық.

Ариел Гонзалес Леваджидің пікірінше, Кеңес Одағы құлаған соң посткеңестік мемлекеттер əлемдік аренада барынша абы-ройлы орындарға ие болуға ұмтылды. Олардың ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен халықаралық қатынастарда мəр-тебесі артып келе жатқан Қазақ-станды айрықша атауға болады.

Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөлінің қазіргі таңда аймақтық деңгейде кеңі-нен мойындалуы – қазақ елінің жаһандық ойыншыға айналар мүм-кіндігінің зор екендігін көрсетеді. Аймақтық жəне жаһандық қаты-настарда лайықты орын алудың басты элементтерінің бірі – шие-леністерге медиаторлық жасау. «Бұл мақалада мен Қазақстанның медиаторлық бастамаларының та-бысы мен қиыншылықтары туралы сөз қозғамақпын. Басқа айтпағым, Қазақстан өзінің медиаторлық қызметін жетілдіре отырып, ай-мақ тық ойыншыдан жаһандық ойын шыға айналуға мықты негіз қалап алғандығы» деп жазады са-рапшы.

Қазақстанның сыртқы саясаты үшін басты шаралардың бірі – Орталық

Азиядағы, сондай-ақ, аймақтан тыс өңірдегі шие леністерге медиаторлық жасау болмақ. Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты «2014-2020 жылдарға арналған сыртқы сая-сат тұжырымдамасы» атты ресми құжатта бұл елдің аймақтық медиатор ретіндегі рөлін жетілдіруге қатысты бірқатар мақсаттар айқындалған. Атап айтар болсақ: аймақтық жəне жаһандық деңгейде бейбітшілікті одан əрі дамыту, елдің беделін арттыра отырып, жағымды жаһандық бейнесін қалыптастыру, экономикалық жəне сауда ынтымақтастығына негіз-делген аймақтық жəне халық аралық интеграцияға ден қою.

Қазақстанның географиялық орналасуы, аймақтағы мəртебесі, саяси жəне экономикалық тұрақ-тылығы, сонымен қатар, мем-лекеттің саяси белсенділігі қазақ еліне аймақтық медиатор болуға үлкен мүмкіндік береді. Алайда, осынау мүмкіндіктерді пайда-лана отырып, ұтымды медиатор болу үшін мынадай төрт талап қа сай болу қажет: оңтайлы уақытты таңдай білу, тараптарды бір арнаға тоғыстырар жеткілікті материалдық əрі бейматериалдық мүмкіндіктердің болуы, мақсатты дұрыс қоя білу. Бұл Ариел Гонзалес Леваджидің пікірлері. Ал пəкістандық маман Ирфан Шахзад төмендегідей ой-ларымен бөліскен.

Оның айтуынша, осыдан алты жыл бұрын Қазақ стан ЕҚЫҰ-ға (Еуропадағы қауіп сіздік жəне Ынтымақтастық ұйымы) төрағалық етті. Сенім, дəстүр, транспаренттілік жəне тө зімділік қағидаларын ұсына отырып, Қазақстан өзінің ұлттық стратегиялық таңдауын жасай білді.

ЕҚЫҰ тəжірибесінен кейін Президент жаңа сыртқы сая-си өлшемдерді кеңейте келе, Қазақстандағы Еуразия кеңістігінің қақ жүрегінде əрі бейтарап, əрі бейбітсүйгіш, əрі сенімді əріптес ретінде аймақтық медиаторға айналдыруды қолға алып отыр. Алайда, соған қарамастан, бұл қадам ұлттық стратегия мен мүм кіндіктер шеңберінен тыс шыға алмайды. Осы тұста ерекше атап өтетін жағдай, Қазақстанның медиаторлық саяса-ты стратегиялық тежеу мен саяси салқынқандылыққа ие. Дегенмен, аймақтағы жағдайдың кешенділігіне жəне өңірдегі ұлы державалар ықпалының жоға рылығына байла-нысты Қазақстан үшін аймақтық жəне жаһандық шиеленістерді реттеу ге белсенді атсалысу қазіргі күннің талабы болмақ. Сонымен қатар, пост кеңестік кеңістіктегі Ресей ықпалының одан сайын күшеюі аймақтағы жағдайға өзгеше сипат беруі де ықтимал. Қазақстанның көпвекторлық сыртқы саясатының бір тармағы болып табылатын қазақ медиаторлығын үш гео графиялық өлшемге бөлуге болады: посткеңестік кеңістік, Еуразия жəне аймақаралық.

Орталық Азияда Қазақстан екі негізгі аймақтық шиеленісте ұтымды рөл ойнайды. Біріншісі, бөген салу жобасы бойынша Өз-бекстан мен Тəжікстан арасындағы кикілжің. Тəжікстан өзінің оңтүс-тігінде орналасқан Вахш өзеніне «Санктуда-2» ГЭС бөгенін салу жос пары өңірдегі су бөлінісіне орасан зор нұқсан келтірмек. 2013 жылдың наурыз айында Қазақстан екі тарапты аталмыш мəселені талқылау үшін келіссөзге шақырды.

Екіншіден, Украина шиеленісі. Ресей мен Украина арасындағы дау-дамайда Қазақстан бейтараптық танытып келеді. Минск келісімі талаптарын қолдай отырып, өз кезегінде ашық сұхбат алаңын құру үшін белсенді жұмыс атқаруда. Осы тұста «Телефон диплома-тиясы» туралы айта кету керек. Президент Н.Назарбаевтың 2014 жылдың желтоқсанындағы Ресей мен Украинаға жасаған ресми са-пары барысында тараптарды келіс-сөздерге шақыра отырып, сұхбат алаңын құруға тырысты. Жағ-дай мүлде шиеленісіп кеткен соң да Қазақстан Украинамен тығыз қарым-қатынастарын жалғастырып, мəселені бейбіт түрде шешуге үндеумен болды.

Негізінен, 2013 жылдың ақпаны мен сəуірінде болған келіссөздер бірден ойдағыдай нəтиже берме-генімен, кейіннен 2015 жылы қол жеткізілген Иран ядролық бағдар-ламасы бойынша кең ауқымды келісімге Алматыда өткен алғашқы оты рыстар негіз болғанын бай қау қиын емес. Ирандықтар да, Р5+1 өкілдері де қазақ елінің медиа-торлық мүмкіндігін жоғары баға-лай отырып, Астанаға үлкен сенім білдірді. Бұл тұста сан тараптың қыспағына ұшырап отыр ған Иран-ның сеніміне ие болу қан шалықты қиын болғандығы айтпаса да түсінікті.

Қазақстан қазіргі таңда аймақ-тық жəне жаһандық деңгейде сыртқы күштердің тегеурінді ықпа-лының кесірінен ұзаққа созылып бара жатқан Украина мен Сирия шиеленістеріне де саяси делдалдық жасауға ынта білдіріп отыр. Сирия оппозициялық фракция лары 2015 жылдың алғашқы жартысын да Астанада кездесіп, өзара бірауы з-дылыққа қол жеткізген еді. Алай-да, өткен жылдың соңын ала Ресей əскери ұшақтарынан жауған бом-балар онсыз да қақтығыстар мен

қантөгістерден көз ашпаған Таяу Шығыстағы жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді.

Бірқатар сарапшылар қазақ-стан ның бітімгершілік бағытта мүм кіндіктерінің шектеулі бо-луы себепті, қазақстандық медиа-торлық аса тиімді емес деп пай-ымдайды. Алайда, бұл пайымға келісе алмайтындығымды білдір-гім келеді. Бітімгершілік пен медиаторлықтың арасында нақты айырмашылықтар бар. Екі ұғым бір-бірін толықтырғанымен, екеуі бір бүтіннің сыңары бола алмайды. Астананың медиаторлық бастама-лары мен ұсыныстарын қаржылай, материалдық жəне адам ресурс-тарымен қамтамасыз етілуге тиіс бітімгершілікпен араластырудың жөні жоқ», дейді Ирфан Шахзад.

Медиаторлық ірілі-ұсақты дау-лар мен шиеленістерді шешуде көмек болар қалыптасқан халықаралық тəжірибе болып табылады. Баку мен Ереванның, Мəскеу мен Анкараның арасындағы текетіреске медиатор болуда Қазақ станның мүмкіндіктері зор екеніне күмəнім жоқ. Еуразиялық сарапшылар (қатарында əзербай-жандық зерттеушілер де бар) рес-ми Баку Астана тарапынан болар медиаторлық бастамаларды құп көреді деп пайымдайды. Қазақстан басшылығы мұндай қадамға бара қалған жағдайда, Қазақ елінің Əзербайжан жəне Армения екеуімен де жақсы қарым-қатынаста бол-уы, сондай-ақ, тату көршілігі мен туыстығы тарихи сабақтасқан орыс-қазақ, қазақ-түрік қатынастары ЕҚЫҰ-ның Минск тобына неме-се өзге де бастамашыл топтарға қарағанда Астана медиаторлығы анағұрлым жемісті болмақ.

Сараптаманы дайындаған Ақбота ЖОЛДАСБЕКОВА,

саяси ғылымдар кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

профессоры

Халыќаралыќ ќатынастардаєы Ќазаќстан медиаторлыєы

Page 6: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

9 тамыз 2016 жылwww.egemen.kz6

ДЇБІРОралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан»,Табиғат АБАИЛДАЕВ,журналист

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз 1997 жылы 5 жасқа толған кезінен Тараздағы дзюдо күресімен ай-налыса бастайды. 1992 жылдың қыркүйек айында Т. Рысқұлов ауданы, Жалпақсаз ауылында туған еншісі ерен Елдос алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлдың қолына түскеннен бастап, дзю-доны жанына серік етіп келеді. Оның Алматыда өткен жарыс-тан алғаш рет олжалы оралуы отбасында кішігірім той болған екен. Бірінші орын алған оғлан қолындағы мақтау қағазын ұстап үйіне келеді. Баласының жеңісіне қуанған ата-анасы шаттықтан туыс тарын шақырып, көңілді оты-рыс та жасапты.

– Кішкентай кезімнен тек қана бірінші орын аламын деген үлкен мақсат қойғанмын. Бес жасымның өзінде қолыммен жерді тіреп жүре алатынмын. Жəне сол жасымның өзінде түрлі сальтоларды қиналмай жасап, шпагатқа еркін отыра-тынмын. Ағаларым Бақберген, Жандоспен жаттығу залына барған кезімде өзім білетін спорттық эле-менттерге қосымша, жаңаша бір дүниелер қосып өнерімді көрсетіп жатқанымда, жаттықтырушым Ахмет Жұмағұлдың: «Мына бала кім?» деп таңырқай қарағаны жа-дымнан өшпек емес. Сол залдағы дзюдо күресінің тəсілдері маған бірден ұнады. Көңіліме қонды. Жаттығып жүрдім. Уақыт өте келе отбасымнан кəсіпқой спортшы болып мен ғана қалдым, – дейді өткен шақты еске алып Елдос.

Елдостың жарқын жеңістерінің бірі – 2014 жылы Оңтүстік Корея-ның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарындағы алтын жүлдесі. Аталмыш додаға тыңғылықты дайындалған сайыпқыран Азия ойындарында атой салу үшін Челябинскіде өтетін əлем чем-пионатын «құрбандыққа» ша-лып жіберді. Төрт жылда бір өтетін құрлықтық додада қарсы-ластарының алды болуды мақсат

еткен Елдос үшін бұл сынның бəсі жоғары болатын.

Мұн ол ақтық сында моңғолдың мықты балуаны Болдбаатар Ган-батты сабасына түсіріп, чем-пиондық атаққа қол жеткізді. Осы лайша ол Азия ойындарында дзюдо күресінен алғаш рет чемпи-он атанған қазақ баласы ретінде тарихқа енді.

Азия ойындарында өзінің шын мықты екенін дəлелдей білген Елдос ты алда үлкен додалар күтіп тұрды. Гран-при жарыстарының кезекті кезеңдері мен Мастерс деп аталатын турнирлерді былай қой-ғанда, Сметов үшін ең маңыз ды дода Астанада өтетін əлем чемпио-наты еді.

Бұл жарыста да топ жарған ол тұңғыш рет дзюдо күресінен қазақ оғландары арасынан шыққан əлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Осылайша лицензияның түп-кілікті тағдырын Азия чемпиона-тында шешіп еді.

Жамбыл облысы

Біздің Галбадрах қызымыз да көңілімізге қаяу түсіре жаздады. Сілкініп кеудесін керіп шыққан жерлесіміз алғашқы кездесуінде-ақ жарыс жолынан шығып қалуға шақ қалған. Шидо алды, ол аздық еткендей, қарсыласына вазарий ұстатып жіберді. Бəріміз ыш қынып қалдық. Абырой бол-ғанда, ол есін тез жинап, негізгі уақыттың ұпайларын теңестіріп, алтын ұпайға күресуге мұрсат алды. Шабуылдап жүріп жеңді-ау əйтеуір.

Елдос ердің сойы екендігін қашан да дəлелдеп жүр. Бірақ Олимпиялық ойындар осы додада бұрын топ жарғандарға да, бір емес, бірнеше дүркін əлем чемпиондарына да: «Келіп қалыпсыз ұят болар, жол сіздікі», деп сызылып тұрмайды. Шын мықтысың ба, басқа жерде емес, осы татамиде дəлелде. Бірінші топта ресейлік Беслан Мудранов жолындағыны қидай сыпырып келді. Екінші топта біздің батыр мықты бол-ды. Өзбек жігіті Диарбек Оразбоев – өте тəсілқой балуа н. Елдос оңтайы келгенде Диарбекті тобықтан қағып, бір бүйіріне сұлатты. Қасымызда демін ішіне тартып отырған өзбек ағайындар басын ұстады, біз аспанға секірдік.

Ақтық айқасқа шығар бас палдақта Елдос əзербайжан балуа ны Орхан Сафа-ровпен белдесті. Орхан – ұзын бойлы, Елдосқа дейін қарсыластарын қоғадай жа-пырып келген. Олар бір-бірін ала алмай көп жүрді. Кездесу аяқталуға аз қалғанда, Елдос Орхонның екі қолын байлай ұстаған

қалпы шалқалай бере тобықтан қақты. Юко. Жалқы да болса иппонға бергісіз ал-тын ұпай. Орхан жеңістің қолынан сусып бара жатқанын жан дүниесімен сезініп алға қарай ұмтылды. Мұндайда «келсең кел» абырой бермейді. Елдос дұрыс тактика таңдады. Үш шидо алғанымен, батырымыз финалға өтті.

Финалда, алдын озып айтар болсақ, терезесі тең күрес болды. Қайта біздің жігіт алымдылау, белсенділеу болған. Қандай тамаша əдістері соңына дейін орындал-май жатты. Тартыс Беслан Мудрановтың мықтылығын тағы танытты. Белдесу алтын ұпайға кетті. Тау жігіті тобықтан оң дыр-май қақты. Елдостың ауыр сынып қалғанын байқап отырмыз. Шаршағаны да сезіліп тұр. Жоқ, сонда да қайтпай кеуделеп ішке енді. Шалып жықпаққа əрекеттенген. Беслан əуеде өз пайдасына аударып кетті. Тобықтан қағып, өз пайдасына юко жазды. Əлгінде ғана көз алдымызда, қол жетер жерде тұрғандай көрінген алтын жарқ етіп, алқалап отырған қарсыластың қолында кетті. Əттең, бұл алтын медаль ресейліктердің алмай жүрген алтын жүлдесі емес қой. Біздің қазаққа ауадай керек еді. Елдос қазақ спорт тарихының алтын парағын ашуға дайын бо-латын. Күші де жетіп тұрды. Негізгі уақытта бел сенді болғанын айттық, сол уақытта төреші құрғыр ресейлікке бір шидо беріп жібер генде, Қазақстанда қырық күн той-ын, қырық күн ойын өткізер ұлан-асыр той болар еді.

Галбадрах соңғы Гранд-слам бəсеке-лерінің бəрінде бас жүлде алды десе бо-лады. Екіден төмендеген кезі болған жоқ. Ширек финалда жапонның əлем чемпио-ны Ами Кондоны белден қапсыра ұстап бір емес, екі рет лақтырды. Кондо бірінде етпетімен түскенімен, екіншісінде бір жауырынымен жығылды. Вазари. Қазақ күресінің тілімен айтқанда, жартылай жеңіс. 50 секунд уақыт қалған. Мұндайда тəжірибелі балуандар шидо алмас үшін белсенділік көрсеткендей, қолға жабысып, оңды-солға сүйреп жүріп алады. Біздің қыз

Кондоның ыңғайына қарай күресіп кетті. Екеуі ұмар-жұмар құлаған. Галбадрах аяққа жармасып, тартып жатқандай еді, айыры-лып қалды. Жырынды əлем чемпионына осының өзі жеткілікті еді. Кеудесіне шығып жатып алды. 20 секунд ұстаса иппон, таза жеңіс. Жапон одан айырыла қоймас.

Галбадрах үшінші орын үшін күресте ешкімді бойына тең көрген жоқ. Жұбаныш бəсекесінің алғашқы белдесуінде мажар қызын, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегерінің екі қолын тас қылып байлап алды да, артқа қарай серпе көтеріп шалқалай лақтырды. Иппон. Қола медаль үшін тартыста

өзінің жерлесі, əлемдегі үздік Мунгхбат əкпесін жүлдесіз қалдырған, финалға өтер жерде сүрініп, өзін күтіп тұрған кубалық Маэстро Алвареспен татамиге шықты. Екі шидо алды. Жарыс осылай аяқталса, жеңіс қара маржанда. Біздің қыз ва-банкке кетті. Уақытты сағыздай созып жүрген Алваресті құрсаудай қысып, ыңғайына келтірді де, тобықтан қағып, топ еткізді. Вазари. Қыл-пылдап отырған біздің көңіл де тоғайып қалды. Ал қола медаль сəлден кейін қолымда боладыны ойлап үлгерген Алварестің көңіл күйін құдайым ешкімге бермесін. Алтын ме-даль аргентиналық Паула Паретоның олжасы

екен. Асылық айтпайық, біздің көңілі мізде Галбадрах одан мықты көрінді.

Жарыстан соң жеңімпаз бен жүлдегерлер баспасөз орта лы ғын да дүние жүзінен жиналған журналистердің алдында сұхбат берді. Галбадрах Кондомен кү ресте орны толмас қателік жібер генін, өзінің ұтып жатқанына малданып қалғанын айтты. Сырт көзге шынашақтай көрінетін осы шымкенттік қыздың бойында алапат күш бар. Құдай қош көрсе, бұл қыз Олимпиада «алтынын» алмай қоймайды. Қазақстан маған сеніп, құрамаға шақырды. Бапкеріміз екеуімізге барлық жағдайды жасады. Жарыс кезінде мені қолдаған жерлестерімізді, Қазақстан Туын көп көрдім. Сол үшін үлкен рахмет айтамын. Болашақта да қазақ елін жақсы жеңістеріммен қуанта беремін деп ойлаймын – деді қола жүлдегер.

Екі күнгі жарысты қорытын дылайтын болсақ, 237 шақы рым дық топтық жары-ста вело ша бандозымыз Андрей Зейц 142 спортшылардың арасында алғашқылардың бірі болып топ басына шыққан. Алайда, мəреге жақындағанда, күші жетпей қал-ды. «Барымды салдым, аянғаным жоқ. Шы нымды айтсам, Лондондағы Алек-сандр Вино куров секілді бас жүлде алу-ды армандағанымды да айтайын. Күшім соңына дейін жетпеді, бұйырғаны осы екен», деді. 100 метр қашықтықта суға жүзу шіміз Дмитрий Баландин сегізінші орынмен финалға өтті. Ал Зүлфия Чиншан-лоны алмастырған ауыр атлет Маргарита Елисееваның медаль алуға мүмкіндігі бар еді. Ол жұлқа көтеруде – 80, серпе кө теруде 106 кило нəтижесімен 5-орынға шықты. Бас бапкер Алексей Ни Маргаританың жат-тығуда жұлқа көтеруден 90 ки лоға дейін көтеріп жүргендігін айтқан. Осындай ірі додаға алғаш қатысқан қыз толқуын баса ал маған сыңайлы. Ал алғашқы күні шар-шы алаңға шыққан Берік Əбдірахманов аме рикалық жас пері Карлос Балдерасқа еш қандай қайрат көрсете алмады. Карлос жыл дамдығымен шалдырмай кетті. Бас бап кер Мырзағали Айтжанов та осыны айтады.

Екінші күні медаль алуға үміт тілер ішінен дзюдошы Жан сай Смағұлов пен ауыр атлет Арли Чонтей аталған. Алайда, алғашқы кездесуінде жырынды Яспер Лефевраны жолынан ысырған Жансай келесіде əлем чемпионы жапон Ан Ба Улуға қайрат көрсете алмады. Ал Арли Чонтей қоссайыс қоры тындысында төртінші орын-ды қанағат тұтты.

Еншісі ерен ЕлдосҚазақ жастары арасында дзюдодан тұңғыш əлем чем-пионы атанған Елдос Сметов Риодағы Олимпиаданың бірінші жарыс күнінде күміс медальға қол жеткізіп, Асхат Жіткеевтің 2008 жылғы Бейжіңдегі жетістігін қайталады. Ол финалда Беслан Мудрановпен белдесудің қосымша уақытында бір əдіске түсіп қалып, бас жүлдеге жете алмай қалды. Дегенмен, ел-жұрты Елдостың осы күміс медалінің өзін үлкен табысқа балап, қатты қуанып жатыр.

Ќоржында – бір кїміс, бір ќола медаль

Ирланд боксшысы допингпен ќолєа тїсті

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда Ирландияның орта салмақтағы Майкл О’Рейлли есімді боксшысы допингпен ұсталып қалды. Шамасы, ол енді Олимпиадаға қатыса алмайтын шығар.

Ирландияның аматор боксы федерациясы 23 жастағы Майкл О’Рейллидің Рио-де-Жанейрода алынған допинг тексерімінен өте алмай, Ойындарға қатысудан уақытша аластатылғанын мəлімдеді. Енді боксшы В сынамасының ашылуын күтіп отыр. Осыдан кейін оны ресми түрде Ойындардан аластату немесе дисквалификация жасау не кінəсіздігін атап көрсету шарасы жасалады. Егер тыйым салынған препараттар пайдаланғаны расталса, ол Олимпиададағы допингке байланысты аластатылған бірінші спортшы болғалы тұр.

О’Рейлли өзінің бірінші жекпе-жегін 12 тамызда өткізуі тиіс еді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Вьетнам тарихындаєы тўѕєыш алтын медаль

Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындардың бірінші күні Вьетнам спортшылары өздерінің тарихындағы бірінші олимпиялық алтын медальды жеңіп алды. Оған мерген Хоанг Сунь Винь қол жеткізді.

Вьетнам мылтық атушысы бұдан төрт жыл бұрын Лондонда сəтсіздікке ұшыраған спортшының бірі болды. Оның əуелгіде пневматикалық тапанша-мен атуда финалға шығуына бір ғана оғы жетпей қалды, сосын тапаншамен 50 метрлік нысананы көздеуде қола медаль алуға 0,1 балы кем болып шықты.

Ал Рио төрінде Хоанг Сунь Винь бірінші жарыс күні-ақ пневматикалық тапаншамен атуда алтын медаль жеңіп алып, Вьетнамға өзінің тарихындағы бірінші алтын медальды алып берді.

Кəсіпќой спортшы жарыстан шыєып ќалды

Кəсіпқойлардың бокстан орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, француз Хассан Н`Дам Н`Жикам (34-2, 20 КО) Олимпиада шыңын бағындыруға бастаған жорығын абыройсыз аяқтады. Кəсіпқойлар сапына өткесін 12 жылдан кейін берілген мүмкіндікті пайдалануға ұмтылған ол 1/16 финалда бразилиялық Мишел Борхестің тегеурініне қарсы тұра алмады.

32 жастағы бұл боксшы Олимпиялық ойындарда бағын сынап көрмек болған кəсіпқойлар арасындағы ең атақтысы көрінеді. Ол екінші, үшінші раундтар-да қатты қимылдады. Бірақ оның қарсыласы осы кезде соққыны бұдан да көп жасап үлгерді. Бұған жергілікті жанкүйерлердің Борхесті қатты қолдауы да əсер еткен сияқты.

Жүлделер жиынтығы(8 тамыздағы мəлімет бойынша)

№ Құрамалар Алтын Күміс Қола Барлығы 1 АҚШ 3 5 4 122 Қытай 3 2 3 83 Австралия 3 0 3 64 Италия 2 3 2 75 Корея 2 2 1 56 Венгрия 2 0 0 27 Ресей 1 2 2 58 Ұлыбритания 1 1 0 28 Швеция 1 1 0 210 Жапония 1 0 6 711 Таиланд 1 0 1 211 Тайпей 1 0 1 213 Аргентина 1 0 0 113 Бельгия 1 0 0 113 Косово 1 0 0 113 Нидерланд 1 0 0 113 Вьетнам 1 0 0 118 Канада 0 1 1 218 Қазақстан 0 1 1 220 Бразилия 0 1 0 120 Дания 0 1 0 120 Франция 0 1 0 120 Индонезия 0 1 0 120 Жаңа Зеландия 0 1 0 120 Филиппин 0 1 0 120 Оңтүстік Африка 0 1 0 128 Өзбекстан 0 0 2 229 Испания 0 0 1 129 Грекия 0 0 1 129 Польша 0 0 1 1

(Соңы. Басы 1-бетте)

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Бүгінгі кейіпкеріміз – Де низ! Түрік телесериалындағы Дениз есімді кейіпкер екен деп ойла-маңыз, жо-жоқ, ол емес. Рио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын отандасымыздың есімі – Жансель, тегі – Дениз. Түркияда бой түзеген қарындасымыз Мұс-тафа Өзтүрік елімізде негізін қалаған таэквондо спортын жа-нынан серік етіпті. Оның анасы да спортшы, дзюдодан спорт шебері атанған. Жансель 6 жасында ана-сымен бірге Түркияға көшкен. Анасы сол елде тұрады.

Жансельдің өзі спортпен дос-тығын волейболмен бастаған. Ал 2009 жылы таэквондо спорты-ның секциясына барыпты. Со-дан бері таэквондамен талмай жат тығып келеді. Бірнеше рет Түркияның чемпионы атанған. Еуропа мен өзге елдерде өткен халық аралық турнирлерде де қар-сыластарын қапы қалдырып, өз салмағында топ жарған. Оның қимылының ширақтығы мен жеңіске деген талпынысы білікті жаттықтырушылардың назары-на ілінген. Таэквондошы қыздың спорттағы жетістігіне көңіл аудар-ғандардың қатарында Бейжің Олим пиадасының қол жүлдегері Арман Шылманов та бар.

Шын мықтыны қапысыз та-нитын Олимпиада жүлдегері Жансельмен танысып, оған Қа-зақ станның намысын қорғауға ұсынысын білдіріпті. Таэквондошы қарындастың ұсыныстан бас тартпауына екі жайт себеп бол-са керек. Біріншіден, кіндік қаны тамған туған елге оралу мүмкіндігі, екіншіден, Олимпиада жүлдегерінің өзінен тəлім алу екінің бірінің маңдайына жазы-ла бермейтін бақ емес пе? Рас, анасымен де кеңесіпті. Сөйтіп, елге оралды. Оны елде Арман Шылмановтың өзі жаттықтыруды қолға алды.

Туған елдің, туған жердің қадірі алыста жүргенде сезі-леді ғой. Жансель де елдің ыс-тық ықыласын да, туған жер дің тынысыңды кеңейтер жұпар ауасын

да сағыныпты. Елге сағыныш же-телеп келген Жансельді Арман Шылмановтай Олимпиада жүл-дегері түлеп ұшқан Атырау жұрт-шылығы құшақ жая қарсы алды. Жұдырықтай жүрегі алып ұшып жеткен қарындастың тарықпауы үшін жаңадан бой көтерген шағын ауданнан бір бөлмелі пəтер берілді. Қолына бір миллион теңге ақшалай сыйақы ұстатылды.

Жансель елге оралғанда, Аты-рауды таңдапты. Неге? Мұның мəнісі мынада: еліміз тəуелсіздік алған тұста, таэквондоның хас шебері Мұстафа Өзтүрік ал ғаш рет өз мектебін дəл осы Аты рауда ашқан еді. Содан бері бұл өңірдегі таэк-вондо мектебінен Қазақстанның көк байрағын талай мəрте биікке көтерген тарлан таэквондошылар түлеп ұш ты. Олардың қатарында Бей жің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов, Бейжің Олимпиадасының қаты-сушысы Лия Нұркина, Лондон Олимпиадасында атойлаған Гүл-нафис Айтмұхамбетова бар. Мі-не, əлемдік додалардан ұдайы жеңіспен оралған осындай таэк-вондошылардың жолын жалғаған Жансельдің де бағы жанды.

Алдымен Манилада өткен ли цензиялық турнирдегі жекпе-жекте оған қайрат көрсетер қар-сылас шыдамады. Бабы да келісіп, бағы да жанған Жансель сол тур-нирде еліміздің көк байрағын желбіретіп, Əнұранын шырқатып ғана қоймай, Олимпиада ойын-дары ның жолдамасын ұтып ал-ды. Бұдан соң Кореяда өткен оқу-жаттығу жиынына аттанды. Біреше халықаралық турнирлер-де көк байрақты көкте желбіретті.

– Енді Жансельдің Олимпиадада Қазақстанның қоржынына жүлде саларына бек сенімдіміз. Ол бұл додаға тыңғылықты даярланды. Оған барша отандасымыз үміт ар-тып отыр. Ол ел үмітін ақтайды, – деді жақында газет тілшісіне Бейжің Олимпиадасының қола жүл дегері, белгілі таэквондошы Арман Шылманов.

Жігері мықты Жансельдің бағы жанғай!

АТЫРАУ

Дениз

Page 7: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

9 тамыз 2016 жыл www.egemen.kz 7Егер сіз «Егемен

Қазақстан» газетіне жарнама

бергіңіз келсе, мына

телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49.

Электронды пошта:

[email protected]Алматы 273-74-39,

ф. 341-08-11. Электронды

пошта: [email protected]

Жетісудың төл дақылы – қант қызылшасын өсіру қайта жандан-ды. Себебі, шикізатты өткізіп, еңбек өтеуін алатын зауыт іске қосылды. Жергілікті жастар осы мүмкіндікті қалт жібермей гек-тарлап жер алып, алқаптарын жайқалта тəтті түбір өсіруде.Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Сол жастардың бірегейі, ең бастысы өзіндік ойы бар, көз-деген мақсатына жету үшін үзеңгілестерін соңынан ерте білетін Аслан Көбентаев Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі лауа-зымын атқаруда. Қызметім бар екен деп кеңседе отыра беру оған жат. Аптап ыстыққа қарамай тəтті түбір егілген алқап басында кездесіп тілдескенімізде: «Қант

өндіретін зауытты шикізатпен қамтамасыз ету идеясы жетісулық жастар арасында туып, қызу талқыға түскенде бос сөзден нақты іске көшу керектігін көкейіме түйдім. Сөйтіп Сарқан ауылының іргесінде бос жатқан

жер ойыма түсті. Топырағы май-лы, бір қапталынан тоған суы ағып өтіп жатыр. Күре жол да тиіп тұр. Ұсынысымды Сарқан ауданының əкімі Ерғазы Қошанбеков бірден қолдады. Сонымен, 4,5 гектар жерді иеленіп, «Қазына» шаруа

қожалығының көмегімен тың алқапты жыртып, тырмалап, қант қызылшасының «жаркенттік» деп аталатын сұрпын сеуіп алғашқы жұмыстың басын қайырдық», деді ол.

Жалпы, айтар ауызға оңай бол ғанымен, тəтті түбір өсіру табандылықты, қол еңбегін өте көп қажет ететін жұмыс. Себебі, қант қызылшасының тұқымын 3,5 гектар жерге еккенімен иге-ре алмай тастап кеткен шаруа қожалығының алқабын осы жастар заңнама талабына сай ресімдеп те алыпты. Біз келген күні тағы 7 гектар жерді иге-рулеріне ұсыныс түскенін естідік. Бос қалған алқапқа да қант қызыл шасының тұқымы себілген екен. Бұл Аслан Көбентаев бастаған жастарға артылып отыр ған ел сенімі. Негізі қант қызылшасының «жаркенттік» сұрпының артықшылығы – жыл сайын өнімділігінің өсіп отыратындығында. Əрі сол өнім тұқымын жинап алып, келесі жылы сеуіп өсіруге болады. Ал фермерлер шетелден əкеліп егіп отырған тұқым бір жыл ғана өнім береді. Келесі жылы қайтадан

тұқым сатып алуыңызға тура келеді. Сондықтан, жастардың отандық өнімді өсіріп отырғаны қуантарлық жайт. Сарқандтық жастар өсірген 4,5 гектар жерде қант қызылшасының əр түбірі бүгінде 1330 грамм салмаққа же-тіпті. Бұйыртса, жақсы бапталған алқаптан гектарына 50 центнер өнім жинау көзделуде.

Аудан басшысы жастарға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Таяуда тағы да алқап басына келіп Көксу қант зауыты жастар өсірген өнімді талапқа сай қабылдап ала-тынын жеткізді. Ал жастар жағы болса күзгі жиын-терін кезінде ша-мамен екі жүз мың тоннадан аса-тын тəтті түбір жинап, Көксу қант зау ытына тасымалдау жағдайында жан-жақ ты қарастырып қойыпты. Иə, жетісулық жастардың атқарып отырған игі істері шынында көз қуантады. Табыс көзін бағамдаған жастардың істері оңынан болып, тəтті түбірден мол өнім жинары сөзсіз.

Алматы облысы–––––––––––––––––––––

Суретті түсіргенТемір НҰҒМАНОВ

Үстіміздегі жылғы 7 тамыз-да көрнекті публицист, кəсіби журналист-қаламгер, аты Жетісу өңіріне белгілі ардагер азамат Сеймұхамет Мұхаметшин ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін қайтыс болды.

Ол 1935 жылы 31 желтоқсанда бұрынғы Талдықорған облы-сындағы Ақсу ауданының Кең жайдақ ауылында дүниеге келді. КазГУ-дың журналисти-ка факультетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірді. Он жылға жуық уақыт өзі туып-өскен өңірдегі аудандық газет-те қызмет атқарып, жергілікті жердегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1968 жыл-дан құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққанша үзіліссіз республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақ стан») газетінің Талды-қорған облысы бойынша мен-шікті тілшісі болды. Сол мер-зім аралығындағы 30 жылға жуық уақыт ішінде қарымды қаламгер Жетісу өңіріндегі жақсы істердің жаршысы бо-лып, аймақтағы күрмеуі көп күр делі проблемалардың дұрыс шешім табуына біліктілікпен атсалыса білді. Осындай ең-бегінің арқасында ардақты

аза мат «Құрмет Белгісі» ор-де німен, көп теген кəсіби жүл-делермен марапатталды. Ақсу ауданының жəне Алматы об-лысының құрметті азаматы атанды. Əр жылдары «Бедел», «Қарындасым – қар лығашым», «Туған елім – тіре гім», т.б. кі-тап тары жарық көрді. Оның есімі республика жұрт шылы-ғына кеңінен танымал еді.

Ардақты азамат Сеймұхамет Мұхаметшиннің жарқын бейнесі оны білетіндердің жадында əрдайым сақталады. Марқұмның жаны жəннатта болып, нұры пейіште шалқысын.

Алматы облыстық ардагерлер кеңесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кəсіпорны физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Əлнұр Дүйсебайұлы ДҮЙСЕБАЕВТЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК ұжымы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қызметкері

Ғылымбек Төлеубайұлы РАХИМБАЕВТЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Алматы облысының əкімдігі жəне облыстық мəслихат «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің ұзақ жылдар Талдықорған облысы бойынша меншікті тілшісі болған белгілі қаламгер, Алматы облысының құрметті азаматы

Сеймұхамет Сейітұлы МҰХАМЕТШИННІҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Егеменнің» тағы бір ардагер-қаламгері Сейдахмет Мұха метше дүниеден озды. Соңғы біраз жыл-да ауру меңдесе де редакцияға өзі хабарласып немесе редакциядан біреу хабарласса, «Егеменім» аман болсын деп тілек айтып жатушы еді.

Осыдан жарты ғасырдай бұрын «Социалистік Қазақ-станға» Талдықорған облысы бойынша тілші болып келген Сейдеш ағамыз сол қызметті ұзақ жыл атқа рып, редакцияға бауыр басып кеткені соншалық, құрметті демалысқа да бір түрлі қиналып, қимастай шыққан еді. Өзімен замандастарға, тетелес-терге «Хабарласып тұрыңдар, ұмытып кетпеңдер» деп қатаң тапсырып отыратын. Кейде ха-барласу сиреңкіресе, кəдімгідей өкпелеп те қалатын.

Бұл, ең алдымен, рухани қа-жеттілікті осы жерден тапқа-нынан да десек, жөн болар. Ол редакция ұжымының өткен ғасырдың сонау алпысыншы жылдардағы Қаби Мыңжанов, Хайдар Баймұхамбетов, Əбді-бек Нұрмағанбетов сияқты ар да герлерін, өз замандаста-ры, қа ламы жүйрік Байжігіт Əб діразақов, Алтынбек Жол-дасбеков, Ер кеш Ебікенов, Боранғали Ырза баев секілді мен шікті тілші əріп тестерін ке-лесі толқын қызмет керлерге жал-ғастырғандай сезі нетін. «Полтора қазақ» деп аталып кет кен ба-тыр тұлғалы ағамыздың кейбір аңқаулау мінезі де өзіне жарасып тұрар еді. Оны жұрт атын толық атамай (Сеймұхамет, Сейдахмет),

үлкендері мен құрбыластары «Сейдеш» деп еркелете ата-са, кішілері «Сейдеш аға» деп құрмет көрсете атайтын.

Еліміздің бас газетіне құрметі ерекше болды. Өзінің осы басы-лымда жұмыс істейтінін мақта-ныш етер еді жəне сол жол-да аянбай еңбек етті. Осынау өзі тілші болған кезеңде Же-тісу өңірінде ол бармаған ауыл жоқ та еді. Жəне оны бұл өңір-дің еңбеккер жұрты, зиялы қауымы сыйлап қарсы алатын. Журналист болған соң жазады. Оның ішінде жақсылық болса, марапаттап көрсетіп, кейбір орын алған кемшіліктерді сынап жазады. Жетісу жұртшылығы оның жазғаны қандай болса да, шын жүректен қабыл алып, оған келесі бір жолыққанында есеп бергендей болып жатар еді. Əсіресе, соңғы жылдары жасы-ның біршама үлкендігін алға тосып, талдықорғандықтар оған абыз қартындай құрмет көрсетті.

Ол өмірінің соңғы сəтіне дейін қолынан қаламын тастаған жоқ. Кітаптар жазды, естеліктер жазды. Олар жарық көріп жатты.

Мəңгілік еш нəрсе жоқ, біреу дүниеге келіп жатса, біреу өтеді. Əңгіме сол өмірде қа лай жа-сады дегенге саяды ғой. Басы-лымымыздың ардагері Сей деш ағамыз елдің құрметіне бөле-ніп, артында басқалар айтып жүретіндей іс қалдырып, сексен-нің сеңгіріне шығып, дүниеден озды. Жатқан жерің жайлы бол-сын, жақсы аға.

Егеменқазақстандықтар

Сеймұхамет МҰХАМЕТШИН

Сейдеш аға да өтті дүниеден

Өңір өмірі

Тəтті тїбір – табыс кґзі

«Егемен Қазақстан»

– Құрметті Өтепқали Нысанғалиұлы, өз кітабыңызда арғы түркілердің антика-лық Олимпия ойындарына қатысы барлығын қолдан келгенше кеңінен қамтып, дəлелді уəждермен баяндаған екен сіз. Ал енді кітапты жазу идеясы қалай туды?

– Мұны кітаптан туған кітап десе де болады. Олжас Сүлейменовтің «Тарихқа дейінгі түркілер» атты кітабы бар. Сол кітапты екінші рет оқығанымда ондағы кейбір жайттар назарымды аударды. Ең алдымен байқағаным, көне грек тілінде, əсіресе, олимпия тақырыбына қатысты саласында түркілерден алынып ауысып-түйіскен сөздер өте көп екен. Содан мен ойға қалдым: жалпы, бұл түркілердің өзі сонау қияндағы Грекияда қайдан жүр? Сондықтан, бұл сұрағыма жауапты басқа мамандардың еңбектерінен іздедім. Бұған көз майын тауыса, сарыла машақаттанған бес жылдан аса уақытым кетті. Осы ретте нешеме буын ғалым-мамандардың: тарих-шылардың, археологтардың, лингвис тер-дің, сараптамашылардың, əдебиетшілердің еңбектерін зерделеп оқып, олардағы тұжы рым дарды ой елегінен өткізе талдап пайымдауға тура келді. Соның нəтижесінде біздің санамызға берік сіңген бұрынғы түсініктің тас-талқаны шықты. Сөйтсек, жер бетіндегі ең алғашқы өркениет ежелгі Грекияда, Рим империясында, Шумер мен Бабылда, Мысыр мен Қытайда, Үндістан мен Иранда емес, өзіміздің Ұлы Даламызда, сары сахарамызда, нақтырақ айтқанда, Орал-Қазақстан аймағында сомдалыпты. Ол Арқайым-Сынтасты қалалық мəдениеті немесе, ғалымдардың айтуынша, «Қалалар елі» деп аталады.

– Бұл тұжырым қандай уəж-дерек-термен айғақталады?

– ХХ ғасырдың соңына қарай қазақ-стандық ғалымдар бұрынғы Көкшетау облысының Ботай ауылының қасынан жүз мыңнан астам жылқы сүйегі мен қисапсыз көп ауыздық əбзелдерін тапты. Осынау жəдігер заттардың үлгілері америкалық жылқы тарихы институтына жіберілген. Институт директоры Дэвид Энтони алынған материалдарды зерттей келе, ауыздықтың əсерінен тістердің қажалуына қарай отырып, бұлардың шын мəнісінде қолға үйретілген жылқылардың сүйектері екенін анықтады. Соның негізінде өзіміздің отандық про-фессор Зайберт Петропавл қаласында халықаралық ғылыми-практикалық кон-ференция өткізіп, сол мəртебелі жиында Ботайды, сонымен бірге, Сарыарқа атырабы мен бүкіл Қазақстанды қолға үйретілген үй жыл қыларының Отаны деп таныды. Дəл сол жылы британдық ғалым Отрам қазақстандық əріптестерімен бірлесе отырып Ботай қоны-сы нан табылған құмыраларды зерттей келе, олардың түбінен қатып қалған қымыз қалдықтарын тапты. Бір таңғаларлығы сол, оның бүгінгі қымыздан еш айырмашылығы жоқ болып шықты. Біздің дəуірімізге дейінгі 1500 жылдары өмір сүрген тарих атасы Геродот скифтердің қышқыл бие сүтін ішетінін айтқан. Енді, Ботай ашы-лымынан кейін қымыз ашыту құпияларын

біздің көшпенді бабаларымыз ұлы тарихшы айтқаннан 4500 жыл бұрын ойлап тапқаны белгілі болды. Яғни біздің бабалар осыдан 6 мың жыл бұрын қымыз іше бастаған.

60 мың шаршы шақырым аумақта бұған дейін белгісіз болып келген 22 көне түркі қалалары табылды. Бұл сонау ықылым за-мандарда оңтүстік Орал аумағында ежелгі қуатты өркениет болғандығын айғақтайды. Біздің бабалар – арғы түркілер бірінші не алғашқылардың бірі болып кенді, мысты, қоланы, темірді, шойынды, болатты, алтын-ды жəне басқа металдар мен қорытпаларды игере бастады. Олардың мемлекетінің өркендеуіне қолайлы климат жағдайы да игі əсерін тигізді. Бүгінде осы атыраптың сол кездегі климаты мал шаруашылығы үшін қолайлы болғандығы дəлелденген.

– Осы арада бір сұрақтың қисыны келіп тұр. Олардың мəдениеті, тілі Жерор-та теңізі атырабына қалай жетіп, қалай таралған?

– Жоғарыда айтып өткеніміздей, арғы түркілердің қисапсыз көп жылқысы болған. Бұл жайдың өзі оларға асу-асу белдерден өтіп, алыс жерлерге жету орайында толайы м артықшылық беріп отырған. Сөйтіп, бірте-бірте арғы түркілер өркениеті қанатын кеңге жая берген сыңайлы. Алдындағы қарақұрым малына жайылым-өріс көздеген тайпалар жан-жаққа шашырай таралады, ұзақ көші-қон сапарларына шығады. Тарихта таңбаланған, ғалымдар назарына іліккен осындай алғашқы жортуыл-жорықтар біздің дəуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта Балқанды бөктерлеп, Кіші Азияны өрлеп, Эгей теңізіне қарай, Крит пен Микенаға бет түзеген. Бұл жорықтардың аясы біртіндеп кеңейе келе Еуразия құрлығының ұлан-асыр аумағына əмбе Жерорта теңізінің атыраптарына ат басын тіреген. Осылайша олар төрт тарап төңіректе өздерінің жоғары мəдениетін: тілін, тəңіршілдік дінін, қала құрылысын, сəулетін, мифтерін, аңыздарын, заңдарын, жазуын, металл өңдеуін, өнерін, соның ішінде əлі күнге дейін теңдессіз «аң

стиліндегі» зергерлік жауһарларын, жылқы шаруашылығын, доңғалақты көлікті, əскери өнер мен басқа да көп үлгілерді ала келіп таратқан.

Жаңа аумақтарда осының ықпалымен ежелгі шумерлердің, Мысыр мен Элладаның алғашқы өркениеттері пайда болып, бой түзей бастайды. Арғы түркілер осынау мемлекет-тер өмірінің бірталай мəдениет пен тұрмыс саларында өз өрнек-іздерін қалдырды. Айталық, шумерлер мен мысырлықтардың сына жазуының түркі жазуымен ұқсастығы, бір тамырға байланғандығы байқалады. Тіпті, ежелгі мысырлықтардың қос доңғалақты ұшқыр арбалары ежелгі көшпелілердің арқасында пайда болған. Өйткені, бұл көлік түрін бірінші болып пайдаланғандар да – далалықтар. Сондықтан, антикалық Олимпиялық ойындар бағдарламасына ең аз дегенде қос доңғалақты арбалар жары-сы мен ат бəйгесін нақ осы арғы түркілер қосқызуы əбден мүмкін. Неге десеңіз, арғы түркілер Грекияға келіп тұрақтап тұрып жатқандықтан, олардың мұнда жылқысыз күн кешуі, өздерінің дəстүрлі ат ойында-ры мен ойын-сауықтарын өткізбеуі мүмкін емес-ті. Осы арада заңды сұрақ туады. Егер өңірде жылқы болмаса, онда антикалық Олимпиадалар бағдарламасында сол уақытта атақ-даңққа бөленген бəйгелер мен қос доңғалақты арбалар жарыстары қалай пай-да болған? Тіпті, беделді ресейлік ғалым И.Дьяконов та: «...Кіші Азия түбегі мен Армян таулы жотасының тоғысында б.д.д. 2000 жылға дейін қолға үйретілгені тұрмақ, жабайы жылқы да болмаған» деп жазады. Əлбетте, содан кейін атқа мініп келген арғы түркілердің арқасында мұнда жылқы өсіп-өніп, көбейді. Жылқы өмір-тіршіліктің негізгі арқау-өзегіне айналды.

– Біз əңгімемізді ежелгі гректердің қоныс аударушылардан еншілеген түркі сөздерінен бастап едік. Осы жайды таратыңқырап айтыңызшы?

– Ежелгі элладалықтар кем дегенде 33 түркі сөзін қолданысқа алған. Мұның бəрін Олжас Сүлейменов өз кітабында келтіреді. «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабында ол «Кіші кеңес энциклопедия-сына» сүйене отырып былай деп жазады: «Гомер заманындағы Ежелгі Грекияда «Басилей» (грекше) – ру ақсүйектерінің көсемі, бірқатар ежелгі грек мемлекеттерінде – мұрагер патша, элладалықтар кезеңінде – эллада мемлекеттерінің əміршісі, орта ғасырларда – Византия императорының ресми лауазымы». О.Сүлейменов бұл сөздің шығу төркінін былай түсіндіреді: «Бұл сөз шығу тегі жағынан гректікі де, латындікі де, үнді-еуропалық та əмбе семиттік те емес. Ол прототүркілік basili – «бас елі» деген сөзге ұқсайды. Бұл сөз түркі тілдерінде қазіргі кезге дейін сақталған. Қазақстанда «прези-дент» сөзінің қазақ тіліндегі el-basi (елбасы) деген терминдік баламасы бар – сөзбе-сөз айтсақ, «елдің басы» деген сөз. Татарстанда президентті ilbasi (иль-басы) деп ұлықтайды, Түркияда ilbasj «губернатор» деген мағынада қолданылады».

«Олимпия» деген сөздің өзінің шығу тегі аса қызғылықты. Қарап тұрсақ, Olimpij

(олимпий) «мырзаның өлімі» дегенді білді-реді. Мұндағы olim – өлім, ал pij – мырза, түркі тілінен аударғанда кəдімгі əмірші бо-лып шығады. Қазақ нұсқасындағы «би» сөзі баршаға белгілі.

– Ал енді бұл арада «бидің яки мырза-ның өлімінің» біздің əңгімеге қатысы қанша?

– Бұл арада Олимп тауы мен аруақтар мекендейтін қасиетті Өлім тауының ара-сында байланыс барын аңғарамыз. Би-көсемдер осы таудың басына жерленіп, мəңгілікке табысталған. Мұның мəнісі мы-нада. Арғы түркілер тəңір дінін ұстанған, Көкке табынған, ата-бабаларының аруағын қастерлеген. Көшпенділер жаңа қонысқа өздерінің əдет-ғұрыптарын, салт-дəстүрлерін ала келген. Өз көсемдерін салтанатпен жер-леген. Жылында ұлан-асыр ас берген, түрлі ойындар, шешендер мен жыршылардың сай-ыстарын ұйымдастырған. Бұл, сайып келген-де, жалпыұлттық мерекеге айналған. Мұның бəрі Олимпиялық ойындардан бірнеше ғасыр бұрын басталған. Сөйтіп, осынау тəңірлік ғұрып мың жыл аясында Грекияда дəстүрге еніп, б.д.д. 766 жылы Олимпиялық ойындарға ұласқан. Басқаша айтқанда, антикалық Олимпиялық ойындар тəңірлік діннің жоралғы-ғұрыптарының арқасында, соның ықпалымен дүниеге келген. Қазақ халқында атақты адамдардың жылдық асын-да (мысалы, Құнанбай, Сағынай астары) балуан күрес, көкпар тарту, жамбы ату, ат бəйгесі, ақындар айтыстарын өткізу дəстүрі ХХ ғасырдың басына дейін сақталғанын та-рихтан баршамыз жақсы білеміз. Байқасақ, бұл жораның да түп-тамыры арғы түркілерде жатыр екен ғой.

– Олимпиялық ойындардың алғашқы нобай-нышандары, алғашқы нұсқалары арғы түріктерде емес, əлдебір басқа халықтардың немесе тайпалардың өркениетінде бой көрсетуі мүмкін бе еді?

– Бұл пайым ақиқаттан алшақ жатыр. Өйткені, түркі тілінен бейхабар басқа тайпа-лар бүгінде біз іс жүзінде бетпе-бет келіп байқап отырған олимпиялық термино логия-дағы түркі түбірлі атауларды туғызып қалды-ра алмас еді. Сондықтан, мəселеге қай қыры-нан келсек те, мұндағы алтын өзекті арқау тіл һəм терминология болып қала бермек.

– Өзіңізді «Арғы түркілер жəне анти-ка лық олимпиялық ойындардың пайда болуы» деген мына қызғылықты, таным-дық тұрғыдан аса бағалы кітапты жа-зып шығуға жетелеген себеп-мақсаттар қандай?

– Еліміздегі бұқаралық спорттың дамуы-на кішкентай болса да үлес қоссам деймін. Біздің халқымыз дені сау, саламатты болуы тиіс деп есептеймін. Ал бұл игі ниет тек спорт-пен шұғылдану арқасында мүмкін болмақ. Қалың көпшілікті ізгілікті қозғалысқа тарту үшін халыққа саламатты өмір салтын көбірек насихаттаған абзал. Ата-бабаларымыздың Олимпиялық ойындар сияқты ғаламат та жасампаз қозғалыстың бастауында тұрып, соған мұрындық болғанын білудің өзі де жастарымыздың бойында мақтаныш ала-уын жағып, спортқа құштарлығын артты-рады, ықыласын оятады деп санаймын. Жалпы, тарихты білуіміз де, одан тағылым алуымыз да керек. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін төрт жылда бір өтетін Халықтық спорт ойында-рын өмірге келтіріп ұйымдастырғанымды еңбек жолымдағы басты өнегелерімнің бірі деп білемін. Қазірге дейін бес рет өткіздік. Тарих шеңбер бойымен айналып келіп, біз Олимпиялық ойындардан Халықтық спорт ойындарына табан тіредік. Бұл біздің өзіміздің ішкі кіші Олимпиадамыз де-сек те болады. Тəуелсіздік жылдарында егемен еліміздің намыскер қыз-жігіттері осызамандық Олимпиадаларда олжа са-лып қуантып жүргені де ғанибет. Рио-де-Жанейродағы əлемдік аламаннан да күтеріміз мол. Бұл күндерде спорт ардагері ретінде көңілім толқып, тақымымды қысып отырмын. Ал аталмыш кітабыма Мəдениет жəне спорт министрлігі де назар аударып, мемлекеттік тапсырыспен қайтадан бас-тырып шығарғалы жатқаны да мен үшін қуаныш, еңбегімнің еш кетпегенін, елге керектігін білдіреді.

– Əңгімеңізге рахмет.

ƏңгімелескенҚорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ашылмаған аралдар

Арєы тїркілер –Олимпия отанында

Өтепқали Құраловтың «Арғы түркілер жəне антикалық Олимпиялық ойындардың пай-да болуы» («Прототюрки и зарождение античных олимпискийх игр») атты қызғылықты кітабы қолымызға тиген еді. Одан кейін барлық саналы өмірін қазақ спортының дамуы на сарп еткен ардагер азаматпен жақынырақ танысудың сəті түскен. Өтепқали Нысанғалиұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы жəне құрметті спорт қайраткері. Одан əрі тізбелесек, жүзуден халықаралық санаттағы төреші, судағы поло, бай-дарка мен каноэдегі есу бойынша Қазақстан Республикасының төрешісі. Халықаралық спорттық ұйымдар конфедерациясының құрметті вице-президенті, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, ТМД парламентаралық Ассам блеясы Құрмет грамотасының иегері, Бейбітшілік елшісі, Атырау облысы Құр манғазы ауда нының құрметті азаматы. Осының бəріне қоса, 1998 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, бүгінде дəстүрлі жарысқа айналған ел Президентінің жүлдесі үшін Халықтық спорт ойындарын өткізу идеясының авторы əрі бастамашысы болды. Міне, осындай жан-жақты зиялы да зият-кер адамның жоғарыда аталған кітабындағы ежелгі элла далық тар өркениетінде алғашқы Олимпиялық ойындардың өткізіле бастауында көшпелі көне түріктер бабаларының үлкен үлесі бар деген, бір қарағанда, таңғаларлық тұжырымы бізді де қызықтырып, сұхбатқа жетелеген еді.

Page 8: 9 ТАМЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ - Egemen · 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) ... Вице-ми нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін де

9 тамыз 2016 жылwww.egemen.kz8 Фотоэтюд

www.egemen.kz8

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор

Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected]Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №151 ek

Нөмірдің кезекші редакторы

Жандос БƏДЕЛҰЛЫ

Елбасымыздың тапсырмасы бойынша биыл еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық кеңестер құрылды. Кеңес құрамына əртүрлі сала мамандары, үкіметтік емес ұйым өкілдері кірген. Бүгінге дейін Семейде кеңестің екі оты-рысы өтті. Алғашқы отырыс жер-ге қатысты болғандықтан, онда жерді өңдеп, жөнімен пайдалану мəселесі қарастырылды. Екінші отырыс та жер туралы болды, бірақ, қала ішіндегі жерді қолдану жайы қозғалды. Семей қалалық соғыс жəне еңбек, Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Амантай Доғалақовтың айтуынша, алдағы отырыста қаралатын мəселелер қаланы абаттандыруға қатысты болмақ. Себебі кеңес мүшелерін Жеңіс саябағының биыл көгалдан-дырылмауы алаңдатып отыр. Гүл егілетін жерлерді шөп басқан. Ал вокзал маңындағы Қабанбай батыр ескерткіші аянышты халде.

– Қаланың ішінде архитек-тура жағынан талапқа сай емес əрі бұрынғы қалпы бұзылған нəрселер өте көп, – дейді Семей қалалық соғыс жəне еңбек, Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Амантай Доғалақов, жерді қалай болса солай алған. Бас жоспарға қарамай, қызыл сызықтан өтіп кеткен. Бұлардың барлығын, міне, қоғамдық кеңесте қарастырып жатырмыз. Жиынымызға үнемі сəулет, қала құрылысы бөлімі

мен Жер комитетінен өкілдер қатысып, тыңдап отырады. Бұ-ларға қоғамдық кеңес атынан өз пікірімізді айтып жатырмыз. Келешекте жұмыстарын жақ-сартып, жандандырғандары жөн. Жеңіс сая бағына күтім ке-рек. Мұнда жыл сайын жаз ғыт-ұрым 9 мамырға таман қыз-ғал дақ өсіп тұрушы еді, биыл отыр ғызылмады. Сосын қала-дағы орталық теміржол вок-залы алдындағы Қабанбай ба-тыр ескерткіші қараусыз қалды. Маңайы қоқысқа толып, тұғы-рының сылағы түсіп қалған. Айна ласындағы шөп қурап, ша-шылып жатыр, ұят. Вокзалға небір адамдар келіп-кетіп жата-ды. Тіпті, мына көрші Ресейден де келетіндер бар. Қабанбай ба-тыр ескерткіші жөнделсе, күтімге алынса деп бірнеше мəрте айттық. Жеке кəсіпкерлер қолдау көрсетіп жіберсе шешілетін шаруа ғой.

Қоғамдық кеңестің иығына артылған жүк ауыр болып тұр. Басты мақсаттары əлеуметтік жағдайды жақсартып, экономи-каны, экологияны қуаттандыруға бағытталған. Сондықтан ескерткіш күтімі сияқты мəселелерді бюд-жеттің қоржынына телміртпей, жеке кəсіпкерлердің демеушілік көмектері арқылы шешсе деген ұсыныстарын айтып отыр.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

СЕМЕЙ

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық провин-циясындағы бір ауылда ең шашы ұзын қыздар тұрады екен. Бұл ауылдағы бойжеткендердің шашының ұзындығы шамамен 2 метрдей болады.

Ауылды мекендейтін яо тайпасында ұзын шаш мол байлық пен ұзақ ғұмырдың символы саналады. Сол себепті, қыз балалардың шашын дүниеге келген күннен бастап өсіре бастайды. Бұл жақта шашы қысқа қыздар көріксіз саналады.

– Біз шашымызды туған күнімізден бастап өсірдік. Жасымыз 18-ге толғаннан кейін ғана арнайы кəмелетке толу рəсімін өткізіп, шашымызды қиямыз. Яғни, бұл қыздардың бойжеткенін, енді тұрмысқа шығуға дайын екенін білдіреді. Осы рəсімнен кейін бойжеткендер көп ұзамай тұрмыс құра бастайды. Біздің ауылда шашы қиылған қыз көрсеңіз, олар тұрмысқа шыққан, отбасылы деген сөз, – дейді жергілікті бір бойжеткен.

Бұл ауылға келетін туристердің де қарасы қалың.

Жыл сайын қолаң шашты қыздарды бір көру үшін ауылға 300 мыңнан астам адам келеді екен.

Нұртөре САМАРХАН

Ұлыбританияда иелерін өрттен құтқарған Тинк деген мысық «Жыл мысығы» атанды. Оны ма-рапаттау салтанаты Лондонның қақ төріндегі зəулім қонақүйде жануарларды қорғаушылардың, журналистердің қатысуымен өтті.

Ақылды мысық Клэр Хопкин-сонның отбасымен бірге Шрусбери қаласында тұрады екен. Бір күні түн ортасында дəл іргедегі көрші үйдің отқа оранғанын көрген мысық шырт ұйқыда жатқан қожайынының үстіне секіріп, тырналап оятып алыпты.

Сөйтіп, мысықтың арқасында Клэр ханым күйеуі мен балаларын оя-нып, өрт өздерінің үйіне тарағанға дейін далаға шығып үлгерген.

Қожайынының айтуынша, мысық болмаса, бір үйлі жан тірідей өртеніп кетеді екен.

Бұған дейін Швецияда Налле деген мысық та иесін құтқарып қалған еді. Ол қуат көзіне қосылып тұрған смартфонның түтіндей бастағанын көріп, ұйықтап жатқан қожайынын оятып алыпты. Сөйтіп, ол мысық та түрлі ток-шоулардың қадірлі мейманы болып, аз уақытта жұлдызға айналған көрінеді.

Нұрхан АСҚАР

Сот алдына бармай-аќ...

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдігі республикалық «Медиация күні» ак-циясы аясында қала жұртшылығын түрлі түйткілді мəселелерге қатысты «Ашық есік» форматында қабылдады.Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан»

Достық үйі жанынан ашыл-ған медиация кабинетінің бітім-гершілік қызметіне жəне заңдық кеңес алуға жүгінген кісілердің дені отбасылық, əлеуметтік жəне көршілер арасында бола-тын түсініспеушілік мəселелері бойынша келген екен. Əрине, қоғам болғаннан кейін мүлікке жəне т.б. қатысты келіспеушілік секілді жағдайлар азаматтар арасында жиі туындап оты-ратыны рас. Қазақстан халқы Ассамблеясының заңгерлері тұрғындарға заңдық кеңес бе-румен қатар, мəселені ушық-тырмай, қос тарап үшін де пай-далы шешілуіне ықпал жасау-дың тиімділігін түсіндірді.

Елімізде «Медиация ту-ралы» Заң қабылданып, оның көмегімен көптеген шағын жəне орташа дəрежедегі қылмыстық істер, азаматтық, еңбек дауы, отбасылық жəне өзара құқықтық қатынастарға байланысты же-келеген істер өз шешімін тауып келе жатқанына да 5 жылдың жүзі болды. Шағымданушы азаматтар мен заңды тұлғалар медиа цияға белсенді түрде жү-гінуінің арқасында сот жүйесіне түсетін ауыртпалық жеңілдеп, түрлі деңгейдегі істердің тыңғылықты шешім табу сапа-сы анағұрлым артатынын осы уақыт аралығындағы тəжірибе көрсетіп отыр.

Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енген бо-латын. Бұл заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары мен рəсімін, сондай-ақ, медиа тордың мəртебесін айқындап берді.

АЛМАТЫ

Пара аламын деп тўтылды

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Жастарды сыбайлас жем-қор лыққа баулығанды естіп пе едіңіз? Естімесеңіз айтайық, Атырауда осындай дəстүр пайда болды. Мəселен, жеке нотари-ус К.Хайруллин өзінен тəлім-тəрбие алуға келген жас ма-манды нотариаттық қыз метпен айналысудың қыр-сырына қанықтыруды емес, керісінше, жемқорлық істерге баулыпты. Олай дейтініміз, қу құлқынының қамын күйт теген жеке нотариус əділет департаментінің лауазым-ды тұлғаларынан нотариустың лицензиясын алып беру-ге көмектесетінін емеурінмен білдірген. Осы көмегі үшін жас маманнан 20 000 АҚШ долла-рын талап етіпті. Алайда, қалай исе, солай бой түзейтін жас шыбық кейпіндегі жасбуынның өкілі бұған көне қоймапты. Сөй-тіп, жеке нотариустың заңға қайшы келетін теріс əреке тін əшкерелеп, сыбайлас жемқор-лықтың жолын кесетін арнаулы қызмет өкілдеріне арызданыпты.

Артынша жеке нотариус өзінің қызметтік кабинетінде 10 000 АҚШ долларын алу кезінде қолға түсті. Алаяқтық жəне пара беруге арандатушылық айы-бымен кінəлі деп танылған ол 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Айтқандай, енді ол өмір бойына нотариаттық қызметпен айна-лыспайтын болды.

АТЫРАУ

Қытайдың Хунань провин-ция сында шыныдан жасалған көпір ашылды. Тяньмэнь тауын айналып өтетін көпірдің биіктігі 1 500 метр шамасында. Жүрек жұт қан жүргіншілер осынша би іктікте енді 100 метр жерді əй-нектің беті мен жүріп өтуге тиіс.

Көпірдің едені 3 қабатты əй нек тен жасалған. Ол 2 тон-наға жуық салмаққа төтеп береді, +60 тем пературада, жылдамдығы 220 шақырым сағат соғатын желдің кезінде де қасиетін жоғалтпайды.

Құрылыс салушы компа ния-ның айтуынша, шыны көпірді

жуып-тазалайтын адамдарды табу оңай емес екен. Сол үшін турис терге аяқ киімінің сырты-нан ба хил кию ге тура келеді. Оларға еш қандай сақтандыру белдігі берілмейді. Арнайы дайындалған мамандар ғана туристерге кез келген уақытта көпірден өтуге жəр демдесіп, мо-раль дық көмек беруге əзір.

Бұл Қытайдағы əйнектен жа салған үшінші көпір екенін айта кету керек. Бұл жолғысы осы лар дың ішіндегі ең биігі əрі ұзыны екен.

Нұрхан АСҚАР

Айдар ӨРІСБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Футболдан азулы Аргентина құрама коман дасының шабуылшысы Гонсало Игуаин жақында Италиядағы Неаполь қаласы-ның «Наполи» командасынан Туриннің «Ювен тусына» өткен болатын. «Ювентус» басшылығы оны сатып алу үшін 90 млн. еуро жұмсады. Бұл хабар Неаполь фут-бол сүйер қауымын қатты қапаландырды. Себебі, осы маусымда 36 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанған аргентиналық жергілікті «Наполи» коман-дасын «скудеттоның» екінші орнына бір-ақ шығарған болатын. Одан бөлек, Игуаин «Наполи» сапында 2013/2014-футбол мау-сымында Италия кубогы мен суперкубогына қол жеткізген.

Осылайша, «Наполи» командасын

өгіздей өрге сүйреп, жергілікті жұрттың қаһарманы атанған əйгілі футболшы Туриннің «Ювентусына» ауысып, бір-ақ сəтте «халық

жауына» айналып кетті. Күні кеше Гонсалоны пір тұтып жүрген фанаттар бүгінде оны сатқын деп атап, футболшының жейделерін өртеуде дейін барды. Тіпті, Неапольдағы мейрам ханалардың бірі жергілікті халықтың ашуын тудырған бұл мəселеге байланысты ерекше ұсыныс жасамақшы.

Нақтырақ айтсақ, Неаполь қаласындағы Show Pizza мейрамханасы қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше ұсыныс дайын дап жатыр. BBC агенттігінің мəліметіне сəйкес, Гонсало Игуаин «Ювентус» сапында ойнап жүріп жарақат алған күндері мекеме «Маргарита» пиццасын қомақты жеңілдікпен ұсынады. Осылайша, аргентиналықтың алған əрбір жарақаты ресторан қонақтарына пиццаны бар болғаны 1 еуроға сатып алуға мүмкіндік бе-реді. Енді футболшының жергілікті командадан кеткеніне көңілі толмаған жұрт оның жара қат алғанын пицца жеп тойлайтын көрінеді.

Батыр ескерткіші кїтімге зəру

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА«Егемен Қазақстан»

Қостанайлық Галина Во-робьева артық салмақтан осын-шалықты азап шегемін деп ой-ламаған еді. Оның салмағы қазір 350 килограмнан асады. Аса ауыр салмақтың салдарынан ол орнынан қозғала алмай қалған болатын. Семіздік Галинада бала кезінен байқалған. Бірақ ата-ана-сы оның ағзадағы зат ал масудың бұзылуынан болатынына аса мəн бермесе керек. Ол осыдан бес жыл бұрын сүрініп құлап, аяғын ауыртып алады да, жүре ал-май отырып қалады. Қи мылсыз отырғаннан май басу үдерісі дес

бермей кетеді, ол тіпті орнынан қозғала алмай, əл сірей бастаған.

Ауру əйелді қалалық ауруханаға жеткізу де оңай болмайды. Төтенше жағдайлар комитетінің Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оны брезент матаға жатқызып, 8 жігіт арнайы машинаға зорға көтеріп салады.

Қазір Галина Воробьева дə-рігер лердің қатаң бақылауында.

Айтпақшы, Галинаны аста-налық дəрігерлер Қостанайға келіп емдейді, оны Астанаға жет-кі зуге төтенше жағдайлар құтқару-шылары да ойланады...

ҚОСТАНАЙФутболшыныѕ жараќат алєанын пицца жеп тойлайды

Ќолаѕ шашты ќыздардыѕ ауылы

Ќўтќарушы мысыќты марапаттады

Їрейлі кґпір їшеу болды 350 килограмм əйелді ауруханаєа тґтенше жаєдай ќўтќарушылары жеткізді