8
7-ақпан 2015 жыл Ò¼ëåáè òóû 8 Телефондар: Бас редактор 6-20-14, факс (725-47) 6-20-14, бас редактордың орынбасары 6-19-52, секретариат 6-19-99, бөлімдер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет, тұрмыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер, бухгалтерия 6-19-52, белгісі қойылған мақалаларға жарияланым ақысы төленген. Газеттің осы нөміріне жауапты кезекші Орынбасар СҮТТІБАЕВ. Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, «АР - принт» ЖШС-нің баспаханасында басылды. Баспахананың мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тəшенов көшесі, №24 үй. Газетке жазылу индексі 66744 Таралымы 5224 Тапсырыс № Р Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй. Ãàçåò ¥àçà°ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Ì´äåíèåò æәíå à°ïàðàò ìèíèñòðëiãiíäå 2013 æûëμû 20 ìàóñûìäà òiðêåëiï, ¹13693-à êó´ëiãi áåðiëãåí. Ãàçåò ñåíái ê¾íi øûμàäû. Ðåäàêöèÿ ìàòåðèàëäàðäàμû ôàêòiëåðäiº ä½ðûñòûμûíà àâòîð æàóàïòû åêåíií åñêåðòåäi. Æàðíàìàëàð ìåí õàáàðëàíäûðóëàðäûº ìàçì½íû ¾øií ðåäàêöèÿ æàóàï áåðìåéäi. Меншік иесі: «Төлеби туы kz» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖШС директоры бас редактор РАХМАНҚҰЛОВ Əбдімəлік Түймебекұлы Əл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп ұжымы осы мектептің мұғалімдері Шалбосынова Гүлсімге абысыны, Шалбосынова Гүлзираға апасы ЖАҚСЫГҮЛДІҢ қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады. Аудандағы мектеп директорларының тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Қазақстан жалпы орта мектебінің ұжымы осы мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Əліпбаев Мұхтарға əкесі СЕЙДАЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады. Біркөлік шағын жинақты негізгі орта мектебінің ұжымы осы мектептің техникалық қызметкері Сахов Сайлыбайға анасы НЕСІПКҮЛДІҢ қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады. Көксəйектегі №9 колледж ұжымы осы колледждің өндірістік оқыту шебері Бектаева Клараға інісі СЕЙІТҚАЛИДЫҢ қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, марқұмның ағайын-туыстары мен отбасының қайғысына ортақтасады. Дəулет Əбілхайыр Ратбекұлына 2009 жылы Алатау орта мектебі берген 9-сыныпты бітіргені туралы №0572513 куəлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. * * * Анаурбеков Абилдабектің атына берілген Төлеби ауданы əкімінің 2002 жылғы 28 қаңтардағы №280 қаулысы жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. * * * Мамедбаев Еркин Серикулына 2012 жылы 2 наурызда ҚР ІІМ берген 032950881 санды жеке куəлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. * * * Кудайбергенова Арайлым Садуакасовнаға 2011 жылы 7 ақпанда ҚР ƏМ берген 031024975 санды жеке куəлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. * * * Байжархунова Жадыра Калданкызына 2009 жылы 23 қаңтарда ҚР ƏМ берген 023459970 санды жеке куəлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. * * * Байнеев Абзелдің атына берілген Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Қамшақ ауылындағы кадастрлық номері 19:298:074:297 жер учаскесін жалға беру туралы 2002 жылғы 29 қазандағы №772 үлгілік шарт, Төлеби ауданы əкімінің 2002 жылғы 8 ақпандағы №427 шешімі (2003 жылғы 29 қаңтарда тіркелген) жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. * * * Қожамқұлова Айжан Құрбанбайқызына 1996 жылы 9-сыныпты бітіргені туралы Алғабас орта мектебі берген НМК сериялы №0733022 куəлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. * * * Нуржанов Серик Баймахановичке 2006 жылы Көксəйектегі №9 колледж берген №0386303 диплом жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын. Æàðàìñûç äåï òàáûëñûí Шымкенттегі «Принц» бильярд клубын- да Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жəне ауданымыздың тумасы, еңбек ардагері Үсен Сейітовтің 67 жасқа толу құрметіне бильярдтан ардагерлер арасында ашық біріншілік өтті. Ойын екі топта ұйымдастырылып, ал- ғашқы топта 63 -- 75 жас аралығын- дағылар, екіншісінде 75 жастан асқандар өзара бəсекелесті. Жарысқа Алматы, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыс- тарынан 32 ардагер қатысты. Төлеби ауданының ардагерлері де осы бірін- шілікте бақ сынады. Бірінші жəне екінші топта күш сынасқан жерлестеріміз Е.Тө- лепбергенов пен Қ.Сыдықов үшінші орынды иеленді. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар тапсырылып, түрлі номина- циялар бойынша марапатталды. Ардагер- лер бəсекесіне спортшыларды тартуда белсенділік танытқан біздің ауданның дене шынықтыру жəне спорт бөлімі мақтау грамотасына ие болды. А.БЕКЖАНОВ, жарыстың бас төрешісі. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 23 жылдығына орай, Алатау жалпы орта мектебінде шахматтан аймақтық жарыс өтті. Оқушылар арасында өрбіген жарыста Біркөлік шағын жинақты негізгі орта мектебінің шахматшылары жалпыкоман- далық есепте бірінші орын алып, аудандық жарысқа қатысты. Леңгердегі №1 мектеп- гимназияда өткен оқушылар спартакиада- сында шəкірттеріміз Ж.Ражапов, А.Ерма- хан, Н.Абдусаматовалар үшінші орынға қол жеткізді. Оқушыларды дойбы, шахмат, тоғызқұ- малақ ойындарына баулыған мектебіміздің дене тəрбиесі пəні мұғалімі Сұлтан Төре- баев. 2012 -- 2013 оқу жылында Төле бидің 350 жылдығына орай, шахматтан өткен аудандық «Төлебидің тарландары» жары- сында шəкірттеріміз бірінші орын алған болатын. Ж.КЕРІМБАЕВА, Біркөлік шағын жинақты негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Мəдени орта мектебінде бүкіл ғұмырын бастауыш сыныптарға сабақ беруге арна- ған, ауылдың құрметті азаматы, шертпе күйдің шебері, ұлағатты ұстаз, марқұм Төлендібаев Қуатбек ағайды еске алу мақсатында оның ұрпақтары жəне аудан- дық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 1999 – 2001 жəне 2002 – 2003 жылғы балалар арасын- да еркін күрестен ашық турнир өткізілді. Оған Диқанкөл, Екпінді, Майбұлақ, Зертас, Алатау ауылдарының жас палуандары қатысты. Турнирді аталмыш мектеп дирек- торы С.Стамқұлов құттықтау сөз сөйлеп ашып, жарысушыларға сəттілік тіледі. Қуатбек атаның немересі, 2014 жылы Қытайда жасөспірімдер арасында өткен Олимпиадада 54 килограмм салмақта чемпион атанған Мұхамбет Қуатбек те осы турнирдің жанкүйері болды. Жарыс қорытындысы бойынша Бексұл- тан Қойбек, Нұрзат Адырбай, Дəурен Қаранай, Ералхан Алтынбек, Ерлан Бек- сауыт, Бақдəулет Сейітбек, Сапармұрат Орал, Бақдəулет Алтынбек, Санжар Анар- бай, Руслан Шəріп бірінші орынды иеленді. Мəдени мектебінің 7 палуаны командалық есепте бірінші орынға табан тіреді. Коман- да жаттықтырушысы Ғани Əсілбековтің қажырлы еңбегі өз жемісін берді. Жарыстың ойдағыдай өтуіне жан-жақты жағдай жасаған Қуатбек атаның ұрпақта- рына айтар алғысымыз шексіз. М.ЕСБОЛОВ, Мəдени орта мектебі қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінің мұғалімі. Аудандық білім бөлімі əдістемелік каби- нетінің жоспарына сəйкес, «Аяулым» бала- бақшасында мектеп жасына дейінгі бала- лар арасында спорттық ойын түрлерінен аймақтық жарыс ұйымдастырылды. Жа- рысқа «Ақбөпе», «Аяулым», «Гүлдер», «Балаби» балабақшаларының бүлдіршін- дерінен жасақталған командалар қатысты. Балалар «Көңілді старттар» жарысына қатысып, дойбы, домино, асық ойнаудан, қазақша күрес, қол күрестен, арқан тарту- дан сынға түсті. Сегіз бүлдіршіннен жасақ- талған əр команда жарысқа қызығушы- лықпен қатысты. Жеңіске деген құлшыныс- тары артып, достығы, ынтымағы нығайды. Жарысқа қазылық жасаған «Балдəу- рен»,«Бəйшешек», «Ұлы Төле би» бала- бақшалары əдіскерлерінің шешімімен «Аяулым» балабақшасы командасы бі- рінші, «Ақбөпе», «Гүлдер» балабақшала- рының командалары екінші, «Балаби» балабақшасының командасы үшінші орын- ды иеленді. Ұ.СӘУІРБАЕВА, «Аяулым» балабақшасының əдіскері. СПОРТ Біздің балабақшада тəрбиеленушілердің ой-өрісін, таным-түйсігін дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Балабақша меңгерушісі Д.Ештаева барлық шаралардың өз деңгейінде өтуіне ұйытқы болып жүр. Жуырда Көксəйек ауылдық округіндегі «Гүлдер» балабақшасында жас ұрпаққа тəрбие мен білім беруде заман талабына сай болу мақсатында Сара Назарбаеваның «Өзін өзі тану» білім жобасы негізінде «Өзін өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деген тақырыпта онкүндік өтті. Осы онкүндікте кітап көрмелері ұйымдастырылып, білім беру ұяларындағы кітапханаларға саяхат жасалды. «Мейірім төгетін ана» тақпақ сайысы, əн-би байқаулары өтті. Бұл онкүндіктің бала дамуына жақсы əсерін тигізері сөзсіз. Əрбір адам білім нəрімен сусындамас бұрын ата-ананың, тəрбиешілердің өнегесі мен тəлімін алады. Тəрбиенің жақсы болуы отбасына ғана емес, қоршаған ортаға, айналадағылардың қарым-қатынасына байланысты болады. Жақсы тəрбиенің негізін қалауда өзін өзі тану пəнінің ролі зор. Себебі, адам өзін өзі тану арқылы басқаларды да сыйлап, құрметтейді. Сол сияқты, біздің балабақшада өткен онкүндіктің мақсаты да жас ұрпақтың өзін өзі тануына ықпал ету болды. Г.ЕСЕНАЛИЕВА, «Гүлдер» балабақшасының əдіскері. Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі «Айсұлтан» бала- бақшасының «Болашақ» ере- сектер тобында өткен «Өзін өзі тану: махаббат пен шығар- машылық педагогикасы» тақы- рыбындағы онкүндік қорытын- дыланды. Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы На- зарбаеваның туған күніне ар- налған іс-шараларда балаларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы түсіндірілді, мейірім, адами қасиеттер мен өзара көмек туралы түсінік берілді. Қамқорлық жасауға, жəрдем беруге, рухани-адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін басшылыққа алуға, өмірді бағалай білуге тəрбиелеу мақсатында «Алтын жүрек», «Мейірімін төгетін ана», «Қайырымдылық пен адамгершілік», «Сурет салу», «Қызығы толы бұл əлем», «Спорттық жарыс», «Мерекелік концерттерге апару», «Əн -- көңілдің ажары», «Таңды қуанышпен қарсы алу» тақырыптарында қызықты ашық сабақтар өтті. Балалар мен ата-аналар, тəрбиешілер ашық сабақтар барысында Сара Алпысқызына ризашылықтарын, өмірге деген көзқарастары туралы ойларын білдірді. Балабақша меңгерушісі Р.Рысбекова ашық сабақтарда белсенділік танытқан балалар А.Қалдарбай, А.Тұрсынбай, Е.Оразбеков, Ж.Темірхан, С.Əбдір, Я.Мажитова, Қ.Майлыбай, Е.Қалдарбай, А.Мұхтар, А.Сейдулланы Алғыс хаттармен марапаттап, оқу құралдарын сыйға тартты. Б.СЕРІКБАЕВА, «Айсұлтан» балабақшасының тəрбиешісі. Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi Техникалық байқаудан бізде өтіңіз Леңгер қаласындағы мұнай базасына қарсы орналасқан жеке кəсіпкер А.Абдукаримовтың автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу орталығы жұмыс жасауда. Онда жеңіл жəне жүк таситын автокөлігіңізді Ресейден əкелінген əмбебап құралдармен техникалық байқаудан өткізе аласыз. Техбайқаудан өту ақысын қолма-қол, немесе ақша аудару арқылы төлеуге болады. Анықтама үшін телефон: 6-27-93. Ардагерлер сынға түсті Аймақтық жарыста бірінші Бүлдіршіндер де бəсекелесті Еске алу турнирі

8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

  • Upload
    others

  • View
    13

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

7-ақпан 2015 жылÒ¼ëåáè òóû8

Телефондар: Бас редактор 6-20-14,

факс (725-47) 6-20-14, бас редактордың

орынбасары 6-19-52, секретариат 6-19-99,

бөлімдер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет,

тұрмыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,

бухгалтерия 6-19-52,

белгісі қойылған мақалаларға

жарияланым ақысы төленген.

Газеттің осы нөміріне жауапты кезекші Орынбасар СҮТТІБАЕВ.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,

«АР - принт» ЖШС-нің баспаханасында басылды.

Баспахананың мекен-жайы:Шымкент қаласы, Тəшенов көшесі, №24 үй.

Газетке жазылу индексі 66744

Таралымы 5224 Тапсырыс № Р

Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан

Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй.

Ãàçåò ¥àçà°ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Ì´äåíèåò æәíå à°ïàðàò ìèíèñòðëiãiíäå 2013 æûëμû 20 ìàóñûìäà òiðêåëiï, ¹13693-à êó´ëiãi áåðiëãåí.

Ãàçåò ñåíái ê¾íi øûμàäû. Ðåäàêöèÿ ìàòåðèàëäàðäàμû ôàêòiëåðäiº ä½ðûñòûμûíà àâòîð æàóàïòû åêåíií åñêåðòåäi.

Æàðíàìàëàð ìåí õàáàðëàíäûðóëàðäûº ìàçì½íû ¾øií ðåäàêöèÿ æàóàï áåðìåéäi.

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» аудандық қоғамдық-саяси

газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖШС директоры —бас редактор

РАХМАНҚҰЛОВƏбдімəлік

Түймебекұлы

Əл-Фараби атындағы жалпы орта мектеп ұжымы осы мектептің мұғалімдеріШалбосынова Гүлсімге абысыны, Шалбосынова Гүлзираға апасы

ЖАҚСЫГҮЛДІҢқайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.

Аудандағы мектеп директорларының тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Қазақстанжалпы орта мектебінің ұжымы осы мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегіорынбасары Əліпбаев Мұхтарға əкесі

СЕЙДАЛЫНЫҢқайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.

Біркөлік шағын жинақты негізгі орта мектебінің ұжымы осы мектептің техникалыққызметкері Сахов Сайлыбайға анасы

НЕСІПКҮЛДІҢқайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.

Көксəйектегі №9 колледж ұжымы осы колледждің өндірістік оқыту шебері БектаеваКлараға інісі

СЕЙІТҚАЛИДЫҢқайтыс болуына байланысты көңіл айтып, марқұмның ағайын-туыстары мен отбасыныңқайғысына ортақтасады.

Дəулет Əбілхайыр Ратбекұлына 2009жылы Алатау орта мектебі берген 9-сыныптыбітіргені туралы №0572513 куəлік жоғалуынабайланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * Анаурбеков Абилдабектің атына берілген

Төлеби ауданы əкімінің 2002 жылғы 28қаңтардағы №280 қаулысы жоғалуынабайланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * Мамедбаев Еркин Серикулына 2012 жылы

2 наурызда ҚР ІІМ берген 032950881 сандыжеке куəлік жоғалуына байланыстыжарамсыз деп табылсын.

* * * Кудайбергенова Арайлым Садуакасовнаға

2011 жылы 7 ақпанда ҚР ƏМ берген031024975 санды жеке куəлік жоғалуынабайланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * Байжархунова Жадыра Калданкызына

2009 жылы 23 қаңтарда ҚР ƏМ берген023459970 санды жеке куəлік жоғалуына

байланысты жарамсыз деп табылсын.* * *

Байнеев Абзелдің атына берілген БіріншіМамыр ауылдық округіне қарасты Қамшақауылындағы кадастрлық номері19:298:074:297 жер учаскесін жалға берутуралы 2002 жылғы 29 қазандағы №772үлгілік шарт, Төлеби ауданы əкімінің 2002жылғы 8 ақпандағы №427 шешімі (2003жылғы 29 қаңтарда тіркелген) жоғалуынабайланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * Қожамқұлова Айжан Құрбанбайқызына

1996 жылы 9-сыныпты бітіргені туралыАлғабас орта мектебі берген НМК сериялы№0733022 куəлік жоғалуына байланыстыжарамсыз деп табылсын.

* * * Нуржанов Серик Баймахановичке 2006

жылы Көксəйектегі №9 колледж берген№0386303 диплом жоғалуына байланыстыжарамсыз деп табылсын.

Æàðàìñûç äåï òàáûëñûí

Шымкенттегі «Принц» бильярд клубын-да Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жəнеауданымыздың тумасы, еңбек ардагеріҮсен Сейітовтің 67 жасқа толу құрметінебильярдтан ардагерлер арасында ашықбіріншілік өтті.

Ойын екі топта ұйымдастырылып, ал-ғашқы топта 63 -- 75 жас аралығын-дағылар, екіншісінде 75 жастан асқандарөзара бəсекелесті. Жарысқа Алматы,Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыс-тарынан 32 ардагер қатысты. Төлебиауданының ардагерлері де осы бірін-шілікте бақ сынады. Бірінші жəне екіншітопта күш сынасқан жерлестеріміз Е.Тө-лепбергенов пен Қ.Сыдықов үшіншіорынды иеленді. Жүлдегерлерге ақшалайсыйлықтар тапсырылып, түрлі номина-циялар бойынша марапатталды. Ардагер-лер бəсекесіне спортшыларды тартудабелсенділік танытқан біздің ауданның денешынықтыру жəне спорт бөлімі мақтауграмотасына ие болды.

А.БЕКЖАНОВ,жарыстың бас төрешісі.

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің23 жылдығына орай, Алатау жалпы ортамектебінде шахматтан аймақтық жарысөтті. Оқушылар арасында өрбіген жарыстаБіркөлік шағын жинақты негізгі ортамектебінің шахматшылары жалпыкоман-далық есепте бірінші орын алып, аудандықжарысқа қатысты. Леңгердегі №1 мектеп-гимназияда өткен оқушылар спартакиада-сында шəкірттеріміз Ж.Ражапов, А.Ерма-хан, Н.Абдусаматовалар үшінші орынғақол жеткізді.

Оқушыларды дойбы, шахмат, тоғызқұ-малақ ойындарына баулыған мектебіміздіңдене тəрбиесі пəні мұғалімі Сұлтан Төре-баев. 2012 -- 2013 оқу жылында Төле бидің350 жылдығына орай, шахматтан өткенаудандық «Төлебидің тарландары» жары-сында шəкірттеріміз бірінші орын алғанболатын.

Ж.КЕРІМБАЕВА,Біркөлік шағын жинақты негізгі

орта мектебінің бастауыш сыныпмұғалімі.

Мəдени орта мектебінде бүкіл ғұмырынбастауыш сыныптарға сабақ беруге арна-ған, ауылдың құрметті азаматы, шертпе

күйдің шебері, ұлағатты ұстаз, марқұмТөлендібаев Қуатбек ағайды еске алумақсатында оның ұрпақтары жəне аудан-дық балалар мен жасөспірімдер спортмектебінің ұйымдастыруымен 1999 – 2001жəне 2002 – 2003 жылғы балалар арасын-да еркін күрестен ашық турнир өткізілді.Оған Диқанкөл, Екпінді, Майбұлақ, Зертас,Алатау ауылдарының жас палуандарықатысты. Турнирді аталмыш мектеп дирек-торы С.Стамқұлов құттықтау сөз сөйлепашып, жарысушыларға сəттілік тіледі.Қуатбек атаның немересі, 2014 жылыҚытайда жасөспірімдер арасында өткенОлимпиадада 54 килограмм салмақтачемпион атанған Мұхамбет Қуатбек те осытурнирдің жанкүйері болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Бексұл-тан Қойбек, Нұрзат Адырбай, ДəуренҚаранай, Ералхан Алтынбек, Ерлан Бек-сауыт, Бақдəулет Сейітбек, СапармұратОрал, Бақдəулет Алтынбек, Санжар Анар-бай, Руслан Шəріп бірінші орынды иеленді.Мəдени мектебінің 7 палуаны командалықесепте бірінші орынға табан тіреді. Коман-да жаттықтырушысы Ғани Əсілбековтіңқажырлы еңбегі өз жемісін берді.

Жарыстың ойдағыдай өтуіне жан-жақтыжағдай жасаған Қуатбек атаның ұрпақта-рына айтар алғысымыз шексіз.

М.ЕСБОЛОВ,Мəдени орта мектебі қазақ тілі мен

əдебиеті пəндерінің мұғалімі.Аудандық білім бөлімі əдістемелік каби-

нетінің жоспарына сəйкес, «Аяулым» бала-бақшасында мектеп жасына дейінгі бала-лар арасында спорттық ойын түрлеріненаймақтық жарыс ұйымдастырылды. Жа-рысқа «Ақбөпе», «Аяулым», «Гүлдер»,«Балаби» балабақшаларының бүлдіршін-дерінен жасақталған командалар қатысты.Балалар «Көңілді старттар» жарысынақатысып, дойбы, домино, асық ойнаудан,қазақша күрес, қол күрестен, арқан тарту-дан сынға түсті. Сегіз бүлдіршіннен жасақ-талған əр команда жарысқа қызығушы-лықпен қатысты. Жеңіске деген құлшыныс-тары артып, достығы, ынтымағы нығайды.Жарысқа қазылық жасаған «Балдəу-рен»,«Бəйшешек», «Ұлы Төле би» бала-бақшалары əдіскерлерінің шешімімен«Аяулым» балабақшасы командасы бі-рінші, «Ақбөпе», «Гүлдер» балабақшала-рының командалары екінші, «Балаби»балабақшасының командасы үшінші орын-ды иеленді.

Ұ.СӘУІРБАЕВА,«Аяулым» балабақшасының əдіскері.

● СПОРТБіздің балабақшада тəрбиеленушілердің ой-өрісін, таным-түйсігін дамыту

мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Балабақша меңгерушісі Д.Ештаева

барлық шаралардың өз деңгейінде өтуіне ұйытқы болып жүр.

Жуырда Көксəйек ауылдық округіндегі «Гүлдер» балабақшасында жас ұрпаққа

тəрбие мен білім беруде заман талабына сай болу мақсатында Сара Назарбаеваның

«Өзін өзі тану» білім жобасы негізінде «Өзін өзі тану: махаббат пен шығармашылық

педагогикасы» деген тақырыпта онкүндік өтті. Осы онкүндікте кітап көрмелері

ұйымдастырылып, білім беру ұяларындағы кітапханаларға саяхат жасалды. «Мейірім

төгетін ана» тақпақ сайысы, əн-би байқаулары өтті. Бұл онкүндіктің бала дамуына

жақсы əсерін тигізері сөзсіз.

Əрбір адам білім нəрімен сусындамас бұрын ата-ананың, тəрбиешілердің өнегесі

мен тəлімін алады. Тəрбиенің жақсы болуы отбасына ғана емес, қоршаған ортаға,

айналадағылардың қарым-қатынасына байланысты болады. Жақсы тəрбиенің негізін

қалауда өзін өзі тану пəнінің ролі зор. Себебі, адам өзін өзі тану арқылы басқаларды

да сыйлап, құрметтейді. Сол сияқты, біздің балабақшада өткен онкүндіктің мақсаты

да жас ұрпақтың өзін өзі тануына ықпал ету болды.

Г.ЕСЕНАЛИЕВА,«Гүлдер» балабақшасының əдіскері.

Бірінші Мамыр ауылдық

округіндегі «Айсұлтан» бала-

бақшасының «Болашақ» ере-

сектер тобында өткен «Өзін өзі

тану: махаббат пен шығар-

машылық педагогикасы» тақы-

рыбындағы онкүндік қорытын-

дыланды. Қазақстанның бірінші

ханымы Сара Алпысқызы На-

зарбаеваның туған күніне ар-

налған іс-шараларда балаларға

бақыттың құндылық ретіндегі

мағынасы түсіндірілді, мейірім,

адами қасиеттер мен өзара

көмек туралы түсінік берілді.

Қамқорлық жасауға, жəрдем

беруге, рухани-адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін басшылыққа алуға, өмірді

бағалай білуге тəрбиелеу мақсатында «Алтын жүрек», «Мейірімін төгетін ана»,

«Қайырымдылық пен адамгершілік», «Сурет салу», «Қызығы толы бұл əлем»,

«Спорттық жарыс», «Мерекелік концерттерге апару», «Əн -- көңілдің ажары», «Таңды

қуанышпен қарсы алу» тақырыптарында қызықты ашық сабақтар өтті. Балалар мен

ата-аналар, тəрбиешілер ашық сабақтар барысында Сара Алпысқызына

ризашылықтарын, өмірге деген көзқарастары туралы ойларын білдірді. Балабақша

меңгерушісі Р.Рысбекова ашық сабақтарда белсенділік танытқан балалар

А.Қалдарбай, А.Тұрсынбай, Е.Оразбеков, Ж.Темірхан, С.Əбдір, Я.Мажитова,

Қ.Майлыбай, Е.Қалдарбай, А.Мұхтар, А.Сейдулланы Алғыс хаттармен марапаттап,

оқу құралдарын сыйға тартты.

Б.СЕРІКБАЕВА,«Айсұлтан» балабақшасының тəрбиешісі.

Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi

Техникалық байқаудан бізде өтіңізЛеңгер қаласындағы мұнай базасына қарсы орналасқан жеке кəсіпкер

А.Абдукаримовтың автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу орталығы жұмыс

жасауда. Онда жеңіл жəне жүк таситын автокөлігіңізді Ресейден əкелінген əмбебап

құралдармен техникалық байқаудан өткізе аласыз. Техбайқаудан өту ақысын қолма-қол,

немесе ақша аудару арқылы төлеуге болады. Анықтама үшін телефон: 6-27-93.

Ардагерлер сынғатүсті

Аймақтық жарыстабірінші

Бүлдіршіндер дебəсекелесті

Еске алу турнирі

Page 2: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

77-ақпан 2015 жыл Ò¼ëåáè òóû

Тасарық ауылының тұрғындары

Жаңабаевтарды өнерлі отбасы деп

құрмет тұтады. Шаңырақ басшысы

Сүйеубек Жаңабаев зайыбы Күлəйша

екеуі 4 перзент тəрбиелеп өсіруде.

Сүйебектің өзі ғана емес, 9-сыныпта

оқитын үлкен ұлы Рүстем, 5-сыныпқа

баратын кішісі -- Мағжан да талантымен

көпшілікті сүйсіндіруде. Өткен жылы

ауданда өткен «Өнерлі отбасы»

байқауында Жаңабаевтардың отбасы-

лық ансамблі екінші орынды иеленді.

Рүстем осыдан екі жыл бұрын Ал-

матыда өткен балалар мен жасөспірім-

дердің республикалық «Күз мерекесі»

байқауында орындаушылық шебер-

лігімен көзге түсіп, «Дəстүрлі əн»

номинациясы бойынша марапатталды.

Ал Мағжан облыста балалар арасында

ұйымдастырылған дəстүрлі əндер

байқауында бірінші орынды иеленді.

Сүйеубек Тасарық жалпы орта мек-

тебіндегі домбыра үйірмесінде балғын-

дарды домбыра тартып, əн салуға

баулып жүр. Ол ауылдық округ аумағын-

да өтетін мерекелік шаралардың қы-

зықты, тартымды өтуіне белсене ат-

салысады.

С.ҚОНЫСБАЕВ,Тасарық ауылының тұрғыны.

Сарыағаш ауданында «Ғылыми зерттеулердің

өзекті мəселелері» атты тақырыпта университет

жəне колледж студенттерінің бірінші халық-

аралық ғылыми-

тəжірибелік кон-

ференциясы өтті.

Бұл іс-шараның

ерекшелігі -- ғылы-

ми-теориялық

ілімді практикамен

ұштастыру мақ-

сатында жаңа-

шыл, шығарма-

шыл, ізденімпаз

жас ғалымдардың

білімге деген құш-

тарлығын арттыру.

Конференцияға

Леңгер қала-

сындағы «Мейір-Бейс» медициналық колледжі «Сұңқар» ғылыми қоғамының жас

ғалымдары А.Сүттібай, М.Əбдірəсіл, А.Сəбит, Ə.Дөненбаева, Х.Кенжеева, Ш.Мир-

замиддинова, Д.Сіргебаева қатысты. Колледж директоры, медицина ғылымдарының

кандидаты, жоғары санатты невропатолог Аманкүл Мейірханқызы Алғыс хатпен, ал

ғылыми жетекшілері А.Елеуісованы, Е.Бердібековті, А.Тобағабылованы мақтау

грамоталарымен марапаттады. Жас ғалымдар сертификаттарға ие болды.

Д.СІРГЕБАЕВА,«Сұңқар» ғылыми қоғамының мүшесі.

Маған балалармен жұмыс жасаған

ұнайды. Сəби енді ғана ашылып келе

жатқан гүл іспетті. Лүп еткен желдің өзі

жас өскіннің сабағын майыстыратыны

сияқты, тəрбие беруде жіберілген

болмашы ғана ағаттық жас бала

санасына кері əсерін тигізетіні сөзсіз.

Психолог мамандығын таңдағандағы

басты мақсатым -- бала жанына нұр

шашып, өмірге деген құлшынысын

арттыру. Балабақ-

шадағы психолог

күнделікті таңер-

тең тəрбиелену-

шілерді қабылдау

кезінде топтарды

аралап, ата-ана-

сынан айрылғысы

келмей, жылайтын

балаларға бақы-

лау жүргізеді. От-

басынан ұзап көр-

меген балақайлар-

дың көпшілік орта-

ға тез бейімделіп

кетуіне ықпал ете-

ді. Сабақтарына

қатысып, сергітіп,

диагностика жүр-

гізеді, ойын түріндегі сабақтар өтеді, кіші

топтарда жаттығулар жасатады. Топтық

жұмыстар жүргізу, ата-аналармен кез-

десу, педагогикалық ұжыммен семинар-

лар өткізу, жас мамандарға кеңес беру

де педагог-психологтың міндетіне кіреді.

Мен жыл басынан «Кел, балалар,

танысайық», «Сиқырлы сөздер», «Дос

жəне достық», «Шаттық шеңбері»,

«Жүректен жүрекке» тақырыптарында

психологиялық сабақтар өтіп, бала-

лардың балабақшаға бейімделуіне,

бір-бірімен тез тіл табысуына көмек-

тестім, ойыншықтарын қызғанбай ойнау-

ды үйреттім. Себебі, баланы ата-ана-

сынан кейін жақсы түсінетін, психо-

логиялық дамуын бақылап отыратын

негізінен, психолог.

Сондай-ақ, тəрбиешілерге арнап түрлі

семинарлар мен тренингтер өткізіп

тұрамын. Жуырда ғана ұжымның көңіл-

күйін көтеру, психологиялық ахуалды

жақсарту, сенімді қарым-қатынас орнату,

жағымсыз эмоциялардан арылту

мақсатында психологиялық тренинг

өткіздім. Тренингте тəрбиешілер бел-

сенділік танытып, менің тарапымнан

берілген тапсырмаларды тиянақты

орындауға тырысты. Атап айтқанда,

«Саяхатқа шығу», «Табиғат құбылысы»

жаттығуларын орындап, «Мен жəне

менің басшым» деген ойын ойнады.

Қатысушылардың мінез-құлық ерек-

шеліктерін анықтау мақсатында сауал-

нама жүргізіп, «Оның есесіне мен...» деп

басталатын сұрақтарға жауап алдым.

Көңілдері көтеріліп, сергіп қалған

тəрбиешілер «Тілек ағашына» арман-

дары мен тілектері жазылған қағаздарды

жапсырды.

Алдағы уақытта да жылдық жұмыс

жоспарыма сəйкес, түрлі іс-шаралар

өткізіп, ұрпақ тəрбиесіне өз үлесімді қоса

беремін.

Л.ЖҰМАҒҰЛОВА,«Балбұлақ» бөбекжай-

балабақшасыныңпедагог-психологы.

²ëåñiìäi °îñà áåðåìií

¯нерлi отбасы

ªûëûìè êîíôåðåíöèÿμà°àòûñòû°

Ақындық өнер – сөз өнерінің аса қастерлі саласы,

ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы

таланттың биік өлшемі, ұлттық əдебиеттегі сезім мен

сырға толы поэзия, дəстүр мен ақын шабытының астаса

келіп, өлең құдыретінің жарқырап көрінер əсемдік

əлемі. Ежелден-ақ, өлеңмен ой өрген қазағым оның

қасиетін терең зерделеп, өнердің ең асқар шыңына

балаған. Поэзияда қаламын қанат етіп, өлеңнің

тұлпарын тізгіндеп, жалынан жыр жаудырып,

тұяғынан толғау тамызған талай сөз зергерлері

алғашқы арғымақ армандарын төрт тармақтың

тылсымына тамызықтатып, тұтанған өрт өлеңге

айналдырған болатын. Əдебиеттің алтын қорын

байытқан небір жыр жауһарлары ұйқасын ұқсатып,

жүректі жарып, өзегін өртеген ойын түйдек-түйдегімен

ағытып, өлең нөсерімен аспан мен жер арасын

селдеткен, өрелі де сүбелі жырымен жүрек қылын

тербете білген. Падиша өнер поэзияға іңкəрлік, жыр

құдыретін жүрекпен сезіну, көркемдікке құштарлық əр

адамның бойында тумысынан бар. Ал енді сол құштар

көңілдің шабытын ашу, талантын тұтата білу--

талаптыны тани алуға, жігерін жанып, буырқанған бұла

күшті қалай жұмсауға байланысты.

Əдебиет сабағын поэзиясыз елестету мүмкін емес.

Поэзия тілі арқылы оқушының танымы, сөз мəнері,

ойлау, түйсіну, сезіну, пайымдау сынды сезім иірімдері

айқындала бастайды. Өрелі ойлау, зерделі сөзге зейін

салу, көркемдік талғам парасат пен рухани құндылыққа

көзқарасын тіктейді. Ілімі мен танымы, ойшылдығы

тереңдейтіні сөзсіз. Ақындық – тума талант десек те,

оны байқаған сəтте «алмас қылыштың қап түбінде тот

басып қалмауын» да ойлау керек. Өлең өнеріне баулу

арқылы дарынды шəкірттің ұлттық құндылықтарды

қадірлеуіне жол ашамыз. Дүниедегі бар құбылысты,

адамзат санасындағы сан қырлы сезімді, сезімнің

тұңғиық иірімдерін өлең арқылы жеткізу жолдарын

үйретудің берері көп. Ақындық ең алдымен, өрелі ой, сөз

жауһарын іздеуден басталады. Бұл ретте «ұйқас

қуалау» тəсілін қолданған тиімді. Жаттығуды

сабақтың сергіту сəтінде пайдаланған ұтымды. Əрі

оқушының тіл байлығы толысады, əрі ұйқас іздеу

арқылы болашақ жырдың жобасы жасалып, ұйқасы

айқындалады. «Шабыт шақыру» жаттығуын да əр

сабақта жүргізіп отыруға болады. Ол үшін дайын

ұйқастарды мұғалім өзі ұсынады, қара өлең, кезектес,

егіз қаусырмалы не шұбыртпалы ұйқастары берілген

шумақты өздері толықтырып шығады. Ақындыққа баули

отырып, əдеби-теориялық ұғымдарды қоса меңгерту де

тиімді. Бұл ретте теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора

сияқты көркемдеу тəсілдерін кірістіріп, жыр шумақ

құрастыруды ұсынуға болады. Өлеңнің көркемдік

қуатын арттыру оқушыны соны ойлар табуға жетелеудің

бір жолы. Сонымен қатар, «Аллитерация» мен

«ассонанс» ұғымдарын жете меңгерту мақсатында да

өлең жолдарының біркелкі дауысты не дауыссыз

дыбыстан басталатын етіп те өлең жазуды тапсыру

оқушы қабілетін одан əрі ұштай түседі. Осындай

қарапайым тəсілдерді жетік қолдана жүріп, өлеңге

қызығушылығы артқан оқушы енді тақырып бойынша

өлең жазуға машықтана бастайды.

Біршама төселген жас ақынға сурет бойынша

лирикалық өлең құрау, белгілі бір тақырыпта мысал не

сатира үлгісіндегі жыр жолдарын түзу, жұмбақ өлең

жазуға тапсырма беруге əбден болады. Келесі ретте

берілетін тапсырма -- шумақты аяқтау. Оқушының

ақындық пайымын қалыптастыруға септігі орасан.

Шумақтың алғашқы қос тармағы ұсынылып, ойды

аяқтау ақын-шəкіртке тапсырылады. Ақындық

тапқырлықты қалыптастырып, дəл, анық көре білуге,

жүрек түкпіріндегі сезімді шығаруға жетелейді. Сөзді

табанда тауып айта білу жылдамдықты да қажет етеді,

сондықтан оқушыға қайымдасу, сөз қағысу машығын

меңгерту өте маңызды. Белгілі бір тақырыпқа арнау,

толғау сынды өлең шығаруды тапсыру арқылы

еркін тақырыпты қалай игеретінін байқауға болады.

Ол өзін барынша ақын ретінде танытуға күш-жігерін

салатыны сөзсіз. Көңіл көкжиегінің аясы кеңейіп,

өрісі ашылады, өлеңнің ырғағын іздейді, гүл бетіне

қонған тамшыдай үзіліп түскен əдемі ой иірімін

табуға ынтығады. Аңғарған ойын көңіл түкпірінде

жасырынған тұнық сөзбен, тылсым сыбдырмен

жеткізуге ұмтылады.

Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың елістірер қай баласы. -- деп ақын Абай

айтқандай, сөздің сыры мен мұңы, алмағы мен салмағы

бар, сиқыры мен сезімі терең, табиғаты тылсым дүние

екені анық. Сондықтан өлеңді кез-келген қанжығасына

байлай бермейді.Тылсым дүниенің көңілін, үйлесімін,

болмысын сана-саңылауына ғайып сəулесіндей құя

білген, сезіне білген адам ғана ақын бола алады.

Сөз өзімнің өмірім,

Əрине ғой, күндерім бар көксеген.

Соның бірі -- ел есінен шықпайтын,

Жазып кету ғажайып бір жақсы өлең!

-- деп Қ.Мырза Əлі ағамыз айтқандай, ақындықты

арда өнер деп бағалайық, талантты шəкірт бойынан

тамшыдай ғана поэзияға талап барын байқасақ,

тынысын тіктеп, өнерін ұштап, шабытын шарықтата

білейік.

Н.ТОҚТАҒҰЛОВА,«Тау самалы» мамандандырылған оқу-

сауықтыру орталығының қазақ тілі менəдебиеті пəндерінің мұғалімі.

● Озық тəжірибе – көпке ортақ

¦äåáèåò ñàáàμûíäàî°óøûëàðäû

à°ûíäû°°à áàóëó

Page 3: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

7-ақпан 2015 жылÒ¼ëåáè òóû6

Ауданда ветеринария саласында 2014

жылға жоспарланған жұмыстар толық орын-

далып, 2015 жылы жүзеге асырылар іс-

шаралар жоспары мен атқарылар барлық

міндеттер нақтылануда.

«Төлеби аудандық ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі жергілікті тұрғындар

арасында жануарлар мен адамға ортақ

аурулардың алдын алу, болдырмау мақса-

тында барша ветеринарлық шаралардың

уақытылы жəне сапалы ұйымдастырылуына

басшылық жасап келеді.

Ветеринария саласындағы негізгі жұмыс-

тардың бірі -- эпизоотияға қарсы іс-шаралар.

Уəкілетті орган бекіткен тізімдегі аурулардың

алдын алу мақсатында вакциналар егуді жəне

диагностикалық тексерулер жүргізу үшін

биологиялық материалдар сынамаларын

алып, ветеринарлық зертханаға жеткізу

жұмыстарын жергілікті атқарушы орган құрған

ұйым -- «Төлеби ауданының ветеринарлық

қызметі» МКК-ны құрамындағы ветеринарлық

пункт қызметкерлері қамтамасыз етуде.

Аталған тізім бойынша құтыру, сібір жарасы,

аусыл, күл, лептоспироз, листериоз, пастерел-

лез, қарасан, уақ мал, түйе, шошқа обасы,

брадзот, эктима (ауыз жара) ауруларының

алдын алу мақсатындағы вакцина егу

жұмыстары ақысыз жүргізіледі. Дегенмен,

жалпы мал басына шаққанда құтыру ауруына

қарсы вакцина 9,4 пайыз, оның ішінде иттерге

25 пайыз, лептоспироз вакцинасының 24

пайызы, листериоз 1 пайыз, пастереллез 2

пайыз, қарасан 50 пайыз, брадзот 3 пайыз

ғана берілетіндіктен, жоспардан тыс егілетін

жағдайда вакциналар мал иесінің есебінен

алынып, егу жұмыстарын мал дəрігерлері тегін

жүргізеді.

Сондай-ақ, ірі қараға туберкулез, жылқыға

сап ауруына аллергиялық тексеру, күтімдегі

барлық малға, үй жануарларына бруцеллез

ауруына қарсы қан сынамаларын алып,

тексеру жүргізу мемлекет қаржысы есебінен жүзеге

асырылады.

Төрт түлік пен үй жануарларында жиі кездесетін

жұқпалы емес аурулар, əртүрлі жарақаттар, парази-

тарлық аурулардың алдын алу жəне емдеу жұмыстары

ақылы түрде мал иесі мен мал дəрігері арасындағы

өзара келісім бойынша (дəрі-дəрмекпен кім қамтамасыз

ететіндігіне байланысты) жүргізіледі. Жануарларда

көбірек кездесетін ауруларды емдеу ақысы бекітіліп,

«Төлеби ауданының ветеринарлық қызметі» МКК-нында

жұмыс жасайтын қызметкерлерге таратылып берілген

жəне бұл бағаларды барлық ветеринариялық

пункттерде көрнекті жерге іліп қою тапсырылған.

Соңғы бірнеше жыл бойы бөлімнің ұйымдастыруымен

кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Нəтижесінде, 2010 жылы кене шаққан адам саны 616

болса, 2014 жылы мұндай 100 жағдай тіркеліп, 6 есеге

азайып отыр. Бұл іс-шара 2015 жылы да жүргізілетін

болады. Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарына аудан

тұрғындарының алдын ала дайындалуын, яғни мал

қоралары мен оған жапсарлас жерлерді механикалық

тазалаудан өткізіп, қалдық шөптер мен қоқыстарды

өртеп, залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарының

сапалы жүргізілуіне жағдай жасаулары қажет екендігін

еске саламыз. Мал иелері қолдағы ірі малын бүркуге,

уақ малын тоғытуға уақытылы жеткізулері тиіс. Бұл

жұмыстар екі кезеңде, сəуір -- мамыр, тамыз -- қыркүйек

айларында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан мал

тұқымын асылдандыруға тұрақты көңіл бөліне

бастағаны белгілі. Бұл бағытта 2014 жылдан бастап ірі

қараның аналық басын жасанды жолмен ұрықтандыру

жұмыстарын ұйымдастыру ветеринария бөліміне

қарасты «Төлеби ауданының ветеринарлық қызметі»

МКК-на жүктеліп отыр.

Ауданда 2013-2014 жылдары 21 елді мекенде қолдан

ұрықтандыру пункттері жаңадан салынып, іске қосылды.

Оған қосымша 9 елді мекенде ыңғайластырылған

ұрықтандыру бекеттері жұмыс жасайды. Жеке жəне

қосалқы шаруашылықтарында сауын сиыр ұстайтын

азаматтар жасанды жолмен ұрықтандыру пунктінде

қызмет ететін мамандармен тығыз байланыста жұмыс

жүргізулері керек. Қолдан ұрықтандыру арқылы мал

басын асылдандырумен қатар, көптеген жұқпалы

аурулардың (бруцеллез, трихомоноз, тағы басқа) алдын

алу да маңызды екендігі белгілі. Жоғарыда аталған

барлық пункттердің жұмыс уақыты мен жауапты

мамандардың жəне техник-ұрықтандырушылардың

байланыс телефондары жазылып, ілінген. Сондықтан,

ауыл тұрғындарының мал мамандарымен кез-келген

уақытта хабарласуға мүмкіндіктері бар.

Ветеринария саласындағы жұмыстарда аудан

тұрғындарымен бірлесіп атқаратын негізгі іс-шара --

ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, яғни

мал басын есепке алып, компьютер дерекқорына енгізу

мен олардың қозғалысын, дəлірек айтсақ, кіріс-шығысын

(сату-сатып алу, сою, төл алу, басқа жақтан əкелу

немесе əкету, тағы сол сияқты) веб-портал арқылы

тұрақты жүргізіп отыру.

Қолдағы малдың бəрін бірдейлендіру арқылы

жануарларға қандай ветеринарлық іс-шаралар жүр-

гізілгені жөнінде оның ветеринарлық паспортына жəне

компьютердегі дерекқорға енгізіледі. Кез-келген малды

союға, сатуға немесе тасымалдауға, жазғы жайылымға

шығаруға, несие алу үшін кепілдікке қоюға жəне төтенше

жағдайларға байланысты өтемақы (малдың құнын)

төлеу кезінде берілетін ветеринарлық анықтамаларды

тек бірдейлендіруден өткізіп, дерекқорға енгізілген

жағдайда ғана ала аласыз. Сырғасыз, яғни

ветеринарлық паспорты жоқ түліктер иесіз мал болып

саналады.

Бір айта кететіні, бірдейлендіру жұмыстарына қажетті

сырға мен ветеринарлық паспорттың құны мал иесі

есебінен бюджет кірісіне қайтарылуы тиіс.

«Бірдейлендіру жұмыстары бойынша, түсіп қалған

сырғаның орнына басқа сырға салу қажет пе? Сырғалар

Қытайда жасалынған ба? Құлақтары ойылып қалды.

Малды сойған кезде сырғаларды не істеу керек? Малды

сатқанда немесе сатып алғанда ветеринарлық

паспорттар қайда болады?» деген сұрақтар жиі

қойылады.

Бұл сұрақтарға жауап берер болсақ, ірі қараға сырға

екі құлағына, қойға бір құлағына салынуы тиіс. Сырға

толық түсіп қалған жағдайда ескі сырғаның жоғалғаны

туралы акті түзіліп, есептен шығарылып жəне жаңа

сырға салып, оның нөмері ветеринарлық паспортқа

жоғалған сырғаның орнына жазылуы керек. Құлақ

жапсырмалары (сырғалар) ОҚО ауыл шаруашылығы

басқармасы тарапынан берілген тапсырысқа сəйкес,

арнайы рұқсаты бар мемлекеттерде жасалады. 2013 --

2014 жылғы сырғалар Франциядан əкелінген. Құлақтың

ойылып қалуы сырғаның дұрыс салынбауынан болады.

Сырға салынғаннан кейін оның дұрыс тағылғанына, яғни

құлақтан қан ақпауына немесе құлақты қысып қалмай,

қозғалып тұруына назар аудару керек. Сырға салу

нұсқамасы бойынша ауа райының ыстық кездерінде,

яғни +27 градустан асқан кезде салынбайды.

Бірдейлендіруден өткізілген мал сойылған жағдайда

сырға номерін ветеринарлық пункт мамандарына

хабарлап, есептен шығарған жөн. Малды сатқан немесе

сатып алған жағдайда ветеринарлық паспорт малмен

бірге жүруі тиіс. Уақ малға ветеринарлық паспорттың

көшірмесі беріледі.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29

қыркүйектегі №234-V «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілет-

тіліктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы»

Заңына сəйкес Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау жəне

қадағалау комитеті аудандық инспекцияларының

бірнеше функциялары жергілікті атқарушы орган, яғни

аудандық ветеринария бөліміне беріліп, алдағы кезде

ұйымдастыру жұмыстарымен қоса ветеринарлық іс-

шараларға қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізіп,

Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілеріне

сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау

құқықтары берілген.

Ветеринария саласындағы мамандардың атқаратын

қызметтерін айта келе, Қазақстан Республикасының

«Ветеринария туралы» Заңының 4-тарауы, 25-бабында

жеке жəне заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының,

оның ішінде хайуанаттар мен адамдарға ортақ

аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері нақты

көрсетілгенін ескеру қажет.

Заң талаптарына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар:

-- ветеринарлық ережелерді сақтай отырып, ветери-

нарлық жəне əкімшілік-шаруашылық іс-шараларды

жүзеге асыруға;

-- аумақты, қора-жайларды, сондай-ақ, жемшөпті

сақтауға арналған жайларды ветеринарлық норма-

тивтерге сəйкес ұстауға;

-- жануарлардың ветеринарлық ережелер мен ветери-

нарлық нормативтерге сəйкес ұсталуын, өсірілуін жəне

пайдаланылуын жүзеге асыруға;

-- малды тасымалдау кезінде зоогигиеналық жəне

ветеринарлық талаптарды сақтауға;

-- ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді

қамтамасыз етуге;

-- ветеринария саласындағы мекемелерге жаңадан

сатып алынған жануарлар, алынған төл, оның сойыл-

ғаны мен өткізілгені туралы хабарлауға;

-- жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде

ауырған немесе əдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар

туралы хабарлауға, ауруға күдікті малды мамандар

келгенше оқшаулап ұстауға;

-- өз жануарларына уақытылы вакцина ектіруге жəне

олардың диагностикасын (қан алдыру туберкули-

низация) қамтамасыз етуге;

-- ветеринария саласындағы мамандардың ветери-

нарлық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтік міндет-

терін орындауы кезінде оларға жəрдем көрсетуге;

-- мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор-

лардың, мемлекеттік ветеринария дəрігерлерінің акті-

лерін жəне басқа да ветеринарлық заңдылықтарды

орындауға міндетті.

Мал мен жанның амандығы мен денсаулығын сақтау

үшін аудандағы ветеринария саласының қызметкерлері

мен мал иелері өздерінің міндеттеріне жауапкершілікпен

қарап, барлық шараларды белгіленген мерзімде сапалы

етіп орындауға үнемі мəн берсе екен дейміз.

О.СҮТТІБАЕВ,аудандық ветеринария бөлімінің басшысы.

Халықта «Ер

есімі – ел есінде»

деген жақсы сөз

бар. Игілікті ісі

елдің жадында

сақталып қалған

азаматтардың бірі

-- Нағай Тəшім-

бетов. Ол 1907

жылы қазіргі Сайрам ауданының Ақарыс

ауылында өмірге келіпті. Кемеқалған

ауылдық округінің Əңгірата ауылының көп

жасап, көпті көрген қариясы Қыстаубай

Молдияровқа жолығып, Нағай ата жайлы

сұрағанымда, көптеген деректерге қанық

болдым.

Нағай ата 1920 жылы 13 жасында-ақ

мұғалімдер курсын тəмəмдап, кəмелеттік

жасқа толмаған бала болса да,

халқының сауатын ашуға ерекше ден

қояды. Алғашқы шəкірттері ауылдың 3

баласы ғана екен. Ал 1933 жылы, елді

аштық жайлаған қиын кезеңдердің өзінде

балалардың ғана

емес, ересектер-

дің де сауатын

ашу үшін өз үйінде

оқытыпты. Ұлы

Отан соғысына

дейін біздің Төле-

би, Сайрам, Арыс аудандарында

халықты сауаттандыру үшін мектептер

ашуға белсене үлес қосады. Нағай

атаның өмірі, еңбек жолы туралы оның

артында қалған жалғыз перзенті Зүбайра

Нағаева мен немере келіні, тарих пəні

мұғалімі Розаның қолында көптеген

деректер бар.

Халық қамын ойлаған Нағай ата осы 3

ауданда алдымен бастауыш, сосын

жетіжылдық мектептер ашу жөнінде

бастама танытып, бұл игі іске көп үлес

қосады. 1941 жылы Арыс ауданында

халық ағарту са-

ласында қызмет

етіп жүргенде май-

данға аттанып, со-

дан қайтып орал-

маған. Ұлы Жеңіс-

тің 65 жылдығы

қарсаңында қызыл ізшілердің іздес-

тіруімен 1942 жылы Калинин майда-

нында қаза тапқандығы туралы дерек

табылды.

Сайрам ауданындағы Бəйдібек атын-

дағы орта мектептің қазақ тілі мен

əдебиеті пəндері мұғалімі Зияда

Исатаеваның ұйымдастыруымен «Ұрпақ-

тар бірлігі мен сабақтастығы» деген

тақырыпта республикалық семинар өтіп,

Нағай атаның жүріп өткен өмір жолы еске

түсірілді. Аудан əкімінің қолдауымен осы

мектепте Нағай атаның мұражайы

ашылды.

Н.Тəшімбетовтің есімі аталған үш

ауданға да бірдей ортақ. Ол бұл

аймақтардағы халық ағарту саласының

ең алғашқы негізін қалаушылардың бірі

əрі бірегейі. Ұлы Отан соғысындағы

Жеңістің 70 жылдығына орай, аталмыш

үш ауданда да халқы үшін қызмет етіп,

Отанын қорғап, қаза тапқан асыл ердің

есімін мəңгілік есте қалдыру мақсатында

игі істер жүзеге асырылып жатса, нұр

үстіне нұр болар еді.

Х.МЫРЗАТАЕВА,зейнеткер ұстаз.

Кемеқалған ауылдық округі.

Åð åñiìií½ìûòïàéû°

¥û

çì

åò

iìiç

— õ

àëû

°°

à

Page 4: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

7-ақпан 2015 жыл 5Ò¼ëåáè òóû

Зəбираны бүкіл ауылдың еңкейгенқартынан, есі кірген баласына дейінтаниды. Аққұм ауылдық округіне қарастыбіздің Жаңаұйым ауылында 1200-денастам халық тұрады. Ауылымыз ауданорталығына ең жақын орналасқан елдімекеннің бірі. Тіпті, қала тұрғындарыменкөршілес болсақ та, басымыз ауырып,балтырымыз сыздай қалса, ең алдымен,

ауылдағы фельдшерлік-аку-шерлік пунктке келіп, жаны-мызға шипа іздейміз. Осындабарша ауыл тұрғындарын жанжылуымен, мейірім шуағыменқарсы алатын ақ желеңдіабзал жан бар. Ол – фельд-шер Зəбира БердалықызыБəйменова (суретте).

Халықта жақсының жақсы-лығын айт, нұры тасысын,деген ғибраты мол сөз бар.Жақсы адам демекші, бұрынөміріңде кездесіп көрмегенадаммен бір рет дидарлассаң да, оныңқандай адам екені алғашқы əңгімеден-ақаңғарылып қалады. Жанынан ізгіліктіңнұры төгіліп тұратын жандар кімді деболсын, алғаш кездескенде-ақ, ыстықықыласымен баурап алады, ұмытыл-мастай əсер қалдырады. Мен ғана емес,бүкіл жаңаұйымдықтар Зəбира қарын-дасымды 25 жылдан астам уақыттан берібіледі. Бұл аз мерзім емес. Осы мезгілішінде барша ауыл тұрғындарыныңқұрметіне бөленіп келеді.

Мен ес білгеннен бастап еңбеккеараластым. Бала болсақ та Ұлы Отансоғысының ауыртпалығын, қайғысы менқасіретін көріп, ауыл шаруашылығыжұмысында беліміз майысып жүріпүлкендерге көмектестік. Аңыздан масақтеріп, арба айдадық. Кеңес дəуіріндедемалыс дегенді білмейтінбіз. Жаздыңаптабын, қыстың аязын, көктем мен күздіңнөсерлі жаңбырын тіпті елемейтінбіз. Таңатпай үйден шығып, балаларымыз ұйқықұшағында жатқанда оралатынбыз.Қарттықтың қыңқыл-сыңқылы көп бола-тынын енді, басымызға түскенде ғана білебастадық. Жас кездердегі ауыр бейнеттіңбəрі бүгіндері жиі сезіліп, дəрігерлердіңалдын амалсыздан жағалай бастадық.Ауру мазалаған соң ауылдағы фельд-

шеріміз Зəбира қарындасымакөрінуге барғанмын. Бірнеше күн

ем қабылдап, тəуір болып қалдым. Емімдіжалғастыру үшін фельдшерлік пункткебарғанымда Зəбира:

-- Ертең бізге демалыс. Сізге тамырдандəрі егуді жалғастыруымыз керек. Оныүзуге болмайды. Жұмысқа келіп кетуімеде болар еді, əйелмін ғой, жиналып қал-ған шаруаларым бар. Одан да сіз ертеңЛеңгерге, менің үйіме келіңіз, -- деді.

Келесі күні Зəбираның үйінебардым. Ол мені дастарханынжайып қарсы алды. Ері демыңболғыр жан екен. Зəбирақарындасымның емінің, мейі-рімінің арқасында мазалапжүрген сырқатымнан тез арадаайығып кеттім. Оған қалайшариза болмайсың. Ол мұндайжақсылықты бір маған ғанаемес, бүкіл ауыл тұрғындарынажасап жүр.

Ауылдағы ФАП-та дəрігерДинара Сайфулинқызы Сəдібек

əр аптаның сəрсенбісінде сырқаттардықабылдайды. Ол да көпшіліктің құрметінебөленіп жүр. Ал акушер МаликаТашкенбайқызы Кулбаеваның ауыл-дастарымызға қызмет еткеніне көпжылдың жүзі болып қалды. Оған дакөпшілік дəн риза. Айнаш СəуірбайқызыЖайлаубаева онда 18 жылдан берітазалықшы болып өз міндетін абыройменатқаруда. Олардың бəріне де алғыстанбасқа айтарымыз жоқ.

Адам баласы қаншалықты шыдамдыдегенімізбен, саусағыңызға тікенек кірседе жаныңыз ауырады ғой. Алла тағалаауыр дерттен баршамызды сақтасын,дегенімізбен, қиналған кезімізде дерті-мізге шипа тауып, мейірім шуағын қосасыйлайтын Зəбира қарындасым сияқтыжандардың бəріне де қанша алғыс айтып,құрмет көрсетсек те артық етпейді, депойлаймын. Күнделікті өмірде арамыздақаншама жақсы адамдар жүр. Олардыңбəрін өзімізге үлгі тұтып, бір-бірімізгежақсылық жасаудан ешқашан шар-шамасақ екен деймін. Кейінгі ұрпақбіздерден үлгі-өнеге алатынын əркезұмытпайық.

Қ.БЕКТҰРОВ,Аққұм ауылдық округінің тұрғыны.

● Жаныңда жүр жақсы адам

ҰЛТТЫҚ КИІМСондай-ақ, Наурызға əбден жаттанды болған

шапан мен камзолдың орнына, осындай қасиетті де

ерекше күндері əркім өзіне жарасатындай, сəн-

салтанатымен, мақтанышпен киетіндей қазіргі

заманғы ұлттық киім үлгілерін тіктіргені абзал.

Сонымен, гүл сыйлау үрдісі, ұлттық тағамның

ықшамдалған үлгісін əзірлеу, əдемі киім үлгілеріне

сұраныс туғызу, наурыз белгілерін айшықтайтын

кəдесыйлар, сувенирлер жасау – бəрі айналып

келгенде, ысырапқа емес, керісінше, эконо-

микамыздың да қозғаушы күштерінің біріне айналар

еді деп ойлаймыз.

ҚЫРЫҚТЫҢ БІРІ – ҚЫДЫРҚыдыр баба (Қызыр) бар жақсы лықтың, молшылық

пен берекенің иесі, үміттің шырағын жағатын кие.

«Қырықтың бірі – Қыдыр» сөзінің астарында осындай

түсінік жатыр. Əдетте, біз Қыдыр бабаны көбінесе

көпшіліктің алдына шығарып, ақ тілек айтқызып, ақ

бата бергізумен шектелеміз. Ал, оның қиялды ұштай

түсетін мүмкіндіктерін ескермейміз. Ендеше, Қыдыр

бабаны Наурыз мейрамын өткізу барысында ұтымды

пайдаланған абзал. Айталық, ол жұртқа бата берумен

ғана шектелмей, сыйлықтар да үлестіретін болса.

Əсіресе, Қыдыр атаның мейірімі бүлдіршіндер

көңілімен ұштасса, мерекенің мəні мен сəні арта

түседі.

Еліміздің батыс өңірлерінде Наурыз мейрамына

алдын ала үлкен дайындықтар жасалады.14 наурыз

күні таңғы сағат 6-дан бастап жұрттың бəрі үй-үйді

жағалап көріседі. «Кім ерте тұрып, 40 үйге кіріп,

көрісетін болса, соған Қыдыр ата несібесін береді»

деген де сөз бар. Сол несібені алып қалу үшін

кішкентай бүлдіршіндер таң

атпай ерте тұрып, үй-үйге

жүгіріп, ата-əжелерге барып

көрісетін. Үлкен адамдар «Бү-

гін көрісуге адамдар келеді»

деп, үйінің айналасын, ішін

тазалап, жаңа киімдер киіп,

күтіп отырады.

Наурыз мейрамы тек той

тойлау ғана емес, сонымен

қатар, жаппай тазалық шара-

ларын өткізу керек. «Бір тал

кессең, он тал ек!» дегендей,

көшет отырғызуды дəстүрге

айналдыру қажет.

СПОРТТЫҚШАРАЛАР

Наурыз мейрамы аясында

мемлекеттік деңгейдегі дəс-

түрлі мəдени жəне спорттық іс-шаралар ұйым-

дастыруды жандандыру керек. Сондай-ақ, бұқаралық

спортты жəне халықтық дəстүрлерді насихаттау

мақсатында, велошеру, марафон секілді бүкіл-

халықтық сипаты бар спорт сайыс тарымен қатар,

ұлттық ойындардан жыл сайынғы республикалық

«Наурыз» спартакиадасын ұйымдастыруды ұсы-

намыз.

НАУРЫЗДЫ НАСИХАТТАУБАҚ мүмкіндіктерін пайдалануға айрықша назар

аударғанымыз абзал. Барлық бұқаралық ақпарат

құралдары Наурыз мейрамын тойлау барысында

өткізіліп жатқан шаралардың танымдық жəне

мазмұндық жағына мəн берсе игі.

Наурыз идеясын насихаттау барысында аймақтар

арасында телекөпірлер өткізу, телемарафондар мен

тақырыптық бағдарламалар, ақпараттың басқа да

формаларын ұйымдастырудың маңызы зор.

Жоғарыда айтылғандарды қоры тын дылай келе,

ежелгі Наурыз мейрамы қазіргі заманға бейімделіп,

қоғамда саяси тұрақтылықты, достық пен келісімді

нығайтудың, жалпы қазақстандық, отбасылық мере-

кенің тетігіне айнала бастайды деген қоры тынды

жасауға болады.

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ,Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне

спорт министрі.(“Егемен Қазақстан”, 28 қаңтар 2015 жыл).

Äåðòiºå øèïà, æàíûºàìåéið ñûéëàéäû

Леңгер қалалық емханасының дəрігеріДүйсебаева Женя Исатайқызын күнікешеге дейін тек сырттай танитын едім.Ол былтырғы Тəуелсіздік күні мере-кесінде «Шапағат» медалімен наградтал-ған болатын. Осыған орай жақындаонымен тілдесудің сəті түсті.

-- Женя апай, қателес-песем, Сіз Қасқасу ауылы-ның тумасысыз. Солай ма?Әңгімемізді осыдан, туғанжеріңізден, өскен ортаңыз-дан бастасақ.

-- Иə, кіндік қаным өзіміз-

дің табиғаты тамылжыған

Қасқасу ауылында тамған.

Осы ауылдағы Куйбышев

атындағы орта мектепті

бітірген соң, Қарағанды қа-

ласындағы медициналық

институтқа оқуға құжат-

тарымды тапсырдым. Алай-

да, оқуға түсе алмадым.

Қабылдау емтихандарына аз дайындалсам

керек. Ол кездері жоғары оқу орнына түсу

оңай болмайтын. Қазіргідей ақылы оқу деген

атымен жоқ кез еді. Жас күнімде тіпті

намысшыл болдым. Оның үстіне дəрігер

атану бала күнгі арманым еді. Бірнеше жыл

қатарынан институтқа оқуға түсе алмадым.

Бірақ, кейін ойлаған мақсатыма жетіп,

аталған институттың емдеу ісі факультетінің

студенті атандым. Аллаға шүкір, арманым

орындалды -- бүгінде бірінші санатты

терапевт дəрігермін.

-- Мектеп бітірген кезден институтқатүскенге дейінгі аралықта бос жүрмегенболарсыз. Уақытыңызды оқуға түсугедайындалумен ғана өткіздіңіз бе? Неменайналыстыңыз?

-- Ол кездері жұмыссыз жүру дегеннің өзі

ұят саналатын. Мектепті бітіре салысымен

институтқа түсе алмаған соң, ауылда

санитар болып еңбек еттім. Осылайша,

мамандық алмай жатып-ақ медицинаға,

денсаулық сақтау ісіне араластым. Есесіне,

институтқа түскен жылы өзіме оңай болды.

Біраз нəрседен, іс жүзіндегі медицинадан

шамалы болса да хабарым бар еді. Ауылда

1976 – 1980 жылдары жұмыс істедім.

-- Жалпы, Сіздей тəжірибелі дəрігер-лердің кейбір жас мамандарға, олардыңжұмысына көңілі толмайтын кез бола ма?

-- Əрине. Мен еңбек жолымды институтты

бітіре салысымен, яғни 1986 жылы

жалғастырдым. Леңгер қалалық ауру-

ханасына жұмысқа тұрдым. Осында еңбек

ете жүріп, Леңгердегі медициналық училище

жабылғанша онда оқытушы болып жұмыс

істедім. Қазір өзіммен бірге бір ұжымда істеп

жатқан біраз медбикелерге сол училищеде

кезінде сабақ бергенмін. Өзге студенттерім

көріп қалса, танып, ізетін білдіреді. Мақ-

танайын деп отырғаным жоқ, өзіңіз қойған

сауалға жауабым ғой. Салыстырмалы түрде

айтайын деп отырмын. Қазіргі

кейбір жас мамандарға, олардың

жұмысына көңілім тола бер-

мейтінін несіне жасырайын.

Жас кезімде халықты емдей

жүріп, училищеде сабақ өтіп

үлгергеніме кейде таңқалам,

шаршау дегенді білмеппін

ғой сол кездері. Əріп-

тестерімнің біреуі өтініш

айтса, қажет болған кездері

ақы сұрамай-ақ, кезекшілік

еттім. Жұмыстан түн қараң-

ғысында қайтқан күндер де

болды.

-- Сонда Сіздің жаныңызғақайсысы жақынырақ? Дəрі-гер болып жұмыс істеу ме,əлде ұстаздық ету ме?Мамандық таңдауда жаңы-

лыстым деп ойламайсыз ба? Медицинамаманы болғаныңызға өкінбейсіз бе? Егер,осы мамандықты меңгермегенде, қандайкəсіп иесі болар едіңіз, қалай ойлайсыз?

-- Дəрігер болу, халықты емдеу ұнайды.

Мамандық таңдауда жаңылыстым деп

ойламаймын. Дəрігер болғаныма ешқашан

өкінген емеспін. Бұл өзімнің қалауым. Өзімді

тек осы мамандықтың иесі ретінде ғана

елестете алам. Ата-анамның да кəсіп

таңдауда ықпалы болған жоқ деп айтар едім.

-- Ендеше, өз перзенттеріңіздің еңболмағанда біреуінің медицина маманыатануына ықпал еткен боларсыз. Осымамандықты таңдаған ұл-қызыңыз барма?

-- Перзенттерімнің ешқайсысы да

медицина маманы емес. Тіпті өмірлік серігім

Алайдар Алтыбаевтың да бұл салаға

ешқандай қатысы жоқ. Онымен бірге екі ұл,

бір қыз тəрбиелеп өсірдім. Айтпақшы,

биылғы қаңтарда келінім босанып, немерелі

болдым, алғаш рет əже атандым. Ұлым --

Дəурен қызды болды.

-- Олай болса, құтты болсын! Қуанышқуанышқа ұласып жатыр екен ғой.Наградаңыз да құтты болсын! Қуанышұзағынан болғай. Жұмысыңызға табыс,отбасыңызға бақыт тілеймін! Әңгімеңізгерахмет.

Тілдескен Т.АХМЕТОВ.

● Олар награда алды

Шапаμат шаш°ан

Page 5: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

7-ақпан 2015 жыл4 Ò¼ëåáè òóû

Әлемнің ең көне мерекелерінің бірі –«Наурыздың» ауылы алыс емес. «Наурыз»жаңа күн деген мағынаны береді. Халықарасында ерекше қолдауға ие бұл мерекеXVIII ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, ЕжелгіРимде, Ұлыбританияда, 1700 жылға дейінежелгі Русьте де тойланып келген.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурыздаҚазақстан Президенті Жарлығының негі-зінде мемлекеттік мəртебеге ие болды.Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын«Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009жылдың 24 сəуірінде ҚР Президенті Н. Ә.Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақберді.

Нақ, осы күннен бастап, республикамыздаНаурыз мейрамы кеңінен атап өтілебастады.

НАУРЫЗ – ЖАҢА ПІШІМДЕҚазақстан Республикасының Пре зи денті Н.Ə.На-

зарбаев «Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың

орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді.

Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-

жітікке жəрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан,

араз жандар татуласып, қайта табысқан» деп,

Наурыздың тəлім дік əрі тəрбиелік мазмұнын ашып

көрсетіп берді.

Ал, Ұлытау сұхбатында Мемлекет басшысы «Біз

ұлттық мəдениетіміз бен салт-дəстүрімізді қастер-

леуіміз керек» деп қадап айтты.

Енді заман талабына сай Наурыздың пішімін

түбегейлі өзгерту қажет. Наурыз дың айрықша тəлім-

тəрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше.

Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа пішім беру

үшін, адамның ұлтына, діни бағыныстылығына

қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мəн бере

отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай

мазмұнын жасау керек.

Ел арасында «Наурыз мерекесі бұқара лық

сипаттан ажырап, сахна лық кейіпке еніп, аздаған

жұрт шылықтың қызықтауына ғана айналған

фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда» деген

пікір қалыптасты. Сондықтан мерекенің өзіне сəйкес

атрибуттарын қалпына келтіріп, фольклорлық-этно-

графиялық ауқымнан жалпы қазақстандық мереке

дəрежесіне жеткізген жөн. Мерекеде бақылаушылар

болмайды, бəрі де қатысушы.

Наурыз мерекесінің негізгі мағынасы:

Ұлттық намыс пен рухани болмысымызды

жаңғырту.

Сондықтан да Наурызға іргелі ізденістер мен

тарихи, əрі заманауи шаралар керек. Мұның бірнеше

жолы бар. Атап айтқанда:

БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ –БҮЛДІРШІНДЕР

Жаңа жылда Аяз

Атаның, Рождествода

Санта-Клаустың сəби-

лерге сыйлық беруі,

отбасы мүшелерінің бір-

біріне тарту-таралғы жа-

сауы сияқты дəстүрдің

берік орнығуы бұл мерекелерді халыққа барынша

жақындатқаны мəлім. Жаңа жылдан əрбір бала тосын

жаңалықтар күтеді. Наурызда да бала-

лардың есінде қалатындай мереке

сыйлағанымыз жөн.

Демек, Наурызды тойлау арқылы біз

бар жақсылығымызды, шарапатымызды

бүлдіршіндерге арнауымыз керек.

Қазіргі заманға лайықтап, шоколадпен

көмкеріп, көрнекі қаптамасын жасап, көз

тартар қорапқа салып, ұлттық тағам

аясында əзірленетін жент, талқан,

балқаймақ, кілегей, құрт, сүзбе, уыз,

ірімшік жəне тағы басқаларын əдемі де

шағын етіп əзірлеу процесін жолға

қоюымыз қажет.

НАУРЫЗ НЫШАНЫЖауқазын, бəйшешек немесе қыз-

ғалдақ Наурыздың атрибуттық белгісі,

эмблемасы ретінде бекітуді қажет етеді.

Гүлдің адамға деген əсері өте мол.

Себебі, гүлден ерекше сұлулықпен бірге

адам нəр алады. Гүл тұрған жерде биік

сезім пайда болады. Мереке күні

аналарға, қыз-келіншектерге гүл сыйлау

көңілдерге құштарлық сыйлайды. Бұған

қоса мекемелер, көшелер, саябақтар

жауқазын гүлімен көмкеріліп, абат-

тандырылса, нұр үстіне нұр. Сол

арқылы біз Еуропаға ерекше қастерленетін қыз-

ғалдақтың, жауқазын мен бəйшешектің түпкі отаны

қазақ даласы екенін де ұрпақ санасына сіңіре түсер

едік.

НАУРЫЗ СИМВОЛИКАСЫКүн мен түннің теңелуі – астрономиялық көктемнің

тууы. Астрономдардың тілімен айтар болсақ, бұл

кезде Күннің орталығы өз қозғалысы барысында Жер

экваторын кесіп өте-

ді. Ғылымда көктем

туатын мезгілді түр-

ліше шамалау əдісі

қалыптасқан. Күн

қозғалысына негіз-

делген есеп бойын-

ша нағыз көктем осы

– КҮН мен ТҮННІҢ

(21-нен 22-не қара-

ған түні) теңелу сəті.

Түн ортасы ауғанда

жаппай ЖАҢА КҮН-

ДІ қарсы алу дəстү-

рін түлеткеніміз аб-

зал. Елбасы өз

сөзінде «Халқымыз

қашанда жаңа жыл-

дан жақсылық күтіп,

келер күннен үмітін

үзбеген. Бүгінін бо-

лашағымен байланыстыратын бар ізгіліктің бастауын

игі ниеттен іздеген. Сондықтан тіршілік жаңаратын

наурызда əр адам жақсылыққа ниет етуі тиіс» деген.

Ендеше жарықтың ұзаратын, күн нұрының молығатын

ЖАҢА КҮННЕН үлкен де, кіші де жақсылық тілейтін.

БАСҚА ХАЛЫҚТАРҒА ҚАРАҒАНДА, ҚАЗАҚСТАН

ХАЛҚЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛ – НАУРЫЗДЫ ҚАРСЫ

АЛУЫ ОСЫ ҚАСИЕТІМЕН БАСЫМ.

АҒАЙЫНМЕН КӨРІСУҰлыс күні Елбасы ел дамуының кепілі ретінде

белгілеп берген бірлік, татулық, отбасын қастерлеу

сияқты адамзаттық құндылықтарға құрылған.

Осыған орай, Наурыз мейрамының рухани-мəдени

тəрбиелік мəнін іс жүзінде өмірге енгізуді ұсынамыз.

Бұл мақсатта Наурыздың сипатын ашатындай əрі

ұлттық таным мен дəстүр салтты жаң ғыртатындай

көрісу күні, қайырым дылық жасау күні, ата-бабаны

еске алу күні, тал егу күні, ақ дастархан күні деп

мазмұн бере отырып, рухани іс-шараларды

қалыптастыру керек.

ƏЛЕУМЕТТІК ШАРАЛАРДəл осы «Наурыз мейрамы» күндері аясында

еліміздің іскер азаматтары, меценаттар, қоғамдық

ұйымдар мен мекемелер балалар үйлеріне, тұрмысы

төмен отбасыларға жəне қоғамның əлеуметтік

қорғалмаған топтарына жəрдем жасап, қайырым-

дылық шараларына көңіл бөлгені жөн. Бұл игі істе

Қазақстанның белсенді жастарының басын біріктіріп,

волонтерлар корпусын Наурыздың жаңа тұрпатта

тойлануына жұмылдырған жөн.

Наурыздың рухани мəртебесі арта түсуі үшін, жыл

сайын, қыс айларында дəстүрлі берілетін əдебиет пен

өнер саласы қайраткерлеріне арналған Президенттік

жəне Мемлекеттік стипендияларды табыс ету

мерзімін Наурыз мейрамына ауыстырған абзал.

Íàóðûçμàæàºàøà ê¼ç°àðàñ

● Мемлекеттік мəселе

Page 6: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

7-ақпан 2015 жыл Ò¼ëåáè òóû 3

Тарих -- ақиқаттылығымен, шынайылы-ғымен, деректілігімен, бұлтартпас дəл-дік-дəлелдігімен тарих. Ауқымы кең,танымдылығы мен баршаға бірдейқолжетімділігі, ұғынықтылығы, қызығу-шылығы тым жоғары болғандықтан, оныңзерттелуі де, толассыз əралуан пікірталасмайданының қызулығы да басқа ғылымсалаларына қарағанда өзгеше ерек-шеленіп тұрады. Тарих ғылымыныңшежірелілігімен барша жұртқа етенежақындығы сондай -- ол пікір сарынынашоқтығы биік ғұлама ғалымдармен қатар,қарапайым зейінді де зерделі жандар даараласып, ақиқат сүрлеуінің тазаруынаүлестерін қосады. Тарих ғылымыныңеліктете түсетін тартымдылығы сондай,əр ел, əр ұлт, əрбір қоғам өзқымбатындай, өз туыс-перзентіндей өзе-гіне, бауырына тарта қарай зерттеп, бұратартатыны кəдімгідей білініп, сезіліптұрады. Ол айыптылыққа, көргенсіздікке,білімсіздікке, керек десеңіз, нетəнтіліккеде жатпайды, əр халықтың өз тарихынадеген ынтасын, сүйіспеншілігін білдіреді.Пікірталас та сол сезімнен туады. Де-генмен, қызу да салмақты пікірталастанақиқат туатын заңдылық. Сондықтанел тарихы туралы өзге ел, өзгежұрттың да зерттеулеріне, ой топ-шылауларына да көз салып, құлақтүріп, көңіл аударып, сараптама жа-сау артықтық етпейді, тарих таза-лығына жетелейді.

1987 жылы Қытайдағы қазақ ғалым-дарының “Қазақтың көне тарихы”деген бірлесіп жазған еңбектерін Шың-жанда бастырып шығарды. Олар асақажетті мағлұматтарды, деректерді Қы-тай, Моңғол елдерінің, грек-парсы жұрт-тарының көне жазуларынан, Қазақстантарихынан, орыс ғалымдарының еңбек-терінен алып, саралай қорытындылаған.Сол бойынша қазақ хандығының, қазақхалқының тарихы белгілі бір жүйегетүскен.

“Шыңғыс ханның батысқа жасағанжойқын жорығын моңғолдардың осыөлкелерге жаппай қоныс аударуы депесептеуге болмайды, -- дейді кітап. --Моңғолдардың негізгі халқы соғысолжаларын алып еліне оралды”. Алтынорда ыдырап, Ақ орда құрылғанда, оныңең соңғы ханы Барақ өліп, ЖошыныңШейбани ұрпағынан шыққан ханы Əбіл-хайыр билік құрған кезде, 1465 жылдарыБарақ балалары Керей мен Жəнібекбөлініп шықты. Осы кезде Əбілхайырдүние салды да, өзбек ұлысыныңшаңырағы шайқалды. Көп халық Кереймен Жəнібекке көшіп кетті. Олардыөзбектер “қазақтар” деп атады. КейінƏбілхайырдың немересі Шейбани менқазақтар арасында Дешті Қыпшақ(қазақтардың негізгі ата қонысы) үшінболған шайқастар 30 жылға созылды.Ақыры Шейбани Мауаранахрға ығысты.Мауаранахр билеушілері (Əмір Темірұрпақтары) пəлендей қарсылық көрсетеалмай, тозып кетті. “Өзбек” деген атаупайда болды. “Қазақ” термині бірте-біртеДешті қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқанхалықтың тұрақты атына айналды.“Өзбек” термині Мұхаммед Шейбаниғаеріп кеткен тайпалардың этникалықатауы ретінде Орта Азияда ғанақолданылатын болды...

Қазақ хандығы Жəнібектің баласыҚасымның (1511-1523) тұсында нығайды.Сол дəуірдің жетістігі мен өркендеуінбейнелейтін “Қасымның қасқа жолы”деген анықтама ат қалды. Қасымныңбаласы Хақназар ханның (1538-1580)тұсында қазақ хандығы қайта дамыды.Хақназардан соң Жəдік сұлтанныңбаласы Шығай (1580-1582), одан кейінТəуекел хан болды (1586-1598).Тəуекелдің тұсында Ресей мен қазақхандығының арасында экономикалықбайланыс күшейе түсті. Ташкент қаласыайнала атырабымен қоса 200 жыл бойықазақ хандығының иелігінде болды.

“Еңсегей бойлы ер Есім” аталған Есімхан (1598-1628) тұсында Ташкенттібилеген Жəнібектің немересі, Жалымсұлтанның баласы Тұрсын болды да,қазақ хандығы екіге бөлінгендей еді. БірақТұрсынды өлтіріп, Есім хандықты қайтанығайтты. “Есімханның ескі жолы” дегенсөз нұсқасы қалды. Есімнен кейін Жəңгірхан болды (1643-1652). Ол басы үлкен,кеудесі кең, аласа адам болғандықтан“салқам Жəңгір” атанған. Осы кездерде-

ақ қазақ пен жоңғар арасындағықақтығыстар басталған еді.

Жəңгірдің баласы Тəуке хан тұсында(1680-1718) қазақ хандығының бірлік-берекесі күшейе түсті. Ол “Жеті жарғы”деген заң жасады. Халық арасындағыатақты билерге (Төле, Қазыбек, Əйтеке)сүйеніп, “хандық кеңес” пен “биліккеңесінің” ролін арттырып отырды.Ташкент түбіндегі күлтөбеде үш жүздіңбасын қосқан жиынды ашып отырды.“Күлтөбенің басында күнде жиын” дегенсөз содан қалған.

Тəуке қайтыс болған соң, хандық ауырдағдарысқа ұшырады. Алауыздық,сұлтандардың хандыққа таласуы елдібытыраңқылыққа əкеп соқ-ты. Жүздерді билеген кішіхандар (Орта жүзде -- Сəм-ке, ұлы жүзде -- Жолбарыс,кіші жүзде -- Əбілхайыр)дербестеніп, қазақ хандығысаяси жақтан бөлшектенді.Жоңғария күшейгеннен ке-йін əсіресе, Суан Раб-данның тұсында қазақжеріне жеті дүркін (1698 --

1711 -- 1712 -- 1714 -- 1718 -- 1723 -- 1725жылдарда) басып кірді...

Шəкəрімнің айтуынша, Абылай(Əбілмəнсүр) Жəңгірдің бесінші ұрпағы.Салқам Жəңгірдің бір баласы Уəли Бақыхандыққа өкпелеп, Үргенішті билегеннағашы атасы Қайыпханның қолынабарады. Уəли Бақының баласы Абылай“қанышер батыр” атанған. Одан Уəлитуады. Оның баласы Əбілмəнсүрқиыншылықта (ақтабан -- шұбырынды)Төлені паналап, Сабалақ атанады.Жоңғарға қарсы соғыста даңқы шығып,бас хан Əбілмəмбет оған “Өз ұрпағымызекенсің ғой” деп, хандықты береді.Абылай 1741 жылы аң аулап жүріп,жоңғарлар қолына тұтқын боп түсіп, 1743жылы келіссөз арқылы босатылады.

Абылай Жунгоның (Қытайдың) қоластына қарауды қалады. Екі ел арасындасауда-саттық, экономикалық қатынасорнату мақсатымен Үрімші, Құлжа,Шəуешек қалалары орнай бастады.Абылай хан өзінің Қазақ хандығынбіртұтас іргелі ел етіп құру ойларынжүзеге асыра алмады. Күш-қуатыжағынан қазақтың бұдан бұрынғы өткенəйгілі хандардың деңгейіне жете алмады.Бұхар жырау: “Сен Есім ханның түстігінеде жарамайсың” дейді екен...

“Егемен Қазақстанда” (1.01) жария-ланған “Қазақ хандығы” деген шолудаКерейден бастап Кенесарыға дейінгіжиырма екіге жуық хандардың хроно-логиялық тізімі берілген. Солардыңішінде елеулілерінің -- елге еңбегі сіңгенелеулілерінің ғана есімдері ел есіндесақталып, тарихта қалды. Хан халықпенғана хан да, мемлекет тұтас халықпенғана мемлекет болып есептеледi,танылады. Сол мемлекеттiң жайы менхалқының қамын ойлап, жеке басыныңмүддесінен мемлекет пен халықтыңмүддесін жоғары қойған, мойнына ауырміндет артып, қатерге бас тігудентайынбайтын, ақылы мен заты сай,кемеңгер билеушілер ғана ел құрметінебөленіп, игілікті де ерекше істеріментарихтан мəңгілік орын алып отырған...

Хандық дəуір кезең-кезеңдерде мемле-кеттіліктің дəрежелік баламасы болыпесептелгенімен, сол мемлекетті құрай-тын, оның негізгі өзегі болып келетін,хандық басшылыққа, билікке демеу, тірекболатын қарапайым қасиет иесі -- қазақхалқының тарихтағы орны ерекше екенінұғынбау -- жосықсыздық, мойындамау --кешірілмес күнə. Халық жарықтық елдіңелдігін, мемлекеттің ірге тасын берікұстап, шаңырағының шайқалмауы үшінне көрмеді, өз қолдарымен хан көтергенхан-сұлтандарға жайылып жастық, иіліптөсек болып жүріп, олардың қай еркелігімен қай назын, қай басыпалдығынкөтермеді? Өздерінен төменді қара,өздерін ақсүйек төре санаған солардыңхандық билік -- тақ үшін əке мен бала, аға

мен іні арасындағы бір-бірімен аяусызқырқысқан шайқастарында қосақарасында қоса кетіп, қаншама қарапайымхалықтың қаны төгілмеді? Елдіктің,мемлекеттіктің бейнетін -- халық, атақ-дəреже қызығын түбі Шыңғыстантарайтын ақсүйек-төре хан-сұлтандаркөретінін тəнтілікке тəн санауға бола ма?Сыртқы жаулардан аяусыз езгі, өз хан-сұлтандарынан күнделікті тепкі-теперішкөретін қарапайым, бейкүнə халыққасоншалықты не зардап, не зауал? Көнбісхалық сонда да көнді, шыдады, ақ көңілді,ақжарлы ата салтынан айнымады:əкесінен баласына, ағасынан інісінежарғыдай ауысып отыратын хандық-

монархиялық билікті шари-ғаттай қолдады да отырды.Қазірдің өзінде кейбірғалымдар мен жазушы-лардың сол кездегі жүзгебөлінетін ыдыраңқы халық-қа ақсүйек хандар билігіауадай қажет болды дегенпікірлерінің бекер екені солтұстарда халық арқа сүйе-ген Бұхар, Төле, Қазыбек,

Əйтеке сияқты дуалы ауыз абызбилермен Қабанбай, Бөгенбай, Жəнібек сындыарқалы батырлардың алымдығынан,батыл-батымдығынан белгілі болыптұрмады ма? Халықтың хандардан гөрісоларға сенім артқаны ежелден беріайтылып та, жазылып та келе жатыремес пе? Келе-келе сол хан сұл-тандардың заман ауанынан шыға алмай,елдің елдігін қолдарында нық ұстап тұраалмай, патшалық Ресейге бірінен кейінбірі өз еріктерімен қосылып, қалыңқарапайым халықты солармен бірге қосабилеп, қанаған тұстарын көрінер көзгежоққа шығаруға сірə да болмас. Қанауғашыдамаған халық оларға қарсы дүркін-дүркін көтеріліске шығып отырды.Сырым, Исатай -- Махамбеттер бастағанкөтерілістер соның айқын айғақ-дəлелі...

Одан кейін де көп ұзамай патшаүкіметінің пəрменімен қазақ даласындағыхандық дəреже мүлде жойылды да,олардың округ-округтарға бөлінген елдіңаға сұлтандық мансаптарын місетұтуларына тура келді. Уақыт өте келе олдəреже-билікті қазақтың өз ортасынаншыққан өкілдеріне беруге тура келді.Тура келді емес, халық соған олардымəжбүр етті. Кемел жазушы ҚалмұқанИсабаевтың “Серт” трилогиясыныңүшінші кітабы “Шоң би” атты тарихироманында бұл жай айқын да дəлсуреттелген. Халық халықтығын, елелдігін мызғымас бірлікте дəлелдепкөрсеткен, халықпен санасу керектігінтанытқан... Тарих тарихтығын ертеболсын, кеш болсын қашанда істейді.Ақиқат пен айғақты дəлелден ешайнымай тұрып алады. Оны бірерзаманның ыңғайына қарай, бірер билікиелерінің бар айла-тəсілмен өзмүдделеріне қарай уақытша сəл-пəл иіп-қиыстыруы мүмкін, бірақ балтаменшауып бөлшектеп, өз еркінше қайтақұрастыра алмайды. Өйткені тарихтыңатам заманнан бері келе жатқан діні, өзегімықты. Ол өзек -- дін -- халық...

Неге екені белгісіз, (бəлкім белгілі дешығар) кейінгі кезде бір айтылып қалғансөздің əсерінен болар, биылғы жылдықазақ хандығының 550 жылдығы етіп атапкөрсетіп өту белгіленіп отыр. Осығанорай, баспасөз беттерінде, радио ментеледидарларда қазақ хандығыныңтарихы, жекелеген ел билеуші хан-сұлтандардың тарихы, олардың ішіндеелдің елдігін, халықтың мемлекеттігіннығайтуда еңбек сіңірген елеулітұлғалардың тарихтан алған орныбағалана баяндалады. Баяндалғандадəріп, мақтан-мадақ басым түсіп жататынбіржақтылық пен сыңаржақтылықбайқалмай тұрмайды. Жаппай да,жекелей де кілең хан-сұлтандардыңмақтан мен мадаққа толы шежірелі қыр-сыры толықтай көрсетіледі де,қарапайым халық, солардың ортасынан

шыққан қазақ мемлекеттігінің нығаюынахандардан кем үлес қоспаған би-батыр-лар, олардың қажыр-қайрат ерліктерітасада қалып немесе мүлде айтылмайқалып отырады. Хан-сұлтандардыңсоларға аса қиыншылықтарда арқасүйегені, керек десең, арқа сүйеуге,солардың қолдауына мəжбүр болғанытым болмаса бір ауыз сөзбен еленбейді.Сөз иелері -- авторлар небір түйдек-түйдегімен қаптай келіп, тежеу ментосқауыл көрмес ойлар мен шапшаң дажүйрік қаламның еркіне саралаусызберіліп кетіп отырады...

Неге екені белгісіз, (бəлкім белгілі дешығар) кейінгі кездерде ежелгі хандықдəуірді көбірек сипаттау, хандардыартығырақ дəріптеу үрдіс ала бастағансияқты. Осы іспетті жекелеген сөздер менсөз тіркестері қолданысқа еніп, ауызекітілде де, жазба еңбектерде де нышанкөрсете бастағандай. Жеке-жеке жүйелейде, жалпылама да барлай зер салсаң,сол дəуірді, хандық дəрежені, қалыңхалықты -- қара, жеке билік иесін ақсүйексанауды, солай деп еліктей елестетудіаңсай бастағанымыз ба, қалай?! Алла-

ның жердегі көлеңкесі деген діниұғымға беріліп кетіп, оның кейбірпенделерінің басына хандық тəжкигізілген суреттерді де көріп қалуғаболады баспа беттерінен. Тіптіхалқымыздың түпкі туыстық шежіресіналысты-жақынды ел аузында айтылаберетін “жарты дүниені жаулаған”Шыңғыс ханға апарып тірей салу да

ойда жоқ емес сияқты. Кейбір баспабеттерінен ондай ойлар ашық айтылыпта жүр. Сейсен Əмірбекұлы деген,даналығы да, шалалығы да белгісіз біреу:“Кешегі көк түріктің тікелей ұрпағыШыңғысханның мұрагері ретінде таныл-ған ұлтымыздың жағдайы қандай?” депалаңдайды (“Айқын” -- 16.Х.2014). Белгіліжазушы Мұхтар Мағауин белгілі бірсауалнамада сауал берушінің “Кімді піртұтасыз?” деген сұрағына “Менің пірім --Шыңғыс хан” деп жауап беріпті де, тағыбір жауабында оны “атам” деп кетеді(“Жас алаш” -- 30.Х.2014).

Мен өзіме белгісіз Сейсенді былайқойғанда, М.Мағауин сияқты атақтыжазушы, қазіргі заман ғұламасы емеспін,бірақ кітап оқуды бала кезімнен жақсыкөремін, қазір де сондаймын. В.ЯнныңШыңғыс хан мен Батыйхан туралытарихи романдарын қатты қызығып, біремес, екі-үш рет қайталап оқып шықтым.Кешегі күндері орыс жазушысы И.Калаш-никовтың “Жестокий век” атты тарихироманын да екі қайтара оқыдым. Сейсенмен Мұхтарға пəлен деп төрелік айтқымкелмейді. Неге екенін қайдам, (бəлкімсебебі де бар шығар) Отырарды ойран-дап, атын ғана қалдырып, затынжермен-жексен етіп жойып жібергенадамды пір тұтып, ата санап, мұрагеріболғым келмейді...

Қашан болғанда да, қайда болғанда да,елдің елдігі, халықтың халықтығы өзарасынан, өз ортасынан, өз қанынаншыққан асыл ұлдарына -- ақылды даданышпан билеріне, қол бастаған арқалыхас батырларына, от ауыз-орақ тілдішешендеріне, абыз ақындарына байла-нысты екені айдан анық. Олар -- халыққа,халық оларға сүйенген. Оларға керекдесең, тəждері дағарадай, мүйіздеріқарағайдай хандардың өзі арқа сүйеген.Халыққа созса, қолы жетпейтін, айтса,сөз жетпейтін жекелеген ақсүйек хан-сұлтандардан гөрі солар жақын болды, өзортасы -- өз ішінде болып, қоянқолтықтағдыр кешті, соңдарына ерді.

Мақала мақсаты -- ел, халық тари-хындағы халыққа еңбегі сіңген жекелегенхандардың дəрежесін төмендету емес,тарихтан алатын негізгі орын халықтікі,тарих халық атынан айтылуы керектігітуралы ой түю...

¥àçà° õàíäûμû –°àçà° ìåìëåêåòòiãi

Ағабек СЫПАТАЙҰЛЫ.

Жаңаұйым ауылы.

Page 7: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

7-ақпан 2015 жылÒ¼ëåáè òóû2

Туған жер – əрбір адам үшін

киелі, ыстық мекен. Нақ

осы жер оны елімен,

өткенмен жəне бола-

шақпен байланысты-

рады. Сондықтан, тіпті

балалық шақтан бас-

тап-ақ адамда Отанға

деген махаббат сезімі

оянады. Сол сияқты, мен

де өзімді кіндік қаным

тамған Қазақстанның патрио-

тымын деп санаймын. Ата-анам бұл жаққа 1944 жылы

қоныс аударыпты. Қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға

қарай ашығып, қалжырап келе жатқанда жолда 17 мың

қандасымыз шейіт болғанын əкем айтып отыратын. Ол

кісі 76 жасында өмірден озды. Қазақ отбасыларымен

бір үйдің баласындай қоян-қолтық араласып, өмір

кештік. Əкемнің тілегімен қазақтың салт-дəстүріне

сəйкес, мен жілік ұстап, Көксəйек ауылындағы

Үсіпбеков Дəуірбек атаға бала болдым. Үлкендердің

батасын алдым. Осылайша, сол отбасыдағы

Төленбай, Мүсілім, Орынбай ағаларға еліктеп өстім.

Дəуірбек атаның тағы бір перзенті Пернебай екеуміз

жолдас əрі айырылмас бауырдай болып ержеттік.

Ешқандай кемдік, жатыр-

қау көрмедік. Əкеміз бізге

өле-өлгенше «Туған, өс-

кен, өнген жердің қадіріне

жетіңдер. Қазақстандай

жұмақ мекенді, қазақтар-

дай жомарт халықты

Алла біздің бағымызға

жолықтырды. Аш-жала-

ңаш келгенімізде жеп

отырған бір үзім нанын

беріп, баспанасына кіргіз-

ді. Далада қалдырмады.

Бауырына басты» дейтін.

Осындай əңгімені естіп

өскен менің кеудемді мақтаныш сезімі кернейтін.

Өйткені, əкем Баба мен анам Əділдің көрген

қиыншылығының бірде-біреуін көрмедік. Бейбіт елде,

мамыражай тірлік кештік. Анам 105 жыл жасады.

Ұрпағының қызығын көріп кетті. Қазақстан – көпұлтты

мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта,

жұмыла отырып, түрлі салаларда қазақтар мен

орыстар, татарлар мен немістер, украиндар мен

кəрістер, түріктер мен күрділер, тағы басқа ұлттар мен

ұлыстар еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан

жеріне əртүрлі халықтар қоныс тепкені жөнінде жиі

ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім жəне саяси

тұрақтылық қазақстандықтардың қалауы. Мен оны

білемін. Түрлі ұлттың əрқилы тағдырын, өмір тарихын

тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай

түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Өмірдің қиын

кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен

мерекелерде əртүрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты.

Адамзат баласының татулығына ұмтылу əр халықтың

қанында бар, əсіресе, ол қазақ ағайындарда ерекше

көрініс тапқан. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы

өлкеге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең

жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен

жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ

халқының тілін, тарихы мен салт-дəстүрін білуі керек.

Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен

бірлігінің мəні осында. Ал татулық – болашақта

гүлденудің маңызды талабы.

Елбасы Н.Назарбаев биыл Қазақстан халқы

Ассамблеясына 20 жыл толуына байланысты

үстіміздегі жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының

жылы деп жариялағаны белгілі. Еліміздегі бейбітшілік

пен келісімнің арқасында ынтымағы жарасқан,

татулығы, бірлігі нығайып келетін тəуелсіз Қазақстан

орнады. Осынау Тəуелсіздігіміздің тұғырын берік,

туымызды биік ұстау баршамыздың қасиетті

борышымыз. Ынтымақ пен бірлігіміздің айбынын

асыратын Ассамблея жылын жоғары деңгейде

мерекелеуге барлығыңызды да белсенді атсалысуға

шақырамын.

Ж.БАЙРАМОВ,аудандық түрік мəдени орталығы

төрағасының орынбасары.

Журналист жан-жақтыболуы керек. Қаламгер-лігімен қатар шеберфотосуретші болса, тіптіжақсы. Тілшілер отыра-тын бөлменің қабыр-ғасында өткен ғасырдатүсірілген, «Төлеби туы-ның» жарқырап шығуы-на өлшеусіз үлес қосқанМолдабек Дəулетбаев авторы болыптабылатын оншақты сурет жап-сырылған стенд ілулі тұратын.Ондағы суреттер адам жанарынеріксіз өзіне аударады. Қарағансайын қарағың келе береді. МенМолдабек атамен осылайша, оның

туындылары арқылы таныс болдым.Леңгер қаласында тұратын, зейнетжасындағы журналист редакцияғажиі келіп тұратын. Жайдан жайкелмей, өзін, қоғамды толғандырғантақырыпта мақала жазып əкелетін.Соңғы жылдары біздің Молдекеңқарттыққа мойынұсынайын деді.Денсаулығына байланысты, өзі 40жыл еңбек етіп, екінші үйіндей болыпкеткен редакцияға ат ізін салудысиретті. Көз жанарының əлсіреуінебайланысты қолына қалам даалмайтын болды. Биыл ауданайнасына айналған «Төлеби туы»газетінің алғашқы саны жарықкөргеніне 80 жыл толады. Осыорайда, М.Дəулетбаевпен басылым-ның тарихы, өзінің өмір жолы туралысыр шертісіп, əңгімелесуді жөн дептаптым. Оның шығармашылығы менбіліктілігі кейінгі журналистерге, жастілшілерге үлгі-өнеге болары анық.Жақында Молдекеңді үйіне іздепбардым.

Қас қағым сəтті, өмірдің қайтаоралмас кезеңін бір ғана кадрғасыйғыза салатын суретке түсіру деғажап өнер түрі. Шынайы түсірілгенсуреттері арқылы адамға үлкен ойарқалата білген журналист МолдабекДəулетбайұлы 1928 жылы 5желтоқсанда Зертас ауылында қара-пайым отбасында өмірге келіпті.Колхозда звено жетекшісі болғанəкесі Дəулетбай мен анасы Ұлбике 4ұл, 2 қыз тəрбиелеп өсірген. ҰлыОтан соғысына қатысқан Керімбайдеген ағасы елге аман-есен оралып,еңбекке араласты. Жорабек дегенекінші ағасы сұм соғыста ерлікпенқаза тауыпты.

-- Сусар əпкемнен кейін өмірге менкеліппін. Менен кейінгі Тұмар дегенқарындасым Бейнеткеш ауылыныңжігітіне тұрмысқа шығып, күйеубаламекеуі өнегелі отбасын құрды. Ал үйдіңкенжесі Мейірман жас кезіндеаурудан шетінеп кетті. Қызылпрессорталау мектебінде 7 жылдық білімалған соң, бұрынғы Георгиевселосында 10-сыныпты бітіріп, Шым-кент қаласындағы Қазақ химия-технология институтына оқуға түстім.1-ші курстан кейін қатты ауырып,оқуымды жалғастыра алмадым.Ауылға қайтып, колхоз жұмысынаараластым. Əкеме жəрдем бердім.Ауыл шаруашылығы техникасыжетіспейтін кез. Бидайды қолменорып, тоқылдақты атқа жегіп, дəнбастыратынбыз. Көктемде диқан-шылық етіп, жас өскінге күтімжасайтынбыз. Арамшөбін жұлу, суа-ру біз сияқты жастардың мойнындаболатын. Соғыс аяқталғанша кол-хозда еңбек етіп, 1946 жылы ауылмектебіне мұғалім болып орналас-қан, Созақ ауданының Рабиға дегенқызына үйлендім. Бұл кезде өзім осымектепте шаруашылық жұмыстары-мен айналысатынмын. Өмір ағысықайда бұрса, солай қарай жүзуге туракелді. Сол заманда Қаратас ауданыдеп аталатын, қазіргі Қазығұртауданында екі жылдай мəдениетбөлімінде инспектор болып істеп,елге 1949 жылы көшіп келдім. Бұлкезде 2 баланың əкесі едім. Көпұзамай Леңгер қаласындағы «Лучь»артеліне суретшінің көмекшісі болыпқабылдандым. Ильяев деген кəсіп-

қой суретшіден көпнəрсе үйрендім. Суретсалуға деген құлшыны-сым артып, бұл өнердіңқыр-сырына қаныға бас-тадым, -- дейді Молде-кең өткен өміріне шегінісжасап.

Молдекеңнің журна-листикаға қалай келгені

жөнінде айтқаны мені қатты қы-зықтырды. Жастайынан ауыр жұмыс-тан қашпаған кейіпкерім тылеңбеккері атанып, «Еңбек ардагері»медалімен наградталыпты.

-- Менің суретшілігім де көпкеұзамады. Алайда, осы өнердің кейінгі

өміріме пайдасы көп тиді, -- дейдіқарт фототілші. Мен оның əңгімесініңфотожурналистикаға қарай ойысабастағанын аңғардым. -- Мен газетке1952 жылы келдім. «Леңгер жұмыс-шысы» деп аталған басылымғакорректор болып қабылдандым. Бұлгазет атауы 1956 жылы «Еңбек туы»,1963 жылы «Ильич жолы» болыпөзгерді. Онда əдеби қызметкер болажүріп, суретшілік қасиетім болған-дықтан басылымның көркемдігіне деназар аударатынмын. Ашық əріқанық түсірілген суреттерімді көргенредактор көп ұзамай маған фототілшідеген жауапты қызметті жүктеді.Машақаттанып жазу бір басқа да,жазғаныңды оқырманға жеткізуəдістері мен формалары басқаəңгіме. Суретке түсіру өнері де сыртқарағанда оңай сияқты көрінгенімен,бұл өте нəзік əрі қиын шаруа екенінтүсіндім. «Суретке түсірер алдындада, түсірген соң да ойлану керек, алтүсіріп жатқан сəтте ойлануғаболмайды» деп айтылғандай, жауап-кершілікті сезініп жұмыс істегендеғана нəтижеге қол жеткізуге болады.Біле білген адамға ауданымызтарихында фотошежіренің маңызызор. Қаншама жылдар бұрынтүсірілген бір суреттің өзінен солзаманның бейнесін анық көргендейболасың, --дейді Молдекең сүйіктікəсібі туралы айтқанда, өткен өміржолдарын көз алдына елестетіп.

– Молдеке, фототүсірілім кезіндешабыт қалай келеді?

– Бір ғана көріністі бейнелеу үшін

ерінбей, оның бірнеше нұсқасын

түсіріп көру керек. Фотосуретшілер

де өзге шығармашылық адамдары

сияқты еңбегінің сəтті шығуынан

лəззат алады жəне алдағы уақытта

да іздене түсуге жетелейді. Нағыз

фотограф үшін сəтті жасалған бір

кадрдың өзі үлкен жетістік, тіпті

қайталанбас туынды. Аз да болса саз

шыққан кадрдан көңіл-күйің көтеріліп,

шабыттанып кетесің. Ал егер сол

дүниең баспасөз беттеріне жария-

ланғанда немесе көпшіліктен мақтау

естісең, тағы бір марқайып қала-

тының рас. Еңбегіңнің осылайша

еленуі келесі шығармаларыңның

сапалы бола түсуіне көп ықпал етеді.

Ал əуесқойлық пен кəсібиліктің

айырмасына келсек, кəсіпқойлар бар

өмірін фотоға арнаған жандар.

Əуесқойлар фотоға күннің батқаны

мен таңның атқанын жалықпай

күтетін кəсіпқойлар сияқты ден

қоймауы мүмкін. Олар өздері немесе

өзгенің түсірген суретінен лəззəт

алушылар. Көпшілігі жүрген жер-

лерінен естеліктер қалдыру үшін де

фотоға қызығады. Басқа салалар

секілді фототілшілер өз жұмысына

көңіл бөліп, ізденуі керек.

– Фототілші болудың қыр-сыры

мен қызығы туралы айтып берсеңіз.

– Меніңше, өз кəсібіне жан

дүниесімен берілген маман үшін сол

жұмыстан қызық ешнəрсе жоқ.

Күнделікті оқиғаларды, қоғамның

тыныс-тіршілігін, қала мен ауылдың,

табиғаттың əсем көріністерін дəл сол

қалпында сақтай алатын фото-

тілшілер өз мамандығын мақтан

тұтады. Бұл жұмыс үнемі қозғалысты

талап етеді. Күнде жаңа бір

тақырыпта сурет түсіргің келіп

тұрады. Жұмыстан бос уақытта,

кейде жауыннан кейінгі керемет

көріністі түсіріп, демалыс күндері

табиғат аясында əрі демалып, əрі

лайықты кадр іздеп жүресің. Осының

өзі үздіксіз шығармашылық, тыным-

сыз ізденіс, лəззат сыйлайтын

жұмыс.

Сонымен, кеңес үкіметі тұсында

«Ильич жолы», «Путь Илича» деген

атаулармен жарық көрген газеттер

редакциясының ауыл шаруашылығы

бөлімінде қызмет еткен əрі фототілші

болып істеген М.Дəулетбаев 1988

жылы зейнеткерлікке шықса да

қолынан қаламы мен фотоаппаратын

тастағысы келмеді. Екінші үйіндей

болған қарашаңырақта 1992 жылға

дейін істеді. Бір сөзбен айтқанда,

аудан жылнамасын жазып, тасқа

басты. Осынау 40 жыл ішінде Нəмет

Сүлейменов, Əбдіраш Сағындықов,

Бабенко, Захардин Қыстаубаев,

Владимир Владимирович Ким, Əбді-

мəлік Рахманқұлов сынды редак-

торлармен, Иван Николаевич Руд-

нев, Нұсрат Ахметов, Мəзірап

Абылаев, Ғарифолла Шыбынтаев

сынды білікті журналистермен

əріптес болды. Аудан, облыс көле-

мінде алған марапаттары, Ұлы

Жеңіске арналған мерекелік медаль-

дары да бар екен.

Молдекеңнің жары Рабиға апай да

аудандық газетте машинке басушы

болып істеген. Молдабек атамен 3

ұл, 3 қыз тəрбиелеп өсірген оның

өмірден озғанына 10 жылдан асып

кетіпті. Бүгінде ұрпағынан тараған

немере-шөберелерінің ортасында

аталық ақылын айтып отыр. 15

немере мен 25 шөберенің сүйікті

атасы. Алла бұйыртса, шөпшек

сүйсем деген үмітте.

Молдабек Дəулетбайұлы кезінде

фоторепортаж, фотоочерк, фото-

этюд деген жанрларды дамытуға

жанын беріп үлес қосты десек, артық

айтқандық емес.

-- Біздің кезімізде түсірілген

суреттер тарих қойнауына енді.

Əуесқойлық үшін түсіргенде əсерлі

шыққан суреттерден фотоэтюд

жасауға болады. Фото шынайы-

лықты, нақтылықты көрсетеді. Жаз-

ған мақалаңды айғақтап, сурет

сөйлетіп тұрады, – деп ойын білдірді.

Иə, «Кез-келген маман иесі өз ісіне

берілгенде оның жұмысынан поэзия

шығып тұрады» деген сөз бар емес

пе? Адам ізденген сайын одан үлкен

туынды шығады. Бір ғана суре-

тіміздің өзі өткен тарихтан сыр

шертеді. Молдабек Дəулетбаевпен

əңгімелесе отырып, «Бүгінгі жаңалық

– ертеңгі тарих» деген сөз қолына

қалам ұстаған қауымның санасына

алтын қазықтай қағылған қағида

екенін түсіндік.

Д.ХАНГЕЛДІ.

80 ›/ë

¥îëûíàí ôîòîàïïàðàòûò¾ñïåãåí

Ынтыма°орнай берсiн

Page 8: 8 Áàëàáà°øàëàðäà îíê¾íäiê ¼òòi СПОРТold.baq.kz/storage/05/0518f1426c0c7a61dfa45c5120de73e1.pdf · 8 Ò¼ëåáè òóû 7-ақпан 2015 жыл Телефондар:

Äîñòû° ― áà°ûò, ûíòûìà° ― ûðûñ °àéíàðû

№6 (8237) Сенбі, 7-ақпан 2015 жыл. Біздің веб-сайт: http://www.tolebituy.kz/ Электронды почта: [email protected].

Ò¼ëåáè àóäàíûíûº °îμàìäû°-ñàÿñè ãàçåòi

Ãàçåò 1935 æûëμû íàóðûçäûº 15-iíåí øûμàäû

80 ›/ëÒ¼ëåáè òóû

• Жылдық есеп

Осы күндері түрлі бұқаралық ақпарат құрал-дарында кəмелеттік жасқа толмаған, мектепжасындағы қыздар арасындағы жағымсыз даөрескел жайлар жиі айтылатын болды. “Былтырелімізде 18 жасқа толмаған 6600 қыз жүкті болып,оның екі мыңға жуығы жасанды түсік жасатқан”дейді бір мəлімет (“Айқын” -- 16.Х.2014). Былтырдеп отырғаны -- 2013 жыл ғой. Одан бері есебі екіжыл өтті ғой, жоғарыдағы сандарға тағы қанша санқосылды екен деген ащы ой кернейді көңілді. Бұлбір ойландырмай, алаңдатпай, мазаламайтұрмайтын қауіп-қатер. Сол қауіп қайдан келеді?Қоғамды жайлаған жайсыз жарнамалар, көргенсізкинолар, жабайы журналдар, эротикалық басы-лымдардан ба? Əлде əділетінен əділетсіздігі,ақиқатынан жалғаны, адамдардың бірін-біріқолдауынан алдауы мен арбауы басым заманаауанынан ба? Сол баспа беттерінде небір білімдіде тəжірибелі ұстаздар мен психолог мамандардыңішінде мұндай қауіпті үрдістің алдын алу үшінмектептерде жыныстық қатынас туралы арнайысабақ өткізуді ұсынатындар да бар. Ол керек пе,мектептерде ол сабақ өтіліп жатыр ма, қалайөткізіліп жатыр, оған ата-аналар қалай қарайды,ондай тағылым-тəрбие біздің ұлттық мента-литетімізге тəн, жарасты ма?.. Айналып келгенде,отбасылық тəрбиеге, қадағалауға келіп тіреледі-ау.Өйткені, əрқайсымыздың отбасымызда əліешқандай жұғынды жұға қоймаған, пəк те шаткөңілді бүлдіршін қызғалдақтарымыз өрімдей бопалаңсыз өсіп келе жатыр...

А.СЫПАТАЙҰЛЫ.

Төлеби ауданының əкiмi ƏуелханТұрғымбековтiң хабарлауынша,былтыр ауданда жалпы өңiрлiк өнiм73,6 млрд. теңгенi құрап, есептiкезеңмен салыстырғанда 16,7 млрд.теңгеге артқан. Өнеркəсiп сала-сында 21 млрд. теңгенiң өнiмiөндiрiлген. ҮИИД бағдарламасына 6жоба енгiзiлiп, «Бизнестiң жолкартасы — 2020» бағдарламасы ая-сында 7 жоба мақұлданған.

Кəсiпкерлiк саласында жұмысiстейтiндер саны 14625-ке жетiп,шағын жəне орта бизнес саласындаөндiрiлген өнiм мен көрсетiлгенқызметтер көлемi 31 млрд. теңгегежуықтаған. Аудан экономикасындамытуға бағытталған инвестиция18 млрд. 728 млн. теңгеге жеткен.

Ұзындығы 56 шақырымды құрай-тын үш канал жөнделген. Суармалыжер көлемi 12266 гектарға жетiп, 63мың гектар егiстiк жерге əртарап-тандыру жүргiзiлген.

Ауыл шаруашылығының жалпыөнiм көлемi 19 млрд. теңгеге жуық-тап, өнiмнiң нақты көлем индексi 98пайызды құраған. Тамшылатып суа-ру əдiсi 500 гектарға енгiзiлген.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясын-да Көксəйек елдi мекенiндегi су

өткiзгiштiң құрылысы аяқталып,Қаратөбе, Тасарық ауылдық округ-терi елдiмекендерiне арналған ма-гистральды су аққысының құрылы-сы жүргiзiлген. Қаратөбе, Қостөбе,Балдыберек, Төңкерiс, Майбұлақ,Жамбыл елдi мекендерi су жүйе-лерiнiң құрылысы пайдалануға бе-рiлген.

Магистральды газ құбыры бар

Алатау, Қосағаш, Екпiндi, Шұбар-ағаш, Шатыртөбе, Қорған, Бiркөлiк,Тағайна, Ынтымақ, Бейнеткеш,Жаңажол, Əлiшер Навои, Зертас,Жаңакүш елдi мекендерiнiң тұр-ғындары «көгiлдiр отынмен» қам-тылған.

Өңiр басшысы А.МырзахметовТөлеби ауданы əкiмiне облыстықмаңызы бар автомобиль жолдарыбойынан заңсыз бөлiнiп кеткен жеручаскелерiн түгендеудi, əлеуметтiкнысандардың құрылысын жүргiзудеөндiрiстiк кестеден кешiккен мер-дiгер ұйымдарға шара көрмегенбөлiм басшылары мен заңсызқұрылыс нысандарын ретке келтiружөнiнде нақтылы жұмыстар атқар-маған лауазымды қызметкерлердiңжауапкершiлiгiн қарауды тапсырды.

Сондай-ақ, ауызсу нысандарыныңқұжаттарын əзiрлеп, тариф белгiлеумiндеттемесiн орындауда кемшiлiк-терге жол берген жауаптылар менжұмысы тиiмсiз деп танылған ауылəкiмдерiмен жiтi жұмыс жүргiзудiжүктедi.

Есеп ОҚО əкiмi аппаратыбаспасөз қызметiнiң

мəлiметтерi бойыншадайындалды.

Àò°àðûëμàí iñòåð ñàðàëàíûï, àëäàμû ìiíäåòòåð àé°ûíäàëäû

Төлеби ауданында былтыр мемлекеттiк бағдарлама аясында аудан орталығында көп қабатты 5тұрғын үй жөндеуден өткен. Мемлекеттiк қолдаудың нəтижесiнде ауданда 1604 адам тұрақтыжұмысқа орналасып, жұмыссыздықтың деңгейi 0,5 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыс əкiмдiгiнде,жыл қорытындысына арналған есеп беру мəжiлiсiнде мəлiм болды.

Îéìà°òàé îé

“Ò¼ëåáè-à°ïàðàò” õàáàðëàéäûГерманияға көрмеге

шақырылдыБірінші Мамыр ауылдық округіндегі «Балмұздақ»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылдыңөзінде 2276 тонна балмұздақ, 27,2 тонна түшпараөнімдерін өндірді. Бұл ұжымда маусым кезінде 100-ден астам жергілікті тұрғын еңбек етеді. Өнімдеріеліміздің түкпір-түкпіріне тарайтын серіктестік бүгінгедейін 1986 жылы шыққан Ресей жабдығыменбалмұздақ өнімдерін шығарып келген болатын.Жақында кəсіпорын басшылары Қытай елінде болып,жаңа жабдыққа тапсырыс беріп келді. Биыл ең соңғыүлгідегі осы жабдықты іске қосып, еңбек өнімділігі менсапасын арттыра түсуді мақсат тұтуда.

«Балмұздақ» ЖШС-і директорының коммерцияжөніндегі орынбасары Э.Тұрдиев Германияның Кельнқаласында тамақ өнеркəсібінің сүт өнімдері өндірісіжөнінде ұйымдастырылған көрмеге шақырылды.Неміс елінде осы саланың 2015 жылғы ең үздіктехнологиялары қойылып, жəрмеңке өтеді. Бал-мұздақтықтардың бұл көрмеден алары да, үйренеріде көп болар деп ойлаймыз.

Ауылда мəуліт мерекелендіСарқырама ауылында Мəуліт мерекесі өтті. Шара

«Нұр» мешітінің бас имамы Берік Қалдаровтыңмұрындық болуымен жəне облыстық мəслихаттыңдепутаты Мұрат Төлтебаевтың демеушілігімен«Атамекен» мəдениет сарайында ұйымдастырылды.Оған аталмыш ауылға қарасты Жоғарғы Ақсуауылдық округінің əкімі Ербол Стамқұлов, ауылақсақалдары, ақжаулықты əжелер, ел ағалары, мешітимамдары, мектеп оқушылары қатысты. Руханикеште облыстан арнайы келген «Асыл мұра» өнерорталығының өнерпаздары жырдан шашу шашып,күмбірлете күй орындап, сахналық көріністер көрсетіп,халықтың ыстық ықыласына бөленді. Жиналған-дардың діни сауатын арттыру мақсатында сұрақтарқойылды. Мереке соңында Е.Стамқұлов, ауылдыңтөбе биі Б.Əбетаев, Сарқырама ауылының имамыТ.Жақсыбеков, Мəдени ауылының имамы М.Аукешев,қазына қария, қажы К.Жəнібеков қорытынды сөзалды. Көпшілікке «Намаз үйренейік» кітабының 100данасы таратылды. Бір айта кететіні, шалғайдағыСарқырама ауылында Мəуліт мұндай деңгейдебірінші рет мерекеленді.

“Тасқа басылған тарихтың көші”

деген тақырыпта аудандық мұражай мен қалалық №1кітапхана қызметкерлері қазақ хандығыныңқұрылғанына 550 жыл толуына орай, аудандықмəдениет үйіндегі ардагерлер орталығында іс-шараұйымдастырды. «Өнермен өрілген тарих тағылымды»атты кітап көрмесіне Н.Нұрғазиева библиографиялықшолу жасады, кітапханашы З.Ордабаева қазақхандығының кұрылу тарихына кеңінен тоқталды.Мəдениет үйінің қызметкерлері Д.Байжарасов «Еркесылқым» күйін, Қ.Асылбеков «Ауылым» əнін нəшінекелтіре орындады. Мұражайдың қор сақтаушысыЭ.Тортаева «Қазаққа қорған болған хан қорған»тақырыбында баяндама жасады. Ауданның Құрметтіазаматы, тарихшы, зейнеткер Ə.Кембаев жасоқырмандарды қазақ хандығының 550 жылдығыменқұттықтады. Ш.Уəлиханов атындағы №2 ортамектептің оқушылары Ұ.Жолдас «Қазақ елі» өлеңіненүзіндіні, М.Ергешбай «Мəңгілік ел» өлеңін оқыды.Дарынды балалар мектебінің мұғалімі Г.ЖүсіпбаеваҚасым хан өмір сүрген кезең туралы қысқашаəңгімеледі. Ал №2 мектептің мұғалімі Б.Дəулетовақазақ мемлекетін құру мен нығайту жолында күрескенхандар мен өзге де ірі тарихи тұлғаларға тоқталды.Оқушыларға викториналық сұрақтар қойылды.Оларға еңбек ардагері Б.Ботаев бата берді.

Қалалық аурухана мен емхананың Алатау мөлтек-ауданында «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттікбағдарламасымен салынған жаңа ғимаратқа қоныстануынабайланысты аудандағы бірқатар мекемелер босап қалғанбұрынғы аурухана ғимараттарын еншілемек. Атап айтқанда,қалалық емхана орналасқан бұрынғы аудандық партиякомитетінің кеңсесіне аудандық білім бөлімі қызметкерлеріорналаса бастады. Ал аурухана ғимаратына аудандық ішкі

істер бөлімінің балалар мен кəмелетке толмаған жасөспірім-дермен жұмыс жүргізетін инспекциясы (ИДН) жəне 1учаскелік полиция тірек пункті, аудандық тілдерді оқыту мендамыту орталығы, аудандық “Жастар орталығы”, аудандықжас туристер станциясы сияқты мекемелер алдағы аптаданбастап жайғаспақшы.

Əбден ескірген ғимаратты паналап келген қалалық жеделжəрдем бөлімшесі мен аурухана қоймасына да ыңғайлы жайберілмек.

Осы уақытқа дейін баспана қиындығын тартып келген«Төлеби--сəулет құрылыс» ЖШС мен «Аймақ тынысы КZ»газетінің редакциясына да баспана бұйыратын болды.

Сəрсенбі күні аудан əкімінің орынбасарлары МастерханПернебеков пен Рабиға Бейсебаева аурухана ғимаратынаненші сұраған мекеме басшыларының басын қосып, біржолакөшіп келгенше нысандарды қараусыз қалдырмау керектігінеске салды. М.Пернебеков аудандық Оқушылар үйі менқалалық балалар саз мектебінің тарлық етуіне байланыстыдиректорларының қосымша кабинеттер сұрап отырғанын даайтып өтті.

Газетіміздің алдағы санында қай мекеменің қайсы ғимарат-та қоныс тойын тойлайтынынан хабардар етеміз.

Д.ХАНГЕЛДІ.

Ìåêåìåëåð °îíûñàóäàðàäû